» » » Реферат: Экологиялық-экономикалық даму

Реферат: Экологиялық-экономикалық даму

Реферат: Экологиялық-экономикалық даму казакша Реферат: Экологиялық-экономикалық даму на казахском языке
Экологиялық факторлардың адам дамуына ықпалы

Экологиялық-экономикалық дамудың осы заманғы үлгісін экономикалық дамудың техногендік түрі ретінде анықтауға жəне оны табиғатты көп қажетсінетін (табиғатты бүлдіретін) даму есебінде сипаттауға болады, осы даму өндірістің жасанды құралдарын пайдалануға негізделеді, олар экологиялық шектеулерді есепке алусыз құрылған. Техногендік үлгідегі өзіндік ерекшеліктер болып табылатындар:
• табиғи ресурстардың қалпына келтірілмейтін (жаңғыртылмайтын) түрлерін (ең алдымен пайдалы қазбаларды) асығыс жəне сарқып пайдалану;
• қалпына келтірілетін ресурстарды (топырақ, орман жəне т.б.) оларды ұдайы өндіру мен қалпына келтіру мүмкіндігінен алып кететін жылдамдықпен пайдалану;
• қоршаған ортаның ассимиляциялық мүмкіндігінен асатын орасан көп ластанулар мен қалдықтар.
Бұл ретте адамның денсаулығының нашарлауының, табиғи ресурстардың азуы мен адам əрекетінің нəтижесінде қоршаған ортаның ластануының құндық бағасы болып табылатын елеулі залал келтіріледі. Экономикалық дамудың техногендік үлгісі үшін елеулі теріс экстерналиялар (сыртқы əсерлер) тəн.
Ең соңғы кезеңге дейін экономикалық теорияда экономикалық өсудің екі факторы – еңбек пен капиталға баса назар аударылып келді. Табиғи ресурстар сарқылмайтын болып ұйғарылып келді жəне оларды қалпына келтіру мен қорларының мүмкіндіктеріне байланысты тұтыну деңгейі анықтаушы параметрлер қатарында қаралынбады. Бұл экономикалық теория мен экономикалық зерттеулерде кең тараған өндірістік қызметтері мысалынан көрінеді. Түрлі ластанулар, адам денсаулығына зиян келтіру, қоршаған орта мен ресурстар тозуы түріндегі экономикалық даму салдарлары қараудан тыс қалды. Кері ықпал да, экологиялық тозу мен ресурстардың экономикалық дамуы арасындағы кері байланыс та зерттелген емес. Осындай экономиканың мақсаттық қызметін И.В. Мичуриннің мына сөздерімен анықтауға болады: “Табиғаттан рақым күтуге болмайды, біздің міндетіміз – оны тартып алу”.
Экономикалық дамудың осындай тұжырымдамасының мəн-мағынасы ең соңғы уақытқа дейін наразылыққа ұшыраған емес. Ол əбден түсінікті де, өйткені шектеусіз экономикалық өсу өндіріс күштері дамуының салыстырмалы төмен деңгейіне, биосфераның өзін-өзі реттеуінің үлкен мүмкіндіктеріне қарай жаһандық экономикалық өзгерістерге ұшыратқан жоқ. Тек соңғы уақытта ғана экологиялық факторды есепке алу бағытындағы экономикалық көзқарасты түбегейлі өзгерту қажеттілігін түйсінудің сəті түсті. Осындай жете ұғынуды көбіне өндірістік күштердің жойқын өсуі мен халық санының теңдессіз өсуі нəтижесінде қоршаған ортаның жай-күйінің терең тұрақсыздануы сабақтады, ол табиғат пен қоғам қатынастарындағы сапалық өзгерістерге, экожүйеге түсетін салмақтың орасан көп өсуіне ұшыратты. Мына жəйт айқын болды, адамзат тұйық ресурстапшылықты жүйеде сансыз көп шектеулерді есепке алу арқылы тұруға тиіс.
Өндірістің тоқтаусыз өсуі мен соңғы 50 жылдың ішіндегі əлемдегі тұтынудың ұлғаюы қоршаған ортаға алапат əсерін тигізеді. Мəселен:
• 1950 жылғымен салыстырғанда қазба отынның жанатын түрлерінің көлемі 5 есе дерлік ұлғайды;
• тұщы су тұтыну 1950 жылғымен салыстырғанда 5 есе дерлік өсті;
• өндірілетін теңіз өнімдері 4 есеге өсті;
• өнеркəсіптік жəне тұрмыстық мақсаттажағылатын ағаш осыдан 25 жыл бұрынғы тиісті көрсеткішпен салыстырғанда 40 %-ға өсті.
Адамзат өзінің өскелең қажеттіліктері мен оларды биосфераның есебінен қамтамасыз етуге қабілетсіздігінің арасындағы қарама-қайшылықпен бетпе-бет кездесті. Осы қарама-қайшылықты адамзат тіршілігінің мүмкіндігі мен одан əрі орнықты дамуын кепілдей отырып, өзінің табиғи негізін бүлдірмейтін өркениетті дамуға көшу жолында шешу идеясы туындады. Өркениет дамуының жаңа стратегиясы дүниежүзілік қоғамдастықтың беталысын анықтап үлгерді, ол өз күш-жігерлерін планетаның орнықты дамуына қарай жолдарды іздестіруге біріктіру.
Орнықты даму идеясының өзі ХХ ғ. 70-ші жылдарының соңынан бұлыңғыр елес сияқты ауада шарықтап жүрді, бірақ алғаш рет азды-көпті нақтыланған тұжырымдама ретінде тек 1987 жылы “Біздің ортақ болашағымыз” баяндамасын да тұжырымдалды, баяндаманы қоршаған орта жəне даму жөніндегі Халықаралық комиссия даярлады (Брундтланд Комиссиясы ретінде көбірек танымал, ол комиссия төрағасы – Норвегияның премьер-министрі Гру Харлем Брундтланд атымен аталған). Орнықты дамуға қазіргі заманның қажеттіліктеріне жауап беретін, бірақ болашақ ұрпақты өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігінен айырмайтын даму ретінде анықтама берілді. Үш жылдан кейін маңызды айқындама енгізілді: “Орнықты прогреске қойылатын талап – табиғи ресурстар мен жүйелерді біршама бұзылмаған қалыпта сақтау, ол көз жетерлік болашақта одан арғы экономикалық пайдалар алу мүмкіндігін жасауы тиіс”. Жер планетасының проблемалары жөнінде 1992 жылы Рио-де-Жанейрода ең жоғары деңгейде өткен конференция осы тұжырымдаманы анағұрлым нақты мазмұнмен толықтырды: іс-əрекеттер бағытының басымдықтары тұжырымдалып, қажетті бағдарлар белгіленді жəне тіпті орнықты дамуға жету жөніндегі іс-əрекеттердің жоспары да əзірленді, жоспарға “ХХІ ғасырдағы күн тəртібі” деген ат берілді.
ХХ ғ. 50-ші жылдарынан бері қоғамның қоршаған ортаның хал-жағдайына жəне табиғи ресурстардың сарқылуына алаңдаушылығы қарама-қайшы көзқарастардың кең таралуына жетелеп əкелді, ол Рим клубының жұмыстарында ең айқын түрде бейнеленді. “Өсу шектері” кітабының авторлары 1972 жылы мынадай қорытынды жасады, егер табиғи ресурстарды сарқу мен аздырудың байқалып отырған қарқындарын өзгертпейтін болсақ, онда қоршаған ортаның ластануының өсуін тоқтату мүмкін емес, ақыр соңында, егер адамзат материалдық тұтыну көлемін азайтпаса, онда 100 жылдан кейін-ақ биосфераның орнықтылық шектері асып кетеді, ол өз кезегінде планетадағы халық санының күрт азаюына, осыдан туындайтын барлық қайғылы əлеуметтік салдарлармен бірге өндірістің құлдырауына ұшыратады.
Осы байлам дереу қолдау тапты жəне “жасыл” қозғалыстың жалауына айналды, қозғалыс өзінің төтенше (экстремалды) көріністерінде – материалдық өндірістің өсуін біржола тоқтатуға, синтетикалық материалдардан, ауыл шаруашылығында тыңайтқыштардан (əсіресе пестицидтерден) бас тартуға шақырды жəне т.с.с.
Сонымен бірге мынадай жəйт айқын болды, техникалық прогресті тежеу, “экологиялық өктемдіктің” пайдасына көптеген материалдық игіліктерден бас тарту əрекеттері көпе-көрінеу сəтсіздіктерге ұшырады, ал кейде тіпті дəрменсіз болды. Тіпті тұтынудың жоғары ағымдағы деңгейіндегі дамыған елдерде де адамзат мұндай “өзін-өзіқұрбандыққа шалуға” дайын емес. Оның үстіне дамушы елдердегі осындай үндеулер күрт теріс əсер туындатады, осы елдерде пестицидтер мен өзге де ең “антиэкологиялық” технологияларды мезетінде қолдану ғана жылдам өсіп келе жатқан халықты есебін тауып асырауға əйтеуір жағдай жасайды. Қоғамның экономикалық мүдделерін табиғатты сақтау қажеттілігімен ымыраластырудың тəсілін табу қажет екендігі түсінікті болды. Мұны мойындау экологиялық экономика саласындағы зерттеулердің көбеюін туындатып, экологиялық құқықты құқықтанудың дербес саласына бөліп шығаруға əкелді жəне, ең соңында, орнықты даму тұжырымдамасын қалыптастыруға түрткі болды.
Орнықты даму бағдарлануға тиіс негізгі критерийлердің ішінен мыналарды атауға болады.
Экономика саласында бұл сан жағынан үздіксіз өсу емес, ал экономикалық жүйенің орнықтылығына қол жеткізу, оның қоғам мен мемлекеттің ұзақ мерзімді міндеттеріне сай болуы. Сан жағынан өсуден дамуға өту қажет, ол əлеуеттік (потенциалдық) мүмкіндіктерді ұлғайтуды немесе іске асыруды (яғни, толығырақ, қарқындырақ болуды) немесе өз дəулетіңді жақсартуды (яғни, сапалырақ болуды) білдіреді, өйткені дамудың шектері таусылмайды, ал өсудің шектері бар.
Орнықты дамудың басты бағдарларының бірі – адамдардың тұрмыс сапасын арттыру. Орнықты даму тұжырымдамасының аясында дəстүрлі сандық экономикалық критерийлердің (ЖҰӨ, жан басына шаққандағы табыс жəне т.с.с.) жеткіліксіз екендігі шүбəсіз, даму бағдарлары ретінде мүлде жаңа сапалық интегралды критерийлер шығару қажет. Тұрмыс сапасы белгілі бір межеге дейін өсетін, содан соң тұрақты болатын адамның, отбасының əл-ауқатын қамтиды. Одан бөлек, ол – жеке қауіпсіздіктің, сапалы білім алу мен медициналық қызметтердің, ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігінің, барлық салалардағы еркіндік дəрежелерінің ұзын санының кепілдігі сияқты материалдық емес игіліктердің өте кең ауқымдағы спектрі (мамандық пен тұратын жерді таңдаудан бастап діни жəне ұлттық сана-сезімге жəне оны іске асыруға дейін) жəне, əрине, жоғары эстетикалық сападағы ландшафтты аса жайлы қоршаған орта.
Тұрмыс сапасына өзге критерий – қоршаған ортаға антропогендік күш-салмақтарды азайту ықпал жасайды.
Орнықты даму үлгісіне көшу бағдарламасы келесі принциптерге негізделетін сияқты көрінеді:
1. Орнықты даму өзіне-өзі қолдау көрсетуі тиіс, яғни өзінің дербес ресурстық базасына нұқсан келтірмеуі керек (өзін-өзі таяу немесе алыс болашақтағы тіршілік ету негіздерінен айырмауы тиіс). Сондай-ақ осы принцип орнықты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың экономика субъектілеріне де пайдалы екендігін білдіреді, олардың осындай іс-əрекеттердегі мүдделілігі де қамтамасыздандырылған.
Басқаша айтқанда, орнықты даму нысаналы жəне ойластырылған инвестициялық саясатты талап етеді.
2. Экономиканы, өндірісті экологияландыру. Қазақстан үшін бұл ел экономикасының дамуындағы басымдықтардың алмасуын білдіреді.
Білім дамуының осы заманғы деңгейінде қаншалықты мүмкін болғанынша, басымдық шаруашылықтың табиғи жəне ресурсүнемдейтін салаларын жəне “экологиялық таза” технологияларды дамытуға берілуі тиіс. Дұрысы, азырақ өндірген жақсы, оның есесіне өнім жоғары сапалы болады, қоғам қажеттіліктеріне анағұрлым сай келеді жəне қоршаған орта үшін аз залалын тигізу арқылы алынады.
3. Келесі принцип – табиғат пайдалануды саралау. Көбіне өндіруші өнеркəсіптің дамуына сыңаржақ бағдарлану табиғи ортаныңжай-күйіне де, сондай-ақ халықтың денсаулығына да келеңсіз əсерін тигізіп, əрі экономиканың орнықтылығын төмендетеді.
4. Қалдықтарды міндетті түрде пайдаға асыру жəне бұзылған экожүйелерді жөндеу – кез келген өндірістің экологиялық қауіпсіздігінің негізі.
5. Жалпы əлеуметтік жүйені дамыту мен жетілдіруде басымдық білімді, медицинаны, мəдениетті, ғылымды қосқанда, гуманитарлық аспекттерге берілуі тиіс.
Нақ солар түпкі есепте қоғамның тəн, адамгершілік жəне рухани саулықтарын анықтайды жəне тұрмыс сапасын қалыптастырады.
6. Əрине, əр адам, əлеуметтік немесе этникалық топ өздері қалайтын тұрмыс салтын, мəдени дəстүрін дамытуға арналған құқықпен қамтамасыз етілуі тиіс.
7. Ең соңында, қоғамның орнықты дамуы өз мүшелерінің психологиялық жайлылығынсыз, олардың дүниемен жəне өзара үйлесімінсіз мүмкін емес. Алда тұрған міндеттердің көпшілігі адамдардың адамгершілік сезіміне негізделген ерік - жігерлерінсіз, орнықты даму қажеттіліктерін жете сезінусіз тек экономикалық, заңнамалық, əкімшілік шаралармен ғана шешілмейді. Адам өзінің жаратылысы бойынша идеологиясыз өмір сүре алмайды, идеология қоғамды құрылымдайды, біріктіреді. Сондықтан қоғамның орнықты əлеуметтік-экономикалық, экологиялық, тұтынушылық емес дамуының жаңа идеологиясын қалыптастыру жəне бекіту қажет.
Физикалық, адам, əлеуметтік жəне экологиялық капитал сияқты интегралдық ресурстардың кеңейтілген ұдайы өндірісі, балансталған экономикалық, əлеуметтік, экологиялық жəне мəдени даму деген орнықты дамудың қазіргі заманғы ұғымына көшетін уақыт жетті.
Соңғы онжылдықтың ішінде адамзат ел халықтары санының өсуінің, ел халқын бөлудегі өзгерістер мен негізсіз жасалған тұтыну мен өндіріс үлгілерін іске асырудың қоршаған ортаға тигізетін ықпалы туралы білді. Орнықты дамумен қатар жүретін проблемалар айқынырақ көрінді. Сонымен бірге қоршаған ортаны қорғауды бір мезгілде қамтамасыз ету кезіндегі дамуды ынталандыру бойынша əрекеттерге қатысты аса ірі халықаралық консенсусты қосқанда, оң өзгерістердің кейбір ірі белгілері пайда болды.
Осы жолдағы маңызды кезеңдерге ХХ ғ. 90-шы жылдарында Біріккен Ұлттар Ұйымы өткізген конференцияларда қабылданған келісімдер айналды. Осындай асулы кезеңдердің бірі қоршаған орта жəне даму (ЮНСЕД) жөніндегі БҰҰ Конференциясы болды, ол 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өтті. Халықаралық қоғамдастық қоршаған ортаны қорғау жəне табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша шараларды кедейшілікпен күрес жүргізу жəне дамудың төмен деңгейінен арылу жөніндегі іс-əрекеттер бағдарламаларына интеграциялаудың қажеттілігін мойындады.
Адам құқықтары жөніндегі Вена конференциясында (1993 ж.), халықтың өсуі мен дамуы жөніндегі Халықаралық конференцияда (ХӨДК, 1994 ж.), əйелдердің жағдайы жөніндегі дүниежүзілік Төртінші конференцияда халықтың өсуі, əйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін ұлғайту проблемаларын даму бағдарламаларына енгізудің маңыздылығын танумен көрінетін прогреске қол жетті. Даму мүдделерінде жоғары деңгейде өткен Дүниежүзілік кездесудің басты назары (1995 ж.) қатысу негізіндегі даму стратегиясына аударылды.
Осы ірі конференциялардың əрқайсысынақты іс-əрекеттердің кең ауқымды бағдарламаларын əзірлеуге жəне ұлттық саясат пен басымдықтардағы ұлттық жоспарлар мен өзгерістерді əзірлеу мен іске асыруды қосқандағы саясатты қайта қарауға септігін тигізді. Əр келісімді іске асыру ісіндегі прогресті қарау барысындағы бес жылдық кезең ішінде болашаққа арналған аса маңызды іс-шаралар белгіленді. Əр адым орнықты даму идеяларын іске асыру жолындағы одан əрі алға басуды көрсетеді.....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 185 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Географиядан сабақ жоспары: Экологиялық таза өндірістерді жобалау №2 (10 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Географиядан сабақ жоспары: Экологиялық таза өндірістерді жобалау №2 (10 сынып, I тоқсан)
Географиядан сабақ жоспары: Табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттары №3 (10 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Географиядан сабақ жоспары: Табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттары №3 (10 сынып, I тоқсан)
Географиядан сабақ жоспары: Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау №2 (10 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Географиядан сабақ жоспары: Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау №2 (10 сынып, I тоқсан)
Географиядан сабақ жоспары: Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау (10 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Географиядан сабақ жоспары: Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау (10 сынып, I тоқсан)
Географиядан сабақ жоспары: Табиғатты пайдалану проблемалары мен оларды шешу жолдары (9 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Географиядан сабақ жоспары: Табиғатты пайдалану проблемалары мен оларды шешу жолдары (9 сынып, III тоқсан)
Географиядан сабақ жоспары: Антропогендік факторлардың табиғат кешендеріне тигізетін әсері (9 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Географиядан сабақ жоспары: Антропогендік факторлардың табиғат кешендеріне тигізетін әсері (9 сынып, III тоқсан)
Географиядан сабақ жоспары: Табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалау №1 (8 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Географиядан сабақ жоспары: Табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалау №1 (8 сынып, III тоқсан)
Географиядан сабақ жоспары: Табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалау (8 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Географиядан сабақ жоспары: Табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалау (8 сынып, III тоқсан)
Реферат: Экологияның экономикалық және саяси мәселелерді шешудегі орны
Рефераттар жинағы
Реферат: Экологияның экономикалық және саяси мәселелерді шешудегі орны
Реферат: Халықаралық экологиялық құқық
Рефераттар жинағы
Реферат: Халықаралық экологиялық құқық
Реферат: Экология | Қазіргі қоғам өміріндегі экологияның рөлі
Рефераттар жинағы
Реферат: Экология | Қазіргі қоғам өміріндегі экологияның рөлі
Реферат: Экология | Мақсат  және басқару мақсаттары табиғатты қолдануы
Рефераттар жинағы
Реферат: Экология | Мақсат және басқару мақсаттары табиғатты қолдануы
Реферат: Экология | Антропогендік фактор
Рефераттар жинағы
Реферат: Экология | Антропогендік фактор
Курстық жұмыс: Экология | Экологияның экономикалық мәселелерді шешудегі орны
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Экология | Экологияның экономикалық мәселелерді шешудегі орны
Курстық жұмыс: Экология | Экологиялық құқық ұғымы, пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Экология | Экологиялық құқық ұғымы, пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі
Ғылыми жоба: Аралдың ежелгі мәдениеті
Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін]
Ғылыми жоба: Аралдың ежелгі мәдениеті

KZ / Рефераттар жинағы, реферат Экологиялық-экономикалық даму туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Экологиялық-экономикалық даму на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Экологиялық-экономикалық даму, реферат Экологиялық-экономикалық даму туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Экологиялық-экономикалық даму на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Экология жоспарымен казакша реферат жоспар Экологиял, Реферат: Экологиялық-экономикалық даму реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы