Орта қашықтыққа жүгіру дағдыларын дамыту


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 4

Мектеп

№11 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні

Есалиев Байғанин Рахметович

Сынып

8 «А»

8 «Ә»

8 «Б»

8 «В»

8 «Г»

Күні

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

1-бөлім. Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес.

Сабақтың тақырыбы

Орта қашықтыққа жүгіру дағдыларын дамыту

Оқу мақсаттары

8.2.3.1. Қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдану және көрсете білу

Спорттық ойын ережелерін және әдіс-тәсілдерін меңгеру

Сабақ мақсаттары

Қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыруға қажет бірқатар тиімді дағдыларды көрсету

Бағалау критерийі

Жаттығуларды орындау кезіндегі айырмашылықты, оның ағзаға тигізетін әсерін, энергетикалық жүйемен байланысын анықтайды.

Оқып-үйрену ортасын қалыптастырады және біріккен жұмыс дағдыларын қолданады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін және ағзадағы функционалды өзгерістерін талқылайды және көрсетеді.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: қауіпсіздік ережесі; спринтерлік жүгіріс, стайерлік жүгіріс, қашықтықта жүгіру; спринтер, стайер; адымдар, секірулер, екпін алу; лақтыру; сөре, мәре; секіру және лақтыру кезеңдері; жүгіру, секіру, лақтыру; таңертеңгілік гигиеналық гимнастика; шыдамдылық, төзімділік; дәлділік, иелік ету, маневрлілік; эстафеталар, жылдамдықты арттыру, топтық жұмыс.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- әріптесіңізбен жаттығу жасау қаншалықты нәтижелі болды?

- қысқа және алыс қашықтықтарға жүгіретін спортшыларды қалай атайды?

- оқушылар лақтыруларды орындаған кезде қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындау маңызды ма?

- алыс қашықтықтарға жүгіру сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді?

- осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?

- сізде, ұсынылған ойын кезінде, қандай пайдалы қасиеттер байқалды?

- допты лақтыру кезіндегі екпін алу қаншалықты алысқа лақтыруға көмектесті ме?

- жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді үйрену кезінде оқушыларға қандай көмек көрсеттіңіз?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Бағалау

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Сабаққа спорттық киіммен келу. Қатарға тұру. Сәлемдесу. Рапорт тапсыру. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысу. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін сақтау. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін түсіндіру. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Кері байланыс арқылы бағалау

Мектептің сопрт алаңы, ысқырық, бор, конустар, фишкалар

http://geekrunner.org/general/texnika-bega-na-dlinnye-distancii

http://www.everlive.ru/running-exercises-for-endurance/

http://bibliofond.ru/view.aspx?id=669246

Сабақтың

ортасы

30 минут

(Т, ҚБ) Ойынға қатысушылар жүгіру жолына немесе ойын алаңына шығады. Арақашықтықтары бірдей болуы керек (10-15м). Мұғалімнің белгісі бойынша барлық оқушылар жүгіруді бастайды. Әрбіреуінің мақсаты-өзіне қуып жеткізбеу және алдағы жүгірушіге қолын тигізіп, ойыннан шығару. Жүгіру жолында немесе ойын алаңында ең шыдамды үш қатысушы қалған кезде, ойын аяқталады.

(Т, ҚБ) Жылдамдықты өзгерте отырып қашықтықты жүгіріп өту. Оқушылар топпен стадионда (жүгіру жолында) бір айналым жүгіріп өтеді: алғашқы 100 м орта қарқынмен, 100 м жылдам қарқында, 100 м орта қарқында және соңғы 100 м жоғарғы қарқында аяқтайды. Орындалған тапсырмаға талдау өткізу. Өткізер алдында берілген қашықтықты өтудің оңтайлы уақытын белгілеу. Тапсырманы дұрыс орындай алмаған немесе берілген уақытында үлгермеген оқушылармен тағы бір рет өткізу.

Серіктесіңізбен бірге 400 метр ара қашықтыққа жарысып жүгіріңіз. Орта қашықтықта серіктесіңізбен жүгірудің тиімділігін ажыратыңыз.

Дескриптор

- серіктесімен 400 м. ара қашықтыққа жарысып жүгіреді;

- орта қашықтыққа жүгірудің тиімділігін ажыратады.

Жүгіру жолында ойынды өткізу кезінде, оқушылар қатты шаршамау үшін, жүгіріп өту айналымдар санын шектеуге болады. Өткізілген жұмысқа рефлексия жасап, қатысушыларды басқа кезектілікте қойыңыз.

Ойынды өткізген кезде, ойын алаңында ойын аймағының шекарасын белгілеңіз, осы аймақтан шықпау керек. Тапсырманы орындау барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталуына және оқушының дене жағдайына қараңыз.

Оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты айналым санын көбейтуге болады. Орындалған тапсырмаға талдау жасағанннан кейін, тапсырманы орындау ережелерін құрастыруға немесе өзгертілген нұсқаларын ұсынуды сұраңыз. Тапсырманы орындау барысында оқушылардың денсаулық жағдайларына қараңыз.

Сұраңыз: Алыс қашықтықтарға жүгіру сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді? Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?

Сабақтың

соңы

5 минут

Оқушылар тыныс жолдарын қалпына келтіреді. Қиындық тудырған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Бір-біріне кері байланыс жүргізеді.

Мүғалім оқушыларға кері байланыс жүргізеді. Сабақ барысында жіберілген кемшіліктер мен нәтижелерді талқылайды.

Үй тапсырмасы: жалпы дамыту және бой жазу жаттығуларын орындау

Оқушылардың үй тапсырмасын мұқият тындауын қадағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу