Бүгінде ел алдында жүрген қыз-келіншектер әр көйлегінің, тіпті әр сәнді бұйымының ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын, ерекше болғанын қалайды. Дегенмен, кей жағдайда олардың бірдей көйлек киіп қалатын кездері де болады. Мәселен, отандық дизайнерден эксклюзивті көйлекке тапсырыс берген Аиша дәл сондай көйлекті Гүлнұр Оразымбетованың үстінен көріп, таң-тамаша болған еді.
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы ұлттық бірыңғай тестілеу сұрағында өзінің аты-жөнінің көрсетілгенін сынаған профессор Сайраш Жиенбаеваға жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Белгілі продюсер Баян Есентаева «Қазақ аруы» телесериалындағы басты рөлге алматылық 16 жастағы аруды таңдап алған. Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенті Гүлзада Тұрлаш сериалда танымал актер Тәуекелдің сүйіктісінің рөлін сомдайды, деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы 31 арнадағы "Айта берсін" бағдарламасынан белгілі болды.
Жуырда Баян Есентаева сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзовпен бірге Дубайға барып, қысқы демалысын өткізген болатын. Ол желідегі оқырмандарға Дубайда тоқтаған салтанатты қонақүйін көрсетті. Шейхтер, президенттер мен әлемнің ең танымал жұлдыздары демалатын қонақүй несімен ерекшеленеді?
Өзін Instagram желісінде Бақытбек Есентаевтың қарындасы ретінде таныстырған Нағима Есентаевтар отбасында болған соңғы оқиғаларға қатысты пікір білдіріп, Бақытбекті жақсы азамат ретінде танитынын алға тартты деп хабарлайды nur.kz порталы.
Танымал отандық продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек те анасы секілді танымал. Ол мұндай танымалдылыққа анасының ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік желілердің арқасында жетті. Желіге үздіксіз суреттері мен видеоларын жүктейтін Айсәулені елдің барлығы таниды. nur.kz порталы қоғамда Айсәуле Бақытбектің дау тудырған образдарына тоқталмақ.