Отандық журналист Тоқтар Жақаш танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына қатысты айтылып жатқан түрлі сындардың негізсіз екенін айтып, желіде жазба қалдырды. Ол Ләйлә мен оның кәсіпкер жарының басынан өткен қиындықтары туралы және жүргізушіні арнайы жалданған киллер өлтірмек болғанын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.
Қазақстанның халық əртісі, белгілі əнші Роза Рымбаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстанда бастау алған «Менің мектебім» жобасына өзіндік үнін қосты. Атақты әнші өзі оқыған мектебіне 1 миллион теңге аударды деп хабарлайды NUR.KZ, «ҚазАқпарат» Агенттігіне сілтеме жасап.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе сапарын өңірдегі зиялы қауым өкілдерінің кездесуімен қорытындылады. Сөз сөйлегісі келіп, тілек айтуға ұмтылғандарға да мүмкіндік берілді. Президент саяси жағдайы күрделі елдер туралы сөз қозғап, ел ішіне іріткі салып жүргендерден сақ болу керектігін ескертті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Қайрат Нұртас алғаш рет өзінің отбасылы екенін мойындады. Гәкку арнасына сұхбат берген әнші үйленгеніне 10 жыл болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ.