» » » » Балабақша сабақ жоспары: Төлдер айтысы ойыны

Балабақша сабақ жоспары: Төлдер айтысы ойыны

Балабақша сабақ жоспары: Төлдер айтысы ойыны казакша Балабақша сабақ жоспары: Төлдер айтысы ойыны на казахском языке
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.
Сөздік жүмыс: Төрт түлік, төл.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Үй жануарлары және төлдерінің
суреттері.
Оқу іс-әрекетінің барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
1.Кіріспе әңгіме Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Балалар аналарының өздерін қалай еркелететінін айтады.
- Менің атым Айша, мені анам «қошақаным» деп еркелетеді.
- Менің атым Елжан, мені анам «ботақаным» дейді.
- Менің атым Әмина, маған анам «құлыншағым» дейді.
2.Дидактикалық ойын: «Төлін тап».
Ойын шарты: Тақтаға үй жануарлары ілінеді. Балалар әрбір үй жануарларының қасына өз төлін тауып ілуі тиіс. Ойын осылай жалғаса береді.
3.Дәптермен жұмыс: «Төлдер айтысы» ертегісімен балаларды таныстыру.
- Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты?
- Лақ не айтты?
- Құлын ше?
- Бұзау не деді?
- Қошақан, бота не деді?
- Адам не деп жауап берді?
4.Сергіту сәті: Айналайын торпақ, бола берме қорқақ, Айналайын қозым, малда жуас бозым.
Айналайын ботам, қандай күлте жотаң,
Жалт-жүлт етіп лақ, жағалайсың бұлақ.
(Қимылмен көрсетеді).
5.Дәптермен жүмыс: Жұмбақтың шешуін тап.
Жарысуға дайын, менің қасқа ... (тайым)
Тастан тасқа секірген үзын салпаң қүлақты,
Қойдан маза кетірген, кім біледі ... (лақты)
Моп-момақан өзі, сүп-сүйкімді... ( қозы)
Қорытынды:
- Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?
- Ешкі, қой, сиыр, түйе, жылқының төлдерін ата.
- Малдарды қалай шақырады?.......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 12 |



Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Балабақша сабақ жоспары жинағы, балабақша балалар арналған Төлдер айтысы ойыны ойын ойындар балабакша, балабакша ойын турлери балалар, балаларға арналған ойындар, подвижные игры для детей на казахском языке, Төлдер айтысы ойыны, балабақша балалар арналған Төлдер айтысы ойыны ойын ойындар балабакша балабакша ойын турлери балалар балаларға арналған ойындар подвижные игры для детей на казахском языке Төлдер айтысы ойыны, Балабақша сабақ жоспары: Төлдер айтысы ойыны