Балаларға арналған дастархан батасы

Дастарханың тоқ болсын,
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Жарды болсаң жасыма,
Бай болсаң, тасыма!
Бақ-дәулет берсін басыңа,
Ғұмыр берсін жасыңа.
Бәле-жала, жын-шайтан,
Жоламасын қасыңа!
Иманның байлығын берсін,
Құт-берекенің бәрі келсін!

Баталар
Толық

Бата

Я, құдайым оңдасын,

Еш жамандық болмасын.

Несібеміз нақ берсін,

Жолда жүрген қыдырды,

Қастарыңа алып келсін.

Дастарханың толы болсын,

Туған-туыс аман болсын.

Аумин!
Тақпақтар
Толық