Жайлауда

 Жайлауда

Тақырыбы: Жайлауда.
Мақсаты: Жайлау және оның орналасқан жері, ағаш үйдің құрылысымен таныстыру. Сурет бойынша әңгіме құрап өз ойын толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету. Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.
Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылығы: Оқушыларды білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Ойлау қабілетін арттыру, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Туған жердің табиғатының сұлулығын сезінуге, оны аялап қорғауға, адамгершілікке, қамқорлық сезімдерге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Жайлау суреті, киіз үйдің құрылысы, төрт түлік малдың және жабайы жануарлар суреттері, малдан алынатын өнімдер суреті.
Әдісі: Әңгімелеу, ойын, түсіндіру, сұрақ - жауап, жұмбақтар, мадақтау.

1. Ұйымдастыру бөлімі.
- Қане, балалар, апайлармен сәлемдесіп алайық:
Балалар: Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде
Сәлеметсіздер ме!- деп
Сәлемдесіп аламыз.
- Жарайсыңдар балалар. Бәріміз орнымызға отырайық.
Балалар күн жылынып көктем шыққанда малдар қайда шығады?
- Далаға, өріске, жайлауға шығады.
- Көктем шығысымен малдарды жайлауға бағады. Олар жайлауға киіз үй тігеді. Киіз үйдің құрылысына кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық жатады.
- Ал, балалар үй жануарларын маған кім атап береді?
- Түйе, жылқы, қой, сиыр, ешкі т. б.
- Балалар, бізге жайлаудан төрт түлік малдың бірі түйе келіп тұр екен. Бізге әкелген көптеген тапсырмалары бар екен.
1 - тапсырма: Суретке қарап әңгіме құрау, ат қою.(Жайлауда)

2 - тапсырма: Жұмбақ шешу.
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар (Қой)
2. Үстінде екі тауы бар
Кезікті бір жануар (Түйе)
3. Өзі сұлу, өзі жүйрік
Жарысады желменен (Жылқы)
4. Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Бірақ сақалы тағы бар (Ешкі)

3 - тапсырма: Сергіту сәті:
Көтеріліп шаңырақ
Керегелер керіліп
Өрімдей боп өріліп,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрініп.
4 - тапсырма: “Төлдерін тап” ойыны

5 - тапсырма: Төрт түлік мал туралы тақпақтар айту.
1. Айналайын торпақ,
Бола берме қорқақ.
Тар болып тұр аула,
Тысқа шықта заула.
Әукешім - ау күнде,
Ойнайықшы бірге.

2. Жалт - жұлт етіп лақ,
Жағалайсың бұлақ,
Секірем деп бірақ,
Қала көрме құлап.

3. Құлын - құлын, құлыншақ
Желкілдейді тұлымшақ.
Маңдайында жұлдызы
Құйрығында құндызы.
6 - тапсырма: “Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ата” ойыны.

7 - тапсырма: Дидактикалық ойын.
Малдан алынатын өнімдерді табу. Сәйкестендіру әдісі арқылы қай малдан қандай өнім алынатынын көрсету.

8 - тапсырма: “Қошақаным қайда екен” әнін айту.
- Жарайсыңдар, балалар енді “Жайлау көркі” өлеңін хормен оқиық.
“Жайлау көркі”
Табиғат әлемі
Гүл толған әдемі.
Ұйқы ашар сағаттай
Бозторғай әуені.
Сайға түс, қырға шық,
Жүресің гүл басып,
Көбелек алдайды.
Бір қонып, бір қашып.

Қорытындылау.
Мадақтау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!