Айсұлтан
Айсұлтан есімінің мағынасы – "ай" мен "сұлтан" сөздерінен жасалған есім, сәби айдай болсын, өз ортасында сұлтандай қадірлі болсын деген ниетпен қойылады. Сұлтан араб тілінен – "билеуші, әкім".
Айсұлтан есімінің мағынасы – "ай" мен "сұлтан" сөздерінен жасалған есім, сәби айдай болсын, өз ортасында сұлтандай қадірлі болсын деген ниетпен қойылады. Сұлтан араб тілінен – "билеуші, әкім".
Халқымыз жаңа туған нәрестеге ат қою дәстүріне ерте заманнан үлкен жауапкершілікпен қараған. Кез келген ата-ана баласына мағынасы дұрыс, көркем ат қоюға тырысады. Баланың есімі болашағына әсер етеді дегенге сенетіндер де жоқ емес. Жақында ғана көпбалалы әке атанған "МузАРТ" тобының солисі Кенжебек Жанәбілов те ұлына Әлиби деген ерекше есім берген.
Ислам діні балаға мағынасы дұрыс, естір құлаққа жағымды, көркем ат қоюға шақырады. Сондықтан балаға есім беру – аса жауапкершілікті іс. Тіпті, Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) айтқандай, баланың әкесіндегі үш хақысының бірі саналады.
Жақсы есім – баланың болмысына, тұлға болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. Оған өзінің есімінің артықшылықтарын айтып, өзімен аттас тұлғалардың өмірі, жеке қасиеттері туралы жиі айтып.....
Аянат есімінің мағынасы - араб тілінен ийан сөзін аударғанда – өз көзімен көру, анықтық, айқындылық, шындық, ақиқат деген мағынаны білдіреді.
Медина есімінің мағынасы (Мәдина) — «қала», Мадинат ән-Нәбий («Пайғамбар қаласы») деген тіркестен алынған. Бұл мұсылмандардың қасиетті қаласы болып саналады.
Айзере есімінің мағынасы - қазақ тілінен алынған «ай» және «зере», иран тілінен «зер» — аудамасы «алтын» деген сөздерден құралған. Алтынай есімінің синонимі.
Әлинұр есімінің мағынасы – "әли" мен "нұр" сөздерінен жасалған есім. Әли, араб тілінен – аса, зор, заңғар; Нұр – жарық, сәуле.
Айсамал есімінің мағынасы - «ай» және «самал» қазақ сөздерінен құралған. «Ай» сөзі айдай жарық, ашық болсын деген мағына береді. Ал «самал» дегені жеңіл, жел мағынасын білдіреді. Қазақ халқында самал жел деген сөз бар. Айсамал есімін қызына берген ата-ана оның өмірі жарқын, жолы жеңіл, ашық болғанын тілейді.
Араб тілінен алькаусар – жұмақ көзінен шыққан су, яғни таза, пәк, мөлдір, жомарт жан деген мағынаны білдіреді. Жәннаттағы өзеннің аты.
ЕРКЕБҰЛАН – қазақтың төл есімі. «Ерке» (бұла, қадірлі, сыйлы) және «бұлан» (бұғы тектес ірі аң) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Қазақта «бұланның көзіндей» (көреген) деген сөз бар. Біздің халық бұланды қасиетті аң санайды. Жаңа туған сәбиге бұл есімді «ұлымыз халқының еркесі болып өссін, елінің аяулысы болғай» деген ниетпен қояды. Ел ішінде жиі кездесетін ат.