Саясаттану | Мемлекеттің әлеуметтік саясаты және әлеуметтік жұмыс

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты- қоғамның әлеуметтік – экономикалық өмір сүру жағдайын реттеудің бір бағыты. Ол елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екіжақты қызмет атқарады. Бір жағынан, әлеуметтік саясатта тікелей немесе жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені экономикалық іс- әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екінші жағынан, әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факторы болып келеді. Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, онда еңбек өнімділігі төмендеп,жұмыс күшінің сапасы кемиді; қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық пен қарама-қайшылық артады.
Әлеуметтік саясат әр елде әр түрлі әдіспен қалыптасады. Әлеуметтік саясат қоғамның әрбір мүшесіне заңды түрде анықталып бекітілген тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін табыс клемін алу туралы кепілдік береді. Бұл жерде әлеуметтік әділеттілік принципі іске асады.
Нарық жағдайында мемекет қоғамның әрбір мүшесіне өз мүкіншілігін толық іске асырып, табыс табуға толық жағдай жасауға міндетті болады.
Әлеуметтік саясаттың нәтижелік көрсеткіштерін халықтың өмір сүру деңгейі сипаттайды.....
Рефераттар
Толық

Мемлекеттік тілдегі іс қағаздарды жүргізу пәні оның зерттеу нысаны

Іс қағаздардың қоғам өміріндегі атқаратын қызметі өте зор. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, әлеуметтік мәні күшті. Кез келген салада іс қағаздар ақпарат жеткізуші құрал болып табылады. Сондықтан іс қағаздар ақпарат жеткізуші құрал болып табылады. Сондықтан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуді қалыптастыру- үлкен де жауапты іс.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» тіл саясатын жүзеге асырудың негізгі іс шаралары белгіленді. Соның бірі – іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту. Осы орайда 1999 жылдан бастап жоғары оқу орындарында «Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу» курсы басталды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Меншiк мәнi мазмұны

Қай ел болсын, оның шаруашылық өмiрiмен жете танысу барысында мынадай сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кiмнiң қолында? Немесе адамдардың өмiр сүру негiзi - материалдық игiлiктердi иемденетiн кiм? Бұл билiктiң мәнi – өндiрiс қурал-жабдықтарына және оның нәтижелерiне тиiстi меншік қатынастары болып табылады.
Меншiк – қогамдық құрылыстың экономикалық негiзi – қогамдық бастаулардың негiзiне жатады. Сондықтан әрбiр мемлекет меншiк туралы заңдар қабылдап, оны қорғайды. Меншiк, заң жағынан алып қарағанда, мүлiктiк қатынастарға жатады.Құқықтық нормалар мен актiлерде материалдық байлық әр түрлi субъектiлер (жеке адамдар, әлеуметтiк топтар, таптар, мемлекет) арасында қалай иемденетiнi және бөлiнетiнi анықталады. Меншiк иесi заңмен анықталған мүлiктерге ие болады. Және ол қолындағы мүлiктердi: иемдену, пайдалану және оған иелiк жасау өкiлеттiлiгiн алады.
Бұрынғы Одақтағы қоғамдық iлiмдер дамуының басты кемшiлiгi – объективтiк процестердiң нақты күрделiлiгiн жеңiлдетуге саяды. Бұл жағдай “меншiк” ұғымын зерттеу процесiнде де көрiнiс табады. Бiрiншiден, меншiктi жiгерлi қатынастар ретiнде, тек құқылық феонмен деп түсiну. Егер саяси экономия объективтi экономикалық процестердi қарастыратындығы және ол меншiктiң мазмұнын бiр жақты түсiнетiндiгiне көңiл аударсақ, онда бұл көзқарастын дұрыстығына күмән туғызбайды. Ал осындай бағытты жақтаушылар меншiктi құқықтық жағынан қарастыру – иемденудiң экономикалық қатынастарын бейнелейтiнiн, сол себептi де бұл, олардың түрлерi екендiгiн де мойындайды. Әйтсе де олар экономикалық қатынастарды, меншiк қатынастары ретiнде қарастырудың орнына, түрдi мазмұнынан айырып алады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. ....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген мемлекеттік басқаруды қайта қарау, нарықтық экономика жағдайына бейімделген жаңа тұрпатты шенеуніктерді қалыптастыру туралы. Мемлекеттік қызмет және басқару пәнінің жаңа тұрпатты заң кадрларын даярлауда атқаратын рөлі мен алатын орны. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мәселелерінің теориясын мен тәжрибесін жаңа ғылыми тәсілдер арқылы зерделеу (функциональды, жүйелі, тарихи, нақты-социологиялық және т.б.).
Мемлекеттік қызмет және басқару курсының пәні және құрылымы. Осы пәннің басқа құқық салаларының арасында алатын орны (саясаттану, социология, құқық және т.б.). Мемлекеттік басқарудың Қазақстан Республикасында ғылым ретінде қалыптасуы және оның негізгі даму кезеңдері
....
Рефераттар
Толық

Құқық | Мемлекет нысанының түсінігі мазмұны және мемлекетті басқару нысаны

Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет (Мысыр), Англия, АКШ мемлекеттерінің философтары Аристотель, Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.
Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін, 1993 жылғы Конституциясының орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың саяси жүйесі құрылды....
Рефераттар
Толық

Тарих | Алғашқы қауымдық қоғам оның дамуы және ыдырауы

Алғашқы қауымдық қоғам – адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты. Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Алғашқы қауымдық қоғам оның дамуы және ыдырауы

Алғашқы қауымдық қоғам - адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің, дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесіңде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты. Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды....
Рефераттар
Толық

Құқық | Мемлекет және құқықтың пайда болуы

. Ғылыми-зерттеу мәліметтеріне қарағанда біздің ғаламшарымыз - жер осыдан 4-5 млрд. жыл бұрын пайда болған көрінеді. Адам, яғни саналы адам - һоmо sаріеns жер бетінде осыдан 40 мың жыл бұрын пайда болған дейді антрополог ғалымдар. Алғашқы мемлекеттік құрылымдар біздің дәуірімізден 4-5 мың жыл бұрын пайда болғанын ғылыми зерттеулер дәлелдеді. Соған сәйкес ежелгі адамдар 35 мыңдай жыл бойы мемлекеттік құрылымсыз өмір сүрген деуге болады.
Мемлекеттілікке дейінгі кезең ғылымда алғашқы қауымдық құрылыс немесе рулық қауым деген атаумен белгілі. Бұлай болатын себебі адамдар ол кезде кауым, ру-ру болып тайпаларға бірігіп өмір сүрген. Бірлестіктерге бірігу қандас туыстық, бірге тұру және бірлесіп, ортақтасып еңбектенуге негізделетін. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Мемлекет және құқық теориясының пәні

Соңғы жылдары дүние жүзі қауымдастықта тыныс-тіршілік еткен халықтар арасында гуманитарлық ғылымдарға деген құштарлықтың арта түскендігін анық байқауға болады. Бүкіл адамзат тарихын, оның әр кезеңдерде қалыптасқан саяси, құқықтық, әлеуметтік және этникалық ерекшеліктері, тәжірибелерімен жетік танысу, оқып үйрену, болашақта гуманизм мен өркениет идеясына негізделген құқықтық, демократиялық мазмұндағы мемлекет құруға кеңінен жол ашады. Себебі адамзат тарихында болған мемлекеттердің саяси құрылымдары мен құқықтың жүйелерінің мәнін, мазмұнын, ішкі қозғалысының даму диалектикасын зерттеу, оқып үйрену — тиімді басқару формасын, билік жүргізудің оңтайлы, жүйесін және халық мүддесіне сай келетін құқықты қабылдауға тікелей мүмкіндіктер
береді. Неге десеңіз, тарих сабағы — ақиқатты анықтаудың іргетасы.....
Рефераттар
Толық