» » » Өлең: Фариза Оңғарсынова (Биліктіге айтылар сөз)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Биліктіге айтылар сөз)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Биліктіге айтылар сөз) казакша Өлең: Фариза Оңғарсынова (Биліктіге айтылар сөз) на казахском языке
Шырқыраған заман-тордағы
қара халықтың қорғаны
хандарға сәлем бермесем,
алдына емпеңдеп келмесем,
жыр-семсеріммен жерлесем,
көңілімде зілдің болғаны.
Мәз болмай майлы түгіңе,
құлақ сал елдің үніне.
Жаттарың жалпаң қаққанға
қарындағы майдай жібіме:
қашаннан не бір хандардың
жалтақтық жеткен түбіне.
Ойыңмен барлап қарашы
билеріңнің түріне:
көз тоқтамайды біріне:
көре қалса жат малды
құйрығын қысар бүгіле
өңшең қайыңқапталды
жинап алыпсың ініңе.
Көзің неге түспейді
сырттан мінез іріге?
Арлан боп жалғыз айтар дау
көрінсем деген сайқалдау
саясатыңның түрі ме?
Ел басына күн туса,
өз басыңа сын туса,
мыналарыңның бірі де
ортақтаса алмас жүгіңе –
сүйенесің сонда кіміңе?

Автор: nurgul95 | 151 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, фариза оңғарсынова Биліктіге айтылар сөз өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Биліктіге айтылар сөз, фариза оңғарсынова Биліктіге айтылар сөз өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша фариза оңғарсынова өлеңдері фариза онгарсынова олендери фариза онгарсынова стихи на казахском Биліктіге айтылар сөз, Өлең: Фариза Оңғарсынова (Биліктіге айтылар сөз) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке