Фариза Оңғарсынова (Әлде батып кетті ме сөзім менің)

Әлде батып кетті ме сөзім менің,
әлде сенше жоқ па еді өзіңде мін —
бұрыңғыдай жарқ етіп қарамайсың.
Түсіне алмай, түнімен көз ілмедім.
Жүрегіңде бір зіл бар.
Үндемедің,
мұнар жауып көзіңнің нұр желегін.
Тым болмаса айтсаңшы — біреуде ме,
тағдырда ма, менде ме — кімде кегің?
Не боп кеткен, құдай-ау, адамдарға....
Өлеңдер
Толық

Шәкәрім Құдайбердіұлы («Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға)

Дұғай да дұғай сәлем айт,
«Айқап» пенен «Қазаққа».
Кекеу, сөгіс сөзден қайт,
Кез боларсыз мазаққа.
Қарап жүріп қақтығып,
Қатынша сөзбен шаптығып,
Менікі жөн деп аптығып,
Неге түстің азапқа? ....
Өлеңдер
Толық

Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қожа Хафиз сөзінен)

Көрiнiске шоқынған,
Сопы бiздi не бiлсiн.
Не десе де сыртымнан,
Ренжiмеймiн, неғылсын.
Ақ көңiлдiң кезiне,
Не келсе де - жақсылық.
Тура жолдың тезiне,
Түскен көрмес тапшылық.
Бiр жаяуды жүремiн,
Ойын болар порым жоқ. ....
Өлеңдер
Толық