Білім қусаң, дүние ізіңнен келер.


Қазақстан бойынша жұмыссыз жүрген жастар саны 100 мыңға жуықтайды."Екі қолға бір күрек ",- деген халықтың жастары не себебті әлі күнге дейін күректің сабын да таппай жүр? Абай атамыздың "адам бол, мал тап"- деп айтқаны бар ғой,демек мал табу үшін, әр жан ынта-ықласын,сенімін арттыратын болса,сонда ғана мақсатқа жетпек . Жастарымыз өз мамандығын сүйе білсе,біздің кейіпкер секілді айына милионға жуық қаржы табарына күмән жоқ.

Кейіпкеріміз математика пәнінің мұғалімі: Орынбасар Бахытұлы. Ол кісі Түркістан облысы,Мақтарал ауданында туған, қазір де сол ауданда мұғалімдік қызмет атқарады. Орынбасар ағайдың айтуынша математика саласын өзі қалап таңдағаны жоқ екен, ата-анасының қалауымен ұстаз болу бұйыртыпты. Бұл арада баланың, ана мен әке жолын аттамайтындығы және ананың бала болашағына қатты алаңдайтындығын аңғарамыз. Мектепті тәмәмдағанан кейін "Арқалық мемлекеттік педагокикалық институтын" бітірген. Қазірде үш жылдан бері өз туған қаласында жұмыс жасайды. " Жас келсе іске" дегендей, өзінің "Орынбасар оқу орталығы" -деп аталатын білім беру орталығын ашқан. Сонымен қоса ғаламтор желісінде оқушыларды математикалық сауаттылық пәнінен онлайн түрде дәріс өткізеді. Алғашында жастардың білімін жетілдіру мақсатында тегін сабақтар өтсе, кейінен дәрістің сапалы әрі жауапкершілікпен өту үшін бар жоғы мың теңгеге бір ай курс жүргізеді . Осы кезге дейін 18 легке сабақ өтіп, 4 мыңнан аса оқушы дайындаған оқытушы .Егер курс нәтиже бермесе төлемін де қайтарып беруге әзір, бірақ 4 мың оқушыдан әлі сабақ ұнамады деген оқушы кемде-кем, тіпті жоқ деседе болады. Осындай мамандыққа деген махабат 700 мын теңге табыс әкелуде.

Білім қуу арқылы бақытқа қол жеткізудің бағытын Орынбасар ағай жақсы үлгі ретінде көрсете білді. Мамандықты өзі таңдамаса да бар ынтасын салып, сол саланың шыңына шығуға ұмтылуда.Кеше Мағжан айтқан жастар осындай болу керек деп ойлаймын.Қазақтың әр баласы осылай еңбек етсе, алаштың әл-ауқаты шыңға өрлер еді.

Ағайдың жастарға айтары: "үнемі даму үстінде болу қажет".
Автор - Құралов Нұрбол Байтұрсынұлы

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

білім, дүние, ақыл, кеңес
Келесі мақала жүктелуде...