Балық

Балықтың жаны суда.

Балық жоқта бақа да балық.

Балықтың тілін бақа біледі.

Балық аулай алмаған суды лайлар.

Балықтың да сегіз қанаты бар.
Мақал-мәтелдер
Толық

Базар, сауда

Саудагер ажарын сатады,
Сұрамсақ назарын сатады.

Арзан болса,
Алушыдан ынсап кетеді.
Қымбат болса,
Сатушыдан ынсап кетеді.

Сауда сақал сипағанша.

Барымен базар,
Жоқты қайдан қазар.

Базарда мың кісі бар,
Әркім танығанына сәлем береді.

Мақал-мәтелдер
Толық

Ақша, пайда

Ақша болса,алақанда сорпа қайнатады.

Ақшаның көзі қызыл.

Ақша бар жерде албасты бар.

Арқан үзіледі, борыш үзілмейді.

Жарлының ақшасын жаман тауар құртады.

Құмалақтың есебін Құдай біледі.

Қарыз күліп кіріп, жылап шығады.

Пайда да бір, аққан су да бір.
Мақал-мәтелдер
Толық

Арыстан

Арыстан Айға шауып мерт болған.

Арыстанның ойынынан түлкінің мойыны үзіледі.

Қасқырдан сая іздегенше, арыстаннан пана ізде.
Мақал-мәтелдер
Толық

Азамат

Ер-азамат белгісі:
түзде - мырза, үйде - құл.

Арғымақ аттың құйрығы -
әрі жібек, әрі қыл.
Ер жігіттің белгісі -
әрі мырза, әрі құл.

Ер жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болсын.
Мақал-мәтелдер
Толық

Ақымақтық

Ақымақтың ақылы көзінде.

Ақымақтың ала-құласы болмайды.

Ақымаққа арнап заң жазылмас.

Ақымақ атқа мінсе, атасын танымас.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жылан

Жылан иреңдеп жүреді, сүйреңдеп күледі.

Жыланның сырты жылтыр, іші у.

Жылан иір-иір жүрсе де,
Ініне түзу кіреді.
Мақал-мәтелдер
Толық

Адалдық, игілік

Игілікке - сүйгілік.

Игіліктің ерте, кеші жоқ.

Жайылымы болмаса, мал азады,
Қайырымы болмаса, жан азады.

Жайылымын тапса, мал семіреді,
Қайырымын тапса, жан семіреді.

Қайраңы жок көлден без,
Қайырымы жоқ ерден без.
Мақал-мәтелдер
Толық