Қазақша мақал - мәтел: Қорқақтық » ZHARAR © 2016 | қорқақтық туралы, қорқақтық туралы мақал мәтелдер, коркактык туралы, коркактык туралы макал мателдер, коркак туралы макал мател, қорқақ туралы мақал мәтелдер, пословицы на казахском о трусости, пословицы на казахском о трусе




  • »

Қазақша мақал - мәтел: Қорқақтық

Қазақша мақал - мәтел: Қорқақтық казакша Қазақша мақал - мәтел: Қорқақтық на казахском языке

Қорқақ көлеңкесінен де қорқады.

Қорқақ қол бастамас.

Қорқақтың қолы қысқа.

Қорқаққа қос көрінеді.

Қорқаққа құбыжық көп.

Қорқақтың сылтауы қойнында.

Бір ұрты май,
Бір ұрты қан.

Қорқақ - қашқан кісі,
Батыр - шанышқан кісі.

Қорқақтың бәрі Құдайшыл.

Қорыққан бұрын жұдырықтар.

Қорқақ пен қорқақ қорықпай көріседі.

Қорқарың бар,
Қосты неге тонайсың?

Қорықсаң, құның болмайды,
Жауды жеңбей, тыным болмайды.

Қорқақтың көзі үлкен,
Ақымақтың сөзі үлкен.

Қорқақты қуа берсең, батыр болады.

Қорықпас келін қой басынан қорқады.

Қорқақтың қатыны болғанша,
Батырдың жесірі бол.

Қорыққан мен қуанған бірдей.

Қорқақ ер болмайды,
Қола зер болмайды.

Қорқаққа қылыш жұмсаудың қажеті жоқ.

Қорықпас Құдайдан да қорықпас.

Құдайдан қорықпа,
Құдайдан қорықпағаннан қорық.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы | | 562
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .