Қазақ әдебиеті | Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер (Дөрекі сөздер одағайлар орыс тілі элементтері қарғыс сөздер)

Д И П Л О М Ж Ұ М Ы С ЫКөркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер (Дөрекі сөздер одағайлар орыс тілі элементтері қарғыс сөздер)МАЗМҰНЫКІРІСПЕ5І-ТАРАУ. БЕЙӘДЕБИ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА АЛАТЫН ОРНЫ, МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ8І.1. Дөрекі сөздердің сипаттамасы8І.2 Одағай сөздерІ.3. Қарғыс сөздерІ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Абай- қазақ әдебиетінің кірпіші

Қоғамда, поэзияда, музыкада, саяси өмірде өлмес, өшпес із қалдырған- Абай Құнанбайұлы.Ақын Абайдың шығармашылығы мен өмірі- халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоғалтпаған рухани мұрасы.Абай үні, Абай тынысы, Абай лебі- халық бейнесі, заман тынысы, қазақ үні.
Шынайы өнер туындысындағы тұрлаулы идея қалдырған, мәдениет пен ақындығын ұштастыра отырып, ақиқатты толғайтындығы туралы Міржақып Дулатов: :" Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіші- Абай сөзі, Абай аты болуы керек...Ең жоғары, ардақты орын-Абайдікі",- деп, көркем өнердің бастауы, сөздің ұлы мағынасын айқындауышы ретінде танытады.

Абай ақындығын халыққа, ағартушылық мақсатқа бет бұрғызған.Ұрпақ мүддесі үшін ғылымның кілтін ашып, жігерлі жастық талабын білімге жұмсауға шақырған-ды.Сұлтанмахмұт Торайғыров:"Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе",- деп, сөз қадірін айнымас темірқазығына айналдырған хәкім Абайдың өнеріне тамсанған кейінгі буын өкілдерінің пікірі Абай образын аша түскендей......
Эсселер
Толық

Гүл-гүл жайна (Қазақ ауыз әдебиеті)

Гүл-гүл жайна, күл де ойна
Қыз-бозбала шағыңда.

Өте шығар дүние қас қағымда,
Ойнап, күлген жарасар жас шағыңда-ай.
Орамыңның барында ойна да күл,
Тұра бермес бұл жастық баяғыдай-ай.....
Өлеңдер
Толық

Әгугай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ортамызда Төлеген тұрды жорға, ахау,
Сүрінбей ме, боз жорға қазған орға, әгугай, әгугай.
Қыз-Жібекті ойласаң нең кетеді, ахау,
Орамалы тұрады бес жүз жорға, әгугай,әгугай.

А-а-ай,
Айың тусын оңыңнан.
Жұлдызың тусын соңыңнан.
Хабарсыз кетсең тым ұзақ,
Сансызбай шығар соңыңнан.....
Өлеңдер
Толық

Қалқатайдың дауысы-ай! (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аралаймын аулыңды тарланменен,
Қарамайсың қасыңа барғанменен.
Ойнамаймын, күлмейін десем дағы, ахау,
Өтіп барады жас дәурен арманменен.

Қайырмасы:
Тайбурылдың шабысы-ай,
Сәйгүліктің дабысы-ай
Көкейімнен кетпейді-ай,
Қалқатайдың дауысы-ай.....
Өлеңдер
Толық

Угай-угай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ай қараңғы аспанда түн емес пе, угай-ай,
Жақсы әйелдер өмірде гүл емес пе, угай-ай.
Қыздар гүл-гүл болғанда, жігіт бұлбұл, угай-ай,
Бұлбұл қонып гүліне түнемес пе, угай-ай.

Угай-угай - әніміз,
Арпа, бидай дәніміз.
Угай-ай деп ән салсаң,
Келіспей ме сәніміз.....
Өлеңдер
Толық

Өтірік өлең (Қазақ ауыз әдебиеті)

Басында керегенің үрген қарын,
Көтердім жалғыз өзім соның бәрін.
Жүк қылып қара нарға артып едім,
Орнынан тұра алмады жануарым.

Басына қарағайдың көл тұрыпты,
Айтпаймын айт десеңде өтірікті.
Айтайын өтірікті ебін тауып,
Қан қылды бір санымды тышқан қауып. ....
Өлеңдер
Толық