Құл-Мұхаммед: Қазақ тіліне қауіп төніп тұр деуге негіз жоқ

Бүгінде қазақ тіліне қауіп төніп тұр деп айтуға болмайды. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай айтты.

Фото: altaynews.kz
Фото: altaynews.kz

Министр атап көрсеткендей, бүгінде тіл мәселесі зиялы қауым арасында жиі қозғалатын тақырып болып саналады.

"Мен де қазақ тілінің жанашырымын. Негізі, қазіргі кезде республика бойынша қазақ тілді және аралас мектептерде мемлекеттік тілде білім алатын оқушылардың саны барлық балалардың 71 пайызын құрап отыр. Бұл мәліметті Статистика агенттігі де растап отыр. Жақында агенттік Қазақстан халқының 17 млн. 100 мыңнан асқандығын хабарлады. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облысы сияқты қазақтар көптеп шоғырланған аймақтарда халықтың өсімі жоғары болып тұр. Ал елімізде мектеп оқушыларының 71 пайызы мемлекеттік тілде оқитын болса, қазақ тіліне қауіп төніп тұр деп айтуға ешбір негіз жоқ", - деп атап көрсетті М.Құл-Мұхаммед.

Жаңалықтар
Толық

Ағылшын тілі | Eating in Britain (7 сынып)

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы
«Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Оразова Жадра Бейбетжановна 7 сынып

Ашық сабақ тақырыбы:Eating in Britain.
Ашық сабақ мақсаты:
1. Саналатын және саналмайтын зат есімдердің қолданылуын үйрету;Британияның ұлттық тағамдары мен сусындарымен таныстыру; тақырыптық жаңа сөздерді үйрету;
2. Оқушылардың сөздік қорларын молайтып, тіл байлықтарын дамыту; пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
3. Өзін-өзі тәрбиелеуге бағыттау; оқушыларды мәдениеттілікке, сыйластыққа, ас қадірін білуге тәрбиелеу;
Ашық сабақтар
Толық

Ақша

Істі істеу үшін емес, жеңіске жету үшін бастаңыз

Адам баласына, ақшаны есептемегенде, табиғаттың бергенінен артық ештеңе қажет емес

Ақша қымбат тұрады(Р.Эмерсон)
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық