» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кейбіреу безді дейді қатынынан)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кейбіреу безді дейді қатынынан)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кейбіреу безді дейді қатынынан) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кейбіреу безді дейді қатынынан) на казахском языке
Кейбiреу бездi дейдi қатынынан
Туысқан, бауыр, бала, жақынынан.
Қаңғырып Толстойша өлер дейдi,
Шатасып қартайған соң ақылынан.

Мен болсам Толстойдай, арманым жоқ,
Шатасып ақылымнан қалғаным жоқ.
Сырымды бiлетұғын сендер емес,
Өлейiн деп елсiзге барғаным жоқ.

Таза ой ойлай алмас үйде басым,
Ойсыз сiңбес бойыма iшкен асым.
Ой жемiсiн теремiн өлгенiмше,
Өсектесiн, күндесiн мейлi қасым.

Надандардың сөгуi айып емес,
Мен ешкiмге байлаулы зайып емес.
Хақиқатты жырлаған келешекте
Мерзiм болып шығуы ғайып емес.

Киiм бүтiн, астымда ат, тамақ дайын‚
Басым үшiн кемшiлiк, жоқ уайым.
Iздегенiм мал, мансап, мақтан емес,
Ой көзiмен тексерсең, мәлiм жайым

Автор: nurgul95 | 115 |


Социальные комментарии Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Кейбіреу безді дейді қатынынан өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Кейбіреу безді дейді қатынынан, шәкәрім құдайбердіұлы Кейбіреу безді дейді қатынынан өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Кейбіреу безді дейді қатынынан, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кейбіреу безді дейді қатынынан) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке