Отбасылық бюджет қалай басқарылады

Қоғамның ең кіші және ең маңызды бөлшегі – отбасы. Бала ертең өскенде өзіне және қоғамға қалай пайдалы бола алатындығының алғашқы тұқымы отбасыда егіледі. Осы тұқымның дұрыс егілуі үшін отбасының психологиялық, әлеуметтік жағдайымен қатар, экономикалық жағдайының да әсері зор.

Экономикалық проблемаларға келіп тірелетін көптеген жағдайлар отбасыда айтарлықтай қиындық тудырады. Бұл қиындықтардың алдын алу үшін отбасы мүшелері бір-біріне қолдау көрсетуі қажет және отбасы бюджетін дұрыс жоспарлауы керек.
Отбасы бюджетін қалай дұрыс жоспарлай аламыз?

Отбасы бюджетін дұрыс жоспарлай алу үшін әуелі отбасының табыс көздері мен мөлшерін анықтау керек. Одан кейін отбасының бір айлық кіріс-шығыс кестесін дайындау қажет. Бұл кестеде,

• Пәтер ақысы, комуналды қызметтер, азық-түлік, бар болса несие секілді міндетті төлемдер;

• Киім-кешек, отын, көмір, машинаның дөңгелегі секілді маусымдық шығындар; .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Қыр басына шыққан түлек

Шашқызып шәкіртіне жүрек кенін,
Оятқан ізгілікке жүректерін.
Бұл күнде ел біледі, құрметтейді
Мектептің мақтанышы – Түлектерін.

(«Қожабақы мектебінің вальсі» әнінен)

Мектепті бітіргендеріне 20 жыл толған түлектердің 20 жылдық кездесулерін ұйымдастырмақ мақсатпен алдын ала өзара дастарқан басында ойластықтары өтіп жатыр еді. Бұлар – 1963 жылы дүниеге келген, мектепті 1980 жылы бітіріп кеткен 31-түлектері. Дастарқан басында жиналып отырған ендігі есейіп кеткен кешегі сыныптастардың арасынан төрде отырған Рүстембек Құлжанов сөйледі.

– Біздің орта мектепті бітіргенімізге де 20 жыл уақыт болыпты. Қыр басына шығып кеттік демейміз. Бірақ хал-қадірімізше еңбек еттік. Отбасын құрдық. Бала-шаға өсірдік. Әке, ана болдық. Енді осы төбенің басында 20 жылдық кездесу ұйымдастыруға бастамашы болып отырған жайымыз бар. Осыған бір өлең арналса, – деді Рүстембек Құлжанов.

Рүстембек Құлжановтың сыныптастары, шынында да, 20 жылдық кездесудің бастамышысы болып отырғаны рас еді. Содан кейін-ақ 20 жылдық кездесу өткізу үрдіске айналып жүре берді. Рас, мұндай 20 жылдық кездесу өткізу кеңес заманында дәл сол кездегі мектеп басшысы Амангелді Есетов ағайлардың сыныптастары арасында ұйымдастырылғандығы, оның ауылдық мәдениет Үйінде өткендігі де белгілі. Бірақ нақ осындай кездесулер өткізу тәуелсіздіктен кейін ғана барып үрдіске айналып жүре бергендігі рас.

.....
Әңгімелер
Толық

Махамбетәлиева Зере | Отбасым


Отбасы — адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

Менің отбасым-менің барым,байлығым,демеушілерім.Саны 8 адамнан тұратын менің отбасымның әрбір мүшесі өз орнымен ерекшеленеді.Тілге тиек етіп отырған мәселем отбасы жайында болған соң,отбасымның әрбір мүшесін таныстырып өткенді жөн көрдім. «Өлі риза болмай,тірі байымас»,-демекші әуелі отбасымыздың негізгі ұйытқысы атам Махамбетәлиді айтуды дұрыс санадым.Атам 1942 жылы 18 жасында Ұлы Отан соғысына аттанып,елге 1947 жылы оралған.Қатардағы солдаттан,сержант әскери атағына дейін көтеріліп-взвод командирінің көмекшісі қызметін атқарған.І-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен,Ерлігі үшін,Германияны жеңгені үшін,Сталинградты жеңгені үшін,тағы басқа бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.Міне,атамыздың осындай жарқырап тұрған медальдарын көргенде кеудемізді қуаныш кернеп,ерекше тылсым күйде болатынымызды жасырмаймын.Атам,1948 жылдан бастап Арал аудандық балық қорғау ұжымында кіші учаскелік инспекторлықтан,аға мемлекеттік балық қорғау инспекторы дәрежесіне дейін көтеріліп бір мекемеде үздіксіз 40-жылға жуық қызмет етті.Қызметтестері арасында өзінің кеңпейілділігімен асқан беделге,шексіз құрметке ие болды.Шаңырағымызда атамыздың орны ойсырап тұрғанымен ақжаулықты әжеміз Мәдемі,ол кісінің орнын жоқтатпақ емес. .....
Әңгімелер
Толық

Отбасым

Анам менің ардақты,
Ақ сүтін маған берген.
Әкем менің жан жақты,
Үйге табыс әкелген.
Атам менен әжем бар,
Тәрбиемен өсірген.
Кіп-кішкентай сіңілім,
Олда қолдау көрсеткен.
Отбасымды оп-оңай,
Теңеймін мен алтынға.
Тақпақтар
Толық

Отбасым

Күн сияқты, күлімдеп шашқан нұрын -
Анам менің жайдары, көңілі ашық.
Әкемнің мінезіндей соқса құйын,
Бір ойнақтап, бір тұрып, тұра қашып.....
Тақпақтар
Толық

Сүндет Нұрғалиев | Балық басынаң шіриді


Бүгінгі күнде жеңіл жүрісті қыздар күн санап артып бара жатыр. Қазақ елі, инаббатты, ибалы, салиқалы, үлкенді сыйлай білетін кішіпейіл xалық емес пе? Әттең, бұл тек қана он тоғызыншы ғасыр тариxына тән оқиға деп білем мен. Бесіктен белі шықпаған қыздар,түні бойы көше кезіп,сақа жігіттердің ойыншығына айланып жүргені рас. Мектепке бармақ түгіл, бір-екі аптаға үйлеріне келмей,әке-шешесі амалсыздан көп жағдайларда тәртіп сақшыларының көмегіне жүгініп,артарынаң іздеу салып жатады. "Есін барда,елінді тап"-деп қазақ атамыз айтқандай,көшеде жоғалып,үйін таппай жүрген бой жеткен қыздар қанша ма? Үйінде дұрыс тәртіп берілмегендіктен бе,жоқ,әлде тым ерке қылып өсіргендіктен бе, кінәлі кім заман ба адам ба? Осындай мектеп жасында жүрген оқушы қыздардың бірі, А... болып табылады,өзінен әлде қайда үлкен бәз біреулермен көңіл жарастырып жүргенін жиі-жиі ауылымнаң немесе көрші ауылдағы достарымнаң естіп қаламын. Өткен жылы өзім мектеп бітіріп жатқан кезде, бұл қыздың үстінен бір айға жуық іздеу салынған болатын. Бірақ,қашан,қай күні табылғаның анық білмеймін. Ал,бүгінгі күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алып жүрмін. Сол оқиғадан бері, А... көрмей кеткен едім. Оразаның үшінші күнінде яғни, бүгін есік алдымнан ыржалақтап өтіп бара жатқан А-ны, көріп қалдым.Біраз жанына барып ақыл айтып, есін жидырайым ба деп тырыстым да, жә, "бұндай ессіз қызға сөзімді шығын қылып қайтем" -деп ішімнен, артыма қарамайа құлағыма құлаққап киіп, бұрылып кеттім. Қазақта өсек деген дүние ең жаман, әр бір қазақ қызының атына дақ келтіретін заттқой. Мектеп жасында жүрген түнгі көбелектердін санын азайтып, дұрыс жолға қалай түсірсек болады?

Сүндет Нұрғалиев .....
Әңгімелер
Толық

Чарльз Диккенс | Оливер Твистің басынан кешкендері


I ТАРАУ

Оливер Твистің дүниеге келген жepi мен оның тууына қатысты жағдайды әңгімелейді

Толып жатқан себептерге байланысты атын атамай-ақ қойғанды жөн көріп, әрі ойдан шығарып та ешқандай атау бергім келмей отырған әлдебір қаланың қоғамдық мекен-жайларының арасында көптеген үлкенді-кішілі шаһарларда кездесетін үй — жұмыс үйі тұрды. Тап осы жұмыс үйінде, — оқиғаның осы бір кезеңінде оқырман үшін ешбір маңызы болмағандықтан айы мен күнін көрсетіп әлекке түсіп жатпай-ақ қояйын, — есімі осы тараудың басында аталған пенде дүниеге келді.

Оны приход дәрігері1 осы бір қайғы-мұң жайлаған әлемге алып келгенде, қандай да болмасын бір ат қою үшін баланың тірі қалар-қалмасы тым күдікті көрінді: негізінен алғанда бұл мемуарлар ешқашан жарыққа да шықпас еді, егер шыға қалғанда да екі-үш беттен аспас еді де, осындайлық баға жетпес сапасының арқасында кез келген ғасырлар мен кез келген елдің әдебиетіндегі барлық сақталып қалған өмірбаяндардың ең қысқа да, ең шыншыл үлгісі боп қалар еді. .....
Әңгімелер
Толық

Жыл басына таласқан хайуандар

Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы айтыпты:
— Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді.
Түйе айтады:
— Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың, міне, мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе, соны қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.......
Ертегілер
Толық

Балғабек Қыдырбекұлы | Отбасындағы әңгіме


От басындағы әңгіме әртүрлі бола беруші еді. Қазақтың кедей шаруасының революциядан бұрынғы әнгімесінің бір түрі мынадай болатын. Мысалы, наурыз тұрып, жер жібіп, жана жыл келген соң Әбділ үй ішін от басына жинап алып әңгіме бастайтын. Зағипа, сен Итбайдың сиырын саууға тұр. Артылған іркіті болса да, үйге әкеліп тұрарсың. Сәлім, сен Итбайдың қозысын бақ. Бір жылғы табан-ақы, маңдай терің үшін түк бермеді ғой. Бәрібір сабап-сабап бақтырады. Одан да ең болмаса өйтіп-бүйтіп тамағыңды асырарсың.

Ал коллективтендіруден он жыл кейін от басындағы әңгіменің түрі былай өзгерді. Әбділдің әйелі ойда жоқта қалада тұратын кіші баласының үйіне барамын деп әзірленіп жатты. Үйге кірген Әбділге «маған ат ерттеп бер» деп жабыса кетті. Бұрын әйелінің бетін қайырмайтын Әбділ осы жолы шыдамнан шығып кетті. Ол: істеп жүрген жұмысың қайда, көпшіліктің тапсырған ісі қайда, ферма меңгерушісіне айтпай кетіп қалғанын ұят емес пе және қазір колхоз жылқысы өрісте ғой,— деп өзінің шыдамсызданғанын тыжырынған қабағымен байқатты. Бірақ бұл қабақтың өзі жасынан үйреніскен жау болғандықтан Зағипа қояр болмады. Қайта одан сайын жабыса түсті......
Әңгімелер
Толық