Итін салонға апармақ болған Баян Есентаеваның қызы елден көмек сұрады (фото)

Итін салонға апармақ болған Баян Есентаеваның қызы елден көмек сұрады (фото)

Отандық продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек итін апаратын Spa-салон іздеп, оқырмандардан көмек сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

"Қайырлы таң! Мені сөге көрмеңдер! Алматыда иттерге арналған Spa бар ма? ЛА (ред. - итінің аты) жалғыздықты суқаны сүймейді. Бірнеше сағат рахатқа бөленсін дегенім ғой. Ол соған лайық, шын айтамын", - деп ағынан жарылды Есентаеваның қызы.

Оның бұл өтінішін естіген желі қолданушылары осыған қатысты өзара дауласып кетті. Бірі итіне шектен тыс көңіл бөлетін Айсәулеге ақшасын желге шашпай, оның орнына жетім-жесірлерге көмектесуді ұсынды. Ал кейбіреулері оларға әркімнің өміріне араласпай, өз жөніне отыруға кеңес берді.

"Әркімнің өз ақшасы өзіне. Көп балалы отбасыларға ешкім міндет емес", "Қымбатты Айсәуле! Адамдар ашулы емес, адамдар кедей. Оларға мейірімді болу секілді байлық берілмеген. Қызғаныштан әрнәрсені бір шұқылап отырады. Олар саған емес, "бейшара" айфонды да сатуға қауқарсыз әке-шешесіне ашулансын", - деп жазды олар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады