Экология және экономикалық тәрбиелеу жайлы ұғым

Қалың ағашы сыңсыған орман ішін жайлаған өрт бір тиылмай-ақ қойды. Осыдан екі аптадай уақыт бұрын Баянауылдағы орман алқабтары өрт¬ке оранды. Ал, оның алдында, яғни сәуір айы¬ның ор¬тасында Шалдай орман ша¬руашылығы¬ның Бауыртал бөлімшесінде болған өрттің зардабын ауыл тұрғын¬да¬ры әлі ұмыта қойған жоқ. Өрт сал¬дары¬нан ор¬ман¬ға жақын отырған осы ауылдағы бір¬неше отбасының үйлері, қора-қопсылары тұтастай жанып кетті. Шарбақты ауданы¬ның әкімі Сапаркелді Смағұловтың ауыл тұрғындарына дер кезінде көмек көрсетіп, қол ұшын бергенінің арқасында үй-жайлары, қора-қопсылары жөнделіп, ретке келтірілді. Солтүстіктің қыстың ызғары тез кете қоймайтын көктем айларында мұн¬дай ала¬пат өрттің тағы да қайта¬лан¬басына кім кепіл. Орманшылардың айтуынша, сол жолы өрттен 960 гектар жердің орман алқабы зиян шегіпті. Осы жерде тіршілік етіп отырған ауылдар үшін табиғат байлығы орманды қорғау, жөн-жосықсыз ағаш кесуді тыю, орман өрттерін болдырмаудың алдын-алу жолдары қалай қолға алынып жатыр деген сауалға біз де жауап іздеп көрген едік.
Орманды қорғау – міндет. 2002 жылы 16 шілдеде еліміздің Үкіметі шет елге ағаш экспорттауға тыйым салды. Орман ағаштарын кесуді лицензиялау жөнінде қаулы қабылдады. Орман ша¬руа¬шылығы мамандары табиғат қорғау прокуратурасы, қаржы полициясымен бірлесе отырып, заңсыз түрде ағаш өнім¬дерін дайындайтын кәсіпорындарды тексеріп, анықтауға қол жеткізді. Олар енді орман ағаштары өнімдерін облыс¬тық орман және аңшылық шаруашы¬лы¬ғы аумақтық басқармасының келісімінсіз теміржол бойымен басқа жаққа апара алмайтын болды. Орман шаруашылық¬тарын¬да күзет те күшейе бастады. Табиғат байлығы орманды қорғап қалу үшін ортақ іске жұмылған орман қорғау полициясы, қаржы полициясы, табиғат қорғау прокуратуралары құрылды. Орман сақшылары мен жанашырларының қатары көбейіп, күрес күшейген тұста қарақшы¬лар¬дың да ағаш ұрлау тәсілдері өзгере бастады. Олар ұрлыққа енді бұрынғыдай үлкен КамАЗ-дармен емес, шағын қорап¬ты тракторлар мен ГАЗ-53 маркалы авто¬көліктерді, ат-шананы пайдалануға көш¬кен көрінеді. ....
Рефераттар
Толық

Экологиялық мониторинге түсінік және оның міндеттері

Экологиялық мониторинг – табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау,тексеру және болжау жүйелері. «Мониторинг» деген термин «Монитор»- сақтандырушы,қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин Б.Ұ.Ұ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жыл,маусымда), «бақылау» ұғымын толықтыру ретінде пайда болды.
Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық шектеулі рауалы жүктеме саналады. Экологиялық шектеулі рауалы жүктеме былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қарекеті. Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауыпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, қоршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауырып соғады. Қазіргі уақытта бұл шектен асушылық орын алып отыр деп пайымдауға барлық негіз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті.
Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы, ауа мен топырақтың температурасының, қысымның, ылғалдықтың өзгеруі кейбір тұрақты орташа шамалар шегінде өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгереді. Себебі, қоршаған ортаны өзгертетін сыртқы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің өзіне тән тұрақтылық қабілеті бар. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортаның тұрақтылығын антропогендік әсерлерге төтеп бере алатын жағдайға дейін яғни тұрақтылық шегінен шыққанға дейін сақтай алады. Биота мен қоршаған орта өздерінің тұрақтылығын кез келген геологиялық кезеңдерде мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз сақтап отырады. Табиғи факторлар биосфераның жағдайын аз уақыттың ішінде өзгерте алады. Осы процестердің өзгеруін бақылауды дүниежүзіндегі барлық экологиялық тұрғыдан қызмет атқаратын (гидромстеорологиялық сейсмикалық, ионсфераның және басқалар) жүйелер жүргізеді.....
Рефераттар
Толық

Экологиялық факторлар

Кез келген тiрi организм өзiн айнала қоршаған табиғи орта мен тығыз байланысты ғана өмiр сүре алады. Олар – топырақ,су, минералды заттар, жер бедерi жәнә атмасфералық әр түрлi құбылыстар. Табиғи ортаның компаненттерi (iрi немесе ұсақ бөлiктерi) тiрi организмдерге оң немесе терiс әсер етуi мүмкiн.
Сондықтан әрбiр организмнiң өзiне ғана қолайлы ортаснем немесе мекенi болуы тиiс. Мәселен, көлбақа үшiн қалыпты өсiп­көбеюiне қолайлы орта ылғалы мол көл жағасы. Ал, қуаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болп табылады. Бірақ та организм үшін таиғаттың барлық элементтері белгілім өлшерде қажет және жиынтық күйінде әсер етді.Oлардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем қажет емес зиянды болуы мүмкін. Cонымен орта дегенміз -организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуымен таралуына, тікелей жанма әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерің жиынтығы. Aл, организмге қажетті жағдайлар деп - тек сол организм үшін алмаструға келмейтін табиғи ортаның элменттерін айтамыз.
Экологиялық факторлар дегеніміз – организм үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз табиғатта эќколгиялық факторлар жиынтық күйінде әсер етеді организмдер болса фактрлардың әсеріне әр түрлі реакция(жауап) береді.Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқаса,ал тұщы су оргнизмдері үшін қажеті шамалы.....
Рефераттар
Толық

Экологиялық ақуалдар мен табиғатты тиімді пайдалану

Арал теңізі-Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі- 1066 шаршы км, тереңдігі -30-60 метр, тұздылығы-10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы байлықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жаақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңііріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілген жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түркіменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудәрия мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері-антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары дамыды.Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың метр3, су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың метр3, ал 1990 жылдары екі есе қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
-жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
-ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
-суды өте ккөп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
-жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; ....
Рефераттар
Толық

Экологиялық демография

Жұмыссыздық, сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күрес, ауыз су тапшылығы, демография мәселесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру, экология мен қазақстандық білім беру жүйесінің бүгінгі ахуалы Қазақстан-Ресей университеті Атырау бөлімінің ректоры, "АҚ ЖОЛ" КДП Атырау облыстық филиалының басшысы Ғ.Муафих мырзамен өткізілген әңгімеде тілге тиек етілген еді. — Ғалымтай Муафихұлы, ауыл дегенде алдымен оның тұрмыс-тіршілігі тілге оралады. — Табиғи байлықтарды пайдаланудан түскен мемлекет табысының тұрақты бір бөлігін ауылды әлеуметтік-экономикалық, экологиялық дағдарыстан шығару мақсатына бөліп, сол арқылы қордаланып қалған өзекті мәселелерді шешуге жұмсау керек. Ол үшін мемлекеттік құрылымдардың халық мүддесіне сай әрекет етуіне мемлекеттік және қоғамдық бақылау күшейтілуге тиіс. Қылмыс пен бұзақылыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің пәрменді жүргізілуі де аса маңызды. — Ауыл тақырыбына қатысты тағы қандай проблемалар бар? — Ең негізгісі — ауылды газбен қамтамасыз ету. Сонымен қатар ауыз су мәселесін шешу, автокөлік жолдарын жақсарту, дәрігерлік-санитарлық торабын қайта қалпына келтіру, осы орайда салауатты өмір салты мен санитарлық-гигиеналық тәрбиені, ұлттық мәдени және рухани құндылықтарды насихаттау. Кез келген азаматтың дәрігерлік мекеменің тандауы және оларға ең төменгі деңгейде белгіленген ақысыз қызмет көрсету құқығын қамтамасыз ету керек. — Бүгінгі танда елдің әлеуметтік ахуалының тұралауына әкеп соққан басты мәселенің бірі — жұмыссыздық. Сіздіңше, мұны шешудің төте жолдары қандай? — Бұл үшін кәсіп көзі жоқ елді мекендерде мал өнімдерін қабыддайтын және өндейтін шағын кәсіпкерлік нысандарын ұйымдастыру және оларды қолдау мақсатында бюджеттен бөлінетін ұзақ мерзімді, төменгі пайызды несиелер көлемін ұлғайтқан дүрыс. ....
Рефераттар
Толық

Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі

Экология жас ғылым. Ол 200 жылдан аса ғана пайда болды. Экология сөзін Естественная история происхождения атты өзінің кітабында ең бірінші қолданған неміс биологы Эрнест Геккель 1968. Экология ойкос деген грек сөзі, үй, баспана ұғымын білдіреді.
Э.Геккельдің айтуы бойынша, экология – зоологияның бір тармағы, ол барлық жанды мақұлықтар және оларды қоршаған органикалық орта мен өзара қатынасты зерттейді.
Экология ғылымы жеке пән түрінде биология шегінде пайда болды. Экологияның зерттейтін мәселелері жанды мақұлықтардың ортаға қатынасы, олардың орта мен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға ықпалы.
Көптеген ғалымдар әр алуан жануарлар мен өсімдіктердің және адамдардың мекендеген ортасы мен өзара байланысын ашу жөнінде айтарлықтай үлес қосты.
Сонымен, экология – тірі организмдердің ортада тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым.
Экологиялық зерттеу ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал соңғы 10 – 15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа көз – қарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты, оның байлығын көп уақыттан бері аяусыз керегінше пайдаланып келді. Міне, осыған байланысты табиғат қоры таусылды, биологиялық орта азғындап ластануда. Жер бетінде өсімдіктер, жануаорлар, өзен – көлдер, теңіздер адамның жабайы, рақымсыз іс - әрекетінің нәтижесінде өздерінің бұрынғы табиғи тазалығын, сапасын жойып апатқа ұшырауда. Бұған қосымша біраз аймақтарда өнеркәсіптері (химия, мұнай, көмір, АЭС т.б.) және цемент заводтары өндіретін пайдалы заттардан бөлінетін түрлі газдар, булар, жергілікті өндіріс орындары шығатын заттардың, өнімнің, яғни азық – түлік, ет – сүт тағамдарының қалдық – қоқыстары іріп – шіріп бұзылуынан түрлі бактериалардың пайда болуы тұрғындардың денсаулықтарына көптеген зиян келтіреді, аурудың жаңа түрлері шыға бастайды.
Көптеген ғылыми мәліметтерге қарағанда, қоршаған ортаға зарарлы әсер ететін екі факторды атауға болады; жер бетіндегі халықтың өсуі және адамның іс - әрекеті. ....
Рефераттар
Толық

Экологиялық-экономикалық даму

Экологиялық-экономикалық дамудың осы заманғы үлгісін экономикалық дамудың техногендік түрі ретінде анықтауға жəне оны табиғатты көп қажетсінетін (табиғатты бүлдіретін) даму есебінде сипаттауға болады, осы даму өндірістің жасанды құралдарын пайдалануға негізделеді, олар экологиялық шектеулерді есепке алусыз құрылған. Техногендік үлгідегі өзіндік ерекшеліктер болып табылатындар:
• табиғи ресурстардың қалпына келтірілмейтін (жаңғыртылмайтын) түрлерін (ең алдымен пайдалы қазбаларды) асығыс жəне сарқып пайдалану;
• қалпына келтірілетін ресурстарды (топырақ, орман жəне т.б.) оларды ұдайы өндіру мен қалпына келтіру мүмкіндігінен алып кететін жылдамдықпен пайдалану;
• қоршаған ортаның ассимиляциялық мүмкіндігінен асатын орасан көп ластанулар мен қалдықтар.
Бұл ретте адамның денсаулығының нашарлауының, табиғи ресурстардың азуы мен адам əрекетінің нəтижесінде қоршаған ортаның ластануының құндық бағасы болып табылатын елеулі залал келтіріледі. Экономикалық дамудың техногендік үлгісі үшін елеулі теріс экстерналиялар (сыртқы əсерлер) тəн.
Ең соңғы кезеңге дейін экономикалық теорияда экономикалық өсудің екі факторы – еңбек пен капиталға баса назар аударылып келді. Табиғи ресурстар сарқылмайтын болып ұйғарылып келді жəне оларды қалпына келтіру мен қорларының мүмкіндіктеріне байланысты тұтыну деңгейі анықтаушы параметрлер қатарында қаралынбады. Бұл экономикалық теория мен экономикалық зерттеулерде кең тараған өндірістік қызметтері мысалынан көрінеді. Түрлі ластанулар, адам денсаулығына зиян келтіру, қоршаған орта мен ресурстар тозуы түріндегі экономикалық даму салдарлары қараудан тыс қалды. Кері ықпал да, экологиялық тозу мен ресурстардың экономикалық дамуы арасындағы кері байланыс та зерттелген емес. Осындай экономиканың мақсаттық қызметін И.В. Мичуриннің мына сөздерімен анықтауға болады: “Табиғаттан рақым күтуге болмайды, біздің міндетіміз – оны тартып алу”.
Экономикалық дамудың осындай тұжырымдамасының мəн-мағынасы ең соңғы уақытқа дейін наразылыққа ұшыраған емес. Ол əбден түсінікті де, өйткені шектеусіз экономикалық өсу өндіріс күштері дамуының салыстырмалы төмен деңгейіне, биосфераның өзін-өзі реттеуінің үлкен мүмкіндіктеріне қарай жаһандық экономикалық өзгерістерге ұшыратқан жоқ. ....
Рефераттар
Толық

Экологияның басқа ғылымдармен байланысы

Әлемдік ғылымдар саласында ғылыми- техникалық үрдісі әлдекашан қалыптасқан экология, табиғаттану, табиғат қорғау ғылымдары өзіндік орын алуда. Олар мазмұндық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты.
Соңғы кезде, экологияны биология ғылымының саласы бөлімі ретінде емес, жеке ғылыми тұрғысынан қарастырып жүр. Сондықтан, әр түрлі экологиялық мәселелерді жаратылыстану ғылымына енетін пәндердін барлығы қамтиды да, бірақ олардың әрқайсысы өз білімі саласынан зерттеп қарастырады. Мысалы, биологиялық пәндер бойынша тірі организм және табиғат ортасы, биосфера туралы ілім, экожүйе, биология қоршаған ортаның экологиялық дағдырысы туралы зерттесе, ал география сабағында географиялық қабаты тиімді пайдалану мен қорғау, географиялық орта мен геожүйе, табиғи кешенге адамдардың шаруашылык қызметіне тигізетін әсерін зерттейді.
Табиғат қорғау заңына байланысты елімізде жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасында:
«Жаратылыстану және техникалық пәндер мазмұнын экологиялык және әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтыру арқылы жас ұрпақтарға экология лық білім мен тәрбие беру үрдісін жетілдіруін жүзеге асыру»- деген көрсетеді. Осыған байланысты республикамыздың үздіксіз білім беру жүйесінде, яғни балабақшадан бастап жоғарғы оқу орындарына дейін жан-жақты экологиялық білімдер беруді жүйелі және мақсатты түрде ұйымдастыруды міндеттейді.
Міндетті іске асыру мақсатында мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу орындарының студентеріне «Экология негіздері» курсы оқытыла бастады. Адам мен табиғаттың өз ара қатынасындағы пайда болған экологиялық қарама-қайшылықты шешу қажеттілігі қазіргі кезде бүкіл прогресшіл адам затты байыпты ойлануға итермелейді. Бұл әлемдік проблеманы шешуге үлес қосу ғылым мен техниканың міндеттері ғана болып қоймай, сонымен бірге педагогика ғылымдары мен мектептердің басты және игілікті борышына айналуда.....
Рефераттар
Толық

Экологияның ғылымдағы алатын орны

Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. Дара организм (особь ) мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым қатынастар, биоценоз, биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулері, топырақ құрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі географиялық зерттеулерге ұласады.
Экология – организмдердің арасында болатын қарым- қатынастарды айнала қоршаған табиғи ортамен байланыстырады, табиғи заңдылықтарды биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін ғылымдар жиынтығы. Адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды адамый нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экологилық жүйе тіршілікке қажетті жанды және жансыз табиғаттан тұратын болғандықтан ол табиғаттың құрамының негізі блып есептеледі де, барлық ғылыми зерттеулер экологиялық жүйеден басталады. ....
Рефераттар
Толық

Экологияның экономикалық және саяси мәселелерді шешудегі орны

Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.
Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.
Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.
1987жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.
Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.
«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан). ....
Рефераттар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы