Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есептің мақсаты

1. Бухгалтерлік есептің мақсаты
Бухгалтерлік есеп – ұйымдар қызметін тиісті ақпараттар және мәліметтермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз.
Бухгалтерлік есеп өрісіндегі көрсеткіштер жүйесін қалыптастырып, бұл үрдісті ұйымдастырудың басты мақсаты – сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын басшыларын арнайы ақпараттармен қамтамасыз ету.
Қазіргі қоғамда бухгалтерлік есептің маңызы зор. Ол тек қана бухгалтерлік кітапты жүргізуде ғана емес, сонымен қатар барлық қаржылық ақпараттарды талдау, қаржылық есеп беруді өңдеу, бухгалтерлік есеп жүйесін құру, салық салу мәселелерімен бірге жоспарлар мен болжаулардың жасалынуын қамтиды. Шешім қабылдау кәсіпорынның операцияларды бейнелеуге және бірінші кезекте кәсіпорын басшысына, одан кейін пайдаланушыларға ақпарат ұсынуға негізделген бухгалтерлік есептің жүйесін ұйымдастыру сапасы мен деңгейіне тікелей қатысты, себебі, сапалы ақпараттарды неғұрлым үлкен экономикалық пайда алу үшін тиімді пайдалану қажет.
Халықаралық стандартта белгіленген мақсаттар мыналар:
• Акционерлерді кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы толық және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету.
• Кәсіпорын қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарға қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есептің жағдайы, жеке пайдаланушылардың айрықша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін емес, айтарлықтай көп санды пайдаланушылар мүддесіне жауап беретін, жалпы мақсатты ақпаратты анықтау болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық