Жұмағали Саин (Ленин атымен)

Ышқына бір соқты боран қуырып,
Әлек салды жер өкпесін суырып.
Діріл қақты, қалшылдады дүние
Қыл тұзақта тұра қалды буынып...
Қысылды ауыл, жан қалмады саспаған,
Қорықты күннен қабағын бір ашпаған.
Толған үрей кернеп кетті өмірді
Сұп-суық бон тұрды жылы баспанаң.
Сонда тудым... Ызыңдап жел ойнады,
Мен туды доп ашуын күн қоймады.
Тарсылдатты терезе мен есікті,
Солай күлді, солай тойын тойлады...
Боран айдап, жел сабалап, қар басты,
Өмір, өлім арпалысты, арбасты.
Шырылдаған жұтам деді мені де.
Қанды тырнақ жас денеме жармасты.
Ленин деді, ерді қазақ даласы.....
Өлеңдер
Толық

География | Жаман-Айбат мыс кен орнын тиянақты барлау мақсатымен бұрғылау жұмыстарын жобалау

Кіріспе
Энергетика, машинақұрастыру, құрылыс сияқты халық шаруашылығының алдыңғы қатардағы салалары негізделетін минералды – шикізат базасын кеңейтусіз Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының алға басуы мүмкін емес.
Мемлекет дамуының барлық сатыларында осы өзекті мәселелерді шешу геологиялық және барлау жұмыстарының нәтижелігінде аса маңызды орын атқарады, үкімет ғылым мен техниканың басты жетістіктерін жүзеге асыруға ерекше назар аударады.
Дүниежүзі бойынша Қазақстан Республикасы қазба байлықтарының мөлшері жағынан алдыңғы орындардың біріне ие, сондықтан қазіргі таңда іске қосылып тұрған тау - кен өндіру кәсіпорындарының минералды – шикізат базасын кеңейту қажет.
Осы мақсатта қара және түсті металлургия тау – кен кешені үшін, минералды тыңайтқыштарды, құрылыс материалдарын өндіру үшін пайдалы қазбаларының кен орындарында барлау жұмыстарын жүргізуге аса үлкен назар аудару қажет.
Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу мен барлау жұмыстарына прогрессивті әдістерді енгізу, геологиялық және барлау кәсіпорындарын техникалық жабдықтармен, көлікпен қамсыздандыру қазіргі таңда өзектіі мәселелер болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келгенде, бар байлығымызды еселеу үшін әрқайсымыз осы жобаларды жүзеге асыруда ат салысуымыз қажет.
1 Жалпы бөлім
1.1. Жұмыстарды жүргізудің географиялық және экономикалық жағдайлары
Жаман-Айбат кен орны “Жезказганцветмет” АҚ –ның әсер ету сферасы аймағында орналасқан. Әкімшілік тұрғыдан алғанда ол Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданында Қорғаныс Министрлігінің территориясында орналасқан.
Кен орнынан солтүстік – батыс жағында 140 шақырым қашықтықта “Жезказганцветмет” НПО орналасқан, оның Жезқазған олыстық орталығында және Сәтпаев қаласында металлургиялық зауыты бар және мыс кенін жер бетінен және жерастынан өндіретін іске қосылып тұрған 4 кені бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Алтын Орда ішкі сауда объектісінде заманауи препаратымен кеміргіштерді жою

1.1. Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы
Көптеген жұқпалы аурулар таратып, мал шаруашылығына зиян келтірушілер ретінде тышқан тектес кеміргіштердің экологиясын зерттеп, ішкі шаруашылық биоценозын зерттеудің және мал шаруашылығы және басқа да объектілерде олардың қаншалықты деңгейде орын тепкенің анықтауды жоспарлау, эпизоотияға қарсы және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін практикалық маңызы зор.
Азық-түлік сауда орындары тышқан тектес кеміргіштердің тіршілік етуіне қолайлы орын болып табылады. Азықтың молдығы, үй-жайлардың, сауда орындарының жылудың кеміргіштерге қолайлығы (бұл әсіресе қыста маңызды), еденнің астына және басқа да оңаша орындарға орналасуға мүмкіндік туғызады.
Қазақстанда сауда орындарының көбейіп, көптеген базарлар ашылуына байланысты кеміргіштер жыл сайын көбейе түсуде. Сонымен қатар ол базарларда мал өнімдері, ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидек, т.б. заттардың болуы есептеледі. [1,2].
Кеміргіштер азық-түліктің кез келген түрімен қоректенеді де, оларды жақсы пайдаланады. Әсіресе астық тұқымдастардың базарда болуы, әсіресе күріш, тары, қара құмық, т.б. азық-түліктер оларды өте қызықтырады солар бар жерде кеміргіштер міндетті түрде орын тебеді. Сонымен қатар кеміргіштер жұмыртқа, сары май, маргарин өнімдерін жақсы пайдаланады.
Базарда сатылатын көптеген түрлі шұжық өнімдерін де өте тиімді пайдаланады. Бір айта кететін жағдай олар сапалы да дәмді азық-түліктерді пайдаланады. Кеміргіштер сүт өнімінің барлық түрлерін, шикі сүттен бастап, айран, қатық, құрт, ірімшік, қаймақ, кез келген өнімді жей береді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақстандағы ең сенімді банктер

Сарапшылардың сөзінше алда банк секторының тұрақтылығын тексеретін сынақ болуы мүмкін. Осыған байланысты олар ең сенімді банктердің үштігін жариялады, деп хабарлайды 7күн.кз сайты.
Жаңалықтар
Толық

Қадір түнін құлшылықпен өткізген адам мол сауапқа кенеледі

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құрметті бауырлар!

Баршаларыңызды қасиетті Қадір түнін сауапты амалмен өткізуге шақырамын.

Алла Тағала былай дейді: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам.....
kz
Толық