Айсәуле Бақытбектің елді шулатқан образдары

Айсәуле Бақытбектің елді шулатқан образдары

Танымал отандық продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек те анасы секілді танымал. Ол мұндай танымалдылыққа анасының ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік желілердің арқасында жетті. Желіге үздіксіз суреттері мен видеоларын жүктейтін Айсәулені елдің барлығы таниды. nur.kz порталы қоғамда Айсәуле Бақытбектің дау тудырған образдарына тоқталмақ.

Ола да өзгелер секілді Instagram парақшасына өзінің түрлі суреттерін жүктеп, ойларын жазып отырады.

Айсәуле Бақытбектің елді шулатқан образдары

Оның тек қана ашық суреттері ғана емес, суретке түсу стилі де кей желі қолданушыларына ұнамай қалып жатады.



Оның парақшасына бас сұқсаңыз, суреттерінің астына жазылған жағымсыз пікірлер де жиі ұшырасады.

Дегенмен, Айсәуленің сұлулығына тамсанып, мақтау сөздер айтатындар да жетіп артылады.



Айсәуленің өзі олардың мұндай пікірлеріне назар аудармайды.



Достарымен көңіл көтеретін сәттерінен жиі сурет жүктейтін бойжеткеннің анасы да оның ашық киіміне қатысты бас қатырмайтынын айтқан.



Баянның айтуынша, ол қызына киіну еркіндігін берген. "Көйлектің ұзын-қысқалығын да ол өзі таңдауға құқылы", - деді ол бір сөзінде.



Айсәуле қысқа көйлектер мен биік өкшелі туфлилерді кигенді ұнатады. Ол өз мүсінінің әдемі тұстарын айқындап тұратын киімдерді жиі киеді.



Оның ел аузына іліккен иті де Айсәуленің зор құрметіне бөленіп жүр. Жуырда ол тіпті итін SPA-салонға апармақ болып, елден көмек сұраған-ды.

Итінің аты - LA, оны Айсәулеге сүйікті жігіті сыйға тартқан.



Айсәуленің махаббатына бөленіп жүрген итіне киімді Баянның өзі сатып алып беріп, ал күтіп бағатын сіңлісі Айару екен.

Бірақ, Айсәуле: "Ел айтса, айта берсін. Мен оның ит екенін түсінемін. Өзімнің не істеп жүргенімді білемін", - деген пікірін де жеткізген.

Бұл туралы ол "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасында айтты.



Айсәуленің мына суреті желі қолданушыларына жақпай қалған болатын. Олар бойжеткенді талғамсыз деп, киген киімін ұнатпай қалған.



Іш киімсіз фототүсірілімге түскен Айсәуленің мына суреті де қызу талқыға салынған болатын.



Ал ел алдында жігітпен сүйіскен жас қызға деген жағымсыз пікірлер осы суреттен соң лек-легімен "ағылған".





Айсәуле бұл суретін бір күннен соң өшіріп тастаса да, ол желіге тарап кетті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады