Шеберліктің сиқырлы 10 000 сағаты


Гладуэлл өз кітабында «Гении и аутсайдеры. Почему одним все, а другим ничего?»- 10 000 сағат = жетістік (успех) формуласын көрсетті. Кітап көптеген табысты адамдардың мансаптарына талдау жасайды. Мысалы, Моцарт, Бобби Фишер және Билл Гейтс. Олардың барлығы аттары аңыз айналғанға дейін кем дегенде 10 000 сағат жұмыс істеген болып шықты.Гладуэлл, басқа зерттеушілер секілд, талантыңды ұштап еңбек етпей, ештеңе жоқ деген қорытындыға келеді.
Сиқырлы 10 000 сағатты іске асыру үшін қанша уақыт жұмсау керектігін есептейік: 10000 сағат шамамен 417 күнді құрайды, яғни 1 жылдан сәл асады. Егер орташа жұмыс күні 8 сағат деп есептесек, онда 10 000 сағат 1250 күнге немесе 3,5 жылға тең. Егер мереке мен демалысты ескеретін болсақ, онда шамамен 5 жыл болады. Егер біз жалқаулықпен алаңдаушылық туралы ұмытпасақ және адамдардың күніне 4-5 сағат қана тиімді жұмыс жасайтынын шындықпен мойындайтын болсақ, онда сіз 8 жыл ішінде шебер деңгейіне дейін өсуіңіз керек болады.
Жақсы жаңалық - әр адам өз ісінде үлкен табысқа қол жеткізе алады, егер ол ақылмен көп еңбек етсе. Жаман жаңалық - 10 000 сағат тым көп. Сондықтан, сіз мақсатыңызға қаншалықты ертерек қадам жасап бастасаңыз, соғұрлым оған тезірек жетесіз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу