Қанат Ислам ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиясына қарасты Қаба ауданында дүние келген. Әкесі – Ислам, анасы – Зихат. Қанат – үйдің кенжесі. Ол 2009 жылы Үрімші қаласындағы педагогикалық университетті спортты басқару және зерттеу мамандығы бойынша бітірген. Қанат боксқа қалай келді? Қанат Исламның айтуынша, Қытайда бокс 1986 жылдан бастап дами бастаған. "Алтайдың Хаба ауданында алғаш рет Мұрат Бошайұлы деген ағамыз бокс өнерін үйренді. Туған ағам Ерлан сол бапкерден тәлім алды. Мен де Мұрат Бошайұлының шәкірті болдым. Ұстазым ағамды ауылда дайындады. Ол бокстан облыстық жарыстарға қатысып жүрді. 6-7 жастан бастап сол кісілердің қалай жаттыққанын көріп өстім. Маған оның да әсері болу керек. Спорттағы өмірім осылай басталды", - дейді ол "Батырдың көз жасы" деректі фильмінде. Қанат әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы ұлттық құрама командасының сапында Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, бокстан Чикагода өткен әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері, Қытайдың 10 дүркін чемпионы атанды....
16 жасында ең дарында фотограф деп аталған, қыздардың жалаңаш тәнін түсіруге құмар Данияр Сәрсеевті бүгінде модельдік бизнесте жүрген кез келген өнер адамы біледі. Қазақ актрисаларының әйгілі журнал мұқабаларына арнап түскен суреттерінің көбін осы Данияр жүзеге асырған. Бүгінде 21 жастағы фотограф өзін осы саладағы маман ретінде көрсете білген. NUR.KZ порталы Данияр түсірген қазақ қыздарының суреттерін назарға ұсынады.
Сатыбалдиева Айзада Таңатарқызы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Мәдени ауылында дүниеге келді. 1994-1998жж. Т.Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институты театр факультетінің муздрама бөлімін оқып-бітірді. 1998ж. жолдамамен Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының актерлік құрамына қабылданады. 2007ж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқытушы болды. 2009ж. тамыз айында М.Әуезов драма театрына қабылданды. Сахнадағы негізгі рольдері: Ұлттық, әлемдік классика мен заманауи драматургияда:....
Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері (1998 ж.). Домбырамен ең алғаш болып қазақ әндерін дуэтпен орындаған кәсіби әншілер. Құдайбергеновтердің отбасылық ансамблінің құрылу тарихы Құдайбергеновтер жанұялық ансамблінің құрылу тарихы Қанат пенен Айткүлдің тұзының жарасып, шаңырақ көтеруінен басталды. Екеуі Алматыдағы "Қазақконцерт" бірлестігі жанындағы жастар эстрада-цирк студиясын (қазіргі Ж.Елебеков атындағы Алматы эстрада-цирк өнері колледжі) бірге оқыды (1975-1977 ж.ж.). Қанат профессор, күйші Құбыш Мұхитовтың класынан дәріс алған. Айткүл Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің класынан халық әндерін, жырларын орындаушы әншілікті меңгерді. 1977 жылы Мәдениет Министрлігінің жолдамасымен, қос әнші өнер жолын Қарағанды облыстық филармониясының жанынан құрылған "Гәкку" ансамблінде бастады. 1983 жылы Республикамыздың мемлекеттік "Гүлдер" ансамбліне шақырылып әнші, күйші ретінде өздерін кәсіби тұрғыда жоғары дәрежеде көрсете білді. Бірнеше республикалық және халықаралық фестивалдардың жүлдегері болды. Бүкілодақтық жастар творчествосы конкурсының лауреаты атағын алды.....
Анарбекова Құралай - актриса, продюсер 1989 жылы 11 маусымда Ақтөбе қаласында туылған. «Corich Production» продюсерлік орталығы 2014 жылы құрылған, соның бас продюсері және орталықтың негізін қалаушылардың бірі. Кәсіби сәнбике. 2006 жылғы «Мисс Ақтөбе» сұлулық байқауының жеңімпазы. №40 Ақтөбе орта мектебін өте жақсы мағамен бітірді. 2005 жылы Ақтөбе политехникалық колледжінің бірінші курсына түсіп, 3 курсқа келгенде сол жақта ұйымдастыру мен тәрбиелік жағынан жұмыс істеді. 2009 жылы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТА оқуға түседі. Бала кезінде хореография және гимнастикамен айналысқан. 2006 жылы қалалық сұлулық байқауына қатысып, «Мисс Ақтөбе» атауына ие болды. Құралай мәскеулік фотографтармен сәнбике ретінде бірнеше рет жұмыс істеді, түрлі жарнамалық роликтерге түскен. 2012 Жау жүрек Мың бала (Қазақстан) - актриса; 2012 Менің күнәлі періштем (Қазақстан) - актриса. 2014 Аманат (Қазақстан) - актриса; 2015 Дуэт (хикая, Қазақстан) - продюсер; 2015 Алтын ұя (хикая, Қазақстан) - продюсер;...
Байжанбаев Жанат (Жан) Әнуарбекұлы - актер. 1961 жылы 5-тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Алматы көркем-театр институтының актерлік факультетін бітірген. 1984 жылдан бастап Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының штатты актері. КСРО кинематографистер Одағының мүшесі (1989). 2005 жылы «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Отбасылы. Жары – Гүлнар, қыздары - Диляра мен Рамина. Кинодағы рөлдері: 2015 Рэкетир 2: Жаза (Қазақстан) - Жан ....