Тілашар тойы (Бастауыш сынып)

Бастауыш сынып мұғалімі: Мамырбекова Ғалия Асанқызы
Мақсаты: мектепті алғаш аттаған бүлдіршіндердің алғашқы айдағы жеткен жеңістерін мерекелеу, ата - ана, ұстаздармен қуаныштарын бөлісу
Өтілу барысы:
Өзім: Бақытты балдырғандар, ардақты ата - аналар, құрметті меймандар! Бүгінгі «Тілашар» тойы құтты болсын! Қадамдарыңа сәттілік тілей отырып, өздеріңді ортаға шақырамын.
І. Кіру сәті - музыкамен алдымен 6 жастағылар, соңынан 7 жастағылар кіреді, қолдарында «Тілашар» кітаптары.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.
Тойымызды мектебіміз Ғали Орманов аталарыңның атында екенін ескере отырып «Өмір – ұстаз» атты өлеңімен бастағым келіп тұр.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық