Дінтану | Ислам діні

Алла тарапынан білдірмеген өмір және тыйымдардың жиынтығын дін деп атайды.
Дініміздің аты ислам діні. Бұл атты Алла қойған. Сондықтан Ислам діні тек бір қауымға немесе бір ұлтқа ғана тән дін емес. Бүкіл адам баласына тән дін. Сондай-ақ ең соңғы ақыл, білім, мінез-құлық, бейбітшілік және ереже дін.
Сүйікті Пайғамбарымыз былай бұйырған
Мұсылмандық, негізгі бес нәрсенің үстіне орнатылған. Алладан басқа ешбір тәңір жоқтығынан, Мұхаммедтің. Оның құлы әрі еншісі болғандығына сену, намаз оқу. Зекет беру, рамазаның оразасын ұстау, қажыға бару.....
Рефераттар
Толық

Дінтану | Ислам дегеніміз не

Мұсылмандардың сенімінде Ислам адамзатқа жіберілген соңғы илаһи дін. Осы тұрғыдан адамды жетілдірген және құтылуға қол жеткізген тамаша негіздерді қамтиды. Яғни, өткен замандарда бұрынғы пайғамбарлар тарапынан жүздеген жылдар бойы жіберілген «бұрынғы уахидің» бүкіл жолдарын және көріністерін исламнан көруге болады.
Аллаһ алғашқы адамның жер бетінде пайда болуымен қатар адамзатқа тура жол көрсету үшін елшілерін (пайғамбарлар) жіберген. Бірақ, адамдар уақыт өте келе және әр түрлі себептермен Алланың көрсеткен «тура жолынан» тайып, басқа жолдарға бет бұрған. Адамзатты қайтадан «дұрыс және тура жолға» түсіру мақсатында адамзатқа жіберілген соңғы пайғамбар Мұхаммед, соңғы илаһи Кітап – Құран, ал соңғы қасиетті хабар Исламият болып табылады.
Кең пейілді Аллаһ Құранда өзі риза болған және қабылдаған жалғыз дін Ислам діні ислам діні екендігін айтады: «Алланың қасында шынайы дін Ислам. Сондай Кітап берілгендер, өздеріне мәлімет келгеннен кейін араларындағы күншілдіктен ғана талас-тартысқа түсті. Кім Алланың аяттарына қарсы келсе, күдіксіз Алла тез есеп көруші. Кім Исламнан басқа дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де ахиретте зиянға ұшыраушылардан болады.» (Әлі Ғымран, 3/19,85) ....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Қоғам жүйе ретінде

Қоғам ұғымы, әлеуметтанудың басты санаттарының бірі болып табылады.
Бірақ қоғамның анықтамасын бермес бұрын “табиғат” пен “қоғам” сияқты кең ұғымдарды шектеу, олардың ара жігін айқындап алу қажет. Бұл әлеуметтік-философиялық проблеманың дұрыс шешілуінің әлеуметтану үшін басты, әдістемелік маңызы бар.
Біз, әдетте, адам, қоғам - табиғаттың бір бөлігі деп жиі айтамыз және оның негізі бар. Бұл жерде “табиғат” ұғымы бүкіл дүниенің, барлық шынайылықтың (органикалық және бейорга¬никалық дүниенің, адамның, қоғамның) табиғи бірлігін білдіретін аса кең мағынасында қолданылады. “Қоғам - табиғаттың бір бөлігі” деген тезис мына бір фактіні растайды: адам, демек қоғам да табиғаттан пайда болады; адам - басқа жанды тіршілік иелерімен ортақ қасиеттері көп және табиғат заңдарына бағынатын биологиялық тіршілік иесі; адам баласы тірі табиғат дамуының жоғары сатысы болып табылады; қоғам табиғи ортамен органикалық байланыста және тығыз қарым-қатынаста болады және табиғаттан тыс және одан қол үзіп өмір сүре де алмайды, дами да алмайды; табиғат та, қоғам да өз дамуында ортақ іргелі заңдарға бағынады және т.с.с.
Қоғамды табиғатқа қарсы қоятын басқа бір жағдайда “табиғат” ұғымы деп адамға, қоғамға қатысты сыртқы (табиғи-географиялық) орта ретіндегі тұтас шынайы дүние емес, оның тек бір бөлігі ғана түсініледі. Адам - мейлі ол өзінің көрінісінің жоғары нысанында болсын, биологиялық (тірі, табиғи) тіршілік иесі ғана емес, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасынан өрбитін тек өзіне ғана тән әлеуметтік сапалар мен қасиеттері бар, сапалық тұрғыдан жаңа, принципті ерекше құбылыс; ал қоғам өмірі - әлеуметтік санадан жұрдай және өзін жануарлар әлемінен бөліп көрсетпейтін жеке биологиялық түрлер әрекет ететін биологиялық өмірге (ұйымшыл-дығы жоғары жануарлар - адамға ұқсас маймылдардың өміріне) қосылмайтын сапалық өзіндік ерекше, әлеуметтік өмір екендігін көрсету және атап өту қажет болған кезде мұның ерекше маңызы бар. К.Маркс адам болмысын қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы ретінде анықтаған кезде, ол осы арқылы адамның ең алдымен қоғамның өнімі екендігін атап өтуге тырысқан.....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктерінің зерттелу жайы

Әлеуметтік тұрғыдан тілді зерттеуші белгілі ғалым Б.Хасанов шетелдерде шоғырланған қазақтардың тілін, өмірін зерттеу қазақ тіл білімі үшін ғана емес, дүниежүзі әлеуметтік лингвистикасы үшін мені зор екенін атай келе, былай дейді: "Жер жаһанның 40 елінде қоныс тепкен қазақтың "қазақ" болып қалуынын бірден-бір куәсі - оның сақталған тілі. Бұған дәлел сол — оның ана тілінің көптеген елдерде қазақ өмірінің төрт негізгі саласында, атап айтқанда, тұрмыста, қоғамдық өмір мен көркем шығармашылық, ауыз әдебиеті саласында тиянақты қолданылуы" /4, 250-б./.
Белгілі бір тарихи себептерге байланысты елден бөлініп, жырақтап қалған осы бір саны бүгінгі күнде милионнан асқан қандастарымыздың тілі қандай дәрежеде, қандай сипатта екенін зерттеу, оны жалпы халықтық мемлекеттік қазақ тілі деңгейінің аясында қарастыру — тіл білімінің бүгінгі таңдағы басты мақсаттарының бірі екені даусыз.
"Совершенно не исследованы диалектные особенности казахов, проживающих за пределами Казахстана. ...Казахи живут в северных округах Синьцзян Китайской Народной Республики, а также в юго-западных аймахах Монгольской Народной Республики. Все эти районы пока остаютя не изученными"/5,63-б./. Одан беріде Қазақстан территориясынан тыс аймақтардың ішінде Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түркіменстан, Ресей қазақтарының тілі зерттеліп, монографиялық еңбектер жарық көрді. Ал шетелде тұратын диаспораның тілін зерттеуде тек Монғолиядағы қазақтардың тілі мен Ауған, Иран қазақтарының тілі ғана зерттеліп, ғылыми нысанаға айналды. Ал Қытайда түратын қазақтардың тілі тек жекелеген мақалалар түрінде ғана көрініп келеді. Ол жайында Ш.Сарыбаевтың, Ж.Болатовтың және Б.А.Бафиннің бірқатар мақалаларында сөз болған. Бұл мәселе қытай тілші ғалымдарының да назарынан тыс қалмаған. Бұл мәселенің зерттелуі жаңа Жоңго (КНР) құрылғаннан кейін, XX ғасырдың 50-ші жылдарында Қазақстанда өріс алған қазақ тіл білімінің диалектология саласының ғылым ретінде қалыптасуымен тікелей байланысты дамыды. Кейіннен Қытайдың өзінің ішкі саяси өміріндегі өзгерістерге қатысты кеп жылдар бойы үзіліп барып, 80-ші жылдардан кейін қайта жалғасын тапты.....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Кубадағы әлеуметтік жұмыс

Кубадағы әлеуметтік қызметкерлер «жан ашитын әскер» болып саналады.Нақты айтқанда көмекке мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызметкелер жан тәнімен көмек беруге тырысады.Кубадағы әлеуметтік қызметкерлер әр өз клиенттерін жақсы танып,олардың қиыншылықтарын,проблемаларын терең түсінуге және әр дайым көмек беруге әрқашанда дайын.

Кубалық әлеуметтік қызметкерлер ең бірінщі орынға көмекке 15 жастағы балаларды қояды.Олардың тамақтарын,сабаққа баруларына үлкен көңіл аударады.Және де әлеуметтік қызметкерлер 16-29 жас аралығындағы адамдарға көп көңіл аударады.Өйткені, оларда бұндай жастағы адамдардың 40-50% мүгедек адамдар.Шың мәнінде кубалықтар өздерінің әр түрмелерінде әлеуметтік қызметкерлер үлкен жұмыс атқаратындарына мақтантұтады.Олардың мақсаты түрмеде отырған жас өспірімдер мен олардың ата-аналарының арасындағы ара-қатынасын жақсартып,күшейту.Солай да мектепте оқитын оқушы балалар мен олардың ата-аналарымен қарым-қатынастарын жақсарту және де еркін ара қатынасқа көмек беруге тырысады.

Қазіргі уақытта Кубада 4 әлеуметтік жұмыс мектебі бар.Олар өз системаларымен білім береді,олар ТБО және PHD проблемаларын қолданады.Бірақ сол уақытта да олар психология мамандығын меңгереді.

Көп Кубалықтар өздерінің жақсы оқулық тәжірибелерімен мақтан тұтады.Олардың бойынша бүкіл әлем бойынша әлеуметтік жұмыс мамандығы Кубада жақсы,әрі терең дамыған деп санайды.Өйткені, оларда әлеуметтік жұмыс мамандығының магистратурасы және докторантура программасы әлі де жетіліп,дамып және де әр түрлі қазіргі уақытқа сай программаларын қолдануда.Кубалық халықтар әлеуметтік жұмыс маманың жақсы бағалайды және халықтың жақсы хал-ақуалын әлеуметтік қызметкердің арқасында деп санайды.....
Рефераттар
Толық

Түркітану | Көне Рим әдебиеті

Б.д.д. ІІІ ғ. ортасында Жерорта теңізінің батыс жағалауында, Италияда, антикалық әдебиеттің екінші бөлігі – рим әдебиеті өркендей бастайды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен байланысты болды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен бірге дамыған, бірақ ол латын тілінде шығарылды, себебі Рим латын тайпаларының орталық қауымы болды.
Римде құл иеленушілік қоғамның дамуы Грекия қоғамының дамуындай болды. Рулық құрылыстың күйреуі, құлиеленушіліктің өркендеуі, таптық қоғамның пайда болуы, құлдардың еңбегіне негізделген өндіріс, полистің (қала-мемлекет) дамуы мен күйзелісі – осының бәрі Грекия мен Римге тән болған. Экономикалық және саяси дамудың ұқсастығы болғанымен, Рим тарихының көптеген ерекшелігі болды. Ол тарихи және географиялық жағдайларға байланысты болды. Рим құрып жатқан Грекияның орнына келді. Римде грек қоғамының өтіп кеткен өмірі қайталанады, бірақ ол күрделі және өзге түрде болады.
Рим әдебиеті өзінің сұрақтарына дайын жауаптарды грек әдебиетінен тауып тұрды. Грек тарихының әр кезеңдерінде пайда болған дүниетану мен идеология рим қоғамының дамуына пайдаға асты. Римдіктер өз мәдениетінің әр түрлі салаларының (философия, дін, өнер, әдебиет) дамуына гректерден материал алып пайдаланды. Римдіктер гректерден алған материалды өздерінің тарихына, идеологиясына, жергілікті мәдениет пен салт-дәстүрлеріне байланысты дамытты.
Рим әдебиеті грек және Батыс Еуропа әдебиеттері арасына байланыс жасады. Қайта өркендеу дәуірінде де, XVII-XVIII ғғ.да антикалық әдебиет тек рим әдебиеті арқылы танымал болды. Сол кездерде грек драматургтары Эсхил, Софокл, Еврипидтен гөрі рим драматургы Сенека танымал болған, ал еуропалық эпостан Гомердің поэмалары емес, Вергилийдің «Энеидасы» көбірек танылған. XVIII ғ. ғана грек әдебиетіне көңіл бөлінді, ал ХІХ ғ. рим әдебиетін дұрыс бағаламай, таза еліктеу әдебиеті деп қараған. ....
Рефераттар
Толық

Түркітану | Көне Египет мәдениеті

Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті де мемлекеттердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық — билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері — парғауындарды кұдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Раның» («Ра» күн деген мағына береді. Ол — құдай-лардың құдайы және «алтын» ұғымымен қосылып айтылады. — «Алтын» нұр шашқан күн) ұлымын деп жариялады.
Перғауынның жеке — дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен құдірет кенеттен жоқ болады. Оны өшіретін ұлы күш — өлім. Міне, соңдықтан да болар — көне Египеттің
мәдениетінің ең басты ерекшслігі — ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша аткарды.
Египеттіктер табиғаттың жыл сайын жаңаратындығын аңғарған, өйткені Ніл өзені тасығанда жерлерді құнарландырады, сөйтіп төңірекке өмір мен береке туғызады, ал тартылганда құрғақшылық келеді, бірақ бұл ажал емес, өйткені — одан кейін де жыл сайын Ніл қайтадан тасып отырады. Табиғатта болып жатқан осы сияқты құбылыстардың негізінде «өлген адам тіріледі» деген діни ілім пайда болды. Бұл ілім діни және мәдени салада ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, саяси өмірде де үлкен роль атқарады. Тереңірек ойлап қарасақ, бұл ілімнің өмірге келуі ажалға деген табанды қарсылықтан туған. Жыл сайын буырқанып таситын Ніл өзені сияқты адам жаны да денеге кайтып оралады деген діни түсінік адамдар санасында берік орнықты. Олар қабірді адамның уақытша баспанасы деп санады. Ендігі жерде мәңгілік өмірді қамтамасыз ету мәселесі тұрды ....
Рефераттар
Толық

Дінтану | Имандылық- инабаттылық мұраты

Имандылық араб тіліндегі нану, сену деген мағынадағы иман сөзінен шыққан. Ислам дініндегі бес парыздың бірі. Оның мәнісі - Алланың біреу екеніне, одан басқа алланың жоқтығына сену. Әдетте, ол дін жолынан қия баспауды, ар-ождан тазалығын, обал-сауал талаптарын сақтауды, қылдай қиянат жасамауды, қайырымдылықты, адаляықты жинақты түрде көрсететін адамгершілік ұғым атауы болып табылалы.
Имандылық пен әдептілік бір-біріне балама ұғымдар емес.
Бірақ олардың арасында тығыз байланыс, табиғи шарттылық бар. Өйткені екеуінің негізінде де ізгілік пен ар-ұят жатыр.
Иман дегеніміз — сенім. Имансыз сөзі — сенімі жоқ дегенді білдіріп, мұсылмандарда, соның ішінде біздің түбі бір, діні бір бауырлас халықтарымызда ар-ұяттан ада, азғын мағынасын береді. Шынында да, еш нәрсеге сенбейтін, яғни сиынбайтын, ешбір шарапаттылықты, ізгілікті мойындамайтын адамнан асқан азғын, қауіпті нәрсе бола ма? Адамға керегі ішу, жеу ғана емес. Бір нәрсеге сеніп, сиынып өмір сүру оның табиғатына тән. Ол солай жаратылған. ....
Рефераттар
Толық

Дінтану | Иегова куәгерлері

Бүгінде дін сөзінің көптеген реңкі қалыптасқан. Миллиондаған адамдар өздерін белгілі бір дінге жатқызады немесе соның бөлшегі санайды. Діни ой-шабыт пен сезім тұтастай мемлекетке немесе жекелеген адамдарға күшті ықпал етуге қабілетті.
Адамдар көптеген себептер бойынша дінге қатысты болып келеді. Адам әрқашан:"біз қалай пайда болдық?", "біз бұл өмірге неүшін келдік?" және "біз қайда барамыз?" деген сұрақтарға жауап ізумен келеді. Ғылым бұл сұрақтарға бүгінде зерттеу және ғылыми тұжырымдау жолымен жауап беруге ұмтылады. Адамды ең алдымен өзінің кім екені қызықтырып ойландырады. Ғалымдар мен философтар әртүрлі және қарама-қайшы версияларды ұсынады. Алайда адамдардың көпшілігі жауапты діннен іздейді.Ал дін адамдардың кім екені және қайда баратынын түсіндіріп береді. Ол әрі адамзаттың қалай пайда болғанын түсіндіреді. Әлемде жүздеген діндер мен конфессиялар өмір сүреді және олардың наным-сенімі бір-біріне қарсы келгенімен барлығы да адамға өз түсінігін береді. Білуге деген ынта мен рухани тапшылық бізді жануарлардан ерекшелеп тұрады. Демек адамда физиологиялық мұқтаждықтан басқа рухани танымға деген талап-тілек те бар деген сөз. ....
Рефераттар
Толық

Мәдениеттану | Ежелгі Үнді мәдениеті

Үндістан — адамзат баласының ең көне мәдени ошақтарының бірі. Баға жетпес мәдени қазынаның иесі осы бір дарынды халықтың мәдени мүраларын басқа халықтардың мәде¬ни жетістіктерімен ауыстырып алуга болмайтындығын ерекше атап өткіміз келеді. Талай шапқыншылықты басынан өткізсе де өздерінің ешуақытта да басқыншылыққа бармауы, бұл ұлы халықтың ұлттық ерекше қасиеті де болар. Ал осы бір ұлттық ерекшелік — үнді халқының мәдени дамуына өз ықпалын тигізбеуі тіпті мүмкін де емес сияқты. Бірақ, өкінішке орай, ежелгі үнді мәдениеті жайындағы толық мағлұматтарды тек соңғы кездерде ғана ала алдық. Біздің ғасырымыздың
20-шы жылдарын-да гана археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде палеотит және неолит дәуіріне жататын баға жетпес материалдық мәдениеттің ескерткіштері табылады. Инд өзенінің аңғарында жүргізілген қазба жұмыстары б.з.б. ІП-П~мыңжылдықтардың өзінде-ақ үнді жерінде мәдениеттің дамуының жоғары қарқын-да болғандығын дәлелдеп отыр. Б.з.б. III мыңжылдықтың аяғында қалыптасқан Махенджо-Даро (Синд, Пәкістан) және Харапа (Пенджап, Пәкістан) мәдениеттерінің ескерткіштеріне қарағанда ежелгі үнділіктер дөстүрлі тас құралдармен қатар мыстан және қоладан жасалған заттарды да кеңінен пайдаланған. Бұл алқаптың тұрғындары дүние жүзінде тұңғыш рет мақтадан иіріп, тоқуды игерген. Кене үнді зергерлері мен қышшыларының даңқы бүкіл дүние жүзіне кең тараған. Осы дәуірде таптық қарым-қатынастардың дамуы, мемлекеттер мен қалалардың пайда болуы, ал олардың өз кезегінде көршілес жатқан елдермен сауда-саттық қарым-қатынастарын жасауы, сөзсіз, қала мәдениетінің өрістеуіне колайлы жағдайлар жасады. ....
Рефераттар
Толық