» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қожа Хафиз сөзінен)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қожа Хафиз сөзінен)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қожа Хафиз сөзінен) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қожа Хафиз сөзінен) на казахском языке
Баяғыда парсы жұртында әрi бiлгiш, әрi сопы, әрi ақын Хожа Хафиз деген кiсi болған. Иманына қазақтың талапты жастарын таныс қылмақ үшiн төменгi жырын қазақ тiлiне аудардым.
Шаһкәрiм
Көрiнiске шоқынған,
Сопы бiздi не бiлсiн.
Не десе де сыртымнан,
Ренжiмеймiн, неғылсын.
Ақ көңiлдiң кезiне,
Не келсе де - жақсылық.
Тура жолдың тезiне,
Түскен көрмес тапшылық.
Бiр жаяуды жүремiн,
Ойын болар порым жоқ.
Бұл шатырашта, бiлемiн,
Мерзiмдерге орын жоқ.
Мұнша биiк шып-шыбар,
Неткен үйдiң төбесi?
Ешкiм емес хабардар,
Жан бiлмейдi, о несi.
Неткен мұңсыз, неткен күш,
Неткен бiлгiш құдайым?
Сансыз жара - қорқыныш,
"Аh" деуге де жоқ жайым.
Есеп, теңдiк бiлмейдi
Бiздiң тақтың иесi.
Құдай үшiн демейдi
Жалғыз сағат, о несi?
Ол патшаға жол ашық,
Не сұрайды, не дейдi.
Даяшы жоқ, бостандық,
Ешкiм "Әрi жүр" демейдi.
Не жарамсыз мiнiмiз,
Бiздiң бойдан табылмақ.
Алла берген тонымыз,
Болмай қоймас бойға шақ.
Қымыз iшер араға,
Барар кiсi бiр бөлек.
Оны сатқан қалаға,
Өзiн сатқан, не керек.
Сынықшының қолымен,
Сынған көңiл жамаған.
Алман сопы қылығын,
Екiұшты қып қалаған.
Босағада отырсам,
Ар-намысым көптiгi.
Қымызшыға емес шам,
Мал, мансаптың жоқтығы.
* * *
Кел, аяқшы, қымыз құй,
Көпке бер де, маған бер.
Махаббат салды ауыр күй,
Жан қысылып, ақты тер.
Жаз таңының нұр желi,
Жар кекiлiн шайқалтып.
Көңiлге толып қан селi,
Жүректi тұр шайқалтып.
Жардың қонақ үйiнде
Тыныштық қайда, тың қайда?
Қоңыраулатып күн, түнде,
Деп тұр: "Әйда, жүк байла!"
Қараңғы толқын, қанды ұшқын,
Қорқыныш қатты, жүк ауыр.
Бiздiң жайды не бiлсiн,
Жағада жүксiз жат бауыр.
Пайда, мақтан, айла, күш
Жаман атқа ұшыратты.
Сауық, думан, көрнеу iс
Жасырын қашан тек жатты?
"Жайнамазды арақпен
Боя", - десе мұғaн пiр,
Таза жүрек жол бiлген,
Болса айтқанын iсте, жүр!
Рахат, сұхбат iздесең,
Ақ жолыңнан айрылма.
Ақ жүрекке кез келсең,
Өзге түкке қайрылма.

Бұл парсы жұртының баяғы өткен атақты бiлгiш ақыны Хожа Хафиз сөзiнен қазақ тiлiне аударылған. Осы күнгi алаш ұранды халықтың hәм басшыларының басына келiп тұрған ауыртпалыққа дәл келетұғын сөз болған соң нaсихат болар деп жаздым. Оқушылар, естерiңде болсын: Хожа Хафиздiң "арақ" деп жазғанын мен көбiнесе "қымыз" деп жазамын. Оның "арақ" ("қымыз")
дегенi - ақыл, ғылым, Хақихатта "жар" - дос дегенi, Алла тағала hәм табиғаттың көркемдiгi. Мысалы: "Жаз таңының нұр желi" деген жырының мағынасы - бостандық келерде адамдардың әртүрлi партия толқыны табиғат тұрмысын шайқалтып, бiздi қатты
қайғыға салып тұрады дегенге келедi.
Шаһкәрiм
* * *
Ей, Жарымыз, ай нұры -
Сiздiң нұрдан шыққан бу.
Сұлулардың бет суы -
Иегiңнен тамған су.
Бар ма арнаулы күн маған
Мақсұтыма қол жетер,
Жиюлы ойым тарқаған
Шашыңменен теңесер.
Мiне, ерiнге жан келдi,
Сiздiң жүздi көpyгe.
Әмiрiңдi айт ал ендi,
Не қайту, не өлуге.
Жақын өтсең, аулақ қыл
Етегiңдi қанымнан.
Бұл соқпақта, анық бiл,
Жолыңда өлген көп құрбан.
Көңiлiм өлдi, көңiл алған
Досқа хабар қылыңыз.
Ей, шын достар, бiздiң жан
Сiздiң жан ғой, бiлiңiз.
Нұрлы жүзiң барда ешкiм
Көз жұма алмас саулықтан.
Айла, арамдық сатпасын
Сiздiң басқа ешбiр жан.
Қанды ұйқыға боялған
Бақытымыз оянды.
Себебi сол нұрыңнан
Көзiмiзге су тамды.
Таң желiмен жiбершi
Бiр тұтам гүл нұрыңнан.
Бақшаңыздың иiсi
Аңқыр әлде мұрыннан.
Өмiрлi бол, бақты бол,
Бақ iздеушi десеңiз.
Толмаса да сонша мол,
Кезiңiзде кесемiз.
* * *

Кел, аяқшы, қымыз құй,
Кесемiздi нұрландыр.
Домбырашы, тартшы күй,
Бiзге уақыт бердi қыр.
Жарқыраған кеседен
Жар суретiн көрдiк бiз.
Хабары жоқ еседен
Не бiледi сезiңiз.
Асыққа ажал келмейдi,
Қандай қаза көрсе де.
Көңiлi жанды өлмейдi,
Тәнi жанды өлсе де.
Сырт көрiнiс қылған еп
Бұза ма деп қорқамын,
Арақпен тең болар деп
Жалған сопы тұз-нанын.
Ей, жел, егер жолықсаң,
Бақшасына достардың:
"Атар бiзге бар ма таң?" -
Сәлемiн айт бiз зардың.
* * *
Тұр, аяқшы, бер қымыз,
Қайғыларға топырақ ат.
Шын сұлуды көр мiнciз,
Неге керек өзге жат.
Пәлесiне дүниенiң
Күнi-түнi сабыр қыл.
Таза болса мақсатың,
Ақыры қолың жетер, бiл.
* * *
Көңiл жiбi қолымнан
Шықты, көңiлi тазалар.
Талай сырым жасырған
Болды, мiне, елге жар.
Шыр айналған он күн, бiл:
Айла, сиқыр, жалын, шоқ.
Достым, досқа достық қыл,
Өмiр өтсе, уақыт жоқ.
Қымыз құйған кеселер -
Ескендiрдiң айнасы.
Дара мүлкiн бiлгiзер,
Тағы да көп пайдасы.
Бұл өмiрде шын рахат
Екi-ақ сөздiң мәнiсi:
Досыңа қыл махаббат,
Жауға достық әдiсi.
Жақсы атанар қалаға
Берiлмедi бiзге жол.
Қазаны өзгерт қара да,
Ұнамаса саған ол.
«Ащы сусын‚ - сопы айтқан‚ -
Жамандықтың басы», - деп.
Сұлу қызды құшқаннан,
Бiзге тұрар тәттi кеп.
Қол тарлығы кезiнде
Қымыз iш, ән сал, мас бол,
Қару малы өзiнде,
Кедейдi бай қылар сол.
Балауыз қылса тасты ұстап,
Ондай достан шегiнбе.
Тұла бойды билеп ап,
Шамша жағар тегiнде.
Жылы сөз бен тәттi тiл
Өмiр берер өлгенге.
Аяқшы, оны хабар қыл
Пiр-сопылар келгенде.
Кигемiз жоқ жорта бiз
Арақ құйған шекпендi.
Таза етектi сопымыз,
Ғұзырлы бiл бiздi ендi.
* * *
Анық ерге жолдас бол,
Нұқ кемесiн ол бiлсе.
Бiр тамшыдай көрмес ол,
Топан суы кез келсе.
Жатар жерi әркiмнiң
Топырақ болса бiр уыс,
Не қылады үйлерiн
Көкке жеткен көп қуыс.
Шық, отырма бұл үйде,
Разы болма нанына.
Бұл қара ыдыс түбiнде,
Тас қонақтың жанына.
Қанғамдағы айымсың,
Мiндiң Мысыр тағына.
Ендi отырмақ саған мiн,
Шық зынданнан бағыма.
Жұпар шашқан тұлымың
Бiр-бiрiне өрiлген.
Жете алмады бiлiмiм,
Неге нұрлы көрiнген.
Қуаныш қыл рахатта,
Қайғысыз бол, iш шарап.
Құранды оқып, ел аулап,
Тұзақ құрма сен бiрақ.
* * *
Егер сүйiктi ол бала
Көңiлiмдi алса мен үшiн,
Самарқан мен Бұқара,
Бердiм қара мең үшiн.
Қалған қымызды әкел сен,
Бер, аяқшы, кесемен.
Гүлдi жемiс, талды өзен
Табылмайды бейiстен.
Шала асықпыз жағалап,
Жар көңiлi бiр бөлек.
Қастауыш, иiс, мең, далап
Нұрлы жүзге не керек.
Мастық, қымыз әм сөйлес,
Дүние сырын сөз қылма.
Ол тұңғиық жан бiлмес,
Сыр да ашылмас мың жылда.
Жүсiптегi сұлу жүз,
Күндей нұрын жайғызған.
Зылиқаны бiлемiз,
Ар-ұяттан тайғызған.
Мiнiмдi айттың, разы, бiл,
Мен сондайды ұнайым.
Тәттi ерiнге ащы тiл
Жарасады әрдайым.
Насихатты, кел, есiт,
Кәрi ғалым айтса зар.
Естi, бақты жас жiгiт
Оны жаннан дос тұтар.
Меруерт тiздiң жыр сөзiн,
Жақсы оқышы жақын кеп.
Аспан шашсын жұлдызын:
"Бәрекелдi, батыр", - деп.
* * *
Мәжiлiсiнде досыңның
Қиын аман қалмағың.
Әр не қылып отырсың,
Жел өлшейдi салмағын.
Тәттi мiнез, жылы сөз -
Онан ешкiм құтылмас.
Зерек құсты, ашық көз
Бұғалықпен тұтылмас.
Не себептен, бiлмедiм,
Дос иiсi оның жоқ.
Қара көздi, бойы сым,
Ай жүздiге сенiм жоқ.
Сұлу-ақсың нұры мол
Мiн қоятын кiсi жоқ.
Бiрақ бетiң мiнi сол -
Уағда, мейiрiм түсi жоқ.
Көп мал, бағың, досың тұр.
Арың үшiн бiр ойлан.
Не күн көрiп, неғып жүр,
Бақытсыз, доссыз ғарып жан.
Таңда шолпан ән салып,
Сөзiме қобыз күйлесе.
Көкте Ғайса қозғалып,
Әнiммен қоса билесе.
* * *
Кешегi басшы пiрiмiз
Мешiттен кеттi кабакқа.
Мүридтер, қалай жүремiз,
Түсемiз қандай сабаққа.
Пiрдiң бетi қарайды
Есек қора жағына.

Бiздiкi неге жарайды,
Құбылаға бақсақ тағы да.
Жар шашына байланып,
Рахатымды бiлсе ақыл,
Дуана болып айналып,
Кетер едi-ау көп мақұл.
Көптiң аңын тор құрып,
Түсiрiп едiм тұзаққа,
Шашыңды жайып, мас қылып,
Айрылдым аңнан ұзаққа.
Нұрлы жүзiң есiркеп,
Ашты бiзге анық сыр.
Жазылмайды сол себеп,
Жазуымда - басқа жыр.
Тас көңiлге берер ме,
Әсер атқан оғымыз.
Ұйықтатпаған сөнер ме,
Жүректегi ыстық шоғымыз.
Кекiлiңдi жел қозғап,
Жарық күнiм болды түн.
Зарлағанда сенi ойлап,
Бар пайдам сол, сөзiм шын.
Бiздiң улы оқ, бiлiңiз,
Көктi көктеп өтпесiн.
Жаныңа рахым қылыңыз.
Сiзге тиiп кетпесiн

Автор: nurgul95 | 140 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жасымнан жетік білдім)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жасымнан жетік білдім)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ескіден қалған сөз теріп)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ескіден қалған сөз теріп)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Пайғамбар Мұса жолықса)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Пайғамбар Мұса жолықса)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қорқыт Қожа Хафиз түсіме енді де)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қорқыт Қожа Хафиз түсіме енді де)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өкінішті өмір)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өкінішті өмір)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шам Сенен жарықпын деп күнәлі боп)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шам Сенен жарықпын деп күнәлі боп)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шошыма достым сөзімнен)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шошыма достым сөзімнен)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тауық неге шақырар сағат сайын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тауық неге шақырар сағат сайын)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кейбіреу безді дейді қатынынан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кейбіреу безді дейді қатынынан)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бейісте бар сұлу жар...)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бейісте бар сұлу жар...)
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Мейірімді бала)
Әңгімелер жинағы
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Мейірімді бала)
Қазақша өлең: Әмірхан Балқыбек (Белгісіз Қала)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Әмірхан Балқыбек (Белгісіз Қала)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жер жүзіне қарасам...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жер жүзіне қарасам...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Атадан қалған ақ сауыт)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Атадан қалған ақ сауыт)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Айна қойдым алдыма...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Айна қойдым алдыма...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Анық пен танық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Анық пен танық)

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Қожа Хафиз сөзінен өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Қожа Хафиз сөзінен, шәкәрім құдайбердіұлы Қожа Хафиз сөзінен өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Қожа Хафиз сөзінен, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қожа Хафиз сөзінен) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке