Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҢ ЗАҢДЫ ТИПОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР

Құқықтың заңды типологиясы, оның түсінігі мемлекет және құқық теориясының аса күрделі категорияларына жатады. Құқықтың заңды типологиясының ерекшеліктері қоғамның экономикалық формациясының сипатымен, мазмұнымен анықталады. Заңды типология қоғаммен бірге үзіліссіз объективтік даму процесінде болады. Бұл процесте қоғамның мазмұны өзгерсе, соған сәйкес құқықтың заңды типологиясы да өзгереді. Құқықтың түрлерін анықтау, типке жіктеу оның тарихи даму процесін дұрыс түсіну үшін қажет.
Қазіргі заманда құқықтың мазмұнын анықтап, түрге жіктеудің екі жолы бар: формациялық және цивилизациялық. Кеңестік дәуірде елімізде формациялық бағытты қолданып, құқық пен мемлекеттің типологиясын марксистік теорияның пікіріне сәйкес түсініп келдік. Бұл теорияның пікірі бойынша құқық пен мемлекеттің мазмұны, нысаны, түрі қоғамның экономикалық базисына байланысты. Қоғамның диалектикалық даму процесінің әр формациясында әр түрлі экономикалық базис болады. Соған сәйкес мемлекет пен құқықтың мазмұны да өзгеріп отырады – деп түсіндіреді марксизм. Құқықтың заңды типологиясы қоғамның экономикалық материалдық базисына сәйкес нормативтік актілердің таптық мазмұнын анықтап, олардың атқаратын қызметтерінің бағытын белгілеу. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтың негізгі тарихи типтері қағидалары және функциялары

Құқық пайда болғаннан кейін өзінің эволюциялық және революциялық дамуы барысында қоғамдық-экономикалық фор¬мация шеңбері мағынасында өзіне тән сипаттарға және ерекшеліктерге ие болады. Өзіндік мәні бар құқықтық жүйеге құқық¬тың тарихи типтері сәйкес келеді. Құқықтың тарихи типтері дегеніміз арнайы формацияның меншік қатынастары қалыптастырған құқықтың мәндік мазмұнын айқындайтын ерекшеліктердің жиынтығы. Адамзаттың тарихи дамуы құқықтың негізінде төрт типін қалыптастырады: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырағаннан кейін пайда болған. Құл иеленушілік құқықтың өзіне тән ерекшеліктері мынандай сипаттармен айқындалады:
- Құл иеленушілік құқық құл иеленушілердің еркін білдіреді және олардың шексіз саяси биліктерін, диктатурасын бекітеді, үстемдігін жариялайды. Фараон патшалар құдайдың әмірімен болған, жердегі оның әміршісі деп танылды. Құқықтың барлық тетіктері осы билікті қамтамасыз етуге бағытталған.
- Құл иеленушілік құқық негізгі өндірістік құрал-жабдықтарға және құлдарға жеке меншікті құқық нормаларына бекітеді.
- Құлдар құқықтың субъектісі бола алмайды. Олар тек қана объект (зат, тауар) ретінде танылады. Сондықтан оларда сатуға, өлтіруге, ұрып-соғуға, айуаңдықпен жазалауға құл иеленушілік құқық меншік иелеріне толығымен мүмкіндіктер береді. Мысалы, Рим заңгерлері құлдардың құқықтарын, қоғамда алатын орындарын «Servus instrumentum vocale est» (құл сөйлейтін құрал) деп бекіткен.
- Құл иеленушілік құқық талион қағидасын (жанға-жан, қанға-қан) бекітеді. Мысалы, ежелгі Хамурапи патшасының зандарында: «Егер біреу басқанын сүйгенін сындырған болса, онын сүйгенін сындыру қажет» деп көрсетілген. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтың пайда болуы және ұғымы

Дүниежүзілік тарихта құқықтың пайда болуы туралы осы күнге дейін көптеген пікірлер мен көзқарастар қалыптасқан. Бұл мәселе туралы дау-дамай осы күні де жалғасуда. Американың ірі этнографы Л.Морган 1877 жылы өзінің «Ежелгі қоғам» деп аталатын еңбегінде, Ф.Энгельс өзінің әйгілі «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген зерттеуінде алғаш¬қы қауымдық кұрылыстың ыдырауының себептеріне талдау жасап, құнды пікірлер айтты. Бірақ, олардың пікірлері қазіргі тарихи-құқықтық әдебиеттерде әр түрлі мағынада бағалануда.
Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан қатынастар қандай нормаларымен реттелінеді деген сауал заңды түрде туындайды. Тарих ғылымдарының жеткен жетістіктеріне талдау жа¬сап қарасақ алғашқы адамдарының ара қатынастары арнайы нормалармен реттеліп отырды. Ол қандай нормалар? Тарихи-құқықтық әдебиеттерде бұл мәселе туралы екі пікір қалыптасқан. Бірінші пікір бойынша алғашқы қауымда қалыптасқан қатынастар әдет-ғұрып нормаларымен реттелген. Әдет-ғұрып деп әрбір этностық тарихи дамуы барысында олардың шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығын айтады. Әдет-ғұрып жазылмаған нормалар жиынтығы, оның қай кезде, қай мерзімде пайда болғаны ғылымға әлі белгісіз. Тарихи және тарихи-құқықтық әдебиеттерде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттеу мононормаларға жүктеледі деген пікір бар. Оның құрамына моральдық, діни, қоғамдық өмірді ұйымдастыру нормалары енетінін тілге тиек етеді. Кейбір ғалымдар алғашқы қауымдық құрылыс қалыптастырған мононорма туралы қатаң сын-пікір білдіріп, оны жоққа шығарып, мынандай тұжырым білдіреді: «Мононормалар, былайша айтқанда алғашқы қауымдық қоғамда әр түрлі әлеуметтік реттеу нормаларына бөлінбеген және ажырамаған нормалар — ғылыми қиял, ғалымдардың фантазиясы, ақиқатқа жататындық емес». ....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте-бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді?– деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келді. Өйткені құқықтың мазмұнын, тарихын, белгі-нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп-басқаруға өте қажет.
Құқық қоғамды реттеп, басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал; құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал т.б. Бұл пікірді жалғастыра беруге болады. Құқық –қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның қоғамдағы мәні, маңызы, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде, қоғамның экономикалық, мәдени-рухани сипатына байланысты. К.Маркс «Гота программасына сын» деген еңбегінде: «Құқық ешуақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес» – деді.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қор биржасы және оның қызметі

Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алатын және сатылатын негізгі нарық орны. Қор биржаларында ірі банктер қызмет етеді. "Биржа" деген термин ежелгі грек сөзі — "бурзэ", яғни әмиән деген мағынаны білдіреді. Экономикасы дамыған мемлекеттерге биржалар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы:
- қор биржасы;
- тауар биржасы;
- еңбек биржасы.
Сонымен, биржа —нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағазбен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол — сатушылар мен сатып алушылар келісілген келу үшін кездесетін орын.
Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принциптерде жүмыс істейді. Қор биржасының жұмысы жарғы бойынша ұйымдастырылады. Жарғыда қор биржасын құру, оны басқару тәртібі және оның әрбір буынының қызметі, мүшелерінің құрамы және сол сияқты ұйымдастыру принциптері анықталынады. Биржаның басты органы болып "биржалық комитет" саналады, ал оның мүшелерін брокер немесе маклер деп атайды. Олар бағалы қағаздар нарығында клиенттердің есебінен және солардың атағынан делдал болып операциялар жүргізеді. Себебі нарыққа клиенттердің өздері қатыса алмайды, яғни болмайды. Брокерлер сол жұмысы үшін куртаж деп аталатын төлем ақы алады. Брокерлер мен қатар өз есебінен ақша жұмсап, айналысатын дилер де жүреді.
Сонымен, қор биржасы — бағалы қағаз иелерінің биржа мүшелері, яғни делдалдар арқылы бағалы қағаздарды сату және сатып алу жөнінде мәміле жасайтын нарық.
Қор биржасы – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда- саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда- саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға және акционерлік қоғам нысанындағы өзін - өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін - өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық- техникалық дамытуға пайдаланылады. ....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Қоғамдық қатынастар және тұлғааралық қатынастар

Саяси психология ғылымы адамдардың психикалық әрекеттерін зерттеуді объективті түрде жүргізіп, психикалық ағымдар, әрекеттер ақиқатта қалай болса, сол қалпында өзгертілмей зерттелінеді. Психикалық әрекеттердің және функциялардың әрқайсысы жеке-жеке әрекет етпейді, бірімен-бірі қарым – қатынаста байланысып, немесе шиеленісіп отырады. Сондықтан оларды зерттеген уақытта жеке психикалық фунцияларды өз алдына бөліп, оқшаулап зерттемей барлық психикалық әрекеттердің бірімен-бірі қандай байланысы, қатысы барлығын ашып зерттеген жөн. Психикалық әрекеттер бір қалыпта өзгермей тұрмайды, әр уақытта өзі дамып отырады. Ол сыртқы дүниенің адамға әсер етуімен байланысты болып келеді. Адамның психикалық әрекеттерін зерттегенде олардың қалай дамып, заңды болуын зерттеп отыру керек....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА

Сана – объективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғары нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің мән-жайын, мазмұнын, ұғымын білуінде белсенді қызмет атқаратын психикалық процестердің (түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау т.б.) заңды нәтижесі болып табылады. Сана – шындықты бейнелеудің механизмі мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология мен психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының, бірі. Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге бөлінеді. Сана адамдардың қоғамдық-өндірістік іс-әрекетімен еңбек процесінде пайда болып, тілдің шығуымен тығыз байланыста қалыптасады. Қай дәуірде болмасын адам туғаннан бастап алдыңғы ұрпақ жасап кеткен заттық дүниеге тап болады да, тек сол заттық дүниені белгілі мақсатта пайдаланып үйренгенде ғана ол саналы адам болып қалыптасады....
Рефераттар
Толық

Құқық | Қоғам құқық және жеке адам


Адам құқының даму эволюциясы мемлекет және құқықтың пайда болуымен бірге дамып, сапалы құндылықтар деңгейіне көтерілді. Уақыт адам құқықтарының асқақтауына, тиімді қорғалуына өзінің ықпалын тигізуде. Олай дейтін себебіміз адамзат тарихы, оның прогрессивтік саяси-құқықтық идеялары адам құқықтары қай заманда болмасын қастерлеу қажеттілігін үлкен, маңызы зор проблема етіп ұсынады. Себебі адам жаратылыстың ең саналы, ең нәзік, ең күшті ажырамас бөлігі. Сондықтан адам құқықтарын қорғаудан, асқақтатудан, аяққа таптаудан адамзат өркениетінің қандай бағытта дамитынын болжауға болады.
Құл иеленуші мемлекеттерде адам құқықтары ашық, заң жүзінде теңсіздік аясында қалыптасып, құл иеленушілердің құлдар құқықтарын аяққа таптауға, басып-жаншуға тікелей жол ашты. Құлдар заң нормаларында құқықтың субъектісі емес, объектісі, яғни зат, мүлік ретінде танылды.
Рим заңгерлері «Құл сөйлейтін құрал» деген қағиданы өмірдің барлық саласында қолданды. Теңсіздік, құл болу туа біткен қасиет ретінде танылды.
Феодалдық мемлекеттерде адам құқықтары басқаша көзқараспен бағаланды. Құл иеленуші мемлекеттердегі адам құқықтарының жағдайларына қарағанда біршама прогресс болғанымен феодалдардың шаруаларға деген үстемдігі олардың құқықтарын аяққа таптаулары басқа сипатқа ұласты. Феодализм қалыптастырған құқық жүйе король, дворян, герцог, князь сияқты аз ғана топтардың құқықтарын асқақтатты, шаруалар тек сол феодал¬дардың қол астындағы адамдары болып саналды. Феодалдық құқық «жұдырық құқы», күштілердің ашық түрде теңсіздікті мойындатуы.
Адам құқықтарының теңдіқ идеясына көтерілуі буржуазиялық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты. Буржуазия идеологтері абсолюттік монархияда аяққа тапталған адам құқық¬тарын асқақтатып, теңдік, бостандық идеясын адам құқықтарының іргетасы ретінде жариялады.
Буржуазиялық қатынастар дамып келе жатқан Англияда 1679 жылы «Хабеас корпус акт», «Құқық туралы билль» (1688) сияқ¬ты құқықтық құжаттарда адам құқықтары теңдік мағанада мойындады. Кейінірек, АҚШ-тың (1787) және Ұлы француз революциясының «Адам және азамат құқықтары декларациясында» (1789) асқан даналықпен адам құқықтарын туа біткен, ен қастері құндылық ретінде жариялады, «адам» және «азамат» ұғымдары енгізілді. «Барлық адамдар туғаннан еркін және тең құқылы. Қоғамдық айырмашылықтар жалпы пайда негізінде болады», — деп атап көрсетілді декларацияда. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Қиялды зерттеу және дамыту әдістері

Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тікелей қабылданбаған, мысалы, тарих түңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы суреттемелер; көріп, білмегсн, тіпті болуы мүмкін емес оқиғалар, көрмеген мақұлықтар - енуі мүмкін. Бейнелер арқасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік әлеміне есік ашады. Адам тәжірибесін түрлендіруші және өзгеріске келтіруші тосын бейнелср қиялдың негізгі сипатын құрайды.
Әдетте, күнделікті өмірдегі қиял не фантазия мәні ғылымдағы осы сөздермен берілетін ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста біз шындыққа сай келмейтін, практикалық маңыз-мағынаға ие болмағанның бәрін қиял не фантазия деп атай саламыз. Ал, шынында, қиял әрқандай шығармашылық іс-әрекеттің негізі ретінде көркем-өнер, ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау болумен мәдени өмірдің барша салаларында көрінеді. Бұл тұрғыдан табиғаттың бергенінен өзгеше адам қолынан өнген өнер, мәдениет әлемінің бәрі дерлік қиял мен осы қиялға негізделген шығармашылықтың жемісі.
"Әрқандай бейне, мейлі ірі, мейлі кіші болсын, нақты қалыпқа келіп, орнықты шындыққа айналудың алдын ойда түзілген жаңа байланыстар мен қатынастар негізінде жасалған қиял түрінде іске асады" (Рибо). Алайда, қиял қандай түрде көрініс бермесін, (жеке адам қиялы, не ұжымдық қиял) өздік ерекшелігін жоймайды әрі тек өзіне тән ерекше мазмұнға ие. Қиял бейнелерінің естегі суреттемелерден негізгі айырмашылығы - олардың нақты болмысқа байланысты қатынасынан туындайды. Ес бейнелері-өткен тәжірибенің қайта жаңғыруы, сондықтан да естің, негізгі қызметі өйткені тәжірибе нәтижелерін мүмкіндігінше өзгермеген формада сақтау, ал қиял процесінде қай бейне болмасын, өзгеріске түседі, осынысымен де қиял әрқандай шығармашылық ұмтылыстың міндетті шартын құрайды.
Сонымен бірге, қиял арқасында адам өз ісін бастамай тұрып-ақ, болашақ еңбегінің нәтижесін күні бұрын болжастыра алады. Қиял жәрдемімен болашақ нәтижені күтудің өзі адам еңбегінің жануарлар тума қылығынан түпкілікті өзгешелігін танытады. Қиялдың алдағы іс-әрекет өнімін болжастыруға мүмкіндік ашуы адамның еңбекке деген құлшынысына, мақсатқа жетудегі ынта-жігеріне қосымша қуат қосады.
Кейде фантазия кері ықпал да жасауы мүмкін. Алдағы күтілген жағымсыз жағдайлар немесе қауіп-қатер мен бақытсыздықтар адамды күшті күйзеліске тап қылып, оны нақты оқиғаға сай келмейтін, шектен тыс, орынсыз қимыл-әрекетке келтіреді. Мұның дәлелі - кенеттен болған өрт кезінде кей адамдар көрініп тұрған көмекті шыдаммен күтудің орнына көп қабат үйлердің жоғарғы қабаттарынан өзін тастап, мерт болғаны. Қиялдың зияны халықта "Қорыққанға қос көрінеді" мәтелінде дәл айтылған. Қиялдың бүгінгі өмірден арқан бойы алда болып, болашақта күтілгсн кей оқиғаларды күні бұрын танытуы қиял мен ойлаудың арасында тығаз байланыстың барын білдіреді. Ойлау сияқты қиял да проблемалық жағдайда, жеке адам қажетсінуінен, қоғамдық сананың даму деңгейіне сай туыңдайды. Мысалы, егер ежелгі дүние адамдары арасында жаратылыстың пайда болуын түсіндіру қажетінен діни бейнелер келіп шықса, бүгінгі күнде бұл үшін космостық келгінділердің фантастикалық көріністері қолданылады. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Қант қызылшасының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары. Қант қызылшасы (Веtа vulgaris L. v.saccharifera) - Алабұталар тұқымдасы (Chenopodiaceae) Қызылша туысының (Веtа L.) малазықтық (v.сrаssа), жапырақты (v.сісlа) және асханалық (v.еsсulenta) түр тармақтары кіретін түрдің - екіжылдық өсімдігі.
Қант қызылшасының ұзын жіңішке тамыршалары бар олар жанына 40-50см тарайды, ал негізгі кіндік тамыры 2-2,5 м топырақ тереңдігіне дейін бойлауға қабілетті. Оның орталық тамыры өсіп-толысып тамыржеміске айналады. Жетілген өсімдігінің тамыржеміс массасы 500-800 г және одан да жоғары болады.
Тамыржемісінің формасы – конус тәрізді. Құрылысы: басы, мойны және нағыз тамырдан тұрады.
Басы - тамыржемістің үстіңгі бөлігі, түрі өзгерген сабақ, онда жапырақтар орналасады. Басында тамыржемістің басқа бөлігіне қарағанда қанттың мөлшері аз.
Мойын - тамыржемістің басы мен нағыз тамырдың арасында орналасады. Онда жапырақтар мен тамыршалар болмайды. Тамырдың өзі - тамыржемістің төменгі конус тәрізді бөлігі. Тамырдың ұзына бойындағы жырықшаларынан көп жанама тамыршалар тарайды. Қанттың көп мөлшері (19-20 %) тамыржемістің ортаңғы бөлігінде болады.
Пісіп-жетілген тамыржемісте шамамен -75% су, 25% құрғақ заттар (сорты мен өсіп-жетілу жағдайына қарай 16-24% қант) болады. Қанттылығына жоғары агротехника көп әсер етеді.
Қант қызылшасының жапырақтары ірі, бүтін, жүрек тәрізді, сағақты. Формалары жасына қарай өзгереді: жас жапырақтарының сағақтары қысқа және алақаны дөңгелек, ал үлкейгендерінің сағақтары ұзарады да жүрек тәрізденеді. Жапырақ алақанының толқынды, ойықты немесе тегіс болуы сорттық белгі және өсіру жағдайына байланысты. Жеке жапырақтың ұзындығы 50-70 см дейін. Бірінші жылы өсімдік 60 таяу жапырақтар түзеді.
Қант қызылшасы тұқымды тіршілігінің екінші жылы - қыста сақталған тамыржемісті көктемде топыраққа отырғызғанда гүлді өркендер пайда болғаннан кейін береді.
Гүлдері - қосжынысты, гүлсеріктері жасылдау. Гүлдеуі 20-40 күнге созылады. Қант қызылшасы айқас тозаңданады. Тозаңдануы жел мен насекомдар арқылы жүреді.
Жемісі-жаңғақша. Көп дәнді қант қызылшасының жемістері 2-5 дәннен тізбектеліп шоғырланған. 1000 тұқым салмағы 20-дан 50 г дейін. Бірдәнді қант қызылшасының жемістері бір жаңғақшадан тұрады, сондықтан механизацияны пайдаланып себуге ыңғайлы.
Тұқымының сыртында бурыл жылтыр қабықша болады. Тұқымның ұрығы перисперманың (қоректік заттар қоры орналасқан жер) айнала сақина тәрізді қоршап тұрады, ол екі тұқым жарнағынан, орталарында орналасқан бүйрекшеден және ұрық тамыршаларынан тұрады.....
Рефераттар
Толық