Назарбаев Зияткерлік мектебіне қалай түсуге болады?

Назарбаев Зияткерлік мектебіне қалай түсуге болады?

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 2017-2018 оқу жылына білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс басталды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2017-2018 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Ақтөбе, Алматы, Астана, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент қалаларында физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент ққ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды.

Назарбаев Зияткерлік мектебіне қалай түсуге болады?

Зияткерлік мектепке түсуге іріктеу конкурсына қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсырады:

1. Байқауға қатысу үшін өтініш беру
2. Сауалнама толтыру
3. Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткер ЖСН, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
4. 086/у медициналық анықтама формасы;
5. Үміткердің тұрғылықты орнынан анықтама;
6. Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібінің табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім ұйымының мөрімен бекітілуі керек. Орта білім беретін ұйымдардың 7-11(12) сыныптарын толық аяқтаған үміткерлер Зияткерлік мектептердің осы сыныптарында қайта білім алуға үміттенуіне құқығы жоқ.
7. Үміткердің 3х4 фотосы – 2 дана.

Байланыс нөмірлері:

Астана қ. (физика-математикалық бағыттағы), №31 к., 37 үй (Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының аралығында, Назарбаев Университетінің арты), тел.:8(7172)55-98-03

Астана қ. (Халықаралық Бакалавриат мектебі), №31 к., 35 үй (Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының аралығында, Назарбаев Университетінің арты), тел.: 8 (7172) 55-80-33

Ақтау қ., 33 ы.а., 16 ғимарат, тел.: 8(7292)701066

Ақтөбе қ., Батыс-2 ы.а., 26 аймақ, тел.: 8 (7132) 70-47-80

Алматы қ. (физика-математикалық бағыттағы), Жамақаева к., 145, Нұрлыбаева к. қиылысы, тел. 8(727) 331-01-00

Алматы қ. (химия-биологиялық бағыттағы), Наурызбай ауд., Қалқаман-2 ы.а., Елібаев к., 2 үй. ., 145, Нұрлыбаева к. қиылысы, тел. 8(727) 331-01-10

Атырау қ., Нұрсая ы.а., 11 к., 22 ғимарат, тел.: 8 (7122) 55-85-51

Қарағанды қ., Шахтерлер даңғылы, 62, тел.:8 (7212) 558880

Көкшетау қ., Мирзоян ат. к. 59, тел.: 8 (7162) 25-31-40

Қостанай қ., Гагарин ат. к., 239 үй, тел.: 8(7142)999-747

Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к. 8, тел.: 8 (7242) 55-11-51

Павлодар қ., Ткачев ат. к. 16/2 үй, тел.: 8 (7182) 733-000

Петропавл қ., И.Ибраев ат. к., 22А үй, тел.: 8(7152)55-97-22, 55-97-28

Семей қ., Қабылбаев к. 32, тел.: 8 (7222) 53-24-33

Талдықорған қ., Каратал ы.а., 47 үй, тел.: 8 (7282) 21-98-63

Тараз қ., Арай массиві, Домалақ ана к. 266 үй, тел.: 8 (7262) 99-98-55

Өскемен қ., Комсомольская к. 43/1 үй, тел.: 8 (7232) 60-40-03

Орал қ., Московская к. 16 үй, тел.: 8 (7112) 22-27-04

Шымкент қ. (физика-математикалық бағыттағы), Ақжайық ы.а., Элитный қалашығы, 6 құрылыс, тел.: 8 (7252) 29-44-88

Шымкент қ. (химия-биологиялық бағыттағы), Нұрсәт ы.а., 1А үй, тел.: 8 (7252) 42-51-70.

Тестілеу 2017 жылғы 11-12 наурыз күндері өтеді. Толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.

Рүстем ӘЛПИ, nis.edu.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады