Ашық сабақ пәні: Ана тілі. Ашық сабақтың тақырыбы: Қазақстан - Республикам менің. 72, 73 - жаттығу. Ашық сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақстан Республикасы туралы айтып өту, түсіндіру. Тасымал туралы түсінік беру, білімдерін кеңейту. Тәрбиелік: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, елінің Туын, Елтаңбасын; Әнұранын қастерлеуге, халқының тарихын білуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, танымдық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Сценарий мақсаты: мектепті алғаш аттаған бүлдіршіндердің алғашқы айдағы жеткен жеңістерін мерекелеу,ата-ана,ұстаздармен қуаныштарын бөлісу Сценарий өтілу барысы: Сценарий өзім:Бақытты балдырғандар, ардақты ата-аналар, құрметті меймандар! Бүгінгі «Тілашар» тойы құтты болсын! Қадамдарыңа сәттілік тілей отырып, өздеріңді ортаға шақырамын. І.Кіру сәті - музыкамен алдымен 6 жастағылар, соңынан 7 жастағылар кіреді, қолдарында «Тілашар» кітаптары. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады. Тойымызды мектебіміз Ғали Орманов аталарыңның атында екенін ескере отырып «Өмір – ұстаз» атты өлеңімен бастағым келіп тұр.