Қазақ өнерінің антологиясы. Айтыс 7


ҚАзАҚ ұлттыҚ өнер университеті

ҚорҚыт АтындАғы ғылыми-зерттеу институты

Айтыс

VII

ТОМ

«Күлтегін» АстАнА 2014

ӘоЖ 821.512.122

КБЖ 84 (5 Қаз)-5

Қ 17

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді.

Жобаның авторы: М. Жолдасбеков

филология ғылымдарының докторы, профессор

Редакция алқасы:

М. Жолдасбеков (төраға),

А. Мұсақожаева, С. Қасқабасов, Ш. Ыбыраев, С. Негимов, Р. Әлмұханова, Ж. Ерман, А. Әлтаев, С. Дүйсенғазин,

Ш. Қойлыбаев

Қ 17Қазақ өнерінің антологиясы. 25 томдық. Құраст.

М. Жолдасбеков, А. Мәулет. Астана, «Күлтегін» баспасы. ISBN 978-601-7318-40

Айтыс. Т. VII. (Шет елдердегі айтыс). – 2014. – 400 б. ISBN 978-601-7318-47-5

 Қазақ өнерінің антологиясының бұл томына Қытай, моңғолия, өзбекстан мемлекеттерінде тұратын қазақ ақындарының таңдаулы айтыстары енгізілді.

 Халық болған жерде оның әдебиеті мен мәдениетінің бірге дамитыны ақиқат. Ай- тыс десе елең етпейтін, делебесі қозбайтын қазақ баласы кем де кем. осы тұрғыдан алғанда шет елдерде тұратын қандастар арасында да айтыс өнері айтарлықтай дамыған деп айтуымызға болады. ұлт мәдениеті біртұтас, шекара шетіндегі бұл айтыс үлгілері қазақ әдебиеті қорын молайта түседі деп ойлаймыз.

 Антология консерваторияның, өнер университеттерінің, өзге де жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, музыка мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларына, айтысты зерттеушілерге, сондай-ақ, қазақ өнерін қастерлейтін қалың оқырманға арналады.

ISBN 978-601-7318-47-5 - (т. VII ) ISBN 978-001-7318-40-6 - (ортақ)

ӘОЖ 821.512.122

КБЖ 84 (5 Қаз)-5

© «Күлтегін» баспасы, 2014

© М. Жолдасбеков

© А. Мәулет

ҚАзАҚ БАР ЖеРде АйТыс өнеРі БАР

 Халық болған жерде оның әдебиеті мен мәдениетінің бірге дами- тыны ақиқат. Айтыс өнері – қазақ ауыз әдебиетінің жанкүйері көп, ертеден бастау алатын жанрының бірі. Атам заманнан бері қазақ халқының тұрмыс тіршілігімен біте қайнасып кеткен осынау өнер өзінің өміршеңдігімен бүгінгі күнге жетіп отыр.

 Антологияның бұл томына Қытай, моңғолия, өзбекстан мемлекеттерінде ғұмыр кешіп жатқан қазақ ақындарының таңдаулы айтыстары енгізіліп отыр. өйткені, қазақ бар жерде оның айтыс өнері де болатыны белгілі. Айтыс десе елең етпейтін, делебесі қозбайтын қазақ баласы кем де кем. Халқымыздың атамұра өнерге деген осы- нау құрметі кейінгі жылдары артпаса кеміген емес.

 тағдыр талайымен шекараның арғы бетінде қалған қандастарымыздың да айтыс өнеріне деген ықыласы ерекше. мұны біз Қытай, моңғолия, өзбекстан мемлекеттерінде түтін түтетіп, ошағын қоздатып отырған ағайындардың айтыс өнеріне деген айрықша пейілінен анық байқаймыз.

 XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Қытайдағы қазақ әдебиеті бір арнаға түсе бастады. осы кезеңде Көшбай Көшкіншіұлы, Ақыт үлімжіұлы, Әсет найманбайұлы, Жүсіпбекқожа Шайқыисламұлы, таңжарық Жолдыұлы, Көдек маралбайұлы, Асылқан мыңжасар және т.б. ақындар қытай қазақтарының әдебиетінде жақсы туындыларды жарыққа шығарды.

 Ақын Жүсіпбекқожа Шәйқысламұлының соңғы өмірі Шыңжаңдағы іле аймағындағы текес ауданында өтті. тарбағатай өңірінде өткен үлкен қиссагер Жанұзақ ақынның еңбегі де үлкен, баласы Әріпжан ақынның айтуы бойынша ол кісі өмір бойы

«Бақтиярдың қырық бұтағы» атты желілес дастанды жырлап, арты-

на кітап қып жазып қалдырған. Бұл кітап сол заманда «Жанұзақтың киіз кітабы» аталып, сахарада үлкен серпіліс тудырған болатын.

 іргесі ажырамай, қазақы қалпын сақтап, сүттей ұйып отырған Қытайдағы қазақ қандастарымыздың арасынан көптеген айтыс өнерінің ақтаңгерлері шықты. сол от ауызды, орақ тілді ақындардың ішінде Жүсіпбекқожа Шайқыисламұлы, Әсет найманбайұлы, тәни тоңғатбайқызы, Көдек маралбайұлы, рахымжан мешпетұлы, Қаныбек нүсіпұлы, Әппақ майтабанқызы, Шарғын Алғазыұлы, Кәсімбай Құсайынұлы, ырысбай Әлібайұлы, таңжарық Жолдыұлы, Қойдым дәрубайқызы, досбер сауырықұлы, смағұл Қалиұлы, Жа- малхан Қарабатырқызы және т.б. ақындардың таңдаулы айтыстары антологияға енгізіліп отыр.

 Қазіргі таңда Қытай Халық республика тарапынан қорғалатын қазақтың 32 мәдени мұрасының ең алдында айтыс өнері тұр. осының нәтижесінде айтыс өнері өзінің жарасымды жалғасын тауып, арнайы мамандық ретінде оқытыла бастады.

 Шыңжаң жастар - өрендер баспасы да «Қазақтың айтыстары» (байырғы заман бөлімі, таяу заман бөлімі) екі том еңбекті шығарып, жұртшылық назарына ұсынды. Антологиядағы кейбір айтыстар осы еңбектерден алынды.

 моңғолия жерінде тұратын қандастарымыз арасында да айтыс өнері айтарлықтай мәнге ие. Ауыл арасындағы жиын-тойдың өзі айтыссыз өтпейтін бұл Баян-өлгей өлкесінде 1950 жылдан бастап ақындар сахнаға шығып, көрермен алдында өз өнерлерін көрсете бастады.

 моңғолиядағы Баян-өлгейде тұратын қазақтардың айтыс өнерінің тақырып-мазмұндық өзегі бір жағынан осы өңірдің тұрмыс-тіршілігі, салт дәстүрі, әдет-ғұрпымен қабаттасып жатса, екінші жағынан та- рихи кезеңдердің ықпалы болды. Бұл өңірдегі айтыстардың бір ерекшелігі – көлемді айтыстармен қоса, қара өлең, қайым айтыс түрлері жақсы сақталған. Бұл айтыстар кіші-гірім той-жиындардан бастап, адам көп жиналатын жиын-тойлардың сәні, өзегі болған. 1920 жылғы Ақтан мен Ақбаланың атақты айтысын да тек рулық айтыс деуге болмайды, ақындардың елін, жерін, батырларын, атақты адамдарын мақтап қана қоймай, бір-бірінің кемшіліктерін де аямай сынайды. Ақындардың сөз тапқырлығы ғана емес, ел, жер тарихын терең білетін білімдар екендігі айтыстарынан байқалады.

 Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі жылдарда оның құрамындағы Қазақстанның айтыскер ақындары сияқты үкімет пен партияның са- ясатын, социалистік жарыс ұранын насихаттап, азық-түлік жоспары-

на байланысты тақырып айтыс өзегі болғанмен өз ауылының жемісті еңбектері мен кемшіліктерін айтып қана қоймай, батырлықты, ел- жер тарихы мен туған жерінің әсемдігін айтыстарында ақжарыла жырлайды. моңғолия қазақтары айтыстарының кітапқа енген негізгі нұсқалары белгілі ақын молдахан есікбайұлының кітабынан алын- ды.

 Ақын молдахан есікбайұлы «1958 жылдары бірнеше той мере- кеде айтыс өткізілді», -дей келе, «жалпы Қазақстанда айтыс XIX ғасырдың ортасында қағазға түсіріле бастаған болса, моңғолия қазақтарында 1950 жылдары баспа бетінде жарық көрді. ілгергі ақындар - тауданбек, төлебай, отарбайлардың жалғасы ретінде көненің соңы, жаңаның басы болып Ақтан, Шәмел, оңашыбай, сейіт, Бұрқасын, Әдепбай, тірнекей, сахаба, Байғалым, үмітхан, молдахан, мамық, егеухан, Кәмей, Күлтан, тоқтаған, зура, тоқтамұрат, Казира, мұрат, талғат, Бейбітхан, нұртай, мұхаметжан, Қабдыжәлел, сағира, сүйеніш секілді толқын-толқын ақындардың легі сахна төріне шықты. Әр жылдарда осы өңірде ұлттық айтыс ұйымдастырып, төрешілік жасап, айтыс және оның келешегі тура- лы, жастарды тәрбиелеу хақында Қ.Қабидаш, Ж.Кәкей, А.Қауия, р.Шынай, з.рысбек, Б.Қызай қатарлы азаматтардың қосқан үлесі, жазған-сызғандары айтыс өнері тарихында өшпес парақтар болып қалды», - деп жазады қарт ақын өз кітабында.

 1950 жылдардың ортасында моңғолия жазушылар одағының бөлімшесі ретінде орнаған Қазақ жазушылар ұйымы мен оның жанынан құрылған «мұрагер» ансамблі айтыс өнерін 1980 жыл- дары жаңа белеске көтерді. Ал, 1990 жылдардан бастап моңғолия жерінде айтыс өнері ерекше мазмұнға ие бола бастады. Бұған Қазақстаннның тәуелсіз мемлекет атануы мен қандастарымыздың ата мекенге көш түзеуі әсер етті десек қателеспейміз. сонымен бірге, осы жылдардан кейін жергілікті қазақтар өз ата-бабаларының ерлігі мен ерекшелігін танып білуде рухтарына тағзым етіп, аймаққа ұласқан ұлан-ғайыр жиын-той жасалып, зерттеулер жүргізілді. ол туралы ақын молдахан есікбайұлы естелігінде былай дейді: «мы- салы, қазақтар арасында соңғы ғасырдың ішінде алғашқысы болып 1993 жылы Шұбарайғыр рулы Қожаберген батыр Жәнібекұлының рухын құрметтеп ұрпақтарының бастамасымен, аймақ, сұмынның қолдауымен берілген ас-тойынан бастап Көбеш, Жылқышы, Ақыт, зуқа, Көрінбай батырларға ас беріліп, аймақ жұртын қамтыған ша- ралар өткізілді. осы астардың ең бір көрнекті бәйгесі ақындар айты- сы болып, ақындарымыздың шын талантын сынаған аламан жарыс

ретінде өтті. сонымен қатар үкіметтік, аймақ, сұмындық мереке- лерде, Қазақстан, Қытай елінде, Қош-Ағаш ауданында, көршілес аймақтарда болған әлденеше реткі айтыс сайыстарында біздің ақындар, әсіресе жастар өз талант тегеуіндерін танытып жүлде алып жүрді», – дейді.

 өзбекстан республикасы аумағында тұратын қандастар ара- сында да айтыс өнері айрықша құрметтеледі. Бір ерекшелігі сол – Қытай және моңғолия мемлекеттерімен салыстырғанда, өзбекстан жерінде тұратын қазақ ақындарының атажұрттағы ақындармен бай- ланысы жақсы жолға қойылған. Бұған тегі бір, діні бір, тілі жақын туыстас өзбек пен қазақ халқы арасындағы жақындық та әсер етпей қалған жоқ. сондықтан антологияға ұсынылған айтыстардың ішінде өзбекстан мен Қазақстан ақындарының айтыстарын енгізіп отыр- мыз.

 Қорыта айтқанда шекара шетіндегі қазақ әдебиеті ұлттық мұрамыздың ажырамас бөлігі. ұлт мәдениеті біртұтас. сондықтан шет елдердегі қазақ айтысы деп атаудың өзі шартты екенін ескертеміз. Бұл айтыс үлгілері қазақ әдебиеті қорын молайтады деген ойдамыз.

 Базаралы Мүптекеев, Өнертану ғылымдарының кандидаты

 ҚыТАйдАҒы ҚАзАҚ АйТысТАРы

ЖҮсіПБеКҚОЖА Мен УӘзИПА

Жүсіпбекқожа:

Әуелі сөз бастайын құдайым деп, Құдайды айтпай нені айтам күнәйім көп. Жылқыдан ақсары атты ұстап міндім, нағашымда сауық-сайран құрайын деп.

Алла деп жолға шықтым, жүріп кеттім, Арада неше қабат таудан өттім.

түскен елдің бәріне сауық құрып, Бес қонып алтыншы күн әрең жеттім.

сауықпен араладым бір ай жүріп, Қасымда боз балалар ойнап күліп. Ауылына нағашымның түстік жерде, той жасапты бір қызға жыртыс келіп.

Жиылып тойға жүрді жанның бәрі, маған да жүр деп келді жақындары. ел сонда Шүкей1 қызды аңыз қылып, менімен айтысуға мақұлданды.

уәзипа қыздың аты Шүкей молда, деседі айтысасың барсаң сонда. Қыз болса айтысатын барайын деп, мен дағы атқа мініп шықтым жолға.

маған бір ерттеп берді жорға керді, Жігіттер отыз шама қасыма ерді. оны әлі ешбір адам жеңген жоқ деп,

Шуылдап Шүкей қызды мақтай берді.

сәскеде жүріп, түсте тойға келдік, мінгендей құранды ер шаба желдік. нағашым мақтанысып дүрілдетіп,

«тойыңа ақын жиен алып келдік».

тойына ат шаптырып, көкпар тартты, Әкеліп Қожа екеңе той басқартты.

1Шүкей қыздың жанама аты.

үстіме той басқарар шапан жауып, Құдайым сүйтіп ашты біздің бақты. Жиеннің әңгімесін тыңдаймыз деп, мен білмейтін бір үйді тазалапты.

ол үйге ертіп келді мені бәрі, отырды сый-сыйпатты жаспен кәрі. сөзінің қайран қалдым кірін таппай, Жиен жан бір азырақ сөйлеші деп, ұнапты әміріне баршалары.

ұнадым әміріне қосылғандай, Қалмады келген адам құлақ салмай. Келді деп Шүкей молда сөйле десті, есікті ашты, біз үйде отырғанда-ай.

Шүкей қыз амандаса үйге кірді, үлкен-кіші түрегеп орын берді. Жайғасып, абыр-сабыр басылғандай, Жанына Қожекең де отырды енді.

Аққудай таранып қыз отыр қарап, Бұрылмастан өзіме жауап сұрап. Қаншалық, не болса да көремін деп, Жауапқа жауап беріп тұрдым сынап.

Уәзипа:

Қазақтың бір қаласы, бай қаласы, толысқан жылдан-жылға айналасы. отырған домбыра алып жалғыз қақсап, сұрайын қайсы рудың қай баласы.

Жүсіпбекқожа:

Шайқыислам әкем аты, мен Жүсіпбек, Бұл елді іздеп келдім, нағашым ед. сәулетті пайғамбардың нәсіліндей, сан қызды жүруші едім баса көктеп.

Уәзипа:

Қалбаның ауылым қонған аржағында, отырмыз бие байлап шалғынына.

Жамағат құлақ салып тыңдап қалшы, Қалайын аз сөйлесіп жарқыныма.

Жүсіпбекқожа:

Қалбаның ауылым қонған бұлағына, Жарасар жібектен жіп тұмағыма. өлеңді өзге жігіт қоя тұршы, Қалайын аз сөйлесіп шырағыма.

Уәзипа:

Басы еді өлеңімнің алдайынан,

Күн шығар өрге жүрсең маңдайыңнан. Қарасам сипатыңа сейпіл-мәлік, Бейіштің жаратылдың қандайынан.

Жүсіпбекқожа:

сыртың сұлу, сипатың ақ мамықтай, Көргенде ақ жүзіңді мейірім қанды-ай. Көзіме бір бөлекше көрінесің, Басында Қап тауының жанар құстай.

Уәзипа:

Басы еді өлеңімнің асылым-ай, Жарасқан асыл тасқа жасылым-ай. Қарасам сипатыңа таңғаларлық, ұқсайды нұр жігітке нәсілің -ай.

Жүсіпбекқожа:

Болғанда көзің гауһар, тісің меруерт, Шүкей қыз жақсы болсаң сертіңе жет. Бейіштің қор қызындай көрінесің,

Бұл жүрген адам сізден қылмас па үміт.

Уәзипа:

Басы еді өлеңімнің алтын тақтай, Көзіме көрінесіз асыл заттай.

Жаһаннан сіз сияқты жан көрмедім, мен сізді бағаладым перизатқа-ай.

Жүсіпбекқожа:

саусағың ақ жамбының күмісіндей, нағызың шын жұпардың иісіндей. есіктен жарқ-жұрқ етіп кіріп келдің, Бейіште хор қызының жүрісіндей.

Уәзипа:

Болғанда нұрлы алтын мойыныңыз, ұжмақта жылы судай қойыныңыз. Бейіште не бар, не жоқ біле алмаймыз, ұқсайды нұр жігітке порымыңыз.

Жүсіпбекқожа:

Кигенім іші торғын жәкей тымақ, Аман жүр қайда жүрсең біздің шырақ. сырты ұзын қауырсын алтын болмақ, нәсілің тірі жаннан артық бірақ.

Уәзипа:

Басы еді өлеңімнің айдай он бес, Бағасы тірі жанның сізге жетпес. үстіңде қыл қарадан асыл бешпет, Бір кезін жүйрік жорға атқа бермес.

Жүсіпбекқожа:

Шашыңа қойғандайсың алтын сүртіп, тұрады кей жаманнан денем үркіп.

Жаныңда жүз теңгелік иісті май, сауап болсын жіберші бізге бүркіп.

Уәзипа:

Аузыңда отыз тісің меруерттей, Шыққан сөз лебізіңнен жанған оттай. неше жыл ғашық болып, әрең жеттім, мысалы, зілиқа мен нүсіпбектей.

Жүсіпбекқожа:

сары алтын екі қолың он саусағың, Болғанда тісің алтын, гауһар жағың.

нәсілің он періден жаралыпты, Күлсеңіз күндей жайнап түсер сағым.

Қатарлап үй салдырдым күміс әйнек, секілді Бағдаттағы гауһар терек.

Кілтіндей ақ сандықтың үш бұралған, өзіңмен ойнап күліп жүрсе керек.

Уәзипа:

мінгенім дәйім менің ал қара көк, Бәйгеге күнде қостым келе ме деп. өлеңді құры мақтап кім айтпайды, Бір құдайдан өзге сөз неге керек.

Жүсіпбекқожа:

Қой дейсің, олай айтып бұлайымды, Жеңерсің ғарып болсаң жұбайыңды. Ақ сөзі пайғамбардың шәриғаты, Айта ғой, өзің бастап құдайыңды.

Уәзипа:

Бұл сөзді жақсы айтасың қожа бала, Қарасам ақылың артық, сөзің дана. Көсілген көмекейің ақын дейді, Әуелі не жаратты Алла тағала.

Жүсіпбекқожа:

Болғанда білім менен ақыл теңіз, Біле алмасақ мұндайды адам неміз. Алдымен нұрды бұрын жаратыпты, сабақ берген молдадан естігенбіз.

Уәзипа:

Жаратқан бәрімізді құдай деймін, Жеңілсем тегі сізден үндемеймін. Айтайын және бір сөз сізге қожа, Құдайым не жаратқан нұрдан кейін.

Жүсіпбекқожа:

уәзипа жан екенсің асыл текті-ай, Ақын боп қандай адам сенен өтті-ай.

нұрынан мұхамедтің мың жыл кейін, Паруар жаратыпты жер мен көкті-ай.

Уәзипа:

Құдайым әр пендеге дәулет берген,

Кей жандар өле-өлгенше бейнет көрген. Айтайын және бір сөз сізге қожа,

Кім екен адамзаттан бұрын өлген.

Жүсіпбекқожа:

Әңгімем айта берсем толып жатыр, лебізің алуан шекер балдай татыр. Әуелі адамзатта бұрын өлген, Адам ата перзенті Әбіл батыр.

Уәзипа:

Әлің келсе меккеге қылсаң тауап, Болады ақыретте жанға сауап.

Көсілген көмекейің ақын болсаң, дүниеде неше жұп бар берші жауап.

Жүсіпбекқожа;

уәзипа жүдеу сөздер көңілге құп, сымбаттап сарт-саудагер артады жүк. Біреумен осы күнде өзің де егіз,

Бір құдайдан басқаның бәрі де жұп.

Уәзипа:

Айтысып сырын алдым талай елдің, солардан мен өзіңді дана көрдім. нақ қожа екеніңді білейінші,

Кілті не болады екен аспан-жердің.

Жүсіпбекқожа:

тоймайды ішсем қарным қант пен шәйға, мұсылман пенде кіреді бейіш жайға.

Би ақын сен білмесең мен айтайын, Кілті аспан жердің келима–таһиима.

Уәзипа:

Әуелі төрт пайғамбар тірі кеткен, солардың біреуінен біреуі өткен. Аттарын төртеуінің айтып берші, Әбден-ақ молда болсаң оқып жеткен.

Жүсіпбекқожа:

иса мен иманмәди көкке шыққан, Шәһза күрескеннің бәрін жыққан. ел аралап Қызыр мен ілияс жүр, Күзетіп бақ байларды ескі жұрттан.

Уәзипа:

сөзімді қор қылмаймын әлде кімге, Құмарым айтыспаққа өзіңізде.

Көсілген көмекейің ақын болсаң, дүниені жаратыпты неше күнде.

Жүсіпбекқожа:

Құдайым жанды өзіне қаратыпты, Баршасын құдыретпен таратыпты. Әлемді он сегіз мың, патша құдай, Асықпай жеті күнде жаратыпты.

Уәзипа:

сөзімнің бірі кейін, бірі ілгері, Көшкенде жетелеймін боз інгенді. Жаратқан бұл әлемді патша құдай, Бастаған қайсы күні бұл дүниені.

Жүсіпбекқожа:

мен сені ақын дермін жеңсең бүгін, Жаратқан пендеңіздің кешсең мінін. Би ақын сен білмесең мен айтайын, Бастаған бұл дүниені жексенбі күн.

Уәзипа:

Аспанда жұлдыз бен күн, ай да болар, Жаныңа он екі иман пайда болар.

Алдыңа ақын болсаң сала айтайын, тұрағы бір Алланың қайда болар.

Жүсіпбекқожа:

емес пе, Алла деген жаратқан күш, мұнымен жеңе алмайсың, жөніңе түс. Бір құдай төбеде емес, төменде емес, мұхаммед үмбетінің көңіліндегі іс.

Уәзипа:

Ауылымның ақсақалы болған бұлан, Күн көрер аяғы жоқ қайтіп жылан. Алдыңа ақын болсаң сала айтайын, түсіпті жерге аспаннан неше Құран.

Жүсіпбекқожа:

Ауылдың ақсақалы болған бұлан, Күн көрер аяғы жоқ қайтіп жылан. Би ақын сен білмесең мен айтайын,

түсіпті жерге аспаннан жүз төрт Құран.

Уәзипа:

Әуеде бір жұлдыз бар жылыстаған, елге басшы болады ту ұстаған.

Алдыңа ақын болсаң сала айтайын, сүйегін пайғамбардың кім ұстаған.

Жүсіпбекқожа:

сүйегін омар ұстап, оспан жуған, Әубәкір Құман менен суын құйған. Алла артық жаратқан Әзіретәлі, тұсында иман айтып қарап тұрған.

Уәзипа:

Қашады қызыл түлкі қызыл құмнан, түседі қыс болғанда қалың тұман. Алдыңа ақын болсаң сала айтайын, Келеді он екі айда қанша жұмаң.

Жүсіпбекқожа:

Болады су аяғы құрдым теңіз, Жігіттер жаратқаным Алла деңіз. Ақыным, сен білмесең мен айтайын, Жұмасы он екі айдың қырық сегіз.

Уәзипа:

намазды бір күнде бес оқимыз, Бесінді ерте, құптанды кеш оқимыз. Ақын болсаң алдыңа сала айтайын, он екі айда намазды неше оқимыз.

Жүсіпбекқожа:

Бола ма былтырғыдай биылғы күз, уәзипа жеңе алмайсың күдеріңді үз. Би ақын сен білмесең мен айтайын, оқимыз он екі айда мың сегіз жүз.

Уәзипа:

Ат қайда бәйге көктей жылыстаған, Болады елге басшы ту ұстаған.

Көсілген көмекейің ақын болсаң, Құранды әуел баста кім ұстаған.

Жүсіпбекқожа:

Әлі мен Бәтиманы құдай қосқан,

не демес аңдып жүрген жаман дұшпан. Ақыным сен білмесең мен айтайын, ұстаған құранды алғаш Әзірет оспан.

Уәзипа:

Қол жайып қожа берер көп батасын, Пенденің кешір Алла көп қатасын. Көсілген көмекейің ақын болсаң, Айтып бер пайғамбардың төрт атасын.

Жүсіпбекқожа:

Құдайым берсін бақ пен таудай талап, отырмын бір өзіңді мыңға балап.

Әбдолла, Әбдіһашім, Әбдімүтәліп, Болады ең арысы Әбдіманап.

Уәзипа:

Біреу жалғыз болғанда екі егіз, Көзде жоқ, көкіректе нәрсе сегіз. Әр жерде әрбірінің орыны бар, Ақыным мұны тапсаң әлім дерміз.

Жүсіпбекқожа:

Бір жалғыз дегенің жаппар құдай, екеуі егіз дегенің күн менен ай.

Көзде жоқ көкіректе сегіз деген, Болады сегіз бейіш жәннат сарай.

Уәзипа:

Қонысын тауып қонған ел болады, Бұлақтың құйған жері көл болады. Алдыңа ақын болсаң сала айтайын, Жәндіктің ең үлкені не болады.

Жүсіпбекқожа:

Жандыда балық үлкен, қамыс жуан, Болады мұнан ары қандай хайуан. сұрауың неге сенің таусылмайды, Айта бер айтарыңды ойлап тұрған.

Уәзипа:

зерделі бала екенсің әбден білдім, Бізге қарап жымыңдап неге күлдің. Жас тұрып қарт айтатын сөзді айтасың, Балықтың үлкендігін қайдан білдің.

Жүсіпбекқожа:

Бізден бұрын ұлықпан хәкім өткен, сүйегін пайғамбардың нұрдан еткен. Кең өріс, балықтың бас, аяғы емес, үш жылда ортасына әрең жеткен.

Уәзипа:

Айтысып өлеңменен дүкен құрдым, Жымыңдап не себептен неге күлдің. Байқасам өзіңнен де сөзің үлкен, Қамыстың жуандығын қайдан білдің.

Жүсіпбекқожа:

Бізден бұрын ұлықпан хәкім өткен, сүйегін пайғамбардың нұрдан еткен.

Қамыстың жуандығын естуші едім, Қуысынан әуелі ел көшіп өткен.

Уәзипа:

Қырық кез, қарағай сандық, сары балық, Қожа аттанса жолына салар салық.

Алдыңа ақын болсаң сала айтайын, Бар екен су түбінде қанша балық.

Жүсіпбекқожа:

Қолында молдалардың құран кітап, Қалады су құрыса балық жұтап.

Би ақын сен білмесең мен айтайын, Бар екен суда балық он екі тап.

Уәзипа:

Қырық кез, қарағай сандық, сары балық, Қожа аттанса жолына салар салық.

Бұл сөзді тіпті өтірік айтқаның ба? Айтып бер он екісі қайсы балық.

Жүсіпбекқожа:

Балықтың біріншісі наһан балық, Жел соқса үй тірейсің бақанды алып. Ақын қыз тыңдап отыр жауабымды, Алдыңа балықтарды қатарладық.

Балықтың екіншісі жайын екен, Бір жұрты ер жігіттің қайын екен. намазды бес уақыт өтеп барсаң, Алдыңа сегіз бейіш дайын екен.

Балықтың үшіншісі бүрке болар, Балық пен бақа тілі бірге болар. ендігінің қызының бәрі молда, Бұл ұжмақ алақандай кімге болар.

Балықтың төртіншісі құртқа балық, Құртқа балық екені жұртқа анық.

Балықтың еті тәтті, сорпасы ыстық, Аузың күйіп қалмасын ұрттап алып.

Балықтың бесіншісі бақа балық, Басында айдары бар сақа балық. Бақа мен балық енші бөліскенде, Алыпты көлді таңдап бақа барып.

Балықтың алтыншысы қара балық, Жүзеді су түбінде дараланып.

Балықты су түбінен мен ұстайын, үйіңе көтеріп кет санап алып.

Балықтың жетіншісі сазан балық, ұстадық жүгіре көр қазанды алып. түгендеп балықтарды көрсетпесем, Ақын қыз қояр емес мазамды алып.

Балықтың сегізіншісі шортан балық, Қонады түйелі бай сортаңды алып. Алпыс қой, қырық жылқы санап беріп, Ақ төсіңнің үстінде жортаңдалық.

Балықтың тоғызыншысы қабан балық, Жүрмейді су түбінде шабан балық.

Қарасаң бауырында аяғы жоқ, Жануарды біз қайтіп жамандалық.

Балықтың оныншысы ақ қайранды, Жылқы түскен қара су лайланды.

Жан алғыш Әзірейіл жетіп келсе, сайраған көмекей мен тіл байланды.

Балықтың он біріншісі ит балық-ты, Атына ит балықтың жұрт қанық - ты. топан су жер жүзінен тартылғанда, Жыбырлап жер бетінде құрт қалыпты.

Балықтың ең кішісі шабақ екен, Жылқыны тез өсірген жабағы екен.

мысалдап дүниені қарағанда, ұшқан құс, жүгірген аң тамақ екен.

Уәзипа:

Басы еді өлеңімнің ақ тайын да, мен де сізді азырақ мақтайын да. Алдыңа ақын болсаң сала айтайын, Кім отырар бейіштің тақтайында.

Жүсіпбекқожа:

менде сізді азырақ мақтайын да, мақтаған соң азырақ жақтайын да. Ақын қыз сен білмесең мен айтайын, отырар иманды құл тақтайында.

Уәзипа:

Байқадым бала екенсің ақылың бар, сырласып сыр айтпайды пейілі тар. Бұрынғы уақыттарда өтіп кеткен, Барлығы қанша екен пайғамбарлар.

Жүсіпбекқожа:

сұрадың пайғамбардың санын бізден, Кім екен соның бәрін хатқа тізген.

Жүз жиырма төрт пайғамбар деп айтады, Жауапты біз сұраймыз енді сізден.

Уәзипа:

ішінде әптиектің ти болады, заманың жылдан жылға гүл болады. Болайын әбден сұрап тақсыр қожа, солардың ең абзалы кім болады.

Жүсіпбекқожа:

солардың ең абзалы мұхаммедім, Анадан туғаннан соң қалған жетім. Ақ еділ адам, нұрлы ыбырайым, солардың шариғатында бар үмбетің.

Уәзипа:

Әуелі біреу жалғыз, екеу егіз, Көрдім жоқ, төңіректе бар нәрсеңіз.

Әр жерде әр қайсысының бір орны бар, Бір нәрсе сырты артық, іші семіз.

еш адам бұл жұмбақты тапқан емес, тапқанның ақылы артық ұшан теңіз.

Жүсіпбекқожа:

дегенің біреу жалғыз жаппар құдай, дегенің екеу егіз күн менен ай. сырты арық іші семіз дегеніңіз, Білімің, шариғат пен иманың-ай.

Уәзипа:

Атыңды жекпе-жекке бастыр молда, Атыңды, атағыңды асыр молда.

Адамзат оқыса да, тоқымаған, сұрайын не деп сұрау тақсыр молда.

Жүсіпбекқожа:

Бәйгеде ат қиналса болады тез, терлеген бәйге еңбегін қылмаңыз сел. Көзінше жамағаттың айтысып ең, Ақын қыз жеңілсеңіз бәйгемді бер.

Уәзипа:

өлеңге шыға салдың жүйрік аттай, сұрауға отыр едің бұрын батпай. Бір сөзді бәйге деген айта салдың, сөзіңе қалғаным жоқ жауап таппай.

Жүсіпбекқожа:

Жарайды, жауап тапсаң мен разы, Болғанда таңда мақшар, тәңірім қазы. дініңді айтып берші, қай діндесің, Білімің мағлұм болсын көп разы.

Уәзипа:

мен өзім дінім іслам мұсылманмын, Жасымнан аққа мойын ұсынғанмын.

мен сіздей оқып жеткен молда емеспін, сондықтан сауалыңа қысыламын.

Жүсіпбекқожа:

Қырық кез қарағай садақ тал беліңде, Барма еді мендей ақын елдеріңде. төрт бұлақ көзден шығып ағып жатыр, Жетпіс ақ, қырық қара су бір жерінде. сұрауды тәуір қойдың бәрін шештім, Бұл сұрау қалай болды енді өзіңе.

Уәзипа:

Болды ма көкірек ауыру көне алмадым, тең басып аяғымды жүре алмадым. өзің айтып жауабын шешіп берші, мәнісін сұрауыңның біле алмадым.

Жүсіпбекқожа:

Жақсы ғой білмегенге біл дегенім, тағы да білмеді деп міндемеймін. Алдымнан ат бастаған тоғыз жүргіз, Бұдан артық бәйгені бер демеймін.

Уәзипа:

молдеке мініп келдің дөненіңді, Көрсеттің біздің елге өнеріңді. Аласың бәйгең болса асықпай тұр, Жұмбақтан басқа айтшы өлеңіңді.

Жүсіпбекқожа:

Бір ноғай ауылыңда жаздай жатқан, Жаздай жатып ауылыңа мата сатқан. Жұмбақты пысықсынып айтып едің, Қаштың ба ақырында құдай атқан.

Уәзипа:

Қонғаны ауылымның қызыл шілік, түйенің бір ажалы ала күлік.

Басыңа шыт тартып ап ұялмастан, отырсың әлде неден үміт қылып.

Жүсіпбекқожа:

Қонғаны ауылымның қызыл шілік, Болғанда сіз бойжеткен, біз бір жігіт. Келсе де сексен бойдақ қайтармаған, Бәйгеден келіп тұрған сіз бір жүйрік.

Уәзипа:

Қонғаны ауылымның қызыл шілік, салғаны қазаныма жалғыз жілік. Жілікті екеу ара бөліп желік, Жүрелік ұзағанша ойнап-күліп.

Жүсіпбекқожа:

Қонғаны ауылымның қызыл шілік, Болғанда біздер жігіт, сіздер мүлік. Кей қызға төсім тиіп қайырушы ем, салмасын шешең біліп, бүліншілік.

өлеңім ағайынды, абысынды, Қамшымның сазға тастап сабы сынды. Аруағы ата-бабам жар болғанда, ешкімге жібермедім намысымды.

ӘсеТ Пен КӘРіБАй

Әуелі сиынайын патша құдай, Шайтанның шариғаттан жолы былай. Жерінде тоқты сойған, түнеме еткен, Бұлбұлы Жолымбеттің мен Кәрібай.

табылмас жігітке ақыл жан сасқанда, нағыздың сабыры жерде, кілті аспанда. Бір кісі Қожағұлдан опат болып,

Бас қосқан орыс, қытай жиынында.

Жігітке оңай емес дүние қумақ, нарқы бар осы сөздің талай тармақ.

ту алып, тұлпар мінген консул Қалдай, тар есік күндер болды екіталай.

ие боп екі жұртты бөліп алды, сүлеймен, даулы болып ер Жалбағай. Шығысып екі ханнан алпыс шерік, Құрысып патшалығын тартып керней.

Жүз кісі тәуекел деп түстік жолға, Кейі аяң, кейі мінген толық жорға. Бас қосып төрт үкірдай, елу болыс, ұстады екеумізді қолдан-қолға. найманның шарықтаған қыраны едім, Байқаусыз түсе жаздым жайған торға. Алаштың әлі бетім бейне алмастай, Құдайым, не сапардың артын оңда!

мұрынның ақсақалы Бөкенші нар, Билеуші тілепалды, Жапабай бар. Асылбек, Қыдырмолда, би Бексұлтан, омары Шерекеңнің өңшең дегдар.

сөйледім тыңдаушының қалағанын, Қалауға қасиет қой жарағаным.

Қырық сан, қырым топтан бәйге әпер деп, Құрышпен төлегетай тағаладым.

Әсетпен руы Арғын сөз сөйлестім, Әр істің тыңдап едік даналарын.

Жаратқан арсы-гүрсі лаухыл ғалам, Болмайды бұл сөз әлі түгел тамам. Бал тамған бармағынан ер еді деп, Келдім де сүлейменге бердім салам.

сүлеймен Қабанбайдың баласы еді, сауыттың оқ тимеген жағасы еді. мыңнан жүйрік мінгізген жүкті бояқ, сол ердің жолдастығы рас еді.

сүлеймен саламнан соң сөгіп кетті, Көрмеді бұрынғыдай, сыртқа тепті.

«ерім өліп, ертісім бұзылғанда,

Кәрібай, көңіл айтпай, саған нетті? Ақылын төре, қара жамап бер!» – деп, Әкеліп бір домбыра жарлық етті.

Әуел деп бір домбыра қылды әмір, Қоймады ән салмасқа сүкем сабыр. ішімнен хаққа жылап тәуекел деп, Жағынан күннің шығыс қылдым дауыл. Ащы айғай кейбір үйде тозаң болып, Жиналып мың жарым қол болды кәміл.

«Бір алла таразыңды тайғызба!» – деп, Әмин деп қол көтерді аға, бауыр.

Шақырдым Қабанбайдың әруағын, Жерді ойған төлегетай ер салмағын. отырған сиаз үйде он екі би, Кіргіздім ата салтпен сөз ырғағын. ерлігін сүлейменнің көл деп айттым,

тербетпес талайлардың жай қармағын. ту алып, тұлпар мінген ер Қабанбай, Бір күнде қырық қолдың жолын ашқан. ту алып, тұлпар мінген Әбілпейіз оралып мұсылманға жарлық шашқан. Артынан хан Қамбардың ер Ботабай, Жүргізген ғаділдігін әр тарапқа. сүлеке, ашуды қой, түс сабырға,

ісіңді бергеннен соң шариғатқа. Бөкенші, мамырбекпен және он би бар, мал кеспей тастамайды ысырапқа.

Бұл дүние, ойлап тұрсам, қапыл еді, Құдайға құлшылықтар мақұл еді. сымпиып сұр жыландай Әсет келді, сөз жайлап осылайша жатыр еді.

іләмпік іші-тысы құндыз бөрік, өзіне өзі келді сәулет беріп.

Жиылған Керей, найман ғашықланды, Жүйрігі екі арыстың душар келіп.

сол жерде Әсетті сүлеймен сөгіп кетті,

«сен дағы ән сал жұрт шама!» - деп әмір етті. о дағы әзір жауап бейбоз екен,

Қиқулап қоңыр қаздай сөйлеп кетті.

Ән салды буырқанып Әсет ақын, Байқаған оқып-шоқып сөздің нарқын. төрт ұлын төлегетайдың түгел айтты, Жатқа да алған екен елдің шарқын,— осындай екі жүйрік жарысқан соң, Қалың ел басып кетті қара барқын.

Бір жазым сөзден оқыс бола ма деп, Бойсырап көп толғанды біздің алқым.

Бір нәубет Әсет сөйлеп маған берді, сол сөзді Керей, найман көзбен көрді. сөзінің басы мақтау, соңы кекеу, ішінен нығай мені сөз сөйледі.

сүлеке, сіз найманда мазалысыз, түседі жатты көрсе, ажарыңыз. ғайыптан қазына сөзді түгел жидым, Жетсе де бүгін жаудан ажалымыз.

тыңдады екі патша ел көзбен көріп, Болмайды шіркін дүние жанға серік. Әсет сонда домбырасын жұлып алды, Әлгі ажал деген сөзді бөгде көріп.

Ән салды екінші Әсет шығанақтап, Кәрібайды жамандады, өзін мақтап. Аттың, құстың асылын өзі қылды, Қарғаны кетейін деп жерге таптап. түк қоймай асты-үстімді айналдырды, ісмердің балғасындай мыс қып қақтап.

енді ел білді Әсетпен айтыстарды, Жанжал қып, жағаласып тартысарды. өзінен ширек кемге өлшеген соң, Бұл сөзге Қаракерей намыстанды.

іздеді біреу шауып бір ағашты, минутта алып келді қу ағашты. ішімнен хаққа жылап, тәуекел деп, дауластым жүдетпен деп қарындасты.

тыңдады сөкпей, соқпай қытай, орыс, Жайсаң, Күршім, лепсі ояз, семей облыс.

«Кәрібай, қара басып отыр ма?» – деп, Ақ найман түртіп қалды Кәлім болыс.

Айтыс, - деді, - мына Әсетпен арыс салып, отырсың неге тойпаң шалыстанып?

Шабандамай, Арғынның керегін бер, сөзіңнің артық, кемін қарысталық. осындай хан, халайық дулаған соң, Қайткенше екі жүйрік жарыспалық.

Әсет:

мұсылман қайтарған жоқ тауанымды, дағды алған көрсетейін амалымды.

Кәлім түртіп, бар найман шулай қалдың, Көрсетші маған қойған зауалыңды!

Билеуші, сен отырма шағыстырып, менімен бір байқарсың жарыстырып. Қаңтарда қалшылдаған қарт бурамын, Байқарсың жас тайлағың алыстырып. ілейін қыран құстай аш өкпеңнен,

Бар найман жер шұқырсың намыс қылып.

Қой болмас қорыққанмен кекесінің, Бір зорлық көрсетейін сөз есімін. ербеңдеп иығыма шыға қалдың, үйреткен өзім тәлім текешігім.

Кәрібай:

сонда мен ләбіз қылдым а құдайлап, Шақырдым екі ұранды Боранбайлап. түйіліп бұл қашқынды бір ілейін, тас түлек ақиықша көзім жайнап.

найманның екі жүзді наркескені, Желкеңді қидырғалы жүрген қайрап. Боқ-жының араласқан бәкене құл, Қаласың ат астында сорың қайнап.

Арғынның қаңғырғаны талай келген, Біреуі осы Әсет қой көзің көрген. найманға кеп бүтіндеп кебенегін, таңлақсыз жалғыз жүйрік менмін деген.

мың қойды өткіз судан, серке болсаң, Былпылдақ мың кісілік көрпе болсаң. Қазы шайнап, қаз мойынды сұлу жайлап, өз еліңде жүрсең нетті ерке болсаң?

Әсет:

Әуелі мені қолда, бар жалғыз хақ! екінші сиынамын, жақсы аруақ! Алмаған сөзден бәйге сабырбайдың, Жеңіпті өмірінше біздің Жанақ.

не қарға, не ителгі ілінерсің, Қаларсың сен де сондай жерге қарап.

Кәрібай:

Бұл сөзге куә емес пе Арғын, найман, Жеңілген сол Жанағың нұрлыбайдан. Бас қосса жеті болыс ер тана бар, Жеңілген орынбайың Кеншімбайдан. Алмаған сөзден бәйге бәдік мұндар, Бейшара, бейнет қуып жүрсің қайдан? Бір ауыз ән салғанға мақтанасың, Жігітке абырой бермек іс құдайдан.

Әсет:

Алаштың жігін бөлген сара бейбақ, Біржаннан о да көрді талай зардап. не шабақ, не бір шортан ілінерсің, Жазылды сенен қашан біздің қармақ?

Кәрібай:

ол сара бейбақ емес, анық саңлақ, Бетіне бар Арғынның салған таңлақ. Қаңғып келген Біржанды итше көріп, Әлі сенен кеткен жоқ өткен зардап. сараның жауабының міні бар ма, Айтпапты қарағайды талға жалғап.

Әсет:

делбе ақын ұран салып ел мақтайды, үйірін байсалды айғыр ат жақтайды. Қолыңды көрінгенге тарбайтасың, Көтеріп иығыңа қу тақтайды.

Кәрібай:

Қай жігіт ат қинамас пайдасына, Алланың ырыздығын алмасына. Бетіме қу тақтай деп қылдың салық, Әкеңнің қолыңдағы найзасы ма?

Әсет:

Арғынның алшаңдаймын еліменен, Шыңғыстың ат жүздірдім көліменен. ей, Кәрібай, аужайыңды байқап сөйле, Қой жолдас болмайтұғын бөріменен.

Кәрібай:

найманның сөзін тыңда, сөз орайын, Жаратқан шопанды артық бар құдайым. Шопанның қасиетін көрсетейін, Құланның айғырындай қаңғыртайын, Қасқыр болсаң, қанжығада көрісерсің, ит қосып тірсегіңді қидырайын.

Әсет:

Кәрібай, ұзын қандай, шолақ қандай? Қадірлі ғазиз үйіңе қонақ қандай? сиқымсыз, порымсыз боп қайдан келдің, Жапанда жалғыз жауға тонатқандай?

Кәрібай:

Бар байлық, баршылық – бәрі байлық, Байлайды ердің қолын шіркін жарлық. серілік, әумесерлік неңді алып ед,

Жоқ болса үйде қажет нан мен шайлық? Қаңғып жүріп айтысу неңді алып ед, Басыңда баспанаң жоқ бір қонарлық.

Әсет:

туысы, тұрғысы бір, заманы бір, тұлпардың бағы өлшеулі тауаны бір, ұлы жүз менің теңім үйсін еді,

Кез келмей өз теңіне құрбысы жүр. сөзімді өңменіңнен өткізейін, Жауапқа, жас тайлағым, сен дайын тұр!

Кәрібай:

менің де атағым бар, аруағым бар, Көрген жан дабысыма құлақ салар. Кем емес әлгі үйсіннен тәрбиесі, Арғы атам ер Жолымбет ілді назар. Байқарсың мен найманның алтын тезі, Бұзықты шегеге ұрып жөнге салар.

Әсет:

Шығады Арғынға ұран Қарқабаттан, Кәрібай, сөйлемейсің парасаттан.

Болғанда найман жалғыз, Арғын тоғыз, сол күннен кемшін едің тізе қаққан.

Әрдайым айтқан сөздің өлшеуі бар, еп болар артық сөзден ауыз тартқан.

Кәрібай:

Шығады найманға ұран Қабанбайдан, Жолымбет оң қанатын мыңға жайған. Көшкенде тоқсан нарға жүгі сыймай, озбаған қазақ халқы Бұланбайдан. мүлгіген жүз жаяуға ат мінгізіп, ішінен оза алмаған Арғын-найман.

затының қомағайлық құлдығымен, Жеңілген тіленші ағаң Кегенбайдан. Бөліссе, тоқсан ауыл жоқтамайды, Қай Арғын басқа өсімді тоқабайдан? Бір ауыз ән салғанға мақтанасың, Жігітке абырой бермек іс құдайдан.

Әсет:

есеп қыл Арғын бай ма, найман бай ма, Бақ-мүлкі бар найманның Арғындай ма? тоғыз қос, тоқсан қапқа обороты,

Қай байың өлшеседі, Шорман байға? Баласы сол, Шорманның кеше мұса, сері еді қолы жеткен күн мен айға.

Азулы ер, айшылық жол өлеңім бар, Қаларсың түстік жерде сілең қатып. Қатпал тонның битіндей бір жабайын, Аларсың сол арадан дәмін татып.

Кәрібай:

есеп қыл Арғын бай ма, найман бай ма, Бар мүлкі бар Арғынның наймандай ма? Қаңғырған найманда Арғын толып жатыр, Қоңырат арба жеккен қолау тай ма? туысын сен сияқты тентіреткен,

Жақының мұса Шорман ар қылмай ма? тыңдаған сөзімізді жан мысқалдап, сауданы тез қайраған дәл қылмай ма?

Әсет:

Ажалыңа кез болдың-ау, ау, Кәрібай, топтан тірі шықпайсың жалбырамай. Ат сауырын бермеген мұсылманға,

ит-құсты нұрмұхамед, досан, Жанай. Байлығы, батырлығы ұшан-теңіз,

ол түгіл бір шабақтай болсаң қалай? Қаржаста бір құтым бар мұса Шорман, үзілмей келе жатқан ескі қордан.

Қазының бел баласы садуақас, Бағы өрлеп келе жатыр әлдеқайдан.

Кәрібай:

ел озбас алты Байыс руынан, Айтпайын өзге найман қырымынан. Басы мұхит, аяғы Қара теңіз, дарыған ғайып берген тұқымынан. Аттанса ертең ерте, кешке жетер, Желіде ұзын жатқан құлынынан.

ер Хасен, мырза серіш, бай мүрсәлім, Күйзелмес алты ұлы ел ұлығынан.

Айтайын Жолымбеттен бері қарай, Жауапқа дайын тұрмын руымнан.

Әсет:

сүйіндік сөз сөйлейін Қарашордан, түстікке көше алмайды дәулет молдан. олжабай орта жүзде батыр екен,

не ғаріпті құтқарған түскен тордан. Жарайсың бір сөткелік тоятыма, Қанатым аю ілген бұған қомдан.

Арғынның осы бір аты озған жері, Анықтап үзілместен қызыр қонған.

Кәрібай:

салайын Қарашорыңа Байжігітті, Шаянбай, Ботабаймен екі құтты. малы халал қазақ жоқ Шаякемдей, ұстатқан бүкіл қажы жомарттықты, ұрығынан он кісі қажы болып, мақтан емес болып тұр дінге мықты. Жақастың мына отырған сүлеймені, Қалмақты Құлыстайдан қойдай атты, еңсе үкірдай Шотайда, Қонжа батыр, Жисаң, Арғын жетпейді оған тіпті.

Барларың жоқтарыңа қайыр қылмай, Кереку, семей жаққа елің ықты.

Әсет:

Бір бай бар біздің елде иса деген, Жүз бие күздік етіп сойып жеген.

өзге бақтың мысалын не қылайын, Кәміл бар жылқысы да бірер түмен.

Кәрібай:

манақтың сен де естіп қайт мың мен санын, Кәміл бар алты жүз мың ақшалары.

ескі ақшаны жаңаға айырбастап, семейдің жетпей қалған төрт дуаны. Ақшамен самауырын қайнатқанда, Петрдің шыдай алмай шыққан жаны. Боғастың суы ақпай қалады екен, Бұланның суға түссе жылқы малы.

Әсет:

найманның тіл былғаман делбесіне, Көрген жоқ қазақ шыдап сермесіме. Алдында ақ патшаның ән салғанмын, сүйсінген жеті болыс кеңесіме.

Қайраулы қанжардай боп жалаңдайсың, Жүрмісің көзің жетпей өлмесіңе?

Кәрібай:

Арғынның тіл былғаман шатпасына, үй тентек, қазан бұзар от басында. үстінде жарты ғана көйлегің бар, Жылаушы ең Белгібайдың қақпасында.

Әсет:

Ант ұрған, құдай ұрған, тәңір атқан, осыған қайтіп сыйған мұнша мақтан? Байжігіт беріп жылқы, іштің саумал, зәлім ең одан бұрын қулық артқан.

Көңіліне келген істің бәрін мақтап, менімен сөйлестің-ау әбден шатпақ. тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар, еп болар артық сөзден ауыз тартпақ.

Кәрібай:

Әй, Әсет, сен өзіңді сор қамаған, Жүйрік жоқ дәл өзімдей жорғалаған.

Жалқы емес Байжігітім жамбы берді, Арғынға мал қажет деп іздеп барман. Атамыздың байлығы сол емес пе, Қойныма сендей жетім қорғалаған. Қырып бәйге қырымнан алдым дейсің, Әкеңді Көктұмада ит талаған.

Әсет:

ей, Кәрібай, оқымаған сен бір надан, Хат білмеген адамның көңілі қараң. Бір Алла, екіншіден хақ Пайғамбар, менімен айтысасың қай арадан?

Кәрібай:

ей, Әсет, молла болман сенен оқып, Айтайын өз дауымды ішке тоқып. Қары болсаң, күтсеңші ата-анаңды, Жүр әкеңнің өкпесін кене шоқып.

Әсет:

ей, Кәрібай, сөйлеселік шариғаттан, тарих пен тілдеселік мағрипаттан. саудасы әлгі сөздің бұл емес қой, Барасың қайда лағып, тәңір атқан?

Кәрібай:

Баққаны патшаның да жаяу солдат, Жегені – құйрық, мінгені – сұлу жалды ат. Әкең мен шешеңізді күтпеген соң, Көрмеймісің туысың келсе жаннат.

ұста, - деді, - мына дауды, - би тілеген, төресі Жетісудың Қоңыр деген. имамға бар екеуің, жүгініс, - деп,

Қой, - деді, - ерегеспей, - хан сүлеймен.

Әсет:

сүлеке, жолдастықтан тайғандығың, Әсеттің сырын сыртқа жайғандығың. дәлме-дәл ғаріп сөзін имамға айдап, Болысқан ақырында наймандығың.

Кәрібай:

ежелден сөзге жуан Арғындығың, Палуансып тарлан мінген тарғындығың. Әкең мен шешеңізді жекжат етіп, сұраған менен қисап малғұндығың.

Шақшамен әкең сатқан насыбайды, Бұл сөзді Айтмұхамед елге жайды.

«мен Арғыннан найманға келгеннен соң, – депсің ғой, - сөйлетпеймін Кәрібайды».

Баянды пайда келер абайламай, мына Әсет серілікпен жалтырайды.

* * *

Жігіттер, Көктұмаға барған жерім, дәміне Шұбарағаш қанған жерім. ер өнері кем болмай, тауып ебін, Әсетті сүріндіріп шалған жерім.

Әсет тоқтап, Кәрібай жеңді деген, Атақты хан сиазда алған жерім.

 МӘЛИКе Мен ӘсеТ Мәлике:

Алматы осы күнде біздің дуан, Бозбала, мені көр де, күнде қуан. үш жүзге өлеңменен атым шыққан, сұрасаң ұранымды Албан-суан.

Шығып ем Албан-суан тұқымдалып, Қайтқан жоқ бабам жаудан қылпылданып. үш жүзге өлеңменен атым шықты, талғардың тал шоқысы сықылданып.

Шамдала, балауыздан қойдым білте, Бозбала, болған уақытта қолың сілте. үш жүзге өлеңменен атым шыққан, сұрасаң менің атым қыз мәлике.

Құдай-ау, алма қылдың, өрік қылмай, Бағымды осал қылдың берік қылмай. Аллаға әйел қылған разы емен,

Жұта ма азғана күн серік қылмай.

Ауылым көшіп қонды Бадамшаға, үш мың үй ағам болыс адам шыға.

үш жүздің бір саңлағын таңдап бермей, Қайтейін әкем берді тараншыға.

ішінен қарағайдың қаздым апан, Шығарам өлеңменен іштен қапам.

«Құтылдың қу сартыңнан!» десе біреу, Берер ем сүйіншіге ат пен шапан.

Әсет:

Алдымен палуан қайда алысатын? дүлдүл мен палуан қайда жарысатын? тақтайдың желінбеген қиығындай, мәкенмен уақыт бар ма жабысатын? Амал жоқ асығыстан душарластым, мәлике адам екен танысатын.

ӘсеТ Пен сӘМеТ

Әсет:

Қазақ боп қараңғыда өмір өткен, еңбексіз көрінгеннен көңіл еткен. Қоянша көлеңкеден босқа қорқып, Біле алмай барар жолын зеңгіп өткен. Әзір ме ішер тамақ уағында,

Кең жүріп сахарада кеңіп өткен.

Бай малмен, кедей сорлы кемшілікпен, Бейнетін дүниенің шегіп өткен.

Қырық жеті – қыздың құны, сексен байтал, есепсіз иен малға бөгіп өткен.

Біреудің жесіріне біреу тисе,

Бұл тіпті сор масқара өлім еткен.

талқан боп тас ошағы қалсадағы,

Қыз алған қылмысты боп көніп өткен.

Шығарған төре, билер заң, өнеге, Жоқ жұмыс шариғатта ол немене? төренің қатынынан бір ұл туса, онысын ие қылған әр төбеге.

Ас берсе, бір қазақты бәйге тігіп, іс қылды есебі жоқ ережеге. теңдесіп қара қазақ келе алмаған, төренің ауылы қонған керенеге.

оқу жоқ, жұрттан асқан маман емес, Құлшынып қазақ жеткен неменеге. түк білмеген сұлтанды төре қойып, Көргендер білгендерге теңеле ме?

Хабарсыз қара көңіл сорлы қазақ, еріксіз билік берген сол немеге.

Қаптаған саудагер бар базардағы, ол дағы қараңғы елге тажал-дағы. ұялмай бір теңгеге бір қой алып, Кедейдің қанын сорған олар-дағы. он сомға елу сомдық вексил жасап, Кедейдің ебін тапты олардағы.

Пірканшік семіз атпен әсем киіп, түрі жат қойға қарай шабардағы. Кедейдің бір сиырын қуа қашып, Бөрісін үлестіріп замандағы.

Бір сомға бес көтеріп өсім беріп, Амалсыз көнді қазақ соғандағы.

мал шашып қазақ құмар шен алмаққа, рахатта үш жыл жатып дем алмаққа. Ақ малын арам жолға сырап қылып, Парадан ұрлық-зорлық жем алмаққа. Көк қасқа сойды құран қасап етіп, оған да қазақ ойлар сыналмаққа.

Әкесі олай, баласы былай тартып, сатады қарындасын он жармаққа. сайлауға ат таппаса, өгіз мініп,

Бай тұр ғой, кедей құмар бір бармаққа. Жанында екі жүз сом ақша болса,

зор намыс шенсіз қарап құр қалмаққа. Көнбесе алдауына, зорлық салып, ұлықсып үдірейіп бұлданбаққа.

Шен қымбат, шенді кісі әулие боп, Ашылып ел арасы уланбаққа.

Бес теңге ең болмаса ақша керек, Арызы кедейлердің тыңдалмаққа. оқу оқып, онан да өнер таппай, тынығып тәрбиемен шыңдалмаққа.

тартады би қисайтса мұрындарын, Білгенсіп әрбір сөздің орындарын. Хабарсыз ақиқаттан шартық билер, Бұзады әділеттің порымдарын.

Бір сөзі біреуге айтқан мың ділдалық, Алмайды ақиқатпен алымдарын.

Бес теңге пара берген бетке сатып, сипаған қазандай ғып қарындарын. Көрнекті көпшілікке еңбек қылмай, Қамы ғой бір басыңның қағынғаның. Арасын екі ауылдың думан қылып, сандалып тамақ іздеп сабылғаның. Ағаттан бір теңгелік ұрлық қылса, Кедейдің талай көрдім шабылғанын.

соншама кім әкеткен тойымыңды, Білмеймін қайсысы рас, ойыныңды. мешітте қасам ішіп жан бермеп пе ең, тиылып жамандықтан қойылуды. сайлауда шарын салмай кеткен болса, сүйреттің соған қарай сойылыңды.

сәмет:

ғизатлі Әсет аға жаздым хатты, сүйікті адам едің инабатты. үйіне Кәкімжанның барып едім, оқыдым сіздің жазған доклатты.

Хатыңның мазмұнына қарап тұрсам, сөгіпсің бұрынғы өткен аруақты.

Қазақты надан қылып үйретті деп, Айыпты қылыпсыңыз төре затты. тағы да болыс пенен би зұлым деп, ғайбаттап өлі-тірі екі жақты.

Ал енді мен айтайын: Арғын атты, Шақыртып Әбілмәмбет қасына апты. төресіз бұрынғыда болған қазақ,

ол күнде мақтан қылған ел шаппақты. төре кеп ортасына сұлтан болып, түзеткен тезге салып сан шатақты.

Пендені басы жұмыр тергеуге алса, түгендеп басқара алмас адам нақты. найманның ортасында еркелетіп, Көрмеген адам едің ешбір тәкті.

«ой қашса, ми қашады» деген рас екен ғой, нәсіп еткен ұлғаймақ-ты. өсекке кейбір адам әр таңсып жүр, найманның саяғы деп жалғыз атты. Артыңның ашыларын байқамадың, Көрпеңді жамылсаңшы бойға шақты! Хадисте әл ғайбати мен әл зина, ғайбатшы шапағаттан мақрұм қапты.

Бір жайсаң дін милләтің жолын ашып, үйренсін ғибрат ап өңсең пасық.

«өлеңге бар, өнерге жоқ Әсет» - деп, сыртыңнан жүрген жоқ па өсек тасып. Күн көрген ағайынды қорлаймын деп, Байқаңыз, қап жүрмеңіз қарның ашып!

Ақша еді ағып тұрған жүрген жерім, Бұл елдің қай жүргеннен таптың кірін? Бас құрап, бауырыңа қазан асқан, найманның қай жерінен таптың мінін! Жиған мал, алған ақша, жеген тамақ, Көзіңе көрінбепті-ау жалғыз тиын! найманның жақсылары біріккенде,

Бір күнде табушы едің ердің құнын.

мысықша екі көзді жұмып алып, сіркедей көрінбепті-ау алған пұлың. Артымда сөз көздеген кісі жоқ деп, Айтыпсың байқамай-ақ, жарықтығым.

дәм айдап келмеп пе едің сонша жерден, еш зауал көрген жоқсың найман елден. осынша үлгі-қадір құрметіңнен,

сізді ешкім деген жоқ қой «әйелге ерген». Қадірлі қарияның біреуі едің,

Жел шайқап ашылмасын жапқан пердең. А, деген айғайыңды ақша қылып,

сар қымыз, сарыала май, жеген сірнең. Алматы, мына шегің Алтайменен, Басушы ең аяғыңды кердең-кердең.

Жүруші ең жақсылармен тізгіндесіп, Қызығың ұмыт болды-ау бәрі көрген. найманға Қарқаралыдан қаңғып келіп, Арғын көп ақшөмші боп бидей терген. есітіп, сен сөкті деп тамам өлік, тіріліп тартып түзер шығып көрден.

Әсет:

сәлем де Жетісудың сәметіне, Қарсы сөз қару жаздың қам етуге. тұнықтан таза туған бала ғой деп, дұрыс па сынға салмай шам етуге. төренің оқымаған қазақтарды, Қандайлық қақысы бар заң етуге. төреден ит туса да алып келіп, Билетіп бұқараны хан етуге.

намаз оқып құдайға құлдық қылса, Бес кісі ертіп жүрген дәретіне. зорлықшыл жесір даулап ел шабады, Қазақтың о да жөн бе әдетіне?

Адамды хайуанменен бірдей санап, Қыз туса апыр-топыр мал етуге.

Жас қызды сексендегі шалға беріп, ойлашы ұнап тұр ма жар етуге.

Көз жасы сол әйелдің кімге болмақ, өмірі жылау менен зар өтуде.

төре өлсе бір қазақты қоса көміп, Адамды сонша қорлап қор етуде. расулдың үмбеті дейді қазақ, Пайғамбар бұйырған ба соны етуге?

Қырық жеті – қыздың құны, сексен байтал, Жесірден ат пен түйе жол етуге.

Жарайсың профессор маман болсаң, Білімің жетер болса зор өтуге.

Әкең төре шығыстың атасы кім, дәлел жоқ ата тауып ақ етуге.

 ҚызыР Мен ӘсеТ Қызыр:

Құрметті хат жазайын, Әсет аға, Біз көрген саламат па бала шаға? Әуелі тіршіліктен хабар бердім,

тағы бір сөз жазамын тыңдап қара....

түсімде биік тауды араладым, ойладым табылды деп қалағаным. мен өзімді жүруші ем қуға санап, мыңнан бір табамын деп жарағанын. сол таудан еңбек қылып отын алдым, Қарағай деп көтерттің қарағанын.

Қарағаннан күл түссе де, шоқ түспейді, Қалайша мен парқына қарамадым.

Көргіш көзім көмір мен шоқты айырмай, Құрбының мақтауына жарамадым.

Әсет:

Қызыржан, жазған хатың қолға тиді, Көп ойланып жазыпсың салып миды. осы әңгіме менің де хабарым да, сенің қайғың кетірді қатты күйді.

Айыпты бетке басу бола ма екен,

осы іс өз-өзіңе қалай сыйды? мамырбек – сенің әкең таз еді ғой, Бүтін Керей билеп тұр бес мың үйді. Жүрекке жазған хатың тура келмей, сізге тарту қыламын үшбу сөзді. мәкеңнен сен екеуің өсіп-өндің, сөзімнің ақырына жібер миды.

ӘсеТ Пен ҚАЛИ

 үкібас дейтін қыз Әсетке: «Қали маған маза бермейді» деп наз айтады. Қыздың атынан Әсет Қалиға мынадай өлең жазады:

Қыжыртпа, қызда нең бар, менен аулақ, итсің тіміскіген қылшық аулап.

іздеген сорпа-сүйек сен бір итсің,

Бұл елдің жүрген жоқсың дауын даулап.

Бермейсің жүзігімді барымталап, Бойымды сен ақымаққа жүрсем балап. Қағынып қарап жүріп соқтығасың, Қоясың тойған кезде заһарды жалап.

Бай жақас байқамадым бауырыңнан, найманға ұран болған сауырынан.

Атам Бекей, еңсекей – бәрі маман, Шыққан жоқ бұрын тентек ауылымнан.

Жігіттер түсі қуар, ырысы қашар, Ақылға жете алмассың, болсаң нашар. Ар-намыс, ақыл-қайрат түгенделсе, тоқталып шіркін дүние орындалар.

Ал енді, Қали арсыз, Қали арсыз, Қураған қу ағаштай бетің қансыз. Жаяу жүріп аттыдай шіренесің, отарда малың бардай жатқан сансыз.

Қағынған қарап жүріп бір жетесіз, Шәукеңнің ұрығы едің сен некесіз.

Шаруаңды қыл, онан да малыңды бақ, Бозбала, бұған ерсең, бос кетерсіз.

Байдан туған тұқымның жүргені анау, ішкені-шәй, жегені-ет, майлы палау. түтіні қай отаудың шығады деп,

сен бір жүрген қайыршы қызыл танау.

ит үреді, құтырса иесіне,

сөз орнықса, тоқтайды жүйесіне. Қабанбай, Әлі шыққан, Шүкең шыққан, Қазақтың тай бермеген түйесіне. сатпайын сен наданға тамам елді, Қалармын жақсы ауылдың киесіне. ұқсаған хайуанға сен ақымақ, Шабасың келесінің биесіне.

 Бұл өлеңді Әсет жазып бергенін сезіп, Қали былай деп жауап қайтарады:

Хат жаздым жәрдем тілеп бір құдайдан, осы итке, мұқтаж қылма атам найман! Аптығын ит Әсеттің бір басайын, өлеңін мың жылқыдай ішке жайған.

Қабанбай, тоқтарқожа және мәмбет, озған жоқ қазақ ұлы Қабанбайдан.

тіпті жоқ осылардай бала туған, Әлі атам құдіретпен шала туған. Күн көріс саясында сендей саяқ, Жетім менен жесірге пана туған.

Қу Әсет теңелесің маған қайдан, Артылмас өз басыңнан қылған пайдаң. сұратып елден қайыр, тиын бермей, теңіңді алдың білмей найманбайдан. Әкең жүр жалаңаяқ қайыр сұрап, Қорықпайсың сен имансыз бір құдайдан. Бересің не деп жауап тәңір алдында, Құрылып, тас таразы, болса майдан?

Әбіш, тоғыш семейден келген кезде,

найманбай бақыр ұстап қосшы болған. Әсеттің үш-төрттегі бала кезі, Шешеңнің жас күні екен жаңа толған. Ауызға ішер тамақ болмаған соң, Әркімге көзін сатып құдай ұрған.

Қашқарлықпен арада болды талас, сөзім шын, тыңдағанға болмайды адас. сен атып тақияңды мәз болушы ең, Әперсе әлде кімнен екі қалаш.

Әсекең енді қайтіп паңданады, сырыңды түгел білді тамам алаш. мешел бала бұттанған қап қарынсау, Қу едің тауық баққан жап-жалаңаш.

туған жоқ, туысқан жоқ, сен бір саяқ, Жасыңда тауық бақтың жалаңаяқ.

Жас күнде, шадыр мінез, басы асау ең. Көшеде көрінгеннен жеуші ең таяқ.

Қарда – із, қарада – хан мал болады, Әсекең нені біліп сал болады. өзіңнің үйіріңде жүрген тайың, мойнына жабу жапса жал болады. Әсеке бұл мінезден тиылмасаң,

Бір күні аузы-мұрның қан болады.

Басында қағаздастық өткен айдың, ішінде сіз құмалақ сары майдың. Білінбес жараса да арықтығы, өзінің үйірінде жүрген тайдың.

Бозбала үйренбесең өлеңімді, тапсырдым аруағына Құнанбайдың.

ӘсеТ Пен КөКей Қыз

Қолыма қалам алып жазайын хат, Болсам да өзім арзан, сөзім қымбат. Айтысқан Көкей қызбен әңгімемді, Берейін қиса қылып көп жамағат.

Бір жылы топты Арғынды түгел кездім, Қызығы келе жатыр мына сөздің.

Жан таппай айтысуға жүргенімде, естідім хабар даңқын Көкей қыздың.

Ағасы антұрғанның – Біржан ақын, ойладым: «барайын» - деп соған жақын. сол қызбен әдейі іздеп айтысуға, Ауылына бардым іздеп Жұмабайдың.

ол дағы жаннан асқан ақын екен, Келмейтін адам қарсы батыл екен. Жиылған ауылына қалың топ той, той қылып, қыз ұзатып жатыр екен.

сол тойға жетіп келдім барайын деп, Шығаннан шыға озып алайын деп.

Құдайдың бұл да болса берген бағы, Жел сөзді жүндей сабап алайын деп.

Жұмабай ат үстінде жүрген өзі, Ақынның душарласып келген кезі. Көрініп көп адамға сәлем беріп, мінеки, ақыныңның айтқан сөзі.

Әсет:

Бай едің құдай берген қыдыр қалап, мырзалық өсе берсін көктей қаулап. сіздей бай бұл Арғыннан көргенім жоқ, Жер-жердің жүрсемдағы бәрін шарлап.

Кең қолтық, тойған қолтық негізімсің, Қазылы-қабырғалы семізімсің.

мың жылқы шөлдегенде мейірі қанған, Жайсаңнан жарып шыққан теңізімсің.

Атының тұра қалды басын тартып, тамаша бір сөзімнен бір сөз артып. сөзімнің абызына қанғаннан соң, сүйегі қорғасындай кетті-ау, балқып.

Қарасам, балқытыппын байдың түрін, Келтіріп айтқаннан соң сөздің нұрын. Келеді көп нөкермен бір сұлу қыз, Көзімнің төңірекке салсам қырын.

Келеді қос қара атпен арба жегіп, мойнына қоңырау тағып, әсемденіп. Байқасам осы екен ғой Көкей қызым, Алыстан келіп қалды таяу жетіп.

Жат елде жалғыз жүрген мен мүсәпір, сонда да жасқанбаспын, қолдай гөр пір. Қолында қу домбыра, аузында өлең, Айғай сап маған беттеп келе жатыр.

Ақынмын менде өлең айғайлаған, Жүрегім жау келгенде бір таймаған. сендейді қыр жерінен сан көргенмін, мынау кім мініп ағаш, ат айдаған?

мінгенің ағаш арба, тізгін – арқан, Көлеңке қара шатыр – бетке қалқан. мысырдың қайыршысы секілденбей, Болмай ма атқа мінсең сыбай салтаң?

сөзімді менің айтқан Көкей білді, сүрінбей қызыл тілім аттай желді. сөзіме шамырқанып, шыдай алмай, Көкей қыз пар қара атпен жетіп келді.

Көкей қыз:

сендейден жүргенім жоқ қашайын деп, сөзіңе жауап таппай сасайын деп.

Бөгетсіз бұл жалғанда жүрмін орғып, Қалқадан арба мініп асайын деп.

Болсаң да тобықтының сен жүйрігі, Келемін қуып жетіп тосайын деп. сен едің ер жаманы, мен албасты, Келемін тұншықтыра басайын деп.

Әсет:

Шырағым, алып ұшқан сен бір жассың, Аптығың басылмаған сен бір массың. ертеден ұрғашыға шайтан әуес, Албасты ер жігітті неге бассын?!

өлеңнің дағарлаған аузын ашсам, маңыма баспақ түгіл жоламассың. Әсемсіп арба жегіп әуліккенмен,

Шашы ұзын, ақылы қысқа дудар бассың. мен жеңем, жеңілесің байқап шырқа. сақпанда зымырайтын малта тассың.

Көкей қыз:

дауысым ә дегенде тік саңқылдар, секілді балапан құс көкке шырқар. Шырқатып әсем әнге салғанымда, Астымда басып тұрған жер солқылдар. Ақымақ өзіне-өзі куә болып,

танымас асыл тасты сендей сұм-зар. сөйлеме, жеңіл сөздің керегі жоқ, Қаңғымай кет елімнен, сылтық-мұндар.

Әсет:

Көкей қыз не дегенің кет дегенің, мұның да балалығың, жетпегенің. дыз етер ұрғашысың шыға шапса, Қиын-ау, маған тең кеп беттемегін. мақтаның бұл Керейге жетпей қалып, сол ма еді күйеу таппай өтпегенің.

Арындап мен сөйлесем түңілтермін, ұялтып қара жерге үңілтермін.

Атамыз қара Қожа, ер Қабанбай, Аруағын мен шақырсам тірілтермін. үстіңнен қыран бүркіт қалықтатып, Астыңнан құмай тазы жүгіртермін...

АсыЛХАн Мен нҮРИПА

Баласы Байтулақтың нүрипа қыз, Бала екен сөзі майда «сіз» бенен «біз».

«Ауылында жаман шалдың өлең бар» деп, Біреуден бір жиында естідік сөз.

сол тойға мен ойладым барайын деп, тамаша тіршілікте салайын деп.

Қалғаным тойға бармай нәмге жаман, Бар болса тойда сұлу қарайын деп.

мен келсем жиылысқан үй толы жан, той жасап қыз ұзату бір үлкен сән. өлеңге қыз-бозбала жиналыпты, Қазақта бар емес пе осындай заң.

Қуанды мені көріп құрбыларым, Шүкірлік бергеніне бір құданың. Қазақта пәкір, кәнет болмасам да, тиісті өз басыма жүрді ұраным.

Бар еді құрбыларым ұнасымды, тірлігі бір Алланың рақымы.

«тамаша енді болды» десіп жатыр, Келді деп Құттымбеттің бір ақыны.

мақтанып мен де қалдым қоразданып, отырдым амандаса төрге барып.

«Ақыным өлең қозға» дегеннен соң, Ән шырқап қоя бердім әуен салып.

Қарадым мойын бұрып жан-жағыма, Қандай қыз ілінер деп қармағыма.

Байқасам өзіміздің Жәкең жағы, Бір-екі бөтен қыз бар аржағында.

ықшамды ыңғайы бар жүзін көрдім, Біркелкі көрінеді өңкей өрім.

«Бұларың қайсы ауылдың баласы» деп, сұрадым білейін деп аты-жөнін.

Бір жігіт нүрипа мен Асылханды, ортада бір-біріне таныстырады. Болғанда біреу жүйрік, біреу жабы, Кірмейді ұқтырмаса сөздің дәмі.

руы есенгелді аруақты, Болады тәттібике берген нәмі.

Байтулақ Қызай білген дана кісі, ішінде тәңір берген бір адамы.

нүрипа ана отырған басқы бала, Білімнен хабары бар ақылы дана. Ақыл-ой өнері мен молдалығын, Жаратқан бірдей етіп Һақ тағала.

Асылхан ақын анау, өзі молда, Көңілі жеткен жігіт әрбір жолға. екеуі айтысуға құмар еді, Келтірді құдай айдап бүгін қолға.

Ақынның ең артығы бірі шығар, Жігіттің аты шыққан дүрі шығар. Атағы үш өзенге тегіс жеткен, Аяма, бір сүрінсін, міні шығар.

тартынбай білгеніңді қозғар кезің, Бұл дағы жеткен жігіт бейне өзің. деді де әлгі жігіт күлім қағып,

«Айтысты бастаңдар» - деп жәйді тезін...

Қыз жақта келгеннен-ақ екі көзім, отырмын естіп түгел айтқан сөзін. Жүрегім алып ұшып тоқтар емес, Бұралған әріптестің көріп жүзін.

сонда қыз түрегелді ширатылып, Әдеппен күле сөйлеп ізет қылып.

Жиналған тамашаға ұрғашы-еркек, Қауындай қақ жарылды қиратылып.

тоқталам деген ой жоқ ұрғашыдан, Жас шақта жігіт қандай мырзасынған. тұсыма қыз толықсып отырған соң, суырдым бопырасты қылизасынан.

нүрипа:

надандық бір қараңғы тамдай екен, ғалымдық жанып тұрған шамдай екен. Жігітсің ғылым-білім жолын білген, Күнәсі бопырастың1 қандай екен.

Асылхан:

Жасында әркім біздей өседі екен, тарыдай ақ-қараны шешеді екен. намазды бес уақыт оқып тұрсаң, зинаны, бопырасты кешеді екен.

нүрипа:

Асылқан, діннің жолын қаламадың, Көңілге аға әмірін баламадың.

Ахұным имам қоям деп жүр еді, Қалайша имамдыққа жарамадың?

Асылхан:

Жастықтан жігіт едім тиылмаған, салды ғой шілбің шатақ биыл маған.

«некесіз жарамайды жас бала» деп, Қалпем имамдықты бұйырмаған.

нүрипа:

ырғынбай бір іс екен біле алмаған, Шілбідей әмір-мағрұп қыла алмаған. нәпсіні дін жолынан жақын көріп, Асылқан өзің дейді тіл алмаған.

1Бопырас темекінің бір түрі.

Асылхан:

сыламжан жүрген жері күнде жиын, Көрінсе бас салады жалғыз тиын. соттасып абақтыға Шылбың түскен, Болып па ерегескен содан қиын?

нүрипа:

Бекбосын сөзге сараң сылдырлаған, Жолына шәриғаттың бұрылмаған. мүптіге тіл тигізіп надан болып, Құрысын ішекбайың қырылдаған.

Асылхан:

Баласы сыламжанның манпаң шандыр, ұйқыдан көзін ашса елін аңдыр.

Атаның аруағымен ол да кісі,

туар ма мұндай жаман тәңір алғыр!

нүрипа:

Атадан Әбілқайыр нәсібі бар, дұшпанды ерегескен басуы бар. Жақсылар дейді отырып айтысқанда, Жалғыз-ақ айыбы оның ашуы бар.

Асылхан:

сыламжан бір мың үйге бас болып жүр, Әлімге жолдан азып қас болып жүр.

Жылына алпыс бие алсадағы, Жегені бойға қонбай тас болып жүр.

нүрипа:

төлебек жүйрік екен сылдыраған, сейіптан сөзге шабан жылбыраған. Көтеріп өзін-өзі кісі қылып, Құрсын Құдабайың тұнжыраған.

Асылхан:

Кенедей қанға тойған дәуіт зәңгің, Құртты ғой тілеукенің тегіс бәрін.

Шығыны осы күнде шашынан көп, Құтылмас қыз берсе де бірер жарым.

нүрипа:

есірік жаман жігіт сөзге байыр, сөзімнің зерек болсаң түбін айыр. Жиекем бір айтқанда естіп едім, Жоқ па екен бұзықтығы Әбілқайыр.

Кәдірсіз жақсы кісі жұртқа анадай, Қыдырма елді тауысып құртқан еді-ай! Ақылсыз, үлгі-нұсқа түк білмейді, секілді ошақ зәңгің бұтханадай.

Асылхан:

тұрысбай сабырлы ер табандаған, оларды жарамайды жамандаған. демесең бәрін аман орысбайың, орыстың орағындай жалаңдаған.

нүрипа:

Бір зәңгің Ашалыда мүсірәуін,

не қылсын өзі кедей жұрттың дауын. Бір мансап ептілікпен тауып алып, Жатыр ғой шүкірлік қып деннің сауын!

Асылхан:

Шәңгірей күні құрсын шатақталған, Әкесі ер Бошақай атақталған.

Көзінен жас, мұрнынан боғы ағып, Құрсын Құлтанбайың жапақтаған.

нүрипа:

мейірман жігіт екен сөзге баяу, Болмаған көңілінде титтей қаяу. Келгенде Әбілмәжін айтушы еді, Парызға жақын, дінге өте таяу.

Асылхан:

мамырбек қайран көзел мықты еді, еш пенде алдын тосып шықпап еді.

зәңгі деп Байболатын көтеріпті, туғалы еш нәрсені ұқпап еді.

нүрипа:

Көкебай кәрі зәңгің салдырлаған, сыры жоқ біздің елге алдырмаған. Келгенде былтыр күзде көріп едім, Кісі екен көп зілі жоқ жылбыраған.

Асылхан:

сыламжан күнде құрған мерекесін, Алды ғой Әмірсана берекесін.

Аз ауыл Әмірсана таусылған соң, Пәтшағар енді неңді жер екенсің?

нүрипа:

Әр іске кемелді еді Аяпберген, Алдыңғы үлгі көрген талапты ерден. Ақыл-ой, өнерімен молдалығын, деседі іш тарлықпен аяпты елден.

Асылхан:

Баласы Байтулақтың ер Жиенбай, нәпсіге қызықпайтын бір тиындай. мейірлі көңілі жұмсақ болғаннан ба? Келіпті дейді өзіне түк бұйырмай.

нүрипа:

Асылхан сөз қалмады-ау қазылмаған, Атақсыз бір бала едім жазылмаған. ішекбай ежелден-ақ сұмпайы еді, Аюдай үңгірдегі бажылдаған.

Асылхан:

Бір мәнсап досқа анадан үзілмеген, Шатақсыз жүре алмаған түзуменен. Білмедім тәукебай мен төлеубайды, секілді қара бұқа гүжілдеген.

нүрипа:

егеубек жігіт екен ұялмаған, сатуға малын пұлға қия алмаған. Алты жүз іргебайға жылқы бітсе, Қыздары бүтін дамбал кие алмаған.

Асылхан:

іргебай мал мен басқа тұрған асып, ермекке үштің бірі араласып.

Ауылынан байларыңның сан қыз көрдім, Көбі жүр осы күнде бұтын ашып.

нүрипа:

Асылхан, ақын болып шықтың аздан, Алдыңғы үлгі көріп өнерпаздан.

Алты ауыз сөз білгенге мақтанасың, іліксіз әр кімде бар қағаз жазған.

Асылхан:

Кім жуан осы күнде Кенебайдан, сөз қызар осылайша деген жәйдан.

малын шашып, мампаңдық ала алмаған Жиенбай төмен бе еді төлеубайдан?

нүрипа:

нәпсіге болыстарың қызып алды, Құн дауын бітіп кеткен бұзып алды. Артықша болыстарың құн алам деп, Шатаққа ақырында өзі қалды.

Асылхан:

Біздің ел дегенменен сондай мықты, Кісісін ерегескен жерге тықты.

Бегімбет мал беруге шыдай алмай, Кісісін балтаменен ұрып жықты.

нүрипа:

Алыпсың дәметкеннің үйін басып, Кісісін неге өлтірдің малдан сасып.

Жарымың суға түсіп кете жаздап, рас па қорыққандарың тұра қашып?

Асылхан:

Жүрдің ғой есенгелді сен де шауып, ұранға тәңірберді көңілің ауып.

Құдайдан қорықпағаннан қорық деген, осы ма айтқан сөзің маған тауып?

нүрипа:

тайлақбай жас күнінен үлгі көрген, Әр нұсқа Кәдекеңнен белгі берген. тоқсан мен Қасаболатты он бір бөліп, Айтады осылай деп елін бөлген.

Асылхан:

Белгілі сенің дағы барар жерің, Адалдық неке қылып алар жерің. Киікбай атақты ауыл айтар сөзге, тең келмес бөлшегіне рулы елдің.

нүрипа:

Болғанда түбім Қызай, атам меңіс, Баласы төрт Қызайдың бәрі тегіс. Қатынын Әбілқайыр тастады деп, тиеді құлағыма еміс-еміс.

Асылхан:

Бола ма қатын жаман ақыл болса, ұғарсың бұл сөзімді затың болса. Қыз шіркін өз үйінде бәрі пысық, Кетеді құдай ұрып қатын болса.

нүрипа:

Жақсының жарамайды тастағаны, Әкеліп обал қылды жас баланы. Жақсы ауыл атасына аруақ қонған, Қатынын жарамайды қастағаны.

Асылхан:

Жаманнан кім құтылар құдай алмай, Бір сөзді жүруші едім сұрай алмай. үстіне екі қатын Ажарды алып, Бошайың у жеп өлген шыдай алмай.

АсыЛХАн Мен ТӘнИ

тараттым тәнименен айтысымды, Көп жерде болып еді айтысулы.

Ауылында Бегімбеттің болған айтыс, Болып еді бәрінен де аты шулы.

той екен келін түскен шақырыпты, естіпті елде біздің дақпыртты. тәниді ертіп кепті ел бастығы, Бермеген ата-енеге ақырыпты.

Бір кезде тәни келді сылаң қағып, түрленген тоты құстай қылаң қағып. Жағында кимешектің он сөлкебай, Бұлғақтай шекесіне үкі тағып.

Келбеті хор қызындай сұлу екен, Япыр-ау, тоңғатбайдан туған нағып?!

Атағы тәни ақын жерді жарған, естідім жеңілді деп іздеп барған.

не жеңіп, не жеңіліп қайтсам-ау деп, Көңілімнен кетпей жүрген осы арман.

Кең үйге қыз-бозбала толып алды, уақыт өлең айтар болып қалды.

«Құдалар өлең баста, отырма» деп, мәтқасым тыста тұрып айғай салды.

«Бұл үйде қыз-бозбала толып отыр, немене бозбалаға болып отыр?

Ақыным қорыққан ба тәнижаннан, өлеңді бастай бермей неғып отыр?»

Асылхан:

мәтке бір сырлы едік, сегіз қырлы, ежелден бізге мәлім өлең сыры. тәни келсе қара өлең қаулайды деп, Бір сөзді естіп едім өткен жылы.

өлеңді ақын адам бастайды ғой, Берген соң құдай қуат саспайды ғой. Қойыңыз өлеңшіні топ-тобымен,

Біз өлең айтуымыз қашпайды ғой.

Тәни:

ер жігіт не көрмейді тірі болса, түлкі алмас қыран бүркіт кірі болса. өлеңді ақындықпен айтпаймын деп, сөзімнің айып етпе міні осы.

түлкімін қансонарда жатпайтұғын, тоспада қандай қыран батпайтұғын. тұсыма қадір білер жақсыны әкел, өлеңге өзін-өзі шақтайтұғын.

Жаныма жақсы келсін мақтағандай, Қызығын көрген адам жақтағандай. Жаманның жас күнімде сырын алдым, Әр шөптің басын шалып оттағандай.

Адамға өзі жақсы ақыл табар, Ақылсыз уәделі сөзден танар. Жаманмен әр уақыт үйір болсаң, мақтанып ертеңінде көпке жаяр.

сөзімді зерек адам ұғушы еді, Қорғанып жаман адам бұғушы еді. Айтыстым алты Андаспен ол тойларда, дауысы міңгір-міңгір шығушы еді.

Жақсыны жаман адам көре алмайды, надандар сөзге жауап бере алмайды.

талапты, өнері бар ер болмаса, тұсыма ешбір жігіт келе алмайды.

мен тәни заманымда асып едім, Көңілім дариядай тасып едім. өзіңдей пысықсыған сан адамның, Арынын әрбір жерде басып едім. тұсыма жаңа келген құданы әкел, сонымен айтысуға ғашық едім.

Асылхан:

Арынды ғайып перім бойға келді, Қара өлең құдай берген ойға келді. Армансыз болып сөйле тәни ақын, мүдірмес сансыз топта жорға келді.

дәуірле тәни ақын баяғыдай, Жүрісім желмаяның аяңындай. Әр тойда абыройды алып едік, ойлама Бегінбеттің саяғындай.

Айтасың мақтанменен әрбір істі, өткіздім өлеңменен жазы- қысты. Қиыннан мекен алған сен бір түлкі, Басынан Қап тауының көзім түсті.

түлкі алмай қыран бүркіт қона алмаған, ұйқыдан сенің көзің оянбаған.

Бұл елдің таңғаламын жігітіне, Япыр-ау, бір қатындық бола алмаған.

Қызғанда жүрісімнен танбаушы едім, Адамға көз көрмеген нанбаушы едім. Жел сөзді патша құдай берген шақта, Қаратер шыққан сайын самғаушы едім. Бұралған тал шыбықтай қыз болмаса, Қатынға әке десе бармаушы едім. сыртыңнан атағыңды біліп едім, үйректей сан адамды іліп едім.

Абырой берген шақта патша құдай, талайдың төбесінен ұрып едім. ұлпаңнан шымы тұтас тіс жүргізіп, тоғанды доңғыл жерден бұрып едім. тұсыңа шыдай алмай келдім жетіп, Басында сәбіз қылып тұрып едім.

Тәни:

мен дағы талай адам көріп жүрмін, Жақсыға қорғасындай еріп жүрмін. Білмеген сөз мәнісін жамандарға, Қарамай әкел десе желіп жүрмін. өзіңдей сөзі қисық жас құданың, Жазасын әрбір жерден беріп жүрмін. Күн-түні сан жүйрікпен жарыссам да, сонда да қызғаным жоқ желіп жүрмін. Арғымақ ат шалмаған адымымды, Бәйгеден жұма сайын келіп жүрмін.

Аузыңды тарта сөйле, құда бала, Ақынды сенен зорғы жеңіп жүрмін.

Асылхан:

Көрсетші ақын болсаң арыныңды, Басайын су сепкендей жалыныңды. Жүйрік тұрмақ , тұлпар боп кетсеңдағы, Басамын бір-ақ аттап адымыңды.

Құмарды тарқата алмай жүрген болсаң, Басады нұрәділім сарығыңды.

Қапыда белің шығып кеткен болса, Жамалық желім құйып жарығыңды. мұз киген ніл дәриясы болсадағы, үстіңнен жүргіземін қайығымды.

Болады жақсы адамның дұшпаны көп, Қайтейін бетіңе айтып айыбыңды.

Аузыңды тарта сөйле ақыным-ай, Шын қызсам шығарамын шәйіріңді.

Тәни:

Жан білген тәни ақын аруағымды, енді ойла жаның қалар бар жағыңды.

сағыңды сый құда деп сыйлап едім, Бойыңнан шығарамын зардабыңды. Шынымен, жарықтығым жеңем десең, ертіп кел Құттымбеттен қалғаныңды. ішіңнен қоя тастап түсірейін,

Кір шалып қалған болса аржағыңды. он жігіт қасыңа ертіп келсең дағы, Көрмеймін шөп құрлы да салмағыңды. Алдайтын тәни емес сенің кісің, Асылхан тартып сөйле қалжыңыңды. Бетіне әке десе қарамадым,

өзіңдей жас бозбала сан жалынды. Шырағым бір басыңа аз болмайды, Басқаға қылсаңдағы жарбағыңды. Шыныңмен айтысуға құмар болсаң, ойыңнан тастамай айт арманыңды.

Асылхан:

Бүркітке қоян еті жем болмайды, Адамға құдай ұрған ем қонбайды. Бұралған тал шыбықтай қыз болмаса, Жігітке сендей қатын тең болмайды. Асусыз қия беттен жол шығарған, өзімдей ешбір адам ер болмайды.

Күн-түні сан жүйрікпен жарыссам да, ентігіп ешбір жерім тер болмайды.

өлеңде қатын тұрмақ қыз жетпейді, Қыз түгіл адам ұлы бір жетпейді. өлеңге жатық болған қызыл тілім, Қара тер шыққан сайын әуектейді.

Жаныма батқан сайын аспандаймын, Келсе де қандай адам жасқанбаймын. Қасыңа он тәниді алсаңдағы, Құмарын жеке өзім басқандаймын. мен саған расымды айтып тұрмын, Әрқашан бекер босқа мақтанбаймын.

деп тұрмын дос-дұшпаның таба қылар, Жәйіңді осы арада тапқандаймын.

Астынан жеті қырдың тартатұғын, Асылға болат қосқан қақпандаймын. оғы бар он екі атар маузыпанмын, Жерімнен көзім түскен атқандаймын.

Алты Андас, бес Бегімбет, жеті Қатпа, Жеңемін жел сөзбенен бір-бір тақта. Жеңілсең дұшпандарың таба қылар, ей, тәни, ұят болар енді тоқта.

Тәни:

Айтысты өткен жылы бес Құттымбет, Қалайша туа берген жаманы көп.

Айтысып медеубек те жеңе алмаған, Ақырда кетті қайтып амалы жоқ.

Шеніме сенен зорғы бара алмаған, тәнидің жеңілуден хабары жоқ.

өлеңге өзімдей жан жаралмаған, сан жігіт сөзбен жеңіп ала алмаған. мен сені жеңеді деп сескенбеймін, Шеніме сенен зорғы бара алмаған. ішінде дарияның шынжыр тұрмын, сен тұрмақ медеубек те арандаған. Қисасұл әнбияны қыстай оқып, олар да ешбір айла таба алмаған.

Бір күнде он жігітпен сөйлессем де, Құмарым сондадағы қана алмаған. естігем солардан мен атағыңды, Шырағым, бүйте берме заман жаман. мен саған жаным ашып айтып тұрмын, мырзалар, сөзім емес жамандаған.

Асылхан:

нүрәділ, Қожаахмет, Асылханбыз, тұйғыннан тоят алған ақ сұңқармыз. Әр тойда Алла берген абыройды, Жел сөзді он еселеп артылтқанбыз.

Шежіре қызыл тілім сартылдаған, ләззәт тойда сөзім айқындалған. өзіңдей сан ақынмен сөз айтыстым, сонда да ешбіреуі артылмаған.

Бабына келіп тұрған ақ тұйғынбыз, Көрседе жолбарысты тартынбаған тәнидей талай ақын танып жүрміз, Бурадай қаңтардағы қалшылдаған. доктордай машинамен арылтамын, ішіңде кірің болса аршылмаған.

Қара өлеңім қазанның дауылындай, отындай нажағайдың жарқылдаған.

Тәни:

Жасымнан ақын болдым, өлең бағып, тоқтаттым сан жүйрікті сөзбен қағып. Қой жаным, көп қиналма, жеңе алмайсың, Келмесең желге мініп, сумен ағып. тигізіп қандай сөзді айтсаңдағы,

Кетеді айтқан сайын майдай жағып.

Шырағым мақтанасың бекер құры, Шығады жаманырақ сөздің түрі.

Жақсысы осылардың қай жағында, Құттымбет бастан-аяқ бәрі ұры.

Бөкен шал тоғанбайың ұры емес пе? майырбегің ұрының бірі емес пе?

Баласы тышқанбайдың Көшербайың, Әркімді зар жылатып жүр емес пе? мықты болса түседі неге қолға, Жігітке қолға түсу мін емес пе?

Келтірді бейнетіне құдай айдап, Қамшымен бірақ салып алдық байлап. Жігітке соның өзі қандайлық іс, отырды отбасында көзі жайнап. майырбек Бөкен шал мен Көшербайың, туғанда оқып түскен кесел жәйін.

Шығады алған малы желкесінен,

Алғаны біздің елден жыл-жыл сайын. Кешегі жұрт иесі тұрғанында,

Бұл елдің мінгізбеген жалғыз тайын. Әр сөзді айта берсем толып жатыр, Бетіңе салық қылып не қылайын.

Асылхан:

елімде ұры да бар, бөрі де бар,

Бай да бар, бақыр да бар, сері де бар. секілді тәни сендей қатындарды, Әр тойда басып өткен жері де бар.

Қайысқан қара қолға қарсы шауып, Жауды алып қамал бұзған ері де бар. мықты ұстап шариғатты қазы болып, Бес парыз, дін исламға белі де бар.

Қақ жарып қара қылды әділ болып, Әзірет ескендірмен теңі де бар.

Алдымнан ешбір адам құтылмаған, Абырой тап өзімде тегін де бар.

Тәни:

Жүріпсің бар Құттымбет түгел шауып, ұранға тәңірберді көңіл ауып.

Құдайдан қорықпағаннан қорық деген, осы ма айтқан сөзің маған тауып.

Алыпсың дәметкеннің үйін басып, Кісісін неге өлтірсін малдан сасып. Жарымың суға ағып кете жаздап, рас па, қорыққандарың тұра қашып?

нәпсіге болыстарың қызып алды, Құн дауын бітіп келген бұзып алды. Артықша болыстарың құн алам деп, Шатаққа ақырында өзі қалды.

Асылхан:

Біздің ел дегенменен сондай мықты, Кісіні ерегескен жерге тықты.

Бегімбет мал беруге шыдай алмай, Кісісін балта менен ұрып жықты.

дарияда шабақ көп пе, жәйін көп пе? еліңде кедей көп пе, байың көп пе? Біреуіңе екі жүз жылқы бітсе,

Жем болған Көшербай мен майырбекке.

Бар малы жұратына кеткен шығар, таяз деп құнажыннан өткен шығар. есірік қатпалардың жігіттері, Жабылып ұры ғой деп жеткен шығар.

Артынан айғай-сүрен салған шығар, Жиылып бар Бегімбет қалған шығар. Қатпаның қуып келген бозбаласын, Бастарын бір-бір салып жарған шығар.

Қой десем осы құрлы тіл алмадың, өзіңе келер сөзді біле алмадың. ішінде Бегімбеттің ұры жоқ па? тынышыңа ауыз бағып жүре алмадың.

сөзімді менің айтқан ұғамысың, Ақын боп осы сөзден жығамысың.

еліңде: Құйқы, ынжыбай – төрт ұры бар, Артыңа соның бәрін тығамысың.

Тәни:

Шырағым бәрекелді бұл сөзіңе,

Кеп қалдым шабыттанған бір кезіңе. тұсымда қырғидай боп отырған соң, Басында ілмеп едім мен көзіме.

тиеді жанған өрттей сөзің шалқып, сүйегім жауабыңа кетті балқып. нүрәділ бекер ертіп жүрмейді екен, сол кезде-ақ қалып едім ішім тартып.

Көзіме ілмеп едім әу басында, талайдың болмап едім қоймасына.

Шырағым, атаң жақсы, анаң жақсы, нүрәділ бәрекелді жолдасыңа.

Атасы бұл Қызайды сұрап еді, ел-жұртын ақылменен құрап еді.

Бар екен абыройың жеңе алмадым, Абиыр жеті атаңнан мұраң еді.

Асылқан, нүрәділ мен Қожахмет, үйіме кісі болсаң бір келіп кет.

Бұлбұлдай тілі майда бұлбұлым-ай, Болады-ау, сендер кетсең бір үлкен дерт.

Асылхан:

Адамнан артық емес сенің басың, Айтасың жоқтан тауып сөздің нәшін. Алады жаман адам абыройды,

о, тәни, тауып ойна замандасың. Жасымнан сан ақынмен сөз сөйлесіп, мінеки жиырмаға да келді жасым.

нүрәділ он жетіде мұның жасы, Артылған жаста болса мәртебесі. Жүрелік келіп-кетіп, күліп ойнап, Жақсылықтың жоқ дейді ерте-кеші.

о, тәни, көргенімше хош аман тұр, Айтайын бір нәсиқат мойныңды бұр. өзіңе ынтық едім, көрдім келіп,

Жүруші ем көре алмай-ақ, бір неше жыл.

даңқыңды естіп едім өткен жылы, Жел сөзің құбылады неше түрлі. өлеңмен өзіңді ешкім жеңе алмас, дем алмай айтсаңдағы күндіз-түні.

Тәни:

Шіркін-ай, көріп едім талай жанды, Атырдық өлеңменен аппақ таңды.

нөсердей арт-артынан төгіп тұрсың, Білмейтін адам ойлап сөзің заңды.

Басында әрбір сөзбен байқап едім, өнерсіз болсаң жауап айтар ма едің? Білмеймін не айтқанымды осы тойда, мен дағы бойбермеген аусар едім. дариға-ау, біздікімен жұрат болсаң, Құмардан ойнап-күліп тарқар едім.

өлеңге мұндай ұста болармысың, өнер бар бір басыңа неше қысым. сайраған қызыл тілің шежіредей, ұқсаттым ерен бақтың бұлбұл құсын.

Асылхан:

о, тәни, хош аман тұр әзіл жаным, Атағың жерді жарған жанға мәлім. сайраған қызыл тілің шежіредей, Күйіндей фәтефонның салған әнің. Жүреміз келіп-кетіп, дәм бұйырса, сақтаса саламат қып жаппар кәрім.

Көңілімде бір айтысу арман еді, Атағың біздің жаққа барған еді. Баласы тоңғатбайдың гүлмайданды, Айттырып оспан інім алған еді.

Жөнелдік атқа мініп өлең айтып, Келеміз хош айтысып үйге қайтып. тоңғатпай, гүлмайдандар деген сөзге, Атының тұра қалды басын тартып.

Тәни:

өзіңді бір басымнан кем көрмедім, Жаманға зейініңді теңгермедім.

Берді деп Құтекеңе естіп едім, Шырағым құда болған сендер ме едің?

Шақпының ауылым қонды қабағына, естіп ем сені жаным баяғыда.

Жақсы айттық, жаман айттық қош аман бол, Шықтың ғой жұрат болып аяғында.

Асылхан:

Құдаңыз мына тұрған бақырыңыз, Жігітпіз, құба-құрғақ ақылымыз. Бәріміз бір атадан туған тарап, Ағайын сол құданың жақынымыз....

осы еді құмар болып барған жерім, Айтысып тәнименен қалған жерім. Қоштасып, аман-есен болыңыз деп, Белгіге бір торғын шыт алған едім.

Аржаққа алты кісі барғанымыз, тарқады құмар болған арманымыз. Басында еркелесіп айтыссақ та, тату боп аяғында қалғанымыз.

ол дағы дәурен деді баста мында, Білмедім не дерімді сасқанымда. тұсалып қара өлеңге қалғаннан соң, Жолықтым тосқын болып асқанына.

Әуелде бозбалалар шағыстырды, өлеңге бәйге атындай жарыстырды. ол бастап ұры жайын айтып берді, Бегімбет аяғында намыс қылды.

Бастады алғашында қара өлеңді, Бойдағы тастамадық бар өлеңді. елінде қолға түскен ұрыны айтып, Бастады мүдіртем деп бір өнерді.

Бегімбет, дербіс пенен Андас, Қатпа, Көз салған ақын тәни әрбір жаққа.

Көрмедім әйел заттан ондай адам, Қалайша жатық болған шариғатқа.

екі жүз елуді айттық шариғаттан, тастамай тағы да айтқан тарих жақтан. Болар ма мұндай ұста қара өлеңге, Жел сөзге жүйрік екен шапқан аттан.

Бастады шежірені одан кейін, сыртынан ғайбат айтып мен не деймін. төртуыл, Қаракерей, садыр, матай, Шіркін-ау, біледі екен оған дейін.

мен дағы шежірені айттым таман, Әр сөзден мүдіртем деп айтты маған. сұрауды неше түрлі сұрап жатты, Көрмедім тілі бұлбұл ондай адам.

Бастады одан кейін тау өлеңді, Қоймадық айтылмаған сау өлеңді. Әр сөзді ақын тәни кетті бастап, Әуелі бастап қойып дау өлеңді.

Қоймадық дау өлеңнен жер мен суды, ол дағы ақын екен аты шулы.

тау-тасқа сүрінбейтін тұлпардайын, ол дағы ойқастады өрлі-қырлы.

Көрмедім жүріп тұрған ондай адам, Қағынғыр шежіре боп нағып туған. Ата-ана неткен жақсы тәрбие еткен, тариғат, шариғаттың жолын қуған.

соңына және бізге жұмбақ айтты, Басынан қырық парыздың құлдап айтты. ортаға қойғандарын біліп алып,

Біз шешсек ол тағы да тыңдап айтты.

Жұмбақтың бергеннен соң бәрін шешіп, сескеніп қалды тәни іштей бекіп.

өлең де осыдан соң аяқталды, тәниді жолдастары кетті ертіп.

Біздерге жанның бәрі көзін салды, Біз дағы көріп-ек деп талай жанды.

«Шырағым, бәрекелді, жарайсың» деп, Қолымнан тәни келіп ұстай алды.

Бозбала еріп жүрді атқа мініп, Айтысқан әрбір түрлі сөзге күліп. таң атып жер дүние көрінген соң, тәнимен хош айтысып кеттік жүріп.

Жарандар тамам болды білгеніміз, сүйеніп тіршілікте жүргеніміз.

Шығардым тамашаны хатқа салып, Бір күні бұ да қалар көргеніміз.

 КөдеК Пен АйыМ Қыз Көдек:

Алыстан әтей іздеп тойға келгем, төгілген құйрық жалы жорға кермен. Аралап әріптесті іздеп жүріп,

өзіңді топ ішінен зорға көргем.

Атың кім, қайсы русың,- жөніңді айтқын? Көрікті қос перизат тойға келген.

Шешең менен әкеңнің аттары кім? нағашың кім болады ордалы елден. Алдыменен жөніңді ұғып алып, Айтуды одан кейін ойға келген.

Айым қыз:

ұқсаңыз, сұрасаңыз атым Айым, Құжбанбет руым, білсең жәйін. Жолыңды ал, тоғызыңды ал құда бала, Кісі атын қиыстырып айта алмаймын.

Көдек:

Құдаша сенен тоғыз сұрамадым, тоғызбен дүние жинап құрамадым.

Жәй сөзбен жағдайыңды ұқпақшы едім, Адамын білмек болып бұл араның. тоғызбен өлең жолын тоқтатқаның, өлеңнің шығармады-ау тиянағын.

нӘсИ Мен ЖАМАЛ

Әңгіме болып өткен-кеткендері, өмірдің нелер қызық өткелдері.

нәси мен Жамал қыздың бір айтысын, Жұмаш қарт айтып берген сексендегі.

Атса да әзәзілдер жасыменен, тағдырдың тәлкегіне бас имеген. Ат жақты ұзын бойлы қызыл сары, Кісі екен ақын, шешен нәси деген.

Байлаған өз сенімін жырға бекем, ел кезіп сал-серілік құрған екен.

мың сегіз жүз тоқсан үш қыркүйекте, Қызылқия тауында туған екен.

өмір-өлім сайысы таласының, нәсиге салған бірі жарасының. Әке менен шешесі бірдей өліп,

Айырды тағдыр жақын жанашырын. Қолында ержетеді екі-үш жетім, дүки деген немере ағасының.

тек өлең өнері айдай арманы еді, Жақсы менен жаманды талғап еді. Кезінде Әсетпенен бірге ән салып, ілеге аттандырып салған еді.

тиімді болмаса да дәуір жақсы, ел кезіп мана шүгей сәуірді асты.

Ән-күймен құлыстайды думандатып, Көмейден мерует моншақ сауылдатты.

сол тұста бір үлкен дау ұлғаяды, топ болып шешетұғын күн таяды. Жіберді қазы Қаби нәсиге де, мінгізіп шабарманға желмаяны.

Қалмақтың бір сұлуын қазақ алып, Кеткенге мадан қатты назаланып.

«Қызды да, жігітті де алдыма әкел, Кесілсін басы өлімге жазаланып». деп Шотайға жіберіп шабарманды,

Қалмақтар қоймаған соң мазаны алып. Шотайдан серғазы мен Қаби келді, Қасына нәсилерді ертіп алып.

Жол түсті бір ауылдың шетінен кеп, Айнала қалтарыссыз қалтыраң бет. ырситып азу тісін ала мойнақ, Бұларды қаппақшы екен артынан кеп.

Қаппады ала мойнақ ырылдады, Жақсыға мұны бұлар ырымдады. өзіне қарсы қамшы ұрмаған соң, Қайтадан өзеленіп бұрылмады.

Көзінің жолаушыда қиықтары, Көрімдеу көрінеді сиықтары. екі қыз үй сыртында өлеңменен, тұр екен кезектесіп түйіп тары.

нәсиге қазы Қаби ым қағады, сағының керек болып сынбағаны. нәси де келеді екен көңіл қойып, Қыздардан мынау болды тыңдағаны.

Жамал:

Құт мекен, жайлы қоныс қара қайттым, Қырандай көгінде еркін аралайтын.

Бұлбұлмын сұлу үнді, сырлы сазды, Беретін жаныңа ләззәт, санаңа айқын. Қыпша бел, қыр мұрынды, қарақат көз,

Ақ жүзім ақ мамыққа баламайтын. Ауылдың бұлғақтаған бозбаласы, Қолыма су құюға жарамайтын.

нәси:

өлеңге нәси едім құлама анық, Жіберем ат үстінде тұра қалып. Бозбалалық намысым қысып кетті, сөзіңе жаңағы айтқан шыдамадық. Аман ба ауыл-аймақ қос бойжеткен, Көрейін жөніңізді сұрап алып.

Жамал:

Қызы едім майқараның Жамал атым, Ақылды перизатқа саналатын.

Қызды көрсең Қайныштай қасымдағы, теңіздің елестетер шағаласын.

Жігіт жоқ соңымыздан шырақ алып, түссе де бұл жаһаннан таба алатын. Көрдің ғой қарағайлы қарлығашын, Жүрегің бірақ байқа жарылмасын. Ал өзің кім боласың жөніңді айтшы, Қалжыңға ішің бірақ ауырмасын.

сөз білмес өлез болсаң қараңды өшір, Алдыңнан Алла өзі жарылқасын.

нәси:

осынша кім еді сені қызық еткен, Қыз десе кететіні қызып өкпем. сұрасаң атым нәси, атам Шотай, сан рет сөз дариясын жүзіп өткем. оқыған талай қыздың айла түрін, Қызыл тіл найзасымен үзіп өткем.

Болсаң да қанша шешен, ей Жамал қыз, Аспассың сызған сызық құдіреттен.

Жамал:

Бұл нәси айтып салды шынын маған, мен емес ол қыздарың ырымдаған.

дүмпуін ондай сөздің көп көргенмін, Шайлығып жас жүрегім суынбаған. Ақынмын ауылымның ақ семсері, сөзден-сөз айтқан сайын туындаған. Жіберер жанды бір-ақ жаһаннамға, Жебемін қарауылға зуылдаған.

нәси:

Жамал да айтып салды сырын маған, сөзінің сыңайы бар қырындаған. өзіңдей мықтысынған талай кербез, менің де тақымымда құлындаған.

Ақылы қайратына сай келген соң, Болсаң да бесті асаудай бұрымдаған. өмірде қыз боп қалай күн кешеді, Жігіттің мейіріне жылынбаған.

Қарымым бар тегеурінді қыран едім, Қансонарда шабытқа құмар едім. темірдей тегеурінмен шеңбектесем, Шыңғырған құлын дауысың шығар еді. өзінше мықтысынған батыр қызым, Бас ұрып аяғыма жылар едің.

«өмірлік мен сендікпін ағатай» деп, Жамал қыз құшағыма құлар едің.

Жамал:

Кім білсін қыранбысың, құмаймысың, сөзіңнің әр түйінін сынайды ішім.

Қыздардың қырық түрлі айласы бар, Біріне сол айланың шыдаймысың.

нәси:

Қажетсіз айлаң маған мың болса да, Я мақтан, яки оның шын болса да. Жасынмын түсетұғын қарсылассаң,

Хан, қара, би менен бек кім болсаң да. Қызсың-ау, жөнін білмес ештеменің, Жарым күн тұрдық, аттан түс демедің. Айлаңның бізге қылған бірі шығар, өзіңше қасақана істегенің.

тексіздеу көрінеді ауылың да,

Шәй болсын түсіп аттан ішпегенім. ежелден сырты сұлу, іші надан, сендейден бақытымды күтпегенмін.

Жамал:

ондай-мұндай болады ауыс-күйіс, Қоңырсыған сөзіңнен шығады иіс. Біз үшін барар жолың неге керек, Аттан түсіп, шай ішіп, тары түйіс.

нәси:

терге шылап Жамал қыз жаныңызды, өлеңменен қыздырдым қаныңызды. Біз кетейік бетке алған жолымызға, Қинап болдық жолыққан кәрі қызды. Келі сізден болғанда келсап бізден, Кешке түйіп берелік тарыңызды.

ҚАнАПИЯ Мен нҰРҒАЛИ

отырды Қанапия қой күзетіп, нұрғали келеді екен үміт етіп. Келгенін нұрғалидың қыз да біліп, сондағы сөзі мынау өлеңдетіп.

Қанапия:

Ауылға бұл неме кім келіп жүрген, соңынан шайтан қаптап еріп жүрген. Қораның сырт жағында бүкең қағып, Қатындай қара құмақ теріп жүрген. Қалжың ғып кеше бір сөз айтып едім, сол сөзге нұрғали-ау, сеніп жүрген. Шын көріп мазақ сөзді мақұлықтай, Ақылын нәпсі билеп жеңіп жүрген.

нұрғали:

мен едім әтей саған келіп тұрған, өлеңге мен де ақынмын желіп тұрған.

Айтыстың ұятсынбай айғай салып, Кезікші ауашада құдай ұрған.

Шақырған жәй жүргенде өзің едің, Жоқ едім бұрын саған мойын бұрған. сөзіңде әуелгі айтқан тұрар болсаң, Жолыңа әкетайым жаным құрбан.

мен сені қадір көрер деп ойлаушы едім, Япыр-ай, жан екенсің сөзің сырғаң.

Қанапия:

нұрғали, ұят пенен арың қайда? Қаңғырып мұнда жүрсің, жарың қайда? Қатыран менің ием, алар жарым, Айтыссам сеніменен тарылмай ма?

Көрген соң сені ұстап сабамай ма? Қораға бұзау салған қамамай ма?

от жағып үйге апарып жарық қылып, Бетіңе сен кімсің деп қарамай ма?

Қаларсың қатты ұялып сағың сынып, Бұл сөзім ақылыңа жарамай ма?

Кет деп ем аманыңда тіл алмадың.

.............................................................

өз обалың өзіңе су мұрыным, Қасыңда тіпті сенің тұра алмадым.

нұрғали:

Байыңа мен не қылдым сабайтұғын, Қораға бұзау салған қамайтұғын. мұрасы бұрынғының емес пе еді, Бозбала қызды ауылды жанайтұғын. Атаң ұл, анаң қыз боп көрмеп пе еді? мін бар ма бұл сөзімде сыймайтұғын. Бесік табың беліңде жоқ емес пе,

сен емессің жамандық қылмайтұғын. сондай іс қай біреуде болушы еді, Бар екен бір тамырың қимайтұғын.

Қанапия:

Ән салсам қоңыр қаздай күмбірлеймін, сырымды сендей жанға білдірмеймін. Бесік табым белімде болмаса да,

тап саған етегімді түргізбеймін.

Жігіттің қайда жүрмес қара басы, өзіне хан көрініп дара басы.

Қимайтын досың бар деп топшылайсың, Болған соң сен біреудің салабасы.

Байлаған әр төбеге қолтоқпақтай, сен едің әр қатынның жанамасы. Қарға едің жүретұғын жемтік шоқып, сұңқардың қайдан бітті дәрежесі.

нұрғали:

Шарқая тіліңді тарт сөзбен қазбай, Ащы су ит татпайтын балшық саздай. Қаз болсаң қарсыласар қайратың жоқ, Қояр ма сұңқар сенің тырқың жазбай. Қырғауыл мен едім деп тағы айтарсың, Ақсұңқар қоюшы ме еді оны да алмай. Қиянат өміріңде істемесең,

Қамзамен неге жүрдің ала жаздай.

Қанапия:

нұрғали мені айттың-ау шарқая деп, өлеңге осының да болама сеп.

Қамзамен тамырсың деп кіна қойдың, Жаныңды беремісің рас еді деп. ердің құны екі жүз жылқы деуші еді, Жаныңды беріп сөзіңді растап кет.

Әсіресе сөйледің ит мінез деп, осы арада құдайға болдың-ау шет. Әйелдің бірі өзіңнің туған шешең,

сен болдың одан туған еркек төбет. Келдің-ау, итаяқтан ас ішкелі, сөзіңнің жігіт болсаң түбіне жет.

нұрғали:

өлең шіркін шығады терең ойдан, Пері қызы болсаң да сені қойман. ер Қасен Қайыпжамал періні алған, осыны білемісің түбін ойлан.

Қамзамен сені қазір беттестірем, Артымда ат ұстатып әкем қойған.

соны айтты да Қамзаны алып келді, нүкеңнің қыздан көңілі қалып келді. Жолдасым сөзге мүлдем болмасын деп, мойнына Қамза растап салып берді.

Қанапия:

Қамза, сен өтірікті айттың неге,

өш қылды-ау екеумізді мынау неме. мұныңның сөзбен берем сыбағасын, Қосылсаң сен де ішінде өкпелеме. сағымың сайтан қуған ел екенсің, ойлашы Қамза атыңа осы жөн бе. өтірік әзіргіге жалған айтпай, Ақыры істің түбін затың шене.

Қамзаның төрелік сөзі:

ей жаным келіп едім сені көріп, Айтқам жоқ мен ешкімнің сөзіне еріп. сөзіңді бағанадан естіп тұрмын, сөйледің қайдағының бәрін теріп.

менің де бірталайдан аузым берік, нұрғали болып еді маған серік.

Қайтайын жолдасымды ертіп алып, сендерді қоса алмаспын бүгін теліп.

сонда қыз қарғып-шоршып аттай желіп, майдалап сөйлеген соң Қамза келіп.

«Құдай атқыр Қамза!» деп бір қойып қап, Қыз сонда ыржың қағып кетті-ау, кеңіп. менің де кісілігім қалмай қалар,

Келген соң әтей іздеп ұйқы бөліп.

ҚАныБеК Пен ТӘнИ

Бісміллә сөз бастайын біріншіден, Қаныбек жолаушылап шықтым үйден. Алтынбек, нүсіпбектер қасымда бар, Жасымнан күліп ойнап бірге жүрген. сөз болсын бозбалаға күлдіргендей, Айтайын тамашамды көрген-білген.

Жырғалаң кесігінен асып кеттік, Құрсайын кеше паңның басып өттік. Жарасқа Жауырдағы барамыз деп, тұсынан Ақбұрқанның судан өттік. Қасқа жол, ошақбайдың сайын басып, Ауылына намаздыгер кешке жеттік.

Жазыққа шыққаннан соң аяңдамай, Желдіртіп ат екпінін салып кеттік. Біздерді кеш болса да сөгіс етпес, Ауыл ғой үйір-таныс келіп жеттік.

Ауылына Жанқылышбай жақындадық, Біріміз бірімізге мақұлдадық.

Бес түйе жолымызда жатыр екен, Бураға қалшылдаған батынбадық. Ақырып сол бураға қылдық айбар, сескентіп жүре бердік өте салып. Бұрқылдап ақ көбігі шиқылдайды, Аунайды екі өркешін жерге жанып. Кез болды осы арада жаяу малшы, Қойшыдан жөн сұрадық жақын барып. Жүр екен сиыр қарап осы малшы, Біздерге жөнін айтты келе салып.

Қалжың қып бір тамаша сөз айтып едік, Ауылына қызық қыпты айтып барып.

Ауылы Жанқылыштың Жауыр жақта, сонымен бірге бардық ауыл жаққа.

Барған жер әтей іздеп сол ауыл ғой, Кеш батып қас қарайды сол уақытта.

отырдық барғаннан соң сәлемдесіп, Қол беріп бәріне де амандасып.

Шешесі рәбәттің айтты сонда:

«Қаныбек тұманды күн келді адасып. рәбәт балам болса, сен де балам, неліктен келмей жүрсің бізден қашып?» мен айттым сол уақытта ол кісіге:

«Бет алып шығып едім қадам басып. досы едім құдай қосқан балаңыздың, екі жыл келеді деп жүрдім тосып.

Көңілім осы күнде баяғыдай,

мен жүрмін келмесем де хабарласып. Шаруа-тіршіліктен келе алмадым, Болмаса жүргенім жоқ сізден қашып. сырымды дұшпаныма мен айтпаймын, Арықтап ішімізден жүрміз жасып.

Бұл күнде таудай талап ес қатпайды, Бақ-дәулет бүлдіртіп жүр қайта басып. Жоқ болса да бір залалы тиеді деп, Бәрі жүр құда тамыр бізден қашып.

Атаның аруағы қолдап жүр ғой, Білдіртіп әр тарапқа нәсіп шашып». оларға осылай деп бердік жауап, отырған барша жанның көңілін ашып.

Білгелі амандықты келіп қалдық, Бұйырып айдаған соң дидар нәсіп. Көз көрген үлкен-кіші, бала-шаға, Бәріне отырыстық амандасып.

рас қой бұл айтқаның қарағым-ай, Әншейін сөзді айттым жанабыңа-ай. Бала едің қолымызда өсіп-өнген, Айтып ем келмеген соң баяғыдай.

Алған жар – келіншегің құтты болсын, Жүрміз ғой амандықты бізде сұрай.

Жақсы деп тіршілікте естіп жүрміз, өзіңе өмір берсін патша құдай.

Біздерге киіт алып келген шығар, мұндай жол әрбір жерден көрген шығар. Бір ішік әкелді деп мен отырмын, мүшенің бір сөлкебай көңілінде бар.

Бұл сөзді олар айтты осылай деп, Болды ғой бірсыпыра әңгіме ғып.

Жол қылған келіншектен бір сөлкебай, Әпердік жанқалтадан «мінеки» деп.

Қолына алып мошан бала құрмет қылған, Біз дағы жай-шаманы айттық жылдам. тамаша бір қыдыру сөз болды ғой, Кітапта қор болмайды сауал сұраған.

сонымен бұл ауылға болдық қонақ, Жауырда боран соғып тұрды борап. саяхат тіршіліктің жақсысын-ай, өтеді-ау бәрімізден дүние шолақ.

той жасап сол ауылда болды жиын, Кеп жатыр жыртысына сырттан бұйым. Кез болған қуаныштан құры қалмай, Біз дағы жыртыс салдық бірер киім.

Жарастың болған жері Жантөгелбай, Бекшойын, есімбекпен ашына жәй. рабат Жанқылыштың қара орманында, Бақ қонған төрт түлігі бәрі де сай. есімбек кісі көңілін ауыртпайды, Жауапқа майда қоңыр сары майдай. осындай бәйіт қылар кезім келді, Қуат бер қызыл тілге патша құдай!

Баласы Жанқылыштың зәңгі ошақбай, рәбәт бірме-бірге алдыңғы бай.

Баласы нүрибекті қайындатып,

он бір ғып жыртыс салған бұрынғыдай. мың теңге, екі жамбы, екі жақсы ат, Апарған қыз Қашқарға бір жорға тай.

Әкелді қуанышқа шашу шашып, Шашқаны өрік, мейіз, қант пен шәй.

ілескен тамашаға ноғай ғәріп, үйреткен балаларға ілім, тәліп. Ақсақал ішімізде тоғжан шешем, Біздермен бірге жатты еріп барып. тамаша жиын тойға жиылысты, еліне шапқыласты хабар салып. саяхат жүрген жерді бәйіт қылып, осындай сөз қылайын ашық-жарық.

Шығыпты ақын әйел Бегімбеттен, мақтан қып айта берді келген – кеткен. Хабарды осылайша естіген соң, Көңілім бір көруге үміт еткен.

Көңілім айтыссам деп жүруші еді, сырымды құрбыларым білуші еді. естіліп аруағы сол тәнидің, Біздерге кезі келмей жүруші еді.

дәм айдап Бегімбетке барып қалдық, тамаша тойды қолға алып бардық.

Аққозы, Шүңгіл, Қатпа, төртуылға, Айтысып сол тәнимен анықталдық.

ұлынан бір атаның тоқал да бар, ел екен тамашаға шындап құмар. Жерінен Қарабура ат жіберіп,

ұстастық сол тәнимен ұмар-жұмар.

Жерінен Қарабура тәни келді, Құрметтеп елі жатыр тәниді енді. Қауындай ұрғашы-еркек қақ жарылған, тәниді бастап алып үйге енді.

Белгілі ақын екен жұртқа анық, дауысы саңқылдаған ашық-жарық. деңгейі орта бойлы адам екен, тәниге отырған жұрт айтты барып.

тамаша өлең айтып беріңіз деп. ілініп осы сөзге отыр екен, іркілмей қоя берді әуен салып.

«Бәріңе олжа салам»- деп сөйлейді, Көрімдік құдалардан сұрап алып.

отырды тәни сүйтіп өлең бастап, Қасына қыз ілесті бір бесаспап. отызға аяқ басып қалған екен,

Жан екен шыға салма сөзге жақсы-ақ.

Қаныбек:

тәниден бір біз емес қашатұғын, Жел сөзге бала бар ма сасатұғын. Азырақ тамаша ғып сөз бастайын, Жиылған жамағаттар сөзімді ұғын. сөйлесем ұлы дуда міне осындай, Жаманды салауатым басатұғын.

Жаман болсаң мініңді мойныңа артып, Жақсы болсаң елге айтып шашатұғын. Көрінді қырғауылдай жүнің қызыл, Биікте сұңқар едім жататұғын.

Алшері екі атар маузыпанмен, Жерінен неше қысым ататұғын. сөз баста ақын тәни енді маған, ұйқыңды кісі келді ашатұғын.

Тәни:

той бастар сіз бен бізге келді кезек, Барша жан екеуімізді алды көзеп. Бекінген биік тауда мен бір түлкі, еш адам ала алмаған оғын кезеп.

Байқармыз жүйрік болсаң өнеріңді, Айтыңыз, құда бала, бойға тежеп. Басқа жан тамаша ғып өлең айтсын, Біздерге кейін-кейін келер кезек.

Қаныбек:

заманың зулап өтер атқан таңдай, мінезің сыр алмаған елде қандай?

Бекінген биік тауға түлкі болсаң, түйілдім аспандағы балапандай. Аспаннан ғайып перім босқа келсе, дүниең көрінеді алақандай. осындай ұлы дуда ерегессем, Алдыма кетуші едім қара салмай. сыйласаң мені де, сені сыйлағаным, Көңілге сөз айтамын жара салмай.

Бойыңды қорғасындай балқытармын, Жел сөзім шындап айтсам арасандай. өзіңе білдіремін өнерімді,

Бұрыннан жүруші едім жанаса алмай.

Тәни:

менімен жүйрік болсаң жанасқаның, Қиын ғой шабан болсаң жанаспағым. Көтеріп өзін-өзі мақтанып кеп, Әркімнің көріп едім адасқанын.

Аузыңды тартып сөйле, құда бала, Жел сөзге өстіп жүрген мен бір сағым. Кейбіреу бет алдына мақтанам деп, өзінің білмеуші еді шама-шарқын.

Құдайым ерегестен беруші еді, Шырағым ерегессең менің бағым. Бірнеше ұлы дуда озып жүрген, Бәйге аттай осы кезде дәл ғой бабым.

Қаныбек:

Әтей-ақ, тәни, саған келіп едім, мақтанған талай жанды көріп едім. мен дағы ұлы дуда озып жүрген, несіне мен шапшаңдап желігемін. есірік бейбас ауыз мақтаншақтың, Білдіріп білмегенін беріп едім.

Аузымды тартып сөйлеп көргенім жоқ, Көзіңе бүгін сенің көрінемін.

Тәни:

ұрынсаң адасқаның иен түзге, (Көрінбей жоқ боласың қайта көзге.)

түскем жоқ машина мен кесте бізге, (Айтысам деп менімен елеуреме?!) төгілген өлең сөздің нөсерімін, Қарсы шауып қандай жан келер бізге.

Қаныбек:

Қыранмын қылт еткеннен адаспайтын, Қиырдан көктей шолып аластайтын.

Кірсең де жеті қабат жер астына,

Жеп-жеңіл желкеңнен ап дара ұстайтын. дауылмын шығаратын тоз-тозыңды, Жел сөзге ешбір жаннан қалыспайтын. Қаларсың асқақтасаң өкініште,

Біліп қой, қара таңдай қарғыстайтын. Әйелдің айыр тілі кезікпесе,

Ала өкпе аптықпамен қағыспаймын.

өлеңді бастап едік ырғасумен, Жауапты қайтарыстық сырға сырмен. Әйелден мұндай саңлақ шығады екен, Кезігіппін Бегімбеттің жорғасымен. өлеңді ел мақтаудан бастап кеттік, Қызыққа жұрт желігіп жырғасымен.

Тәни:

Жасымнан ақын тәни атанып ем,

Жел сөзге талай жаннан бата алып ем. Аруағын тәйірберді бір көтерсем,

Шын жүйрік саңлақтардың қатарында ем.

ұраным – тәйірберді, атам – мәмбет, тұрысбай жақын аға немерелес. тұрысбай мен орысбай қатар шығып, ешбір жан қыр жағынан баса келмес.

Жақсылар толып жатыр шыққан көптен, Артылар қай мансабың ыстанбектен?! мал басқа атасынан өктеп озған,

Көре алмай мұны күндеп дұшпан да өткен.

ісімен үлгі болған ақылы азға, Жай білер біздің елде асыл аз ба,

Айтысып болыстыққа таласқан жоқ, Жол берді тұрысбайдай асыл затқа.

Қаныбек:

Жолболды торғайменен бір туысқан, Жайылған әр тарапқа алаш – ұран. он бес Қожаназар бір анадан, таралып өсіп-өніп неше дудан.

мақтайсың тұрысбай мен орысбайды, Артық па Қасым зәңгі оралбайдан? мақтанып нағашыңды қосып айттың, Шалысым менің дағы әр рудан.

Кім білмес сарбұлақта оразайды, Қайым оразайды, Жобалайды.

Жүйріктікпен жөніне жауап табар, нағашым қызыр шалған сыламжанды. Баласы Әбді ажы тәлім болыс,

Бақ қонған төрт түлігі бәрі сайды. Аумайды әділдіктен жалғыз қылдай, Жайлы боп зәңгілерім ел сұрайды.

Тәни:

Қызайда кім озады Бегімбеттен, Аңыз ғып айтады екен келген-кеткен. сасанның байлығы артық, көл, дәрия,

сұрай бар мамырбек пен Жайырбектен. Қас, Күнес екі өңірді араласаң,

Кең пейіл елім жатыр жайында өткен. текестің боранындай елім білсең. ерден нәпсі, байынан қайыр кеткен, мақтанып айтатындай қай жерің бар, Бар болса тыңдасын жұрт Қаныбектен.

Қаныбек:

тәни-ау, жасық қандай, асыл қандай, Айтайын бір әңгіме қапы қалмай.

мыңғыртып айдағанмен төрт түлікті, Абиыр алып бермес шық бермес бай. Байлық пен жомарттықтан кім асады, Көл-көсір тойекенің асы қандай!

Бата қып, ат шаптырып, өлең қылған, Ақындар сайыпқыран асылғандай. үйірлеп ту биені сойғанында, Қанынан Қарағанты тасылғандай.

Байлықтар бар болмаса, бұл немене, еліңде толып жатыр сасыған бай. дербіс пен Бегімбетің ас бергенде, үлгі етсін ата салтын асырғандай.

Жан өткен қасқа жолды бізден бұрын, үйреткен елге жосын Қасымқандай.

Қолынан қотыр, шолақ тай шығармай, Шығарса құты қашқан жан шығардай. еліңде естуімше Шығайбай көп,

Күні өткен қараулықпен қан шығармай. Бір астың бәйгесінде жүз жылқы алып, Болсаның бола қалды жалшыдан бай.

Білсеңіз байлық деген осы емес пе, Жомарттық жақсы адамның досы емес пе?! Пейіліне Қожаназар мал менен бас, орнатқан бақ пен бақыт қос емес пе?!

Бәйгеден шу дегенде шаян да озар, Жүйріктік делебесі топта қозар. молдажан болыс болып ол да өткен, Адамның сөйлегенде дертін жазар, Жұртына кішіпейіл, шоңдығы жоқ. тамаша жүрген жері бейне базар.

Жамбысын, малын айтып не қылайын, отыз ұл бір дамбалдың өзінде бар. рухын тәйірберді білсең тегіс,

мұндай жан құрбысында кімнен шығар. Атаны, ел жақсысын байқап сөйле, Келгенде бұл тураға көңілің сынар.

Тәни:

Көңілім еш адамнан сынбап еді, талай жан жел сөзімді тыңдап еді. дәулетті теріп айтса артылам деп, сөзімнің бұл турада кетті теңі.

Кетерміз ерегессең жамандасып, Қоялық, ерегеспей, сердебені1.

Қаныбек:

Айтыссам қорықпаймын сердебеден, Қалды ма мені сөзің жерлемеген. өлеңнің жас басыңнан соңына еріп, Пешенең жан екенсің өрлемеген. сені мен мені сынап көреміз деп, Бұл үйде жан қалды ма терлемеген.

Бұл үйге симай кетті талай адам, тамаша кездеспейді өзіңдей жан. Артық-кем, жаман-жақсы сөзді айттық, тамаша тіршілікте бұл-дағы сән.

Келемін тілден бұйда іліктірмей, Бір сөзін бір сөзіне біріктірмей. Қожекең үшеу-ақпыз, Бегімбет көп, Қоя ма өз ақынын дүрліктірмей.

Құдайым осындайда оңдаушы еді, тұрғыға жетпейінше күйіктірмей.

Ақынның ашты тері қашан шыққан, Араға ала бәдік, бүлік кірмей.

Бір сөзді тәни тағы қоя берді, төрдегі үлкендерге ырық бермей.

Тәни:

Қаныбек сөз сөйлейсің өктем-өктем, сібеге қолды болып аузың кепкен. Жел өкпе, қызыл ауыз мен емеспін, тарихта уақиға екен бастан өткен.

1Сердебе таласу деген мағынада.

мініңді жездей қақтап сілкілесем, Бақиға кетер едің қайғы-дертпен.

Қаныбек:

ол кезде жігіт болдым арыстандай, Кең иық, талыс дене, қарыс маңдай. Жауымның тас бұғауын талқандағам, Әйгілеп ерлігімді танытқандай. намысын жіберетін ер бола ма,

сен білсең, мен сібеге мінді емеспін. Арыспын алысқанды табынтқандай, Желігіп сен несіне шаптығасың, Арасын ез бен ердің анықтамай.

Тәни:

Қонақ боп жырғалаңда ыбырайға, Кез болып ыбырайдай сұмырайға.

Астынан атын сойып Шылбы ақынның, Қызайда мұнан өткен ұры бар ма?!

Ауылына зарлай-зарлай Шылбы қайтқан, тапсырып екі аруақ пен бір құдайға.

Қасқырдай қорадағы қойға шапқан, дербіс пен Бегімбетте құны бар ма?! Көзі ашық шариғатқа қылап1 қылған, мұндайлар жамандықтан тиылар ма? Қанжардай қадап-қадап сөз айтамын, Кәрленсем, маған десе тілі балға.

Қаныбек:

сөзіңді жақсы адам ақтайтұғын,

Бай да бар, бақыр да бар мақтайтұғын. Бекшойын ұры болды елден шыққан, тәуба ғып еш уақытта жатпайтұғын. Жаз болса көк жайлауда бие сойып, сасытып ұрлық етін сақтайтұғын. үйінде жатса таңы атпайтұғын, сондықтан зәңгі ошақбай жатпайтұғын. Қай жаққа Әділбекті жібересің,

ешкімге қарны ашып шаппайтұғын.

1Қылап кінә, шикілік деген мағынада.

Кедейдің бір шолағын қағып алар, ешкімге дәті жетіп айтпайтұғын. Басына пәле келсе жанын беріп, сенімді бір адам жоқ ақтайтұғын. маңпаңы малыменен бірге кетті, Жамандық осы емес пе жатпайтұғын. Шайтаның, тәни, сенің басым екен, Көңілің еш нәрседен қайтпайтұғын. дегенмен қыршанқының өзі екенсің, өрде төстеп, еңісте шаппайтұғын.

осылар аты шулы ұры емес пе, ұрының мамырбегің бірі емес пе, Қай жаққа зым-зия ғып жібересің, Білініп әрбір тұстан тұр емес пе?!

Тәни:

Жасымнан ақын тәни атанып ем,

Жел сөзге талай жаннан бата алып ем. Аруағын тәйірберді бір көтерсем,

Шын жүйрік жақсылардың қатарында ем. Қолдай гөр Бегімбет пен дербіс бабам, Жайылған әр тарапта атағы кең.

Әншейін айта салған назым емес. Көтердім тегі текті атаны мен.

Қаныбек:

Болғанда Қызай – анам, меңіс – бабам, Бола гөр қысылғанда өзің панам.

Аузыма келгенімді қайтармаймын, Шатпақы жан екенсің сөзің жаман.

сұрасам ата жөнім меңіс екен, Баласы төрт Қызайдың тегіс екен. Шағыр өліп, Қызай анам жесір қалып, Қойшағадан Бегімбет, дербіс екен.

Атамменен өз атаң бір туысқан, ұрпағы тілеуберді сен бір тегің. тумаған тайыншадан уыз қосқан, Білемін, тәйірберді ата тегін.

Ау, тәни, атыңды естіп келем өктеп, Шығады жаз болғанда жеміс көктеп. мұндай сөз түсіндірген біз екенбіз, Айтыңыз келген жерден тегін тектеп.

Тәни:

сырыңды бірталайдан мен де білдім, Басып жүр желкелетіп кедейлігің. салымы әр нәрседен кем болады, несібі аз бұйырған кенде елінің. мақтайсың Қожаназар бай-манабын, Болған соң бәрі жақсы елдеріңні, иіріп сен де айдап жүрмес пе едің, ортаймай толықтанып кем-кетігің.

Қаныбек:

Қыстауың сарымсақты сала-сала, Жырғалаң өзге жерден аласа ма. тегінде өзіңе қас осындай сөз, Бұл сөзді сен айтуға жараса ма?! Белгілі қатпа, шүңгіл қолымызда, өзіңе соның бәрі қараса ма.

Тәни:

«тә» деген тағы бір сөз танауың-ау, Жараға осы сөзім, шырағым-ау.

«тә» десем таңырқамай құлағың сал, неліктен кетіп отыр шыдамың-ау?

Қаныбек:

үстінің басы «Әліп», Қабағы «Әм», дүниеге келе бермес солардай жан. Болғанда аузы «ти», мұрны «ығұн», Бата алсаң оңаларсың осылардан.

Тәни:

Бір бетің қапқа «сәкүн» ол да ғарып, Біле ме екен деп едім сәбет салып.

Айтып ем ғарыппенен үсеніңді, Болған соң өзі жезде апамды алып.

сізбенен осы сөзді біз естідік, естіртсең басқа жанға ұят анық.

Қаныбек:

ғарыпты өзің айттың, өзің бастап, Атағың ақын тәни шыққан жақсы-ақ. өлеңді енді маған ғарыппен айт, Жұбатып басқа сөзге кетпе тастап.

Тәни:

Қаныбек көңіл ашып, айттың ермек, Қыстауым қарабура жүрген жерлеп. Біздерге ғазіл, мазгүр өлең айтпақ, Баршасы бұрынғыдан қалған өрнек. мінезді құдай берген жасырам ба, осындай ұлы дуда кетем өрлеп.

Жасымнан жібек баулы ақ сұңқармын, Қағамын қанатымды көкке сермеп. дүниең келер-кетер опасы жоқ, Қызығы бұл жалғанның алмақ-бермек. Бәріне бұрынғыдан қалған өрнек, Жақсының нұсқа көрген соңына ермек. Шай келтір құдаларға жылдамырақ, Қаталап жанның бәрі кетті шөлдеп.

Қаныбек:

иісің әтір сабын, жұпар сасыр, Артылтып жүйрік болсаң сөзіңді асыр. Жүк болған қырық есек, бір қашырға, ұрғашы амалы асқан сен бір масыл.

Қатын қып мал есептеп сатып алған, ойлашы ұрғашыдан еркек асыл.

Жырғалаң және текес жүрген жерім, Аралап толып жатыр білгендерім.

Біреуді жақсы, біреуді жаман қылып, Жаратқан соның бәрін патша керім.

«Бәйге алмас байтал шауып» деген сөз бар, Болар ма ұрғашыда ешбір сенім.

Бұралған тал шыбықтай қыз болмаса,

тегінде қатын емес менің теңім. өлеңді айтпай жатып сөз сұрадың, Жатпай ма шалдыққанға осы жерің.

Тәни:

Алдымнан ешбір адам шықпаушы еді, талай жан қырғауылдай ықтаушы еді. Қор болған қайран тілім талай жанға, сөз нарқын бір өзіңдей ұқпаушы едім. мен бүгін бір қырсыққа шалыныппын, (Берейін, өз қолыммен жолыңды енді).

Айтайын айт дегенде ал қарагер, Болғанда бірде жолды, бірде арам тер. Бір асқанға бір тосқан деген осы, мінеки, қолмен ұстап көзбенен көр.

Қаныбек:

Аман жүр қайда жүрсең нағашы апа, сөзіме менің айтқан болма қапа.

Қара көк тұқымынан үзілмеген, Жоқ еді менде ешбір бұта-шата. Барғанда ақиретке қалың нешік, ісіңнің қолдан келер атын ата.

сонда тәни әдептен аспай келді, Аяғын титтей қия баспай келді. Шетіне торғын орамал жүзік түйіп,

«мінеки, жолыңыз!» - деп тастай берді.

ШАРҒын Мен нӘсіЛХАн

Жаз жайлау қоңыр салқын майда желді, еріксіз жинағанда жайлауға елді.

Жаз жайлау бейне бейіш секілді деп, Қазақтың айтып өткен кемеңгері.

Жазда ойын, қыста сауық, тамаша жоқ, Құдайым, сорға жаратқан ендігі елді. Қазаққа той дегенің бір тамаша,

Ат мініп, шапан киіп өрбіді енді. Бірігіп қыз-бозбала тамаша еткен, Әркім-ақ той болғанда желігеді. сипаттап айтпағанмен әшкере тұр, Барлығы бастан өткен желігі енді. (таралып той хабары кезді елді, Ширыққан ақындардан тағат тозды.) Азырақ тағат етіп тыңдасаңыз, Әңгіме айтатұғын келді енді.

Бұл сөзді анық дейді көзі көрген, оянып таңы туып өзгерілген.

Жоғарлап надан тұрмыс, ел оңалып, Кезі еді замананың түзу келген. отыздың сегізінші дәл жылында, Шақырған мұғалімді тізімменен.

Айында сентябрьдың шәрі барсақ,

Бір Албан тойын жасап қызын берген. іленің жайылмалы жазығында, Көресің бозбаланы қызып жүрген. үйіне тобажанның қонақ болдық, Ақшылдау адам екен ұзын келген.

Жолымыз түзу екен дегенменен, Қонағасыға қой сойған сиы ерен.

«тобажан, әнеу күнгі және келген, Айтысар кісі бар ма оныменен. мейманыңды бұл тойға салып барғын»,- үйіне молда кетті соныменен.

«Байтал шауып бәйге алмас» деп салыпты, немене асып тұрған солғұрлы елден».

«Қатын», – деп, – ойбай пәле» – жұрт шулады, дүрлігіп есімді алды көрмегенмен.

Бір үйге алты қанат ел жиналып, Қос қатын отырыпты сәніменен. Құбылтып әнді шырқап салып отыр, толқыма патефонның әніменен.

Айырса бір-біріне танығысыз, Аққудай көлде жүрген парыменен. еріксіз алып барып отырғызды, Білтеге от қойғандай дәріменен.

Шетіне жақындасып отырғанда, сабынмен иіс жұпар дәріленген.

Құдайға сонда шақаң сиынды енді, мен емес, бәрімізге қиын келді.

төрт үйге өлең айтқан барлық халық, өлеңді тыңдаймыз деп жиылды енді. ішінде Қойлыбайдай зәңгісі бар,

«осымен айтыссын!» деп бұйырды енді. Аспанға әнді шырқап әлгі қатын,

Біресе боз торғайдай сіберледі. Біз келіп тізе қосып отырғанда-ақ, өлеңді қоя берді, ілінбеді.

оқушы жас жеткіншек тыңдап тұрсаң, Жақсы мен жамандары білінеді.

Шарғының осы тойда не өледі, Бақ берсе патша құдай тіріледі. осы жері қиынырақ келіп отыр, Көрмеген бұрын алып сырын енді. сескенер ешнәрседен қатын емес, Абайлап қарағанда түрін енді.

Болғанда тәйірберді, тілеуберді, таралған оразайдан темір енді. ондағы жолаушылап келген қатын, тайжанның болады екен келіндері. Әбеу еді оның байы жұртқа мәлім, ол да отыр барқыт ұстап жеңіне енді. Айтбосын бұларменен жекжат екен, Әлжан боп сегіз сары бөлінеді.

Қысылып мәлік сонда кеткен екен, Абайлап бір қарасам өңіне енді. менің де бетім қызып қалған екен, Бір сүрттім маңдайымның терін енді. Басалық бұдан былай өлең жаққа, Қараңыз өлеңшінің кебіне енді.

нәсілхан:

Құдеке, амансың ба, бері кел, бері! Азырақ өлең айтып серуенделі.

Болмасаң адуынды, жөнел аулақ, Жігіттің келсін бері өнерлі ері.

Жаманы жасығымен жоламасын, өзіне үн шығарсын сенгендері. Байтал бар байталда да ат табатын,

«Байтал»деп кекетіпсіңдер сендер мені. Ақтыққа жетелеген сағыр, тұғыр, Қалайша аттан кеммін, тең келмелі?!

Кей жігіт «еркекпін» деп мақтанғанмен, Бағасы жақсы әйелден кем келеді.

Шарғын:

Құдағи, амансың ба, асықпаңыз, дегенге «сіз өлеңші» тасып қапсыз. еркектен бұрын айту лайық па, мақтанып суды қолмен шашып қапсыз. Қатынның еркек деген пірі емес пе?!

Білмеген мұны не деген ақымақсыз.

міне сап тұра шаптың байталыңа, Көріндің шапшаң сүрең байқауымда. мен сені осы жолы жеңбей кетсем, Қайтпаймын тірі болып қайта ауылға. Бір бесті татыр соған деген сөз бар, Байталдың жиып келсе алтауына.

нәсілхан:

Келіпті бұл жігітті ажал айдап, Келгеннен қоя берді ажағайлап.

Алды-артын жинап жігіт байқар емес, сиырдай сайқақ тиген одағайлап.

Асыл мен жасықтардың нарқы бөлек, Асылға жасық темір жарамайды-ақ. тораңғы ішін ойған секілденіп,

Қай жерден келіп қалдың боран айдап. өшеді байғұс демің, үнің шықпай, осы жерде ұран салсам «оразайлап». өрең тік, атыңды қос, бәйгеңді сап, Әніңді түн асырып, қонаға айдап.

сағыр мен сендей бесті тұғырларды, суғармай қайтарамын қораға айдап. Әйелден туылмасаң қайдан шықтың? Ақымақ, білмей жүрсің сорың қайнап.

Шарғын:

Алды-артын адам екен байқамаған, Қай жерде бәйгені озып байтал алған. Жартанмен аруағыңа сиынамын, Албан, суан, дулат пен майқы бабам. Адам мен Хауананы жаратыпты, еркекті төмен дейсің қай тұрадан?

Хауа ана әзәзілдің тіліне еріп, ғаламға он сегіз мың айқындалған. Пайғамбар ұрғашыдан шыққан емес, Құранда жария болып айтылмаған. Азбаса Хауа анамыз әзәзілге, Бейіштен шықпас едің жарты қадам. Атама райымбек су жол берген, осыдан қасиетті байқар адам.

Көз тігіп көрінгенге қадаласың, сынасам көрінесің сайқал адам. сөзіңнің бас-аяғын байқағанда, сен емес үлгілі сөз айтар адам. Белгілі ұрғашының бізге жәйі, Көрпені жамылғанда айқарадан.

нәсілхан:

осы ма ақын жігіт бар тапқаның, Жұлқынып бағанадан жөн тапқаның. тиегін өзенімнің ағытқанда, орнынан тұра алмайды ант атқаның. еркектің ұрғашысыз күні бар ма, Қолында ұрғашының бар тапқаның,

«Алып – анадан» деген сөз бар емес пе?! Арқасы ұрғашының мақтанғаның,

сен маған «тоғыз» бермей аман қайтшы, Атыңды бүгін жеңіп ап қаламын, Қызырды әулие еткен Қызай анам.

үш есе ата жаққа мақтанамын, Жар болса іледегі төрт әулие.

Бұл тойдан бәйгені алып аттанамын. Шақырып адам атын ұран салсам, Шарбыңды аяғыңа ақтарармын.

үн шықты екі жақтан ұрандаған, Бозбала еті қызып тұра алмаған.

Бір жақтан «оразайлап» ұран салды, ішімнен жазым күттім бір Алладан.

«Хан атам райымбек» қолдай көр деп, даладан ұран салды бір топ адам. дуылдап үйдің іші сырты менен,

Боп кетті жел соқандай қыбыладан. өткен соң он бес минут сөз басылып, сөз түсті «тоқта халық, қыбырлаған!».

Жан-жақта ата ұраны шақырылып, саспастан Шақаң сонда жатыр күліп. Айғайлап айтты мәлік көпшілікке,

«Бәйгені қайтамыз деп, ақыры алып».

Шарғын:

Әуелі сөз сөйлеймін әр планға, Әр керек, әрбір түрлі алтынға да.

Көпшілік сөзді тыңдап сынаңыздар, ұғынып сөз мәнісін талқыла да. теңмін деп еркекпенен мақтанасың, Бір қара алдың менен артыңа да.

Жігіт тұйғын болғанда, қатын төмен, Жапалақ қаз ілмейді талпынғанда. ғаламды он сегіз мың жаратқанда, еркектен қатын озып артылған ба. ер менен ерегескен сендейлердің, үні өшіп, тас тығылар алқымына.

Ат емес, ақиқат та атылған оқ, өзінің қастық қылар жақынына. Бір тиын ағайынға пайдасы жоқ, Біреудің сатылып кеп алтынына.

нәсілхан:

Бұл сөзің әлгі сөзден өктемдеген, Қыс суы тең болмайды көктемменен.

Аңғалдар сендей-сендей соқтығам деп, талайы қанжығаға бөктерілген.

Жолықпай сен әкеңе жүр екенсің, сияқты жем айырған бөктергіден. Жындыдай қаңғып жүрген еркектер көп, ыржақтап ауыл-үйге жек көрінген. сұрайтын бұл жігіттен сауалым бар, рұқсат болса егер көптеріңнен.

Көпшілік «рұқсат» дегенде әйелдің айтқаны: Құранның «бісмилла» басы болар,

тағатсыз құл Аллаға асы болар.

дінің не? Кітабың мен расулың кім? Шариге өтірік сөз қарсы болар.

Алдыңа ақын болсаң сала айтайын, Атасы барлық діннің қайсы болар? Кейбіреу мұсылманмын деп жүргенмен, Білмейді сендей надан арсалаңдар.

Шарғын:

Атыңнан айналайын жапар халық, сөйлейін жаратқанды аузыма алып. Бері қара, Адам ата жаралғаннан, Алладан төрт кітаптың келгені анық. дінім ислам, мұхамедтің үмбетімін, Құраннан кітабымыз хабар алып.

Атасы барлық діннің ислам екен, Артық болып хақ қасына бағаланып. менімен ерегескен сендейлерді, Кетеді тозақ жаққа айдап алып.

Хор қызын иманды еркек құшақтаса, Қатындар күн көреді қайда барып?!

нәсілхан:

Әр сөзің рас дейміз, расында, Шәридің қалжың сөз жоқ арасында.

исламнан сегіз міндет бұйырылған, өтеуге дін мұсылман баласына. исламның не болады түбірігі?

Ақпенен көзің жетсін қарасына. Құдайдың бергеніне шүкір қылып, Қайна деп құртты салған жарасына. Азығын күні бұрын қамдамаса, Біраз жыл жер мен көктің арасына. Жер мен көк, арсы-күрсі ұлық қалар, Жазылған қандай жанның панасына. таппасаң осы сөзді дәлелменен, Басыңа қатын жаулық саласың да.

Бибі Фатима әйелден жәрдем болса, сен сорлы су түбінде қаласың да.

Шарғын:

үдеді нәсілханның жүгіруі,

не болсам болмақшымын бүгінгі күні. дін ислам, мұсылманның баласына, исламның сегіз міндет бұйыруы.

Бесеуін мойын тартпай істеу керек, үшеуін әптен біліп тиылуы. молдадан ғылым талап етуінше, исламның бес парыз түбірігі.

Пәлеге айып нәби сабыр еткен, Құдайым ғазез еткен бұрынғыны.

Хақ расұл мұхаммедтің құрметі үшін, ғаламның он сегіз мың құбылуы. иманды жеті парыз хақ деп сену, өлген соң адамзаттың тірілуі.

текес пен Алатаудың ағынындай, Қорықпай бұл Шарғынға ұрынуы. мен емес ойнар кісің, абайласаң, Шындаса жұлып тастар жұлыныңды.

нәсілхан:

Қарашы, адыраның ақыл азын,

Бір елдің жеңемін деп дауылпазын. тілегін тәкәппардың бермес Алла,

өлім ғой осы тойда болсаң жазым. Қай жерде қаза тапқан айтып берші? Кешегі хазіреті имам Ағзам.

дін ислам мұсылманның балалары, Арансыз ада қылар қай намазын?

Айтылмай оқылудың мәнісі не? Білуге мұсылманға бұны ләзім. осындай үлгілі сөз бір білмейсің, үйренген әдепсіз боп сенің аузың.

Шарғын:

Жеңілсем, адам деме, құдағидан, Шығады өлең таппақ бұ да мидан. Патша «мансұр» деген заманында, Қамауда қаза тапан Хазреті имам. Шамның Бағдат деген қаласында, дін үшін Хазреті жанын қиған.

Жаназа намазында азан айтпас, ойладың қас қаққанша мұны қайдан? Ауырлап артқан жүкті қалар емес, үйіне ала бастан бура жиған.

Асқынып құрт ауруға шалдыққан соң, Басына шелекпенен суды құйған.

нәсілхан:

Бұл сөзді әрең таптың өлгеніңнен, Көп қылам көрмегенді көргеніңнен. Қайтер екен дегенге мақтанбағын, өткізем өткір тілді өңменіңнен.

Басамын албастыдай әзір сені,

Ап келмесең тірілтіп көрдегіңнен. үлгісіз Албан атам жігіттері, ежелден артып кеткен жол-жөнінен. Көз салсаң әйелінің дағдысына, ыштаны шығып жүрер көйлегінен. Бір болыс Албан малын жинасаң да, Артылмас біздің байдың біреуінен.

Шарғын:

Қарашы, мақтанғанын өрледім деп. үйден бесік қуанады өңгерді деп. Бастарын жын ұрғандай тартып алып, тұрғандай безгек ауру үнемі кеп.

Қатынын байларының алғашында, Қаларсың есіктегі күңдері деп.

Жігіті сіздің елдің маубас келер, семірген іште жатып жөргегін жеп. Албанда ерсары мен ниязбек бар, сансыз мал айдап кеткен ілгері көп. Жәмеке, Жансерке, Батыр ұзақ, талайдан озып шыққан ілгері боп. Жігітін Қарқараның көргеніңде, Артынан жүгірер ең өлермін деп.

.......................................................

Жан сақтап қашқын болған өрдегі кеп, Көңілсіз көп жамандап қалар деген, Әйтпесе елдеріңнің міндері көп.

менімен жарамайсың айтысуға, Көресің өнерімді қайтысымда. иманбек ...деген адам, елудің келген екен алтысына. екі жүз рауғаштың басын жеген, Бәстесіп Әлімбектің сапасына.

«екі жүз рауғаш» деп ат қылатын, өліп қала жаздаған қапылыста. сата деген келіге басын тығып, Қалыпты басын тығып асығыста.

Жиналып отыз ойыншы, қырық қиялшы, Балтаны ұрғын депті осы тұста.

Келі сынып талқаны төгілгенде, Жетпепті, о, шіркіні қос уысқа.

Бұны мен өзім жанымнан шығарғам жоқ, Күлдірген нұрбек айтып осы қыста.

Шұбыртып осы өлеңді айтқанымда, Күлкіні қоя берді үйде-тыста.

КӘсіМБАй Мен зыЛИХА

Кәсімбай:

Бұл елге келгеніме айдан асты, дәм-тұзы таныстырды танымасты.

Қай жерге барсамдағы құрмет тұтып, Жас, кәрі, бәрі тегіс амандасты. өлеңге қызықпайтын жандар болмас, талайы өзі келіп қайымдасты.

Көңілімнің көгершіні қалқып ұшып, Әр күнгі салған әнім таңға ұласты.

Бұл елден жүрегіме түйінгенім, өнердің қайнап жатқан көзін көрдім. Көремін қайда барсам той қызығын, Бұл менің тебіреніп сүйінгенім. таңдандым тамашасын көргенде елдің, Келеді әңгімесін тыңдай бергің.

Артыңда алаңдайтын іс болмаса, Келеді тамашалап жүре бергің Ән салып арындатып отыр едім,

Жеңгей жан айтысуға сен де келдің.

зылиха:

Жүзінен жылы жанның түңілер кім, дәм айдап бізге дағы мойын бұрдың. мақтан ғып мұны маған айтты деме, елімнің сый құрметін көзбен көрдің. естідім гүлғайшамен айтысыңды, тыңдарға тәуір екен өлеңдерің.

Келгенің жақсы болған текті елге, ел көрмей есер бала ес білеме.

Шырағым, жас екенсің қарымың аз, сөздерім қышқыл тисе өкпелеме.

еліңнен жалғыз кепсің өздігіңнен, Жақсы ғой нақты істің жөнін білген. Бұл елге сөгіс айтар жөнің қайсы, Құрметтеп орныңды төрден берген.

Айтарым тағы да сол ақыл болсын, Жарбаңдап көп алыспа көрінгенмен.

Кәсімбай:

Жаныңда жалын болса бар ма уайым, сақтайды күнәсізді перуайым.

Қай жерде қанша уақыт жүрсемдағы, ешкімге мұң шағынып жыламаймын.

Қашанда басым силы көпке менің, Айтылған бір қалжыңға өкпелер кім. нағашым өзі ертіп келген еді,

үйрен деп өнегесін өркенді елдің.

зылиха:

Жүйрік те қарлығады жал болмаса, тұманда адасасың жол болмаса.

Келіпсің үлгі алам деп өскен елден, елдіктің сәні қайсы ән болмаса.

Жақсы ғой мың естуден, бір көргенің, Шырағым, бұл да сенің жөн білгенің.

«Жақсының жаттығы жоқ» деген сөз бар, Жөн болған сыпайылықпен көрінгенің.

Кәсімбай:

Келгенде кім айтпайды сөз кезегін, Бұл жерге шақырмасаң неге келдім. сөзіңнің баурағыштық құны болса, назыңа құлақ түрмей ары дер кім. талабың өміріңнің жарық жолы, Шығасың биігіне бұрын елден. толқынға жүзе алмаса арман кемең. сықақтап мазақ етер көрінгенің.

Басыңның қымбаттығы тағы да сол, Беталды бейбақ іске берілмеген.

зылиха:

Бұл сөзді тауып айттың бала қайным, Жүрегің жасымай ма болса уайым.

тағы бір сөз кезегі келіп еді, Қазірше бетін ашып қозғамайын.

солай да былай еді сөздің нағы, Қай жайды естімейді ел құлағы. Жепіріп гүлғайшаны жібергенің, Жігерін әйелдердің құм қылады.

Көрмедім еш пендені жұлқып тартып, Болмаған соң басқадан сөзім артық.

«нәрсіз» деп ойладың ба бізді шырақ, Әйелден қайсы еркектің құны артық.

Кәсімбай:

Асылын кім сақтамас жүрегінде, сөздің де қымбаттығы өрнегінде. Қалыпсың шамырқанып қалжың сөзге, Қабырғаң сенің дағы сөгілген бе.

«Айтпаса сөзге сөздің әкесі өледі» Қызынсаң қарамайсың көңілге де. ер болсын, әйел болсын бәрі бір ғой, текті жан оған бола бүліне ме.

зылиха:

Әр істің орны менен кезегі бар, ойламы аз кей жандардың өзегі тар. Жақсының жанған отын қызғанады, Жанында жазылмайтын сүзегі бар. өзі айтса болмайды кім ақылды, Болдым деп отырсың ба сөз батыры. Шырағым, шешенге де талғам керек, Қадірлей біл бастағы ұятыңды.

Кәсімбай:

ешкім де жоя алмайды ұятымды, Жаныма қондырмадым симайтынды. ұтымды орны бар сөз айтылғанда, ол қайта асырмай ма қымбатыңды.

Күнде той жақсылардың үйі базар, Байқасаң кейбіреулер гуілге зар.

Жастықтың қызулығы не қылады, Жаманы көңілдегі талқан ызғар.

Жігітке өлең керек, өнер керек, Бойыңа қонады ол болсаң зерек. Қырандай бабы келген кезім осы, Келемін жыл-жыл сайын әнге түлеп.

зылиха:

отыр ем осы сөзді айтайын деп, Айғайың барған сайын барады үдеп. Аспанда қанша биік ұшқаныңмен, Құс болып адасқаның кімге керек.

Асылдың бәрі бірдей асыл емес, түсе ме мақтанғанда тасың он бес. Алдымен алдыңдағы артықты көр, ешкім де жасамайды жалғыз дербес.

Кәсімбай:

Жоқ менің басқалардан артық жерім, Қашанда ел емеспе асқар белің.

Қолымнан қоя алмайсың тасымды сен, Барма маған айтарлық басқа дерің.

ел көрмей бойға қонар салдық қайда, өлеңмен жүрген жандар арықтай ма. Көңілден тояттайтын мен емеспін, өнерсіз басқалардан парық қайда.

өтті ғой Әсет, Біржан ел аралап, тұрғызды мұнарасын әннен қалап. сөзіңді құндылыққа бағаласам, Кетесің өзің лағып андағайлап.

зылиха:

ілгенім иығыма мақпал шапан,

Жоқ емес сенде болса менде мақтан. Ауылымның аялайтын келінімін, Жарамас аққа келіп қара жақсаң.

Біржан, Әсет болуың өз еркіңде, Жетпей қалсаң қайтерсің өз сертіңе. Астамдықпен айтылған сөзде құн жоқ,

«мынау» деп өнеріңді көрсетуде. Астық егіп мал бағу жоқ па сенде, Жаралдың ба ел кезіп күй шертуге.

Кәсімбай:

Келмейді өнерімді аяқтатқым,

Құны артық он биеден жарақты аттың. салдықтың бағалауда салты бөлек, Бұл істі неге сонша қажақтаттың.

Көрген жоқ әлі күнге жаным жүдеп, Барлығын қадіріңнің елің білед.

Алтынды теңге орап қойғаныңмен, Көрмеген соң қызығы неге керек.

зылиха:

Қиын іс кедейліктен қол тарайған, о да қиын үзілсе жан сарайдан.

салдықтың салты бөлек дейсің бала, Болмай ма осы сөзің қайталанған.

мен айтсам сөз шындығын шешіп тұрып, Шыттың құны артылған қай торғыннан. Арындап тұлпар мініп жүргендердің, Қалатын жәйі де бар қой торыдан.

Ашынсаң соқыр көзден жас шығады, Албырт кеуде басыңды мерт қылады. өнеріңе өзіңді әкеп көп телисің,

Бос жүр деп ойлайсың ба басқаларды.

Кәсімбай:

ұғарсың әр нәрсені көңіл бөлсең, Артыңда із қалады өзің өлсең.

сенде емес жалғыз ғана сөз шындығы, Болмай ма өтірік айтсаң орның өртең.

Кеудесімен кім соғып тау құлатты, тұрады өлмей ешкім кім тұрақты. Көзіңе бәрі сүркей көрінгенде, табасың қайдан іздеп ұлағатты.

 КӘсіМБАй Мен АйЖАМыШ Кәсімбай:

өмірде талай істі көз көреді,

Біреу бар, біреу тар боп күн көреді. заманың тайғақ болса басыңдағы, Жоқ болса қолыңа әкеп кім береді.

Азырақ айтыс жайын баяндайтын, Қол түзіп қалған кезім малдан жайым. Шығатын жайлауға да мезгіл жетті, Көлікке бас қатырып алаңдайтын.

өліп ед осы қыста атан түйе, Қиындап қалған еді жағдай мүлде. Артарға көлік қайдан табылады, Қолдағы бар қалғаны жалғыз бие.

Біреуден өгіз сұрап жүк артарға, үйіме келіп жеттім күн батарда. Кемсеңдеп үйдегілер жылап отыр, Бәрінің шамасы жоқ тіл қатарға.

ең кіші көз жазыппыз бір баладан, дерегі табылмапты бұл маңдардан. тұманда ойнап жүріп адасыпты, Қалмаған тінтілмеген ши, қараған.

тағдыр деп кеш батқанда атқа қондым, Алжасып қаңғырғандай атқан оғым.

із шалып қарағанмен көріне ме, дауысымнан жаңғырды жартас қорым.

Келемін бетке алып батыс жақты, зар желіс ауылдан тез алыстатты. Аңшыдай түлкі қуған қансонарда,

Бәрінен жындандырған қарғыс батты.

Ашылмай жанарыңнан жас саулайды, зуылдап өтіп жатыр бастан қайғы. сұңқылдап байғұз отыр мұңын шағып, ойыңа түсіреді қайдағыны.

таң да атып көтерілді күн жиектен,

«Алла» деп сиынамын шын ниетпен. Шұбырған көп із көрдім қара жолдан, Жетекте түйесі бар бір ит ерткен.

үмітім осы із болды алдымдағы, Жаныңның қиын екен сандалғаны. Апарды осы көп із шоқ ауылға, Көк майса бұлағы бар аңғардағы.

той болып жатыр екен құда түскен, Кім білсін, кім қызына қалай түскен. сойылып көкқасқа тай, ақ сарбас қой, Ақ бата жасалыпты құдай дескен.

Шетіне менде іліндім берекенің, түсіндім бұл бір бардам жер екенін. Кеш батып қонақ үйге жайғасқан соң, Басталды әңгімесі мерекенің.

Жәйімді таныстырдым мен де өзімше, сөзіңді кім тыңдайды жек көрінсе.

Барлық жан жанашыр боп тыңдап отыр, Көрінбейді бөгделігім тым өзгеше.

Балам да осы ауылдан табылған соң, Желпінді ән қалықтап біраздан соң. Жел сөзді құдай берген аямадым, Бастары елдің тегіс құралған соң.

өнерге қызықпайтын жандар болмас, талайдың болып шықты жаны құрдас. Ағалап кейбіреуі құрмет тұтты, Біреулер қолын берді болып жолдас.

Аздан соң басталды айтыс қосақталып, өнерден қыз-жігіттер сөз ақтарып.

той басы бұйырды іске бір жігітті,

«Әке!» деп Айжамышты қос атты алып.

Керімсал кербез келіншек келді жетіп, Қасына әлденеше нөкер ертіп.

Қайырылып қаршығадай қарағанда, Жіберді көңілімді елжіретіп.

Келіншек те хабарлы екен болған жайдан, Ашылмақ сөз таласы үлкен майдан.

Ақындық дарыны да көрініп тұр, сөйлеген сөздерінің ыңғайынан.

осылай тосыннан бір айтыс болды, Келіншек те үйірлесіп таныс болды. мен одан білген жәйім баласы жоқ, осыдан жасиды екен байқұс өзі.

найманның жігіттері ершімді екен, ұстадым өз жерімдей еркімді кең. Бәрі де қонақ бол деп жабысады, Жіберер түрлері жоқ кетем десем.

Айжамыш:

Бісмілла, мен бастайын алдыменен, Келіпсіз ұзақ жүріп алыс жерден. таныстық болмаған соң бұрын-соңды, сәті осы сәлемнің де жөні келген.

Керек не жараспаса асылға қап, Жақсының жүздескені бір ғанибет. Көркі мен көз сүрінтер жерім мынау, ұжмақтың бақшарындай тұрған жайнап.

найманнан қыз боп туған жұрағатпын, Бойдағы қасиетім инабатым.

туған соң айлы түннің жарығында, сол себеп Айжамыш деп қойған атым.

Жасымнан өлең десе құмар болдым, мереке ойын күлкі жүрген жерім. өзіңдей өнерлі жан кездескенде, Бойымды қыздырады өлең пірім.

Болады желі қатты тау үстінің, өлеңнің бәрін айтып тауысты кім.? Кезек ал керей мырза ақын болсаң, обалың болмасын деп ал ысқырдым.

Кәсімбай:

сұрасаң тегім Керей, атым Қасен, ешкімге кеткен емес сөзден есем. дарыған өз бойыма қасиетім,

тұра алмаймын өлеңге желденбесем. Аққудай айдындағы көп таранған, Ай сылқым өзіңдағы жүрсің бе есен.

Жақсылар кезіккенде сыйласады, Шенділер бой таласып сынасады. Керімсал жібек мінез жан екенсің, Кім келіп сен болмасаң тіл ашады.

Ауылыңа кештеу келдім өз жәйіммен, Қарсы алдың балдай тәтті таңдайыңмен. төгейін нөсерлетіп сөз маржанын, Шөліңді қандырайын айғайыммен.

Бәйге деп кім қосады атқа тайын, Білдірмес ә дегенде жатқа жәйін.

.................................................

Келе сап жайған шоққа қақтамайын.

Айжамыш:

сөз шіркін күшті айтылса атылған оқ, Бет шалар қызумен шашылған шоқ.

Кездікті келістіріп ұстай алсаң, темірді алмасқа ыстап, асылдап соқ.

Жарқыным қалай келдің біздің елге, Жалғыздың кім көтерер тасын өрге. ұмытқандай бір нәрсеңді жалтақтайсың, өзіңде болмай отыр еркің неге.

Кәсімбай:

Қарауға көрінесің жастан кіші, ежелден оңған емес асқан кісі. Құйрығы өзің басқан тыныш жатқан, Жыланның етте қалар шаққан тісі.

Жәйім не жат елге кеп бұлдануға, Жігіт пе шыдамаса бір дауылға. Болсаңда алтын басты әулиедей, торғайдай сенде отырсың түз қолында.

Білмесең дәрменіңнің жоғында ойлап, Болса асыл асар еді темір де әйбәт.

Алдымен алмасқа ыстап суын тапсам, Жүрерсің кім болсаңда қолымда ойнап.

Айжамыш:

естуге сөздеріңнің айғағы көп, Жаныңда шуақ болса аспаның көк. Күбідей жел кеуленіп ісінгенмен, өзгеде мандып тұрған асқаның жоқ.

Келгенмен шын тіресіп айтысуға, олақтау көрінесің жанасуға.

мақтан ғып әрбір істің басын шалдың, менімен шамаң барма таласарға.

Кәсімбай:

Күн тумас көл болмаса шағалаға, Басқаны дәл өзіңдей шамалама. Жалымды жел тараған ақтангермін. Қыранға теңесерлік қарға барма.

Жаныңды жадыратар асқақ әнім, Бойыма ерте біткен асқақ дарын. Көрген жан жалғыз ғана сен емессің, Шамасын менде білем мақтанғанның.

Жаралмас жан біткендер ыңғай кілең, сыпайылық жақсы ісіне құлай білген. Әйелге жанаспайтын жаман ат жоқ, ыржыңдап көп алдында күле берген.

Айжамыш:

Әріптес осы сөзді көріп айттың, Келмейді сен қақтықсаң менде қайтқым. отыр ең бағанадан дүмбілездеу,

тіл шығып енді міне сайрай қапсың.

Әдепті жастайымнан үйренгенмін, сөзіне орын таппай күйзелген кім. ешкіммен жүз шәйісіп отырғам жоқ, Шамы екен езу тартып күлген кімнің.

Қақың жоқ мені өзіңше өзгертуге, Әр кімдер ие болсын өз дертіне. сен емес сендейлердің жүзі келсін, Кім кепіл сүмірейіп кетпесіне.

Кәсімбай:

Әріптес ақылсыздау жан екенсің, Басыңды сыйға тартып сөз етерсің. ел ішін кемсітуге жеткен жоқсың, Көрер ек таңсық емес шөпжелкесің.

Қазақта ақындар көп әйел затты, Әрі іскер ақылға бай, инабатты. ел емес ерге әрең түзу қарар, сөйлейтін сөздері де ыждағатты.

тумай ма жақсы ұрпақ жақсы анадан, тәрбие басталмай ма бас панаңнан. Балалар сені көрген қайдан оңар, Жараспас жақсы әйелге астам болған.

Айжамыш:

өзіңше балам бар деп шіренесің, сен байқұс еркексің бе неменесің. Қарызын білген болсаң ұрпағыңның, Кептіріп жүрмес едің кенезесін.

Жаратты-ау, құдай сені еркек етіп, Қаңғыртып көрінгенге телмеңдетіп. дәл бүгін кәперіңде ештеңе жоқ, отырсың мұнда келіп өлеңдетіп.

Қолыма ине ұстаймын оймақталған, Қаңғырған қадірсізді кім жақтырған. Ауылға құдай айдап өзің келдің, Қолыңа таяқ беріп қой бақтырам.

Кәсімбай:

Білемін жат жарылқап сыйламасын, Кім алар, кімнің тартып сыбағасын. Көзіңе үрей болып көрінермін, Алғанда қыран бүркіт томағасын.

сенде жоқ тек танитын дана түсін, Жарбаңдап жармасасың қара дүрсін. Болсаң да ханның қызы күн сарайда, түседі еркектерге күнде ісің.

Бақ болмас мақтан қылған қозы-лағың, Көп сөздің бетін ашып қозғамайын.

Артыңа жинап алар болмаса ұрпақ, Шашылып жұртта қалар тоғанағың.

Әйелдің бірі етемін сарала етек, Бойыңнан айрылғанша жаман әдет. Ала қашпа қу сөзге сала берме, Әйел деп сенен басқа не дәметед.

Шығарлық тауым биік өрісім кең, Хабарсыз жан екенсің ер ісінен.

Бәйбішем бір күтуші керек – деуші ед, Күнә ма алып барсам келісіммен.

Айжамыш:

үкідей тақылдатпа таңдайыңды, мендағы қолың жетпес түз қайыңы. Жем көрген қара құстай қылмыңдайсың, Кәсеке, білмейсің кей жағдайымды.

Ашпайсың қабағыңды түйілесің, онымен шешілеме түйген ісің. таппаған мен кінәлі сол баланы, Бұртиып бұған несін бүлінесің.

Ақымақ есірік бар ерден-дағы, өзіне жолдас болмас ерген бағы.

Көрпені бойға шақтап жамылған жөн, үлгі тұт мен секілді көрген жанды.

Кәсімбай:

ішің тар күйгелектеу көрінесің, Ақын боп жүрген едің неменесін.

Айтылған қалжың сөзге қызбалансаң, Арамтер келдің мұнда неменесін.

танысаң мен боламын еркек деген, іздесең таба алмайсың жер-көктерден. Әйелдің мен білмейтін қылығы жоқ, өтетін күндері көп көлкектеумен.

дәл қазір еркінсініп отырғанмен, Қай ісің өтушеді ер тектеуден.

Айжамыш:

есер деп естуші едім кей ерлерді, сол қылық көріне ме сенен өзі.

Қол жайып отырғандай түрің мынау, Кеміңді айта берсем түгелмейді. сен айтқан төмен етек болсамдағы, өз жұртым ерлерінен кем көрмейді.

мен болам күн мен айы жабылғаның, оралып келмес түгел болжағаның.

Асқанға да бір тосқан бар емес пе, Кетпесін шығындалып бір құлағың.

Кәсімбай:

Әйелдік өсек болар сенде кей ой, ер азамат шетінен көреді өгей. ел атына дақ салған ең қиыны,

Болғаны жаман шығар көңіл кедей.

найман мен Керей қашан егес көрді, Бірі аға, бірі іні емес пе еді.

Кезінде жауға қарсы бірге шапқан, Бірлігің болмаса егер өлмес пе еді.

Жығылса сүйеу болар құлағанды, Шаңдатпа албаты ұрып тулағанды. мен дағы баспанасыз жүргенім жоқ, ұстауға қолың жетпес құлағымды.

ешкімнің ермегіне жаралмағам, Айта түс шерің болса төге алмаған.

дауысың да жарқаштанып бара жатыр, түбінде бір тартасың бір аңдаудан.

ыржыңдап жалтақтайсың сүйрең қағып, Келіншекті сендей сары кім алмаған.

Басыңды қаншалықты бұлдасаң да, терінің бірі сенсің күнде қалған.

Айжамыш:

өзіңше сөз таптым деп мақтанасың, Бар қане әйелдерге жаққан ісің.

Қаңғып кеп ұйқы көрмей таң атқанша, сопыдай сүмірейіп аттанасың. сызданып зілденетін мен нең едім, Жоқ шығар әйелдермен бақ таласың.

Шошимын көздеріңнің аласынан, Кейпің жоқ жұрдай болған жарасымнан. індегі қыстай жатқан борсықтай боп, Арықтап шыққандайсың қар астынан.

Кәсімбай:

Келеді беті қалың сыйламастың,

тоты боп сен де байқұс жырғамайсың. Қаңтарда іш тастаған кәрі ешкідей, Жасыңа жетпей жатып қылаңдапсың.

түксиген сорайған жақ шикіл сары, секілді көп қайнаған шөже тары.

Әйелдің бәрі сендей жаралса егер, не болар оны алған жігіт нәрі.

Әр сөзге шадырлайсың жөнін айтсам, Жыларсың айыбыңды тегіс айтсам. ынтық боп келген өзің мені здеп,

Жөн болмас қайқаң қағып тұра қашсаң.

Айжамыш:

Қаларын өзім білем көңіл неден, Арманның ақ сұңқарын көп іздеген. Айтысып талай тойлар жүрсем-дағы, Басыма кемсітерлік сөз ілмегем.

Құдайда тіленгенге бақ бермейді, Біреуге сөз бермесе тақ бермейді. Қаншалық қамшы басып қысасаң да, Бәйгеден бап болмаса ат келмейді.

Күн шығып кеткен екен әріптесім, ел-дағы тоқтар болсақ айт демейді.

Кәсімбай:

Айтпасаң өлеңге көп зорлығым жоқ, Ақынның бірі екенсің білерің көп.

Айтысып талай істің бетін аштық, Бізге бұған жұрттың да сөгері жоқ.

сөз тұнып біте бермес жақ біреуге, дәм айдап келген екен ақ тілеуге. Қасыңда көмекшіңде көбірек болды, Жабысып қайтем мен де жат біреуге.

Айтыстым талай жерде талайлармен, сүріндім, сүрінттім де талай жерден. Айжамыш ойы шымыр ақын екен, тіл-жақты құдай оған қалай берген?

 ГҮЛҒАйША Мен КӘсіМБАй Гүлғайша:

мықтыны мықты көрсе алыспай ма? Жүйрікті жүйрік көрсе жарыспай ма? Жақсы аттар қасынысып болмайма үйір, Жақсылар жөн сұрасып таныспай ма?

Кәсімбай:

Болған соң өзің жақын, көрдім жақын, Жақсылар айтпай білер сөздің нарқын. Білетін істің жөнін жақсыларға, мысалы біз толқыған көшпелі алтын.

сұрасаң тегім Керей, Кәсімбай атым, менің де шын нәсілден шыққан затым. Ат басын ер басымен бірдей көрмес, Көруге келіп едім Қызай халқын.

Білетін істің жөнін жан екенсің, өзің де білдіріп қой ата салтын.

Гүлғайша:

үкірдай менің әкем болған ұлық, мизамға жаңа закүн әбден қанық. сұрасаң өз атымды гүлғайшажан, Келіппін он бесімде келіншек боп.

Келген жер, шыққан жерім бәрі затты, Бақ қонған мансап ұстап саясатты.

Қалқыған көл жағалап көбелектей, Көп сіңген өзіңіздей жалғыз атты.

Кәсімбай:

Керейдің мен қыраны жүрген қалқып,

ел-жұртым айдын көлдей жатыр шалқып. ел болып ешкі мен қой тең келген күн, Жеріңді біздің Керей алған тартып.

Керейден жеті кісі мықты шығып, Жазаңды беріп еді-ау, мойныңа артып. Баласы сол Керейдің міне менмін, ежелден еркін туып болған заттық.

Гүлғайша:

осымен сен отырсың түпке жетем, тағыда сөзің бар ма бұдан бөтен.

ел шауып жылқы алам деп келгенінде, Керейің болушы еді-ау, қызыл көтен. терезем ежелден-ақ, тең болатын, Аузыңды керіп, басыңды кекжектетем.

Кәсімбай:

Келіншегім көрпеңді бойға шақтан, не түрлі батыр шыққан біздің жақтан. малың, түгіл басыңа пәле құйып, еліңді қызыңды алып қоса шапқан.

Бір қыран сол Керейден және келді, Келіншегім басыңнан енді сақтан. Аузыңды келген жерден аштырмадым, Кәнеки, айтсын жұртың десе мақтан.

Гүлғайша:

мақтаншақ сендей жігіт дүрілдеген, Аптығып ағын судай гүрілдеген.

Бұл күнде жарысып мен бәйге алғанмын, Жүйрікпін қазған орға сүрінбеген.

Белгілі ұшқыр аттың жері шағын, Бәйгеге шын қосқанда ілінбеген.

таласып тар кезеңде алғанымда, Булығып сендей топтық дірілдеген.

Кәсімбай:

гүлғайша көмегің көп қостайтұғын, тағы да сөзің барма бастайтұғын.

Болмаса ойын ісі қара жарыс, Байталды шын бәйгеге қоспайтұғын.

Шандырлап шаптай тартып байтал мінсе, Анықтап алты қырат аспайтұғын. терлетіп шап, қолтығын шауып-шауып, Байталды шерменде етіп тастайтұғын.

Ат басын байтал менен бірдей көрмес, Байталды талай жерге тастайтұғын.

Гүлғайша:

Кетті ғой Керей бала сөзің өтіп, Байтал деп қоймадың ғой сен кемітіп. Арынды талай жүйрік жолда қалған, Қырандай тасқа соққан бұлаң етіп.

Қырмызы қызыл түлкі мен емес пе, отырсың қотыр қарға сүбің кетіп. Шабыты бөктергінің тышқан дейді, отырсың әлде неден үміт етіп.

Бәйгеден байтал озып жүйрік қалса, Шығарсың сүмірейіп шұбың кетіп.

Кәсімбай:

Аспанда мен қыранмын алақтаған, ілінген тұяғымда салақтаған, Аспаннан қыран келіп жұрмарласа, Көздері аққуыңның алақтаған.

Жасынан жер шарлаған тұлпардан да, Байтал да озамын деп талаптанған. тұлпардан байтал озып бәйге ала ма? Кеуделі нелер жанды жаратпаған.

Гүлғайша:

сөйлейсің Керей жігіт мені паң ғып, Ауыздан шыққан сөздің бәрін заң ғып.

Қапаста мен сайраған сандуғашпын, тоғысай сен отырсың тышқан аңдып. мініңді бойыңдағы түгел айтсам, ұрыстан ерінбейсің дереу қамығып. сауысқан сандуғашпен тең бола ма,

сен құзғын жемтік аңдып жүрген қаңғып.

мінезің бейне сенің қотыр қарға, секілді шарқ-шұрқ еткен майсыз арба.

Жапалақ жалып-жұлып етіп тышқан аңдып, соғып жүр төс сүйегін қара жарға.

Кісіге ат танитын мен сандуғаш, есерге ес білмейтін амал барма?

Кәсімбай:

мен тұйғын сен кекілік қорғалатқан, Астында ақ көрпенің жорғалатқан. Болсаң да алтын басты затың әйел, Білсін деп қадіріңді малға сатқан.

Білмейсің істің жөнін түгел ойлап, не керек түк білмейсің босқа жатқан.

Гүлғайша:

отырсың әнге шырқап өлеңдетіп, сөзбенен жетемін деп көпке кетіп. Қонышыңа жанқалтаң жоқ шытық тығып, мінің көп кісі күлер тамаша етіп.

Қонағым сыпайы елге енді келдің, Кигені біздің елдің ылғый шеттік.

Кәсімбай:

Кигені Қызай елдің жайпақ табан, Жүрісі ылғи майда жайтақтаған. Білмейтін жан қадырын оңбаған ел, Басында бұйырған жоқ байпақ саған.

Басыңа дәл сегіз кез шұлауыштай, тартыпты ортасынан тұр ауыспай. Кигені еркектердің ылғи шеттік, түсіп қалса келеді екен қолына ұстай.

Гүлғайша:

Кигені керей елдің шошақ тымақ, мінгені өңкей жорға китің сымақ. өкшесі етігінің бір қарыс боп, Қожырайып отырады екен мұртын сипап. Жауырыны атқа мінсе тоқтамайды,

тор шолақ біздің елде жоқ па сипақ. мінезін өздерінің білмейді де,

ел сөгіп, жұрт кемітіп етер қиқақ.

Кәсімбай:

Кигені Қызай елдің жайпақ етік, таусылар өкшесінен сұбы кетіп. ежелден әйел сыры маған мәлім, тұратын мол нәрседен үміт етіп. табылып осы арада сөз жүйесі, ұялттым келіншекті төмендетіп.

РАҚыМЖАн Мен ӘППАҚ

Рахымжан:

Алдымен аман-сәлем діл ашады, діл ашылса, қызыл тіл гүл ашады.

сыртыңнан ақын, әнші деп естуші едім, өзіңдей Әппақ атты құдашаны.

өскен сөң құдаласып қыз алыстық, Ақ сарбастың батасы тұрады ыстық. түбі бір түтіспейтін туыстармыз, іздесіп сол себепті құрақ ұштық.

Қу баста домалайды той дегенде, тоқтамас көңіл шіркін қой дегенге. өлең мен той – қазақтың жан азығы, туламай тұра ма өлең ой келгенде .

Амандық сұраспаса жараса ма? Қағидалы жөн білген адаса ма?

Болған соң той құдайдың қазынасы, дүрілдеп бізде келдік тамашаға.

Бес күннің қадірі артық ұққан жанға, Бір тынысың – бір өмір дем алғанға. секунд, минут, сағат, апта, ай, жыл, өтетін өмір осы ұқпай қалма!

Әппақ:

Жұратым, бұл есептің шотын соқпа, тоқтасаң ән-өлеңге тіке тоқта.

Ақын болсаң туын тік қара өлеңнің, уақыттың басына салмай ноқта.

таң атып, күн шығарын кім білмейді? тіршілікте кім жылап, кім күлмейді? Жылағандар жылайды қасыретпен, Күлгенді сұрағанға мін жүрмейді.

Білемін атыңды да, затыңды да, сүйінем лебізіңнің татымына. Көргендей көңіл көзің дидарымды, Ашынамын көзіңнің зақымына.

Ақынға шәкір бопсың жас шағыңда, тұрғандай, ақын Әсет бас жағыңда. Жақсылардан бата алған жан екенсің, Бұлт жоқ көңіліңнің аспанында.

Рақымжан:

Құдаша, сөз өнері аңсағаным, сөзіңе таңдай қағып тамсанамын. ойыңды өлеңіңнен көріп тұрмын, өзіңді өлгенімше қарсы аламын.

Көзімді жеті жаста шалған мұнар, Көз көрмесе тілегім неге тұрар.

Жеті жаста көргенім жететіндей, Көкірек көзі барлар көрер, сынар!

домбыра мен гармонды көре қалғам, үйренгем, қолыма алғам, әнге салғам. Қасиетті әке – шешем арқасында, Көкірек көзі ашылды – бітті талғам.

Жаратқан одан қалса, бұдан берген, өнерлі жақсылардың жанына ергем. Қасеке болыс қызы шешем тәни, Көнеше сауаттанған кітап көрген.

Жанынан бір өнерлі айырмады, Керегімді кезінде дайындады. Бөленіп ән мен күйдің шуағына, Аққудай болдым жүзген айдындағы.

естігенім есімде сақталынып,

Көп өлең, көп дастанды жатқа біліп. Жұқалап өлең құрап, ән шығарып, той-топта сауық құрдым атқа мініп.

достарым, көз-құлағым жаныма ерген, Бірі атып, бірі қаққан құла мерген.

Қазақ, өзбек, ұйғыр, татар, қырғыз, Жаз жайлау Көкқамырда күнде серуен.

сөзімде болса жалған сілкіп таста, сабақ болсын ертеңге, ұмытпасқа. естігендер өздері екшеп алар, Қайда бар шын таразы одан басқа.

Әппақ:

Келтіріп кұлақ күйін домбыраның, Бұлбұл тілді бақшаға қондырайын. Шын түзейді болса егер сөз бұраңын, Қандырсын ән лазаты ел құлағын.

Жақсылармен көп жолдас болғанды айттың, өмірге көңіліңіз толғанды айттың.

Жақсыдан нәр, жұққанын жаманнан зәр, Айта бер дидар ғайып, дәм ғайыптың.

Рақымжан:

Жақсы әдет – жақсы істің жұққан сүлі, Шарапатқа шалқиды ел көңілі.

Кірдің кетіп, қисықтың түзелгені, Болмай ма шарапаттың дем бергені.

Кесапат – ел жиренген кеселді істер, Қырсыққа жолыққандар бармақ тістер. Жоқ-жітікті жылатқан сұмырайлардың, тынісін тартылтса екен илаһ күштер.

Шарапат – кесапаттың мәні осылай, Жақсылық пен жамандық соған орай. ісіңменен сөзіңе сүйінсе елің, оңдағаны сол болар сені құдай.

Жақсылардың сөзінен леп еседі, Аңғарсаң ақыл-санаң тез өседі. Арамы жала жауып, пәле бүркіп, ит боп үріп, бөксерер ересегі.

өнеге - үлгіменен адам сыйлы, сумақы, сүмелектен жан суыйды. өсекші, өтірікші, мақтаншақты, Көрмейді шын жақсылар иті құрлы.

Жаманның аты аталса жан сескенер, Жақсының аты аталса – жан ес көрер. Көптің көңілі таразы, сөзі халыс,

Кім бар екен, көп ісін теріс көрер?

Әппақ:

үйірін жақсы айғырдың ат жақтайды, Қуалап мертіктіріп ақсатпайды.

Қазымыр ат күн бермес құлын шайнап, тай-құлын жақсы айғырмен жан сақтайды.

Бөлінгенді әйтәуір бөрі жейді, Жырылғанды жау жеуден ерінбейді. Берекемен халықтың белі бекір, Берекенің ырысы кемімейді.

ел қылған құрандыны жиып-теріп, мал қылған құралайды жиып келіп. Берекеге дәнекер болған елміз, Жамауға – етек жеңнен қиып беріп, тағы да бірлікпенен биіктелік!

 БеРен Мен ыРысБАй Берен:

ырысбай, сөз сөйлейсің қалай шалқып, мен шырқасам кетпей ме бойың балқып. Кім екенін алдыңда байқағайсың,

Ақ түйеше кетпейін быр-ақ тарпып.

ырысбай:

май шықпас қара судан қайнағанмен, майға өтпес ағаш пышақ қайрағанмен. Басына алтын тұғыр қонсадағы,

Қарға сұңқар болмайды сайрағанмен. Білімің ар жағыңда аз секілді, мөлдіреп екі көзің жайнағанмен.

Жалғанда сенің тісің маған батпас, Апарып азуыңа шайнағанмен.

Артық болсаң жолбарыс, аю ақсың, Алысып көнген басым айдаһармен. Басында адамзаттың қадір болмас, орынсыз өтірікті айдағанмен. мүдірмей дәл төбеңнен бір-ақ түсем, тас қылып белді бекем байлағанмен.

Берен:

сұрайтын бір жауабым, міне келді, Қызыл тіл кестелеуге ісмер еді.

Көрінбей ел көзіне тұра алмайды, талапты білімі бар, шын өнерлі. төрт сөзді терең оймен құрар болсаң, дастан боп өлең патша түрегелді, Көпті көріп, көп сыннан өтіп жүрсің, Айтуға жайың бар ма жыл өлеңді.

Қалқаның көзім түсті тұлғасына,

Шын шешен айтар сөзін бұлдансын ба? не нәрсе талаптансаң табылады, талапты ер әр өнерден құр қалсын ба? Кеспей қалмас қынынан шыққан қылыш, Кез болғанда қиын іс сіз жасыма. сұраған сұрауыма жауап берші,

Қайсы хайуан ілінген жыл басына?

ырысбай:

Жапалақ түлкі алмайды ұшқанменен, елеусіз бірге жүрер құстарменен.

Абайлап әрбір істің тегін байқап,

нағыз дос бірдей болмас дұшпанменен. Кісіге кісі жары жар болмайды, Қолтыққа жақын тартып қысқанменен. ерекшелік, өзіндік әр заттар бар,

Әуелі жыл басынан тышқан келген.

Берен:

сескенбей еш нәрседен еркін тұрсың, табуға жұмбағымды сертің үшін. тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар, Ақын болсаң айтып бер екіншісін.

ырысбай:

оңай нәрсе тең келмес қиынменен, Шешен жігіт өмірдің сиын көрген. дене порым жаралыс бір болғанмен, талапты ер өнер табар білімменен. сұраған сұрауыңа жауап берсем, Жыл ішінде екінші сиыр келген.

Берен:

малтау білсең сынайын су жүзіп көр, таңырқаған сыртыңнан тым қызық дер.

«тілі ортақ шешеннің» деген сөз бар, өлең - патша төрт сөзден тұрғызып бер. сұр бұлттан қыстағы қар жауады,

сырлас екен аспанмен шын биіктер. тау мекендеп тарихтан келе жатыр, Арқар, құлан, мысалы сұр киіктер. Бірден айттық он екі жыл тізбегін, Бір шумаққа бар жылды сиғызып бер.

ырысбай:

Жылдың басы тышқан мен сиыр келген, Барыс, қоян артынан ұлу келген.

Жылқы, жылан, ал енді қой мен мешін, тауық, ит боп доңызбен үйірленген.

Артық теңеу мен сізге берер едім, тапсаң ойлап осыны миыңменен. Алды-артыңды әріптес байқап сөйле, Әуреленіп алыспа қиынменен.

Алты қанат орданы шайқалтқанмен, Қарлы дауыл тең емес құйынменен. Шын керекті еліңе бір адамсың, Жүрер болсаң жақсы зат сиыңменен. Бұл айтыс та осымен аяқталсын, Жалғыз ауыз мың сөзде түйін деген. Әріптесім қынжылмай жолымды бер, Ақ батаны алайық дүйім елден.

ырысбай:

сен бе едің белгілі ақын Берен деген, таяз су теңелмейді тереңменен.

Адамда қызба көңіл алып ұшат, Арамды ас болмайды жегенменен. ісіне құдіреттің қарап көрші, саласы бес саусақтың теңелмеген. талайға атым шыққан мен ырысбай,

Күдір жол шауып жүрген белеңменен. оқуын жын-шайтанның көп оқыпсың, Құлағың жан-жағыңа елеңдеген.

Ақылың аржағыңда кем секілді, тұрсынқұл бойжеткені дегенменен.

сөзіңнің кім қызықпас дәмесіне, Көз тұнар дүние мүлік сәндісіне.

опа тауып орныңда отырмайсың, Әкең сені айттырмап па еді әр кісіге. сынамасаң сөзімді сынатайын,

осы елдің қалақшы – зәңгісіне. Көңіліме келген сөзді айтып салдым, Шыдамай қылығыңның зәрлісіне.

 ӘйнеК Қыз Бен ОдАМАн Әйнек:

Құлағын домбыраның алдым бұрап, сөйлейін шешендікпен сөзді құрап. Құрбы едің ит те болсаң, ей, одаман, Келіп ең не бұйымтай менен сұрап.

Одаман:

дәркенбай, біздің елге болған болыс, Қолынан орындалар оның көп іс.

Ат шапан айып емес қалағаным, өзіңнен сұрағаным жалғыз қоныс.

Әйнек:

сөзіңді лайықты айт жүйесі бар, Жақсыға тіл тигізбе киесі бар. ерте туып кеш қалған, өзіңнен көр,

Қоныстың найза шаншыған иесі бар.

Одаман:

Бастығы ауылыңның дәркенбай ма, Ауруға өлетұғын ем қонбай ма?

не деген пейілің тар бетпақ едің, Шетіне қонысыңның ел қонбай ма?

Әйнек:

одаман, айтқаныма үйіп тұрсаң, Көңілің әтей қалап сүйіп тұрсаң. Қонысымның бір шетіне қондырайын, отымды жағып, суымды құйып тұрсаң.

Одаман:

өлеңнің күш қуаты тіл жағында, Жақсының жаман жүрер ық жағында. Шәйнегің істетуге жарай қоймас, тесігі бар деуші еді түп жағында.

Әйнек:

дәркенбай, біздің елден асқандағы, Қолың жетпес жұлдызбын аспандағы. істетпеске шараң жоқ жалданған соң, тесігін қолыңменен бассаң дағы.

Одаман:

Әйнек қыз, олай деме ығының бар, Азырақ шығаратын шығының бар. Шәйнегіңнің дәл келер тесігіне, сақтап жүрген әдейілеп тығыным бар.

Әйнек:

Адамға керек шығар ұят пен ар, Жандарға жолатпасын пейілі тар. өзіңді тақыр кедей деп естігем, Бейшара, мені бағар не малың бар?

Одаман:

Бір қошқар, екі тоқты, үш қойым бар, Ашықсаң үлкенін жеп бір тойып ал. сақтасам жылы жерге жануарды, тағы да өсер деген бір ойым бар.

Әйнек:

Айтайын, айт дегенде одаман сал, салдықпенен үйіңе жимадың мал. Айран түгіл үйіңде шалабың жоқ, Бүйтіп салдық құрғанша әдірам қал.

Одаман:

Жақсылар жаман іске береді сын, Басыңа пәле келсе болады мұң. үлкен қойды қораңа кіргізе сал, екі тоқты босағада көреді күн.

АйнАБАЛА Мен КеТПенБАй

тапталған халық улы табанында, Қанқұйлы гоминдаңның заманында. Шапшалда Кетпенбай жас зәңгі болды, сүйеніп ақшасы мен заманына.

сол кезде гоминдаңнан кез ат салық, салынып, күйзеліске түсті халық.

Кетпенбай теміржанның жалғыз атын, Қарамай хал-жайына берді алып.

Бұл қарттың Айнабала кемпірі еді, Жаяу қап бейшаралар тентіреді. сұраса аттың пұлын бұл жас зәңгі, Шамданып екі иықтан ентігеді.

Кетпенбай өлеңші еді той жігіті, сол себеп Айнабала ой жүгіртті.

«Айтысып Кетпенбайды бір паш етсем» - деп ойлап ыңғайы бір орай күтті.

Бірақта орай келмей жылдар өтті, Аяңдап қырық үшінші жыл да жетті. Бір күні Айнабала өлең жазып, Қарағаш мектебіне шаптап кетті.

Бір сөзім ел білсін деп басталады, салмағы Кетпенбайға тасталады.

«Бозбала бастаған көш оңбас» деген, Қойғаны-ай, зәңгі сайлап жас баланы. Атының басын алып жүре алмайды, Бұл қайтіп ел жұмысын басқарады?! Қолынан келетұғын еш нәрсе жоқ, Әйтеуір зәңгімін деп мастанады.

үй бетін жұма сайын бір көрместен, Шұрқырап бала-шаға аш қалады. иттен үріккен еліктей елең қағып, Бастығы «шаш ал!»десе басты алады.

«салық» десе сала алмай бардамдарға,

Біздердей кембағалды бас салады.

«Кез ат» деп жалғыз атты алып кетіп, Берместен пұлын оның қастанады. зәңгі ұқпаса ел ұқсын арызымды,

Шерлі адам шеннен қайтып жасқанады?! Жазушы бұл өлеңді Айнабала,

Қарағаш мектебіне шапталады».

осылай шапталды өлең мектебіне, Шапшалдың кетті хабар бөктеріне. Жапырлап елдің барі оқып жатты, Қалмады өткені де кеткені де.

зәңгіге оқырмандар жеткізеді, сөз қосып өлеңменен өткізеді. еліріп естіген соң Кетпенбай да, Ашумен айғайлап жер тепкіледі.

«Апырай, бір той болса көрем» деді,

«Жазасын келістіріп берем» деді.

«Жеңілсем ол қатыннан қара басып, сүйреліп күрең атқа өлем» деді.

Келіп сәт иманбек бір жасады той, Жиылды тамашаға қыр менен ой. Бәрінен Айнабала бұрын келіп, зәңгімен айтысуға көрсетті бой.

Кешікті зәңгі келмей күн де батты, десті ел: «зәңгі қашты, құдай атты!» осылай көп дуылдап сөз көбейген – Бір кезде Кетпенбай да келе жатты.

десе де ол келсе керек қысымменен, Кешіктім деді азырақ ісімменен. екеуі «айтыссын!» деп ел гуілдеді, мән-жәйді толық білген пішінменен. зәңгі келіп сүйенді керегені,

Басты ел: тыңдарманы, көрермені.

селтиіп Кетпенбайдың мұрты бірден, Былайша өлең бастап әуре еді.

Кетпенбай:

Жүрмісің аман-есен Айнабала, Көрейін дидарыңды айға қара. Айтыссаң меніменен енді айтысшы, Қойғанша өлең шаптап айдалаға.

Айнабала:

Кетпенбай, аман шығар үй ішіңіз, Аңқиды кір сабындай исіңіз.

Кезіңді келтіре алмай жүрген едім, Кәнеки, өлеңменен тиісіңіз.

Әдейге сені қозғап өлең жаздым, Бұнымды түйген шығар қу ішіңіз.

Кетпенбай:

сен неге көрген жерден кердеңдейсің, Қоңыз қуған тауықтай ербеңдейсің.

Алшақ сөйлеп алыстап айбар қылма, сен неге мен келгенде бер келмейсің?

Айнабала:

сен келді деп мен барып бас ұрам ба? Кісі сөзін басымнан асырам ба?

сен қайтіп елді бастап оңалтасың, Көрініп тұрған істі жасырам ба?!

Кетпенбай:

Әйел өзі келеді бармасам да, Әрең жауап беремін анда-санда.

талайы жүр артымнан аңсары ауып, назарыма ескеріп алмасам да.

Айнабала:

Кетпенбай, жас болсаң да зәңгі болдың, Аузыңнан арақ кетпес бәңгі болдың.

Әйел көрсең аңырай жөнелесің, Кәдімгі ұзын құлақ әңгі болдың.

Кетпенбай:

мен сенің бұл сөзіңе ауырмаймын, Жалғыз-ақ бір сөзіңді ауырлаймын. мені сен ұзын құлақ әңгі десең, мен сені тұралатып сауырлаймын.

Айнабала:

ел шықпас зәңгі бала бұйрығыңнан, сондағы маған кәне сыйлығыңнан? сауырласаң санымды жұлып алмай, Анда-санда бір тісте құйрығымнан.

Кетпенбай:

Құйрығыңды шалыңа шыжғырып бер, Шашыңды есіп атына шылбыр ғып бер. Бәдік өлең бұл жерде айтыспалық, естіген ел сөзіңді жындылық дер.

Айнабала:

Кетпенбай, сен жынды ма, мен жынды ма? не дегелі болады сен жындыға.

неменеге тағамыз ол шылбырды, сен тұрғанда кедейлер ат мінді ме?!

Кетпенбай:

Айнабала ақынсың Қаңлыдағы, өзіңді талай болды аңдығалы. менің салған қолқама жарамайсың?

менде бар қанша алсаң жамбы-дағы.

Айнабала:

Жамбың тамақ бола ма ашыққанда, Кеңірдектен өсте ме асыққанда.

Қанша жамбың болса да жете алмайды, Кіші-кірім жасалған астық саңға.

Кетпенбай:

сені кім алып келді қайрап-қайрап, Жібердім талай өлең саған арнап.

оңашада қолыма түсе қалсаң,

Жұтпай тастай салар ем шайнап-шайнап.

Айнабала:

Ақыр менің сөзіме келгенің бе, Қасқыр болып адамды жегенің бе?

Шайнап тұрып қалайша тастай салдың, Әлгі жері дәм бұзды дегенің бе?

Кетпенбай:

сен маған сонша неге қадаласың, Аузыңа келгенді айтып сандаласың?! сөз кезегі келген соң айтып тұрмын, Шабыңа шоқ түскендей шамданасың?

Айнабала:

Кетпенбай, таныс болдың Албанменен, Албанды бай болмадың алғанменен.

Жақсының шарапаты деуші еді ғой, ісің жоқ кедей жұртта қалғанменен.

Кетпенбай:

Япыр-ай! мына әйелдің жыны бар ма?! Көп шиқылдар деуші еді сынық арба.

Әкесі, шешесінің бәрі тірі,

менде оның өлгенінің құны бар ма?!

Айнабала:

Қариям үйде жатыр ер құшақтап, Біресе зар жылайды жер құшақтап. тартып алған атыңның пұлы қайда, Беріп пе едің қойыңды сен қосақтап? елдің зарын ұқсаң да түсінбейсің, Халқыңа жаны ашымас сен бір шатпақ.

Кетпенбай:

мен өзім талай елден табандымын, ешкімге тиген емес жамандығым. сен менен аттың пұлын сұрамай-ақ, Басыңның сұрасаңшы амандығын?!

Айнабала:

Жасыңнан араладың қазақ ішін, сен өзің жамандықтан тазамысың? Басынан арасанның бір бұғы аттың, Бұған да үкіметке жазалысың. ұрлықты бір жағынан қоса жасап, Қып жүрсің қалаймақан базар ішін.

Кетпенбай:

мен сені ұстатқызып қаматамын, Шалыңа шағыстырып сабатамын. тастағам талай рет шығын салмай, Бір емес, екі аттың пұлын аласымын.

Айнабала:

Кетпенбай, ел біледі жеміріңді, Жаужапырақ секілді жеңіліңді. Кембағалдың жеп қойсаң жалғыз атын, Ақиретте жалмарсың кебініңді.

(Кетпенбай қалды қатты сасқалақтап, Басында отыр еді қашқалақтап.

«Жалмарсың кебініңді» дегеннен соң, Былайша өлең айтты шатпарақтап.)

Кетпенбай:

Айнабала, сен мені кім деп жүрсің? Бір пәлені басыңа іздеп жүрсің.

Кесірленбей тіліңді тартып сөйле, сүрініп аяғыңнан індеп жүрсің.

мен сені өлгеніңе көрістірем, Арманыңды ажалмен өбістірем. тартады әркім тілден өз азабын, сөзіңді тергеушіге сүрістірем.

(ел сонда ду күлкіні қоя берді, Кетпенбай айтысқанға тоя берді.

сөз таппай сасқанынан терлеп-тепшіп, орнынан тұрып зорға тая берді).

Айнабала:

Айтыстым Кетпенбаймен бір-ақ апар, Жігіті құрырында құдай атар.

Бармысың Кетпенбайдың жолдастары, зәңгіні аманында үйіне апар.

секілді мінгендей бір қаһарына, сақшы әкеп елге оғын тасырлатар.

(тағы да ел күлкіні қоя берді, Кетпенбай айтысқанға тоя берді. Жанданып Айнабала арт-артынан, Бұшпақтап өлеңменен соя берді).

«зәңгінің әлгі өлеңі бек қызық қой, Жігіттер өз үйіне жеткізіп қой.

Жүрмесін есеңгіреп үйін таппай, суынан Белтоғанның өткізіп қой»

зәңгі кетті артына қарамастан, Бірде сөз қайтаруға жарамастан. тістеніп астыңғы ерні кете берді, Айтысып сөзден кегін ала алмастан.

сонымен зәңгі көңілін дат басады, Әр сөзді арадағы ел ап қашады. сабауға бұл әйелді даярланып, Бұзау тіс, жуан қамшы саптатады.

Бір күні әйелді кеп қатты ұрады, сақшыға ұрып алып шапқылады.

«Атымды қайтарып бер» деп те жатыр, Әйелді түрмесіне жапқызады.

зар жылап әйел жатты түрме ішінде, Жем болып қандала мен бүргесіне. Астында төсенерге бойра да жоқ, Жатыпты сызды үйдің іргесінде.

Басында жалғыз кірпіш жастағаны, екі күн тамақ бермей аш қамады.

Кеудеден жан шықпаса жатады екен, Бірнеше ай сұрақ қылмай тастағаны.

Шалы қалды үйінде өлімші боп, оған жәрдем берердей ел күші жоқ. Күйзеліп елді кезіп жан бағып жүр, Амал не қарап жатып өлгісі жоқ.

түрмеде күн батпайды, таң атпайды, Күн-түні Айнабала зар қақсайды.

Қанқұйлы қаскүнемнің қолында тұр, Кім барып бейшараны ардақтайды.

зорлады оған кірпіш құясың деп, таң атпай орныңнан тұрасың деп. Қасына бір қуыршақ сақшы қойды, дем алса мылтықпенен ұрасың деп.

талай күн кірпіш құйды тәлтіректеп, Күн бата жығылады әлсіреп кеп. тойып ішкен тамақ жоқ, демалыс жоқ, мұрнынан ағып жүрді қан дірдектеп.

Бетінің қамшы тиген жарасы бар, ішінде бес алты айлық баласы бар. Қиналғаннан баласын тастай салды, Қаншалық бейшараның шамасы бар?!

Бір күні алып кірді тергегелі, Бейшара талып түсті тергеп еді. Шалы жүр күңіреніп күйі кетіп, Артынан кемпірінің іздемеді.

Ант етті Айнабала ат дауламасқа, Арыз ғып үкіметке бауламасқа.

«Ат құрсын аман шықсам олжа» деді, еш амал болмаған соң одан басқа.

тергеуден түрмеге әкеп салды құлпы, тіледі сау болғай деп елі-жұрты. тағдырдың бір жазғаны бар шығар деп, Қайғыдан екі беті, солды ұрты.

төңкеріс басталды да нылқымыздан, Жалғасып жатты жеңіс еткен арман. Бір кезде безе қашты Шапшалдан да, Күш кеткен, үміт өшкен сұм гоминдаң.

Айнабала өлмеді қайтіп келді, тартып кеткен азабын айтып келді. Қалай да Кетпенбайды іздеп тауып, Бел байлады кекке жан бәй тіккелі.

Кетпенбай безді үйінен қашқалақтап, ұйқы жоқ, тамақ ішпей сасқалақтап. Қайда қашып кетуді ойластырып, Жүрді ол күрең атын босқа баптап.

сұрады бір күн ақыл жақсылықтан, Шошыды ар-намысы тапшылықтан.

«Атыңды апарып бер, ғафу сұра, сонда аман қаласың бастырықтан.»

Кетпенбай ат жетелеп жетіп келді, Ауылының кариясын да ертіп келді. Қалпағын қолына алып басын иіп, мойындап қылмысына кеңкілдеді.

Қариялар жылы сөзбен сылай берді, Қиылып Айнабала жылай берді.

Кетпенбай басын иіп тұрғаннан соң, толғанып ойлы сөзбен былай деді.

ойлама оңай-оспақ қазағымды, Аударды гоминдаңдай тажалыңды. Жылаттың бір сорлыны шырқыратып, тартқызсам болар еді сазайыңды.

Адамдық арға қайтып басыңды идің, Кешейін маған қылған азабыңды.

Қашан да қайда жүрсең ойланып жүр, тағдырдың қолыңдағы ажалыңды.

«Кезбе дәулет, кезекті дүние» деген, Көрдім міне, күлдірген заманымды.

 МыҢБОЛсын Мен МӘУен Мыңболсын:

Бұл жерге жиналысты өңшең жастар, сайраған бұлбұл құстай нелер жас бар. Бәйгеге баптап қосқан саңлақтардай, оза алса бірін-бірі артқа тастар.

естиік құдашалар әуеніңді, Шығаршы сандуғаштай әдемі үнді. Басқарған өлең тойды құда бала, Әкелші аты шыққан мәуеніңді.

Мәуен:

Жиылған үлкен-кіші тамашаға, Болады әркім жүйрік оңашада. Шақырған соң қасына біз баралық, Құда жалғыз отырса жараса ма?!

Мыңболсын:

Ауылым Қарасу да емес жырақ, Қызыққан тойға келдім жолаушылап. төрт болып екі көзім отыр едім, Құдайдан жатсам-тұрсам сізді сұрап.

Мәуен:

Ауылым жоғарыда – емілдемін, Жуықта, тойға жақын өңірдемін. Құдайға мың шүкірлік мен де қылдым, табылып іздегенім, көңілдегім.

Жүр едім айтысатын теңім таппай, Болса екен түсім болмай өңімдегім.

Мыңболсын:

Құдаша, саңқылдаған үнің ашық, өлеңмен құрметтеймін шашу шашып. сыпайы сөз, сүйкімді әуеніңмен,

Күй шерттің жүрегімнен перне басып. Болғанда көзден таса сағынармын, Батқандай шыққан күнім таудан асып. түсіңе кіргеніме көп күн болды, өзіңмен, міне отырмын дидарласып.

Мәуен:

Ән салдың ақ алмастай жыр ұсынып, Қалғандай жасықтардың қыры сынып. Қайткенде тамашаға жарасады, Алдыңнан тарту тартсам гүл ұсынып. Ән мен күй тойдың сәні өлең мен жыр, сіз бен біз шырқатайық тік ұшырып.

Жүрегім сізді көріп тулады аттай, Бір тоңып, қуанғаннан бір ысынып.

Жаратқан құдай артық затым Арғын, Келеді сөзі нәрлі заты бардың.

топ жарған тобықтымын ел ішінде, Бар шығар құлағында ақындардың.

Мыңболсын:

затым найман, бергі атам Қаракерей, Ата білмек жігітке үлкен мерей.

Бес Байыстың ішінде сармырзалар, тұқымынан ер шыққан нелер егей. одан бері Жолымбет, назар дейміз, осыларға аласың кімді теңей.

одан бері Жанболат, тоқабаймыз, Ата-жөнге тікке ұшып жоталаймыз. мақтаныңды әкепсің үйіп-төгіп, салыстырмай біздағы босамаймыз.

Мәуен:

тобықтының ішінде ырғызбаймын, даңқым бар ай қасында жұлдыздаймын.

Құнанбай орта жүзге билік айтқан, топшымнан оңайлықпен ұрғызбаймын.

Абайды кім білмейді алты арыста, ренжіме аруағың қалса алыста.

Әрі бай, әрі шешен ұрқыменен, найманды басып озған сан жарыста.

Құнекең, мекке барған қажы атайым, ұзартып мақтанбаймын, аз айтайын. Жүлде алған сан жиында өмір бойы, Көрмеген бір жаңылып жазатайым.

Бекболат, тіленшімен Алшынбайым, үш ата билік айтып озған дәйім.

Білесіз бе, Кеңгірбай, Бөжейлерді, Қаратай озып шықты қарапайым.

Мыңболсын:

үш назар ұлы атамыз жатқан шалқып, Бола алмас бар тобықтың одан артық. ұрқынан хан да шықты, би де шықты, Қырандай еркін самғап ұшқан қалқып.

тоқаңның ер Кегенбай тұңғыш биі, Болған соң артық шықты артық миы. Шерубай аға сұлтан болмады ма, Артылып өз кезінде абыройы.

Халқына мархабатты болғаннан соң, Жік ашпай барлық елі жүрген жиы. мұқату, бірін-бірі қанға бояу, Арғынның бір-біріне қылған сыйы.

Мәуен:

өлеңмен ұқпағандар жеңем дайді, Адамнан ойы қораш сөз өнбейді. найманнан өмір бойы Арғын озған, Арғынға сірә найман теңкелмейді.

сүйіндік, Жексенай мен мұса, Шорым, Жылқысы сан жеткісіз қара қорым.

ежелден әрі баймын, әрі момын, ұрқына сән салтанат біткен порым.

ежелден жолым да үлкен, бағым да артық, Бұларға ойластырғын болса толым. олжекең орта жүздің батыры екен, Қиратқан дұшпанының қалың қолын. өлеңге Арғын асқақ ғылымменен, Қайнайды қарсылассаң сенің сорың.

ұраным ер Қарқабат, Алтай-Қарпық, оза алмас ешбір найман одан артық. толқынды тасқындаған дәриядай, Қаларсың сен қайраңдап кетсем шалқып. Кімің бар аузыңа алып іске жарар, сөйлей бер шамаң келсе бәрін сарқып.

Мыңболсын:

екі омар, Бөкенші мен малшынбайды, Бұлардан ешбір Арғын артылмайды. сүбебай, Биұлтарақ, Қожакеңді, Қақпайлап бірін шетке қалтырмайды.

найманнан Шерубай мен тана шықты, ойға озып, өз кезінде дана шықты.

Боранбай, Ақтайлақпен билік айтты, Бұларға қандай адам таласыпты?

Хан Қисық, би Бөкенші, ер тәукебай, Кәріпжан, серкебайлар дара шықты. Қабанбай Қақшал жаумен жауласқанда, Қасына ер Барақты ала шықты.

Шабынған қоңтайшымен сайысқанда, Бұларды Арғын тұр ғой, Алаш ұқты. Хан Қамбар, ер Ботабай, би билеуші, сасан би, Құрманқажы және шықты. еңсе би, Құлжа батыр, Бай Жантүкеш, Қандай жан еселесіп санасыпты.

Бекбосын жүйрігіңнің аузын буып, съездің қалың тобын жара шықты.

Мәуен:

Білесің бе игілік, Жұманымды, Қандырайын сөзбенен құмарыңды. саңлаққа сайыста озған тең келе ме, Бәйгеге қосқаныңмен құнаныңды.

Аруағын ерлерімнің мен шақырсам, Бір жерге қоя алмайсың тұрағыңды. Ата білмес әйел деп ойлап қалма, Білмейді деп қай жерде тынарымды.

Мыңболсын:

мәуенжан, кейбір жерде кеттің асып, тастасам ұяларсың бетін ашып.

Құнанбай да емес қой түзу адам, Баяндайын тәппештеп аршып-аршып.

..........................................................

Қодарды кім өлтірді түйеге асып, сүйегін таспен атып паршалады, Бұл істі Арғын, найман біледі ашық.

Кім білмес Құнекеңнің айып ісін, Жақынын малға сатқан баю үшін. Бөжейін Кеңгірбайдың сабаймын деп, Бөжейге қызын берген айып үшін.

Бөжейден болды дейді тобықтылар, Аға сұлтан шенінен табу ісін.

орыстың ұлығына пара беріп, Алшынбай би болысып, араға еніп. сары лақ боп шалынып арамдыққа, сорлы сәби арада қалады өліп.

тәкежан мен сөйлейін Абайды алып, Абай десе біледі талай халық. тәкежан мен Абайды ұлжан тапқан, соттасуы екеуінің талайға анық.

Бір мезгілде тәкежан болыс еді, Жегені ырғызбайдың сонысы еді.

Бірін-бірі көре алмай бақкүндес боп, Абайдың айдаулы ісі сол ісі еді.

Мәуен:

Құнекең... тіл тигізбе, құтым еді, талайды сан жиында ұтып еді. Көшелік басқа өлеңге қызық үшін, осымен бұл сөз қалсын бітіп енді.

тілегім, жалған емес шыным құда, ұқпаймын ел жағдайын сырым құда.

«Жүгірместі қыстама әлін қара», деген мысал бар екен бұрынғыда.

Құдеке, мұны таста, басқаға көш, Білгенмен сөйлесейік, білместі кеш. тілегім ел алдында сізге қойған, Белгілі ғой есепте төрт пенен бес.

Мыңболсын:

Болайын менде мақұл қолқаңызға, Араздық, қысастық жоқ ортамызда. Бұл тойда бізді жеңіп бәйге алмайсың, Қанша ақын топтан озған болсаңызда.

Қалыпты жиырмадан жасың асып, өзіңнен біздің өлең асуы ашық.

Әр жерде ат қайраты артылады, дүбірге жарысқанда асу асып. өнерің шамаласаң мәлім болды, Қайтесің енді, жаным, қарсыласып?!

Мәуен:

өзіңдей менде ақынды көрдім талай, Пішкен жөн әркім киім хәлге қарай. сүрініп күні бүгін көрмеп едім, татымсыз теңім емес сендей малай.

үстіңде киімің бар жыртық-тесік, Қайтесің меніменен сөзге егесіп.

сен ертең су әкеліп от жағасың, Күйеумен жүргеніңмен бірге ілесіп. Ауылымда ардақтымын, қадірлімін, Қаларсың шаң ұшында кетсем есіп. Апшыңды жездей қақтап шын қуырсам, Кіріп кете жаздарсың жерді тесіп.

Мыңболсын:

долдандың ба құдаша ашу қысып, суындың ба, әп сәтте, басында ісіп. еңбегіммен келемін ел қатарлы, Алғаным жоқ бір көйлек сенен пішіп. Болсаң әздек сатылдың неге шалға, сөз келтірдің өзіңе аузың қышып. түстің шалдың құрылған тұзағына, Құтылам деп ойлама аспанға ұшып.

Қыз көре алмас жігітке бақ қонғанын, сені алған соң біле ме шал тоңғанын? Шалдан үміт қып жүрген жалғыз сенсің, Көрмедім шалға тиіп қыз оңғанын.

Мәуен:

Шешен сөйлер жиында ақылы артып, Көп сөйлесе сиымсыз болар тантық. Бұрынғының адамы сүйегі асыл, ендігінің жасынан шалым артық.

Көре алмассың, күндерсің, тарыларсың, Шыдамасаң құса боп жарыларсың.

Алла қосты, екі ағам берді, барам, Әзәзіл боп араға не ғыласың?

мәлім болар жүйрікті жүгірткенде, Жеңемін деп өлеңмен үміттенбе. торқа киіп, жорғаны мінгізген соң, Шал байғұсым артық қой жігіттен де.

Мыңболсын:

сен марқадам табарсың шалға барып, екі көзі қызарған, шашы ағарып.

Қу томардың қасында жүремісің, Қуыршақтай өзіңді жасап алып. Шал қасында жүрерсің өлмеген соң, Жасты көрсең қысылып, тасаланып, Бетің жауып, кигізсе тұмылдырық. Құсалықпен өлерсің қапаланып.

Мәуен:

ел көшкенде мінемін жорға керді, талғамайды жануар ылди-өрді. тырнағының алмаймын сынығына, Шал да болса бағыма Алла берді. таңдағаным сақыбай не қылсаң да, Аздырам деп ойлама алдап елді.

Қырда малы, қалада қора жайы, маңдайына бақ берген бар құдайы. он бес сары, айына ақша берсе, сен де соның боласың бір малайы.

Күнбез деген тасболат сарайы бар, сенен басқа халықтың талайы ұғар. Қырға кіре тартуға тоғанақпен, сендей-сендей бір қанша малайы бар.

мен барсам ханша мен ханымдаймын, мұқтаж боп дүние үшін налынбаймын. Жүремін пәуескелі күймеменен,

тіпті де саған зар боп жалынбаймын.

Мыңболсын:

тұрғам жоқ аздырам деп алдап елді, екі ағаң күңше сатып малға берді. Шардаң қағып қарыны, бүгежектеп, Қорасына кіргізбес барған елді.

Келіп тұр ма шынымен соған барғың,

ол бір қу томар болғанда сен бір балғын. Шал қасында шынымен жүремісің, Ботасындай ойнақшып бейне нардың?

Бүкірейіп қасыңда шал жата ма, Кескініндей қуарып қиған талдың? есің барда әріптес теңіңді тап, намысына түспей-ақ, көксау шалдың?

сүйемісің шынымен сақыны анық, месқарын жүр малына сатып алып. осы араға келмей-ақ сені алдырмақ, ел көзіне көрінбей жатып алып.

Қосақтаулы есекке сен бір қашар, енді мәуен нең қалды жасырарлық? Ағаң тұр ғой ауылыңа түгел таныс, есі бар саналы адам ашынарлық.

сен оның баласының баласысың, ол сені тәлкек етер тамаша үшін. он бес қара, жүз қой алып ағаларың, сатып отыр нәпсінің қамбасы үшін.

мәуенжан, жыладың ба жасың төгіп, Басында қуаныпсың көрмей бөгіп.

Жеңгеміз орамалын бізге ұсынды, сіз жеңіліп біздағы қалдық кеңіп.

Қуанды біз жақтағы жастар күліп, Бір жерде ақын қызды екі жеңіп. Жеңілді мәуен қыз да баудай түсіп, Бір демде аурудай қалды семіп.

сүйеніп тізесіне жеңгесінің,

«менде Алланың жаратқан пендесімін». деп тілек қып еңіреп жылап жатыр,

өз алдыма шықса деп дербес үнім....

өлең бітті сонымен той таралып, талай жанға іс болды ой саларлық. сол түнде ашуланып ағалары,

Қалың малды десті ертең қайтаралық.

сөз таба алмай ақын қыз жеңілмеді, деген арман сақы шал теңім бе еді?

Әркім сатты баласын мал орнына, тойса болды өзінің кеңірдегі. теңін тауып тезекті біреуге теру, Әрбір жастың арманы көңілдегі. Келелі, келісті өлең емес, жастар, Бір оқиға боп өткен кезіндегі.

Көзі көрген, ақиқат іс күні кеше, елі түгел білетін мәуен десе.

Барыпты деп естідім ақыр соған, мықты боп байдың күші бермей есе.

ТАҢЖАРыҚ Пен ҚОйдыМ

талай жан бізден бұрын арманда өткен, соларға опа қылмай заман да өткен.

Болғанда біреу батыр, біреу білгіш, Ақырет осылардан бізге жеткен.

Бұрынғы жастағы өткен заманадан, Азырақ сөз сөйлейін қырық гәппен. Албанның топты бұзған ақынымен, Қызайдың жас баласы егес еткен. таңжарық іздеп барып айтысбаққа, талапты жігіттермен кеңес еткен.

Бір шеті Қарқараның Байынқолда, солардың сөзі мынау сөйлеп өткен.

руы дербіс екен Жолдыбаев,

Бәрі де жолдасының қыран сайып. Албанда Қойдым атты ақын бар деп, естіпті бұл хабарды жоқтан ғайып. Әлекен және де бар құрдастары, Жел сөзге бұлардағы жүзген қайық. досымқан бір серігі сөзге жорға, Көңілін қайтармаған ешкім шайып.

Шала мас жас мөлшері құрдас екен, Көрмесе бірін-бірі тұрмас екен. досымқан, таңжарықпен жиырмада, екеуі бір жыл туған сырлас екен.

Әуелхан, Әлекенмен он жеті де, Бара-бара бәрі дағы бір жас екен.

төртеуі жүрмек болды ақылдасып, Қол алып уәде қылып мақұлдасып. Болғанда күз салқыны барамыз деп, Жазында сөз байласқан анық, ашық. сөзінен әлгі үшеуі танып кетті, Келгенде айтқан кезде жақындасып.

таңжарық сөз бойынша жалғыз кетті, ержігіт орындасын айтқан сертті.

Баруға бөтен елге жүрексініп, үшеуі уәдеден танып кетті.

Жел сөзге төртеуі де кетеді ағып, Әр іске қаршығадай бәрі де епті. Жол жүріп он екі күн бәйгекөкпен, Албанға таңжарық та жетіп келді. Байеке сегіз сары жұраты бар, соларды тауып алып дамыл етті.

Аязда барып жетті қаңтардағы, сөзімнің қалып жатыр сан тармағы.

Шығады жан да ауыздан, сөз де ауыздан, оңай ма жігіт сөзден жалтармағы. түгелдеп бұл шерімді жаза алмадым, Әйтеуір бір ойда қалған аз тармағы.

Ауылына Кәрібайдың жаттым барып, Атым да зорға жетті әбден арып.

Бәрі де жұратымның бір жерде екен, Аралап қаздай қалқып жүрдім қарық. Келдім деп жұратшылап барған елге, Айтпадым еш адамға сырды жазып.

Жетпіс-сексен үй екен, Кәрібайдың баласы. тәртіпті өскен ел екен, ішінде жоқ аласы.

мекені екен олардың, Байынқолдың қаласы. Қарқараның бір жағы, екі танаудың арасы. Жаз болғанда жайлауы, Қарқараның даласы.

Жәмеңкедей жер қайда, саусақтай жазық даласы. ойында Қойдым арманы, таңжарықтың жарасы. таныс болды Албанның, үлкен түгіл баласы.

Қойдымның ауылы түстік жол, Әбден сұрап ұғысты.

Жұрт бектері жақсымен, Аралап жүріп шығысты. түсініп әбден болғанша, Шығармады дыбысты.

екі жыл жүрді Албанда, ендігі күз болғанда.

Қойдымменен айтысу, Болғаны ойда арманда. ойына сонда алады, Астындағы бәйгекөк. семізден қатып жарады, Жайлаудан қайта ел көшіп. таң ұзарып барады.

Келген тәкең әлі жүр, Анау жылғы қыстағы.

Жігітке қорлық жалғыздық, заманның түсер қыспағы. досына айтты таңжарық, ойдағы арман нұсқаны.

Айтыссам деп Қойдыммен, Ақтарып сырды тастады.

саған айтпай арманды, енді кімге айтамын.

Жеңілсем де, жеңсем де, өлең жырды шайқайын. Қойдымменен жолықтыр, Бір сөйлесіп қайтайын.

Албаннан асты деседі, Қаншалық екен байқайын. Шекара тыныш тұрғанда, Қуанып досым қайтайын.

досының сөзі:

Бұл сөзің құп жарайды мақұл деді, ертерек ойлағаның ақыл деді. тілімді алсаң қоя ғой Қойдым қуды, Қағынып ұшына шыққан ақын деді. Болмаса Қойдымды мен аяйын ба, Ауылы төңіректе жақын деді, Қасыңда сенетұғын жолдасың жоқ. Қаласың ба арманда қапыл деді, таңжарық осы сөзге ашуланып, Қойдымды бүгін кешке шақыр деді. ол болмаса бұл жерге неге келдім, үйінде мендей жігіт жатыр деді.

Аруағы Қызай анам жолдас болса, таңжарық бір қатынға татыр деді. тәкеңнің көңілі қалып жүрмесін деп, Жарайды мақұл тәке, мақұл деді.

Келергі сәрсенбіге той болады, Қайратың болсын сонда батыл деді. Қойдымның ауылында болады өлең, Айтыспауға болмайды ақыр деді.

тоқтадық осы сөзбен екі тарап, тарқадық сәрсенбіге тосып қарап. семірткен астындағы бәйгекөгі, сүмбедей жарап алды әбден жарап. Қойдыммен бір айтысып көңілі тынса, елге тура қайтуға қылды талап.

Бір сөйлеспей кеткені елден ұят, Келген соң сонша жерден әдейі қалап.

Бір бала Қызай жақтан келіпті деп, Бұл хабар Қойдымға да барды тарап. сәрсенбі қай уақытта келеді деп, тәкең де жаңылмастан жүрді санап.

сәрсенбі келді таңы жарық болып, Қуанып тұрды тәкең қарық болып. Қойдыммен айтысамын деген оймен, Жүрген кез Қарқараға барып қонып. Барғалы неше заман өтіп кетті,

өзі де кетті жүдеп арық болып. Шақырып тойға хабар жетіп келді, Қай мезгіл екендігі анық болып.

той болған жерге аттанды түске жуық, Ауылына жатпақ болы барып қонып. Аттанып әуен сала дүрілдетіп, Жөнелдік бір сыпыра халық болып.

Қасына ысқақ досын ертіп алып, Қойдымға жолығарға көңілі толып. иншалла, Қойдым бүгін түсер қолға, Кетсе де су түбіне балық болып.

Ән салып Қарқараның даласынан, Жөнелді үшқақпаның қаласынан. сымайыл, ысқақ досы, оразалы, Бұлардың қыл өтпейді арасынан.

Қойыпты бұрын бізге орын жайлап, Босатып бір үй тігіп қойған сайлап. Қойдымның ақ дидарын бір көре алмай, Әлі жүр ақын тәкең бармақ шайнап.

екі үйге елден бұрын толды ұрғашы, ішінен көре алмадым өңді ұрғашы. дыбырлап кіріп-шығып үй сығалап, Қасқыр көрген ешкідей болды ұрғашы.

Болған жоқ бұлар әлі шәйін ішіп,

Әр шайтан таңжарықты отыр қысып. мойнын созып есікке қарап қойып, денесі бірде суып, бірде қызып.

Қойдым үйге әліге келмеген соң, Барады көңіл албырт, аузы қышып. тінәлі айғай салды домбыра алып, үндемей отыруға іші пісіп.

таңжарық мұнда келдің ақын болып, Кетесің айғай шықса аттай желіп. үлкенді аға, кішіні іні қылдың, лақты үйреткендей қойға теліп.

Қойдымға бүгін кешке жолығарсың, өзіңе келген болсаң өзің сеніп.

сен түгіл біз разы болар едік, Қойдымды бүгін түнде жеңсең беріп. Әуелі жәйін саған ұқтырайын, Жағдайын біраз ғана сөйлеп беріп.

Алдымен қабырғаңмен кеңесіп көр, ойланып өзіңді-өзің байқап көріп. Баланы сендей неше көрген Қойдым, Бір ауыз айтқан сөзден пәле теріп.

Келгенше отыз бірге мүдірген жоқ, Албанның жігіттері шықты жеріп. Қарағым, арманда боп жасып қайтпа, елірткен надандардың тіліне еріп. егерде сөйлесуге ынтаң соқса,

Жар болсын Қызай анаң жәрдем беріп.

Бұл сөзді тіке аға, айтпа маған, Байқарсың істің артын болсаң аман. Қойдым қиын болғаны маған жақсы, ер болсын дұшпаның да деген заман. Көңілімді неге бүйтіп қайтарасың, Бұл жерге әдейі іздеп келсем соған. сен болсаң бар сенгенім батыр тіке, сөзіңіз тұра тұрсын кейін таман.

Келгенім әдейі іздеп Қойдым болса, Қайтқаным бір сөйлеспей нәмге жаман. Бұл сөзді тоқтат тіке, ондай болса,

Көп айтсаң ашуланып оттай жанам. Қойдымға шақ келмейді жігіт дейсің, Бұл сөзге мен ер туғам, қайтсем нанам.

Болмаса бір байталдық ел көрмеймін, Жалғыз-ақ жәрдем болсын Қызай анам. Қойдымды тойға бармас бір қылайын, иншалла, сүйей берсе жалғыз панам.

сол болса тоқтат тіке айтқан сөзің, Қойдымды шақыртып кел әуел өзің. Айтысар-айтыспасты сонан байқа, Әуелі сөйлесетін келтір кезін.

Япыр-ау, қой дегенің не деген сөз, сол үшін тосып жүрсем үш жыл өзім.

Ай тіке, неге келдің осы жаққа, ұлым деп анам тапқан шыдамаққа. Қойдымды сөйлестіріп көрмейсіз бе, Айтқанша әрбір сөзді сынамаққа.

Хабар айт Айдарәлі сұраншаққа, Жар болсын жалғыз Алла, аруақ та.

Барлық жұрт мұнда келіп жиналыссын, Көз тастап байқастырсын болашаққа. Қойдымды дереу барып шақыртыңдар, екі ақын басын қоссын сайыспаққа.

тінәлінің айтуымен Қойдымды шақыртып барған баланың сөзі: Бір ақын келген екен найман жақтан,

тілеңдер бәрің тілеу жалғыз хақтан. Бекітіп өзіңді-өзің байқа Қойдым, Шығандап шыққан екен неше топтан. тойға келген еліңнің отыр бәрі, сөзіңді шығар Қойдым ала қаптан. сұм қыршын озып жүрген көрінеді, Жорғадай төрт аяғын тағалатқан.

Қаңғырған жалғыз айыл қу Қызайды, домалап түскендей қыл мінген аттан. Аянбай осы жолы жүгіріп көр, Ақылың артық еді адамзаттан.

тінәлі жоқ пәлені тауып кепті, Әкелді оны қайдан құдай атқан. Шақырып үлкен-кіші жатыр бәрі,

Жүр Қойдым ұнаспайды үйде жатқан. Бәрі жүр тілеулес боп елі-жұртың, Абайла құлар жардан жақсы сақтан. Шақырды сабырбектер дегеннен соң, Қылқылдап ақ маралдай жүрді шапшаң.

екі қыз, екі қатын ертіп келді, үйден шыға шырқатып әнге салды. Жап-жақын екі арасы ауылының,

Жиылған ел құлақ сап тыңдап қалды.

рас па дегендерің найман келді, ұқтыңдарма қандайлық жаймен келді. Жүрмесін шпион боп құдай атып, Жолаушы жалғыз айыл қайдан келді? Жұмысы менде болса сөйлесейін, Басқа жұрт қоя тұршы пайдаңды енді. мені іздеп жүргені рас болса,

Көрейін мен де барып найманды енді...

ойланып ақын Қойдым арлы-берлі, Қақ жарып қалың топты жетіп келді.

«үстіне меймандардың кірмесін» деп, сырт жақтан шақырушы хабар берді.

Таңжарық:

Япыр-ау, мынау өзі қандай халық, тиген бе, бәріне де жыннан шалық? Қойдымды дәл осы үйге бастап кіргіз, Шақырған мен емес пе қолқа салып. Көрелік, айтысалық қандай екен, Кетпейміз мінгестіріп ауылға алып. сол сөзбен Қойдым үйге кіріп келді, дидары судан шыққан күміс балық.

Қыпша бел, қызыл шырай, қиғаш қасты, Жыққанның арманы жоқ іштен шалып.

Бұраң бел, орта бойлы, кішкене аяқ, Болады Қойдымдай жан некен-саяқ. Адамды тартып алар лебізі бар,

Бетіне тамағыңды барсаң таяп. тигізбей күнге бетін, желге етін, өсірген тәрбиелеп үйде аялап. таңжарық кірген заман әнге салды, Абайлап алды-артына қарамай-ақ.

осы ма Қойдым ақын жұртты тыйған, Жолына Албан елі жанын қиған. маржандай жылтыратып сыртын бояп, Шытынап шыт көйлекке зорға сыйған. сені іздеп мен жүргелі көп жыл болды, өнерді шығар Қойдым ішке жиған.

тасташы сөйлеп-сөйлеп сөзіңді енді, Көтеріп тура қарап көзіңді енді.

Білмеймін сенің көңілің әлдекімде, Әйтеуір бір менің көңілім өзіңде енді. сыртыңнан көрген адам көп мақтайды, мінеки, бүгін ғана көзім көрді.

мен сені үш жыл бойы іздеп жүріп, Келтірдім әзір ғана кезіңді енді.

Шақыртып зорға өзіңді тосқанымда, Жай білмейтін жамандай езілме енді.

Қойдым:

сөйлейді әр алуан мына бала, Аптықпа а дегенде құда бала. сыйлайын жас баланы десемдағы, Айдайды өзін-өзі құламаға.

оты бар жүрегіңнің бала екенсің, дәм айдап келіп қапсың бұл араға. менімен сендей бала тең келмейді, Шықса да басы биік мұнараға.

сен тұрмақ әкеңдейді көрген Қойдым, Пәлені неше алуан терген Қойдым. сен түгіл сенен зорғы беттемеген, Атқаны жаза баспас мерген Қойдым. той болса жорға мініп, торқа киіп, соңынан тоқсан жігіт ерген Қойдым.

Келдіңбе жеңемін деп сорлы Қызай, сүрінбей отыз бірге келген Қойдым. Бәйгеде сан жүйрікпен жарысқанда, Адымдап арынменен желген Қойдым. Бар болса іште өнерің шығар қалқам, Қайыспас қабырғасы көнген Қойдым. ілінген қақпаныма сендей нешеу, табанды, өзіне-өзі сенген Қойдым.

Бәйгені сен аларсың десің болса, Қашпаймын бірің тұрмақ бесің болса. Бәйге алған жалғыз жүріп неңді алған, тоқтай қал осы сөзбен есің болса.

Таңжарық:

ей, Қойдым, тоқтата тұр мақтаныңды, Қорқытып кімге айтасың аттаныңды. Жарысып бәйгені өзің алшы әуелі, Болмаса тоқтат бекер шатқаныңды. сен маған көрмесем де белгілісің, Білемін тұрғаның мен жатқаныңды.

Қай жерде мерген болып аң өлтірдің, Кім көрді шолағыңмен атқаныңды. Қалғысыз естен бүгін бір қылайын, Кетпестей таңдайыңнан татқаныңды. Қайқайтып қамшы саппен басып тұрып, Көрейін сонда қақпан-шапқаныңды.

Алғаның сасық күзен, мәлін шығар, Қылмай ма қасқыр талқан қақпаныңды. Болғанда қақпан сенде, тиек менде, Көрсетші тиексіз пайда тапқаныңды.

Ай, Қойдым, мына сөзің ұрғашылық, Көңілің қалар ма екен бір басылып. еркіңе қайтеді деп қоя берсем, Кетерсің әр қиырға бір шашылып.

Жүйрікпен бір жарыссам тоқтамаймын, Көңілім сөйлегенге кетті ашылып. зорсынба тәкәпарлық қашан жаққан, түйе де ілінбеген жылға шығып. ойланып алды-артыңды байқап сөйле, Жетпеген атқа байтал жолға шығып.

Жиылып үйсін, найман ат шаптырса, Алған ба байтал бәйге қырға шығып. осымен есің болса тоқта Қойдым, зорығып өлсең құның бір қашырлық.

Қойдым:

таңжарық, ақын бопсың бала жастан, еліңе әлі жүрсің бара алмастан.

Ауылыңда отырғандай есе сөйлеп, Кетесің алды-артыңа қарамастан. мен сені қонақ қой деп сыйламасам, өлерсің ішкен асың тарамастан.

үйсін деп айғай салып қырға шықсам, Қаларсың шыңғыруға жарамастан.

Қаңғырып мұнда жалғыз қайдан келдің, Асаудай бұлғақ қағып ала қашқан.

мен сені кел демеймін, кет демеймін, Қой арзан Қарқарада ет жемеймін.

Кетпесең малай болып қасымда жүр, Бекерге дүниеден өт демеймін.

Таңжарық:

сен мені кел десеңде, кет демесең, Шошқаның басын мүжі ет жемесең. Қойдымды сіңілісімен қабат жайғап, несін адам боламын ептемесем.

тауысып тарқатайын арманыңды, Білмейсің көр аузына барғаныңды. сен мені қаңғырған деп қалай айттың, Әуелі болжадың ба аржағыңды.

мен ұқсап көзің көрген расыңды айт, не қылам бекер айғай салғаныңды. Қаңғырған демей Қызай жолаушыны, өзіңнің ойлап отыр Албаныңды.

Қызайды қаңғырған деп қалай айттың, Жиып ал, іле жаққа барғаныңды.

Қаңғырған қалың Қызай қашан көрдің,

тапқандай бұдан бәйге алмағыңды. онан да осындайда тоқтат Қойдым, Шайнарсың ақырында бармағыңды.

Жасымнан мен де өлеңге асып шыққам, суындай Қас, Күнестің тасып шыққам. Қойдымдай шәйпау қатын бізде де бар, Жалынын бәрінің де басып шыққам. сенің де жалыныңды басайын деп, елімнен әдейі іздеп қашып шыққам.

Көп көрген сен сияқты жүйрік байтал, Арқасы бір мінуден сасып шыққан.

Қойдым:

Жасымнан мен де өлеңге шыққам асып, сан жігіт сен секілді болған ғашық.

Шыдамай сөйлесуге қарсы келген, той болса кететұғын бәрі қашып. Алдыма сөйлесем деп сенше келіп, талайы қарай алмай қайтқан жасып. Келмейсің озбақ түгіл ширегіме, Жүгірсем шын көсіліп адым ашып. Аяма, қане бүгін білгеніңді,

Келдің бе? Жалғыз қашып қаның тасып. Қаңғырып жалғыз жүріп жеңемін деп, сау басқа дерт іздейсің қара басып.

үйіне отырғызбай шайтан сайған, ел кезіп тентіреген жалғыз найман. Қаштың ба өз еліңнен кісі өлтіріп,

Болмаса қаңғып мұнда келдің қайдан?! сенімен сөйлесуге арланамын, өзімдей сөйлесемін сайма-саймен.

Аттансаң өзің аман осы жерден,

сол болар жеңбек түгіл тапқан пайдаң.

Таңжарық:

ей, Қойдым, бәрін тоқтат жарбағыңның, тарқатам түгелімен арманыңның.

мен құсап көзің көрген расыңды айт, сенбеймін біріне де жалғаныңның.

найманның бір ұлымын бегі емеспін, Қанжармын екі жүзді шеге емеспін. Қызайда нелер саңлақ әйелдер көп, ізіне басып кеткен тең емессің.

сен мені сыйладым деп сайқалданба, сенетін алдауыңа мен емеспін.

Жөнім жоқ менің сенен жасқанатын, Албандай қуғын көрген ел емеспін.

Бұзылып бұзғындықпен қашқан Албан, далаға дүниесін шашқан Албан.

Жығылып жатып қисайғанға күлемін деп, өз көтін өзі шұқып, ашқан Албан.

Апарып қырық руға қызын сатып,

Күн көрген Күнеспенен Қастан Албан. орыспен ойнас болып ұрпақ алып, ойласам оңалмаған бастан Албан.

Бұзылып бұзықтықпен арақ ішіп, тарихта оңалмаған қашқын Албан. орыстың дәмін татып, салтын ұстап, оңалмайтын сиқырлық басқан Албан. Жолаушы Қызай келсе қаңғырған деп, таба алмай айтар сөзін сасқан Албан. ішер тамақ, киерге киім таппай, Құзғынға жем боп өткен аштан Албан.

Күн көрдің қашқын Албан бізге барып, Былғадың жердің жүзін итше сарып.

Қызайды бүгін неге жамандайсың, Аралап жан бағып ең кеше барып. осындай ел сенетін расыңды айт, мен құсап түсін нақтап ашып-жарып. Болмаса тұрғын Қызай іледегі,

Күн көрмей кетер еді Албан ғарып.

Күң қылып, қой бақтырып қойдық үйде, Қыздырын бір ешкіге сатып алып.

Білмейсің қашқын Албан көрген ісін. орыстың жатағында жатып алып, осындай дәлел болса дәлдеп сөйле.

Болмаса бекер босқа шатымалық. Жемтікке үймелеген қара шыбын, тойынып семіретін сасық жағып. Албаным оңып тұр деп отырсың ба, Қай уақытта көріп ең Албан жарып.

Қойдым:

Қой қалқа көп терлеме жанды қинап, отырмын жас бала деп әрі сыйлап. Қызайдың оқиғасын менен сұра, Берейін түгел теріп бәрін жинап.

Қызайдың бас мекені – еміл еді, Көп емес онда Қызай жеңіл еді. сол кезде отыз үйден аз-ақ артық, Адамы тегіс бұзық жемір еді.

түк қоймай Қаракерей шапқан кезде, Жан таппай аз үй Қызай еңіреді.

Албанның әзіргісін айып көріп, Қызайдың жас баласы не біледі. Болмаса арадағы қалыс суан, Қызайға дүние қайтып кеңір еді. ұмытып өткен күнді ілеге кеп, Шалқақтап он қой бітсе семіреді. Қыздарын бойға жеткен байға бермей, Құшақтап қу тізесін кеміреді.

Қызайды алған еді Керей талап, Қалыпты аз адамы жанталасып. Қызайды әйеліндей Қаракерей,

Бас салып сабаушы еді бара сала-ақ. түк қоймай нақ түбіне жетер еді, Алмаса біздің суан арашалап.

Қызайды талағанда Керей шауып, Қаңғырған мекенінен түгел ауып. мен құсап түптен тартып түгел сөйле, өзімдей ретімен жөнін тауып. матайдың мұсылмандық қай жерінде, тоздырған бірін-бірі итше қауып.

өлгені өліп, қалғаны қаңғып кеткен, Бойынан итішпестің қайың сауып.

сонымен елден бұрын Қызай ауған, Басына жаралғаннан пәле жауған. осыған қарсы табар сөзің бар ма, Болмаса біткен шығар енді саудаң. ұмыттың ілеге кеп есің жиып, Бойыңа түскендей боп құдай тәубаң.

Таңжарық:

осы ма Қойдым сөзің маған тапқан, суанды Қаракерей қоса шапқан.

Жүз жылдан арғы сөзді бүгін айтып, Жасаған кешегісін тәңір атқан.

мен құсап көзің көрген расын айт, Болмаса сөзіңді қой босқа шатқан. Қызайға кеше шұбап жаяу барып, нан берген қойшыға да қызын сатқан. Қалды ма адамыңның бір тәуірі, орынсыз айтқан сөздің бәрі мақтан. сен түгіл бәрін айтсам маған таныс, Қозғадың тыныш сөзді іште жатқан. Бәрін түгел айтам деп ерегесіп, Қайтейін қылғандай ғып айқай-аттан.

Қор болған қайран сөзім саған деген, Аяма білгеніңді маған деген.

Албандай бұзық Қызай қай жерде бар, Барма екен Албан, суан көзі көрген. Ауыл басы бай мен би, бек болысың, орыстың шошқасының етін жеген.

Айтуға бәрін теріп аяғы ұзын, ертеңгіге созбайын істің көзін.

Кеше бізден жан бағып жүрген Албан, Ақтамайсың қайтейін татқан тұзын.

Қызай қызын үлкейткен себебі сол, Албанның алғаннан соң арзан қызын. Албанның осы күнгі қыздарының,

ұшықта топырақпен басқан ізін. рұқсатсыз ата-анадан байға тиген, Кәпірдің күйдірсеңші әттең жүзін.

Албанның қатын тұрмақ қызы құрсын, тамтықсыз шашып айтқан сөзі құрсын. Бай іздеп он бес жастан қашып тиген, Қаншықтың ұялмаған жүзі құрсын.

Қартаяр қыз әкесі күйзелумен, Қыздарың кетіп жатыр сүйгенімен. орыспа, қалмақ па деп талғамайды, Кетеді еркі өзінде тигенімен.

үй шаруаға керек деп бірден алдық, мал саууға жарар деп мінгенімен. Албанға әзір Қызай қыз бермейді, Апарып дүниесімен үйгенімен.

Албанға келген едім жиырмамда, нәсіптің дәмі тартып қиырдан да. Қыз, қатын, кемпір, шалы түгел базар, сиез ғып Албан елі жиылғанда.

Қыз-келіні атасымен жарысып жүр, тәртіпсіз болған екен сиырдан да.

еркектен қайда барар ұрғашы асып, Би болып іс бітірмес пешет1 басып. Кеш болса қызың қашып кетіп жатыр, сиезда ебін тауып тіл байласып.

Қызайда бұл бұзықтың бірі бар ма, Кәнеки, айтшы білсең аузыңды ашып. Албанның жақсысының бәрі кетіп, Әзіргі ел билеген өңкей сасық.

сотқа ұстап бірін-бірі беріп жатыр, сабырбек, Айдарәлі жамандасып. Құдай жоқ деп нешеуің күнәлісің, орыстың ізін басып табандасып.

1Пешет мөр деген мағынада.

Әзіргі жастарыңның бәрі бұзық, сәлем берсе алмайды амандасып.

Береке таусылыпты елден қашып, Қайтейін қалған екен қырсық шалып. Әйелдерің еріңмен теңеліпті, сүйекке таңба болды-ау, бетке салық. орыстан асыл тұқым аламыз деп, Қойыпсың қыздарыңа айғыр салып. осының барлығында өтірік жоқ,

мен тұрмақ тұрғын Албан өзіңе анық. Біріңғай көккөз сары айғырдан сал, Қыздарың қысыр қалмасын қырсық шалып.

Қойдым:

таңжарық осы сөзің кетті батып, Албанның алдың сырын келіп алып. сүйтіп жүріп Албанды жамандайсың, Бүйтсең сені кетпей ме дәм-тұз атып. Қызайда барма сенің жақсы кісің, Пұл беріп алады екен мәнсап сатып.

Кетсеші үйтіп өткен жасы құрып, Албанға тіл тигіздің құдай ұрып. Албанды жүдегенде көріп тұрсың, Кеткенде жақсылардың басы құрып. Бар ма еді жақсы кісің Жәмеңкедей, сындырған байекеңің тасын ұрып. Болмаса арадағы қалыс суан, өлтіріп тастар ма еді жаншып ұрып.

Албанның дәмін татып ақтамайсың, Аралап үш жыл жүріп жақтамайсың. Қызайда сенен басқа ақын жоқ па?! еліріп өз әліңше мақтанасың.

Таңжарық:

мақтама Жәмеңкеңді мен көрмеген, Бәкеңе тірі үйсін тең келмеген.

Жиылып үйсін, найман сиез құрса, Байекем көп кісіге сөз бермеген.

Жәменкең қайтсем шатақ шығарам деп, Қисынын таба алмаған, кез келмеген.

Жәмеңкең бір арақкеш бәңгі емес пе? Жолына мұсылмандық өзгермеген.

Айтқаны Жәмеңкеңнің ұнай алмай, Шығарған сонда шатақ шыдай алмай. мас адам таудан ұшар, суға түсер, Бәңгіден кім құтылар құдай алмай.

тапқаның сол ма Қойдым қысылғанда, Көрінер жіп әдемі ысылғанда.

істеген қылығына қарағанда, Жәменкең орыс па әлде, мұсылман ба? орыстың арағына тойып алып, Бұзылар елдің салты осындайда.

Шашы ұзын, ақылы қысқа ақымақсың, Бәңгіңді базарға сап құр мақтанба.

Көтердің бір бәңгіңді сонша мақтап, Қыздырам асты-үстіңді жездей қақтап. Адамды аруақ атса дәл сені атар, Айтпайсың Қызай сөзін дәмін ақтап. Әкесі сақыпбектің салпы етең ер,

Кісі екен іс қылмайтын артын шақтап. Албанның бай мен батыр бар жақсысын, екеуміз тек мақталық екі жақтап.

Бір борсық құрық салса сүйреп кетіп, Қалыпты таста жаны құдай сақтап.

тасты ұстап, өзі қалып, құрық кетті, Қалғаны өлтірем деп қуып кетті.

Басы асау жуан емес борсық екен, Құрықты төмен қарай жұлып кетті. үйге барып мал айтып сояйын деп, орнынан батыр әкең тұрып кетті. осы ма батырлығың айтшы Қойдым, Бір борсық, бір шалыңды ұрып кетті.

Қойдым:

Жоқ екен қу Қызайдың көрмегені, сүйектен өтіп кетті жерлегені.

Қасыма ертіп алмасам болар еді, Япыр-ау, Келекенің келмегені. сонда жұрт осы сөзге күліп кетті,

Қойдымның сөз таба алмай терлегені. сол кезде түрегелді бәйгені алып,

тұра алмай Қойдым жатты сасып, талып. ұялып сасқалақтап қалған екен, тұрғызды біреу барып, сүйеуге алып. сиынып үш матайдың аруағына.

Бұл жерден атқа міндік ұран салып.

ТАҢЖАРыҚ Пен ҰЛЖАЛҒАс

Жамағат бір тыңдайтын келді кеңес, Бұл сөзім ылғи рас жалған емес.

Қаңғыбас, қайран тәкең тек жүре ме, Бір тойда бір қатынмен салған егес. Адамы Жетісудің Шоқпар қатын, Баяғы Қойдымдардай Албан емес. тағы да Албан Бүбі соқыр деген қатын, Жеңбек түгіл айтысып шалған емес.

Айтысып Керей қатын нұриламен, сонда да жағым шаршап талған емес. солардың бәрі қиын болғанымен, Қысымға дәл шоқпардай алған емес.

Ағалар жалған емес осы сөзім, тоймаған тамашаға шіркін сезім. өткен жаз, жайлау үсті, алтыншы айда, мақаңа молда болып жүрген кезім.

Ауылына ысқақ мампаң бұйрық беріп, Адуынгерге бардым жалғыз өзім.

Бұйырған мақаң бұл күн, Жәкең жаққа, Көрдің бе душар болған істің тезін.

іңірде тамақ ішер жеттім зорға, Астымда жарап жүрген жирен жорға. Күн шұғыл, ісім тығыз, бұйрық солай, Болмаса қонбас па едім орта жолда.

Айланып бір тұмсықтан шыға келсем, от шықты жарқылдаған ақ ордада.

Қалың ат мамағашта байлаулы тұр, ішіне түсе қалды біздің молда.

Шатырға сәлем беріп кіріп келсем, түп-түгел іздегенім бәрі сонда.

Жиылған бір шатырға қалың қонақ, Құюлы қымыз да тұр, қарта қолда.

отырдым амандасып төрге барып, ұқтырдым әңгімені ашып-жарып. Жарайды таң атқан соң барайық деп, отырдық тамашамен әуен салып. сүлеймен зәңгіменен Жапсар бектер, Қонақ боп отыр екен келіп қалып. етті жеп, қымыз ішіп отырғанда, ыңқылдап екеу келді өліп-талып.

Ауылында Қоқымшаның өлең бар деп, Келіпті шақыруға бұйрық алып.

мампаң айтты: «келіпсің екі бала, Шақырғаның дұрыс-ақ, ісің шала. Ауылдан ел жатарда ат қалған жоқ, Болмаса барар едік тұра сала.

Бәріңнің құмарыңнан шығарады, Барыңдар таңжарықты қасыңа ала.

Жіберді ауыл үшін бір-ақ кісі, Жас бала лайықты жасы кіші.

Бар деді мампаң маған бұйрық етті, тұра ма бұйырған соң епті інісі. мампаңның қалжыңымен буланып ап, Жарысып тойға келдік, екі үш кісі.

деп шықтым тамашаны бір қылайын. сауықпен жүрген жерді жыр қылайын,

Бір түнде бейпіл сөзді борандатып, ойын талқан, жазығын қыр қылайын. ешкімнен тартынбайын деген ой жоқ, Жастықта неден қорқып бұғынайын. ол кезде тастан қайтпас тасыр кезім, А десе атқан оқтай зымыраймын.

сол кезде жаныма ерген бір жолдасым, Баласы Әзім сарттың ыбырайым.

Біз келдік әуен салып сорғалатып, Жасқантып жамандарды қорғалатып. Ауылға келген заман айғайласып, Көтерді ер тәкеңді қолқалатып.

таныпты даусымызды салған жерден, Көтерді ат үстіне барған жерден.

«Бағана өтіп кетті» дегенді естіп, Шаптырдық екі бала жорғаменен.

ер тәке дауысыңнан танып едік, Анау тәкең дегенге нанып едік. Қысылып бір қатыннан бүкіл дербіс, Ауызға сізді неше алып едік.

Айтқанша келіп қалды арамызға, түсірген құдай екен санамызға.

Ал енді жүр қарағым, сөйлесіп көр, сиынып Қызай кемпір анамызға.

тоқтай тұр жиылған жұрт қысталама, Жабылып оған біреу күш сала ма.

Кәнеки, қатын қайда, қай тұста отыр? Қоя бер анадайдан нұсқала да.

Әуелі байқалық та сөзін көріп, Байқұсты састырмаңдар көңілін бөліп. Хабар бер ол қатынға тез біреуің, өзіне-өзі мықты болсын берік.

тең келмей бір қатынға бәрің жүріп, Ат соры, ас иесі өңшең өлік.

тосыннан қараңғыда келіп тұрмын, Көрген соң не десем де өзімде ерік. Болғанда өзім қапас көңілім сарай, тісім төс, тілім балға, көмей көрік.

Бір жақтан нұралы да жетіп келіп, Қасыма жолдастыққа болды серік. Жиылған екі үйдегі өлеңшілер, Қуанды қошаметтеп бәрі келіп.

«ер тәке келіп қапсың құдай айдап, Бір қатын зәрені алды тілді байлап. дәп қазір Әлекенмен1 айтысуда, Әлекен әрең отыр көзі жайнап. тақады Әлекенді осы күнде, Бурадай жіберердей оны шайнап».

Таңжарық:

Әлекен аманбысың, қалың қандай, Болыпсың бүгін жының алынғандай. майын бер бүгін маған байталыңның, Алыстан келіп едім сарылғандай.

Шыдамай бір байталдың зардабына, Болыпсың қара суға малынғандай. Баяғы зор дауысқа бір көтеріп, Қылайын ет жүрегі жарылғандай. ес-түсін шығарайын түрегелші, Қызып тұрған темірге қарылғандай. Жел сөзді желкесінен шығарайын, Көк қияқ шалғы тиіп оралғандай.

салды айғай шоқпар қатын сонда шұлғып, Көтеріп өзін-өзі сонша пұл ғып.

Қояды көтеріліп анда-санда, Бүркіттей жұтатұғын бірақ қылғып.

1Әлекең ақын.

Ұлжалғас:

ей бала, тапқан болса шешең ұл ғып, менімен айтысып көр өзеуреніп.

Айтқанымды қылам деп арындайсың, Бүркіттей алатұғын түстен төніп.

ей бала сонша неге өзеуредің, сөзіңе көріп пе еді кісі көніп. Келсе де қырық жігіт парыменен, Жел сөзге кетуші едім аттай желіп. Жүргенде Жетісуда а дариға-ай, сендейді кетуші едім қазбай көміп.

Ән шырқап бір заманда жүрген кезде, таңырқап қалушы еді шалдары өліп. ұмыт боп жаз өткендей күзі қалып, Жүректен кемігендей өтті сөніп.

Кеудеңді көтересің неге сүйреп, онан да Әлекенге өлең үйрет. намыстанып теріңе симай келсең,

Қиналған бауырыңның жағын күйрет. ермек қып еріккенде отырмасам, мұндайды кетуші едім бір-ақ илеп. еріккен сен немені кім жіберді, Келесің көзіңе ілмей баса билеп.

өнерді үйреніп ең қай жасыңда, Күн өтсе тіпті тұрмас ай басында. өлеңге өзімнен бай еш адам жоқ, Алған ба кедей теңдік бай қасында. өзіңше сес көрсетіп сескендірме,

сан бала қалып жүрген сай басында. Баланы сендей небір көрген тәтең, Шырағым, тоқта осымен қой басынба. Байқасам бағанадан қылжақтайсың, сен мемен қылжақтайтын бажасың ба. Көзіңді ашып қара танимысың, немене түстік етке тойғансың ба?

Таңжарық:

таңжарық салды сонда айғайына, Келген соң салатұғын ыңғайына. Жөнелді қызған сайын аспанға өрлеп, Батқан соң қатын сөзі шымбайына.

Әлекен, маған берші шоқпарыңды, Бір түнше бүлдірейін топтарыңды. Жүріпсің сен ие боп еркелетіп,

мен іздеп таппай жүрген сотқарымды. Жерінен жан шығатын неге атпайсың, Қойғанша аралатып боқ қарынды. дәрісін әлсіз салып, осал нығап, Жасапсың кемпір өлмес оқтарыңды. екеуі біздің қолға тиген заман, Көрерсің ителгідей соққанымды.

Жорға едім құлынымнан желмейтұғын, Шарбақта күн тимеген желмейтұғын. сөзімді сырттан түйіп келген қатын, Қасыма қадам басып келмейтұғын.

Қызға жақын, қатынға қарсы болғам, мінезің шорқақ екен кем жейтұғын. Көргендей албастысын алақ қағып, Айласы қатындардың өнбейтұғын.

Қатынды қарсы алдыма отырғызшы, Жігіттің көрін қазып көнбейтұғын. Жасымнан Жетісудың қатынының, таңжарық доқтыры1 еді емдейтұғын. Болғанда сен ақ шәйнек, біз самаурын, самаурын ақ шәйнекті демдейтұғын. Адасқан бағдарынан сен бөдене,

Жем болған қаршығаға көнбейтұғын.

Әйелге айбатымды білгіземін, демімді қалай салсам жүргіземін. Қаңғыған сасық көлге мешел үйрек, Қайырған бөктергіме ілгіземін. депсің сен Әлекенді қортық қошқар, Басыңды байламай-ақ сүргіземін.

Әлекен батыра алмай отыр саған, мен саған сағалатып кіргіземін. Қарсы отыр қиын болсаң қопақтамай, мен сені жылатамын, күлгіземін.

1Доқтыр доктор, дәрігер деген мағынада.

Бүгін түн өнерімді бір көресің, Көрген соң өнерімді ізденесің. Басыңды тік, бәйгеге уәде қыл, егер де жеңіп кетсем не бересің.

Ұлжалғас:

Шырағым, құда бала саспай сөйле, Ары отыр, етегімді баспай сөйле. Қызайдың жігіттері бос келеді, Аузыңды жеңемін деп ашпай сөйле.

Шыдамай зардабына қиналасың, Адасып ақылыңнан қашпай сөйле. ойыңда болса өнерің бүгін шығар, Жинап айт айтарыңды шашпай сөйле.

Жасымнан ұрғашыдан шықтым озып, Кетеді өлең десе перім қозып.

Жиылған той болғанда бозбалалар, Шырқасам кететұғын шілдей тозып.

сен дағы өз еліңнің жүйрігісің, Бәйгеге ал дегенде жөнелесің. дегенге жөнелесің әпенсіме,

төрт жылда маған әрең тең келесің. Айтыстым Әлекенмен екі сағат, Ақын деп алып келген неменесін. Басыңды тік, бәйгеңді әкел, уәде қыл, Қара озып жеңіп кетсем не бересің?

Бәйгені алып жүрмін жарысқанда, талайды жығып жүрмін алысқанда. Шырағым, ширегіме тең келмейсің, Жеңді деп Әлекенді намыстанба. сендағы жындыбастау көрінесің, Байқадым алғашқы рет қағысқанда. түсіріп екпетінен кетуші едім, Жарбаңдап жаман бала жабысқанда. Ал сенің көңіліңді қимай тұрмын,

Қайтем деп алғашқы рет танысқанда. Алтайдың түлкісімін қыран батпас, маралмын қалыңдағы мерген атпас. сайрасам саядағы сандуғашпын, сайрасам күндіз-түні басым қатпас.

Кім келді мына тойға сайлағандар, ішінде мен сияқты сайланған бар. Ары жүр сеніменен айтыспаймын, Кейін жүр маңайыма жиналыңдар.

Таңжарық:

ей байқұс, тарта сөйле тіліңді енді, Байқадым бірақ жолда сырыңды енді. Шығуың бұдан ары екі талай, мойныңа біздің тұзақ ілінді енді.

Шоқпардан тоқсан қатын келсе дағы, сау жіберер болмадым бірін де енді. Боз қарын, шыға салма, шолақ байтал, Көрсеттің бірақ жолда түріңді енді.

сендерге қарғыс тиіп қырсық шалған, Шуладың жас күшіктей қыңсылаған. Жемтігін Жетісудің тауысып кеп, тіміскіп енді бізге ауыз салған.

Жәйіңді ұқтырамын тыңда тосып, сөз шынын болған жерін бірақ айтам.

Біз тұрғанда қатындар өлең таппас, Қадалып үргенменен қаншық қаппас. сөзімнің дарбазасы енді ашылды, сөз қадірін білместер ауыз жаппас.

Қатынға қарсы тұрып болдым ақын, ұрғашы келмеуші еді маған жақын. Қасқыры болсаң-дағы Жетісудің, еске сақта таңжарық менің атым.

сөзге-сөз келгеннен соң айтып қалдым, Болмаса теңім емес сендей қатын.

Көп міндім сен сияқты мандам байтал, десең де мені бүгін бір қу тақым,

дәл он екі жасымнан бері қарай. Кеткен жоқ қатын тұрмақ жігітке ақым.

Қалқимын лашындай қанат қақпас, сайрасам тілім тәтті, кеудем қапас. Ағытсам өлеңімді жалынарсың, Көңілім ніл дария еңіске ақпас.

Япыр-ау, мынау өзі құла ма екен, Кимесе киіз байпақ тоңа ма екен. Алтайдың түлкісімін деп шірейсің, Қайқы бас, қара түлкі бола ма екен.

Басыңды басқаға да мақтан еттің, Жетісуға сыя алмай мұнда жеттің. осымен енді шипаң біткен шығар, Аузыңа түскеніңді айтып біттің.

ей байқұс, мұнда келген дуанасың, Болмаса неменеңмен бұлданасың. семірген жуындыға сен бір қаншық, Асықпа шөппен бірге қуарарсың.

сен бүгін бір жығылмай кетер болсаң, Басыңның аманына қуанасың.

Ар жақтан келдім бүгін түстен шығып, Кетті ме айтқан сөзім естен шығып.

Ар етіп көрінгенді тістемей жүр, Адасқан сен бір қаншық көптен шығып.

Ұлжалғас:

Қайтейін қасиетім қалмаған соң, теңімен айтылар сөз болмаған соң. Айтысты осы арада тоқтатайын, Айтып ем елі-жұртым зорлаған соң.

ҒАзИзА Мен МҰРсАн

Алтайда төңкерістің болған кезі, Бір еркек, бір әйелдің айтқан сөзі. Көп барған жортуылға жігіт екен, Әйелге кез келіпті ақыр өзі.

Ғазиза:

Батырым неге жүрсің моңғұл бармай, моңғұлдың қуып тағы малын алмай. саулықтың тісін ашып көрмеймісің, Жасын алып, іріктеп кәрісін алмай.

Қай жаққа барып келдің айтшы батыр? моңғұлдің малы қалың тегін жатыр.

Қайрап ап қылышыңды әке барып, Жаудың малы қашанда жасық татыр.

еркек қой жүнін басып соймаймысың, моңғұлдың қарсылығын жоймаймысың. Әкеңді өлтірген жоқ олда халық, есірмей мал шапқанды қоймаймысың.

Мұрсан:

сен бе едің моңғұл малын сұрайтұғын, Жүлде алып мансабыңды бұлдайтұғын. мен алсам батырлықпен мал бұладым, мен емес өзінің көтін ұрлайтұғын.

тілі ащы, шайпау мінез, бейбастақты, Қамшы бар сартылдатып жөндейтұғын. Жүлде деп білерге сый алып келсем, олар да мені бұрын қолдайтұғын. моңғұлдың малын алдым сенің нең бар, сол құрлым сөзін сөйлеп боздайтұғын.

Ғазиза:

Жол болсын жортуылға шапқан ерлер, Жүлде алып қабырғасын жапқан ерлер. Бейуақ тыныш жатқан малды қуып, еңбексіз арзан пайда тапқан ерлер.

не пайда, не залалды ойламаған, Жасынан жын мен шайтан қаққан ерлер.

«Бұлаңшы ұры қазақ» атандырып, намысты боқшылыққа сатқан ерлер.

Бар болсын жортуылың, ел бүлдірдің, Жат жұртқа таныспаған сыр білдірдің. Қарадай қасқыр соғып жүруші едің, Айропылан келгенде не бітірдің?

Қобдадан жылқы қуып айдап алдың, найза саптап, қылышыңды қайрап алдың. Қарсыласып қаша алмай тұрарың бар.

Аузына неге бардың айдаһардың? Жайында батырсынып жүруші едің, Келгенде айропылан қайда қалдың?

Мұрсан:

сен бе едің тиятұғын табысымды, мен сенен үйренбеймін алысуды. Қобдада моңғұлдардың қорлығы өтті, Жібермей алысамын намысымды.

Азамат үйде жоқта елді шауып, Қазақтың қырғын көріп, сағы сынды. Әркімге де бір зауал дегендейін, моңғұл өзі туғызған алысуды.

Ғазиза:

Әуелі жортуылға Қобда бардың, мал қуып неше дүркін олжа алдың.

тым болмаса бір жақпен тату тұрмай, Желігіп тұра шауып Боғда бардың.

Боғдаға барған жерде қолға түсіп, талайың шерменде боп сонда қалдың. Әкелдің сонан кейін айропылан, Әкесін енді көрдің жондағанның. ұрлықтан байығаның құрып қалсын, Кетірдің берекесін қолда бардың.

«Жамандықтан кесапат» деген екен, Кітабында айтатын молдалардың.

Мұрсан:

Жеңеше-ау, жан екенсің сөзге тұнық, Әр жерде табылады мұндай қылық. Бар болса ел тоқтатқан қадыл1 ұлық, Болмайды ел іші ала-бүлік.

Бұл кесел бізден де бар, биден де бар, не болса да болып кетті қара құрық.

Ғазиза:

Жортуылшы батырым, бүлдіргішім, өтірік айтып ел шапқан бұл қылмысың. өзің қылған ұрлықты биден көріп, Қарашы сөзінің бұл зіп-зілдісін.

Құтырып тым еліріп кетіп едің, Көрсетті бір сағатта моңғұл күшін. моңғұл деген олдағы өнерлі жұрт, неге тиянақ болады қылжыр күшің. Әлің келмес істерге әлектеніп, елірген елеуреп бір жындысың.

Батырмын, мықтымын деп түйе аласың, мылтықтың жүлдесіне бие аласың. ұсақ-түйек жолдасқа олжа бермей, тоздырдың ұсақ даумен ел арасын. мініңді бойыңдағы түгел айтсам,

Жер шұқып төмен қарап ұяласың. мініңді айтпасам да болмай қалды, таупиық жүрегіңе ұяласын.

Мұрсан:

Жеңеше-ау, жан екенсің сөзге өктем, Шектедің батырларды жол жүрістен. Көп қозғап өткен істі не қылайын, Жиырма екінші жылдағы төңкерістен.

Ғазиза:

рақмет бәрекелді бұл туысыма, зорлықпен мал түсірген уысыңа.

1Қадыл әділ деген мағынада.

Келгенде айропылан қайда қалдың, еніп кете жаздадың «қуысыма».

Жайын жатқан барысқа өзің жолап, зар болдың ата мекен қонысыңа.

Келгенде айропылан жалтақтадың, Жартасқа шыға қашып жан сақтадың. Жуандап бар олжаны алып өзің,

сия алмай киіміңе талтақтадың. Қырғызып бейуазды бостан-босқа, Құрсын бүйтіп жүріп мал тапқаның.

Мұрсан:

Жүйесі келген сөзге күштемедім, Ат қып мінген сөзіңді түс демедім. мінімді бойымдағы түгел айттың,

Жеңеше-ау, тәубе қылдым істемедім.

дОсБеР Мен АЛТын

таяған жас жетпіске кезім еді, Жегжаттап текес бардым кезіп елді. Жер еді ерте кезде жүрген талай, сағынып қалған екем өзім де енді. талай жыл тұсау түсті аяғыма, Күңгірттеп көлеңкедей сезім енді. сергідім кәрі боздай күн қақтаған, Көк жайлау, кең өлкеде көріп елді.

сақан деген бір жүйрік құрбым бар-ды, меруерт-лағыл төгілген сөзінде енді.

«Айтыссаң, өлеңіңді тыңдасақ», - деп, Жанды қоймай қолқалап қызынды енді. табылмаса әріптес, кемпірім бар, Қайсы өлеңді айтсаң да төзімді енді.

тарихта қалсын асыл сөзің , - деді, Көзіміз тірі тұрған кезінде енді. сонымен қошаметтеп кәрі-жастар, дүрілдеді сол жердің өзінде енді.

сол кезде сөз тастадым ақындарға, Кәнеки, айтысатын ақын бар ма? Ал енді заула, досбер кәрі боздай, Кәрілік кетпейтұғын дәтің бар ма!? Шаңыңа жел ілеспес жүйрік едің, Адамға өлең білмес жақын барма. Кім келсе өзіне-өзі сеніп келсін, сөзіме сөз таба алмай ғапыл қалма.

Жеңсем маған қоятын шарты қандай? мен жеңсем, тиетұғын қатын бар ма? өзі өлеңші және егде жесір болсын, Байы бармен айтысар ақын барма? сақан, аты әйелдің Алтын – деді, лайық осы сізге ақын, - деді.

Жеңсең бердік, алып кет осы әйелді, Алтынға бар сен қойған шартың – деді. Жасынан кісі көңілін қалдырмаған, мінезі жайма-шуақ жарқын – деді.

Жалықпай шайқасыңдар бір-екі күн, Ақынның біз байқайық парқын – деді.

дегендерің осы ма ақын келсін, Бұлданар жұрт алдында ақын несін. сөзбенен ары-бері ырғасалық,

Шабысын қос тарланның халқым көрсін.

«Жақсыны көрмек үшін» дегендейін, Кәнеки, көп бәлсінбей Алтын келсін. тексеріп тереңінен екі жақты, өлеңнің естіген ел нарқын көрсін. уағында тоқтам етіп айтысқан соң, Кім жеңіп, кім жеңілер артын көрсін. Бәйгеден кім келеді, кім қалады, Көпшілік артындағы шартын көрсін. Бұл дағы бір ғажайып ерекшелік,

Бір-бірін жеңіп алған салтын көрсін.

сонымен бұл өлеңге Алтын келді, Алтынның жарқын жүзін қартың көрді. Кезіктік қартайғанда бір сынаққа,

Ал, досбер, болса өнерің тартынба енді.

Жеңіп кетсе бір ұят бола ма деп, ойға кетіп отырмын бір түрлі енді. Амандасып жай сөзбен шай ішкенше, Бірін-бірі бағалап нарқын көрді.

«Айтысын кемпір мен шал естиміз» - деп, Анталап тұс-тұс жақтан халқым келді. сасқандай болдым біраз осы арада,

Ән таппай өлең бастап айтуға енді. сасқанмен бола ма енді айтыспасқа, мүмкін бе, айтқаннан соң қайтуға енді. елудің ішіндегі кемпір екен,

саркідір бір әйел бар қасында енді. түлкіні алтайы қызыл көріп ұшқан, Қырандай қарт ақының талпынды енді.

«Бұл өзі бір тамаша іс болды» - деп, сөзден сөз туып жатыр әр түрлі енді. Әнші жігіт, сауықшыл шал қасымда, Байқасам алапатым артылды енді. отырған хан көтеріп кәрі мен жас, Қадірлі шал екен деп нарқын берді. олар мені келгеннен байқап отыр, Қарт ақынның салған ән, салтын көрді. ет жүректі ол дағы жан емес пе,

Ал дегенде түйткілсіп тартынды енді.

досбер:

ендеше, рұқсат па, халқым маған, өлеңмен жарысуға Алтынменен. Алайық ал дегенде амандасып, Құлақ сал сөз тексеріп, ән тыңдаған.

Келдің бе, есен-аман, жарқын қарғам, Бола ма бүркіт қыран талпынбаған.

Жүзіңді міне көріп дидарластым, сыртыңнан деп естуші ем айтулы адам. өрт тілді, өр көкірек дейді халқың, Айтуға тура сөзді тартынбаған, Шақырдық соның үшін үмітпенен,

Ақ көңіл адам дейді аңқылдаған. Атыңды естіп айтысуға болдым құмар, Ақындық ерекшелік салтым маған.

Бәйгеге екеуімізді қосқалы отыр, тартынбай жақын отыр, Алтын маған.

Алтын:

етесіз неден үміт ал дегенде, Қарамай амандасу заң дегенге. Алайық амандасып алдыменен, салмаңыз аңғалдықпен дәндегенге.

мен дағы құмартушы ем сыртыңыздан, Білімді жастан артық шал дегенге. тимепті өз елінен, жесір әйел,

Қайран ер бір кемпірге зар дегенге. Бұл елден нәсіп болып әйел тапсаң, Көнесіз бе, осында қал дегенге.

ел айтса иланармыз өлеңменен, Әйелді қара басты ал дегенге.

досбер:

Араға жүрмеп пе еді басында адам, Келгенде бар емес пе қасыңда адам. Айтысқанда жеңілсем тием депсің, соныңды айтып келген жансыз маған. сол үшін қан майданға түстік міне, мен саған бейберекет асылмағам. уағданы беріп алып тайсақтама, Қайтпайды айтқанынан асыл адам.

Қоймаймын бұлтағыңа кез келген соң, Аламын жеңіп кетсем бәсің бар жан. сөзімді а дегеннен неге айтпаймын, Қыз емессің бір гүлің ашылмаған. ежелден бұрмай сөзді тура айтамын, Басымнан бұлтақ сөзді асырмағам.

Жөн сөйле онандағы, жөніңе кел, Халық тұр қойдай шулап ащылаған. мақсатты айтпау тура ма, ойлашы өзің, Білімсіз сен емессің жасық адам.

Кезіксе аңдып келіп кезең жерден, Қазды алдырмай тұра ма қаршыға алған. сол секілді әрнеге кезі келсе,

Қалайша пікірді айтпай жан шыдаған. Алдыға ал дегеннен шыға салмай,

Бола ма жүйрік-жүйрік қамшылаған. Көрген соң айтар сөзді айтып салмай, мәні не кібіртік сөз қалтқылаған.

Көпке айтпай көңілдегі көмбе сөзді, не керек перделі сөз салт қып алған.

Алтын:

Көп еді айтар сөзім саған деген, Жақпай тұр қайсы сөзім жағар деген. Құмартқан шал екенсің кемпір көрсең, Әй-шәй жоқ көре сала алам деген. елімнің ардақтаған жүйрігімін, Бәйгеге ұлы жиын салам деген.

Жарысса кәрі түгіл түгел келсін, ойым жоқ сан жүйріктен қалам деген. Құландай шапса шаңын көрсетпеген, Шаң жұқпас шашасына таған кер ем.

Айтысып сөздің нарқын білмей жатып, деген кім мені билеп саған берем?

«Жеңіп ал айтыста өзің» - деген шығар, соған да нана ма екен адам деген.

досбер:

Жеңілсем сен емес пе ең барам деген, мен едім сені жеңіп алам деген.

не жеңіп, не жеңілмей келе салып, Жөн бе екен уағдадан танам деген.

Бұл елдің сіз болсаңыз таған кері, Шыдайды шын егессе ердің ері.

мен – досбер, сен – Алтынсың аты шулы, Кәнеки, жарысалық ары-бері.

Қисынын қима сөздің келтіріп айт, Болады өлеңнің де оқа-зері.

дәмі жоқ құр айғаймен әрленбес сөз, Бекерге зая болар ақыл кені.

Адымын сан жүйріктің қысқартқамын, талайдың зая болған арам тері.

не жеңіп, не жеңілмей сеніменен, Көңілдің тарқамайды құмар-шері.

Жеңілсем тиемін деп қолыңды қой, Халықтың куә болсын келгендері. елімнен келгемін жоқ кемпір таппай, Жасы да тием деп жүр сенен гөрі.

Шамам бар шал да болсам егде әйелдік, таяды Алтын қолға келер жері. үйірден кәрі биені қуып тастар, Байталды ап қысырақтың дөнендері. есіңде осы сөзім болсын Алтын, егерде жас таңдасаң менен гөрі.

Алтын:

оңай ма, қатын алмақ өлеңменен, Кім мені өлеңге ұстап берем деген?! Аптықпа ал дегенде албырт жиен, Бола ма кәрі ат бірдей дөненменен. Бола ма ақын-ақын ал дегенде, секілді бәйге атындай жөнелмеген. Асықпай пікіріңді жайымен айт, Жүрегім жайсыз сөзге кенелмеген. мен дағы сіз секілді сөз құмар ем, Құлағым өлең десе елеңдеген.

Атағым ардақталған Алтын едім, талайды сөзбен буған кереңдеген. сыртыңнан атағыңды естуші едім, ойда жоқ дидарласып көрем деген. Қорықпа ұстап алып қалады деп, Келгенше мұнша жасқа не көрмеп ең. Бұл рет не аларсыз, не қаларсыз, Кәнеки, байқасалық өлеңменен. сөзге сөз таба алмасам мен даярмын, Жеңілсең қашып кетпе кемерменен. Қалуға жеңілсеңіз тәуекел де,

не кетіп ер басына, не келмеген. Жеңерді, жеңілерді құдай білер, Шынайы ер тәуекелден бөгелмеген.

досбер:

Жолықтым, жолаушы едім жоқтан ғайып, Көргем жоқ қартайсам да сөзден тайып.

сен болсаң қызыл түлкі, мен қыранмын, Қырынан көріп ұштым қанат жайып.

Бұл серттен сен танбасаң, мен танбаймын, тәуекел дариясына салдым қайық.

Бірімізді-біріміз жеңіп алсақ, ерікті естіген ел көрмес айып.

Ал енді уағда жасап, серттеселік, екінші, сөз түйінін екшеселік. екеуміз екі жерге жалғыз жатпай, тасындай диірменнің беттеселік. Құдай білер өлеңмен кім жеңерін, Шүңкілдеспей, онан да ептеселік.

ойлама мұны айтқанға жеңілер деп, сөз таппай құр айғайға елірер деп. Бірақта алдын ала ескерткенім – Айтыссақ қай-қайдағы терілер деп. сыртыңнан сенің жайың маған мәлім, ойлама бір жолаушы не білер деп. мен сенің атағыңа құмар едім, Айтыссам сөз түйіні көрінер деп. мен сені басқа әйелдей ойламаймын, Жесір ғой құр тізесін кемірер деп. мені де сен ойлама басқа шалдай, Айтысып құр тұлыпқа мөңірер деп.

Шертісіп өлеңменен жеңсем алам, Жалынып ойламаңыз емінер деп. Алдапсың менен бұрын талай шалды, Көз жасын ойламапсың еңірер деп.

Айтыстың майданына түскеннен соң, сөз тапсам аяймын ба терігер деп. не жеңіп, не жеңілмей бір ай жатсам, ойлама шаршап тағы зерігер деп.

Кәрі емес, сен секілді саркідірдің, талайы кісі сап жүр мені көр деп.

«Айтысып жеңіп кетсең, осыны ал» деп, Көпшілік кездестірді сені көр деп.

Алтын:

Жасымнан сөз түйінін талдағамын, Қырандай қырды байқап самғағамын. Шал түгіл, жас келсе де жарысам деп, мен Алтын жүгірістен танбағамын.

Әр істің жалған, шынын әбден байқа, Кім екен бүрсек шалдай алдағаным. сіз де жүрсіз кемпірден кемпір таңдап, Айып па шалдан шалды таңдағаным. Құр өлеңге сүйеніп дәмелісін,

мен бірақ, талай шалға бармағамын. Құшақтап қу тіземді жатқанымша, Алланың көрейін деп арнағанын.

не өзі, не сөзінде дәм болмаса,

не қылам құр жалынып зарлағанын. Жасымнан көп айтыстым ақындармен, өтірік, дәмсіз сөзге қанбағамын. наданға тигенімнен бойдақ артық, Кезіксе бас құраймын таңдағаным.

Бір сөздің жалған, шынын байыптамай, Біреудің өсегіне нанбағамын.

досбер:

еліріп айғай-шуға қағып далбақ, ісіңнің істеп жүрген бәрі дарбақ. Қу ағаш жас ағашқа сүйенед деп,

тартасың кешке жақын жастарды арбап. сен оған өмірлік боп ес қатпайсың, Кетеді көп ұзамай олар да алдап.

Бөріге ит қарғысы сірә жетпес,

Қап дейсің бар болғаны күнде қарғап.

Қаласың түк қыла алмай қарғағанмен, Келмейді бір кеткен соң зарлағанмен. Жасың жетіп келеді жылдан-жылға, өзің кәрі, жас жігіт таңдағанмен.

Білмейсің келеріңді, кетеріңмен, Кетпесін осы сөзім көкейіңнен.

не достық, не қастық де оны өзің біл, мініңді ашық айтып кетейін мен.

Бүйтіп жүрсең сөзден де сүрінесің, Алдыңнан бір ескертіп өтейін мен.

Алтын:

секілді адам арзан ақындарға, тимесем зарлайтұғын ақың бар ма!? Байға тисем, шал түгіл жас таласар, Халыққа Алтын деген атым барда. Албырт шал өлеңменен алам дейсің, Бұл жақта босқа жатқан қатын бар ма!? Шалдардың шарпу сөзін қызық көріп, Қасыңа тимек түгіл жақындар ма?

Алтынды аптыққанмен ала алмайсың, Аптыққан мына шалда ақыл бар ма? өлеңші деген сөзге өршеленіп, Алтыннан ақыл таппай ғапыл қалма.

досбер:

зорлық жоқ Алтын жасқа тием десе, Қайтеді жастар алдап сүйем десе.

Ақ көңіл, адал ниет сенген шығар, Күндіз жоқ, түнде келіп иемденсе. мейлі бұл қыстай мініс бермесе де, Ала жаздай еппенен мінем десе.

«Кедейдің бір тойғаны шала байлық», ерік бар жаспен ойнап-күлем десе.

.........................................................

Біраз күн әуейі боп жүрем десе, Шалға мойын бұрғызбай шалқақтатар, Жас доғдыр от уколмен бір емдесе. сол себептен бұл Алтын шалға тимес, Алып кеп дүниесін үйем десе.

Жас үшін жаны пида бұл Алтынның, Қашпастан отқа түсер күйем десе, Шын сөзге ақын болсаң мойындарсың, Қадырын асыл сөздің білем десе. сенің жас деп жүргенің күйкентайдай, сұңқарды кәрі дейсің ілем десе.

Бері қарай көп астық неше күннен, Бұрылып бұлтақтайсың кешегіңнен. Қайтсең де жас жігітке тие алмайсың, Жаңылма қам шот соғып есебіңнен. Құшақтап қу тізеңді әлі жүрсің,

өр кеуде жас таңдаған кеселіңнен. Көрмедім сені алатын жас жігітті, Келгелі байқап едім осы еліңнен.

Біресе шалқып сөйлеп жұбанасың, Біресе маған сес қып қырланасың. Біресе өз бағаңды өзің кесіп, Басыңды базарға сап бұлданасың.

ойлап қой, үш жыл өтіп, төртінші жыл, Жас түгіл шал да таппай құр қаласың.

үйіңе жігіт келсе қуанасың, түрленіп тал шыбықтай бұраласың. Ала жаздай қоймаса тамтығыңды,

Қыстан қайтып қауіпсіз шыға аласың?

«Жас ағашқа қу ағаш сүйенер» деп, сол сөзді қанағат қып бу аласың. тұрақсызға семіріп, сеніп жүрген, тұрлау жоқ өзің бір дуанасың. онан да берекелі шалға тисең, Көзіңнің жасын тиып уанасың.

Шалға тисең істейтін жұмысың жоқ, Қиын болса арқасын уқаларсың. түлкі құйрық, тұрлаусыз түрің жаман, Шалдың басын тигенмен дуаларсың. үйіңе бойдақ жігіт қонған күні, Байың шәрден1 келгендей қуанарсың.

сен қурай, қонған қонақ көк балдырған, Қалайша қиыстырып қияларсың.

ол саған опа қылмас, бір-ақ күндік, еліріп тойғаныңа жұбанарсың.

сөз білсең бұл айтқаным саған достық, ойла, Алтын, миыңа сап бұл арасын.

1Шәр шаһар, қола деген мағынада.

Қып жүрген әрекетің осы болса, Қайтып сен ердің атын шығарасың?

Алтын:

Ал, досбер, өлеңіме таң қаласың, Жасқа көңілің ауды деп құр нанасың. Жұлқынып сөз сөйлейін астын-үстін, сен маған неменеге бұлданасың?

Келіпсің өз еліңнен кемпір таппай, Бұл жақтан кімге сөзді арнағасың? Шарты көп қатын алсаң біздің елдің, Шыдамай айтқаныма зарланасың.

Қолымда екі сиыр, бір атым бар, Шыдасаң төрт-бес тұяқ мал бағасың. мінеки, осы шартқа шыдасаң ал, Келгелі қыр соңымнан қалмағасың. ортақ мал екеуімізге төрт-бес қара, сізді ешкім деп айтпайды жалдамасын. Шыдасаң мен даярмын осы шартқа, Кәнеки, Алтын сізді алдамасын.

досбер:

мен емес ондай шалың сиыр баққан, Қайсы шал сиырыңды биыл баққан. дегенде шалды алдадың, шамданып ең, дәлелін міне, таптым қиын жақтан. дәндепсің шалға сиыр бақтырғаннан, тағы да немене алдың тиын жақтан.

Бақтырып шалға сиыр жалдағанша, ебін тапсаң болмай ма бұйым жақтан. толықтап бергеннен соң бұйымды алып, тағы да не бер дедің киім жақтан?

етік, калош таба алмай, костюм, пальто, Ажырасып кеттің бе байың жақтан?

Алтын:

өзің біл көнбесеңіз мал бағуға, менің де жағдайым жоқ шал бағуға. Қайтемін мал бақпасаң сізді бағып, Шалсыз-ақ шамам келер жан бағуға.

Алтынға мал бақпасаң асылды тап, тимеймін құр айғайға салғаныңа. Ал дегеннен өлең мен сөзі арзан, Біреудің үміттенбе жар бағына.

Білімді болсаң егер, ой көзімен, сөзімнің байқап қара жан-жағына. Алтынды алтынменен бояп ап кет, Кәнеки, шамаң бар ма қамдануға. мал бақпасаң немесе түк таппасаң, Алтынды ұстай алмай қалғаның да. Кәрі түгіл жастың да нешелері, Шыдамай қашып кеткен зардабыма.

түлкі едім алтайы қызыл қыран батпас, маралмын қалыңдағы мерген атпас. сандуғаш, құс болғанда бұлбұл едім, сайрасам күндіз-түні толас таппас. мысалы, аң болғанда құлан едім, салқыннан мекен алып, сазда жатпас. ішінде дарияның құндыз едім, тұнықтан жүзіп шығар, лай татпас.

досбер:

Бүркітпін, түлкі болсаң қанды балақ, Алыссаң алып ұрам қарға уалап. түлкіні ебін тауып қыран алса, Жанына байланады қанжығалап.

Қалыңда қашып жүрген марал болсаң, Атамын өлеңменен дәл сығалап.

мысалы, жер тағысы құлан болсаң, тұлпардан құтылмайсың қуар болсам. Жаралған соның бәрі адам үшін, Білімнен не озады ұғар болсаң.

Шаң жұқпас жүйрік болсаң шашасына, сайрамай бұлбұл болсаң жатасың ба? Аяма кім болсаң да өнеріңді,

мен жеңсем түсіремін қапасыма.

Адамнан құтылатын хайуан бар ма, түсініп сөздің дәмін татасың ба?

Әуейшіл жігіттермен әуен қосып, Ақынның жолықпайсың атасына.

судағы құндыз болсаң салдым қармақ, өлеңді, өнерді де Алтынға арнап. сасқанда аң да болма, құс та болма, онан да айтысалық сөзді талдап.

сен емес жаза басар аңғал ақын, дәндепсің түлкі сөзбен талайды алдап. түлкімін деп сестеніп мақтанасың, осының өзі ойлашы, қалай дарбақ?

Жер соқтырып дәндепсің жас ақыннан, мен сені алып ұшам төстен самғап.

Құйрығын бұлғақтатып қу түлкінің, Кетуі оңай емес қыранды алдап. түсерсің сол секілді біздің қолға, Әуелде жазса құдай маған арнап.

Алтын:

ел күлер екеуіміз жамандассақ, Бола ма өлеңменен араздассақ. мұнымыз өлең емес, қатын керіс, Қайтеді жақсы сөзге қадам бассақ. сен – кәрісің, кәріге мен – дәрімін, ұят қой үлгілі сөз таба алмасақ.

Ақындық атымызға дақ түспей ме, Күдірі көп қырменен шаба алмасақ. Жарай ма, жарамды сөз сөйлеп беріп, Алғысын көпшіліктің ала алмасақ.

Аяғы мұнымыздың неге соғар, Айырылмай алғы сөзден табандасақ.

досбер:

сырыңды айтқызуға қытықтаймын, иіріп бостығыңды пысықтаймын. Бойыңда шықпай жүрген қырсығың бар, өлеңнің өкпесімен ұшықтаймын.

ежелден жалған сөзге жаным қарсы, Шындықтың ауласынан бір шықпаймын.

өлеңнің болмас Алтын, өрелгісі, Артылмас қара өлеңге сенен кісі. сөзге сөз айтқанда табандайтын, Бұрынғы ақындардың жөрелгісі. Айтысқан жас жігіттер мақтаған соң, дейсің ғой артық емес менен кісі.

Алаяқ жолықпапсың ақ табанға, Бола ма жаман-жақсы мақтағанға. Көңілің көрінгенге ауып кеткен, Жалынып-жалбарынып қақсағанға. Адамды наданменен парықтағын,

Жын-шайтан жоламайды жақсы адамға.

«сүйгенін шұнағым дер» дегендейін, мен сені теңемеймін басқа адамға. не жасып, не болмаса сасып қалма, Шын сөздің бетін ашып тастағанға. түрткілеп қитығыма өзің тидің,

ең алғаш әңгімені бастағанда.

Алтын:

Аспанда ай бірдей ме жұлдызбенен, елтірі тері бір ме құндызбенен.

Ақынның айтысып ем талайымен, мамықтай сөзі майда «сіз-біз» деген. мақсатын ишаратпен мәлім етіп, Шеберлер басқан ізін білгізбеген.

Бейне бір маған кеткен кегің бардай, сіздің сөз тырнақ асты кір іздеген. өзің біл, жақсы сөзбен келіспесең, Болсаңыз сіз сұраған біз іздеген.

досбер:

Біздің сөз міне осындай айдан ашық, Кетеді ерегессе таудан асып.

Жықпай ма бірін-бірі күші жетсе, Күрессе екі балуан майдандасып.

сол секілді өлеңмен күрескен соң, мен саған жалынамын қайдан жасып. Шығарсақ қортындысын алғы сөздің, Күлерміз ел жақтырса жайраңдасып.

сөз айтсам сөзге жарай кекті дейсің, еттен өтіп, сүйекке жетті дейсің.

Алдыңнан адам шығып көрмеген соң, мені де жалындырам еппен дейсің.

Бәсекелі бәйгемді алам десем,

«елінен кемпір таппай кепті» дейсің. Жеңілсем тием деген өзің едің,

оны айтсам, шерін маған төкті дейсің. сен тансаң да ол сөзден халық танбас, Көзге ілмей құтыламын көпті дейсің.

Алтын:

молдеке, өкпелеме тимеді деп, мына Алтын қадірімді білмеді деп. өлеңім – бар өнерім зая болып, сөзімді құлағына ілмеді деп.

Айтса еді көпшілік те разы болып, өлеңі екі ақынның гүлдеді деп. екеуі бір-бірінен шабыт алып, өрнектеп сөз түйінін түрледі деп.

Көп отыр бірін-бірі жеңбеді деп, ешнәрсе бұл айтыста өнбеді деп. өтінем көпшіліктен, ойламасын, Ақынның босқа кетті еңбегі деп. Кеңінен істің артын ойлаңыздар, осы екен бірін-бірі көргені деп. Бірінен-бірі нұсқау, шабыт алып, сұңқардай қанат қағып өрледі деп. Көрген соң бірін-бірі өрлеп ұшып, Кеудесін өлең симай кернеді деп. Балалар хат білетін жазып алсын, Айтысқан ақындардың өрнегі деп.

Қысқа ұстап сіз де ақсақал, тақымдама, Қолма-қол бұйымтайды бермеді деп.

досбер:

талайды Алтын ақын жеңіп жүрген, Жазасын өлеңменен беріп жүрген. сөзіне сөзі теңдес болмаса да, Жалбаңдап әріптес деп келіп жүрген. Алтынның алдауына ақымақ боп, тілінің ұшын ғана еміп жүрген. сыртынан бірі айтса ғашық болып, семіріп құр дәмеге сеніп жүрген.

Алтынның жауабына жауап таппай, өзінен-өзі арланып көріп жүрген. Жарысса өлеңменен шаңын көрмей, тезегін талай ақын теріп жүрген.

Айтысса дәм-тату жоқ өлеңінде, Жиреніп дәмсіз сөзден жеріп жүрген.

Алтын:

молдеке, айналайын сақалыңнан, Жүйріксің озып жүрген қатарыңнан. Бетінде газет-журнал сөзіңіз бар, Шыңжанға мәлім ақын атағыңмен. Алашқа аты шыққан алаяқсың,

өлең, жыр, тарих, тақпақ, мақалыңмен. сіз айтқан анау мақсат жайға қалсын, орайлы қалдым деме сапарымнан.

Жан едім жаным сүйген өскен елді, Ардақты Алтын ақын атанумен. сол үшін кеңесейін қабырғаммен, Хат беріп, сөйлесейік хат алумен.

досбер:

Шындыққа Алтын ақын жаңа келдің, ішінен шыққан ақын саналы елдің. Шындықтың сыртында артықшылық, салт-сана үлгісі бар бағалы елдің.

«туған жер, өскен елім» дегеніңе, Халықшыл қаһарман деп баға бердім. Ардақты ел-жұртына ақын Алтын, Жалпыға жаман болсаң жағар ма едің.

танбайтын жүгірістен сөткесіне, өзісің жүйрік болсаң таған кердің. Айтыстың қортындысын өзің шығар, ендігі сөз түйінін саған бердім.

Алтын:

молдеке, сөзің жатыр салмақтанып, тамыры ұзын, бұтағы тармақталып. Қырағы, қия жазбас ақ сұңқарсың, Аспаннан қуды ілгендей самғап барып. іздеп кеп жаз шыққанда бір жауап ал, демеңіз жолға салды алдап қалып. талабым – осы өлеңді баспаға бер, Алтынмен айтыстып деп таңдап барып. тағы да алаң болмай айтып барғын, Аламын деп керегін қамдап барып. текестен бір ақынды таптым деп бар, ілені шыр айналып, шарлап барып.

досбер:

ендеше аяқталсын атан жарыс, Келер жаз өлмегенге емес алыс. Жанымды жадыратты жақсы сөзің, Бал болсын өлеңдегі шәлкем шалыс. іске ассын ақ ниетті мақсатымыз, өлеңмен бірінші рет болдық таныс. ел көрді екі ақынның үдегенін,

Бұл дағы бір ғанибет үлкен табыс. уағдаң өзің айтқан осы болса, Көпшілік көз көрген ел болсын қалыс.

Алтын:

Халықтың қартайсаң да көсемісің, елеулі ел ішінде еселі ісің.

Шығады бір сөзіңнен мың мағына, Адамның аз кезігер шешенісің. дұшпанға өлеңің – оқ, сөзің – найза, мақтамен бауыздайтын кеселісің. өгізі өліп, арбасы сынып қалса, өлеңмен шиеленгенді шешемісің.

естідім жуған ер деп жылағанның, сорының маңдайдағы бес елісін.

досбер:

Адамның ақын Алтын бұлбұлысың, Жарысқан ескен желмен дүлдүлісің. Аспаннан алып ұшып қуды ілетін, іленің болат топшы тұйғынысың. суындай көк бастаудың көңілің тұнық, елеулі ел жұртыңа үлгілісің.

Пейіштің бақшасынан ұшып түсіп, текеске өніп шыққан бір гүлісің. заводтан магазинге жаңа шыққан, Бір өзің бұл болғанда торғынысың. сөзің дұрыс болғанда, ішің құрыш, ішіктің жанат пенен бұлғынысың.

Алтын:

Қарт ақын алаяғы адамзаттың, өлеңмен тартар ділін жамағаттың. екеуміз түйер едік сөзден түйін, Кілті қолға тисе махаббаттың.

Ақын – ардақ, сөзіңнің арты – салмақ, ой салып шөліркетіп қаталаттың.

«Алмақтың салмағы бар» деген сөзге, Жауап жоқ, көңілімді қапалаттың.

досбер:

салмағың оңай емес, қиын шығар, Қиынды жеңетұғын тиын шығар.

Жақсы айттың, жазып берші жабдығыңды, Аларың азар болса бұйым шығар.

оны мен айтпасаң да білмеймін бе, Асылдан құны қымбат киім шығар. Келер жылға қараған келісім ед, ескертіп бұл айтқаның биыл шығар. Алтынның алдын ала айтқан сөзі, терінің өзі илейтін иі шығар.

Шын жүрекпен қосылса екі көңіл, салмақ жеңіл, суық сөз жылы шығар.

ұзын сөздің бір жерден міні шығар, Бәрі айтылды, ал өзің түйін шығар.

Қол беріп қош бол деген сөз жаман ба, Кетелік амандасып бас аманда.

Бір жыл шарт – мен келгенше, сен көргенше, тапсырдық істің артын Жасағанға.

сақан:

екі ақын бірін-бірі жеңіспеді, Келер жылы жаз болды келіскені. сөзден сөз айта берсе туа берер, өлеңі өрге шырқап өрістеді.

терең ойлап, мін таппай шын айтысып, тура ғой бір-біріне келіскені.

Ал енді, айтыс тоқтап, ел тарқасын, Болған жоқ сөздерінің теріс жері.

Кезігіп екі жүйрік жарысқанда, Болады ойы-қыры, еңіс-өрі.

Хат жазсын бір-бірінен үміт үзбей, тағы да арасында көп істері. ойлансын да толғансын екі жағы, Бола ма дүниенің тегіс жері.

Жай сөзбен ақылдасып ендігісін, осы екен екеуінің көріскені.

Алтын:

молдеке, шытымды алып, шытыңды бер, ықылас, бата-дұға, құтыңды бер.

Көпшілік көп өлеңге баға таппай, Қайсысы ұтып, қайсысы ұтылды дер. Кейбіреу келер жылға серт байласып, Көп алдында ауызынан тұтылды дер. Кейбіреу құдай білер келер жылды, өлеңмен өкпелетпей құтылды дер.

Аллаға істің артын тапсыралық, Бұйырсын енді бізге ұтымды жер.

досбер:

ендеше ақын Алтын жолымды бер, Жол үшін қолымды алып, қолыңды бер.

Баста айтқан сөзім-сөз өзгермейді, демеймін ат пен шапан, тоныңды бер. маған берген қолың да, жолың да сол, тілегім бар бір ғана, сонымды бер.

Ақырғы сөз, ел-жұртым, сен де аман бол, Жаратқан хақ, жолыма оңыңды бер!

Алтын:

Қарт ақын олай болса жеңілдіңіз, немесе кәріліктен еріндіңіз.

Әйтпесе бұл сөзіңіз асығыстық, Бас қосып бірінші рет көріндіңіз.

нәрсе емес сап жіберер жанқалтаға, Жаз салсақ күз алармыз егінді біз.

Әл болсын айтысқан сөз, алысқан қол, ізделік өмірлікке негізді біз.

сіз жазып бұл өлеңді баспаға бер, сақтармыз ойымызда сөзіңді біз. Балалар жазып алып оқып жүрсін, Көргендей боп жүрейік өзіңді біз.

досбер:

Қош, Алтын сағынғанда түсіме кір, Көрпемнің түске кірсең ішіне кір. Алтынға құдай қосса, алтын тауып, тіс салдырып берермін тісіне бір. Алтынның қоштасқанда айтқан сөзі, ұзақ жыл азық болар кісіге бір.

Ал, Алтын, аман-есен, қош болалық, өмірлік құдай қосса дос болалық. өрлетпей өлеңменен кәрілікті, Жолына ізгі өнердің пос1 салалық. ел-жұртым сіздерге де рақмет, Алтынмен қош айтысып аттаналық. Жастарға мирас үшін ұсыналық, Жазғанын оқып жүрсін жаттап алып. Баға беріп қорытынды шығарыңдар, өлеңін кемпір-шалдың жаттап алып.

1Пос пост, бекет деген мағынада.

Қоштастым халқымменен, Алтынменен, Күн шықты, кешке дейін қақсамалық.

Алтынның артқы сөзін миға салып, оқырмын шырт ұйқыда жатсам алып.

Алтын:

сіздағы түсіме кір сағынғанда, Көрпемнің ішіне кір жамылғанда. екеуіміз түсімізде құшақтасып, Қолыңның табы қалсын қабырғамда. түсімде бар, оянсам өңімде жоқ, Айырылам ақыл, қайрат, сабырдан да. Ақ ниет, адал көңіл бір болмаса,

ет жүрек жібімейді жалынғанда.

досбер:

Алтынның қолым тиіп білегіне, от жанды сөнбейтұғын жүрегімде.

магниттей тартты Алтынның ықыласы, еріді қорғасындай денем мүлде.

Арманның бір үлкені мына жерде, ғашықтың дем алмадым иегінде. Япыр-ай, естіген ел не дер екен, Ақ сұңқар қуды ілмесе түлегінде.

осыны сырласатын кемпірге айтсам, дер ме екен қартайыпсың, мін өзіңде. Қанағат Алтын сөзін еттім дермін, тұрғанда жеңілем бе тіл өзімде.

Бұл мақсат маған арман, саған қандай, түйінін Алтын ақын біл өзің де.

осы іске қысқаша бер бір жауапты, Бар еді артықшылық мінезіңде.

Алтын:

Қарт ақын ойлашы өзің, бұл кезіңде, меніңше алдыменен кінә өзіңде...

Бұл рас, барып-келіп үйір болмай, Бәрі анық өкінерлік мін өзімде.

Аз істі, ақын Алтын қуаламай, ендігі істің артын біл өзің де.

таң атып, күн шығуға жақын қалды, Қош айтып қайта-қайта Алтын қалды. Бұл өлең осыменен аяқтады,

міндетті менің енді шартым қалды. Көрініп көшпелі алтын қолға тұрмай, Жағдаймен жараса алмай қартың қалды. Бір барып ең болмаса келетұғын, Астымнан жаяу тастап атымды алды. мерт қылып қартайғанда бір әйелге, Кеудемде кедейшілік татың қалды.

дүние бір кісіге тұрып алмас, тұрып ал деп жалынса тілін алмас.

Бай болсын, батыр болсын, патша болсын, дүниеде өлмей мәңгі жүріп алмас.

Құрметті баспадағы балаларым, Қартыңның бұл өлеңін мирас қып бас. сендерге аманат қып тапсырамын, Жарамды-жарамсызын өзің таңдас. өлімнің күші жетпес бір мықты бар, Ақынның шынды жазған жырын алмас.

Айтысты алпыстағы кемпір мен шал, Халайық әр сөзіне құлағың сал. түзетіп міні болса сын тезімен, Көпшілік шындық сөзден ғибрат ал.

 КҮМісЖАн Мен сМАҒҰЛ Күмісжан:

ей, жігіт, мына арықтан өтесің бе? Жеріңе ойыңа алған жетесің бе?

Жолыңыз арт жағыңда кейін қалды, өңмеңдеп суға батып кетесің бе?

смағұл:

Бүркіт сап түспеуші едім қыр басынан, Ақылым артылып жүр бір басымнан.

Жүрсем де тас қараңғы түнекте де, Жол сұрап көргемін жоқ ұрғашыдан.

Жеңеше таң қаламын өзіңізге, Қараған отты жалын көзіңізге.

Жол сұрап ұрғашыдан тұрғам жоқ қой, Құласам жалам жоқ қой өзіңізге.

Күмісжан:

мырзеке, бейпіл сөзге кеттің басып, Көңілің көтеріліп судай тасып.

Жолаушы жол таба алмай жүр екен деп, Айтып ем жолдың жөнін жаным ашып.

смағұл:

Жеңеше, сізде өлеңге дана екенсіз, сөзі тең бір өзіме пар екенсіз.

Құрбыжан, бір сөз айтсам шамданбаңыз, Біреудің жолын тосып жүр ме екенсіз.

Құмарттым ойнақшыған көзіңізге, Қайранмын кезіккенге өзіңізге.

Бар еді тақымымда бір сойылым, түзетіп алсам қайтеді тезіңізге.

Күмісжан:

мырзеке, тез көруге болдың ба асық, тұрғаның не қарадай асып-сасып. сойылың қисық болса бері таста, түзелсе берейін мен тезге басып.

мырзеке, бұл сөзіңнің жүйесі бар, Әркімнің жетектеген түйесі бар. Бос болса сізден аяп не қылайын, Қалқам-ау, тап өзіңдей иесі бар.

ей, мырза жүрген жерің думан-жиын, Ақылың көп байқасам, артық миың. Беремін деп айта алмай тұрғаным сол, мінезі мырзамыздың сондай қиын.

смағұл:

Қыранға түлкі көрген ілдірмесең, Жарамас қалжың сөзбен күлдірмесең. Жеңеше, берем десең нең кетеді, Болды ғой мырзаңызға білдірмесең. тас емес, темір емес, пияла емес,

Бір жерін оқыс етіп бүлдірмесең.

Жеңеше іздегенім менің сауық, Көрген соң дидарыңа көңілім ауып. Бүгін түн сіздерменен бір болайын, Бір сұлу ауылыңнан берсең тауып.

Күмісжан:

мырзеке, сиқың ұқсар ақындарға, өз сөзін әркім айтар мақұлдарға. Ауылымда сізге лайық қыз жоқ еді, Қосайын тілімді алса қатандарға.

смағұл:

өлеңге шабыт түссе ағыламын, сұлу көрсем құмартып сағынамын.

Ауылыңда қыз жоқ болса қона алмаймын, Қатынды жауыр болған не қыламын.

Жеңеше қайран қалам сөзіңізге, Қараған отты жалын көзіңізге.

мен сізге жоқты тап деп қинамаймын, Шамаңыз келмеуші ме еді өзіңізге.

Күмісжан:

Қарағым, айтқаныма болма қапа, мақшарда сұрақ бар ғой болар жапа. Бұл жағын менен артық түсінесіз, сөзімде менің айтқан болмас қата.

мырзеке, тұрсың ойлап немене айла, Басыңда бір кісілік бар ғой қайла.

Күн батып, ақшам сөніп бара жатыр, Барасыз қос атпенен енді қайда?

мырзеке, ақыл-айла сізде мол-ақ, Кейбіреу сөз білмейтін болады олақ. Асықпай ертең түсте бармайсыз ба, Бүгін түн бізбен бірге болсақ қонақ.

смағұл:

өзімді жастай тежеп балағамын, ұмтылып он бесімнен жарағамын. тезірек қос атпенен жетпекшімін, Бар еді ар жақта бір қалағаным.

Күмісжан:

мырзеке, ар жаққа өтіп барасыз ғой, Көңілге әр нәрсені аласыз ғой.

Құрбылық әр сөзді айтып әзілдестік, осымен разы боп қаласыз ғой.

ей, мырза, айтқан сөзге нанасыз ғой, Бір Алла адамзаттың панасы ғой. дәм тартса тағы да бір кезігерміз, Жүлде үшін естелік шыт аласыз ғой.

сымағұл:

елітіп бәйге атындай өткен жерім, мақсатқа аз сөйлесіп жеткен жерім. Азырақ жол-жөнекей айтыс салып, Қоштасып дәл ақшамда кеткен жерім.

осы әйел қара сөзге мерген екен, Қырандай төбесінен төнген екем. Артынан қайта айналып жөнін ұқтым, Жайырдан төркіншілеп келген екен.

 сеРіК Пен ГіМіҢГҮЛ серік:

осы кез тамашаға бұйырған сәт, дүбірге ел сай-саладан құйылған сәт. Ардақты ел аман-есен келдіңдер ме,

сағынған әніңді аңсап, күйіңді аңсап. Айтыстың майданына келіп тұрмын, Қырандай жанарымды қиырдан сап.

лаулайды жалын орып кеудемде арман, Керемет жырын іздеп кең жалғаннан. мейірге жайдым толы құшағымды,

Жаны жаз сендей құрбым келгенде алдан. Айтыстың қос қанатын қақтырайық, серілер мекенінде серуен қалған.

Қайтейін ақынмын деп дауырығып, Жатпаса лебімді дәуір ұғып.

өрісін өнегенің қалдырыпты, Аналар алтын етек, бауыры құт. Кемедей гіміңгүлді теңселтейін, Желкенін талқан қылған дауыл ұрып.

Гіміңгүл:

Кемедей алға тарттым толқын жарып, ержеттің туған жерде сом шыңдалып. Армысың ақ Қабаның нілін жұтқан, Қиыннан қайыспаған өршіл халық.

Кетпесін елден үміт, ерден сенім, сенімсіз осы араға келмеуші едім. Қайсы бір айтысамын дегендерді, Қамыстай жел ырғаған тербеуші едім. дәл бүгін серікпенен айтыспасам, Кетпеуші ед көңілімнен өлгенше мұң. ортаға шоқтай жайнап шыққаныңмен, мен үшін қауқарың жоқ шеңгел толым.

серік:

Құйғытып жүгіргенмен құстан ары, Аттың да алыс шаппас ұшқалағы. олжаны оңай тұрған көздеймін деп, Қыран да торға түсіп ұсталады.

зат нарқын танымаған қайдан білсін, Алтыннан ондайларға мыс бағалы.

ойы жоқ оңай өлең қуа берсең, мезгілсіз жыр ғұмыры қысқарады. мынауың жалаңаяқ жастығың ғой, тұрғаның шоқты қолмен ұстағалы.

Гіміңгүл:

Басыма талай қызық оралса күн, Айтысар әлі талай болар шағым.

секе, сен жайнап жатқан қызыл шоқсың, ішінде қор боп жатқан қоламтаның.

Бүгін менің қолымда білесің бе, дәл сені жандырарым, жоғалтарым.

сан жерде талай өлең айтып едім, Әйтпесе ақын дейді қайтып елім. Басыңнан қаһарлансам түсірермін, өлеңнің оттан күшті жай түнегін.

серік:

Жүрсің бе ізгілікке қол арта алмай, Биігің онда сенің болар шалғай.

Басына жақсы достың жай түсіріп, Жүр едің не себептен жоғалта алмай? Асылды алапатпен өртегендер, Жүрмей ме енді қайтып оралта алмай.

салса да ирегіне өмір керуен, табиғат мұқалмайтын төзім берген.

Жыр соқса туған халқым тұлғасы алтын, Жемісі ол тәліміңнің өзің берген.

Жинаған қымбатыңды керегіңе, Асыл салған абдыра менің кеудем. туған халқым асылын табады өзі, менің кеудем егіліп көмілгенмен.

өлеңмен артық санар өзін де елден, өр көкірек талайды көзім көрген. мезетке мықты болып сезілгенмен, өлеңі айтқан жердің өзінде өлген.

Ботасын әділеттің суға ағызсаң, Боздаған жағадағы бозінген – мен.

Гіміңгүл:

Арманда ел бақытын армандасаң, Арманды ер таюшы еді ардан қашан. Жібермес секе сені жай оғына, Халықтан алған алғыс, алған батаң. нәрсеге шамданбайтын шамырқанып, Қайтеді болымсызға шамданбасаң.

Айтыстың оғын атып айтысқан жөн, Қарға да таптап кетер қамданбасаң.

тоғытып көңіліңді терең шермен, Құрсаң да бір мен үшін нелер серуен. Жайдың оғы – оты ғой жанарымның, Бір шақта күйіп-жанып сен өртенген.

серік:

сен – отсың, мен – айналған көбелегің, Жанымды әуре еттің неге менің.

сол шақта талай гүлдер үзілсе де, Бәрін де бір өзіңе теңемедім.

Алысқа арманымды жетектеп ең, Қасымнан қалай сені кетед деп ем. Бойжеткен қыздар сенен үйренбесін, сертіне өзі берген опа етпеген.

мен оны тәтті көрген түсім деп ем, тұлғаңды жырмен талай мүсіндеп ем. сендей жан болуға арман жарамайды, Жүрегін армандының түсінбеген.

Қылығыңды жасанды жалғандығын, Аңқау екем жаңа ұқтым қарғам бүгін. Қайда жүрсең аман жүр, армандымын, Бақытты өтсін ендігі қалған күнің!

Гіміңгүл:

Ақынның жүрегі – жаз, өмірі – өлең, Бір ғұмыр кеше алмадың меніменен. екеуімізден кейінгіге ескерткіш боп, Жыр қалсын жылап айтқан еңіреген. тұлғама ұқсатасың туған айды, гіміңгүл енді оныңды тыңдамайды. екеуіміз өлең қуып кеткен шақта, үйдегі әке-шешеңе кім қарайды?

Бірі үйде, бірі түзде болғаны жөн, екі ақын үйленгенмен жырғамайды.

серік:

Қайтемін бұл сөзіңе бүгін күлмей, Шындыққа гіміңгүлді жүгіндірмей. Әкең менен шешеңді бақпан дейсің, Ата-ананың борышты жүгін білмей. елімді сақта құдай келіндерден, Күтпейтін ата-енесін гіміңгүлдей. ұрына жаздаппын-ау пәлекетке, Әншейін сыртын көріп, сырын білмей. Қаз мойын үйімде де келіншегім бар, онымен үйім гүлдей, күнім күндей.

Әлпештеп ата-енесін бағып отыр, дүниенің еш кетігін біліндірмей. Әр келін өз борышын жақсы өтесін, Аяулы ата-енесін түңілдірмей.

ұлтымның опалылық нар мұраты, Бұл шындық, опасыздың мандымасы! опалы ұл мен келін көбейсе екен, Азайған қартын күтер әл қуаты.

Бақытты ата-аналар болар сонда, Көкке ұшып көңілінің қарлығашы. Халықпыз қайырымды, қысылғанға Бар болса түсіп берген жалғыз аты. Әйтсе де кейбір ата-аналардың, ұлы болып көшенің қаңғыбасы.

Келіннен кердеңдеген опа көрмей, Құрғамай келе жатыр қанды жасы...

ҚАсыМХАн Мен ЖАМАЛХАн

Қасымхан:

Қойнында көп өлең күй, ән мұрасы, Кең Күнес етегі жаз, қарлы басы.

Күн шуақ гүңшандаңның мейіріне, есейіп ерте кепкен қайғы жасы.

Айналды бүгін өнер бақшасына, Шапқының өзен бойы, жал-жырасы. тұс-тұстан ұшып келіп қонып жатыр, өлеңнің көктемінің қарлығашы.

Жамалхан, тарбағатай бау-бағының, Бір едің сайрап тұрған сандуғашы.

Ал шырқа, тыңдайық деп ауылымның, Кеп отыр сабырлы қарт, жарқын жасы.

Жамалхан:

Қырмызы қыз баланың мінезіндей, тұратын оғаштығы бір сезілмей. сарқыт ішкен тәкеңнің ұрпақтары, туа берсін Қасымхан бір өзіңдей.

оза шапқан еліңнің дүлдүлісің, Көктемнің ашылған бір шын гүлісің. өнегесін еліңнің тұр көрсетіп, Жарқын мінез, жібектей, үлгі ісің.

Қасымхан:

Жамалхан, қолына алып домбыраны, Көңілге көркем жырды қондырады. өзіңдей жаны жайсаң жан тұрғанда, Қандай жан өлең гүлін солдырады. ілеге келдің бүгін ақын болып,

Көп шыққан бұл ауылдан ой қыраны. Кел қане, біз жырлайық әсем үнмен, ертеден қалған бізге мол мұраны.

Жамалхан:

уа, жұртым аңсап келдім ілені шын, іле жердің жәннаты біледі ішім.

сол жәннаттай Қасымхан асыл жердің, Қанаттанған шыңдағы түлегісің.

Жайраң қағып алдыма сен келгенде, Кетті айығып көңілден ренішім.

Айттың жақсы бұл сөзді расында, Кен байлық бар қазақтың мұрасында. Ата салттың тарихы өте ұзақ, мақтан етпей әріптес тұрасың ба?

Қасымхан:

Жамалқан, шуақ көңіл нұрлымысың, мен дағы сөз тербейін құрбым үшін. Жамылған жасыл полыс1 тарбағатай, тауының мәпелеген бұлбұлысың.

сен айтсаң жақсы өлеңнен арнап күшті, ойыма менің дағы салмақ түсті.

Бұл жерде екеумізде қақылымыз, Жырлауға ата салтты, ардақты істі. Ақынсың қатардағы дауысың өр, Болғандай он саусақта бармақ күшті. Басқанда сен өлеңге бүгін бәлкім, таңжарық қабірінде аунап түсті.

Жамалхан:

Айттың, құрбым іркілмей расыңды, Бұл бір ойың әрине ұнасымды.

гүл көктемнің ұшқан бір көбелегі, Қызықтырып жүзіңнен гүл ашылды. сағынышпен қонғанда шың басына, Кезіктірдім өзіңдей лашынды.

Бірде аяңдап, өлеңің бірде желіп, Бірде самғап отырсың, бірде теріп. естігенде дауысыңды Әсет басын, Алған болар қабірден бір көтеріп.

1Полыс полюс, белдеу деген мағынада.

Қасымхан:

еліңе жаққан жақсы мұралды ісің, Жамалхан өлең сөзге сыралғысың. мен ашсам көкірегімді саған қарай, өлеңнің гауһары боп қоярмысың?

Болшы өзің қыс пен жазда бірдей ұстар, топшысы талмайтұғын қыран құсым.

сәулетті сөз асылын тізе келіп, Қарайсың көз алдыма күле келіп. тартқанда сен домбыраны, тас қабірден Кеткендей болды, Әшім түрегеліп.

Жамалхан:

Шабытыңды әріптес шақырып ал, Жүйелі оймен, мазмұнды тақырып ал. орталамас сабасын өлеңімнің, Қымызындай Шапқының сапырып ал. Бірде қыран дейсің сен бірде бұлбұл, Бабын білсең құрбыңның батылы бар.

Жеткізер ме асқарға күйбең мені, Көре алмайсың өлеңсіз үйден мені. өлең сөздің біз келіп ордасына,

Ән жүйесін отырмыз үйренгелі.

сөзің қандай қалқатай, өзің қандай? Әр сөзіңнің сеземін дәмін балдай.

Әсем әнді құбылтып салғаныңда, Көріндің ғой көзіме Әріпжандай.

Қасымхан:

Аузымнан өлең шықпас кең болмасам, Жақсыға жанаса ба тең болмасам.

Құс болып кім қолыма қонар еді, сандуғаш сайрап тұрған сен болмасаң,

Алдымда түрленесің бұлғын болып, Қазынасын ақтарасың жырдың келіп.

Армансыз болар едім мен көрінсем. Көңіліңе сырлас, жақын құрбың болып.

Жамалхан:

Көңіліме ұнайды байсалды әнің, тауысар адам айтып қайсы арманын. түлегі тян-Шанның ашсаң ауыз, таңдайыңа құяр жыр кәусар балын.

сегіз қырлы жігітсің ерке күлген, мінезің бар жан сырын ерте білген. сұлу жаның, жаз жүзің, ойлы сөзің, Алсын орын көңілдің ең төрінен.

Қасымхан:

осындай қолға келіп қонсаң жаным, өшпейді көңілден от бойшаң жалын. мен мәңгі тоймас едім, қоймас едім, тіліңнің шекер тәтті сорсам балын.

сезімім жүрегімде қысқандай боп, Бұл сөзің тұр бір жағы тұспалдай боп. сен болсаң алақандай қуанар ем, салмағы сезілмейтін мысқалдай боп. Жамалхан сөзің жақсы, лебің ыстық, Азырақ отырмын мен құшқандай боп.

Жамалхан:

ел алқауын отыр ғой көзің көріп, Көмейіме отыр бір сөзім келіп.

Адам жайын түсінер жәйтім бар, сөйткенменен қайтерміз сезімге еріп. Бас қостырған партия осы тойда, сондықтан да күш толған тұла бойға. сабырлысы жігіттің болар жақсы, десем болмас жүгірді қасқыр қойға?!

Қасымхан:

мен бұрын естуші едім атыңды елден, Шырайың қандай жақсы жақын келген.

Айтатын әзіл сөзді келістіріп, Айналдым тамағыңнан әтір көмген.

Бұл әзіл айтатын бір сыр азығым, Әріптес артық болмас сірә мұным. Көтерген талай-талай ауырлықты, Құрбыға артық кетпес бұл әзілім.

Жамалхан:

Аңсап қапсың құрбыжан кәусәрімді, сезгем менде осындай аңсарымды. өн бойымның әтірі кең жайылып,

Қандырған шығар бәлкім қаңсарыңды.

ұнамайды көңілге тентек өлең, Жақсы сөзге мендағы елте берем. өз тентегім өзіме білінбейді, Әзіліңді көтерем еркелеген.

Қасымхан:

өзіңсің өлең айтып жанып келген, таңдайыңның кәусәрі тамып келген. Ашылған хош иісті қызыл гүлсің, Қаңсарын үш аймақтың жарып келген.

талайлар өнеріңе иіліп жүр,

Құс болып айналаңда шүйіліп жүр. мен білем өзіңде бар жақсы көңіл, тағдырың әлдекімге бұйырып жүр. ерекше қолқам емес, әзілім бұл, Болған соң жас жүректің түйіні бір.

Жамалхан:

Бір тыңдадық қалқаның сүйіп әнін, Жұрт көрді өлең селі құйылғанын. денең қызып отырса жақын қайным, Бұлт жаңбырлы өлең боп құйыламын.

Алуан түрлі сөз сөйлеп еркеледің, еркелікке білесің елтеді елің.

маңдайыңа қонса егер жалғыз шыбын, Қарлығаш боп қанатпен серпер едім.

Қасымхан:

Бұлт болмай, шықшы күнім айым болып, Қашанда нұр-шуағың дайын болып. егерде ыстықтасам мәуелеген, Жанымды салқындатшы қайың болып.

Әлгінде құрбың едім құп жарасқан, неліктен қалдым енді қайның болып?

тамаша бұл айтысқа келгім келген, үміті болғандықтан елдің менен. Қонса егер маңдайыңа шаң мен тозаң, мен оны тазартар ем ерінменен.

Жамалхан:

Болса егер жеңгесі жайлы мұнда, сыйламай ма қалжыңбас қайынын да. Қайын менен құрбының парқы қанша? оған бола айналма қайғылыға.

Болсаң егер іленің ұлы арнасы, үйрек болып жүрер ем айдыныңда.

Қасымхан:

Жамалхан, артық емес сірә, мұным, Көретін қызығы мол бұдан күнім. өзіңе қайын болмай құрбы болып, Бірер жас есейуге разымын.

Жамалхан еділ көңіл, дарқансың ба? Жаясың, құшағыңды шалқар шыңға. Көңілімнің көлден артық айдыны бар. өзің біл шөгесің бе, малтасың ба?

Жамалхан:

өз құрбыңның үлгісі мұралы едің, мұралыны құрметтеп тұрады елім. ойда-жоқта ой салып бағана өзің, Қолқа қылып бір жолды сұрап едің.

сондықтан қайным деп қасақана, Қайтер екен деп сені сынап едім.

Қай жағымнан келсең де берем орын, Кең пейілім емес пе бұда менің.

Қасымхан:

Жамалхан, сүйді елің бір қызым деп, Біз жүрміз әзілдесу тұрғымыз деп.

Жеңгей деп мен айтайын дегенімде, өзің ғой деген құрдас, құрбымыз деп.

Құрбыжан, неткен ашық шырайлы едің, Шыбықтай бұралады қынай белің.

Ақыннан әзілді де, басқаны да, түсінсек басқаны да сұрайды елім.

Қарайтын біз емеспіз қас-қабаққа, ел жаңа игілікті іс бастамақ та. егерде болсаң Жәке, сен разы, Бұралық тақырыпты басқа жаққа. екеуміз аман болсақ бұл өмірде, тағы да ораламыз ақтамаққа.

Жамалхан:

өз ойыңды әріптес бұра білдің, даңғыл жолда тік басып тұра білдің. Бұрғаның жақсы болды сөз желісін, тартымды әзіл айтыс құра білдің.

Ақында бар қазақта, батыр да бар, Айта білсең әріптес айқындап ал. Қазақтың мұрасы көп тарихында, Көп әдеті, осындай салты да бар. өлеңімнің осындай самалында, Жаның рахат табады салқындап ал.

Қасымхан:

Қазағым, тарих бойы дамып келген, Бойына шын ұлылық дарып келген.

Қолына қару алып талай батыр, отанның босағасын бағып келген. етене туысына отандағы,

Бір шақпақ құртын бөліп шағып берген. Болған соң елдің іші ынтымақты, нұрынан ұлы отан жарық көрген.

Болмай ма жақсы салты ел болған соң, толғандай алуан гүлге жер болған соң. дамиды елдің салты және алдыға, Көзі ашық сеніменен мен болған соң. Келесің аман-есен ел салтымен –

Жер көркі шабыт әрі ем болған соң.

Жамалхан:

Біздің қазақ заңды да, мәнді ұғар, Батырлығы, ерлігі, хандығы бар. Ақ қалпақты ақсақал аталарда, сонау ұзақ тарихтың сандығы бар. Аталар сандығының құлпын ашып, Көңіліңе құюға қам қылып ал.

Қасымхан:

ежелден нәр сімірген таза ағыннан, Әлі де жазғаны аз, жазарынан.

Қазақтың тарихы ұзақ жалғасады, ол қалай шықсын менің назарымнан. тік тұрған жер бетінде ұлт болып, Қаһарман айналайын, қазағымнан.

Жамалхан:

тағы да шарықтады құрбым әнің, ойға жиып жатырсың мәні барын. Қазағымның қадірлі салт-санасын, мен де өзіңдей ерекше сағынамын. ұлы отан болмаса расында,

Қазақ қайтып көтерсін шаңырағын.

тарихта талай-талай ел тұрады, Болмаса егер тарихым нем тұрады.

ұлы отан болмаса ойлашы өзің, Қазақ қайтып басқамен тең тұрады.

Қасымхан:

тарихым ұзақ, мен талай азық алғам, Қағатын босағама қазық алғам.

Білімді алдымдағы ағаларым,

Көп мұра бұл тарихтан қазып алған. Аз емес менің-дағы деректерім, солардан сұрастырып жазып алған. Бұл қазақ отанымның шуағында, дәл басып өз бақытын танып алған.

Басқамен терезем тең қысылмаймын, еркімше пайдаланам қазынадан. отаным бас қалқа боп алды тосып, Бір кезгі қара желді азынаған.

Жамалхан:

ел барма қазағымның елдігіндей? Қаламыз ба елдегі ерді білмей.

Қиындықтар болса да тарылмайтын, Пейіліміз әлемнің кеңдігіндей.

Бір кезде жаудың тарап індеттері, Басынан ұлтымыздың мұң кетпеді. отаным болмаса егер келер ме еді, социалистік дәуірдің – гүл көктемі. төртте осы замандану сапарында, үстімізде тұр дәуір міндеттері.

Қасымхан:

ел болып құрылғалы ірге көмген, Көңілімді сыршыл сұлу күйге бөлем. заманды бір ғана тек қазақ емес,

ол кезде алпыс ұлт бірге көрген. Қанқұйлы халық жауы жоғалғанда, мен-дағы елмен бірге тілге келгем. гүңшандаң азат етіп ақыл-ойды, Ардақтап саған талай жүлде берген.

Жамалхан:

Шын шабыттан туады елпек өлек, өзімде ондай кезде елтем ерен. естен сірә сонау кез кетер емес, оқушысы ұстазын желкелеген.

дарыныңнан қалқатай қалдым жарып, дәкеңнен таусылмайтын алған азық. салттарын қазағымның айтшы бірден, дәм тартып бір дастарқан жайған анық.

Қасымхан:

Бір кезде лай келіп тұнықты алған, туралап өмір жолы тұйықталған. Жендеттер мектеп түгіл әр адамның, Аузына ашылмастай құлып салған. Жауыздар жабылып кеп малша матап, Ақ еділ адамдарға құрық салған.

Ал бүгін туып көктен нұр шуағым, Бақыттың қолға қайта кілтін алдым. дастарқан күллі отанға түгел жетер, Болса егер алпыс ұлт ынтымағым.

Жамалхан:

лебізіңді тыңдасам бағып ыңғай, тасқындайсың Шапқының ағынындай. еміл, ертіс, ілені көремін мен, елімнің қан жүйткіген тамырындай.

өлең айтсаң дауысың елден ерек, туа берсін өзіңдей елден зерек.

төрінде отыр Шыңжаным отанымның, Жаз жәннат қасиетінен беріп дерек.

Қасымхан:

Құрбының ақыл барма ақылындай, Әркімге-ақ, сезіледі жақынындай. елі үшін жұмақ өмір құрып жатқан, ер болмас отанымның батырындай.

Жамалхан көңілің шалқар ашық екен, Көк күмбез әлемнің көк шатырындай.

отанның құдіретін күнде көрем, орады елді үлде-бүлдеменен.

Бұл іле сол отанның бір бөлшегі, Қашанда қуат алған іргелі елден.

Жамалхан:

елдік барма бұл елдің елдігіндей? Көрсек кеше жапаны кемді көрмей. Бүгін қазақ ауылына ырыс қонды, дастарқаны жоңғардың кеңдігіндей.

Көзге түсіп малды ауыл табындары, Шабыты жүректердің арындады. ғылым мен техника түгел дамып, Аршындағы елімнің ғалымдары.

Қасымхан:

Бүгін ел саясаттың данасында,

үй тікті қаулап өскен көк алшынға. Бұл қазақ дүниеде мәдениеттің, төрінен орын алды нанасың ба?

Көңілін күйкі тұрмыс күйдірмейді, ұлы арман толықсиды санасында. толқиды гүл табиғат түрленіп бір, елімнің қоныстанған арасында. таңғурай қыз ерінді қызарады,

Көк адыр, шатқал жайсаң саласында. Апарсам соған ертіп сайрандауға , Жамалхан, риза болып барасың ба?

Жамалхан:

зор байлықтың иесі халқым батыр, дүниеге жер жарған даңқым жатыр. Қарамайлы бой созған елімізде, Құрыш, темір домнада балқып жатыр. Көлде жүзген аққудай комбайндар,

Жер қаймағын сыпырып қалқып жатыр,

соның бәрін келтіріп ғылымменен, уақытқа ел табысын артып жатыр. Жайсаң менің ауылыма келсең құрбым, Жалын жаның жай табар салқындап бір.

Қасымхан:

Жамалхан, ән желкенің тартылуы, Көрсетші өлеңмен бір жарқылыңды. Ауылыңа бара қалсам ыстығын бер, Алдымен қоя тұрып салқыныңды.

елімнің берекелі ауылы бар, Жарасқан аға менен бауыры бар. Құлжада жүн тоқыма фабриканың, Әлемге даңқы кеткен дабыры бар. Жамалхан, қайтарыңда бойыңа шақ, тіктіріп бір пальтоны жамылып ал.

Жамалхан:

өлеңіңде қалқатай, арын жатыр,

су сепсе де сөнбейтін жалын жатыр. салқын ауа пайдалы жалыныңа, Қоңыржайға үйір қыл жаныңды асыл. Біздің елде шикізат көп болған соң, өзім тұрмақ басқа да қанып жатыр.

Қасымхан:

Айтасың өлең сөзбен мәлім дерек, өмірге дәл осындай дарын керек. Жамалхан бұл қырықтың қырқасында, салқын емес алаулы жалын керек.

дауысың алуан түрлі құбылады, Шүлен сыр әр сөзіңнен ұғылады. үшкептер темірінің рудасына, Шетелдің сілекейі шұбырады.

Бірақта біз олардан сескенбейміз, ірге берік кім келіп сұғынады.

Жамалхан:

Қандай жалын жаныңды қызықтырған? талай іс бар көңіліңді бұзып тұрған.

Бақыттымыз отанның ұл-қызы боп, өлең айтып қыздырған қызық думан.

Айтам өлең көңіліне жақпаса да, Қиялдаған ойыңды таппасам да. Қоламта едім жалыны сөніп қалған, Жел үрлеп тұтанатын анда-санда.

Қасымхан:

Айтады сөзін батыл айқын адам, Біледі жақсы-жаман парқын адам. Қаруын әзіліңнің айтам тағы, Жаныма жақты мынау талқы маған. дәл бүгін отанымның тұлғасына, Қас жаулар қарай алмай қалтыраған. елімнің табысына таң қалып жүр, Шетелің аузы-басы жалтыраған.

Жамалхан:

мынау дәуір сүйреткен алға бізді, Айттың бүгін жақсы өлең зор маңызды. Шайқай алмас ешкім де шаңырағын, отаным мықтап салған салмамызды.

Жай күйімді өзіңнен жасырмадым, сала берме құрбыжан, салмағыңды.

Қасымхан:

Атқандай әріптесім таңым болып, Жайнай берші гүл бақша таңым болып. Болсаңда дөрбілжінде күл-қоламта, Күнесте қоздана бер жалын болып.

Жамалхан:

өлеңімнің өшпейтін жалыны бар, нағыз адам бұл сөздің мәнін ұғар. еліміздің байлығы асып жатқан, дүниеде ерекше орны бар.

Қоламтасы еліңнің десе дағы, тоқып шапан арқаңа жамылып ал.

өз бетіңді аялап айтып едім, таз жері болмаса қағынып ал.

Кейде әріптес кезеңде кезігесің, Кейде артыңа тартып шегінесің. Аталы сөз аузыңнан тайғанақтап, неге сонша сезімге берілесің?

Қасымхан:

Айтамыз айшықты өлең ел тыңдарға, Құс қалай ұмтылмасын жем тұрғанда. неге сезім тізгіні үзілмесін,

Қарсы алдымда майысып сен тұрғанда.

Аумаған күн іледен, күн емілден, сөзіңнен мән ұғады түйе білген. Барамыз біз тайсалмай қайда болса, Кешсек те қоламтаңды тіземізден.

Жамалхан:

Кездестім ұлы айтыста бұл реткі, достық көңіл мызғымас гүлін екті. Құлағымда өмірлік қала бермек, Көктем самал үніңіз жылы лепті.

МОҢҒОЛИЯдАҒы

ҚАзАҚ АйТысТАРы

АҚТАн Мен ҰМсындыҚ

Ақтан:

менімен айтысатын ақын бар ма? сырымды білген адам жақындарма. Көсілген екі аяғын жимайтұғын, Қайқаң төс, қара сұры қатын бар ма?

Ұмсындық:

мынау кім боз торғайдай шырылдаған, Жібіндей машинаның зырылдаған?

Аулақ кет, тілімді алсаң, албырт бала, Асықсаң ажал айдап ұрын маған.

Ақтан:

Басы еді өлеңімнің айым-қайым, Бітеді саздау жерге тал мен қайың. Ақыным халің болса қамданып қал, Кеудеңді дәуде болса бір басайын.

Ұмсындық:

мынау кім бедірек көз, ұзын тұмсық, үрейің, ашулансам кетер ұшып. секілді көкше қоян баж етерсің, өкпеңді тұқайыммен қойсам қысьш.

Ақтан:

Қыранмын күміс қанат, болат тұяқ, табанға талай аңды басқан бұрап. Бақырған дауысыңды шығармаспын, ілінсе алқымыңнан алғыр тұяқ.

Ұмсындық:

Албыртсың ақын емес барпылдаған, саршасың бүркіт емес шаңқылдаған. ерке өскен ежелден-ақ салтым еді, Көкідің көсілдің деп неге маған?

Ақтан:

ежелден еркекті әйел сыйлайтұғын, сөз емес мынау тіпті ұрлайтұғын.

отырма жара шығып ортасына, Көсілген аяғыңды жимайтұғын.

Ұмсындық:

Келемін таудан ұстап таяғымды, Жаңадан бастап келем баяғымды. Ардақты екі байдың еркесімін, Көсілген жимайтұғын аяғымды.

Ақтан:

Қылығың жаққан екен бір құдайға, еркелеп отырғаның екі байға.

Байыңыз меніменен үшеу болсын, тәуір ем жас та болсам осындайға.

1914 жыл.

АҚТАн Мен АҚБАЛА

Ақтан:

өткен іс көзге күңгірт, көңілге аян, мен неге пайым етіп жазбай қоям. Айтысқан Ақбаламен өлеңімді, ұсынып көпшілікке еттім баян.

Ақбала он тоғызда, төре қызы, Арабша көп оқыған, ақын өзі. гуілдеп күйеу ертіп жүргенімде, Жайырдың бір тойында келді кезі.

Жайырда бар деген соң Ақбала қыз, Алтайдан әдейі іздеп барып ек біз.

Көк жайлау сары жұрт боп қалған екен, Басталып қалған кезі қоңырқай күз.

Жетіліп, мал тойынып, сірік пісіп, Баулып жүр балапанын қаздар ұшып. тайпалтып жорға мінген бозбалалар, сенделіп мас болып жүр қымыз ішіп.

Ауылыңда, үлкен төре, болды жиын, Қатарлап тойға тіккен сәулетті үйін. Қасқабас, далада отыр, төре, билер, тартқызып сыбызғының тыңдап күйін.

олардың не қылса да өзінде ерік, Кигені бастарына құндыз бөрік. сипатып қымыз керген қарындарын, салқындап отыр желге төсін беріп.

Астында төрелердің көрпе, кілем, сапырып сары қызмызды жұтады үнем. Көрем де май құрсақтың қылықтарын, Айта алмай еш адамға іштей күлем.

салт атты жолаушымыз, ауылым алыс, Болғам жоқ бұларменен бұрын таныс.

«Алтайдың алып кел, - деп, - ақындарын», елеуреп той бастардан шықты дауыс.

Шақырды «о, құдалар үйге кір» деп, мақтайды Ақбаланы өңкей дүр кеп.

«Ақбала шалдырмайтын өрен жүйрік, Айтысар, айтыспасыңды өзің біл» деп.

дедім мен: «олай емес, замандасым, менің де өздеріңдей жігіт басым.

 «Бәсеке - бәйге алғанда» деген қайда, Қызыңды мұнша мақтап не қыласың».

мысқылдап жас жігіттер күле берді, мақтасып Ақбаласын жүре берді.

Алдында есігінің екі ту бар, тегермек бір төбедей үйге келді.

ордаға қыз отырған кіріп келдім, Әдеппен қол қусырып сәлем бердім. Алыстан құмар болып жүрген қызды, дәм шіркін, бұйырған күн көзбен көрдім.

Қыз екен қиғаш қабақ, қырлы мұрын, Көтерген өлеңімен елдің туын.

Аяғын көсіле сап масатыда,

төре қыз көзіне ілмей отыр қырын.

мәсім жоқ, аяғымда жәй бір етік, Аялдап тұра алмадым сабыр етіп. Ән тартып, масатыны таптай басып, Қасына төре қыздың келдім жетіп.

Қыпша бел, қызыл жүзді, сұңқар тамақ, Жарқ етті нұрлы көзі бізге қарап.

Ән тартты Ақбала ақын ашулана, Қасына мақпал қызды ертіп ала-ақ.

Ақбала:

Кім еді, мына біреу, ән сап тұрған, Қылмыңдап қаршығадай мойын бұрған? етікпен неге бастың кілемімді,

Кім едің тәртібің жоқ құдай ұрған?

Ақтан:

Ақбала-ау, арындамай аш көзіңді, оқша атып тигізейін мен сөзімді. Алтайдың ардақты ақын еркесімін, Басармын кілем сынды ақ төсіңді.

Ақбала:

Жайырдың жайнап тұрған шырағымын, елімнің арғымағы пырағымын.

Аузыңды тартып сөйле аптық Жәдік, Біреудің күн шалмаған құрағымын.

Ақтан:

Алтайдың ақиығы, сұңқарымын, елімнің арғымағы, тұлпарымын. Құрағың күн шалмаған қуқылдапты, дәмі жоқ қауызындай түй тарының.

Әмірін шариғаттың ұқпадың ба, Жолынан исламның сырттадың ба. Кім айтар Ақбаланы «сәби қыз» деп, осындай он тоғызға шыққанында.

Ақбала:

Жәдігім тартып сөйле аузыңды, мен кіммін, танимысың, тағы бізді? төренің ақ сүйекті ұрпағымын,

Қимаймын дәнім тұр ғой қауызымды.

Ақтан:

төре қыз ашуыңыз неткен қатаң, төре боп атанғаның менің арқам. Көгедей, сәмен менен Жабағыңды, малменен сатып алған Керей атам.

Атаның дәулетінің арқасында, Қыз пұлы ер жігіттің қалтасында. Ақиық саңғымайды аласаға,

Жайырдың аптық қызы байқасын ба?

Ақбала:

тарихты басқа халық жүр ме көрмей, төрені сен не дейсің, тантық Керей.

«Аузың тый өлім жерде» деген қайда, олжаң сол, осы жерден қайтсаң өлмей.

Ақтан:

Ақбала, арындайсың мұнша текке, Қыз жетпес, жігіт жетер айтқан сертке. ұрқына ұлы Керей соқтығам деп, ұшпасын одан әрі күлің көкке.

Ақбала:

Жайырдай әсем сұлу жерің бар ма? Шаппастай байлығы асқан елің бар ма. Қытайға, қызыл шоқты күш бермеген. мамандай батыр туған ерің бар ма?

Ақтан:

Байлығын біздің жердің көріп пе едің. Қарақат, тошаласын теріп пе едің?.

Алтайды ақ балдырған тастап кетіп, Жайырды мақтағалы келіп пе едің?.

Бұл Ақаң өлең десе аттай желді, Жарайды, мен ақтасам, ошың ерді. осындай батыр болса мамаң төре, Жайырға не себепті қашып келді?.

Ақбала тыңдап отыр сөзім тосып, Келеді көмейімнен өлең жосып. сүйеніп қара шәрде Шың уаңға, отырсың ұрыларға төре болып.

Ақбала:

мамаңдай ерің бар ма бақыт қонған, Жайырдың жел жағына пана болған?. мақтаған Керейдегі төрт үкірдай, Қытайға басын иіп бодан болған.

Қазақты қашандағы төре білген, Көрген жан алдияр деп басын иген.

«төресіз - ел, төбесіз - жер» болмайды, Ардақтап атамызды халық сүйген.

Көгедей ежен ханға бұрын барған, гүң-уаң деген одан бір шен алған. одан соң төрт үкіртай ұйымдасып, Беретін ежен ханға малдан алман. мақтаған қара оспаның тентек болып, Басына Хебей амбы ноқта салған.

Ататын тай ұрласа тырс еткізіп, Қытайдан қай ерің бар кегін алған?

Ақтан:

ошыңдай батыр туған қандай кісің, Қасықтай қанын қиған халық үшін. Керейді орта Жүзден ауып келген, Бастаған ошың оңға ұлы көшін.

Бір дәурен өз тұсында өтіп кетті, ерлерім халық сүйген қасиетті. Керейден алғаш шыққан төрт үкіртай, Бейсенбі, Көкен, топан, Құлыбек-ті.

Баласы Бейсенбінің батыр оспан, Қазақтың біріктіріп басын қосқан. малменен алман істеп мәнжу ханға, Қазақтан әскер бермей, еткен бостан.

Ақбала:

Алтайдың мақтамашы ұлықтарын, Білмейсің оңбағанның қылықтарын. нашарды кедей-кепсек зар жылатып, Басынан айырмаған сырықтарын.

Бар болса жалғыз тайы жал бітірмей, мойнынан түсірмеген құрықтарын.

Ақтан:

Қазақты алдыменен төре жеді, Бірігіп төрт үкіртай бөле жеді. Қамқоршы болса мамаң халығына,

«дансам» деп мың еркек қой неге жеді?

Кім жетер Абақ Керей баласына, Кең дәулет, не симаған сабасына.

Алтайдың орғып көшіп, жонын жайлап, Қыстайды ұлы ертістің жағасына, Балтаның қыстырылып сынасындай, төрелер жүріп жүрер арасында.

секілді Абақ Керей елің бар ма? Алтайдай алтыны мол жерің бар ма? Жауынан «қызыл аяқ» елді айырған, сыдықтай батыр туған ерің бар ма?

Ақбала:

Жайырдың суы тұнық, шөбі раң, Жер жетпес, айта берсем, тіпті бұған.

Қара шәр Жайырыммен іргелес жер, тайпалып кұлындары жорға туған.

Бойлары Қара шәрдің солқылдақ саз. Айырылмас күні жылы қыс пенен жаз. тыраулап тырналары қырындағы, Қаңқылдап көлдерінен жүзеді қаз. мақтама қар басатын Алтайыңды, сәйкеспес саяхатқа сәулеті аз.

Болады Алтайыңның қыстары ауыр, соғады сауырыңнан күнде дауыл. Жұт келіп, біткен малын айдап кетіп, Көше алмай жұртта қалған талай ауыл.

Ақтан:

Бойынан он екі өзен ел тараған, Алтайды көшіп ауылым жоталаған. Шүйгіні Алтайымның сол емес пе, тайы туып, тайлағы боталаған.

Бай Алтай ата мекен, алтын бесік, Алтын мен гауһар шыққан кесек-кесек. ішінде барлық жердің Алтайым бай, Жамылтқы жапырағы, шөбі төсек.

Шығады сарымсағы білектей боп, сарана, бектерімен жүректей боп. Жалбызы, матрошка иісі аңқып, тұрады бадан шайым күректей боп.

Жер қайда, атап айтсам, Алтайға тең, Шөбінің бәрі дәрі, ауруға ем.

он екі Керей ұрқы түгел сиған, осындай ұлан байтақ өлкеміз кең.

Алтайдың маужыраған тау мен тасы, майысқан қалың орман сай-саласы. тұрады мезгілімен иісі аңқып, Қарақат, қызылқат пен тошаласы.

тамаша, міне, осындай, Алтай жерім, сайрандап самалында өскен елім.

Бір татсаң таңдайыңнан дәмі кетпес, Бояған ат тұяғын бүлдіргенім.

Алтайдың қыры киік, суы балық, талай жыл мекендеген біздің халық. метіре, қызыл менен шортандарын, Асаудай мөңкітеміз судан алып.

Ақбала:

Жайырдың бейбіт өстік алабында, отырмыз Шың-уаңның қарауында. сан тозған Керей аттың табанында, Ақ орыс, әрбіреудің заманында.

ел болып сен де есіңді жаңа жидың, Қытайға дәулетіңді суша құйдың.

«он екі Кереймін» деп мақтанасың, Алтайға алақандай қайтіп сыйдың?

сиыспай Алтайға елің, Қобда кетті, төрт биің елін солай еңіретті.

өш болып, өз ішіңнен Базарқұлың, өлтіртті басын кесіп Асылбекті.

өлеңім айтатұғын, міне, дайын, дәурігіп бір болмайсың барған сайын. Қытайың өлтірмесе қайда кетті, ызғұтты, Қылаң менен Жарқынбайың?

Ақтан:

төре қыз дауға лайық аузың епті, өлеңмен күңіренттің аспан-көкті. Шағыммен өлтіртпесең, ойлашы өзің, Кешегі ер дәмежен қайда кетті?

өлеңге өршеленіп аттай желдің, Жеріңе сүрінетін жаңа келдің.

Атқызып торғауыттың уаңына, Атанбай, Байжұманы матап бердің. Қазанғап, Көжекбайды шауып алып, Қызығын көп дәулеттің өзің көрдің.

төре қыз, жамандайсың Алтай жағын, Жайырдың көп мақтайсың құлан қағын. Арғы атам бақыт қонған Абақ Керей, Шақырам «Жәнібек!» деп аруағын.

Ақбала-ау, бола алмайсың Алтайға тең, Аралас Алтай, Қобда – өрісім кең.

Адасқан үйіріңнен жалғыз қазсың, топтанған қарғалар да етеді жем.

Алтайда сауырменен өстің алғаш, Айырылып мекеніңнен кеттің адас. Жайырға жалғыз ауыл қашып келіп, Болыпсың торғауытпен жерге талас. дау-дамай, өсек-аяң өшпенді боп, мал қуған араларың барымталас.

Ақбала:

Қалбадан қашып келген қашқын Керей, Бұл тойда, сірә, сені қойман жеңбей.

Аз емес Жайырдағы Керей ұрқы,

сен неге шайқақтайсың көзіңе ілмей?

Қазақсың онан қашқан, мұнан қашқан, ежелден жамандықпен көзін ашқан.

Қашқан да қанды балақ қарақшысын, мал қуып көрінгенмен жағаласқан.

Ақтан:

төре қыз, мына сөзің мүлде қате, мен талай ақындардан алғам бата.

ойласаң мен қашқын ба, сен қашқын ба, Аталы Керейіңнің атын ата?

Болады арғы атамыз Керей Абақ, Бөлініп орта жүзден келген тарап. он екі Керей деген руымның, Берейін, төре қызым, атын санап.

Керейім отағасы ителі екен, ежелден Алтай тауым мекен еткен. Керейдің күнін жоқтап батыр зуқа, Қарсы болып Қытаймен өткен екен.

Атаймын молқы менен Қарақасты, Көнсадақ меркітіммен тұрғыласты. Жастабан сарбасыммен бір туысып, ұранын «сар тоқай» деп жұртқа шашты.

Керейдің Шыбарайғыр енді бірі, марқалап ерте туып өскен ірі.

Батырым аты шыққан Қожаберген, Біледі мен айтпай-ақ халық мұны.

Жәнтекей, Шеруші, Жәдік немерелес, тарихты сұрамаса ешкім білмес.

Байтайлақ, Жантаймыз деп бірігеді, Бір жерден ұрыс-жанжал шықса егес.

Кімің бар Жәнтекей мен Жәдігімдей, ішінде сегіз Жанат, мәлігімдей.

Жайырда елміз деп жүр, біраз қашқын, екі елі шағи шапан әдібіндей.

Баласы Жиреншора Құлтай, Болат, талассаң шежіреден бар да сұрат. Аржағын Жәнтекей деп айтқанымен, Біріне он екінің бұл қосылад.

Жәкемнен сүйіндік, орыс, Шүйіншәлі, Басымен бірдей болып өскен малы.

Баласы сүйіндіктің төртеу екен, Құрмамбет, Кешеу, Жайлау және сары.

Баласы сүйіншәлінің Ботақара, Барақ пен секел, Көбек төртеу ғана. мәмидің уысынан шығьш кетіп, мардамым болып еді жеке дара.

сәмембет, самұрат, Бөкі орысұлы, төлеке, ұтыберді айтсам мұны. симаған ұлы Алтайға руымды, ұқсын деп төре қызым айтам мұны.

Баласы сәмембеттің он бір екен, лық толып Алтай тауын еткен мекен. Атантай, есентей мен есенбай деп, ұрқынан бәйбішенің үшеу екен.

Бәденнен есағасы Қазыбекті, симаған жер үстіне малы көпті.

........................................................

Айтамын есдәулет пен есіргепті.

Ақша мен Бөрте, Қаржау, Ақсары атам. он бір деп мадақтаймын сәмембетті. Алтайға малы симай көптігінен,

Бір талай ауылдарым Қобда кетті.

осы еді Алтайымда жүрген Керей, ел өсіп өркендесе ол бір мерей.

мақтайсың Жайырдағы аз қашқынды, төре қыз, өскен елді жүрсің көрмей. Айтып бер Жайырдағы руыңды, дәуріктің осығұрша есе бермей.

Ақбала:

Бәйгеден аяқ тастап төске өрледім, Жәдікке көпке дейін дес бермедім. Жайырға жалғыз ауыл келмесе атам, осындай қорлық сөзді есітер ме едім?

төре ата-ау, «қашқын» дейді, мына Керей, Шыдаймын бұл қорлыққа қайтып өлмей.

Кім еді Жайырдағы руымыз,

мен бұдан құтылам ба, санап бермей?

Ақтан:

мекенім туып-өскен Алтай тауы, Қыз бенен аяқталды жігіт дауы. Алтайдың айнала ұшқан аспанымен, Ақиық мұзбалақпын жібек баулы.

ұрқымын алғыр тұяқ алып құстың, сарқамыр биігінен түлеп ұштым. Жайырдың сылаңдаған ақ түлкісін, Қарамай кергеніне іліп түстім.

отырмын қыл бабымда, міне, бүгін, саңқылдап самұрықтай шығады үнім. тура би болыспайды туғанына,

төре ағаң, өзі білер төрелігін.

1921 жыл.

БҰРҚАсын Мен ӘКеЖАн

Бұрқасын:

ибағат үлкендерге қылайық па, Бірімізді-біріміз сынайық па.

Пайғамбардың жасына келгеніңде, Айтысуың менімен лайық па?

Әкежан:

Әуеде ұшып жүрген көк қара едім, сарымайға жанышқан көк жарма едім. Аңғармай кек ойланып айтпа, маған, Айыржанды ұстағанда мен бар ма едім?.

Бұрқасын:

Ала мойын, Әкежан, құла мойын, үкілер қыз ержетсе тұла бойын. Әкежан, ақ құдайшы жақсы болсаң. маманның неге сойдың бір топ қойын?

Әкежан:

салар ем амал бар ма ойнағымды, Білесің, Бұрқасын сен, бойлағымды. Бір топ қойын алдыма сап беріп пе ең, өзіңнен басқа әкел айғағыңды?

Бұрқасын:

онда мен, бойлақ болсаң тиейін бе, ғашықпын деп бетіңнен сүйейін бе? Айғақ сап, қойды жоқтап, дауға барып, өртеніп мен отыңа күйейін бе?

Әкежан:

салғанмен түк өнбейді шығар егес, ешкім де арашалап «қойшы» демес. Әр біреу мініп түскен жауыр бие, Қайтемін ер жігітке мініс емес.

Бұрқасын:

Құр кеудең ғой, қайтейін, амал бар ма, секілдісің байқасам қара қарға.

тулақ емес, өзімдей ту биеге, мінетұғын, дәл, қазір, шамаң бар ма?

Әкежан:

Аққа әкеп ә дегенде жақтың күйе, Жоқ екен әдептілік, сөзде жүйе. ту болсаң, тулақ емес көрер едім, өзімдей бір көтерем арық бие.

Бұрқасын:

Бие деп сен тепектеп қоймағаның, өзің болсын келешек ойлағаным. Қашанда ердің аты ер емес пе,

Ақ жаулығым алдыңда ойнағаным.

Әкежан:

осындай сөз болмаса қызық болмайд, сөзіңде Әкежанның бұзық болмайд. Айта бар дұғай-дұғай барғаныңда, Аулыңа Ақкөлдіктер сәлем жолдайд.

өзіңді бір көріп ем баяғыда, Асқанда өр Алтайдан үркіп Қобда. Бұрқасын олай деме, жол менікі, Анасың, жығылайын аяғыңа.

мен болам қатқан өрік, сен бір алма, Кезіктің жігіт емес кәрі шалға.

Қызбалы ауру ғой айтыс деген, Көңіліңе, тілерім сол, ауыр алма.

Бұрқасын:

соңымнан ерші, қазір, «қал» демеймін, секерсің, өрік емес, бал демеймін. садаға кетсін жігіт бір өзіңнен,

Қолыңды әкел, досыңмын, «шал» демеймін.

Келіп тұр, қарсы аламын бұл мекенің, танылды бүгін елге кім екенім.

Көңілге ауыр алар ештеме жоқ,

сен айғыр, шын емес пе, бие екенім.

Әкежан:

заты бар нақ жақсыны бүгін көрдім, Беделін түсірмедің сен де ердің.

мен жеңілдім, сен жеңдің, қош аман бол, Ата салты әрқашан қолым бердім.

Бұрқасын:

Бақ-дәулет қонсын елге, береке-құт, Болмасын былтырғыдай осында жұт. Жасым кіші болғанмен жаным құрбы, мінеки, бетіңді сүрт, орамал шыт.

Жорғаны жетекке алып жүйрік мінгем, өзіңдей асылдармен бірге жүргем.

Құдайға сен, маған сен, жоғалтпаңыз, өзімдей көр, шытыма терім сіңген.

Әкежан:

«Аумин» деп өзіңе жайдым құшақ, Көзіме көріндің ғой аққу құсап.

Жолаушымын, жоғалтпай ұстап жүр, сен, тайға алған, мынау былтыр, күміс пышақ.

1944 жыл.

АҚАй Мен ЖАЛБАс

Ақай:

Көксеген неткен жансың әйел затын? Ақай болад, біліп ал, менің атым.

Берейін іздеп тауып шаршы топтан, Айтыңыз, іздегенің қандай қатын?

Бойыңа жинап кепсің қайрат күшті, Қалайсың, өзің, қандай өңді, түсті? өз теңің бе, өзге ме, айтшы маған, Әкелсем қайтер едің «сүйек тісті?».

Жалбас:

Кім едіңіз, жеңеше, алдым сасып, Алдым ба, ал дегенде сырымды ашып. затым қазақ, сұрасаң атым – Жалбас,

«Алтайдан келді, - дейді, – мені қашып».

Әйел ердің қашанда қазынасы,

не керек, затты болса, оның жасы. затым еркек болған соң, мен еркелеп,

«Әйел» деп айта салған базынасы.

Ақай:

ұят болад тойшыдан, бүйтіп айтпа, Жігітсің, айтқаныңнан қайта қайтпа. Жақсының жақсылығын құрмет етіп, Жақсыны сатпаушы едім басқа жатқа.

Әкелейін, сен сүйіп, сенгеніңді, Көрейін топта айтысып жеңгеніңді. Қазақтар «ұры арты – қуыс» деуші ед. Қалай айттың, бұл топқа келгеніңді?

топтан сына жүйріктің жарағанын. үкілеп жал-құйрығын тарағаным. дәл кім ед, атын атап, айта салшы. Бұл тойда айтысарға қалағаның?

Жалбас:

Көп елді танымайды, мына Жалбас, өмірде айтқаныма адам нанбас.

Кім болса да, бір әйел әкеп берші, сұрамаймын сіздерден бас пен жамбас.

өмір бұл аз күншілік тұрған қолда. талпынса барлығы да келер қолға.

«ер қарызы - елінде» деуші еді ғой, сыйлаңдар, жүргенімде ұзақ жолда.

Халық баға береді сөзімізге, Айтқанда байқаймыз ғой өзіміз де.

«Алыстан арбаламай» жақын жерден, Ауыз салғым кеп отыр өзіңізге.

дәл қазір жасым менің қырық үште, толған жоқ, бір ойласам, қайрат-күш те. Кеше жатып, көріп ем бір жақсы түс, Кім білсін, сіз бе деймін, кірген түске.

Ақай:

ниетім ақ, болмайды ойымда кек,

Жан тартқанды жасымнан көрмеймін жек. Әйел іздеп отырған соң аң-таң болып, отыр ма, деп ойлап ем, мені еркек деп.

Қателікті, анамын, бәрін кешем, Жел сөзге желмаядай желдей есем. Айтысуға дайынмын өзіңменен, еркек демей, өзімді әйел десең.

тәуекел, дарияға салдым кеме,

не шықсын, не шықпасын, қайғы жеме.

Артық-ауыс айтыста, айтып қалсам, Көңіліңе ауыр ап, қалай деме.

Болып көр бүгін тойда әріптесім, өмірдің кім болжаған ерте-кешін. тартынбай құлашыңды бір сермеп қал, тыңдаушы, мынау, неткен ақын десін.

Жалбас:

өнер қуып үйрендім текке жатпай, дүбір көрсем тұра алман жүйрік аттай. Айтыссаң, айтысудан неге қашам, отыр ем, мен, айтуға сізге батпай.

Ақынға әрқашанда ақын жуық, Болмайды бір-біріне әсте суық. өмірге келгеніме қуанамын, Қазақ боп келгеніме ер боп туып.

Кеп жүрмін «Қазақ» деген елімізге, Асқар тау, айдын шалқар көліңізге. Бас идім, келе жатып, тізе бүгіп, Айдын шалқар, асулы беліңізге.

осылай келіп қалдым дәмім тартып, Жылаймын бір Аллаға құлдық айтып. еліме бірін қоймай, бәрін айтам, Кетіп қалсам егерде, биыл қайтып.

Ақай:

Жүрісің, емес шығар, сенің, суық, Жүрмісің сырыңды айтпай, жайып-шуып? сен, өзің, қашан келдің осы жаққа,

Келдің бе жолаушылап, туыс қуып?

Көрмеген жан екенсің, сірә, жасып, Байсалды, сөйлемейсің асып-тасып. Әрбіреу бізге айтады кезіккенде,

«Келді, - деп, - Алтай асып, мұнда қашып».

Бетпе-бет кезіктік қой, міне, бүгін,

«ел кешеді, - деген бар, - ердің құнын». осының қайсысы шын, айтшы, Жалбас, Шыны менен айырып өтірігін?

Жалбас:

Жөн білмейтін жаманды қинамашы, сый білмейтін наданды силамашы. Келуім мен кетуім де үлкен сыр бар.

дәл бүгін «шыныңды айт» деп қинамашы.

өмірден кімдер кетіп, кім келеді, дәл қазір, айтшы, маған кім сенеді? Басын айттым, аяғын өзің ойла,

«ер жігіт үйде туып, түзде өледі».

Ақай:

Кең қолтық, сен сиясың, Абақ Керей,

«Керей» деген сөзде бар үлкен мерей. туыс пенен туған бол, жат емессің, Қойнымызды ашамыз «пәлен» демей.

Қолдасын, ақ тілегім, сені Алла, Жүргенде елден алыс, ұзақ жолда. тілегім – басың құра, отаулы бол, отауың келешекте болсын орда.

Жалбас:

рақмет, бұл да сенің силағаның,

той болдырып, топ шақырып, жинағаның. Анасың алды менен артын ойлар, Жанымды сен қазбалап қинамадың.

Қобда кетем, аман бол, келгенімше, Қызбаушы ем, жүріс шығып, желгенімше. Азғана ортаңызда болдым, бүгін,

осы түн ұмытылмас өлгенімше.

Алдымда тұр, кім білсін, бір ұзақ жол, өзіңе, ұзақ жаса, айтарым сол.

өліспесек, тағы да көрісерміз, Көргенше, Ақай ақын, қош аман бол!

Ақай:

Шыққалы отырсың ба, ұзақ жолға, Бір Алла пана болсын ұзақ жолда! Азаматым, аман жүр, қайда жүрсең, тілегім – әрқашанда Аллам қолда!

екенсің, байқап қалдым, ойлы, зерек, Шын тілесең тілегіңді Алла беред.

Алдыңды ойлап, жүргенде сақ болып жүр, ер жігіт алыс жолда нелер көред.

Қайда жүрсең, тілегім, жолың болсын! Аналық ақ тілегім, менің оным.

Жақсылықпен ойыңыз орындалсын, Аман жүр, қайда жүрсең, міне қолым!

 БеЛдеУБАй Мен КҮРіШХАн Белдеубай:

Күрішхан, аманбысың, дарабозым, секілді қой ішінде марқа қозым.

Қойдан қоңыр сабазға бағалаймын, Жұртпен бірге өзіңді, менің өзім.

еркелеткен сөзім ғой «қозым» деген, Адамға өте керек төзім деген.

Келешекте күтемін үлкен үміт, Күйсіз күлік, баяғы, мен бір көбең.

мекенім қасиетті тұлба көлім, Қоңыржай соғып тұрар самал желім. дәл, биыл, әдейі барып, жайлап келдім, Әйгілі Қобда аймақтың Қоңыр белін.

сынайтын осы айтыс қой ердің бағын, өнермен өтті білем бала шағың.

Шын ба, әлде, «білед» дейді дүйім халқым, өзіңіз «мәликенің жүз жұмбағын?».

Күрішхан:

Байқасам момақансың осы тойда, Беке, сіз, отырсыңыз қандай ойда? не қорқып, не ұялып отырмысың,

«ойында өрелгі жоқ» дейтін қайда?.

Баласы батыр елдің батыл келед, Жел сөзге желмаядай, аттай желед. Кейбіреу өтіп кеткен өмірді ойлап, Кейбіреу азғырынды тілге еред.

Білемін бір кездерде есең кеткен, Бірталай аңдуменен өмір өткен. Қайтесің өткен іске тек өкініп,

Кімде-кім тайып кеткен берген серттен.

Қамшыға сап – тобылғы, ұшқат, ырғай, Ағытып қоя берші өлең-жырды-ай.

Бұйрықша кезіктік қой, құдай айдап, үнемі кезікпейді заман мұндай.

Белдеубай:

өткен іс қайтып келмес, өкіндің деп,

сақ болдың, мықты болдың, бекіндің деп. өткенді ә дегенде, қозғағаның,

өтті-кетті, Күрішхан, бекерге тек.

өзіңді шаршы топта қысайын ба, сөзбенен аяғыңды тұсайын ба?

«ұзап кетеді», деген соң мен өзіңді, Қайтем деп отырмын ғой қыс айында.

момын боп, монтаны боп отырғам жоқ, Білесің бар екенін тілімде шоқ. тұлбада бірге тұрған болғандықтан, Атпайын деп отырмын дәл көздеп оқ.

оңай болмас кетсем мен бір жол тауып, сақтанбасаң болады саған қауіп.

Шын ба, әлде, өтірік пе, өзің айтшы.

«Кеткелі отыр, - дейді, - елден ауып?»

Күрішхан:

Атып көр, бір өзіме көзде де оқ, естіді айтқаныңды жиылған топ. ел менен жер танып жүру керек, ешбір пайда бермейді дүние боқ.

отырсың, білем, басың желдей есіп, Әр сөзді тұп-тура айтып, өлшеп, кесіп. Кеткелі отырғам жоқ, қауіпсінбе, Қайтадан «кірен» бұзып, Алтай асып. ұзақ емес тұлбадан, барам сақсай, тәуір өлең айтсаңшы, қу сөз бақпай.

Айнымалы қырандай құбыласың, өзіңе қай қылығым отыр жақпай?

Белдеубай:

Бір күдік тұр, елден ауып кеткеніңде, мекенің дэлүүнге кетпедің бе?

Барғаныңды аман-сау, хабарларсың, сақсайға жеке кетіп, жеткеніңде.

Барасың байқағанда елден қиыр, Жасымнан болып едім өзіңе үйір. табылды ма аман сау, дау боп еді, Жоғалған Бұратыдан қасқа сиыр?

Күрішхан:

отырсың ғой осыны айтқың келіп, өкінішсіз өзіңе өзің сеніп.

«Бай іздеп кетіп барад» демекшісің, Қалған соң бағым қайтып, байым өліп.

Әркімде ойлайды екен ондай ойды, Қайғы-мұң кернегенде тұла-бойды.

Алпыстан жасым асып бара жатыр, неғылам бүгін-ертең іздеп байды.

Биыл жыл семіріп ед, шығып бүйір, Қара ет жоқ, семіз шығар, жалғыз түйір. сиырдың жөнін білсең, өзің айтшы, сиырың болмап па еді жаздай үйір.

Белдеубай:

сұрауыңа жауабым отыр дайын, тіріде берме Алла қайғы-уайым.

«тірі» деп отырғам жоқ, есім дұрыс, Білемін өлгендігін сенің байың.

сөзіме салар құлақ мына қауым,

нұр ме екен жаңа ғана жауған жауын. Қозғамасақ қайтеді, әй, Күрішхан, заң емеспіз екеуіміз, сиыр дауын.

Күрішхан:

өзің айтып сиырды, өзің қайттың, менен көрме, Белдеубай, өзің айттың. мынауыңның, халайық, дұрыс па есі, Айтыңдаршы ақтығын, енді қайттім?.

Бір жағынан ағайын, көрші туыс, сиыр үшін болмасын жанжал-ұрыс. Атам қазақ бір кезде айтқан екен,

«Қашанда ұры арты болар қуыс».

естіген болу керек, мына халық, өтірік емес бұл сөзім, рас, анық. өз обалың өзіңде, өзің айттың, Құдаңыз жіберіпті етке салып.

тұлбаның шулап отыр ой мен қыры, осымен аяқталсын сиыр жыры. монтансып білмейді деп сұрадың гой, Құдаңменен қосылған сен де ұры.

«Күрішхан, - деме мені сөзбен ұтты», тілектес бол, «Болсын - деп - жұртың құтты». Көрерміз, ертең, тойда, аман болсақ,

Қош сау бол, уақытың дейді «бітті».

БіЛдИ Мен КҮЛӘШ

Білди:

Келдің бе, мына тойға ақын Күләш, Жан едің жас кезіңнен болған сыйлас. дәл бүгін нақ бабыңа келіпсің ғой, іркілмей қара сөзге жайшы құлаш.

Күләш:

Айтысқан ақынмын ғой талай тойда, тұрғанда қамданып қал жаның бойда. менімен бірге жатып шыққан жоқсың, Білди-ау, атам қазақ аман қайда?

Білди:

Келдім мен мекендеуге «их бұлан», Жазды күн желі тартып байлар құлын. ұмытып қалғасың ба, Күләшім-ау, сан рет амандасқам мұнан бұрын.

Күләш:

ол рас, биыл тиді сіздің ірге, отырып құбыласың талай түрге. Аянбай айтарыңды, сен, айтып қал, Келгенде, құдай айдап, бірме бірге.

Білди:

Бітіпті, бұл Бұлынға терексіз тал, Көптеген қоныпты ғой кемпір мен шал. ел менен жердің сырын алғаным жоқ, менде жоқ, өзіңде айтар немене бар?

Күләш:

ол рас, бізден бөлек жүрдің қиыр, Бар екен түйе менен ешкі, сиыр.

Байқарсың, «судың-дағы сұрауы бар», Байқасам, секілдісің ағашқа үйір.

Білди:

Бойжетіп қалған, өзің, қыз баласың, Жапқалы отырмысың тал жаласын? Кені ғой бұл Алланың, адамзатқа, Күләш, сен, менен неге қызғанасың?

Күләш:

Ағаш тұр ғой, қорғады таудың аңын, Кім-кім де қорғау керек ауыл маңын.

«судың да сұрауы бар» деп айттым ғой, Білмейді екенсің ғой ағаш заңын.

Жігіттік толып қапты кемеріңіз, Бар ма еді арқа сүйеп, сенеріңіз? Байқасам, ағаш біраз жинапсыз ғой, Бар екен үй ағаштық өнеріңіз.

Көңіліңе, айтты деп сен, ауыр алма, Қорғайық талын кеспей біз бенен сіз.

Білди:

өнерді ашық айту емес мақтан, ол рас, хабарым бар үй ағаштан. Алайын ақылыңды, енді қимай,

Күн бұрын, дегенің ғой, мені, сақтан.

өзің бір қыз екенсің жылпылдаған, сұңғыла, көптен көмес тың тыңдаған. тау менен тасқа матап қояды екен,

Бұл жерде ұры бар ма жылқы ұрлаған?

ұры болса жазықсыз малға қиын, Болмайды нақ арамдық алал бұйым. тал оңай, алақандай мынау арал, ұрыға, жөн емес пе, салса тыйым.

Күләш:

не деген көзің өткір көрегенсің, Жиында шындық айтқан ер екенсің.

Жігіттер бар, ол рас, жасырмаймын, Ауылдың кетіріп тұр берекесін.

тимейік тоғай менен біздер, аңға, сүйекке сала қойдың өзің таңба. осымен тоқтатайық, Білди ақын, Алдары абақтыда, өткен заңға.

Білди:

Кетті ғой, Күләш сенің, зәрең ұшып, Арғымақ жығылғандай жалын құшып. Қой десең, қояйыншы осыменен, Апыр-ай, отырғаны-ай, аузым қышып.

1946 жыл.

ӘдеПБАй Мен ТіРнеКей

Әдепбай:

Бай-өлгей болғанында жерім тұлба, Айтайын аздап өлең, халқым, тыңда. Алпысымда жайраңдап алшақтаймын, малшы араттың бірімін, ауылым қырда.

Тірнекей:

мақтайын, мадақтайын тұлба көлін, өзімнің он жасымнан өскен жерім. Жырлайын бір азғана салтанатын, дәл бүгін бақыты өскен құтты жерім.

Әдепбай:

тұлба, тұрғын болады туған жерім, Кіндік кесіп, кірімді жуған жерім. тайлақ, атан жоғалса, таптырмайтын, Құмырысқадай қаптаған қалың елім.

Тірнекей:

сөйлейін сөйле десең, халқым қалап, Шопандар мерекесін құтқа балап. өсе бер күнде мыңдап, ортақ дәулет, тойында еңбекші елім тұр аймалап.

Әдепбай:

отыр елім мекендеп тұлба бойын, мыңғыртып өсіруде шопан қойын. Бес түлік мал тұлбада түгел өсіп, лайықты істелді бүгін тойым.

Тірнекей:

Бірлестік – бар халықтың болды ұйтқысы, мінсе ат, ішсе асы жазы-қысы.

Кешегі тапшы кедей бүгін таңда, лықып тұр бес түлікке іш пен тысы.

Әдепбай:

Бірлестігім, білесің, «Қызыл қия», саялы ағаш басында алтын ұя.

Келешекті алдағы дұрыс ұғып, Барлық халық жұмылды жанын қия.

Тірнекей:

салтанат құрыпсыздар іске татыр, табысым тағы айтар толып жатыр. мұнан да өркендей түс бірлестігім, туғызып ортаңыздан еңбек Батыр.

Әдепбай:

Құттықтау келіп жатыр біздің елден, той қыл деп ұйғарыпты үлкен жерден. Алыс жерге естіліп даңқым жетті, орталыққа Шайзадам барып келген.

Тірнекей:

табысың, мақтанышың бәрі де шын, Қосады бірлестікке жан біткен үн. табысын басқалардың білеміз ғой, істедің, ағай, өзің неше еңбек күн?

Әдепбай:

Жетпіс бес еңбек күндік жоспарым бар, ойлайтыным тіріде ұят пен ар.

Жетпіс беспен мен өзім шектелмеймін, мыңға дейін істейтін шыдамым бар.

Тірнекей:

тойыңды, міне, бүгін көзбен көрдім, Көруге өлгейімнен әдейі келдім.

Жоспарын бірлестіктің мен де білем, осыдан неше еңбек күн істеп бердің?

Әдепбай:

өлгейім – қазақ, моңғол орталығым, өміріме шалқыған жырғаулымын.

Жоспарды екі еседен асырғанмын, Айғағым - қойнымдағы куәлігім.

Тірнекей:

Халықтың мінсе аты, ішсе асы, Бірлестік - еңбекшінің кәсіп басы. Куәлігің, Әдеке, құтты болсын, дәл осы тебініңнен жаңылмашы.

Әдепбай:

Жүздеген мың сом еді жоспарымыз, орындады еңбектес достарымыз. мүше басы жоспарын асырапты, Бұл-дағы зор іске үлес қосқанымыз.

Тірнекей:

табысың көп екен-ау, қызығардай, Ақынның көркем сөзі арналғандай. Жоспары шаруашылық біткен екен, мәдени өркендерің бүгін қандай?

Әдепбай:

тас бұлақ жер астынан шығар қайнап, салынды қызыл мүйіс гүл-гүл жайнап. мұнан да үлкен жұмыс тындыруды, өнерпаздар күн-түні жүр ғой ойлап.

Тірнекей:

салдыңыз жасқа арнап қызыл мүйіс, өсіпті бұл тұлбада көптеп ырыс.

Ағатай, рақмет, табысыңа,

тағы да болар алда үлкен табыс.

Әдепбай:

Жетпіс екі отырық үй салынды, отырықты халыққа ұйғарылды. Балалары мектепте оқып жатыр, Білім беріп халықтың мұғалімі.

Тірнекей:

елеңдер өлең десе қос құлағың, сайрайды бұлбұл құстай тіл мен жағың. Қол жеткен табысыңа таласым жоқ, Қанша есе мал өсірді биыл бағың?

Әдепбай:

мал өсірдік елімде үш жыл ұдай, мәпеледі, өсірді малшы шыдай. Біздің бақтың, сұрасаң, малы өсулі, он бір мыңнан асырып отыр былай.

Тірнекей:

сөйлейді сылдыратып тіл менен жақ, Жоспарын үзіпті ғой үшінші бақ.

Әншейін, көлеңкелеп өте шықпай, түлігін бағыңыздың айтыңыз нақ.

Әдепбай:

Жеті бақтан алынды мал санағы, Ақырына тоқтайды сөздің нағы. екі бөліп тұлбаны айта алмаймын, Бір тілекпен жүреді барлық бағы.

Тірнекей:

Бесінші бақ табысын шын бере ме, еңбегімен біреудің күн көре ме?

өз бағыңның табысын анықтап айт, Бар табысын тұлбаның «өзім» деме.

Әдепбай:

Жиылды елім бүгін тұс-тұс жақтан, ырыздық - бүгінгі күн, - ынтымақтан. сөз жекелеп сұрайсыз өзеленіп, еліміз бұлжытпайтын бірлік тапқан.

өлең десе кетеді біздің таңдай,

ел-жұртымның алдында жарық маңдай. сізге қояр, тірнекей, бір сұрағым, Жауаптанған құрылыс бітті қандай?

Тірнекей:

Қызыл тіл қу жел сөзге енді басты, Қуантып ойныменен кәрі-жасты. салынып көп құрылыс өлгейімде, театр биылғы жыл іске асты.

Әдепбай:

разымын жастардың еңбегіне, сұрау бар алда әлі еңбегімде.

үш жыл бітпей қалды ғой театрың, осының, айтшы өзің, себебі не?

Тірнекей:

сөйлесін іркіліссіз тіл мен таңдай, Бітті ғой, отырмысың, маған нанбай? үш жылдай бітпегенін жасырмаймыз, отыр ма жауабыма көңілің қанбай?

Әдепбай:

себебі не, бітпеген екі-үш жылдай? өлгейлікке жарамас мұндай жағдай. Алыс жерге «нашар» деп естіледі, тазалығы өлгейдің болды қандай?

Тірнекей:

Кез болдық бүгін тойда дәмі тартып, отыр-ау, Әдең ағай әнге тартып.

Болып ед бұрын нашар тазалық та, Ал, бүгін тазалығы келеді артып.

Әдепбай:

өлгейде азамат көп маңдай алды, Шайға қатық есепті ешкі алды. тірнекей, тағы да бар бір сұрағым, содан тарап неше кілә түбіт алды?

Тірнекей:

саналы ғой өлгейде болған жігіт, тарайды бәрі дағы болса түбіт.

Қайтсе-дағы планы орындалды, өйткені, оларға да айтады үгіт.

Әдепбай:

ризамын, сен берген сәлеміңе, Атың шықты өлгейдің әлеміне. өлгейге сауынға алған мал ішінде, ешкі қотыр болатын себебі не?

Тірнекей:

салайын өмілдірік күміс ерге, Артық-ауыс айтады, тілге ерме. Қотыр ешкі туралы, мен ұмытпай, сәлеміңді жолдайын келіндерге.

Әдепбай:

«сапалы істе!» - партия ұраны бар, өлгейде Қол өндіріс артелі бар. өндірістен шығарған кейбір заты, іске аспай әр жерде қалғаны бар.

Тірнекей:

Кемістік, бұ да рас, айттың нағыз, оңай ғой, болса мынау кеміс жалғыз. Артельде кемістік бар, жасырмаймыз, Қолдан келед, оны да жақсартамыз.

Әдепбай:

Бұрынғыдан болыпсың өсіп зерек, сан емес, заттарыңа сапа керек. екі-үш күнде сөгілед тіккен етік, іске аспайтьш тіршілік неге керек?

Тірнекей:

Айттыңыз кемістікті олай-бұлай, заты іске асады жерде қалмай.

Біздегі кемістікті айттыңыз ғой, егер де нашар болса дәлел қандай?

Әдепбай:

өзен-суды тарттырып «қырға алдырдың», он жыл бойы арықты құр қалдырдың. ұят қой он жыл ұдай құр жатуы,

Қыр еліне осылай сыр алдырдың.

Тірнекей:

Әдеке, әуес едім әнге жастан, оңалмады ісіміз әуел бастан. Қазғанмен бұрылмады су арнасы, Биыл қолға аламыз ерте бастан.

Әдепбай:

Жалынды, күші басым жастар деңіз, Бітеді ғой, ол іске өкінбеңіз.

үш жүз жастар барады бұл сұмыннан, істей алмай, егерде, ерінсеңіз.

Тірнекей:

Әдекең тамылжыта ән салады, Әніне тыңдаған жан тамсанады Жастар қашан барады өлгейіме?

дәл, сол күн, қызыл тумен қарсы алады.

Әдепбай:

«Асыл - тастан болғанда, ақыл - жастан», түк бітпейді отырсаң, қозғалмастан.

«Күш жетпеді, қолымнан келмеді» деп, Шақырсаңшы өздерің әуел бастан.

Тірнекей:

Әдеке, уәдеміз емес тегін,

сұрағым: қанша гектар салдың егін? егіні еліміздің алтын ырыс, Алдыңыздар дәл одан қанша өнім?

Әдепбай:

Азияның жонында отыр елім,

тоғыз айда жылмық жоқ, суық жерім. Бір тілекпен егінді егіп едім, Қортындысын айтайын, өнбегенін.

Тірнекей:

есіл сөзім менің айтқан кетті тегін, ойлаушы ем өлкелесім сізді бегім. егінді салғаныңды сұрағам жоқ, Аласыз биыл күзде қанша өнім?

Әдепбай:

орынсызды мен сізге айта алмаймын, Әйтпесе, тілегіңді қайтармаймын. егін шықса, жерімді бергіз зерттеп, Күшім мен мүмкіндікті аямаймын.

Тірнекей:

салды бүгін, Әдекең, ариясын, Шаршатып алпыс жаста қариясын.

«Қосымша күш керек» деп, бітпей қалса, Жіберермін өзіңе жариясын.

Әдепбай:

тірнекей, «кәрісің» деп ат тағасың, Қиыннан қиыстырып сөз табасың. есіңде болып жүрсін, кәрі демей, сыйлап жүр жасқа балап, ел ағасын.

1956 жыл.

нҮсіКей Мен ШӘПей

нүсікей:

Жүрсіз бе деніңіз сау, есен-аман? тілейді амандықты мына заман. Алыстан айтысуға келіп едім, орнығып отырыңыз бері таман.

Шәпей:

Жиналды бұл айтысқа қауымдарым, менде жоқ сондай мықты ақын дарын. үй-ішің, бала-шаға, мал-басыңмен, Аман ба туыс-туған, ауылдарың? нүсікей:

Ақынға орай біткен иегіңіз,

«Астында тіл көмекші тиегіңіз». Адамға жөн сұрасу үлкен парыз, Кім болады, нақ айтшы, сүйегіңіз?

Шәпей:

төскейден малым келед суға шуап, дәл бүгін көлеңке емес, Күн күншуақ. үш қайнаса қосылмас сізге сорпам, сүйегім – Шоға ішінде болады уақ.

нүсікей:

Құдаша екенсің ғой, онда, маған, Айтарым бар, құдаша, онда саған. Жайғасып та жарасып отырайық, Жақындап отырыңыз бері таман.

Шәпей:

Алыс емес, отырмын қасыңызда, Аздау үлкен сияқты жасыңыз да. Ақбурыл тартып қапты, әжім түсіп, Байқасам, уа, құдеке, басыңызға?

нүсікей:

Қайтесің, шаштың айтып ақ-қарасын, Ажыммен қоса айттыңыз екі арасын.

Қиыннан қиыстырып айтсам болды, Халқыма алуан түрлі сөз сарасын.

Шәпей:

Байланысты жасыңыз шашыңызға,

«Кәрі» демей отырмын қасыңызда. Айттырып мені алмайсыз бүгін мұнан, таласым жоқ, құдеке, жасыңызға.

нүсікей:

өзіңді, отырмын мен, мыңға балай, демеңіз «қайта сұрап мұның қалай?».

«ұлттық бір көзқарас көп сағсайда» деп, Айтып жүр ғой, бұл қалай, ел бірталай?

Шәпей:

Қарасөз – самал соққан жел емес пе, Біліп ал, ақын Шәпей мен емес пе. Көзім көріп, қолыммен ұстағам жоқ, Айтып жүрген мен емес, ел емес пе.

нүсікей:

«сүйенер, - деген сөз бар, - қайың талға»,

«Кез келдім, - деп ойлама, - кәрі шалға». елден естіп әншейін сұрағаным, замандас көңіліңе ауыр алма.

Шәпей:

Болсаң жақсы замандас өзімменен, Кезіксең ойнап жүрем өзіңменен. Бір түскен әкемменен суретің тұр, Көріп кет үйге барып көзіңменен.

нүсікей:

Әйелдің қуы екенсің, Шәпей ақын. ондай болса болдың ғой тіпті жақын. сыйластықпен айтысып осы жолы, ешқашан ұмытпайық ата салтын.

Шәпей:

Жақсыны жат көрмеуші ем жанай қонса, Жақсыменен әрқашан орта толса.

Бұрын таныс болсаңыз әкемменен, тісімді батырмайын ондай болса.

нүсікей:

Ақын деп естуші едім сені сырттан, Ақынға пайда бермес босқа қыртқан. осымен уақытша дем алайық,

ұят болар, замандас, мына жұрттан.

Шәпей:

сәлем айт ауылыңа дұғай-дұғай, Құрбыжан ер жігітсің – ығай-сығай. Қауіпсініп қалдың ба, онда өзің біл, тағы да кезігерміз бұдан былай.

1960 жыл.

АЯТХАн Мен зӘЛИКе

Аятхан:

Амансың ба, зәлике, замандасым? замандасын ақын қалай жамандасын. Кешірім ет, өзіңе жолды бермей, Айтыстың, жібердім мен, бастап басын.

Құралай көз, қыпша бел, ақша маңдай, Білемін – қара өлеңге сен жезтаңдай. елің аман, жұртың тыныш, мал аман ба, Былтырғыдан табиғат биыл қандай?

Аман ба туыс-туған, үлкен аға, Аман ба ауыл-аймақ, бала-шаға? Амандасу қазақтың ата салты, Болғанда заң да жаңа, заман жаңа.

зәлике:

өзің де аманбысың ауылыңмен, Ағайын, туған-туыс, қауымыңмен?

үй-ішің, бала-шаға, үлкен-кіші, Жеңге, жегжат, сыбайлас бауырыңмен?

Айтатындай болды ғой биылғы жұт, Қарамай бір-біріне болды быт-шыт. Бергенін алса дағы берері көп,

Кеткен жоқ, кұдайға шүкір, береке-кұт.

«ерді құдай, етікті нәлі сақтайды», Бәйгеден келген жүйрік алшақтайды. Көрсетші шанағың мен шабысыңды.

«Ақын» деп бір өзіңді ел мақтайды.

Аятхан:

затым – қазақ, сүйегім болад – сарбас. Айтқаным сүйегімді қате болмас.

Айтыстық қой, көрерсің өз көзіңмен.

«Ақынмын» дегеніме адам нанбас.

Жаратқан ерекше ғып қазақ ұлтын. Болдырып ешбір кемсіз іш пен сыртын. сыйласып та сырласып айтысайык, Ақынның, жақтырмаушы ем, топта қыртын.

зәлике:

Айтыс деген әншейін кеңес емес, Арада болмау керек кектік егес. Қалайша, сен, ертерек ескертесің. Айтыс деген нақ майдан қырттық емес.

Көңіліңе жағады әзіл қандай,

сезесің барлығын да, сен, жезтаңдай. неге отырсың, Аятхан, қуыстанып, Аяқ-табақ ұрлаған ұрылардай?

өткен айда барып ем нағашыма, Жиен жуық, қашанда, нағашыға. Жүрсің бе барып-келіп биылғы жыл, Аяш, сен, сырғалының ағашына?

Аятхан:

не жетсін әзілдесіп ойнағанға, Бірігіп той-думанда тойлағанға. Айтқың кеп неменені, сен, отырсың, ішіңде бір бүкпе тұр ойлағанда?

өркендеп келе жатыр өлгей қала, оянып күн-күн сайын ой мен сана. Қолыммен істегенді мойындармын, Жазықсыз, әйтеу, маған жаппа жала.

зәлике:

Қайтарда жүресіңдер ойлап, қырлап,

«ой – батпақ, дейсіңдер ғой, қыр жақ - құрғақ». солардың ішінде сен жоқ шығарсың, Шоферлерың ұсталды ағаш ұрлап?

Бір үйлі жан – бір үйдің әулеті ғой, сән-салтанат, тамаша сәулеті ғой. ұрламай сұрап алса болмай ма екен, Ағаш та үкіметтің дәулеті ғой?

Жігіттерде ұят аз, кейде арсыз, Қарсы жауап айтуға қамданарсыз. естіген соң, отырмын, әдейі айтып, сол ұрының ішінде сіз де барсыз.

Аятхан:

тайынбас дариядан етек түрген, Қырандай, бұл зәлике, мені бүрген. Ағаш ұрлап жерінен біз артқанда, сақшылар көзін жұмып қайда жүрген?

Кейі шын, бұл сөзіңнің, кейі ағат, Жақсы сөз тыңдағанда жанға жағад. Қайтесіз дауды қозғап өнбейтұғын,

«Қойға да иен жатқан қасқыр шабад».

сөзіңнің басы тұнық, аяғы лай, Көріңіз, берем жауап, тағы сынай. дәніккен дәмін алса қоймайды ғой,

сақшыңыз сақ боп жүрсін мұнан былай.

зәлике:

өлгейдің тауы – тақыр, ойы – жасаң, Әйелміз, қарсыласпай болдым бәсең. Кемістікке кешірім көп болады, Болды ғой алғаныңды мойындасаң.

Аятхан:

екенсің, зәкең ақын, өте зерек, Көзіме көрінесің елден ерек.

түтіні шығып тұрған үй болса егер, ол үйге жағатұғын отын керек.

не ұттық ескі сөзді ұқпағаннан? Қорықпаймыз жасырынып бұқпағанда. Ағаш жақпай, үйіңе, не жағасың? сақта құдай, түтіні шықпағаннан!

зәлике:

сөзің зілді екен ғой әріптесім, Атыңда да тұр екен үлкен есім. сыйласып та сырласып жүрейік, біз, өмірдің, кім біледі, ерте-кешін.

Аятхан:

Келісімге келтірер сөздің шыны, Кек көрмес естігендер, зәке, мұны. ұрласақ, келсін сақшы, төлейік біз, емес қой екі-үш ағаш – ердің құны!

 МОЛдАХАн Мен ШӘМеЛ Молдахан:

Ассалаумағалайкүм, ақын аға, Басқа ақын сізден сөзді асыра ма. сөзіңіз көпке бірдей ортақ еді, өлгейдің қарты менен жасына да.

Шәмел:

Қарсы алдым сәлеміңді молдаш бауыр, іздеп келген ырымың қандай тәуір.

үлкенге кіші келіп сәлем берген, Атам қазақ салты ғой алқалы ауыл.

Молдахан:

сізді естіп келіп қалдым көрейін деп, Әдейілеп сізге сәлем берейін деп.

Алдымда бастайтұғын ағам тұрса, Қуаныш, ойлап жүрем мерейім деп.

Шәмел:

Кәбетай сыбызғышы отыр келіп, Әдепбай келген жоқ па маған серік? Айтысқалы жүрмісің бұл айтыста, өзіңдей жас ақынның атын көріп?

Молдахан:

дарыған жасыңыздан сізге өлең, Бірінші рет жұмысым сәлем берем. Бұлғыннан бір жас ақын келет дейді, сонымен айтыспақпын, нарзан деген.

Шәмел:

мен де тосып отырмын Әдепбайды, Қарт ақын деп естіп ем сөзі ыңғайлы, Айтысар хал-шамаңды ойла, бауырым, нарзан да атақты ақын тоқталмайды.

Молдахан:

Шақырған ақындарды әрбір жақты. сынайын осы жолы берер бақты.

Шешінген дариядан қорқа ма, ата, Бауырың не болса да ұрынбақшы.

Шәмел:

Бой бұлдап, кісі таңдап кетпе тайқап, Баяула алғашында сөзін байқап. тайпалған қара шәрі жорғасындай,

Кетем деп мен де отырмын бір-ақ шайқап.

Молдахан:

Ақындарды естуші ем осындағы,

Кім болса да жүргем жоқ шошынғалы. Көрмеген бұрын жарыс тұйық едім, Бәйгеге келіп тұрмын қосылғалы.

Шәмел:

Айтыстың болады екен жарыстары, еліңнің ойымда тұр табыстары.

Ақынның арыстаны кез болса да, отырмын мен де өзіңдей алысқалы.

Молдахан:

Білем ғой сіздің өлең соққан желдей, Арналы өзен, айдынды асқар белдей. сізбенен кім пар келіп айтысады, Жол беріп құтылмаса қарсы келмей.

Шәмел:

дамыста аймағымыз Баян-өлгей, Кейбір жыл елден кетіп жүрдім көрмей. Бір ойым осы жолы қайтпақшымын, Жастарға үлгі болып, кісі жеңбей.

Молдахан:

Келген көп қой осында қасыңа еріп, Көп жақсы ғой қысылса жанға серік. талай тойда жүлде алған жүйрік дейді, Қайтқаның жөн жастарға жолың беріп.

Молдахан:

«Айтыс» деп ақын аға сізге ұсынды, Бауырыңыз айтысуға көп қысылды. Қорыққан емес, сыйлаймын, қойсақ қайтед, Басқа ғой деп жинап ем бар күшімді.

Шәмел:

Қорғаншықтық айтыста болма ойда, Келгенсің айтысуға жиын-тойға.

Шамаң келсе қорғанбай алысып көр;

«Алыссаң атаңды жық» деген қайда.

Молдахан:

Жинады тамашаға халқымызды, Байқадым мен де сіздің нарқыңызды. Жығылсам ұяты жоқ, аға, сізден, Біледі Баян-өлгей даңқыңызды.

Шәмел:

Бой тартпай келсең кеп қал тіресуге, Ақын сөзі халықтың үлесінде.

Жігіт болсаң менімен айтысып көр, сөзімнің сенім күшті жүйесінде.

Молдахан:

Айтысып сынатайық сөзді көпке, Қатарға отырдың ғой бетпе-бетке. Аяма, «үлкен ғой» деп, әлің жетсе, Бұрын айтыс көрмеген жас екенсің, ренжіме тегеуірін батып кетсе.

Молдахан:

Қалайша көп қарайсың жан-жағыңа, ілінер деп ойлама қармағыңа. ендеше сіз - іздеген, мен - сұраған, Шыдап көр үйіріп кеп шалғаныма.

Шәмел:

орынға ағаң шықты таласуға, таласуда сөгіс жоқ баласына.

сен шалсаң, мен белдесіп көрейінші, Алпыс үш жас қарасын шамасына.

Молдахан:

неге төніп қоймайсың, аға, маған, үлкен сыйлау білсеңіз мына заман. мұның да жөн, ыза боп отырсың ғой, Бес кемпірдің біреуі бұйырмаған.

Шәмел:

ол рас, сыйластықта мына заман, Жолар емес кемпірлер маған таман.

сырымды, сырласқам жоқ, қайдан білсін, Келмейді деп отыр ғой менің шамам.

Молдахан:

Кемпірден неге отырсыз күдер үзіп, Кезінде кездеседі нелер қызық.

Кемпіріңіз өмірден өткен болса, өзгеге қайтесіңіз көзің сүзіп.

Шәмел:

Бауырым сенен сұрар жалғыз сұрақ, маған керек, қартайдым, жайлы тұр. өзіңді нағыз мықты жігіт дер ем, Жіберсең осы жолы басым құрап.

Молдахан:

Әлі де қалмапты ғой еркек затың, ел шығарар деген бар ердің атын. сонда ғана мен мықты екенмін ғой, сөйлесіп алып берсем сізге қатын.

Шәмел:

өмірде көрмегеннің бәрін көрдім, Жақсы менен жаманның соңына ердім. Байқамай бір артық сөз айтып қаппын, Қош аман бол осымен жолым бердім.

Молдахан:

Айтыс болды тамаша бір үлкен той, өзімде жоқ ағатай жамандық ой.

Ағатай, кешірім ет, жолым бердім, Жасың үлкен қадірлі ағасың ғой.

1963 жыл.

ТОҚТАМҰРАТ Пен ҚАБдісіЛӘМ

Тоқтамұрат:

Келдің бе, аман-есен ақын ағай, Жүйріксіз сынға түскен бұрын талай. өлгейге кәр тарланым үш күн қондың, Жай-күйің жарасты ма, қалың қалай?

Аман ба жолда жатқан сіздің толбо1 Келдіңіз ән салғалы қыз бен ұлға. толбода қызыл тілдің қырғиысыз,

сіз жүрсіз ауылда озып жылда-жылда.

Қабдісіләм:

Ассалаумағалейкүм, көп жамағат, мереке құтты болсын сән-салтанат. толбоның көп атынан сәлемі бар, өлгийлік жамағатқа бір аманат.

Айтайын айт дегенде ақау айдай, Ағаға бауыр берер сәлем қайда. Әйелдей аман ба деп бостау көрдің, Қомсынып қапы қалма дүйім тойда.

өлеңге он жасымнан өрлеген соң, Жетіп ем ұлы тойға кел деген соң. нақтап айт жұрт сүйінтіп өлеңіңді, Жол бермес арыным бар жел деген соң.

Тоқтамұрат:

мекенің сенің толбо, Қоңыр өлең, сол елден келіп қапты екі дөнен. мақтанып мадақтайын мен сіздерді,

Шырқалсын бар болса егер сіздерде өлең.

Бүркеген толбо сыртын қарлы тауың, Алдыңда баурың отыр айғай жауын.

 1Толбо Моңғолияның Баян-Өлгий аймағының әкімшілік-аумақтық құрамына кіретін аудан. Ел астанасы Ұлан-Батырдан 1700 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жүретін мұз жастанып, қар жамылып, тілейін қыр елінің аман-сауын.

Келдіңіз шақырған соң ұлы тойға, Бауырыңды шамаң келсе бүгін қойма. Қырандай жаңа ұстаған қолға түстім, замандас шамаң келсе үстінде ойна.

Қабдісіләм:

Бауырым қара сөзге есті десем, Жарар еді дөнен емес бесті десем. Ағаңмен алысып көр ақын болсаң, Кәрі ағаң қызыл тілге желдей ескен. тастадың ә дегенде көз қиығын, өлгейден туып шыққан ақиығым.

Тоқтамұрат:

Ағажан сіз толбоның ұланысыз, Айғайлап қосар топқа ұранысыз. Жаңа заң, жаңа мизам – октябрьдің, саңқылдап үн қосатын қыранысыз.

мен сізді асқар тұтып ағалаймын, Қу тілді бүршікпенен тағалаймын. толбодан келіп қапсыз толықсып-ақ, өзіңді секең ердей бағалаймын.

мен жүрмін жалғастырып айқай артын, Ән салған қазақ атам жақсы салтын. толбоның ақиығы саңқылдаған,

Аман ба, ардагерің, секең қартың.

толбодан өрби өскен бес түлік мал, Ақыным шамаң келсе шарықтап қал, тоғайтып тоқты бағып батыр болған, ер секеңнен жатпай, тұрмай өнеге ал.

Айтысқа бүгін келді менің бабым, сал сөзді шамаң келсе айтар шағың.

Ақын дос адал жүрек мен тілеймін, гүл жайнап дами берсін алда бағың.

Қабдісіләм:

Бауырым өлеңдетші әнің жетсе, Арман жоқ асыл сөзің көпке жетсе. Жүйріктей үйірге түскен қарақтайсың, тақтайға байқап отыр, құлап кетпе.

Атыңнан айналайын бауырым-ай, өлгейдің дәл түбінде ауылың-ай. отыршы қарсы қарап табан тіреп, өлеңнің айтшы кәні тәуірін-ай.

Тоқтамұрат:

Айтамын тәуір өлең жетсе тілім, Жайнаған октябрьде мына күнім. өзің де сөз асылын төкші бүгін, толбодан аңсап келген ақын ұлым.

Қара сай, Қызылбас сай, Ботамойын, тойладық октябрьдің ұлы тойын. табанды таймас әсте екі аяғым, мұқалмас мықты-ақ екен сөзің шойын. Қапыда қалма, аға, сынға келдің, Ақынның бәрін қайтшы қырып-жойып.

Қабдісіләм:

Бауырым сөз сөйлейді асып-сасып, сөйлейін көп алдында жүрек басып. егер де дүлдүл болсаң тұлпар сынды, Бір жерге жығып кетпе алып қашып.

Тоқтамұрат:

Кім біледі, ақын деген бейне тасқын, Келдің де төбемнен кеп әнмен бастың. Қорықпай құйылып кеп түсші қыран, мендағы ойнағы едім қара тастың.

Бап келіп шығып отыр бүгін терім, мақтап айтты-ау қыраны толбо жерін.

өзің де қырдан келген сіңірлісің, ерінбей, талмай шапшы қаракерім.

толбоның үлкен үйі осы аймақ, Артынан боздай ерген мен бір тайлақ. дегенмен түйе табан ойламашы, Жығылып арқам мұз ғой кетпе тайқап.

Қабдісіләм:

Айтайын айт дегенде ақау айдай, толбоның жас қыраны бір талайда-ай. мақтанар өр толбомда тарих мол, тараған кең отанға талай-талай.

Атақты деп қызыл тілмен саспа деймін, Ағаңнан қорқып өзің қашпа деймін. сіңірім көзіңізге неге түсті,

Бауырым сіңір іздер аш па деймін.

Тоқтамұрат:

ініңнің аш пен тоғы қырдың ісі, Қырдың да мал өсіру бел жұмысы. толбода бұзау-торпақ қайтіп жатыр, осыны естісе екен ұлы-кіші.

тимеші қитығыма ағажаным, өзіңді бір тайпа елге бағаладым. толбо көл шайқасы бар тарихта, Аузыңа сол ұлы істі бір алмадың.

Қабдісіләм:

Барымды қызыл тілмен мақтап бердің, Ағаңды көп ардақтап сақтап көрдің. мал тұр ғой адам да өлер тұмау тисе, торпақты тоңып өлген жоқтап бердің. өткен жыл торпақ біраз өлгені шын, дәл биыл тышқақ лақ өлтірмеспін.

Тоқтамұрат:

Ақыным қандай жақсы салған әнің, Қыздырар сөзің батса, менің жаным.

Кете мен мәукетандай озатың бар, Жөн шығар сол ерлерден үлгі алғаның.

Аман жүр, жақсы боп жүр ал ағайын, дәм тартса толбо көлін жағалайын. Балығын өлгий әкеп сатар болсаң, мендағы еңбегіңді бағалаймын.

Балық ал, аң мен құс ат, өсір тауық, Жортып жүр толбо көлде ойнап-шауып. соларды жан аямай ау сап ұста, Алайық табиғатты солай сауып.

Қабдісіләм:

Бауырым айтып отыр сөздің расын, ойға алар бұл ақылды жас пен қартым. сол кезде қапы қалма ырғын дудан, түріп тұр құлағыңды, бауырласым.

Тоқтамұрат:

Бұл ақын шын-ақ мені мықтады ма, Бұлтартпай қырқай шалып жыққаны ма. Ақыным бір ай болды білмедің бе, өлгийден аң бригады шыққанына.

Арман қып әр нәрсені қозғайсың ғой, Аңшысыз опық істі оңдайсыз ғой. ойнаған шың басына таутекені, Атып ап бауырыңа жолдайсыз ғой.

мал кеміп аздау болар биыл соғым, менің де сізге жақсы қарын тоғым. Атқайсың дүзу көздеп жеңгің келсе, Жүрмесін текке қаңғып атқан оғың.

Қабдісіләм:

Атыңнан айналайын бауыр жаным, Келмейді ән салмасам менің сәнім. Берейін өзім атып рұқсатын бер, толбодан сол аң болса сағынғаның.

Тоқтамұрат:

Қалды деп комиссия отыр екі-ақ минут, Бауырыңды алдың талай сөзбен түйреп. Берейін рұқсат алып комитеттен, таутеке ат, терісін де алғын илеп.

Ақынға сөз соңында тапсырарым, даңқыңды мен дәріптеп асырармын. Айтысты ауылыңда өркендеткін, Көмекке әзір болып мен тұрармын.

Айтысты толбоға апар жалғастырып, Қыр елі сүйіп тыңдар малдас құрып. осылай уақытша қош, ақыным,

осы әнді айтып жүргін алмастырып.

1970 жыл.

ТОҚТАМҰРАТ Пен еГеУХАн

Тоқтамұрат:

Келдің бе аман-есен, асыл құрбым? Бұлағы сарқылмайтын өлең-жырдың. Цамбагарав1 қыраны саңқылдаған, Алдыңда қарсы алуға дайын тұрмын.

Жон жайлап, қыр қыстаған шопан халық, Берейік солар үшін әнге салып.

өлгейге жайраң қағып келіп қапсың, Айтыссам деп жүр едім іздеп барып.

егеухан:

елімнің мен бір ерке киігімін, Алмалы, алмұртты жер ұйығының. өзіңе өлгей ордам жеткізейін, сәлемін Цамбагарав биігінің.

Халқымыз қарқындады табысы өрлеп, еңбекпен алға басты құлаш сермеп.

1Цамбагарав Моңғол Алтайының жүйесіне жататын тау шыңы.

Қия шың Қызыл күңгей құшағында, ел аман, қимыл ерен, малы төлдеп.

Тоқтамұрат:

сағыным жүрмін, егеш, бір өзіңді, Жібектей жанға жайлы мінезіңді. ерінбес құрыш білек құрылысшым, тұрғызды өлгей атты күмбезімді.

егеухан:

сәулетті өлгей қала ақ күмбезім, туғызған ұрпағына ыстық сезім. Қаласты ірге тасын халқым түгел, өсірген бір бұтағы менің өзім.

Құрбыжан сөз сөйлейсіз сыйлап «сіз» деп, ойыңнан өлең шығар тізбек-тізбек.

Қорғалап бармадыңдар, көп тосып ем, Аттарың жетпеген соң келдім іздеп.

Байқарсың менің аяқ алысымды, еңбекте бермен саған намысымды. өлгейде өндірістер толып жатыр, Айт, тоқа, қипақтамай табысыңды.

Тоқтамұрат:

Қыры мал, байлығым сол, суы балық, еңбекпен шұғылданған тәмам халық. Қырықтай мекемеден сынға түсіп, Алпыс үш озат шықты жүлде алып.

Қоғамды бар қауіптен сақтар ұйым, міндеті жеңіл емес, білем, қиын. уатхан милиционер озат болып, Жемісті еңбегінің көрді сыйын.

Бітпеймін бәрін санап бүгін саған, Айтуға жетпей жатыр және шамам. өкілі егінші мен малшылардың, Айта кет табысыңды сен де маған.

егеухан:

Қашанда өнерліге өнерлі пар, Кезіксе сендей теңдес сөз ағылар. түбітті көрсеткіштен артық алған, отандық саңлақ болған Адайым бар.

Артады дос қадірі досыменен, табыс туар көңілдің хошыменен.

Байсолтан тұңғыш тіккен «Ақ отауды», Жетіге жетті саны осыменен.

үлгі алып, озаттардың қуып жолын, сан қилы жетістікке жетті қолым. өткен жыл түлігімен малым өсті, сұмыным иеленді екінші орын.

Жастарым жарыста озып жалындады, дихандар еңбегімен танылғанды. гектарынан қырық тонна картоп алып, овощпен бір аймақты қанымдады.

Тоқтамұрат:

рақмет жұрт қуанған табысыңа, сәлем де Адай атты арысыңа. ортаңнан әлі де озат туа берсін, Шабыстан шабыс қосып шабысына.

егеухан:

дүбірлі той мереке биылғы жыл, Көмейден төгіледі өлең мен жыр. ұлы еңбек табысымен шашу шашып, зор талап, үлкен міндет алдымда тұр.

Тоқтамұрат:

елімнің құттықтаумен алпыс жылын, еңбегім арналады өлең-жырым. үкімет қамқоршы ғой бөбектерге, Арнайы атап отыр бала жылын.

Адамзат аңсағаны бейбітшілік, Қантөгіс тілемейміз ешбір бүлік.

Болдырмай соғыс өртін ауыздықтап, Әлеммен үндесеміз құлақ түріп.

егеухан:

Білемін оқушылар жылы екенін, отаншыл, шыншыл ұрпақ түлетемін. Ананың бар мейрімі бала үшін, солардың шат күлкісін күзетемін.

Жеріме құт ұялап, бақ түнеді, Адамдар бейбіт күнде шат күледі. Әлемде бейбітшілік үндеуіне, Ананың ұласады ақ тілеуі.

Ауылыма ертең қайтып аяңдайын, өлгейден көргенімді баяндайын. олқылық ортаңда бар орын тепкен, Әй, тоқа, айтпай кеттің осы жайын.

Тоқтамұрат:

егеухан біледі екен барлық сырды, Алдымнан алдай келіп қақпан құрды. мадақтап өлгейімді мен отырсам, сөзімді бопсалаған жалғыз ұрды.

егеухан:

Қазбалап тізер болсам табылар мін, талдамай кемістікті бүркеді шын.

деген бар «сын түзелмей, мін түзелмес», ортаңда өрістесін өзара сын.

осымен сөзім бітсін тәмамдалып, Әр сөзге төреші ғой мына халық. малымды егінменен қоса өсірем, Алдыңда ел атынан міндет алып.

өлгейім үлкен орда, ата-анам, Аман бол үлкен-кіші, бала-шағаң.

замандас ақын тоқа, сен де аман жүр, талабың тасқындасын арындаған.

ТОҚТАМҰРАТ Пен сАҚАБА

Тоқтамұрат:

Келдің бе аман-есен кәрі қыран, Жасыңнан айғай қуып салдың ұран. Қасымнан қайда жүрсем бір қалмайсың, сор түртіп қарсы алдыңда дайын тұрам.

мен болдым екі күндей алысқаның, Аздай-ақ жиырма жылдай шабысқаның. түлкідей орағытсам алды-артыңнан, Қапы қап алданарсың «арыстаным».

сақаба:

Жүрсің бе аман-есен, ақын інім, Алдыңда кез боп қалдым, міне, бүгін. Желкеңді қылыштайын қимақ болып, суырылған қынабынан қызыл тілім.

Күшіңе тұра мініп бастың тісті, Бәріне көрсетпек боп айттың күшті. сен мені «арыстан» деп кекетесің, Көзіңе жұдырықтай шалың түсті.

Кернейсің сөз таппақ боп тамағыңды, Кім қорқар түйгенменен қабағыңды. Бақшада жаңа піскен сен бір жеміс, үзейін аямастан сабағыңды.

Алдыңда құрулы тұр қайың тезім, дір етіп жасқанбайды алғыр сезім. Жерімді қайта түсер абайлармын, Жайнаған қыран құстай екі көзім.

Тоқтамұрат:

Жымпиып тағы келді «тапал қара», сөзбенен көңіліме салып жара.

Адымың бүгін сенің ашылмайды, Шығам деп ойлама шал, жалғыз дара.

сен неге бұл соғаққа көп келесің, Ауады осы жаққа ақыл есің.

Бұл жақта алаңдарың бар ма, шалым, ел естіп айтып жүр ғой әңгімесін...

сақаба:

Алдыңа «кенең» келді шағайын деп, Қыбыңды осы жерде табайын деп. Болсам да қанша тапал сендігім бар, тірідей сөзбен жерге қағайын деп.

дауысым қартайғанда ызбаласын, Желігі басылмаған бозбаласың.

Көп болса кемпірлерге мен сөйлестім, несіне жаман бала қызғанасың.

сен маған не себепті дейсің «тапал», онан да мендей шалдың үлгісін ал. Алдымда молдаханды «талқандадың», тиісетін шал біткенге не қақың бар?

Тоқтамұрат:

мынаның барлық сырын сайратайын, өлгейге қылмысты деп айдатайын. ел айғақ мына отырған, айтқаныңа, Жеңгейге мен сорыңды қайнатайын.

сақаба:

Япырмай, бұл түйнектің пысығын-ай, Қарай көр тапқан «қылмыс» ұшығын-ай. Шынымен әпекеңе айтып барып, Жездеңді бір пәлеге түсірдің-ай.

Тоқтамұрат:

үйіңнен ұзақ жүрсің бүгін өзің, дәрі ғой көпке айтқан қалжың сөзің.

Бір сыбыс арт жағыңнан жетіп барса, төрт болар алақандай екі көзің.

онан да қара таспа, аузымды жап, Айтарым ерте бастан үйіңді тап.

өзіңше бозбала боп жүремін деп, Қаңғырма айдалада сенделіп қап.

Аузына сөзі түспей қорғалайды. Алдымда бөденедей жорғалайды. сәт болса тоқаң бүгін сақабаны,

Байланған жан торсықтай олжалайды.

сақаба:

Ағайын мына сөзді қорытасың ба, мұндайдан жүз келсе де қорқасың ба. Шынымен жайраң қағып әнге салсам, тілімнің домалар ең ортасында.

тиістің жаман бала бурыл басқа, Кезіктім деме бірақ есуасқа.

Бас шайқап, көзді жұмып тістенесің, далаға жақтырмасаң сүйреп таста. Қайтеді деген сайын есіресің, Қыбыңды табар бүгін «қара таспа».

Болдың ба әбден сөйлеп бағанадан, Пар келмес деп ойлама саған адам. Албаты ақынмын деп дауырықпай, Жөн шығар өзіңді өзің шамалаған. теңізде еркін жүзген ақ қайраңмын,

Қорықпаймын шаңқылдаған шағаладан. өзіңдей талай-талай жел өкпені, Ақынмын қызыл тілмен сабалаған.

Алқынбас кер даланың жүйрігімін, Көмбені жалғыз қара жағалаған. өлеңмен бүрін жайған мен – бәйтерек, ығымда сен бозторғай паналаған. тайпалтып көңілімнің бозжорғасын, Бүршіктеп қызыл тілді тағалағам.

Астына көлік беріп кел қыдыртып, есіртті екеумізді мына заман. осымен сабаламай тоқтатайын, тыңдады барша халық бағанадан.

Аузыңды жабайын ба, қара бөрім, Алдыма айдап келген арам терің. Ал, кәне, осыменен біз тоқтайық,

сал-думан бола берсін жүрген жерің.

Ағайын келіп отыр үлкен-кіші, дегендей: «Алтын бесік – елдің іші».

Болса да бұл – арыстан, мен бір – тышқан,

«тышқанға түсіп отыр пілдің ісі».

гүлденген бәйшешектей бұл бір заман, Күн сайын қарқындаған алға таман.

Жиналған көпшілікке тапсырарым, Алып бер биылғы жыл төліңді аман.

Тоқтамұрат:

өзің де аман-сау жүр «арыстаным», Жығылар өткір тілден алысқаның. менікі қыздырмаққа айтқан қалжың, мұндағы аман болсын «таныстарың»...

1984 жыл.

сАҚАБА Мен еГеУХАн

сақаба:

Келдің бе аман-есен екі аққуым, Көтерген еңбекпенен отан туын. Кешегі сара менен Біржан құсап, Әніңе сал, егеухан, буын-буын.

Келдің бе Баяннуурдан аман-есен, Жел сөзге жан едің ғой дардай шешен. өзіңді көрмегелі көп боп қалды,

Жайнаушы ең қарсы алдымда өлең десең.

егеухан:

Шұғылалы өлкеміз, ауылымыз, мерекеге арналған бұл әніміз. Барша Әлгей халқына айттық сәлем, Біз Баяннуур жіберген ұрпағымыз.

үлкен тойым октябрь мерекелі, Қызу еңбек шабытты өлең берді. еңбек ері өлгейдің солтан, закең, Баяннуур халқы соларға сәлем берді.

сақаба:

ырғайдан қамшы шығар, уық шықпас, сөзімді біреу ұғар, біреу ұқпас.

сен жеттің келген жерден тапалыма, егеухан, ақын едің сөзің жұптас.

сөйлесең ақылдыға – ойын айтар, Ақымақ - құр сорайған бойын айтар. Аңғалдық - қазылған ор, алдында тұр. Бұл жерде ақын бар ма оны байқар.

Жел сөзді бертінде мен құрағам жоқ. сондықтан кей ақынға ұнағам жок. Қалайша келмей жатып мінімді айттың. Бойыңнан бере көр деп сұрағам жоқ.

егеухан:

ұнасады киімнің етек-жеңі, Қандай жақсы жігіттің болса өңі.

замандас деп қолымды арта салсам, ұнар еді-ау бойыңның болса теңі.

сөзіңменен құрбыжан жарасасың, ойың жақсы, сонымен таласасың.

«Ақиығым ақын» деп ертер едім. иығымнан келетін аласасың.

сақаба:

сенен бой қысқамын деп ұрлайым ба, мойнымды басқа жаққа бұрмаймын ба. өзімді құдай қара жаратқан соң, Әкеліп ақ сырменен сырлайын ба. егеухан, қалжың сөзін қоя тұрсын, өлеңін басқа жаққа бұра тұрсын.

табысын Баяннуурдың бір мақташы, Жиылған мына халық тыңдай тұрсын.

егеухан:

Шығады ән шырқасаң даусың ашық, Ширығып әр сөзіңе қатты састық.

Алпыс жылдық тойыңның құрметіне, Баяннурдан ақ алмадан шашу шаштық.

сақаба:

сөзіңді тыңдап отыр халқым жалпы, Бұл айтыс қазағымның ата салты.

Басқадай Баяннуурда табыс жоқ па, Бір емес ақ алмаңды айттың алты.

егеухан:

өлең айтса ақын жан сөзден ұтар, Жаңалықты әркім де білуге зар. еріп жүр, ауылымда табыс қалың,

озып шыққан сауыншы Әйнегім бар.

Айтыста сөз тоқтайды ақиқатқа, Айтқан сөз түсер кейін есеп хатқа. Картоп алған отыз тонна әр гектардан, Күнәйім жүр советте саяхатта.

сақаба:

Азғантай тауығыңды Бұғыты алды, тұқымы сарлығыңның құрып қалды. Әкелген картоптарың құмырсқадай, тауыстың кесіп жағып қайың, талды.

егеухан:

Әрбір сөзің, байқасам, отты шала, Айтылады сын болса ақ пен қара. тауық пенен сарлықты дұрыс айттың, Құрттың деп қайың талды жаппа жала.

сақаба:

сөзімді менің айтқан деме жалған, елімде азамат көп көзін салған.

«Баяннуур тал-теректі қиратты» деп, ескертіп жоғарғы орын қаулы алған.

Жел сөзге жан емеспін онша епті, Жаттама өлеңім бар азды-көпті. өлгейден осы жолы үлгі алып кет, суыңнан жалғыз паром ұрлап кетті.

егеухан:

машинамыз паромнан өтіп жатыр, тура жолмен төтелеп кетіп жатыр. термеледің өтірік көп фактіні, Байқап айтшы, ақыным, түйіп ақыл.

төрт қабаттың астында магазин бар, зат алуға әрқашан әркімдер зар. төге салар тәттіні «қағаз жоқ» деп, сен, сақаба, ойланып мұны ұғып ал.

лақпаңды аралап барған едім, Біраз тәтті саудадан алған едім.

«Қағаз жоқ» деп дүкеншің ұрысқан кезде, тесік таппай кірерге қалған едім.

Қара сөзге, сақаба, өрлейсің бе, Кемістігін өлгейдің көрмейсің бе? Болушы еді қағазы - зат орайтын, Жоқ болса тауып, сақа, бермейсің бе?

сақаба:

Қағазды мына сақаң өндірмейді,

Бос сөзге мұндай нәрсіз жеңдірмейді. Қағазы бүгін біткен кейін келер, ойлама енді қайтып келтірмейді.

егеухан:

сөз таппассың бұл жолы сақаң пақыр, Жұрт тыңдайды сөзіңді іске татыр. тәтті орайтын қағазың складта,

Кіріп едім, алдымда тең-тең жатыр.

Қайдан ұқтың сауданың алалығын, сатушының еріншек шалалығын. мәдениет саудадағы орын тепкен, Жоятын кезің болды қаралығын.

сақаба:

Барған ем Баяннуурға сауда алып, (мен емес жалпақ халық жатыр алып). Баяғы біз секілді қағазы жоқ,

Кетіп ем етегіме мен де салып.

Әр жерде сауда ісі тегіс емес, мына сөз болып кетті қысыр кеңес. тиісті жерін тауып айта алмадық,

Жұмысты жақсартатын ертеңді-кеш.

егеухан:

осыменен ақыным қош болайық, тым аласа болсаң да дос болайық. Кезіккенде, ей, сақа, аман түзу, осы сөзді әрқашан еске алайық.

сақаба:

Аспаннан бұлт түзелмей күн түзелмес, деген бар «сын түзелмей мін түзелмес». тапал деп сақабаны қорлағанша, есіңнен шығармай жүр ертелі-кеш.

тапал демей беріп ед, атам, қызын, татырып разы боп дәмді тұзын. таңдап алсаң айтыста қой дегем жоқ, өзіңдей сырық дене, бойы ұзын.

сАҚАБА Мен ҚАПИзА

сақаба:

Жүрсің бе аман-есен Қапиза ақын, мақтайды майталман деп мына халқың.

өнерлі талай ұрпақ өсіріпсің,

тәлімді сен бір жансың ашық-жарқын.

сыйласқан ағайынбыз «сіз» бен «біз» деп, Кәнеки, жырыңды төк тізбек-тізбек.

Жасымнан айтыс құмар бір жан едім, Қалыппын лебізіңе мен де шөлдеп.

Қапиза:

салайын мен де әніме келсе шамам, Бұлбұлдай сайратқан соң мына заман. Жатырмыз ногоннуурды мекен етіп, үй-ішім, ауыл-аймақ бәрі де аман.

саулаған тасбұлақтай сөзің басым. ұқсайды туған айға қиғаш қасың. Аймақтан іздеп келген сақаба ақын. Аман ба ауыл-аймақ, кәрі-жасың?

Білуші ем бұрын мен де өлең жәйін, Кәртейдім, енді өлеңді неғылайын. Кешеден сен іздеді дегеннен соң, Шайқасып қалайын деп келдім дайын.

өлеңді айт дегенде ағыласың. Әкел деп ақыныңды қағынасың. Қалыпсың елу асып, байқағанға, өлеңді, шалым, енді неғыласың.

сақаба:

Бар екен дарын сенде кәрі тарлан, Бурылдап ақ самайың қырау шалған. өнерге ұл мен қызды тең өсірген, Қапиза, айтшы, сенде бар ма, арман?

Кей адам қорғалайды үнін аяп,

сөз шықса-ақ өкпелейді бұра-саяқ. Алдыңа бір тұстасың аңсап келді, тізеңді тиістіріп отыр таяп.

отанның таңғаласың дабысына-ай, Жүйріктің шаң боратқан шабысындай. үлгі алсын ұрпақтарың бір өзіңнен, Басқаға жібермейтін намысыңды-ай.

Көкейге қымбат әуен ұялатқан, Ақындар сөзіменен бақыт тапқан. Болғанмен өзің кәрі жүрегің жас, Жүйріксің алып-ұшып өрге шапқан.

Жел сөзге он жасымда болып үйір, мінеки елу төртке шықтым биыл. Қасыңда күнде сайран салар едім, Қапиза, амал бар ма, жерің қиыр.

Қапиза:

өлеңді айт дегенде ағыламын, салмасаң Қалилашқа сағынамын.

Әй, сақа-ау, сайран салам дейсің маған, тырнақтай қара шалды нағыламын.

Жаныма отыр дейсің бері таман, сақаба-ау, қалды екен қанша шамаң. сайран сап күнде үйге бармай-ақ қой,

Жүргем жоқ мен таба алмай сендей адам.

сақаба:

өнерге кәрілік жоқ біздің тұста, Қапиза тізгініңді тарта ұста.

Көрмеймін өзім сені қыздан төмен, Қолыма түсе қалсаң қапылыста.

түйеге ашылаған соры тұздай, Шалдарға мен сияқты кемпір қыздай. Білегің білегіме тиіп кетсе,

денемді тоңдырасың қарып мұздай.

Көкейден сөз шығады тізбек-тізбек, Жақсыдан кей жамандар күдер үзбек.

Қатысам әдебиет күндігіне, өлгейден келгенім жоқ кемпір іздеп.

Қапиза:

сақаба қолың жетпей аһ ұрасың, Жалтарып әзіліңді батырасың.

Келмесең кемпір іздеп түу өлгейден, екі-үш күн зар боп неге шақырасың?

Жасымнан мен де өзіңдей өлең тердім, Қосылған талай топқа қарагермін.

«Бір кемпір қайтсеңдер де тап» депсің ғой, түн қатып соны естіп әдейі келдім.

Қояйын мен бір сауал, сақа, саған, Жеңіп қайт осы жолы келсе шамаң. Шынымен мені іздеп келген болсаң, Кәнеки, алып келген сыйың маған?

сақаба:

мен сені шақырғам жоқ алайын деп, Бір сайран ауылыңа салайын деп.

Ақындық өнеріңді көрмек болдым, Айқасып бір азғана қалайын деп.

Қапиза:

сақаба, кемпір іздеп қағынасың, сен мені қыздай көріп табынасың. Ақынсың атың шыққан барлық елге, неліктен қайта-қайта жаңыласың?

сақаба:

тай тұр ғой, құнан тұр ғой, дөнен тұр ғой, Қатты ағаш қайың сынар, емен тұр ғой.

Әуенім арнасына келмей отыр,

Жел қағар мылтық оғын, өлең тұр ғой.

Бітеді көк жапырақ сары ағашқа, Жаңылмас жақ болмайды қара баста.

Қырандай қылт еткенді іліп түсіп, Қапиза, қапелімде ала қашпа.

мекені жарқанаттың жар болады, мінезі ойсыз бастың тар болады. Артыңда өзің кетсең сөзің қалсын, саған да ертең халық зар болады.

өлгейден мұнда келдім өзіңді іздей, сыйласқан көз көрген соң сіз бен біздей. Аман жүр қайда жүрсең Қапиза ақын, Кәртейдім деп өлеңнен қолыңды үзбей.

Қапиза:

сақаба сөз сөйлейсің алып-ұшып, мініңді өзің түзеп, езің пішіп.

Айтыссам бір-екі күн желдей қақтап, Берер ем қара өлеңнен көп түсінік.

салғанда әнің, сақа, көңілге тоқ, сынайды айтқан сөзді жиналған көп. Шұбыртып шапшаң айтып жөнелесің, Байқасам кей сөзіңде түсінік жоқ.

сақаба:

Алдымда ақын отыр мінеп-сынап, сен емес, халыққа отыр сөзім ұнап. Жібер деп аттың басын аялдамай, Кәрі жүрек кеудемде тұр тайша тулап.

мен емес қалжыңыңа көнетұғын, Қаңбақтың жалыны емес сөнетұғын. Қайқы төс, қандыбалақ мен боламын, Қиядан қызыл көрсе төнетұғын.

Қапиза:

өзің таныс болғанмен аулың алыс, Бар екен өлеңіңде дардай шабыс. Көп жылдар тізгіншісің, сақа, өзің, Шығардың еңбегіңнен қандай табыс?

Жүлде алдың айтысыңмен топта талай, үкімет баға беред еңбекке сай. машина ұстасаңда талай жылдар, Жақсы атың бір шықпайды, осы қалай?

сақаба:

Қапиза, мына сезге құлағың сал, Жақсының шамаң келсе, үлгісін ал. Куәсі табысымның сол емес пе,

мен алдым үкіметтен төрт-бес медаль.

мен дағы тек жүрмеймін жел сөз құрап, Әр жерді шарлап жүрмін тізгін бұрап. өзің қандай еңбегіңе сыйлық алдың, Қапиза, мен қояйын қарсы сұрақ?

Қапиза:

Ақындар бір-біріне келмейді пар, мен-дағы еш нәрсеге емеспін зар. Кеудемде міне тұр ғой «Ана даңқы», Атақты сауыншылық сыйлығым бар.

сақаба:

сәндісің төскейдегі малыңменен, өлеңді қадірлепсің жаныңменен. Қапиза мендей шалды неғыласың, Қоса ағар қосақталып шалыңменен.

үкімет арқа сүйер бір биік бел,

Халқың бар, төрт түлік сай, бір айдын көл. Аман жүр қайда жүрсең, ақ тілегім, Баулыған ұрпағыңның қызығын көр.

 МҮТӘй Мен сАнсызБАй Мүтәй:

Ән салып тайпалайын осындайда, Шабытым шалқушы еді жиын тойда. тұрамын Шарынголда, ал өзіңіз,

Кім еді ат-жөніңіз, ауылың қайда?

сансызбай:

сансызбай менің атым, әнге салған, дауысымды естіген жан қайран қалған. мекенім Баян-өлгей, тұлба сұмын, Аямас дәм-тұздарын келген жаннан.

мүтәйдің сынға түсер бесті күні, Жоғалар жаман әдет ескілігі.

ел-жұртым ол жақтағы есен-аман, тең өскен жыл-жыл сайын бес түлігі.

таныстық арасанда Жанчивлан, теңдікте еркін өскен сен бір құлан. Жоспарын бес жылдықтың орындауға, Биыл да сенім беріп, салдық ұран.

тілеуі қабыл болсын осы жолдың. Барлығын біліп қапсың оң мен солдың, Біржан сал іздеп келген сара ма едің, Айта бер жаңалығын Шарынголдың.

Мүтәй:

Алса да үлкен жұмыс міндетіне, Жетеді жігерлі адам шын сертіне. еңбекшіл әрі жомарт халқымыз бар, Бөлейді жақсылықтың құрметіне.

Адамзат жасарады өмірменен, Пендені отқа салар көңіл деген. табыс бар Шарынголда екпіндеген, дарханды қанымдаймыз көмірменен.

осылай жерімізде бақ тасуда, Батыр бар Цэрэндорж шахтасында.

танылған «гавъяат» боп Базарлар бар, Қабиден жүлде алады аптасында.

сансызбай:

Бар екен Шарынголда үлкен табыс, Асықпай танысуға ауыл алыс.

дауысың сылдыраған жан екенсің, секілді бұрқыраған бұла ағыс.

туған жер қыран ұшар тұрғысындай, Жас шақта жан болар ма құрбысындай. өлгейдің қай жерінен түлеп ұштың, Айналып барып тұрар жыл құсындай?

Әнің әсем, дауысың сызылады, Көркіңе көрген адам кызығады. сөзіңе мінезің сай жан екенсің, Көңілім сен дегенде бұзылады.

Мүтәй:

Азғанты туған жерім ала таулы, Баса алмас семіздіктен мал атаулы. Біржандай іздеп келсең сол өлкеге, тіккізіп айтысар ем ақ отауды.

есен жүр қайда жүрсең асыл кұрбы, Кезікпес іздегенге сіздей тұрғы.

Жүректе арман кетті мазалаған,

Кең толғап айтыса алмай сара сынды.

сансызбай:

Әніме сала жүрші есіңе алып, ұрпағың ақын болсын өлең дарып. дес бермес өлең сөздің дүлдүлісің, өзіңді бағаласын тәмам халық.

өмірге көз жіберіп қара мына, еш бөгет болмаса да талабыңа.

Аман бол көріскенше қайта айналып, тірлікте жас келмесін жанарыңа.

1987 жыл.

КӘМей Мен сАҚАБА

Кәмей:

өлгейден, ақын сақа, келдің бе, аман? Алдыңда кібіртіктер тілім шабан. сайысып бүгін біраз байқастайын, Асылды өздеріңдей қайдан табам.

сақаба:

Армысың бұлбұл құсы – Цамбагарав, Жасыңнан ақын болдың өлең дарып. өзіңдей дүлдүл тусын ұрпағыңнан, Айтыскер сөз зергері үлгіңді алып.

Жүрмісің өзің де аман қызыл гүлім, Алдымда сайрап тұрған жыр-бұлбұлым. өзің біл неғылсаң да, тәуекел деп, Алдыңа келіп қалдым, сенің, бүгін.

Арт маған аямастан шамаң келсе, орнымнан тұрмастай ғып сөздің жүгін. өз мінін өзі білмес екі даугер,

таниды тындаған ел кімнің кімін.

Ақынның бүгін сенсің данасы да, өсірген ұрпақтардың анасы да. өзімді ұқсатайын Біржан салға, Жолықпақ Баяннуурдың сарасына.

Күн санап көркеюде мынау қала, Бір кезде бұл жер еді құба дала.

Ал, кәне, шамаң келсе айқасып көр, Алдыңа келіп қалды бір «бозбала».

Кәмей:

ендеше, қасқая кеп мен сөйлейін, Басыңды ешбір жанға теңгермейін. Жаспын деп іздеп кепсің, шал да болсаң, өзіңді жас жігіттен кем көрмейін.

Жиылған бүгін мұнда қалың адам.

«Берме, - деп, намысыңды» отыр, маған.

мен сені шал екен деп қомсынғанмен. Жігітін өлгейіңнің қайдан табам.

сақаба:

Қазира ақын болды үлгімді алған, Жерім жоқ алға шықпай артта қалған. Жүрегің, шашым көріп, айнымасын, Ақ емес, самайыма шоқа тамған.

Жастық шақ түспес енді қолымызға, Қосылмас қыс пен жаздай жолымыз да. екі шал «бозбала» боп сөз бастайық, маңдайға тағдыр жазған «сорымыз» да.

Кәмей:

Келдің бе есен-аман, екі-ай шалым, Белгілі болып қалды шалдар халің. саусылдап есе бермей, жастарға жол, өздерің ұша берсең жүрмес балың.

Келгенде қара өлеңге көпірмедім, Айтысқа ысылып мен жетілмедім. Қазира аты әйгілі ақын болды, өлгейден өзге жасты өсірмедің.

сақаба:

Айтысқа келіп отыр екі шалың, екеуі «лаулап тұрған қызыл жалын».

Алдына кім келсе де қайтпайды екен, Кеудеде тулап тұрған құрғыр дарын.

мұндайда шаршамайды тіл менен жақ, Айтыстан қайтқан емес, сірә да бақ. өлгейде дүлдүл ақын бар-ақ еді,

Бұл жолы келе алмады «босанып қап».

Кәмей:

уақыт ұзақ емес, аз-ақ екен, сөз табу аз уақытта азап екен.

Япырмау, «ақын еркек босанғаны», тарихта естілмеген ғажап екен.

Артыңнан ерген, кәне, бар асылың, Ақыны жоқ па өлгей қаласының? Босанып үйде қалған тоқтамұрат, Болсын де «Бауы берік баласының!».

сақаба:

өлгийді араладың, Кәмей, қашан? өзіңді бүйте берсең сөзбен басам. үйіңнен шықпаған соң не білесің,

топ жарған тоқтаған мен ақын машан.

Кәмей:

ентелеп елге кезек бермей жүрсің, ізбасар шын жүйрікті көрмей жүрсің. Көп болса өлгейде ақын, жалғыз ұшпай, соларды ертіп неге келмей жүрсің?

сақаба:

Ақын бар ел ішінде талай мықты, Бұл Кәмей неге маған тілін сұқты? Жатылған жорға емес көп айтысып, екеуі топ алдына биыл шықты.

Кәмей:

Қалаңа, жолым түсіп талай барғам, Пұлыма өндірістен етік алғам.

Көз алдап бос желімдеп сірі өкшесін, Балалар он күн кимей түсіп қалған.

сапасыз өнім берер өндірісің, мойындап, өзің айтшы, ең дұрысын. саналы іс, сапалы өнім - басты мақсат, Қолыңа ал біріктіріп білек күшін.

сақаба:

Білмейсің размерін, тарды аласың.

«тігістен жарылды» деп зар қағасың. Алдың ғой басқа аймақ, өзге жерден, Басқаның жаба берме бар жаласын.

Шырағым, жамандама ұйымымды, Берсең де қолдан санап тиыныңды. Апарып, кім тіксе де, жөндетейін, Қайтып бер, ақшаңды ал да, бұйымымды.

Күн кетті - мәсі киер көк кебіске, Кемістік болмай қалмас біткен істе. Картобың бірі үлкен, бірі кіші, Байқашы, бес саусағың теп-тегіс пе?

Басқа ақын сендей қарсы келе алмайды, Қазбалап кемістікті жеңе алмайды.

«Асын ішіп, қазанын шағушы» ме ең, дүкенің бөтелкені неге алмайды?

Кәмей:

Бармасақ жөн еді ғой бұл егеске, Ақынның жүрген жері гүл емес пе? Басшылық үлкен жерден болады ғой, Алынбай өлгейде де тұр емес пе?

Қарагер аяғынан шалдырмаса, Ақсақал көңілімді қалдырмаса. сұмыным қайда апарар бөтелкені, Комбинат керексіз деп алдырмаса?

сақаба:

Бір тілек, халқым отыр, айт деп қалап, сен-дағы осы сөзге қойғын талап.

«Қанар мен бөтелкені алсын» деген, Жуықта радио жариялап.

Қашанда үнемшілдік үлкен пайда, түйрелген қызыл тілім саған найза. ұранын партияның ұмыттың ба,

«тамшыдан тонна үнемде» деген қайда?

Кәмей:

ұсталған өз сөзіңнен өзі сорың, Шоферсің тізгінде өтер еңбек жолың.

«тамшыдан тонна үнемде» дедің және, Бензиннің жинап алдың қанша қорын? Ал, сақа, өнер шыңға өрлет деймін, Айтыспен алқа жұртты тербет деймін. үйретіп үлгі беріп, сөзге баулып, Айтысқа жастар қолын сермет деймін.

сақаба:

сөз шықса кешіре гөр оғаш саяқ, Жастардан жүргенім жоқ өнерді аяп. Жиырмадай шәкіртім бар артыма ерген, Бәрі де айтыс үшін қылған талап.

Қызыққа шат заманда жүрмін батып, Ән салып жалпақ елдің дәмін татып. істейсің қандай жұмыс айтшы маған, Босқа дау сайлаймысың үйде жатып.

Алдыма кеп отырған сен бір дана, еңбекте бала өсірген талай ана. отанға үлесің қос, еңбек сіңір,

сөз сыбап, үйде жатып жаппай жала.

Кәмей:

Келгенде қара өлеңге көңілім дана, өсіріп үйде отырмын тамам бала. Ананы бос отыр деп неге сөктің, өсірген сені-дағы емес пе, Ана?

Әдептен, сақа, асып жаңылмай жүр, мен қашан жала жаптым, қағынбай жүр. Жерімде өндіріс жоқ, адамы көп, орынды бір шаруа табылмай жүр.

Жатырмын өзім өскен мекенімде, мекенімнен алыстап кетемін бе? Қарызым бар, естеріңде жүрсін әйтеу, сақаба мен молдахан екеуіңде.

сақаба:

Жан жолдасым, ұстазым қасымдағы, Әдетім әйел сыйлар жасымдағы.

Жүрерсің өле-өлгенше есімізде, Бір қиял өзің болып осындағы.

Адамдық ұмытпаймын парызымды, Бұрын неге айтпадың арызыңды? екеуімізге шынымен жүктетсең, сен, өтейік өкінішсіз қарызыңды.

Айтайын біраз ақыл есіңе алсаң, табылар сауға еңбек қайда барсаң. ол-дағы отаныңа қосқан үлес, Қолыңа күрек алып егін салсаң.

рахмет талабыңа бұлбұл құсым, Көрмей өт бұл өмірдің ызғар қысын. сөзімде қате балса кешіріңдер, Жиылып құлақ түрген үлкен-кішім.

разымыз мұнда отырған барлық жанға, Адастырды Кәмей мені біраз шаңға.

Бір кемпір келе ме деп көңілді отыр, орнымды мен берейін молдаханға.

1986 жыл.

ТОҚТАМҰРАТ Пен МҮТӘй

Тоқтамұрат: Ассалаумағалейкүм, аталарым, Аман ба, астаналық апаларым.

туған ел Бесбоғдадан бұл «мұрагер», Кеп қалдық бес, алты адам боталарың.

Аман ба, айналайын аға-жеңгем, Қазақпыз қайратына мықты сенген.

ықылас шын жүйріктен барша қауым, Алыңыз ыстық сәлем мұрагерден.

Аман ба, айналайын ертеңгі ұрпақ, Астанам саған келдім әнмен жырлап. Қаны бір шашыраған қазағым-ай, Қайда да шақырасың қолың бұлғап. Аман ба, айналайын мүтайым-ай, Қарағым сыйына жүр құдайың-ай.

Баламдай мөлдіреген қыз екенсің, Қимаймын мен тіріде уайымға-ай.

Қарағым-ай, аманбысың, қарындасым, Басыңнан бақыт, дәулет арылмасын.

Алдыңда көпті көрген жаман ағаң, Азырақ жетсе халі арындасын.

сағынады туыстарды талып өзек, Құлыным, ән шырқашы тілің безеп. гүл бітсін талабыңа, қарғатайым, Ал сөйле, мен тоқтадым беріп кезек.

Мүтай:

есен-аман жүрмісің, қандас туыс, Берекең бір бізбен сырыңды ұғыс. дәстүр салтты жас ұрпақ ұғып алса, таусылмайтын қазына ол бір ырыс.

Қош келдіңіз қалаға «мұрагерім», Ән мен күйге бөленді жүрген жерің. насихаттау жолымен келген туыс, Астаналық халқыма сәлем дедің.

есен аман жүрсіз бе, ақын аға? Артық туған өнерден сіз бір дана. Ат арытып алыстан келіп қапсыз, Ауыл-аймақ, аман ба, бала-шаға?

Тоқтамұрат:

Қашанда қасиетті біздің қазақ, Жасымас көрсе дағы қандай азап.

«мұрагер» ата салтын насихаттап, Қырандай көкке ұшып қанат жазады.

Аман сау келіп қалды «мұрагерің», өнері шабысындай Құлагердің. өлгейден біз мұңғылға тарадық қой, Бәрі аман Баян-өлгей туған елің.

Қарағым рахмет талабыңа,

не деуге сөз табылмас қарағыма. дүлдүлдей сен әндетіп шықтың мұнда, өнермен суырылып арамызға.

сарадай ақын болшы мына қызым, Айтарым болсын қарғам жасың ұзын. Әлде де аман жүріп шарықтай бер, өмірдің татып тәтті бал мен тұзын.

Бесбоғда бар қазақтың шаңырағы, Қолдасын атам қазақ аруағы.

Қолдаған Бибі Батима аналардың, Қарағым жалғастырған сен пырағы.

Мүтай:

естіп жүрмін өнерден табысыңды, сарқымашы өнерден шабысыңды. естіп келдім шет елден жүлде алған, Құттықтаймын, ағеке, табысыңды.

Кіші үлкенді сыйлаған халқым салты, сыйластықпен көркейер өмір нарқы. мұрагерден теңдесім келмеген соң, дәл отырмын мен бүгін көңіл олқы.

Кемітпеймін ағеке бір өзіңді.

Ақыл тұтам әр айтқан шын сөзіңді. Ардақтайын әрқашан үлгі болған, Халқым жырын толтырған бір өзіңді.

Тоқтамұрат:

рақмет табысыма қуанғаның,

мен-дағы ойыңызды құп алғанмын.

өнер деп аузымды ашып халқым үшін, Қайғырсам өлең айтып уанғанмын.

Қарағым мың бір алғыс көңіліңе, Жамандық кез болмасын өміріңе. Шақырдың ата салтын ұл мен қызды, Шырағым жақсылыққа көндіруге.

Аттандық Бай өлгейден бірнеше адам, Айтайын мақсатымды қызым саған. ұлы дүз дүрбелеңге көшеміз деп,

Кей халық аттанғалы жатыр соған.

Жігіттің ірі шығар берген серті, Қазақтың байқалмасын қайғы дерті. Кім қайда көшетінін өзі шешер, Айтарым көш байсалды болсын енді.

Қимаймын қатты айтуға саған күнім, Бар болса сен де айтып қал ағаң мінін. Жастарым шұбар тілмен кейде сөйлер, ұмытпасын қыз бен ұлым ана тілін.

Мүтай:

Алдыңда бір ағеке сыр айтамын, Жалған емес өмірді шын айтамын. Көшу жайы халқымда кеңес боп жүр, Көп алдында жасырып мен қайтейін.

сын айтасыз ағеке қалай, қалай, ойламай мен жүргем жоқ бұны солай. үлкендердің сөзін сіз ұмытыпсыз, елің қалай болғанда бөркің солай.

Қарсы алайық бұл сынды ау, халайық, Құлағың сал жиналған көп халайық. Ана тілге баланы үйретуді,

дәл қазірден ата-ана қолға алайық.

Көшіп жатыр кей жандар қопарылып, Жұрты қалды ортада опарылып.

өкіметтен қазаққа көш деген жоқ, Көпшілігі отыр ғой соны ұғып.

Тоқтамұрат:

рақмет, айналайын бауырым-ай, Айтарым аман болсын ауылың-ай. отбасың, ошақ қасың түгел болсын, Кезікпе сен өмірдің ауырына-ай.

Қазіргі төңкеріс қой осы заман, өз ойын іске асырмақ әрбір адам. осымен уақытша сау бол жұртым,

Жүріңдер топырақтан бәрің де аман.

Мүтай:

Қош болғайсыз мұрагер, ақын ағам, Барлығыңа тілейін сәтті қадам.

Халқым салтын әнменен насихаттап, сауық сайран құрғайсың бәрің де аман.

1991 жыл.

ШӘКеР Мен сҮйеніШ

Шәкер:

Армысың, сәлем саған, ақын қайын, Білесің, сен де қайын, жеңге жайын. Ал, кәне, тойға арнап шырқап салшы, тотыдай тамылжытып сөздің майын.

тасытып тау суындай ағыныңды, үдетіп жай оғындай жалыныңды. Кемпір деп кербез қайным кердеңдеме, Қайтерсің Алла жазған салымыңды.

сүйеніш:

Шындық та шыр айланып бір келеді, Қыздармен жалпақ әлем гүлденеді. Айтысқа жарып шыққан тарлан жеңгем, Қайтеміз «Құдай салса құл көнеді».

Шәкер:

Көрейін бұл қайнымды сөзбен түртіп, Қайтемін мұндай жерде сөзімді іркіп. Кәрі деп бізді неге жақтырмайсың, Қыздарың келмей жүр ме, бізден үркіп?

сүйеніш:

Қызғанып бұлар өстіп қарысады, Қыздардан бұрын келіп жабысады. төбедей келіншектерді көргеннен соң, Бикештер бізге қалай танысады?

Шәкер:

ұрпаққа үлгі болар із болғанбыз, Жүрегіне жігіттердің сыз болғанбыз. Қайным-ау, құтырынып елемейсің. Кезінде біз де өрімтал қыз болғанбыз.

сүйеніш:

Жеңеше, орнамасын мұң көзіңе, түйіндеп ой айтайын бір өзіңе. Қайныңның қалжыңына төзе білсең, оралтам онбестегі қыз кезіңді.

Шәкер:

Желігі онбес жастың өткен шығар,

ол күн де сағым болып кеткен шығар. Жәнібек онбесінде жауға шапқан, Жастықты қояр кезің жеткен шығар.

Көшінен жамандықтың жиреніп қал, Жеңгеңнен жақсы өнеге үйреніп қал. нарықтық экономика кезеңінде, Бикештер қымбаттамай үйленіп қал.

сүйеніш:

Алтайдың суы шәрбат, даласы нар, Қазақтың көркі - өлең, батасы - бал. Ары арзан арулардан Алла сақта, Қашанда қымбат заттың сапасы бар.

Бойдақ боп жүрсек Алла кешіре ме? онымен тағдырымыз шешіле ме?

Жеңеше қыз қымбаттап қайда барад, Болмаса алмаймыз ба несиеге.

танысқан жаны тәтті арулар көп, Шын сүйген жар етермін біреуін тек. ертең-ақ үй болармыз бүйтіп жүрмей, дариға-ай, жастық дәурен жалғыз рет.

Шәкер:

Жігітке жарасады жөнді білген,

Жас өмір кем болмайды қызыл гүлден. Бір күні бір қыз да жоқ, қалып қалма, Қайынжан балалықты қимай жүрген.

Құр қалып талай тойда опық жеген,

«түйе сеніп жылдан құр қалды» деген. Бірақ та несие алып қарызданба, Ақкөлден бір бикешті тауып берем.

сүйеніш:

Береген болып кеттің, бұлданбай-ақ, Қолыңда қыз талоны тұрғандай-ақ. ойда жоқта «мен тауып берем» дейсің, Қыздардан компания құрғандай-ақ.

Жаман сөз қызық сөздің қазасы ғой, Қыз таппаған жігіттің жазасы ғой. Қыз табылса Ақкөлден табылады, өйткені «Жалғастыру базасы» ғой.

1994 жыл.

сАҒИРА Мен сҮйеніШ

сағира:

өрнегін өрейін деп өлеңдердің, Көңілін табайын деп көрерменнің. Ақкөлден айтысуға келгеннен соң,

иіліп сәулетті елге сәлем бердім.

Кез болдың ақсұңқарға ақын қайным, өнерің өсіп келед күн-күн сайын. дәл бүгін аруларды іздеме сен, Алдыңа бір ақ тұйғын келді дайын.

сүйеніш:

өнерім, оның рас, өрістенді, Жырымнан ел мен жұртым жеміс терді. Айтыста аямай-ақ жазған маған.

Әйтеуір бір келіншектермен көріскенді.

Жан басқа, бойыңдағы жүрек басқа. Ағамнан басқа жанға тілек қоспа.

мәрт қайын, жайсаң жеңге болайықшы, Ақылмен көңіл кірін күреп таста.

сағира:

Барады аяңыңнан желіс шығып, Қайтесің келіншекпен керіс қылып. Қайынның құрмет ету міндеті ғой, Күтіп ал жеңешеңді келістіріп.

өнердің құлпыра бер гүліндей көк, Шыға бер шыңдарына сүрінбей тек. Жол жосын білетұғын қайным болсаң, Көзіме көрініп көр інімдей боп.

сүйеніш:

не керек тентек болып тегін жүрсем, Қадірім болмас еді менің мүлдем. ол рас өзіме де жаман емес,

Жаз көңіл жеңгелердің жөнін білсем.

Әзілмен қайныңызды әлектейсің, өзің бастап айтып ап «әдеп» дейсің. ит жесін дәл өзіңнен аяғанды, Әйтеуір менен басқа дәметпейсің.

сағира:

сөзіңнің жақұт сынды көркін білем, елімнің еркесі боп еркін жүрем.

Қайнымды «қайтеді екен» деп байқасам, Бала ғой, мынау, сонша еркінсіген.

өзінше бұл шешектің пәлесін көр, Япырым-ау, бұл түйнектің дәмесін көр. Әншейін «әйелмін» деп әдептенсең, Қарадай құтырынып келесіндер.

Басқа ойға бағыттанып барасың ғой, сен әлі жасың кіші баласың ғой. нәрсеге әлің жетпес әлек болма, Келіншектің күлін көсеп қаласың ғой.

сүйеніш:

Жеңеше бұл қайдағы әлектерің, Қайныңның қайдан білдің дәметкенін? Балаға басын солай бастап беріп, соңында сырғып кетер әдеттерің.

Бұл мені бозбалаға санамай ма, Қайнының қалжыңына қарамай ма? Қазақта мынандай бір тәмсіл бар ғой:

«саулыққа тоқты қошқар жарамай ма?»

МҰХАМедЖАн Мен ТОҚТАМҰРАТ

Мұхамеджан: Ассалаумағалайкүм, нағашы аға, Жиналды міне, халық тамашаға. ежелден амандасу әдептілік, Аман ба, жеңешем мен бала-шаға?

Алдыңа келіп қалдым өлеңдетіп, Айтыс десе қашанда келем жетіп. Ақын емес өзіңдей аты шыққан, Жүрген ғой жаңа-жаңа талап етіп.

тары сияр деген бар қауызына, Ән сыналар әдемі пауызынан.

Арыстанның егерде түсіп кетсем, Қайтіп шығар екенмін ауызынан.

Тоқтамұрат:

Бас түгел, малым аман, деніміз сау, үзілмес, құтқармас та нақ құрған ау. түсесің арыстанның неге аузына, түктен түк жоқ, ой, жиен, бауырым-ау?

деген бар: «Ақыл жастан, болат тастан», Ар болар арыстаннан тұра қашқан.

Арыстанға шапқан жан мерт болады, сақтанғаның дұрыс қой әуел бастан.

мал көздеуге ыңғайлы биік қырат, Қорықпаған қобалжымай қарсы тұрад. ол рас, нағышыңмын, шешең төлек, Әйгілі алдыңда отыр тоқтамұрат.

Мұхамеджан:

Ағытсам арнасынан тиегімді, Көтермен көпіріп мен иегімді. танимын айтпасаң да ашық екі, Кім ед деп сұрағам жоқ сүйегіңді.

сондайлық отырғам жоқ толқып ойда, тұрғанда кімнен қорқам жаным бойда. мерт болып мертіккеннен сақтар Алла,

«Алыс та атаңды жық» деген қайда.

Жақсыға жақын жүрем селбесуге, Бармаймын, сыйлап өтем, сен десуге. Ар мен намыс, атақтан айырылмай, дайын тұрам шегінбей белдесуге.

Тоқтамұрат:

Апыр-ау, бар сияқты тіліңде шоқ, отырсың маған атып сөзбенен оқ. мен-дағы оңай емес, білесің ғой,

«ысқырып атқан киіктің обалы жоқ».

Мұхамеджан:

өзіңді ардақтаймын, аялаймын, Қысылсам бір өзіңе саялаймын.

 «Асыққан аң - ажалға» деуші еді ғой, Қарсы келген ақынды аямаймын.

Тоқтамұрат:

Күміс пен алтындаттым, мен, қынымды, Шамданбай қарсы алғайсың бұл сынымды. Бір келіншек жеңдім дейд кеше сені, Айтшы іркілмей өзіме нақ шынынды?

Мұхамеджан:

Араны жақындатар барыс-келіс, Адамға дәнекер ғой алыс-беріс.

«Жүйрікке де бір томар» деген сөз бар, сын емес, мұның, айтшы, несі теріс.

сөзіңе қыран-күлкі мына жиын.

осы ма маған тартқан «сын» деп сыйың? Кәрі кемпірден жеңіліп отырсыз ғой.

Айтшы тоқа, болып па содан қиын?

демеймін анықтап ұқ жанның бәрі. Айтып жүр ой мен қырда ұлы кәрі. милицияң не жұмыс тындыруда.

Көбейіп кетті биыл ұры-қары?

Тоқтамұрат:

мұндай сұрау койғаның әттегене, Алданатын баласың жоқ немеге. өз мекенің, өзіңнің туған жерің, ұрылар ұланқұсын, Көктөбеде.

міне, бүгін қарашы ұлы жиын, Беріп жатыр оларға заң да сыйын. менің ағам, өзіңнің жерлестерің, екеуімізден басқа кім салад тиым.

Мұхамеджан:

ол рас жымсымалар өңкей қырыс, Араммен тапқан пайда болмас ырыс.

расында басқаға біз не дейміз, сырыңды да шыныңды айттың дұрыс.

Тоқтамұрат:

Бауырым, осыменен сөзім тынар, Жан болса, Алла риза, сөзіңді ұғар. сағат болды деп жатыр төрешілер, Аман жүр, болған дұрыс айтысқұмар.

Мұхамеджан:

Айтар бар ед азырақ елге жайып, Айтқанға естігендер бермес айып. Артық-ауыс айтылса кешірім ет, Көңіліңе ауыр алып, етпей ғайып.

Ақынның кезігіппін тарланына, тарлан емес нақ көкжал арланына. Атақтымен айтыссам деп жүруші ем, Бүгін жеттім, ағайын, арманыма.

Қолдады бүгін әйтеуір он екі Абақ, тоқаң жәйін, ойласаң, мен бір шабақ. Атақтымен айтысу дұрыс екен, Бірталай мен тоқаңнан алдым сабақ.

 сҮйеніШ Пен АМАнГҮЛ сүйеніш:

Армысың аман-есен, Амангүлім, Жолықтым сәтті күні, саған, бүгін. Жұмыр жер шыр айналып кетсе дағы, Амангүл, маған керек амандығың.

Амангүл:

менің де тек өзіңсіз қараң күнім, тілейсің Амангүлдің амандығын. танысып тату-тәтті жүрген кезде, сүйеніш, ала алмаған жамандығың.

сүйеніш:

таусылмас ғашықтардың армандары, естайды қорсынбаған Қорлан дағы. Қосылмай қалған кезде Абайға да,

«Жамандығың» демепті тоғжан дағы.

Амангүл:

мағынасыз ойлармен сөз бүлінген, Көркіме, сұлу еді, көз сүрінген.

Жасырмаймын, жаныммен сүйіп едім, сүйеніш, ала алмадың өздігіңнен.

сүйеніш:

Амангүл, еске салдың тосын жайды, ойласам қапаланам осындайды. зерделі, зейінің бар қыз едің ғой, Әлемде шын ғашықтар қосылмайды.

Амангүл:

тұлғаң бар Бес Боғданың қыранындай, сөздерің жаз жайлаудың бұлағындай. сүйеніш, жүзің жылы жігіт едің, Шырайың шыққан күннің шуағындай. Жігітсің қиғаш қасты, қыран мұртты, Айғайың батырлардың ұранындай.

Кең маңдай, самайдағы қос құлағың, үсіп кеткен жылқының құмағындай. Жоғалтпай хаттарыңды сақтап жүрмін, Киелі бабалардың тұмарындай.

сүйеніш:

Абайдың, сүйкімдісің, тоғжанындай, Ақ жүзің – айдың толық толғанындай. төгілген тірсегіңе сүмбіл шашың, сыңғырлы сырғалының орманындай. дидарың – атқан таңның алауындай, Көйлегің – батырлардың жалауындай.

«Келші» деп екі жеңің желбірейді, Жүйріктің, шауып келген, танауындай. Бетің – сары, көзің көк, ернің – қызыл, Буянтының түрлі түсті бояуындай.

Амангүл, мен де сені мақтайын ба-ай? Бойың тік – самырсынның тақтайындай. Балтырың да балпиып тұрған шығар, Алтанцөгц жеріндегі ақ қайыңдай.

өлеңмен талай міндет өтеліпті, сезімге болайықшы өте мықты.

«сал құла» деп Көкей қыз күй шерткенде,

«Кербез қыз» деп сал жігіт көтеріпті.

Амангүл:

Жібектей сөздеріңнен жақұт табам, Кінәлау мүмкін емес - уақытты, адам. өзіңдей ақындарға жыр болу да, өмірде нағыз қымбат бақыт, маған.

 ЖАнГеЛдИн Мен зОЯ Жангелдин:

Қолыңа қалам алған қаламдысың, мол өркенмен беріп тұр заман күшін. тайталаста сүрінбес әріптестен,

зоя қыздың байқайық табандысын. Айдынында өлеңнің бірге жүзер, Жүзіңнен айналайын аққу құсым. Алты Алаштың алдына шығып тұрған, Ару қызы қазақтың аманбысың?

Шабыттан нөсер жырың сіркіреген, Жүрегіңде шұлғыған дүлдүл өлең. Алдында көрерменнің концерт ойнар, Бұл жерге бөлтірік кепті түлкіменен.

зоя:

сынығы болсаң алтынның, Алтындай болып жарқыраш. тұнығы болсаң арнаның, Бұлақтай болып сарқыраш. Ақыны болсаң қазақтың, Қара өлеңнің нарқын аш.

есенбісің, менімен, егескелі келген қарсылас?

екеуімізді отырған ел қолдасын да, Жырымыз жүректерге орнасын ба.

«Бөлтірік» деген қасқырдың баласы ғой, Қасқыр да қас қылмайды жолдасына.

Келдің бе айтыс дейтін мұраны іздеп, сол айтыста айтылар жыр-ән іздеп? Алдыңда мен қиқарлық көрсетпеймін, Әйтпесе сен айтарсың «бұраң қыз» деп. Көктемде бір айтыста айтып едің,

«Біз деген бәрін жойып-қырамыз» деп.

«сендей қызыл түлкіні ілетұғын, Қияға түлеп ұшқан қыранбыз» деп.

езуімді де тіліп көр, сезімнің сырын біліп көр. Белдесер болсаң менімен, Білегіңді түріп кел.

Шынайы қыран болсаңыз, Қызыл түлкіні іліп көр.

Айтысуға келген бәс тігіп, Жайраң жүзді жас жігіт. сезімді кетпе лас қылып, өзіңе кетпеймін қас қылып. зоя қызды жеңем деп, Шығыпсың біреумен бәс тігіп. махаббат шарабын ұсынып, Кетейін бе мас қылып?

Жангелдин:

Айтыстың табалдырығын аттағанда, Шалқар жырды қосамын шат ғаламға. сонау күні айтқан ең келерсің деп, ішіне зоя сөзді сақтаған ба.

Алдынан көмбе көрінсе өршеленер, Артқы ат та қарамайды Ақтабанға. тәуір сөйлеп келесің зоя ақыным, тер шығып тебін қосып шаппағанға.

Қазағым өнер сүйіп, жыр жаттаған, Жас жаны жамандықты ұнатпаған. Келіпсің атың орыс, өзің қазақ, секілді қурай ағаш күн қақтаған. егеухан, Қазирадай сендей қыздар, Шабыттың бесті асауын құлақтаған. солардың ізін қуып, жолын баққын, өлеңнің бақшасына тұрақтаған.

Бос белбеу босаңсыған сендей қыздар, Айтыста әріптесін жырғатпаған.

Шабады жүйрік тойда, төгіп терін, Байқатып байтақ елге ерліктерін. Келе сала жырладың махаббат деп, сахнаға жігіт іздеп келіп пе едің?

зоя:

орыстың - орын алған ойып төрден, Батыр қызы есімін маған берген.

«Жығылып жатып, күлесің сүрінгенге», лениннің «ин»-ін саған берген.

Құралайды көзге атар, отырмысың мерген боп? Босбелбеу деп отырсың, өзің жырғатып көрген боп. Қарапайым халқыма, Қазына жыр берген көп. махаббат айтсам әзілім, Жігіт іздеп келген жоқ.

Кешіргін елім, кешіргін, Біздерден кетсе ағат бір, сырт-сырт етіп әнеки, өмірді өлшеп сағат тұр. Жангелдин ақын менімен, Айтысуға ғана жарап тұр, неғылам сені, апырау,

өз жігітім топта қарап тұр.

Аша алмай маған сырыңды, ішіңе бүгіп бүркеме.

Жақсы жаннан, ойлашы, Жайсаң жұртым үрке ме? Қазира, егеухандардың, сіңілісіне сен, бүгін, Жебең жетпей тұрғанда, семсеріңді сілтеме.

Қара өлеңі қазағымның қарқындасын, Ақындар алдаспандай жарқылдасын. Көрермен жыр тыңдауға келіп отыр, тыңдаса олар бізді, ал тыңдасын. өзімнің айдыныма келіп тұрып, мүмкін емес дәл бүгін қалқымасым. Бүгін жерге қарамас пақыр басың, егерде аман болса алтын басым.

Жангелдин:

тоқтадың өлеңменен мүлгіп барып, Шыға алмай жүрген едің топты жарып. сахнаның төрінде мол бақыт бар,

Күн-күн сайын келеді елің танып. топ ішінде қарап тұрса жігітіңіз, Кеттің гой көңіліне қаяу салып.

Арғымақ арғымаққа кісінеді, үлкендерді үлгі етер кішілері. Әзілім ғой айтыста айтып өткен, Қызғанбайды, күйеуің түсінеді.

Асыл да жырмен азырақ, Ал, халайық желейін.

Қазағымның өнерін, мен ақын боп жебейін. Алысқа ұзап кетпейін, Шамамша ғана желейін.

төге бер күміс жырыңды, Кезегіңді, зоя, берейін.

зоя:

отырмысың Жангелдин, зоя ақынды ұтқан боп. Бірақ сенен дәл қазір, Жығылғам жоқ, ыққам жоқ. немене дедің сен өзі,

Бір сөзіңді ұққам жоқ.

«Күйеуің» деп қояды, тұрмысқа әлі шыққам жоқ.

Кездестім бе білмеймін, Жігіттің мұндай зорына. Кездестім деп ойлап ем, ішіндегі нарына.

Қыз жолы болса жіңішке, түседі жолдың тарына.

Қалайша бұлай айтасың. тиісіп менің арыма?

Аман болсын деуші едім. ылғи да сенің бір басың. Қос ақының қосылып, сахнада жырласын.

Қияли боп жүріп құрдымға, Құлап кеткен құрдасым. сырлас боп жүріп сынаптай, сырғып кеткен сырласым.

Жангелдин:

Айтыс сөзді рас деп шын көреді, мен саған сермемеспін шын жебені. Қашанда ұлы өнердің жолындағы, Қос тұлпар бірге туып, бірге өледі. Құрдымға егерде мен құлап кетсем, Құрбыма бірге жүрген сын келеді. мұндайда аз шабытым аңқылдады, мендағы келгенім жоқ тартынғалы.

«Жігітім қарап тұр» деп сен айтпасаң, Жангелдин неге босқа алқынады?

зоя:

Алдыңа келіп қос терек, Жапырақ жайып көктесін. Шектейміз десе қазылар, уақытымызды шектесін. Құрбылары құрбысын, өзекке бүгін теппесін.

Көрермен жұртым біздердей, Ақындарын ұмытып кетпесін.

2003 жыл.

еРГен Мен сеРУен

ерген:

мен емес сөз таба алмай қамалатын, тұлпар ем бәйгелерді сан алатын.

Алдыңа екі бірдей ұлың келді,

Қол соғып қошаметте, жамағатым! өзіңнің жылы ниет, лебізіңнен, Ақынның бірі едім, нәр алатын. тамырың «танысым» деп бұралмасын, төрелер әділетпен бағаласын.

«ұлтымның ұлы өнері көркейсін» деп, Бәйгеге тігіп жүрген қара басын, Айтысты Бәкей ағам қолдаған соң, өнердің ұшырайын шағаласын. сұқтанып, сахнаға келген кезде, Адамдай көрінесің жан алатын.

Бірақ, саған жанымды мен бермеспін, тұрғанда жебе тілім қадалатын.

Кеше ғана салмақсыз балғаң едім, ұрса егер мал жілігін шаға алатын. Ал, бүгін балтаң болып келіп тұрмын, Қазықты қара жерге қаға алатын.

Бір кезде құлын едім желідегі,

Ал, бүгін тұлпар болдым шаба алатын. өстіп мені өсірген мына халық,

Бұл елдің арқалаймын аманатын. не деген әдемі еді қара қасың.

Кім келіп жүрегіңді жараласын. Алдыңа екі бірдей ұлың келді,

дұрыстап, жамағатым, бағаласын. серуен, мына маған сырың мәлім, Айтайын жіпке тізіп мұның бәрін. Бір кезде бала едің домаланған, Қорс-қорс тартатұғын мұрындарын. сол кезде-ақ сөзге шешен ақын едің, Әнге қосқан қазақтың қыз-ұлдарын. таскенеше жабысып қоймаушы едің, Білмейтінсің еш уақыт жығылғанын. Бес жаста бесігіңнен бойың аспай,

Шыққан соң тілің ерте, зырылдадың. Ал, қазір бойың өсіп қалыпты ғой, Жеген соң қой-ешкінің қуырдағын. Ақындық көкейіңе дарын қонды, ішкендей тектілердің жұғындарын.

«Балалық күнді неге айтады» деп, отыр ма, қазір, қайнап зығырданың? өзіңдей ақындарға тілейтінім, өнерде өсе берсін тұғырларың!

Жылты бар жігіттердің біреуі едің, Қыздарға, көзге түсер, қырындадың. Құлагердей құйғытып кете берші, Қазақтың қақпайламай кұлындарын. сен шыққан биіктерге мен де шығам, Бойымда тұрса егер шыбын жаным.

серуен:

...Ақындар сахнада ән салғанда. табиғат табиғатпен үндеседі.

Ақындар сахнаға келгеннен соң, Қалжың ғып не айтса да үйлеседі.

«Қарғаның қарға көзін шоқымайды», Ақындар, міне, осылай күн кешеді.

«Қасқырды қасқыр жейді» деп естімеппін, Ақымақ адам ғана күндеседі.

ұрандап біз шығатын белең үшін, төгілген көмекейден өлең үшін, ерген-ау, сені бүгін мен қолдайын, Биікке қанат жайған өрен үшін. ерген-ау, саған қатты сөз айтпаймын,

«Жыланды жылан шақпас» деген үшін.

ерген:

сер-еке, бір өзіңнен жасқанбаймын, Бойымда өнер бар деп мастанбаймын.

«Бұл араға аш келдің» деп отырсың, тұрғанда мына халық аш қалмаймын. сөйлей де сөйлей бересің,

Кешегі өткен билердей. Бір қалыпта болсаңшы, сан құбылып түрленбей. Бір орныңда отырмайсың, Арқаңа ине кіргендей. сол қылығыңды көргенде, мына елім күлгендей.

Бұлдыр-салдыр сөйлейсің, сарт та емес дүнгендей.

Болашақты болжайсың, Барлығын өзің білгендей. Аласарып қалыпсың, өкшесіз етік кигендей.

Көк аспанның астына, діңгегімді әкеп тірегем. еркін ұшатын аспанға, түлегің едім түлеген. мына отырған елімнің, Жүрегіне гүл егем.

Ақауыз ақын сен едім, Азуын Айға білеген.

Көрмеге қойған ойыншықтай, Шапаның түсіп тізеден, Басыңды шайқап сөйлейсің, сиырға ұқсап сүзеген.

Жалсыз құлын секілді, Шашыңды кім күзеген?! серуен:

сен неге көрінесің айбат құсап, Қолдағы құламайтын байрақ құсап.

ей, ерген, сен Цэнгэлде қылыш болсаң, мен сені өткізуші ем қайрақ құсап.

Желкілдеп жетегіме еріп кетпе, мұрнын тесіп жетелеген тайлақ құсап.

Ақыным дархандықты оң көрсеші, Жаратқан бақытымды мол берсеші. Бойымды сөз қыласың «кішкене» деп, өзіңе түймедей ғып ой берсеші.

ерген:

Жаратқан бойды берген көркіме шақ, Жоқты жонып табады алтын пышақ. ергенге айқайлаудың қажеті жоқ, Келінін жақтырмаған кемпірге ұқсап.

ойланыңыз, серуен, Айтыс та үлкен аламан. сол, аламанға келгенде, Әртүрлі сөзге сала алам. тұлпар сен де келіпсің, таң асырып жараған. отты көзіңнен айналдым, Қыздарға тіке қараған. өзіңдей сері жігітті,

Қай қыз төмен санаған. төмен санайтын себебі, Ақылы қысқа баладан. Айғыз-айғыз сойлейсің, Баладай батпақ жалаған. таза сөйлеп үйренші, тұлпарға сені балағам. өлгейден білім ап жүрсің, Ақылды туып анадан.

Жаратқан құдай сақтасын, сұқтанып айтқан табадан!

Бәйгеге сені қосайын, томағаңды сыпырып. түлкі көрген қырандай, Кетіп жүрме құтырып. Кұтырмау үшін, сер-еке, сөзімді тыңда түсініп. иттік емес, өзіңе,

Жасап көрейін кісілік. Қарға-қыран сен едің,

Көрейін сені ұшырып. ұшуға енді дайындал, денеңді жуып, ысынып. Асығамын деп абайсыз, есігіне моншаның, Қалып жүрме қысылып!

серуен:

Көркем де жырды төгейік, Бүгінгі мынау заманда. демеймін, бүгін ардақты ел, Ақыныңды ойлап алаңда.

Көркем жырды төгіп түр, ергендей асыл балаң да. ерген, мен де кетейін, Қалжың айтып саған да. моншаны айтса шошисың, моншаның есігіне қысылып, Қалғаннан, мынау, аман ба?

Бұйралап шашыңызды қиып қойған, Ақынсың ақыл-ойды жиып қойған. тегеурінді, ардақты ақын болсаң, Білімді сөз шығарғын білікті ойдан. Бет-ауызың помада боп қалыпты ғой, ергенжан, бетіңнен кім сүйіп қойған? ерген-ау, бетің сары, көзің шегір, немістерден аумайсың құйып қойған.

ерген:

Қалжыңға алаңдайтын ұл қыз бе еді? ергенің ешбір қызга сүйгізбеді.

Әуелі, сүйгізгенді былай қойып, Қыздардың ерінін де тигізбеді.

серуен, биік самғап өрістеді, сөзіңіз жаңағы айтқан келіспеді.

Қолына домбыра алып шыққан ақын, серуен, өзің айтшы, неміс пе еді?..

өзБеКсТАндАҒы ҚАзАҚ АйТысы

АнАРҚҰЛ Мен ТӘУШен

Анарқұл:

Кеп қалдым Алатаудың саласына, Айттым мен баз адамның баласына...

«Қос тұлпар айтыссын» деп айтқан шығар, тәушенді қосып қойып арасына.

Бұл-дағы ата тұлпар шауып жүрген, Көрмесем де келетін шамасына.

Жасында қыдыр көрген адам екен, Қалмайын шертпе сөздің жаласына.

Кешігіп қиялатам мен де сондай, Шайтанға берілмейік болып ондай.

Ал, тәушен, бес-алты ауыз сөз сөйлесе, Кезі жоқ қайтатұғын көңіл толмай.

Ақиқатты көрмейтін батыр болсаң, Атақты ел билеген ақын болсаң.

Жетпіс алты – қасыңда атаң отыр, Болмайды, сірә, айып жақындасаң.

Тәушен:

Алдыңа тағы келдім туған халқым, Көрген сайын сіздерді жүзім жарқын. үлкен аға, тұсыма келіп қапсың, үлкен сыйлау – о бастан ата салтым. осы отырған бауырлар, көрермендер, таразыға салыңдар сөздің парқын.

Халық болмай о бастан хан болмайды, сіздер болмай сөзімді кім тыңдайды?

«тыңдаушысыз сөз жетім» деген де бар, тыңдалмаса өлеңде мән болмайды. есендесіп алайын алдыменен, санаспасам халқыммен жөн болмайды.

деп айтам үлкендерді ағаларым, Айрықша, орның оқшау бағаларың. туысқан деп тұсыма келіп қалсаң. өз ағам деп өзіңді санағамын.

Ағалар, көрдің талай ғазабаттар, Кетпейтіндей көңілде жарақат бар. Азамат соғысының ардагері – Жеңіс туын көтерген азамат бар.

Бір заманда өкіріп құлағымыз, Бейбіт күнді осындай сұрағамыз.

Ағалар, сіздер жүргенде қан майданда, Бір жапырақ нан таппай жылағамыз.

Арқаңызда, ағалар, дәуірледік, тәтті өмірдің тамаша дәмін көрдік. Қайта құру, наурызбен айтыс салып, салтанатын, өмірдің сәнін көрдік.

Көркемдеуге, амал не, тіл жетпейді, Ата-бабам көрмеген бәрін көрдік.

«өнер алды – қызыл тіл» – өнер тапқан, Қызыл тілмен көркем сөз өлең тапқан.

Ақындармен осындай айтысатын, Қасиетті нәрсе жоқ тіл мен жақтан, Шықпай жатып ағатай, ұрыспайық, ойланайық, бұл жағын осы бастан.

Күш атасын қызыл тіл танытпайды, Қарындасың өзіңді налытпайды. сөзіңіздің ішінде термесі көп, Ақын болып осы елге жарытпайды.

Анарқұл:

Ал, тәушен, тілің – қайың, ернің – қаймақ, отырмын әр сөзіңе басты шайқап.

Әттең-ай, жиырма бесте болғаныңда, Көрер ең талай сөздің парқын ойлап. Әттең-ай, жетпіс алты желкемізде, Кәрілік шашты ағартып, келеді ойнап. Қарасам, елу бесте сенің жасың, Келдің ғой өзбекстан тойын тойлап.

Жоғалтқан бұл жерлерде малым да жоқ, Біреуден қорқатұғын сәнім де жоқ.

Жаңағы айтқан сөзің мағыналы, Шырағым, тұйғынсың ғой ақылың тоқ.

Кәріні беттен алсаң жараспайды, Жақсы адам бір-бірімен таласпайды. Болғанда әйел – гауһар, еркек – ақыл, Әйелдер түсінеді ненің барын!

сол жерден есен-аман, сау келсін деп, тілектес тұрған шығар сүйген жарың.

Жақынның сөз мәнісі жаласында, Халқымның жүрсің, төрем арасында. мен-дағы мырзашөлдің тұйғыны едім, ешкімнің көнбей жүрген жаласына.

Жарымы терме де емес, түсініп ал, тәушенді қосайын ба арасына? мен-дағы рулы елдің тұйғыны едім, дегендей сөз болады шамасына...

Шырағым, есің болса, жанасып айт, Бірінші атаңызға қарасып айт.

Ақиқат пейілі тар адам болсаң, Қасқырдай тоғайдағы таласып айт.

Халықтың өлең толсын шарасына, еш сызат түсірмейік жарасымға. үш жүздің баласы мұнда отыр, Бар шығар уәкілдері арасында. өзіңді көрмек үшін келген едім,

Шүкір де, көзрді-ау көзім шамасында.

Тәушен:

Қайтейін, қосқаннан соң, қашқаным жоқ, сөзіңе әуен таппай сасқаным жоқ.

Шалмын деп өзің айтып отырсың ғой, Әйтпесе мен ішіңді басқаным жоқ

Аға-еке, жарамасаң неге келдің, Біреудің айтқанына неге көндің?

сіз түгіл, аты шыққан ақындардың Босағасын жақсылап шегеледім.

Қуанам сіздей аға табылғанға, Посылка сап тұрарсыз сағынғанда. Ағатай, өте зәрлі бір нәрсе бар, Аулыңызда осы бір сабын бар ма?

Көп ойланып, кетті ғой, басым қатып, саудагер жүр ақшаны шатырлатып, магазиннен сабынды таппай жүрмін, магазинді алды ма кооператив?

Әу дедім, елім үшін жұртым үшін, Жүргенім жоқ тек қана құлқын үшін. Ашылмаған бұлақтың көзі ашылып, Ашылғандай боп қалды бір тынысым. Ағатай, қатарыма әзіл айтам, Бүйірінен әйтеуір түрту үшін.

ел намысын, ағатай, қорғап жүрмін. Жүргенім жоқ шалдарды құрту үшін.

Жақсы ақын, аға-еке, тасымаған, не демекші бұл жерде осы маған? мені енді, ағатай, оңай деме, талай шалды бездірдім сахнадан.

Анарқұл:

Ал, тәушен, қу екенсің тай секілді, сөзіңе айтып тұрған ой бекілді.

Қытығың қартайса да қалмағандай, теңдесің мен емеспін ол секілді. саламат, барған тойдан есен кел деп, Кетуге сәлемдесіп ел бекінді. сөзіңді қия тартып быдырлайсың,

Бұл жердің парикмахер қызы секілді.

сөзіңе қия тартқан жалынбаспын, өлгенше мына әйелге бағынбаспын.

Алғаным қасымда бар, ұйықтап жатар, Шырағым, мал берсең де сағынбаспын.

сарайдың ұстыны бар егесінде, Құлақ сал, енді сөздің кеңесіне. Бұл халық еркелетіп қойған екен, Қойғандай бірақ ешкі текесіне.

Шырағым, көп ақынды сен құртқансың, Айыбын баса беріп шекесіне.

дүние мына тұрған ешкі салмақ. Жақсы екен әр нәрсені қиялға алмақ. екеуміз айтыспастан бір сөз айтсам, Көңіліңе тура келмей, ауыр алмақ.

Көпбайдың кешегі өткен иманына, оқыдым мен құранды бір саламат. Кәнеки, ол секілді ел тұйғыны, Артында сендей қалған бір қолқанат. Ағаңның аруағын сыйламастан,

сен болдың дүлдүл деген бір тұлпар ат. ескіден салт-сана қалып кеткен, Бұрышта білмейді ме бұл жамағат.

Ақыры бізді тастап «Алатауға», отырдың «Жетісуда» тойды бастап. мейманды келген адам күтіп алса, мейманға ешнәрсе емес көңіл ашпақ.

Басында біліп едім сілтеріңді, Әркім-ақ айта берер білгенімді. ел сенікі болғанда, өр менікі,

дегенде халық кімдікі, жұрт сенікі,

Жұлынбағын шырағым, Айтайын сөздің таласын. дүниеден артса жақсы адам, Қылады медеу баласын. ұстынсыз Алла жаратқан, Аспан мен жердің арасын.

Әйелден тұйғын шыққанда, заманыңа қарашы.

Бәйге алғаның жүдә көп, Білемін сөздің шаласын.

«неғып келдің» дегенің, тырнады-ау ойдың жарасын. мырзашөлдің билеуге Құқығың бар ма, баласын?

Келесі сөздің кезегі, ұшты ма сөздің бедері. Біреуден терме жаттамай, Анекеңнің өлеңі.

өзіме өлең жарасқан, Көрігенде бөдені.

осы шалды құртам деп, ұқсай ма сөздің шебері.

Шеберге шебер қосылса, сөз келмей ме сәніне.

Ақылың болса теріп айт, Әңгімені мәніне.

Кеше өткен Көпбайдың Қарамадың сәніне.

ізет қып оны тұрғанда Биыл ада қылғанда елің жаман демейді неге ақыл келмейді? есі өткен салт-сана, Біреу айып көрмейді...

тай дегенде шабысың игілікті табысың.

Ақындарды жоқтасаң, Абырой үшін табасың. өзіңді өзің сыйламай Шешендік кімге жағасың?

Әй, тәушен, тоқтай тұршы, ашуландың, Бар шығар, әрекеті шыбын жанның.

Және де айта берсем толып жатыр, Жақсы ма, жаман ба екен, қиялдандың.

еліме аңсап барып сәлемдесіп,

Атажан деп барып, бір күні батамды алдың. сол үшін мені сыйлар деп ойлап ем,

Келген замат ауырлық, жыртып алдың.

Көнбеймін ондай сөздің жанабына, сөйлегін және алдыңа қарағын да. мен жүрген пипаластың адамы емес, өзіңдей сүйенемін шырағыма.

Жаңа сөз жарқылдаған жалп етпейді, Шетінде шығып тұрған құрағына.

Шырағым, жұрттың айтқан сөзі мақұл, Кетпегін болмас сөздің ұранына!

Тәушен:

рас, аға ауылыңа барып едім, Шалым «бата ал», – деді, алып едім. сөйтіп тұрып тебеген тай дейсіз-ау, Бұл сөзіңе ағатай, налып едім.

Қазақ тілін ақындар алмас қылып, ілгеріде өтіпті таң аттырып. солардың салып кеткен сара жолын, Кетсек дейміз әйтеуір жалғастырып.

Айналайын, ағатай, қапа болма, орынсыз мына сөзді баса көрме. Жақсы қария бар халықтың әкесіндей, есің болса беделді аша көрме.

Ағатай, қарап тұрсам әкемдейсіз, термеңізді жақсылап әсемдейсіз. ниетіңіз байқадым, ағатайым. ешкімге де абырой әпермейсіз.

Анарқұл:

Әй, тәушен, рақмет, сабырыңа, Әйелдің қаны бар ғой тамырыңда. Ақиқат айтқан сөздің бәрі тура, Халықтың құлақ салсам жабырына.

Бірінші жармаспадым жамбасыңа, Билігім өлгенімше өз басыма. орнымнан енді, қалқам, мен тұрамын, Халқымның риза болдым бағасына.

ертеңгі күн аттанатын жөні келді, Әр істің сайлайтұғын кезі келді. өткен соң мерзімінен екі минут, Кемітіп тұрмаңыздар балдар енді, еліңе мен бір келген шешен едім, Болыңдар енді аман-есен, елім!

1987 жыл.

ҚАТИМОЛдА Мен МеКеМБАй

Қатимолда: Ассалаумағалейкүм, қалың елім, өзіңе наурыздан-ақ мәлім едім. Азғантай өнерімнің арқасында,

Жата алмай үйде қарап, тағы келдім.

үнім бар дауысындай Қарагердің, Әніне мұхит бабам сала келдім. Құрманғазы, сырымдардай ұрпағы бар сәлемін Ақ Жайықтың ала келдім.

Келіп қалған қонақ болып мекен-жайға, мінезі мақтадан да бетер майда. өнерді шетте жүріп тастамаған,

Бір сәлем абзал аға мекембайға.

Аман ба, мекем аға, ауылдарың, Аман ба, үйде қалған бауырларым? Қыз алысып, қыз беріп көрші отырған Аман ба, өзбекстан – қалың қауым?

Мекембай:

мәрт болсаң, халқым, енді алаңға шық, Барады көз алдымнан заман қашып.

Қатеке, алдыңдағы халқымызбен мен-дағы алайынша амандасып.

отыр ғой Алатаудың халқы мына, Бір сөзді таярсың-ау алқымына.

Бір сәлемді мен-дағы ала келдім, оралдың «самородный» алтынына.

мың сәлем Алатаудай асқарына, ел куә белестерден асқанына.

мың бомба өлім тілеп шыққанынша, Бір жұлдыз шықсын да бұл аспаныңа.

Қатимолда:

Ал енді мекембайдай ұшқыр ағам, Болсын деп шалқар шабыт ұшты ғалам.

«Қош келдің ауылыма!» деймін сізге, тілеймін өзіңізге құтты қадам.

Айналған ел арына төле би де, Білеміз біз жақсыны көре кейде. тәшкенде бейіті бар бір бабамның – не қамқорлық боп жатыр төле биге?

Мекембай:

төле би – халқымыздың жапырағы, надандықты көргенде аһ ұрады. тәшкеннің ортасында жатқан бабам, Бәрімізді бірлікке шақырады.

Әз бабамның қашанда киесі көп, демеңдер астанамның иесі жоқ. мақтаныш ететұғын төле бабам, Жатыр ғой тәшкенімнің иесі боп.

Қатимолда:

Айтып ем мен де соны көздеп, ағам, демеп ем ұятқа қалам, сөзге қалам. Халқыма қиын кезде қамқор болған, Әрқашан мың жасасын өзбек ағам.

тиіп жүр құдалардың көп сауабы, Ауып жүр біздің жаққа көп назары. еңбеккер құдалардың арқасында Жайнап тұр Алматының көк базары.

Мекембай:

Жаман болсаң қасыңнан ел кетеді, Жақсы адам адаммен ер жетеді.

Қатеке, қапа болма, сол жемісті өзіміз пісіріп жесек, нем кетеді?

мен-дағы жақсы, көрем бұлағымды, туған жерде желкілдер құрағымды. Қадір тұтар сен-дағы інімсің ғой.

Берейін, Қатимолда, сұрағымды.

Көзіңді жасқа бұлап, сорлатасың, Айтқызбауға тағы да зарлатасың. махамбеттің ешкімге жаттығы жоқ, ескерткішті қашан сен орнатасың?

Қатимолда:

Жатыр ғой ескерусіз бабам неше,

Көп емес бір-бір ескерткіш сала берсе. Атына махамбеттің ескерткіш пен Болады гурьевтей қала берсе.

Шамданып, аға, сізді мақтағанға, Болады сірә сізді баптағанда.

Көк базар дегеніме намыс етпе, Көршілер бірін-бірі жоқтаған ба? өлеңнің біздер, аға, бұлағамыз, Қоя бер болса егер сұрағыңыз.

Мекембай:

Халықпыз бір-бірімізді айға балар, надандық біздерде де пайда болар. оралыңның байлығы, Қатимолда, Айтып берші, бүгінде қайда барар?

налып тұрмын елдегі бар жаныңа, серік болсын қашан да ар жаныңа. Қарашығанақ байлығы кетіп жатыр, дәл бүгін шекараның ар жағына.

Қатимолда:

«Қалай, - деп бүгін аға, - Шығанағың?» Жөн болды менен енді сұрағаның.

Жүрген бір көңілімде гүл-гүл ойды, Жүректен атқылатып шығарамын.

газ, мұнай ол арадан алып жатыр, Қайдағы россия... қанып жатыр. улы газ ауа бұзып, жер бүлдіріп, Айдала мен байғұсқа қалып жатыр.

демеймін осыменен тынды бағы, түйіні алда жатыр сырдың әлі.

мен айтқан жаңағы улы газыңыздың, мың адам өлтіреді бір грамы.

Қалайша мұны айтып қызынбалық, Жайықтың мұнайы мен қызыл балық. Қол қусырып жұртқа беріп отыратын, не деген көзсіз мырза біздің халық!

осындай жайларым бар толғанатын, ел болып, қазақ болып қолға алатын. Жерімнің өз байлығын елім үшін, дүние-ай, күн туар ма қолданатын?!

Мекембай:

Айтыста осындайда тайқып қалам, Жөнді-жөнсіз сөздерді айтып қалам. семейді айтпа дейді ағаларым,

оны айтпай еліме қайтіп барам?

сөзіңе, Қатимолда, сенейін бе? Ағаңнан үстем болсын мерейің де.

Бір емес, екі емес, жүздеп осы Бомбалар жарылады семейіңде.

Халықпыз бірден алқа тағынбаған, Қай қазақ туған жерге табынбаған? Қарауыл деп айтады Абай елін, Қарауылға бір қарауыл табылмаған!

Абыралы емес қой жалғыз қайғы, Абыралыны ойласам, жан мұздайды, Басқалар бомба түгіл, өз елінде Шіріген жаңғақты да жарғызбайды.

сөздерім менің осы рас емес пе? Бомба жарған бар қазаққа қас емес пе? Абайымның басында бомба жарды, Абай басы – халқымның басы емес пе?

Қатимолда, ұқсайсың оты барға, Жаман ағаң алда мәңгі отырар ма? семейім бүгін осы айналыпты, Жиырмасыншы ғасырдағы отырарға!

Қатимолда:

Аңсаған әділетті қайран Абай, Қазақтың мәселесін қойған Абай.

Көз жұмғанша тым болмаса сүйегіңді, Жарылыс тыншытпады, қайран баба-ай!

демеймін мен де сұрап: «Бәрі жаман», Жеткенде жақсылықтың дәмі маған... Жоғалтып көптен бері алып жүрген, Бұл күнде ана тілдің дәмін алам.

ортақпын көрелік деп тіл ашқаның, Көремін деп тіл ашқаның, гүл ашқаның. оралда біз балалар үйінен кеп Ашқанбыз қазақша бір кластарын.

Аштық біз ана тілді сақтайық деп, Қатені бұрын кеткен ақтайық деп.

Қағылған ата-анадан сәбилерді, енді біз ана тілден қақпайық тек.

Келіппіз, уақыт бітті, тұра қал да, Әлде де кездесерміз бірақ алда. сәлем айт, ауылыңа, бауырыңа. сәлем айт, тақиялы құдаларға.

Мекембай:

Жігітте болу керек ерік-жігер, Қатимолда, інімсің көріп жүрер. Ағалар да ініден бата алсын, тұсау кесіп, батаңды беріп жібер.

ұстазымдай мен саған тиіспейін, ініні құрмет ету тиіс дейін.

Жарқыраған бақытты маңдайыңнан, Қазағымның маңдайы деп иіскейін.

Қатимолда:

Әніңмен келтір шырқап ұрпақ қамын, мәз болып, айтып жүрсін ұрпақтарың. Көрелік мекембайдай ағамыздың,

Әлі де биік-биік шырқатқанын.

1989 жыл.

МеКеМБАй Мен ҚҰЛМАХАн

Мекембай:

Аулақпыз біздер, інім, қыңыр ойдан, Жеріміз жоқ сірәда қыңырайған. ташкенттің қасиетті бар халқына сәлемді ала келдім Қыбырайдан.

Көңілде өзбек-қазақ дос тұрады, Шырқалсын сол себептен достық әні. Алдыңа тағы да бір келіп отыр, Киелі Қыбырайдың қос қыраны.

Көңілді жамандыққа бұрмағансың,

Бұл айтыс бір саған сын, бір маған сын. милиция болсаң-дағы, заңды бұзып Бір қызын Жалайырдың ұрлағансың. ескі жылда ағаңа бір кезікпей,

Жыл басында жолыққан Құлмахансың.

Құлмахан:

Аспаным ашық болсын төбемдегі, төгілер көмейімнен өлең кені!

Шыққанда ағамызбен айтысуға, мен оған түсірмеймін көлеңкені.

ініңіз енді былай жырласын да,

өлең болды сыйласым, сырласым да. Ағатай, сірә осы айып боп па Жолымыз тоғысса кеп жыл басында?

ініңе тағы біраз еркелеші, Көрінер биіктерден ел төресі.

оу, мәке, ә дегеннен сұрау бердің,

«Жоқ деген жақсылықтың ерте-кеші».

деп айттың: «Жалайырдан ұрлағансың», үлкенді сыйлап өскен ұлы ағамсың.

Кезінде әпшелерге қолың жетпей, Қыздарынан Қыпшақтың құр қалғансың.

Мекембай:

Келгенмен мың мәрте бұл ән арнағым, менің де жүрегімде бар арманым.

Қасында милиция боп сен жүргеннен соң, Әпшеңе мен жақындап бара алмадым.

Бір аққу Қыбырайдың жонында ұшпақ, Жүремін жақсылықтың жолын нұсқап, сен егер шеттеу тұрсаң өзің біліп, Әпшеңнің кетпес пе ем қолын ұстап?..

елдікке бет бұрады ер кемесі, дедің ғой бұл ағаңа еркелеші.

туларын түркістанның тік көтеріп, Келеді ел ағасы, ел Кеңесі.

Айтылмай ақындарда сөз қала ма? Көзімді тастап тұрмын өз далама. Халықты болашаққа бастайтұғын, Бірліктен артық сірә сөз бола ма?

Қалың ел жақсылықты алды бетке, Бізде сом, теңге бопты арғы бетте. сонда да достығымыз бұзылмайды, Адамзат қу тірлікке мәңгі кеп пе?

Құлмахан:

Ағамсың сұм баладай – ұры ғана, Құдайдың түсті бізге нұры, қара. Байлығың – байлық емес, бірлік – байлық, сол бірлік керек кіші, ұлыға да.

Кейде сен де тамды мен Арал астың, Білек талмай жақсымен араластың. Әр түннің де күні бар шығатұғын, Бөзін емес, сөзін ал бар Алаштың.

Қызыл күнің тойтөбе тұстан аунап, ташкенімнен жүрсін де дұшпан аулақ. Бірақ менің, ағатай, бір таңым бар, Бүркіттер неліктен жүр тышқан аулап?

Мекембай:

Күн де шықты аспанды бұлт торлаған соң, мен не дейін, сақшы солай толғаған соң. Қайтсін бүркіт, жүрген де тышқан қуып Жемсауы ыңқ-ыңқ етіп толмаған соң.

Құлеке, мұны қалай пікірледің, сезгем жоқ басқадайын пікір лебін. Айдынында жүзіп жүр аққу-қазың, соларға шүйліккен жоқ, шүкір дегін.

Көпіршіген ішіп ап жатып іркіт, Қалықтаған шағында атып үркіт.

«салса баптап бұл өзі не алмайды» не десек те, бүркіттің аты – бүркіт.

Буыменен жасайтын тек даланың, Қыбырлайық мақтайды текті адамын. дүниеге биіктен көз тастайтын, Бүркіттердің бірісің деп қаламын.

Құлмахан:

Ау, ағатай, етіп бұл тілің тақ-тақ, емессің бе мақтаудың гүлін тақпақ? тым майдалап, мақтамен бауыздап сап, Болғансың-ау сақшының тілін таппақ?

Мекембай:

інім-ау, ісінбейік бұқтырмадай,

Жан дейсің бе отырған ықтырмада-ай. майы тамған сөзімді әлгіндегі, Бұлаңы бар пара деп ұқтың қалай?

Құлмахан:

Алты Алаш абайлап ағалаған, Адамшылық адаспай сағалаған.

сыр тұнған сыртың қалып, іштей мені Қалжыңмен сен шығарсың сабалаған?

Мекембай:

Ақтығына таң қалып талай қардың, Ақ жүзіңнен сенің де арайландым.

«Қамшымен сабалаған» дегенің не, ондай озбыр ойларға қалай бардың?

Ай-маңдайды адалға сүйгіз деймін, Кілем болсаң, мен әлі киіздеймін. дәл сендей арғымақтың сауырына Қамшы түгіл, тамшы да тигізбеймін.

1993 жыл.

БөРіБАй Мен ҚАТИМОЛдА

Бөрібай:

Ассалаумағалейкум, көпшілігім, Жырыма құлағыңды тосшы бүгін. Қазіргі айтыстардың дүлділдерін, Жұп қылып Ақбөріні қостың бүгін.

Шәкәрім, Абай елге алыпты есім, данышпандары көрмеген қағып төсін. Жанарлары қараңғы алты Алашқа, үйреткен өлең-жырдың әліппесін.

Шәкәрім, Абайды айтсаң ел біледі, Жүректері қазағым деп елжіреді. туса туар горбачевтар қайта-қайта, Бірақ тумас Шәкәрімдер, кім біледі?!

Жырымды жұлдыздардан әрі айдайын, дүлдүл ақын қарсыласым, абайлайын. Жыл сайын туылғанмен мендей ақын, Бір ғасырда бір туар Абайларым.

ғасырлық қой Шәкәрім, Абайларым, Куәсіңдер ақсақал, талайларың.

Жас тұлпар дүлдүліңмен айтысады, Қол соғып демеп отыр, Адайларым.

Қатимолда:

Ассалаумағалейкүм, жақсы адамдар, Кәусарын жыр-айтыстың аңсағандар. үш күндей біздер үшін уақыт бөліп, мезгілден ерте келіп шаршағандар.

Ағайын бір-біріне ақыл қосып, Шақырып алыстағы жақын, досын. Алды иран, моңғол, соңы өзбек болып, Қазақтың жатыр бүгін басын қосып.

Берілер жақсы сөзге баға дейді, Шындықты дәл айтқанды дана дейді.

Арамыз бір-екі жас болса-дағы, ол сыйлап мені бүгін аға дейді.

Бұл күнде жақсыны іздеп таба алмас көп, Әркімдер жарқылдамас ақ алмас боп.

Аға боп, іні болып отырғанша, Айтыссақ қайтеді осы замандас боп.

отырсаң сен жұртыңның сөзін айтып, Келгенде-ақ шумақтың тезін айтып.

Көрмеген мырзашөлің жерім еді, Жіберсей таныстырып өзің айтып.

Айта отыр, Бөрібайым, жайың қандай, Бұл қысқа мырзашөлің дайын қандай?

«оп-оп» деп тебіреніп шабыт шақыр, велосипедпен бір отар қой қайырғандай.

Бөрібай:

демеймін ақындардың данасымын, мен өзі мырзашөлдің қарасымын. Адайды жақын тартам, бөлмеймін ғой, орта жүз маңғытайдың баласымын.

мекенім мырзашөлім, мырза дала, Жайлауда жорға мінер мырза бала. ежелден сері көңіл адамдары, Пейіліне боласың ырза ғана.

Ақ ұлпа айналды ғой азығына, Құнарлы мырзашөлдің жазығы да. Қонағың шай ішкенше тойынады, іргеде байлаулы ат қазығына.

мырзашөл ақ ұлпаға толған жерім, Шөл дала, қазір шаһар болған жерім. Қыс қамын ерте көктем ойлағанбыз, мырзашөл Қыдыр баба қонған жерім.

мен-дағы ұнатпаймын жасқануды, Қуанамын өнер жолын басқанымды.

Құттықтап қояйыншы парызым деп, мұхиттың мектебін сен ашқаныңды.

Ақын боп талай елді араладым, замандасқа сен мені бағаладың. Қарлығаш боп мектебіңнен ұша берсін, сусындап алты Алаштың балалары.

енді бүгін жырмен бөлеп кетейік те, Шаң қаппай межемізге жетейік те. Аға-ініден замандасқа көшсек егер, Құрдастардай әзіл жаққа өтейік те.

Шабыт келсе Бөрі қалай дамылдасын, Байқаймысың, бойымда жалын басым. мырзашөлден түлектер жіберсем мен, Бәрін де емтихансыз қабылдарсың.

Қатимолда:

Жүректен көрерменге жыр атып ек, Көргеннен бір өзіңді ұнатып ек. игі іске істеген бір ниет айттың, Бөрібай, ниетіңе рахмет!

дәстүрін сол мұхиттың жалғайық деп, майдалау бұл заманда болмайық деп. ол рас класын біз ашып алдық, Айырылып сол дәстүрден қалмайық деп.

наз айтып, замандасым, дабылдайсың, мынауым қалай деп сен тарынбайсың. өзбекстан емес қой, Қазақстан, емтихансыз таныстықпен қабылдайтын.

Әр бала көреді ғой салымынан, Көреді бойындағы дарынынан. дарынсыз қабылдаған оқушылар, Көрінбей мен өмірдің тек сағымынан.

Жыр болып, замандасым, төгілесің, Байқаймын өте жылдам көрінесің.

Қазаққа бірлік керек деп жатқанда, Адай деп орта жүз деп бөлінесің.

Қазақтың кемеңгері кезектегі, оралып тұрып қалған өзектегі. Атаның баласы боп өткеніңше, Адамның баласы бол демеп пе еді?!

Бөрібай:

Ата-баба жерінде тұрақталғам, мұңайсам, елім мені жұбатты алдан. Әлгі әзіл, дарынды жастарымнан, Жіберемін өткендерін сынақтардан.

Қос бұрымдай жырымды өрімдейін, Жамандардың қатарынан көрінбейін. замандасым, ойымнан шығып тұрсың, мен, сірә, жүздеріңе бөлінбеймін.

Көңілім бар сөздерді ауыр сақтар, Ақындарды отты жырлы жалын сақтар. о бастан белгілі ғой, замандасым, Бірікпейді бөлінген бауырсақтар.

серіппесі жыр-садақтың керілгенде, Ақындар тұщы жырдан жерінген бе. Қуанып ем оралдан үзілдіктей, Құрдасымның төбесі көрінгенде.

үзілдікке ат қойдым үзілдірік, Жүзіне жарасады көзілдірік. замандас-ау, жаныңнан кетпей қойып, үмітімді жібердің үзілдіріп.

Кей ақынның дауылынан ықпай қойдым, сөздерімді дәлме-дәл нықтай қойдым. сәлемдесуден әрі мен бара алмадым, себебі, сен жанынан шықпай қойдың.

Қатимолда:

Бұл құрдас айтар ойын түйдектеді, Барады қай-қай жаққа сүйреп мені.

Келген-ау, бұл шамасы апасын да, екінші тайлағындай үйреткелі.

Бұл құрдас қыз дегенде тықылдайды, Болған-ау, бұл құрдасқа қатын қайғы. Беу, құрдас, қырындама, қырындама, Ақын қыз біздің жақта сатылмайды.

мен өзі үзілдікті алып жүрем,

Кей уақыт содан сөзге қалып жүрем. үзілдік бірге оқыған кластасым, сендейлер қақпасын деп бағып жүрем.

Қазірге дайын сұрақ ұрынғанша, уыттау болады екен жырың қанша? Ал, енді, үзілдікті бере қалсам, Құрдас-ау, беретұғын пұлың қанша?

Бөрібай:

Құрдасыңа көрсеттің алмас қылық, ойламап ем, дәл мұндай салмас құрық. Бір сұлудың меңі үшін Хафиз шайыр, самарқанды жіберген алмастырып.

мен-дағы айтыстарда жосып келгем, тұлпарымды додаларға қосып көргем. самарқанға Жүрсін ақын Алматыны, үзілдіктей періштеге қосып берген!

Құрдасың үдеп-үдеп кетеді де, өзіңдей Қанағаның жетегінде. үзілдікке мырзашөлді түгел берсем, Айтшы құрдас, кәнеки, жетеді ме?

Ашылар ол мырзашөлдің гүлі болып, Шыбын жан шықпай жүрсем тірі болып. сұлуларға жерін қиған бұл тарихта, мен қаламын «үштіктің» бірі болып.

Қатимолда:

Алдынан қайнағаңның тоса бердің, Жырменен сен ойқастап жоса бердің. үзілдік десең шын, Бөрібайжан,

төле би жатқан ташкенді қосып бергін.

мен солай шабытымды ірке бердім, тұрмасаң бұл шартыма үрке бергін. Келмесе осы айтқаным қолыңнан бір, маңдайдағы теріңді сүрте бергін.

Бөрібай:

сен өзің шалқығандай байтақ әнсің, Қайнаға, бұл сөзіңді шайтан алсын. үзілдікке тәшкенді берер болсам, мырзашөлді «сдачқа» қайтарарсың.

Қатимолда:

Байқадым, беу, құрдасым, аяғыңды, Белгілі «ультиматум» таянулы. отырсың мына менен «сдач» сұрап, Қазақ жерін өзінен аядың ба?

өзің де дайынсың-ау, дауға керім, мырзашөл өзбектерге ауған жерім. екеуінің басын қосып бере алмасаң, осымен доғарайық, саудагерім.

Бөрібай:

сауданы бітірем деп қызу едім, Алаңдаған арманым боп қызыл ерін. сұлуларға сөздері өтпей қалған, Ақынмын о бастан-ақ тұзы жеңіл.

Аман болсақ кездесерміз әлі талай, Қыздарды саудалармыз барымталай. ел алдында ақ батаңды сұрайыншы, Бермесең айтыспаймын әрі қарай.

Ақынмын сал-серіге еріп жүрер, елінен жыр маржанын теріп жүрер.

Ақбөрі ақ батаңды сұрап қалды, Қатеке, беріп жібер, беріп жібер.

Қатимолда:

Қыз жайын ұғынсайшы, құрдас, енді, өкініштен орны оның толмас енді. үзілдік кластасты бермеген соң, Бермесем ақ батамды болмас енді.

Бөрібай, бауырым да, туысым да, сұлулар жүрсін сенің уысыңда. Айтыс атты өнердің айдынында, Әрқашан еркін болсын тынысың да.

Жырлайтын жағы талмай арманды елін, Ақ берен қиып түсер салған жерін.

Алдынан додалардың көріне бер, Ақыны мырзашөлдің Арлан-Бөрім!

1991 жыл.

БөРіБАй Мен ӘсИЯ

Бөрібай:

Қолдарын ақынына ұрған халқым, Ат басын айтыстарға бұрған халқым. Ассалаумағалейкүм, асылдарым, Бөрібай мен Әсияны туған халқым.

Ақындарға атуда үміт таңы, Ашылсын жыр-көңілдің құлыптары. ташкенімде ұлан-асыр той өтуде,

Жиырма бес – «замандастың» жігіт шағы.

«замандас» елім күткен үміт еді, рашидов қолдап та үгіттеді.

Шаңырағын отау ғып көтергенде, Бұхарбаев жиырма бестегі жігіт еді.

Бүгін елім той жасап көпті күтті, тойлар да қажет етер ептілікті.

Жеңу де, жеңілу де мақсат емес, сеніміңнен шықсам елім жеткілікті.

замандасты қосамын өлеңіме, сүңгиін жыр-мұхиттың тереңіне. Жалғыз едім айтысты тағдыр қосқан, егіз болсын екеуі дегені ме?

Кетті ғой ақындарға қаптап қала, Ән тербеліп үш күнім жатпақ дала. Ақбөрің жұлқынып бір шыға келді, Әсиядай жеңгесімен аппақ қана.

о, жеңге, ақын болып бақ құрадың, мен-дағы арттарыңнан шапқыладым. Жуас қайын болам да осы бүгін,

Ақ жеңгенің айтқанына тақ тұрамын.

Әсия:

Жүздесіп жаны жайсаң халқыменен, Жанымды кетті менің шарпып өлең. Әуелі амандасып алайыншы, Халқымның сәлемдесер салтыменен.

елім-ау, айтыс десе алаңбысың? Білесің өнердегі бағамды шын. Асылдың сынығындай алыстағы, Көнекөз қарттарым-ау, аманбысың?

Жасымнан жыр көмбені сағаладым, өнерде өзің мені бағаладың.

Шабытым шарықтайды батаңменен, Аман ба, ақ жаулықты аналарым?

Шығасың ар-намыстың құздарына, тірліктің төпеп бердің ызғарына.

Қасиеті қайран қылған қалың елді, Бір сәлем қаракөзді қыздарыма.

Армысың, мәңгі көктем қалған мекен, далаңа жеміс-жидек толған мекен.

Алты Алаш әруағыңа басымды идім, төле би бабамызға болған мекен.

өзге еді басқалардан бағамыз да, Қабағын көрерменнің бағамыз да. сәндеген сұлулықпен регистандай, Жалаңтөс Баһадүрдей бабамыз да.

мен едім айтыстағы ақ алмасың, Белгілі менен жақсы таба алмасың. Жігіттік мүшел тойың құтты болсын, Қазақтың хабары бұл «замандасым!».

Көрсетіп көрерменге әр ісіңді, естіртіп мына жұртқа дауысыңды. Қайным-ау, қарап отырсам ертелі-кеш, Көрсеттің Құлагердей шабысыңды.

өнердің шыңдарында бар аларым, мен-дағы әзіл сөзге бара аламын. Байқаймын басыңменен, қолыңменен, Бар екен аяғыңда барабаның.

Бұл өнер жігіттерден шықты ма екен, мәнісін барабанның ұқты ма екен?

Айтақын ұрғылаушы еді аяғымен, сынықтан өзге болып жұқты ма екен?

Жеңгеңнің қас-қабағын бақшы бүгін, Болса егер қайныдай сақшылығың. Байқаймын терлеп-тепшіп бұлқынасың, Бар сірә, аз да болса бақсылығың.

Бөрібай:

демеймін бұл өнерге жай құмармын, Айтысты ақ жеңгеммен сай қылармын. Әжемнің жетегінде өскендіктен,

о бастан, жастайымнан шай құмармын.

Байқаймын үндеріңде дабыл басым, Қайның өстіп қағынар қағынғасын.

үлкендерден қалдық ішсем несі айып, Кешіктіріп кетті ғой қарындасым.

мен неге алға қарай ұмтылмаймын, Қостайды шабытымды жұртым дәйім. Әруақтарым арқаны қоздырғанда, Айтшы жеңге, мен неге жұлқынбаймын?

Айтты деме, ақ жеңге, ненің жайын, туа берсін алдыңнан сенің де айың. Ал, енді жүгенімді тарта тұрам, Айта отыр жеңеше, елдің жайын.

Әсия:

Көрінді жас та болсаң өктемдігің, өнерді өзің біліп өскендігің.

Қолыңды сен шәйнектен бір алмайсың, Көрініп тұр өзбектермен өскендігің.

сірә, сол суға кетіп қалмаған ба? Қанатың ұшудан тек талмағай да. отыз жыл көк шай ішіп жүрсең-дағы, сусының айтысқа дейін қанбаған ба?

Байқаймын сірә, сенен дарын қашты, Алам деп отырсың-ау алынбасты.

Ақыры кінәлі ғып шығардың ғой, Ақындарға шай әкелер қарындасты.

мүмкін, ол айтқандарың пайдаң шығар, Алдыңда Әсияның айлаң шығар.

Кезінде шай уақтылы бермейтұғын, Кердеңбай келіндерім қайдан шығар?

Бөрібай:

Қынжылам болмашыны сөз еткенге, уәжімді айтамын кезекпен де.

үш пиала шай іштім соншалықты, тіліңді тіреп қалдың өзбектерге.

Қазіргінің серісіндей өлеңдетіп, Жақсылардың жанына келем жетіп. Жеңге болып отырсың, қайны болып, өкпелеме әзілдесем тереңдетіп.

Бойыма шабыт келсе тоқтатпаймын, Кетті деме, ақ жеңеше, оттап қайным. Арудай боп келгенде ташкеніме,

үш күн бойы ағамды жоқтатпаймын.

Әсия:

отыр ем сөзді жөндеп табайын деп, өзіңді қайрап-қайрап алайын деп. өкпелеп қалдың ба, сен өзбек деп ем, Айтқанға келді іріткі салайын деп.

осы ма дайындаған сыйың маған, дейсің бе жауап беру қиын маған. Ағаңның әйеліне өкінішпен,

сөз айттың бақытыңа бұйырмаған.

Әзілді айтуға сен ерікті едің,

Қайным-ау, бұл айтысқа көрік бердің. Жеңге деп сөзін айтқан апасына, Қайныны қай қазақтан көріп келдің?

Бөрібай:

Байқаймын көңіліңді түсірмейсің, Әзілдеме дейсің де түсін дейсің. өкпелейтін өкпе жоқ, бәрі бауыр, сенбесең рентгенге түсіргейсің.

ойым бар айтпай кеттім, біліп қойшы, Көңіліңнің төріне іліп қойшы.

осы жұрт сені күлмес ақын дейді, өтінем ел алдында күліп қойшы.

Әсия:

Байқаймын, сірә, қайным ептедің бе, Әніңмен ақ жеңгеңді өпкенің бе?

өкпе жоқ тұла бойда деп отырсың, сонда сен балық болып кеткенің бе?

Әзілдің түбіне де жетпедіңдер, Айламен Әсияны ептедіңдер. Күлмейтін сірә мені тірі пенде,

Күлмейтін Күлмес ханым деп пе едіңдер?

сырым бар мына елім білмейтіндей, санаға ептілеу жан ілетіндей.

Ал, кәне, қайным, өзің бір сөз айтшы, мен түгіл отырған жұрт күлетіндей.

Бөрібай:

Болса-дағы қайныңның жыртыңы жоқ, Басып қойдың әзілдеп жұлқынып ед. Балық дейсің өңшең бауыр дегеніме, Байқашы сол балықтың қылтығы көп.

Қылтығы тамағыңды тесіп кетер, ештеңе жоқ көңілдің өсіп кетер.

сан сайысты өткізгем мықтылармен, мен емеспін шапанды құр шешіп кетер.

мен-дағы өнер атты белеңдемін, дуалы ауыздарға ілінгемін.

риза боп тарасын дегенім ғой, Күлгеніңді бір көріп көрерменім.

Әсия:

демеймін бір айлаға жолықпаймын, мен, сірә, бұл айтқанға қорықпаймын. Қылтықты болса-дағы бұл балығың, Қадалар тамаққа да деп қорықпаймын.

орынды ойлы сөзбен ұта аламын, Қақпан боп мен де сені тұта аламын. Жайыны болсаң-дағы жыр-теңіздің, мен сені түгіңменен жұта аламын.

Амал не, көңілімді байытпаған соң, Қайнымда алған беттен қайтпаған соң. Күл-күл деп қытықтайсың құрғақ сөзбен, Күлемін қалайша сөз айтпаған соң.

Бөрібай:

Ақынсың алдыңа жан салдырмайтын, Қарсыласты шаң қапқызбай қалдырмайтын. Кіп-кішкене болғанмен шортанға да, Алабұға мен болам алдырмайтын.

«замандасқа» мырзашөлден дара тілек, Қазағымның өсе берсін бәрі ақын боп.

«замандастың» елу жылдық тойында да, отырайық кемпір мен шал ақын боп.

Әсия:

өнерге қанат қаққан бір жат елдің, Байқадым саудадағы мырзасы едің. Бағыма тап келіпті: «замандаста», Ақиық бір ақыны мырзашөлдің.

Ақының айтыстан еш тартынбасын, Болсыншы әрқашан да парқың басым. Бәйгесін алшы бүгін Қасымның сен, Жырларың найзағайдай жарқылдасын.

төгілдің бұл сайыста бір ағыла, Шалынып періштенің құлағына. тілегім жаңағы айтқан қабыл болсын, Кездесіп асау жырдың бұлағына.

демеймін өнерің бар таласым, Ақынға елім сенім арта аласың. Күн тусын тоғысатын тойтөбеде, думаны қазағымның тарқамасын.

Қалайша жыр шашудан жай қаламын, Ән болып әрқайсыңды аймалайын. сақтаған салты менен дінін, сірә, Халқым-ау, қасиетіңнен айналайын.

тілеймін құт-береке орнасын деп, тілеймін алакөздік болмасын деп. Әруақтардан алыстап қалмайықшы, Ата-баба әруағы қолдасын деп.

Бөрібай:

толқысаң өлең айту бір ақырет, Көргеннен біз де сізді ұнатып ек. Қасымның ақбоз атын тілге алдың, Ақ пейілді тілегіңе рақмет.

тілегім қазақта той тарқамасын, Ақындар ел ауырын арқаласын. Әсиядай асылдың сынығымен, Айтысып, жазылды ғой арқа-басым.

Жоқ еді, ақ жеңеше, сырластығың, елге келіп бір биіктен бізді асырдың. мекенім мырзашөлім, мырза дала, Айтайын «замандаспен» құрдастығын.

мен әлі жырларыммен шарқ ұрармын, таңымды да көңілді атырармын. наурыздағы ұлы тойға, мырзашөлге, өзіңді бас ақын ғып шақырамын.

соңынан біздейлерді сүйрете бер, Жасықтарды жолынан күйрете бер. Қазағымда халық ақыны атандың ғой, орысқа өз тілдерін үйрете бер.

Әсия:

Бойыңа жиналған-ау, ұят-күшің, терледің, қызарасың, ұяттысың. Байқаймын айтыс енді бітер кезде, соңында бір-ақ қызған сияқтысың.

ұйқасы өлең-сөздің қалмас құрып, мен-дағы көрсетейін алмас қылық.

Көпшілік қаласа егер осы айтысты, Қайтеді жіберсек біз жалғастырып.

Арман не, арай болып тарай алсам, Шуақты жыр көгіне қарай алсам. наурыздағы тойыңа барып, сірә, Жыртысыңдай бір кәдеге жарай алсам.

Шоқ болып жыр отыңда жанар едім, Әндердің де кәусарына қанар едім. Ақ жаулық аналардың, аталардың, Қызы боп ақ батасын алар едім.

Қызыңа халқым сенім артасың ғой, сөз шығып осындайда тарқасын ой. Ақын боп, ана болып жүргенім де, өзіңнің, тек халқымның арқасы ғой.

Бойыма жақсылықты жиып өтем, Халқымның қайда болсам сыйы бөтен. дәл мендей қыз тудырған жыр көгіне, Басымды халқым мәңгі иіп өтем!

Бөрібай:

Жалғастырсақ айтысты кім қолдайды?! өмірдегі тілегіміз бір болғай-ды.

Қоштасайық, ағама сәлем дегін,

«таң атпаймын дегенмен күн қоймайды».

1992 жыл.

МеКеМБАй Мен ӘсеЛХАн

Мекембай:

Армысың жанашырым туған халқым, Бармысын айтысқа бел буған халқым. Көркейтіп айтысын да, өлеңін де, өмірін қайтадан бір құрған халқым.

Ән мен жыр ағыл-тегіл есілуде, Көрермен шын құмартып тесілуде.

Әселхан, қайда Жүрсін, неліктен ол, Айтысқа шықпай ұзақ кешігуде.

Әселхан:

танытқан мені көпке өнерім ғой,

сен айтсаң болды бірден келемін ғой. о, Жүрсін, кешіккенге сен кінәлі, Бесінші боп шығасың деп едің ғой.

Жырың бар дүйім халық ұнатқандай, отырсың әзер-әзер құлап қалмай.

мен жоқта не сөз айттың, мен білмеймін, Қоясың енді маған сұрақ қандай.

Айтыста болады ғой әсер қалың, Қарашы көрерменнің көсем сәнін. Асырып армандарын Алатаудан, Алдыңа тағы шықты Әселханың.

Әріптес амансың ба, халің қалай, салатын бүгінгі күн әнің қалай. дұрыстап өткізейік бұл айтысты, Әзіл шын айтқан сөзді ауырламай.

Бос сөзді қоса берме шаруаңа, Көңілім көлдей бүгін пәруана. Аялап бота жырды мәпелеген, мен деген түзде желген аруана.

Қыздырып айтыс деген көздің құртын, Қызыққа батсын мынау көрген жұртым. нағыз бір жыр нөсерін шалқытайық, Келтіріп асыл сөзді дүркін-дүркін.

сен өзің бір сусынға қанғанбысын, Бұлғақтап бір бәлеге жанғанбысың. Әселхан ақынменен айтысам деп, сарғайып сары ауру боп қалғанбысың.

Мекембай:

Алысқа шырқап шыққан дауысыңыз, Әрқашан өршіл болсын шабысымыз.

Айта отыр ауыл жақта қандай екен, ел жұртқа мақтанатын табысыңыз.

Қосылып отыр бүгін әніміз де, Жарасып шаттық тойда сәнімізде. Әрқашан үлкен бақыт тілеймін мен, осында келген халқым бәріңізге.

Жақсы көрген жаныммен халқым дана, Бұл айтыс құрметтейтін салтым дара. Әселхан, бас иемін өнеріңе,

нардың жүгін арқалар нарқыңа да.

отырсын мына бізді сынай тағы, Ақын деген әр кезде шын айтады. Халқының қайнап жатқан мәселесін, Біз екеуміз айтпасақ кім айтады.

Көп есім елімізге қайта оралды, Айтыста шын ақындық байқаларды. Қаншама сұрақ берсем әріптеске, Бәріне жақсы жауап қайтарар-ды.

Әселхан:

елім бар өз салты мен ғұрпын баққан, Айтыста талай-талай жыр тыңдатқан. Кешегі өшкен шырақ қайта жанып, ететін игілік көп жұртым мақтан.

Жеткендей болып тұрсың арманыңа, Болармыз біз де риза қолдағыға, тәшкенттің сарылары кезек-кезек, Қайтыңдар ілінбей-ақ қармағыма. сіз жақта қызып жатса айтыс көрік, Қосамын тілегімді самғауыңа.

Мекембай:

мен едім ақын жігіт ұялшағы, Жеңгемнің жалындап-ақ тұрар шағы. Қармаққа шынымен-ақ ілінер ем,

Жоқ екен бізді тартар шуалшаңы. Біледі мұның жайын халқым анық, өскенбіз қазағымның салты дарып. мемлекеттік мәртебе алды-ау әрең, Қазақы төл тіліміз талқыланып.

Әселхан:

сол болса тапқан сөзің амал бар ма, мен сені қосқан жоқ ем жамандарға. тілі үшін қазағымның діні үшін, өкімет барды жаңа қадамдарға. тілімнің, дәстүрімнің қайғысы көп, ұрынған небір дауыл, борандарға, сендер де өздеріңе мықтырақ бол, Бар қазақ, бір қазақ қой саналғанда.

Мекембай:

Бұл айтыс болып отыр ғажап қандай, төбеміз көкке тимей аз-ақ қалды-ай. мемлекеттік тілімен құтықтаймын, Көңілі жомарт, әппақ қазақтарды-ай.

Халқымыз әлі-ақ талай танылады, Айтыстың бйік болсын шаңырағы. Әрқашан ұлтымыздың сөзін айту – Ақынның бола берер жан ұраны.

Әселхан:

менің де өлең сөзге жаным ғашық, ұлтыма берген құдай сабыр нәсіп. Бауырлар әлемдегі басын қосып, Жатса ғой туған жерде тамырласып. Бәріміз сахнадан аттанайық, достасып, туыстасып, қауымдасып. мекембай ел жұртыңа мақтанып бар, Алматы жіберді деп бағымды ашып.

1993 жыл.

МеКеМБАй Мен нҰРХАн

Мекембай:

Бүгінде кешегіден қылық басқа, Жездеңе қолдан келсе, құрық таста. өзің қайдам, бірақта сөзің шырын, сен-дағы келіп қапсың қырық жасқа.

Қу балдызсың жететін сөз парқына, түскелі отыр енді сөз талқыға.

Жоғары Шыршық дейтін елі әйгілі, сәлем бердім ендеше өз халқыма.

митыңдап сол баяғы күндер еппен, еліңіз мақта менен гүлдер еккен, ниязымбет, Шындәулет, рахым аға, елім деп бұдан артық кімдер өткен?

нұрхан:

Киелі сексен ата еліненмін,

таба алмайсың бұл елдің жерінен мін, Құтбай мен қасиетті ер нәлібай, даусына сары майдай ерігенмін.

Көшетті дәні ғана үшін екпес,

Бір басыңнан бақытың – құсың кетпес, Ал сенің май түгілі, қанттай-дағы. ерітуге, жездеке, күшің жетпес.

Мекембай:

Жеңбей ме бәрін-дағы ақыл ақыр, өлеңін мәнерлетіп ақын оқыр.

ит қуған мысықтайын қашқақтамай, Жездеңе, жебір балдыз, жақын отыр.

Жақындасаң кетпейді әлем ісіп, Шайыңды да жүрсің-ау әрең ішіп.

«Жақындасам, тез еріп кетем-ау», – деп, отыр ма шынымен-ақ зәрең ұшып?

нұрхан:

Көбейді сен ойнаған «ойындар» да, Кім ғашық ондай жаман ойындарға? ерісем не қылар ең? Әпшеміздің Көзіне шөп салмақ та ойың бар ма?

сөз сөйле, жаман жезде, бізге қарай, Атқанда жүректерден алтын арай. тутамғалы қызымын ту ұстаған, ерітуің нұрханды екіталай.

Мекембай:

санама шала емес, шоқ салам тек, Жалғанда немене көп? Шөп-шалам көп! сен сияқты сидиған әпшеңіздің,

Көзіне жүрген жоқпын шөп салам деп.

Жаман ғой жалғанда бұл туыспаған, Қайын жұрт – тутамғалы ту ұстаған. Шанышқылы, Қаңлы мен сіргелілер, Киелі Қожалар да туыс маған.

сен тұрғанда көк мұздай тайғанақтап, Бақыт таңы арайлап қайдан атпақ?

Бір қырым еттен басқа түгің де жоқ. Балдызжан, болғаныңмен айдан аппақ?

сен өзің бермегенмен балаға ерік, Барасың Қайырбекпен далаға еріп, майыңды Қайыр бажам сылып апты, Пияздың отағына сала беріп.

ойлама бұл жездеңді еріккен деп, ерітсем, сұлу қызды еріткем көп. Айтқандай былтыр да, биыл да еккен, Пиязыңда арам шөп неліктен көп?

нұрхан:

Жүрегім биік барлық өріңнен де, Жүрегім терең барлық көліңнен де.

Әпшемнің байқаусызда қолы тиген, Көзіңе пияз шөп боп көрінген де.

Мекембай:

сылаңдаған балдыздың аты – нұрхан, Қыз да болса, артық кейбір ақын ұлдан. Көзіміз шапыраш болып қалып еді, Әпшеңіз жездеңізді атып ұрған.

нұрхан:

Бола ма отан үшін күймегенің, Жүректерде күмбірлеп күй дегенің. Жездеке, көп сырымды ашып қойдың, сол себептен кеп отыр түйрелегім. сараның басқан жерін басып келдім, Айтыстан неге, жезде, именемін? семіріп, домаланып қалыпсың-ау. содан ба, келді өзіңді сүйрелегім.

тіл мен жаққа сүйеніп отырғам жоқ, о баста мінезіңді сүйген едім.

Әпшемді сен де талай атып ұрып, Көздерін көгерткенсің, күйгелегім.

Мекембай:

Бақты бізден көбірек құшқан ерсің, мінезіңді ұшқалақ құс па дерсің. мен сені бәлеқор ма десем, балдыз, өтірік, өсекке де ұста екенсің.

Жүрмейтін жігітпін ғой көнеге түк, Қайтемін сөздеріңе көне кетіп?

Қу бажам су қоятын «пиязыңа», Қайтеді қайтсам егер көмек етіп?

нұрхан:

сөзіңді біз де әбден жіліктедік,

Күн қалмасын дәл сендей жүлікке тік. Жездеке, келмей-ақ қой, шөп орнына, Жүрерсің пияздың бәрін жұлып кетіп!

Ауырлау айтып тұрған сөзің білдім, сен жататын кез болды, көзіңді ілгін. Айтқандай, әр жерде бір пиязға кеп, Часовой болам десең, өзің білгін.

Мекембай:

Қаншама көтеріліп тостар ауыр, ториды аш қасқырдай «достар» ауыл. Шөп ішінен көрінбес сол «пиязға» Артықша емес пе екен қос қарауыл?

нұрхан:

Кей-кейде айтқаныңмен сөздің расын, Жездеке, сен емессің менің қасым. наза болмай айтыстым, сонда-дағы, Ауырып жатыр менің алтын басым... соған сенің, айтсайшы, не дауаң бар, Әзірше алыста емес, алдымдасың...

Мекембай:

«Күлшелі ұл сүюге жақсы шығар», Жақсы жігіт емеспін ақшасы бар. Қолы қысқа болса да, қалтасында Алмандай келетұғын шақшасы бар.

дедің білем жездеңді басынайын, нұрханжан, көбейіпті «басымайың». Басыңның ауырғаны жазылады, Жездеңнің бір иіскесең насыбайын!..

1994 жыл.

БөРіБАй Мен ШОРАБеК

Бөрібай:

Бісміллә, жырларым өрімделді, Астана да ақындарға төрін берді. Бір жарымдай миллион қазағыңның,

сәлемдері қос бұрым боп өрілді енді.

Кеше ғана кесенесін құшып келдім. төле бидің тәшкенімнің төріндегі. Әйтеке би ақ тілегін тілеп қалды, нұратадай тауыңның беліндегі.

Жалаңтөсің жалынды сәлем айтты, самарқанның саялы еліндегі.

Алпамыстың ақ тілегін ала келдім, Жиделі-Байсындай шөліндегі.

Қырық қоржын сәлемін арқаланып, Қара орманын сағынған Бөрің келді.

Астананың жағылып ақ шамдары, Бас қаланың ашылып тұр аспандары. еуразия университетіне ақ тілегім, Бола берсін өнер, білім бас қорғаны. осынау бір білімнің ордасынан,

ұша берсін қазағымның қасқалдағы.

мен де бүгін құрдасымды жолықтырдым, сүрінбейтін қай бәйгеге қоссаң-дағы.

Әзілдесе езуіңді жидырмайтын,

Бұл Шорабек – айтыстың оспанханы.

Ақынсың сен құрдас, ойлағандай, Айтыстың кәусарына тоймағандай. Аламанда алысып отырғадай, Астарлы сөздеріме ой бағардай, екеуміз осы айтысты қыздырайық,

«Қайрат» пенен «Пахтакор» ойнағандай.

Шорабек:

Беу, Бөрібай!

тегінде жан емессің қуыс құшақ, осында отырайық туыс құсап. ортаға шыққан кезде орда бұзбай, олжаны алу қиын уысты сап.

Қағытудың орнына бұл Бөрібай, Жылпылдап жылы сөзбен ұғысты сәт. мені мақтай бергенше, тиіссеңші, иракты бомбылаған Буш құсап.

исламда ирак еді дара қия, дара қия және де дара ұя. соғысынан жетті ғой хабар ия, КтК-дан айтқанда «Камалия»,

Шайнағандай болдық қой қара мия. АҚШ-тың солдаттары соғысуда, Көжесін ішіп алып Бавария. имандылық ұясы – Арабия, Болмаса жарар еді авария.

таразда жұпталып ек, Бөрібайым, тағы да Астанада жолығайын.

Айтыс сайын жабысып айрылмайтын, өзіңнен өзге ақынды танымаймын. өзбекстан Бөрібайын жібермесе, Қазақта қарсыласқа жарымаймын.

Құрдастың отырам ба хәлін ұқпай, ұшпаққа мен жетермін қабынып қай. Парасатты патшамен – ел бақыты, оның жолын айтармыз әлі нықтай.

Жай-күйіңді жақсылап сұрайыншы, АҚШ-қа жалпақтаған Каримовтай.

Айтысқа шақырғанда жетіп кепсің, Шорабекті шоңқайтам деп бекіп кепсің. екі елдің жолын кескен елбасың бар, Жағдайын ойламайтын жеті көптің. өзбектер шекарасын тарс жапты деп ед, сен қалай бері қарай өтіп кеттің?

өнердің мен айтайын, ең естісін, ел естіп және де кеңестісін.

тірі жан шекараңнан өте алмаушы ед, сен қолға тұрмайтұғын елеспісің? есік емес, тесіктен өтіп келген,

сен өзің контрабанда емеспісің?

Айтыстың қадірін ел биыл ұқты, Ақындар форумға алғаш жиылыпты.

Жоғары жақ осылай көңіл бөлсе, Болады сөз сайысы, күйі мықты. Шартараптан ақындар шақырылып, Жырқұмар жұрттың бәрі сүйініпті. лайықты қарсыласын тауып алып, Ақындар бір-біріне шүйіліпті.

Ағайын, айып етпе мына маған, сертификаты жоқ ақын бұйырыпты.

Беу, Бөрібай!

Атағыңа, даңқыңа мас перісің, сондықтан да жарасар сөз керісің. тұмсығың жерді жаппай тіміскілеп, сандалған сахарада аш бөрісің.

Қазаққа қарай кейде оқ ататын, өзімшіл өзбекстан әскерісің. өзбекстан Ақ-Бөрісін аяймын ба, сыпырып жіберейін бас терісін.

Бөрібай:

дедің-ау, мақтау айтып, қипақтама, сөздерімді айтайын жинап қана.

Буштың өзі болып, сен тиіс дейсің, тиіскендей осы бүгін иракқа да.

Буштарың да өзімен кетсін деймін, ирагым деп, ирелеңдеп, қирап қалма.

Әрі қарай құлақ тос, Шорабегім, сені құрдас, әрі де жора дедім. Шекараны айт деп отыр, уа, халқым, саясаттан шерім де тола менің.

Көк сақалды кезіңде көрген едім, Боялған сақал көріп, тоба дедім. сарыағаштың суындай таза десем, Жасалған қолдан «Кока-Кола» ма едің?

Кезің келді дегендей ақтаратын, Айтшы дейсің өзбекстан ақпаратын. тілді тартып, азырақ сөйлейінші, саясаттан әдетім бар сақтанатын.

Шекаралар бөлінбей тұрған кезде, Біздердің де айтқанымыз ақ болатын. өзекеңдер жан-жағын қымтап алып, Шабысынан жаңылды шапқан атым. не десең де, бұл жерде бас иемін, Жағдайым жоқ ел алдында мақтанатын. Жағдайы бар қазақтар көшіп жатыр, Жағдайсыздың алдында қап-қара түн. Кетпен сапқа да жарамай қалды ерлер, Алпамыстың найзасына сап болатын.

мырзашөлде қалды ел біз секілді, Ағайынға алаңдаған сіз секілді.

Ақ мақтамен бақытты едік кеше ғана, Жемісін төгіп-шашқан күз секілді. менің хәлім, өзің айттың жаңа ғана, Қолыңдағы еріп кетер мұз секілді.

Әруақтардан аттай алмай, мен де жүрмін, Бабалардан қалып кеткен із секілді.

өз ағамыз бүгінде өгей әке,

Ал, қазақтар қолындағы қыз секілді.

Қалай өттің деп айтасың шекараны, Жауап бере алмағандар екі алады. екі елдің елшісі боп келгеннен соң, Шаңғытып мен де жүрмін екі араны. Ақын деген елінің еркесі ғой,

ерке бала ембей ме екі ананы.

тағы айтам, сен айтыстың – оспанханы, Ақыны емессің көп сандағы.

Бірақ, бізді құрдас деп кім айтады, Жаныңда баладай боп отсам-дағы. сақалының әр талында періште бар, Жамбылымды елестеттің тоқсандағы.

Шорабек:

оу, ағайын!

мынаған менің көңілім бөлініп тұр, Бұл жерде бұл Бөрібай не біліп жүр?

тоқсандағы Жамбылға теңеп отыр, Жүрегім оған менің егіліп тұр. өзінің иегінде бір тал қыл жоқ, сақалыма сонан соң тебініп тұр. сақалды мұсылманға тиісетін, өзбектен екендігің көрініп тұр.

ежелден өзбек, қазақ тел өскендей, Жайы жоқ, бір-бірімен егескендей. екі елді бөліп тастап ортасынан, өзбектердің бұл ісі өрескелдей.

Қос халық қатар енді аралассын, наурызда күндіз бен түн теңескендей.

Шындықпен шыққым келіп тауға менің, Көңілін көпшіліктің аулап едім.

Қарасың деп айтады мені ақындар, одан мен ақталудан аулақ едім.

Шынында қарамын деп ойлаушы едім, Бөрібай, сені көріп, тәуба дедім.

дүниеде ырзық іздеп, кезіп өтер, Бөрібай бабалардың көзі де екен. Ақ Бөрі деп атайды қазақтарым, Бұл өзі ақшуланның өзі ме екен? Жоқ әлде, Ақ Бөрінің сахнаға, Көмірге аунап шыққан кезі ме екен?

оу, Бөрібай!

Жырменен елдің жанын байыталық та, ендеше, құлақ түрші Айдаровқа. оннан-мыннан жинаған оралманын, Бар екен бізден басқа қай халықта? тар кезеңде тарыдай шашыраған, Қазақстан көбін алды қайтарып та. өзбектен де қазақтар кетпей қалып, Шаңырағың кетпесін шайқалып та.

Қазақты олар өзбек деп ұлтын жазған, Фактілер отыр бүгін байқалып та.

Халықаралық айтысқа келгеннен соң, Халықаралық мәселелер айталық та. өз ағам, Қазекемді іні дей ме, Бауырға бауыр өстіп ірілей ме? сіздер жақта күн ысып қалған шығар, дұрыстап түсінбейміз мұны кейде. самарқанның көк тасы жібігенде, Жүрегі елбасыңның жібімей ме?

Каримов қызық мінез тауып отыр, Көңілі АҚШ жаққа ауып отыр.

Әуежай, әуе жолын, бәрін беріп, самолетін сиыр ғып сауып отыр. Бушқа әуе жолын ашып тастап, туысқа жердің жолын жауып отыр.

өз ісін Америка жөн қылып тұр, мұсылман-террористер тең біліп тұр. соғыс ашып, иракты бомбылауда, тиыш отыр деп, әр елді көндіріп тұр. Каримов те мұсылманға кәрін төгіп, мешітке қатаң заңын ендіріп тұр. дінімізге дүрбімен үңілетін, нұрсұлтанның бағасын ел біліп тұр. Буш айтқандай, ислам әлемге емес, исламға әлем қауіп төндіріп тұр.

нұрсұлтан жақсылығын енді ойлап жүр, өз елін өркениетке оңтайлап жүр.

Арбаны да сындырмай алға айдап жүр, өгізді өлтірмей, өрге айдап жүр.

Жайнап өсіп келеді жаңа Астана, Қазағым, қанатыңмен қорғайлай жүр. Қай елде қиыншылық болмаған,

Қай елде бірдей бақыт орнай қап жүр. отырса опақ, ал тұрса сопақ қылып, оппозиция дегенің қол байлап жүр.

Әкімді сайлап қою керек деген, ойларын ортаға сап домбайлап жүр. губернатор сайлаған ресейдің, Жағдайы бұл күндері болмай қап жүр.

сонда да соқыр сенім иелері,

таласып таққа бекер соры қайнап жүр.

Бөрібай:

Аллалап, ақындарың шықты бүгін, Белдесуде қос құрдас та мықты бүгін. саясатты айтуға емес, бұл Бөрібай, наурызбен құттықтауға шықты бүгін. Астана мен тәшкеніме тілеп жүрмін, Қос астана діңгегінің нық тұруын.

Қазақ, өзбек достығын нығайтуға, Құдай берсін ақ сүйектің мықтылығын.

Шорабек-ау, отырсың ғой ісіп сөйлеп, Жырқазанда қайнағандай пісіп сөйлеп. Патшаларға жол көрсетер біз емеспіз, Алты кесіп, жеті рет пішіп сөйле.

Кісіліктен ешкім әлі көгермеген, есің болса, құрдасым-ау, кішік сөйле.

Жақсы ауызға құр айқай жараспайды, Бірер нота саясаттан түсіп сөйле.

саясаттан мына халық түк алмайды, Асықта да шік пенен бүк алдайды. Қораз құсап құр босқа қышқырмағын, сендей қораз таң атқанын біле алмайды. Қораздың да тырнақтары болғанымен, Бөрілерді қырандай бүре алмайды.

Ал, ендеше, уа, халқым, арындаймын, мына отырған елім үшін барым-қайғым. екі елдің достығын жырлағанда, сексеуілдің шоғындай жалындаймын.

Жарты сағат жырладың да, жаңа болдың, Бұл айтыста сен – шал, мен – бала болдым. сертификатсыз дегенге үндемеп ем, Контрабанда дегенің нала болдым.

Буштан бастап Каримовпен аяқтадың, Патшаларға ақыл айтар дана болдың. Бас терімді сыпыра алмай әуреленіп,

өзің, құрдас, сөзіңмен ала болдың. мені көріп, өзіңе тәуба дедің,

мырзашөлде мен де аппақ бала болдым. Пойызымыз Қарағандыға тоқтап өтіп, Астанаға келгенде қара болдым.

ғимаратқа студенттер тола берсін, Бастарына бақ-дәулет қона берсін. Көріскенше күн жақсы, ағайындар, Астанада жылда айтыс бола берсін!

2003 жыл.

ҚҰЛМАХАн Мен АҚМАРАЛ

Құлмахан:

төрінде той боп тұрса талапты елдің, сен соған бір кірпішті қалап көргін. ташкентте ерекше айтыс боп тұр, Жұлдызы жанатындай талантты ердің. Құдайы қоңсыменен деген сөз бар, екі елдің ынтымағын қалап келдім. сіздердей жаны жайсаң көрерменге,

Қыбырайдан өшпейтұғын ән ап келдім.

Ағайын, армысыздар, ал, бастадым, Шабытым шалықтаса талмас жаным. түрік тілдес халыкқпыз тамыры бир, тілейтін татулықтың жалғасқанын. тағы да шығып тұрмын алдарыңа, Ақтарып ақ тілектің алдаспанын. төрт сағат тырп етпей отырғандар, Ауырып қалмады ма жамбастарың?

мергендей қос қасқырды қатар атқан, Күннің нұры туады шапағаттан.

Жарқынбек жаңа ғана жарқ етті ғой, Жылы сәлем жолдаған сарағаштан. Жанұзақ та сіздерге бөтен емес, тойтөбенің бір қызын ала қашқан. Фархатжан да осында жүгіріп жүр,

Шырыннан басқа қызға қарамастан. Біржандай бала ақын келіпті ғой, оған жазып кеткендей сара дастан. Бекарыстың бәрібір орны бөлек, Бәйге алып үйренген бала жастан. Ақмаралмен ағайын шығардыңдар, Әңгімесін бастайтын махаббаттан.

маралым, менің маралым, Бұлбұлы едің даланың.

Кәриманы қойсайшы, мен өзіңді қаладым. өзіңменен шыққанда, орындалар талабым.

Көркіңнен сенің айналдым, Әдемі екен жанарың. саған сұрақ берейін, Қылығы деме баланың. риза болсаң егер де, екінші қылып аламын.

Ақмарал:

Ақынның дархан көңілінде, Ақиқат дейтін дауыл бар. елдің жүгін көтерсе, Аманаты ауырлар.

өз-ағам өзбек жерінде, өз қазағым дейтиндей, өрісі кең ауыл бар. сол ауылға жол салған, Ата жұрттың сәлемін, Ала келген қауым бар.

Айтыстың туын көтерген, Бар болыңдар, бауырлар!

екінші қылып алам деп, Басыңды шатпа, шерменде. мал тапқыш біздей әйелден, Айырылмас күйеу өлгенде. сұрады екен деп Құлмахан,

Асылын қолдан берген бе? Алсаң қайда қалып ең, сен отызда жігіт ең,

мен жиырмада бойжеткен, ташкенге алғаш келгенде. Жалайырдың қызы мықты еді, Жүгенді қолға берген бе?

Шырыныңды сығып ап, Шығының жоқ деп сенген бе? Пенсияға шыққан соң,

Қайда барар деп көнген бе? Алам дейсің, енді, кеп, Байғұсым-ау, шерменде, есің енді кірді ме,

елуге жасың келгенде?

Бұл айтысты түсінер, Қазақтай шіркін қай халық. Қоржыны толған қалжыңға, Біздің халық бай халық.

Құлмахан мен дегенде, Қалады тілің байланып. Жас иіс қой дедің бе, Кәриманы көргенде.

Кетіпті миың айналып, сыртыңнан сеніп мен жүрмін, сыбағам бар деп сайланып.

Жастың аты жас ғой деп. Көңілің кетер қайда алып, есебім түгел менің де, Қырғыздан қалдым пайда алып. Жаныңды қазір шығарамын. отырып алғын жайланып.

Шылбырыңды сүйретіп, Келдің бе маған айналып.

Құлмахан сенде кінә жоқ, Кәрима алтын жолдағы. Бірақ кейін білесің, Қадірімізді қолдағы.

Біз үшін мына Құлмахан, Арда ақын артық талғамы. милицияда лейтенанттан, Артық атақ алмады. мақтаныш бірақ айтыстың, генералы болғаны. тәшкенді жырла алдымен, Айтыла жатар қалғаны.

Құлмахан: Бармайыншы маралмен, осы бүгін егеске.

Айналып бара жатырсың, Айналайын елеске, лейтенант деп айтасың. сап кеттің қалқам нені еске, елуді және қостың ғой, Ақыл менен кеңеске.

елу деген қазақта, ердің жасы емес пе?

Кездескен соң өзіңмен, Жүрегіңді ұрлайын. сен тұрғанда назарды, Кәримаға бұрмайын. сұрақ бердің Ақмарал, оған жауап-жыр дайын. тыңдаңыздар ағайын, тәшкенімді жырлайын.

Қожа насыр Алдармен, егерге қысқан тақымын. Әмір темір, Абылай, тарихта қалған батырым. Ахунбабаев пен рысқұлов, Алашқа айтқан ақылын.

Бәрін айт та бірін айт, мұхтар менен ғафурым. Қадыр менен Абдулла, Жұлдызы жанған ақыным.

ортадан бөліп бола ма осындай екі жақының. Ауылдың аңсап масасын, Алты қырдан асасың. толқынындай теңіздің, Жағаға кеп тасасың.

Құлагерді құлшынған, Аламанға қосасың. озып келсе бәйгеден, Шашуыңды шашасың.

Қазақ пен өзбек достығы, ғасырлар бойы жасасын.

Бар әлем бүгін биледі, Әуезовтай ұлыңды.

Айбергенов төлеген, тарихқа аты ілінді. Бағланова ән айтса, Ашатын жүрек сырыңды. осындай ойлы даналар, тәшкенде алған білімді. есенғали раушанның, өлеңін ел ұғынды.

Алтайдың жазған әр жағын, тынышбай да жоқ бұрынғы. сапарбаев исраил,

Білесіз ақын ұлынды. мекенбай аға омаров, Көтерген өлең-туынды. осындай ойлы ақындар, өзбекстанда туылды.

Шабытым келсе шарықтап, Қайнап шыққан бұлақпын. Жанып тұрған мәңгілік, өшпейтұғын шырақпын. есімдерін атадым,

Құрышы қансын деп құлақтың.

термелеп жүрген тәшкенді, тектіден қалған тұяқпын.

Айналайын, Ақмарал, Жүректегі сырды ап көр. Кездеспейміз біз күнде, Қарсыласты шындап көр. саған кезек берейін, Атажұртты жырлап көр.

Ақмарал:

тереңдеп кетсең Құлмахан, Қиынсың сен, қиынсың. тыңдаушы жұртың бар болса, салады саған тиым-сын.

Жиырмада қандай болғансың, елуде қызға үйірсің.

Армандама біздерді,

деп қойған бізге қиынсың. Алпысбайын Құлмахан, Әйеліңе бұйырсын.

Жөйттың жойқын амалы, Бұл күнде әбден шыңдалды. отыз жетіде қазақтың, Қаймағын қалқып ерді алды. тыңайтам деп тындырып, тілім-тілім жерді алды. тәуелді етіп орысқа,

Бұрап-бұрап тілді алды. Ала-жола алапат, Біртіндеп кіріп ділді алды.

Жетімди жатқа бермеуші-ек, АҚШ сатып ұлды алды. долларына телміртіп,

төл теңгеміз пұлды алды. төлқұжатыма қол салып, теңдік дейтін шыңды алды. Қазақпын деуші-ем қасқайып, меншігімдегі мен-ді алды. уысымдағы теңді алды.

мың тірілген қазағым, өлмегенде нең қалды. Шешіліп шешен сөйлейді, Шеңберін ойдың асқасын. рухымды бірақ алмасын, Ала берсін басқасын.

Қорғайтын қазақ елім бар, Күн туғанда бас-басын.

Қарным ашсын деуші еді, Қадірім бірақ қашпасын.

тәшкенді ақын жырладың, Жырлауға лайық ер еді.

Біз білетін бұл ташкент, Жап-жасыл жаннат жер еді. Бұхара – діннің діңгегі, Хорезм орда ел еді. заравшан мен ұшқұдық, сары алтынның кені еді. нұратада – Әйтеке, Шешілмей жатқан шер еді. таңдайынан бал тамған Балқы Базар өр еді.

Абай менен науаи, екі жұртқа тең еді.

ғафур гулам сіз айтқан, ғабитпенен сәбитпен, Қатар өскен тел еді. ракымов сабыр ел үшін, Қанын төккен ер еді.

Құрсағы алтын қазақтың, Құшағы неткен кең еді.

Құлмахан сенен жерім жоқ, сырым болса жасырған.

Жаманыңды жасырып, Жақсылығыңды асырғам. Кәрима кіріп кетіпті,

Арамызға тосыннан.

Шөп салғаныңды байқадым, Көзімізге осыннан.

Бір сүйгізбей Кәрима, Көңілің қалды-ау жасыған. досымнан несін аяйын, Қанағат еткін осыған. сағынған елді шығарсың, ішіңменен расыннан. маңдайымнан сүйгізіп, иіскетейін шашымнан.

Құлмахан:

ұзын екен ағайын, Ақмаралдың етегі. Жасай берсін мәңгілік, Қазақ-өзбек екі елі.

сүйдірем дейді маңдайдан, Көрінбей маған бекемі.

Бетіңнен егер сүйгізсең, Бір жылға маған жетеді.

Әжемнің үйірілген ұршығындай, Көңілім көншімейді сырды ұғынбай. Аталар азан шақырып ат қоймаған, Алдымен шаңырақта ұл туылмай. ежелден қазақ-өзбек егіз халық, ерліктің қос ауызды мылтығындай.

Абай мен Әлішердей ғұламаң бар, ешқайсың биіктерден құламаңдар. дүниеде достығын дәлелдеген, сахнада серіні сынағандар.

Жалғанда жерді басып жүре бергін, тірлікте таусылмайтын сыбағаң бар. Қамшының сабындай қысқа өмірде, Қайғы мен қасіреттен жыламаңдар. тапқандарын бұйырып жақсылыққа, Көргендерің той болсын тірі адамдар.

 ҒыЛыМИ ҚОсыМШАЛАР

АҚындАР ТУРАЛы МӘЛіМеТТеР

 Жүсіпбекқожа Шайқыисламұлы (1857-1937) – тарихшы, ағартушы, ақын. Араб, парсы және түрік тілдерін білген. тегі – Қожа. Жетісудың «Әулие ата» де- ген жерінде дүниеге келген.1916-жылдардан бастап ҚХр, ШұАр, іле өңірінің те- кес ауданын мекендеп, мектеп ашып өнер-білім таратады. «Жүсіпбекқожа мен уәзипаның айтысы» халыққа кең таралған. «Жүсіпбекқожа мен зілиханың айты- сы», «сақау қызбен Көсенің айтысы» елге Жүсіпбекқожаның айтуымен жеткен. Шығармалары Қазақ айтысының тарихы (221, 8-тарау, Шыңжаң халық баспасы. – 2009 жыл) еңбегіне енген.

Уәзипа туралы дерек сақталмаған.

Әсет найманбайұлы (1867-1928) – ақын, әнші, әдебиетші.

 Қытайдағы қазақ әдебиеті қалыптасуына елеулі еңбек сіңірген қаламгер. 1916- жылы Қытайға қарасты тарбағатай өңіріне қоныстанады. өмірінің соңына дейін тарбағатай, Алтай, іле, Бұратала аймақтарын аралап ән салып, өнер шашады. оның өршіл толғаулары, қиса-дастандары, асқақ әндері, айтыстары қазақ арасына кең таралған. тегі – орта жүз, Арғын, Қаракесек.

 ырысжан, мәлике, Бақтыбай, сәмет төре, Арыпжан, Кәрібай секілді ақындармен айтысқан. Ақынның 2000 жылы екі томдық еңбектер жинағы Қытайда басылып шықты. «Қазақ айтысының тарихы», (223), 8-тарау, Шыңжаң халық баспа- сы, – 2009 ж.

 Кәрібай Таңатарұлы (1860-1931) – Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ау- данында туған. «найманның төрт ақынының бірі» атанған ол өзінің ерен жүйрік суырыпсалмалығымен ел арасына кең тараған ақын Әсет найманбайұлымен айтысқан. «Шорға шайқасы», «Қалмақ Қызы мен Адақ», «еспенбет батыр» толғаулары мен «ер Қабанбай», «Қубас аттың сыны» шығармалары сақталған.

 Ақын ел басына нәубет болып келген 1931-ші жылдың аштығы кезінде арғы бет – Қытай жеріне ауып барғаны үшін гПу жендеттерінің қолынан қаза табады.

 Асылхан Мыңжасарұлы (1893-1918) – ақын. ҚХр, ШұАр, іле аймағының нылқы ауданында туған. Жастай жетім қалып, атасы Бейісбайдың қамқорлығында болып, ескіше сауат ашады. мұның сыртында араб, парсы, түрік тілдерін игеріп,

шығыстық дәстүрдегі шығармалармен сусындайды. Ауыл медресесінде мұғалім, іледегі Әбілқайыр болыстың хатшысы болып істейді. Ақынның әдеби мұрасы

«Қасқалдақтың қаны» деген атпен жарық көрген. Айтыстары Қазақ айтысының та- рихы – (230, 8-тарау, Шыңжан халық баспасы, – 2009) еңбегіне енген.

нүрипа ақын туралы дерек табылмады.

 Тәни Тоңғатбайқызы (1870-1945) – ақын, бақсы. ҚХр, ШұАр, Бұраталада дүниеге келіп, іленің Күнес ауданында өмірден өткен. өз заманында қазақ әйелдерінің ішіндегі сөзге жүйрік, тілге шешен, кеудесін ешкімге бастырмайтын адуынды адам болған. оның Асылхан, Қаныбек секілді ақындармен айтыста- ры «Қазақ айтысының тарихы» (228, 8-тарау, Шыңжан халық баспасы. – 2009) еңбегінде басылған.

 Көдек Байшығанұлы (1888-1937) – ақын. Қазақстанның Алматы облысы- на қарасты Шәлкөде жайлауында туған. тегі – ұлы жүз, Албан. 1916 жылы ақтар қашып, қызылдар қашқан заманда Қытайға ауады. оның «1916 жыл туралы» де- ген өлеңінде осы оқиға бейнеленеді. Ақынның «Атама», «телкүрең», «Ақ сүйек»,

«Әлібекке», «Бұл заман», «Кең текес», «сасанның ауылына барғанда» деген өлеңдері мен «Қайынға барғанда» деген дастаны «Қазақ әдебиет тарихы» кітабында (2011, 261-278 беттер) басылған.

 2008 жылы нұрлан Әбдібековтың құрастыруымен К.Байшығанұлының шығармалар жинағы (Қайтейін, жалған дүние...: өлеңдер, толғау, дастандар, жоқтау- дауыстар – Алматы: «толғанай т» баспасы, 2008 – 336 бет.) жарыққа шықты.

 Жамалхан Қарабатырқызы – 1941 жылы ҚХр, ШұАр, тарбағатай аймағының дөрбілжін ауданында туған. 1974 жылдан бері айтысқа қатысып келеді. «Халық ақыны» атағын алған. Қазақстан, түркия мемлекеттерінде өнер көрсеткен. Айты- стары «Қазақ айтысының тарихы» (237, 8-тарау, Шыңжаң халық баспасы, 2009),

«Қазақ әдебиетінің тарихы», Шыңжаң халық баспасы. – 2011) еңбектеріне енген.

 Қаныбек нүсіпұлы (1902-1941) – ақын. ҚХр, ШұАр, іле аймағының тоғызтарау ауданында туған. Қаныбек жастайынан молдадан оқып, сауат ашқан. оның өнердегі өрісінің кеңейуіне әкесі нүсіп көп еңбек сіңірген. Ақынның «сібе қолды болғанда» атты дастаны мен Албан әйелі, несіп қыз, Әппақ, гүлзада секілді ақындармен ай- тыстары «Қазақ айтысының тарихы» (237, 8-тарау, Шыңжаң халық баспасы. – 2009) еңбегінде басылған.

 Тәни ақын – КХр, Бұратала аймағында туып, іленің Күнес ауданында қайтыс болған. дарынды ақын, атақты бақсы болған.

 Шарғын Алғазыұлы (1903-1988) – ақын. Қазақстанның Алматы облысына қарасты Шонжы ауданында туған. Қазақ және орыс мектептерінде білім алған. (1911- 1917). Жастайынан ауылдағы кәріқұлақ, көнекөз қарттардан халық ауыз әдебиетінен сусындап өседі. 1930 жылы ҚХр, ШұАр, іленің Шапшал ауданына қоныс аудара- ды. 1931 жылы текес ауданына ауысып, мектеп мұғалімі болады. Құлжа қаласында ашылған іле гимназиясынан білім алып, таңжарық Жолдыұлы, дәулеткелді Құсболатұлы қатарлы зиялылармен танысып, өкімет қызметтерін де атқарады.

 Ақын таңжарық Жолдыұлымен бірлесіп, Құлжада тұңғыш қазақ газеті «іле газетін» шығаруға атсалысады. Бұдан кейінгі ашылған «төңкеріс таңы», «Білім арнасы», «одақ» т.б. газет-журналдарда шығармалары жарияланып тұрған. таңжарықпен, нәсілхан қызбен, Күлшарханмен айтысып, «Шәлкөде жырдың жайлауы» дастанын шығарады. оның туындылары Шыңжаңның барлық баспасөз беттерінде, Пекиндегі «ұлттар» журналында басылды. 1958 жылы туған жер- ге оралып, алуан түрлі салаларда қызмет атқарды. өзі қайтыс болғаннан соң, шығармалары «Көшкеруен» (1992) атты жеке жинақ болып басылып шықты.

нәсілхан Тоқтасынова – ақын, ұстаз. Қазақ сср-нің оқу үздігі.

 сұлубай сапыұлы – ақын. Алтайдың арғы бетіндегі күрескерлік қозғалыстың қаһармандарының бірі. ХХ ғасырдың басында Шығыс түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен оспан батырдың серігі болған.

 Кәсімбай Құсайынұлы (1910-1991) – ақын. ҚХр, ШұАр, тарбағатайдың толы ау- данында туған. тегі – орта жүз, Керей. Кәсімбайдың әкесі Құсайын мен анасы ақын, өнерлі адамдар болған. Кәсімбайдың ХХ ғасырдың 1930-1940 жылдарында гүлғайша, зілиха, Айжамыш ақындармен және балдызымен айтысы «Қазақ айтысының тари- хы» (246, 8-тарау, Шыңжаң халық баспасы. – 2009) еңбегінде жарияланған.

 Рахымжан Мешпетұлы (1901-1976) – Қытай қазақтарындағы айтыс өнерінің дамуына үлес қосқан ақын. ҚХр, ШұАр, іленің Құлжа ауданы, Жырғалаң деген жерінде туған. Жеті жасында көзі көрмей қалып, өмірдің қызығын өнерден іздейді. Шығармалары мен толғаулары, «Ақын лебізі» шығармасы мен Әппақ ақынмен ай- тысы «Қазақ әдебиетінің тарихы», 2011, 413-433 беттер) еңбегінде басылған.

 Әппақ Майтабанқызы (1904-1964) – ақын. ҚХр, ШұАр, іленің Қорғас ауданы Кертас жайлауында дүниеге келген. тегі: орта жүз – найман, Қызай. Жасанан өз ортасындағы айтыстарда ешкімге дес бермей көзге түскен, халық оны «өлең перісі дарыған» деп дәріптеген. Анасы өлеңші, ағасы күйші болып, ағасынан 40 тан астам күй үйренген. ол таңжарық, сағи, Қаныбек, рахымжан секілді ақындармен айтысқан.

 ырысбай Әлібайұлы (1912-1993) – ақын. Қазақстанның бұрынғы семей об- лысы, үржар ауданында туған. 1929 жылы Қытайдың Жың ауданында қоныс ауда- рады. Бала кезінен өлең-жырға әуес боп, қисса-дастандарды жаттап, ел қошеметіне бөленеді.1935 жылдан бастап айтысқа қатысқан. оның Берен, Қалиша ақындармен айтыстары сақталған.

 Таңжарық Жолдыұлы (1903-1947) – ҚХр, ШұАр, іле аймағының Күнес ауда- нында туған. тегі – орта жүз, найман, Қызай.

 Қытай мектебінде (1917), Қазақстанда Кеген, нарынқол аудандарында жеті жылдық мектепте (1922-25) оқыған. Қазақ жазушыларының еңбектерімен жақсы таныс болған. өзі де өлең жазып, айтысқа қатысқан. Шыңжаңда мұғалім, «іле» газетінде редактор (1936) болып қызмет істеген. 1940-46 жылдары Қытайдағы солақай саясаттың кесірінен тұтқындалып, түрмеге жабылған. оның «Жастары- ма», «осы таң кімнің таңы?», «оқып көр газетімді», «Көңілім қалды, торықты»,

«Абақтыда кім жатыр?», «Ақын сыры», «еліме» өлеңдері осы кезде жазылған.

 «өткен күндерім» (1942), «Қоштасу» (1941-1942), «Қасқыр мен Бөрібасар» (1934-43), т. б. толғау жырлары мен «назигүл» (1943) дастанының авторы.

«Алғашқы жинақ» (Құлжа, 1948), «Армантау» (А, 1974) еңбектері жарық көрген.

 Қойдым дәрубайқызы ( 1894-1942) – ақын. Қазақстанның нарынқол ауданын- да туған. тегі – ұлы жүз, Албан. 1932 жылы ауған елмен бірге отбасымен қытайға асқан. таңжарықпен 1925 жылы айтысқан. Бұл айтысты таңжарық «таңжарық пен Қойдымның айтысы» деп жырлап ел арасына таратқан.

 досбер саурықұлы (1894-1971) – ақын. ҚХр, ШұАр, іленің нылқы ауданында туған. досбер әкеден ерте айырылып, атасы тақияның тәрбиесімен өседі. оның Ал- тынмен айтысы «Қазақ айтысының тарихы» (246, 8-тарау, Шыңжаң халық баспасы.

– 2009) елге кең тараған.

 смағұл Қалиұлы ( 1900-1979) – ақын. ҚХр, ШұАр, санжы облысының ма- нас ауданында туған. Жастайынан қолына домбыра ұстап, өлең шығара бастаған. өмірінің соңына дейін 23 рет аламан айтыстарға қатысып халықтың қошеметіне бөленген. оның Бәтеш, Күмісжан, Бұрылқан, ерғали сынды ақындармен айты- стары «Қазақ айтысының тарихы» (246, 8-тарау, Шыңжаң халық баспасы. – 2009) жинағында басылған.

 Ақтан Бәбиұлы (1897-1973) – моңғолиядағы жазба әдебиеттің негізін салушы ақын әрі драматург. Ауыз әдебиетінің белді өкілі. Жасынан айтыс ақыны ретінде елге танылған ол 1919 жылдан бастап «Кедей күні», «сары мешелге», «Қарау байға», «Жөргем салға», «Халел мен мәлік молдаға» секілді өлеңдерімен жазба поэзияға бой ұрады. оның ұмсындық, ғазиза, Ақбалалармен айтысы сол кездегі қазақ өмірінің айнасы деуге болады.

 ол «орыс даласы», «москвам», «Қанды соғыс», «отан жыры» секілді туынды- лар, «Қыс», «Жазғы мысал», «Қобда өзені», «Бесбоғданың қойыны», «Бөкентау» секілді табиғат лирикаларын жазды. Ақынның «Бүркіт» (1959), «досымбек-Балқия» (1964), «өмір жолы» (1970) секілді поэмалары оның қаламгерлік қарымын жалпақ елге танытқан шоқтығы биік туындылар.

Ұмсындық ақын туралы әзірге дерек табылмады.

 Ақбала өмірбекқызы – ақын. моңғолияның Алтай, Қобда аймағында туып өскен. ескіше хат таныған, алғыр айтыс ақыны болған.

 Әкежан – айтыс ақыны, сал. Алтайдан асып келгеннен кейін тұлбада аз уақыт болып Ақкөлге қоныс аударды. өле-өлгенше сонда мекендеді. сөзге сараң болғанмен айтысқа келгенде қисынан тауып, түйінін шешіп, айтатын ақын болған.

 Шәпей Шәукебайқызы – 1934 жылы Баян-өлгей аймағында туған. руы уақ, Шоға. 1947 жылдан бастап айтыса бастаған. оның молдахан, нүсікейлермен айтысқаны халық арасында жатталып қалған. (фольклортанушы еркінбек мамырханұлының дерегі).

 Молдахан есікбайұлы – 1927 жылы туған. Айтысқа 1960 жылдан бастап араласқан. 1971 жылы «Айтыс ақыны» деген атаққа ие болған.

 Тоқтамұрат Жомартұлы (1944-2007) – моңғолия республикасы, Баян-өлгей аймағында дүниеге келген. он бес жасынан ауыл арасындағы айтыстарға қатыса бастайды. 1966-1967 жылдары халыққа танымал сақаба, молдахан, зура, егеухан, Құмашхан сынды ақындармен сөз бәйгесіне түседі.

 1971 жылы моңғолия Халық революциясының 50 жылдық мерейтойына арналған айтыста бас бәйгені жеңіп алып, сол жылы «Айтыс ақыны» атағы беріледі. 1990 жылы наурыз мейрамына орай Алматы қаласында ұйымдастырылған халықаралық айтысқа қатысып жүлдегер атанады. 1992 жылы атажұртқа қоныс аударды.

 Ақынның «Айтыстың қыры мен қызметі», «Айтыс», «Желмая жыр», «Айтыс өнерінің сайыпқырандары» еңбектері моңғолияда жарық көрген.

 Қабдысіләм Жаманқараұлы – 1936 жылы туған. үш мәрте аймақтық айтысқа қатысып ел қошеметіне бөленген ақын. негізгі мамандығы киномеханик.

 егеухан Мұқамәдиқызы – 1940 жылы туған. Баян өлгей аймағының белгілі ақыны. ол жазба әдебиетпен айналысып, аймақтық газет, журналдарда, топтамалы жинақтарда өлең, поэмалары көп жарияланған. Алғашқы «Ару арманы» деген жеке жинағы 1977 жылы басылып шықты. егеухан мұқамәдиқызы айтыс өнерімен 1960 жылдан бері шұғылданып, 1971 жылы «Айтыс ақыны» атағын алған.

 сақаба Құдакелдіұлы – 1929 жылы туған. Айтысқа 1967 жылдан бастап қатысқан. 1971 жылы «Айтыс ақыны» деген атақ алған. ол өзінің табанасты тапқырлығымен, мәнерлі өлең ұйқасымен көпшілікке танылған ақын.1977 жылы «Айтыс ақындарының аймақтық саңлағы» атағына ие болған. 1989 жылы «өлгий» баспасынан шыққан «Жел- мая жыр» атты айтыстары мен өлең, толғау жинағы жарық көрді.

 сүйеніш Жеңісбайұлы 1973 жылы моңғолияның Баян-өлгей аймағында туған. Жастайынан күйші, айтыс ақыны ретінде халыққа танылған. Бірнеше кітаптардың авторы. Белгілі күйші тұрымтайдан көп күйлер үйренген. репертуа- рында ән де, күй де, терме де бар. Көп айтылмай жүрген «Балық өлеңді», терме, әндерді, күйлерді аңызымен айтады. (Б. мүптекеевтің музыкалы этнографиялық экспедиция күнделігінен.)

 Амангүл (Асық) сәкейқызы – айтыс ақыны. 1972 жылы моңғолияның Баян- өлгей аймағында туған. 1988 жылдан бастап айтысқа қатысқан. Аймақтық айты- старда 11 мәрте бас жүлдені жеңіп алған. монғолия мәдениетінің озат қызметкері. (Фольклортанушы еркінбек мамарханұлының дерегі.)

 зоя Мұсабекқызы – 1988 жылы Баян-өлгей аймағының улаанхус сұмында туған. 2003 жылы алғаш студенттер фестивалында айтысқа қатысып жүлделі орынға ие болған. соңғы жылдары айтысқа белсенды қатысып жүрген ақын қыздардың бірі.

ерген Ланханұлы – 1989 жылы Цэнгэл сұмынында туған. 2010 жылы аймақтық

«наурыз» айтысында жүлдегер атанған жас ақын. (Фольклортанушы еркінбек мамарханұлының дерегі).

 серуен Әзімұлы – 1988 жылы Цэнгэл сұмынында туған. Баян-өлгейде аймақ орнауының 70 жылдық мерейтойында өткен айтыстың бас жүлдегері. (Фольклорта- нушы еркінбек мамарханұлының дерегі).

 Анарқұл Құлманов – өзбекстан республикасында тұратын қазақтардың ара- сынан шыққан айтыс ақыны.

 Тәушен Әбуова (1932-2004) – айтыс ақыны. оңтүстік Қазақстан облысы, отырар ауданы, Балтакөл ауылында туған.Аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып қызмет атқарған. Айтыс өнеріне кештеу араласса да, оны дамытуға сүбелі үлес қосты. ол айтыстарында өскен жерін, туған елін, оның болашағын жырлады. 1985-2004 жылдары тәушен Әбуова бірнеше айтыстарға қатысты. Халық ақындары қызылордалық манап Көкеновпен, көкшетаулық Көкен Шәкеевпен, Қырғызстанның халық ақыны Әмірәлі Айтаевпен, тағы басқа ақындармен сөз сайысына түсіп, облыстық, республикалық, халықаралық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, жүлдегері болды, республикалық телесайыстың бас жүлдесін жеңіп алды.

ол мәдениет министрлігінің 1-ші дәрежелі екі дипломымен марапатталған,

«достық» орденінің иегері. Ақын жайында екі деректі фильм түсірілген, екі кітап шығарылды.

 Қатимолла Бердіғалиев – 1952 жылы орал облысы, Қазталов ауданы,тереңкөл ауылында туған. орал қаласындағы Құрманғазы атындағы музыкалық училищені бітірген (1975). сол жылдан Қазталов аудандық мәдениет үйінде қызмет еткен. Айтыскерлігімен қоса қазақтың халық әндері мен Бұқар, Базар, Қашаған, т.б. жыраулардың терме-жырлары, м.мералыұлы, ғ. Құрманғалиевтің кең тынысты әндерін ел арасына кеңінен насихаттап жүрген өнер иесі.

 тама есет батырдың құрметіне өткізілген (Ақтөбе, 1992), Ақан сері Қорамсаұлының 150 жылдық мерейтойына арналған (Көкшетау, 1993), Бұхарбай естекбайұлының құрметіне өткен (Қызылорда, 1993), Шақшақ Жәнібектің мерейтойындағы (Арқалық, 1993) айтыстарда бас жүлдені жеңіп алған.

 Жазба өлеңдері «орал өңірі» және т. б. республикалық басылымдарда жиі жарияланып тұрады. «Жүзден жүйрік шыққандар» атты еңбегі басылып шыққан.

Қазақстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.

 Мекембай Омаров – өзбекстан республикасында тұратын қазақтардың арасы- нан шыққан айтыс ақыны.

 Құлмахан дүйсенов – өзбекстан республикасында тұратын қазақтардың ара- сынан шыққан айтыс ақыны.

 Бөрібай Оразымбетов (Ақ Бөрі) – 1954 жылы оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай өңірінде туған. Бірнеше республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы.

 «махаббатым, мәңгісің» (1996), «елім, менің сырымды ұқ!» (1997), «Ақ-Бөрінің айтыстары» (1998), «Қайың болды бір шыбық» (1998), «менің мың бір түндерім» (2001), «Қос арман» (2005), «Ақ-Бөрі ақын айтқан екен» (2008), «Бір ой – бір әлем» (2012), «өзіңе арнадым...» (2014), «Айта салдым...» (2014) еңбектерінің авторы.

 Қазақстан, өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі. Халықаралық «Абылай хан», «м. Шолохов», «тоқтоғұл» медальдарының иегері.

 Әсия Беркенова (1950 ж. т. Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, ноғайкөл ауы- лы) – айтыс ақыны. Қазақ қыздар педагогикалық институтын бітірген (1972). 1972- 1997 жылдары наурызым, Әулиекөл аудандарында ұстаздық етті. Айтыс өнерін

дамытуға үлес қосқан өнерпаз. облыстық, аймақтық, республикалық айтыстарға қатысып, жүлде алған дарынды ақын.

 республикалық айтыста с.тастанбекқызы атындағы жүлдені, К. Әзірбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған айтыста 1орынды иемденді. А.Құнанбаевтың, А. Байтұрсынұлының мерейтойларында, наурыз, тәуелсіздік күндерінде өткен үлкен айтыстарда тамаша өнер көрсетіп, халық құрметіне бөленді. 1997 жылдан Қостанай қаласындағы мемлекеттік тілді жеделдете үйрету орталығында қызмет істейді. Қазақстанның халық ақыны (1990).

 Әселхан Қалыбекова (1950 ж. т. оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауы- лы) – айтыс ақыны. 1966 жылы м.Әуезов атындағы орта мектепті бітірген. 1970- 1971 жылдары аудан мәдениет бөлімінде, аудандық газет редакциясында, 1971-1991 жылдары аудандық ауа райы мекемесінде әр түрлі жауапты қызметтер атқарған. 2001 жылдан аудандық мәдениет бөлімі жанынан ашылған ақындар мектебіне жетекшілік етеді. 1981 жылдан бастап ақындар айтысына қатыса бастады. Жам- был атындағы сыйлықпен (1989), «Парасат» орденімен (2005) марапатталған. Қазақстанның халық ақыны (1990), отырар ауданының «Құрметті азаматы».

 нұрхан Түймеқұлова – өзбекстан республикасында тұратын қазақтардың ара- сынан шыққан айтыс ақыны.

 Шорабек Айдаров – айтыс ақыны. 1955 жылы Жамбыл облысы, талас ауда- ны, ойық ауылында туған. 1983 жылдан бастап айтысқа қатыса бастады. Айтыс өнерінде астарлы әзілімен, өзіндік ерекшелігімен танылған ақын.

 Жамбыл облысы, талас ауданы, с.Шәкіров атындағы кеңшарда жұмысшы, шопан болып істеді (1975-1980). Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасында шаруашылық бөлімін басқарған (1980-1983), талас ауданы мәдениет бөлімінің әдіскері, халық театрының режиссері, автоклуб меңгерушісі қызметін атқарған (1984-1989). талас аудандық «талас тынысы» газетінде әдеби қызметкер (1989- 1991), талас аудандық тарихи өлкетану мұражайының директоры (1991-1997), та- раз қаласында облысаралық «салық тәртібі» газетінің тілшісі (1997-1999) болып еңбек еткен. 1999-2009 жылдары жас айтыскер ақындарды тәрбиелеумен айналы- сты. 2009 жылдан бері діни-ағартушылық «Асыл арна» телеарнасында жауапты шығарушы редактор қызметінде.

 дәстүрлі айтыс түрлерін дамытуға үлес қосқан өнер иесі. і.Жансүгіровтің 100 және м.мақатаевтың 60 жылдық мерейтойларына арналған республикалық айтыстардың жеңімпазы. республикалық наурыз айтысының бас жүлдегері (1994). Айтыс өнерінде бәйгеге тұңғыш тігілген темір тұлпарды тізгіндеген ақын.

 Ақмарал Леубаева (1969 ж.т. оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауда- ны) – айтыскер ақын. м.Әуезов атындағы педогогикалық институтының фило- логия факультетін бітірген. Қазір Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетінің оқытушысы. леубаева айтысқа 1988 жылдан қатыса бастады. ол ақиық ақын м.мақатаевтың 60, қоғам қайраткерлері А.Байтұрсыновтың 100, с.Қожановтың 150, т.рысқұловтың 100, ұлы Абайдың 150, жыр алыбы Жамбылдың 150, батыр Б.Бейсекбаевты еске алуға байланысты, Қарасай батырдың 300 жылдығына және көрнекті жазушы с.мұқановтың 100 жылдық мерейтойларына орай өткен республикалық, халықаралық айтыстарда жүлделі орындарды иеленген.

Қазақстанның еңбек сіңіргері қайраткері (2013).

АйТысТАР ТУРАЛы

ТҮсініКТеР

Жүсіпбекқожа мен Уәзипа.

Бұл айтыс Жүсіпбекқожа Шайқыисламұлының айтуымен жеткен делінеді.

Айтыстың қай жерде өткендігі туралы мәлімет жоқ.

Әсет пен Кәрібай.

 Бұл айтыс шамамен 1905 жылы тарбағатай тауының түстік жағында өткен. Аспандағы аққумен үн қосқан асқақ әнші, ұшқыр қиялды Әсетпен кездескенде Кәрібай он алты жаста екен. екі ақын тарихта «Көктұма сиязы» дейтін атпен қалған жиында айтысады. сиязға ресей, Қытай, Қазақ елдерінен өкілдер қатысады. төбе би болып Қаракерей Қабанбай батырдың төртінші ұрпағы сүлеймен сайланса ке- рек. міне, осы жиында алдына жан салмаған Әсетті сөзден сүріндіріп, жеңіске жет- кен Кәрібай «ер Қабанбай» деп аталатын атақты дастанын толғайды. Жас ақынның алғырлығына, қазақ батырларының тарихи ерлігіне сүйсінген сүлеймен би оған ат мінгізіп, шапан жабады.

 Айтыстың Қ. Шәменовтың, е. Ахметовтен жазып алған нұсқасы «Айтыс» жинағында (1964, 1-т., 173-175-б.) жарияланған. Бір нұсқасын А. Қилыбаевтан ақын, журналист Қ. Алтынбаев жазып алған. Әсет шығармаларының жинағына (1988) да енгізілген.

Мәлике мен Әсет.

 Бұрын «Әсет пен мәликенің жауаптасуы» аталатын тексте бірер шумағы жарияланған (Әсет, 1968, 78-6.). ұсынылып отырған нұсқаны жазушы Б. нұржекеев Қыдырмолда Әбдікәрімовтен жазып алған.

Әсет пен сәмет төре.

 Бұрын жарияланған. (Әсет, 1968, 82-85 беттер.) Антологияға Б. нұржекеев жа- зып алған сүлеймен Әбділдаев нұсқасы беріліп отыр.

Қызыр төре мен Әсет.

 Бұрын жарияланған (Әсет, 1968, 85-88 беттер.) мақсұт Шафиғовтан Б. Абылқасымов жазып алған. мақсұттың әкесі Әмин ақсақал Қызыр ауылында ұзақ жылдар мұғалім болған.

Әсет пен Қали.

 Бұрын жарияланған. Айтыстың бір нұсқасын Жүнісқан Көлдеевтен 1959 жылы Б. Жақыпбайұлы (оғК, 1638, № 4), екіншісін сүлеймен Әбділдаевтан 1983 жылы жазушы Б. нұржекеев жазып алған.

Әсет пен Көкей қыз.

 Айтыстың қай жылы, қай жерде өткені туралы мәлімет жоқ. Айтыс мәтіні Айтқазы нәбиұлы жазбасы бойынша әзірленді.

Асылхан мен нүрипа.

 Бұл айтыс ҚХр, Шыңжаң өлкесі іле өңірінде болған. Қай жылы айтысқаны ту- ралы мәлімет жоқ. «Қазақ айтысының тарихы» Шыңжаң халық баспасы. – 2009 жыл. Антологияға Б. Қинаятұлы, г. Қуанбекқызы, е. тұяқұлы, Ж. Қауытұлы, Ж. нұрпейісұлы, Қ. Шабанбайұлы, н. Жарылқасын, с. Жақайқызы, ы. Әділ- хановтардың құрастырумен жарық көрген «Қазақ айтысының тарихы» атты жинақтан (232 – 231 - 230) алынды.

Асылхан мен Тәни.

 Бұл айтыс ҚХр Шыңжаң өлкесі іле өңірінде болған. Қай жылы айтысқаны туралы мәлімет жоқ. «Қазақ айтысының тарихы» 2009 ж. Шыңжаң халық ба- спасы. Антологияға Б. Қинаятұлы, г. Қуанбекқызы, е. тұяқұлы, Ж. Қауытұлы, Ж. нұрпейісұлы, Қ. Шабанбайұлы, н. Жарылқасын, с. Жақайқызы, ы. Әділ- хановтардың құрастырумен жарық көрген «Қазақ айтысының тарихы» атты жинақтан (232 – 231 - 230) алынды.

Көдек пен Айым қыз.

 Жастайынан ауыл арасында айтысқа түсіп жүрген Көдек Айым қызбен 1901 жылы он үш жасында айтысқан деседі.

нәси мен Жамалхан.

 екі ақынның қай жылы, қай жерде айтысқаны белгісіз. Айтыс мәтіні Халық нәсиұлының жазбасы бойынша берілді.

Қанапия мен нұрғали.

 Айтыстың қай жылы, қай жерде өткені туралы мәлімет жоқ. мәтін Әлімнәсір Әбдікерұлының жазбасы негізінде әзірленді.

Қаныбек пен Тәни.

екі ақынның қай жылы, қай жерде айтысқаны белгісіз.

Шарғын мен нәсілхан.

 Бұл 1937 жылы қыркүйек айында ҚХр Шыңжаң өлкесі іле өңірінде болған айтыстардың бірі. Антологияға Б. Қинаятұлы, г. Қуанбекқызы, е. тұяқұлы, Ж. Қауы- тұлы, Ж. нұрпейісұлы, Қ. Шабанбайұлы, н. Жарылқасын, с. Жақайқызы, ы. Әділ- хановтардың құрастырумен жарық көрген «Қазақ айтысының тарихы» атты жинақтан (242 – 241) алынды. «Қазақ айтысының тарихы», Шыңжаң халық баспа- сы. – 2009 жыл.

сұлубай мен Гүлсін.

екі ақынның қай жылы, қай жерде айтысқаны туралы мәлімет жоқ.

Кәсімбай мен зылиха.

 Бұл айтыс 1930 жылы ҚХр, Шыңжаң өлкесінің іле өңірінде болған. «Қазақ айтысының тарихы» 2009 ж. Шыңжаң халық баспасы.

 Антологияға Б. Қинаятұлы, г. Қуанбекқызы, е. тұяқұлы, Ж. Қауытұлы, Ж. нұрпейісұлы, Қ. Шабанбайұлы, н. Жарылқасын, с. Жақайқызы, ы. Әділ- хановтардың құрастырумен жарық көрген «Қазақ айтысының тарихы» атты жинақтан (248 – 247 – 246) алынды. «Қазақ айтысының тарихы», Шыңжаң халық баспасы. – 2009 жыл.

Кәсімбай мен Айжамыш.

 Бұл айтыс 1964-жылы болған. Антологияға Б. Қинаятұлы, г. Қуанбекқызы, е. тұяқұлы, Ж. Қауытұлы, Ж. нұрпейісұлы, Қ. Шабанбайұлы, н. Жарылқасын, с.

Жақайқызы, ы. Әділхановтардың құрастырумен жарық көрген «Қазақ айтысының тарихы» атты жинақтан (248 – 247 – 246) ұсынылды. «Қазақ айтысының тарихы», Шыңжаң халық баспасы. – 2009 жыл.

Гүлғайша мен Кәсімбай.

 Кәсімбай серілікпен 1930-жылы ҚХр Шыңжаң өлкесі ілеге барады. сол жерде екі ақын Керей мен Қызай елінің атынан айтысады.

 мәтін Б. Қинаятұлы, г. Қуанбекқызы, е. тұяқұлы, Ж. Қауытұлы, Ж. нұрпейіс- ұлы, Қ. Шабанбайұлы, н. Жарылқасын, с. Жақайқызы, ы. Әділхановтардың құрастырумен жарық көрген «Қазақ айтысының тарихы» атты жинақтан (248 – 247

– 246) алынды. «Қазақ айтысының тарихы», Шыңжаң халық баспасы. – 2009 жыл.

Рахымжан мен Әппақ.

 1924 жылы ҚХр Шыңжаң өлкесі іленің Құлжа ауданының Көкқамыр жайлауын- да үлкен той болып, сол тойда екі ақын бір-бірімен үш күн, үш түн айтысып екеуі бірін-бірі жеңе алмайды. осы айтыстан соң екеуі серттесіп, кейіннен үйленеді.

 мәтін Бексұлтан Кәсейұлы дайындаған «Қазақ әдебиет тарихы 3 том». (414- 415) атты еңбектен алынды.

Берен мен ырысбай.

 екі ақынның қай жылы, қай жерде айтысқаны белгісіз. Алайда Қытай Халық республикасы азаттық алған 1949 жылға дейінгі айтыстарының ең таңдаулысы болып есептеледі. Антологияға Б. Қинаятұлы, г. Қуанбекқызы, е. тұяқұлы, Ж. Қауыт- ұлы, Ж. нұрпейісұлы, Қ. Шабанбайұлы, н. Жарылқасын, с. Жақайқызы, ы. Әділхановтардың құрастырумен жарық көрген «Қазақ айтысының тарихы» атты жинақтан ( 241 – 242) алынды. «Қазақ айтысының тарихы», Шыңжаң халық баспа- сы. – 2009 жыл.

Одаман мен Әйнек қыз.

 екі ақынның қай жылы, қай жерде айтысқаны туралы мәлімет жоқ. Айтыс мәтіні Әбілез сыдықбайұлы, рашит молдағазыұлы арқылы жеткен.

Айнабала мен Кетпенбай.

1943 жылы болған бұл айтыс Ахмет Шәрапиұлының айтуымен бізге жеткен.

Мыңболсын мен Мәуен.

 екі ақынның қай жылы, қай жерде айтысқаны белгісіз. Ш. Құмарұлының жаз- басы негізінде алынып отыр.

Таңжарық пен Қойдым.

 таңжарық пен Қойдымның айтысы өнер тарихындағы ерекше айтыстардың бірі болып есептелінеді. таңжарық Қойдыммен айтысу үшін Алматы облысының нарынқол деген жеріне іздеп келіп, үш жыл күтеді. екі ақын 1925 жылы айтысқан. Антологияға Б. Қинаятұлы, г. Қуанбекқызы, е. тұяқұлы, Ж. Қауытұлы,

Ж. нұрпейісұлы, Қ. Шабанбайұлы, н. Жарылқасын, с. Жақайқызы, ы. Әділ- хановтардың құрастырумен жарық көрген «Қазақ айтысының тарихы» атты жинақтан (234 – 233) алынды. «Қазақ айтысының тарихы», Шыңжаң халық баспа- сы. – 2009 жыл.

Таңжарық пен Ұлжалғас.

екі ақынның қай жылы, қай жерде айтысқаны туралы мәлімет жоқ.

Ғазиза мен Мұрсан.

 екі ақынның қай жылы, қай жерде айтысқаны белгісіз. мәтін Япас займол- даұлының жазбасы негізінде берілді.

досбер мен Алтын.

 Бұл айтыс 1960 жылы ҚХр Шыңжаң өлкесі іле аймағының текес ауданында болған.

 Антологияға Б. Қинаятұлы, г. Қуанбекқызы, е. тұяқұлы, Ж. Қауытұлы, Ж. нұрпейісұлы, Қ. Шабанбайұлы, н. Жарылқасын, с. Жақайқызы, ы. Әділ- хановтардың құрастырумен жарық көрген «Қазақ айтысының тарихы» атты жинақтан (257) алынды. «Қазақ айтысының тарихы», Шыңжаң халық баспасы. – 2009 жыл.

смағұл мен Күмісжан.

 екі ақынның қай жылы, қай жерде айтысқаны туралы мәлімет жоқ. материал мәнтай смағұлұлының жазбасы негізінде әзірленді.

серік пен Гіміңгүл.

екі ақынның қай жылы, қай жерде айтысқаны белгісіз.

Қасымхан мен Жамалхан.

екі ақынның қай жылы, қай жерде айтысқаны туралы мәлімет табылмады.

Ақтан мен Ұмсындық.

 Айтыс 1914 жылы өр Алтайда өткен. мәтін Айтыс өнерінің сайыпқырандары. // Құраст.: м. есікбайұлы, Ж. Боқатханұлы. – (өлгий, 2010. 27-29 беттер.) жинағынан алынды.

Ақтан мен Ақбала.

 Айтыс 1920 жылы болған. Бұл айтыс туралы туралы «Айтыс өлең» атты жинақта пікір айтқан Қ. махфуз: «Айтыс Алтайдың шығысындағы Жайыр деген жерде ма- мырбек төренің үйінде болады. ол кезде 24 жастағы әнші жігіт Ақтан сол ауылға ұрын барған мардан деген жігітке күйеу жолдас болып барып, мамырбек төренің қызын ұзату тойында Ақбаламен айтысады», - дейді

 материал моңғолия қазақтарының айтыс өлеңдері. т. 3. Құраст.: Қ. Қа- лиасқарұлы – (өлгий, 1994.) еңбегінен ұсынылды.

Әкежан мен Бұрқасын.

 Бұл айтыс 1944 жылы болған. Әкежан сал мен Бұрқасын моңғолиядағы қазіргі Буянты өзенінің бойында кезігіп қалып, бірнеше мәрте айтысады.

 мәтін Айтыс өнерінің сайыпқырандары. //Құраст.: м. есікбайұлы, Ж. Боқат- ханұлы. – (өлгий, 2010. 13-14 беттер.) жинағынан әзірленді.

Жалбас пен Ақай.

екі ақын өр Алтайда айтысқан.

 «1948 жылы оразбай нәжікешұлының інісі тоқыр нәжікешұлы үйленіп, той жасағанда Жалбас ақын келіп қатысып, ән салып әңгіме айтып отырды. орташа бойлы, беті шұбар, сегіз қырлы бір сырлы, «дұшпаны ғана кемітсін» дейтіндей ер азаматтың бірі де бірегейі екен. Бір өлеңінде:

өгізімнің қарашы жолжорғасын. Жолға түсіп өгізім томпаңдасын. Ауылыңның тұсынан ән салғанда,

«өгізді ақын бұл кім?» деп ел таңғалсын.

Былғарыдан жанымда қыным бар ма? Беті шұбар демесең мінім бар ма?

екі шекем солқылдап тұра алмайтын. тәтекемді көргенде жыным бар ма? Әлгідіг-ай.

 Жалбас ақын «Әлгідіг-ай» деген әнге салады екен. ол кезде келін түскен той екі-екіден айтысқан ойын-думанмен өтеді емес пе?!

Жалбас ақын бір тұста:

тоқтамаушы ем, сөкпеңдер, шаршы топта, Әйел ертіп келмеппін амал жоқ та.

Қонақпын сырттан келген ауылыңа. менімен айтысатын әйел жоқ па? - деді.

 сол сәтте, Алтай бетінде сан рет айтысқа түсіп, Қобда бетіне келген соң бірнеше әйел, еркекпен айтысып аты шыққан сарбас рулы тоқбайқызы Ақай әлгі сөзге шы- дамады ма, әйтеуір, әй-шәйге қарамай қара әуезге салып қоя берді. сөйтіп бір ай- тыс басталған еді». Айтыс өнерінің сайыпқырандары. //Құраст.: м. есікбайұлы, Ж. Боқатханұлы. – (өлгий, 2010. 42-47 беттер.)

Шәмер мен Айнамкөз.

 екі ақынның қай жылы, қай жерде айтысқаны туралы мәлімет жоқ. мәтін Ай- тыс өнерінің сайыпқырандары. //Құраст.: м. есікбайұлы, Ж. Боқатханұлы. – (өлгий, 2010. 55-58 беттер.) жинағынан алынды.

Белдеубай мен Күрішхан.

 екі ақынның қай жылы, қай жерде айтысқаны белгісіз. материал Айтыс өнерінің сайыпқырандары. //Құраст.: м. есікбайұлы, Ж. Боқатханұлы. – (өлгий, 2010. 58-62 беттер.) жинағы бойынша ұсынылды.

Білди мен Күләш.

екі ақын 1946 жылы кездескен.

 мәтін Айтыс өнерінің сайыпқырандары. //Құраст.: м. есікбайұлы, Ж. Боқат- ханұлы. – (өлгий, 2010. 72-75 беттер.) жинағынан әзірленді.

Әдепбай мен Тірнекей.

 екі ақын 1956 жылы тұлба сұмыны «Қызыл қия» бірлестігінің шопандар мерекесінде айтысқан.

нүсікей мен Шәпей.

 Ақындар Баян-өлгий қаласында 1960 жылы бақ сынасқан. мәтін Айтыс өнерінің сайыпқырандары. //Құраст.: м. есікбайұлы, Ж. Боқатханұлы. – (өлгий, 2010. 75-75 беттер.) жинағынан алынды.

Аятхан мен зәлике.

 екі ақынның қай жылы, қай жерде айтысқаны туралы мәлімет жоқ. матери- ал Айтыс өнерінің сайыпқырандары. //Құраст.: м. есікбайұлы, Ж. Боқатханұлы. – (өлгий, 2010. 78-82 беттер.) жинағынан ұсынылды.

Молдахан мен Шәмел.

 Ақындар 1963 жылы аймақтық айтыста өнер жарыстырған. Айтысқа күйші, сыбызғышылар да қатысқан. Байысхан, өсерхан бастаған 12 күйші-домбырашы, Кәбетай, тотай бастаған атақты 6 сыбызғышы, Ақтан, Шәмел, Бұрқасын, нарзан, сейіт, тірнекей, мария, Шәпей, түкей, зәлике, зура бастаған 26 ақын қатысқан. мәтін Айтыс өнерінің сайыпқырандары. //Құраст.: м. есікбайұлы, Ж. Боқатханұлы.

– (өлгий, 2010. 85-89 беттер.) жинағы бойынша берілді.

Тоқтамұрат пен Қабдісіләм.

 тоқтамұрат Жомартұлы мен Қабдісіләм Жаманқараұлының айтысы 1971 жылы моңғолияның Баян-өлгей аймағының орталығы өлгей қаласында монғолия Халық революциясының 60 жылдығына орайластырып өткізілген «октябрь - 60» айтысында болған.

Тоқтамұрат пен егеухан.

 тоқтамұрат Жомартұлы мен егеухан мұхамедиқызы 1971 жылы моңғолияның Баян-өлгей аймағының орталығы өлгей қаласында монғолия Халық

революциясының 60 жылдығына орайластырып өткізілген «октябрь - 60» айты- сында бақ сынасқан.

Тоқтамұрат пен сақаба.

 тоқтамұрат Жомартұлы мен ақын сақаба Құдагелдіұлының айтысы 1984 жылы Баян-өлгей аймағының улаанхус (Қызылқайың) сұмына қарасты соғақ ауылында өткен.

сақаба мен егеухан.

Айтыс 1988 жылы Баяннуур сұмында «Кіші олимпиада» кезінде өткен.

 мәтін Айтыс өнерінің сайыпқырандары. //Құраст.: м. есікбайұлы, Ж. Бо- қатханұлы. – (өлгий, 2010. 100-104 беттер.) жинағынан алынды.

сақаба мен Қапиза.

 Бұл айтыс 1983 жылы Баян-өлгей аймағының ногооннуур сұмында (аулында) болған. мәтін Шұғыла журналынан (№1, (106), 1984. – 69-67 беттер.) әзірленді.

Мүтәй мен сансызбай.

 Айтыс 1985 жылы моңғолияның Жанчивлан деген жерінде өткен. мәтін Шұғыла журналынан (№1, (118), 1987. – 60-62 беттер.) алынды.

Кәмей мен сақаба.

 екі ақын 1986 жыл моңғолияның Баян-өлгей аймағының Баяннуур сұмында (аулында) айтысқа түскен . мәтін Шұғыла журналынан (№1, (120), 1987. – 43-47 беттер.) алынып дайындалды.

Тоқтамұрат пен Мүтәй.

екі ақынның қай жылы, қай жерде айтысқаны белгісіз.

Шәкер мен сүйеніш.

 Айтыс 1994 жыл моңғолияның Баян-өлгей аймағының дэлүүн сұмында (ау- лында) болған. мәтін Айтыс өнерінің сайыпқырандары. //Құраст.: м. есікбайұлы, Ж. Боқатханұлы. – (өлгий, 2010. 186-188 беттер.) жинағы бойынша берілді.

сағира мен сүйеніш.

Бұл айтыс Ж. сүйеніш ақынның «Жыр бастауы - Бесбоғада» кітабынан алынды.

Мұхамеджан мен Тоқтамұрат.

 екі ақынның қай жылы, қай жерде айтысқаны белгісіз. мәтін Айтыс өнерінің сайыпқырандары. //Құраст.: м. есікбайұлы, Ж. Боқатханұлы. – (өлгий, 2010. 197- 200 беттер.) жинағынан ұсынылды.

Амангүл мен сүйеніш.

 екі ақын 2003 жылы Баян өлгийде айтысқан. мәтін Ж. сүйеніштің «Жыр баста- уы – Бес Боғда» кітабынан алынды

зоя мен Жангелдин.

екі ақынның қай жылы, қай жерде айтысқаны белгісіз.

 мәтін Айтыс өнерінің сайыпқырандары. //Құраст.: м. есікбайұлы, Ж. Боқат- ханұлы. – (өлгий, 2010. 225-231 беттер.) жинағынан әзірленді.

ерген мен серуен.

 Ақындар 2010 жылы Баян-өлгий аймағы орнауының 70 жылдық мерейтойы кезінде айтысқан. мәтін Айтыс өнерінің сайыпқырандары. //Құраст.: м. есікбайұлы, Ж. Боқатханұлы. – (өлгий, 2010. 233-238 беттер.) жинағынан алынды.

Анарқұл мен Тәушен.

 Анарқұл Құлманов пен тәушен Әбуова 1987 жылы айтысқан. мәтін А. Құл- мановтың жеке мұрағатынан алынды.

Қатимолда мен Мекембай.

 екі ақын 1989 жылы Алматы қаласында айтысқан. Бұл айтыс Қазақстан, ресей, моңғолия, Қырғызстан, өзбекстан ақындарының тұңғыш халықаралық айтысында ең жоғары баға алып, ең үздік саяси-әлеуметтік айтыс ретінде бағаланған.

Мекембай мен Құлмахан.

 мекембай омаров пен Құлмахан дүйсенов 1990 жылы өзбекстанда тойтөбе деген жерде айтысқан.

Бөрібай мен Қатимолда.

 Бөрібай оразымбетов пен Қатимолда Бердіғалиев 1991 жылы Ақтөбе қаласында айтысқан. мәтін Б. оразамбетовтың жеке мұрағатынан алынды.

Бөрібай мен Әсия.

 Бөрібай оразымбетов пен Әсия Беркенова 1992 жылы ташкент қаласында бақ сынасқан. мәтін Б. оразамбетовтың жеке мұрағатынан алынды.

Мекембай мен Әселхан.

 мекембай омаров пен Әселхан Қалыбекова 1993 жылы Алматы қаласында айтысқан. материал Қалыбекова Ә. ұлық ием алғанда кеңдігіне. – (Алматы: 2011, 170-173 беттер.) кітабынан берілді.

Мекембай мен нұрхан.

 мекембай омаров пен нұрхан түймеқұлова 1994 жылы өзбекстанда сексен ата ауылында айтысқан.

Бөрібай мен Шорабек.

 Бөрібай оразымбетов пен Шорабек Айдаров 2003 жылы Астана ұйымдастырылған халықаралық айтыста өнер жарыстырған. мәтін Б. ора- замбетовтың жеке мұрағатынан алынды.

Құлмахан мен Ақмарал.

 Құлмахан дүйсенов пен Ақмарал леубаева 2009 жылы өзбекстанның астана- сында ташкент қаласының 2200 жылдығына арналған айтыста бақ сынасқан. мәтін

«AITYSKER» интернет порталынан алынды.

сөздіК

Адуынгер – арынды, өткір, көш бастаған (көбінесе жылқыға қарата айтылады).

 Айыл – ер-тоқым ауып кетпес үшін малдың бауырын, шабын орап тартатын жалпақ қайыс.

 Арат – малшы. «малшы араттың бірімін, ауылым қарда (Әдепбай мен тіркеней айтысынан).

Ария – оркестрге қосылып, операда жеке дауыста орындауға арналған ән.

 Ауашада – оңашада. «Кезікші ауашада құдай ұрған» (нұрғали мен Қанапияның айтысынан).

 Ащылаған – малдың тұзды жегісі кеп, ащылағаны. «түйеге ашылаған сары тұздай» (Қапиза мен сақаба айтысынан).

Әтей – әдейі.

 Бәңгі – арақкеш, маскүнем. «Кетпенбай жас болсаң да зәңгі болдың, аузыңнан арақ кетпес бәңгі болдың» (Айнабала мен Кетпенбай айтысынан).

 Бопырасты – қолдан жасалған темекі түрі. «тұсыма қыз толықсып отырған соң, суырдым бопырасты қылизасынан» (Асылхан мен нұриланың айтысынан).

 Бұладым – талан-таражға салу, барымталау. «мұрсан: мен алсам батырлықпен мал бұладым»; «ғазиза: Бұлаңшы ұры қазақ атандырып, намысты боқшылыққа сатқан ерлер» (ғазиза мен мұрсан айтысынан).

 дамсам – баю, өркендеу. «дамсам деп мың еркек қой неге жеді?» (Ақтан мен Ақбала айтысынан).

Жәкей тымақ – барқытпен қапталған ерлердің бас киімі. Жұрат – құдандалы, ұзақ жылдар бойы құда болған адамдар. зәңгі – 500 түтінге басшысы болатын лауазымның аты.

Кәде – сый, сыбаға, тойларда берілетін зат.

Киіт – тойда келген жақын адамдарына берілетін сый, берілетін жолы.

Қалаймақан – тартыс, талас.

 Қалтыраң бет – жылтыр (қуақы) бет. «Айнала қалтарыссыз қалтыраң бет» (Асылхан мен тәни айтысынан).

Қара құмақ – малдың қиы, құмалақ.

Қашқарлық – Қашқариядан басқа өңірге қоныс аударған ұйғырларды айтады.

Қашыр – есек пен жылқының шатылуынан туған жануар.

Мампаң – 1000 түтіннің басшысы болатын лауазым аты.

 Масаты – құлпырған жайнаған, жылтыр мата. Ауыспалы мағынасы жайнаған, құлпырып тұрған жасыл (көк) шөп. «Ән тартып, масатыны таптай басып, қасына төре қыздың келдім жетіп. (Ақтан мен Ақбала айтысынан).

 Мәзгүр – шынайы. «Біздерге әділ мәзгүр өлең айтпақ» (Қаныбек пен тәнидің айтысынан).

Милләт /араб/ – ел, мемлекет, ұлт.

Мұндар /иран/ – адамгершілік арынан жұрдай болған, оңбаған, қу, сұм.

Мүдде – бас пайдасы, өз басы, өз қамы.

өлез – ез, қимылы баяу (адам немесе малға қаратып айтылады).

саргідір – жасы келіп қалған, егде тартқан, жасамыс әйел.

 сіберледі – шырылдады. «Аспанға әнді шырқап әлгі қатын, біресе бозторғайдай сіберледі» (Шарғын мен нәсілхан айтысынан).

 сірік – тамақтың аты. «Жетіліп, мал тойынып, сірік пісіп» (Ақтан мен Ақбала айтысынан).

 Тараншы – Чиң үкіметінің 1760 жылдары іле өңіріне оңтүстіктегі Қашқар аймақтарынан әкеліп қоныстандырған ұйғыр егіншілерін осылай атаған.

Тоған – су ағызу үшін қолдан қазылған жылға.

 Тоғысай – ұзақ күту. «Қапаста мен сайраған сандуғашпын, тоғысай сен отырсаң тышқан аңдып» (Кәсімбай мен гүлғайша айтысынан).

Ұшқат – ұсақ жапырақты бұта өсімдігі.

Үкірдай – болыс. Болысты басқаратын әкім; рубасыларына берілетін атақ.

 Шарбы – май. «Шарбыңды аяғыңа атқарармын» (Шарғын мен нәсілхан айты- сынан).

 Шәрі – шаһар, қала. «Айында сентябрьдің шәрі барсақ» (Шарғын мен нәсілхан айтысынан).

Шерік – сарбаз, жауынгер, қарулы әскер.

 Шонданайы – құйрығы. «еліңнен қой, ешкінің бәрін жепті, қалды енді шонда- найы ол жейтұғын» (Қаныбек пен тәнидің айтысынан).

Шымбай – жан, ішкі жан күйі, көңіл түкпірі.

ырғасумен – теңселту, ырғалту.

ТАРИХИ ЖӘне

дінИ есіМдеР

Ахұн – діни лауазым, 30 пара құранды жаттаған үлкен білімді қари, ұстаз.

 Әшім дүңшіұлы ( 1896, ҚХр, іле аймағының Күнес ауданы – 1962, сон- да) – күйші. Шығыс түркістанға аты әйгілі өнерпаз. «Ақерке», «Ақ толқын», «таң бұлбұлы», «сыбызғы үні», «Аққу келді», «Күй қайтарма», «Арман-ай», т.б. күйлер шығарған. 350-ден астам халық күйлерін тартқан.

Бұтхана – будда үйінің атауы.

 Жәмеңке Мәмбетұлы (1838, бұрынғы Жетісу облысы, Жаркент уезі – 1916, Қырғызстан, Қаракол қ.) – батыр. Жетісудағы 1916 жылғы Қарқара көтерілісі жетекшілерінің бірі.

 зуха сәбитұлы (1866-1929) – батыр, қажы. Абақ Керейдің ителі руынан шыққан.

Келима-тәйба – Құран аяттарындағы жеті кәлима аты.

Қиса сұл – Құрандағы сүре аятының атауы

Расұл – Алланың елшісі мұхаммед пайғамбарға қарата айтылған.

Ти, ығұн, сәнүн – арап әліп биінің белгілері. «Болғанда аузы «ти», мұрны

«ығұн»; «Бір бетің қалқа «сәнүн» ол да ғарып» (Қаныбек пен тәнидің айтысынан).

РУ АТТАРы

 Албан, суан, дулат – ұлы жүз құрамындағы тайпалар. Шежіре бойынша, Бәйдібектің Жарықшақ (шын аты – тілеуберді) деген баласынан, тоқалы домалақ анадан (нүрилә) туылады.

Андас – орта жүз найманның Қызай руының бір тармағы.

 Арғын – шежіре бойынша, орта жүз құрамына енеді. Қазақ шежіресінде Арғындар Бәйбіше Арғын, тоқал Арғын деп, екіге бөлінеді. ергүл бәйбішеден өсіп, өнген Арғындар бірлестігі «Бес мейрам» деп аталады. олар: Қуандық, сүйіндік, Бегендік (Қозған), шегендік (Қақсал), Қаракесек (Болатқожа).

Бегімбет – орта жүз найман Қызай руының бір тармағы.

 Жалайыр – қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, ұлы жүз құрамына енеді. диқанбай батыр шежіресі бойынша (н.Аристов жазып алған), үйсіннен – Ақсақал (абақ таңбалы), Жансақал (тарақ таңбалы) таратылады. Жалай- ыр соңғысынан тарайды.

 Керей – қазақ халқын құраған ежелгі тайпаларының бірі. Шежіре бойынша, орта жүз құрамындағы Керей тайпасы Абақ Керей, Ашамайлы Керей деген екіге бөлінеді.

 Көрпеш – орта жүз найман, төлегетайдың төрт баласының біреуі Қаракерейден тарайтын тармағы.

Қожаназар – орта жүз найман, Қызай руының бір тармағы.

Құттымбет – орта жүз найман, Қызай руының бір тармағы.

 Қызай – орта жүз найман, төлегетайдың төрт баласының біреуі матайдан та- райтын үлкен ру. Қызай – Бәйдібектің қызы (домалақ анадан туған) Күнбикенің жанама аты. ұзатылып барған жерінде ақылдылығымен құрметтеліп, рудың аты

«Қызай» деп аталған.

Маңғытай – орта жүз Қоңырат тайпасының бір тармағы.

 найман – қазақ халқын құраған ежелгі тайпалардың бірі, орта жүздің құрамына кіреді.

Оразай – орта жүз найман, Қызай руының бір тармағы.

 садыр – орта жүз найман, төлегетайдың төрт баласының (Қаракерей, төртуыл, садыр, матай) біреуі.

 сап-сары – орта жүз найман, Қызай руының оразай тармағынан тарайтын төрт баланың (Аба, Қоян, сап-сары, Баян) біреуі.

 сібе – 1764-1765 жылдары Чиң үкіметінің ішкі қытайдан іле аймағына арнайы қоныстандырған манжур текті халық.

Тәйірберді – орта жүз найман, Қызай руының бір тармағы.

 Тоқпақ – орта жүз найман, төлегетайдың төрт баласының біреуі Қаракерейдің бір тармағы.

Тілеуке – орта жүз найман, Қызай руының бір тармағы.

 Үйсін – қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Қазақтың дәстүрлі шежіре деректерінде үйсінді Шыңғыс хан заманындағы майқы биден таратады. Ботбай руынан шыққан диқанбай батырдың шежіресінде н.Аристовтың жазбасында майқы биден: Қаңлы, Бақтияр, Қырықжүз, мыңжүз. Бақтиярдан: үйсін, ойсыл. үйсіннен: Ақсақал Абақ, Жансақал тарақ. Абақтан – Қараша, одан Бәйдібек, Байтулы. ұлы жүздің негізін құраған тайпалар Бәйдібектің балалары болып саналады. олар: Албан, дулат, суан, Шапырашты, сарыүйсін, ошақты, ысты.

ЖеР-сУ АТТАРы

 Ашылы – ҚХр, ШұАр, іле қазақ автономиялы облысы Құлжа ауданы кен орнының атауы.

Бақ – моңғолиядағы сұмын (ауыл) бөлімшелері.

 Баян өлгий аймағы – қазақтар мол шоғырланған моңғолияның солтүстігіндегі әкімшілік аймақ. Аймақтың әкімшілік орталығы – Баян-өлгий қаласы

Бұратала – ҚХр, ШұАр, моңғұл автономиялы облысының атауы.

 Күнес – ҚХр, ШұАр, іле қазақ автономиялы облысындағы қазақ көп шоғырланған аудан.

Күшар – оңтүстік Шыңжаң өңіріндегі шағын қаланың жер атауы.

Қапал – Алматы облысындағы аудан аты.

 Қас – ҚХр ШұАр іле Қазақ автономиялы облысы, нылқы ауданындағы өзен атауы.

Құсемшек – қыстаудың атауы

 сайрам – ҚХр, ШұАр, іле Қазақ автономиялы облысымен Буратала моңғұл автономиялы облысына ортақ көркі көз тартар әсем көл атауы.

 сарыбұлақ – ҚХр, ШұАр, іле Қазақ автономиялы облысы, Қорғас ауданына қарасты ауыл.

сұмын – моңғол тілінде «ауыл». моңғолияның ауыл орталықтары.

 Текес – ҚХр, ШұАр, іле Қазақ автономиялы облысындағы қазақ көп шоғырланған аудан.

 Шапқы – ҚХр, ШұАр, іле Қазақ автономиялы облысы, Күнес ауданындағы жайлау.

ҚысҚАРТыЛҒАн сөздеР

ҚХР – Қытай халық республикасы

ШҰАР – Шыңжаң ұйғұр автономиялы районы.

ПАйдАЛАныЛҒАн ӘдеБИеТТеР

 Айтыс өнерінің сайыпқырандары (құрастырғандар: м. есікбайұлы, Ж. Боқат- ханұлы). – өлгий, 2010. - 279 б.

Айтыстану : ғылыми жинақ. – Астана: Жалғас-Print, 2013, – 420 бет.

 Жекпе жек. монголия қазақтарының айтыс өлеңдері. 3 том. //Құраст.: Қ. Қа- лиасқарұлы. – өлгий, 1994. – 365 б.

 К. Байшығанұлы. Шығармалар жинағы. Қайтейін, жалған дүние...: өлеңдер, толғау, дастандар, жоқтау-дауыстар – Алматы: «толғанай т» баспасы, 2008 – 336 бет. Көкейкесті әдебиеттану. 3 кітап. // Құраст.: р. нұрғали. Қазіргі айтыс: дәстүрі,

келешегі. Астана: Күлтегін, 2003. – 264 бет.

 Қазақ айтысының тарихы. Құраст.: Б. Қинаятұлы, г. Қуанбекқызы, е. тұяқұлы, Ж. Қауытұлы, Ж. нұрпейісұлы, Қ. Шабанбайұлы, н. Жарылқасынұлы, с. Жа- қайқызы, ы. Әділқанов. – Шыңжаң халық баспасы, 2009. – 329 б.

 Қазақтың айтыстары (байырғы заман бөлімі). Шыңжаң жастар – өрендер баспа- сы, 2009. – 313 б.

 Қазақтың айтыстары (таяу заман бөлімі). Шыңжаң жастар – өрендер баспасы, 2009. – 311 б.

 Қазақтың айтыстары (осы заман бөлімі). Шыңжаң жастар – өрендер баспасы, 2009. 314 б.

 Қазақ әдебиетінің тарихы. (құраст: Б. Кәсейұлы). – Шыңжаң халық баспасы, 2011, - 665 б.

 Қазақ сөздігі. (Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі) //Құраст.: н. уәли, Ш. Құрманбайұлы, м. малқаев, р. Шойбеков және т. б. – Алматы: дәуір, 2013, - 1488 бет.

 Қазақстан. ұлттық энциклопедия. 1 том. /Бас ред. Ә. нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 1998. – 720 б.

 Қазақстан. ұлттық энциклопедия. 2 том. /Бас ред. Ә. нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 1999. – 720 б.

 Қазақстан. ұлттық энциклопедия. 3-том. /Бас ред. Ә. нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2001. – 720 б.

 Қазақстан. ұлттық энциклопедия. 4 том. / Бас ред. Ә. нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2002. – 720 б.

 Қазақстан. ұлттық энциклопедия. 5 том. /Бас ред. Б. Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2003. –720 б.

 Қазақстан. ұлттық энциклопедия. 6 том. /Бас ред. Б. Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2004. −693 б.

 Қазақстан. ұлттық энциклопедия. 7 том. /Бас ред. Б. Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2005. −728 б.

 Қазақстан айтыс ақындары: Анықтамалық жинақ. // Құраст.: е. Қайназар. – Ал- маты: Ан-Арыс, 2013. – 280 бет.

Қалыбекова Ә. ұлық ием алғанда кеңдігіне. – Алматы: 2011. – 334 бет. монголия қазақ әдебиетінің тақырыптық көрсеткіші (1940-1979). – өлгий,1986.

-171 б.

Cақаба Құдагелдіұлы. Желмая жыр. – өлгий, 1989. – 28-33 бб. Халық жырлары. - өлгий, 1970

Халық ақындары. - өлгий, 1972

Шұғыла журналы, №1, (118), 1987. – 60-62 бб.

«AITYSKER» интернет порталы.

РезЮМе

 в VII том двадцатипятитомной серии «Антология казахского искусства» включены 64 избранных айтысов казахских акынов Китая, монголии, узбе- кистана.

 на сегодняшний день в соседнем Китае проживает 1,3 млн., в монголии 100 000, в узбекистане около 1 млн. казахской диаспоры. со дня приобре- тения в 1991 году независимости около миллиона наших соотечественников вернулись на свою историческую родину - в Казахстан. где проживает на- род, там и развивается литература и культура. мало найдется казахов, кото- рые не интересуются искусством словесного состязания. и этот интерес к традиционному искусству никогда не уменьшался, а наоборот, в последние году даже увеличился. искусство словесного состязания также развито сре- ди казахских диаспор, проживающих зарубежом.

 например, айтысы Жусупбекхожи и уазипы, Асета и Карибая, Шаргына и налихана, танжарыка и Койдыма, досбера и Алтын, включенные в раздел айтысов китайских казахов, отличаются своим высоким художественным качеством, остротой, находчивостью, искрометностью, глубоким смыслом.

 А в айтысах Актана и умсындык, Актана и Акбалы, Акая и Жалбаса, тохтамурата и егеухана из монголии крепко сохранены национальный ко- лорит и стержень, менталитет, вера, традиции и обычаи казахского народа.

 По сравнению с акынами казахской диаспоры Китая и монголии, ка- захские акыны, проживающие на территории узбекистана, всегда имели и имеютболее крепкие связи с акынами Казахстана. здесь также сказывается и историческая близость двух соседних народов, у которых одна вера, род- ственные языки, один корень. в разделе помещены айтысы проживающих в узбекистане казахских акынов Анаркула, мекембая, нурхана, Борибая, Кулмахана с известными акынами Казахстана.

 Подытоживая, можно сказать, чтоказахская национальная культура еди- на и в Казахстане, и за рубежом. словесные состязания казахских акынов, проживающих в соседних странах, обогащают нашу национальную культу- ру, пополняют фонд казахской литературы.

 Антология предназначена для преподавателей и студентов консервато- рий, университетов искусств и других высших учебных заведений, учителей и учеников музыкальных школ, исследователей жанра айтыс, а также для широкого круга людей, интересующихся казахским искусством.

RESUME

 The VII volume of the twenty-five-volume series «Anthology of the Kazakh Art» included 64 chosen aytys akyns of China, Mongolia, Uzbekistan.

 Nowadays lives in neighboring China 1.3 million, in Mongolia 100 000, in Uzbekistan about 1 million Kazakh diaspora. From the day of independence, about a million of our fellow citizens have returned to their homeland - in Kazakhstan. Where there are people there, and the development of literature and culture. Few of the Kazakhs, who are not interested in the art of verbal contest. And this interest didn’t decrease in any way, on the contrary in the last years actually increased. From this point of view, the art of verbal contest is considerably developed among the Kazakh diasporas living abroad.

 For example, in section of aityses of Chinese Kazakhs, aitys of Zhusupbekhozha and Uazipa, Aset and Karibay, Shargyn and Nalihan, Tanzharyk and Koidym, Dosber and Altyn are distinguished by their artistic quality, deep meaning.

 And, in aityses of Aktan and Umsyndyk, Aktan and Akbala, Akai and Zhalbasa, Tokhtamurat and Egeukhan from Mongolia are strong kept national color and a core, mentality, belief, traditions and customs of the Kazakh people.

 In comparison with the Kazakh diaspora of China and Mongolia, feature of aytys of the Kazakhs living in the territory of Uzbekistan, here is marked out a strong link of akyns to akyns in Kazakhstan. On that influenced the historical closeness of both nations, which have one belief, one language, one root. In the section devoted akyns as Anarkul, Mekembay, Nurhan, Boribay, Kulmahan, are given their aytyses with famous akyns of Kazakhstan.

 Kazakh literature of the samples abroad and verbal contests certainly fills up fund of the Kazakh literature.

 The anthology is intended for teachers and students of conservatories, universities of arts, and other higher educational institutions, teachers and pupils of music schools, researchers of aitys genre, also a wide range of people who are interested in Kazakh art.

МАзМҰны

ҚАзАҚ өнеРініҢ АнТОЛОГИЯсы

АйТыс VII ТОМ

Кітаптың шығуына жауапты Ш. Қойлыбаев редакторы Б. Мүптекеев дизайнері Б. Жапаров

техниикалық редакторы С. Жапарова

Беттеуші Ә. Байзақова

Корректоры Б. Бодаубаев, Р. Әлімбеков

иБ №007

Басуға 02.11. 2014 қол қойылды. Пішімі 60х90/16. офсеттік басылым. Қағазы офсеттік. Шартты баспа табағы 25,0. есептік баспа табағы 24.0 Шартты бояулы беттаңбасы 26,25. таралымы 2000.

тапсырыс №



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу