» » » Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Бабай мен қасқырдың айтысы)

Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Бабай мен қасқырдың айтысы)

Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Бабай мен қасқырдың айтысы) казакша Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Бабай мен қасқырдың айтысы) на казахском языке
Бабекең қарсақ аулап жүрген екен,
Астына буаз бие мінген екен.
Жартастың өзенінде келе жатса,
Алдында қасқыр ізін көрген екен,
Сол кезде қылау жауып ізді басты.
Кәрілік кетіп Бабекең болды жас-ты.
Бір қурайды пана қып жатыр екен,
Дәл үстіне келгенде тұра қашты.
Бабекең үйден шықты белін буып,
Мұндай қызық көрген жоқ өзі туып.
Буаз бие құлынын елемей-ақ,
Жартастың өзенінде жетті қуып.
Жүрегі Бабекеңнің кетті суып.
Тартады төс айылын белін буып.
Буаз бие мінгенін елемей-ақ,
Құрығын көлденең ап кетті қуып.
Қиқу сап дем алғызбай қуған бетпен,
«Жартастың» өзенінде қуып жеткен.
Ақшамның ақырында екі көкжал
Айтысып қайымдасып кеңес еткен.

Бабай:
— Аузыңда тіс, арқаңда жүн бар екен,
Кеудең жақсы, бөксеңде мін бар екен.
Талай малды жеп едің бәлем қасқыр,
Саған да жететұғын күн бар екен.

Қасқыр:
Бабеке, ішің толған амал екен,
Кер биең өзі буаз, шабан екен.
Төселіп бұрынғыдай қаша алмадым,
Жұрт қарғысын көп алған жаман екен.

Бабай:
Мекен қылып жатыпсың мидай дала
Қурайдың қылып жаттың несін пана.
Осы мұз осы бойы жата қалса,
Талайыңды қылармын қызыл ала.

Қасқыр:
Сені маған жеткізген жаббар ием,
Ұрған сайын босайды жүйе-жүйем.
Бәрімізді қырам деп жүргеніңде
Құлын тастап кетпесін буаз биең.

Бабай:
Қасқыр-ау, көріп пе едің бұдан қиын.
Аллаға арызың жетсе сен де сиын.
Сендей кәрі тірсекті жүгіртпейтін,
Баһаундтинге айтамын жеті тиын.

Қасқыр:
Бабеке, айтқан сөзіңде жоқ қой қате,
Байсары моллаң, «жолың болсын» деп берген бата.
Мен-дағы қашқанымда сиынып ем,
Еш қайла қыла алмады «сыңсыма ата»

Бабай:
Шектерін талай малдың шұбыртқансың,
Жығып беріп балаңды қуантқансың.
Соның-дағы обалы жіберсін бе,
Ақ сүтін талай малдың суалтқансың.

Қасқыр:
Үйіңнен шығып едің өлең айта,
Қулығың көп жұрт едің қоян қарта.
Жиын сайын төбелес қылушы едің,
Сен нағып тиыш жүрсің «Майлы-балта»

Бабай:
Ұрмайтын мінезің жоқ уаәм жығылып,
Болар деп ойлап па едің мұндай қылық.
Жанғозының жеп кеттің құр дөненің
Сақалымен жылады-ау шөпті жұлып.

Қасқыр:
Мекен ғып жатыр едім сайды деймін,
Еліңді ақтап, тіліңіз майда деймін.
Мен жесем өлімтігі жатпас па еді,
Даманың көк биесі қайда деймін.

Бабай:
Сен жүйрік жеткізбессің арғымаққа,
Мына мұз жатып қалды біздің баққа.
Өзенде қаптаған су, қазған құдық,
Жығылып қалған болар шұғанаққа.

Қасқыр:
Сен маған жетіп қалдың нағып оңай,
Кіретұғын болмады қалың тоғай.
Еліңе дәнеңені жолатпайсың,
Бабекең, қайда кетті екі ноғай.

Бабай:
Сен неге шықтың, енген тоғайыңнан,
Мені-ақ жеңе қоярсың оңайыңнан.
Елу кісі ант беріп былтырғы жыл,
Құтылғамыз сол жала ноғайыңнан.

Қасқыр:
Еліңді ақтап, тіліңіз тым-ақ майда,
Балаларым кек алар келер айда.
Жала қылған ноғайдан құтылыпсың
Бабеке, Жұмабай мен Қодар қайда?

Бабай:
Осы күнде жетіп тұр саған әлім,
Елуге жеткен шығар жеген малың.
Қайда тентіреп жүргенін кім біледі,
О да сендей қаңғырған екі залым.

Қасқыр:
Жақсы деп кете алмайсың қонысыңнан,
Ішке айдаса қорқасың ұры сұмнан.
Екі жерде өлімнен алып қапты
Үш айналсаң болмай ма болысыңнан?

Бабай:
Қасқыр, сенің тіліңде сенім бар ма,
Қыпшақтан — жақсы көрер елім бар ма.
Аузыңа келген сөзді оттай бердің
Болысымды тастап жүрген жерім бар ма?

Қасқыр:
Оқитұғын менде жоқ кітап, құран,
Құшатұғын дәуренім қайда тұрған.
Күнәдән арылатын жерің бар ма,
Ағасының жағадан ап інісі ұрған.

Бабай:
Сен жылқыны көп жегенде қуанасын,
Жүнің қалың аязға жылынасың.
Сен-дағы ол жағына күлгенің не?
Енеңнің байы болып ұлығансың.

Қасқыр:
Еліңіз мен кеткенсін бие саусын,
Қой күзеткен балалар қояр дауысын.
Ойнас жағын көп айтыссаң жеңер едім,
Бабеке не қылсаң да жеңген жаусың.

Бабай:
Күн кеш болды өлеңді қояйын да,
Құрықпенен төбеңді ояйын да.
Екі жылда жеп едің он жылқымды,
Жаның шықпай теріңді сояйын да.

Қасқыр:
Кеш болды деп өлеңді қойғаның ба,
Құрықпенен төбемді ойғаның ба?
Еліңді ұры дегенге намыстанып,
Үш сом үшін терімді сойғаның ба?
Мен өзім жүгіре алмай қайран қалдым,
Қанын ұрттап ішуші ем талай малдың.
Ұрғаныңнан барады сөзің өтіп,
Ақ шекпенді бүкішке мен таңдандым.
* * *
Бабаңның қатты шықты ащы тері,
Осындай қасқыр соқты Бабай сері.
Тақсыр-ау, өз айтты деп сөге көрме,
Кеш болып әбден тәмам болған жері

Автор: nurgul95 | 135 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, биржан сал біржан сал Бабай мен қасқырдың айтысы өлең олен стихи, біржан сал өлеңдері, биржан сал олендери казакша, біржан сал қожағұлұлы өлеңдері, біржан сал қожағұлұлы өлеңі, Бабай мен қасқырдың айтысы, биржан сал біржан сал Бабай мен қасқырдың айтысы өлең олен стихи біржан сал өлеңдері биржан сал олендери казакша біржан сал қожағұлұлы өлеңдері біржан сал қожағұлұлы өлеңі Бабай мен қасқырдың айтысы, Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Бабай мен қасқырдың айтысы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке