Ерте заманда жезтырнақ деген жыртқыш шығып, адам баласына ауыр зиян салып, елді көктетпей қойыпты. Ешкім оған батып бара алмайды екен. Барған адамды жезтырнақ жамсатып отырыпты. Бір күні Боран батыр боз атына мініп, жезтырнақтың мекеніне қарай жалғыз тартыпты. Оған жолдас болуға ешкім шықпапты. Батыр «ер азығы мен бөрі азығы жолда» деп азық алмай, жолаушылап жүріп кетеді екен. Боран батыр жезтырнақ мекендейтін қалың жыныс орманға келіп, бір дәу арқарды атып алады да оның еті, бауырын қоламтаға көміп қойып, боз атты байлап тастап от басында қамсыз отырады. Бір кезде жезтырнақтың дыбыры шығады. Боз ат кұлағын қайшылап, тықыршып осқырып тұрады. Боран батыр оны елемегенсіп отыра береді. Сәлден соң жезтырнақ Боран батырдың қарсы алдына келіп, бір тізерлеп отыра кетеді. Бұл кезде Боран батыр қоламтаға піскен бауырды алып, кесіп жеп отырады. Боран батыр қолындағы болат семсердің ұшына шаншып, томардай бауырды жезтырнаққа......
Ертеде орманда қайырымды қоян өмір сүріпті. Қоян кішкентай аңдарға көмектеседі. Аңдардың жоғалтқан заттарын тауып әкеп береді. Себебі, қоян иісшіл, дыбысты жақсы сезеді. Барлық аңдар қоянды жақсы көреді. Бір күні қоян орман ішінде жүгіре-жүгіре, секіре-секіре шаршап қалады. Ол өзінің қарны қатты......
№ 01 Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі А) Қола дәуірі В) Темір дәуірі. С) Рулық тайпалық кезең. D) Андронов кезеңі Е) Тас дәуірі Правильный ответ - E № 02 Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі А) Рулық В) Тайпалық С) Қауымдастық D) Көшпелілер Е) Тобыр Правильный ответ......
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда абонеттік номерлерді басқа операторға көшіру қызметі іске қосылды. Бұдан былай әр абонент мобиль телефон номерін сақтай отырып, басқа оператордың қызметіне жүгіне алады деген сөз. Осының бәрі "Ақпараттандыру туралы" ҚР Заңының арқасында мүмкін болып отыр. Ел ішінде мобиль телефон номерін сақтай отырып оператор ауыстыру мүмкіндігі "мобиль құлдықтан" құтылу деп аталып кетті.