» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кейбіреу безді дейді елден мені)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кейбіреу безді дейді елден мені)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кейбіреу безді дейді елден мені) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кейбіреу безді дейді елден мені) на казахском языке
Кейбiреу бездi дейдi елден менi,
Есалаң айтады екен сезiп ненi.
Хақиқатты танитын баста ми жоқ,
Ондайлардың сау емес анық денi.

Көре алмас өзiмшiлдер пейiлi тар,
Жуандық, зорлық, күншiл мақтаны бар.
Қасқырша жемтiк жеуден тартынбайды,
Адамшылық бойында қалмаған ар.

Мен жалғыз, сендер елде қойдың қалып,
Ешкiмнiң кеткенiм жоқ малын алып.
Елу бес жыл жинаған қазынамды
Оңашада қорытам ойға салып.

Зорлығын елге iстеген басшылардың,
Алдаған арам молда, бақсылардың,
Жариялап, жайларын жайып жұртқа
Құлағына салмақпын жақсылардың.

Жалмаудан жалықпаған елдi талап,
Нашарды момын менен күнде сабап.
Өсектеп менi елге жамандайды,
Көрмейдi арсыз қылығын өзi санап.

Жетiм менен жесiрдiң алып малын,
Малын қойып, талайдың iшiп қанын,
Жазықсыздан нақаққа жала жауып,
Аямай шырқыратар шыбын жанын.

Көрген соң ел жарасын анық сезiп,
Аңдайын айдалаға кеттiм кезiп,
Ел емес, елге iстеген қылығынан
Қашқамын, шынымды айтсам, сонан безiп.

Елсiзде неге жалғыз қалғанымды,
Қырық жыл ненi жинап алғанымды
Сезбейсiң тартпаған соң көп қайғысын,
Сен емес ұғатұғын арманымды.

Арманым байлық, мансап, мақтан емес.
Ойлы адам оны әсте олай демес.
Ары зор, ата ұлы емес, адам ұлы
Итше талап өз елiн, жырым жемес.

Партия, алдау, қулық – қылған iсiң,
Жылмайы сыртың таза, арам iшiң.
Саған ақыл айтудан жалыққамын,
Сарп еткен бар еңбегiм кейiнгi үшiн.

Айтамын, сөзiмдi ұқсаң, кейiнгi жас,
Қиянатсыз адамға емеспiн қас.
Жүректегi дертiмдi бiлер едiң,
Өсекке ермей, менiмен болсаң сырлас.

Арамнан адалды ақтап ала алмадым,
Жанғанның жанын сақтап қала алмадым.
Ел зарлатқан арсыздың қылығынан,
Жанына жаным шошып бара алмадым.

Елдi сөктiм «сайтанға ересiң» деп‚
«Неге оларға тiзгiнiңді бересiң» деп.
Елерткенге елiгiп ере берсең,
Ескерттiм «азып-тозып өлесiң» деп.

Сұрашы, не айттым екен жақыныма,
Бiреуi көндi ме екен ақылыма?
Сырт берiп, сырдаң тартып жүре бердi
Қыстырмай ақылымды тақымына.

Етi кетiп, қауқиған сүйегiм бар,
Жай таппай жанып жүрген жүрегiм бар.
Жайнаған таза жүрек, талапты жас,
Ұғар деген сөзiмдi тiлегiм бар.

Жастарым, жайым осы, мақтаным жоқ,
Ел жеген әкiмдердi ақтарым жоқ.
Өлгенiмше жазумен еңбек етем,
Қажыдым, қартайдым деп жатқаным жоқ

Автор: nurgul95 | 106 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...
Читайте также
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кейбіреу безді дейді қатынынан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кейбіреу безді дейді қатынынан)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жапанда жалғыз жаттым елден...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жапанда жалғыз жаттым елден...)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы («Адамның еркі қайда?» деп ақылдан сұрағаным)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы («Адамның еркі қайда?» деп ақылдан сұрағаным)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қырық жылдан өтіп жасым)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қырық жылдан өтіп жасым)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бай мен қонақ)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бай мен қонақ)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Айна қойдым алдыма...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Айна қойдым алдыма...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Анық пен танық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Анық пен танық)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Адам немене)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Адам немене)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Адамшылық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Адамшылық)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ғайсадай жан беретін таңның желі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ғайсадай жан беретін таңның желі)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жүректен аққан қанымнан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жүректен аққан қанымнан)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ескіден қалған сөз теріп)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ескіден қалған сөз теріп)

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Кейбіреу безді дейді елден мені өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Кейбіреу безді дейді елден мені, шәкәрім құдайбердіұлы Кейбіреу безді дейді елден мені өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Кейбіреу безді дейді елден мен, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кейбіреу безді дейді елден мені) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке