» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сөз сынап өлең өлшемен)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сөз сынап өлең өлшемен)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сөз сынап өлең өлшемен) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сөз сынап өлең өлшемен) на казахском языке
Сөз жазамын түнімен
Бар ұйқымды қашырып.
Тығып қойман мұны мен
Еш адамнан жасырып.
Мен кетермін, сөз қалар
Ақ қағазға басылып.
Бозбалалар қолға алар
Әр ауылға шашылып.
Оқырсың да қолға алып,
Сөздің мінін табарсың.
Өз сөзіңе өң салып,
Дауды жүндей сабарсың.
Болмасам да қасыңда,
Алды-артыңды қамарсың.
Миың бар ма басыңда,
Байқастамай шабарсың.
Білімді жұрттың ақыны
Біздің сөзді сынамас.
Жазушының жақыны
Қазақ мұны ұнамас.
Сынасарсың өзіңді,
Менің түгім құрамас.
Өлген кісі сөзімді
Сынама деп сұрамас.
Сынасын деп жазғамын,
Сынама деп жатпаймын.
Қазақтың мінін қазғамын,
Айтқанымнан қайтпаймын.
Қазақ сыншыл болса екен,
Болмасын деп айтпаймын.
Жетегіме ерсе екен,
Өлсем де тыныш жатпаймын.
Мен жетелеп өлемін,
Өрге қарай қазақты.
Өлсем де ойын бөлемін,
Сөзбен салып азапты.
Білімдінің сөзіндей
Сөзім демен таза, ақ-ты.
Қазақ болса өзімдей,
Қыла алмайды мазақты.
Қазақтың жайы белгілі,
Өлеңі өңкей құрама.
Байқадың ғой ендігі,
Оны менен сұрама.
«Ауылым қонды Нұраға,
Мінген атым сұр ала».
Керексіз сөзбен бұрала,
Қазақ сөйтпей тұра ма?!
Сөзімді өлшеп қараңыз,
Уәзінге дәл шыға ма,-
Қазақ деген балаңыз
Уәзінді де ұға ма?!
Сөзді әнге дұрыстап,
Өлшеуменен сыға ма,
Сыймаса да сырықтап,

Автор: nurgul95 | 116 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Сөз сынап өлең өлшемен өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Сөз сынап өлең өлшемен, шәкәрім құдайбердіұлы Сөз сынап өлең өлшемен өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Сөз сынап өлең өлшемен, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сөз сынап өлең өлшемен) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке