Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Құқық туралы негізгі теориялар

Қазіргі заманда да бұл мәселе заң ғылымын күн тәртібінен түскен емес. Бұл мәселемен толып жатқан ғалымдар, теориялар шұғылдануда. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес құқық туралы көзқарас та, пікірлер де әртүрлі болды. Құқық туралы негізгі теориялар: табиғи, тарихи, реалистік, социологиялық, нормативтік, психологиялық, материалистік теориялар.
Табиғи теория – бұл теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқан. Теорияның мазмұны – адамдардың табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты құқықтары. Табиғи құқықтарын ешкім шектей немесе жоя алмайды – деп түсіндірген. Цицерон – табиғи бостандыққа, құқыққа қарсы келетін мемлекеттік заң болуға тиіс емес – деген. Табиғи теорияны орта ғасырлардың ғалымдары: Локк, Руссо, Монтескье, Гольбах, Радищев т.б. өте жақсы дамытқан. Дамыған елдерде табиғи әлеуметтік норма мен құқықты бір-біріне қарсы қоюдың негізі жоқ. Олар қоғамды бірігіп басқарады.
Тарихи теория – бұл теорияның өкілдері құқық адамдардың рухани сана-сезімінің даму процесінен өмірге келіп, қалыптасады деп түсіндіреді. Оған мемлекеттің қатысы жоқ – деп уағыздаған. Адамдар субъективтік жолмен табиғи бостандықтар мен құқықтарды жоя алмайды, тек қоғамның даму процесінен қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалардың шығуын тездету керек деп түсінген. Бұл теорияның – өкілдері: Густав Гуго, Карл Савиньи, Фридрих Пухта, Штиль т.б.
Реалистік теория – құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері арқылы өзгеріп, ескеріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардың әсері мол болады – деп уағыздаған. Бұл теорияны құқықтың бірлігін, дамуын, оның мемлекетпен байланысын, субъектілердің құқығының міндеттері болатын және мемлекеттің бақылауын қостайды.
Әлеуметтік теория – XX ғасырда қалыптасқан теория. Бұл теория құқықтық қатынасты, адамдардың құқықтық тәртібін жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттеуді жақтайды. Өкілдері Эрлих, Леон Дюги, С.М.Муромцев, Г.Н.Шершеневич, Р.Паунд. Құқықтың әлеуметтік мазмұнын зерттеуге көңіл бөледі, құқықтық мемлекетті жақтайды.
Нормативтік теория – құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым- қатынасын реттеп, басқарып, адамдардың мүдде-мақсатын орындау деп түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат пен идеологияға қоспай зерттеуді жақтайды. Құқықтың белгі-нышандарын жақсы зерттеуді, құқықтық мемлекетті жақтады. Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді, бақылауды ұсынады. Бұл теорияның, әкілдері: Р.Штаммлер, Г.Кельзен, П.И.Новгородцев.
Психологиялық теория – XX ғасырдың басында жақсы дамыған теория. Теорияның негізгі мазмұны: құқық адамдардың психикасының ішкі құрылысында қалыптасып, олардың сыртқы іс-әрекетіне, жұмысына әсер етуі. Адамның ішкі сана-сезімі мен сыртқы тәртібінің, мінезінің, іс-әрекетінің байланысын Петрижицкий этикалық сана деп атайды. Бұл теория құқықты екі түрге бөледі: жеке тұлғалық (автономдық) және оң жағымды (позитивтік). Жеке тұлғалық құқық – жеке адамның ішкі ұятынан қалыптасатын елегізу, қатты қиналу. Оң жағымды позитивтік құқық – басқа адамның беделіне, абыройына сенушіліктен қалыптасатын психикалық көзқарас.
Материалистік теория – құқық саяси-экономикалық үстемдік жүргізетін таптың мүдде-мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Құқықтың мазмұны екі элементтен тұрады – деп түсіндіреді: экономикалық базис пен үстемдік таптың мүддесі.
Бұл теорияның тарихи даму процесін үш кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңі – Марксизмнің құқықтың мазмұнын түсінуі және оның қоғам дамуындағы маңызы; екінші кезеңі – құқықтың болашағына марксизмнің көзқарасы; үшінші кезеңі – марксистік көзқарасты бұрмалау.
Бірінші кезеңде марксизмнің құқықтың мазмұнын түсінуі дұрыс еді – құқықтың экономикалық базиспен және таптық күреспен тығыз байланысты болуы. Екінші кезеңде – буржуазиялық мемлекет пен құқық теориясының мазмұнын бір жақты зерттеп, оның прогрестік рөлін, маңызын дұрыс түсінбеді. Қоғамның болашағын құқықтық мемлекетпен байланыстырмады. Үшінші кезеңде одағының басшылары марксизмнің мазмұнын сорақы түрде бұрмалап, өздерінің әкімшілік-әміршілік, тоталитарлық саясатын қорғау үшін пайдаланды.
Марксизм жай теория қалпында қалмай, оны социалистік мемлекеттердің басшылары субъективтік жолмен ондаған жылдар социализм моделіне айналдыруға тырысып бақты. Бірақ одан ешқандай нәтиже болмады.
Жоғарыда көрсетілген құқық теорияларының жеке алғанда дұрысы да, бұрысы да баршылық. Бірақ барлығының мазмұнын біріктіргенде бірнеше дұрыс қорытынды тұжырымдар шығаруға болады:
- құқық әлеуметтік құбылыс, онсыз дамыған қоғам болашақ емес;
- құқық қоғамдық және жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғайтын негізгі құрал;
- құқық жеке адамның меншігін қорғайтын негізгі күш;
- құқық мемлекетті қалыптастырған және оның бақылауындағы қоғамдық тәртіпті қорғайтын құрал.
Сонымен құқық жеке тұлғалардың экономикалық, саяси, әлеуметтік т.б. бостандығын, теңдігін қорғайтын негізгі құрал. Құқық қоғамның объективтік дамуын қамтамасыз етіп, өндіріс пен сұраныстың ара қатынасын реттейтін негізгі күш-құрал.


2. Құқықтың түсінігі және мазмұны

Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп, басқарып отырды. Олар қоғамның, объективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Бірақ әр елдің ерекшеліктеріне сәйкес құқықпен мемлекеттің нысаны әртүрлі, мазмұны бірдей болды. Бұл жерде қайталап өтейік, құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары: қосымша өнімнің пайда болуы, жеке меншіктің қалыптасуы, таптардың арасында күрестің басталуы, қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі. Бұл объективтік даму процесі қоғамның алдына бірнеше талаптар қойды:
- қоғамның әкімшілік-территориясында тұрақты тәртіп қалыптастыру қажет болды;
- қоғам бірнеше тапқа, топқа бөлініп, олардың арасында қайшылықтар басталып, оны реттеп, қоғамды басқару керек болды;
- ру мен тайпалардың, мемлекеттік бірлестіктердің арасындағы қайшылықтар күреске айналып, күрес соғысты өмірге әкелді. Осы күрес – қайшылықтарды бейбітшілік жолмен шешіп, реттеу қажет болды.
Қоғамның объективтік даму процесінің бұл талаптарын іске асыру үшін құқықтық нормаларды қарқынды, сапалы дамытып, қарым-қатынастарды тағы басқа құбылыстарды реттеу жұмыстары басталып, қоғамның жақсы дамуына жағдай жасалды.
Енді құқықтың түсінігіне және мазмұнына келсек, оның сан қырлы түсінігі, сан қырлы мазмұны бар деуге болады. Ол қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны сан қырлы бағытта дамып, байып отырды. Ғалымдар құқықты зертегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап, әр түрлі қорытынды тұжырым жасап отырды. Мысалы, Аристотель құқықты саяси шындық, әділеттік – деді, орта ғасырдың ғалымдары – құқық діни норма, Ж.Ж.Руссо – құкық қоғамдық билік – деп түсіндірді. Осы пікірлердің бәрі дұрыс.
Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланыста дамиды: олардың бостандығын қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ құқықтың мазмұны, түсінігі – адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, сапалы мәні, маңызы. Бұл түсініктемеде құқықтың құндылығын, маңыздылығын айрықша көрсетіп отыр. Бұл түсініктеме дұрыс бірақ жеткіліксіз.
Құқықтың нормалары қоғам дамуының саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдалы әсері мол болмақ. Қоғам өмірін құқық арқылы реттеу процесінде әр түрлі құқықтық қатынастар туады, яғни қоғам мүшелері, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар құқықтық нормалардың талаптарын іс жүзіне асыру үшін өзара қарым-қатынастарға түсіп, заңда көрсетілген міндеттерді орындауға тиісті болады. Құқықтық қатынастар қоғам өмірінің негізгі салаларын қамтиды, бұлар: әкімшілік, қаржы, мүліктік, отбасы, еңбектік, процессуалдық т.б. Мемлекетке қажетті қоғамдық тәртіп құқықтық қатынастар негізінде ғана орнай алады. Бұл – құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеудегі көздейтін басты мақсаты.
Біз жоғарыда құқықтың түсінігін және мазмұнын нормативтік тұрғыдан қарастырып келдік. Бұл құқықтың түсінігінің, мазмұнының негізгі бағыты. Өмір тәжірибесінде біраз ғалымдар құқықтың мазмұнын кеңейтілген түрде зерттеп, түсінігін сол көлемде береді. Олардың қосымша зерттеген мәселелері: құқықтық қатынас, құқықтық сана, субъективтік құқық, құқықты қолдану, құқықты бұзушылық және жауапкершілік. Міне осы мәселелердің бәрін олар құқықтың мазмұнына жатқызады. Біздіңше бұл дұрыс пікір. Өйткені осы қатынастардың бәрі де құқықтық нормалармен реттеліп, шешімін тауып жатады. Екінші олардың кеңірек зерттеген мәселесі – құқық пен заңның, бостандық пен құқықтың арақатынасы және айырмашылығы. Құқықтық норма мәселені абстрактік түрде қарастырып, іс-әрекетті кеңірек қамтиды, ал заң нақты түрде бір немесе бірнеше мәселені қамтиды. Адамдардың бостандығы мен құқықтарын бөліп қарауға болмайды – деп түсіндіреді. Бұл пікір де дұрыс, бірақ ғылыми зерттеуде оларды жеке бөліп қарастырған жөн – анализ, синтез әдісімен зерттелсе, қорытынды тұжырым дұрыс болады.
Қоғамның тарихи объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар: біріншісі – қоғамның дамуын басқарып, реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді. Бұл пікірді – заңды көзқарас деп айтады. Екіншісі – бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм деп айтады. Нигилизм қоғамда қабылдаған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.
Заңды көзқарас көне дәуірден қалыптасып, құқықтың қоғам даму процесіндегі рөлін, маңызын жан-жақты зерттеп, бірнеше ғылыми қорытынды тұжырымдар жасалды. Құқық қоғаммен бірге эволюциялық-прогрестік жолмен дамып, XIX-XX ғасырларда өзінің тарихи процесте құндылығын делелдеп, қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып, реттеуші негізгі әлеуметтік факторлардың бірі екеніне ешкім күмән келтірмейді. Қоғамның объективтік тарихи даму процесі құқықтың маңызы мен рөлі туралы заңды көзқарас пікірінің дұрыс екенін дәлелдеп отыр. Заңды нигилизм пікірін қазір ешкім қолдамайды.
Құқық философиялық категория. Сондықтан оның мазмұнын, өмірге келуін, дамуын түсінуде әртүрлі пікірлер бар. Бірақ құқықтық нормаларды пайдалануда, сол арқылы қарым-қатынастарды реттеуде, мүдде-мақсаттарды іске асыруда, орындауда адамдардың, бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың іс-әрекетінде, жұмысында ғажап бірлестік бар. Мұның себебі адамдардың, ұйымдардың іс-әрекетінің, жұмыстарының құқық арқылы басталуы, құқық арқылы дамуы, құқық арқылы орындалуы. Құқықтың мазмұнын түсінуде қоғам көлемінде нақты бірліктің болуы. Бұл бірлестіктің анықтылығы қоғамдық тәртіптің дұрыс қалыптасуы, қарым-қатынастардың жақсы реттеліп, орындалуы. Құқықтың құндылығы – қоғамдық масштабта барлық құбылыстардың шешуші негізі болуында. Бұл ғылыми қорытынды пікірді барлық мемлекеттердің және адам қоғамының миллиондаған жылдар тарихы толық дәлелдеп отыр.
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құқық» деген – ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың) да құқықтық мүмкіндіктері болады. Бұл көрсетілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік мағынада қолданылады.
Екіншіден, «құқық» деген – құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, олардың қалыптасуы, жүзеге асырылуы диалектикалық процесс арқылы жүріп жатады. Мысалы, Қазақстанда мемлекеттік құқық туралы Конституцияның 4-бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілері» болып табылады.
Үшіншіден, «құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Мысалы, конституциялық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, еңбек құқығы, қылмыстық құқық, отбасы құқығы т.б.
Төртіншіден, «құқық» термині субъективтік құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Мысалы, құқық жүйелері мен құқықтық жүйе.
Сонымен, «құқық» терминінің көптеген мәні бар, оны зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алып келді. Марксистік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп мүдделерін қорғайтын құрал болып саналады. Өйткені адам тарихында болған қоғамдардың бәрінде де таптық мүддеге қоса құқық жалпы қоғамдық мүдде-мақсатты да реттеп, басқарып отырады.
Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек қателеспейміз.
Қоғамның диалектикалық даму процесінде қарым-қатынастарды дұрыс реттеп, басқарып, дағдарысқа ұшыратпау үшін мемлекет пен құқық объективтік жолмен өмірге келді. Бұл қоғамның прогрестік жолмен дамуының нәтижесі. Құқық адамдардың, ұйымдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты, олардың бостандығының шеңберін, мүдде-мақсаттарының орындалу шеңберін анықтап, реттеп басқарып отырады. Құқықтық норманың қалыптасуы үш кезеңнен тұрады: мүдде, қатынас, норма. Құқықтың негізгі үш тірегі бар: имандылық, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мемлекет. Құқық имандылықтан нәр алады, неғұрлым құқықтың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе, соғұрлым олардың сапасы да, абыройы да жоғары болады.
Құқықтың таптық мәні, қоғамдағы рөлі, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде қоғамның экономикалық, рухани, мәдени сипатына байланысты. Құқықтың дамуына күресімен бірге саяси-әлеуметтік ұлттық қатынастар, идеология, қоғамның мәдени өсу дәрежесі де үлкен әсер етеді. К.Маркс «Гота программасына сын» деген еңбегінде: «Құқық ешуақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес», – деген. Құқықтың нормалары қоғам дамуының экономикалық мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдалы болмақ. Қоғам өмірін құқық арқылы реттеу процесінде әртүрлі құқықтық қатынастар туады, яғни қоғам мүшелері, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер құқықтық нормалардың талаптарын іс жүзіне асыру үшін өзара қарым-қатынастарға түсіп, заңда көрсетілген міндеттерді орындауға тиісті болады.
Құқық – мемлекет шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
Құқықтың мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
- қарым-қатынастарды ретгеп, басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, ара қатынасын реттеп, басқарып отыру;
- халықаралық қатынастарды реттеп, басқару.
Құқықтың екі түрлі ғылыми түсінігі болады: біріншісі – құқықтың объективтік түсінігі қоғамның объективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі – құқықтың субъективтік түсінігі объективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап, бекіту.
Құқықтың негізгі қағидалары:
1. Қоғамдағы әртүрлі мүдде-мақсаттарды нормативтік жүйемен реттеп-басқару;
2. Адамдардың, ұйымдардың бостандығының іс-әрекетінің деңгейін, шеңберін норма арқылы анықтап отыру;....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі