Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Құрметті бүгінгі салтанатты кешке жиналған қадірлі ұстаздарымыз, ата - аналарымыз және менің қимас достарым! Міне, біз бүгін «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» ыстық ұямыз – мектебімізбен, бізді 11 жыл бойы оқытып, тәрбиелеген аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы тұрмыз. Енді біздің құлағымыз күмбірлеген күміс қоңыраудың үнін естімейді.
Пән: Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттың агрегаттық күйлері Сабақ тақырыбы: Зертханалық жұмыс «Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау» Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.2.12 – эксперимент көмегімен мұздың меншікті балқу жылуын анықтау; 8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс: - меншікті балқу жылуы терминінің физикалық мағынасын түсіну; - мұздың меншікті балқуын анықтау және абсолют, салыстырмалы қателіктерді есептеу. - меншікті балқу жылуын анықтаған жұмысқа талдау жасау.........
Пән: Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттың агрегаттық күйлері Сабақ тақырыбы: Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.4 –МКТ негізінде заттың қатты күйден сұйық күйге және керісінше өтуін сипаттау; 8.3.2.10 - балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану ; 8.3.2.11 - заттың балқу және қатаю процесі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау. Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс: - балқу және қатаю процесстерін ; - балқу және қатаю кезінде температураның өзгермейтіндігін; - меншікті балқу жылуының физикалық мағынасын түсіну, өлшеу бірлігін, белгіленуін; - қатты денені балқу температурасында толығымен балқыту үшін қажетті жылу мөлшерін есептейтін формуланы; - балқу температурасында балқыту үшін жұмсалған жылу мөлшерімен қатаю кезінде бөлініп шығатын жылу мөлшерінің тең екендігін; - денеге жылу мөлшері берілген кезінде темпертураның уақытқа тәуелді өзгеруін түсіну.........
Пән: Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттың агрегаттық күйлері Сабақ тақырыбы: Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.4 –МКТ негізінде заттың қатты күйден сұйық күйге және керісінше өтуін сипаттау; 8.3.2.10 - балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану ; 8.3.2.11 - заттың балқу және қатаю процесі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау. Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс: • МКТ негізінде заттың қатты күйден сұйық күйге және керісінше өтуін сипаттауды; • балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдануды ; • заттың балқу және қатаю процесі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдауды.........
Пән: Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбаларды игерудің қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізетін әсері. Пестицидтердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсері. Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Пайдалы қазбаларды игерудің қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізетін әсерін түсіндіру. Пестицид, гербицид, инсектицидтерді пайдаланудың қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерінің салдарын түсіндіру Сабақтың мақсаттары: Оқушылар: - пайдалы қазбаларды игерудің қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізетін әсерін түсіндіреді. - пестицидтердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсерін түсіндіреді. .....
Баяғы өткен заманда Ұшар хан деген хан болыпты. Сол хан жас кезінде ай десе аузы, күн десе көзі бар, асқан тамаша бір сұлу қызға ғашық болады. Қызды іздеп, жер бетінен еш таба алмайды. Хан қызды таба алмаған соң, бір өнерпаздан оқып, аспанға ұшу өнерін үйренеді. Сол өнері бойынша аспанға ұшып, қызды отыз жыл іздеп, қолына түсіре алмайды. Қыздың ұстатпайтынына көзі жеткен соң, хан қыздың суретін іздеп тауып алады да:
«Қой, жас болса өтіп барады, енді әйел алып, үй болатын уақыт жетті»,—деп басқа әйелге үйленіп өмір сүре береді. Күндерде бір күн алған әйелінен бір ұл туады. Ұлының атын Жандыбатыр деп қояды.
Жандыбатыр ержетіп, он бес-он алтыға келеді. Сол кезде балаға бақ қонып батыр болады, өзі алпауыт дәу болады, отырған орнынан жетпіс кісі тұрғыза алмайтын болады.....
Ертеде бір кедей болыпты. Үлкен баласының аты Әшкен, ортаншы баласының аты Мүшкен, кіші баласының аты Жұмакелді екен. Үйінде отырып, күнелте алмайтын болған соң, үш бала әкесінен рұқсат алып, алыс жерден кәсіп іздеуге шықпақшы болыпты. Сонымен, кедейдің үш баласы кірлерін жуғызып, бір қоржын малта алып, жүріп кетеді. Бұлар ұзын жолға түскен кезде артынан әкесі айқай салып, шақырады.
—Тоқтаңдар, әкеміз шақырады, тосайық,—дейді Әшкен. Балалары тоқтап тұрып, әкесін тосып алады.
—Қарақтарым, жолдарың болсын! Осы кетіп бара жатқан жақтан қопа кездессе қонбаңдар, түстенбеңдер. Онан әрі өте бергенде, жалғыз мола кездеседі, оған қонбаңдар да, түстенбеңдер де. Онан өтсеңдер, бір көп мола кездеседі, оған да қонбаңдар да, түстенбеңдер де... Ал енді, қош, аман болыңдар!—деп, шал қайтып кетті.
Балалар жүріп келеді. Айлардан ай өтіп, күндерден күн өтті. Тек мойындары ырғайдай, биттері торғайдай болғанда, кіші бесін кезінде бір қалың қопа қамысқа жетті. «Әкеміздің айтқаны бар, қонбайық, қопадан шыға қонайық»,—десті де жүріп кетті. Әлі жүріп келеді, әлі жүріп келеді, қопа бітетін емес, күн батып, қас қарайып, түн болды.....
Бірде Арман түс көреді. Түсінде оның дене мүшелері дауласады. Бас бірінші болып былай дейді:
-Мен бәрін басқарамын, менде көз, ауыз, құлақ, мұрын бар. Мен болмасам, адам ештеңені көрмейді, естімейді, иісті де сезбейді, сөйлей де алмайды, тіпті аштан өлер еді.