Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Тарихи ұлы жеңіс)

Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Тарихи ұлы жеңіс) казакша Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Тарихи ұлы жеңіс) на казахском языке

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.

Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де....

Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні [жоспар]

Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні [жоспар] казакша Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні [жоспар] на казахском языке

I ** жыл өттi.
II Ауыр Жеңiстiң тарихы.
1. Кеңес Одағының Батырлары.
2. Халықтың батырлығы.
3. “Ленинградтық өренім”
III Жеңіс – Қасиеттi мерекесі.

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 66 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін.....

Қазақша шығарма: Мұхтар асуы

Қазақша шығарма: Мұхтар асуы казакша Қазақша шығарма: Мұхтар асуы на казахском языке

Қоғамның қайшылықты даму жолында өздерінің күрделі қырларымен өшпес із қалдырған тұлғалар бар. Қазақ халқының дүние жүзіне аты мәшһүр ұлы ойшыл-жазушысы, ғалым-ұстазы, мәдениет пен қоғам қайраткері, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, дүние жүзі әдебиетінің классигі,жаңа заманғы кәсіпқой қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі – Мұхтар Әуезовтың азаматтық, адамгершілік және шығармашылық тағдыры.....

Қазақша шығарма: Жыр алыбы Жамбыл Жабайұлы

Қазақша шығарма: Жыр алыбы Жамбыл Жабайұлы казакша Қазақша шығарма: Жыр алыбы Жамбыл Жабайұлы на казахском языке

Қазақ халық поэзиясының алыбы атанған Жамбыл Жабаев 1846 жылы «Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын, Жамбыл деп қойылыпты атым сонан» деп ақынның өзі айтқандай қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзені бойындағы (Шу ауданы) Жамбыл тауының етегінде Жапа деген қыстауда ақпан айының боранды күндерінің бірінде дүниеге келген. Бұл кез ақынның «Менің өмірім» өлеңінде:

Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім,
Қамыққан, қанды жасты жанды көрдім,
Ел көрдім – еңіреп босқан аңды көрдім,
Қойнында Алатаудың зарды көрдім, –

деп айтқандай ел ішіндегі әлеуметтік жағдайдың меңдеп тұрған тұсы еді. Бұл – Жетісу өңірінің Қоқан хандығына қарап тұрған шақтағы ел басқарудағы жолсыздықтың шектен шыққан кезі еді. Бір жағынан ақ патшаның, екінші жағынан жергілікті ел билеушілердің мөлшерден тыс алым-салығы бұқара халықты титықтатып тастап еді. Қалың бұқараның дені жоқ-жітікпен.....

Қазақша - орысша фильм: Анаға апарар жол / Дорога к матери (трейлер)

Қазақша - орысша фильм: Анаға апарар жол / Дорога к матери (трейлер) Фильм аты: Анаға апарар жол, Дорога к матери
Шыққан жылы: 2016
Жанр: Драма, Қызық оқиғалы, Тарихи, Оқиға
Рөлдерде: Берік Айтжанов, Болат Әбділманов, Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Аружан Жазылбекова, Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов, Ерлан Кәрібаев, Әділ Болатаев, Мерей Мақажан
Суреттеме: «Анаға апарар жол» картинасының негізгі сюжеті ана махаббатының қуатты күшінен бастау алады. Осынау құдіретті күштің арқасында кейіпкер үйіне барар жолда кездескен ауыр қинышылықтарды жеңіп шығады. Оқиғаның негізгі желісі қазақ халықының басына түскен ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген: ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар. Картинаның басты кейіпкері Ілияс ерекше рухты, ерлік пен отансүйгіштік және керемет қайсар мінез көрсетеді. Тағдырдың ауыр соққыларымен бетпе-бет келеді: балалар үйі, сұрапыл соғыс, тұтқынға түсу, жазасын өтеушілер лагеріне тап болады. Осынау ауыртпалықтарды еңсеруге оған анамен жүздесу мақсаты күш береді. Фильм өмірлік құндылықтардың мәні мен тіршіліктегі құбылыстарға өзгеше көзқараспен қарауға жол сілтейді.

Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің

Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің казакша Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің на казахском языке

Соғыс - атауы құлаққа жағымсыз,тіршілікті қан жылататын,асты қайғы - қасіретке толы қаралы сөз. Осыдан 74жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Неміс фашистерінің аңсап келген арманына 4 жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Фашистер мақсаты жер бетін отарлап билік құру еді.Өзара одақ құру арқылы....

Қазақша реферат: Дәстүрлі күйшілік өнер

Қазақша реферат: Дәстүрлі күйшілік өнер казакша Қазақша реферат: Дәстүрлі күйшілік өнер на казахском языке

Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.
Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады.
Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.

Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар.....

Қазақша фильм: Анаға апарар жол (2016)

Қазақша фильм: Анаға апарар жол (2016) Фильм аты: Анаға апарар жол, Дорога к матери
Шыққан жылы: 2016
Жанр: Драма, Қызық оқиғалы, Тарихи, Оқиға
Рөлдерде: Берік Айтжанов, Болат Әбділманов, Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Аружан Жазылбекова, Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов, Ерлан Кәрібаев, Әділ Болатаев, Мерей Мақажан
Суреттеме: «Анаға апарар жол» картинасының негізгі сюжеті ана махаббатының қуатты күшінен бастау алады. Осынау құдіретті күштің арқасында кейіпкер үйіне барар жолда кездескен ауыр қинышылықтарды жеңіп шығады. Оқиғаның негізгі желісі қазақ халықының басына түскен ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген: ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар. Картинаның басты кейіпкері Ілияс ерекше рухты, ерлік пен отансүйгіштік және керемет қайсар мінез көрсетеді. Тағдырдың ауыр соққыларымен бетпе-бет келеді: балалар үйі, сұрапыл соғыс, тұтқынға түсу, жазасын өтеушілер лагеріне тап болады. Осынау ауыртпалықтарды еңсеруге оған анамен жүздесу мақсаты күш береді. Фильм өмірлік құндылықтардың мәні мен тіршіліктегі құбылыстарға өзгеше көзқараспен қарауға жол сілтейді.

Қазақша шығарма: Жамбыл десем ойыма...

Қазақша шығарма: Жамбыл десем ойыма... казакша Қазақша шығарма: Жамбыл десем ойыма... на казахском языке

Жамбыл десем, ойыма, әрине, екі рет дүниеге келген, екі ғасыр тоғысындағы ғұлама жырдың қызыл жолбарысы түседі. Жамбылдың өзі – жыр-ғұмыр, ал жыр – жыр-ғұмырдың негізі. Жүз жыл жырлап өткен Жамбыл бабамыздың өшпес мұрасы – көркем шежіре. Даңғыл жыраулардың ішіндегі ең алыбы – абыз жырау, жауынгер ақын – Жамбыл. Жамбылдың қаншалықты ұлы екенін жақсы білеміз, алайда.....

Қазақша фильм: Құнанбай (2015)

Қазақша фильм: Құнанбай (2015) Фильм аты: Құнанбай
Шыққан жылы: 2015
Жанр: Өмірбаян, Деректі, Драма, Тарихи
Рөлдерде: Досхан Жолжақсынов (Кұнанбай), Нұрсифат Салықова (Зере), Әліби Сырайлы (Абай), Айдос Бектеміров (Барақ сұлтан ), Майра Омар (Күңке), Қарагөз Сүлейменова (Ұлжан)
Суреттеме: Режиссер Досхан Жолжақсынов түсірген «Құнанбай» толықметражды көркем фильм. Көркем фильм хәкім Абайдың әкесі, кемеңгер Құнанбай Өскенбайұлының өнегелі өмірінің бір кезеңін қамтиды. Ел билеу ісі мен ағайын арасын жарастыру, руаларық татулықты сақтап тұру секілді қиын да жауапты қызметте Құнанбай қажы қашан да әділдікке жүгініп отырған. Елінің жанашыр перзенті болып жаратылған ол бұқараның алдындағы парызы мен қарызын терең ұғына білген жан. Фильмде Құнанбайдың көрегендігі, данышпандығы, әділдігі, дәстүрді құрметтейтіндігі анық көрсетіледі. Режиссер кинокартинада Құнанбайдың тек жеке басы ғана емес, сонымен қатар, XIX ғасырдағы қазақ қоғамының шынайы келбетін көрсетуге тырысыпты.

Көркем фильмнің сценариін Досхан Жолжақсыновпен бірге кеше ғана дүниеден өткен алаш ардақтысы, жазушы Таласбек Әсемқұлов жазды. Ал, музыка авторы – белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов. Фильмге түсуге елімізге танымал актерлармен бірге Семейдегі Абай атындағы және Достоевский атындағы театрлардың актерлары да тартылған.