PISA бойынша құрастырылған сынама үлгісі
PISA бойынша құрастырылған сынама үлгісі
Килыбаева Айгерим Амандыковна
Батыс Қазақстан облысы,Қаратөбе ауданы
«Б.Қаратаев атындағы ЖОББМ»КММ, педагог - зерттеуші
PISA бойынша құрастырылған сынама үлгісі
1 - тапсырма.Қазақстандағы қорықтар
1 – кестеде Қазақстандағы қорықтар туралы ақпарат берілген.Кестедегі ақпаратты маңызды тұстарын анықтап, оқып шығыңыз.
р/с р/с | Қорықтар дың атаулары | Өсімдік түрлерінің саны | Балық түрлерінің саны | Қосмекенді түрлерінің саны | Жорғалау шылар сны | Құс түрлерінің саны | Сүтқоректілер саны |
1. | Ақсу - Жабағылы | 1737 (39) | 7 | 3(1) | 11(3) | 267(11) | 52(10) |
2. | Алматы | 965 | 4 | 3 | 6 | 178(14) | 42(10) |
3. | Наурызым | 687 | 10 | 3 | 3(1) | 292(33) | 44(2) |
4 | Барсакелмес | 298(27) | - | 2 | 20 | 178(27) | 40(2) |
5 | Қорғалжын | 374(5) | 14(2) | 2 | 5(1) | 345(52) | 42(8) |
6 | Марқакөл | 700-дей | 6 | 2 | 4 | 239(19) | 58(6) |
7 | Үстірт | 269(5) | 1 | 1 | 24(1) | 163(17) | 45(10) |
8 | Батыс Алтай | 880(27) | 5(1) | 2 | 4 | 153(6) | 55 |
9 | Алакөл | 271(20) | 22(2) | 2(1) | 22(1) | 269(16) | 35(5) |
10 | Қаратау | 584(36) | 2 | 2(1) | 12(2) | 112(7) | 42(3) |
Жақша ішіндегі сандар - Қазақстанның Қызыл Кітабына (2010ж.) тіркелген түрлер саны |
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін Қазақстандағы қорықтар туралы ақпаратты пайдаланыңыз.
1-сұрақ Қазақстандағы қорықтар
Өсімдік түрлерінің саны көп қорық атауын тауып жазыңыз.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Дұрыс жауап: Ақсу – Жабағылы
2А- сұрақ Қазақстандағы қорықтар
Қызыл Кітапқа енген ең аз құс түрлерінің саны мен қорық атауын,ең көп сүтқоректілер саны мен қорық атауларын санамалап жазып шығыңыз.
1.--------------------------------------------------------------------
2.---------------------------------------------------------------------
3.---------------------------------------------------------------------
4.---------------------------------------------------------------------
Дұрыс жауап:
- Қаратау (7)
- Ақсу – Жабағылы (10)
- Алматы(10)
- Үстірт (10)
2 - тапсырма. Қыранның балапаны
Бір күні аспанды қою қара бұлт қаптады да, қалың жауын сорғалады. Сол – ақ екен , күнде салқын тарта бастады.
Ұяның ернеуінде бұйығып отырған балапан:
- Мұндай күнде ұшу да қиын шығар? – деп еді, енесі еңсесін көтеріп, көкке қадала қарады. Содан кейін балапанына мойнын бұрды.
- Сен жалғызсың, бірақ қыран тұқымысың. Жалғыздың жары – тәңір. Жасқанба.Жұмыртқадағы кезіңде аязға ұрындамай,бауырыма бастым. Жарық дүниеге көз жарған соң, қайсар болсын деп,қасқырдың күшігімен ауыздандырдым. Денең шираған соң, талпындың. Талабыңды демеп,қанаттандырдым. Енді қалай ұшсаң да өз еркің.Алдағы күнде қасқыр аласың ба,тышқан аласың ба, оны өзің білесің.Бәрі шама – шарқыңа байланысты. Менің тілегім:жасқаншақ болма,қайсар бол! Айырылысар шаққа келдік.Бұдан былай өзіңнің күніңді өзің көр!..Қырандар жазмышы солай!..
- Ене қыран дүр – дүр сілкініп алды да,көкке самғады. Балапан айналасына жалтақтай,елеңдей қарап,біраз отырды.Кеудесінде намыс оты тұтанды....(Құрманбай Толыбаев)
Келесі сұрақтарға жауап беру үшінҚыранның балапаны мәтінін пайдаланыңыз.
3 - сұрақ Қыранның балапаны
Кеудесіне намыс оты тұтанған қыранның балапаны әрі қарай қалай ұшқаны туралы болжам жасаңыз.
Дұрыс жауап: Қыранның балапанының алғашқы ұшқан сәті туралы жасаған болжамдары толықтай сұрақтың жауабы болатыны ескеріледі.
- Қалт серпіліп қалықтай жөнелді
- Керегедей қанатынжайып жіберді де құлшына алға ұмтылды
- Шыр айналып,аспанның төріне шықты
- Бағытын таңдағандай қалқып жүр
3 А - сұрақ Қыранның балапаны
Балапан қыранның сұрақтарына қалай жауап берер едің?
Балапан ұшуға талпынғанымен, шыңырау құзға көзі түскенде,сескене тежеліп қалады...
- Туу, мына құз қандай терең?
Құлап кетпеймін бе?
Сонда да қорқамын.Қалай,қайтіп?....
Дұрыс жауап: Балапан қыранның сұрақтарына берген оқушылардың жауаптары ескеріледі.
- Сен құзға қарай емес, көкке қарай ұшуға тиіссің.
- Қанатың бар емес пе,қанат ұшуға керек.
- Батыл бол,сескенсең сергектігіңнен айырыласың. Қанатыңды кең кер,құлашыңды жайып ұш,жел көтеріп әкетеді.
3 – тапсырма Қызыл кітап
- Қазақстанның Қызыл кітабына қандай сүтқоректілер мен жануарлар енген?
- Қара кірпі,көксуыр,құндыз,қызылқасқыр,үнді жайрасы,Тянь – Шань қоңыр аюы,қаракүзен,Орта Азия сілеусіні,қаракөл,шағыл мысығы,қарақұйрық,Үстірт қойы,Қызылқұм қойы,арқар,киік т.б. құстардан – Алтай ұлары,қараләйлек,кәдімгі қоқиқаз,дуадақ,безгелдек,бүркіт,лашын т.б.;балықтардан Сырдария тасбекіресі,Арал албырты,Каспий албырты,бекіре және басқалар. (kitaphana.kz)
Бұл сұраққа жауап беру үшін Қызыл кітап мәтін үзіндісі мен суреттерді біріктіру керек.
4 – сұрақ Қызыл кітап
Қызыл кітапқа енген бірақ мәтінде кездеспеген бір құс пен бір сүтқоректі атауын жазыңыз.
1 құс
1 сүтқоректі
Дұрыс жауап: 1.ақтырна
2. құлан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?