Бекболат Қанайұлы Тілеухан (7 тамыз 1966 жыл, Атасу кенті, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы) — әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Дарын жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсінің III және IV шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті (2013 жылдың 24 желтоқсанынан бастап).
Білімі В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын халық әндерінің оқытушысы, концерттік орындаушы мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (1995) бітірген. Доцент.....
Жанат Әскербекқызы Аймұхамбетова - ақын, филология ғылымдарының кандидаты, (1966)
Еңбекжолы 1966 жылы 1-қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қарасу ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. 1982-87 жылдар аралығында Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алған.
1987-1995 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Құйған ауылындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. 1995-2000 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушылық қызметте болады. 1999 жылы «Оралхан Бокей прозасындағы мифологизм мәселесі» тақырыбына кандидаттық диссертация, 2010 жылы "Мифтің поэтикадағы қызметі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 2000 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет істейді. «Әлем әдебиеті» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.....
Салтанат Ермекқызы Бақаева (1987 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысы Талғарда туған) — қазақстандық танымал эстрада әншісі, кино және театр актрисасы. Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" сыйлығының иегері (2015).
Салтанат Ермекқызы 1987 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысы Талғарда дүниеге келген. 2005 -2009 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетін Қазақ ССРнің Еңбегі сіңген артисі, профессор Рахилям Машурованың және Қазақстанның Халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың классын бітірген. Соңғы курста Қазақ ССРнің халық артисі, Мемлекеттік сыйлық иегері Роза Рымбаевадан дәріс алған. 2009 жылдан "Арнау" эстрадалық дуэтінің әншісі. 2010 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында ....
Досымжан Қарпықұлы Таңатаров (1975 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында туған) — қазақстандық эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Қазақстан Республикасы Президенті оркесторының жетекші әншісі (2000 жылдан). Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
Досымжан Таңатаров 1975 жылы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң Жамбыл облыстық технологиялық иниститутын бітірген. Мамандығы: инженер-технолг. 1997 жылы Алғашқы өнер жолын композитор Бағлан Омаровтың ән студиясында ән жаздырудан бастаған. 2000 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті оркесторының жеке солисті, әншісі, жетекші әншісі....
Жанар Асылбекқызы Дұғалова (1987 жылдың 17 қаңтарында Қазақстанның Қызылорда қаласында туған) — қазақстандық әнші. Türkvizyon 2014 Ән байқауының жеңімпазы. KeshYou тобының бұрынғы орындаушысы. 2014 жылдың тамызынан бастап, жеке дара мансабын бастады. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (2015 ж.).
Өмірбаяны Жанар Асылбекқызы Дұғалова Қызылордада туып, Павлодар қаласында өскен. Бала кезінде отбасымен бірге Алматыға көшті. Диапазоны кең әнші. Бірінші мұғалімі - анасы. Сол үшін Жанар жастайынан әнші болуды армандаған. Алты жасында бірінші рет жетістікке жетті. Әрі қарай республикалық, қалалық байқаулардан жеңіске жетті. 2001 жылы "Жас қанат" байқауының жүлдегері болды. Жанар Доғалова музыкалық колледжін бітірген және Мәскеудегі ГИТИС-ті тәмамдаған. 2001 жылы продюсер Баян Есентаевамен кездеседі. Қазір Жанар "Кеш You" тобының мүшесі. Әнші болудан басқа ол актерлік шеберлігі де жетерлік. "Ғашық жүрек-2" киносында түскен. ....
Бақытжан Қанапиянов - 1951 жылы 4 қазанда Көкшетау қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын 1974 жылы бітіріп, Қазақ КСР ҒА жанындағы Металлургия және кен байыту институтында инженер болып істеген. Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. «Жалын» баспасында аға редактор, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болған. 1991 жылдан бері «Жібек жолы» баспа үйінің президенті. Алғашқы өлеңдері 1975 жылы «Простор» журналында басылған. Бірнеше жинақтардың авторы. Абай өлеңдерінің еркін аудармасын жасап, Жамбыл, Кенен дастандарын, «Қыз Жібек» эпосын орыс тіліне аударды.
1986 жылы Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1998), Қазақстан Журналистер одағының С.Сәдуақасов атындағы сыйлығының иегері (1999), «Алтын лираның үміткері» атты Дүние-жүзілік ақындар байқауының лауреаты (2003), Тәуелсіз Тарлан сыйлығының лауреаты (2003), Махамбет сыйлығының лауреаты (2003). Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (2001). «Парасат» орденімен (2006), Қазақстан, Ресей, Украинаның медальдарымен, «Чернобыль апатына 20 жыл» құрмет белгісімен (Ресей, 2006 жыл) марапатталған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының (2005) лауреаты....
Осыдан 28 жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы қазақ халқының аңсаған арманы еді. Ұлы қазақ елі осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңес одағының шырмауында болды. Жер бетінде елдің бостандығын, халқының тәуелсіздігін ойламайтын жұрт жоқ болар. Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік! Яғни егеменді, дербес.......
Ер адамдар төсек ойнының түрленіп отырғанын қалайтынын айтып келеміз. Кейде төсектегі билікті өзіңізге алыңыз. Оның қалайын сіз орындаңыз! Бірақ оның жиі болғаны қажет емес! Себебі еркектерге......