Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген мемлекеттік басқаруды қайта қарау, нарықтық экономика жағдайына бейімделген жаңа тұрпатты шенеуніктерді қалыптастыру туралы. Мемлекеттік қызмет және басқару пәнінің жаңа тұрпатты заң кадрларын даярлауда атқаратын рөлі мен алатын орны. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мәселелерінің теориясын мен тәжрибесін жаңа ғылыми тәсілдер арқылы зерделеу (функциональды, жүйелі, тарихи, нақты-социологиялық және т.б.). Мемлекеттік қызмет және басқару курсының пәні және құрылымы. Осы пәннің басқа құқық салаларының арасында алатын орны (саясаттану, социология, құқық және т.б.). Мемлекеттік басқарудың Қазақстан Республикасында ғылым ретінде қалыптасуы және оның негізгі даму кезеңдері.....
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген мемлекеттік басқаруды қайта қарау, нарықтық экономика жағдайына бейімделген жаңа тұрпатты шенеуніктерді қалыптастыру туралы. Мемлекеттік қызмет және басқару пәнінің жаңа тұрпатты заң кадрларын даярлауда атқаратын рөлі мен алатын орны. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мәселелерінің теориясын мен тәжрибесін жаңа ғылыми тәсілдер арқылы зерделеу (функциональды, жүйелі, тарихи, нақты-социологиялық және т.б.). Мемлекеттік қызмет және басқару курсының пәні және құрылымы. Осы пәннің басқа құқық салаларының арасында алатын орны (саясаттану, социология, құқық және т.б.). Мемлекеттік басқарудың Қазақстан Республикасында ғылым ретінде қалыптасуы және оның негізгі даму кезеңдері ....
Мен бұл жұмысты бастап қолға алуымы бірнеше себептер бар. Егеменді ел болып, тэуелсіздіктің көк байрағын желбіреткенімзге де біршама жылдың жүзі болды. Осы жылдар ішінде ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолдары, тарихы зерттеліп жатыр. Дегенмен тарих қойнауында бұғып жатқан қүлия сырлар аз емес. Елеусіздеу қалып жатқан дүниелер де жетерлік. Сондықтан қазіргі аға буын зерттеуші тарихшы ғалам үстаздарға кішкентайда болса үлес көмегімді тигізсем деп ойлаймын. Менің басты мақсаттарымның бірі осы деп есептеймін. Осы бағытта жүмыстар жүргізе отырып мектеп шэкірттеріне тың деректер үсына алсам деген ниетім бар. Сонымен қатар оқушыларға отанымыздың тарихы жайлы бар білгенімше бойына сіңіре білсем деген ойдамын. Әрине біз тарих қүпияларын зерттеу үшін көне ежелгі дэуірлердегі тарихты оқып білуіміз керек. Бүл орта білім беру ошақтары мен мектеп қабырғасында бесінші сныптан бастау алады. Демек Қазақстанның ежелгі дэуірлердегі тарихы мен таныспыз. Онда жерімізде алғашқы адамдардың қалай пайда болғандығы туралы білеміз. Олар алғашқы кезде тас құралдарды пайдаланса, одан біртіндеп дамудың нэтижесінде қола, темір сияқты металдардан құрал - сайман, қару-жарақ жасап үйренді. Грек, парсы, қытай сияқты елдердің жазба деректерінің хабары бойынша темір дэуірі кезеңінде жерімізде сақ, ғүн, үйсін, қаңлы, сармат тайпаларының өмір сүргендігі белгілі. Бұл тайпалар біздің жерімізде өмір сүруді одан эрі қарай жалгастырды. Олардың ұрпақтары да, бастарынан талай тарихи оқиғаларды өткізді. Сол тарихи оқиғалар мен олардың элеуметтік экономикалық мэдени даму жолдары жайлы осы жұмыста нақты көрсетіледі. Сонымен қатар хронологиялық мерзімі жағынан біздің заманымыздың УІ-ХУІІ - ғасырлар аралығын қамтиды.Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы негізінен бір-біріне жалғасқан үш кезеңнен тұрады. Бұл кезеңдерді орта ғасырлар дэуірі деп те атауға болады. Біріншісі -Қазақстьанның ерте орта ғасырлық кезеңі./УІ-ІХ ғ./ Екіншісі - Қазақстанның орта ғасырлық дамыған кезеңі / Х-ХІУғ./. Үшіншісі -біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылу кезеңі. /XV-XVII ғ./. ....
Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісіне саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды. Ежелгі грек философы Демокрит: «Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділеттілік әкелуі керек»,- деп есептеген екен.Оның пайымдауынша: «Жақсы басқарылатын мемлекет – үлкен тірек, ол сақталып тұрғанда, онда бәрі де болады- бәрі тұтас болады, ол құлағанда, онымен бірге бәрі де өледі». Қазіргі заманғы философтар мен әлеуметтанушылардың пайымдауынша, мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады. ....
Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады. Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады. ....
Ірі өнеркәсіп орындарының ғылыми тұрғыдан жеткіліксіз негізделуі және өндірістік қуаттың көп жылдар бойы қарқынды өсуі қоршаған орта тазалығын төтенше ауыр жағдайға алып келді. Осыған байланысты қоршаған ортаның ластануы мен өндірістегі қалдықтардың өсімдіктерге, жануарларға және адам денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу күрделі де маңызды мәселеге айналып отыр. Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км2. Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәлімметтер бойынша Республика жерінің 180 мли га немесе 60%-і шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн га жазық жерлерді, 185 млн га жайылым және 34 млн га таулы аймақтарды алып жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн га құнарлы жерлердің 180 млн га жер жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн га топырақ эрозиясына үшырап, 60 млн га топырақ түзданып, 10 млп га жерлер химиялык және радиоактивті заттармен ластанған. Республиканың 30 млн га жерлерін өнеркәсіп орьгадары, транспорттьтқ жолдар, байланыс, елді мекендер алып жатыр. Экологиялық қиын жағдай Орталық Қазақстан жерлерінде қамтып отыр. Мұнда жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптік қалдықтармен ластану, ауыр металдардың жинақталуы, радиоактивті. элементтердің және ракета-ғарыштық қоқыстармен (Бетпақ далада) ластану кең таралуда. Кейбір аймақтарда топырақтардын тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы, сонымен қатар Ертіс, Әмудария мен Сырдария өзендеріиің су бассейнінің азаюы, Арал теңізІнің тартылуымен тікелей байлаынысты болып отыр. Мәселен Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағыньң экологиялық жағдайына байланысты 2 млн га жер шөлейттеніп кеткен және Жаңадария өңіріндегі 3 мың га қара сексеул орманы біржола жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша топырақтың химиялық улы заттармсн және радионуклидтермен ластануы жылдам жүруде. Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол жерлер республика бойынша 26610,7 мың га алып жатыр. Соңғы жылдары байкалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі Қазақстанның шөл-шөлейтті белдемдеріне әсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі, шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералды тыңайтқыштар беру, гербицидтер мен пестецидтерді қолданбаудан арамшөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жол беріліп, жердің сапасын төмендетті. Мәселен, 1996 жылы еғістіктерге 1 млн.т. минералдық және 33,2 млн т органикалық тыңайтқыш берілсе, бүл көрсеткіштер 1998 жылы 16 мың т қысқарған. Топырақтану институтының мәліметі бойынша Қазақстанның құнарлы топырағы өзінің қарашірігінің 19-22 % жоғалтқан. Мұның өзі болашақта жер ресурстарының сапасы жақсармайтынын аңғартады. Топырақтың ауыр металдармен және радионуклеидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кең орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс-өндірістік қалдықтарды сақтау зоналарында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2,3 млрд т жетсе, ал 529 объектіде радиоактивті қалдықтар сақталған. Өнеркәсіптерден шығарылған химиялық заттар Шығыс Қазақстан бойынша жылына 5 млн т жетіп отырғаны тіркелген. Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақ дала, Балқаш өңірі, Мұғаджар, Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле. Алатауы жазықтарында тым жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор, бор, мыс, пестицидтер және нитраттармен ластанған. ....
Қандай да бір ғылым болмасын,оның ішінде,әсіресе,қоғамдық және гуманитарлық ғылымның әлеуметтік жағы басым болды.Ғылым қоғам мен адамның қандай қажеттілігінен,мұқтаждығынан пайда болғанын,ғылым осы қажеттілік пен мұқтаждықты қалай іске асырып отыр,оның қоғамға тиімді жақтары неде,халықтың материалық,мәдени,рухани дамуына қандай деңгейде және қалай әсер етіп отыр,оның басқа қоғамдық құбылы-үдірістерімен,ғылымдар мен байланыс-қатынастары,болашақ даму бағыттары,қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай,т.б., бұл мәселелер әрбір ғылымның әлеуметтік жақтарын құрайды. Бұл тақырыпта жалпы әлеуметтанудың арналуы теориялардың бірі – құқықтың әлеуметтік аспектілері сөз болмақ.Құқтық әлеуметтану жалпы әлеуметтанудың жан-жақты терең дамуымен, оның жалпы құқық ғылымы мен іштей тығыз байланыстарының нәтижесінде пайда болады. Құқықтық әлеуметтану теориясы өте күрделі. Сондықтан ол осы уақытқа өз деңгейінде қалыптаса алмай келеді, өйткені, ғалымдардың арасында бұл мәселе бойынша қалыптасқан ортақ ой – пікір әлі жоқтың қасы.Ой салыстыру, таластар әлі күнге дейін қызу жүріп жатыр. 1962-ші жылы Ү Халықаралық әлеуметтану Конгресінде құқық әлеуметтануы ресми түрде ғылыми білімнің бір саласы ретінде танылған болатын, бірақ оның табиғи мәні, зерттейтін объектісі, пәні және оның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар арасында алатын орны осы уақытқа дейін әр түрлі талқыға түсіп келеді.Осы тұрғыдан алғанда шетелдік әдебиеттерде құқықтық әлеуметтануды жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы деп қараса, Ресей құқықтанушылары құқық әлеуметтануын жалпы құқық ғылымның бір саласы және ол құқықтық ғылым деп санайды. Ал Ресей әлеуметтанушылары Э.В. Тадвосян, С.В. Боботов, т.б. шетелдік әлеуметтанушылардың көзқарастарын жақтайды. ....
Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераның ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады. Осы қалдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық екіншісіне өте отырып, соңынан адам организіміне келіп түседі. Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ Антарктиданы алайық. Бұл жерде адамдар кішігірім ғылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғаламдар осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидан тапқан. Олар бұл жерге басқа жер-лерден ауа ағындарымен келіп түскен. Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өз табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері адамның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер де адам организміне осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе, қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды қайта өңдейтін кәсіпорындар атмосфераға түтін шығаратын үлкен мұржалар арқылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады. Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150- ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді. Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі күкірттің қос тотығы коксхимия зауыттарымен, тау- кен өндіру және целлюлоза- қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадағы күкірт сутек адам организмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын туғызады. Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық- түліктің құрамындағы фторлы сутек адамды, жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда адамның жолдарының кілегейлі қабығын зақымдап, өкпенің ісік ауруын туғызады. Қоңыр көмірдің жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауыл шаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс-жидек өсімдіктеріне де зиян тигізеді. Ластанған өсімдікпен қоректенген жануарлардың, адамдардың организмдерінде физиологиялық өзгерістер болады. Цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топыраққа калий, кальций, магний элементтерінің көбейуіне себеп болады. Ал фосфор зауытына жақын жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының қалдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдік пен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына қауіп төнуі мүмкін. Организмнің осы улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке басының гигиенасына байланысты, ең алдымен денсаулығы, жасы мен жынысына байланысты болып келеді. Аталған улы заттарға балалар, қарт адамдар және денсаулығы нашар ауру адамдар өте сезімтал келеді. Улы заттар адам организміне біртіндеп жүйелі түрде жинала берсе, онда созылмалы улануға ұшырайды. Оның басты белгілері- адамның тез шаршағыштығы немесе үнемі шаршап тұратыны, сезімі ұйқы басуы немесе ұйқысының қашуы, бейжайлақ, ұмытшақтық, көңіл- күйінің тез өзгеруі, зейінінің төмендеуі. Улы заттар адамдардың қан айналым мүшелеріне, жүйке жүйесіне, бауырына әр түрлі әсер етеді. Улы химиялық қосылыстар адамның әрбір органдарының созылмалы қабынуына, жүйке жүесінің өзгеруіне, адам ұрығының дамуына, жас нәрестенің ауру болып тууына әкеліп соғады.....
Қоғамның этникалық құрылымын әлеуметтанудың "этио-социология" деген арнаулы теориясы зерттейді. Бұл теория қоғамның әр турлі этностарының (яғни, ру, тайпа, халық, ұлт бірліктерінің) пайда болуын, мәнін, мазмұнын, олардың қоғамдағы әрқайсысының атқаратын қызметін (функциясын), араларындағы мәвді, тұрақты, қайталанатын, қажетті байланыстарды анықтап, жалпы зандылықтарын ашады, әлеуметтік қатынастар жүйесіңдегі олардың даму жолдарын анықтайды. Басқаша айтқанда, этносоциология этникалық қауымдастықтың өмірі мен іс-қызметтерінің әлеуметтік жақтарын, ерекшеліктерін зерттейді. Осыған сәйкес "этноге¬нез", т.с.с. ұғымдарды (категорияларды) терең түсінген жөн. "Этника" деген ұғым "этнос" деген ұғымнан, терминнен шыққан. "Этнос" грек сөзінен алынған, оның мағынасы ру, тайпа, халық дегендерді білдіреді. Этнос адамдардың тарихи-этникалық тұрақты бірлігі. Бұл термин "халық" деген ұғымға өте жақын. Бұл жерде "метаэтнос", "субэт-нос" деген терминдер шығады. Метаэтнос (немесе үлкен этникалық бірлік) — бұл халықтардың ең үлкен топ бірлігі. Мұнда мәдени және өзіндік сананың ортақ белгілері болады. Мысалы, славян немесе түрік халықтары — ортақ жақтары көп. Субэтнос немесе субэтникалық топ — бұл халықтың территориясынан бөлініп шыққан ерекше бөлігі. Этника немесе этникалық қауымдастық — белгілі бір халықтың өзіндік ерекшеліктеріне тән құрамы. Бұл табиғи-тарихи қалыптасқан адамдардың қажетті, тұрақты бірлігі. Бұлардың белгілі бір территорияда орналасқан, мәдениетте өздерінің бірлігі, бірін-бірі түсіну, т.б. белгілері болады. Адам қоғамдық әлеуметтік организм ретінде өзінің әлеуметтік-этникалық дамуында алуан түрлі байланыс, қатынастардың бірнеше кезеңдерінен өтеді. Сөйтіп негізінде рудан тайпаға, тайпадан халыққа, халықтан ұлтқа өту процесі болған. Жеке адамның белгілі бір тарихи қауымдастықта болуы, оның өзін-өзі білуі, тануы, түсінуі, ұғынуы-әлеу-меттік объективтік қажеттілік, ал, бұл қажеттілік алуан түрлі адам топтарының өмір сүру жағдайына, тұрмысына, қызметіне, санына, мүдде-мұқтажына, талап-тілегіне, т.б. белгілі бір деңгейде әсер етеді. Бұл қауымдастықтардың өздеріне тән шығу және даму белгілері мен ерекшеліктері болады. Бұл, ең алдымен, олардың белгілі территориясынан — қауымдастықтың қалыптасу бесігінен мәдениетінен басқа топтардың айырмашылығын түсінуден, т.б. көрінеді. Бұл объективтік қажеттілік адамның өмір сүруіне тікелей әсер етеді. ....
Қоғамдық қатынастар тепе-теңдік қатынас және теңсіздік қатынас болып бөлінеді.Мысалы, таптық-антагонисттік қоғамдардағы қоғамдық қатынастар теңсіздік қатынастарға жатады. Қоғамдық қатынастар тағы да ынтымақтастық және бәсекелестік, материалдық және рухани, мақсатты және мақсатсыз (стихиялы), жасампаздық және бүлдірушілік болып табылады. Әлеуметтік құрылымдар қоғамдық құбылыстардың екінші, айтарлықтай маңызды түріне жатады. Олар күрделі әлеуметтік процестер мен әлеуметтік топтарға бөлінеді. Қоғам адамдардың күрделі өзара қарым-қатынасының жиынтығы ретінде онда алуан түрлі қатынастар мен байланыстар болып жатады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы, -адамдардың материалдық өндіріс процесіндегі экономикалық қатынастары мен іс-әрекеті. Алайда қоғам өмірі бұлардан басқа да толып жатқан қатынас түрлерінен , қоғамдық мекемелер мен іс-әрекеттерден, идеялардан тұрады. Бұл құбылыстардың бәрі өзара байланыста және бірлікте болады. Сондықтан адамзат қоғамын ішкі және сыртқы байланысын , өзара тәуелдіктерін қатаң ескере отырып, біртұтастықта зерттеу қажет. Бірақ, сонымен бірге, біртұтас қоғамдық қатынастарды құратын жеке құбылыстарды егжей-тегжейлі зерттеп білу үшін, оларды классификация жасап, талдау қажет, қоғамдық құбаластарды белгілі бір жұйеге келтіру керек. Бұл классификациялау, жүйелеу, оладың белгілі бір тұрғыдан алғанда маңызды болып табылатын мәнді белгілері бойынша жасалуы тиіс. Қазіргі кезде социологиялық теориялардың бәрі қоғамдық құбылыстарды, қоғамның әлеуметтік құрылымының өздігінше классификациялауға әрекет жасап, құбылыстардың топтары арасындағы байланыстарды анықтауға тырысады, яғни қоғамдық структура (құрылым) мәселесімен байланысты. “Структура” термині латын тілінен алынған ол, жалпы алғанда, белгілі бір заттың, құбылыстың элементтері арасындағы байланыстардың айтарлықтай бір тұтастағын білдіретін термин. Қоғамның эконмикалық базисін шын мәнінде келгенде бір-бірімен айырғысыз байланыстағы екі элементтің-өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі құрады, ал бұл екеуінің бірлігі өндіріс тәсілі болып табылады. Өндіріс тәсілінің элементтері: еңбек, еңбек құралы және еңбек нәрсесі. Еңбек дегеніміз белгілі бір материалдық игіліктерді өндіруге бағыттталған адамның саналы қызметі. Еңбек нәрсесі деп адамның өндіріс құралының көмегімен өнделуге тиісті заттарды айтады. Еңбек құралы дегеніміз- еңбек нәрсесін өндеу үшін қолданатын құрал-саймандар жиынтығы. Еңбек құралы мен еңбек нәрселері, қоса алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары деп аталады. ....