Біржан сал Қожағұлұлы (Бабай мен қасқырдың айтысы)

Бабекең қарсақ аулап жүрген екен,
Астына буаз бие мінген екен.
Жартастың өзенінде келе жатса,
Алдында қасқыр ізін көрген екен,
Сол кезде қылау жауып ізді басты.
Кәрілік кетіп Бабекең болды жас-ты.
Бір қурайды пана қып жатыр екен.....
Өлеңдер
Толық

Біржан сал Қожағұлұлы (Телқоңыр)

Телқоңыр қайтып кетті елге таман
Ит-құстан барар ма екен есен-аман?
Ит-құстан аман-есен бара қалсаң,
Сәлемді үш қайтара айттым саған.
Жүгіріп жалаң аяқ шықтым қырға,
Басқаға жолда тұрған мойның бұрма.
Кеткенде аулың шалғай, беу қарағым,
Салсайшы өзімдей қып «Телқоңырға!».....
Өлеңдер
Толық

Ахмет Байтұрсынов (Өгіз бен бақа)

Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді,
Жағалап суаты бар жерге келді.
Шілденің сарша тамыз ыстық кезі,
Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді.
Су ішіп, көлдің шықты жағасына .....
Өлеңдер
Толық

Ахмет Байтұрсынов (Үлес)

Қосылып, бірнеше адам ортақтасып,
Үй салып, ортасынан дүкен ашып,
Саудасы жұғымды боп, байып әбден,
Шат болып, көңілдері судай тасып,
Ақшаны төбедей ғып үйіп қойып,
Үлесіп отыр еді шуылдасып .....
Өлеңдер
Толық