Балық

 Балық

Балық жеген тоқ болар,
Әл-дәрмені жоқ болар.

Балық өңешінен өткенін жейді.

Балық байлығы - етек жеңің кепкенше.

Балық басынан шіриді,
Су басынан бұзылады.

Жар құласа, жайын өледі.

Жайынның құйрығын жеген жатпас.

Балықтың жаны суда.

Балық жоқта бақа да балық.

Балықтың тілін бақа біледі.

Балық аулай алмаған суды лайлар.

Балықтың да сегіз қанаты бар.

Судағы балықты иеленбе,
Ол әлі сенікі емес.

Балық жеген «су, су» дейді,
Көлік айдаған «шуу, шуу» дейді.

Балықта сүт болмайды,

Шабағын теңіз асырайды.

Балығы болмаған көл құрысын,
Киігі болмаған шөл ңұрысын.

Жандыда балық үлкен,
Жансызда қамыс үлкен.

Бекіре балық тұмсығы тасқа тимей қайтпайды.

Балық асқа бата жүрмейді.

Желбезекке жебе дарыса,
Балық өрге жүзе алмас.

Шортанның өзі өлсе де, тісі қалады.

Балаң түрілмей балық тұтылмас.

Бақа батпағын сағынар.

Балық - көлге, бақа - шөлге.

Жайынның аузы кең, арты тар.

Балықтың өзі суда, көзі қырда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!