Қазақ өнерінің антологиясы. Айтыс 6


ҚАзАҚ ұлттыҚ өнер университеті

ҚорҚыт АтындАғы ғылыми-зерттеу институты

Айтыс

VI

ТОМ

«Күлтегін» АстАнА 2014

ӘоЖ 821.512.122

КБЖ 84 (5 Қаз)-5

Қ 17

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді.

Жобаның авторы: М. Жолдасбеков

филология ғылымдарының докторы, профессор

Редакция алқасы:

М. Жолдасбеков (төраға),

А. Мұсақожаева, С. Қасқабасов, Ш. Ыбыраев, С. Негимов, Р. Әлмұханова, Ж. Ерман, А. Әлтаев, С. Дүйсенғазин,

Ш. Қойлыбаев

Қ 17Қазақ өнерінің антологиясы. 25 томдық. Құраст.

М. Жолдасбеков, Ш. Қойлыбаев. Астана, «Күлтегін» баспасы.

ISBN 978-001-7318-40-6

Айтыс. Т. VI. (тәуелсіздік кезеңіндегі айтыс). – 2014. – 400 б. ISBN 978-601-7318-46-8

 Қазақ өнері антологиясының бұл томына тәуелсіздігімізді тұғырландыра түскен, Қазақстанның қарыштап, Астананың асқақтап әлем аузына іліккен 2001-2014 жыл- дар аралығындағы таңдаулы айтыстар енгізілді. ел тынысын еркін жырлаған бұл айтыстар сөз өнері қазынасын байыта түсері сөзсіз.

 Антология консерваторияның, өнер университеттерінің, өзге де жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, музыка мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларына, айтысты зерттеушілерге, сондай-ақ, қазақ өнерін қастерлейтін

қалың оқырманға арналады.

ӘоЖ 821.512.12.2

КБЖ 84 (5Қаз)-5

ISBN 978-601-7318-46-8 - (т. VI ) ISBN 978-001-7318-40-6 - (ортақ)

© «Күлтегін» баспасы, 2014

© М. Жолдасбеков

© Ш.Қойлыбаев

БІРІНШІ БӨЛІМ

(2001-2008)

МҰХАМЕДЖАН МЕН АЙБЕК

Мұхамеджан:

Асыл да жұртым аман ба? Асыға күтіп айтысты,

Ас ішпей келген «хабарға». Асығың алшы түскендей, Асқақтап келсең жаман ба? Асқардай биік сіздерді, Аспандай ұшып жер шарын, Алты айналсам табам ба? теңізден сүзген маржандай, Құрыштан соққан қанжардай, Белгілі қымбат бағаңда. таңғажайып өнерді,

таратып жатсың ғаламға. тайға тартқан тартпадай, тарылып тұрған заманда. Жекпе-жек айтыс сөзбе екен, Желкілдеп тұрған адамға.

Алланың атын ұран ғып, Құранның сөзін тұмар етіп, Жеке шапқан бабамда.

Жерден ауыр наз айтып, Жебеден ұшқыр сөз айтып, дабысым қалсын араңда. суытылған торы аттай, суғарылған болаттай, суырып айтсам табанда.

Жалбыздай жұпар шашайын, Жарылып сырымды ашайын, Жар бола гөр жаратқан, Жаратқан пендең маған да.

Қазақ деген ел едік, Қазығында мал тұрған. Қазынасы іштегі,

Қазылған қымбат алтыннан. Қазанаттың үйіріне,

Қаз мойын тұлпар салдырған.

4

Қазымыр дұшпан келгенде, Қаздиып батыр елдерді,

Қозы жауырын жебе алдырған. Ақсақалдары ақылмен, Адасқан жұртты түзетіп, Ақиқат жолын қалдырған.

Аналарды хан туған, Азаматтарды ар қуған, Қас сұлуды жар қылған. Білімдар өткен не түрлі, Бірінен-бірі артылған. Кешегі өткен қазақтың, дәулеті бақпен шалқыған.

Қазақтың қорқып сұсынан, Халықтар небір қам қылған. Қытайдың өзі сескеніп, Қабаттап қорған салдырған. Айрылып қала жаздадың, Айбынды осы даңқыңнан. Бодандағы пенде боп, Бостандықтан кенде боп, таразға тағдыр тартылған. сынаққа бүгін түстік ғой, өтейін деп алдыңнан.

Азаттығыңның жолында, Азаматтарың аз емес,

Жасап бір кеткен жан құрбан. ұғыстырған ұлттарды, Жұғыстырған жұрттарды, елбасы бүгін нар тұлғаң. ертіп жұрттың артынан, Жақсылық көрген сый-көрген. Жамандыққа да үйренген, түгесілмеген тұқымы,

түссе де қанша диірменнен. Айнымаған қалпынан, Айналайын халқымнан.

Ассалаумағалейкүм! Аманбысың, Айбегім.

Аянып бүгін қалмассың, Айтыста қозғап ой-кенін. Алдырмай топта жүруші ең, Аламанда көсіліп,

Алдын бермей бәйгенің. Жекпе-жекте кез келіп, өзіме бүгін сай болдың. Көзіңді маған сал енді, Көңілдің сүртіп әйнегін. сымдай тартылып келіпсің, сындырардай тай белін.

інім едің зиялы, тимеген ешбір зияны.

өскенді жердің ұлы едің, Көрген бір тұнық ұяны. өзіңді Айбек байқатқын, Қай жерге жетер қиялың? Қанатымдағы қияғым, табанымдағы тұяғым. өзіме тартқан жігітсің, туыс та мінез ұяңым. саудырап босқа қалмайсың, сауытындай сияның. тереңнен тәлім тартқайсың, тамырындай мияның.

Айтыста бүгін Айбекжан, ыңғайымды дәл тауып, ырғасқалы келдің бе?

Жамбыл менен майкөттей, дидарласып ағаңмен, сырласқалы келдің бе? сезіммен айтып шекерді, Жырласқалы келдің бе?

Буырқанып Бұқардай, Бұлданса торпақ жұтардай, мұңдасқалы келдің бе?

Көкпаршыдай тақымдап, Көкбөрідей сақылдап, Көптің ойын мақұлдап,

өнердегі өкшемді,

Шын басқалы келдің бе? Алматының жұртымен, Қауышқалы келдің бе? Алтын айдар ағаңмен, табысқалы келдің бе?

Арыстандай алысып, Жолбарыстай жұлысып, Айқасқалы келдің бе?

Келсең де қалай Айбегім, сөзіңді баста ендеше, Айызы қансын елдің де.

Айбек:

Бісміллә, аманбысың бар қазағым, тәттi жыр таңдайдағы талғажауың. Армысың, Алматының арайлы белi Басталсын iзгiлiкпен таң намазың. торқалы тойын жасап жатырсыздар, Қасымдай қайсар рухты ханзаданың. өлгендердiң аруағын аспандатқан, Көргендi елдiң кiргiзсiн Алла ажарын. Әншi жоқ Қараөткелде менен асқан, деп ғазиз әуелеткен ән-ғазалын.

Арқада ардақтысы Құлтуманың, Жырлары жүрекке-дем, жанға-жалын. иманынан басқаға иланбаған,

өткен ғой иманжүсiп нар қазағым. Қажымұқан бабамызда қарт есiлде, танытқан талантының таңғажабын. осындай ерлер өткен ереймен мен, Әкелдiм Қараөткелдiң қан базарын.

иншала, бiзге бұйрық тек Алладан, Кесiмдi сөз айтылсын кең арнадан. сарыарқа сағым ойнар сары белде, сексен көл сексен жанар көл аунаған. Кешегi хан Абылай тұғырында, Бүгiнгi бiрлiктi елдiң төрi орнаған.

Қараөткел қан базары қайта қызып, ерей мен де шалқытқан ел арман ән.

Ал, менiң Алатауым алтын тұғыр, Жетiсу жаратқан ғой шебер қалам. Жекпе-жекке бетпе-бет келiп қалдым, Әйтпесе, Алматыда не бар маған. ендеше ел сәлемiн жеткiзейiн, еңселей бой көтерген ел ордадан.

Бақ құсы бастарыңа қона берсiн, Жетiсу бақ жұлдызың жана берсiн. егемендi ел болған осы он жыл, мәңгiлiк азаттықты ала келсiн.

Ағайын алашымда арман бар ма, Бүгiнде далам еркiн, қалам еркiн. тек қана қазағымның рухы өлмей, сарабдал салихалы сана берсiн. мұқажан мұзға салса мұқалмайтын, Жұма сайын жүлде алған қарагерсiң. Көрейiн қажыменен қапталдасып, Жеңсем-дана, жеңiлсем бала дерсiң.

Армысың, мұхамеджан алтын адам, Белгiлi жырларыңның нарқы маған. сүйiнбай сүресiнен желi тартып, Арынды арғымақтай арқыраған.

Қарт-Қабан қара өлеңнiң қара нары, Қара тұрмақ, ханың да қалтыраған. Бақтыбайша бабымен сөз суырсаң, тыңдарманда жан қалмас балқымаған. Құлан аян Құлмамбет кәусар бұлақ, Хантәңiрдiң шыңынан сарқыраған.

Жамбылды жер жаhанда жан жеңбеген, есiмiн әспеттейдi жалпы ғалам. осындай асылдардың сынағасын,

нәр алған буырқанған бал тұмадан. исламның ибалы имамысың,

дұға ғой талғамыңа тәнтi далам. Қабысып қажылығың қара өлеңмен, түспесiн тұғырынан даңқың әман. таңдайыңда құранның қуаты бар, маңдайыңда жұлдызың жарқыраған.

Құбылып құба белде құмай жалған, Жел естiрiп жүр дейсiң кiм айдардан. Атымызды паш етiп алты алашқа,

Бұл жайлы Жүрсiн ағам мың ойланған. Көз жүгiртiп қарасақ тамырына,

Бұл айтыстың тарихы былай болған. Қырғыз барып айтысып сүйiнбайлар, ұлт бейнесiн сомдаған ұлы ойлардан. Бiржанды Жетiсуға жетелеген,

сара жайлы шұғыла-шұрайлы арман. Жанақ, түбек, Шөже мен орынбайлар, Жұрт көңiлiн тазартты лайланған.

Әсет пен Кемпiрбайдың айтысында, Бақилық жарастықтың шырайы болған. Айтыстың аспанында Құлманбетпен, Жамбылдың бiрi – жұлдыз, бірi – ай болған. дүниенiң кезегi бiзге жеттi,

диiрменнiң тасындай шырайналған.

тозақтан керек дейсiң тұрақ кiмге, түстi ғой сын сағатта сынақ тiлге. менiң де тау қопарар талабым бар, Бола алсам бауырыңа қуатты iрге. Алла бiр, пайғамбар – хақ, кезек – екеу, екiншi рет жолықтық сынақ күнде. тiлiмiз жорғасынан жаңылмасын, Жұбымыз жарасқан соң жұмақ күнде. ғаламзаттың ғазалы ғибрат қып, Адамзатқа сыйлайық шуақ күндi.

Жиырма бесте жасындай жарқ етпесек, тұрақ жоқ сырғақтаған сынап күнде.

Қуықтай қусырылған қу дүние, Құдықтай суалады бiр-ақ күнде.

үмiтi – сәуле шашып үркерiмнiң, ықыласына бөленсем жұрт елiмнiң. Хантәңiрлi Алатау жөнiң бөлек, Қадiрiн кiм бiлiптi бұл төрiңнiң.

Ажары Астананың айға ұмтылған, табылғандай бұл күнде кiлтi өмiрдiң.

Күнi туып келедi, күлi батып,

түбi – түркi, түлiгi жылқы елiмнiң. Астананың төрiнде қасқайып тұр, Көк тасы, көне жыры – Күлтегiннiң. Көк түркiнiң рухы елге жеттi,

сондықтан менде алысқа сiлтер ұлмын. додаңыздан мен де ендi бас тартпаспын, Жырым-жырым болғанша жыр тебiнгiм.

Мұхамеджан:

ұзатып бұл айтысты мұнар белге, Ақындарды ойқастап шығар демде. Айбектiң отырысы қандай ғажап, Жайғасқан хан ұлындай құранды ерге. Астанадаң келдiм деп жырладың-ау, мейiрiммен қараған мынау елге.

Айбекжан, ұзағынан толғадың-ау, ұзатылар қыздай боп ұзақ жерге.

Пейiлiңдi ағаң бүгiн азық етсiн, Аяқ-қолын айтыста созып өтсiн. Бiр-бiрiмен жарасқан екі ақынның, өрге қарай домалап тасы кетсін.

Қажымен қапталдастым деп отырсың, осындай кездесудi тәңiр етсiн.

Айтыстан қанжығаңды майлай қалсаң, саған да Алла қажылықты нәсiп етсiн.

сөздерiң кестелi екен кереметтей, тыңдайтын соқыр тоқтап, керең өтпей. Жырларың жұмыр шығып жұтынып тұр, Бәйбiше бiлектеген текеметтей.

Күрiштен-ақ, күмiстен кiрпиязсың, денесiн таза ұстайтын дегелектей. тапқыр сөзiң талайды селт еткiзер, Жуас атты тулатқан бөгелектей. сахнаның төрiнен кете алмаспын, Бесiгiне өлеңнiң бөлеп өтпей. өзiңменен жымдасып отырайын, Қалай айтам өлеңдi тереңдетпей.

сүбелi ойым сiңiмдi болсын елге, Қырғыз турап, қазақтар жеген еттей.

Қалайша жанған отты тұмшалайын, тұрғыза бер сәулеттi жыр сарайын. екеумiз сахнаға шыққанан соң, Ақтарылар ақ маржан тұрса дайын. Көкiрегiнде көмiлген қазына бар, Жемiсiн жер жасырған қылшадайын. үйiрiп әкеткейсiң тыңдарманды, үйiрге жаңа түскен құлжадайын.

Бiр тоға, бiр қалыпты мiнезiң бар, Қысы-жазы өзгермейтiн шыршадайын. Бар жылуды бойынан өткiзсе де, салқын қалпын сақтайтын шишадайын. Жiбектей боп есiлген бұл iнiме,

Қаймақ жаққан қайыстай жұмсарайын. егiздейiн жарасып отырайық, теңiздейiн толқысып мұнша ағайын.

Жаспын деп айтысқанда жасымаған, Жеке дара шықтым деп тасымаған. Бау-бақшадай әлi де жайқаларсың, Бауырың бүтiн боп тұрса, басың аман. Құнанбай, Алшынбайдай сыйласалық, Құландай бiрiн-бiрi қасылаған.

Көңiлiңе тәнтiмiн iнiшегiм, өзiңдей болсын деймiн асыл адам.

маңызды пiкiрiңдi айт майлы сүттей, Шiлденiң ыстығында ашымаған. сонда елiңе аяулы болар едiң, Баладай тымаққа сап асыраған.

Iнiнi итерейiн неге кейiн, төбеме шықса ғана төпелейiн.

терек басын сипаған самал желдей, Алақанға сап сенi мәпелейiн.

Көк құраққа көз тiккен жаман оймен, тексiздiк танытпайын текедейiн.

Айбек сен тасты жарған тас бұлақсың, мен сенi жылға болып жетелейiн.

Жомарт елiм кең құрсақ, кереге ғой, Жақсыны көтеруге өте бейiм.

Керегеге байлаған уық құсап, мен сенi шаңырақтай көтерейiн.

Айбек:

Құнанмын шаң шығарған сан алаңда, Бiлмеймiн мұқа сендей бола алам ба? ұзатылған қыздай деп айтып өттiң, мұндай сөз сiзге мұқа, жараған ба? мен өзiм ұзағынан көсiлемiн, Шабатын ат болған соң аламанға.

Қажылық мұсылманға парыз болған, меккеде қазақтан да көп iз қалған. маған да қажы бол деп отырсыз ғой, ұсынып дәстүрiңмен кең iздi алдан. Адамзаттың бабасы Адам Ата, Қажылық бiзге содан негiз болған.

Күндiз-түнi құдайдан кешу тiлеп, Көз жасы көл боп ағып теңiз болған. Ал бiзден кiм көрiнген барып жатыр, сонысы құтқарардай көр-ызғардан.

Айтшы, мұқа, шариғатты жөндеп бiлмей, Бiздердiң қажы болған немiздi алған.

тiл-тiрегiм болғанда, дiн-дiңгегiм, дiнiмдi айтсам шығады мұңды үндерiм. сыбағасын ит жеген аңқау елге,

Арамза молдалар көп бiр бiлгенiм. өлiмдi жерге барып семiрiп жүр, Аямай итше талап бiр-бiрлерiн. тұтқасы дiнiмiздiң кiмде боп жүр, Алланың сара жолын кiм демеп жүр. Жаназа дегендi айтсаң жанталасып, молдалар үлдеменен бүлдеде жүр. Жаназа үшiн қырқысып бiр-бiрiмен, Жортақтап күндiз де жүр, түнде де жүр, Айтыстың жекпе-жегi бүгiн болса, молданың жекпе-жегi күнде боп жүр. Жүрекке пайда әкелмес ұшынған қан,

дiнiңе әжептәуiр қысым болған. Қарасудың мешiтi жабылғанда,

Қол ұшын қай мұсылман ұсынды алдан. Алматының мешiтiн әзер бiттiк, Әйтеуiр қыз болғандай қысылғаннан. дискобармен көршiлес мешiттер көп, секiлдi Iбiлiспен бiтiм болған.

дiн бұзар дүмшелерге сан жетпейдi, Құдай атын жамылып күпiр болған. сәндiкке сәлде тағып сайқалсыған, серiлерге толып жүр бүкiл жалған. иншалла, қажының да саны өстi, меккеге күнде ұшақ ұшырғаннан.

Бiлмеймiн бағымыз ба, сорымыз ба, Қазақтың қажысы көп мұсылманнан.

дiнiмнiң бәйге алмай жүр тайы қотыр, Құранды молда бар ма лайық оқыр? мешiт салсақ бiтпейдi дау-дамайсыз, оған да мынау жұртым қанық отыр. өзге дiн өкiлдерi шiркеулерін, ешқандай айкай-шусыз салып отыр.

Iнжiлiн жұртшылыққа тегiн берiп, Халықтың осал жерiн танып отыр. Қасиетті Құранды саудаға сап,

Бiздiң дiн қай жыртығын жауып отыр, дүмшелер молдалығын желеу етiп, Пiтiр мен садақадан байып отыр.

Құйылған қаржы қайда кеттi десең, Қу шөппен сүртiп аузын шайып отыр. Құдайға ғана есеп беремiз деп,

тура жауап беруден тайып отыр. осылайша бiздiң дiн Аллаға емес, өкiметке алақан жайып отыр.

Мұхамеджан:

Айбегiм, аш бөрiдей жалақтайсың, Қоғамның кемшiлiгiн дөп айтқайсың. Қажы болған неңдi алған деп ағаңа, Жан-жақтан демеу iздеп алақтайсың.

Жауға қосылып ел-жұртты сынағанша, мысық мұрт миссионердi неге айтпайсың.

Айтыста бiрге жүрер сапың бар ма, Жұмсайық бiлiмменен ақылды алға. Қажының жүрегiне кiрмей тұрып, Қалай ғана айтасың датыңды алға. сәждеге Айбек маңдайың тимей тұрып, мұсылманды сынауға хақың бар ма?

Ақынсың ел-жұртыңның сырын бiлер, Әр сөзiне халықты жүгiндiрер.

Абайлар өз қазағын сынағанда, исламның жолымен өзi жүрер. содан соң ел-жұртына дат айтады,

Жапқандай-ақ көздi – сор, тiлiңдi – тер. мектептен қалып қалған, үйден қашқан, Балалар молда болар бүгiнгiлер.

Қазақтың молдалығы қайдан оңар, Қашып жүрсе дәл сендей бiлiмдiлер.

Арнайы аттандырған мыстан елдер, Көбейдi мысық тiлеу миссионерлер. Ата дiнiн айырбастап кетiп жатыр, тағдырдың тауқыметi қысқан ерлер.

Жетпiс жыл орыс сенi тiлге бөлдi, тәуелсiз бола қап ең дiнге бөлдi. дiңгегiңнiң түбiн кеп қазып жатыр, Шайқалмай қалса жақсы iргең ендi. уранмен қатар шыққан у секiлдi, мың бәле азаттықпен бiрге келдi.

Хан Кенедей қазағым ерлер қайда, осынау тоқтататын дүрбелеңдi.

Бiлсе де миссионерден сорлайтынын, өкiмет жоқ өз елiн қорғайтұғын. демократия дегенiн iстей берсе, Бiлемiз тiршiлiктiң оңбайтынын.

Жүз сенiмде әр қайсысы жүрсе егер,

Айта алмаймыз бiр бағытты қолдайтынын.

Әуелi бiзге мықты заңың керек, Бапты көрiп тұрғам жоқ ондай бүгiн. дүниедегi соғыстар дәлелдеуде, дiнге салғырт қарауға болмайтынын.

дүние дiн болмаса қап-қара түн, Жүрекке жылу бермес жаққан отың. Атам қазақ әуелден мұсылман боп, дiн ислам жолынан хақ табатын. тақия төбелерде бұл күндерi,

тақуа бабалар көп мақтанатын.

дiн ислам болсын бiзге неге бөтен, тектi елiмнiң тарихы терең екен.

Кешегi Күлтегiн мен тоныкөктер, Жаратқанға сиынып келген екен. өлу үшiн туғанбыз бәрiмiз деп, тағдырды тәңір жасар деген екен.

«Ата даңқын көтерген тәңiрiм» деп. Болыпты сенiмiне өте бекем, ұрпақтары ұсақталып кетер ме екен. Алшақтап ақиқаттың ақ жолымен, Жасқаншақ боп кеткенi неден екен.

Ал, Айбек тудыр ендi бабаңды оңнан, тарихқа көз салайық сағымданған.

Қараханид әулетiнде хақ ислам – мемлекеттiк дiн болып қабылданған. сол иманды кезеңде кең даламыз, Күркiреп тұрды емес пе дарындардан. Фараби, Баласағұн, үгінеки Құраннан қуат алып тамырланған. ибн сина, Хорезми, Бухарилер Шариғаттан нәр алып шамың жанған. ғылыми негiздерiн дiннен тауып, мәңгiлiк айтатұғын арың болған.

Бейбарыс бекер намаз оқымапты, Көне мысыр елiнде әмiр болған. самарқанды салдырған Жалаңтөс те, намаз үстi қаза боп дамылдаған.

солардың барлығы да шариғатпен, тауып берiп тұрушы едi арыңды алдан. солардың ұрпағымыз, мақтанамыз, Парызың жоқ әйтеуiр орындалған.

Аталарға тартып туған ұрпақ болып, тiлегiң болса екен қабыл болған.

Айбек:

мұсылмандық бiз үшiн ту болды ғой, дуалы сөздi естiп ел ду болды ғой.

Қажыны айтсам мен сенi айтқаным жоқ, сол сөзiм әжептәуiр шу болды ғой. сезiктi секiредi деген қазақ,

етегiң жаңбыр жаумай су болды ғой.

Бақ құмар, бедел құмар, билiк құмар, Көбейдi бассыз дене, иықтылар. рухты руменен шатастырған,

Бос мойын, көбiк кеуде, сияқтылар. Ақшасы аз, банкiсi көп елге айналдық, Пайдасы қандай мұның тиiп тұрар.

Компартия келмеске кеткенменен, Көп партия көңiлдi күйiк қылар.

«Бас басына би болған өңкей қиқым», Жарытпас елдiң басын жиып бұлар.

заманның тегершiгi шыр айнала, сұрқия саясатқа сынай қара.

Билiгiн басы бүтiн ұстатты ғой, Қолдағы ие болмай мұнайға да. Қазақтарды жұмысқа алмайды екен, танытқаны жанашыр шырай ғана. Бәрiн бiлгiш бiлiмпаз үкiметте, Көзiн жұмып қарайды бұл айлаға.

Бiр кезде ең бақытты халық едiк, Билiгiн жүргiзе алған құдай ғана.

маңдайым тасқа тиген мәңгi қотыр, санаңда сайқал заман салды топыр. Қазақ тiлiнiң қамын орысша ойлап, мәңгүрттеу шенеунiктер жарлық оқыр.

Iлгерi кеткен көштi керi сүйреп, Қоғамның қол аяғын шандып отыр. елiмiз үмiт күткен үкiметте, Қарақан басын ғана қам қып отыр.

Жетпiс жыл шарап iшкен бiздiң қоғам, Басын әлi жаза алмай мәңгiп отыр.

Қазақтың қамын ойлар қасқаларым, спальный парламентте қалғып отыр.

тас маңдай, тайқы маңдай, қайран маңдай, тайлақша күнiң бар ма тайраңдардай.

Күйкi тiрлiк қойды ғой күбеңдетiп, Қазыққа мұрындықтап қойған нардай. Қарызға белшемiзден батып тұрмыз, Кiмдер бар бұл қаржыны қайтарғандай. Кiр ақшаға кешiрiм жасап жатыр, өзiмiздiң нар қасқа байларды алдай.

Бiз түгiл үрiп iшкен үкiмет те, сыпайы қайыршыға айналғандай. осыны айтпайсың ба мұхамеджан, уағыз айта бермей пайғамбардай.

Мұхамеджан:

Айбегiм, өрлеп тұрса бағың мынау, Қасыңнан ағаң болып табылдым-ау. мен сенi жетелейiн деп отыр ем, Артқа кетiп жатқан арын мынау.

Құдайға да билiктi жүргiздiм деп, Жаңылмас жерден Айбек жаңылдың-ау.

Бостан бос мұндай жерде арандама, мұндай сөз жараспайды саған дара. иманжүздi жiгiт деп отыр едiм, Құлақ түрiп сүйсiнiп әр арнаңа.

Жетпiс жыл құдайға билiк жүргiзем деп, Айналған жоқ па саңлақ ел сабандарға. үйренiп атейстi аламыз деп,

иленiп кеткен жоқ па табандарға.

Шындық көп бұл қоғамда ұнатпаған, сенiмен бiрге Айбек сынап бағам.

Бас жаза алмай отырған үкiметiм, Қалай өтер бiз қойған сұрақтардан. Басталып бала сату бизнесi,

Қулар жүр оны қолдап қуаттаған. ел емес пе ек жесiрiн қаңғыртпаған, ешқашанда жетiмiн жылатпаған. мейiрiмi төгiлген бiздiң елге, мейірiмсiздiк қалайша тұрақтаған.

дүниенiң бәрiн сатып болған жандар, Бұл күнде мейiрiмнен жырақтаған. ұлағатын сақтаған ұлт емес пе ек, ұл түгiл құл сатуды ұнатпаған.

сақтайды балапанын сауысқан да, тастамас жұмыртқасын тауыстар да. Алшақтап кiсiлiктен кетпейiкшi, Аңсап кеп азаттықпен қауышқанда. дүниенiң бәрiн сатып тауысқандар, ендi адам сатуға ауысқан ба?

Бұл заман көп нәрсенi ойлатқызбай, Келедi баланы да ойнатқызбай.

Жетiмдердiң тағдырын ойлайықшы, Құр бекер желiккенге той баққызбай. Бұл шындыққа үкiмет аузын ашпас, сойдақ тiсiн жасырған бойдақ қыздай.

Жалпы жұрт жанашырын таба алмайды, Бұл жайлы ақындардың хабарлайды.

Қойын құрттап, айранын ұрттауменен, Әрекет қып әйтеуiр амалдайды. уәзiрлер уәдесiне сенiп қалған,

Жыл сайын жұмыскерлер арандайды. егiн орақ алдында Шнос-тың да, Көтеретiн әдетi жанармайды.

Шенеунiктер шiренген бүгiндегi, Шерменде ғып өз халқын неге алдайды, өкiмет өтiрiктi қоймаса егер,

ешқашан ел жағдайы оңалмайды.

Жүрсе де жақсылықтың жолын бұзбай, Болып тұр көпшiлiкте көңiл мұздай.

Ауылдағы ел абдырап айтып жатыр, Жоғарыны қайтем деп жоным қызбай. сөйтiп ел өкiметке сенбей жатыр.

Жiгiтiнен алданған момын қыздай.

Айбек:

Шамырқанып сөйлейiн шырайлана, мұқажан, мен көнбеспiн бұл айлаңа. дұрыс айтқан сөзiмдi терiс бұрып, мұқажан тұнығымды лайлама.

Құдайға билiк еттiк деген жоқпын, Балаймын тағы да мен мұны айлаңа. Халыққа көз алдымда жалған айтып, Күпiр болдың, маған да, құдайға да. естiмесең қайтадан қайталайын,

Ал, ендi көңiлiңмен құлай қара. Бiр кезде бiз бақытты халық едiк, Билiгiн жүргiзе алған құдай ғана.

Жан бар ма замананың жайын аңдар, мұнымды бәдiктiкке сайымаңдар.

Боз биенiң сүтiне шомылушы ед, Шампанға шомылып жүр байығандар. Қыздардың махаббатын саудаға сап, Қойнында қалталының тайраңдар. өмiрге нар ұрпақты әкелмейдi, резеңке күйепенен қайығандар.

Ал, мұқа сөзден әлi танбайсың ба, Айбектi ары қарай жалғайсың ба. Жетiмдер деп жанымыз шырқырайды, Бұл өмiрдiң көшiнен қалмайсың ба?

Айтыс сайын бәйге алған жiгiт едiң, Асырап бiр-екеуiн алмайсың ба?

Мұхамеджан:

Көңiлмен, иманменен бай болайық, Айбекжан, айтқан сөзге сай болайық.

ол рас жетiм жайлы толғанамын, ол барда қалай ендi жайланайық. Асырап ал деп отсың жетiмдердi, Жүретiн жiгiтсiң деп тойда байып. Асырап алу емес, алдыменен, Жетiм қылмау жағын ойланайық.

Қоғамда құбылыс көп бой ықтырар, саналылар сабақ ал ой ұқтырар.

Қыздардың да жайынан сөз қозғадың, Құшағын нәпсiсiне жайып тұрар.

Құндақтан құрсақ қамын ойлайды екен, Бас мүжiп бата берген байыптылар.

Алашым қалай ғана азып-тозбас, Болашағың боп тұрса кәйiп құмар. Әдемi қыз әдебi болмаса егер, Әсiре қызыл жiгiтке лайық тұрар. Алдын егер алмасаң бұл аурудың, ертең емi табылмас айықтырар. ұятсыз қыз, иодсыз тұз секiлдi.

ұлтыңның ұлылығын жойып тынар.

Келсе де кiсiлiкке кезек мейлi, үлкендер үлгiлiнi сөз етпейдi. Қария жасындағы қасқа бастар,

Жастардың қамын ойлап мәз етпейдi. ғалым мақаш тәтiмов зинақорды, заңдастыру қажет деп өжектейдi.

Желiккен жезөкшеге жәрдем берiп, Қызойнақ үйiн ашу қажет дейдi.

Ата сақал аузына бiткен кезде, Күнаhарды қолпаштап безектейдi. телiменен тентектi тыймақ түгiл, тексiзден түсер пұлды есептейдi. еуропаға ес кетiп елiктердей, Шалағай шалдарға осы не жетпейдi.

Қылышқа алтын сапты қын қылардай, таппассыз қызды балдай, ұлды нардай. төсегiнде адалдық сақталмаса,

тектi ұрпақты туғызар кiм қырандай.

Қырық үйден тыйымың болмаған соң, Қыздарға отырмыз ғой дым қыла алмай. Қодарменен Қамқаны құрбан қылған, ұлылардан қап кеткен үлгiң қандай.

Жезөкшенiң желкесiн қиятұғын, Жетпей тұр бiздерге де бiр Құнанбай.

Кешегi Құнанбайлар бұрқасындай, салмақты болған екен кiр тасындай. Арсызға қатал, қатты болғанменен, Халқына болған құстың ұлпасындай. Қазыналы қарттарым бар ма қазiр, Қасиетi сақталған құлпы ашылмай. Ақсақалдың өнегесi болса егерде, Қалмас ед қыз қысылмай, ұл тосылмай. ермегi елге бөлiп, жерге бөлiп, Жүзшiлдiгiн және де жүр жасырмай. сауап емес iздегенi сауна болып,

Алла емес, арақ-шарап шын досындай. Балық өстiп басынан шiри берсе,

Қала ма ұлт тосылмай, жұрт жасымай. үлкенге үлгi, кiшiге демеу болар, Бүгiнгi қарияның сиқы осындай.

Айбек:

несiне мәңгiрейiн жас балаша, Айлаңды ендi мұқа, басқа жаса.

Жұртты ұйытып, ұлт мұңын айтып жатсың, сайгез оқты себелеп сақ бабаша.

Ағайын мұндай қызық көрер ме едiң, Жүрсiн ағам жетелi iс бастамаса.

мұртын балта шаппайтын мұхамметжан, Жұртын жырға қарық қып тастамаса.

тағдырдың шырқалғандай тұлдыр әнi, Қоғам да байқап тұрсам құлдырады. заманның заңы маған запыран боп, Жүрегiм аласұрып ұмтылады. мұқажан, саиндегi қыздарды айттың, оған да менiң жаным қынжылады.

Жұмыссыз, ақшасы жоқ байғұстарға, Айтшы ал, мейiрiмiн кiм бұрады. саралап осыған бiр түсiнiк бер, осының барлығына кiм кiнәлi.

Бұл заман баршамызға жағып тұр ма? Бағдарлап құдай бiздi бағып тұр ма? Әрине, жезөкшенi тиятұғын, Құнанбай қазақтағы анық тұлға.

Құнанбай боп тия алсаң жезөкшенi, Бiреу сенiң қолыңды қағып тұр ма?

Мұхамеджан:

сөз күтiп отыр бiзден күтiмдi елiм, Қалмасын iнiмiз де сыртын берiп. сен менi Құнанбаймен салыстырма, ол кеткен ер-тұрманы бүтiнделiп. мынандай жаhил-надан заманында, намаз оқып жүргенiме шүкiр дегiн.

Бүгiлмес жерде тiзе бүгiледi, үгiлмес жерде тас та үгiледi.

Қыздың жайын таратып айтшы дейсiң, саған ашып берейiн сырын ендi.

Батыстан келген дерттi бiлгендейсiң, Бiлсең халқым, оған көңiл шын бөлгейсiң. Жалаңаштық жан-жақты жаулап алды, Кең көйлек киген қызды бiр көрмейсiң.

Алматыны аралап жүре қалсаң, Көшеде емес пляжда жүргендейсiң.

Шеттерiнен жастарды шешiндiрген, Шетелдiң модасына кiргендейсiң.

Әбиiрiн жаппаса әлгi жастар, ертең елiм ұялып шын терлейсiң. еркелердiң етегiн ұзартпасаң, ертең елiм түзетiп үлгермейсiң

сүйекке басып жатыр батыс таңба, Жарнама жауып жатыр АҚШ-тан да.

ұмытып ұлтымыздың ұлылығын, ұлықтар да ұқсайды шатысқанға. сұрқия саясатқа сүрлеу боп жүр, Жарайтын азаматтар атұстарға. үйде отырып ұлдарың ұрандайды, видикте боевиктер атысқанда.

Алыстан дiнiмiздi дiңкелеткен,

АҚШ-тан асқан, шiркiн, тақыс бар ма? иiнiмiз түсiп бiр иiлемiз,

инвестиция сап бiраз қатысқанға. Қоғадай жапырылдық баксы барға, оу, халқым, осы бiзде намыс бар ма?

Бүгiнгi ақ ордаңды Астана дер, Астана өз халқыңды басқара бер. Қазақтан шыққан кезде қасқа нелер, Болмасын Америка босқа бедел.

Батыстың батпағына батуы оңай, сырт елден сақтанбаса жастар егер. Құдай-ау өнегесiн кiмге үйретпек, вьетнамға бомбасын тастаған ел.

Хиросима, нагасаки қалаларын, Атомның уыменен ластаған ел. Бiр кезде үндiстердi қырып салып, Iзгiлiк, кiсiлiктен ақсаған ел.

АҚШ-тан үлгi алуды тоқтатпасаң, үндiстердiң тағдыры басқа келер.

Айбекжан, айтысқанда бақ табайық, Жымдағы жолбарыстай сақтанайық. Әркiм өз иманына қарауыл боп, өмiрлiк тiршiлiктi атқарайық. мемлекеттi кiналап қоғамды да,

ол қыздарды бiз бекер ақтамайық.

Алматы – азаттықтың арнасы екен, Ал, Астана Алматының жалғасы екен. Астанадан келген соң тiлейiншi,

сен де ақын едiң ғой, жасқа бедел. Жақсысын жұғысты ғып Алматының, Жамандығын жапсырып алмаса екен.

сайн мен сейфуллиннiң өнегесi, сарыарқаға өрнегiн салмаса екен. орысшылдық дертi ендi осындағы, Қазақтың жаңа ордасын шалмаса екен. Қаланың құрылысына барған ақша, Қалтаның қуысында қалмаса екен. рушылдық, жүзшiлдiк деген бәле,

Бас қалаға бас сұғып бармаса екен. Кеңестiк кезеңдегi алауыздық, Ақмолада қауызын жармаса екен. Астанада азаттық баянды боп,

ендi ешқашан Желтоқсан болмаса екен.

Айбек:

Бұл мұқаң айтып өттi ақыл-дастан, Бұл ойың дұрыс болар мақұлдасқан. Әрине, мына заман жаман болды, таз сауға сұрағандай тақыр бастан. мұқажан, тiлегiңе қосыламын,

Бақ тайып кетпесiншi бақыр бастан.

Азаттық алдық босап қан шеңгелден, иншалла, шықтың бүгiн тар шеңберден. өзiңнiң тiлегiңдi естiп мұқа,

өнеге естiп қалдым көргендi ерден. Бiзге оңайға соққан жоқ тәуелсiздiк, тарихқа көз жүгiртсек әр дөңдерден. Азаттық алашыма арман болып, сырым сынды қатептi нармен келген. мөңке би мөлтiлдетiп көздiң жасын,

Шортанбай сарнап айтқан зармен келген. Қос алып махамбет пен исатайға, Баймағамбет жасаған лаңмен келген.

Жұрты үшiн ғазиз басын құрбан еткен, Кемеңгер Кенесары ханмен келген.

Бекболат Амангелдi, Әбдiғаппар Кейкiден аққан-нақақ қанмен келген. Кешегi отыз бiрде аштан өлген, Қазақтың көзiндегi сормен келген.

Алаштың арыстарын абақтыға, мұртты көсем қаматқан тормен келген.

Жүрегi жалын айтқан жастарымыз, Желтоқсанда жiпсiткен тоңмен келген. Ағайын азаттықты ардақтайық, осындай қиын-қыстау жолмен келген.

дәл бүгiн жамағатым жайың басқа, Құдайым бергеннен соң қайыр басқа. Жетпiс жыл қамау терi алынған соң, тектi жұрт тасқа салсаң тайынбас та. еркiн ел боп өткiзген осы он жылды, Бiр ғасырға бермеймiн айырбасқа.

Мұхамеджан:

Азаттық жайлы айтамыз көпке ненi, орасан бастан тарих өткен едi. торғайдай торға ұстап шырылдатқан, отаршылар не деген өктем едi.

Алла деген сезiмнен ажыратып, Құлдықтың қанатына жеккен едi. Қазақтың қаймақтарын сыпырып ап, Бабаңның қанын талай төккен едi. сөйтсе де жер бетiнен жойылмаған, Қазақ неткен қайыспас тектi ел едi. Жайқалып өсiп-өнiп келе жатыр, ұрпақтары дүркiреп көктеп ендi.

Бәрi бар болып тұрған қазағыма, тәуелсiздiк едi тек жетпегенi.

Жүрмiз-ау төл тарихты жете бiлмей, Жетпеппiз жетiстiкке жеке жүрмей. Көзiмен ресейдiң қараймыз деп, сөзiмен кетiп қалыппыз жетегiнде. Қай кезде аңсамап ек азаттықты, Қай кезде қазақ қалды көтерілмей. сол кездері жаншылып, аяусыз боп, Жыртылғанбыз кедейдің етегіндей. тәуелсіздік сондықтан қымбат бізге, Құнарлы қызылшаның шекеріндей. тәуелсіздік – қазақтың қаныменен,

Көл боп аққан көз жасынан өтеуіндей.

ресей келіп еді аспандатпай,

Жетпіс жыл келіп едік жасқаншақтай. өз жеріңде өзің өгей болып едік, Қамысқа кеп тығылған қасқалдақтай. Базарыңды өзбек пен кәріс билеп, Қайқайып тұрушы еді бас бармақтай. Жүндес халық кеудесін керген кезде, үркуші едік қасқырдан қашқан лақтай. ұлттық рух дегенді сезінбеуші ек, Келіп ек судай сіңбей, тастай батпай. сол үрейлі күндерге нүкте қойған, Желтоқсан ерлері ғой тас қайрақтай. тәуелсіздік көтерді рухыңды,

Бақытқа бастайтұғын баспалдақтай. Жарқырап шыға келдік он-ақ жылда, Жабағысын тастаған жас тайлақтай.

Айбек:

Жұртына мұра қылып отты жыр ән, Қанатын күн қақтаған текті қыран. Қамшының сабындай-ақ қысқа өмірде, Шашасына шаң жұқпай өтті қыран.

Анадан алты мәрте туыласақ та, Қасымның келмеспіз біз шоқтығынан. ұялмай ақынбыз деп біз де жүрміз, Кешегі Қасымдардың жоқтығынан.

өмір мен өнегесін лайықты еткен, Ажал ғана айыпты еткен.

төлеген, тоқаш, Шәмші біртуарлар, тағдырдың көк мұзынан тайып кеткен. мұқағали, Қасымдар өздерінің, Құлыптасын өлеңмен қойып кеткен. мұндай ақын бермейді енді тәңір, Қолыңды сұрасаңда жайып көктен.

туды ғой артымызға қарайлар күн, ұлт үшін ағартты ма самайды әркім. рухтың сәулесіне шағылыспай, Шапағы шашырамас шар айнаның.

өлді деуге сияма ойлаңдаршы,

деп дәлелін айтпап па ед Абай марқұм? Қадіріне жетпестен тірісінде,

Қабіріне гүл қойдың талайлардың.

медет боп мына жұрттым дем бергені, Ағыттым тұлпарымды белдеудегі.

Ақынын ардақ тұтып той тойлауда, Қасымның шерге батқан шерменде елі. Ашулы арыстанның айбатын бер, Қорғанын сырттан қауіп келгендегі.

Жоталы жолбарыстың жүрегін бер, өзіне нәсіп болған өңгергені. мұхамеджан, жолыңа атам сенің,

«Бомба боп жарыл жүрек кеудемдегі».

Мұхамеджан:

Жаратқан естімейме жасырғанды, Әр сөзің құныменен асылданды. ұялмай ақын болып жүрміз дейсің, Ауызға алып кешегі асылдарды.

ұялмастан біздер ақын болып жүрміз, Жоқтатпастан сол кешегі Қасымдарды.

Келбеті күз секілді күрең елім, өзіңсің қай кезде де тіренерім. Хатқа ғана қалдырған халық едік, Хақтағала дарытқан сый-өнерін, Азаттық алғаннан соң енді міне, Келеміз ұлттық рух боп түрегеліп.

Адам көпке, мал шөпке тоқтайды екен. тағы келіп сөзімді жүйеледім.

Қасиетті қарттарым бармысыңдар, түймедей сөзі жыққан түйе белін. өздерің жаратушы Алладан соң, Қолтықтан демеп жүрген ием едің.

Жез құманның мойнындай жерге иілген, Жыр құмар жұртқа басты ие келдім.

Көрегендей боп отқан көрерменге, Керегемдей мен бүгін сүйенемін.

Айбекте де інілік жалын бардай, Ағасына ілтипатпен бағынғандай. Қасиетті халқынан негіз алған, інімнің жүрегіндегі сабыр қандай. ертең тұлпар боп шығар елестетері, осы отырған қалпынан танылғандай. ел алдында ентелеп қайта шықтық, Бірге бүгін жарасқан бауырлардай. енді екеуміз түлейік ел алдында, тоқтап-тоқтап соғатын дауылдардай.

дәрежең өссін інім, шынардай боп, Жүрсең де жұрт көзіне сыналмай көп. Қорықпа Біржан құсап қуылам деп, Бұл жерде қырын қарар Құнанбай жоқ. Әрбір сөзің айтылсын жұрт алдында, Жүректі жарып шыққан ұрандай боп. самғашы Алматының аспанында,

Жұмыртқа жарып шыққан қырандай боп. өзіңе кезегіңді ұсынайын,

Құландай теп, өлеңді құмандай төк. үйіріліп бұл ағаң отырғанда, Жиырылып қалма тек жыландай боп.

Айбек:

Айтыста сенсің дара шапқан дарын, Басыңда тұрған шақта батпан бағың. мемлекеттік сыйлықты алғанан соң,

«дарынмен» орындалды тәтті арманың. Жас Жамбылдың бейнесін сомдаған соң, Белгілі актер деген атты алғаның.

Бұл күнде қараөлеңнің көкжалысың, ешкімнің табанында тапталмадың. Журналист болып жүрсің жұрт алдында, Бұл дағы ұлы көшпен аттанғаның.

Алайда, мақтағанға аса бермей,

Жөн болар сауысқанша сақ болғаның. Айбекті сыпайы деп отырғанда, Шайнауда қап қалмасын бас бармағың.

«Көп асқанға – бір тосқан» деген қазақ ұмытпа қасқырға да қақпан барын.

Біз едік айтыстағы арда құнан, тілекші жұрт қолдаған жан-жағынан. Кезінде төрде отырған төре, билер, Ақынды ада қылған бар бағынан.

Қасымға пәтер бермей қаңғытыпты, Бірақ, ол түңілмеген шаңырағынан. Ал бүгін заман түзу, халық тыныш, Шұғыла арай күткен таңдарынан.

Бүгінгі Қасымдарда арман бар ма, тұрғанда мырзекеңдей саңлақ ұран. Атымтай жомарт сынды сахилықпен, мәрттіктің мәнін ұқтым талғамынан. Астанада өнер мен мәдениет мырзекеңнің бал емді бармағынан. Біздің де басымызға пана берді, сөзімнің сырын ұғып салмағынан.

Алайда, бұл бақытқа қуанғанмен, ұялып жүрмін Қасым әруағынан.

тағдырдың татты кімдер тұнық дәмін, Білеміз аш қасқырдай ұлытқанын.

Қанша жерден тақуа болсаң-дағы, Қазақтың сақтағайсың ғұрыптарын. Жасың үлкен болса да, жолың кіші, мұқажан сөйлесеңші біліп бәрін. інім деп бұл Айбекті үндеу салмай, Қайнағаң екенімді ұмытпағын.

Мұхамеджан:

сезімге Айбек кейде бағынасың, сөзіңнің мен түсінсем мағынасын. Қасымға үй бермепті қазақтар деп, Шынымен жұрт алдында қамығасың. Бұл қазақ бірін-бірі сыйламас деп, еліңе сырыңды айтып шағынасың. сөйте тұра ағаңды шайнаймын деп, Балалыққа салынып жаңыласың.

Алтын басты қадірлеу керек болса, Ағаңа қақпан құрып неғыласың.

ол рас алған едім анық жүлде, Қамтуға уақыт керек бәрін бірге. егерде оза шауып келіп тұрса, тұлпарын бағаламас халық кімге? Жұрт алдында осылай шайқасам деп. Айырылардай сөйлейсің таңың күнде. Айтыста қайнағаңа қарсы шауып, Қайын жұрттың назына қалып жүрме.

Айбек:

Жарыспа жақсы болсаң жалғанменен, Арнайын мына жұртқа талғамды өлең. сен емес мұхамеджан мен қайнаға, Құлағыңыз есітпей қалған ба екен?

Бір емес сөздерімді екі бұрдың, отырған мына жұртта талғам бөтен. Шайнасып неде болса көрейікші, тістеген жерде азу қалған ба екен. мұхажан, сен пайғамбар емессің ғой, Атыңыз мұхамеджан болғанменен.

осылай Айбек жұрттың есін алсын, Арқаның Алматыда көші қалсын.

Шорабектей періштең сыбырласа, Айбектің жеңілмеген несі қалсын.

Мұхамеджан:

Ажарлы Астаналық Айбек едің, өзіңе өнеріңді сай көремін.

Шорабекті сөз қылып отырсың-ау, Білгендей он құлақтын ой берерін. ол маған айтып жатыр дұрыс сөзін, теріске түсіндің деп ой дерегін.

Кей сөзіңді Айбек теріс түсінбесем, Ал, сонда күйеулігім қайда менің?

Айтты деп ойламағын ағам нені, Қашаннан тәнті етуші ед бағаң мені. Қадірің болмаса егер Бектұрғанов, Қызығып сені қызметке алар ма еді. мырзекең мырзалық қып пәтер беріп,

Бабыңды Айбек сенің табар ма еді. Хан ұлындай қастерлеп баптап-сақтап, үстіңе жаңа шапан жабар ма еді. үкідей үлпілдетіп ап келгенде Құдайым, кездестірді-ау саған мені.

Әлгінде айттың мырзекең бақ болғанын, еңбегінің Астанада ақталғанын.

ұлбике мен Жамбылды зерттеген көкем, Байқап тұрмын жақсыға жақ болғанын. Жүзге бөлмей жүз ақынды жазып еді, сөйтіп ол ақиқаттан тапқан арын. түртінектеп мырзекең түркілердің, тамырынан тарихын тартқан ғалым. мен де естіп ел тәлім мен тәрбиесін, Ақылынан қанағат тапқан жаным. екеумізге сәулесі түсіп тұрса,

осы болар айтыста шаттанғаның. Алдыңдағы арба арынды болса сондай, Адымы ашылады артқы арбаның.

Айбек:

Қалмайды ер-тоқымым жолда менің, мұқашжан су төгілмес жорға ма едің. Айбектің сөзін теріс түсінетін, Құранды теріс оқыр молда ма едің.

елімде ақын Айбек атанғасын, Қолдасын аруағымен атам Қасым. осылай қатты айтпасам айып болар, мұхамеджан, өзіңнен бата алғасын.

тағдырдың тоқсан тарау талқысында-ай, Келеді торғайымның халқы сынбай.

Жәнібек тархан бабам, төлек, Жәуке, ерлігі мәлім болған хан тұсында-ай. Кейкімен Амангелді, Әбдіғаппар, Күрескен азаттықтың талқысында-ай. нұрқан мен Ахметқан, Файзола, сәт, торғай елі түлеткен жалқы ұшырмай. Қайнекей, ғафу, сырбай, Кеңшіліктер,

Келеді поэзияда нарқы сынбай. өз ұстазым Қонысбай әй-әй ақын,

Әрдайым ақиқаттың жаршысындай. осындай асылдардың сынығы едім, теңіздің тасқа тұнған тамшысындай.

торғайым киелі өлке Арқадағы, мыңғырған қаптаған жер мал табаны. сол тұяқтан бұл күнде тұлдыр да жоқ, Болғандай қырғын майдан хан талауы. өкімет талақ қылып тастаған соң, тағдырдың азайғандай бар қарары.

Қостанайға қайтқан қыздай қадірі жоқ, Азаптың ауыр жүгін арқалады.

торғай десем елжіреп ет жүрегім, Көзімнен-жас, көңілден қан тамады.

назарын ауыл жаққа кім бұрады, соны ойлап жүрегіміз қынжылады. мәдени ошағы жоқ шалғай ауыл, Жігерін жас ұрпақтың құм қылады. Жастар жағы шұбырған қала жаққа, Қарт біткеннің жағдайы құлдырады. мың бұраулы өмірдің көмейінен, Қыл бұраулы құлындай шыңғырады.

Қазақтың болашағы далада тұр, Жұмыссыздың да көбі қалада тұр. Жер ананың анары сыздап ағып, мал тұяғын аңсаумен дала жатыр. малың кетсе қазағым жаның кетер, малың кетсе болмай ма заман ақыр.

Бүйте берсек мысыққа конкурент боп, тышқан аулап кетерміз, қара да тұр.

Мұхамеджан:

Қайнаға, сен батаңды ырымдайсың, Жүрегіңе жамау ғып тығындайсың. торғайдың теріп бердің тектілерін, Білмеуші еді біздің қазақ мұның қайсын.

торғайдың жан-жүрегін сыздататын, Жараны қазақтікі деп ұғынғайсың. Бетіңе алты алаш қарап отыр,

неге өзіңді ұсақтап сығымдайсың.

«Бар қазақтың топ жарғаны» деп отырсам,

«торғайдың ұлы едім» деп шырылдайсың.

Жағдай көп бұл қоғамдағы анықталар, Қайнаға әлі түзу бағыт болар. иншалла, үмітсіз де емес едік, Қазынамыз қаржыға толып қалар.

мың адамның мұрты тек майланып жүр, миллиондардың бақыты байланып жүр. Ауылдың аузынан кеткен ақша, Шетелдің банкілерін айналып жүр. елбасы қайтарсам деп қарекет ғып, Парламент сақадай сайланып жүр.

елге келсе ерінге тимей ме деп, ептілер ертелі-кеш ойланып жүр. Көрініп жегендерім қала ма деп,

Көп пысық көңіліне қайғы алып жүр.

…торғай жұтқан жыландай топтан қашып, Қорыта алмай қор болып байларың жүр.

Байлардың да құпиясы ашылғандай, Белгілі болды тасқа басылғандай.

Қаңғып жүрген қаржылар елге қайтсын, Басқа елдің банкісіне масыл болмай.

Қайтқан малды қайырлы қылып алар, Ағайын аман болса асыл маңдай. ұлылардың бүгінгі ұрпақтары

не көрінді ұрлап ақша асырғандай. Қызғанып, қиырға ақша жібердің-ау, Көңілдесті сандыққа жасырғандай.

Айбек-ау, айтар ойым молықса екен, Алдыңнан шын бақытың жолықса екен. Халықтан қорықпаған пәтшағалар,

ең болмаса Құдайдан қорықса екен.

Жаңарып салып жатқан Астананың, Қаржысы келіп содан толықса екен.

Халықтың іздегені қай нәрсе екен, иманды боп жүздері жайнаса екен. Күлтегін ескерткішін алып келген, иманғалидан жұртым айналса екен. мұстафа Шоқайдың да құжаты кеп, рухани әлемің бай болса екен.

Қытайдағы құны зор құжаттар да, Қайта оралып халқыма той болса екен. Эрмитаждан қазақы экспанаттар,

елге келіп көңілің жайланса екен. ескі отырар секілді Астанамыз, Білімнің ордасына айналса екен. Батыстың үрдісіне құлай бермей, Шығыстың үлгісіне сай болса екен.

Ақының қалай сырды ақтармасын, тарихымыз табанға тапталмасын. Астаналар көп болған бірақ та олар, Арашалап алмаған жаттан басын. түркі Астана түркістан болғанменен, Баянсыз бастан кешкен тақ таласын. ташкентті төле би билегенмен, саясатын жүргізді сарттар басым. орынбор ойда-жоқта орда болып, тартып алды ресей сақтанғасын.

Қызыл орда қызыл ту астында боп, Қазақ көп жаза алмады хат-таңбасын. Алматы да олардан алшақ кетпей, мәскеудің толтырды ол ат-дорбасын. енді есілге қондырдық Астананы, Азат ел боп басыңа бақ қонғасын.

Астана – тәуелсіздік туындысы, Жаңарған жақсылығың жат болмасын. Азаттық қайта тапқан алтын сақаң, Ал, Астана құйылған ақ қорғасын.

Ағайын, енді абай бол, алтын сақаң, тағы да талапайға тап болмасын.

Айбекжан, өз еліңе наз айтқайсың, Қалайша іштен сырды азайтпайсың. Астанадан кеп тұрған ақын құсап, Бас қалаға лайықты сөз айтқайсың.

тарихтың қалыптасып төл мектебі, табылды ел-жұрттың да ермектері. сол жайында сүбелі ой айтқайсың, Құр босқа отырғанша тергеп мені. Астана азат боп жатқанымен,

өзге елдің салынып жатыр өрнектері, туған ел тарихыңа оралмасаң, Бақыттың да сынады шөлмектері. тәуелсіздік біздің ол нәресте ғой, Қорғамасаң қорғансыз жөргектегі.

2001 жыл.

ШЫРЫНБЕК ПЕН КӘРИМА

Шырынбек:

Әуелi әдiл болса бек төрелер, түзелiп тұрмысымыз ретке келер. ылайым ынтымақтан айнымаса, Құдайым ырыздығын көпке берер. сөз қадiрiн бiлетiн сiздер үшiн

Бар ма екен бұл айтыстан өткен өнер. Ассалаумағалейкүм армысыздар, торқалы тойлы ауылға беттеген ел. тәмәм жұртты тербеткен тал бесiк боп, таразда тамыр жайып көктеген ел.

ұқсап бiр ұзатылар хас аруға, Қаламның шын мүсiнi қашалуды. теперіш көрген талай таразымның, тарихы толы неткен аса мұңға.

Құдайдан құлшылықпен сұрайтыным, таразды көзiмiзден таса қылма.

Ару Айша шомылған ақырғы рет, Арнасы ауысқан жоқ Асаның да.

Пирамида сақталса тұрған шығар, Қарт тараз күннен күнге жасаруда.

Қылатын бар жиғанын тойға құрбан,

Ал, халқым сөз тыңдаңдар бойдақ ұлдан. Айтысқа бәрi сен тұр мен атайын, Ақындар жиналыпты ойда-қырдан.

екi иықты жұлып жеп отқанымда, Көз аурудай сап еттiң қай жағымнан.

Арнайы жеңешеме арма дедiм, Қайнының түсiнетiн әр «намегын». Аман ба артта қалған арман елiң, Келiн боп қапқа тары салған елің. есек дәме қайныңды емексiтiп,

екi рет айтысқанда алдап едiң. Басымды боза ішкендей айналдырып, Бастауындай боп отсың бар бәленің. Женттей шайға салған ерiп тұрсаң, Желiкпей ауыруым барма менiң?

Жалпақтап жеңешеме күн көрейiн, Кiм бiлед көнiп қалар түнге дейiн.

дiңкем құрып отырмын дым қыла алмай, дәретi бар жiгiт ем дiнге бейiм.

Жүзiк тастай жеңгемдi жарқыл қаққан, Жамбыдай атып алып жүлделейiн.

Астыртын әрекетке мен көшейiн, Iргеден түнде шыққан бүргедейiн. Көздiң жауын алатын келiншекпен, сөздiң дауын көбейтiп бiр көрейiн.

Кәрима:

үкiлi бөрiк тіккізіп, Көйлекті кидік нымшамен. Көмейде күмiс өлең бар, дауысым ашық тұрса кең. Киелi тараз елiне,

Жолдап ек кеше жыр селем. Бiр күн дәмiн татқанға,

Қырық күн сәлем, мың сәлем, Бүгiнгi көрермендерге –

тағы да бердiм бiр сәлем!

тәу етiп кеше таразға, өтiп ек бiздер қақпадан. топырағына тәу етер, Қадамым әрбiр аттаған. Жолдады Айша бибiге,

сәлемiн домалақ ақ мамам. Қараханға сәлем айтты, Бәйдiбек бабам бақ бабам. Аманатын әкелдiк,

сары алтындай сақтаған, Әулиеата ұрпағы,

тойыңды тойлап шаттаным, таразым көршi елiм деп, сыртыңнан сүйсiнiп мақтанам.

Жамбыл атаны туғызған, Жомарт едің ел неткен. Кенен ақын кешегі, Әнiмен елдi тербеткен.

дулати, өтеген, Қайраттың, топырағы осы ер жеткен.

Шерағам өзi бiр бөлек, сөздiң майын селдеткен. Бүгiнгi ұрпақ соларға, Бойын түзеп ер жеткен. тараздың көркi бүгiнгi, Жайнап тұрған гүл көктем, ұрпағы мың жасасын, Әруақтарды тербеткен.

Шорабек менiң қайнағам, Айтыссам сәлем беремiн. мұхамеджанмен айтыссам, Азамат ер деп сенемiн.

Ахметжан да кетiп едi, Арнап кеше өлеңiн,

Шегiрткенiң айғыры – Жетпегенi сен едiң?

Шырынбек:

Кiм мұнда кiшкененi ұнатады, Қаңбақ шал қара дәудi жылатады.

Жеңешем салған жерден шегiртке деп, өзiне сөз сойылды сұратады.

Көңiлiңе қомсынып отсың бiлем, Шықпаған ақын едiм жыр атағы. Биiктен жұдырықтай тасың түссе, Қазандай қара тасты уатады.

ұйқыңнан оятардай өлең қышап, Бүгiнде бағың келген кемелдi шақ. илiгетiн түрiң жоқ тiптi маған,

екі жүз жыл жасаған емен құсап. естен танып елпiлдей бермейiншi, есектiң миын менде жеген құсап. сүтсiз қойдай себепсiз маңырасаң, мойныңа қояйыншы көгендi сап. Қапыда қалмай ендi қимылдайын, Бойдағы бүгiн барлық өнердi сап. өлтiрiсiн қыздың берiп құтылған соң, өлген күйеу жата ма деген құсап.

Құлаққа тиген сөзбен түрпiдейiн, Жеңгемдi кіржитейiн кiрпiдейiн. сырғақтай берсе бұлай тым пәлсiнiп, сырмақтай шаңын қағып сiлкiлейiн. ұйпалақ-тұйпалағын шығарайын, Iнiне түтiн салған түлкiдейiн.

Алғысын алып жүрген елдiң осы, дұрыстау қайның едiм ең бір есі. Қайныңа қызыл қайың, қызу қанды, емешегiң езiлiп елжiрешi.

өзi болған баладан өзеуресем, өзi келген келiндей кергiмешi.

Кәрима:

таразға келсек ылғи да, Жұптаған қайын оң болды. Күйеуiм сырттан қызғанып, ол байғұс тағы қор болды. Жүрсiн аға, қайтемiз, Қайындар тiптi мол болды. есi жоқ өңшең бойдақтар, Жалғыз маған сор болды.

тараздың жаңа тарланы, Қос қанатын сiлкiп тұр. өзi кеп тиiсiп жеңгеге, тағы пәле түртiп тұр. маңдайдан аққан терлері, Жағаға түсiп шылқып тұр. екi метр жерден-ақ, Бойдақ иiсi мүңкiп тұр.

өзбекте пiскен қауындай, Шырынбек шырын пiсiп тұр. Жиырма үште жасы бар, Жастық шақты құшып тұр. Алып-ұшқан баладай,

маған қарап ұшып тұр. Қараған сайын өзiңе, Қыз күнiм еске түсiп тұр.

Шырынбек:

Қысатын былай шықсаң қолыңды алып, Қол соғып отыр мiне қалың халық.

Айтысқа ит арқасы қияндағы,

Бекер-ақ келгенсiң ғой шалыңды алып. Шырқымызды бұзары өз алдына, Шырынбектiң жүрмесiн шаңын қағып.

Жеңгеңнiң жай-жапсарын ұға алсамда, Бастайын бiр сұмдықты бұ қарсаңда. Кеудемнен итермей-ақ болады ғой. мақұл деп бiр қолқамды құп алсаңда.

ел жата есiгiңнен кiргiзiп ап,

таң атпай терезеңнен шығарсаңда.

ойдағы орындалмай сол арманым, Келмейдi құр бекерге салаңдағым. Жеңеше кеш бата сол қас-қарая, үйiңнiң шолып қайтам шолан маңын. Көз қылып еге әншейін кергiп отсың, Бар сырың оңашада болар мәлiм.

Бiлмей қалып жүрмейiн бiлегiңнiң, Бөкебайдай мойныма оралғанын.

Кәрима:

мына бала қайтедi,

Кеттi ғой қатты қағынып. Ахметжан да қалыпты, екі жыл көрмей сағынып.

Шалыңды неге әкелдiң деп, Айтасыңдар не қылып, Шалымды ертiп келмесем, өлтiрерсiңдер жабылып.

Қоя берсем еркіңе, Көңiлiң бала тоқ отсың. төркiнiң тараз болған соң, Бек-сұлтандай боп отсың. Кәримадай жеңгеңнiң, Жанына жақын кеп отсың. Бiр мәнiсi болар деп, ойлап қамын жеп отсың. Жанып тұрған оттай боп,

Жарқырап тағы шоқ отсың. еркiңе бүгін жіберсем,

не бiтiрем деп отсың.

Адам таппас айлаң бар, Қылығыңнан айналдым. студент бала едi бұл, тұлымыңнан айналдым. Қыздың көзi түсетiн,

мұрыныңнан айналдым. Жеңгенің жайын айтқызбай, сезгенiңнен айналдым.

Әрдеңенi бiр айтатын, сөздерiңнен айналдым, Жақындап қалсам жұмылар, Көздерiңнен айналдым!

Шырынбек:

тиетiн сiлтегенде сойыл құсап, Кетейiн ой бiр сойқан ойынды сап. өзiң ғой күрең қабақ танытасың, Жайса да қанша жерден қайын құшақ. Пiсiспей қойды-ау бiздiң бастарымыз, Палестина мен израйл құсап.

Жабысып жеңешеме кеселдей боп, төбесін мен отырмын тесердей боп. Кешегi қол бастаған көсемдердей боп, Көшелі сөз бастайын көсемдей боп.

Көпке ендi бiр пайдамды тигiзейiн, Көктемгi шелектеткен нөсердей боп.

Шоқтығы биiк тараз шоң қаламыз, Көмiлiп қалға екен шаңға нағыз. тiлiн тапсаң сөйлейдi тарих болып, секiлдi қалың ойға шомған абыз. заманында мәйектi мәдениеттiң, мекенi болғанын да аңғарамыз. мәдени мәртебесiн биiк көріп, мәскеуге, Петерборға сандаламыз. Iлгерiде iргесiн түрiп қойып,

мәскеудi шауып қайтқан сан бабамыз. Кезiнде кеме жасап қашанғы ендi, Кебiс-мәсi тiккенге таң қаламыз.

таразым жанымызға жақын қандай, Қаланың қастерлейiк атын нандай. тараз деп араққа айдар таққандарға, Ағайын айтасыздар ақыл қандай.

Атасының даңқымен қызы өткенмен, Ар-намысың ақшаға сатылғандай. тараз атын табанға таптамайық, Кәндендi «бөрiбасарлап» шақырғандай.

елжiрей қалса бүгiн емешегiң, Жеңеше еңбегiңдi жемес едiм. Айтпақшы айтыста ұтқан машинаның, Шығара алмай жүр дейдi ел есебiн.

Көлiктi ап бiр жақынға берерiңде, Белгiлi ағамменен кеңесерiң.

Қайныма бiрiн берсек дегендей ой, Басыңа келмейдi екен неге сенiң. сен берген машинаны мiнiп жүрсем,

мен жерден тауып алдым демес едiм.

Кәрима:

Көкпарда қалған бұрқырап, Жұрт қызығар шаң ба едiң. Бiр бәйгенi бiз алсақ, үлесiм де бар менiң.

он көлiк алған қолқаңды, мұхамеджанға сал дедiм. Жетеуін алған әйтпесе, Айнұрдан сұрап ал дедiм.

мақтанышы Айнұрдай, Ақыны бар таразым.

Көршi деп қолқа салатын, Жақыны бар таразым. сондықтан исі қазаққа, дем берiп ұрған таразым. Кем-кетігі түзеліп, Жөнделiп тұрған таразым. Бiрлiгi мен тiрлiгi,

ел болып тұрған таразым. Бiз үшiн қазiр Парижбен, тең болып тұрған таразым.

Шырынбек-ау, Шырынбек, Айтатын саған сырым көп.

Айтыста тиiскенiңмен, Алабұртқан тiлiң тек. Айтыстан шықсам ауыз су, Әперетiн бiрiң жоқ.

Жеңгенi көрсең шетiңнен, Қозады екен жының тек. Әлпештейiн, жас бала, Айым деп сенi күнiм деп.. өзiм тұрып кетпесем, Қайтатұғын түрiң жоқ.

оқып жатқан жас бала, Арманыңды аяла, тiлеулес болмас балаға, осы отырған қай ана.

Ал, халқым, жас баладан, Қолдарыңды аяма, Қазылар да жас баладан,

«ондарыңды» аяма.

Шырынбек:

Бiлдiрдiң бүгiн жылы лебiз жеңгей, тынбаймын түбi сенi негiзi жеңбей. Қояндай қашқаныңды көрiп бiрақ, Күдердi боп отырмын мен үзгендей. Кекiлден сипап алдап кеткенiң бе, Ботаға бармағыңды емiзгендей. ернiмдi де жiбiтпей барасың-ау, ешкiнiң қуырдағын жегiзгендей.

2002 жыл.

ШЫРЫНБЕК ПЕН ЕРМЕК

Шырынбек:

Қайтадан шығып қалдым халқым қалап, сөзiмдi биiң түгiл, хан тыңдамақ. осындай аламанда ойымыз бар, лашындай желдi күнгi жарқылдамақ.

Балуандай армысыз, ермек аға,

Айтыста отырасыз аңқылдап-ақ. Ағайын, алтын арқау сiздерсiздер,

сүр еттей сақтап келген салтын ғажап. таластың жағасында тамыр жайған, Алаштың бiр бұтағы алтын дарақ.

Шайырлар таразымнан шертсе сырды, Шетiнен жырға жомарт мәрт секiлдi. тарихта адастырмас темiрқазық, таразымның түлеуi шарт секiлдi. ғажайып ғимараттар бой көтердi, тойға арнап пiсiрiлген торт секiлдi.

Жасарып қалды-ау қалам жүзден асып, Қайтадан сүт тiсі шыққан қарт секiлдi.

Жүретiн айтыс десе жортып дәйiм, томпайған ағам едiң торсықтайын. Құмға бiткен қарбыздай дәу болсаң да, сезiнiп шар секiлдi қолтықтайын.

Жаныма пiлдей болып жайғасыпсыз, тышқандай ендi неге қорқытпайын. Желкiлдеп жер түбiнен жетiп кепсiз, Желмаямен жер кезген Қорқыттайын. сойыл тиiп, сорлап қап жүрмегейсiз, Iнiнен ұзап шыққан борсықтайын.

Кезiмде көпке мынау көрiнетiн, Жөнiм жоқ жарты метр шегiнетiн. Батыр шатыс ақын ең анашыңыз, Жерiк болып жедi екен ненiң етiн?

Қарынын сипап қамсыз жатқан байдай, Айтыста отырасың емiн-еркiн. сөздерiмдi шыбын шаққан көрмейсiң ғой, Борсықтай ұрған сайын семiретiн.

Ермек:

уайым болды-ау саған толықтығым,

деп отсың ба менi қайдан жолықтырдым. Жәй әншейiн толықтығы болмаса ағаң, мен де өзiмше орны бар көрiктiмiн.

Жетi атамнан iрiлердiң ұрпағы едiм, Iрiлiк қай қазаққа болыпты мін.

сөз шығады аузынан бiлiктiнiң, Бойыңнан көрiнiп тұр жiгiттiгiң. дүрiлдетiп екеумiз айтысайық, Қатыстырып мәдениеттiң министрiн.

Бармысың тараз елi дана туған, ғимараты биiктеп дара тұрған. Бұл қазақта тараздан үлкенi жоқ, тереңнен түп-тамыры таратылған.

Бармысың, таразымның тұрғындары, етек-жеңi елден кең жаратылған.

толыпты таразыма екі мың жыл, өнердi тербеп тұрған бесiгiм бұл. екі мың жылды есiне бiр алатын, Бiздiң тарихшыларға кешiрiм қыл.

Шырынбек, айналайын ба, есен бе, iнiм, Жоқ едi сенiң маған бөтендiгiң.

Аузыңды ашсаң шаң шығып таңдайыңнан, Көрiнiп-ақ тұр екен шешендiгiң.

Ағаңмен айтысам деп шығып қалған, ер жiгiтке аз емес осы ерлiгiң.

Айтысты бiрден бастап жіберейік, уақытты өткiзбей бекерге iнiм.

Шырынбек:

демейiн бүгiн сiзге жеңiлiңiз, Финалға алып шықты-ау сенiмiңiз. толық деп мына сiздi кемсітпейiн, Халқымның пейiлiне семiрiңiз.

Бiз бүгiн бiлдiре алсақ ой көшелі, тобықтай тиер едi тойға себi. сәлделi бабаларға сәжде болған, тараздай мұсылманның қайда төрi. Көмек қолын созбаса көшпелілер, ислам мұнша қанат жаймас едi.

мұхаммед пайғамбардың хадисiнде, мұсылман мұсылманның айнасы едi. Бiр тәңiр бар деп бiлiп бабаларым, иманын сақтаған ғой бойда тегi.

сол бабалар сенбесе бiр Аллаға, Қожаларды қыдыртып қоймас едi.

таразым болмаса да меккеге тең, Былайша-ақ жырлауыма жетедi екен. Әулиеатада тұрсам деп әрбiр пенде, өмірден өкiнiшпен өтедi екен.

таяқ ұстап келгенге тай мiнгiзген, Бұл жердi жыр ғып аңыз етедi екен.

мысалға ендi қамшыңды қадап кетсең, Бiр түнде бүршiк атып кетедi екен.

Қараусыз қара жердi қалып қойса, Қара темiр гүлдейтiн мекен екен.

титтей де тигiзбесе игi әсерiн, Құлаққа жағымды жыр құймас едiм. таразым көненiң бiр көзiндей боп, Қазаққа қалып кеткен мирас едiң. таңдайды қақтырардай тағылымды, тарихыңды тоқыдым миға сенiң. таразым тiптi түйiр тасыңды да,

Ат басындай алтынға қимас едiм.

ер құны екі сөзбен жатса тынып, Жеңiстi шықтым айтыс мақсаты ғып. Айтыстың табиғаты алыс-жұлыс, сөзбенен ойнату ғой басқа сырық.

Қылатын сөздi сусын, ақылды азық, Алмайық ағайынды аш қатырып. ермек аға ермек қып қалжың сөздi, Басымызды отырсыз бос қатырып. Қолыңнан екi келсе бiрiн қылып, Жонымнан алшы ал қане, таспа тiлiп.

Ермек:

Айналайын әдемi «үй-үйiңнен», Ботадай бөлек қалған үйiрiнен.

«үй-үйiң» тым көңiлдi екен сенiң, Жырыммен сипалайын бүйiрiңнен. Алатаудай бұл ағаң аман болса,

Әлi-ақ тайлақ боларсың күйi кірген. Бабалары бiлiмдi көрiнедi,

серiктей құзырлы елдiң биi жүрген.

отырмыз дүйiм жұрттың ортасында-ай, Ақын болдық осы елдің арқасында-ай. осындай ел алдында отырғанда,

өр көңiл өрге тартпай қорқасыңба-ай. Қасыңа «дутый» ағаң келiп қалды, мерседестiң ең соңғы маркасындай. сен де iнiм әлсiздiк танытпассың, тараздың көпiрiнiң балкасындай.

Шырынбек:

сөзiнiң майлы сүттей қаймағы көп, тиетiн ақын едiң ойлары дөп. мәйегi шыққан мәндi ой толғашы, Көргенде кiлкiгендей майға жүрек. ойпырмай аға сiздi ойламаппын, Құлаған көпiр жайлы айтады деп. Жақсылы-жаманды өз жұртымызды, Береке бiз таппаспыз тойда мiнеп.

Ауызыңды қу шөппен сүрте бермей, Азуыңды сөйлешi айға бiлеп.

Бойда күш, жүрегiмде жалын барда, тартайын базаршыдай барымды алға. Желкiлдеген жеткiншек жас ұрпақты, Жетелейiн тарихи танымдарға. таразым опа-далап отаны боп, Ауыздарға ұқсайды алынғанға.

теппе төстi, сықпа бел сұлулары, Қадiрлi болған дейдi ханымнан да. Құлпырған қала бопты құлақ түрсек, тарихтан талып жеткен сарындарға. тәж-маhал да жоқ екен жер бетiнде, Айшаның сағанасы салынғанда.

Жауымен болған тараз бастан әлек, өнетiн өңiр екен тасқа дәнек.

Бағы жанған шағында шартарапқа, тараздан таралыпты бастама көп. Бағзы бiр замандарда аталыпты,

Батыс пен шығысқа ортақ бас қала деп. Калумб теңiз жолын таппағанда, Құрлыққа қалар едi астана боп.

соқпаққа салып тiрi жан баспаған, осынау шабысынан танбас балаң. тартармыз әлi талай әлеуметке, Жасап жыр бас табағын жамбас саған. осыменен тұралық орнымыздан, Аяқтап бұл айтысты мен бастаған. оңайлықпен қозғалар түрiң жоқ қой, сиырдай сәске түсте жамбастаған.

Ермек:

мен сенiң қорықпаймын iнiм «үй-үйiңнен», талай өнер үйренгем кигiз үйден.

таразға мықты ақын болғаныңмен, мен үшiн ұршықтайсың иiрiлген. ортекедей қоймасаң ойнақтауды, мүштек жасап аламын мүйiзiңнен.

Пошымыңа қарасам қол басындай,

Жетi қырдан қайтпайтын жауды асырмай. мақамыңа қарасам бір міні жоқ,

төлеген ерттеп мiнген жорғасындай. мiнезiңе қарасам салмақты екен,

малдас құрған түрiкпеннiң молдасындай. Бет жүзiңе қарасам сап-сары екен, сарттардың сақтап сатқан алмасындай. сенiң сары болуың тегiн емес,

Шешең қауын жеп пе едi қалжасына-ай. түркістан жақын-тиіп тұрғаннан соң, Әкең тиеп келе берген ғой арбасына-ай.

Байқасам жаралғандай нұрдан ғалам, Iнiм-ау сен емессiң шыңдалмаған.

Бет-жүзiңнен iнiшек айналайын, Жүрегiң шаңнан да аман, кiрден де аман. Жылдар бойы көрмеген танысымдай, Жылы ұшырай көрiндiң бiрден маған. тағы да әңгiмеңдi айта отырғын, Будақтатып болса егер бiзге арнаған.

Шырынбек:

Келмейдi тура шаппай тайсақтағым, Ағаммен дұрыс шығар айқасқаным. Бүлдiрiп алам ба деп мен отырсам,

«Бүлдезердей» барасың жайпап бәрiн. дәу де болса ағам деп жаңа сенi, Жамбасқа салып тұрып жәй тастадым. Ағасы алдымды орап көлденеңдеп, мұның не шөмелеме май шашқаның. мүштек жасап алам деп Шырынбектен, тындырып тастадың ғой ойша-ақ бәрiн. мейіздей жарап-қатқан мына мені, мүйiздей бергендiгiң қай сасқаның.

дейсiң-ау дүйiм елiм, әйда, давай, Берiлер жау емес бұл, ойбай, оңай. өзiм атан жiлiктi бура санды, Болмасам да көрейiн айлалап-ай. түйеден түскендейiн сөздерiме, Қылжиып қалмағайсың, әй жарамай.

тұғырыңнан түсiп қап жүрмегейсiң, мұзға айдаған түйеден тайғанап-ай. төрт түлiктiң төресi болғанымен, түйенiң жығылуы қойдан оңай.

осылай ойларымды жүйелей кеп, Әзiлге арқамды аса сүйемей көп.

тай мақтадай теңкейген бұл ағамның, түтесiн шығарайын күйедей жеп. орынынан тұра алмай қалар ма екен, Бүйiрден бүйi шаққан түйедей боп.

Ермек:

Балақай, сөйлешi ендi ұртыңды ашып, Қатты айтсам қаларсың мүмкiн жасып. Әулиеатаның елiне келген кезде, Шығарды бұл баланы қутыңдатып. сиыр деп қайта-қайта қоймадың ғой, сиыршының атындай сиқың қашып.

Болмасын сенiң сұлу сыртың ғана, тәубеңiзге түсерсiз мүмкiн бала. Батамды сұрап жүрген iнiм едiң, еркелеп онша ендi қутыңдама.

Жiгiт болсаң жасырмай шыныңды айтшы, Бұл ағаңа жараса ма жыртық жаға.

Бiтiрейiк онда айтысты басыбайлы, Бiтiр десең қалай көңiл тасымайды. Iнiсi Шырынбектей аман тұрса, ермектейiн ағасы жасымайды.

Бiз айтысып жүргенде сен бала едiң, Ашық тастап жүретiн насыбайды.

Қазақта орыны бар бiр мақал бар,

«насыбай ашық жүрсе сасымайды».

2002 жыл.

БАЯНҒАЛИ МЕН ДӘУЛЕТКЕРЕЙ

Баянғали:

тойға келген құрметтi, елге сәлем беремiз.

Жер шоқтығы Көкшетау, Жерден сәлем беремiз. ынтымақты көп ұлтты, елден сәлем беремiз.

Хан ордасы Көкшетау, Ән ордасы Көкшетау, Қай қиырдан, шетелден, Келген мейман бәрiсi, Айтатұғын жер ғой деп,

мақтап барған Көкшетау. Кемел ойлы хан Кене, найзағайдай наурызбай, табыннан шыққан Бұқарбай, Шапырашты Бұғыбай, иман, Жәуке, төлебай – Батырлардың барлығын,

Бiр заманда аңырап, Жоқтап қалған Көкшетау. Қамшы батып сауырға, Кеудесiн тосын дауылға, Жүрегiнен қан саулап, түренмен төсiн тiлсе де, түп-тамырын қиғызбай, дiн мен тiлiн қазақтың, сақтап қалған Көкшетау. Қасиеттi, киелi,

ел боп келген Көкшетау. Кене атамның тойында, Жақсыларын көрсетiп, өрнектеген Көкшетау.

Кенекемнiң тойында, елдiң басы нұрсұлтан, тон жағасы нұрсұлтан – Қасиеттi кiсi кеп,

Құрмет көрген Көкшетау.

Кенекең жастайынан тереңдеген, елiнiң ертеңiне елеңдеген.

Бас ұрмай бодандыққа бұзып шыққан, далада еркiн өскен өрендермен.

«Алған беттен қайтпаймын халқым үшiн, Керемет ерлiк жасап өлем!» – деген.

Батырлық жолдан таймай мерт болғанда, Алаштың шерлi жүзi төмендеген.

Алашқа азаттықты Алла берiп, Жырлаймыз бiз мақтанып өлеңменен. Арманы орындалып хан Кенемнiң, мемлекет болдық мiне, кемелденген.

Айналайын, ағайын, төгiлсiн бүгiн жырымыз, Жарық та болсын күнiмiз. Қасымызда бiр жүйрiк – дәулеткерей iнiмiз, Көптен берi бiлемiз, Бiрiмiздi бiрiмiз.

елге арналсын, шырағым, Бүгiнгi бiздiң жырымыз.

Айналайын iнiм-ау, Жүйрiк аттай шаптың ба? ой арнасын бақтың ба? отызға келiп бұзатын, ордаң менен күнi ертең, Алатұғын, шырағым, Қамалыңды таптың ба?

Жә, болмаса бiр өзiң, Қой қораны бұзғанға,

мәз-мәйрам боп жатсың ба? Айналайын, шырағым, Жастарға ерiп бүгiнгi, Апиын, наша таттың ба?

Базарларда қағынып, Жұрт қалтасын қақтың ба? Жә, болмаса, шырағым, ел-жұртыңның бiр нұрын, Аспанға сен жақтың ба?

Дәулеткерей:

Бiсмiллә, оңғарылса тiлiм хақтан, Жұртыма жыр ұсынам тың ырғақтан. Ассалаумағалейкүм, арда қазақ, Бабасының бақытын ырымдатқан.

Көк тәңiрге сүйкiмдi Көкше халқы – Бақытын Құдай қорып, Қыдыр баққан. ұраның ер Абылай емес пе едi, Құлағың қуаныштан шыңылдатқан.

Жарымай жүргенiңде ынтымаққа, Абылай тiкпеп пе едi туыңды ақтан! Қапыдағы қазасы хан Кененiң,

Алаштың ақ жүрегiн шымырлатқан. нар туған намысты ерiң наурызбайға, Көкшедей көк сеңгiрiң – тұғыр, мақтан. Хазiреттi науанның дұғасында, Бостандыққа ұмтылған үнiң жатқан. нұрсұлтандай ерiңнiң арқасында, тәуелсiз – тәубелi атқан бүгiнгi ақ таң. талқыға саларымды мен салайын, Қаршыға қанатындай суыл қаққан.

Армысың, Абылайдың жайлауында Күн дидарлы көрермен, күлiм қаққан! Басыңда бақ тұрғанда бiрiгесiң, Алтын мен мыстай болып кiрiгесiң.

Қапыда ынтымағыңды ыдыратсаң, Қанжiлiк болған аттай жiгiнесiң. Жолдасы Қыдыр болып қадам бассын, елбасы жетелеген ұлы көшiң.

Бейбiт күннiң бағалап берекесiн, Ақыныңнан алапат жыр үдесiн. танауыңды көтерсең бiрақ та елiм, Көрмей қап, тасқа келiп сүрiнерсiң. ендi елiме керегi бiрлiк қана, Алашыма Алланың нұры келсiн.

Хан Кененiң қайғысы ортақ болса – Қазақ ендi iшiнен iрiмесiн!

далиып жатқан мынау далама кең, иелiк еткен қазақ бабам екен.

Кешегi хан Абылай заманында, Қабанбай қараша елдiң қамалы екен. Бөгенбайлар бөрiше жортып өтiп, Жауына жолбарысша шабады екен. Хан Кененiң тұсында Ағыбайлар, тарландай тастан таймас тағалы екен. намысы найзағайдай наурызбайың, Атасынан асылдай бағалы екен.

сол батырлар жауына аттанғанда, Әжелер бойтұмарын тағады екен. Ақсақалдар әлһамдап бата тiлеп, иығына сауытын жабады екен.

Қолтығынан көтерiп арғымаққа, Арулар аттандырып салады екен. Аруақты ердiң тойында айтыс болса, Ақындарға көңiлiң алабөтен. өйткенi, мұның бәрiн заңдылықпен, саралаған қазағым саналы екен.

Жауды жеңiп келгенде хас батырды, Ақын аттан түсiрiп алады екен.

Байқасаң айтыс деген бас киiмдей, Басыңда тұратұғын бақ түйiндей. Балпаң-балпаң баса бер Баян аға, Жаратқан жанарыңда жасты үйiрмей. Iнiңе iрiлiкпен сөз арнасаң,

ол дағы адал жүрек ақ сыйың ғой. мен дағы қолдауымды көрсетемiн, намысты наурызбайдың жас күнiндей. Шұрайлы сөз айта алсаң ел риза, Құдайдың Құранының тәпсiрiндей.

Алашты тағы да бiр сүйсiндiрдiң, Арқадағы ақындардың дәстүрiндей. өйткенi, Көкшетаудың қыраны едiң, Қоймайтын қоян түгiл қасқыр iлмей.

Бұйырса бәйгеңде озып, жүлдеңдi алдым, Бекiтем ынтымақпен iргемдi әр күн.

Базаршылап жүрсiң бе деп айтасың, өмiрiмдi өз бетiмше сүрген жанмын. Апиын, нашаңызда шатағым жоқ, Ағызам майын мен де тiлден балдың. домбырамды қолыма ап ел алдында, өлеңнен бақыт тауып жүрген жанмын.

Баянғали:

Iнiмiздiң өлеңi,

Бiрте-бiрте жөнделдi. тiлеулес ағаң мен едiм, емiн-еркiн өркендеп, өссiн деген сендердi. Жасың кiшi болсаң да,

Асқар таудай ағаңыз, сенi өзiне тең көрдi. Қоян түгiлi қасқырды, Құтқармайтын ағаңыз, сендей жақсы бауырға, салмайды ғой шеңгелдi.

Көп тарих ел басынан өткен едi, Жақсылар өткен iстi ескередi.

Ақжолтай Ағыбайын ұмытқан соң, Қазақтың жолы болмай кеткен едi. Аруақты бабаларын еске алған соң, елiмнiң орындалды көксегенi.

Айналайын, қарағым, мен де бiраз шабайын. Кенесары, наурызбай, Ақжолтайым Ағыбай – есiме мен де алайын. Бодан қылған елiңдi, Басып алған жерiңдi, Ақ патшамен алысып, дауылпазын қақтырып,

дабылдың отын жақтырып. Алты құлаш ақ найза, Алты қырдан асыра,

Ақыра сiлтеп лақтырып. Алашқа болған дұшпанның, Ажалды сәтiн таптырып. зiркiлдете аттырып,

Алауыз болған ағайын, Барлығын да жат қылып. Азаттық үшiн алысқан, Аламанды шат қылып. дауыл мен желдi серiк қып, Көшпелi жұртқа тақ құрып. тағына халқы тақ тұрып, дүрiлдеп өткен Кенекең, Алаштың азат дәуренiн, отар боп қалған отанға, мәңгi армандай шақ қылып.

Аңсаған бабаларың елдiгiңдi, Кейбiреу көре алмайды бiрлiгiңдi. Iнiмiз, әлгiнде айтып кеткендейiн, Бiрлiкпен жасай бершi тiрлiгiңдi. Азғырғанның тiлiне ерiп кетсең, Қазағым, кiнәлайсың ендi кiмдi?

Азаттық ата жолы жалғаса ма? Бiреулер балағыңа жармаса ма? Қан кешiп аталарың армандаған, елiмнiң осы күнгi азаттығын,

Кiм кәне, айырбастайды колбасаға?

мұңшылдық апиынын iшкендеймiз, зарлаудың жарысына түскендеймiз. Кiнәлап сынаймыз кеп бәрiн даттап, Бiрақ та өзiмiз түк iстемеймiз.

Әлемге танытуға қазақ атын, Көтерiп елiмiздiң ғажап атын. Қазақтың еркiндiгiн нығайтуға, сен өзiң не бiтiрдiң азаматым?

елiң жүдеп жатқанда тоқ жүрсiң бе? тойғаныңа мәз-мейрам боп жүрсiң бе? Қолда барын купон мен қулар құртқан, Жұмыссызға көз қырын сап жүрсiң бе? Болмаса, ұрылармен әмпей болған, ұлықтардай жұртыңды жеп жүрсiң бе? Халқына пайдасы жоқ шенеунiктей, Қауқиып азаматпын деп жүрсiң бе?

Дәулеткерей:

Байқасам Баянғали жүлделi екен, Ақ бозын Ағыбайдың мiнген екен. Әрине, барыңды сап айтып жатсаң, Айтысы хан Кененiң күнде ме екен?

Жиырма бесте жалындап сөз айтайын, тiркестер келмесiншi тiлге бөтен.

Ағамыз елдiң жайын айтып жатыр, есiне бiрдемелер кiрген екен.

сен менi наурызбай деп тани алсаң, Ақылың дариядай iргелi екен.

Кешегi хан Кенелер елiм үшiн, Бiлегiне қалқанын iлген екен. тар кезеңде табаны тайқып кетiп,

Алауыздық танытқан кiмдер екен? Хан Кенедей көтерiп мәртебеңдi, Жүректегi шоғыңды үрлеп өтем. Атамыздан дарыған ақ батадай, сенi жауға тастамай бiрге кетем.

тiлеуi Алашыңның ақ болып тұр, Көкшетау, басыңызға бақ қонып тұр. Хан Кененiң тойында ақ жүрекпен, Патшаңыз қадам басып тап келiп тұр. Қымсынбай, Баян аға, қамшы басып, Iнiңдi iргеңдегi ақкөбiк қыл.

өлi разы болмай тiрi байымайды, Бабалар жүзiмiзден шат көрiп тұр. Ханның басын сыйласаң, қалың елiм, сiздердi Құдай сыйлар сәт келiп тұр.

Айтыстың ақ қамбасын ақтарғасын, Ағасы, тiл сүрiнiп, жақ талмасын. мен ұстазбын, аяғын анық басқан, Шәкiртке тәлiм берiп жатқан басым. өйткенi, ұстаздығым – ата кәсiп, Әрiден үрдiс болып сақталғасын.

Бәйгеден, Баян аға, көрiнiңiз,

Бағың мен бабың бiрдей бапталғасын. Көкшеде көкжал ақын өзiң едiң, Айтыста алмас тiлiң қақталғасын.

Әмiрiңе сенiң мен бағынбаспын, Қадiрiме жетпесең, қапталдасым.

Баянғали:

сөз айтамыз халыққа, екеуiмiз де жылдам боп. Бұл ағаңыз, бiлесiз – сен сияқты iнiнi, Беттен, сiрә, ұрған жоқ.

Ақыл айт деп өзiңiз, Келiп тұрған алдыма, Қадiрiң бiлмей бұл ағаң. Әй, шырағым, бiлiп қой, Әмiр берiп тұрған жоқ.

Бәкеңнiң елiне айтар жыры бар-ды, Ашылар талай-талай сыры бар-ды. Ақбозын Ағыбайдың мiнiп едiм, Құттықтар дәл осындай iнi бар-ды. Ағайын ақ боз атты мiнгенiме, Қуанып айтып жатыр, тiлi балды. Бiр қызды мiнгiзем деп кеше мен де, Пәленi сау басыма қылып алдым.

Жеңешең оқтауменен қуалап бір, Ақыры бәрiнен де құры қалдым. Аяғында қыз да жоқ, келiншек жоқ, екi шал, екi кемпiр мiнiп алды.

Жырымды ел-жұртыма шашып жүрем, Әрдайым ақ жүрекпен ашық жүрем.

Ағыбайдың ақ бозын аямаймын,

Шал-кемпiрдiң барлығын тасып жүрем.

Айналайын, ағайын, Айтыс дейтiн тамаша. Болмасын де бұл жерде, Батырлардың егесi.

Болсын дейiк бұл айтыс, Жақсылардың кеңесi.

Айналайын, шырағым, түр-тұрпатын қарасам, Кешегi өткен наурызбай – дәулеткерей елесi.

наурызбай – жер-жаhанның жолбарысы, Бөлек екен ел үшiн толғанысы.

оң қолында төрт кiсi күшi бопты, найзаны бөлек екен қолданысы. Ақырған алты Алаштың арыстаны, Кененiң қысылғанда қолғабысы.

Жарқылдап жиырма бес-ақ жасында өлген, есенгелдi, саржан мен Қасым да өлген.

Құтыларға болса да мүмкiндiгi, ел үшiн Кенесары басын берген.

Қай бастық басын беред халық үшiн, осы күнi көп сөйлеп, қасын керген?

дұшпанмен халық үшiн алысқанда, Бөтен ой болмаған ғой арыстанда. Әдiлет, ақиқатқа жүгiнер деп,

Хат жазды Кенесары орыстарға: “Жаhанға жетсе дағы күшiң, – дептi, Жер-суды атамыздан қалған бiзге, тартып ап, жасап тұрсың қысым, – дептi. Халқымды бөтен жұрттың езгiсiнен Құтқару – менiң ұлы iсiм, – дептi. түйiндi семсерменен кесейiн бе?

Ақиқат, ақылменен шешейiн бе? Қор болып бодандықта өтейiн бе, Алысып азаттыққа жетейiн бе? өздерiң қайтер едiң басқа бiр жұрт, Басып ап билiк құрса ресейiңде?” Кененiң кемеңгерлiк бұл сұрағы, Әлi тұр аз ұлттардың көкейiнде.

Ағылшын, қытай, орыс, араб болсын, мейлi ғой, қайсы құрлық болса дағы, Астамсыған жұрттарға сабақ болсын.

Алпауыттар әрдайым тұрады өрлеп, Аз халықтың тағдырын қылады ермек. мемлекет теңдiгi жоқ елдер барда, Кенекеңдей күрескерлер шыға бермек. Халықтың теңдiгi үшiн, елдiгi үшiн, Аждаhадай ашылған аранына,

Көк найзасын әрдайым тыға бермек.

Айналайын, ағайын, Ақындарың тынбасын, Кеңiнен бүгiн толғансын, дәулеткерей iнiмен екеумiздi, ағайын,

Көкте Құдай жар болып,

Жерде халқым қолдасын. Айналайын, шырағым, ұстазбын деп отырсың, Шәкiрттерiң жақсы боп, Кенесары, наурызбай, Батырлардың кешегi, Жолын алға жалғасын. саған дағы тiлегiм – наурызбайдай бола бер. наурызбайдай тек қана, Жасың қысқа болмасын.

Дәулеткерей:

мен сiздi құрметтеймiн ардағымша, талантты таразылап талғауымша.

Бал-бұл жанып барады екi бетiң, сақталған сабандағы сар қауынша. Келiншектен таяқты жедiм дейсiң, ол дағы құдiрет қой Алла қылса. Көкеннен соң Көкшеде кәрi ақынсың, Жиналған құрметiңе ел залға мұнша. Кеу-кеулеп өзiңе-өзiң айқайлайсың, Бұрынғының серiсi, салдарынша.

Аман-есен айқайлап айтыса бер, Қақиып қатқан қара болғаныңша.

төбеңде төңкерiлген бөркiң – аспан, Көкшетау – келбетiң мен көркiң асқан. наурызбайға сен менi теңеп жатсаң, Хан Кене ағасына сертi ұнасқан.

Көкшетау қасиеттi мекен екен, Басынан замананың дертi қашқан. сол батырлар аруағы емес пе едi, Қолынан жауларының еркi қашқан. тектiден қалған тұяқ сiздерсiздер, Қасиеттi қазандай кемпiр асқан. осы батыр бабалар баяғыда-ақ Азаттықтың түңлiгiн желпiп ашқан.

ерiне айтпайды ма ел мiнажат, Қайтейiн қайтармалап елдi қажап.

манасшылап кеткенде Баян ағам, ешкiмге бола қоймас ендi мазақ. Қабырғасын ел үшiн қайыстырған, ерлерiң көрдi емес пе қорлық, азап?! Баба көрген қорлықты бала көрмей, Керемет бостандық күн келдi ғажап. осыншама опасыз тағдыр кешкен, сорлы қазақ сол болсын соңғы қазақ.

Басымнан сыпырылса ақ томаға, Шабытқа Баян ағам шақ бола ма? Аталардың арманына бiздер жеттiк, Құдайым, бұдан асқан бақ бола ма?

Баянғали:

Бұл iнiм барлық елден ерек шығар, ойы да алабөтен, зерек шығар.

Ағасын қауын дейдi мына бауыр, Бауыр десең бiрақ та бөлек шығар.

2002 жыл.

МҰХАМЕДЖАН МЕН ДӘУЛЕТКЕРЕЙ

Мұхамеджан:

Алдырған ат жіберіп хан қараны, Қазму-дың желбіреп тұр тал-дарағы. Бүгінгі айтыс халыққа қуат берсін, Хат келіп қуанқандай қарт ананы, Ассағалаумағалейкүм, бармысыздар, Алматының марқасқа, марқалары мұзда жатып шираған мұзбалақтай, Жақсы атаның бүгінгі жаңқалары.

Жібек артқан шығыстың керуеніндей, Ақындар келіп жатыр Арқадағы.

Жетісу – жерұйығым болған кезде, сарыарқам – берекенің сар табағы. Алматым мен Астанам ақ ордадай, екеуі де ел жұртқа қамқор әлі. екіленіп қол соғып отырыңдар,

екі қолды шығарып қалтадағы.

дәл бүгін ақындардың ақ жырымен, Қос нүкте қосылып тұр картадағы.

Болғанда ойым - орақ, тіл – ұстарам, Қайырлы сөзден қалың ырыс табам. Астана – азат елдің мақтанышы, Күн сайын бой түзеген күміс қалам.

Жақсы-жайсаң қош келдің Алматыға, Жайындай судан шығып тыныстаған. Ақындарды мырзағам бастап кепті, Хан тезектей қасына би ұстаған.

Хан тезектен ағамның артық жері – тұлға ғой сын сағатта ту ұстаған. заманында түбек пен сүйінбайлар, Айтыста інжу-маржан уыстаған. солардың соңындағы ұрпақ едік, Жорғадай жүрістерін дұрыстаған. Ал, халқым ақындарың келді алдыңа,

Қақпан ауыз, қанжар тіс, құрыш табан. Айбындарын көрсетіп кетсін бүгін, Жолбарыс жолықса да жылыспаған.

өрісі өнерлінің кең көрінер,

Бір ауыз сөзден кейде ел бөлінер. тұтастай тұлғалы сөз арнамақ боп, тұс- тұстан келген екен ең бөрілер. Ассалаумағалейкүм дәулеткерей, теңселіп кеп жорғамен теңге ілер. Қаршығалық қасиет көрсет бүгін, Көк қамысты қайырып көлге кірер. зеріктіріп алмайық жұрттың бәрін, зейінін қойып отыр зерделілер. өнердегі өмірің ұзақ болсын,

ер жігіт көп әйтпесе ерге мінер. найзағай боп жарқ ете қалғанымен, найзадай боп бір сәтте жерге кірер.

дәулетжан, сөзің шырын бүгіндері, иманың байқалып тұр түріңдегі. нар қамыстай жігіттің егесі едің, тарамыстай тартылған сіңірлері.

Кеудеңді кеулеп сөздер тұрған шығар, тас тесетін тамшыдай үңгірдегі. үңіліп әйтпесе сен қарар ма едің, үкінің баласындай іңірдегі.

Жартасты биіктегі жай ұрғандай, Жап-жасыл жалынына шайынғандай.

Ақыным деп шығарғасын жарқылдайық, Ақылына тақымы сай ұлдардай.

Жүректерді жүгендеп алмай болмас, тағыны тастан қуып қайырғандай. сорпасын сөздің бүгін шығарайық, тортасын сары майдың айырғандай. сананың саңылауын дәл табайық, Кірпіштің кетігіне лай ұрғандай.

Көрермен көзін алмай тыңдап қалсын, Көдеге көктемгі төл жайылғандай. сәлделі Фарабидің ордасындай, сәулелі ойыңды айт шайырлардай.

Шөлдеген жұртты жырға қандырайық, Шілдеде шірнесі аққан қайыңдардай.

Дәулеткерей:

Атқанда алтын елге мәңгі ортақ таң, тіліме медет тілеп Жаббар хақтан. Армысың, Алматылық ағайын жұрт, Қадірің Хан тәңірдей заңғар тартқан. тәжіндей Алматымның басындағы, Алатау айнымайды хан қалпақтан. мысалға, ежелгі жұрт есік қорған, Қазаққа құтты қоныс қалған сақтан. сол қоныста ұлтымның қай қашанда, Көңілін көркем өлең алдарқатқан.

Қазму-дан қанаттанған тас түлекпін, Арқаның аспанында самғау тапқан. еркінсіп жеткенімде ел ордадан, Құлатпас құтты мекен арман тақтан. саумал жыр – сіргежияр алып келдім, сарыарқа сәнді алқаптан, дәнді алқаптан. Алматым абыроймен асқақтай бер, тарихтың қойнауынан ақжол тапқан.

Азат елім тұғырың мызғымасын, Қазақы ердің қасындай шалдар шапқан. сұраған бір Алладан ері медет, ежелден көрерменсің көңілі ерек.

Құттықтап ұлы жеңіс мамырменен, тілеймін бейбіт өмір еліме бек. тасжарған азаттықтың ақ қайнары, Жайғастым Алматының төріне кеп. уағалейкүмассалам мұхамеджан, өзіңе іні болып көрінер ек.

Біз болғасын түлеген бір ордадан, Жүректерге жұп гүл боп егілер ек. Айтыстың алшаң басқан Алшағыры, Жарасар мақтасам да сені не деп. мені биік самғатқан алтын тұғыр, Алатау алғысым бар өзіңе көп.

Қазму-ым сен дегенде сөзім басқа, Құдай үйген төбенің жөні бөлек.

сен едің айтыстағы көне бүркіт, енші ғып ел мен жұртқа берерің құт. сәтті күні табыссақ сахнада, Қалмаспыз өрелі елден өлең іркіп.

Айшылық аламанда алқынбайтын, тұлпарсың тесік өкпе, төмен ұршық. сөз мергені, айтыстың көз мергені, нысанадан көрмеген жебең үркіп.

Қапталдасып келген соң қарсы қарап, мен емес сескенетін сенен үркіп.

Арқа мен Алатау боп кездескенде, тамырлансын текті жер терең ілкіп. Астана, Алматы боп шыққанменен, Қайтеміз ала қойды бөле қырқып.

сұңқардай сіз едіңіз қырағы жан, ешкімнің сүрінбеген сынағынан. Пайғамбардың атына жан қосылып, есіміңнің өзінен шығады мән.

Қай жерде жүрсең-дағы бар халықты, Қандырасың өлеңнің бұлағынан.

Жүргізіп «Жұма күнгі жүздесуді», Журналист боп жарылдың бір ағыңнан. Президент оркестрі жұмысқа алды, ұстаған соң көп өнердің құлағынан. мен сізді Астаналық деп ойлаушы ем, Көрген соң гвардия ұланынан.

сөйтсем Халифа Алтайдың қорын ашып, Шариғаттың ұстапсыз шырағынан.

Бір Алла нәсіп етіп қажы барып, исламның қуат апсыз құранынан. Қазму-да да қызмет істейсіз бе? Капитан боп табылдың құрамынан. ерінбес еңбекқор жан сізді көріп, Көңілдегі кірбіңнен шын арылам. Қазақ жалқау дегенге келіспеймін, Жалған сөйлеп несіне күнә қылам. мысалға, мұхамеджан ағам отыр, нәр алған туған жердің құнарынан. Қай қиырға салса да қажымайды, туғандай түз бүркіттің қыранынан.

Мұхамеджан:

дәулетжан, сөздеріңді базарлы айтып, Ақынбыз отыратын сөз арбатып. дәулет інім шоғымды көсеп жатса, Қайнамайды дәл бүгін қазан қайтіп? тізбектеп, өмір жолды мақтап, матап, Бөркімді жібердің- ау қазандай қып.

Жүруші ем жақсылыққа жаршы көріп, Жасайық айтысқанда аңшы жорық. ол рас Астанаға жібергенбіз, мәртебеңді биіктетіп аршы көріп.

Алматыда тілінген таспа едің, Астанадан оралдың қамшы болып. Алматыда иірілген асық едің, оралдың тұрар сақа алшы болып. Алматыдан көтерілген ақ бу едің, Астанадан оралдың тамшы болып.

сөз қылсаң осы екі шаһар жайын, Қарағаймен бірге өскен қатар қайың. Алматы ішіндегі шекпен болса, Астана сыртын жапқан шапандайын. Алматы жұмыртқаның ағы болса, сарысы Астана деп мақалдайын.

Алматы – ұстаз, ал Астана – шәкірт еді, Шәкірт озса қуанып жатар дәйім.

Алматы мұрт болғанда ал Астана,

соң шығып мұрттан озған сақалдайын.

Және бұл жағдайға да таң қалыңдар, мойындайтын шындық бұл бар ғалымдар. өмірде өзектесіп, сабақтасып,

Бірге өткен көз алдында сан дарындар. Қазму-дың қалашығын салып кеткен, Жолдасбеков өмірбектей заңғарың бар. ірге тасын еуразияның қалап жатқан, Жолдасбеков мырзатайдай тарланың бар. мырза ағам өмекеңнің шәкірті еді, ұстаздың ұлағатын аңғарыңдар.

екі орданы көтерген екеуіне, Абырой атақты да тең жарыңдар. Байқашы елім не деген бақытты еді,

Жолдасбектей қарттардан қалған ұлдар.

он жылда ұтылғаның, ұтқаның бар, Бұл өзі уақыт емес ұлт дамылдар.

Аңғарсақ, Алматыдан Астанаға, Ақыл ауысып, ырыстың жұққаны бар. елордалық ілімнің іргетасын,

Алматылық ғалымдармен нықтадыңдар. мырзекең еуразияда жүргенімен,

Қазму-лік қайраткер деп жұрт қабылдар. ғалым мен дарындарды сөз қылсақ та, осында жатыр бүгін түп-тамырлар.

Астананың ажарын ашып тұрған, Алматыдан аттанған сырттан ұлдар. еуразияның еңсесін көтеріп тұр, Қазму-дың кеңсесінен шыққан ұлдар.

Артықтығы жоқ бірақ елден елдің, Артықтығы жоқ бірақ ерден ердің. ол рас, алақанға салар сені, төркіндеп бүгін дәулет төрге келдің. төркіндеп келгеннен соң Алматыға, Алдында жүрші лайым көмбелердің. Біз сені құрметпенен қарсы алармыз, Пиғылын танытпастан пенделердің. Қылығыңа көз тастап отырайын, Құдығыңа су ішкен сен де келдің.

Бірақ та құдығына түкірмейтін, Келісті тұқымы едің кер төбелдің.

Дәулеткерей:

сөз қылдың мырзатай мен өмірбекті, олар рас жақсылықты өмірлі етті. сондай алтын құрсақ қой біздің қазақ, тудырған жақсы-жайсаң небір бекті. мұхамеджан ағасы толғағанда, тұмсығыңнан сорғалап терің кетті. менің енді жіберші тізгінімді,

терің жаппай тұрғанда кеңірдекті.

Ағама сөйлемеспін қарсы келіп, тобыңа сән бергендей әнші көрік, Арқадан мен оралсам қамшы болып, Жүректерге себілем тамшы болып. ендеше мұхамеджан сен екеуміз, екі ордаға жүрейік жаршы болып.

ер жігіт жиырма бесте шоқ болады, отызда орда бұзар от болады. ұланы боп отанды күзетсеңіз, елімнің уайымы жоқ болады.

Халифадай ғұламадан үлгі алсаңыз, Басыңызға батпандай бақ қонады. Қажы болған ол-дағы жаман емес, Қорқатының жалғыз-ақ хақ болады. молда болған ол-дағы үлкен сауап, Аңқау елде тамағың тоқ болады.

Қазму-да ғалым болсаң тіпті жақсы, Құрығанда көйлегің көк болады.

Айып па алты жерден айлық алсаң, Қонышыңнан баса алсаң дөп болады. Қазағым «бейнет түбі – зейнет» деген, Қартайғанда пенсияң көп болады.

Шамданбаңыз, әзілмен шымшып та алсам, Қадалып қаларым бар бір сұқтансам. өзіңізге жұп болып шыққаннан соң, Жүндей иір ініңді ұршық болсаң.

Әрине, артық кетсем кешірерсіз, Жарамас жақсы өлеңді іркіп қалсам. Бесті тістер құнан да ауырмайды, Жарасар ұрсып та алсаң, сілкіп те алсаң. елмен бірге сүйініп отырармын,

Бұлтты жарып, биік ұш бүркіт болсаң.

Хақ жолын жаратқанның сүйіп жүрмін, мұхажан, пенделіктен биік жүргін. өткенде орал барып театрда,

Шариғат жайында бір жиын қылдың. Астанада музАкадемияда,

зікір салған жастарға тыйым қылдың. игілікті іс қылып ел аралап,

Әрине, жалпақ елді сүйіндірдің. Бірақ та Қожа Ахмет бабамыздың,

Жолын жоққа шығарып қиын қылдың. оның дұрыс ел аруаққа табынбасын, Баршаны бір Аллаға сыйындырғын. сенен де артық білетін діндарлар бар, неге сонша асығыс түйін қылдың?

дәл сондай сен шалағай шешімдермен, мұхаметжан біздерді күйіндірдің.

Шариғаттың шығармай шып-шырғасын, демейсің азаматтар тік тұрмасын. дінтанушы көбейіп ел ішінде,

молдалық пен мамандықты жұп қылғасын.

исламды танытпақ боп тапырақтап, Баспаңдар әтеш айқай, қытқылға шын. Әркім өз беттерінше әңгіме айтып, ұлтымның уақытын ұттырмасын.

Қазақты қай ұшпаққа шығарады, сәлдемен сәндегендер сырт тұлғасын? исламды қырық түрлі уағыздап, Қатырып қойдыңдар ғой жұрттың басын.

Мұхамеджан:

Құмарсың неге сонша кекесінге, Кекесінмен мақсатқа жетесің бе?

«мұсылман мұсылманды сүйсін» деген, Пайғамбар уағыз айтып меккесінде.

Ал сен болсаң, алқымнан аласың-ау, тап берген інісіндей көкесіне.

Құдайдың сүйген құлы жалғыз сен бе, Жұлдызы жанып туған шекесінде?!

дәулеткерей, болмасын арыңда мін, Ақиқат па еді сенің сағынғаның?

Алты жерден айлықты аласың деп,

Жөн болмады-ау, мұсылман, тарылғаның, отырсың аруақпен айтыстырып,

Бар деп бүгін айтамын оныңда мін. Яссауиге мен қарсы шыққамын жоқ, Жалғыз Алла болған соң табынғаным. Яссауи де пенде ғой, оны қайдам, мен өзім бір құдайдың жолындамын.

дәулеткерей, тұлғалы төр шығарсың, Айтысқанда әркезде алқынарсың.

Біз мешітте дауласып тұрған жоқпыз, реті келген кезде сөз қыларсың. түсініксіз халыққа жайларды айтып, елдің басын қатырған сен шығарсың.

Қадірін құранның да білген жанмын, иманмен бекітемін іргемді әр күн.

«Халифа Алтай» қорында жұмыс қылсам, Құдайдан сауап іздеп жүрген жанмын.

ел жұртына жақсы ісін ер арнайды, Ал оған дәулеткерей арандайды. ішімде не жатқанын білгендей-ақ,

сыртымнан тон пішкендей табандайды. елге қылған қызметімді көре алмастан, сөз қылады жақсы мен жаман жайлы. Құдайдың беріп тұрған несібесін, Құдайдан күдер үзген көре алмайды.

дәулеткерей шариғатқа шабан екен, өзінің нәпсісіне адал екен.

Жақсылықты іздеудің орынына Кемшілік іздейтіні жаман екен.

дін үшін болған кеше Абай құрбан, екті елдің жүрегіне талай жыр ән.

Шариғатқа қызмет қылсам, оны айтасың, ел деген ердің бәрі солай болған.

даналар – даламыздың кемесі еді, ел жұрттың еріп жүрген ересегі.

«Алланың өзі, сөзі рас деген», ұлы Абай ұлы сенім егесі еді. дінді егер діңгегім деп білмесе, Қара сөз жазып қайғы жемес еді.

Шәкәрім де құдай үшін құрбан болып, Артта қалған кітап боп берешегі. исламға таң қалған толстоймен,

сан мәрте хат жазып ол кеңеседі. иншалласыз жұмысты бастамаған, Әлкей марғұлан ғалымның төресі еді. Кремльде Жәкең де намаз оқып, ысқырған сталинмен егеседі.

Жұма намаз оқыған Қонаев та, дін дегенде езілген емешегі.

«дін- ғылымның атасы» - деп жырлаған, мұқағали ақылсыз емес еді.

солардың да барлығын толғандырған , соңындағы ұрпақтың келешегі. тарихтан алар болсақ тағылымды, Қашанда Құдай деген ел өседі.

Ата діннен ақиқат тапсақ ғана, өзге жұртпен терезең теңеседі. Құдайдың жолыменен жүрсе ғана, Халықтың айдарынан жел еседі.

Барлығын көрсетіп тұр тарих тарлан, Қазақтар Құдай деген халық болған. иманы күшті кезде ер бабалар, осынау ен даланы алып қалған. өйткені, иман барда ынтымақ бар, екені тәжірибеде анықталған. иманы әлсіз кезде талай жерлер, ресей мен өзбекте қалып қалған.

Берекесін беретін Алла ғана, Байлығың болғанменен ағып-тамған. Алланың әміріне қарсы шықпа, Жақсылық күтер болсаң жарық таңнан.

Дәулеткерей:

демегін мынаны айттың, ананы айттың, онан да салиқалы сананы айтқын.

Басқа жерде әңгіме қылсақ демей, тұп-тура ел бетіне қарап айтқын.

Ақыннан алапат жыр өлең күткен, демеймін мұхамеджан сенен мықты ем. не айтсам да елімді сақтандыру, Көсемсуге шамам жоқ тереңдіктен.

дін діліңнің діңгегі деген барда, Көсіліп айтып тұрмын көлем қып мен. діндарларды қаралауға келген жоқпын, Биіктен табылармын сенен күткен. молданың көбейгені тағы жаман, Шеріңізді кетпеспін шемен қып мен. мұхаметжан, өз әліңше түсінерсің, Айтамын осы жайды елең қып мен. осылайша ақиқатты айтып тұрмын,

ел іші тыныш болсын дегендіктен.

Қырансың қия көкке самғайтұғын, Көсілсең көрерменге балдай тілің. Әрине иманың кемел сен ақынсың, Қадірлі әрбір сөзің нандай тілім. мұсылманды мұсылман сыйламас деп, Айтып тұрсың күнәнің қандай түрін. діндар болсаң білер ең тірі адамнан, Ақыреттің жауабын алмайтынын.

Ағаны өзіңіздей сыйлаған ек, Жақсы әдетін үлгі қып жинаған ек. Әрине екеумізде фил-факта оқып, өлеңнің боз тайлағын бұйдалап ек. Әр жүректің иманы Аллаға аян, ешкімді жамандыққа қимаған ек. ұлтқа перзент боп жатсаң разымын, ұялаған жүрегіне иман әдеп.

он күнәнің тоғызы тілден бірақ, сондықтан да қаларсың қинала кеп. Әйтпесе, мұхамеджан, қой демеймін, дорба асынып кетсең де, диуана боп.

өрелі ойды түсіну елге міндет,

Жасын боп жалындаған жөргегінде от. Шариғатқа шамамша сауатым бар, сенен артық өмірді көргенім жоқ.

Астанадан келген соң сағынышпен, Қазму-дай қыламын ғой төрге құрмет. осып-осып осылай айтпағанда, сақалыңды санауға келгенім жоқ.

мұхаметжан, ақынсың мұратқа бай, Жырларың елге шашсын шуақты арай. мен сені көре алмаған жан емеспін, тәңірден төрелікке тұрақтамай.

Абайды айттың және айттың Шәкерімді, Ағады деп асқардан бұлақ қалай.

Алланы өз бетіңше танығанмен, Болмайды күн бетінде шуақтамай. Бірақ та кешегі өткен бабаларды, сен сияқты есіркемес бірақ та Абай.

Пешенелі пендеге сүйікті Алла-ай, Жақсылық ұсынушы жиып барлай. Қазыналы айналдым қарттарымнан, Шыңдары мәртебелі биік таудай.

Ақ жаулықты айналдым әжелерден, Әлдилері әлемді ұйытқандай.

Қыздарымнан айналдым жүрегі пәк, Қарамас қасы-көзі қиықтанбай.

Жігіттерден айналдым жүрегі ұшқын, сүре алмайтын өмірді сүйіп қалмай. Ал енді, мұхаметжан сенде бүгін, тарта бер салмақтардан иық алмай.

Алматым алға бассын абыройың, тағдырың тар кезеңге тұйықталмай. төрт аяғын тең бассын Қазақстан, ит басты, сиыр аяқ сияқтанбай.

Мұхамеджан:

сөз айтып дәулеткерей төрлеткендей, Біраз уақыт жеке шауып желдеткендей. Шіркін-ай қандай ғажап болар еді, мұсылмандар сөйлесе бөлшектенбей. дәулет-ау сақтанғаның сонда мен бе? Бауырдың аяғына дән сепкендей.

Құдай деп құрақ ұшқан халыққа әкеп, өз ұлын өгей қылып көрсеткендей.

Жарқырап отыр бүгін жанардайын, Көңіліңді бүгін сенің сан аулайын.

Ал, бауырым ондай болса тыңдай отыр, Кімнен сақтану керектігін баяндайын.

сақтанған салт-дәстүрлер құтың боп бір, Әлемдік стандартқа бүкір кеп тұр. ғаламдассақ екен деп бүкіл ғалам,

Бұл ғасырдың жемсауы бүлкілдеп тұр. Қаруына қарсы елді қарауылға ап, мылтығының ауызы түтіндеп тұр. террорды айтып сылтауға сынық іздеп, Америка алыстан дікілдеп тұр.

Қаз-қаз басып жаңадан қалыптасқан, Қазақстанның жүрегі үлпілдеп тұр. ертеңін Алла білер, ал бүгінде,

Әр жұтқан ауасына шүкір деп тұр.

АҚШ-тың да азуы қайралғандай, Әлемді тізгіндеуге сайланғандай. Ксро-ны күйретіп тынғаннан соң,

орта Азияны ойрандауды ойға алғандай. Көршілерге көп ұзамай аяқ салды, Қырғыз бен өзбек жерін пайға алғандай. иеленіп Құлан, Шымкент әуежайын, Керегін ап көңілі жайланғандай.

Керегін алғаннан соң кетсе жақсы, Аюдай ашығып кеп тойған балға-ай. АҚШ бірақ еркімен кеткен емес, Кедейдің қыстауына бай қонғандай. Батпандап АҚШ әбден кіргеннен соң, мысқалдап шығар дертке айналғандай.

түпкі ойын бұл батыстың кім ұғып жүр, дәулеткерей соны айтпай құмығып жүр. солардың тоқпағына түсіп алып, ішімізден кей топтар булығып жүр. демократия біздегі дәрменсіз деп,

үй ішінен үй тігіп жын ұрып жүр.

«Ақ жол» деп ай жарықта ұран салып, Құбыласынан жаңылып құбылып жүр. өкіметке өкпелеп кінә артқанмен, өздерінің ісі де былығып жүр.

Қылмысын қылға тізіп тексергенде, Бастары тауға мен тасқа ұрылып жүр. Жан сауғалап шетелдің елшісінің, Аяғына бас ұрып жығылып жүр.

Жазалаудан қорыққан жас баладай, өзгенің етегіне тығылып жүр.

Күн туғанда өз елін сата салып, Басқаның кеудесіне жылынып жүр. Жұрт байлығын басқан соң әбден бүгін, тақымдары тақты аңсап құбылып жүр.

Жерге жұмақ орнатар деймісіздер, Құр, әйтеуір, билікке құнығып жүр.

Батыстың сақта құдай жаласынан, Шығыстың сақта құдай табасынан. Президент те ел жұрттың перзенті еді, өлгенше өз жұртына жан ашыған.

Қанаттыға қақтырмай қазағымды, Жарақтыға тап қылмай бел асырған. еркелеп жүрген ерлер аз ба бүгін, елбасы арқасында бағы ашылған. соның бәрін шығарып санасынан, Жаңылып жүргендер бар тобасынан. Алдағаны ағасын көрініп тұр, Алмағаны болмаса жағасынан.

елбасы – расында дара тұлға, Кенде болып көрмеген әлі ақылға. Әбілиязов, Жандосов, Жақиянов, Жүруші еді нөкерлердің санатында. Бәйменов пен бизнесмен Бутия да, Президенттің паналаған қанатында. елбасы ертіп жүріп есейткендер,

дайындалып жүр балтырын қанатуға. мылтық атып үйреткендер мерген шығып, машықтанып жүр өзін дәл атуға.

Кешегі Абай айтқан тағы бүгін, Бас-басына би болып баратыр ма? Бірін қазақ бірін дос тұтпаса егер, Қайтадан айналармыз қара құлға.

Көрініп талайлардың жеңсік пейлі, Қоқысқа жерімізді берсек дейді.

Парламентте көтеріп бұл мәселені, Біз бұған үлкен көңіл бөлсек дейді. моңғолия ап қояр деп асықпасаң, ойлануға уақыт беріп өлшетпейді. Жәкішев деген мырза жан ұшырып, Жүгіргенде өкшесін көрсетпейді.

Атамның сүйектері жатқан жерге, Атомның қалдықтарын көмсек дейді.

Жәкішевтер жігіт екен өзі атпалдай, Бірақ та суық екен сөзі ақпандай.

Қырық миллиард елге пайда келтірем деп, Желпінеді қамыстан қаз атқандай.

Қалдықтан залал жоқ деп зар қаққанмен, Артында жатқан оның азап қандай?

Қалта қамын ойлаған қайраткерлер, Қамығып бұлай айтқан қазақ қалай? сол жайында дәулетжан, сөз айтайық,

Құр мұсылман боп халыққа мазақ болмай. Жердің астын бүлдіріп, ал ауаны,

таза ұстаймын дегені ғажап қандай. өзекті мәселені бұлай шешу, тезекті зәрмен жуып тазартқандай.

Дәулеткерей:

Көрген соң шаппа-шаптың тығырығын, мұхамеджан бастады «ұлы» жырын. мен өзіңді дос көріп сын айтып ем, Жарамайды дәл осылай бүлінуің.

Әрине бүтіндігін ойлап жатсың, тәуелсіз Қазақстан тұғырының.

сол тұғырды сақтайтын қалың қазақ, танытпаса ішінен ірілігін.

ішінен ірір болса ірілігің, өлерсің ажалыңнан күні бұрын.

Биліктің ұстағандар бек тұтқасын, Қарапайым ел жайын көп құптасын. Шенеуніктер шетінен ауысқанда, иманын қаншама ердің еттік қасым. Бүйірінен тоқаев түрткен жандар, үйірінен бөлініп шет шықпасын.

Бақ та, тақ та мәңгілік мәселе емес, Кеткен жандар көңілге кек тұтпасын. саясат ауа райы сан құбылып, сандалған сорымызға соқтықпасын. Әйтеуір ұлтым үшін бізден тілек, саяси ойындардан от шықпасын! өрелі ой жамағатқа өрістемек, Жайым жоқ жолыңды аға терістемек.

мұсылман мұсылманды мазақ қылмас, екеуміз ел алдында келіскен ек.

Әркім өзі үшін онда жауап берер, мақшарда күнәң болса мол үстелед. Аға – бордан дегенде, іні – зордан, мұқажан, сен сүрінбей жеңіске жет.

«Құдайдың құрметіне ие болсаң, Қолыңызға су құйсын періште кеп».

үкідей шығар ме екен үнім батыл, Жүрегімнің соғысы жырымда тұр. тәуба айтуға қазақтың тілі келмес, тәуелсіздік дегенмен тұғырда тұр.

«Көп шуылдақ не табар» деп кеткенмен, Абайдың ақылын кім ұғып жатыр? демократия дейтұғын желеуменен, Әркім әрбір партия құрып жатыр.

Балталылар Батыраш бұл қоғамда, Қалталыдан қаһарман шығып жатыр. есеп ортақ болғасын ел үстінде, Кеше қорқақ боп шықты бүгін батыр. екеуміз енді әңгіме қоздатпайық, ертеңге жарамайды бүгінгі ақыл.

Мұхамеджан:

Ақынсың ауызынан сөз борайтын, сахнада құр бекер боздамайтын. Қыранның қылығы бар тұқым едің, Қызығып ұшқан кезде көз қарайтын. Біразырақ жайлардан сенде айттың, Қорғасындай болсада қозғалмайтын. саясат деген бұл бір резенке ғой,

Әр патша өз әлінше созбалайтын.

тарихта бабалар көп таймас табан, мәнсап үшін жағаға жармаспаған.

Бір кезде Бұрындық хан боп тұрғанда, Қасымхан сұлтан еді жанаспаған.

Патшаны қашан тақтан тайдырам деп, Құр бекер тірлігіне араласпаған.

Қайта ханға болысып, айналасын, Алаяқ, аярлардан аластаған.

Әбілмәмбет патша боп тұрған кезде, Абылай сұлтан еді ел бастаған.

Патшаны ол да қашан тайдырам деп, Құр босқа етек жайып бал ашпаған. Ал, нұрағам бүгінде төрінде отыр, Жайлауына айналып жаңа Астанам. Қолдау түгіл қорлауға баратындай, төңірегінде адам көп жараспаған.

Бабалардан мол үлгі алмаған соң, Жандардан не күтесің жараспаған. Бірігіп жүрсе шіркін қуанар ек, тіріліп келетіндей Алаш бабам.

Бұлжымас заңдылық бар бұл ғаламда, Алладан аян болған күллі адамға. үшбұрыштың сезініп қатаңдығын, үш жүзім табиғаттан үлгі алар ма? өзінің мақсатына жету үшін, үшбұрыш боп ұшады тырналар да.

Көсемінің көлденең жолын кеспес, түссе де тұманды күн шырғалаңға. тәртіп бұзбас сол құстың тектілігін, Берсе екен біздердің тұлғаларға. тым болмаса тырнадай ынтымақпен, тірлік етер қазақта күн болар ма?!

ынтымақ иман болса көш өрлемек, дертіңді тек жанашыр дос емдемек. Бізге бүгін сайраған тілі емес, Жүректері сөйлейтін шешен керек.

Жүз жылдығын ойлайтын ұлтымыздың, Байтұрсыновтай көшелі көсем керек. рухсыз ұл, қылықсыз қыздың бүгін, Кеудедегі намысын көсеу керек.

Жасық болмай жастарда ойлай жүрсін, ұлтымыздың рухы есен бе деп? осылай деп айтысты аяқтайық, дәулеткерей, биікке дос өрлемек.

сонда ғана Құдайдан тілеп жүрген, Құт береке дариды осы елге кеп.

Дәулеткерей:

мұхаметжан тереңге бойлағасын, мені де бос екен деп ойламасын. Айтарыңды сен айтып қалып жатсың, суып бара жатқандай қойған асың.

Әрине ұлт бірлігі – ең бірінші, Қызығып соған көктен ай қарасын. елбасына денсаулық Жаратқаннан, Жұртымыздың жағдайын жайлағасын. Әкімдердің құлағына алтын сырға, Халықпен «ханталапай» ойнамасын!

екеуіміз енші алмаспыз елден бөлек, Азаматсың қашанда төрге өрлемек. демеймін жарысқанда сайысқанда, Әркімге жеңілгеннен жеңген керек. Астанадан сағынып анда-санда, Қауышып біз тұрайық сендерге кеп. мұхамеджан әлі де кездесеміз, Білесің ғой, қашаннан жер дөңгелек.

ЕЛМІРБЕК ПЕН АЙНҰР

Елмірбек:

Амансың ба, ағайын, Амандасып алайын. Алатаудың суындай, Ақтарылып ағайын. Айтысқанда көрдіңдер, Ақындардың талайын. Арғымақтай арынды, Ағындап бір шабайын. Алдыменен, туғандар, Ақындардың тұнығы, Әйелдердің сұлуы,

Жыршылардың ұлығы, Айнұрдың жайын табайын.

ынтыққан көңіл сіздікі, сусаған жүрек біздікі. үздіккен сезім біздікі, Шөлдеген жүрек біздікі. Бәрін халқым білесің, Айнұр осы кімдікі?

Жарасқаның байқалар, Келісіңде Айнұрым.

Піскендігің тәшкеннің, Жемісіндей Айнұрым. Бетіңді бері бұрсаңшы, Жеті қабат жәннаттың, Перісіндей Айнұрым. Қашан болсын осындай, Асыл едің, Айнұрым. топты жарып шыққан бір, Ақыл едің, Айнұрым, Қасыңда біз жүргенде, Жарқын едің, Айнұрым. тараз бенен таластай, Жақын едің, Айнұрым.

өзгеше нәзік жаралған, Жанға ұқсайсың, Айнұрым. Жоқ болмасын ешқашан, Барға ұқсайсың, Айнұрым. Шайға қосып ішетін,

Балға ұқсайсың, Айнұрым.

Бұлбұл құстай құбылтып, сайрай беред демегін.

Айнұрды елмір көргенде, Жайнай беред демегін.

Әйел сыйлаған еркекпін, Алтыным, кезек беремін.

Айнұр:

таласқа былтыр барған ем, от жағып сөзбен маздаған. Барлығы маған ғашық боп, тілегін айтқан аздаған. таласта жігіт қалмаған, Айнұрға өлең жазбаған.

Қыз көрмегендей қырғыздар, Қырылып қала жаздаған.

Ақтабан шұбырындыда, Шашылған ел ек тарыдай. сол қазақ, міне, бас қосты, Жат болып кетпей тағыда-ай. Қабанбай мен Бөгенбай, Ақжолтай батыр Ағыбай, ұлыстың ұлы күнінде, тілегімді бер, уа, құдай!

Арқаның жері, армысың, Ақ орда тіккен Абылай!

Қасыма келген армысың, елмірбектей тарпаңым. Бес күн болды қонақсың, төріне шықтың Арқаның. демалғаның жетеді, Қарымын көр қалқаның. Алқындырсам деп едім, Алдына шығып алқаның. өзіңмен бүгін қосылып,

Көкпарын сөздің тартамын. Қолымдакетіп жүрмесін, Қоқырайған қалпағың.

Елмірбек:

төріндемін Арқаның, мықты жер екен айтарым. осы елдің болып төрінде, Қызықты судай шайқадым. студенттер үйінде,

Жетіншіде сен жаттың, Біріншіде мен жаттым. Байқасам да барлығын, Байқатпастан тек жаттым. Ақыры шықтық айқасқа, Құдай өзі берер деп жаттым.

сен таласқа барғанда, Бәрі де қалған арманда. Жер тепкілеп жіберген,

Жеңішбек жете алмай қалғанда.

онан бері күн қайда, Айлар өтіп кетіп тұр. Арада қанша қарашы, Жайлар өтіп кетіп тұр. Айтылмаған іштегі, сырлар өтіп кетіп тұр. одан бері қарасаң, Жылдар өтіп кетіп тұр.

Айтпаймын сөзді қарадай, тұрпатың сұлу маралдай. Арманда болған көп жігіт, Артыңнан сенің бара алмай. Қазір де жүр ғой арманда, Шырқырап іздеп таба алмай.

Барғым да келген артыңнан, Байыңнан бірақ тартынғам. Алақанына салған аруды, Айналдым сенің халқыңнан.

енді, Айнұр, не дейсің, Ашытылған шараптай, Көпіріп келе жатасың. Шырағдандай қызулы, ысытып келе жатасың. Жазып кетші бұл жерде Жанын саған арнаған Жас жігіттің қапасын.

Айнұр:

сіңлісіне сараның, сұқтанып сонша қарадың. Көрінген қызға көз салып, Ашылған екен араның.

Қалжыңдаса да қырғыздар, туысқаныма баладым.

Ақаевтай басшыңыз Баласы ғой білесің, Әселдей асыл ананың. Қазаққа жиен Шыңғыс та, Бірегейі дананың. осыменен, қырғыздар, Қазаққа разы болыңдар, Киесі бар-ды даланың.

Жүгіре берме соңымнан, тілініп қалар табаның. Қанағат қарын тойдырар, Жөнге жүр енді, қарағым!

Елмірбек:

Жырласаң елге жағасың, Қырғызды қарап бағасың. Айнұр-ау сені байқасам, не түрлі сөзді табасың. онан гөрі маған көн, Бақытыңа барасың. сонда қырғыз-қазаққа, Жұлдыздай боп жанасың.

Көктегі шолпан сыңарындай, Көрінесің Айнұрым.

Көктемдегі жаңбырдай, төгілесің Айнұрым.

Алып келіп тұрғандай, Астанаға ай нұрын.

Қазақтың асыл қызысың, ұқсайсың мөлдір жүзімге. Қарашы, әне, еліңнің, Қызғаныш бар жүзінде. өзің айтып кеткендей,

Көрінгенге көз салмаймын. Басқа қызға да бармаймын, Бал сөзіңді тыңдаймын, өзіңізді таңдаймын.

Бал татыған сөзің бар, Басқаны таба алмаймын.

Адамның тәтті тілі бар, Артықша кетсем балдай ма. Белсеніп тұрған бір жігіт, Бармаса бекер болмай ма? сұқтанбаса сұлуға,

елмірбек еркек болмай қалмай ма?

Қызметі өтсе халқына, Жақсыны жалпы жақтайды. Қырғыз бенен қазақтың, Қызы сендей болсын деп, Жігіттер жырлап мақтайды. Қасыңда тұрған ер жігіт, Қарағым, саған жақпай ма? Алдыңда әне отырған. есекең1 менен Әбіштің,

Жастығы еске түсіп жатпай ма?

Айта берсек таусылмас, осымен тоқтап толдық біз. ғашықтықтың баянын, Біраз айтып болдық біз.

Құдайым сірә көтерер, Айнұрдай жанның талабын. Алатау асып кете бер, Жарқылдап күнге тамағың. Ал, бастағын, Айнұржан, Кезегіңді берейін.

өзіңдей болсын барлығы, өзгеге қайтіп теңейін.

1Е с е к е ң Естемес Тұрсынәлиев.

Айнұр:

Жұлқына бердің, қу жігіт, Қазақтың қызын жеңгің кеп. Жылауды тегі қоймадың, Айнұрды іздеп келдім деп. үш бала бар ед үйіңде,

оны да мынау ел білмек. Әйеліңіз тағы бар, Көйлегі қалған желбіреп.

тойғанын білмес тоқтыдай, маңырай берме, елмірбек.

сөздерің қайда тым жақсы, Жүзіндей өткір алмастың. естеместердің ерекше, ескі әні болып жалғастың. Қыздар жоқтай қырғызда, Қазақтың келіншегіне, Жанталасып жармастың.

Бұлбұлым деп Айнұрға, өлең жазыпсың алғаш күн. Жыр сыйламақ түгілі, Алтын құйсаң да бармаспын. естай боп жылағаныңмен, Қорланың бола алмаспын.

Елмірбек:

Жүрегімді нұр таза, Көріп тұрсың алдыңда. Көңілденіп сөз айтсам, Көтеріле қалдың ба?

Балқығандай сөз айтсам, Қулығыңа салдың ба?

өзіңше қарап мен жаққа, Пайдаланғалы тұрмысың. Қонақ болып мен келгем, Жарамайды бұл ісің.

Жүректе жүрген өкпені, Қозғағалы тұрмысың?

Жанталасып жармаспа, Байыңа бағың бұйырсын.

Қылтыңдап тұрсың ілгергі, Қыз кезің өтіп кетіп тұр.

Бағың жанып өрлей бер, Байыңа аман жетіп бір. Қармамай қолды қайтейін, елмірбек атым өтіп тұр.

Жаңа ғана айтыстық,

мына елдің жазып қапасын. осы ел көңілін ашамыз, Қосылып бірге жырласақ, Халық көңілін жазамыз.

Күйіп айтқан жайым жоқ,

ел күлсін деп айтып жатамыз.

Жарасты бір жыр шығар, төгілгендей күншуақ. ерегісіп айтыссақ,

етек-жеңнен шымшылап. Әлі талай жолығармыз, еліңде болсын ынтымақ.

Айнұр:

оңды сөз айтса ақындар, оңынан туар айы да.

Қонақ боп келсең разы бол, Қазақтың құйған шайына. Жармасып жатқам жоқ дейді, Бұйырсын дейді байына.

Бұйырсын десең байына, Айнұрды қалдыр жайына.

өзіңе ұқсас түсім де, өзіңе ұқсас күшім де. разы болсын мынау ел, Қарапайым пішінге. елмірбек жүрсін еркелеп, Қазақ пен қырғыз ішінде.

Айналайын, ағайын, достық сезім үшін де Балапандай ұлым деп, Алақаннан түсірме.

өлеңін елші қып өткен, сүйінбай, Жамбыл, нұртуған. достықты ардақтағанда, Жүректен жарқын жыр туған. Қазақ пен қырғыз бір туған, о бастан-ақ ірі туған.

Анасынан айналдым, елмірбектей ұл туған.

Елмірбек:

осы сөзің үшін бір, сүйдіріп қойшы ұртыңнан!

2003 жыл.

ДӘУЛЕТКЕРЕЙ МЕН ОРАЗАЛЫ

Дәулеткерей:

Армысың, сарыарқалық саңлақ жұрт, сүйсініп жақсы өлеңді жаны ұғарлық. Қошеметтеп жатырсың ақыным деп, ыстық ықыласыңды қабыл алдық. деген бар той – тәңірдің қазынасы, ел едің салтанатты сағынарлық.

Айтыста ақындарын қабылан ғып, Баптайтын батырларын бағылан ғып. Жамандық жоламасын жаныңызға, Адамдық несібеңді ағынан күт!

Азаттықты мәңгілік жырлап өткен, Бабалар рухынан тамыр алдық. өшкеніміз жанғандай Алла жар боп, Жоғалтқан асылдарды тауып алдық. соның бірі бабамыз – дулат жырау, Жырларын бойтұмардай тағынарлық. есімі бар қазаққа бір жаңғырды-ау, ұлтының оралғанда бағы барлық.

сол бабамның тойында топқа түсіп, Қылыштай қызыл тілді жанып алдық. Айтысқа аман-есен жеттің бе, ораз, мінгендей тұлпарыңа тағы қарғып? тойларың құтты болсын, арда қазақ, Құрсағына құдайдан дарыған құт!

Жасымнан уыз өлең ұртқа жаққам, сыбаға дәметпеймін сырт табақтан. Қош келдің, ораз досым, алқамызға, Пейілінің пердесін тұтқан ақтан.

Бабамызды танысын байтақ қазақ, Қобыландының атындай Құртқа баққан. ежелгі ақындардай екпіндейік,

екпіні Алатауға бұлт қамалтқан. Астана – бар қазақтың бақ ордасы, Көктегі ай күмбезіне сүт жалатқан. Ақуыз өлеңге елді жарытайық, Қойдың егіз табары – құт қонақтан. Бұл айтыс халықтың бай қазынасы, Жас ұрпақтың жанына рух таратқан. Халықтың сүйіп тыңдар оразы едің, Қазақтай қабырғалы ұлтқа мақтан. Аталы сөздер айтсаң, Аллам ырза, Атамның қазығындай жұртқа қаққан.

Жұртыма жеткізейін сондай хабар, тозған елдің тауығын торғай талар. озған елдің ұлдары біз болайық, Жүректен шыққан сөзді елге айта бар. тұсауын тұлпар аттың шешіп тастап, Құшағын жігіт едің кеңге айқарар. соңғы жұптың сапына шығып қалсақ, Жүрісі жорғамыздың тең байқалар.

Кел, енді, ал, тәуекелмен тартысалық, деген бар желдің бетін жел қайтарар!

Оразалы:

Жаратқан Аллам, неткен құдіретті ең, тілімді сүңгіден де сүйір еткен.

Астаналық ел-жұртым есенсіз бе,

Жан-жақтан кеп құралған қызметпен. Астанамыз ай сайын ажарланып, Қалмай өсіп келеді ұлы көштен. есілді емер емен де семен болып, еске алайын бабамның ізін өткен.

Абылай кеңесіндей Көкше жақтан, ескен желмен ескінің үні жеткен. дүбірің дүниеге кетті, Астана, мақтаныш қып айтайын мұны да еппен. Азаттықтың ақ туын желбіретіп, Кенесары қолындай жүріп өткен.

Қызығыңды қыздырғалы келіп тұрмын, Қырықтың бірін Алла Қызыр еткен.

Жақсы ырымға жорыдым бұл келгенді, ыдырыстай бейішке тірі жеткен.

сәлем беріп өзіңдей жас данаға, Ат ізін сап кеп қалдық Астанаға. дәулет ақын, жүрсің бе аман-есен, Жабағыдай ойнақтап жас қалада.

Бүгін сен бұл жарыстан үміттенсең, тіліңмен темір илеп, ат тағала.

Қыңқ етпеске беліңді бекен буғын, Қызыл тілім қылыштай шапса, бала. Бірақ сенен шығар ма ондай ерлік, Бұл өзі тән қасиет саққа ғана.

сені де сақ тұқымы дер едім мен, Көзім онша жетпей тұр ақ-қараға. өз аузыңнан естиін ел алдында, Әкең аты гәп па, жоқ, Кәп пе, бала? Кәрістердің атына ұқсайды екен.

Әйтеуір, қазаққа ақын боп жүргеннен соң, Кінә тағып қайтейін жас балаға.

тезге салсаң, терідей тез иленер, сондықтан да маған сенің зияның жоқ, Арқалық жасасам да ат шанаға.

Ал, енді, барыңды сап, талпынып көр, Басқаша шешер бәлкім, Хақ тағала.

Кең көсілген, дәулетім, Керіп үрлеген қарындай,

Кепкен сайын тарылмай. тірсегің тиіп тірсекке, Шалынбас жерде шалынбай. сабан сөзді сапырып, созғылап кетпе сағыздай.

Аузыма Алла сөз салып, елім қолдап бергенде, екпінім қатты дауылдай. Халқым, сен барда асқақпын, талдысайдың талындай,

«тоқсан сала қосылып, тоғыз өзен түйіскен тарбағатайдың тауындай».

Дәулеткерей:

Бабымды, бапкер елім, сен білесің, енді жалау айтыстан желбіресін. ораз досым, бала деп өлең бастап, сөзіңе тыңдарманды сендіресің.

Аңшы қанша айлалы болғанменен, Аюдайын сен сонша жол білесің. Айтарыңды айтып сап аямай-ақ, маған қарап несіне телміресің.

Ат шанаға арқалық жасаймын деп, мені қалай ығыңа көндіресің? таңдай ағып түскенше тақылдайын, Жанды аянып қалайын енді несін!

танытсаң ақын болып көсем жігер, демеймін бұл айтыста есеңді бер. оразалы, жырың бар жібек тұтқан, Ақсақалдың алдына төсендірер.

Кәптің ұлы дегенге күмәндәндің, Ал, менің қайтаратын есемді көр.

«Бәленшенің ұлы» деп неғылайын, Кімнің ұлы екеніңді шешең білер. сыбаға мен де саған сайлатармын, Жүзіңді Астанада жайнатармын. дәулетті кәріс қылдың, сақ қылдың да, Білмеймін қайда апардың, айға апардың. Халықты сен мәз-мейрам қылып тастап,

Құйрығын жіпке тіздің бе бай-қотанның. Қаймығатын мен емес, ораз сенен, сабын жасар сақардай қайнатармын.

Құлан аяң Құлмамбет бабаң қандай, Қаракөк тұқымынан жаралғандай. Айтыс десе келесің алшаң басып,

тау бөктерлеп жететін тағы арландай. тіліңмен темір қорыт, ат тағала, дедің бе айтып жатқан бағаң қандай? Әркім де өз әлінше жүйрік шығар,

саздау жерден кетермін тағаңды алмай. Ал, енді, әрі қарай көсіліп көр, Бағанағы бастаған шамаң бардай.

Алтынға балап айтқын әр сөзіңді, салқынға төсін керіп самалдардай.

Оразалы:

Жүйріктей жетпеген бір таң асары, Қуанта алмай отырсың қарашаны. дәулет-ау, осы біздің айтыс жайлы, Білгіштер білгенінше бал ашады. неше түрлі пікір бар ел ішінде, Әркім өз білгенінше таратады.

Біреулер айтыс мүлде керексіз деп, Біреулер оған қарсы таласады.

сол жөнінде сен бүгін ойыңды айтшы, Ақылыңның жетсе егер шама-шарқы. Бұл сөзімнен кем санап отыр деме, ойыңды айт, өткір, ұшқыр, тамаша әрі. өткір болмаса да мен қабылдайын, Қолды кейде өтпес пышақ қанатады.

Періште алғаш қоразға көрініпті, тауықсыз да десек те таң атады. ұрпақ алдында өтейік парызды адал, секілді екейлердің қара шалы.

Астана мен Алматы айтысайық, Жібекке жібек жамау жарасады.

сақар қылып қайнатсаң, Жақсы көрем мұныңды.

сақар сабындай мен сенің езгілейін кіріңді,

Ақ қылайын түріңді. Айналайын, дәулетім, тілің бүгін сүрінді.

сабын ғып мені қайнатып, Қармағыма келіп ілінді.

есеңгіреуден есенсің, Амалың болса әзірле, Әттеген-ай деп кетерсің. өзімді қайдам, сөзімді, Шыдаса белің көтерсін. тәубе деп, жүрсең тәңірге, сынымнан сынбай өтерсің. сынатындай сыр берсең, Бұлбұлдығың өзіңе,

ұяңда ғана шешенсің. сындырмай-ақ кетейін, ұялып босқа не етерсің. тоныңды қойшы, шешерсің, Қолыңды қалай кесерсің?! Шоқтығы биік ер мінер, елерген тұлпар екенсің.

ер салып мініп көрейін, ентіге қояр ме екенсің?!

өлеңменен өрейін, Астана алтын ордамды, тілім жеткенше терейін,

Шеберден қанша бөз қалды, Шешеннен қанша сөз қалды? ел алдында айтайын, ойларым болса орманды.

Жүйрік болсаң көсілгін, Қоздырайын мен қозбаңды. оразбен айтысамын деп, орта ғасырлық батырдай, Алды-артың түгел орланды. мінгенің қунақ болса егер, ордан да өтер жол бар-ды.

Жақсы айтар ма екен, дәулетім, Жауырыншыдай болжалды. мен деген, дәулеткерейім, Көсем сөзге келгенде,

Көк найза едім толғаулы. Адасқан сендей оқ өтпес, Ақ сауыт едім торлаулы. Шынашақтай шырпымын, Шытырлатып өртейтін, Қалың да қара орманды!

Дәулеткерей:

ордаңда оразалы жыр айтып жүр, ойларын орайлап кеп тың айтып жүр. Кейбіреу айтыс керек жоқ дегенде, Бар қазақтың көңілін мұңайтып жүр. Айтысты керек жоқ деп айтқан адам,

Қазақтық тіл мен ділден тұл айтып жүр. Періште қоразға рас көрінгенмен, оразға көрінді деп кім айтып жүр?

өнегелі жыр күтсең өрісті ұлдан, ентікпей-ақ шабармын еңіс қырдан. Астана Алматы боп айтыссақ деп, Жолымызды айтасың тоғыстырған. Айтысты керек жоқ деп айтқан адам, Ата-баба құлағын кеміс қылған.

Біз иттің үргеніне не қыламыз, оларға айтатұғын сөгіс құрбан. Қазақта «қожанасырлар» да көп қой, мәсінің қоншын кесіп кебіс қылған!

Жігітсің кірпіштей қып жыр қалаған, Айтыстың тұғырына ту қадаған.

Жаңа жыл қарсаңында біз жүздестік, Болған соң бауыр бүтін, іргең – аман. Алматыны сен жүрсің жайлап, қыстап, Жайсаңынан жастары сырғанаған. нарынқол, Кеген, Шонжы – сіздің ауыл, топырақ туған талай тұлғалы адам. оқыс мінез танытып табиғат та,

Жұртымыздың жүйкесін жұлмалаған. сіз жақта жер қозғалып жатыр деп ед, Аман ба, ауыл-аймақ зіл-заладан?

Оразалы:

етеді ел үмітті саналы ерден, саған да жаратушың сана берген.

сондықтан сізбен бізге сын болады, тауықтай табан астын қаза берген. дәл құлатып түсір сен нысанаға,

Жамбыны атып жарытпас шала мерген. ел-жұртым аман - есен зіл - заладан, Жақсылық хабар айтам саған елден.

Кешегі ер исатай, махамбеттер, Кенесары, наурызбай халқымыздың Азаттығы жолында адал өлген. отаршылық саясатқа қарсы шығып, Бабатайұлы дулат бабам да өлген. Қазақ қайтсе азат ел болады деп,

өз көрін өлеңімен қаза берген. Желтоқсанда өспірім өрен жастар, елім деп ит қорлықта далада өлген. Қайрат, ләззат, сәбит, ерболдардай, Халықтың бағына Алла бала берген. осылар ұлт жолында шаһит кешіп, Қарызсыз орын тепті қара жерден. солардың мәңгі жасар жасы болғай, отаным он екіге жаңа келген!

Бас тіккен батырларша ұрыстағы, Айтыстың басталғалы тұр қызық шағы. Жазылып белдің құрыс-тырыстары, сен едің сала –құлаш дәулет ақын, Бойына бойламайтын құрық сабы.

Аш өңеш шөккен нардай жан екенсің, Аңқиып қалып жүрме тұрып тағы. ұрыдай ұрымталдан ұмтыласың, сезіліп ойыңда бір былық бары.

Шошыған бала құсап селкілдейсің, Шоршыған шортан құсап тұйықтағы.

мүмкіндігін танытқан талабыңның, табаныңның тұрмаса ұйып қаны.

Алманың қаласынан келгенімде, Алланың өзің болдың бұйыртқаны!

Абай атамыз айтпақшы, Көп сөйлеп бүгін созбайын, Әдебімнен озбайын. сорайған дәулеткерейдің теректей бойын теңселтіп, дауыл жырмен қозғайын. даурықтырып торғайын, онымен де қоймайын.

Бойының емес, ойының тереңдігін болжайын. сабырсыздау бір атаға, Артық депті апамыз, Айғайыңнан ойбайың. түсіндің бе сөзімді, танымыңды сыңға алып, сабырыңды болжайын. Аларың болса алып қал, сағағын жезбен қынаған, найзадай тілді толғайын.

одан да әрі асайын, Адымымды ашайын. тілегенім осы еді, тілімнен аяп сөзімді. Бүгін мен қалай сасайын?! Жабы болсаң да жабулап, Аламанға қосайын.

Арқаңа күміс ер салып, Ақалтекедей жасайын. Жабдығыңның түгендеп, мүсейі мен асайын, Алдыңнан бағып тосайын. Шаптырмасам маған серт, Шаба алмасаң саған серт, Қазанға түгел асайын.

өткелді тауып өтіп көр, өрттен шыққан ұшқындай, өлеңді оттай шашайын.

Батыр батыр болар ма, ту түбінен ту алмай?! Ақын ақын болар ма,

Асқақ болмаса қырандай?! ойларың оттай ақынсың, оюлаған тұмардай.

менен үркіп отыр ма, сөзің жатыр құралмай,

ойларың жатыр шыға алмай. Ақсақ темірден қашып, тентіреп кеткен сығандай.

Дәулеткерей: Айналайын, ағайын, Бақытың сенің ашылғай. дәулеткерей сөйлесін, мына тапалға бас ұрмай. енді ағайын болмайды, Шабытымды шақырмай. Кеміте сөйлеп келгенмен, тебіте сөйлеп келгенмен, Жалыныңды көрмедім, Көктен түскен жасындай. түйілесің әр кезек, Көжек көрген лашындай. ораз ақын, байқағын,

тау суындай тасынбай. Қыңыратқып барасың, Жылқыға жиен – қашырдай!

«Күн батысқа көз салмай, Күн шығысты еске алмай, Бізді алатын жау жоқ деп, Бізден мықты дәу жоқ деп, Алды-артыңды аңдамай, маған не бар дескенсің, Болашақты болжамай,

Жол сауданы олжалай, Ақ бөкендей алданып,

Жылқыдай делбе сандалып, отарына кәпірдің

Аңдамай келіп түскенсің». Ағайын жыры осылай – Әулие жырау дулаттың.

Бұл жырдан сырды таратып, Келеді былай тіл қаттым: ежелден елге ақиқат – Кәпірге қоныс болғаны, сарыарқа далам, сымбаттым. Жарлығы жүрмей жалғанға, Кенекем кетті арманда.

есіл де есіл құндақтың. Қадірі қашып қоныстың, отары боп орыстың, Құлдықта халқым зар қақтың. Бұғауға түскен құлындай, Шыбын да жаным шырылдай, Қай жаққа бетті бұрмақпын?! Асылдарымды атқызып, Абақтыға жапқызып,

ұлардай жұртты шулаттың. Босқанда халық шетелге, Аузыңнан дәмі кетер ме, Аштықта жеген тулақтың. рухын түгел түгесіп, Атасын білмей ұл өсіп, Баяғы бақты бұлдаппын.

Қызымның қашып қылығы, Бетіне шығып былығы, Баба рухын былғаппын. сексен алтыда серпіліп, рухтанып желпініп, тартысқа шығып жең түріп, тамырда қанды тулаттың.

Арқаға салып Астана, Айбарым тасып басқаға, Әнұранымды тыңдаттым.

Баянды бағым басымда, ораздай досым қасымда, Айтысып былай жырғаппын. Қараөткелдің бойында, дулат жыраудың тойында, Аллаға айтып тәубәмді, Көзімнің жасын құрғаттым!

өсиет айтып балдарға, Атағы жеткен заңғарға, заманның зарын мұндаған, Алтын бастарын бұлдаған. үмітін артып таңдарға,

дулат пен мұрат, Шортанбай, Шабысы бөлек шалдар да. түркінің пірі – Көкбөрі, Жылқының пірі – Қамбар да. Азаттығыңа бас ұрып, Айтарын айтқан ашынып.

Айтпаған сыры қалған ба? солардың сөзі ақиқат.

Ал, тыңдағын оразым:

«еділді келіп алғанда, етекке қолын салғанда, Жайықты келіп алғанда, Жағаңа қолын салғанда, ойылды келіп алғанда, ойындағысы болғанда, есілді келіп алғанда,

сарыарқа – жұмақ сары алтын, төсіңді келіп алғанда; Ақиқатыңды айтқызбай, Аузыңа құлып салғанда; Құдағайыңның қасына, сасығын әкеп салғанда;

ұлы Абайыңның қасына, Атомын әкеп жарғанда; тәңірге жылап зарлауға, Күрмеліп тілің қалғанда; Азаттық бер деп қазаққа,

Жалбарынбап па ең Жаппарға?!

тағдырдың тартқан азабын, тәубеңе келгін, қазағым, осы бір сөзім жалған ба?! Ал, ораз, енді дайындал, сөзімді менің жалғауға.

Астана жұрттың алдында, Қырандай биік самғауға. Халықтың бағын жыр етіп, ынтымағын ту етіп, Абылай жолын жалғауға, Қазаққа бірлік қамдауға.

Айналайын, ағайын, осылай міне сөйледім, Жалғанды тәтті демеңдер –

Боқ болмайтын бал бар ма?!» осылай дәулет айтады,

ораз секілді балдарға.

Оразалы:

енді ораз ақсыншы, Ағын судай аға алса. Көрсін мына дәулетім, мінімді бүгін таба алса. ойларыңды оюлап, Кеттің-ау омар Хаямша.

«Бұзау тіс менің сөздерім, Бұтыңнан шағып шаянша». Құлагер аттай қызынып, Құлдыраңдап шаптың қоянша. Бақырауық келер ақ серке, Бауыздалар шақ таянса.

Айғайға қаны қызынбай, Бақсыз жерде бап шаппас. Алладан бұйрық бұйырмай. Арғы атам Көдек ақын ед, өлеңнің асқақ туындай.

Шарғын мен Қойдым сөйлесе, Шөл қандырыпты ел кеше, Әбіл Хаят суындай. таңжарық ақын сөйлепті, Қылықты екен сөздері,

Қызайлардың қызындай. Қазағым бөлек ел дейм деп, Патшаға қарсы сөйлейм деп, Қытайға кеше қуылды-ай. дулат бабамның тойында, мен осылай сөйлеймін.

Булығып босқа тығылмай, сылдыр судай сұйылмай. өйтпесем, мені кешірмес, Атам Жамбыл, сүйінбай. Құлан аяңға салайын

Құлмамбеттен қалған құлындай. сен қолдап берсең өр елім, Күшіне енер өлеңім,

Күшала қосқан қымыздай!

сөз бастатқандай шешенге, Жол бастатқандай көсемге, Алладан жауған нұрдайын, нөсерле тілім, нөсерле!

Байлығындай Қазақстанның, миллиардтап шашқан шетелге. Жырымменен шашу шашайын, Атымтай жомарт осы елге. дәулеткерей, бұл сөзді ұғарсың, саңылау болса жетеңде.

Келімсектер жүр кекіріп, меншігіміздегі мекенде. етегіне пышақ жаниды, ет туратсаң солай есерге. Бұл сөзімді айтайын, елбасында отырған үлкенді-кіші дөкейге.

Көрмеген болып көрсе де, еті өліп кеткен көкең де. дулат бабамның тойында, Бекер де бекер кетем бе? Халайық, енді қиқу сал, дулат бабам айтқандай:

«Көмбеге таяп келгенде Жүйрікке керек көтерме!»

Дәулеткерей:

ораз ақын көсіліп, Алдыңда ақты бұлақтай. саптап бір алған сөздері, Қолға тұрмас сынаптай. ораздың айтқан сөздері, Арқамды барад шыдатпай. дәулетті ақын демеңдер, Асқарынан Алтайдың, Ағыл-тегіл жыр атпай.

Аққан жыры сол таудан Жартастарды құлатпай. Айналайын, ағайын, Айтыстырып біздерді, Пейілің болсын шуақтай. Қасымдағы ораздың тамыры қатты қуатты-ай. Жағдайы мұның не болды, Ағайын – жұртым қараңдар, танауынан су ақты-ай!

Басыңды сүйрегенде өлең төрге, Жаяды қанаттарын ел өркеңге. Айтасың бізде жүрген келімсекті, ол да менің тілімді бөгелтер ме? ораздай асыл туған ақыныңның тілінен аға берсін өлең-терме.

дегенмен байлығымыз сыртқа шықпай, Қалса екен ұлан-байтақ кең өлкемде.

Бөтегесі бұлтиған байшыкештер Көсегесін халқымның көгертер ме?!

Шайырын шапағатты ел іздей берсін, Ақын қалай маржан жыр тізбей келсін. Жаратқан берер болса жақсылықты, менің мынау халқыма үзбей берсін. сүйінбай, Жамбылдардың тұқымы ед деп, Айта жүрер қандасым сіздей болсын.

Халықтың ықыласын қандыратын, Айтысқан ақындарың біздей болсын!

Оразалы:

ісім жоқ дәулеткерей есебімен, Ақындарды айырмасын осы елінен. тапал десең тапал де мына мені, оған, шіркін, дәл бүгін кетеді нем? Жолды бойлап өсетін бамбук құсап, Бір кеште найза бойы көтерілем.

Қалай ұқсаң, солай ұқ бұл сөзімді, дәулетжан, мен осылай өсе білем.

сөздерің, қарап тұрсам, жаңылды ұсақ, мен өссем, тереңде өсем тамыр құсап. Жерді түгел көгерткен мамыр құсап. сен енді сорайып солай кете бергін, Кәдімгі қара ағаштай барыңды сап.

танауымнан су ағып, таңдайымнан жыр ағып, дәмі бар сөзің болса егер, Көрейін бүгін құба-құп. отырған осы орныңда, Қағайын ба сына қып.

Айналайын, дәулетжан, таусылып қалмай тұрғанда, енді екеуміз тұралық.

Қол алысып осында, мойынды елге бұралық, тату елдің ұлындай, Ақын елдің ұлындай, Құшақтасып шығалық!

2003 жыл.

МЭЛС ПЕН БАЛҒЫНБЕК

Мэлс:

тағдыры айналатын тәтті арманға, Ақынға шабыт келер шаттанғанда. сиындым атам Бекет аруағына, мәңгілік арқау болған дастандарға.

Ақ найза, алмас-қылыш елестейді, Аралап тарихымды ақтарғанда.

Қарағайды шандоздап шабар едім, Батырдың найзасына сап болғанда. Біздер оның соңына ерер ме едік, тайманның баласына тап болғанда. Баптағандай бір жылқы болар едім, Ақтабандай ағама ат болғанда. тарихым екі ғасыр толғатады, Жәңгірден жазатайым тақ қалғанда. саясатқа найза емес айла керек, сақтайтын құдай керек сақтанғанда. Қазағым, бірлік болса, тірлік болар, Балаңды түсір қазір бастан жолға. орнына бір-ақ шыққан ұйысқандар, Қырымнан қырық батыр аттанғанда. Аруағы асқан қазақтың біреуінің, махамбеттің атымен мақтанғанда. Жапалақтап өлеңнен қар жауады, Шапалақтап отырсақ шапқандарға. ерік пен Әзімбекке тие берсін, тағдырын осы айтыстан тапқандарға. Алматыда айтысқа асыққандар, Қаршығадай қанатын қаққандарға. екі ақын қосылған шығар деймін, Жұмақта да айтысып жатқандарға.

Армысың, айналайын Балғынбегім, сен әзір отырсың ғой аттандауға.

Астананың атақты ақынысың, Әрине, үйренгесің мақтанбауға. Күркіретіп көрейік, дүркіретіп, Ауызынан асыл сөзді ақтарғанда. Ағайын, оразаңыз қабыл болсын, осы айда қасиетті айт басталғанда. Айт болғанда айтысып қалайық деп, Ақындар тіліменен тас жарғанда.

Бәріне де кешіріммен қараңыздар, тас жармай біреулері бас жарғанда. Ассалаумағалейкүм, ал ендеше, Айтыспен оразасын ашқандарға.

Балғынбек:

тұлпардай шаршы топты жардым күндіз, түн болғанда төбеден алдым жұлдыз. өзіңізбен түскенім қиын болды, Шыққаны дұрыс еді балдыз бір қыз. мэлс аға, бұл тойда топты жарып, Халқыңа рухты жырдың нарқын білгіз. махамбеттің тойында бәрімізді, Кетпесін дөңгелетіп жалғыз қырғыз.

Армысың, мэлс аға, адуынды, Көптің бірі емессіз кәдуілгі.

Қара алтындай көремін қадіріңді, сары алтындай дер едім сабырыңды. Ақжайық аруыңды қорғайтындай, Қапсырынып келіпсің қаруыңды, Атамыздың тойында мен тілейін, тұлпардай шаршы топты жаруыңды. Шын жүректен қуанып озып келсең, Шым жібектен жабармын жабуыңды.

Көрермен мың теңгеден билетті алған, Айтысқа балаларын сүйреп барған. отыз екі ақынды тыңдау қиын, Көбінің тағаты да қирап қалған. тастөбеде Жәңгірді он күн күтіп, исатайдың қолындай сиреп қалған.

Қазақты дүрліктірген даңқың, мэлс, Бабыңыз бәлкім артық, бәлкім кеміс. Құйыла келгенменен таңдайға өлең, Бұйыра бермейді ғой әр күн жеңіс.

Қара жерді бізбенен бір басасыз, Аяққа кисеңіз де алтын кебіс. тартысқа жан беретін жарқын мэлс, Айтысқа дәм беретін «Анкл Бэнс».

Мэлс:

не десең де Балғынбек, мен айтысқа шыдаймын. Жасым үлкен демеймін, Ара-тұра сынаймын.

сөздеріңе қарасам, өзіңе де ұнаймын. мына тұрған халайық, Бірікпеген десеңіз, махамбеттей мұңайдым. маңғыстаудың ойынан, Бес қаланың бойынан, сүйінқара батырдай, Атақозы батырдай, Қалың әскер қол ертіп, Бері қарай құлаймын.

махамбеттің бұл тойы, Бәрімізге себеп қой. тарихыңды ақтарсаң, таңғажайып дерек қой. Айналайын, Балғынбек, Хайлайлімге салсайшы, өз-өзіңді демеп қой. өзбек пенен қырғыздан, Бауырларың келгенде, Бұл да бізге көмек қой. Жаңағы айтқан сөзің бар, еске салып елеп қой.

Бір қырғыздан бәріміз, осы айтыста шаң қапсақ, домбыраны музейге, тапсыруымыз керек қой.

Балғынбек:

Пір Бекет сапарыңды оң қылады, Бұл мәкең бізге қарай жол қылады. Жеңілмейік дегенім, шабыт бердім, Ақындар дем бермесе болдырады. мұражайға қойғаным жақсы дейсің, Киесін сонда кімдер қондырады? махамбеттей басымды кессе-дағы, Қолымда ұстап өлем домбыраны.

Ағайын, орныңыздан тұрмаңыздар, тағатын құлағыңа сырғамыз бар.

Ауылға сүгір жырау келгендей-ақ, мэлсті мейірлене тыңдаңыздар. махаббаты еліне махамбеттей, исатайдан аумайтын тұлғаңыз бар. Қобыланды батырдай қайсарлығы, Қабыландай қайратты сұлбаңыз бар. сырым батыр секілді шешендігің, сөзіңде содан жеткен сырлы аңыз бар. Бастайық қан майданды дегендейін, Қасқайып отырыста бір маңыз бар.

Қашаған, Ақтан, нұрым, Абылдардың, тілінен туған таза тұнбаңыз бар.

Ағайын пір Бекеттің ұрпағы еді, сөзімді күпірлікке бұрмаңыздар. мэлстей ақыныңды мен мақтайын, Шын болмаса шапалақты ұрмаңыздар.

мен – інісі болғанда, мэлс – ағай, екі ағайын отырмыз соғыса алмай. Ауласқаным көңілде дұрыс шығар, Жауласқанмен келмейді жеңіс оңай. Ағасы – Ай, інісі – үркер болса, торқалы тойда мына тоғысар-ай.

Балалар ар жолынан таймасын деп, Бабалар қылған істің жөні солай.

Пай, біздің қазақтағы махандар-ай! сатқындықтан үзілген сапарлары-ай. махамбеттің алса да басын кесіп, тілін кесіп тастауға бата алмады-ай. мағжанды жау деп атып тастағандар, сиқырлы сөзін бірақ ата алмады-ай. сендерге теңеу таппай сенделемін, туған тілім болса да мақалға бай. маңдайға симай кеткен, махаңдар-ай, рухына тағзым етпей жатам қалай?

Киелі ақындық пен батырлықтың Көтерген шаңырағын бақандар-ай!

Мэлс:

Балғынбек, жырларыңды төге бердің, Көрейік мықтылығын өр өлеңнің.

Қарындасым шай құюға келе жатыр, Бұл деген кеңеюі керегеңнің. домбыраңның құлағын бұрай берме, Айқаспасаң айтысқа неге келдің?

Балғынбек:

Айтыстың ну орманын кезгенде алшаң, Жараспас ескі сөзді езген болсам. домбыраның құлағын бұрадың деп, Айтпас едің бір нәрсе сезген болсаң. домбыра түгіл сенің құлағыңды,

Бұрар едім егерде жездем болсаң.

мен, мен едім, мен едім, мен, мен едім, Шетелге мұнайменен дем беремін.

Көлімді қарға құзғын шоқып жатыр, сұраса шошқаға да жем беремін. ұшқан құс, жүгірген аң бәрін сатам, санап берсе доллар мен теңгелерін. Кен таусылса сататын жетімдер бар, сарқылмас қазына ғой ел дегенің. иығында басы жоқ үкіметтің, саясатын осылай термеледім. саясатты осылай термеледім,

Ал енді махамбет боп мен көремін. ер исатай қасында болған күнде, Айқасып ата жауды жеңген едім. исатайдан айырылып қалған кезде, Қайтейін сенген елім сендер едің.

Батырды қас жауына байлап беріп, Кәпірдің айдауына көнген елім. менен кейін астарлап Абай айтты, орыстардың шекпен мен шен берерін. Бас-басына би болып бөлшектеніп, Бұл қалай Абайға да сенбегенің?

ол түгіл Алаштың да арыстарын, Жауым деп оққа байлап берген едің. соны ойласам Асандай мұңға батып, Шерниязға қосылып шерленемін.

Желтоқсанда Қайратқа қайрат беріп, мұз үстінде алаулап сөнбеп едім.

Ал бүгінде, қазағым, азат болдың, Бұл менің өлсем-дағы өлмегенім, тәуелсіз тірлік үшін бірлік керек, Қазақта ынтымақты жөн көремін. нұрлы жолға бастайды сонда ғана, тізгінін ұстаған ұл өр кеменің.

осылай деп айтуға орай боп тұр, осы сөз де тіліме оңай кеп тұр. марқасқа, мэлс аға, естимісің, махамбет төбемізде солай деп тұр.

Мэлс:

Айтсын деп ақындарды жұбат деді, Алматым, шіркін, жеткен жұмақ еді. Балғынбек үкіметті сынағанда,

Бас деді, бірдемені құлақ деді. дұрыс қой ашып айтқан ақиқатты, демеймін бұл саясат тұрақ деді.

Басы жоқ үкіметті деп айтқаныңыз, Күлкіге шақырады бірақ мені.

Кеше мен теледидар қарағанда, даниялдың басы бар сияқты еді.

Айналайын ағайын, Алдарыңда өлеңнің Жорғадайын тайпадым. Жер түбінен үңілген, Айтыс болса жүгірген, Арғымақтай жайқадым. Балғынбекжан осылай Шабытыңды шайқадым. Жолың болсын жортқанда, Айналайын шырағым.

Болашақта өзің бол, Биікке ұшар қыраным. махамбеттің тойында Арқасында Алаштың, Ағызайын өлеңнің сарқыратып бұлағын.

Айналайын Балғынбек, өзіңмен кеңес құрамын. Айтсын, айтсын дегенмен, уақыт болды тұрамын.

2003 жыл.

МЭЛС ПЕН ДӘУЛЕТКЕРЕЙ

Мэлс:

Ағамыз – күн болғанда, ақ таң жеңгей, оларды айту қиын мақтан көрмей.

Айтыстың абыройын асыратын,

Ақ сауыт, ақсақалды қарттар келгей. мен өзі кемпір – шалдың баласымын, солардың батасымен шапқан желдей. Шұрқырап құлындары келген кезде, етігін еміреніп басқан көлдей.

Қоныстың шекарасын белгілейтін, Болыстың сандығында жатқан мөрдей. Алтынның сынығындай алмасатын, Жақсылардың соңынан жастар келгей.

Ағайын, аман-есен өрдіңдер ме, Арнайды талай ақын дастан мендей. Азайсаңдар абыржып қаламыз ғой,

Біз-дағы қалдық па деп тастанды елдей. енді бүгін еш қайда кетпеңіздер,

той қызығын соңында тосқан жөн ғой. Армысың, дәулеткерей, арғымағым, есіміңді дәріптеп қосқан жөн ғой. түскен соң өлең сөздің майданына, лайым, несібеңді ақтан бергей.

Аруаққа сиынып бір көрейін, Қалмаққа таңғы ұйқыда тап бергендей.

Дәулеткерей:

сөйлесе мэлс ақын таңдайланбақ, Айтатын әлеуметке әнді ойланбақ. мысалға келтіреді көп әңгіме, Пернені басатұғын жандай бармақ.

Қалмаққа таңғы ұйқыда тап берем деп, сондағы тап бермегін қандай қалмақ?

Бісмілла, елім күндей ерке күлсін, Пернесі домбырамның оң терілсін. Ассалаумағалейкүм, арда қазақ, Көңілің көркем жырға көмкерілсін. Арлан ақын мэлс те ат үстінен, Көкпарыңа тастаған серкені ілсін. Батырлықты дәріптеп ақындықпен, ұлдарың серттеріне семсер ілсін. махамбеттің тойында маңғаз елім, Шаттықтың шалқар күйін шерте білсін. Шапалақтап отырсаң, ақыныңның,

екі ауыз өлеңіне ел семірсін. марғасқа махамбеттің айтысында,

таңдайдан жыр, маңдайдан тер төгілсін.

Ақсұңқардай бұрғасын шыңға бетті, Қара өлеңмен қылайын ырза көпті. Қара ниет пиғылы патша ағзамның, Қазағымның қадамын шырмап өтті. Кешегі кер заманда, ел қамауда, ерлерімнің қылышы қында кетті.

Қарғыланған төбеттей елді талап, Бір сатқынның бәлесі мыңға жетті. ұлыңның тұрпатынан тұлға кетті, сұлудың құлағынан сырға кетті.

Арбалмаған алаштың нары қалмай, тал қармаған талайлар суға кетті. Жұлын құрттай жұлынып ердің басы, туырлықтай далаңды тулақ етті.

өз несібең бұйырмай өз аузыңа,

сары табақтың сарқытын құл дәметті. марғасқа махамбеттей маңғазына, Айтақпен үрген иттің тырнағы өтті. отаншылдың сезімі тұншықтырды, отаршылдық дертінен туған өртті.

Қаймана қазағымның қасіретін,

Қан жылаған жүрекпен жырлап өтті.

Ақыра арыстандай айға ұмтылып, Қапыда қара жерді құндақ етті.

Халқымның пейілі ғой ең тұнық нұр, сондықтан менің көңілім желпініп тұр. Жайықтан келген ақын жанымда бар, дегендей осы айтыстың сертін ұқтыр. отаршыл озбырларға қарсы шапқан, Батырлардың рухы серпіліп тұр.

Арыстарын аспанға ел көтеріп, Қуаныштан көзіне көл тұнып тұр. махамбет ақындардың сұлтаны еді, Қалатын жырларынан жөңкіліп қыр. ораза айы – сұлтаны он екі айдың, Жүректерге иманын толтырып тұр. Ақын тойы оразамен орайласып,

Қос сұлтанның жұлдызы тең туып тұр. Құлай сүйген құлының құрметіне, Құдай өзі ретін келтіріп тұр!

Алланың пәк пейілі құранда аппақ, ықыласты пендеге сыр аңдатпақ. Ал, мәке, бүгінгі ізет бізден болсын, Бәйгеге тұлпарыңды тұмарлап шап. үзеңгі қағыстырып отырармын,

Қыңыр сөйлеп кетпесең сыңар жақтап. Абыл, Ақтан, нұрым мен Қашағандай Аталардың аруағын шын ардақтап.

Пір Бекет деп сөз бастап жүрген ұлсың, Бабасының есімін ұрандатпақ. толарсақтан қан кешкен батырлардың Шын ерлігін ұрпағы тұрар мақтап. махамбеттің айтысын қыздыршы енді, Асқар тауды басса да мұнар қаптап.

Қызыр қонған батыстың ақыны едің, Қызыл тілден ұшырған қыран баптап.

Мэлс:

дегендей сайысып бір көрші екеуің, Белгілі сол сөзден-ақ көрші екенің.

Әрі інім, әрі шәкірт деп атаған, сезбедім сіздің сөздің ерсі екенін. Қалмақты мысал үшін айтып едім, олардың білесің ғой елші екенін.

Қандай қалмақ деп сұрайсың мына менен, Қай қалмақтың паспортын көрсетемін?!

Халайық екеумізді күткен шығар, Ағаш та жаңқалаған түптен сынар. дәулеткерей, алдыңда шәй құюлы, мөлдіреп тұр ғой, әне, сүтпен сыңар. ұзақтау толғағаның қандай жақсы, сен-дағы ақын емес іштен тынар. өзіңнің сөздеріңе қарағанда, Кассетаңның бір жағы біткен шығар.

дәулетжан, айтысқанда аспандай ма, Әуелден сөйлемейді бастан майда.

Жеребе екеумізді тоғыстырған, осындай әдетті де тастау қайда?

«Жақсы сөз – жарым ырыс» түсінемін, ырыс та ынтымақтан басталмай ма? дегенмен қорқамын көп мақтаулардан, Көп ішкен адамдар да мас болмай ма?

мұныма мына тұрған қосылар ел, Алдымен ақын туған осылар – ер. Батыры ақын, ақыны батыр болған, Қазақтың қасиетті топырағы – ер. сіз бен бізді жаратқан әуел бастан, топырақтың алдында тосыла көр. Жаныңның жарақатын жазам десең, Арыңның әділ таза сотына бер.

Құдайым, ең алдымен адалдықты, домбыра ұстап жүрген досыма бер! өлеңнің дариясын көрем десең, Қосымбай деген шалдың қосына кел. дәулетжан, әрі қарай арқырайын, ойланып қалған бізден шошынады ел. Бірдеңе десем тағы ренжисің, Айтыспасаң, айтыспай отыра бер.

Дәулеткерей:

таратып әрі қарай әкет аңыз, Жұртқа біз жыр сыбаға асатамыз.

Кассетаң біткен шығар деп бір айттың, оған қалай енді сын жасатармыз. өзіңізге шәкірт боп жүргеннен соң, сіздікіндей бітпейтін кассетамыз.

Халқымның бар еді ғой затында ерлік, Біз бүгін ақиқатқа жақын келдік. мэлс аға, өзіңе іні болып,

Алдына елдің талай тату келдік. Айтайын енді еліме сүйіншілеп, екеуміз талай топтың сапын көрдік. Жатқа тізгін бергенде жетпіс жылдай, Арып-ашып азапты тақым көрдік. дінің аман жүрекке тұнбағасын, Құбыладан жаңылған кәпір болдық. оңдырмай от көсеген көсеу құсап, Қазақы салт-санадан тақыр болдық.

Әйтеуір көз жасымды Құдай көріп, Қолға тізгін тигесін батыл болдық. өткен күнге салауат біздер айтып, Азат таңның нұрымен әтірлендік. Астанада оқушылар сарайына, махамбет бабамыздың атын бердік. Болашақ жастарымыз рухтанып, махамбеттей болса деп мақұл көрдік. Храпунов қиса егер бір көшесін,

ұлы тойда болар ед татымды ерлік!

Ал, мэлс, айтысқанда шабытпен кел, Жетеді ақиқатқа халықпен жол.

Кеудеңде тұнған жырдың ұясы бар, Атадан асып туған даңқты ерлер.

Атырауда махамбетке айтыс қылмай, өзіңе сызып алдың қауіп шеңбер. егер де дұрыс пиғыл танытпаса, Әкімдердің қылығын әдіптеңдер.

Алысқа қарайтұғын қыран құстай, Батыста бар еді ғой байыпты ерлер. махамбетке қимаған байлық құрсын, Басқаның есебінен байып па еңдер?!

«Құдайдан айналайын мұнай берген, мұнайдан айналайын құдай берген!» деген сөз мэлстікі анық деңдер. өнегелі іс қылмаса байларыңыз, немене, ықыласқа жарып па ең дер? Алтын сандық үстінде отырғанмен, Кілтінен айырылып қалып па еңдер?

Мэлс:

Азаттыққа қол жеткен, теңдік деген осы ғой. сол теңдікті жырлайтын, өлеңнің салып өрмегін, өрлік деген осы ғой.

Батыс пенен шығысты, Бөліп, дәулет, сөйлейсің, Кемдік деген осы ғой. махамбеттің бұл тойы, Алматыда өткенге Қалың халық қуанды, Кеңдік деген осы ғой.

Бір қазақтың бір қазақ, Бітпеген ісін бітірсе, елдік деген осы ғой.

Арғымақтың баласы, Аз оттар да, көп жусар,

талаудан татқан дәмі бар. Азамат ердің баласы,

Аз ұйықтар да көп жортар, дұшпанға кеткен ары мен, Барымтаға түскен малы бар. махамбет айтқан өлеңде, өткен менен кеткеннің, Бүгінге дейін жеткеннің, ойласаңдар бәрі бар.

Батырлардың ішінде, Қайыңы бар, талы бар. Айғыры бар, нары бар, үбі батыр бастаған, тәни балуан қостаған, ғайса, Амантайы бар.

тұлпарын мініп, ту алған, Және Шөмен байы бар.

Хан ордасын қоршаған, Шұбатылған шаңы бар. исатайды туарда, нағимадай шешеміз Жылан жұтқан екен деп Айтатындар әлі бар.

сол жыланның жартысын, түгел жұтпай құсыпты, Бұл сөздің бір мәні бар.

Батыр туған баласы, Бастаған ісін бітірмес, Халық айтса, қалт айтпас, деген сөздің жаны бар. ішкі орданың сол кезде, Жәңгір деген ханы бар. тақылдаған татардың, Қақылдаған қалмақтың, Шақылдаған кәуірдің, ойласаңдар бәрі бар.

Шыманұлы орманның, Шөке деген лаңы бар.

Дәулеткерей:

Қолында қос батырдың садақ ойнар, Хас шебердің қолында қалам ойнар. ер исатай батыр мен дүр махамбет – Бұтағына бұлт қонған қарағайлар. мэлс аға, айтпағым мынау еді, Адамға көрсетпесін заман айбар. елдігінен айналдым қазағымның, Ақын емес едің ғой жаман ойлар.

махамбеттің бұл тойын жасап жатқан, отан партиясында нар ағай бар.

Амангелдіге Құдай қуат берсін, Жинаған жауқазыннан арадай бал.

«ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін» дегенді айтқан данышпан, дана Абай бар. Жұтқаны білінбейтін жұлын құрттай, Көбейіп кетпесе екен Қарабайлар.

Жасырмай айтар болсам бар шыныңды-ай, ысиды тамырымда қан суымай.

Экология өртінің өршіп кетіп, Каспийдің бар аймағын шарпуын-ай. Балтырдың сыздағаны ештеңе емес, Қадалған қақ жүректен шаншуын-ай. Көр қазғандай көл түбін үңгіп жатқан, Келімсектер кеніңді аршуын-ай. тіршіліктің тамырын қияды екен, теңізге тамып кеткен тамшы мұнай.

Базарын мұнайыңның басқа көріп, Азабын тартып жатқан Алшыным-ай.

Алматыға мэлс келді деп, сарайда талай сайраған. сырлы да сұлу сөздерін, сіздерге арнап сайлаған. сол мэлсті тыңдауға, Қарттарым, аман келдің бе?

мұрттарын жырмен майлаған. Әжелерім армысың,

Ақ жаулығын байлаған. Ағаларым да, бармысың, Халықтың қамын ойлаған. Жеңгелерім де, келдің бе, Құшағында ағаның,

Ақ сазандай ойнаған. Құрбыларым да бар ма екен, Қиылып та қасы жайнаған. мэлс ағам – арғымақ, табаны тастан таймаған,

Ақ жайықты жайлаған. Айтысам деп мэлспен, мен де келдім, ағайын,

Қараөткел деген шаһардан, Хан базары қайнаған.

Бәрін айт та, бірін айт, рамазанның айында, махамбеттің тойында, Бір ғанибет емес пе, сіздермен бірге тойлаған!

Жаратқан ием жебегін, Пендеңе тисін көмегің. сүгірдейін жыраудың, сарқыты, мэлс, сен едің. Шекерге толған шелегің, Асықпағын, тұра тұр, Кезегіңді беремін.

Айдын шалқар көл едің, Арнаның соққан кемерін. махамбеттей бабаңнан, Қалған да сырлы жебе едің. Ай, мен, мен едім, мен едім, сарыарқадай көлемім, еліме берген өлеңім – Бұршақты жырлы көгенім. мэлс ағам – желмая,

соңында буыршын мен едім. Шәкірт болып жүрген соң, томпаңдап еріп келемін. мэлс көкем қасымда, Ақылға бай кемелім. маржанды мұхит тереңім, ізіңнен еріп жүрген соң, ғибратыңды да теремін.

Жеті өзеннің бойында, махамбеттің тойында, Баршаңызға шашу ғып, осындай жырды төгемін.

Мэлс:

Айналайын, дәулетжан, Айтысқанда нөпірсің.

Басыңнан сенің бұл ағаң,

Қалай бүгін секірсін? тойып алып өлеңге, ұрпақтары кекірсін. сүгірдің салып-ай сөзіне, өзің де ұқсамай өзіңе.

Алдарында халқымның, Концерт қойып отырсың.

Алдыңда сенің отырған, салқар да салқар, салқар ел. сол салқардың ішінде, Бүгінгі мына айтыстың Құланы менен маралын, Жүйрігі менен шабанын, Қиядан көріп, байқар ел.

Айналайын, дәулетжан, махамбет пен исатай – солар туған заманның сырын ашып жырласаң, Қасы болған Жәңгірдің, сынын ашып жырласаң, мынау отырған ағайын, Алғысын саған айтар ед. дәулеткерей ініміз, оралханның тойында өскеменнің бойында, салқын тиіп қалғанда мұңайыпты байтақ ел. Айналайын, келінжан, Қазір естімесең де, Хабардан кейін көрерсің, дәулет үйге барғанда, Бір кесе шай бергенше, екі кесе сорпа бер.

Аузы да күйіп қалмасын, сорпа берсең, орта бер. содан кейін жазылып, Шапқан ізің қазылып, маңдайыңнан бу шығып, таңдайыңнан жыр шығып, тағы айтысқа тарта бер.

Дәулеткерей:

сүгірдің салсам әніне, талантымның қыр беті. залда отырған, ағайын, осы айтысқа кеп қалса, махамбетке құрметі. дәулеткерей ақынның, Бұл термелеп кеткені, мэлстің салған міндеті.

Концерт қойдың дейсің ғой, тағы да айттың басқасын. мэлс ағам ойынан

ол сөзді сыпырып тастасын. сахнаға шыққанда, термелеуден қашпасын. мен мэлске шәкіртпін,

ізін оның басқасын. термеледім осылай,

оның талантынан асқасын.

Қазақы қан ойнаса тамырыңда, Ақылға сезіміміз бағынуда. дәулеткерей термелеп кетті ғой деп, мэлс аға, малынба әрі мұңға.

мен сізге мынандай бір әңгіме айтам, талғажау болар, бәлкім тағылымға.

Арқада сандыбайдың ердені өткен, Баланған бір басының бағы мыңға. үш жүзге сауын айтып, ерден батыр, сарыарқаның сән құрған сауырында. Ас беріп жылдығына сандыбайдың, Ат шаптырған ереймен бауырында. Ас – деген аттыныкі дегендейін, ойдан, қырдан қазақтар ағылуда.

үш жүзден келген барлық дүлдүлдердің, мойнында тұмарлары тағылуда.

Аламанның ақ шаңы көрінгенде, Бәйге күткен бапкерлер сабылуда. сол кезде мынадай бір жәйт болыпты, ол да мысал болады мән ұғуға –

ерденнің көк байталы бірінші кеп, үш жүзге тұлпар болып танылуда. Құттықтаған қазақтар қаумалап кеп, ерденге екі бастан жағынуда.

Жанарынан жас бүркіп сонда ерден, түсініксіз түсіпті қамығуға.

оқиға болған кезде бесін еді, ерденнің өзгеріпті хош реңі.

Бұл жайды түсінбеген басқа халық:

«Басқа неге тепті, – депті, - несібені?» Жүрегі қан жылаған қасіреттің, Жұмбағын ерден былай шешіп еді:

«уа, халқым, сандыбай – менің әкем, Бір жыл бұрын бақиға көшіп еді.

үш жүзге сауын айтып ас бергіздім, өйткені, барлық қазақ досым еді. сол асқа қарақұрым жұрт жиналып, менің мынау мейірім өсіп еді.

Ақындарын әкеліп айтыстырып, Аттарын аламанға қосып еді. ұлы жүздің немесе кіші жүздің, Аты келсе деп көңілім тосып еді. Бірақ менің байталым келгендігі, Көңілімді су сепкендей өшіреді.

Әкемнің даңқы алысқа кетпей қалды-ау, Астан күткен арманым осы ма еді?

Бәйгені өзім тігіп, өзім алсам,

Бұл жайды аруақ қалай кешіреді?» – деп ерден көзінен жас парлатыпты, сол әңгіме түсіп тұр есіме енді.

ең алғаш мен айтысқа шыққанымда, тұсауымды осы мэлс кесіп еді. махамбетке арналған бұл айтыстың, Бәйгесі мәртебесін өсіреді.

сол ердендей ірілік таныта алсаң, реті келіп-ақ тұр осы жолы.

Мэлс:

Қара өлеңді ақтарсам, Қаймағын одан, ағайын,

Қалқып алған жақсы ғой. Ағайыныңның алдында, өлеңіңді төкпелеп, Аңқып алған жақсы ғой. Шабыт келіп отырса, Шалқып алған жақсы ғой. ерден жайлы аңыздың, Айтып өттің сұлбасын, Аталардың артында, нарқы қалған жақсы ғой. Аңызбен басты қатырмай, Бос сөзіңді сапырмай, Қолдан келсе бәйгені, тартып алған жақсы ғой.

Аз сөз – алтын, көп – күміс, Айналайын, дәулетжан,

Аз сөзіңнен айырып, Қатық алған жоқсың ғой. исатай мен махамбет, Кенесары, наурызбай, заманынан сөз қозғап, Шабытыңды дегенмен Шақыра алған жақсы ғой. енді біздер тұрмасақ, мына ағайын өкпелер, сахнаны бір өзің,

сатып алған жоқсың ғой.

Дәулеткерей:

мэлс-ау, неге маған бөтен дейсің, Жай кезде інім дейсің, көкем дейсің. Ағайынның алдына келген кезде, өзің жақсы сезімді сетерлейсің. дәулетті іске алғысыз қылып тастап, Жалғыз өзің шауып-ақ өтердейсің.

Бұл бәйгені алмасаң осы жолы, Атқа мініп, аттандап кетердейсің.

мұныңды, мэлс аға, жақсы дейін, Әзілге ағам менің тапшы дейін. інің де ілгеріге басып келед,

демесең бір өзіңіз «жатшы кейін». сатып алған жоқпын ғой сахнаны, сен дағы тізгініңді тартшы дейін. мэлс аға, тұра-тұр қоштасайын, Алдыменен еліме бақ тілейін.

2003 жыл.

МЭЛС ПЕН АЙБЕК

Мэлс:

Бәрі де өлең болса мен көргеннің, мен онда бақыттымын деумен келдім. Алтай бесік, Атырау несіп болған, Атамдай атанға жүк өңгергенмін.

маңғыстау майлы қиян жақтан шығып, Каспийдің толқынында тербелгенмін. оралға оқу іздеп келгенімде, Жайықтай жайлы қиян ел көргенмін.

Алақанға қондырып ақын қылып, Балапанға бірі еді жем бергеннің. тілеужанов мәтжанның арқасында, тіл менен әдебиетті меңгергенмін. тұрсынбек Кәкішовке шәкірт болып, ғылымнан алуан тарау жөн көргенмін. махамбет өтемісов атындағы, университетімнен жол көргенмін.

Айтыстың айдынына шыққандардың, Желкенін көтеруге жел бергенмін. студенттер бұртиып жүрмесін деп, Бағасын қойып беріп дем бергенмін. ей, Ассалаумағалайкүм,ағайындар, Көтерген көк байрағын көргенді елдің. елбасының елге айтқан жолдауына, сіздерсіз бірі көңіл бөлгендердің.

Айтыс деген мәдени мұрамыз деп, Алшаңдап ақ сарайға енгендердің. Көңілі тау суындай тасып қойсын, Біздерде қалмаймыз деп ергендердің. Ақындар да аянып қалмайды ғой,

сенімін ақтау үшін сенгендердің. Алматым – жәннатым деп келіп тұрмын, Көмбесін ашайын деп көрген жердің.

Алдына ақ жамбыны тастадындар, садағын сайлап жатқан мергендердің. Айбекжан, бірі едің ғой айтыстағы, сөзден алтын айырған зергерлердің. Астана байтағыңыз аман шығар, Көңілін тойдыратын көргендердің.

Келінмен қоса ағарып қызығын көр, Бауырыңнан балпаңдап өргендердің. Қорғансаң, Қазақстан, қалқанымын, сермесең семсер болып сермелгенмін. таразыға тартқанда қарамайсың, Қабағына әрине, кем келгеннің.

Ағайын, жеңіс күні құтты болсын, өзіңдей жығылмаған өр кеудеңнің. осынау ұлы мейрам ашып берген, есігін ендіктер мен белдеулердің.

үкіметің жағдайын жасаса екен, Қабырғадан қан кешіп келгендердің. Ақындардың аузымен дастан болып, тірілу үшін қайта өлгендердің.

Шығыстың қос шынары деп атаған, мен батыр қыздарыңды төрден көрдім. Ақтөбе, Қобда ата мекенің ғой,

Әлия еркелеген елден келдім. оралдан орамалы желбіреген,

Хиуаз, мәншүк туған жерден келдім. Айбекжан, армысыңыз, айналайын, осы ғой шабыт туы желденген күн. Айтыс деген майданы ақындардың, ендеше жолын берсін жеңгендердің. Әруағы бір аунап жатқан шығар, Біздерге Берлинді алып бергендердің.

Айбек:

Ау, мәке, батыстағы дүр ме екенсің? Ағам боп құйылатын жыр ма екенсің?

мәтжандай ағамыздан үлгі алсаң, соңына ұстазыңның құрмет ерсін. Батыстан кеп қалдым деп айтып жатсың, Бабалардан сақталған сыр ме екенсің? махамбет оқу орнынан келдім дедің,

Жарқылдар махамбеттей жыр ма екенсің? өмірбаяныңнан мэлс-ау бастадың ғой,

«отанға» кірейін дер жүр ма екенсің?!

Біссмілла, сөз бастадым Алла қалап, Арманың азат атқан таңға аманат.

Алдыңа ақындарың тағы шықты, Айтыстың шаршы алаңын шаңға қамап. Ал мәке, айтысымыз айтыс болсын, телефонмен өлшенбей бар қанағат.

Айтыста пұл сөйлемей тіл сөйлесін, Ақ сөзім Алла алдында арға аманат. Атырау, Алтай, Арқа аманбысың?

Жетісу жерұйығың жанға жәннат. Ассалаумағалайкүм, рахматулла, Алты алаштың ардағы ар ма, қазақ! Қағбаға тәуіп еткен мұхамметтей, Бас идім құзырыңа арда қазақ, Ассалаумағалайкүм, мэлс аға, сыйлайтын ағам едің арға балап. өнеріңді өр тұтқан өрен едім, сілтеген соңыңа еріп, таңға қанат.

Ат-көлігің аман-сау кеп жеттің бе? Аман ба, батыстағы бар жамағат?

Ақ жүзін қаймақ жағып, сүтпен жуған Аман ба, ақ жеңешем ғап-ғаламат? маңғыстауда алып ем ақ батасын, Әжеміз шауып жүр ме, сау-саламат? Ата-анаңның қолынан дәм татып ем, Аман ба, нұрлан досым сар домалақ. светқали, сабыр, Қалбай ағам қалай? Бітіретін жырлары жанға қанат. өзіңізбен айтысу маған бақыт, Біткендей несібеме барға қанат.

Кейінгі кей ініні түсінбеймін, Ағаларын кететін жарға қамап. Ағалықтың ақ жолын көрсете алсаң, Кетпеспін жар жағалап, жан жаралап.

той-тойлап оңтүстігі, терістігі. мамырда мамыражай жер ұсқыны. Ақсақалды аталар, ақсамайлы, Апалар құтты болсын «Жеңіс күні!» Шаңырағың шаттықтан тербелсінші, Кеңейіп керегеңнің кеңістігі.

Жеңіс күні мэлспен жолығыппын, Көтеріліп жүрмесін тек ыстығы. мэлс ұғып жүрмесін теріс мұны, Жеңіс күні емес қой, мэлс күні.

Ал аға, айтысқан соң менімен кеп, салиқалы сөз айтқын жөнімен дөп. менменсіп бұл ініңді менсінбесең, мәншүк боп пулеметтен төгілем кеп. Әлия мен төлеген атқан оқтай, Автоматтай алдыңда себілем кеп.

Жау дзотын жабатын кеудесімен, сұлтандай кеуде тосып керілем кеп. немістің «тигр» дейтін танкісіндей, Жер сүзіп жүрмегейсің тебінем деп. Қасым атам «тілге» алған неміс құсап, соңымнан салпақтама, желігем деп.

Бойымда Бауыржанның қайраты бар, мен бүгін айта алмаймын шегінем деп. Бақтыораздай қайтпаспын қасарыссам, Бұл жерге келгенім жоқ жеңілем деп.

Жеңіс туын қадайын Алматыға, рахымжан Қошқарбаевтың елінен кеп.

Мэлс:

Жырменен кызық дәурен сүргіздің бе? Айбек-ау, тағы тілді тигіздің бе?

Аспаны Алашымның аман болса, Шықпайды деп кім айтар жұлдыз күнде. өлеңге қосып айтсам өмірімді,

сен оған құлағынды түргіздің де. маңғыстаудан бастадың адамдарды, сен қадір-қасиетін білгіздің бе? мен айтсам өзімді айтып отыр едім, Бір адамды сен жұртқа күлгіздің бе? елу шақты адамның атын айтып, оларды да «отанға» кіргіздің бе?

Жеңіспен тапқаннан соң халқы бақыт, Акындар жырлайды екен арқыратып. Қосымбайдың төрт ұлы болған екен, Бүркіттей ұшыратын аңсыратып, өзенбай, сазанбай мен нәрені бар, Азулы жыр төгетін сарқыратып.

үш ұлы қан майданның қақ төрінде, Көрмепті жағаласта жау шыдатып. үшеуінен біреуі тірі келіп,

Жүріпті, жанарынан жалын атып. Бір аяқты германға бердім дейтін, Папамыз келгендерге хал сұрасып. төртеуінен екеуі тірі қалып, Көрмепті бір-біріне артық айтып. өзенбай бабам менің Ази әкем, үйреткен сөз садағын тартып атып. Көргендерін бабамыз әңгімелеп, ордендерін тағатын жарқыратып.

мен де сол шалдарымның шамасы едім, өлеңмен тарқатқандай дала шерін. тарихқа жазам сенің есімінді,

маған да үмітпенен қарашы елім. Алтыға келгенімше арқалаған, Әжемнің мен бір кетпен қарасы едім. отырған үнімді естіп маңғыстаудан, Бассыншы сағынышпен ана шөлін. мен сондай екі кемпір, екі шалдың. Құдайдан сұрап алған баласы едім.

сағағы сарқыт туған сана қыспай, Жыр көшіп, жүректерге әлі ауысқай. үмітіңнің жібіндей үзілмейтін, тағдырың ширатылды тарамыстай.

үш ананың баласы басын қосты, Ақарыс, Жанарыспен Бекарыстай Жер түгіл аспаның да өзіңдікі, Қанатын күнге малып қазақ ұшқай. Жаһандасу дейтұғын жарғы шықты. салғаннан бара жатқан сананы ыстай. Қазақтық қасиетін сақтаса екен, Азаттық алған елім аза құшпай.

Айбек, сен ақындардың біреуі едің, Қаттаса қараймайтын қазан ыстай. нөкерлерім бірдеме деп қалар деп, отырсың жан-жағыңа қарағыштай. екінші айналымынан өтем бе деп, ерініңді бересің жалағыштай.

Құлынында жарысқан құнандармен, сен едің бауырынан жарағыш тай. тұйғындай тұғырыңды теуіп тұрсаң, мен қалай қасыңызда қалам ұшпай. Шеңгеліңе бірдеңе ілінсін де, Әйтеуір, далбалаңдап далаға ұшпай. мен сені бала кезден білуші едім, Жібектен бау тағылған бала құстай. Көз алдымда қанатың қатаюда,

Бала құстай ақынның бәрі алыстай. Артық кетсең алдыма жалп етесің, Қанатына оқ тиген қара құстай.

Айбек:

мэлс ағам мені ақынға баласа еді, Жекпе-жек қарсылас деп санаса еді. мэлстің шежіресін тындап болсаң, Айбектің жыры айтылсын жаңа тегі. екі шал, екі кемпір сұрап алған, тірлігі бұл мэлстің тамаша еді.

Аталары отан соғыс ардагері, мэлстер жолын қуса жарар еді. ұятқа қалдырмай сол аталарды, Әскерге барып келсе тамаша еді.

мэлс-ау, қатты кетсең жаңыласың, мұнайыңмен жеңерсің саны басым. дауыссыз-ақ мэлстің бітірейін, мен бүгін жекпе-жекте шаруасын. Алаштың сөзін сөйлер ақ тұйғынды, Қара құс, мара құс деп не қыласың.

Байқаймын қатты айтатын шырайың бар, Әрине бұл айтыста сен жеңесің, сүйенген артыңызда мұнайың бар.

Жалғыздық жары құдай демейді ме, Жаратқан бола берсін лайым жар. мұнайыңнан қорқатын мен емеспін, сыйынған жалғыз Алла құдайым бар.

Қара өлең қазағымның қарт өлеңі, Бабамның мұра болған салт өнері. Кешегі дулаттардың зар заманы, Бүгінде де кезіп жүр ғой әр төбені. зиялылар ала ауыз, бірлігі жоқ, Қазақтың құлазып тұр мәрт өнері. тілімнің де тірлігі ділгір қазір, Берсек те мемлекеттік мәртебені. дініміз де құлашын жаза алмай тұр, табылып секталардың бар керегі.

мешіттің тамыр тартпай бәйтерегі, Шіркеудің көгеріп тұр тал-терегі. Бұл қазақ зарлаудан бір арылмады,

Аузыңды ашсаң қолқаңды шаң көмеді. Көсеп-көсеп жіберсең көмейінен, запыран құсып заманым зар төгеді.

Бұл мэлс өкпелейді-ау бұл кім десем. Алауыз, бірлігің жоқ тындың десем. ру-руға бөлініп, ыру-дыру, зиялыңның әрқайсысы бір-бір көсем. үш жүзі бар, қожасы, төресі бар,

Бір күн үшеу болғанда, бір күн бесеу. осындай рушылдықты тыймасақ біз, Жас ұрпаққа болмай ма үлгің мешеу. Баспасөздің бетінде дау қаптады,

Жарасады бұл жайды қырғын десем. Бірінің бірі артын түртпектеген,

Әр қазақтың қолында бір-бір көсеу.

Ал мәке, қадіріміз қиын боп тұр, Әр ру өзінше бір ұйым боп тұр.

Ауылдастың тайы озсын дегеннен де, Аталас озсын деген ұғым боп тұр.

Жүзге бөлінгендердің жүзі күймей, трайбализм ауруы дүрілдеп тұр.

Беу, қазақ, үр ит, соқ деп айдап салып, Құлақтан шайтанымыз күбірлеп түр. осы дерт айтысқа да араласып, Айтатын ақиқатқа қырын кеп тұр.

Қазақ деген бір ұлтты біріктіру,

Жүз ұлтты басқарудан қиын боп тұр.

осыны ойлап ініңіз алаңдады, Шерменде шерлі шабыт шабандады. сырттан келіп ешқандай жау алмайды, Біріксең қалаңдағы, далаңдағы.

Бірлігіңнен айрылма, қайран қазақ, түйсігіңді оятып санаңдағы.

Алты бақан, ала ауыз бола берсең, Қор ұлтқа айналасың табандағы. мерезді бойыңыздан сылып тастап, тазарсын күншілдіктің арам қаны. тозған қазды топтанған қарға жейді, Араздықты қой енді араңдағы. светқали ағамның бір сөзі бар, сезімімді серпілтер санамдағы.

Қазақ деген бір елге айналғанда, ұлы елге айналады ғаламдағы.

Мэлс:

Айбек-ау, тап болғасын борасынға, Әліңше қиырларды шоласың да.

Айқассаң неге дұрыс айқаспайсың, сен бүгін ісіп-кеуіп толасың да.

Бір теңеуді айтқанға бір сөз айтып, Жатпайды деп айтасың ол асылға.

үстіңе ақ шапанды кигендіктен, Әрине ақ тұйғын боп шоласың да. Ал ертең қара шапан киіп алсаң, сен сонда қара тұйғын боласың ба?

сен елге ақын болсаң көпірсің ғой, демеспін сөз білмейтін дөкірсің ғой. ырыстай ынтымағы бұзылмайтын, Қылыштай жетесінен жетілсін ой.

Жүзге бөліп жатқан мұнда кім бар сені, Біздерді қаратпайтын бетіңсің ғой.

сен жұрттың жан жарасын қаси берме, Әрине әуелі Алла кешірсін ғой.

Қайдағы-жайдағыны еске салып. сен өзің жүзге бөліп отырсың ғой.

танкімен жан біткенді жаныштаған, ол күндер бірте-бірте алыстаған.

Аспанда аждаһамен айқасатын, талғатың қаршығадай қарыштаған. Қажымұқан сайып қыран самолеттің, тағдырын бір қазаққа табыстаған.

Алақан жайып атақ сұрамаған,

Бар ма екен Бауыржаннан намысты адам? ей, исатай сүйеубаев маңғыстаудан, отан үшін от кешіп алыстаған.

Көңілін көрерменнің бүтіндейін, сыңғырлап сынық қоңырау жарытпаған. Жалынды сөзбен жауды жайрататын, Біздің ақын-жазушы қалыспаған.

Ақынның ағасы бар, Асқар ағам, мұнай бер деп қаламын тағы ұстаған. Кавказ бен Карелия арасында,

үн қосқан сарбаздарға салып таған. Әзілхан нұршайықов Баукең жайлы, Аңыз бен ақиқатты анықтаған. ғасырдың көзін көрген дихан бабам, Ананың аманатын сақ ұстаған.

Жұбанның «Кекті жүрек» деп жазғаны, снаряд болып жауды жаныштаған.

Шығыстың ұлдарына хат жазатын,

Бұлқышов Баубек деген барыс балаң. Құланбай Көпішовтің очеркінде, Қырандай сағат ұшып қалықтаған. мұзафар, сағынғали сардарларың, еңсесін бұрынғыдай тік ұстаған.

Жеңешемнің жеткізген сәлеміндей, Әбудің «Ақша бұлты» қалықтаған. майданда жырдың туын желбіретіп, Қасым Аманжоловтай нар ұстаған. туғызған батырлар мен ақындарды, мен қаһарман қазақпын қайыспаған.

Айбек:

Ақынға жарасады білікті екпін, мэлс аға тепкішекті біліп тепкін. Айтып жатқан ойыңды айдалаға,

Байқаймын онды-солды бұрып кеттің. Айтып отқан түсінбей сөз астарын, таныта алмай отырсың дұрыс екпін. Жастардың тіліменен айтқан кезде, сөзді бұрып айдалаға қуып кеттің.

соғыста ардагерді айтады ағай, сонда да ақ шапанды байқады ағай. Ардагерлер жасаған ерлік дедің, Асты-үстін шолып аға, жай шалағай. оданда ала алмаған пенсияны айт, отан соғыс тарихын қайталамай.

озған ғой түркіміздің бірлігі жыр, Шаңырағы көк аспан, түндігі күн. сол түркінің бүгінде ұрпағы азып, Шайтанатқа айналды жүнді-жыбыр. опа таппай жалғанның базарынан, оңалмады-ау қазақтың тірлігі бір. еліме қаңғып келген келімсектің,

Ақ таңы атып, көгінен күн күліп жүр. Батыс жақтың каңсығы таңсық болып, Айрандай ұйыған елді бүлдіріп жүр. Жастарымыз наркоман шұбырынды, Алқакөл сұлама боп, жын қуып жүр.

тас құдайға табынған шоқындылар, исламның діңгегін сындырып жүр. мұнай, темір пайдалы қазбалардың, Қайда кетіп жатқанын кім біліп жүр? Жерімнің астын сатып, үстін сатып, үкімет жігерімді құм қылып жүр.

Шет елде не бір талай Бейбарыстар, Көкелеп елін аңсап шыңғырып жүр. Аты бар да заты жоқ қазақ тілі, орыс тілдің қолына су құйып жүр. Ал біздің ел басқарған азаматтар,

Ағылшынша үйрен деп күлдіріп жүр. сайқал қоғам сорпасын сорға төккен, Қазақтың қасіретпен кіндігі бір.

ұлықтар думан қуып есіріп жүр, Көрпені кеңге салып көсіліп жүр.

Жер сатқан, жетім сатқан шенеуніктер, Қазақтың қай мерейін өсіріп жүр?

Ал енді елді ойлайтын еңселі ерлер, тар қапас абақтыда өкініп жүр.

Халықтың қазынасын қымқырғандар, Күмпиіп, ықылық атып кекіріп жүр. Қызметте бюрократ ағаларым, демократ атанып лепіріп жүр.

Бір-бірден партиясын құрып алып, ұшпаққа шығарам деп көпіріп жүр. Біздің кейбір депутат көкек құсап, Партиядан партияға секіріп жүр.

Биліктің тұтқасында отырғандар, Жамбасы креслодан тесіліп жүр. Парламент те әйтеуір қуыршақ қой, Құлқынның қамын ойлап бекініп жүр. елді ойламау түгілі ана тілдің, Жаназасын шығарып өшігіп жүр.

тас маңдай талабы жоқ бұл қазақтың, тағдыры сауналарда шешіліп жүр.

Келіспей қоғамыңның бас терілері, Жылбыс қылық танытты жас перілері.

мәңгүрттік мекеніне апарады, тоңмойын топастықтың тас керуені. сайлаудың да науқаны жақындады, үміткерлер ал, енді, шаш теңгені. тағы да қалталылар сайланады, сценарийдің табылса сәтті өрнегі. елдің мұңын тыңдайтын ешқайсы жоқ, Ауыз ашсам тұрады тап бергелі.

Біздің қоғам – осындай сазбет қоғам. Қазақ деген ұғымды жат көреді.

Цементпен гримделген бетон беттер, саяси сахнаңның актерлері.

не деген біздің қоғам сор басты еді, сор қазақпен мәңгілік жолдас па еді? Электронды әділ сайлау өтед дейміз, оған да бақыт құсы қонбас тегі. мөлдір жәшік қоямыз деп жатырмыз. ол жәшік те алғысқа толмас тегі. сайқалдықты меңгерген сұм саясат, оған да араласпай қоймас тегі.

Айтыстағы телефон дауысындай, Жершілдік, жікшілдікті жоймас тегі. тарихта әділ сайлау болған емес, Байқаймын әлі де сол болмас тегі.

Әйтпесе болыс болып Абай атам, Шоқандар аға сұлтан болмас па еді!?

Мэлс:

Көңілін қайтейін деп басып көптің, Ау, Айбек, алдымызда тасып кеттің. Бірімізді біріміз түсінбесек, Қайтеміз абыройын шашып көптің. сен маған қуасың ғой деп айтасың, Жүргендей арасында тасып көптің. сауалына жауабын қайтарайын, Айтады әңгімені ашық деп кім?

Ар жағын өзің ойлап біле берші, сен қуып отырғасын қашып кеттім.

Айналайын, Айбегім, сөзден бүгін үйіріп, Жыр шоқпарын иіріп, Көрінесің сапалы-ай. мәтел таба аласың, дәлелдейтін мақал-ай. ұрттап қойып кеседен, Қалың жауға қаһар-ай. сахнада батырсың,

дей алмаспын жапал-ай. Актер дейсің саяси, оны жазып мақал-ай.

Актерлерді Айбекжан, Ана менен атаға айт. Батыр болсаң, аттарын, ел алдында атап айт.

Ағайын мына айтысты, Көретұғын қызық дер. Жұртқа өлең ұсынған, Жырдың өзін жүзік дер. Шын қаһарман болсаң сен, саясаттың қамалын,

Қас батырдай бұзып бер. рахымжанның ұрпағы. Шекарасын шындықтың, Шебер тілмен сызып бер. өзің айтқан актердің, мұрынынан жетелеп, тізімдерін жазып бер?!

Айбек:

Байқасам, бұл мэлстің айласын-ай,

сөз айтып жақындайды, жай қасыңа-ай. саяси актерлерді тізіп берсем,

Бұл халық қалағанын сайласын-ай. Ал мэлс, сұрағыңа жауап берем, Құлақ түріп тыңдасаң жайғасып-ай. Бірақ та ана жаққа кетіп жатсам, Бірге менімен көтергін пайдасын-ай.

сезінсе саясаттан жатып ызғар, Алмайды қазақ деген атымыз нәр. Қарқарадай қарт Бұхар болмасақ та, дабыра ақын деген атымыз бар. тікелей эфиріңді пайдаланып,

үш ауыз ханға айтатын датымыз бар. Алланың да алдында, заңыңның да, үш ауыз дат айтуға хақымыз бар. замананың зарлы үнін ханға айтуға, Ақиқатын ашатын дәтіміз бар. датымыз шекпендіге ұнамаса,

міне бас, асыңыздар, атыңыздар.

датымның біріншісі – тілім жайлы, ислам ілім тұтқан дінім жайлы. орысша, ағылшынша сөйле деген, Бүгінгі тірліктегі ұғым жайлы.

тіл өшсе күні қоса өшетінін, Шенеуніктер неліктен ұғынбайды. Парламентте осыны ашып айтпай, Бостан-босқа бас изеп шыбындайды. Күні ертең ғаламдасу басталғанда, тілің өлсе болмай ма күнің қайғы.

Бір намазды бес қазақ бес түрлі оқып, дінімнің де жағдайы бүгін қайғы.

«Колорадо қоңызындай» миссионерлер, елімде сайран салып жымыңдайды. осыны заң жүзінде тоқтатпасақ, сектадан секта туып құлындайды. үйте берсек бар қазақ шоқынды боп, тас құдайдың жанында қыбырлайды. нұраға, тіл мен дінді көтеріңіз,

Қызған темір суыса ұрылмайды. Әйтпесе, сырғып аққан уақыттың, Керуені кері қарай бұрылмайды.

датымның екіншісі – жерім жайлы, Жерім деп еңіреген елім жайлы. өзгенің бодауында кетіп жатқан, Асқар тау, бел мен белес, көлім жайлы.

Жерді сату – елді сату екендігін, ұқпайтын ел басқарған ерім жайлы. тірідей айырылған жер анадан,

тірі жетім атанған шерім жайлы.

Қазақтың жер алатын ақшасы жоқ, Жерге қарық қыламыз келімсекті. нұраға, осы жайлы ойланыңыз, Әйтпесе кешкелі тұр елің қайғы.

Күні ертең жаһандану зұлматында, Болмайды ма бір сүйем жерім қайғы. егініңді себетін жер түгілі,

өлігімді көметін көрім қайғы.

датымның үшіншісі – ауыл жайлы, Ауылда сорлап отқан қауым жайлы.

..............................................................

Жабайы тірлік кешкен бауыр жайлы. үкіметтен ауылдар күдер үзген, Құдайдан басқа ешкімге жалынбайды. екі жыл «Ауыл жылы» дегелі де, Бітірген ісі жоқ, құр дабырлайды.

екі-үш қана ауылды сылап-сипап, Бәрі де жақсы деуден жаңылмайды. өзіңіз аралап бір көрмесеңіз, үкіметтің ауыл деп басы ауырмайды. Жасалған көз бояйтын көріністі,

сіз кеткен соң қайта жинап қабылдайды. нұраға, ауылдарды көтеріңіз,

сонда ғана жанданып арындайды. үш жыл науқан дегенді тоқтатпасак, сорымыз одан сайын қалыңдайды.

«үш жылы» баяғыша «бесжылдық» боп, сорымыз одан сайын қалыңдайды.

Жетпіс жыл орнамаған коммунизм, үш жылдың қырқасынан табылмайды.

Шерлі жыр, шындықты айтсам шешілерсіз. нұр аға, ақиқаттың десі дерсіз.

осы үшеуін тезірек қолға алыңыз, Әйтпесе қапы қалып өкінерсіз. онсыз да балағыңнан тістеуші көп, Күні ертең уақыт өтсе кешігерсіз. Алаштың аспанына бақ қондырған, елдің қамын ойлаған есіл ерсіз.

Қазақты тығырықтан алып шығар, ұлтымның айбары мен сесі де сіз. Ақиқат сізден гөрі жақын маған, Қаттырақ айтып жатсам, кешірерсіз? өз үйі де абақты ойлы адамға, Абақтыдан абақтыға көшірерсіз.

Бес күндік қызығы жоқ бұл жалғаннан, ертерек есімімді өшірерсіз!

мэлс ең ешкімдерден жеңілмеген, еңіреп елім деген, жерім деген. телефонмен дауыс беру басталғалы, өлеңнен де құн кетті өрімделген.

Айтыстарда тіл емес, пұл сөйлеген, Қазақтың әркім айтты төрінде өлең. Айтар болсаң, мэлс аға, осылай айт, ұлтқа жақын шынайы көңілменен. Әйтпесе ерінбеген өлеңшіге,

Шөпте өлең, шөңге менен шөгір де өлең.

Мэлс:

Айбек-ау, ақын болдың анық айтқан, саз қосып домбыраға салып айтқан. мен бірақ саясатты түсінбеймін, осылай ел алдында қалғып айтқан. Фамилиясын айт деп ем датқа кеттің, осы ма шындығыңыз жарып айтқан. Әрине өз өнерің өзіңде ғой,

Аталы сөзді жұртқа тауып айтсаң.

сен құсап сырттан жүріп сыбырламай, датты ханның қасына барып айтқам.

мен деген ойланғанда ормандаймын, Қалайша ел алдында толғанбаймын.

орақтай қызыл тілім қылпылдаса, Жорғадай ел алдында тайпалаймын. Әр ақынның өзіндік мәнері бар,

демессің бізге айтылған сол қандай күн. Жалған намыс не керек сахнада, мысалы жанарыңнан солғандай күн.

Айтар сөзді мен өзім білемін ғой, мен сенің басыңменен ойланбаймын.

Шөптің басын қозғайды, Желкілдетіп жел ессе.

Жел тұрғандай жырласын, өлеңнен дауыл тұрғасын, Ақынның сөзі керек пе?

Айналайын, ағайын, Алдымдағы соны екше. Алқалаған әлеумет, Алдыңа сенің келеді, Азаматтың ішінде,

Ат басындай шөп өссе. Ханның бағы артады, Халықтың қамын жеп өссе. Хан бұрылып қараған

Би бұрылып сұраған Азаматтар тең өссе. мәжілістен мән кетер, сенатыңнан сән кетер, депутат болам, деп өссе. Алла Пугачеваны Алматыға шақырар, Белін буған бектердің, Қорадағы қойы өссе.

Жетіге бөліп тапсырған, Жарнамасын жапсырған,

«тарлан» деген сыйлық бар, екпіні қатты ерекше. сегізінші сыйлық деп, Құдайдан келген бұйрық деп, он балалы анаға,

он мың доллар беретін. Жігіттердің ойы өссе.

иса, мұса, дәуітпен, мұхамметтей пайғамбар, отыз үш мың сахаба, сөзімде қандай жалған бар? ойланып қарап, он екше.

Арландар мен тарландар, сол сыйлықты алғандар. доллардан туған жоқ шығар, Анадан туды емес пе!

Қазағым батыр халықсың, Қабырғадан қан кешіп, толарсақтан саз кешіп, ерлік еткен ерекше.

Қазағым ақын халықсың, Қылыштай тілін қайраған. Ат беріп, атан сайлаған, сүлейлердің сөзі өтсе. тарпаңдығың және бар, Алашқа ақыл салмаса.

Шылбырынан ұстама, Шыңғысханның өзі өтсе. Жалқаулығың және бар, соның бірі өзіммін, Алтын беріп жатса да, тұра алмайтын кезекке. Аңқаулығың және бар, Кәрістерге барасың, орыстардың көзі өтсе.

Бала қылып басқалар, Бауырына басады, Бөлтіріктен бөрі өссе. мысырдың басын игізген, Құсыңның көбін шүйгізген. мәмлүкке дәурен сүргізген, Бейбарыстай ер өссе. оңтүстік Қазақстанда, Қазығұрттай мекен бар.

Кемесін тауға тіреген, нұх пайғамбар өтем бар. Қазығұртта қаз басқан, Қаз басса да аз басқан.

омарқұлдың баласы, сабыр деген шер өссе, Күйеуі қайтыс болғасын, Бахрайым анасы, рахымды ағам деп,

Пана болар маған деп, Қасына көшіп барыпты, зәру болған көмекке. содан кейін сол бала рахымов сабыр боп, Жазылыпты дерекке. ойлап, қара, ағайын, Болашақ генерал

Батыр болар сабыр ғой. өзімсініп өзбектер, Жатың болар сабыр ғой. Құралайдай анамыз, осылай деп сөз етсе. сол Құралай анамыз, Көк базарда теңселіп, Қол жайыпты терекше. сабыр қазақ батыры, сақтау керек ел есте. өзбекке керек батырың, Қазаққа керек емес пе?!

Айбек:

Айбекке назарыңды салмасаңда, Ақындардың айтқанын жалғасанда, мэлс аға, өзіңіз айтқандайын, Жұмақтың бәрі жақсы бармасамда. мэлс ағам қай жақта қыдырып жүр? генерал деп сөзін мен жалғасамда. өзіңіз бен өзіңіз айтыса бермей, Болар еді бізбен бірге самғасаңда.

Айтысып отырған боп көрінейік, Айбек деп айтып қойшы анда-санда.

Жұртымның алғаннан соң нәр батасын, Бүгінде өрлегендей тауға тасың.

Халқымның шапалағы демеу болсын, мұсаның ұстағандай сәнді асасын. үніме қосылады деп отырсам, Ботадай әлтек-тәлтек жар басасың. елдің мұңын қосылып жырлайық та, Қайтеміз бұл жалғанның далбасасын. Біржандай ақиқатты батып айтсам, етекке Поштабайдай жармасасың.

тілімнің тұмар болып тастақ әні, Айыра білейікші ақ-қараны.

Әдебиет, мәдениет, руханият, Бәрі де тілден аға, басталады.

Ағылшынша білмесең қызмет жоқ, деген сөз жайлап кетті Астананы. елбасы да кешегі жолдауында, Қолдады дәл осындай бастаманы. Көре береді екенсің жүре берсең, Биліктің таусылмай тұр «мәссағаны». Ағылшынша білмесең қызмет жоқ, табаныңның айрылады төс тағаны.

Ағылшынша білмесең қой бағасың, Құйрық маймен асырап аш баланы. Қара қазақ мал бағып, арба сүйреп, Шала қазақ еліңді басқарады. социалистік қағиданы қатаң ұстап, Кейбіреу әлі күнге тас қараңғы.

Кеңестің күлі сіңген көсеулерге, Қарап тұр қазағымның қас-қабағы.

тілімнің тағдырынан жаным жүдеп, тәңірім неге сонша тарылды деп, Қазақша білмей тұрып өзге тілде, сайрағанға қайнайды қаным да көп. Ағылшынша сөйлесе мәңгүрт деудің, орнына қолпаштаймыз дарынды деп. үкімет шетел жаққа шықса-дағы, Ағылшынша тілін бұрайды танымды боп. Қазақты қай ұшпаққа шығарады.

Қазақ тілін білмейтін полиглот.

мемлекеттік тіл деген желеу екен, Қазақ тіл өз елінде неге бөтен?

Басқа түгіл біздің шала қазақтардың, үйренгісі келмеуі неден екен?

Күні ертең ажал жетсе сол мәңгүрттер, иманын қай тілде айтып өледі екен?

Атам қазақ таяқты аюға да, намазды үйретеді деген екен.

мәңгүрттерге қамшымен тіл үйретсек, осыған мойынсұнып көне ме екен.

Бабамыз тілі шықпаған жас балаға, итаяққа су құйып береді екен.

Бізге де парламенттен бастап енді, итаяқтан су ішкізу керек екен.

Қозғайтын жақын түгіл жатымызды, сөздерінде нәрлі ойлар жатыр ізгі.

түнгі клубқа «Қыз Жібек» деп ат қойыпсыз. Бұдан алып қашпассыз басыңызды.

Қыз Жібектің ары үшін күйінемін, Әйтпесе, андымаймын табыңызды. Азат күнде осындай масқараға, неліктен жібердіңіз ақыңызды?

Кешегі кеңестің кер заманында, Қисынсыз есім таптап қақымызды. Колхозбай совхозбаймен, мэлс, марлен, сиязбектер қаптады құжатымызды.

Ал, махамбет, осыған не қыл дейсің? Келтірді сұрауыма құдай ізгі. махамбет дегеніме өкпелеме, Атағым келмей отыр атыңызды.

Мэлс:

Жыр теңізін сапырсам, Шабатымды шақырсам, Бүкіл қазақ жүретін, Біраз жерге барармын. Жайып салып жанымды, Қоздыратын қанымды,

Алдарыңда аңқылдап, Біраз жерге барармын. махамбет деп сен мені, өсірдің бе, бұл қалай, өшірдің бе, бұл қалай? естіп қалды құлағым. Әуелден жазған мандайға, Жыр құйылған таңдайға, мэлс деген атпен де

Біраз жерге барармын.

Қызыл тілім жосыла, өлеңімді заулатшы. Айтқанға түсінбегеннің Атынан түсіре аунатшы. Көрерменнің көңілін, Жауһар сөзге жаулатшы. сен де Айбек мен құсап, Ағайынды бауратшы.

Бұл майданға түспесін, отырайық сәл жақсы. енді ағаң құйыла Әуеніне салмақшы.

Күлдір-күлдір кісінетіп, Күрең тайдың ішінен, Бұрылғанын алмақшы. сирағынан сілкілеп, Бөлтіріктің апанға, тығылғанын алмақшы. Қанды ауыз жебенің Құрылғанын алмақшы. сөзбенен шарпып айтысқан, тарихында тартысқан.

Бұрынғы өткен атаның ырымдарын алмақшы. Әжесінің жолына сары майдай сақтаған,

Балқаймақтай баптаған, Қуырғанын алмақшы.

тәуелсіздік алған соң, тәй-тәй басқан баланың туылғанын алмақшы. сыйынғаны пір Бекет, Бұйырғанын алмақшы. осылай деп жыр төксем, Айбек қалай қалмақшы, Қасыңа келіп сұлу қыз, Шай құйып беріп отырса, он саусақты жүгіртіп, олай бұлай ойнатшы.

Бізде де сондай қарындас, тегі бөлек сол жақсы.

екі сағат жетпейтін, Қасыңнан ұзап кетпейтін, Шай құятын қыздардың зырылдағын алмақшы.

Бәрін айт та бірін айт, тыпырлатып Айбектің тығындарын алмақшы.

Айбек:

өзіңше өз шамаңды шамалайсың, несіне бұл ініңді табалайсың? мұстафа ағамыздың анасы отыр, сән беріп ортамызда данадай шын. мейіріңнен айналдым қайран ана, Құшағыңа енермін балаңдай шын. мэлс болса толғауын тағы айтты. неліктен ана жаққа қарамайсың?

Пір Бекет сенің де атаң, менің де атам, меншіктеп өзің ғана даралайсың.

Жұдырықтай Айбекпен айтыстым деп, Аруақтарды несіне мазалайсың?

Атыңыз оғаш екен мэлс деген. ұлтымның ұғымымен келіспеген. Атаңыздың еш қандай шатысы жоқ, орыс, еврей, грузин, неміспенен.

Әз басыңа онан да алмайсың ба?

Адайды есім қылып Берішпенен. төрт кәпірдің бас әрпін арқалатып, Атыңды қойған екен теріс неден? оларың мэлс аға, қазақпенен, Байқасақ ештеңе алып беріспеген. соңғы екеуі қазақты қойша қырып, Бабалардың моласын тегістеген. солардың зардабынан өзің айтшы у бар ма сен ішпеген, мен ішпеген? өзгерді ауыл, көше аттары да, осылай түзеледі кеміс деген. махамбет деп атыңды өзгертейік, тірліктен қапы қалмай ел істеген.

төрт коммунист өкпелер деп жүрсің бе? тумысында жеті атаң көріспеген.

мэлс деп есіміңді ту еткенсіз, Көңілін коммунистің гүл еткенсіз. Барлық ауыл, қалада ескерткіш боп,

Қол шошайтып тұрушы еді гүр еткен күш! иншалла, азаттықты алғаннан соң.

Қалмады соларыңнан бір ескерткіш. Кешегі социализм заманынан, сақталған сіз ғанасыз ірі ескерткіш. маркс, Энгельс, ленин, сталинге, мәңгілікке қойылған тірі ескерткіш.

Мэлс:

Айбектер өлең айтса өндіргендей, сөзіне қалың елді сендіргендей. Костюмді қара жігіт не деп кетті? өзіңді келісімге көндіргендей. екеуі ана жаққа аттанады,

Көңілін көрерменнің бөлдіргендей. Қайтейін атам қойған атымызды, Айтыста талай мені жеңдіргендей.

сен менің қамымды ойлап не қыласың, Басыма қара бұлтты төндіргендей.

Айбекжан, басымызды ауырттың ғой.

төрт кәпірді арқалап сен жүргендей. Жүргесін тұғырыңа қонып көптен, Көрермен отырыңдар болып көппен. мына бір дауыс беру қызық болды-ау, Көрсеңші қыздарды да өріп кеткен.

Костюмді ана жігіт жүгіреді, түскендей өз-өзіне сеніп көктен. Жұрттың бәрін екеуміз дүрліктірдік, Біз бе екен бұл айтысты ерікті еткен. Әрине, мэлс деген атымыз бар,

мен-дағы түскен жоқпын келіп көктен. Әңгіме атымда емес затымда ғой, Құдайым өлең жырды беріп төккен.

Әй, төрт кәпір деп несіне айта бердің, Жүргендей соның бәрін көріп көптен. Айбекжан, мен мұсылман болғаннан соң, төртеуі де мұсылман болып кеткен.

дәстүрін даламыздың жатқа білген, мақтансаң ұлтын сүйген мақтан ұлмен. Кешегі менің батыр бабаларым,

тұлпар мініп, ту алып топқа кірген. ерлігі білекте емес жүректе еді, ойланбай отан үшін отқа кірген.

Аспаннан түскен бізге төрт кітап бар, Айтайын білгенімді ақ көңілден. мен оларды ғылымның жүйесі деп,

сол кезден тұрғызғанмын сапқа бірден. түркілердің көз салсаң тарихында, Жасампаз кезеңдерін жаттадым мен.

ескендір зұлхарнайын беті қайтқан, Жолығып сыр бойында сақтарыммен. теңдік бар жерде ғана елдік бар деп, Күлтегін күмбірлеген асқақ үнмен.

Алтын тақты ұсынған ағасына, Білгені көтерем деп шаш бауымен. найзасында намыстың оты жанған, тоныкөк табысқандай жас қауыммен. Қарасор түрік дейтін қағанды айтқан,

Фердауси «Шахнамада» басқа күймен. сен алып ер тоңғаны білесің ғой, Шабыттың көтергендей шашбауын мен. Құмғу алғаш билеген тұман екен,

ел болып баталасқан басқа ауылмен. тұманның үлкен ұлы мөде дейді, Белге берен, білекке шоқпар ілген.

Астына тақ, басына бақ қонғасын, Көкжалда еңірепті көкпар ілген. дүнху моңғол, Хунну біз болғанда, сақтармен туысқандық сапта жүрген. Хуннулардан дунхулар жер сұрапты, мөде хан ала қой деп, тақта күлген. содан соң сұрап сұлу келіншегін, оданда ұсыныпты жатқа бірден. үшінші келіп одан жер сұрапты, тағаның айналыпты тасқа бірден. ұрпақтың несібесін бермеймін деп, Аспанға бір қарғытып атқа мінген.

Айбекжан, сөйлемейсің аруақтанбай, сөзіңде сары алтындай салмақ қандай? сенің де дауысыңды санап жатыр, Кетпесін деп білейік құр мақтанбай.

Ал енді саған бердік сөз кезегін, өлеңнен жасын ұстап жайды атқандай. Қашанғы сіз отыра бересіңіз,

Кремльді күзеткен солдаттардай.

Айбек:

Айтысқа қалай, аға, жағымды едің, Байқаймын әдебиеттен тәлімді едің. ежелгі әдебиеттен сабақ берем, ондайды үйретпегін жаным менің. Баңқу-маңқу бірдеме айтыңыз ғой, малыңды сен іздедің бе, неғыл дедің?

мэлс деп атыңызды шақ қойғандай, сөз айтайық халайық лап қойғандай.

затыңызға атыңыз сай келмейді, тұлпарға есекбай деп ат қойғандай.

Ағасы қатты болды-ау кесіміңіз, Аға боп алдан самал есіліңіз.

тілектес болғаннан соң айтқаным ғой, Жаныңа қатты тисе кешіріңіз. ініңіздің ілтипат тілегі бұл,

ініңе жабылмасын есігіңіз. махамбеттен неліктен қашқақтайсың, ұқсайды, байқап тұрсам пошымыңыз. Жоқ, әлде, Фурмановтың көшесіндей, иесін күтіп жүрме есіміңіз?

ініңе байқап тұрмын кең болдың ғой, өзімнен дей алмаймын кем болдың ғой. төрт кәпірді мұсылман қылдым дейсің, осы жерден ағасы жем болдың ғой.

Көрге барып исламға қабылдайтын, мэлс «суперпайғамбар» сен болдың ғой.

Мэлс:

Жыр төгіп отырғасын байтақ елге, Көрейік сары уыздай шайқап елге. несіне қазығыңды айналасың, Алдыңнан керілгендей қайта керме. сөз қылдың пайғамбардың есімін де, оныңды отыр мына байқап ел де.

Қасиетті есімге «супер» қосып, Шайтанның әңгімесін айта берме?!

Көп жайдың баян қылып бетін ашсам, Ағайын сөйлеп кетсек кешір, астам. тисе терек, тимесе бұтаққа деп,

Бос сөздң біздер үшін несі мақтан. ертісім ер мінезді күркіреген, есілім қыз мінезді есіп аққан.

Баяғы аталарым ат суарған,

еділ менен Жайығымда қосып аққан.

таулардың талқан қылып босағасын, Жетісу мақсатына жетіп аққан. туына ту, суына су қосылған, Қазақты айырмағай осы бақтан.

Айбекжан, сен інімсің ізімдегі, ететін дұшпан күліп, досы мақтан. Көкшетау облыстың орталығы,

Ән-жырмен таңдары атып, кеші батқан. өзбектің жеріндегі ағайындар,

Көше алмай Көкшетауға басы қатқан. үкіметтің сыбырлап құлағына, Қайтеді осыларды қосып айтсаң?

өзің біл қосып айтпай, шошып айтсаң, сізден келген бұйрықты орындаймыз, сен мені айыптама тосын айтсам.

Афинаға дұрыстап дайындалсын, тағы да баян қылып осыны айтсаң. Күймеңдей күмбірлейді өлеңің де, Билердей билік құрып шешіп айтсаң. Қазақ деген кең қолтық халық еді, есіркеп, жаурағанға есік ашқан.

Қысырақтың қымызын күрпілдетіп, толтырып тай қазанға етін асқан.

ет піскенше бұл да бір ермек қой деп, Шақшадан насыбайды шекіп атқан.

Айтпақшы мен ұмытып барады екем, өлеңді төгемін деп, жосып айтқан. екеумізге ел қарап отырғанда, сақтасын секреттен, шоқырақтан.

Халықтың қаһарманы сен болдың ғой, мен болдым әңгімені бостау айтқан. Путинге «көше» береді деп естідік, Құтты болсын айтайық осы бастан.

Айбек:

Ақынын халқым қалай желгізбейді, Қалайша шырайыңды енгізбейді.

Арқада да асқар тау ағалар бар, Путинге көше атын бергізбейді.

Көкшетауға оралмандар көше алмаса, оларға да қиындықты көргізбейді.

Әйтеуір, мына бізбен айтысқандар, үкіметті бізге айтып, төрді іздейді. үкіметтің жаласын маған жаппа, ол сені, мэлс бүгін жеңгізбейді.

Күнім азат, таңдарым жарық боп тұр, Қалайша иманымыз арық боп тұр.

Бес жүз мың қазақ өтіп өзге дінге, Кәпірдің жалған жолын танып боп тұр. осыларды мұсылманға енгіз аға, Әйтпесе, қазағымыз ғаріп боп тұр.

Азғантай тиын-тебен беріп қойса, Қармақ қапқан балықтай қарық боп тұр.

«таурат» пенен «інжілді» уағыздап, ұлтымыздың бетіне салық боп тұр. Байқасаңыз, ағайын, кейбір қазақ, тарысы піскендерге тауық боп тұр. соларға хақтың жолын нұсқамасақ, дінсіздіктен діншілдік қауіп боп тұр.

Қазақтың тас маңдайы мәңгі қотыр, елімде өзге діндер салды топыр.

Алматыда екі жүз сектасы бар, миссионерлер осылай лаң қып отыр. санаңа мәңгүрттіктің торын құрып, өрмекшідей шырмалап шандып отыр. осыны көрсе-дағы көрмегендей, үкімет бәрімізді таң қып отыр.

өзге дінді жіберіп бетіменен, исламның басқан ізін аңдып отыр.

ұлтымыз неден бүгін ұтылып тұр? миссионерлер сайрандап құтырып тұр. Асыңды ішіп, тілгілеп киізіңді,

су ішкен құдығына түкіріп тұр. Парақорлық, жемқорлық, нашақорлық, Қорлықтардан күніміз тұтылып тұр. иманға ұйып отырған ауылдарда, дүмшелерім дүр болып ісініп тұр.

ислам менен иманды хақ жол емес, Жаназа шығару деп түсініп тұр.

Қазір де бес қазақтың бірі қажы, Қажылықтың беделін түсіріп тұр. Амантай көкемдердің қажылығы, исламның абыройын түсіріп тұр. Ал енді Қасимандай нағыз қажы, ұлтына иман сұрап қысылып тұр. Біздің қоғам осындай науқас қоғам, Қан қысымы көтеріліп ысынып тұр.

ініңіз осыны ойлап өкінеді, өзіңнен бір сұрақты өтінеді.

орал жақта дін жайына көз салсаңшы, мекіреніп жей бермей бекірені. облысыңның имамын естіп жүрміз, зекет пен садақадан кекіреді.

Жергілікті газетпен арпалысып, Аяққаптай болып жүр көкірегі. машинадан машина ауыстырып, Желге шашты ел берген несібені. сөйте тұрып намазға келмейді екен, Барар ем көлік жоқ деп өкінеді. ресторанға барам деп әйеліммен, газетке сұхбат беріп көпіреді. иманға сәлде, шапан қажет жоқ деп, өзінше «закон» айтып лепіреді. орталық көшеңізде шіркеулерің, Батпақтағы мешітке жекіреді.

түнгі клуб қаптаған оралыңда. Алла үйіне орын жоқ несібелі. Жоспарлаған мешітін Қырымбектің, Жер жоқ деп, анда-мұнда көшіреді. ресторанда сайрандап иманың жүр, мешіттің жайы қашан шешіледі?

Шырынбектен сырғақтап құтылып ең, нақты жауап бергейсің осы жолы?

Мэлс:

Айбекжан, алыс пенен жақынды айт та, сөйткенде намысыңыз шатырлайт та.

өлеңнің жолы менің ұстағаным, сондықтан сағасынан сатырлайт та. Шырынбекке бергенмін мен жауабын, түсінген адам оны мақұлдайт та. ислам қағидасын білесің ғой, молланың әнгімесін ақынға айтпа?

2004 жыл.

МЭЛС ПЕН БАЛҒЫНБЕК

Мэлс:

ерекше болсын деймін бүгінгі өлең, саудырап сары алтындай үгілмеген. Ассалаумағалейкүм, Алты Алашым, Алдыңда ақын бар ма жүгінбеген? Армысың, Балғынбектей арыстаным, Айтысып талай жерге барысқаным, Қайысып қабырғасы бүгілмеген, Жездеңнің жатқан жері жарық болсын, Ажалға адам бар ма ілінбеген?

Ағайын бір өліде, бір тіріде, дегендей көңіл айттым ырымменен. Жүйріктей озып шыққан ортамыздан, сүйріктей жігіт едің сүрінбеген. ойласаң қызыл тілде шекара жоқ, Қытайды ұштастырған Қырымменен. оттығы еділдейін екпіндеген, Қырымды ұштастырған ұрымменен. Білекті бірді жығар білесің ғой, сөйлейік мыңды жыққан білімменен. ұстаздық атымызды ұлықтайық, Жүргесін айналысып ғылымменен. осындай алқа топты көрген кезде, Жөн болар екеумізге мүдірмеген. өмірге келу парыз, кету сүннет, Болғасын құпиясы білінбеген. ырысбай ғабдиевтей қайны атамыз, Күй болып ғасырлардан гуілдеген.

Күй-қағаны домбыра ұстағанда, Пернесінде періште күлімдеген. Араптың ханзадасы таңдай қағып, Алдында Анталия міңгірлеген. динаның оркестрін құрамын деп, Күн бар ма Атырауда жүгірмеген. Қазақстан қайғыңызға ортақпыз ғой, Бүгінгі айтылғандай мұңымда өлең.

Алды пейіш ал енді, арты кеніш болсын, деп тіледім Алладан шыныменен.

Күмбірін домбыраның сағынарсың, дүлдүлің өтті өмірден дүбірлеген.

Балғынбек:

Ар ма, деп сөз бастаса Жүрсін көкем, Алла деп атқа қонбау мүмкін бе екен? ырысбайдай күйшісінен көз жазған ел, Қайғыдан қарс айрылып жүрсің бе екен? Жайықтан мэлс ағам келген кезде, ғайыптан бәрі өзгерген бір түрлі екен.

Қара жер қанша жұтса тоймайтұғын, дүние баяны жоқ жылтыр ма екен? осындай тұрлауы жоқ тіршілікте, дүниеге ие болып кім тұрды екен? ырысбай ағам қадірлейтін кісім еді, менің де жанарымда мұң тұр екен. үйімде қонақ болып кетіп еді,

Алдыңғы жыл ма екен, былтыр ма екен? Ассалаумағалейкүм, ағайындар,

Көңілің неге бүгін күрсінді екен? мен бүгін ырысбайдың күйі болып,

Жүрегін миллиондардың дүрсілдетем.

мұңайып тұрып, қалай шабытты айтам, от болып осы айтыста жанып қайтам. Жездем үшін көңілді маған айтсаң, мэлс аға, мен көңілді халыққа айтам.

Ал енді Алла жазса құран оқып, Жайыққа бұйырған күн барып қайтам.

уағалайкүмассалам, мэлс қасқа, Амал жоқ жекпе-жекте соғыспасқа. Қаншама адуынды болсаңдағы, ізет қылған ініңмен сен ұстаспа?! Көңілі бір қазақтың баласымыз, өмір бірге болса да өріс басқа. өкпесіз қабылдайық өктем сөзді,

Қайтадан тағдырымыз тоғыспас па? өткенде көрсетіп ең мұнай күшін, Бұл жолы Құдай үшін теріс баспа.

Бола ма бір қыртысты тегістесем, Бір Алла жар бола ма жеңіс десем. Ассалаумағалейкүм, Жүрсін аға, сағынып қалам сені көріспесем.

Қарағандыда айтысам деп қамсыз жүр ем, өзің біл бұл сөзімді теріс десең.

ринат келіп тұрады, сара десем, Айбек келіп тұрады мэлс десем. мейлі Айбек болсын, ринат болсын, Бәрібір оңайлықпен беріспес ем.

тамырдан қан, кеудемнен жан шыққанша, сауытты шешінбеймін өліспесем.

орта жолдан отырсың қазы сайлап, Әу, баста болар еді соны істесең. дәл мұндай ырду-дырду болмас еді,

Жекпе-жектің шарттарын жөн істесең. онсыз да айтыс жайлы айғай-шу көп, Бірдеме бүлдіресің сен істесең.

Мэлс:

Балғынбек ұлтым деген ұлмын дейді, Айтысып, арпалысып жүрдім дейді. Басыңды олай бұлай қисайтасың,

Бір қызық болатыны қырғын дейді. Жүрсін ағаң ақын ғой сен сияқты, Жырлары жүрегінде ырғын дейді. Қазылардың қадамы құтты болсын, Хикаяға толы ғой бұл күн дейді.

ұмсынып қаршығадай қазды алмаққа, Балғынбек алдыңызда назданбақ па?

Қыздан алғыс, қарғыс ап келіншектен, Жүруші ең саясы көп саздау жақта.

Айлалы ақындардың біреуісің, Кетесің айқай-шуы аздау жаққа.

Бұл айтыс болғаннан соң айқай болар, Көңілін көрерменің салған жоқ па.

Біреулер мұнай үшін жеңеді деп, Біздің де мазамызды алған жоқ па. Ағайын ажыратыр ақ-қарасын, Айтылған сөзде сірә талғам жоқ па? Балғынбек енді саған бірдеме айтсам, ескіні қозғаудан түк шаруаң жоқ па? серік Құсанбаевпен айтысқанда, өзіңді «Жас алашқа» жазған жоқ па?! Балғынбектің жеңгенін қалың қауым, Бал ашып біле ме деп қалған жоқ па?! газетте не жазғанын түсіндіріп, Айтудан басқа сенің шаруаң жоқ па?! Көзіңе түскендерді түртпектемей, өзіңе қарайтұғын айлаң жоқ па? орысша қыстырайын өзің құсап, осыларды ойдайтын «мозгаң» жоқ па?

Жүретін жүрегім жыр, ән кеудем деп, Ақындар сын айтқанға ар көрген жоқ. сәкен ағам қазақтың мықты ақыны, өлеңнен қашан ағам ай көрген жоқ. інісіне ұрысса айып па екен,

тағы да осы айтысқа жай келген жоқ. Жұтқыншағың бүлкілдеп отырсың ғой, Шай емес алдыңызда май көрген боп. Халықтың ықыласын көрмейсің бе, демессің әр сөзіне мән берген жоқ.

Айтпақшы ұпай жайлы әңгіме бар,

сен айтқасын бұл жерде таң көргем жоқ. телефонның біреуін саған берді, Қоңырауды, кәнеки, шал бермен деп. тағы да қасыңдағы жәшігің бар, демессің оны-дағы аз берген жоқ.

Айбекпенен атақты айтыс болды, оны бірақ ағаңыз шам көрген жоқ. Бізідікін шуласа да жұрт көрді ғой, сенікін сенен басқа жан көрген жоқ.

Балғынбек:

Халықтың айтыс деген мұрасы екен, Қалың ел барлығының куәсі екен. мен саған газет жайлы түк дегем жоқ, Жалғандық жардан дәйім құласа екен. телефонмен дауыс беріп көріп едік, тамыр-таныс, аталас, құдасы екен.

Аққа құдай жақ болмай шықты бірақ, мұнайдың озатыны рас екен.

Жылап қайта көрістік қазылармен, сынаса осылар-ақ сынаса екен.

Жасайтынын білдірмей жіберетін, Жұрттан гөрі «жюрилер» жуас екен.

деген соң қалың қауым ақын бізді, Халыққа ой айтайық ақыл-ізгі.

Астананың ақыны алтау едік, Бастаған Аманжолдай батыр бізді. мэлспен жекпе-жекке шығасың деп, Әуелі Шырынбекті шақырғызды.

Шаққанын шыбын құрлы елеместен, тақырға мэлс оны отырғызды. елбасына дат айтқан Айбегімнің, сөздері сең секілді көпір бұзды.

Бәйгенің алдын бермес Айбегімді, Бұл мэлс тұңғиыққа батырғызды. Бұл жолы Балғынбекке қарсылас қып, өлеңнің бал қымызын сапырғызды.

Құдайға күнәкәр боп Жүрсін ағам, мұнайға тұншықтырып жатыр бізді.

мэлсжан, сен ескен соң есіп тұрмын, Бұл жерде артық айтсам кешіп тұрғын. серікпен айтысымыз бітпей қалды, өзім де ол айтыста шошып тұрдым.

одан кейін сарамен айтысқанда, Бір сағатқа эфирді кешіктірдің.

Бұл айтыс болады ма, болмай ма деп, Артында шымылдықтың тосып тұрдым. Жүрсін мені қолдайды дейсің бе сен, мінеки, Қосымбаевқа қосып тындың.

Жынды қыла берсеңіз, Жүрсін аға,

енді айтысқа келмеймін деп шешіп тұрмын.

таң қалам мэлс саған, мың ойланып, Әр сөзге жабысасың сынай қалып. үйіңде де, қалтаңда телефон жоқ, өзіңе іздеу салсақ, сұрай қалып. усама Бен ладендей ұстатпайсың,

із-түзсіз жоғалдың сен бір ай неғып? Кездесуге бір сағат кешіккенде, Жүрсін ағам іздеді шыр айналып.

Қалтаңда «сымсыз» болса сандалмас ең, маметова көшесін мың айналып.

Апта сайын айтыстан жүлде аласың, Жүрмеші ақшам жоқ деп жылай қалып. Жылынып отырсаң да мұнай жағып, Жарытпай қойған сені құдай неғып?

Мэлс:

сен бүгін сахнаны көрікті еттің, толғасаң сары майдай еріп кеттің. ерініңді отырсың бүлкілдетіп, Жүргендей сезіміне сеніп көптің. Балғынбек, сұрап жатса берерсің деп, Бен ладенге телефонды беріп кеттім.

таулар да сілкінгенде тас төгеді, мақтанға ерген адам мас келеді. Жан-жағынан шәуілдеп иттің бәрі, Қасқырға дәл сондай-ақ қас келеді. Қазақтан қасқыр мінез ұл тумаса, Жұртымның жанарына жас келеді.

мың жылда бір туатын батырлар бар, ұлтының қамын ойлап бас береді.

Аталардың аруағын ардақтаған, ұрпағы соларға арнап ас береді.

«Хан емессің қасқырсың» деп айтатын, махамбеттер не деген асқар еді.

Аталарға ұрпағы ұқсағасын, Аузына ақындардың дат келеді. ұрпағы өте тумай кете туып, неліктен көңілдері пәс келеді? онсыз да айқай-шуы аз емес қой, Айдынға шығарғанмен ақ кемені. Қарайтын қазағыңа дүбірменен, Біреулер осы сөзді хош көреді.

Ар жағында АҚШ тұр айтақтаған, оларға да белгілі тақ керегі. орнына дұрыс адам отырмаса, тақты да халық өзі қақ бөледі. заманның қарап тұрсаң ыңғайына, Қара болып барады ақ дегені.

Әрине, сөйлемесе қандай тойда, мұндайда қызыл тіл мен жақ дегені. Ақ патша сайлап қойған Жәңгір емес, елбасы алты Алаштың асқары еді. тәуелсіздік дейтұғын толғауменен, Абылайға ұласқан дастан еді.

үш жүздің басын қосып біріктірген, тәукедей тура жолға бастап еді.

Ақынның сөзі өзін көтерді ғой, Қазақтың жайқалсын деп жас терегі. нұрсұлтан емес қазір Жәңгір болса, Айбектің басын қағып тастар еді.

Балғынбек:

Жөн болар ел алдында ұрлықты айтқан, немесе ел ішінде бірлікті айтқан.

Бір атаның баласымыз деген Балғын, Бәрімізді тұтастырар кіндікті айтқан. Шырылдаған нәрсені жек көремін,

Бұл мэлс қалай-қалай сұмдықты айтқан. сен бәлкім Айбекті де жек көресің, Шырылдап ел алдында шындықты айтқан.

Бұл мэлс не нәрсені ырымдайды, ешқашан ақиқатқа бұрылмайды. Шежіре айтып кетесің айтыс сайын, інілер оныңызды ұғынбайды.

Жек көрем деп ағасы қалай айттың, Періште сәбилер де шырылдайды.

Жайықта жігіт еді мэлс әйбат, Кейбіреу сөз айтады кеміс ойлап. дауысын берсе, ел береді бұл мэлстің, Кінәсі жоқ, жүрмейік теріс ойлап. ғылымның кандидаты атағың бар, мұныңды мойындайды тегіс аймақ.

Жинаған даусыңа қарағанда, насихатты жүргізген жеміс әйбат. Кандидат боп сайлауға түсе қалсаң, Жайығың жібереді сені сайлап. мен ақымақ мэлспен айтысқанша,

Жүргенім жақсы еді ғой теннис ойнап.

Ханды айтасың, Жәңгірдей байды айтасың, Айтысқа кеп қайдағы жайды айтасың. суырып салатының жалғыз шумақ, Айтысқа келген сайын шайды айтасың. отырып шежірені шертіп кетіп,

саяси астары жоқ ойды айтасың. Шырылдап елбасына шындық жайлы, Айтыста айтпағанда қайда айтасың?

түсінер жігітсің ғой сөз бағасын, Шоқ түсіп шабыттансаң қозданасың. Батысыңнан айналдым дауыс берген, Кім жаман болсын дейді өз баласын. өмірі саясатқа жоламайсың,

несіне шежірені созбалайсың. мен саған енді бүгін бағыт беріп, Аузыңа салайыншы сөз жаңасын. саяси белсенділік өршіп тұр ғой, Партиядан партия қоздағасын.

сауатты жігітсің ғой сайлау жайлы, мэлстің білсін халық көзқарасын.

Мэлс:

Балғынбек тілің сенің неге қотыр, Білмеймін қай әзілдің себебі отыр. мен шайды айтсам, өзіңді ішсін дедім, сондықтан әр сөзімді елеп отыр.

Жәңгірге айтқан датты айтып едім, мен не дедім, домбырам не деп отыр.

Бұл Бәкең сөйлегенде тіптен батыл, Білмеймін қай жағынан күш кеп жатыр? Аман-есен барған соң ауылыңа, Қайтадан келінжанды құш деп жатыр. сайлау деген саяси ойын болар, үміткерлер қарасаң тіптен батыл.

Ақындар да айтыста бәрін айтып, Әкімдерді шетінен түс деп жатыр. Храпунов «жездемізден» бастап тұрып, Аласы мен құласын түстеп жатыр.

Парламентте отырған депутаттың, Бір-бірлеп тірсегінен тістеп жатыр. Біз де сондай депутат боламыз деп, Пысықтар жүгіріп жүр іскер, батыр. сол пысықтар бүгінде жанталасып, Күзге қарай алмаға піс деп жатыр. Піссең де, піспесең де содан кейін, тезірек аузымызға түс деп жатыр.

демессің сен сөзімді пайдаландың, отырып жайбарақат жай қарармын. осындай қызық науқан келе жатыр, дегендей қазығында айналармын. Ал енді ойымызды сұрар болсаң,

мен қалай намысымды қайрамаймын. солардың мен сенбеймін біреуіне, сондықтан да ешкімді сайламаймын.

Балғынбек: маңмаңкерім, мэлсім, мен айтпасам білмейсің, Айтқаныма көнбейсің. сеніменен айтысқан, Айбек деген аты бар, Ханға айтқан даты бар. естіп тұрып естімей, Көріп тұрып көрмейсің. Әкімге сілтер сойылды, ініңе неге сермейсің? сөзіңе халқың сенгенмен, өзіңе өзің сенбейсің. мэлс, мэлс дегенге,

мастанып қызып терлейсің. өткен жолғы жарыста, Берілмей жалған намысқа, Айбек деген арысқа, торғайдан шыққан барысқа, Жолыңды неге бермейсің? Патшаға Айбек дат айтты, Алып-қосқан түгің жоқ.

Жәңгір ханға махамбет, дат айтты деп айтасың, оған да тартқан түгің жоқ. Патша түгіл Парламент, өкіметке үнің жоқ.

Парламенттің арқасы, Батыраштың балтасы, Жаназасын шығарды, менің де енді тілім жоқ. тілімсіз енді күнім жоқ. Шендінің бәрі парақор, Шенсіздің бәрі жалақор. ұлтым дейтін ұлым жоқ, ұлт деген тіпті ұғым жоқ. Жаңа байлар көбейді, Шалағайлар көбейді.

Астарында «мерседес», Бастарында білім жоқ.

ұлтым деген ұлың жоқ, Қыздарыңда қылық жоқ. сен жайбарақат отырсың, секілді бір мінің жоқ. осылай көсіп айтпасам, Ақындық менің құным жоқ. Айтысты көріп отырса, сенгені елдің бір құдай, Жалғыз сенің мінің жоқ. үкімет шықты білесің, Байлықтың бәрін сатам деп. сен отырсың мақтанып, махамбет менің атам деп. Жәңгірге дат айтқандай, нұрсұлтанға дат айтқан, Айбек қой нағыз махамбет. Қатты айтты деп ренжіме, Басыңды неге шайқайсың? Балғынбектің шабысын, енді бүгін байқайсың. інілер келсе алдыңа,

Қуып жүріп жайпайсың. Жайпай бермей ініңді, дінім менен ділімді, осылай неге айтпайсың?

Мэлс:

Қалайша бұл айтқанға көп шыдарсың, Ағайын енді сөзді естіп алсын.

Ақиқат іздейтін тек сен екен ғой, Беліңді сол жолда сен бес буарсың. мен саған махамбетпін деген жоқпын, Қуалап ертедегі көш қуарсың.

Аталардың ақырған орны бөлек, Аруағын тек өзіңе дос қыларсың. Басыңды шайқай берсең түсінбеген, сен қазір исатаймын деп шығарсың.

Бері қара Балғынбек, Айтысар болсаң мэлспен.

табысқандай боларсың, өлеңдегі өріспен.

Жеріңді сатып жатырса, Желіңді сатып жатырса, Қайда кеткен азамат, Әділ сөйлеп келіскен? Астанада сен жүрсің, өлеңнің суын тең ішкен.

үндемей қалып сол жақта, осы жерге келгенде, сыбырлай ма періштең.

Шынымен енді сынассаң, Желмен бірге өріліп, сырмен айтып кетеміз. ойға салып өлеңді, Шапқылатып әрі-бері, Қырмен айтып кетеміз.

Жеті-сегіз буынды, Атадан қалған нұсқа бар,

солардан бүгін жаңғырып, үнмен айтып кетеміз.

Бастағанды тоқтатпа, үзіліске шыққанша, сен осыған келіссең, Жырмен айтып кетеміз.

Балғынбек:

тай дей ме, мэлс мені бесті дей ме, ессіз дей ме жоқ әлде есті дей ме? Балғынбек сахнада шындықты айтса, ел алдында өтірік бөсті дей ме?

елге менің сөздерім жақпай жатса, Балғынбек ақын болып өсті дей ме? мэлс аға, соншалық кещемісің, сыбырлағанды құдай естімей ме?

сылтау айтып, бұл мэлс, Жылады ма, ой, дүние-ай. Жауап берем мен енді, сұрағыңа, ой, дүние-ай.

Кел екеуміз қосылып, зарланайық, ой, дүние-ай. Жетер ме екен Патшаның, Құлағына, ой, дүние-ай, Қазағым-ай, азабым-ай, Парламенттен болды сенің Ажалың-ай, ой, дүние-ай. дінім мақау, тілім сақау, Ақ ешкінің күнін кештік, Кенен ата-ау, ой, дүние-ай. өгейлігін қарашы, үкіметтің, ой, дүние-ай.

Шаранада тілімді,

Шетін еттің, ой, дүние-ай. Қарғыс болып тимесін, Қайта айналып, ой, дүние-ай. Шетке кеткен көз жасы, Жетімектің, ой, дүние-ай. сенатым-ай, саңғырдым-ай, Халқымызды жібердің ғой, Қаңғыртып-ай, ой, дүние-ай. мәжілісім, мәңгүртім-ай, сен болдың ғой тіске түскен,

Қанқұртым-ай, ой, дүние-ай... таппай айтқан сөз жетім, Жүйесі жоқ, ой, дүние-ай.

Жұғып кетер Балғынның, Күйесі жоқ, ой, дүние-ай. елге айтамын елбасы,

сен де тыңда, ой, дүние-ай. Бізден басқа бұл тілдің, иесі жоқ, ой, дүние-ай. нұрағам-ай, ірі ағам-ай, тірегі жоқ тіліміздің, Құлағаны-ай, ой, дүине-ай. төрдегі аға, елге қара, сорлы еліңнің соңғы үміті, сенде ғана, ой, дүние-ай.

Мэлс:

Балғынбек қасымыздан қашықтама, демессің біздерді де жасық бала. неге сен қарап тұрып бұлданасың, Бұрынғы ескі әдісті машықтама.

Ағаңды кеще дейсің, жынды дейсің, сен онда тау суындай тасып қара.

Біреудің ақылында нең бар сенің, Алдымен өз басыңды ашып қара. Ағайын бізге қарай таман келсе,

Қол соқпас және отырып шабан келсе. Әр ақын өз тілінде сөйлемей ме, Қашанда алмағайып заман келсе.

мен бе екен үкіметке жалпылдайтын, Қашатын қорқатындай қабан көрсе. ешкімге айтпасын деп жатқан жоқпын, Жақсы ма, өзі білсін жаман көрсе.

Балғынбек, шыныменен батыр болсаң, Хан ордасын шауып ал шамаң келсе.

Бергендей өзіңізге пысық хабар, суырып жаныңыздан ісікті алар. Артыңда Айтақындай ұстазың бар, сәлемі саған айтқан ысып барар.

Бірдеме десем маған ренжисің, дейсің бе, шәуілдеген күшік қалар. одан да ортақ тілмен келісейік, Басыңды шайқай берме, түсіп қалар.

Балғынбек:

Білуші ең сөз бағасын өзің беске, Кей кезде көңілдер де көз ілмес пе? мен саған қатты сөзді айтпас едім, Қайтейін жүрегімнен сезім көшсе.

Хан ордасын шауып ал деп айтқаның, өзің кеще емессің, сөзің кеще.

түспей тұр асығымыз мүлдем алшы, Аңынан біз адасып жүрген аңшы.

ініңмен бостан-босқа тайталасып, Болып отырсың, мэлс аға, кімге қарсы? тілімді таптап кеткен ағаны айттым, депутаттар болып жүр кімге қайшы?

Әлемде біз шығармыз сорлы халық, мемлекет мемлекеттік тілге қарсы.

Жатыр ғой екеумізді уақыт сынап, сен бірақ тұра алмадың жатып-құлап. Кешегі ана тілді таптағандар,

түбінде анасын да сатып тынад. өрісі тар болған соң ұяты жоқ, Барлығы өзге тілде шатып тұрад. Қазақтардың орнында шешен болса, Қарсыны шеттерінен атып шығад. немесе сыған деген қаңғыбас ұлт, Көшеде алақанын жйып тұрад. сығанша тіл білмейтін біреуі жоқ, Жатқан жоқ өз тілінде оқып бірақ. оларда бала бақша, мектеп те жоқ, туған тілін көкейде тоқып шығад.

Парламенті жоқ тіліне қарсы шығар, дәл бізден сыған халқы бақыттырақ.

Мэлс:

мінезі кей ақынның мақпал еді, сөйлесе ел алдында тақтақ еді. Парламент дегеніңнен шығарайық, ол кеше жұрт алдында атпал еді. сырт көзге өтірік дауыс бермеген боп, Жерді де сол адамдар сатқан еді.

Бір байғұстың атына құжат жасап, өзара бөлістерін тапқан еді.

мына жұрттың ашытып миын тағы, Әр түрлі қорларын да ашқан еді. төле би, Қазыбек пен Әйтекелер, ондайға ауызыңды жап дер еді.

Халықтың несібесін жырымдаған, ұрлаған дүниені тап дер еді.

Парламентте отырған біздің билер,

ондайға сауысқандай сақ келеді. Конверттің ішінен көрінбейтін, оларға «доллар» дегенді ап береді. Қасына «евроны» қосақтатып, тағы да бірдемені сап береді.

Халықтан шыққан біздің «қалаулылар», осылай несібесін ап келеді.

«Халықтық театрда» ойнайтұғын, Құдай-ау, бұлар неткен «актер» еді?! сондықтан өз Алашым айбаттан да, Қиялмен жерде жүріп, Айға аттанба?! дейміз ғой болашақтан үмітім бар, Құдай да бермейді ғой жай жатқанға. Болашақ сайлауыңыз келе жатыр, Барыңыз, намысыңды қайрап ал да. ұрандатқан сөзіне сеніп қалып,

тағы бір су жұқпасты сайлап қалма. саясатқа сенім жоқ, ағайындар, Қайтадан бармағыңды шайнап қалма!

Балғынбек:

Жекпе-жек дәстүр болды, шүкір, тәубә, түссе де баспасөзде пікір-дауға!

Жүкеңнің жекпе-жегі басталғанда, Ауылда тоқтайды екен бүкіл шаруа. Жүрегімнен шығатын сөз айтайын, Жаппар ием, тіліме күпір салма?

Қазағым, дауыс беріп дуылдайсың, телефонға қарыз боп тұтылсаң да. Жүген ұстар жекпе-жек бітер емес,

«суперстар» кезектен құтылсаң да. Құраннан қуат алып бай білімді, ел-жұртым асырайын айбыныңды.

мен есіл болған кезде, мэлс Жайық, Айтыста толтырармыз айдыныңды. Біз тұлпар текті халық едік, Жылқысыз елестетем қай күнімді?

Балғымбекті Байшұбарға баласаңдар, мэлсті біліңіздер тайбурыл деп.

Бірақ та хан ордасын шауып ал деп,

Басыма мэлс үйді қайғы-мұңды. ұрпаққа үлгі болар сөз айтсаңшы, Жаңағы жаман сөзің қайбір үлгі? Арқырап шаба алмасаң неге келдің, Көрсетіп сәйгүлікке сай дүбірді.

Айналдым ықыласыңнан нұр Алашым, сөзімді бәлкім менің құп аларсың. елімнен айналайын, еңсең биік, Қыранға тұғыр болып тұра аласың. мэлстің жаңағы айтқан ұрыс сөзін, Қалайша інісі кеп сынамасын.

тәуелсіз мемлекетке жаман айтпа, сайлаған патша қылып нұрағасын. ешқашан ордамды мен шаппас едім, олай етсем батам ғой күнәға шын. елімнің шаңырағы аман болып, ешқашан уығы да құламасын.

Шапалақ сартылдайды қол боп маған, сапарды оң қылса екен қолдап бабам. мэлс аға, ол сөзді қалай айттың, Қазақты заман бар ма сорлатпаған. сырттан, іштен шығатын жау болса да, мен қайта Хан одамды қорғап қалам. еңсемді отырмаймын басып төрден, сен емес сол жағына сасып келген.

Астафыралла, деп алдыңда елің отыр, Жөн болар ойларыңды ашып берген. Бүгінгі Алла берген азаттықты, Алашым ғұмыр бойы тосып келген. мен саған ұрыс айтпай дұрыс айтсам, Кетпейсің Балғынбекті басып белден.

Хан ордаға қастық қылған сатқын жандар, Қақпасын отырардың ашып берген.

Мэлс:

Жүректен сарқыраған өлең ақсын, сол өлең жүйткіп тасып, жедел ақсын. Балғынбек, түсінісіп кетеміз ғой,

Қазіргі әңгімеңе дереу-ақ шын.

Хан сыртынан жұдырық түймесін деп, ойымды айтып едім берен-ақ шын. елбасы мен еліміз аман болсын, тәубеңе енді түсіп келе жатсың.

Жігіттер өздеріңше жарқылдарсың, Бүгінгі заманыңа сай туғансың.

«Ақ жолың» бар, тағы да басқасы бар, сайлаудың алдында бір аңқылдарсың. тағы да жеті-сегіз партия бар, Шығарған іштерінен жарқын даусын. мен деген көзқарастан айнымаймын, Балғынбек, құлақты сап сәл тыңдарсың. сыртынан сынағанша ел ордасын, өлеңмен осы бүгін алтындарсың.

Ал енді, қалың елге ашып айтшы, Президент болатұғын қайсың барсың?!

Алқалап келіп қол соқсаң, Алдымда тұрған ағайын. Алдарыңда іркілмей, Арғымақтай шабайын.

Арқам қызып тұрғанда, Жарыспай неге қалайын. Бұл айтыстың қызығы, толтырғандай маңайын. Асқарлы шабыт берсеңдер, сіздерге бір сәт қарайын. сүгірге де салайын, дүбірге де салайын.

сөз тыңдап қошеметпен ел қарасын, Бізге де мойын бұрып сәл қарасын. Бүгінде ел ішінде әңгіме көп, Қалайша азаттықты саудаларсың. елбасымен бастаған ерегесті, заманбек біреулерге заңғар-ау шын. Ал, сонда Президент кім болады, дегенді, ағайындар аңғарарсың.

Қажыгелдин АҚШ-тың азаматы, Бушқа барып сүйенген балдағы алтын. Жандосовтың жағдайы белгілі ғой, Қазақша бір ауыз сөз қармамайтын. үкіметте Премьер даниял бар, Ақындар оны онша қолдамайтын. министрдің байқасаң көбі шикі, ойланып бір қағазға он қарайтын.

Балғынбек, осы сөзді тыңдағасын, сен-дағы сұлу сөздеп сомданарсың. Алтынның қолда барда қадірін біл, Қашанғы қиқымдарды малданарсың. Қаптаған партиялар келіп, кетер, демеймін оларменен жанданарсың.

«Қазақтың өлісінің жаманы жоқ, тірісінің жаманнан аманы жоқ», дегенін Абай атам аңғарарсың. Қайғысыз қара суға семіреді, демеймін бармағыңнан бал жаларсың. елбасыға сыртынан сын айтқасын, Көңілің мұңаюмен қам боларсың. еліңді сұм сұлтандар билегенде,

сен ертең нұрсұлтанға зар боларсың. Әлеумет қарағасын шырайлана, Жүрсінші көңіліңде күн айнала. елбасы да адам ғой өзіміздей, сүйенген көпшілікпен бір Аллаға.

Ал, айтшы көпке жаққан кісі бар ма, ерікті ұнамауға, ұнауға да.

Айтыстарда әр түрлі әңгіме айтып, сыртынан қиын емес сынауға да. Кеше жүрген Әлихан Бәйменовың,

Жүрмеп пе еді, саясат дейтін бір ауылда. Алтынбек сәрсенбаев министр боп, ұқсаған елші болып жырауға да. солардың көзқарасы қызық болды, Жүргендей жердің бетін күн айнала.

Көзіңе көзілдірік кигеннен соң, Қазақстан көрінген тұмандана. табақтарың жігіттер ортайғасын,

Қабақтарың қалыпты қыраулана. Бәріміз де адамбыз, Балғынбек-ау, Жүретін бас қатырып бір айлаға. Атамыз Адам Ата сафиолла, Хауана оған жалғыз сыңар ғана. Адамдар қателесіп жатады ғой, Қателік жасамайтын Құдай ғана. Ақын да болсаң Балғынбек, Алдында жұрттың өрлеген.

Шындықты айтып шыңғырдың, Бұрын да естіп көрмеген. сөйлейсің бізге сын тағып, Жарысып жүргін желменен.

Қабағыңды түймеші, одан да сен билеші, мына отырған елменен. Ақын болсаң інім-ай, Жарысарсың желменен.

Жырменен көсіп қостадың, Көңілің шалқып көлменен. Көңілің шалқыса көлменен, Бірге де болар елменен.

Басы аман болғанның, өмірде сірә өлмеген. Жалғастырып айтарсың, суырып салып термемен.

Балғынбек:

Әрине, жалғыз ұлы Хақтағала, Ау, мәке, ұқсамайсың ақ табанға. Баяғы бабалардың салты емес пе,

осылай бір мақтап, бір даттағанда. Бірақта ешбір ақын бара қоймас, Азаттықтың ақ туын таптағанға. менімен көмір қазып не қыласыз, не жетсін абыройды сақтағанға.

Бірлігімнің қадірін білер ұлтқа,

сабақ қой кешегі өткен «Ақтабан да». енді хан қайсың барсың деп сұрайсың,

нені айтасың патшаны айтпағанда?! Бағанадан не айтып мен отырмын, Бұл мэлс ниетінен қайтпаған ба?

Қозғайын ескі ертекті есімдегі, Айтайын елордамды есілдегі. тыңның 50 жылдығын атап өттік, Болған соң үкіметтің шешімдері. Қанша мақтап жүрсек те масаттанып, ол той бірақ ызғарды өшірмеді.

Хрущев өсірем деп бір уыс шөп, Құртыпты құнарымды төсімдегі. даламдағы қырыпты дарындарды, санамдағы сәулені өшіргелі.

Жерім түгіл діліммен тілді құртты, Қаптаған келімсекті көшіргені. мэлстей теріс сөзді айтқаным жоқ, нұраға, артық айтсам кешір мені.

Ақ патша білесің ғой құрық салды, ұмыттың әдет, салт-ғұрыптарды. Қаралардың барлығын құл қылыпты, Парамен ауыздықтап ұлықтарды.

Қазақтарды көшіріп шөлейттерге, Басына әз халқымның бүлік салды. Ақ патша ештеме емес, советтер кеп, Ау, мәке, сағымыз шын сынып қалды. үш жүз жыл Ақ патша түк жасамады, никита үш-ақ жылда құрық салды. никитаның қулығы қазағымды, никотиннің уындай қырып салды.

сайлауды сен айттың ғой біз білетін, Кандидаттың білесіз шын ниетін.

Ауылға аттың басын бұрады енді, Әдеті депутаттың дүрлігетін.

Қасында бата бергіш молдасы бар, Әртісі бар елді алдап күлдіретін. Атым озсын деп тілер аталастар, Бармақ басып, көз қысып бір жүретін.

Аталастан асатын рулас бар, Жиылып құмға кеме жүргізетін. мәселен, шай үстінде мәжіліс қып, иілместі пұлменен идіретін.

Қатындарға қант-май үлестіріп, Шалдарға бір-бір шапан кигізетін. Алтау ала болған соң аузым жырық, осы ғой жанымызды күйдіретін. сайлау деген сор болды бұл қазақты, ел ішін ала тайдай бүлдіретін.

Жекпе-жек сынайды ғой төзімдерді, демегін бұл Балғынбек сезімге ерді. өткен сайлау, ағайын, сабақ болсын, суайттар үйіп-төгіп сөзін берді.

Жарылқаймын дегендер жалт бұрылып, серттен тайған серкені көзім көрді. екінші рет алдандың аталасқа, тербеген соң туыстық сезімдерді.

...................................................

Байқадың бауырдан да безінгенді. Алла айдап алдыңа қайта келер, сайлаушым сергек ұста өзіңді енді.

төрт жылда төрде отырып не тындырдың, деп есеп сұрайтұғын кезің келді.

ұйқыда жата бермей оян қазақ, мойынға шығармайық жебірлерді.

сен десе естіледі сан ысқырық, Білесің ол айтыста таныс қылық. Аллаға мен де, мәке, тәубе айтамын,

Халқыммен жатқан мынау қауыштырып. термеңізге салайын келер кезек,

екінші домбырамды ауыстырып.

сені мэлс, жаратты, Айтыстағы серке ғып. ел ақыны болған соң, елбасына айтқан базына, Жарасатын еркелік.

Алаңда алаң-алаң жұрт, Ақ ала орда қонған жұрт. есілдегі елді айттым, Жаңа астана қонған жұрт. елбасымыз нұрағаң, Жаңа қала салған жұрт.

Балғымбаев бірінші Премьер болып барған жұрт. Парасатты парламент, Қалаулыға болған жұрт.

Астанам менің осындай, Бақ жұлдызым жанған жұрт. есіл деген елім бар,

ексе шыбық өнген жұрт. суырып сап айтайын, мейлі маған сенбеңдер. Бес жүз мыңдай халқы бар, Әлемге кеткен даңқы бар. Бес жүзді таратып айтайын, екі жүз мыңы кешегі, Хрущевтің көзін көргендер, тың игеріп келгендер. далаңда масақ тергендер, молаларды қопарып,

нан өсіріп бергендер.

«Қарлаг» пен «Алжирде», Құрыпты ғой өлгендер.

Алматылықтар жүз мыңы, елбасыға еріп келгендер. Шымкенттен жүз мыңы, саудаға ғана сенгендер.

Ал, енді қалған жүз мыңы, Арқалық бүгін мұңды деп, Қонысбай қоныс қылды деп, торғайдан ауып келгендер. тірегі болсын елімнің, Айналайын, елбасы.

діңгегі болсын дінімнің, төрде отырған дінбасы. суырып салып айтайын, Құрышың қанып тыңдашы.

Ал, енді осы термелеп, торғайдың мұңын, мэлсжан, дәл өзім құсап жырлашы.

Мэлс:

Жырла десең-ай, Балғынбек, Қалай да қарап қалайын.

Қол соғып алдымда, Қаптаған мынау ағайын. Ағайынмен қол соққан, Алыс-жақын ағайын.

Шайды айтқанға сөкпегін, ішіп те жүрсің талайын. өзің құсап тағы да,

Жан-жағыма қарайын. Қолымда жалғыз домбырам, Ауыстырмай салайын.

Кедейден бүгін қарасаң, Балпаңдап жүрген байлар көп. сондайлардың ішінде,

Болып та жатқан майдан көп. майданның жөнін сұрасаң, Келе жатқан сайлау көп.

Біреулер оны ойлайды, Қарындарын майлау деп. Біреулер тағы ойнайды, төрт жыл сонда отырып, несібесін шайнау деп.

Әке-ау, бұл кім деп қарасаң, сөзінде оның байлау жоқ. тағы бірі өкінген,

Қолыңда қазақ қайран деп. елбасы менен еліме, Шығардым өлең ойдан көп. Бір сөзімде тұрамын,

мен сен құсап айтыста, табаным бүрсіз тайған жоқ.

Қазағым қастерлеген табандыны, Адалдықпен өрілген адамдығы.

Жаңағы өзің айтқан, өзім айтқан, Жүйкеге түсіп тұр ғой заман мұңы. Желден жүйрік заманға тап болғанда, Жылқының қор қылады шабандығы. іңірде жын-шайтанға тап боласың, Жарықта ойламасаң қараңғыны.

Бір-бірімен жауласып жатқандардың, интернетке жүгірту мамандығы. досқа күлкі, дұшпанға таба болар, надандығын жеңе алмай адамдығы, Бұл іштен ірітудің айласы ғой, немесе ол шет елдің қараулығы.

Ағасын інісіне айдап салған, Жымысқы саясаттың баяулығы. Балғынбек, саған қарап мен отырсам, Ағаңның шаршатпасын жаяулығы.

Қазақтың жауы қазақ болмаса екен, өтініш қылып айтам саған мұны.

Байлығың мырыш та емес, күріш те емес, Байлығың басыңыздың амандығы.

Ал, Бәке, қарап тұрсам тарлансың ба, немесе асқақтаған заңғарсың ба? төмен қарап ойланып кеттіңіз ғой, Айтылған әңгімені аңдарсың ба? сүгірдің термесіне салған кезде, Әуені әдемі деп тыңдарсың да. екінші домбыраңды алып едің, Болмайды мұндай жерде жалғансуға. тағы да шайыңды айтсам ренжіме,

сен шөлдеп шыныменен қалғансың ба? Бірінші домбыраңыз қолыңда тұр,

Жып еткізіп ауыстырып алғансың ба?

дегендей енді маған қазақ келсін, Қалайша бұл ағаңды шабан дерсің? Жүрсін ағаң көрсетті қолыменен, Жаңағы өзің айтқан маман дерсің. Қолында бір домбыра қазақтардың, ұшы үшкір үш найзасы аман болсын.

Балғынбек:

Ау, мәке, сенің тегің айдан бе екен, домбырам қолымдағы найзам ба екен. саған қарсы қос найза алған жоқпын, маған деген ниетің қандай бөтен. сүйінбай да дат айтқан тезек төреге, немене екі сөйлер айуан ба екен?

Баймағанбетке дат айтқан Шернияздай, табынының бүрі оның тайған ба екен? сен өзі баба салтын білмеймісің, Әңгімең болмады ғой шайдан бөтен. домбырам қаруым емес, аруым ғой, ештеңе түсінбейтін, қайран көкем!

мэлсті олай-бұлай шымшылайын, Ағайын көңіліңнен бір шығайын. термелерді айтшы деп бір сынадың, рұқсат етсең мен де оны бір сынайын.

Ақындар жекпе-жекке жең түріпті, Құлағын екеумізге ел түріпті.

Шындықты айтсақ жақпаймыз шекпендіге, Кел, екеуміз айтайық өтірікті.

Айтпаймын өлтірсең де өтірікті, таппайсың біздің елден кемшілікті. Шекарада бір қазақ түшкіріп қап, отыз екі өзбекті өлтіріпті.

Айтайын шындық сөзді ең көрікті, Құлақпен естігенді көз көріпті.

Қазақтар жер бетіне сыймайды деп, Қытайлар шығыс жақтан жер беріпті. елімнің байлығын сен байқаймысың,

«доллар» мен «евродан» теңге мықты. Қаланы ауыл бүгін асырап тұр,

себебі керегесін кең керіпті. Қалалықтар ауылға көшіп жатыр, Әкімдері болған соң елге құтты. Келімсекті қуып тастап кеңсесінен, оралманға билік пен төр беріпті.

тіл білмесек қызметсіз қаламыз деп, Барлық ұлт қазақ тілін меңгеріпті.

...................................................

тіл білмейтін мәңгүрттер сенделіпті. Қытайдың қызын алып жігіттерім, Күшік күйеу болуды жөн көріпті. таласып тауарыма Қытай біткен, Жылтыраққа жабысты ең көрікті.

Пекиннің де базарын жаулап алып, Қазақ осы қоймайды-ау, пенделікті,

Бұл менің шындық сөзім ең көрікті. Қоздырды демегейсің пенделікті, осылай өтірікті айтып көрші,

ел білсін сен бе мықты, мен бе мықты.

Мэлс:

Балғынбек құманына ой салыпты, тыпырлатып қалтаға қол салыпты. Байқасаң екеуміз де мықты емеспіз, Жәшікке талай адам гол салыпты. түсім емес өңімде қарап тұрсам, Алматыға Храпунов жол салыпты.

Шенеуніктер қарасам есікте жүр, Білмеймін теріс кеткен несіп пе бұл? Ал енді әрі қарай жалғастырсын, өзіңнен әңгімені естіген ұл.

Әбсаттар дінбасымыз әңгіме айтып, рәтбек қажыменен мешітте жүр.

Бұл-дағы сынайтұғын отың екен, емессің бұл ақынның несі бекем? Балғынбектер арт жаққа кетіп қалып, Айтақынмен айтысып отыр екем.

Қыс дегенім қарап тұрсам көктем екен, Ал енді әрі қарай ептеп өтем.

менің тілім қарыштап осы бүгін, Атағы аспанда айға кеткен екен.

Бірінші бөлімінде бұл айтыстың, Ақындар шетке сапар шеккен екен. еркін ағам елуге толып тұрған, дәл қазір жүзге толып кеткен екен.

Балғынбек:

Ағайын жүйрік екен, шабан десем, Бұл менің інім екен, ағам десем.

Айтақынмен айтыстым деп лағып отыр, мен оған іні болып жағам десем.

Қасыма ертіп келген нөкерімді, өзің біл бір есебін табам десең. Бауырыңа баспадың Бауыржанды, Жақсы қайдан болады жаман десең.

Қанаттың да, ау, мәке, тауын шақтың, Жарасады өзіңді сараң десем.

Шынарбек айтысқа еріп келер еді, Жекпе-жекке мен кетіп барам десең. салауат та сағыңды сындырмайды, Қасыңа нөкер қылып алам десең.

Жалғыздық бір құдайға жарасады, мен сені тәубәсі бар адам десем. Жапандағы жалғыз үй сияқтанып, Жалпайып отыра бер маған десең.

өткенде жомарттықты қылмасаң да, Жол беріп кетсең қайтеді жөніңменен. екеуміз де қазақтың баласымыз, еншісі ешқашан да бөлінбеген.

Ажыраса арамыз ажырайды, Ажалмен, топырақты өлімменен. Бірақ біз жұмақта да бір боламыз,

Шырқаймыз сол жұмақтың төрінде өлең. екеуміз бір атаның баласымыз, марқаның бір құлағын бөліп жеген.

ер болсаң ардақтайды елім деген, Айттық қой алты Алаштың төрінде өлең. дәулеткерей келмесе біздің елге,

сен оның ұстазы боп көрінген ең.

махамбеттің тойында жолды бермей, Кәдімгі қамал құсап берілмеп ең. мен сенің жолыңа еш таласпаймын, өзімнің кете берем жөнімменен.

сен маған көңіліңді берсең болды, мен саған жүрегімнің төрін берем.

Мэлс:

Көз көріп, естігенді құлақ демер, Балғынбек, інім едің су ап келер. Жалғыз деп неге маған тиісесің, мұныңды естіген жұрт уақ көрер. студенттер менің шәкіртім ғой, сабақта топырлатып сұрақ берер. мен себебі өзіңдей мұғаліммін,

Жерім жоқ, жастарымды жырақ көрер. Бәйгеге қалың жылқы қосылғанда, Құдайым жүйрігіне қуат берер.

ей, ағайын, түсінсеңдер сол сияқты, мың аттың ішінен де бір ат келер.

Ақындар қайғыратын күрсінгенде, Жүрегі мына жұрттың дүрсілдеуде. Халық бар, қазысы бар өзі шешсін, не жетсін жүректерге жыр сіңгенге. екеуміз айтысамыз, тартысамыз, тұрғанда тыпыршумен тылсым кеуде.

мен ешкімнен жол сұрап таласқам жоқ, мұны да болады ғой мүмкін деуге.

Айтыс сайын жағадан аласыңдар, немене жолға сыймай жүрсіңдер ме?

отырған қалың қауым ел сияқты, Бұл-дағы шабыттанған жер сияқты. Бұйырғаны болады Балғымбекжан, Көңілі көрерменнің көл сияқты.

Жылжысын таңдайыңнан маржан сөзің, Құйылған маңдайыңнан тер сияқты.

Бірінші Алла, екінші ел шешеді, өзіңдей мен де ақынмын сен сияқты.

2004 жыл.

БАЛҒЫНБЕК ПЕН РИНАТ

Балғынбек:

Хабарда салған еліме, Финалға акындар шықты деп, Келгенде көрермен, армысың, Қадамыңа құт тілеп.

Ақындарға қараған, Арыстанға балаған, Жүректері түкті деп. Ауылда нағыз көрермен, Айтысқа бәрі өлермен. Біреуді айтар ұтты деп, Біреуді әдейі жықты деп. Көз салып бізге отырсың, Қайсысы кімнен мықты деп. залда отырған халық та, Бұрынғыдан да тіпті көп. сіздер көптен күткесін,

Біз қоялық нүктесін,

Жекпе-жек осымен бітті деп.

Армысың асқақ Алатау, Бармысың, Қазақстаным! сәлемді беру сүннет деп, Халқымды мәңгі құрметтеп, Пайғамбар жолын ұстандым! талабыңнан шықсам деп, талантымды ұштадым.

Ақыныңды қоздырар, Алқа топтан оздырар, тақымыңды қысқаның. Қазағым ұлтым ұлысым, Бәріңде менің туысым. сөзімнің ұқсаң ұстамын. Қабан жырау әулие, тәрбие жолын нұсқадың. сарқыты жеткен сүйінбай,

Бақтыбай, Жамбыл, сүйінбай, солардай сөзге ұстамын.

Әуелі Алла, бір Құдай, сонан соң елдің тілеуі, Қалықтап көкке ұшқаным.

мен айтысқа алғаш ұшқанда, туған күні болатын,

Жыр алыбы Жамбылдың. Көз алдында халықтың, Жүз жасаған алыптың,

Жырындай болып, жаңғырдым. Айтысқанда сарамен,

туған күні болатын, Алдыңдағы Балғынның. сара қыз мені құттықтап, сақалымнан қытықтап, сахнада сән құрдым.

Кездескенде мэлспен, туған күні еді Пушкиндей, Поэзиядағы алыптың. еркін Жаппар ағамның, туған күні қатар кеп, Арнасы толды ән-жырдың.

Амангелді дінұлы, туылыпты бүгіні.

мен айтысқа шыққанда, той болады әр күні.

60-қа келген ағамыз, өлеңмен шапан жабамыз. Аман да келіп, сау жүргін, туған күн болған сайын мен,

Халқымды жырмен таң қылдым. Көмбенің алдын шаң қылдым.

Бәрінде жеңіс сыйлаған, Қиянатқа қимаған,

Жазуы шығар тағдырдың. Айналайын ағайын, Жүздескенім өзіңмен,

Жазуы шығар тағдырдың. Балғынбекті тағы да, Ақтық сынға алғыздың. сахнада тағы бір, сүгірдің әнін салғыздың. Кезегін беріп ал енді,

тыңдайық сөзін балдыздың.

Ринат:

Жақындап бұл қалғаны көмбе ме еді, Балғынбек ақ тілегін селдетеді.

осы айда нұртайдайын ағаңыз да. Алланың бір жасына келген еді. оны сен қалай білмей қалдың екен, Жараспас бұл қасиет ерге тегі.

Бүгінде болса-дағы қайнағаң ғой, Құттықтай салсаң, күйеу, нең кетеді?

Біссміллә, болған екен сөз басы үлгі, Қиқуың шабытымды қозғасын-ды. Шапалақ соғатұғын халқым қайда, Пейілі балқытатын қорғасынды.

Ассалаумағалайкүм, ағайын-жұрт, танимын бір өзің деп жолдасыңды. Ақ бата қылып жатсаң бұл балаңа, Әр сөзің сапарымды оңдасын-ды. Алдыңа жүйрік балаң қайта келді, Білесің алмастайын тозбасымды.

Шапқанда шаң боратып қазақ үшін, өлең қып парлатайын көз жасымды.

іздеген балаң едім өнімді өлең, Кезім жоқ ел дегенде егілмеген. семей мен Аягөздің жалғызымын, Қарайды маған елім сенімменен, ұстассам Боранбайлап жүз ақынмен, намысым ешкімге де берілмеген.

Жырым – нұр, бір Алладан тамған маған, өлеңмен келе жатыр өмір деген.

Жасқанар Балғынбектен мен емеспін, Ақынмын «атомға»да жеңілмеген.

Көргенде жездем дейін баталы ұлды, салайын балдыз болып шатағымды. Жолыңнан адастырып, айландырып, Басыңа кигізейін шапаныңды. өзіңсің сау басыңа тілеп алған, Құрметті «Жезде» деген атағыңды. Жұлқысам құлағыңнан еркелікпен, демессің балдыз мені қапа қылды.

Құрайын қырық жерден қақпанымды, Жұлайын бір-бір талдан сақалыңды. Алматым айтыс үшін мәңгі мекен, сақалды қарсыласым Балғын екен. сұлбасы айнымаған бай баласы, тұлғасы елестетер нарды бекем.

нар деп мен мақтап жатсам асқақтама, Кім асар мендей нардан, ол кім екен. мен едім Шұбартаудың бір көкжалы, нар болсаң өркешіңнен қарғып өтем.

Ал ендеше екеуміз, Қанаттанып самғалық. Ағайын жұрт қол соғып, таңдай қақсын таңданып. Жездемнің бірі сен едің, Қарамайтын паңданып.

Айлаңа бірақ қалмаспын, осы күні алданып.

Жекпе-жектің басында, Айтыспаймын деп менен сараға қаштың сандалып. Бәрібір келдің алдыма, Қырандайын қомданып. Баратын жерің қалмады, Алғаның дұрыс қамданып. Шымшылассам өзіңмен, Жарылмассың шамданып. Қармағыма түстің бе, есілде жүзген нән балық.

Балғынбек:

сақалыма жабысып,

осы ма маған сыйлығың? Қарсы қойған нұртайға, Қандай жаман пиғылың. Жүруші едім мен сені, топтан озған жүйрігім.

Атаңа емес бұл күнде, Алашқа күллі сыйлысың. Көз алдымда дауыл боп, нөсер боп мейлің құй бүгін. Қара құйын дауылмын, Арнасы қатты ағынмын. мойындайтын жігітпін, Алланың ғана бұйрығын.

Жүрмейді маған билігің. Анадан алтау тусаң да, Беліңді бекем бусаң да, сақалдың жолы киелі, Айылыңды жи бүгін.

он алты ақын ішінен, Қалдық екі кандидат. төртінші рет жарыстың, төрде отырып жан қинап. елге бердік билікті, телефонмен балл жинап. сұраған жездең жолықты, Барыңды енді салып бақ.

Алдына көпшіліктің келген кезде,

мен емес жұрт құмарын қандырмайтын. Балдызым бүгін маған қарсы шықса, мен емес намыс отын жандырмайтын. Апай төс, атан жілік Балғынбекпін,

сен түгіл сенен зорға алдырмайтын.

сен едің семейдегі дарабоздай. Бәйгеден жүйрік келсін, шабан озбай. Қарлығаш, Әсем, сара, Фархат, ринат, Айтыстан қалмайсыңдар сабақ аздай, сүйрелеп бесеуіңді сиязбек жүр, тіркеген бес вагонды паравоздай.

Қарағым, балағымнан тістей берме, онсызда балтырымда жарам аздай. Крыловтың шырылдауық шегірткесі, деймісің шындық айтты ала жаздай. тереңнен суырып айт ақиқатты, Айдыннан балдыр тартқан бала қаздай.

Жөні келсе балдызжан, Қайнағамды мақтаймын. мақтаймын да қашанда, ел сенімін ақтаймын.

Білесің ғой айтыста, Жүрсінді ғана даттаймын, өз іші де біледі,

Бекерге жала жаппаймын, ырылдаймын, қаппаймын, Жүрсіннен жақсы таппаймын. сақ болсын деп сұқ сөзден, Айтыс сайын қақсаймын.

Ал сен айтыс сайын мақтайсың, оныңа кінә тақпаймын.

Шапан жауып, ат мінгіз, Қолыңды бүгін қақпаймын. мақтағандар бүлдірер, осы сөзді мақтаймын, мақтап жүріп жылатқан, сайлаудан да құлатқан, Қуларды қалай ақтаймын. тура айтамын туысқа. түспесін деп қуысқа. мақтанудан сақтаймын, сүрінгенде сүйеу боп, түңілгенде тіреу боп, ырқыма көнбей жүрсе де,

сыртынан сендей сатпаймын.

Ринат:

Балғынбек, жөн шаба алсаң көрінеді, тұрғанда Алматының сеніп елі. сыртынан сатқанымды бұл Жүрсін де, Қай жерде, қай ауылда көріп еді?

сақалдың жолы үлкен деп айтасың-ау, нұсқайды ол сөзіңнің жөні нені?

Адамды маймыл деген маркстің де, сақалы иегінде толып еді.

озғайсың, ал жездеке, құтың әрі, демессің балдыз менен ұтылады. менен де зор адамдар жеңбеді деп, сөйлейсің басқаларды нұқып әрі. Кейбіреу түйедейден құтылдым деп, Біздейін түймедейге тұтылады.

Қасыңа келген жоқ қой басқа бала, сен мені айдалаға тастама, аға.

Қаншама айтсаң-дағы қатты-қатты, ринат сөзіңізден жасқана ма?!

Келген соң Алматыға шындық дейсің, тығылған бейкүнәдай тас қораға.

Балғынбек, шыныңды айтшы осы неге, үндемей жүре бердің Астанада.

Астана күннен-күнге жайнап жатыр, той түгел қойнауында қайнап жатыр. мысалы, кеше ғана Арқа жақта,

«Астана күнін» жұртың тойлап жатыр. ол жерге шетел жақтан әртіс келіп, Жасанды бұлбұл құсап сайрап жатыр. Қазақтың миллиондаған ақшасына, осылай қанжығасын майлап жатыр.

Ал енді ауылдағы ағайындар,

Айлық қашан алам деп ойлап жатыр. Балғынбек, неге астана әлі күнге, Ауылдың тағдырымен ойнап жатыр?

Балғынбек:

не жаман, бұл қазаққа сайлау жаман, Кандидатты оққа әкеп байлау жаман. ринат, ел алдында дұрыс айттың, Халықтың тағдырымен ойнау жаман. Электронды дауыс беру қалай болар, Әзірге қасқыр да аман қой да аман.

Көрпелері жетсе де көсілуге, серкелері сертінен тайған заман. есіктегі еліміз еншісіз қап, төрелер астанада тойған заман.

сен ерді қашан саттым деп отырсың, есіңе түсірейін, ойлан,балам.

той жасап тоқтасынов төлен деген, ринатқа ән айтқызып қойған заман. сәбилянов отқа түскен нұртай ағаң, топқа түсіп үш рет сайланбаған.

төлен өтсе шығыны төленген ғой, сайлау деген осындай майдан балам. төленді де мақтайсың, нұртайды да, Қос майданда соғысқан қандай жаман. сара емес, Абайдың ақынысың,

мен сенің қылығыңа кайран қалам. Барыстай балдызыма жөн болады, мысықтың мысалына айналмаған.

ринат, сен әлі жассың, кекілдісің, Халыққа жас болған соң өтімдісің. Кеңдігін көрсетіп бір көңілімнің, Бетіңді қақпайыншы, ниетім шын. Астанада үндемей жүресің деп,

сол сөзбен сүрінед деп отырмысың. Әр сөзімді аңдығанға қарағанда, Балдыз емес, абысыным секілдісің.

сақал деген болды ғой бітпейтін жыр, мен сені әзіл сөзбен үптейін бір. сақалға емес жүрекке байланысты, ізгілікке апарар құт дейін бір.

Әйтпесе дінді бұзған дүмше молда, өтірік уағыз айтып жұрт жиып жүр. Аңқау елге арамза молда болып,

Жылтыр беттер жұртты жеп быттиып жүр. сақалдың дінге қандай қатысы бар,

сақал түгіл мұрты жоқ, мүфтиің жүр.

сақалмен кімдер бүгін санасып жүр, Көсе болған мүфтиге жарасып жүр. тура жолдан тайған соң талай қазақ, өзге дінге адасып, шырмалып жүр. оларға уағыз айтар молдалар жоқ, Барлығы пітір жинап таң асып жүр. Бүгінгінің мекке барған молдалары тек қана жаназаға таласып жүр.

Ағалар елдік дейді, бірлік дейді, Бірліксіз баяны жоқ тірлік дейді. Бес жүз мың қазақ өтті басқа дінге, үлкендер бұған неге дүрлікпейді? миссионерлер зиялы мемлекетке, Қайырлы іс қылуға кірдік дейді. маркстен ілім алған атеистер, миссионердің сөзіне құлдық дейді. имам жоқ уақытымен уағыз айтар, Жайбасар жатқаныңды дін күтпейді. мода қуып меккеге барған қажы,

молда болып жүргенмен дым бітпейді, ішінде мысықтардың бәрі мешкей, Шіркеуде шыбынға да шыр бітпейді.

Ринат:

ол рас, семей жақта той деген көп, Балғымбек айта білші ойлы өлең тек. Айтайын жағдайынан кандидаттың, Көрсетіп көзіменен көрген ел көп. өз ағам ажал үсті жатқан кезде,

Хал сұрап па едің сен менен кеп. сол кезде қиналғаннан ақша таптым,

Фәнидің жазғандығы сол ма екен деп. Әйтпесе өзің келіп көмек берсең, мен саған ешқашанда қой дегем жоқ.

Бір өзің болғандайын дара құнды, сен маған қарсы қойдың жаңа кімді? дін жайлы толғанасың елге келіп, Ашқандай жүректе бір парағынды.

сен сонша діншіл болсаң айт, Балғынбек тастадың не себептен намазыңды?

зор болса исламның келешегі, Бұл ойды ринат бүгін, елесе еді.

Бұлайша ойлы болып көрінгенмен, санаңнан сенің талай жел еседі. намазды орта жолда тастап кеттің, Күндеді деме мұнша неге сені.

Бір барып, қайта қайтып кететіндей, ислам қайын жұртың емес еді.

Бұл Балғын айтыс сайын толушы еді, Жоқ-ау деп келешекте оның шегі.

Айтыстан бір күн бұрын бұл жездеміз, семей деп жақсы түстер көруші еді. семейді ертең күні облыс боп, Қалады деп тағы да жүруші еді. ойланбай он бес дауыс бере салып, менің де көңілім соған толушы еді.

Бірақ та облыс болған семейім жоқ, ринат тек жақсыға сенуші еді.

Әй, тегі, саған сенген мен де ақымақ, Бұл Балғын қашан жақсы оңушы еді. тегінде үкіметтің ауылында,

Қай кезде қандай шындық болушы еді?!

тексерейік, Балғымбек, тәуіп болған ісіңді.

Қарсы алдымда отырсың, Бейне бір молда мүсінді. Ашық менмін балдызың, тап демеймін ішімді. осылай сөзді бастасам, ұйқасынан шумақтың, Балғымбек бәрін түсінді. Ал енді саған айтайын, өзімнің көрген түсімді.

мен де өзімді жырласам, Келмейді саған қауіп бір.

Аякөзде той болып,

Жасанып битімдей тауым тұр. Қарсы алдымда со кезде,

Қол соғып үлкен қауым тұр. сол қауымнан ринат,

Бір бақытын тауып тұр. Басқа түгіл көгімде маңдайыма шуақ ауып тұр. Айтақындай ағам кеп, Аяғыма етік кигізіп, үстіме шапан жауып тұр. осындай түсті жырласам, ішінен маржан теріп көр.

Балдызыңа енді жауапты дұрысынан беріп көр.

Шынымен болсаң көріпкел, осы түсімді жорып бер?

Балғынбек:

Ау, ринат, өзгермейтін қағидам бар, Бойыңда сенің-дағы ар-иман бар. ол рас, намазға мен жығылғанмын, мешітке тартқандықтан әр имамдар. Бірақ та бір жағымда уахабистер,

Бір жағымнан кеп қалды талибандар. солардың ниетінен шошып қалдым, менің-дағы бойымда зор иман бар. Қарағым, иман менің жүрегімде, тілімде қулқу алла, кәлимам бар.

Балдызым бар сырымды біліп алды, Жырыңмен дүрліктірдің ұлы залды. тойға барып нәпақа таптым дейді, ринат өзін өзі іліп алды.

Көмек берсең қайда қалдың деп отыр ғой Балдыздар мойнымызға мініп алды.

сен өзің семейді айтпай тұра алмайсың, Әр кезде Қабанбай деп ұрандайсың.

Қабанбай бар қазақтың әулиесі,

ұлтқа ортақ тұлға екенін ұға алмайсың.

Қуандықов біліпті қулығынды, түлкінің құйрығындай бұлаңдайсың. өскен елің семеймен кіндігі бір, өскеменді аузыңа бір алмайсың.

Баламер сахариев ағаңыз бар, Шыңымен талас өскен шынардайсың.

оралхан өр Алтайдың Кербұғысы, Қарайсың күмәнменен бұған қайсың. Атбегі Кітапбаев Бошайың бар,

сен қазір сол баптаған құнандайсың, Қалихан қара сөздің боз жорғасы, Әр сөзін таң асырып тұмарлайсың.

Қасым ағаң қайсарлықтың қолтаңбасы, Қолда барда қадірін біле алмайсың. төлеген тоқтаровтай батырың бар.

Қылышы болсаң оңай сына алмайсың.

Кешегі Көкжал Барақ бабаңыздай, Қолыңа неге, қалқам, ту алмайсың? Академик Ахметов, Аманжолов, ғылымын зерделесең суалмайсың. сөзіңе ұлыларды қосып айтсаң, Қияны көзбен шолар қырандайсың. Әй, саған, айтты не, бір айтпады не? той үшін толғау айтар жыраудайсың. Байқаймын балдызыма білім керек,

Айқаймен айды аспанға шығармайсың.

Балдызжан, ар дейтін бір ұғым бар ғой, семейдегі балдыздар құлындар ғой. семейің 2005-те ашылады,

Айтатын әр сөзімде шыным бар ғой. семейге бұл Балғынбек бөтен емес, менің де жүрегімде мұңым бар ғой. сен-дағы түсті жоры деп отырсың, Алдын ала жасаған жырың бар ғой. Айтақын шапан жауып жатса егер, ринат үйленетін түрің бар ғой.

Ринат:

Әр сөзін бұл Балғымбек сүйгізеді. Байқатпай ринатқа да тигізеді.

Шапан жапса үйленесің деп айтасың, Бұл ойыңыз байқасам шын ізгі еді.

Бірақ та түсінбедім онда маған неге Айтекең темір етік кигізеді? Болғандай әрбір айтқан сөзі нұсқа, өзі мәнді сөйлейсің, өзі нұсқа. өскеменді жырламасам айып етпе, онсызда жалтақтаймыз облысқа. Бар қазақтың даласы менің елім,

Жарар еді бұл Балғынбек соны да ұқса. ұлылардың семейімде мерт қылғаны, ұлықтарың қорқақтау қолы қысқа.

Бәрібір сол семейге оралады, Кейбір қазақ тарих іздеп сабылысса.

дейсің бе уәдемен ел алдаймын, мен өзім сөз аңдысам демалмаймын. 2005-дегенді айтып өттің,

дегендей төрт тұяқты тең алмаймын. елбасының аузынан естіп пе едің, мен бірақ ондайыңды көре алмаймын. 2030, 2005 қаптап кетті,

Шынымды айтсам, цифрларға сене алмаймын

ер бар ма бұл қазақтың көшін ұстар, Жіберген қателерден шошыныс бар. мысалы, көтерілмей казақ тілі, Болмай қалды оған ешкім осы құштар. тіл көтеру үш-ақ жыл демеп пе еді, үкімет уәдесінде тосылыс бар. тегінде бұл заманда қазағының Қанында зерттелмеген қосылыс бар.

Әйтпесе қарға болып қарқылдай ма, таранып төрде отырған тоты құстар?

махамбетше шыңғырып Шындықты айтар күн туды.

Қайран қазақ тілінің Жанарына мұң тұрды. Балғынбек, айтшы осыны, сіз жақтағы ағалар, Бұзады неге шырқымды? Қолдау таппай ешкімнен, Қайран қазақ тілінің, Жағасы да жыртылды.

Айтып-айтпай немене, дінімізді де бүлдірді. тіліміз де қырқылды. Айта беретін сен құсап, төрде отырған бастықтың уәделері бар, мың түрлі. ей депутат, ағалар,

сіздерді халық сайлап па ед Қандырып ал деп ұйқыңды? Әтеш құсап ән салып, Келтіресің күлкімді.

Қайран қазақ қайтейін, Халық сенген қойлардың, Күйсегені бір түрлі.

Балғынбек:

ринат, шындықты айттың қаша алмайтын, мүгедек болдық алға баса алмайтын.

Кешегі Әз тәукенің заманында, Шалағай шала заңдар жасалмайтын. Жалпыға «Жеті жарғы» жетіп жатыр, мәңгілік қартаймайтын, жасармайтын. Ал бізде жетпіс жеті депутат бар,

заң толы қағаздардан бас алмайтын. Жеті жүз жетпіс жеті заңымыз бар, Қоғамға еш өзгеріс коса алмайтын. мемлекеттік тіл болып жазылса да, Қазақ тіл тамыр жайып өсе алмайтын. Әйтпесе не болыпты он бес жылда, өзге тілден өзіне көше алмайтын. үнсіз депутаттар бар парламентте,

сканвордтан басқа еш нәрсе шеше алмайтын.

Қандастар келіп жатыр арғы жақтан, Азаттық олар үшін мәңгі мақтан.

өз елім өзегімді талдырмас деп, үміт қып көкірекке шамды жаққан. Қазақтың кәсіпкері оразымбай, Қытайда іскерлікпен тау құлатқан. Шыңжанда алтын тағып ардақтапты,

Шыққан соң бар мақсат пен бар мұраттан. Біріккен кәсіпорын ашамыз деп, Қаржыны тартқан екен әлгі жақтан.

Кәсіпорын түгілі сайтан да жоқ, сақалын саудаға сап салбыратқан. мол қаржыны қалтаға басып алып, Қаңғыртып қандасымды қалжыратқан. Әділдікті табам деп орекең жүр,

Көз ілмей әрбір атқан танды баққан.

ринат сөзден сабақ ала білді,

мен сенің қайтармайын талабыңды. серттен тайған кезі жоқ елбасының, Байқап ат, билік жаққа садағыңды. елбасы оның бәрін көрмейді ғой, Әйтпесе қақ жарар еді қара қылды.

Айтысқан он алты ақын «дорогойың», ішінде ринат еді «молодойың».

Басталды жекпе-жегің «один-один», Көрдіңдер «без правил супер бойын». Қарлығаш, сарам-ай,

серіктей ағам-ай, Аманжол, мэлспен, Шырынбек, рүстем, мұхтар-ай, ермек-ай, Айбек-ай, Арман-ай.

дәулеткерей дауылпаз, оразалы ортеке, Әбілқайыр арғымақ, Балғынбек бар имаш-ай

Шамаң жетсе сыйлас-ай.

«А я тебя убью ринат-ай».

Қарағым, айналайын, «черный көзім», Аман ба, семей менен Аякөзің?

мен едім ақындарда «тяжеловес». таяқты жейсің бүгін жалғыз өзің.

Қарлығаш сарам-ай, серіктей ағам-ай.

Аманжол, мэлспен, Шырынбек, рүстем, мұхтар мен ермек-ай, Айбекпенен Арман-ай.

дәулеткерей қимас-ай, оразалы сыйлас-ай, Әбілқайыр ринат-ай, Балғынбек бар имаш-ай,

«все равно тебя, люблю, ринат-ай».

Ринат:

Айтысқа қосар ақын үлесің бай, Бұл көрсеткен ринатқа күресің қай? орысша қосып сөйлеп өлеңіңе, миықтан паң қарап та күлесің жай,

Ағайын көрдіңдер ме тіл қорғайтын, Астана ақынының түрі осындай.

тіл жағын осы ақындар қорғай ма елім, Күтті ғой талай-талай құла белің.

Астанада жүрсің ғой Парламенттің, Жанында мен өзіңді сынар едім.

Байқаймын өзіңде де бір қуыс бар, Әйтпесе бойға таққан тұмар едің. Қасыңа бес ағаңды ертіп алып, Алдына Парламенттің шығар едің.

дегенде, Балғын көкем, алғыр көкем. саудалап шиновниктер алдыма екен.

сен жаңа жайын айттың оралманның, ұғады әр нұсқасын әрбір мәннің.

Балғынбек ендеше атап мен айтайын, елім деп кеше күні оралған кім?

Жерім деп бауырларың сағынып кеп, дырдай боп туған жерде тоналған кім?

егер де басы істесе біздің үкімет, соларға ерекшелеп сый бөлмей ме? ең болмаса мұстафаның анасына, Алматыдан дені дұрыс үй бермей ме? Әр нені қозғай бергіш, қайран жездем. Шындықты ринаттан үйренбей ме?

Балғынбек тағы біраз толғайсың ба, Алмақсың енді мені, қандай сынға? Жаңағы орысшаңа өкпем бар-ау, сен осы әр сөзіңді талғайсың ба?

Жат тілді әкелем деп сахнаға,

Жағам деп бұл қазаққа ойлайсың ба? немене бояушы деп айтқан сайын, Бір күні сақалыңды бояйсың ба?

Шығарсың жүрегімнен бір ырғақ жыр, Болса егер ел дегенде үнімде нұр. тілім деп нұртай менен Амангелді, Ағалар айтыс жасап зырылдап жүр.

тұрсынбек Кәкішов пен Құл-мұхаммед, тілді қалай көтерем деп шырылдап жүр. Ал жездем болса келіп бір-екі ауыз, Білетін орысшасын шығындап жүр.

Білмеймін бұл алаштың ақынының, Ауызын кімдер бүгін тығындап жүр? ел аман, жүрт тынышта айтысқа әкеп, Жаманды бұл Балғынбек ырымдап жүр.

Біз бүгін сөз айтайық есті-есті, Қосқымыз келсе егер көшке үлесті. Бас иіп алғыс айттым азаттыққа,

Біздің ел еркіндік деп көп күресті. Бірақ та бүгініне бір қарасаң, Көміліп көнелерің, ескің өшті. себебі бізге құдай кеше күні, Амалы көп айлалы досты қосты. Ал олар кеп атына атамыздың,

Қайдағы «ев»-ті қосты, «ов»-ты қосты. ілесіп молдаларға поп кресті,

соңына төрт түліктің шошқа ілесті. онан соң қолымызға стакан беріп, денсаулық үшін деген тосты қосты. Білдірмей сұңғыланың жүрісімен, Жаулады олар бізді өстіп-өстіп. санаңнан тазарса екен арда қазақ, Басқалар төгіп кеткен осы қоқсық.

Балғынбек:

Айтатын ел-жұртыма базынамын, Айбекке дауысын берсе қазыларым. Аманжол ағамдағы өкпелемес, сыйлықтың қанағат қып азырағын. тұранның текті жұрты қолдағанда, Қыранның қанатындай жазыламын.

орысша мен қосқанда әзілдеттім, Әніне сен салдың ғой Әзімбектің. Шіркін-ай аруақтары аунап жатсын, рухына Жандарбектің тағзым еттім.

Қалың ел қос саңлағын сағынады, демегін жездем маған бағынады. сатира сынның үлкен қаруы ғой, ұқпайды мына балдыз мағынаны. орысша тіл білмейтін қазақ айтқан, Білесің «16 қыз» халық әні.

ринат тиісе бердің қалай маған, Балдызым тістей берген қандай жаман. орысша сөзін қосып кей өлеңге,

ринатта пайым бар ма оны ойлаған. Қазақты мінеп-сынап кеше бүгін, орысша қоспап па еді Абай бабам.

отырмын бақ жұлдызың өрлесін деп, Балдызым мін-сынымды термесін деп. өзіңе өзің қатты таңқаласың, деймісің бұл жалғанда тендесім жоқ. Әдейі сынап айттым орысшаны,

рухы қазағымның өрлесін деп. Әдейі сатираны қолданғанмын,

Бір сәуле Абай жаққан өлмесін деп.

Балдызжан, топ алдында жайнағансың, сен маған кінә тақпай ойланарсың.

Шешенсің, айтыстарда көріп жүрмін, тіл-аузын талайлардың байлағансың. орысша сөзге қоспақ түгілі сен, Полиглот адам болып ойнағансың.

Ақмарал, Каримамен айтысқанда, немісше, ағылшынша сайрағансың.

Келгені көк мойнақтай көсілерің, Көсілсең мерейіңді өсіремін. ертісте туған бала болсаң дағы, ел үшін ерке толқын осы ма едің? студент күндеріңде білім қуып, менсінбей елордаға көшіп едің. Ал бүгін Астананы сынағышсың, тағайын сынады деп несіне мін. су ішкен құдығыңа түкірсең де, Шалалық сөздеріңді кешіремін.

Ринат:

нашар екен жездеке ақпарларың, Бөтен тілден жөн болар сақтанғаның Жетіп жатыр бағана мақтанғаның, Кімге керек енді кеп ақталғаның?

Абай айтқан орысша

«самородный»» сары алтын. ол Абайдай ұлыға

Бүгін кінә тағарсың. сенің сөзіңе қарасам,

«убью» деп айтасың. тастамайтын жаман сөз, өзің неткен адамсың?!

дей алмаймын өзіңнен асқан едім. мінезінді Балғынбек, таста керім. Қаласынан кетсем де отаныма, ұмытпаймын ешқашанАстана елін.

сөйлегенді орысша, дейсің жақсы білемін. ол әзілдің айтысы, Жетсін тағы тілегім, Айтпақшы мен сол кезде, Астанада жүр едім.

сен бүгінде ерекше толып жүрсің. өлеңменен көп жерді шолып жүрсің. Экс-астана тағы да, секс Астана,

деп Алматы бәлесін көріп жүрсің. өзің ұшқан қала ғой, бұл Алматы, сен де саңғып ұяңа не ғып жүрсің? мақамына салып ап, бөріктінің Аманжолдың шәкірті болып жүрсің.

мына қарыны қампайып, екі аяғы талтайып, отырысын жалпайып.

Басына бөрік кигізсе, Айнымаған Әлтаев.

Балғынбек:

Алла десем жетеді дауысым айға, Жарқылдасам жасындай жау шыдай ма? Ақпан айда басталған аламаның, мәресіне кеп жетті маусым айда.

Қалқайды деп айтасың, сен де қалқам, балдызжан, Жан емессің құлақсың. тайдың ба деп сертіңнен, Қойдыңыз ғой сұрақ сіз.

Әр арнаға құятын, Арнасы жоқ бұлақсыз. сен де талай әуенге, саласың ғой, балдызжан Жігіт пе едің тұрақсыз?

Балдызжан, неге ойнайсың, қарыныммен, ойланып сөйлесеңші сабырменен.

Бөрік кисе Әлтаевтан айнымайсың, осы ма халыққа айтқан мәлімдемең. Қарағым, ел алдында әлек болмай, Байқасындап қарасаңшы әліңменен. сен айтатын Қабанбай Қаракерей, Қалың ел қабырғалы нарым деген. Белі жуан, ат көтермес Бөгембай да, Атанның жілік майын шағып жеген. Анадан арда туған ер Қарасай, Жолбарыстың жүрегін жарып жеген. Абайды да ат көтере алмапты ғой, Қазақтың малын жемей қамын жеген. солардай болғаныма қуанамын, Қазағым ірілікті қадірлеген.

ірілер ұсақталып кетпесін деп, Жалынып-жалбарынам әмірге мен.

сен неге жүрегімді жаралайсың, Ағанды ел алдында табалайсың. мұңымыз бен сырымыз бір болған соң, Жыртығын көңілімнің жамағайсың.

Астанада ертіп жүрген ағаң едім, сен бүгін қарсы келіп абалайсың. өзімнің салмағымды айта бермей, сөзімнің салмағына қарағайсың.

Бұл балдыз Балғынбекті сынап қойды, Жездем ғой деп құлағын бұрап қойды. екеуміз бетімізге келе берсек,

Ал сонда ел сенімін кім ақтайды? мен сені сүріндіргім кеп тұрған жоқ, Батыраш пиғылды ағаң ұнатпайды. семейім махаббаттың символы боп, Халқымның жүрегінде тұрақтайды.

Қозы Көрпеш-Баян сұлуды білетіндер, сезімін әрбір ғашық шумақтайды. еңлік-Кебек аңызын естіген жан, ешқашан қызын енді жылатпайды.

Қалқаманмен мамырды туған семей, ұлардай енді ұрпағын шулатпайды. Қызын ап күйеу бала болғаннан соң, семейім сені маған сынатпайды.

сен секілді ұлдарын ұнатқанмен, Қыздарын қыл көпірде құлатпайды.

Бұл өзі айтыс еді бірде көрер, Көмбеге сен шығарсың бірге келер. сен маған түсіңді бір жорыттың ғой, түс жору ел алдында білген өнер. мен саған да бір жұмбақ айтайыншы,

соны тапсаң жездең саған жүлде берер ол өзі оңай жұмбақ, таба алмасаң, орныңнан ринат балдыз, тұр да жөнел. Балдызым дұрыс тыңда, екі ғайып,

Бір жаққа көшіп барады бірдеңелер?

Ринат:

Жарты сағат қарынды термелейсің, Қайынжұртқа Балғынбек, еркелейсің. менің саған айтқаным мысал еді,

мен не деймін құдай-ау, сен не дейсің?

Бар еді ғой ерекше, елге ұнайтын жалының. Қазақтарда бір сөз бар. Кей ақылды адамдар,

Көрсетеді дарынын. Кей ақымақ адамдар, Көрсетеді қарынын.

Жырладың ғой қайын жұрт семейім деп. өсе түссін семейім мерейің тек..

Күйеу балаң едім деп айтқаннан соң, отқан шығар жұрт дауыс берейін деп.

Күйеу баласың, ол рас өтірік дейді оны кім? Бірақ айтқан ойыңды Жақсылыққа жорыдым. сен үйленбей тұрғанда, Басқаша еді порымың. енді міне қарасақ, Бөлектенді орының.

мен саған бір сөз айтайын, семейден дауыс сұрадың. Жықпасын деп сол ұлын талдықорған құлатпас, дәл өзіңдей зор ұлын.

Біз берген нәрсе аз ба еді. Қыс сайын өзің жейсің ғой, Шұбартаудың соғымын.

Қоя кеттің және де жұмбағыңды, сөзіңе сендіресің мұнда кімді.

Болсадағы жауабы тым өзгеше, Жақсылыққа қояйын жұрнағымды.

Біреу көшіп бара жатса, оған ринат не істесін. тілейтінім қазағым, Жамандық еш кешпесін. Басында тұрған бақыты ешқашанда көшпесін.

Балғынбек:

Бұл салған ел алдында әнім еді, ринатжан, сен бастадың тағы нені?

Әу бастан уызыма жарығанмын, толықтығым халқыма мәлім еді.

Қыз берген Шұбартауға соғым деген, Білесің не тұрады жаным енді.

Білесің мына отырған ел-жұртым да, теңізді тамшысынан танып еді.

Балғынбек доп-домалақ доп болғанда, ринаттың добы мынау жарық еді.

Бағана бірдемелер көшті дедім, Әр жаққа бұра берме әңгімені. ринат басқа жаққа бұрып кеттің, ол көшіп бара жатқан «бәдік» еді.

Бәдік көшіп барады некесіне, Көшейін мен елімнің төтесіне. Білмесең көштің жайын мен айтайын, Барда жабыс шенеуніктің шекесіне.

Көш «бәдік» сайтандардың соңына көш, сайтанға ергендердің жолына көш.

Халықтың бар байлығын тонап алған, Пара алған жемқорлардың қолына көш. Көш бәдік, тұра бермей тағы да көш, Пәрменсіз парламенттің заңына көш.

Бұл жерде орысша айтқан ештеме емес, тіл білмес қазақтардың жағына көш.

Көш бәдік, ел қонбайтын құздарға көш, Қазақтың салт-санасын бұзғанға көш. Қазақтың бәрін сатқан үкіметпен, Көшеде арын сатқан қыздарға көш.

өленде бәдік, бәдік, бәдік, бәдік, Жібердім адреспен табыт салып. ринат, енді саған көшіп едім, отырмын бір бәдікті алып қалып.

Ринат:

Айтайыншы Балғынбек, Көшіре берсең бәдікке,

Қазақта мынау уайым көп. Айтысында еліңнің, Жекпе-жегіңде төріңнің, Парламент пен үкіметті Айта беретін жайым жоқ.

өлеңнің мініп жүйрігін, талай жерді өтейін.

Қанаттанып айтыста, Шыңдарға биік жетейін. зарлатқан талай ақынды, заманды енді не етейін? Жекпе жектегі финалды-ай, Көк бөрішелеп қиналмай, мына отырған қазаққа,

Бір рух беріп кетейін.

Жалпақтама жүрдім деп Жамандардың қасында. тәуелсіздік алдым деп, тасыма жұртым, тасыма. еңкеймес еңсең және бар, үкіметтен жасыма. осылай болса лайым-ей, Бақыт та қонар басыңа.

мен қазақ деген өр елдің Бүгінде көші түзелді. опасыз дұшпан енді кеп Бүктіре алмас тіземді.

Көрместті көрген қазақпыз, Берместі берген қазақпыз, Бақытты ғұмыр кешуге міндеттіміз біз енді.

мен мен едім-ай мен едім, Көзі бір өткір жебемін, мәскеуде айтыс болса егер, Жүрсін аға мені алып бар. Айтайын оның себебін. орыстарға сәлем айтыңыз,

Жетпей жатса бәйгесі. Бас жүлдесіне айтыстың, Басын тіксін Кененің. сол айтыста бас жүлде, Алам деп уәде беремін.

Бабамның басын алып кеп, еліме қайта келемін. зарлап жатса хан-бабам, мен оған қалай көнемін.

Ал, Балғынбек, жездеке, доғарғын бәдік сөз енді. ұнатпайды мынау ел, Көп сөйлейтін ездерді. Қазағым деп жырлайтын, ғажабым деп жырлайтын, Көтеретін еңсемді,

осы айтыста кез келді.

Балғынбек:

сен өзің арлан ба еді, тарлан ба едің, ринат биік екен барған жерің.

Қуанып отыр бүгін Аякөзің,

Бала боп сенің асыр салған жерің. мәскеуге алып бар деп отырсың ғой Жүлдені осы бастан қамдар ма едің. ринаттың талабынан айналайын, Қайтарам деп отырған хандар кегін. Қарағым, айналайын, бағың жансын, Қыз сағақ, бота тірсек, сандал керім.

2004 жыл.

ТІЛЕГЕН МЕН ДӘУЛЕТКЕРЕЙ

Тілеген:

Алаң да алаң, алаң жұрт хас тұлғаңдай, Қарға бойлы сөйлейін Қазтуғандай.

Қаршығадай кетейін қайырылмай,

суылдап,сұқсыр іліп, қаз қуғандай. Бесіктегі бөбегің әнімді естіп, Қадамдап қаз-қаз басып қаз тұрғандай. тана қуып келгем жоқ, тай жетелеп, Ақуыз жыр әкелдім ас қылғандай.

ел тұрмақ елікті де идірейін, Киіктің лағын теліп қапсырғандай. ел алдында ептілік танытайын,

Барқытқа барқыт жамау жапсырғандай. Жұмыртқасын еппен ап кекіліктің ұлардың бауырына бастырғандай.

Құс көрпеңе жамбасым тимесе де, мысты өлкеңде сөйлейін бәс тұрғандай. Қабағымда қиылып қас тұрғандай, Жанарымда үйіріліп жас тұнғандай.

Шымболаттың тойында сарқырайын, Арындап тас қопарған тасқындардай. Ассалаумағалайкум менің ұлтым, тамағыңда болмасын тас тұрғандай. Ақ шындықтың арасын айырайын, тасбақаның баласын тасқа ұрғандай. Буыныңды бозадай босатайын, Күшәлалы қымызға мас қылғандай.

сары дала сағым ойнар сәтті күні, сал дала ақындардың тәтті күні. дәулеттің әр сөзінен атан шөгер, сары далада естілсе пәктік үні.

Құр ауыз сөйлемейтін ақын едің, Бір ауыз сөйлегені аттың құны. тіліңнің тіркестері сұлу, көркем, Арасынан өтпейді аттың қылы.

сахнаға былқ-сылқ етіп зорға шықтың, Басыңда желбірей ме бақтың туы?

Жоқ әлде буыныңды босатқан ба, дәулет-ау, Алматыда тақтың буы, Армысың, дәулеткерей Кәптің ұлы, Бармысың, жалғыз Алла- хақтың құлы?!

Дәулеткерей:

Айтыста көтерілген бақ тұғыры, дәл бүгін аман екен Кәптің ұлы. Қасыма тілеген кеп сөйлегенде, естілгендей болды ғой ат дүбірі. Ал, енді сен сары да мен қарамын, деп айтпассың теңеуді таптың ірі. Қара мен сары келіп тоғысқандай, Бұл дағы бір құдайдың сәтті күні.

тәуелсіз атып жатқан таңдары азат, Алаштың ақ пейілі Аллаға жақ.

Ассалаумағалайкүм асыл елім, Ақындарың сыйласын жанға ләззәт. Шымболатты қондырып тұғырына, Бақыт та бұдан асқан бар ма ғажап?! Құдайдың бұл күніне шүкір дейін, Болмасын пиғылдарың тәубаңа жат. Ақ саулықтай қоздатқан ақ батасын, Армысың, Арқадағы арда қазақ?!

Қалмайды бүгін тойда жыр есілмей, Асыл жыр ақындардың үлесіндей. екеуміз де қалмаспыз ысырылып, сөйлеуге жарамаған күресіндей. мешіт пен шіркеу қатар осында бар, тілеген оны жақсы білесің ғой.

Ал, мешіттің күмбезі көк болады, Болса егер үмітіңнің үдесінде ой. Қасыма сап-сары боп қайдан келдің, екі миллиондық шіркеудің кресіндей?!

тілеген беделің зор бек жігітсің, Арқалы Арқадағы елге үмітсің. Шымболаттың тойына келген кезде, таңдайын тәтті өлеңмен ел жібітсін. Кешегі тайжан, нартай, Шашубайдың, Шабытынан бойыңа қондырыпсың.

Шымболаттай ағаңның жолын қуып, сүрлеуін маңдайға алып жол қылыпсың.

Қай-қайдағы теңеуді жиып-теріп, Ақындығыңа еліңді сендіріпсің. Барыңмен базарлап көр, ал, ендеше, мені де бір кездесер деп жүріпсің.

Тілеген:

тартылған көл шетінде дабылға да, ұша алмай семіз құстай мамырлама. Шіркеудің күмбезіне теңей салдың, Ат шалдырмас жігіт ең тақырға да. Күннен күнге барасың толықсып-ақ, дәулетжан құр бекерге дабылдама. мен сенің буыныңды бекітейін,

сөз салып ине тілмен қабырғаңа. топқазы болған аттай ыңқылдайсың, Келесің қалжың менен ақылға да.

Көбең жүрген көк аттай көбіктеніп, Қазы бітіп қалыпты-ау қабырғаңа. Кеудеңнен күмбірлеген күй ұғып ем, сіз дескен әр сөзімнен сый ұғып ең. маралкөз бұлбұл үнді дәулет едің, Күлетін қарсыласқа миығымен.

Жанарыңды тәкаппарлау төңкересің, дегендей бұл айтыстың биігі мен.

Жоқ әлде тұяқтыға жеткізбейтін, сарыарқа сары даланың киігі ме ең?! Қоян жұтқан ителгі сияқтанып, Көзіңнің қарайсың ғой қиығымен.

ердің қасы қайрылып, Қапталы кетсін айырылып. үзілгенше дәулетжан, тартысайық ал, енді. тұяғымыз жер тіліп, содан кетсін кертіліп.

Қиылғанша шашамыз, тарпысайық ал, дәулет, Азуымыз сақылдап, тіске тіс тиіп шақылдап. Қамыстағы қабыландай, Қарпысайық ал, дәулет.

Қоңыраулы найза қысқарып, істік болып қалғанша.

Шарболат қылыш мұқалып, Кездік болып қалғанша.

Айқасайық дәулетжан.

Ай, дәулетжан, дәулетжан, тілімізден тіліміз, Шайлығып сірә, қалғанша. Бірімізді біріміз,

өңгеріп атқа салғанша, Білегіміз талғанша. саусағымыз қалжырап, Бастан жығаң салбырап, дулыға жерге түскенше, Шайқасайық, дәулетжан!

Дәулеткерей:

Шабытын бұл тілеген іркер емес, Ақын ем, ақиқатты бүркелемес. өлгенше айқасайық деп отырсың, Күтпейді-ау екеумізден жұрт ерегес. Келсең-кел, сенен қорқар мен емеспін, өлгенде көрген бұл да бір төбелес!

Болғанда екеумізге ел көпір шын, дегендей екі ақыным тең көсілісін. Жерден, көктен теңеуді жинап алып, Қасымда қарсы қарап сен де тұрсың. ителгі жеген қоян секілді деп,

енді сенің тілеген нең көпірсін? Қоянның басын жұтып тояттап ап, Жарбиған жапалақтай сен де отырсың.

өлеңдей келер болсақ нәрлі уызға, Айтармыз ақындықпен әнді қызба. Шымболаттың тойына келген кезде, Шындықты айтар ақын деп алдыңызда. маған теңеу айтқаныңа рахмет, демеймін тұлпарымды салды мұзға.

Шымболаттың тойына келген кезде, өлеңнің уызына қандыңыз ба?

тақырыпты талқылап айтар болсаң, ұшық шығып кетпейді аузыңызға.

Аталы сөз күтеді ел арлы ақыннан, Атадан ақын болып арда туған.

Бұқар жырау халықтың мұңын айтса, Кенде емес еді ғой хан да ақылдан.

Кешегі кеңес деген кесір қоғам, Шымболаттың көзіне қан қатырған. Шындық деп бар әлемге жар салуда, заманның зарын айтып зарлатудан. тілеген сен де солай жырласайшы, той болып жатқан кезде алқа думан. Шымболат ел көңлінде мәңгі қалар,

Шындықтың шолпанындай таңда туған.

Тілеген:

Қанатыңнан қақпайын, Қалықта, дәулет, қалықта. Шаужайыңнан тартпайын, Шарықта, дәулет, шарықта. ұшық шықсын деп аузыңа, Айтқаның дәулет анық па? Жапалақ дедің сен мені, Жалпылдаған жардағы, осы айтқаның дәулетжан Жетті тағы халыққа.

Ақылы бар ақын ең,

Қол салмайтын дәулетжан, Айналып тұрған шарыққа. сен қорғасын, мен жалын, Балқытқалы келгемін.

Кіргізейін қалыпқа, сұрмерген ақын сен едің, Желбезекке жебе дарытқан. судағы жүзген балыққа. осылай сөйле дәулетжан, Ақындығың анық па?!

Қыран боп туған қырансың, Қарғалығыңды танытпа!

тілмен түй, тісіңменен күрмеңді ағыт, тасырқамай төгейін тілден жақұт. дәулетжан Шымболатша ақтарылдың, сен де бүгін үлдең мен бүлдеңді ағыт. ұртын шайнап жатса да ұлтым деген, Шымболат сілтей білген бірден бағыт. Құс тұмсығы секілді қысқа жалған, Болса да маңыздырақ сүрген бақыт. сақсырың қанға толып тұрса дағы, саңқылдап дұшпаныңа күлген бақыт. өзіңнен өлмейтұғын өлең қалса, өкінбей бақиға да жүрген бақыт.

Артыңда сұмдық емес, шындық қалса, Шынболатша өлу де үлкен бақыт.

Шындықты мен айтайын шымшып тұрып, Қабырғасын қазақтың қыршып тұрып.

Құлаған протонның кесірінен,

Қоғадай жапырыларсың сыңсып тұрып. Жусан исі аңқыған жондарымнан, уыстап у жұтамын шым-шытырық.

Қыршынынан қиылған жастар аз ба, Ақиқаттың көзінде былшық тұрып. Құрсақтағы ұрпақты түсік қылдық, Жатырда жатқан анау тұншықтырып. оны айтатын көкелер жоғарыдағы, Шылбырдай шұбатылды-ау сусып тұрып. Қыран деп қонақтатқан депутаттар,

Шиқылдап танытып жүр шымшық қылық. у сауып, уыз жеймін деп жүргендер, ұшынып қап жүрмеңдер ұшық тұрып.

Құтқаратын күні ертең ем таба алмай, ұлт жарасын алмаңдар ушықтырып.

Аспанда ала бұлттан Ай сығалап, Қоғам тұр мына маған қайшы қарап. семсер ұстай білмейтін сертсіз ұлдар, өкінбей өкпеме тұр қайшы қадап.

Жаңаарқа, Қарқаралы, Жезқазғаным, темір жауғанда ақ далам ойсырамақ. Бабама берген сертім адыра қап,

Кедей кердең боп барад, бай сұғанақ. Балама не деп жауап берем ертең, далама өшікті екен қай сұғанақ?!

Жерім бай болғаннан соң, халқым кедей, Алладан соң отырсың халқым демей.

Хантәңірге ұя салған қыран едің, Қыран қабақ, дүр жігіт алтын керей. Қобыз кеуде жігіт ең, Қорқыт үнді, Жырларымды қабыл ал салқын демей. Айтарыңды сен де елге ақтар енді, түкті жүрек жігітсің, алтын көмей.

Қызықтап қыпшақ, найман қарап тұрсын, Қақтығысып көрейік арғын, керей.

Дәулеткерей:

сөзіңде жылтырайды арман- үміт, дәл бүгін келтірмессің қанға күдік. Қарғалықты танытпа деп айтасың, сен менің шаужайымнан жалған іліп. Арқаның арда туған ақыны деп, Көрсем деп ем жүрісіңді алда жүріп. тілеген теңеуді де дұрыстап тап, Қыранға қастық қылмас қарға күліп.

Қандай ед деп сұрайсың ал, бұл заман, Біреуге деп айтамыз тағдыр жаман. мұқағали жырының мәні бөлек,

Ақын өлсе қалғандай тағдыр қараң. Шымболаттың артында шындық қалды, Алашының алдында самбырлаған.

сол шындық осы қазақ аман болса, Жүрегімен жетпей ме сан жылға аман.

«Әлдекімнің тағдыры бұйырған жоқ, сексен жасап сегіз сөз қалдырмаған».

Қазағым жете берсін жылдарға аман, Жылдарға аман, тәуелсіз тұлғаң да аман. Халықтың ақасына келген кезде, Ақынға да керек қой бұлданбаған.

Кешегі өткен ақын мен жыраулардан, Ақын ақын болар ма үлгі алмаған.

Бүгінгінің шындығы осы боп тұр, өсекшіде қызыл тіл сумаңдаған. Кеншілердің аузына арақ құйып, өлгендерді кінәлі қылған заман. Бүгінгінің шындығы дәл осындай, түлкінің құйрығындай бұлғаңдаған.

Қазақтың ашылса екен алдан бағы, Ақынның аз болса егер зарланғаны. Шымболаттай шыңғырып шындықты айтса, Жетеді тілегеннің арманға әні.

сарыарқаға протон ғашық боп тұр, Көре алмас үмітімдей таңдардағы. Бүгінде ел басқарған мықтылар көп, ойлаушы ем деп үміттің жалғанғаны. Қарашаның қамын жеп өтпеп пе еді, Қарақасқа ат мінген Қамбар дағы.

2006 жыл.

ДИДАР МЕН ЖАНДАРБЕК

Дидар:

Біссміллә, хақ жолымен бір Алланың, Айтыста атой салып ту алғанмын.

Жаркентте той дүбірі естілгенде, Арқада арқам қозып, қуанғанмын. дәнештей ән бұлбұлы туған жерге, Жүрегімнен жауқазын жыр арнадым. Әбіхан Қастеевтей саңлағың бар, суретші тасқа салған ұлы арманын. Жандарбек пен Әсеттей шайыр өткен, Басына ноқта түспес құландарың.

Кешегі желтоқсанда ерлік қылған, ләззат пенен ерболдай қырандарың. одаққа аты шыққан аудан едің, Кезінде куә болдың бұған бәрің.

Жер шеті, жел өтінде шекараның, Қас қақпай күзетте тұр ұландарың.

80-ге толып жатқан ауданыңның, тойында тор бестімді тұмарладым. Ассалаумағалейкүм Жаркенттіктер, тамашамен тарқасын құмарларың. зәузатыңды зәмзәммен суарайын, өлеңге сусап қалған суандарым.

Көрермен отырғанда өлең іздер, тойға кеп көсілмейміз неге біздер.

Жандарбек шыққан кезде шуладыңдар, Болсақ та біз екеуміз тел егіздер.

Арқадан ат терлетіп келген кезде, мені де бөліп-жармай елеңіздер. Атынан ат үркетін Байсуандар, Арғынның бір баласын демеңіздер. Жандарбектей Жаркентте тумасам да, өз туған балаларыңызға теңеңіздер. Бауырына басады деп келгенде, Жерлестің қамын ғана жемеңіздер. тайбурылдай дидар да қатар шапсын, Ауылдастың аты озсың демеңіздер.

Жандарбек:

уа, дидар бұл сөзіңнен қаймығам ба?! ұқсайсың сен сертіңнен айнығанға. түйеден түскендей қып сөз айтпасаң, Жаркент қол соқпайды жай жырауға. Ауылдастың аты емес ешқашанда, Жүйрік болса озады тай құнан да.

Шашаңа шаң жұқтырмай шаба білсең, саған ешкім демейді бәйгені алма. сондықтан саған қатты қол соғад деп, сен бала мұңға батып, қайғыланба.

Ақынын қолдап жатса айып па екен?! Қызғанып, көре алмайды, әй бұлар да. мен шапсам, құлагердей кең көсіліп, үндемеу жараспайды Байсуанға Құлдыраңдап құлыны топқа түссе, Айқайлама деп жазған қай құранда?!

Жаркент келешегі жарқын қалам, Бұл жерде тегінде осал жан тумаған.

Белжайлауды ен жайлап біздің ауыл, сабасында сары қымыз сарқылмаған, Құзарлы Арқас тауға қарап өссе,

Жан қалмас қия шыңға талпынбаған. Бәһадүр, батырлардың мекенісің, найзасы найзағайдай жарқылдаған. тілімен тікен орған ақының бар, сөздерін би түгілі хан тыңдаған.

Бура санды алысса балуандарың, екпіңіне теңселмей тау тұрмаған, саясында алманың тербетіліп, Бұлбұлы дәнештерден ән тыңдаған. тектілерді тербеткен көне бесік, сақталыпсың қазақи қалпыңда аман. осындай қасиетті жерде тусам, Алланың берген сыйы бәлкім маған. Батпағы өзіне ыстық бақаның да,

сондықтан қымбатсыңдар жалпың маған, Ауылымның бір жұтым қара суы, Білгенде артығырақ бал тұнбадан.

Кір жуып, кіндік кескен Жаркентімнің, Бір уыс топырағы алтын маған.

ұлдарының талабы тау келетін, Қыздары қыр гүліндей сәнденетін. сүйсініп ұл- қызыңның өнеріне, Батасын Қален сынды шал беретін. Әйелдері ерлердің жолын кеспей, Қара басын қадірлеп, хан көретін. намысы нар кескендей Байсуандар, итің жаман десе де ар көретін.

Басқаның қасқырынан артық көрем, өзім туған ауылдың кәрі төбетін.

Бауырына жылынып Жаркентімнің, осында ұйғыр-дүнген әлденетін. езуінен еншісін жырып беріп,

Бұл күндері түсіп жүр әуреге тым. Бауырына басып жатсын барлық ұлтты, Басына ылаң салып, бәлденетін,

Кең пейіл жаны жомарт осы Жаркент,

өзіне мырзалықты тән көретін. таспен ұрып жатқанды аспен ұрып, найзасын кезенгенге нан беретін.

Ауылымды жаңа көріп амандасқам, сен бала қоя тұршы жан алмастан. Ағайын, енді бермен қараңыздар, Қай ақын топ жарар деп алаңдасқан. Ауылда айтыс өтед дегенді естіп, Жүкеңмен бес-алты рет хабарласқам. Жаркенттің 80 жылдық бұл тойында,

Кіммен жұп қылады деп мазам қашқан. Балғынбекпен шығам деп бір ойладым, өнердің өлкесіне қадам басқан.

Күлім көз, оймақ ауыз Қарлығашты, Қала бердім жұп қылып ала алмастан. Жүкең маған басқа жұп таба алмапты, мына бір қалқан құлақ, қазанбастан, Қасыма сүйретіліп қайдан келдің, Қорғастың камазындай товар басқан.

Дидар:

Жандарбек ауызын айға білеген ғой, орынсыз үзеңгісін шіреген ғой. туған жер топырағым алтын ғой деп, өз халқынан қошемет тілеген ғой.

Астанаға оқуға кеткен едің, дегендей ол білімге сүйенем ғой. елді сүйсең кетер ме ең, елордаға, Аңсап келдім дегенің құр өлең ғой. туған жердің топырағы алтын болса, Қолда барда қадірің білер ең ғой.

Көлден табар бақытын мына балаң, Шөлден іздеп жаңылған шүрегей ғой. немене тұғырыңды ұмыттың ба?! осы елден түлеп ұшқан түлегі ең ғой. Көртышқан да көреген өз інінде,

Бұл сөзімді құлаққа ілер ең ғой. Шаршы алаңды шаңдатқан сәрсекбаев, Алтыннан алқа таққан бір өрен ғой. туған елге оралып бағы жанды,

өзбекті өгейсініп жүдеген ғой.

сол құсап Жаркентке қайтып келсең, осы елдің тілеуін тілер ең ғой.

Бейжіңнен алтын алып келмесең де, Бел жайлаудың белінде жүрер ең ғой.

товар басқан камазға теңеймісің, Шекарадан жолымды бөгеймісің. Камаздан қандай зиян көріп едің, сен немене Қорғасқа өгеймісің. Камаз болсам Жаркентті асыраймын, Ал енді еңбегімді елеймісің. сондықтан мына маған байланысты,

Жандарбек байсың ба өзің кедеймісің? сүйретілген сүмелек дегеңінше, Жаркентімді жарылқаушы демеймісің.

Жаратқан жеткізген соң нұрлы күнге, Жаркенттің көгінен күн күлуде.

Жұдырықтай жұмылып осы тойға, ел-жұрт болып бәріне үлгеруде. сауық құрып Алашқа сауын айтып, дүбірлетіп думанды дүрлігуде.

Көкталдың көк талдары ырғалады тербеліп дәнеш салған бұлбұл үнге. іргеңде үлкен шыған, Кіші шыған, Атыңды асқақтатып тұр бүгінде. саңылақ сарыбелдің сатайлары, Баурайын Арқас таудың қылдың ірге. үшаралың ұшырған түлектерің,

үш жүзге ортақ болып жүр бүгінде. осы өңірді зерттеген Шоқанның да, еңбегі жол ашады түрлі ілімге Алтын көпір Қорғасың Қытайменен, екі араға қатынас жүргізуде. ырысыңның тарқамай тұрғандығы, осы елдің ынтымағын білдіруде. талай ұлтты басса да бауырына, түтіні түзу ұшқан түңлігінде.

Байсуаннның байлығы ақшада емес, Балталаса бөлінбес бірлігінде.

Ақын жыры тірлікке өң береді, Бағасын мына отырған ел береді. Ағайын, өткен жолы Жандарбегің, Арқаға серілік қып келген еді. төбесіне көтеріп менің ауылым, өз баласы секілді көрген еді. иығына оқалы шапан жауып, Астына ат мінгізіп, ерлеп еді.

ол аз десең күлім көз, оймақ ауыз, Бір аруын беруге көнген еді.

Кезекпен ауылыңа мен де келдім, төредей қып күтерсің төрде мені, Жаз көңіл, жаны жомарт Байсуанның, деуші еді етек-жеңі кең келеді.

Жандарбек сен де бойдақ, мен де бойдақ, сондықтан үзеңгіміз тең келеді.

сыйға – сый, сыраға – бал деген бар ғой, Қазақтар бұл мақалды жөн көреді. ендеше сен тұрғанда мына досың, несіне сұлу іздеп сенделеді,

суанның сұлу қызын сыңар қылып, Құр алақан қайтарма сен де мені.

Жандарбек:

Қашты деп жала жаппа дидар маған, осылай сөйлей ме екен иманды адам?! сен айтқандай той болса ғана келіп, Жаркентімді жатырқап қиналмағам.

Астана да қазақтың жері емес пе, сен осылай тиіседі деп ұйғармағам. Қазақтың даласына сыймай ма екен, Ананың құрсағына сыйған балаң.

дидар-ау, күшейді ғой тіпті арының, Халыққа жоқтай менің түк қадірім. Жаркентті өтірік сағынды деп,

Жексұрын ғып көрсетті-ау жұртқа бүгін. үшаралдың ұшсам да ұясынан,

үш жүзбен ортақ ұлмын жұртқа бүгін. Алатаудай арманға қолын созды, Алақандай ауылдан шыққан ұлың, Алып-ұшқан көңілмен келіп отыр, сағыныштан сарғайып сырттағы ұлың. табаным Жаркентімнің топырағында, төбем тиіп жүрсе де бұлтқа бүгін.

Бәйтеректей кетсем де биікке өрлеп, туған жерге байлаулы түп тамырым.

Бос белбеу, бота тірсек қатпа бала, ойыңа келгеніңді шатпа бала.

Жандарбек қашты ғой деп Астанаға, Бұл дидар жаға салмақ аққа қара. мен түгіл қызыметпен сонда жүр ғой, Қуаныш сұлтановтай атпал аға.

Астана бар қазақтың жүрегі ғой, Бар қазақ елордамен мақтана ма? Балғынбекпен еліме мен де қайтам,

дәм-тұзын бұйыртқан күні Хақ тағала. елордаға барғандар жаман болмас, сен өзі бас қаланы жат санама.

ХХі ғасырдың мақалы бар,

сол мақал бүгін маған жақ бола ма. өлер бала жүгірсе мола жаққа, өсер бала жүгірер Ақмолаға.

туған жер перзенті үшін асқар мәңгі, сондықтан көксемеймін басқа арманды. орынсыз қашқынсың деп қаралайсың, сөз күтіп ем өзіңдей достан мәнді.

Шен қуып, шетел асып кеткен жоқпын, Білім іздеп табанымды тас жарғанда.

Қашқын деп керісінше айтар едім, Халықтың қазынасын шашқандарды. төрім мынау төремдей қонам десең, Бел жайлаудың белінде шабам десең. дидаржан мен де саған тілектеспін,

Бақытыңды біздің жақтан табам десең. суанның бір аруын қияр едім,

Жел мен күнге тигізбей бағам десең. Әй бірақ, оны қалтаң көтермейді, Пікіріңді өзгертші одан да сен,

сары майдан дәметкен кеудең құрсын, ұйғырдың қыздары бар алам десең. дидар саған әдемі шанс боп тұр, үкілетке күйеу бала болам десең.

одан кейін біз жаққа бет бұрасың, Жаркентке жиі жиі кеп тұрасың. Қайнағаң үкіметте отырған соң, Ақырын билік жаққа еп қыласың. Шалқайып қазы-қарта шайнай бермей, гуйру-суйру лағыманнан жеп тұрасың. Жаркенттік құдаларым деген сөзді, иарканттық тухаларым деп тұрасың.

Дидар:

ұйғырдан апарайын үйге келін, менің одан танылар милы екенім. мейлі ол суан болсын, ұйғыр болсын, Жаркентке сапарымды жиілетемін. осында кеп естідім алғашқы рет,

лағыманның суйру және гуйру екенін. Бұларды ұйғыр қызға ұмыттырып,

ет астырып, қамырды илетемін. Аппақ, аппақ тучкалар деп билетпей, Қазақы қамажайға билетемін. иарканттік тухалар деп шүлдірлемей, Қайынға ана тілін сыйлы етемін.

Билік жаққа бір табан жақындасам, тілімнің мәселесін сиретемін. үкілетке күйеу бала болып жатсам, мәсімді қонышымнан сүйретемін. Қайнаға деп арқадан қағып қойып, Қатырып қазақшаға үйретемін.

Жандарбек:

Пендеміз пешенеге жүгінетін, Құдайдың көрмейсің бе құдыретің. сахнаның саңлағы Жандарбекпін, Кеше өлсе, бүгін қайтып тірілетін. Жаркентте асыр салған бала болдым, ер жетіп, көмбесімнен дара келдім. рухын бақидағы бір аунатып,

Әніне Жандарбектің сала келдім.

Құлагер сеніміңді арқаласын, Батыраш балталаса балталасын. Әйтеуір елім аман, жұртым тыныш, Қазақтан той мен думан тарқамасын!

2008 жыл.

ЕКІНШІ БӨЛІМ (2009-2014)

АЙТАҚЫН МЕН ЖАНДАРБЕК

Айтақын:

Ақын сөзі өлшенбес мысқалменен, тұщымды ой айтуға ұстамды ер ем. наурызда сіздерменен, жүздесіппін, нарық заман бүйірден қысқанменен. Айтысқа тыйым салып тастағалы, Қызыл тілім қырқылып, қысқарған ең. дөкейлер ақындарға бұғау салды, Жар астында екен ғой дұшпан деген. Ақындар билікпенен сыйыспадық,

мысық жолдас болмайды тышқанменен. Азат күнде қазақтың өнері өлсе,

осы ғой намысыңа нұқсан келген. өнеріңді өшіріп, үкіметтің, саясат шырмауында ұсталды өлең. Айтысты өлтірмеуге жанталасқан,

ермановта қайратты күш бар дер ем. Ал, ағайын, қарсы алғын құшақ жайып, Біздерге қуат берсін құшқан денең.

Ақындар алдарыңа қайта келді, Көктемде қайта оралған құстарменен.

Жай сөзді мен айтпаймын жайдақталған, Ақынмын қара сөзден қаймақты алған. Алдарыңа кеп тұрмын атой салып, Құлынымды ертіп ап, ойнақ салған.

Баламен жағаласты демеңіздер, Хабардар боларсыздар жай-жапсардан. Әйтпесе, бұл Айтақын доңыз емес, Ашығып өз торайын шайнап салған.

Бұл дағы бір қоғамның қасіреті, Баласын әкесіне айдап салған.

Ассалаумағалейкүм, жас Бұлғақов, Әкеңе құшағыңды аш, Бұлғақов.

Көрерменнің таңдайын қақтырғайсың, тыңдарманды тамсантып, бас бұлғатып.

Айтыстың жабылуы тұрған жоқ па, Қоғамның ауруын асқындатып.

тек қазақтың бұйырған еншісіне, Айтысым – даладағы дәстүр, жақұт. он үшіңде сөйлеп ең елдің сөзін, Әкеге ұл өскені рас бір бақыт. өзіңдей бөлтірігім аман болсын, Азар болса тастайды қасқырды атып.

мен де бүгін айтарымды айтып қалам, Құрық салсаң, ұстатпас қашқын уақыт. Әкеңді топ алдында таба қылмай, өлеңіңді төк енді тасқындатып.

сені көріп тай күнім еске түсіп, Жанардан отырайын жас құрғатып.

Жандарбек:

уағалейкүмассалам, дәу Бұлғақов, мен үшін асқаралы, тау Бұлғақов. сахнада балаңмен қауыштырған, Әкетай, өкпелеме тағдырға түк.

Жарты өмірің айтыспен өтіп еді,

Жер теуіп, домбыраңды даңғырлатып. Балаңмен кездескенің бақ емес пе,

Әр нәрседен іздейді әркім бақыт!

Ал, енді сен шап десең, мен шабайын, Батыраш құлатпаса аңдып жатып. маңдайымнан сыйпасаң, құлыным деп, таңдайымнан жыр төгем жаңбырлатып.

Ағайын, бәрің бері келіңіздер, өлеңге қатты құмар едіңіздер. Айтыстың неше түрі болады екен, Баланың бұл сөзіне сеніңіздер.

Халықаралық айтыстар өткен кезде, Біздер үшін уайым жедіңіздер. облыстық айтыстар өткен кезде, Бұл айтыс жақсы өтті дедіңіздер.

Бұл айтыс ерекше айтыс болғалы тұр, Әйтеуір бағаны әділ беріңіздер.

Айтыстың тоқтауына байланысты, отбасылық айтысты көріңіздер.

Әкемнен алушы едім тынбай тәлім, өйткені, өнегесін шын байқадым. Бұрын-соңды басымда болған емес, тығырыққа тірелген мұндай шағым. Ағайын, маған көмек беріңіздер, Айтыста қайту үшін сынбай сағым. Біреу тиіссе, әкеме айтушы едім,

Ал енді әкем тиіссе, кімге айтамын?

Бұл біздің түсіміз бе, өңіміз бе, Әкетай, жұп қылыпты сені бізге. ойпырмай, осы айтысқа шығар кезде, Қарсылас табылмап па тегі бізге?!

Жүрсін аға, әкеммен жұптап қойып, Әкемді танытайын дедіңіз бе?

Әкетай, биші де сен, әртісте сен, тәуекел тартысайын, тартыс десең. сахнаға қарсылас боп қайдан шықтың, Әкем боп отыр ең ғой талтүсте сен?

Ақын деп мені мұнда алдырар ма, ермановтың ойынан дәл түспесем. Айтысты арбаға сап жарға айдады,

ой, айтқыш, «жетпіс шешен, алпыс көсем». төл өнер төрден орын алуы үшін,

Әкеммен айтысайын, айтыс десең. тапжылмай маған қарап халық отыр, Әкеңе кетеді деп қай тұста есең?

не керек, бұл халыққа қызық керек, өзің біл, өз ұлыңды жай тістесең. сахнаға мен шыққанда тақым қысып, Ас батпақ түгілі, сен шай да ішпес ең. мен болсам жалындаған жас баламын, Әкетай, сеніп келдің қай күшке сен. екеуінің қайсысына болысам деп,

дал болып отырма екен байғұс шешем?!

Әкеме еркелеуді ұнатам мен, өзгемен ерегессем, құлатар ма ем?

теңді теңге, тезекті қапқа салмай, ерманов қайдан қосты мына шалмен?!

«Алыссаң, атаңды жық» деген бар ғой, сол сөзбен өз-өзімді жұбатам мен.

Құнанбайға сын айтқан Абайға ұқсап, ой жарысып көрейін ұлы атаммен.

«Күн көсемнің» тұсында сіз туыпсыз, Армандас боп Брежнев братанмен. нұр көсемнің тұсында мен туыппын, Арайлап азат атқан құба таңмен. сүйегі қаусап кеткен «Компартия»,

Қай бетімен жарыспақ «нұр-отанмен»?

Халықтың ықыласын иемденген, Қос Бұлғақов айтысқа ірең берген. сахнаға сабырлы боп мен келгенде, Әкем отыр аумайтын дүлей желден. сөзімізді билікке жеткізер деп, Халық әркез ақынды сүйеу көрген. Басшылар бұл өнерге бұғау салып,

тұлпардай болып қалдық шідерленген. Ағайын, біздің заман осы болды, Біреулер қырқысып жүр біреулермен. Әкелері айтысып баласымен,

Қайын аталар алысты күйеулермен.

Айтақын:

Айтысқа құлақ түрген атырап бар, Кеңесті күндеп жатыр ақымақтар. Компартия өлмейді, өлу үшін, Алдымен мені өлтіріп, топырақ сал. ссср-дан көріп ең не жамандық? өткеніңді байқап көр, бақылап сәл. Жемқорлар болған емес біздегідей, Билік те отырғанда батырақтар.

Шешем байқұс қайсымызға болысар деп, Кемпір жайлы бердің ау тосын ақпар.

Компартия тұсында жұмыс қылған, Шешең сенің расында асыл-ақ жар.

«нұр-отанның» тұсында жұмыссыз қап, сарғайды ғой жап-жасыл жапырақтар.

өзіңдей отыз ұлы болғанынша, Кемпіріне қымбат қой осырақ шал. дұрыстап тыңдап алшы, ақын балам, дұрыс қой әке сөзін мақұлдаған.

Абай қарсы келмеген Құнанбайға, Шариғатты жетік білген һакім данаң. Кеңесті келемеждеп неғыласың, текедей теріс келіп бақылдаған?

ол заманда оқу деген тегін болған, октябряттың таңдайы тақылдаған. тегін барып дем алып «Артегіне», Пионерлер алау жаққан лапылдаған.

Құрыш қанат комсомолдар «БАм»-ды салып, сібірде найзағайдай шатырлаған.

Қан құйлы фашизмнің көзін жойған, Коммунистің барлығы батыр адам. секретарлар сертіне берік болған, өтірікті судай ғып сапырмаған.

Банктер кредитке қарыз беріп, Халықты белшесінен батырмаған. дәрігерлер халықты тегін емдеп, Аурулар ақша іздеп аһ ұрмаған.

Халықтың кені, жері, қазынасы, сәбиі де шет елге сатылмаған.

ол кезде мына менде шопан болғам, Білесің, үйде тыныш отырмағам.

Жүз қойдан жүз сексеннен қозы алғанбыз, Қора толы мал болған топырлаған.

Қай заман жақсы екенін осыдан ақ, Ажыратып алады ақылды адам.

сүйене берме, балам, тіл-жағыңа, Білдің ғой шешең шығар кім жағына? Бейбіт күнде айтысың тұншығып қап, Бөгет боп тұрған жоқ па жырлауыңа. Колбиннің тұсында да біздің айтыс, түспеген саясаттың шырмауына, Алаштың ақ жаулығы қайран айтыс, Айналды ау шекпендінің шылғауына! ол кезде Компартия жалғыз болған, Әр сөзінде болатын бір мағына.

он партия жиналса осы күні, тұрмайды Компартия тырнағына. орақ пен балға болған сол партия, Халыққа жайлы болған ол партия. Біздегідей бас-басына билік құрып, ол кезде болған емес мол партия.

Ақ жалау, қызыл жалау, жасыл жалау, одағай болған емес он партия.

Бес жылға жоспар жасап, іс қылатын, Халыққа беделі бар зор партия.

он жылға жоспар жасап қойған дей ме?

«нұр отан» аты дардай шоң партия. Жас бала қадіріңді қайдан білсін, сағынып кеттім сені, компартия!

Жандарбек:

ойпырмай, осырақ шал не деп кетті? сахнада ауа-райы не боп кетті?

Бәрібір шешең мені қолдайды деп, өзін өзі сахнада демеп кетті.

Бұл сөзді айта көрме, басқа жанға, Халық сізді теңейді ақ табанға.

Хайләйлім деп жер тепсең, аяғыңнан, Шаң шығарып жүруші ең жас болғанда. Аяғың аяқасты тоқтап қалды,

Жасыңыз әлі елуден аспағанда. Шаң шығарған әкеміз қартайғанда, Астынан газ шығара бастаған ба?

Жандарбек соңыңдағы жас бөрі еді, Кәрі арлан түсінбеді әсте мені.

Кеңесте бәрі тегін боп еді деп, Кешегіден келтірген рас дерегі. орысқа бодан болған ойыңда жоқ, отаныңның жүрегі – мәскеу еді. миллиард пұт астық берген Қазақстан, ссср-дің жем жейтін астауы еді. оңаша отау құрып Алашорда, Халықты ұлы жолға бастап еді.

ұлтымның көш бастаған зиялысын, Жау санап атып, айдап, асқан еді. дінді апиын санайтын большевиктер, маркс пен Энгельстің әскері еді.

Құран бетін ашпастан бастарына, маркстың капиталын жастап еді.

Атаң – маймыл, ал, шешең – шимпанзе деп, Шежіре таратқаны масқара еді.

маймыл кімнен таралды деп сұрасаң, Жалтақтап, жауап таппай сасқан еді, Жер-ана адамға енді табынсын деп, тәкаппарлық шегінен асқан еді.

Күн көсемге ескерткіш сап әр қалада, Бәрінің табынғаны тас боп еді.

Шошқа майы, шайтанның шайыменен, оразасын орысша ашқан еді.

Азаттықты таңдайды ақылды адам, Жөн болар, оған басты қатырмаған. Кеңес пе сонда сенің көксегенің? мұныңа келіспейді ақын балаң.

Құран, Алла, пайғамбар естен шығып, Күнә бар ма сол кеңес батырмаған?!

Бір күнде бес шақыру былай тұрсын, Жетпіс жылда бір азан шақырмаған. емдеуге бәрі тегін болғанменен, өлгенге жаназа да оқылмаған.

мекке мен медине емес, мәскеу барып, мовзолейдің тұсында топырлаған. осыдан соң жақтайсың қалай ғана? талғамыңа таң қалып отыр балаң.

Әкетай, сенің балаң бола алмайды, Құдайды танымайтын соқыр надан. тілегім қайта айналып келмесе екен, Атеизм дейтұғын тақыр заман.

Бар иманды ұрлап ап жүрегімнен, Кәлимамды айтқызбас ақыр заман.

мен кінәлі емеспін, көне тусаң, соңынан ленин шалдың ере тусаң.

мен де біраз уәжімді айтайыншы, Азғантай мұрсатыңды бере тұрсаң. орыс тілін сіңдіріп сүйегіме,

Жетпіс жылдың жемісін жеп отырсаң. сізден алған дәстүр ғой жастарымыз, орысша сөйлегенді көретін сән.

мен бірақ, домбыра ұстап ақын болдым, секілді ұлтқа сәуле төгетін шам.

Әкетай, шыныңды айтшы не істер едің, өлеңді орысша айтып, кеп отырсам.

«Ассалаумағалейкум, әке» демей,

«о, батя, здраствуй» деп отырсам.

Балаңның өткен күнде өші бар-ә, тұлпардың қызып келеді еті жаңа. Бала саны көбейіп осы күнде, Қазақтың келе жатыр көші дара. туыңдар-туыңдар деп тәтімов жүр, Күйеу мен келіндердің есін ала.

Бұл дағы азаттықтың жемісі ғой, Бұрылса берекенің беті жаңа.

Ал, сендердің заманың бір түрлі екен, сиреген өкіл әке, өкіл ана.

Қой бақтым, қой бақтым деп қопаңдайсың, Бұл кісінің болыпты ау есі-дала.

Қошқар қылған ерлікті, сіз, қылмапсыз, өйткені үйіңде бар екі бала.

Жүз қойдан жүз сексеннен қозы алсаң да, Жетісіп таптырмапсыз жеті бала.

Айтақын:

мен емес бұл сөзіңе жаншылатын, Әкең болды сахнада қарсыласың. ол рас, хайләйлім деп ән салғанда,

Білесің, мұртым көкке шаншылатын. Астыңыздан газ шыға бастады деп, Бопсың ғой сөз көтермес шамшыл ақын. мен басқаны білмеймін шопыр кезде, Аяғымды басқанда газ шығатын.

менімен ерегеспе, кеңес енді, Коммунизм қол созған белес еді. дүние жимай кеткен, жемей кеткен, Қонаев Компартия кемесі еді.

Жамбылды Жамбыл қылған біле білсең, Кешегі Компартия кеңесі еді.

Кеңеске жаба берме, жаман атты, Аузың қайдан үйренген балағатты? ол заманда ашаршылық болғанменен, Қазаққа құдай берген қанағатты.

сыртқы жаудан, ішкі жау басым болып, Қазақты қазақ қана талап жатты.

Алашорда жалғауды армандаған, Кенесары қалдырған аманатты. Кәпір заман десең де, ақыр заман, Кеңесім бағалаған азаматты.

ол заманда, қазақты қазақ сатса, Бұл заманда, қазақты қазақ атты.

Құба белді шаңдатқан құлагерім, Ақ жүзіңді алмастай сынап едім. Ақ пен қара айқасқан бұл айтыста, туымды жыға көрме мына менің.

Жалғыз ұл деп ән салған Жүрсін ағаң, өлеңімен байытқан жыр әлемін.

Желпінер жеті балам болмаған соң, мына отырған Жүрсіннің сыңары едім, екі балам бар менің екі таудай,

Ал өзім шыңға біткен шынар едім.

Бес балам болмады деп қайғырмаймын, ішінде өзің дара шырақ едің.

Бір тілегін әкеңнің берер болса, Балаларға амандық сұрар едім. он балаға татитын сен аман бол,

мұң-мұқтажын жырлаған мынау елдің!

еркек – мүсін болғанда, әйел – айна, Қалжыңды қанжығаға кәне байла. тоқал алса қартайып тұрған жоқ деп,

Аманкелді ағаң айтты және ойла. Бір айтыста әкеңе джип мінгізіп, сен өзі жасап кеттің әдемі айла. содан кейін жас тоқал әперем деп, Қу бала қан жүгірттің және бойға.

Жандарбек жас тоқалмен кеп қалар деп, мен жаттым Жетісуда дәмелі ойда. ойпырмай тоқал да жоқ, тоқаш та жоқ, үн-түнсіз сен жоғалдың бәлен айға. өтірік айтуды әкең үйретпеп ед,

Әй, бала, қу жүгірмек, уәде қайда?

Жандарбек:

Жақсы әке талабыңды өсіреді, Жаман әке қақпайлап өшіреді.

Әке, сен өз қамыңды қамдай бермей, Бір уақыт ойлап қойшы осы мені.

мен жүрмін дағдарыстан қатын алмай, Ал әкем жас тоқал деп есіреді.

Шалдың бәрі осылай жағаласса, Балалар бақытынан кешігеді.

Алдымен кемпіріңді бағып алғын, Көрпеге қарап әркім көсіледі.

Шешеміз тоқал жайын біліп қойса, мәселеңіз май шаммен шешіледі.

Бір талдап жұлатұғын мұртың да жоқ, мұрыныңды бұзады осы жолы.

Қараймын қарайғанға қабан ба деп, Атымды қамшылаймын шабам ба деп. осы айтысқа үш бірдей шал кеп отыр, Көңілін көпшіліктің табам ба деп.

Амангелді ермегияев бірінші шал, уайымдайды демеуші болам ба деп. Жүрсін деген шал да бір уайымдайды, Айтысты мен тірілтіп қалам ба деп.

Ал енді Айтақын шал уайымдайды, Жас тоқал алмаймын ба, алам ба деп. Әкетай, айтыс болса өліп барад, Қалжыңдап саған не жоқ, маған не жоқ?

Әрине, жақсы өнерді үйренеміз, ел-жұртқа да езуден сый бөлеміз.

Бас кеспек болсадағы, тіл кеспек жоқ, Айтшы, әке, неменеге именеміз, Шындықты шырқыратып айтайықшы, Қалжыңдасып алармыз үйде де біз.

саясат тауысқан соң сабырымды, Баса алмас енді ешкім кеп арынымды. мен сіздерге айтайын жалғыз дерек, дауылпаздай естіртіп дабылымды.

Қытайдағы қандастар құрмет жасап, Айтысты ардақтайды әлі күнгі. өткенде айтыс жайлы кино жасап, таусылмас түсіріпті тағылымды. үкімет тоғыз миллион қаржы бөліп, дамытыпты әдеби жанрмды.

Пекинде сол киноның ашылуы боп, Қысық көздің қылыпты бәріне үлгі. Қытайлықтар түрегеп қол соғыпты, мойындап қазақ сенің дарыныңды. Ал бізде кино жасау былай тұрсын, Қазақы бұл өнердің халі – мұңлы. Айтысты экраннан алып тастап, дөкейлер жөн көріпті жабылуды.

Қайран менің айтысым, байқұсым-ай, саясат қиып бітті тамырыңды... саудабаев шығарып жаназаңды,

Құл-мұхаммед қазып тұр қабіріңді. Қазақтың билігіне таң қаламын, Қытай құрлы білмеді-ау қадіріңді?!

Ақын менен жыршыға бай қылғасын, өнер өлді деп қазақ қайғырмасын.

Бәйгеге шауып жүрген жүйріктерді, Ақылы жетсе, билік сойдырмасын. Әкетай айналайын сен де аман бол, ешкім сені тағыңнан тайдырмасын. Жандарбек әкесімен жарысты деп, Біреулер күпірлікпен ой қылмасын. Қазақтың қазақтығын дәлелдедім,

сахнада сізбенен сай қылғасын. сізге деген алғысым шексіз менің, Құлынымнан өсіріп тай қылғасын. Әкесі өлген балаға біздің қазақ, Жегізеді деуші еді, қойдың басын.

мен жемей-ақ қояйын, қойдың басын, өзің бастап жүре бер тойдың басын.

Айтақын:

Әйел жайлы айтпайды әлемде кім, Әйелдерді қоспаған өлеңге кім?

Жас тоқал әперем деп айтып алып, Артынан түген дедің, пәлен дедің. Кемпірімді кеміріп жата берем, тоқалдан да жоқ енді дәмем менің. уәде беріп алып тайып тұрар,

«нұр-отан» екеніңді дәлелдедің.

Әке – шаңырақ, ал бала – кереге екен, екеуі бір отауға керек екен.

Айналайын, қарағым, бері қара, мен саған, тарихтан сыр дерек етем. Бір кездегі бала Абай, Құнанбайға, өзінің ойын айтып келеді екен.

  • Әке сізден оздым ғой білім алып, сізден менің зейінім зерек екен. деген сөзге Құнанбай ашуланбай, Жауабын салмақтырақ береді екен,
  • Құлыным, Құнанбайдай болу үшін,
  • Абайдай бала таптыр, деген екен. енді мен саған қарай бұрылайын, Бұл бала мәмілеге келе ме екен?

Бір сауал тағы саған мен тастайын, Білімің менікінен бөлек екен.

Бұл айтыста сен жеңдің бе, мен жеңдім бе? екеуімізді сынаған өлең екен.

Көп алдында көрейін сауал тастап, Бұған енді Жандарбек не дер екен?

Жандарбек:

мен неге керегедей керілмеймін,

елдің сөзін сөйлеуден ерінбеймін. Жеңдің бе, жеңілдің бе деп сұрайсыз, Жаңағы сауалыңнан шегінбеймін. сөзіңізге астарлап жауап берем, Қалайша мәре жақтан көрінбеймін. Әкемнен жеңілсем де осы айтыста, Шешемнің күйеуінен жеңілмеймін.

мінеки, біздің айтыс тәмам болды, Батпаққа тастамассың балаңды енді. Жеңдім бе, жеңілдім бе біле алмадым, Әйтеуір шайқасуға шамам келді.

Айтақын өз баласын жеңді ғой деп, Біреу іштен дауысын саған берді.

Жандарбек өз әкесін жеңді ғой деп. Біреу іштен дауысын маған берді.

Бұл айтыста өзімді емес, сізді де емес, Ардақтап айтпаймын ба анамды енді. Бір емес, екі ақынды баптап жүрген, Әкетай, бұл айтыста мамам жеңді.

2010 жыл.

ЕРКЕБҰЛАН МЕН НҰРЛАН

Еркебұлан:

Бісміллә, ер сап мініп ескен желге, Күтіп ем бұл айтысты көптен мен де. Ассалаумағалейкум, сәлем бердім, Ауылдастың тайы озсын дескендерге. Айтыс деген ақындар керуені еді, сол керуен қонды бүгін сексен көлге.

мырзатай, Жүрсін ағам бастап келді-ау, ие боп иен қалған көш керуенге.

иен қалды деуімнің себебі бар, Азырақ көз салайық өткендерге. Кешегі рымғали, Ақселеудей Ағалар айтыс десе жеткен демде.

тұманбай ағамды енді таба алмаймын, сұрасам да өткеннен де, кеткеннен де. Қасқайып қазы болып отырар ед,

Қадыр ағам да түспеді көптен көзге. Біздердікі салауат айту ғана,

Бақиға мәңгі сапар шеккендерге. Жаратқаным жәннәтын нәсіп етсін, Қазақ үшін қара тер төккендерге.

Бастысы құтты болсын айта келдім, тірі жан боп тіршілік еткендерге.

Көрген де, көрмеген де армандаған, Басынан бақытты күн кешкендерге. Жиырма ғасыр аңсаған арманына Жиырма жылдың ішінде жеткендерге.

Ассалаумағалейкум, нұрлан абыз, нұр қалаға сен келсең нұрланамыз. Ағайын, жағаласып бірге туған, менімен түйдей құрдас бұл балаңыз. Біз туған дәуір бірақ біртүрлі еді, Алмағайып заманда туды анамыз.

Коммунист, не комсомол боламыз деп, Армандап көзімізді жұмбағамыз.

Пионер боламыз деп, мойнымызды Қып қызыл галстукпен бумағамыз. Бізге дейін туылған бүкіл ақын осылай Ксро ны қылған аңыз.

Ал енді бізден кейін туылғандар Айтыста боп шығады тұлға нағыз. Кейбірі «желтоқсанмен жастымын» деп, Айтыс сайын алады жүлде нағыз.

Кейбірі «азаттықпен құрдаспын» деп, Айтқанда кәдімгідей қызғанамыз.

Қос дәуір арасында туып қалған

Біз байқұс бұндай сөзден құр қаламыз. Бірақ біздің орнымыз ерекше екен, мынадай кереметке бір қараңыз.

тұп тура тоқсан бірде мектеп барып, Білімнен басқаға бет бұрмағамыз.

«Пионер вожатыйды» бажылдатпай зиялы ұстаздарды тыңдағамыз.

«ленин біздің бабамыз» дегенді емес,

«Жаралған намыстан..» деп шулағамыз. Құлап жатқан көсемнің ескерткішін

Ат қып мініп, атой сап тулағамыз. Ақындардың ішінде ең бірінші

 «октябрят» болмаған біз ғанамыз. Айтыстың айдынында тербеліп бір. Қалжыңымды айтайын елден ұтқыр. Қырық ақынның ішінен қарсылас боп, Құрдасым кездескені жөн болып тұр. ертектегі Асан мен үсен құсап

екі түрлі құрдастар кез болып тұр. ұзындығым ұзындау болғанымен, менің енім нұрланнан кем болып тұр. нұрланның ені жалпақ болғанымен, Бойы құрғыр өзіне сор болып тұр.

Бір ұзын, бір домалақ қосылғанда, Қазыларға керегі сол болып тұр. Ақындардың бағасын бер дегенде, ойланбай көрсететін он болып тұр. екі бөліп қараса екеумізді

мен бірмін, нұрлан нөлге тең болып тұр. нұрлан ау аузыңды ашып, неғып отсың, осымен есеп бір де нөл болып тұр.

Арасы қосылмайтын аяғыңның Арқасында әп сәтте ақ гол болып тұр.

тәңірім қосып қойған тойда басын, сен өзің цифрларға сай баласың нөл деген теңеуіме ренжіме, Қалжыңды көтеретін қайманасың. тағы да сол аяғың аман болса,

сен әлі талай шауып, бәйге аласың отырғанда нөл болып көрінгенмен, тұрған кезде сегізге айналасың.

Нұрлан:

Ауруың кеткенменен әдет қалар, торғайды торға айдайтын дәнек болар. Жеті атадан аспаса қыз алыспас Қазақта бекзадалық әдеп болар.

Ассалаумағалейкум, мұсылман ел, Жүректе иман, бойында дәрет болар.

Аулына ақын келсе ұл қызының

«Аузына түкірші» деп әлек болар. Жапырақтай көктейтін ылғалменен, Адам да қуаттанар жырларменен.

Қисайған аяғымды сөз қылдың ғой, Атымды да сыйламай нұрлан деген. Әр қисықтың бір түзу ниеті бар, мен оны Астанадай қырдан көрем. елордамның еңсесін тіктеп тұр ғой Ханшатыры қисайып тұрғанменен.

маңғыстау атажұрттың мекеніме Жетпейді шекара асқан шетелі де. Ассалаумағалейкум, ақ құрдасым, Кезіккен бетердің де бетеріне. тышқан жылы туылған төлдер едік, Әңгімесін тыңдатқан жетеліге. мырзатай ағам сізге қамқор болып, еріпсің жақсы ағамның жетегіне.

Қызметті беріпті, шапан жауып, маңайынан ұзатпай екі еліге. тәуекел деп мен келдім тас жұтуға Көз жетсе де беліңнің бекеміне Бастығым қазыларға бастық демей, өзің жеткен жөн құрдас жетеріңе. Бір Алла несібесін берер кезде Қарамас кімнің ұлы екеніңе.

Жаза білсең қарымды қаламгерің, Арам ойың көрінді ау адал көршім. Әр цифрға ұқсатып мазалама, Әңгіме осыменен тәмам болсын.

Күнге тосса өкпеңіз көрінуші ед, Құдайым қоңдылықты саған берсін. Аласа ағаш жемісті көп береді, серейіп сенің қайдан шамаң келсін. тышқандай болсам дағы өкінбеймін,

Жағдайым жақсы болсын, жаман болсын. төбесін тышқандарға төсек қылған, ұзын бойлы түйелер аман болсын.

Еркебұлан:

мұндай тышқан көрмедім күйі жақсы, Адам құсап ақ көйлек киіп апты.

Ақымақ түйем аман болсын дейді ау, өзінің істейтіндей миы қатты.

түйе деп, басымызға өрлеген соң, Болмайды сыбағасын бермеген соң. түйсігің де тышқаннан аумайды екен, Бойыңыз ойыңызға берген өлшем.

Әр жерден азық іздеп,тышқан байқұс өмір сүре береді ау өлмеген соң.

Ағайын, бұл баланы кешіріңдер, тойыңа түзу сөзбен келмеген соң. маңғыстау түйе баққан ел еді ғой, Құмына құнарлы шөп өнбеген соң. сол ауылдың ақыны не айтар дейсің, түйеден басқа ештеңе көрмеген соң.

сөз қылып мына жайды, ана жайды, Айттың ау мырзатайдай аға жайлы. мырзекең шапан жапқан жүйрігі деп, Бұл нұрлан неге мені алалайды?

мен түгілі арыстан ақындар да, Құрмет тұтып жүреді сол ағайды. Аманжол, дәулеткерей, Айбек, Жібек Қысылса сол кісіні жағалайды.

Балғынбек, серікзат та өз өздерін ол кісіден бөлек деп санамайды. Барлығы шапан түгіл шатыр тігіп, Алып жүр үй, баспана, пана жайды. Айтысқа жанын берген Жолдасбеков Ақындардан ештеңе аямайды.

Жүлдесіз қап қоям деп қорықпай ақ қой, Қазылар қара өлеңді бағалайды.

сенің де несібеңді берерде Алла Кіммен айтысқаныңа қарамайды.

Арқадан естілгенде той дүбірі Қонаққа құшағымды жайдым ірі.

«Күн түскенде өкпесі көрінед» деп,

теңеуіңді төбемнен қойдың ірі.

Құлағы есерліктен едірейген

не дейді маңғыстаудың май мұрыны.

Артық ет, ащы тері сыпырылған мен едім сарыарқаның сәйгүлігі. Ал нұрлан шабан аттай шатқаяқтап, Артынан қалып жатыр айғыз ізі. тұлпардай кісінеймін дегеніңмен, Көмейіңнен шығады қойдың үні. сен бірақ не десең де бәрібір ғой, өмірде жоқ адамсың қайғы мұңы.

Қазақтың тарихында сен ғанасың, Аузы емес бұты қисық байдың ұлы.

досымды домалатпай әрлі бері Байрағымнан бастайын әңгімені. Бабаларым бөрілі байрақ ұстап, Қалғанынша қорғаған соңғы демі. Айтыстың ақ жалауын желбіреткен Ақында сүйінбай мен Жамбыл еді. Батылдықтың байрағын бек ұстаған Батырда сұраншы мен саурық еді. осылардан тікелей тамыр тартқан елбасының жолы да даңғыл еді.

Азаттығымды алғанда бүкіл қазақ Ақ киізге көтеріп, хан қып еді. сол кісіні ұлықтау рәсімінде

Бір оқиға біздерді таң қып еді... елбасы қапталында тұрған тудың Құлап бара жатқанын шалды көзі. Басқалар есеңгіреп, есі шығып,

ту кетті ау деп жылапты жан жүрегі. Жағдайды дер кезінде бағамдаған Әбішұлы атадан алғыр еді.

«ту құласа қазақтың өлгені» деп, орнынан ұмтылыпты қарғып өзі. Шын мәнінде байланған сол байраққа Келешек күллі Алаштың тағдыры еді. Байрақтың басын жерге тигізбеген сондағы елбасының нарлығы еді.

содан бері көтеріп келе жатыр Бар қазақтың үмітін жалғыз өзі. нұреке, түсінерсің нұсқауымды, спортқа оятайын құштарыңды. Қашанғы ақынмын деп шіренесің,

Қысыр сөзге толтырып тіс жағыңды. Білегіңнің бұлшығы бес батпан боп, Қайтейін қу қарағай құшқаныңды.

Басқа жұрт дәл өзіңдей балаларын Штанга көтеруге ұста қылды. өзіңнен де кішкентай ильинге де Қазақты қуантатын іс табылды.

«Әлемнің чемпионы» деген медаль мойынына бір емес үш тағылды.

Ал сен болсаң әншейін қор ғып жүрсің, Бойдағы Құдай берген күш қарымды. есің барда спортқа бармайсың ба, Жазда ойласаң өлмейсің қыс қамыңды. Ақылымды тыңдасаң атлет бол,

сонда ғана жеңесің дұшпаныңды. Әйтпесе дәл осылай жүре берсең, Жалғастыра бересің қысқаруды. ойың жеткен жеріңе қолың жетпей, игере алмай қаласың іш қарынды. Штанганы көтеру былай тұрсын, Көтере алмай қаласың штаныңды.

Нұрлан:

Біреудің тілгің келеді текеметін өзіңнің тимейді екен шекеңе тым. Штангист болсаңшы деп, ақыл айтып, Ауыр жүк арта берме көкеңе тым.

Бойымда сәл пәл менің сырқатым бар, мұздай темір ұстасам жөтелетін.

Қазақта штангист жоқ деп қиналдың, осы сала жатқан соң өте жетім.

Бізден асқан штангист халық бар ма, Қай қиындық туса да көтеретін.

Айтысқа деп жүргенде мен өкілмін, спортшы болсаңшы деп сен өтіндің.

орындай алмасам бір өтінішін Қасыңа құрдас болып неге отырмын? ойлап, ойлп ақыры тоқтам жасап, Жаныңа үмітпенен кеп отырмын.

Қолыма сен секілді сырықты алып, Биіктікке секірсем деп отырмын.

Ағайын ажар қостым ажарыңа, Ажал деген қарамас ажарыңа Байдың ұлы деп мені кекеттің ғой, Бір қарап айтқан жөн ау о жағына. Білімі бар халыққа байлық керек, дұшпанның қалмау үшін мазағына.

сол байлық маңғыстаудан шығып жатса, сол үшін де мұсаев жазалы ма? маңғыстауды түркіменнен тартып ал деп, Адайды Құдай берген қазағыма. мұнайдың қаржысымен біздің өлке Астана, ажар қосты ажарыңа.

мен мұны бұлдау үшін келген жоқпын, ду қоса келіп едім базарыңа. маңғыстауға ешкімнің өкпесі жоқ

Ас салған бар қазақтың қазанына.

Еркебұлан:

Бұл нұрлан ертегісін бөсіп отыр, Құрдасын қалжыңменен осып отыр. Аспанға секіргің кеп бара жатса, өзіңді өзің жерге бес рет ұр.

мен сияқты сырықпен секіруге Бойыңыз болу керек екі метр.

«Аршын төс», «алма мойын», ардағым ай оған дейін бойыңды өсіре тұр.

Әзірше сырық ұстап, тырбаңдамай сіріңкенің шиімен секіре тұр.

Ақындардың болған соң тілі құтты, мынау ел айтысқа артты бір үмітті. түйедейін ірі деп отырсың ау, тіліңіз нұрлан неге сүрініпті? ірінің не екенін мен айтайын,

Жақсылап тыңдап отыр ұғынықты. осыдан жиырма жыл бұрын ғана

«Қазақстан» дейтін ұл туылыпты. Бүкіл түркі дүниесі сүйіншілеп,

Жер жаһанның апшысын қуырыпты. Жер түгілі айға да «Ақсарбас» деп, Қос жігіт Байқоңырға жүгіріпті.

ен байлықтың иесі туылды деп, орыс біткен өмірден түңіліпті. Баланың үлкендігі соншалықты, Әлемдегі тоғыздың бірі, мықты. Жөргегі қара жерден жасалыпты, Көйлегі көк аспаннан тігіліпті.

Қырқынан шығарғанда сол баланы Айдын шалқар Аралдың суы бітті.

«Атамнан қалған бұл да әдіс қой» деп, Қалған жері тұзбенен жуылыпты.

Алтай мен Атыраудың екі арасын, Бесік қып, белі Арқаға буылыпты. Бас жағы құбылаға қараған соң, Арт жағы күн шығысқа бұрылыпты. Бесігінде бұлқынған нәрестенің Батырлығы сол кезде ақ білініпті.

Жас ұлдың тепкісіне шыдай алмай, Атомның көзі мәңгі жұмылыпты. Алты жасқа келгенде атқа мініп, отауы Ақмоладан құрылыпты.

он тоғызда одаққа бастық болып, Жарты әлем жәргейіне жығылыпты. Бастылардың барлығы иіліпті, тізелінің барлығы бүгіліпті.

сол жігіт жиырмаға келді биыл ұлт біткенге танытып ұлылықты.

Жап жас болып, жүз отыз баласы бар, мықты емес деп көріңдер бұ жігітті. Асық жілік ұстатып, асыраған Балалары баурына бірігіпті.

дүркіреп жалғыз өзі көтеріп тұр, түркілер тастап кеткен ірілікті.

Астанам сен мақтан қып өтетінім, дидарыңды айта алар ма жете тілім?

«орысты ұлы халық» деп жүргендер өз ойларын етеді өте шығын. орыстың ұлылығы қайда қапты, Жерімнің түсінбесе «жеке сырын». сарыарқаны көргенде сары орыстар ескертіпті егістік ететінін.

Бұл жерде одан басқа пайда жоқ деп, тың игеріп тесіпті екі етігін.

Хрущев бір уыс шөп өсірем деп, Шамасын көрсетіпті жетесінің. Брежнев картоп пен жүгері жеп, дақылдың ектіріпті неше түрін. горбачев та кезінде гәп қылыпты, Бұл жерге бидай ексе жететінін. ора шолақ орыстар ойламапты ау, Қазақтың астанасы көшетінін. мұжықтар қайдан білсін, ми далаға Бидай тұрмақ «Бәйтерек» өсетінін. Целиноград дейтұғын шағын қала ленинградтан сұлу боп кететінін!

Жағың Жайық, ерінің ертіс құсап, өлеңің жұртқа жайды елтіп құшақ. үстірттің ұрда жықтау баласы едің, Ақындардың сыртынан тон пішкіш ақ. Ақтау сені ерке қып жіберіпті, есерлігің тентекпен тең түскіш ақ. өзің де маңғыстауым деген кезде Күңіреніп кетесің Қорқыт құсап.

Қызыл тілің қай жаққа бұрылса да, Батысты көрсетіп тұр компос құсап. өлең айтсаң кетесің өршеленіп, ұрған сайын семірген борсық құсап. Кезегіңді берейін кезене бер,

Қойныңа тығып келсең қортық пышақ. Атылып кетпесеңіз жарар еді,

Ашыған қымыз құйған торсық құсап.

Нұрлан:

 мен саған бір сауалды індетіп ем, салып жатқан жоқпын деп, күнде түрен. сіріңкемен секіртіп, бұл нұрланды сырықтың айырмақсың міндетінен.

Әжептеуір қызмет сыйлап едім,

Бұл бала көктемейді ау бұл бетімен. Айрылайын деп отсың екі арада нұрланға сырық болу құрметінен.

сөзіңнің бірі мінеу, бірі сынау, өзіңнің ойлауыңша ірісің ау.

Борсық дейсің, біресе торсық дейсің, Бүйткен сенің құрдастығың құрысын ау. Борсықты ұрған сайын семіреді,

осыны айтқан қазағым ұлысың ау. тулап алып қашатын торсық көрсе Жал біткен жаман аттың бірісің ау.

оттар бар жанбай жатып сөніп жүрген, гүлдер бар екпей жатып солып жүрген. Бикештерден қорқамын, рұқсат алып, дос қызының үйіне қонып жүрген.

Қайғы бар төбеңнен де, төменнен де,

оң-солың, алды-артыңнан шолып жүрген. Ата ана көп, қызының шет тілдерді оқығанын жақсыға жорып жүрген.

Шетелдік шенділерге тілмаш болып, солардың дегеніне көніп жүрген.

Қайдасың, рухы биік қазақ қызы, Желтоқсанның желіне тоңып жүрген. сәбира, ләззаттар екі тумас, ұлтының намысы үшін өліп жүрген. Кейбір қазақ қыздары қынжылтады Келімсекке келіншек болып жүрген.

Еркебұлан:

осындай қайшылықта тулайды өлең, дейді ғой жайшылықта тумайды өлең. Жоныма жал біткелі жиырма жыл, содан бері ешкімнен қыңбай келем.

 Бүгінгі азаттықтың айтысында торсығым тесілгенше тулай берем. Басыңа азық болып, бірер күнгі ой, өлеңіңді бір емес мың өрдің ғой. нұрлан ау, байдың ұлы деген сайын, ойыңа келгенді айтып, шірендің ғой. түйені де сөз қылдың, тышқанды да, енді келіп, жылқыға тірелдің ғой. тәп тәтті азаттықтың бұл айтысын Әп сәтте зоопарк қып жібердің ғой.

Басымнан арылғалы құлдық сана, Көргенім тату тәтті тірлік қана.

Бұл күнде бүкіл әлем шалдығып жүр, Алауыздық дейтұғын бір жұқпаға.

Құдай үшін күрескен мұсылманға мұнай үшін соғысу сұмдық шара. Ал бізде Құдай да бар, мұнай да бар,

Шүкір, елім өсіп жүр, жым жырт қана. Ал, нұрлан, енді біз де дос болайық, Бай баласы дегенге мүлгіп қалма.

мұнай да емес, газ да емес, көмір де емес, Бүгінгі басты байлық бірлік қана.

Нұрлан:

Жан досым, жаның жырға шөл болмасын, даңқыңнан менмендігің зор болмасын. үйіңдегі үш балаң аман болып, Кенжегүл, Кенжебегің сол болмасын. тіліңе тіл, көзіңе көз тимесін, Арғымағым, алдыңда ор болмасын.

Жүсіпке сынақ үшін дидар берген, Ақындығың өзіңе сор болмасын.

Жаратқан, жанымызды жайната көр, Ақынның қызыл тілін сайрата көр. еркіндікті осылай тойлата көр, Жүрекке иман нұрын бойлата көр. Желіге жетпіс құлын байлата көр, төріңе он бес бала ойната көр.

Бір Алла, дос түгілі дұшпанға да Қазақ жайлы жақсы ойлар ойлата көр.

2011 жыл.

РИНАТ ПЕН ААЛЫ

Ринат:

Бісміллә жаңылдырма, құбыламнан, Жаныма жәрдем берші, бүгін Аллам. Қазағым, қалың елім аманбысың, Қызы айнымас ботадан, ұлы нардан. Бар әлем көз ала алмай қалсын енді, Шаттығын шашыратқан шұғылаңнан. Бұл менің тәуелсіздік алған күнім, сан ғасыр бабалардың мұңы болған.

Жалған сөйлеп, жағымсып не қылайын, Ақ сөйлеу қалған дәстүр ұлылардан.

Жиырма жыл толды дейді бостандыққа, дей алар кімдер бүгін мұны жалған.

Бірақ кеше сексен алты – Желтоқсанда, Қазағым қолға рухтың туын алған. ендеше, тура жиырма бес жыл бұрын, елім егемендігін жұлып алған.

Ассалаумағалейкүм, Қазақстан,

өр намыстан соғылған ұлы қорған!

Кез келді басты бәске тігетұғын, Құрыққа құтырғанды ілетұғын. Қырғыз бауырым, қош келдің елімізге, тұлпарын тәуекелдің мінетұғын. еліңдегі атыс-шабыс, төңкерістен, демалуға келдің бе, бір-екі күн.

Қазақтың ақындарын жамандайтын, мықтының көріңіздер, міне, түрін. сен емес пе ең, біздерді интернетте, Білімсіз, ұятсыз деп күлетұғын.

Қазақтар қырғыздардан тарайды деп, Қайдағыны әңгіме қып жүретұғын. Абылай-ханды Бұхар жырау азғырған деп, сөз айттың намысыма тиетұғын.

Құдайдың шүкіршілік әмірімен, туды ғой жауап берер міне, күнің. зайыттың немересі сілкілесін, сайттың сайыпқыран бұл өкілін. Қырғызша түсінікті қылып айтсам, екі бұтқа кигізейін бір етігін.

Алқалы топтың алдында, тебінгі енді тебінсем, Барымды салып ортаңа, Айтарымды айтып төгілсем. Қамшыламасаң саған серт, Шаба алмасам маған серт, Айтыспай кейін шегінсем. несіне қазақ боп тудым,

Бір қырғыздан жеңілсем.

Аалы деген сенбісің, Алатаудың қырғызы. Айғайлап жүрген сыртымнан, интернеттің жұлдызы.

Бүйіріңе бүгін қадалар ринаттың тіл-бізі.

Бастасам айтысты жолымен, түгендеп оңын, солымен.

Қандай ақын болсаң да, сөйлеген дұрыс жөнімен. Басымен әркім көтерер істеген ісін қолымен.

мен олай айтқан жоқпын деп, Кете алмассың безіне.

Картаны ашып қарасаң Қазақ деген ел жоқ деп, Айтқанға бола ма төзуге. Берілмей артық сезімге, осынау туған жерімде сүйегіңді үгітіп жіберем, егер де салсам тезіме.

«сұрап алған ауруға

ем жоқ» деген қазақта Ал, өз обалың өзіңе.

Аалы:

Жырымның басы бісміллә, Келіпсің халқым сіз мында. Айтыстың басы-бісміллә, Ардақты халқым біз мында. манадан бері барлығың

мына ринаттың жырын ұқтың да. Боксқа шық деп менімен, Жұлқынып ринат шықтың да.

мен а дегенде шабысқалы келмедім, мен қонақпын, бірінші

Құттықтау сөзін ұққын да.

Ассалаумағалейкүм, Алланың сүйген құлдары. Армысыздар, тәуелсіз Алты Алаштың ұлдары.

мына келген басымыз, нұраға Астананы нұрлады.

Және де моңғолия, Қырғыз бенен Қытайдан, өзбектен де бұл жаққа Ақындардың барлығын дәл осы Астанаға жинады. Ақындар бастап бірінші Айбек Қалиевтар жырлады.

Артынан шығып бізге ұқсас Аалы қарап тұрмады.

Қазақстанға назарбаевты Құдайым берген сый қылып. Жалған емес қой бұл-дағы. Ал енді, тәуелсіздік күніне назарбаев ағамыз

Қазаққа Астананы сыйлады.

Жүрсін аға, білесіз, Қазақ пенен қырғыздың

ортасында сондай қып, Айтысты балап жүресіз.

Бұл өзі қазақ-қырғыз дегеннің ежелден бері салты бар.

Ақындар айтқан ақиқаттың ежелден бері даңқы бар. өткенде болған айтыста Қазақтың ақындары келісті. Айтулы «Хабар» телеканалдан Қатырып жырлап берісті.

мен түгел сөздің айтайын Ашығын анық негізгі.

Әлбетте мен тілекпен Құттықтау айтып келгемін, Көксеген жоқпын жеңісті. мұны айтып жатқан себебім, Ашығын айтып беремін. ілгеріде қырғыз деп айтқан, ілгеріде қазақ деп айтқан.

Айналайын бауырлар, Білесіздер нені айтқан. Қазақ пенен қырғызды

Бір туған болад деп айтқан. ежелден біздің бабалар дәл осы жайды көп айтқан.

Қолымдағы қобыздың үш ішегі, қылы бар. Бірі болса – ұлы жүз, Бірі болса – орта жүз, Бірі болса – Кіші жүз, Бауырым мұны біліп ал!

Ана сен де домбыраңның ортасына орта жүз қылып, тағы бірін тартып тұрып тігіп ал.

Айналайын, бауырым, осы ынтымақты,бірлікті

Ақындар шығып жырлады.

«Қырғыздар бізге дұшпан» деп, Қазақтың ақындары жырлады. сондықтан да Қырғыздар

Қанша бауырларды (илады) сол кезде қазақ бауырдың Қырғызға айтқан «сыйлары». Қазағым, менің асылым, Қандасым, бауыр, жақыным. Қазақты жаман дей алмаймын, мен ақынын айтып жатырмын.

Алғыс алам десе елінен

ол ақын байыту керек ақылын. ел деген халық – таразы, елекке салшы ақынын. туралап таңдап алсыншы тұлпары менен қашырын.

Қарашы, айналайын халқымнан, достықтың айтпайды мәнісін, Қастықтың айтып жатады,

ол түгілі ринаттай болған ақының.

сен жаңа ринат деп айттың, Бас амандық қып үш күнге демалуға қазаққа,

Келген бе едің деп айттың. Басың аман өскен соң,

Ал, бауырым оны неге айттың? Баяғы сексен алтыншы жылдары Аалының көңілді бұрғаны.

Алматыдай қалада, Желтоқсан айы болғанда, Қылшылдаған суықта Қыршындай жастар тоңғанда. о, сонда да қырғыздар Аттанып сонда келгені.

Қазақ менің бауырым деп, Қазаққа жәрдем бергелі. Жәрдем берген қырғызды сен Жаман дейсің неге енді?

Болмаса отыз екінші жылдары, тарихи шындық бұл-дағы. сонда білесің ғой қазақтың Басына қиын күннің туғаны. сонда қазақтардан

Бір жарым миллион адамдар өліп кеткен шағында.

Бейнетті қанша туған Көріп кеткен шағында. Бір туғаным еді деп, Қырғыздарға барды-еле. Жәрдем беріп қырғыздар

Қазақты сақтап қалды-еле. сонда қазақтар үшін қырғыздар Барларын садағаға шалысқан.

Қазағым менің бауырым деп, Аямай жәрдем беріп қырғыздар Бауырға басып алысқан.

Ал, сен қырғызды дұшпан дейсің бе? Бұл жерде тұрып алыстан.

Қырғыздар үшін қылдай да Жақсылық жоқпа ішіңде? Қырғыздар бізге дұшпан деп, Бауырым, келмегін ондай бітімге. Әлбетте, Құдай тағы күш берсін, Күш болсын тағы күшіңде.

«Жаман» қырғыздарды сен соншалық жаман деп түсінбе. ең негізгісін айтайын, Қырғыздар бауыр бір туған.

Бауырым, ішіп жүрген Жаңағы бұлағыңа түкірме.

Ринат:

Қырғызға жауап берсе шырқар ұлың, Жаныма шабыт берер бір тәңірім.

«Боксқа шыққандайын бұлдандың» деп, мынаның көрдіңдер ме бұрқануын.

Бауырым, мен әу бастан осындаймын, өйткені ұлылардың ұнтағымын.

Қырғыздың он батырын жекпе-жекте, Жеңіп кеткен Қабанбайдың ұрпағымын.

Бауырым талай-талай жыр арнайды, түлкінің құйрығындай бұлаңдайды.

Қазақтар Қырғызстанға бара қалса,

Біз сендерден мықтымыз деп лаңдайды. Қонақ болсаң мен рас қарсы аламын, менің елім қонақжай, біл ондайды.

Қонақ бірақ қойдан жуас болу керек, демеймін сені ондайды ұға алмайды. Біздің қазақ төрін беріп қойғанменен, ешқашан төбесіне шығармайды.

Айтайын енді жырымды, Жырымды және сырымды. өтірік шынын кім білсін, Бауырлығың білінді.

Бірақ қазаққа теңеме, Қомызыңа тағылған Әнебір үш қылыңды. Қазақ деген бес әріп, Бес саусағымдай бесеуі.

үш саусағым - үш жүзім, Қожа мен төре – екеуі.

Жұмылғанда кәдімгі Жұдырық болып кетеді. Бар әлемге белгілі Қазақтың қандай екені. Айналайын, Аалы,

таяқ етке жеткенмен сөз сүйектен өтеді. сахна деген әу бастан - Айқастардың мекені.

Қонақпын десе, Аалы,

Айта алам мен де байтақ ән. Ат мінгізіп астына,

Шапан жауып қайтарам. Қазақ қырғыз емес қой, Қонақ боп келген адамын Жабылып ұрып жайпаған.

Кезегім келсе сөйлейін, Шалқытып шалқар шабытты. тәуелсіздік тойында

тамсантып мынау халықты. Аалының айласы -

өзгерте салды бағытты. Біраз мысал тарихтан түгендеп тағы алыпты. Баяғыдай екпін жоқ, момын бола қалыпты. менде де ақыл жоқ екен, Қыран деп жүрген тауықты.

Құланнан қашыр оза алмас, Барыс жем болмас төбетке. тарихты білем дейді ғой, мына отырға желөкпе. мен саған айтып берейін, тарихтан мысал керек пе? Қалай сабақ берейін,

сен секілді бөбекке. Құлағыңды сал бері, мынадай дәлел, дерекке. Әнет баба тұсында

Қазақ пен қалмақ соғысқан. Жаратылған намыстан менің қайсар қазағым, тайсалмай сонда алысқан, Барысқан жерге барысқан. Жеті өгіз деген өзенде Қырғыздар малын бағысқан. Қалмаққа беріп жылқысын, Қазақты шап деп жабысқан. Қалмақ жеңіліп қалған соң, Қырғыздар қапы қалысқан. Қазағым менің бауырым деп, Әңгімесі ауысқан.

осыны айтқан айтпақшы, сен жақсы оқып, білетін Шәкәрім дейтін данышпан.

Арғысын тағы айтайын, санаңа салып қайтайын. өтірік емес, расында,

он сегізінші ғасырда. Кеспеп пе еді қырғыздар тоқсан жеті батырдың Бір-ақ күнде басын да. міне, осы себептен

Қырғызды шауып алам деп, Абылай-хан мінген ашуға. Әруағын шақыра

Аттанған мініп атына. тоқсан жеті батырым,

Қырғыздың шебін мың бұзған. Көкжал Барақ, Шынқожа, Айнымаған жұлдыздан.

Бастарынан солардың Әтеке деген атаңыз

«Кәлләмұнара» тұрғызған.

Бұрынғы мен соңғыда не жақсылық көріп ем, Ақ қалпақты қырғыздан.

Кененің басын кеспеп пе ед Жолдастықтан жаңылып. наурызбайды итке талатқан, Қапыда ұстап жабылып. осының бәрін Қатаған

он сегізінші ғасырда сүйінбайға айтқан қағынып. сүйінбай жауап бергенде Көмейден өлең ағылып, сенің қағылез атаңның Ауызы қалған жабылып.

сенің жақсы бабаңды Атам солай жеңбеп пе ед? сүйінбай сөзің тоқтат деп,

орманхан сөзін бөлмеп пе ед? оны да Құдай көрмеп пе ед? малы мен дәмін, тұзын да, он алты жасар қызын да олжа қылып бермеп пе ед? өлеңді айтсам өрнектеп,

өзгеріп кеткен түгі жоқ, сүйінбай бабам қалдырған Біздікі де сол мектеп, мәртебесі зор мектеп. мен – бір жүйрік арғымақ, төрт тұяғы таймаған.

сен – соғым қылар құнансың, Бордақылап байлаған.

сен – қорқау, мен – абадан, Аузына түссе шайнаған. мен – Алтайдың қыраны, тұяғын тасқа қайраған. сен – кәдімгі көбелек, отқа түсіп ойнаған.

сен – кешегі Қатаған, Жұдырыққа тоймаған. мен – бүгінгі сүйінбай, Қолына алса домбыра Бұлбұл құстай сайраған.

Желтоқсанды дастан қып, Батып отырсың ләззатқа. ол ерлігіңді мойындап, Балайын рас ғажапқа.

Бірақ саған айтарым, Қарсы шығып Кеңеске ұмтылған қазақ азатқа. дірілдеткен москваны Бәрің рахмет айтыңдар, ержүрек біздің қазаққа!

Аалы:

Қағылайын қарағым, Келтірдің менің жынымды. Бауырым десем мен сені,

Бүгін басқаша дұшпан деп айттың, Жаңадан дәл осы ойың білінді.

Жаныңда тұрған Аалыға тарта сөйле тіліңді.

мінекей, ілгеріден қырғыз, қазақ халқында Қонақты сыйлап алшы-еле,

Алыстан қонақ келгенде Алдынан тосып, ат беріп, осындай сыйға баршы-еле. ойдан шығып бұл салт Қайдан қалды-еле.

міне, шетелдерден қараса, небір ақындар келді, санаса. Бірімен-бірі барлығы, сахнаға келді жанаса. мінекей, қырғыз,

үйіне жылан келсе де, Ақпенен сыйлап ұзатқан. Қазақ пенен қырғыздың Бұл салты болған ұзақтан. Қырық екі ақын, дәл осы Астанаға жиналды.

Қырық екінің қырқы қазақтар, Қонақ үйде сыйланды.

екі қырғыз екенбіз, Қонақ үйге баспады, Көшеде қалып қиналды. Бір туған деген қазағым, сыйшыл қазақ халқымыз

Көрсетіп жатыр «сыйларды». Айтайын мен де ашығын, Алдыңа келіп жырларды.

Қазір-дағы деп айттың, Бордақыға байланған,

Бұл желөкпе құнан деп айттың. Білмеймін, бұл тіркесті неге айттың? Айтайын сөзді бүгін кеп, Көкшеменен бір жүрген,

мен манастың тұқымы. Білмейсің бе, мінеки, Қазақты бұзбай, қытайдан манас тұрған шеп болып, Білесің бауырым, осыны!

Әлбетте, реті келгенде мұны айтайын, Қазақтар үшін қырғыздың

Бұл пейілінің дұрысы. Шекара болып қытайдың

Жонында жөн ғой тұрысы. өзіңе мәлім емес пе?

Қалмақ пенен қырғыздың, Шоң қазақтардың ұрысы. сонда қазақты қорғаймын деп

Хан манастың киген қалпағының Шекесін білесің,

Қытайдың тиген қылышы.

енді осыншама жерден келген соң, мен саған бір әңгіме айтайын: Алдыңда тұрып мен сенің, Жырламай қайтып қайтайын. еркек болған адамда

үш аяғы бар болад. Ал, енді әйел адамда екіден аяқ бар болад. Бұған дәлел, мынауым, елдің бәрі шам болад.

Қазақтың домбырасын қарасаң, екі қылды аяғы,

Қырғыздың қомызын қарасаң, үш қылды қатар таяғы. мәлім болсын бүгін бір, Аалының саған сауалы.

демек, қомыз деген бұл еркек, ер екенін білемін.

екі аяқты домбыра

«Женский родқа» келеді. Бауырым, осыны жақсы біледі. екеуі шығып бір жерден

Бет келісіп қалып тұр. Алатаудың қобызы

Кең қазақтың даласынан домбыраны тауып тұр. Көрген жерде домбыра Бұл қобызға жағып тұр. екеуі сөйтіп бас қосып,

тұрмыс қылып салып тұр.

одан кейін домбыраның мына жағы Қосқойлы болып қалып тұр.

Бұл дағы шындық, тарып тұр. енді осынша жерге келген соң, мен айтпайды деген келмейді. Бұхар жырау жөнінде

Әзір-дағы деп айттың.

Қырғыздар батырлардың басын алғанда Қазақтар барған деп айттың.

Қайдан таптың сен мұны, Білмеймін мұны неге айттың? Бұхар жырау деп айтып, Қырғыздарға жортуылға Шық бауырым деп айтып.

сонда Абылай хан деп айтқан, Білесің бе нені айтқан?

мен қырғыздар деп аттанбаймын, Жалғыз саяқ, содыр деп,

Жолға шығам деп айтқан. осының барын тарихтан ұмытқан ба едің шырағым? Қасыңда жырлап тұрамын.

Бергі жақтан ішіңе ниетіңе ой бұрамын. түсінбесең егер де,

онда мен қандай қыламын? төріңе келген кезімде, еліңе келген кезімде, Астанадай қарашы,

Жеріңе келген кезімде Аалы ақын айтқан деп, Ал елім қалсын есіңде. ол туралы бұл жерде мақтанып жатқан уағың. өз төріңе келгенде Шаттанып жатқан уағың. Аалы айтқан бұл сөзді Азырақ ұққан құлағың. Желөкпе дедің сен мені, өз төрінде мақтанған

сені желөкпе деп тұрамын. Жаңа дағы деп айттың, интернеттің Аалы

Жұлдызы болды деп айттың. Жаныма бірге келерсің, Жақынмын деп әрдайым. тазамын деп жұптасып, мақсатың бейіш дейсің ғой. Жалаңды сол маңдардан ұстасып. интернетте жұлдыз боп

Жүресің ғой өзің де

Жалаң ит байларменен ұстасып.

Ринат:

мен саған түсіндірсем бекіп әлі мұның да бұрылмады-ау беті дағы. Қалпағыңның айыр болған себептерін, отырсың ба әңгіме етіп әлі.

ол рас қалмақ-қазақ соғысқанда, Бір жақта қырғыздар да қопырады.

Біздің қазақ басын беріп жатқан кезде, сендердің қалпақтарың тоқырады.

Бабамның басы кетіп қалған кезде Жаман ақ қалпақтарың не тұрады.

сөзіңді отырғам жоқ уайым көріп, Жасаймын жақсылыққа дәйім жорық. сен менің домбырама тиісе берме, Қаншама отырсаң да шайыр болып. Қос ішекті мұңлық пен зарлық дейді, дәлелдерге болсыншы ойың толық.

Әйтпесе, аузың менен көзің кетер, Қалпағың сияқтанып айыр болып.

Қонақпын десе, Аалы, мен құшақ жая алармын. Қонақ үйді бермеген Қатесі қай ағамның?

ол менен кеткен қателік, Кешір деймін саған мың! сен қонағым болған соң,

Қабағыңды бағармын. мақтандың деме бірақ та, мақтанатын жөнім бар, тәуелсіздік тойында. еңселі қала көтердім, есілдің мынау бойында. Қарсы шығып патшама, Жыққан жоқпын сойылға. сабырлылығы бар өйткені, сақ бабамның бойымда. ешкімнің күші жетпейді, Қазақтың атын жоюға.

Көп бейнет көрген қазаққа тартуы осы тағдырдың. он үш-ақ жылда көрдің бе,

Қандай Астана салдырдым?! Шүкіршілік деп айтам, Шыбығымды тал қылдым. тұғырымды тау қылдым.

Жоқ нәрсемді бар қылдым. Қайтейін, қайран, қырғызым, сен барыңды дал қылдың. ұрыны да хан қылдың, Қарыны да хан қылдың.

ол аз болғандай соңында Әйелге тізгін алдырдың. ресей менен АҚШ қа Жағымсынып жүрем деп, Бәлеге басты шалдырдың.

Аалы дұрыс мені ұқсын, Шындыққа болса берік шын. мініңді айтсам ренжіме, Көзіммен тұрмын көріп шын. ельцинге салып ескерткіш, Путинге бір тау беріпсің.

Кеудеңді қанша соққанмен ит пен құсқа жем болған Жапанда жатқан еліксің.

Айтайын сырды досыма, Қалмаспын сірә, тосыла. Қылмысың бар ғой көптеген, ол сөзімнің расы да.

Ақырзаман орнаттың, өзбектің де басына. тірідей өртеп жатқанда Қарадым соған шошына. мұсылманмын деуші едің, мұсылмандығың осы ма? осы сәлемді айта бар, Бішкегің мен ошыңа.

Желпіндің талай желпіндің, маған да қырсық келтірдің. отыз жастағы оғланым, ерлан деген бауырымды ыстықкөлге барғанда Жабылып ұрып өлтірдің.

талайды көзім көріп жүр, Айтарым іште толып жүр. Қазақтан қырғыз мықты деп, Қай бақсыңыз жорып жүр? Ақиқатын ашайын,

осы ортада соның бір. Ауыр болса да айтайын, Шындыққа жасап шолу бір. Қырғыздың тең жартысы Базарында қазақтың

Аз тиынын тауып жүр. Біраз қызың біз жақта саудаға жанын салып жүр. еркектерің ентігіп,

Құрылыста жанын бағып жүр.

Айтып айтпай не керек, Бір талайы қырғыздың осында күнін көріп жүр. Қазақ жаман болса егер,

Бұл жақта олар не ғып жүр?

Атымды бүгін баптаймын, Айтарымды саптаймын.

Қырғыз бенен қазағым Алаулаған оттаймын. Қабанбай менен манасты Бөле жарып жатпаймын. тоқтағұл менен Жамбылдың, османқұл менен Кененнің Жырларын қатар жаттаймын. елмірбек пенен Жеңішбек, Қол алысқан қос досым, олардан қалай аттаймын? есіңде сақта, Аалы,

сен мақтасаң мақтаймын, сен даттасаң даттаймын. сен тоқтасаң тоқтаймын. ұзын сөздің қысқасы Айдалаға лақпаймын. сен сияқты желпініп,

сыртыңнан сөз айтпаймын. ғаламтордың төрінен Қайдағыны шатпаймын.

Аалы:

Айналайын, ринатым Бай атам айтқан кезінде Басыңа бұлт түнерді.

Кеше мен Шу арқылы Пойызда жүріп келе жаттым. оларды ринат біледі.

Жол бойында толған қазақ әйелдер, олар да «семішке» сатып жүр еді, саған сәлемін айтып жіберді.

Болмаса отырып алып қалада Халқыңа ринат деп айттың, Қырғыздардың барлығы бұл жақта тентіреп жүред деп айттың.

ой, айналайын, ринатым, Қырғыздар саған көңілін Бұрып келген емес пе?

Қазаққа жәрдем берсек деп,

Қырғызстанның шетінен Жылып келген емес пе? Астананың жарымын қырғыздар Құрып берген емес пе?

Айналайын, ринатым, сөзіңді айтпай далаға рахмет деген аға да.

одан қарсы шығып тұрасың Қасыңда мендей балаға.

одан тиісіп жатқан шағың бұл тізгін беріп қойды деп, розадай анаға.

сен аналарға асылма, Алпыс жастан асқан соң, Әйелдің бәрі ана да!

Қарашы, қанша әйел тұрады дәл бұл жерде, қалада.

Пайғамбарымыз мұхаммед Хадисінде деп айтқан:

Білесің, бауырым, нені айтқан?

«Пейіш деген ананың табанында» деп айтқан.

«Бір болмаса ананың Қабағында» деп айтқан.

«Анаңызға ең жақсы Қарағын да» деп айтқан. ол болмаса неге айтқан? Әлбетте,

ішің жанып отпенен, екі көзің шоқ менен

Ананы жамандамағын сен, Анадан туылған жоқ па едің? сол үшін де айтарым, Ардақтым, соны байқағын.

Біз қырғыздар осындай, еш заңына көнбеген Алатаудың қасқыры.

Ақиқатты айтып еркін жасаған, Бұл өзі қырғыздардың дәстүрі. Басшыдан қорықпайды қырғызым, Қырғыздан қорқады бастығы.

міне, осындай емес пе, Біздің егемен елдің шаттығы. егемендік, тәуелсіздік, осылай айтады жақсыны.

Ал сені болса, қарашы, Бай атам беріп тыншымайды санасы.

Әлбетте, төріңе жеткен кезімде, еліңе келген кезімде,

Жеріңе келген кезімде, мен жаман сөзді айтпайын, Әлбетте, қазақ халқының Жақсы жағын да мақтайын. Бауырға жақсы сөзді Айтуға тілек дап-дайын. мен бүгін сенің төріңе Шабысқалы келмедім,

өйткені қылышым жоқ қолымда. сайысқалы келмедім, Автоматым жоқ жонымда.

сіздерге құттықтау айтып келгенмін, Жақсы тілек қана ойымда.

Бірақ, қырғызға қарай өзіңнің Жаман сөз шықты бойыңда. Кейінгіде бұл сенің

Болып тұрсын ойыңда. Қазір ғана деп айттың, Қырғыздан көрі қазақтар

Жырлап жатамыз деп айттың. оны білмеймін неге айттың. Шетелге қырғыз қарызы, санасақ екі миллиард доллар,

Шетелге қазақ қарызы неше миллиард доллар? Білмесең досым, ендеше, Көңіліңе түйіп ал.

осы жерден күйіп ал.

Кеше мен интернеттен іздедім, Жүз жиырма төрт миллиард сыртқа доллар қарыз екен, біліп ал!

е, Бауырым, бауырым,

егерде қарыз алғанда,

Біз де қилы жолға бармақпыз. мырзатай аға, білесіз, Қырғыздардың мінезін.

Жұлдыздай көкте жанбақпыз.

Шетелден жүз жиырма төрт миллиард қарыз алсақ Астанадай қаладан

Алтауын қатар салмақпыз. Әлбетте, ақындыққа баласа.

Бұлардың бәрін санаса

мен бүгін жақсылықтарды көп ойлаймын. Білесің бе, нені ойлаймын?

Астананың қаласында Жамандықты неге ойлаймын. Бұйырса тәуелсіздік күндері Болашақта, алдыда.

124 миллиард қарыздан

Қазағым құтылса екен деп ойлаймын. Әлбетте, менің қазағым,

сенімен бірге жатамын, Асу асу қырларды сенімен бірге асамын. Күніге түнде жатқанда оңалсын деп қазағым, Алладан сұрап жатамын. өйткені қазақ бір туған, Алыстап қайда қашамын?

Кеше мырзатай ағам айтқандай, іштарлықпен дұшпандар Әлбетте, бізді көре алмайды.

Қазақ пенен қырғыздай Басқа ешкім бола алмайды.

Қазақ пенен қырғызға

ешкім жәрдем бере алмайды. мұндай жерге келгенде Ақындар қатты өре алмайды. демек, қазақтармен ешқашан Қырғыздардан басқаға ешкім жәрдем бере алмайды. Біздің ортамызды

Алатау ғана бөлмесе

ешқашан дұшпан бөле алмайды. содан кейін деп айттың:

россия менен АҚШ-қа Шоқынып едің деп айттың. ельцинге қойып ескерткіш ол жөнінде көп айттың.

Біз деген кең пейіл қырғыз елденбіз, талай зорды көргенбіз.

Қалпағымызды кидіріп, Басымызды алдырмай Қара қалмақты жеңгенбіз. сол үшін де осындай Алатау-биік төрденбіз.

Биік жерге жайғасып біз дағы, Биік болып өнгенбіз.

егемендік, тәуелсіздік үшін біз дағы Қанша жерде жеңгенбіз.

Қанша жерде өлгенбіз.

содан, ескерткіш құрып орысқа, Қазақты ештеңе бермеді деп ойлама. Қазақ та жақын бауырым деп, Қарсылап төрді бергенбіз!

Ринат:

Бізге рас береді көмекті кім,

Қарыз жайлы айттың ғой деректі мың.

екі-ақ миллиард қарызыңыз бар болса егер, себебі де көп шығар демек мұның.

Біз жүз жиырма миллиардтан құтылармыз, Қазағым жоғалтпаса өр екпінін.

Шетелдегі адамдар біледі ғой, Кімдерге қарыз беру керектігін.

Келгенде екеуіміз керіскелі, Айып емес ақындардың тебіскені. ол рас сауда жасап қазақ әйел,

өз елінде қылар күн көріс тегі. өзге түгіл менің де шешем сатқан, Жаңағы өзің айтқан семішкені.

Біздің елде әрқашан міне осылай, Келеді бостандықтың жеңістері.

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой, Жасап жатыр жиырма жылдық анық той. тұңғыш рет көріп тұрсың сен оны, нағыз қазақ осы міне, танып қой.

Қазақ осы алтын, мұнай қазатын, Қазақ осы биікке қол созатын.

Қазақ осы, қай бәйгеге салсаң да, оқ бойымен дара келіп озатын.

Қазақ осы дара келіп озатын, Қазақ осы, өзі батыр, өзі ақын. Қазақ осы қатпар-қатпар тарихын, Қағаз емес тасқа басып жазатын.

Қазақ осы, бір Аллаға сенетін, Қонағына қолда барын төгетін. Қырғызға да «қазақ жоқ» деп сөйлеген, Астанада төрден орын беретін.

Қазақ осы, Абай, мұхтар, Шәкәрім, еш ұмытпаған ұлылықтың қаһарын. Бар әлемге мәшһүр қылып атағын, Болашаққа жасап жатыр сапарын.

Қазақ осы, Кенесары, Абылай,

ер Қабанбай, Бөгенбай мен Ағыбай. Қазақ осы таудай болып алатын, Қанша шашып тастасаң да тарыдай.

Қазақ осы дінмұхаммед Қонаев, Бір-ақ істің арнасында болайық.

Қыран құс тұр көк аспанның астында, Қуаныштың омырауын соғайық.

Қазақ осы, сексен алты, Желтоқсан, Бостандықтың темір торын серпе ашқан. Құлағымды саған кесіп берейін,

Бұл қазақтан артық туған ел тапсаң.

Қазақ десе бал төгілер тілімнен шын, сөйледік ел құлағы түрілгенсін.

Аалы, қолыңды бер, қоштасайық, ринат енді саған сырын берсін.

мен жақсылық тілеймін қырғыздарға, Жамандық енді сенен қырын болсын. Бейбітшілік мәңгі кеп Бішкегіңе, ынтымақ ұлтыңызға ырым болсын. тоқтардай батыр тауып жеңгелерің, ғарышқа да тігілер туың болсын.

Қырғыздың көшін оңға бастайтындай, Құдайым нұрсұлтандай бір ұл берсін. Келешекте Құдайым Қырғызстанға Қазақстанның бүгінгі күнін берсін!

Аалы:

Әлбетте, сенің жақсы екен, Аалыға айтқан мақсатың. сақталып қалсын қазақта ринат деген жақсы атың. егер де елің күрессе Бүліктер қайта атпасын.

Қазақтың күнін берсін дейді қырғызға Әлбетте жолдарын ашсын да

Жаман жол ешкім баспасын. Қырғыздан келе жатқан сұр бұлт лезде мұнда келе жатады,

одан Құдай сақтасын. Айналып өтсін сіздерден, Ашығын мен айтпасам Халқыма құнды сөзімді. енді менің айтарым, еліме міне, қайтамын. өздеріңе келгенде өкпелегендер тағы бар.

«мен төкпемін мінсіз» деп, төкпелегендер тағы бар. менің айналайын, бауырым, Ашық сөз айтсам қабыл ал. Білгің келсе шынығып,

Қырғыздың талай төріне барып ал,

ілгеріде қырғыз деп айтқан, Қазақта тағы көп айтқан, Білесің бе,нені айтқан?

«Ауылы жақын күшіктің Құйрығы қайқы» деп айтқан. енді ашық болар а, бәлкім, осындай деп сені айтсам. енді басқаға сөзді бұрайын,

мен қырғыздан келген баламын. Әлбетте, қазақ бір туған,

одан мен қалай танамын. Жаным да бірге сенімен,

сенің жаныңда шығып қарадым. рұқсат енді берсеңдер,

Құдай тағалам бұйырса мен Бішкекті көздей барамын.

Қазақтар мындай екен деп, Жаңалықтардан саламын.

содан қасында жырлап жатамын, Асанәлідей ағаның.

Бекежанды көрдім деп,

Бұйырса қырғызға айта барамын!

2011 жыл.

АМАНЖОЛ МЕН ӘСЕМ

Аманжол:

ұлтымыз тарих сырын бүгін ұқты, Көшпелі елдің көтерген жүгі құтты. Алтын сауыт киініп, атқа мінген, түркінің сақ дейтұғын түбі мықты. Жер жаһанды жаулаған ескендір де, менің бабаларымнан кідіріпті.

Әлемге әмір айтқан Күлтегіннен, ғаламзат түркі рухын ұғыныпты. Жәнібек пен Керейдің кезеңінде, Алғаш қазақ хандығы құрылыпты. Айбарлы Абылайдың заманында, Жоңғар-қалмақ тізесі бүгіліпті. замана хан Кенені өлтірген соң,

түлкінің құйрығындай құбылыпты. отыз екі, отыз жеті зұлматында, ұлтымыз ақбөкендей қырылыпты. иншалла, тәуелсіздік алғаннан соң, Бақыттың мойны бізге бұрылыпты. Қалың елім, қазағым, аманбысың, сақтаған қанындағы ұлылықты.

Азаттық таңы атқанда нұр төгіліп, еңсемді төмендетпен мұң кеміріп. Жиырма жылда келеді орындалып, Жүректе жиырма ғасыр жүрген үміт. тәуелсіздік мереке құтты болсын, Бақытына бөленген бірге күліп.

Азаттығың баянды болсын халқым, Кеткенше аспандағы күн бөлініп.

Көңілден көрікті ойды көркем өрген, енші алған оғлан едім серке өнерден. Қыздармен айтысқанда қызынушы ем, Ақ тұйғын қаз ілгендей ерке көлден. сүйіншілеп бастайын ұлы тойда, төбеге ту тіккендей кер төбелмен.

туғызған текті өлкеден телғараны, нұрланып Әсем шықты зер жамалы. Бұғы бел, бөкен бөксе, құралай көз, төңкерген ай секілді тел қабағы.

Қыз бен жігіт айтысы болады-ау деп, елеңдеп екеумізге ел қарады.

сал Біржан салтыменен сөз бастайын, Алтайдың күміс кеуде кер маралы.

Қанша жүйрік болсаң да құтқармаспын, мен келдім дүбірлетіп кең даланы.

Шайқалып бозжорға аттай жолға түскен, Бал шырын жыр арнайын толғап іштен. Ақ түлкідей амалың таусылмай ма, Шүйілсем қанатымды қомдап үстем.

Көздерің дөңгеленіп кетіпті ғой,

үкінің баласындай торға түскен. Азу тісін ай сүйген арлан едім, Бүгінгі олжам сенсің қолға түскен.

Әсем:

ой айтса жұрт санасы салмақтанар, Ақынның ақындығы ардақталар. менімен айтысуға дайын кепсіз, Жандай боп жарақтанып жауға аттанар. сен маған қоқан-лоқы жасай берме,

Жұртым бар мендей қызын қолдап бағар. Жолбарыс Жүрсін ағам осында жүр, Арланның азуынан қорғап қалар.

Армысың, қазақ елі, қағанатым, Жұмаға жұмылдырған жамағатын. төзімі темір сынды тәубашыл ел, сабыры сары алтын боп саналатын. Көрсе де замандардың ғазауатын, ғаламға шығармаған жаманатын. еркін ел болғаныңа жиырма жыл, Әр күнің ғасырдай боп саналатын. талабы тау төңкерер ерлерің бар, тас жұтып тәуекелге бара алатын.

Келгендер таңғалысып таңдай қаққан, Көргенде Астанамның ғаламатын. мұстафа Шоқай, тұрар, Әлихандар, Жан қиса оздырам деп қазақ атын. тәуелсіз, егеменді халық болдық, орындап арыстардың аманатын.

Керегін ақмаралдан алған жанша, Арландар шығып жүр ғой алдан қанша. талайын сіздейлердің жолға тастап Кеткенмін айла-тәсіл қолданғанша.

Көкшеге бір аттасам жетіп барам, елемей тау мен тасты, орманды онша. онан соң бір аттасам Баян тауда, Жүремін, біреулерге ол арман болса. Әй, қайдам, мені қуып жетпейсіз-ау,

гүлдей ғып баптамасаң бағбандарша. Жайбасар, ағажан-ау, мінезің бар, Азулы болсаңыз да арлан қанша.

Алтайға алты-ақ аттап жетіп барам, ырғалып сен орныңнан қозғалғанша.

Ақандай әуелетіп ән салғанда, Біржанды көргендей жұрт тамсанар ма. үкілі бөрік киіп алшаң бассаң, сәкендей жарасады сән саған да.

Алтайдың ақмаралын қуамын деп, Қиындық жан-жағыңнан қоршағанда. малтығып көбік қарға өкпең өшіп, тып-тыныш өміріңді аңсағанда.

Бекер-ақ мына қызға ілестім деп, сан соғып, өкінерсіз шаршағанда. соңымнан сіз жеткенде сүйретіліп,

Алдыңнан аңшы ағалар қарсы алғанда. терісі бұл арланның жақсы екен деп, олжа ғып атып алар қансонарда.

Аманжол:

Астанам ардақ тұттым бақ мекен деп, Азаттықтың мекені шат мекен деп.

Әсемжан, саған қарап жұртым отыр, Шіркінді қандай ана тапты екен деп. Жүрсін аға қасына тығылмақсың, Аманжолдың азуы қатты екен деп. Апыр-ай, Жүкең көкем қайтер екен, Жанына тығылғанда ақбөкен кеп. ол кісі шұбар жонды жолбарыс қой,

Жұтып қойып жүрмесін тәтті екен деп.

Шабыттың арқасында шалқаралы, сайрасам қызыл тілден бал тамады. Баянтауға қашып сен бара алмассың, Болмаса ар жағында Қарқаралы. себебі, машкьевич сатып алған, ділдәсі көп болған соң қалтадағы.

Әкесінің малындай жұмсап жатыр, Қазба байлықтарымды картадағы. еріккен олигарх ұстап алар, ойланып көрсең қайтед, қалқа, тағы.

тарихта Біржан салдың аты қалған, Шоқанның мәңгілікке хаты қалған. Киелі Көкшетаудың жер шұрайын, Кулагин деген әкім сатып алған. солтүстіктің егінін, қоймаларын, терещенко, лужковтар тартып алған. мәскеулік алтын қалпақ лужков мырза, Жыл сайын бидайын кеп артып алған. Көкшетауға барғанмен орындалмас, Әсем қыз, кеудеңдегі асыл арман.

өр Алтай, Қарт Шыңғыстау арлы мекен, табиғат көрік берген жалды мекен.

Қара ертіс бойлай аққан сулы мекен, Қара орман, қарағайлы, талды мекен. төрт түлігі тел өрген малды мекен, Атомнан зардап көрген зарлы мекен. Көктемде ауыл халқын састыратын, сай-саласын қар басар қарлы мекен. Храпунов сатып-сатып қашып кеткен, сен баратын дұрыс жер қалды мекен?!

тұяғын кер төбелдің тағаладым, Арасын талай жердің араладым. Алтайға алты аттап баратын қыз, мән беріп әр сөзіңді сараладым. Ағалар атып алар дегеніңді, Асығыстау айтты-ау деп шамаладым. ойланбай ата салар, жарып салар, вахабит емес шығар ағаларың?!

Алтайға бара қалсам жақындағы, отыр ма маған да оғың атылғалы. Атады деген сөзді айтпа, Әсем, Аз ба еді ақындардың атылғаны?!

рухты көк түріктің тұқымдары, Қасқырша атылмап па еді ғасырдағы. Хан Кенені кескілеп өлтіргенмен, Қырғыздың хан туған жоқ қатындары. Қарақшының қолынан кесілмеп пе ед, ғазиз бас махамбеттей батырдағы.

Азаттықтың жолында мерт бомап па ед, Қазақтың рухы мен ақылдары. тәуелсіздік алғанда қазақ елі,

Қазақтың атылмасын ақындары.

сұлатқан құрбы-құрдас қатарыңды, Құлатқан алтын өркеш атаныңды. Жайратып нКвд жалғыз оқпен, Құдыққа тастамап па ед Шәкәрімді. марғасқа мәдиді атып өлтіргенде, Кебін ғып жаппап па едің шапаныңды. Алаштың арыстарын атпап па еді, сиретіп ақ бөкендей қатарыңды. сағынып азаттыққа жеткен қазақ, енді ешкім бөгемесін сапарыңды.

Көзінде жас ұрпақтың от болса екен, рухани қазынасы тоқ болса екен.

Бүгінгі ақ орданың маңайында, рухты арлан қазақ көп болса екен, Храпунов секілді қашып кетер, екіжүзді шенеунік жоқ болса екен.

Әсем:

Жан емес Жүрсін ағам киік қуған, ол сіз ғой бізді көріп күйіп тұрған. Алашты айтысымен қауыштырып, Халқына өнегелі күй ұқтырған.

Жеп қоймас Әсем қызды тәтті екен деп, Күтпейді ел ондай қылық сүйікті ұлдан. Қобыланды ұрпағы ғой Жүрсін ағам, тұлғасы пенделіктен биік тұрған.

Байлығы ән менен күй, жыр елімнің, еліме арналады тілегім мың.

Алтайда түк жоқ деген бұл ағама, Қажырын көрсетейін білегімнің. мастанбай машкьевичтар нағылады, Ақ адал болмаған соң ұлы елімнің. сенімін үмітімен ақтамады,

ел сенген елбасыдай тірегімнің. ойрандап кетсе-дағы опасыздар, туған жер төріндесің жүрегімнің. Шыңғыстау, өр Алтаймен үнін тыңда, түлеген тұғырынан түлегіңнің.

Байлығын Храпунов жеп кеткенмен, Ай-күні аспанында тұр елімнің.

ол рас, кер бестіні тағаладың,

тау-тасын туған жердің араладым. сіңіріп өсиетін өткенінің, Қасиетін топырағының бағаладым. Алаштың астанасы ару семей, Әлихан, сәкен жүрген дара бағым.

Ахмет, міржақып пен сұлтанмахмұт, оятқан қараңғы елдің саналарын. сол жерде Әуезовтей ұл толғатқан, Құрсағы құтты, алып аналарым. оқытып Шәкәрімнің «Ар ілімін», Баптаған байыпты ғып балаларын. ұрпақты ізгілікке жетелеген,

дәрия жүрегі кең даналарым. ұлтына қай кезде де жоқшы болған, вахабит емес менің ағаларым.

Алысқа мен кетпеспін адал болсаң, ізгілік нәрі боп тамар болсаң.

мен сізден қашып, аға, қайда барам, Жаныма жақсы іспен жағар болсаң. мағжандай маңғаз туған ақын дер ем, Жұлдыздан «жүзік, алқа» тағар болсаң. Қайтер ең, осы қазір дәл қасыңа, еліктей ерке басып барар болсам.

Алдында мына келген ағайынның, осындай жомарттыққа бара болсаң.

Әсемдей қыз көңілін қалдырмассыз, сал-сері шыныменен ағам болсаң.

Аманжол:

моншақтап тер басқанда алқымымды, Жүйріктей қосушы едім қарқынымды. Айым, күнім орнында дейсің Әсем, Арқада әнге басып жарқын үнді.

Айың, күнің орнында болғанменен, сыпырып кеткен жоқ па алтыныңды.

ұрының арты қуыс нанды ұрлаған, Алаяққа жол берген балдыр заман. Жеріңді сатып-сатып ұры күйеу, ұшақпен ұшып кетті-ау, ...

Қазақстанға ап келіп соттау керек, ондай күйеу көп бізде алдырмаған. Алтай мен Жетісуды ата-бабам, Храпунов жесін деп қалдырмаған.

Әсем қыз, көке қанат сермедіңіз, Халқымды тәтті әуенмен тербедіңіз. е, бәсе, қашамын деп қайқаңдамай, Жөн болар жетегіме ергеніңіз. ежелден қыз алысып, қыз беріскен, Құдандалы еді ғой елдеріміз.

Қарқаралы, Шыңғыстау қатар тұрған, іргелес емес пе еді жерлеріміз.

Құнанбай ұлжанды кеп әкеткенде, Қосылып кетпеп пе еді жеңдеріміз. ол аздай Алшынбайдың ділдәсін ап,

...құда түсіп келгеніңіз. мойыныма алқа тақ деп қояды, Аз ба еді тобықтыға бергеніміз.

Қашаннан қыз алдында сөзім берік, Әншейін отырғам жоқ көзірленіп. тоқтамыстың қызымен айтысқанда, Асқақтап кетуші едім сезімге еріп. майысып Айнұр сұлу сұрағанда, Жолымды кетуші едім өзім беріп.

одан зиян көрмейсің Әсем қалқа, Қасыма келер болсаң өзің желіп. сыңғырлап алтын, күміс шығып қалар, Қалтамды ақтарып көр өзің келіп.

Әсем:

Арлан боп аттанғанда алып белден, сыйыңыз сол ма маған алып келген. Қыз берсе Қарқаралы Шыңғыстауға, тектісін тобықтының танып берген. Алуды білген кезде Құнанбайлар, Қарымта қайтарар жол тауып келген. мешіт сап Қарқаралы қаласына, оның да жақсылығын халық көрген. үй салып меккеге де қазақ үшін, Атағы алты алашқа дәріптелген. тәуелсіз егеменді ұрпақты аңсап, елінің санасына жарық берген.

Құдамыз Аманжолдай біртүрлі екен, тобықты көп алды деп қауіптенген. Құнанбай атам менің ірі екен ғой,

нән мешіт қайынжұртқа салып берген.

Айтыстың басылмаса дүрбелеңі, Көңілде көктем жырдың гүлдегені. сал-сері мырзасындай баяғының, Аманжол сый-құрметті, жүлделі еді. Келгенде қызды ауылға сал мен сері, Қалайша жоралғысыз құр келеді.

Қалтамнан өзің келіп ал деп тұрсыз, Ал, Әсем бара алмай күрмеледі.

Баяғы бабаларым қылған істің, ойыма түсіп тұр ғой бір дерегі. Біржан сал шідерінің жоғалғанын, ләйлімнен көрмеп пе еді іргедегі. Біржан сал атаң құсап сіз де менен, даулағалы отырсыз ғой бірдеңені.

Аманжол:

Атаңды мақтасаң да қанша тағы, Аманжол дәлел сөзбен қарсы алады.

Абайды ұлжан ғана туып берген, Құнанбай қырық тоқал алса-дағы.

«Жігіттің жақсылығы нағашыдан», түсінсең осы сөздің бар сабағы.

Абайдың анасының ауылына,

Көп болмас алты мешіт салса-дағы.

сөйлесе қара сөзден қаймақ алған, тобықты деген ел бар байрақ алған. Кеш батса жігіттері атқа қонып, Қаракесек жылқысын айдап алған. Біресе ерейменнен жылқы қуып, Біресе жылқы ұрлайтын Айдаболдан.

Кей кезде найманнан да жылқы ұрлайтын, Жарты Қазақстанды жайлап алған.

Абайға Біржан бабам көп баратын, Атағы әлем асып айға қонған. серінің жоралғысын аламыз деп,

Қыздарың шыққан сонда жайнап алдан. Шідерін өлең қыпты Біржан атам, Көлбайға көңілі толмай майдаланған.

Әйтпесе, аты шулы Біржан салдың, талай-талай шідері сайда қалған.

Әсем қыз, күдіктенбе ұрлық болмас, серінің қалтасынан жайлап алған.

тәуелсіздік көз жетпес заңғарымыз, Атады арайланып таңдарымыз.

Армандап азаттыққа жеткен қазақ, ләйім орындалсын арманыңыз.

Әсем:

серіден ұрлық емес жайлап алған, ол рас, бабаларым байрақ алған.

 Жылқысын сол заманда Айдаболдың, деп тұрсыз тобықтылар айдап алған. тойында тәуелсіздік дәл осылай, Шығар деп ойламап ем сайрап алдан. Жоғалған жылқыларын Қаракесек, дауласа баяғыдан қайда қалған.

сіз жақтан жылқы түгілі қыз алғанбыз, тобықты алар жерін сайлап алған.

Құнанбай күйеу болып сіздің елге, Абайы адамзаттың пайда болған. Абай да Алшынбайдың қызын алды, Жері жоқ бабалардың майдаланған. Қаракесектің ғана қызын алған,

сол кезде тобықтыда айла болған. Жылқыны Айдаболдан айдап алған, өзіңнің апаларың пайдаланған.

Ағажан, жарық күнім, атпал айым, мен сізден қалай кейін қап қалайын. Көрсетіп өзіңізге құрметімді, Қоштасып ағайынмен аттанайын.

Болса да қалтаңызда алтын, күміс, сабырмен айналама сақ қарайын. Бұл жерде ақтарғаным ұят шығар, сыртында сахнаның ақтарайын.

Бөлмеге шай ішетін шапаныңды, Көтеріп мен өзім-ақ ап барайын. сонан соң жолыменен бұрынғының, Қалтаңнан әшекейді ап қалайын. тәуелсіз егеменді отаныма,

Берсе Алла тыныштықтың бақ-талайын. Аманжол ағамыздан алғаным деп, Жеткенше жасым жүзге мақтанайын.

Аманжол:

Әр пенде тағдырына бағынады, Алты Алаштың ақ жүзін сағынады. Күйеуі барымташы болғаннан соң, Қыз байғұс көнбегенде нағылады. Қаракесек қыздары аман болса, Әлі талай жұлдызың жағылады.

сөйледім сұлу қыздың шетін көріп, өсіп ең қара шашың кекілденіп.

Қарқаралы, Шыңғыстау қатар тұрсын, түйенің қос өркеші секілденіп.

тулайды көктем келсе есіл ағып, Жүруші ек осы жерде көшіп анық. ол рас, қартайғанда, Әсем қалқа, Бұл күнді отырарсың есіңе алып. Қалтамды ақтарсаңыз, ақтар Әсем, тек қана жүрмегейсіз тесіп алып.

2011 жыл.

БАЛҒЫНБЕК ПЕН МҰХТАР

Балғынбек:

Аралды Арал десем кім білмеді, Алшаңдап топырағында кім жүрмеді? Атасына ас берген арда жұртқа,

мен келдім құрметімді білдіргелі. Астанада жатыр ем, Жүрсін ерман Қоймастан осы айтысқа «жүр, жүрледі». Қоймаған соң, қайтейін, келіп тұрмын, Әперетін шығар деп бір жүлдені.

«лондоннан» бастайыншы әңгімемді, Қызуы суып әлі үлгірмеді.

илья ильин – Жақайым деп естіп ем, Бұл сөзді айтқаным жоқ күлдіргелі. екі мәрте олимпиада чемпионы:

«сырды туып, сырда өскен ұлмын» деді. Жеңісінің себебін сұрағанда,

«Қазы жеп, қымыз ішіп жүрмін» деді. Қазақша «Құдай қаласа, Бразилиядан, үшінші алтын алғалы тұрмын» деді.

«Құдай қаласа» дегенге ішім жылып, Қуантты орыс ұлдың тіл білгені.

Ағайын, соның бәрі сенің арқаң, топырағың құм емес, жырдың кені. Қасиетіңнен айналдым, орысты да, Құдайшыл қып өсірген сырдың жері.

Астарың қабыл болсын, ал, Жақайым, намысы наркескендей нар Жақайым. ішім толып қалыпты айтыс болмай, ендеше қызыл тілді сарнатайын.

Болғанда жағым – садақ, тіл – адырна,

Жырымды жебе қылып жамбы атайын. Атасына ас берсе ат шаптырып, Ағайын, одан асқан бар ма тойың?

Алыспақ керек пе, әлде атыспақ па? мұхтаржан, оны саған таңдатайын. Атыссаң оқтарымды заулатайын, Алыссаң қызыл құмға аунатайын.

Аралға тұңғыш рет келіп тұрмын, сондықтан ұзағырақ толғатайын. ұрпағы қара ормандай Жақайымға, Қара өлеңнен ескерткіш орнатайын.

ежелден өлең сөзге атам құмар,

«сыр елі – жыр елі» деп мақал қылар. сахнаға Жүрсін, мұхтар, Балғынбек боп, сап етіп шыға келді сақалдылар.

Әйтеуір сыр елінің әдеті жоқ, сақалдыны «террорист» атандырар. Армысың, мұхтар бала, сырда туып, Жетісудың сарынын мақам қылар.

Құдайдың құдіретін көрмейсің бе, Біреуді ұзын, біреуді тапал қылар. Шынашақтай мұхтардың шамасы бар, Балғынбектің костюмін шапан қылар. өзі нар болмаса да бұл мұхтардың, сөзі бар екпінінен атан құлар.

тойларың құтты болсын, Аралдықтар, Әуелі сұрайтыным амандық хал. сырдан бесеу алдырып, қырдан бесеу, Жұптап жатқан қазыда адалдық бар. Қызылорда мен Қазақстан құрамасы Айтысты деп айтып жүр тәмам жұрттар. Жаманақтың асында той бастауға, Жарап қапты кешегі жаман мұхтар.

нұрдәулетпен шықпағаным жақсы болды, ол бала екпінінде шабандық бар. ержеңіспен шықпағаным жақсы болды, Баланың өлеңінде балаңдық бар.

Шынбергенмен шықпағаным жақсы болды, ол жігітте әншілік мамандық бар.

Қайратпен шықпағаным тіпті дұрыс, Жершілдік жасайды ғой адамға ықпал. Қазыларға рахмет шын жүректен,

Бір молда тауып берді маған жұптар. Халықты зәмзәм жырға қандыршы бір, Қажыға барып келген халал мұхтар.

Мұхтар:

менің де бар қарқыным бір байқалад, Ағамның көкірегінен сыр байқалад.

«Бір молда тауып берді» деп отырсың, мұныңды ағайын жұрт тыңдай қалад. сол молда шығармасын жаназаңды, Күн сайын бере бермес мұндай талап. өзіңнің мақамыңмен айтысайын, Қашан да удың бетін у қайтарад.

Балғынбекке ағам деп жай қарасам, деп отыр «сахнада сойқан ашам». Кәдімгі піл аунаған шалғындай қып, Жарар ед жан-жағыңды жайпамасаң. таспен ұрған адамды аспен ұрып, мен бәрібір құшақты айқара ашам.

«Жаманақтың тойында жаман мұхтар», деген сөзді болмайды қайталасаң.

өзім жаман болсам да халқым жақсы, тарқамаған жұртпыз ғой той тамашам. Жоңғарға қан жұттырған сартай құсап, Жас та болсам сенімен тайталасам. сыр елінің мұхтары боламын ба, Ауылдың алты ауызын айта алмасам.

Қомпайтып, қомнан ауған шаңырақтай қып, Қасымда қарсыласты шайқамасам.

сен менсінбей, теңсінбей отырғанмен, Байқа енді күшіме қайта басам. елемеген бұтақтың өзі кейде,

екі көзіңді ояды байқамасаң.

Бұл Балғынбек «серімін, салмын» депті,

«Алла айдап, Аралға кеп қалдым» депті.

Келдім ғой «бір жүлдеңді бересің» деп, Жүкеңе де қиғылық салғың кепті.

Қою, жылтыр сөзімен алдағанмен, өзіне қарата алмас бәрібір көпті. Аралдың көні кеуіп жатқан кезде, Бір рет табан тіреп, хал білмепті. енді кеп той үстінде көлік сұрап, Бір-ақ күнде көрмекші бар құрметті. Көптен бері қолыма түспей жүр ед, Алаңсыз қайтарайын ал бір кекті.

Ағайын, дегенменен мықтысыңдар, орындадың ойға алған бар міндетті. Қамырдың орынына көлік салып, Қармаққа түсірдің-ау Балғынбекті.

сахнада бірі қалып, бірі өлетін, мықты айтыс бастағандай міне ретің. өйткені, Жақайымның тойы ғой бұл, Жауына жауар бұлттай түнеретін.

Хас дұшпанның алдына келген кезде, үзеңгісі үзілгенше шіренетін.

Бұл халық сөз тыңдайды, себебі оның, Арғы атасы Жетеске тірелетін. сондықтан Жүкеңді де алдырып тұр, Жырменен жұлмалаймыз жүрек етін. Ассалаумағалейкүм, Аралдықтар, Көңіліңді көктем қып, гүл егетін.

Алдыңа ақындарың келіп қалды, Буырқанса бұрымдай жыр өретін. сүйексіз тілімен ақ айтқан сөзін, сүйегіңнен өткізіп жіберетін.

Шай ішіп боп қалдың ба, дәу Балғынбек, Әр сөзіне құратын ау Балғынбек.

«Қызыл құмға аунатам» деп отырсың, ойыңыз адалдықтан сау Балғынбек. түйенің жығылуы қойдан оңай, Қаншама жасасаң да шоу Балғынбек. Жолықтық бір сом, елу тиын құсап, Біздер төбе болғанда тау Балғынбек.

тәуекел деп, тас жұтып, топқа түстім, тауыңды да тұрғандай аударғым кеп.

маңдайың болмағанмен маң даладай, тіліңіз тістеп шаққан қандаладай.

Ақынның жолбарысы, Жүкең айтқан, Жататын жатағына аң жоламай.

Қасқырдың ішіндегі арланысың, Қарыны қампаймайтын қан жаламай. танауыңа жүруші ед, таяқ бойлап, таңқайып басқа жерде паң қарап-ай. Аралға кеп отыр ма рухың қашып, Шынжыр балақ, шұбар төс шомбал ағай. Жылтырап екі көзің бара жатыр, Абдырап отырсың ғой аңғал ағай.

Аралға ағып келіп абайсызда Каналға түсіп кеткен камбаладай.

Балғынбек:

Жарамас ер жігітке мал таппаса, мал таппай жан-жағына жалтақтаса.

«Аралға бұрын неге келмедің» деп, мұхтарға жараспайды жортақтаса. Жаратқанның жазуы солай шығар, Ағаң бұрын Аралдан дәм татпаса. Жүрсіннің өзі де алғаш келіп тұр ғой, Қайтеді мен секілді жол тартпаса. мұхтарға кеп көрсетуім міндетті емес, Арал деп көзімнен жас моншақтаса.

«Жақсылықтың болмас деп ерте кеші», тойыңа келіп тұрмын ортақтаса.

Әй бала, кім қандала, кім камбала? Жаның барда жауап бер жылдам ғана. үлкендеу бір балықты таппадың ба? Жігіт ем Жетісуда туған дара.

Қонақты аспен де атпай, таспен де атпай, Шанышқымен ұрдың ғой, ұрғанда да!

А бүгін жар болмаса, Құдай маған, мына отырған мұхтарда сыңай жаман.

ешқашан бұл інімнен күтпеп едім, теңеуді айтады деп, бұлай жаман.

«Каналда қалып қойған камбала» деп, тап таза көңілімді лайлаған.

Аралға ән айтам деп келгенімде, Каналдан қайтамын деп кім ойлаған?!

Жатқанда Астанадан алысқа кеп, Әрине тырысамыз намысқа көп. Қайдағы камбаланы қайдан айттың, тым болмаса десейші толсталоп.

Я болмаса Балғынды Бекіре де, уылдырық шашатын ағысқа кеп. Қармаққа машина іліп қойдық дейсің, мен бейне қызығардай табысқа көп. Жалпы мен Жетісудың жайыны едім, Байқаймын сенде ондай қамыс та жоқ. сондықтан Балғынбекті бүгін бала, Қармаққа түсіретін шанс та жоқ.

тіліңді тіліп түсер ұстара қып, отырсың мен жүзетін тұста не ғып? екі жүзді балыққа теңеп қойып,

сен маған болып шықтың дұшпан анық. мен де сені балыққа теңер едім, Болмайды бірақ сендей қысқа балық.

Каналыңа қамалып не қылайын, одан да түскен жақсы душқа барып. сен қайта жазда туған бұзаудайсың, Жайылатын ауылдан тысқа барып. Бұзауды жайын құсап жұта салмай, Бордақылап жемеймін қыста не ғып? Көз тоятын көлемің болғанда егер, Фарш қып шайнар едім ұстап алып.

сен менің жұмырыма жұқ болмайсың, Балаларға бермесем түшпара қып.

Мұхтар:

Айналдым Балғынбектей есіл ерден, Бұл есіл ер болмаса көсілер ме ем?

Қандай балық болсам да, сырдың ұлы, Қай кезден ақ осы елдің төсін емгем.

Қысқа балық болмайды деп мен секілді, Балғын аға, сахнада шешілер ме ең.

Андай балық, мындай балық теңім ед деп, Көңілің арылмады қос үрейден.

Қандай балық болсақ та жарты сағатта,

«Капченный» боп кетерміз ау осы жерден.

есінеген аюдай үңгірдегі, дауысың залға сыймай күмбірледі.

Балдарға түшпара ғып берем дей ме, Жеңіл ас деп ойлай ма бұл бір мені. Бала менен шағаға қор қылғанша, Асасаң өзің асап тындыр мені.

Бірақ та ұмытпассың Алланы да, Жүргесін бес уақыт жалбарына. Балғынбектей ақынға жем болам деп, Ағайын, шыққан жоқпын алдарыңа. Біреудің баласында нең бар сенің, маған әбден көңіліңнің қалғаны ма? Ашығып, ас таңдамай жей берсе егер, сақалыңды орып бер балдарыңа.

домбыра алып келген соң қолға бүгін, Көрінсін топ алдында жорғалығым.

Жақайымның тойы ғой бүгінгі той, Көрдің ғой Балғын аға, зор қадірін. Шектінің шежіресін шерте берсең, ұрпаққа тәлім болар ол да бүгін. сахнада негізі керек емес, Балықтығым, немесе молдалығым. Жақайым Қыз Жібекпен мақтанады, сұлулық символы ғой ол мағлұм.

Бірақ та төлегенге қосылмаған, тағдырдың бастан кешіп сор дәуірін. мен болсам төлегеннің інісімін, Қызғыш құстай білетін көл қадірін. Бәріміз Жетірудың баласымыз,

Жабысқан болмаса да жан бауырым. Ал, ағайын, бұл сонда не боп кетті, Құда бала болдым ба сонда бүгін?

Жақайым құдаларын құрметтейді, Балғынбектен сыйлымын онда бүгін.

сәйгүліктей сауырым қызғанда анық, Жөн болар бір қамалды бұзған барып. Бұл Бәкеңді Аралға алдырамын деп, Біз қаншама бұл жақтан звандадық.

Барған сайын ағайын байқадың ба, ызаланып қарайды ызбарланып.

Бет-ауызың Бекежаннан аумайды екен, оны халық та аңдады, біз де аңдадық. төлегеннің тағдыры еске түссе, Бұзылар көңілді күй, ізгі ән қалып. өгіздей қып өкіртіп өрге айдаған,

өш алғым кеп тұрады сізден барып.

Балғынбек:

Жарылыс боп зәрені ұшырғанда, Бар бәлені жабады мұсылманға. Қатысым жоқ Бекежанға үйсін едім,

өш алам деп сен менен құшырланба?

мүміндерге дос Аллам, Қылма мені осалдан, елге келген қонақтан, масқара ғой өш алған. заман туып кетті ме, Шаш ал десе, бас алған? Бекежан деп Балғынды Бұл мұхтардың есі ауған. мен Бекежан емеспін,

Басты ауыртпай, пошел вон!

өш алам деп шақырсаң егер мені, осы жерге Балғынбек келер ме еді? Ашып қара көзіңді, Бекежанға Жүрсін қатты ұқсайды менен көрі.

теріңе сыймай тырсылдап, өш алам деп ырсылдап, Бекежанға ұқсайтын Жүкең отыр қылшылдап. Балғынбекте шаруаң не, Атқыш болсаң Жүрсінді ат!

Шектілердің қыздарын Құдашам деп сыздадың. Атып тастап Жүкеңді, тойдың шырқын бұзбағын. Жүкең кетсе көрерміз, Шекеміздің қызғанын.

Жүкең кетсе дәуренің тәмам бала, Көрсетпейді «Хабар» да, «еларна» да. нәжімәддин келгелі әкім болып, Жылда айтыс жасайтын Арал ғана.

Қосылғанда сөзге әуен, Айтыс дейтін өзге әлем. мақтамаймын әкімді, Көрмеген соң көзбенен. Жақсы әкім дегенді естіп жүрмін өзгеден. ренжітпеймін сыр елін, Бермейсіздер білемін, Астанаға әйтпесе

Керек ед бір нәжімәддин!

Айналайын атыңнан, Ақұдайым, Жерді теуіп шабытты шақырайын. тезек теріп кетпесін менен кейін, Кезек беріп мұхтарды бақылайын.

Айналайын Жақайым, дәм тұзыңды татайын.

«Хайлайлімге» салғанда, Қалай тыныш жатайын. сартылдасын саусағым,

Былқылдасын бақайым. Жыраулардың үйінің Полын тарсылдатайын.

Жалағаштың мұхтары, сыр елінің сырттаны. ұстаймын деп тұтқаны, еш ақыннан ықпады. дұрыс болды Аралда Балғынбекпен шыққаны. мұхтар сынды дүлеймен, сырдан шыққан сүлеймен, сенен басқа ақынның Шыдамайды «духтары».

Мұхтар:

Балғынбектің көңілі жаз ғой әлі, өйткені бұл өмірдің аз баяны.

Балғынбек ағамның бір қасиеті, Бір мақамды тез бастап, тез қояды. Жетісудың мақамын тастай салып,

«Хайлайліммен» мінеки, көз бояды. сөзі өтпей жатқанда бұл ағалар, осындай мақамдарға көз қояды.

Аралда сасқандығың соншалықты, Көмейіңе келді ме саз баяғы. момақан молдалығы жолда қалып, Бақсы боп шыға келді бәз баяғы.

Біз жырмен көмкермейік қайтіп тойды, Бірақ жыр қып өрейік тәртіпті ойды. менен гөрі Бекежанға Жүрсін ағаң, ұқсайды деп бұл Балғын шалқытты ойды. Қол астында қызмет еткеннен соң,

сенің бұлай дегенің артық болды. Жүрсін аға, уәзірің аяр екен,

сын сағатқа келгенде тайқып қалды. отыз жетінші жыл келсе ең бірінші, Кімді аттыратынын айтып қойды.

Айтыстан көп болған соң теңгең үйген, Баптап-баптап жіберед жеңгем үйден.

тектілікті танығың келсе егер, Аралға кеп күй менен термені үйрен. сен деген Жетісудың жігіті едің, Жұмаға мінгендей ақ кенже жирен. Қасыңдағы досыңды сатпауды сен, сартайларды өсірген төрден үйрен. Ау, Бәке, адалдық пен мәрттікті сен, осындағы небір, небір ерден үйрен. Атқа мініп, алтын тон жамылса да, Атасын ұмытпайтын елден үйрен.

Бұл Арал ақ сертінен таймаған жер, Желіге асау құлын байлаған жер. таңдай суын жұттырып талайлардың, нұртуғандар сан рет сайраған жер.

Білегіне жүрегі сай келгесін, Батырлары қылышын қайраған жер.

Қонақтары төріне шығарғанда

мұрны мен мұртын қатар майлаған жер. Ал, енді Ақшатауға келер болсаң,

Ақша үйілген жер деп талайлар ойлаған жер. Бірақта негізінде ол Ақшатау,

өзінің құндылығын жоймаған жер. Ақша менен алтыннан артық шығар, Жақайымдай атамыз жайлаған жер.

мен қара су боп кеттім, сен қалайсың? Жақсы айтыс болып жатыр ел қалайтын. Қалғанын қазыларға қалдырайық, Ақындардың бәріне тең қарайтын.

Жорғадай су төгіліп жонымыздан, Біраз шаң бұрқыраттық жонымыздан. Қалғанын қазылар мен халық білер, Көрерміз бағымыздан, сорымыздан. мықшыңдап біраз айтыс жасадық қой, Білмеймін не шыққанын онымыздан. сахнадан тату боп тарасайық,

Қол соғып шуласын ел соңымыздан. Айтыстың соңында бір қысайыншы, Аюдың табанындай қолыңыздан.

Балғынбек:

Бізді шайқап жіберді ау, тапал Алшын, сүйінбайға дес бермес Қатағансың. мұхтаржан, екпініңді айттым мана, Айтыста талайларды тапағансың.

Ақындар біз самсаған жұлдыздармыз, Ал, Жүкең күн емес пе шапағы алтын. Жүкеңді ататұғын дұшпан шықса, Балғын оның жолына жата қалсын.

Жиенбаев ағам мен Жүрсін ағам,

«мемлекеттік сыйлық» деген атақ алсын. Бір-біріне оқ атпай Бекежандай,

екеуі де сыйлықты қатар алсын. Ағаңды балық қылдың, аю қылдың, Ал, енді қоштасуға қайырылдың.

дес бермес сендей мықты қарсыластан, менің де келмей отыр айырылғым.

Қоштассақ, қоштасайық көрерменмен, Желкенін түсірейін қайығымның.

Бірлігі бөлінбесін деп тілеймін,

іле, сыр, ертіс, есіл, Жайығымның. мен де тұрып қағайын арқасынан, Қол түгіл жол беруге лайық ұлдың. Бағасын шапалақпен беріңіздер,

той бастаған қос бірдей шайырыңның.

2012 жыл.

БЕКАРЫС ПЕН ШЫНБЕРГЕН

Бекарыс:

ерлері елді аузына қарата алған, тапқанын жақсылыққа жарата алған. Ассалаумағалейкүм, ас берген ел, Ақшатауға аттанып алатаңнан. зарығып осы айтысқа жеттіңдер ме? Адамдай алты айдан соң жалақы алған. топқа түсіп отырмын тәуекел деп, мәпелеген ұлың ем балапаннан.

Қызығыңды бөлісіп көбейткелі, Жолға түстім киелі Қаратаудан.

Арқамды бір қоздырып қайтайын деп, Аралдың жұрты соқққан алақаннан.

Шынберген, аманбысың иық керген, ішіне қанша сөзді түйіп келген.

Әр ауылда айтады өлеңіңді, Беделің көрініп тұр биіктерден. Ақшатауға үй тігіп бүгін ғана,

Қауышып қайтыпсың ғой сүйікті елмен. Атасының асынан қалмайын деп,

Аса қымбат тойларын қиып келген. сөйлесе жарасады шайыр нақты, Қызықтан Құдай бізді айырмапты. Аса құнды асаба болғандықтан,

Жұрт сен жайлы көп нәрсе пайымдапты. мен келмей қала ма деп қам жемепті, сен келмей қала ма деп уайымдапты.

Ал, енді Шынбергенге сөз берейін, Ақыры Аралға кеп қайырлапты.

Атасының тойына көрейікші, Қанша қап аталы сөз дайындапты?!

Шынберген:

Бұл Бекең кезек берді мақтап болып, мен отырмын бір ойды таппақ болып. мына залды көрермен ысытыпты, Қанша жерден халқымыз қаптап келіп.

Кіммен айтысып отырғанымды біле алмадым, Халық отыр қайта қайта тап тап беріп.

Шапан шешіп, Бекарыс сен келіпсің, мына жердің ыстығын аптап көріп. мен де шешініп, екеуміз отырайық, Ақұдайдың елінде аппақ болып.

Бұл асты жылдап күткем, айлап күткем. маған ыстық көрінер бұл аймақ тіптен. Атасы абыз, анасы аңыз болған, Амандасып алайын әйбат жұртпен.

Қазаннан құт, малынан сүт кетпеген, теңізден де үмітін жайлап күткен.

осы Аралда туылған бір ұлың ем, Құмында жалаң аяқ ойнап кеткен. осы жерде достасып балалықпен, осы жерде қоштастым бойдақтықпен. елдің қамын ойлаған ер аман ба?

Халық қамын ойлаған қайраттықпен. Балықшы қауымдарым, армысыңдар, Ақ айдынның бетінен ойнақ күткен. Көлдегі сазанның да құйрығынан,

Ауыртпай шанышқымен жайлап түрткен. мал баққан маңғаздарым, армысыңдар, еміреніп езуінен қаймақ сүрткен.

өрісіне қозы, лақ, тайлақ біткен, Қымыран, қымыз ішкен шайнап құртпен. мұғалімдер, армысың, жаңа оқу, Жылының құлпын ашқан тайпақ кілтпен. Қонақтар, армысыңдар, елге келген, Құрметіне сай боп бұл жайнап күткен.

Атамның ұрпақтары, армысыңдар, Басына Ақшатаудың байрақ тіккен.

Бәке, бүгін шаттыққа бой ұрыңдар, Күлкің бар, қалжыңың бар, ойының бар. не айтсаң да көтерем, бүгін енді, Әзіліңді көтерер той ұлың бар.

он ақынның ішінде жалғыз түйір, Жақайым болсам қандай айыбым бар. Құшақтаймын десеңдер қойыным бар, Пышақтаймын десеңдер мойыным бар. Ауыздықпен алысып мен кетейін,

Кеп жатса қолдарыңнан қайырыңдар.

естуші ем біздің елді өскен ел деп, Бұл асқа ағайын мен дос келер деп. Жақайым атасына ас берді деп, Алыстан, жақындардан хош келер деп.

үш төрт жылдай айтыспай қалып едім, Жүр едім енді қандай көшке ерем деп. Жүкең де жерлес болып шығып жатыр, енді менің қорқатын ештеңем жоқ.

Бекарыс емес аты бек арыстан, Бекарыспен кез болды-ау мен алысқан. Келе сала салды ғой өзіңменен,

үш төрт жыл келіп едім демалыстан.

Көңілімді кетіп жатсың жырға бөлеп, сөздеріңнен төгілген сыр да бөлек. міне, менің жерлесім шалқып отыр, Қошеметін естісем нұрға бөлеп.

Арыстанмен айтыссам не тәйірі, Халқым отыр көңілімді жырға бөлеп. иесі қасында тұрып айтақтаса, мысық та арыстанды тырнап өлед.

сенімен қалай енді мақтанбайын, Бекеңе қалай жырды ақтармайын. Бабамызға ас беріп жатқан кезде, несіне шаттық кернеп шаттанбайын. Кезегіңді ал енді Бекарысжан,

Бір сөйлесем деп отырмын тоқталмайын. Шамалы айтып кезекті өзіме бер, Байланыстан тыс жерде боп қалмайын.

Бекарыс:

Алдына шыққаннан соң әділ елдің, тарасын жалпақ жұртқа тәлімі ердің. Жігіттерің келді де көмектесті,

микрафон шықпайды деп мұң шағып едің. Бұл жерді аптап ыстық қылды дейсің, себебін сұрамайсың не ғып оның?

тар сарайға халықты қамадың кеп, сол жағына өзім де әбігермін. елдің бәрін бәйгеге қосатындай, Қамау терін алдың-ау қалың елдің.

Әзілді түсінетін ағамсың ғой, демеймін сөзге ұтылар жамансың ғой.

үш төрт жылдай айналып қайтып келген, Ағамның тағдырына алаң сынды ой.

Қайтқан малда қайыр бар дейді қазақ, мал-палға қарағанда адамсың ғой.

Шынберген жұрт біледі беделіңді, сеземін әзіл сөзге шеберіңді. сыртыңнан естіп қалдым мына жұрттан, Бәйгеге ат қосамын дегеніңді.

Бәйгеге ат қосқаның аз болғандай, Айтысқа кеп көрсеттің өнеріңді. Аламанға ат қосу айып емес, Алла жазса аларсың керегіңді.

Алты алашқа атағың шыққан кезде, Атыңмен жағаласып не көрінді?! сескенбен сенің салған атойыңнан, Аулақпын ережеге жат ойыннан. еліңіз қолдан келсе көмек берер, тегіңіз болғаннан соң Жақайымнан. Бірақ, аға, сен менен жығылып қап, Жаза тартып жүрмегін ағайыннан. намысымды жықтың деп ағайындар, сүйреп тастап жүрмесін бақайыңнан.

Шынберген:

сөзіңе назарымды аударамын, санамаймын достардың жауға бәрін. Ағайын, ақындардың құдығынан толтырып алсын жырдың қауғаларын. Жаңағы сөзіңізге берсем жауап, орнатпайын сөзімнің саудаларын.

Қайтқан мал дегеніңде шаруам жоқ, Білемін қайта шапқан жау жаманын.

Келгенде аударысқа, ақтарысқа,

Жетем деп келген жоқпын көп табысқа. Балам кетті семейге жарыс үшін,

ол бізден жырақ кетті қатты алысқа. өзім түсіп отырмын бұл айтысқа, ертең атым дайын тұр ат жарысқа. Баяғы Жақайымдай асыл бабам, Бойы да мен секілді боп па қысқа.

Жақайым қандай болды десеңіздер, мені көрсетіп жүріңдер мақтанышқа.

Айтайын еліміздің марқасқасын, Бекарыс тамырымды дәл басқасын. Кешегі би мен шешен болған сартай, Астарға қоспап па еді Шалқасқасын.

сөзіңде естіп тұрған байып бар ма, Бұл Бекең ат қосты деп айыптар ма? сегіз қырлы, бір сырлы болып жатса, Жігітке оған салар айып бар ма?!

Айтатын кезегімнің келді өлеңі, Шынында маған жақтас ел көмегі. Бақайымнан шығарып тастап жатса, Қайта оның туысқан ел дегені.

Анда санда сағынып келген кезде, сол ма еді Шынбергеннің көрмегені. Білемін көкпарға ат сен де ұстайсың, тақымына көк серке өңгерері.

Аударғың кеп отырса егер мені, Бәйге ұстаған жетіп көр енді мені.

Қош келдің дейміз, Бәке, түркістаннан, Біздің жақта ас беру үрдіс қалған.

Айтыс сайын жеңесің жұрттың бәрін, Аумайсың айтыстағы Шыңғысханнан.

Айтайын, Беке, саған сөзімді енді, менің де шарықтайтын кезім келді. Әр сөзіңе жауап беріп отырғанымды, мінеки, қалың халық көзің көрді. енді менің қайнаған қазан құсап, Қақпағымды лақтырар кезім келді.

Жеңіп кетіп жүресің кіл айтыста,

Бұл өзі сүре айтыс па, түре айтыс па? Шыңғысхан дегеніме масаттанба, Қандай жау тап келеді былай тұста. Шыңғысханды да білесің ажал жеңген, Жеңілмейтін шара жоқ бұл айтыста.

Бірің іні, біреуің ағасыңдар, Бірің өктем, біреуің дарасыңдар.

Ал, Бәке, саған сауал қояйыншы, Асқа кеп жатқан түгел Алашым бар. Ақшатаудың басына бір бармадың, Бармағанына сенесің, нанасыңдар. Бір жерге би мен ханның асы болса, гүл шоқтарын қоюға барасыңдар.

Жақайым атам солардан кем бе еді, неге бармай осында қаласыңдар? Арал жаққа барғанда үйдегілер,

не көрдің десе не деп барасыңдар?

Бекарыс:

Шынберген, әр сөзімді бос етпейсің, ізет қып алдымды да кесе өтпейсің. Барлық жердің бәйгесін жинайсың деп, дүние нені сонша шешед дейсің.

сен менен аз таппайтын көрінесің, ол жағын неменеге өсектейсің?

Шөмішпен құйғандарды санамайсың, Қасықпен жиғандардаы есептейсің.

сен біздей ренжідің елге несін, Бабама бармадың деп шерленесің. Ақшатаудың басына қалай барам, өзің күтіп алуға келмегесін.

Жүрсін ағам барыпты Ақшатауға, оның жайын айтайын елге сосын. Шынбергенді ол жерден көре алмапты, Көлеңке іздеп кетті ме терлегесін.

Жүрсінге шай беруге жарамапты, Бекарыс осы жағын термелесін. Жарылқайды деймісің Бекарысты, Жүрсінге бір шәйнек шай бермегесін?!

Бұл жерді дей алмаймын босқа тау ғой, Біздікі сіздікінен басқа тау ғой.

Пойыздан бір директор күтіп алды, Байқауымша ол кісі жақсы адам ғой. Жат дегесін үйінде жата бердім, менен көрі үлкендеу ақсақал ғой.

Қасында кесенесі жоқ демесең, директордың үйі де Ақшатау ғой.

Шынберген:

Бекең сөзі кетіпті майдаланып,

мен де қалдым біртүрлі ойға қалып. сені басқа жігіт деп есептеуші ем, нең бар ед Ақшатауға, шайға барып? мені ешкім көрген жоқ деп айтады, осы жағын ағайын, ойланалық.

сен де отырсың қасымда Бекарыс-ау, тапқан табысымды есептеп, тойға барып. сол жерде арнау айтқан мен емес пе ем, Келген құрметті қонақты жайлап алып.

Батасын алып келдім ағаш үйден, Әбдіжәміл ағамды жайғап алып.

Біздің ел қалай енді арман емес, Қонағын жайсыз күтіп алған емес. Қандай қонақ еліме келген кезде, ықыласына кімнің көңілі толған емес. Шынында жаңа шыққан сегіз ақын, олардың ешқайсысы да барған емес.

Бір-бірін өлеңменен баптап жатыр, дәстүрін қазағымның сақтап жатыр. Біреуі батырымыз, би болды деп,

өз әлінше соларды жақтап жатыр. тағы бірі шығып ап ортамызға, Ақшатауға бармай-ақ мақтап жатыр.

ой түйесің, ағайын, одан қалай, Жүргенді жақсы көрем оңайламай. Көргенді айту керек ақын деген, Халықты өйтіп, бүйтіп көп алдамай.

Айтпасқа болмас бұл күні, түспесін енді жыр құны. Ақшатаудың ыстық-ау, Жантағы менен жыңғылы.

Атамыздан тараған, Жаманақұлы Шыңғыстан Жақайым деген бабамыз Көрсеткен көпке үлгіні. сол атамнан тараған, Ағыс, Көгіс, Ақбура, тоқбура деген төрт ұлдың Кесілген дейді кіндігі.

сырлыбай ханды кім білмес, Қай ханнан кем дер кім мұны? Байымбетқұл мен Жылқыайдар, Жылқаман менен толыбай, Жауына сұққан сүңгіні. тайжан, Құрым, Байсалбай, Билердің болған білгірі.

үш жүз түгел таниды, Жетес бидей тілдіні.

мың баланы ерткен кешегі сартай биден қалған ғой, Аңырақайдың да қырғыны. Болған жағдай бұл дағы, Аңыз деп жүр-ау бұл күні. рамберді мен Қосыбай, Кім білмес мұндай пірліні. Аллаға болған құлдығы. нұрмағамбет, нұртуған, Жаңаберген, еспембет, елімнің болған дүлдүлі.

Айтпақшы Қыз Жібек апамның осы жерден естілген Шолпысының да сыңғыры.

Әбдіжәміл атаммен танылған, тарлан теңіздің тірлігі.

Құлақта қалған әуенмен, Кешегі Бекұзақ ақынның домбырасының күмбірі. оңталап ақын шығарған, талай елге құндыны.

Бүгін де жүр жыраулар, Берік ағам Жүсіпов,

демеу менен Айбекпен түрілген жырдың түндігі. елмұра менен набаттар Бола білген сыр гүлі.

Бұл жердің ән боп шалқиды Баласының да былдыры!

Бекарыс:

тарқаттың туған елдің шежіресін, Шынберген, тағу қиын сөзіңе сын. Арнауын тыңдай берсем бұл ағамның, Абызбен сөйлескендей сезінесің.

Біздерге болсын сенің оң қабағың, Барлығы бірдей емес жолдаманың. Алдыңкүні келіп ем, тәшкен жақтан, сол жайында кішкене толғанамын. Жақайым бабаң сонда жатқан жоқ па ед, Құдайдың тірлігіне бар ма амалың?

сен маған Ақшатауға бармадың деп, Бекарысты бекерге қорламағын.

Барлығың бер жағынан қайтып келдің, Басынан келіп тұрған мен ғанамын!

Болмасын бірін-бірі талағандай, Шынберген ілтипатпен қарағандай. нұртуған, нұрмағамбет секілденіп, Байыпты сөйлеп отырсың бабалардай. Қара сөздің қаймағын қалқып алған, Әбдіжәміл ағам бар қара нардай.

Бұл елдің қаймақтарын тере берсем, сірә, кімнің жүрегі дауалардай.

Айтбай Көшербаев ағаңыз бар, Қандай ауыр іске де жарағандай. Қазақтың жақсысы мен жайсаңының Жартысы Жақайымнан тарағандай.

Бабамнан мұра болған есіл өнер, Көсіліп қызыл тілім шешіле көр. Атасына ас берген осындағы, Жалпақ елдің мерейін өсіре гөр.

Азды-кем, алдарыңда айтыс қылдық, Артығы болса, халқым, кешіре гөр. Жаратқан, Жақайымның бар жұртына тасыса таусылмайтын несібе бер.

Шынберген:

ташкентте жатыр бабам, ел білгенге. Бармадың деп сын айттың Шынбергенге. сенің басынан келгенің дұрыс болды, ол жағын ойланбасам мен мүлде де.

Бабам байқұс сол жақта қайтыс болған, түркістанды азат етем деп жүргенде.

осы ма Бекеңнің бір тыңдағаны, Аздық етпес әрине жырлағаны.

сен тұрған жерді қорғап, сонда жатса, сен бармасаң ол жерге кім барады?

Жан едім айтыс десе елеңдескен, Жігітсің меніменен өнерде өскен. Жігітсің құймақұлақ, иманы пәк, Асыл сөз, сұлу мақам кемелдескен. Жылдық асын жинаған құмырсқадай, Бойыңа өнер, білім шебер көшкен.

Жаралған жаның оттан, жағың шоқтан, Жартасты да жыр деген жебең тескен. өнердің төл перзенті өзің едің, туғанда кіндігіңді өлең кескен.

теңізде туып, тірліктің ашқам түндігін, Жақайымдарым, мол болсын, ауыз бірлігің. Жүрсең де жайлап әлемнің алты құрлығын, Біріңді бірің танитын келді күн бүгін.

Ауызын ашса Ақұдай сөзін алғандар, Жақайымдарда үлкен дағы бір арман бар. Бірігіп жүріп, бөлінбей бірақ ешкімнен, тату болайық теңізде туған тарландар.

Бір туған дейді тәйірі,

Әлім мен Шөмен көңілдер сөзбен байыды.

Алты ата Әлім Шөменге әркез сүйеніш, Жеті ата Жетіру, он екі ата Байұлы.

ұл менен қызың мәрт сұлу болды, марқайдың, еңкейгендерге еңкейдім, шалқайғандарға шалқайдым. себебі біздер ұрпағы едік Жылқаман,

Жылқыайдар, толыбай, Жетес би менен сартайдың.

түп тамырымыз тереңге кеткен тұңғиық, нұртуған бабам санама кеткен жыр құйып. Болар елдің баласындай батыр деп,

туған да елім, туған да жерім, мәртебең сенің тым биік.

ел менен елдің арасын ұстап егессіз,

Біз деген жатты бауырына басқан белеспіз. Жандары жайсаң, Жақайым деген халықпыз, ешкімнен артық, ешкімнен кем де емеспіз.

еңбегін елдің ақтайды, Біреуге болса бақ қайғы. Ақын деген осылай, елінің қамын жоқтайды. Әкім деген, ағайын,

ел сенімін ақтайды. Біздің елдің әдеті, сырттан келген қонағын сарымайдай сақтайды. Арасында айттым әзілді, Айып етпе, Бекарыс, Қытығына тимесең Құмырсқа да шақпайды.

Қалмайық өнер көшінен, мол болсын дедің несібең. Жақайым деген әрқашан, Жұрекке жаттар есім ең. тарыдай тасысын деп жатыр, Бақ пенен ырыс, несібең.

өзіңе кезек берейін, Арнауды қойып осымен.

Бекарыс:

сүйегі жігіт едің асыл, дара, Болмайық мына жұртқа масыл бала. Арнауды да айттың ғой, толғауды да, Жететұғын бірнеше ғасырға да.

Айтыстан үш төрт жылдай алшақ кетіп, ішің толып қалыпты ау есіл бала.

мен саған жат емеспін, өлкелеспін, Ара жігін ашарсың ерте кештің.

Жарты сағат отырып ел алдында, ел жұртқа сізбен бірге еркелестім. Бәйгеге ат қостым деп айттың жаңа, ол әрине ісі емес кеңкелестің.

Атыңның шашасына шаң жұқпасын, Қызғанып өзегімді өртемеспін. өзіңнің тағдырыңды қазы шешер, Атыңның озуына қарсы емеспін.

2012 жыл.

ЖАРҚЫНБЕК ПЕН БАЛҒЫНБЕК

Жарқынбек: оңтүстігім, ордалым, Әлемге мәшһүр есімі. Көмкерілген бау бақша, Алланың берген несібі. Жарқын күнге жеткізген, Азаматтардың шешімі. осы елден өтіпті

Жібек жолындай көші ірі. Ақ алмастай жарқылдар,

Қонақжай, дархан халқым бар, Ақ тілекпен келгенге

Айқара ашық есігі. тектілік көріп еліңнен, Береке көріп жеріңнен,

мекендеп қапты далаңды Қазақтың қанша дос ұлы. оңтүстігім, армысың,

төрт көзің түгел бармысың, туысқандық пен татулық, достықтың болған бесігі.

Бұл өлкені ежелден, мекендеп еді нар бабам. оңтүстігім, шырайлым, сақтардан қалған сардалам. сақтардан кейін айталық, Бірлестік құрып тайпалық, Қаңлылар өмір сүргенін танимыз тастан, таңбадан. одан кейін ғаламат, түркілер құрған қағанат, Бір ғасыр өмір сүріпті, Білмейтін оны бар ма адам? түркештер билік құрғанда, Көз тігіп әлем бұл маңға, исфиджап пен Фарабқа Ағылып еді бар ғалам.

Қарлұқтар өмір сүргенде, Қытайлар басып кіргенде, Жерімді жатқа алдырмай Алдаспанын қамдаған.

Қарахандардың дәуірі, дәуірдің болып тәуірі, мемлекеттік дін етіп, ислам дінін қолдаған. солардан қалған мәдениет, Әлемге ашқан жол маған. Жерімді жаудан қорғаған, Жәнібек, Керей нар бабам. Қазақтың туын тігуге созақтың төрін таңдаған. Бастауы болған мұраттың, Жердегі түрі жұмақтың, оңтүстік деген қазаққа Берілген сыйлық Алладан.

Балғынбек, жүрген жансың бата қонып, Келеміз екеуміз де қатар өріп.

Шымкентке жаңалық боп кеп тұрсың, оңтүстіктің тойына сапа болып.

Шымкент талай-талай шақырса да, Шалқайып жатушы едің сақа болып. талай-талай айтысқа шақырып ем, Қонақ бол деген едім жата қонып.

Баяғыда бұл елге бір келіп ең, Желкілдеп кекіліңіз бота болып.

содан кейін бес жылдай келмей кеттің, Жоқ әлде жүр ме едіңіз қапа болып? сол бес жылда жүн шығып бетіңізге, самырсындай кетіпті сақал өніп. сексен жылдық облысқа құрдас құсап, селкілдеп кеп қалдың ба, ата болып?!

Балғынбек:

Жарқынбек, сенің атаң боп отырмын, тарихты тізбелемей тек отырмын.

Бұл сақалым мұхаммед пайғамбардың, тастап кеткен сүннеті деп отырмын. ламашәріп дін заңын жаңаша қып,

сол заңнан күнде таяқ жеп отырмын. Басқа жерде қысылып, қымтырылып, онша-мұнша келмейді көп отырғым. Ал, оңтүстік дінімнің діңгегі ғой, Көңілім алаңдамай бек отырмын.

Бір сыйласа Шымкент сыйлайды деп, сақалымды сапситып кеп отырмын.

Айналған тың қаладан нұр қалаға, Астана алтын алқа бұл далаға. есілімнен шыққаннан есім кетіп, Шын қуандым жеткенде Шым қалаға. себебі, оңтүстігім құтты мекен, Киелі құндақ болған кіл данаға.

Құлыншақ, майлықожа, мәделілер, Құлжадай ойнақтаған шыңда ғана. нәзір төреқұлов пен сұлтанбектер, сталинмен санасқан тұлға дара.

Кешегі өзбекәлі ағамыздың, Бағасын біліп жүрміз мұнда ғана. Әдебиетте Әлімқұлов, сүлейменов, ие болған алыптар дүр бағаға.

Көпбай, тәушен, Әселхан ақындардың, Әр шумағы татиды бір қараға. ғашықтарды тербеткен әніменен, Шәмші ағамның қайығы тұр жағада.

Асқаровтан кейінгі Асқар әкім, Шымкентті айналдырған гүл қалаға. торқалы тойларыңа тілек айтып, Балғынбек балпаң басып кірді араңа. Жаужүрек мың баладай болмасам да, Құшағыңды аш ақ жүрек бір балаңа.

Келмей, келмей, келген соң зарықтырып, Көрерменді алмайық жалықтырып. өлеңімді әзілмен әдіптейін,

тойға келген қайтсыншы халық күліп. Балғынбекті ата қылдың, сақа қылдың, Шымкентке келгенімді тарих қылып. директор болыпсың ғой мәдениетке, Айтайын бұл хабарды анық қылып.

Қозы қарын байланып қалыпты ғой, Әйтпесе, жігіт едің арық тұрық. сахнаға шыққаннан жалтыр басың, Жанарымды барады қарықтырып. иек түгіл төбеңе түк бітірмей, Құдай сені қойыпты ау ғәріп қылып.

Жарқынбекке жақсылық жасайыншы, тілектес екенімді таныттырып.

мен саған жүрегімді жұлып берем, демесімді отырсың анық біліп.

Бірақ та сақалымды қырып берем, Басыңа киіп алсаң парик қылып.

Жақсы ғой, мәдениет үйі көптігі, Жарқынбек жарып қапты би боп міне. директор болғаннан соң түсінікті, өзіңе көрсетілер сый көптігі.

Бұл бетіңмен кетерсің өсе берсең, мәдениет саласын билеп түбі.

Басшы адамдар көрнекті болу керек, өзіңе осы бастан үйрет мұны.

Балғынбектің сақалын қаптап алсаң, Шашыңның білінбейді сиректігі. мәдениет емес пе парик кисе, мәдениет үйінің директоры.

Жарқынбек:

Айтыста талайларды арқандаған. Жігіт ем, шаппа шаптан жалтармаған. Басына парик киген директор деп, Балғынбек не деп отыр балпаңдаған. Ал өзінің, ағайын, түрі мынау, Айналса айналасын талқандаған. суммоға түсетұғын жапон құсап, Жүрісіңе болайын талтаңдаған.

Құлағаны, тұрғанын білмек түгіл, Қырық күн қырын таппай қомпаңдаған. Балпаңдаған, ағайын, Балғынбекті, Адам емес ат сүйреп тарта алмаған. дегенменен жақсы ғой семіргенің, Арық адам болғанша қалтаңдаған.

Бұтынан бұзау өтсе былқ етпейтін, Аулыңа келіп қапты аңқау балаң. Құнан қошқар секілді қой соңында Құйрығын көтере алмай салпаңдаған.

Балғынбек мына сөзің қиын соқты, тастадың ду күлдіріп дүйім көпті. Қисық сөйлеп отырсың қырсықтанып, Аралап көрген жансың қиыр шетті. сақалыңыз парикке жарамайды, Амалдап жасамасаң киім щетка.

оңтүстік, мына маған ақ бесік ед, Айқайлап аламанға ат қосып ед. Құрдасыма айтар көп қалжыңдарым, Балғынбек айтыстағы нақ досым ед.

үмметіне сай бол деп сүннетіме, Қалдырған пайғамбарым жақсы өсиет. Ал, бұл болса сақалын саудаға сап, Байқасам сақал құнын қатты өсіред. мен де өзіңдей бірімін қыршаңқының, оңдырып айтпаймын ғой әсте тілек. сақалыңды көрген соң еске түсті, Айтатын отыр бүгін нақ сәті кеп. менің атам өмірден өтер кезде, сақалы сенікіндей қатты өсіп ед!

Балғынбек:

Жарқынбек жігіт едің аққу свет, отырсың айғыр құсап көп кісінеп. менің қойған сақалым сіздің жақта, Киімнің тазалайтын щеткасы ма ед? марқұм болған атаңды айтқан кезде, Көз алдыма кеп қалды ескі сурет. менің де әкем өмірден өтерінде, Шаштары сенікіндей көп түсіп ед.

несіне Жарқынбектен сескенейін, несіне құрдасыма дес берейін. сақалдан щетка жасап алам дейді, ол жағын бір түртіп ап ескерейін.

Көп іздеп тал бойымнан мін таба алмай, семіз деп тиісесіңдер кешке дейін.

мен секілді балпаңдап жүрер едің, Шешеңнің төсін емсең беске дейін.

Жаңағы сөзің сенің астамшылық, Жатыр ғой небір пәле достан шығып. Балғынбекке ілесіп шабар болсаң сауырыңа шабытты бас қамшы қып. мәдениет басшысы болсаң егер, ұлтыңның өнеріне қоссаңшы үміт.

Ауылдарда клубтар қаңырап тұр, Араққұмар боп кетті жастар сынып. Кей жерде кітапхана атымен жоқ, сәуле түспей үзілді рас қанша үміт.

директор болсаң соны түзесеңші,

«Жол картасы» секілді жоспар сызып. Ал, сен болсаң басыңды күйттеп жүрсің, Әңгімең жоқ айтатын шаштан шығып.

Халықтың саған қарап көзі жетер, Балықтың жатқандығы бастан шіріп.

Жарқынбек:

ойыңыз тағы қызық тастатылып, директор мен бас болды-ау бас тақырып. мәдениеттің жағдайы мүшкіл дейсің, Бос сөздерді қайтесің бос сапырып. талай-талай мәдениет ошақтары,

тоз тоз болып кетті ғой босқа тұрып. елордада жүрсің ғой айтқыш болсаң, мұнда келіп отырсың бас қатырып. мен емес саған келер сөздің бәрі, Балықтар жатса егер бастан шіріп.

Жаңалықтың көкесі сізде екен ғой, Астанадан іздесей асқан сынық. мәдениетке жанашыр, иман жүзді, тұлпарлар тұр аяқтан ақсатылып. Бекболат, Жүрсін ағам жұмыссыз жүр, Шындықты айтқаннан соң қатты ашынып. сақалдыны сылап, сипап, шетке ысырып, Барады мұрттыларың басқа шығып.

Қашан да биік тұрар ақын ары, өйткені ел мерейін асырады. оңтүстікте қаншама тарлан өткен, Куә боп сайын далам жатыр әні. мәделі, Шортанбай мен майлықожа, Қай кезде дей аласыз тоқырады. меккенің сапарында қайтыс болған, Құлыншақ еді ақынның оты бары. нартайға ұстаз болған «тау құдірет», орынбайдан талайлар қақырады. нұрлыбекті ерекше құрметтепті, Қаратау алқабының атырабы.

молда мұса, Қазанғап, шайыр Шәді, Ақындардың ішінде аты нары. ергөбекті сыйлапты қазағыма, ордалы оңтүстіктің отырары.

Жат жерде өзі қалып, жыры жеткен, Бұйырды назарбекке топырағы. тәшкен барып көз жұмған Көпбай атам, Алақұйын етуші еді сахнаны.

Айтыстағы бар шалды қырып біткен, тәушеннен кім айласын асырады?

Айтыс деп қосқан шақта халқым басын, Балғынбек, таға бердің Жарқынға сын. Қаншама қабыландардың атын айттым, Жырларым солар жайлы жарқылдасын. Күндемей Жарқынбектің жалтыр басын, Жырлағын осылардың алтын басын.

Балғынбек:

Қылығы болмаса да бізге ұнайтын,

Жанып тұр мұрттылардың жұлдызы айқын. Бес жыл бойы үкіметті босатпады,

Кәдімгі мүлік құсап жылжымайтын. мусиніңнің тірлігі біткенменен,

«усигіңнің» түрі бар мызғымайтын.

Алатау түкті жайлау жазиралы, Қаратау құтты қойнау қазыналы.

«Қаратаудың басынан көш келед» деп, Басталушы еді қазақтың халық әні.

Күнгей мен теріскейдің қатпарынан, мыңжылдықтың тарихы танылады. созақты күй, Шаянды ән тербесе, Ақ жүрек ақжармадай жарылады. тұғырлы түркістан мен отырардан, ғылымның шамшырағы жағылады.

үш жүздің басын қосқан ордабасым, Бірлігімнің шайқалмас шаңырағы.

Жетісай мен Шардара шалқып жатыр, Көрген адам шын аңсап сағынады.

Қаратау құт деп білген бүкіл қазақ,

сарыағашқа шипа іздеп сабылады. түлкібас, төлебиде мәуе ағаштан, тізіліп тұр жемістің алуаны. осылардың бәріне бас боп тұрған, Шымкентімнің анық қой бағы бары. даламды емес адамды жырла десең, Балғынбек тілден қалай жаңылады. Шымкенттен екенін ұмытпаймыз, Қазақтың Қажымұқандай балуаны. Шымкенттен шыққанын ұмытпаймыз, Қазақтың Шәмші сынды саңлағы.

Шәмшінің сазы екенін ұмытпаймыз, Қазақстан елінің әнұраны.

сондықтан да Шымкентті жамандаған, Әр адам ақиқаттан жаңылады.

Әлдекімдер Шымкентті «южан» десе, Жүрегім шым-шым етіп ауырады.

Бекболат тілеухандай ағамыздың, Бір сөзі бар тым терең мағыналы.

Шымкент пен оралманды кім даттаса, сол қазақтың жауы боп табылады.

Көрсе де қиындықты небір басың, Жарқынбек ұзақ болсын өмір жасың. Астанаға аман сау мен жетейін,

Бұл жақта сен аман бол ленин басым. ленинге теңедің деп өкпелеме,

Хан Кененің басы емес сенің басың!

Жарқынбек:

десек те айшықты әзіл айтысты ашар, Артықтау кетіп жаттың әр тұста сәл. Қайта-қайта басымды айта бердің, тақырып таппаған соң тартыс жасар. Басты айтпай орнымыздан тұрайық та, ыңғайымыз болса да айтыс жасар.

Қазақтың Жарқынбегін ленин деген, Аман бол айтыстағы «маркс сақал». маркс сақал дегенге өкпелеме, Шәкәрім бола алмайды тәмпіш сақал!

2012 жыл.

МҰХТАР МЕН АЙБЕК

Мұхтар:

Бісміллә, жырласа екен, дәмді таңдай, Қаларсың кәусарыма мәңгі қанбай.

Қара ағаштай қаулаған Жалағашқа, сәлем бердім, иіліп сәмбі талдай. естекбайдың баласы ер тұлғалы ед, Қарсы келген дұшпаны қан жұтардай. Күндік жерден қарасын көрген кезде, Құйрығын бұтқа қысып, жау зытардай. Алдарыңа келгесін ағылайын,

Ағайын, кеудемдегі жан мұқалмай. екі жүзге күнде кеп жатқан жоқ қой, Анадан арда туған нар Бұхарбай!

Жұтылмай, жолдан қалмай сана, дәстүр, тарихпен сабақтасып салалас тұр. туған елдің алдында толғанбасам, Қызыл тілім қырқылсын, қара басқыр. өз елім өзегімді таныстырмай,

Бойыма ішкен асым тарамас бұл. Батырлықтың шыңында бұл халықтың, Байқадам, сәрке, сейіл, тоғанас тұр.

Ақындықтың шыңында бұл халықтың, өмірбай, нысанбаймен аралас тұр.

Арландардың айналған апанына,

өріп шыққан талай-талай дара қасқыр. Алғаш рет кеп тұрсың, Айбек аға, таныстырып кетпесем жарамас бір. мың долларлар сыңсыған Астана емес, мың доғдырлар тұратын Жалағаш бұл!

Ақ киімді, денелі, сақалы жоқ, Қасыма Айбек кепті атағы көп. Жұрттың бәрі қорқады осы сізден, Құралайды көзінен атады деп.

ер жігіт жауын таңдап соғыспайды, мұхтардың атағыңда шатағы жоқ.

сен болсаң Жалағаштың құт қонағы, Қасыңда ініңнің де нық талабы.

Бұдан басқа ақынға болмайды деп, мұхтарды сізге әкеп тықпалады.

Арыстанның азуын көргенімен, Жанарын жасытқан жоқ мұхтар әлі. Қасқырға қарсы ұмтылған қоянның да, Жүрегінде бір қарыс түк болады.

Бұл Айбек, талайларды күйретті ғой, Шыңғыртып, шылбыр салып сүйретті ғой. тәуекел, бір амалын жасаймыз ғой,

Қу өмір қулыққа да үйретті ғой. елдің қамын айтам деп талай жерде,

Астыңнан тақ, қасыңнан сый кетті ғой. Жанарың жалт-жұлт етіп отырушы ең, Бұл күнде жанар жүдеп, ми кепті ғой. уақыт маңдайыңа әжім салып, Қабағыңды қамырдай илепті ғой.

ой жеп қойған басыңның төбе жағы, Қой жеп қойған адырдай сирепті ғой.

түйе емеспіз шөгетін шөк десеңіз, өгіз емен, жүретін өк десеңіз.

Қасыңдағы жалынды інің едім, Кетпейтін жігіт едік көпке есеміз. Жалғыз өзің, ағасы, жылай берме, Жаныңызда інің боп септесеміз. Жарар ед, басың пісіп, шашың түсіп, өзіңізге бір зиян етпесеңіз.

Қазақты қазақ қылам деп жүргенде, өзіңіз монах болып кетпесеңіз!

Айбек:

сөз бастап қонағына ащы қылып, Бұл мұхтар танытады жақсы қылық. Шыға салып шашыма жармастың ау, ұйқыңнан ояндың ба бастырылып? мұхтар-ау, қай кәдеңе жаратпақсың,

төбемнен бес алты тал шашты жұлып. Ағаңның ойлағаны жұрттың жайы,

Көз ілмей, кеудесінде қасқыр ұлып. уақыт өз дегенін жасайды екен, Жыласаң да жанарға жас тығылып. ұлтымды ойлай-ойлай шашым түсті, Көңілім де төмен түсті, пәс жығылып. сорлы маңдай ұзарып бара жатыр, Желкеме қарай қашқан шашты қуып.

дегендей шашымды айтып састырамын, Ағаңнан шыға салып шаш сұрадың.

Қыл-қыбыр, жүн-жұрқаны әңгіме етіп, Ауызыңның кетірме тәтті дәмін.

Құдайдың берген басы осы болды, Жүз бастан таңдағам жоқ жақсырағын. Алмастай жыраудың да шашы сирек, ол жағын да ойлап қой, шашқұмарым. ұлықбек, Жүрсіндер де шашқа кедей, Құдай солай жаратар жақсыларын.

Әшірбек ағамды да шашқа кедей, Басқа бай азамат деп топшыладым. Қасқа бас, басқа бастан жақсы істейді, мұхтаржан, осы болса нақ сұрағың. сондықтан бас жағына барыспағын, Жеңілістің татарсың ащы дәмін.

Әйтпесе сақалыңды күзеп алып, Парик қылып басыма жапсырамын.

Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы, ұлытау мен торғайым Арқадағы. сенім артып айтысқа жіберген соң, салмақты болсын сөзім алқадағы. ұлтымның мұңын жырлап мен өтермін, ештеңе емес, жүйкемнің шаршағаны.

Шабамын демім жеткен жерге дейін, Бас-терімді сыпырып алса дағы. сөйлеймін аузым жеткен жерге дейін, Шаш түгіл басым түсіп қалса дағы.

Ассалаумағалейкүм, Жалағашым, Жалағашты жайлаған нар Алашым.

Бұхарбайды тудырған текті өлкеде, Бүгінде өзгелерден баға басым. тойыңа құтты болсын айта келіп, ұшырдым көңілдің ақ шағаласын. Хан Кенеге сенімді серік болған, ер есімін елім бүгін сараласын. иман мен Жәуке батыр елінен кеп, Көсіліп шаба алмаса балаңа сын.

торғайдан алып келген топан жырым, сырдың сексен саласын араласын.

Күнде мұндай қансонар бола бермес, Қанжығаны майламай бола ма шын? Арқадан баптап келген қыран жырдың,

«Алла» деп сыпырайын томағасын.

Алашта сыр жайында түрлі аңыз бар, Аңыз түбі ақиқат, құндаңыздар.

сыр елі әділеттің мекені деп,

сіздер жайлы айтылад түрлі аңыздар. Арқадан ат терлетіп келгеннен соң, Біздің де сөзімізді тыңдаңыздар.

Қарсылас Жалағаштың жолбарысы,

Бұл мұхтарды жерлес деп бұлдаңыздар. Бұл бала өзіміздің бала ғой деп, Бүйректі тек мұхтарға бұрмаңыздар.

Қазақы дәстүрменен ауылдастың, тайы озсынның әдетін қылмаңыздар. мұхтар айтса қол соғып, Айбек айтса, Қолдарыңды қусырып тұрмаңыздар. Қазаққа батыр да ортақ, ақын да ортақ, Айтысты әділетпен сындаңыздар. мұхтармен екеумізді бірдей көріп, Бағасын асыл сөздің құндаңыздар.

Баһадүр, ер Бұхарбай қолды бастап, Атойлап жау шапқандай шулаңыздар.

Басталса жыры осылай Айбектердің, Бабыма бағым бүгін сай деп келдім. торғайдың облысын ашамын деп, төсінде сөйлемедім қай бөктердің.

Алдымдағы қағазды оқыңыздар,

соны көріп, көңілім жай боп келдім. Арқалықты жазыпсың облыс деп, Көңілдерің не деген бай деп келдім. ниетіңнен айналдым, қайран елім, сендерді күн деп келдім, ай деп келдім. иншалла осы тілек қабыл болсын, Аузыңа май, астыңа тай деп келдім.

Ал, мұхтар аманбысың, күйгелегім, сені көрсем ерекше күйге енемін.

Қостанайға айтысқа барғаныңда, торғайдың бір сұлуын сүйген едің.

«Айтыста жеңіс туын ұстатсаңдар» деп едің, «сол сұлуға үйленемін». Күйеу бала болам деп, болмай кетіп, Қақпанға түспей кеткен шибөрі едің. Айбекті алдағаның ештеңе емес, Алашты алдауыңнан именемін.

енді міне қолыма түсіп тұрсың, Хаққа оң ай, десе құлға сый беремін. Аузыңның аяғы ауыр жігіт едің, Күйлі өлеңнен белгілі күйлегенің. тіліңді толғақ қысып отыр білем, Кезек беріп, сөзіңді тый демедім.

Бірдеңе бүлдіргелі отырсың ау, тіліңнің тікені бар түйнек ерін.

Мұхтар:

Жырларың таусылмады-ау майдалаған, Бірдеңе бүлдірмесем қайда барам?

Қазаққа ақын да ортақ, батыр да ортақ, демеймін жерлестікті пайдаланам.

«Арқалық облысы» деп жазып берсе, Жазылған сөз емес ол айдаладан.

Қостанай істемеген тіршілікті, Жалағашым бітірді-ау айдаладан.

Айекең шамалы енді дамылдасын, Қайыстырып қайтейін қабырғасын. Бірдеңе бүлдіред деп, мына мені, Шамалы қышыртудың қамындасың.

Қостанайдан қосбұрым қыз алмады деп, өзеуреп өтің бүгін жарылмасын.

Келіншекті Керейттен алып едім, меңлі мен нысанбайдың ауылдасын. маңдайға жазылған іс болады ғой, солай қарай жүріп ем сағынғасын.

Қуғанда қай күйеуді ұстап едің, тіліміз Айбек, бүгін жалындасын.

Қарындасты алмадың деп, алдадың деп, Бос нәрсеге басыңыз ауырмасын.

Алам деп алмай кеткен мен емеспін, тием деп тимей кеткен қарындасың!

Алақұйын тіліңмен алас ұрмай, Шай ішіп, демала тұр, ағашым жай.

Шашты айтсам алыптарды алға салып, Айбек аға, бір айла табасың-ай.

Әлекең, Жүкеңдердің бәрін айттың, үлгіні осылардан алатындай.

Бұлар жүрген соқпақтар ауыр еді, Шаш түгіл басың түсіп қалатындай. Айбекті мұхтарменен бөлме дейсің, Жалағашым бәріне жанашырдай. елжіреп ет бауыры тұрады әркез, өйткені, сыр Алаштың анасындай. Алдындағы қос ақын мынау елге, Көзінің ағы менен қарасындай.

Ағыбай мен Бұхарбай қандай болса, Айбек пенен мұхтар да дәл осындай.

сөйлемес ем кеудемді теппей жүрек, мұхтар енді халыққа беттейді көп. мен өзім табындардың жиенімін, Кетейін бұл жағын да көпке әйгілеп. Әкеміз текелердің қызын алған, Әулетім осылармен көктейді деп. табынның табындығы кетсе дағы, ешқашан тамырлығы кетпейді деп.

Құзғындай шұқыламай өлексені, Басайын бабам жүрген өр өкшені.

Бұхарбайдың қос баласы би болыпты, Қысылғанға тиетін көмек себі.

Алты алашқа әйгілісі – Алданазар, туралығы оның да бөлекше еді.

Бар адамның бәрінде бар дегенмен, Көтібардың орыны ерекше еді. өзің жақта, торғайда отыз жылдай, Болыс болған еңбегін ел екшеді.

Яғни, көрдің бе аға, мен шындасам, Бағындыра аламын демек сені.

сол бабамның ерлігін бір қайталап, уысымда ұстауым керек сені.

дірілдемей бақайым, башпайым да, Бұл тойда толқымай сөз бастайын ба. Ақтарсаң сен тарихи деректерді, мен де бүгін, ағасы, ашпайын ба.

Қоқандар қара бөгет салған кезде,

су болмаған бұл жердің рас бойында. Ақыры, мысық билер ақылдасып, оларды жүгіндірді ақ сойылға.

ер бабам ерен ерлік көрсетіпті, Жалынды рух ойнап жас бойында. Бұхарбайдай бұлқынып келіп едім, Атамның шабайын деп ас тойында. Қарабөгет секілді Қалиев тұр, Ағайын, аспайын да, саспайын да. нағашымның қылышын бір көтеріп, тас-талқанын шығарып тастайын ба?!

Айбек:

Қандырып өлең жырға сарайды енді, Ағаңыз енді саған қарай келді.

Қыр дуанды жайлаған бабаларым, сыр дуанды жапсарлас, жанай қонды. Қиын қыстау кезінде торғайлықтар, осынау сыр бойына талай келді.

Арып-ашып жеткенде бауырласқа, сырдың жомарт елінен арай көрді. мұхтар болса тас-талқанын шығарам деп, Көздеріне қан толып қарай берді.

Қонағын құдайындай күткен мынау, Алты алаш жомарт елге санай келді. сарыжелекті қызғанған Әлімдердей,

«Шевролетті» қызғанып қарай берді. Ақсақалдай асығыс іс жасасаң, Жанқожаң мен болайын жарайды енді. елге келген қонаққа есерленіп, Қылыш ап жүгіргенің қалай болды?

елімнің өткен әркез қорғаны боп, Баһадүр, ер Бұхарбай заңғарың ед. Бұхарбайдың қылышы өзің айтқан, Бабамыздың көзіндей ардағым ед. Бағалап сол қылыштың асылдығын, Кезінде орыстар да аңғарып ед.

Хатқа жазып қалдырып тарихқа, Кезінде ғалымдары таңғалып ед. мұхтаржан, кесем десең, міне басым, Бойымызда қасықтай қан қалып ед.

Батырға серік болған наркескеннің, Қасында басымыздың салмағы жоқ. Айтып-айтпай немене Бұхарбайдың, Қылышы кескен бастың арманы жоқ.

Жалағаш жұрт болса да бүгін көрген, Аз ғана бөлісейін сырымды елмен. он таңбалы табында теке жұрты, Кіші жүздің ішінде тұғырлы елден. Адамшадан туатын Құдайсүгір, Кемеңгер адам екен ғұмыр көрген. одан туған естекбай бабамыз да, Адал күш еңбегімен күнін көрген. естекбай қамшыменен бір-ақ ұрып, Құлатады екен жанды қырын келген. Қарулы қара күштің иесі екен, түйені алатұғын жұлып жерден.

Біраз жыл шикіөкпеге зар боп жүріп, Бұхараға баруды ырым көрген.

Алладан мінәжаты қабыл болып, он ұлға татитұғын бір ұл берген. нағашысы айтулы Бәйтен батыр,

Күні жоқ қалмақтарға тыным берген. осындай асылдардың сынығы еді, Бұхарбай сан майданның сынын көрген. Алла деп, Алаш үшін атқа қонып,

Жоқ еді дұшпандарын шыбын көрген. Батырдың Бұхарбайдай аты өшпейді, соңғы қазақ кеткенше жұмыр жерден.

Халқына ер Бұхарбай тыныс болған, Қолына азаттық деп қылышты алған. таратқан алты Алашқа батыр атын, Күмісқорған түбінде бір іс болған.

Қазақтың қанын теспей, сорып ішкен, Хиуаның қолында екен Күмісқорған. мысық би, Байқадам мен Қабан батыр, дұшпанға қарсы тұрды тынышталған. Бұхарбайдың он жеті жасар кезі,

Ат жалын тартып мініп, ту ұстанған. Хиуаның бас батыры Жұманияз,

мерт болды жекпе жекте құрыш қолдан. Батырдың даңқы кетіп сахараға,

осыдан соң сыр бойы тыныш болған. Қосылып Хан Кененің қосынына, мүддесін азаттықтың шын ұстанған. Байқалды Бұхарбайдың қайсарлығы, Ақмола, созақты алған ұрыстардан. толғатып толағайдай ұл тудырған, табындар құрсағына ырыс қонған.

тұлғасы бұл мұхтардың мүлде бөлек, Жаныма жақын тарттым бірден елеп. Жақсылығын айтайын, нұры тассын, Жасырып жақсы ісіңді кімге керек?

Жайраңдап қарсы алмасаң сыр елінде, тайраңдап бұл ақындар кімге келед? мұхтарымда құт бар деп Қызылорда, өзіңе жұма сайын жүлде беред.

Жақайымның тойынан жарап қайттың, Жанкүйерің қарсы алды гүлге бөлеп. мұратбаев тойында мұратыңа, Жеткізіп көңіліңді бірлеген ек.

Жүлденің де қалған ба миы айналып, сені айналып шықпай жүр шыр көбелек. Қызылорда елінде сен боп тұрсың, ильядан кейінгі шын керемет.

Мұхтар:

Айекең көп нәрсені ұқпай жүр ғой,

ол рас, мұхтар туын жықпай жүр ғой. Жүлде түгіл Жүкең де Қызылордадан, Бір ай болды айналып шықпай жүр ғой.

Жүндеуге оңай дейді жуас адам. Жол бермейтін жігітпін туа соған. Айекеңдер асырып айтқанменен, Көп нәрсеге көзімді жұма салам. Шүкір бірақ еңбегім еленуде. ырзығын басқа тебер жыласа адам.

Бұл жерге жүлде алуға кеп тұрғам жоқ, Бәрін айтпай болмайды сірә, саған.

Бірақ жиен не істесе де жарасады, өткеннен өздеріңе сыр аша алам. тамада өмірбайдай би өтіпті, тарих баға береді рас оған.

Бір күні Бұхарбайға жолыққанда, іздесең табылады куә содан.

Астындағы ақбоз атын түсіп берген, өмеке, сыйлығым деп мына саған. тамалардың жақсы бір әдеті бар, Бір асаған жерінен мың асаған. содан бері тақымым сәл суыса, табындардың еліне тұра шабам.

Жан емеспін кеудемде жыр қаңсыған, Халық айтыс дегенде жылдам шығам. Қылыш алып шықтың деп кінәлама, өмірімнің шырынын жырдан сығам. Айтыстың басты шарты – айқасу ғой, Жөн болар қылышпенен бір жаншыған. Кебінге ұқсас киіммен кеп тұрған соң, Алдыңнан, аға, қалай құр қол шығам.

Айналған ауаң шекер, суың балға, табындар, көтермеген туың бар ма? Қас дұшпандар тұрады құты қашып, Біздің ерлер қылышын суырғанда.

Қазақтар қуанды ғой, жаңағы айтқан, Бөгет салған өзбектер қуылғанда.

Бірақ та одан бері қанша заман, Айеке, білесің ғой, зуылдауда. Батырлардың жоқтығын пайдаланып, өзбектерді көп нәрсенің буы ұрған ба. мақта менен басқаны пайдаланып, Қысты ғой суыңнан да, нуыңнан да.

мысық бидей ешкім де барған жоқ қой, Әму менен сырдария буылғанда.

енді ғана қимылдап жатырмыз ғой, Көк теңіздің ақ тұзын суырғанда.

Аралдың көні кеуіп жатпас еді, Бұхарбай бұл заманда туылғанда.

Кең жайылып тұрғанда керегеміз, Қозады ағайын жұрт делебеңіз.

Ауылына әкеп сабады деп кінәлама, Жол танымас жан ба едік, немене біз? Қостанай, торғай жаққа барған кезде, Кеңитіні шамалы керегеміз.

өздерің дәл осылай соғасыңдар, Біз қайбір қонақ болып еленеміз. Қонақты қуып жүріп тістелейтін, өздеріңнен үйренген «өнегеміз»!

Бірақ одан бас жарылып, бет іспейді, демеңіздер, ақылың жетіспейді.

Арғымақтар шыққасын аламанға, Бір-бірін не тебеді, не тістейді.

Кезінде наурызбай мен Бұхарбай да, Бір бірімен қырылған оқыс дейді.

Ақыры Хан Кене кеп араласып, Алысқанмен алысқа кетіспейді. сондықтан да, ағасы, айып етпе, ініңіз қимылдаса оқыс мейлі.

Айтыстың соң жағында татуласам,

«ер азамат шекіспей, бекіспейді».

Айбек:

Алқаңда сөз сөйлесем арқаланып, Болмайды жұртым арқа-жарқа не қып? Кешегі Кеңестің кер заманында, тарихым бұтарланды, балталанып. талай ердің есімі ұшып жатты, Шежіре Бәйтеректен жаңқаланып.

ол кезде Бұхарбайдың атын айтсаң, ешкім еркелетпеуші ед, арқа қағып. сейітнәби мен төлеген қаймықпастан, елдің жүгін көтерді арқаға анық. орнатып батыр баба құлпытасын, танытты тектілік пен жалпы ағалық. Камал мен тыныштықбай кітап жазып, Бөленген алғысына ортақ анық.

Жүз сексен жасын тойлап берген екен, Баймақанов, далдабаев, Шауқаманов. сіздердей ел тұрғанда өшпек емес, Ағайын, Бұхарбайдай шалқар алып.

Бабасының атағын аспандатқан, Жалағаштың төрінен тарқама құт!

сен едің сыр бойының зеңбірегі, зеңбірек екеніңді ел біледі. түсініп, тәубеңе де кеп жатырсың,

Байқаймын, осы мұхтар жөн біледі. інілердің ішінде ірісісің,

саған деген көңілім мөлдір еді. тектінің Бұхарбайдай жиенісің, Бектігің бесенеден белгілі еді. Алашқа ортақ туған бір ұл едің, сен десе ел жүрегі елжіреді. мұхтаржан, осыменен тоқталайық, Әңгіме қып айтамыз енді нені?

Қонақ болып еліңе келіп қалдық, Бауырымсың деп жүрген жол біледі. Біздің торғай айтысқа сен келгенде, меккеге қадамыңды оң қып еді.

Қажылыққа жолдама беріп саған, сен десе көңілдерін кең қып еді. мәрттігі сарттығынан басым тұрған, Жігіттің біреуі едің кең жүрегі.

Арғы жағын айтқызбай түсінерсің, Ауыздың қайда екенін қол біледі.

Мұхтар:

Ауыздың қайда екенін қол біледі, Ауылдың қайда екенін жол біледі. менен несін сұрайсың, оның жайын, Қасымызда отырған ол біледі.

Айекең не айтса да отты айтады, Қалайша зеңбіректен оқ қайтады? Жалағаш мырзалықтан жаңылған жоқ, демеңіз мұхтар інің қатты айтады.

Бұл жерге жаяу мұса боп келген адам, Шорманның мұстафасы боп қайтады!

Халыққа айтып жатсың толымды ақыл, тұрсақ енді тұрайық оның да ақыл. мұхтар сенен аямас ештеңені,

Бірақ менің қай айтқаным болып жатыр. Жүкең деген жездең ғой өзіңіздің, Барлығы сол кісінің жолында тұр. ғалым ағам Арғынның мықтысы еді, Бас қазы болатұғын порымда тұр.

Желідегі жүйріктің барлығы да, Жездең менен ағаңның қолында тұр.

2012 жыл.

ЖАРҚЫНБЕК ПЕН АЙНҰР

Жарқынбек:

Шырайлы Шымкентім шұғылалы, Құлпырып көктем келсе құбылады. науат самал есілген наурыздың, Бар еді біздер үшін ұлы мәні.

Біреулер бүркемелеп көргенімен,

Бұл тойдың жоя алған жоқ құнын әлі, наурыз тойын қайтарған қазағыма, осы елдің өз ағамдай ұлылары. наурыз тойы оңтүстіктен басталарын, Әрине бүкіл қазақ шын ұғады.

сондай-ақ тіл мен дінің салт-дәстүрдің, ұзармақ біз арқылы ғұмыры әлі. ұлтының құңдылығын қастерлеген, елдің биік болады тұғыры әлі.

Қазақи қасиетті сақтап қалған. таймаған тура жолдан тұнық ары. Ассалаумағалейкүм ағайындар, Құдай мен ұмытпаған құбыланы.

елім жұртым думан тойға кенелді шат, Шаттықта осы емес пе кемелді шақ. мен кеше әпкесінен аумай қалған, Біреумен айтысып ем өремді сап,

Ал бүгін одан зоры келіп отыр, сарқылмас Айнұр деген өлең құшақ. отыз төрт жаста отыз төрт көлік мінген, Ақынсың ықыласқа бөленгіш-ақ,

Айнұр-ау ажарланып отырсайшы, сіреспей қатып қалған цемент құсап, сені көріп бір түрлі қорқып тұрмын, Жаңадан жүгенделген дөнен құсап, олай деп айтуымның себебі бар, Көрейін түсіндіріп өнерді сап, Арқанын ару қызын алып қаштым, өзімше өз қамымды жеген құсап, Артынша қызын іздеп енем келді, Ашуы бұрқан-талқан өзен құсап.

Қолындағы таяқпен мені қуып, иілмей тұрып алды емен құсап. Ағайындар ап қалды арашалап,

..............................................

содан бері Арқадан әйел келсе, Көзіме көрінеді енем құсап.

Айнұр:

не дейді мына дөненім, Кетті ғой қызық ән сала. енемнен таяқ жедім деп, енеңді сүймейтініңді Білдіріп қойдың баршаға. ол да бір анаң емес пе, Араңыз қандай болса да. дәл содан аумай қапсың деп, Айтқаны шындық қаншама. ол кісінің де Айнұрмен, Жарқынбек-ау жас шамасы Қарайлас па еді соншама.

Құдай-ау сонда ағайын, мұның әйелі қаншада.

Бісмілләменен басталсын, Айнұрдың енді наз үні, Қаратауменен жалғасқан, дешті Қыпшақтың жазығы. Шәмші әні болып төгілген, отырарымның саз үні. түркістан еді қазаққа, таусылмас жанның азығы. Шегесі сендер рухымның, ұясы сендер ұлтымның Армысын қайран, Шымқала, Қазағымның қазығы.

Хазірет сұлтан бабамыз, діңгегі болған дінімнің. Бәйдібек пенен домалақ, тектілігі ғой түбімнің. озатын адам болмай тұр, Қадірін білер кімдер бар өзбекәлідей ұлыңның.

Әселхан, тәушен көркі еді, Айтыстай дара тұғырдың. Шаханов мұхтар тау тұлға, тірегі ана тілімнің.

Бекзаттай ұлың көрсеткен,

Баянсыздығын ғұмырдың. Бәрін айт бірін айт,

Бар қазаққа мәлім жайт, гауһары бітпес оңтүстік, Жауһары алтын жырымның.

Жарқынбекке енді келейін, Жар болсын жалғыз Жаппарың. осындай ұлды дәл бүгін,

Келіп тұр дұрыс мақтағым, Қашан көрсем болғаны, осы шапанды шешпейсің Басқа мініңді таппадым.

Шашына тиісіп қайтемін, Басына тиісіп қайтемін, Шыр айналсамда жер жүзін, Шымкенттік ақын досым-ау өзіңнен жақсы таппадым. нәзіктігі сенде бар, мақтаралдағы мақтаның.

Беріктігі сенде бар, отырардағы қақпаның. Әжімдерің елестетеді, Қаратауымның қатпарын. тіл-көзім тиіп кетпесін, Аппақ маңдайлы аппағым. Басы айналып қалмасын, мен осымен тоқтадым.

Жарқынбек:

Шыға салып досыңа, дедің-ау Айнұр аппағым, сол аппақтан басқаны, іздедің бірақ таппадың. Біріміз аппақ дара боп, Біріміз енді қара боп, оңтүстікті айтайық

Бар қазақтың мақтанын. Аман болып жалпыңыз, Бақытты боп халқымыз, өніп-өсіп ұл-қызың,

оңтүстіктей еліме, Қызыр қонған жеріме, мейірімі жауып Алланың назары түскен патшаның,

өзіндік айтыстағы ізі басым,

Бұл Айнұр ақ көңілді қызық ақын. үстімдегі жабыстың шапаныма, Әрине жөніңіз бар қызығатын,

Бұл шапанның құпиясын саған ашсам, еріксіз таңдай қағып қызығасың,

Айтыста әрбір сөзі шегеге тең, Айнұр сен елдең ерек керемет ең. Баяғыда Қожанасыр өз шапанын, Құрметтеуінің жөні бөлек екен. Қайда барса тастамай сол шапанды, үстіне жабыстырып келеді екен. үстіңдегі шапанды тасташы деп, Кемпірі шалға ұрыса береді екен.

Шапанды неге кидің деген кезде, Қожекең сөзің былай өреді екен:

«Шапан кисем жас шағым еске түседі», дегенді айтып кемпірін жеңеді екен.

Кемпірі содан кейін сөзге тоқтап, екеуінің ортақ қамын жеген екен. Шапан кисең жас шағың еске түссе, түнде де киіп жатшы деген екен.

Айнұр:

Біз келіп атқан бұл өлке, Қойнауы құтты мекен ғой. Ал, Жарқынбек ұлдары, демеймін бізге бөтен ғой, Бес баланың папасы ең, Бала табудың ағайын, Құпиясы көп екен ғой, Шапан киіп ұйықтасам,

Күш қуатым тасиды

деп қазір ғана көтерді ой.

Папам мықты деп жүрсем, Шапан мықты екен ғой.

Шымкентте ақын көп, ешкімнің жоқ таласы, Барлығы да көп балалы, сенбегендерің санашы. Жарқынбек пен маржаннаң, Бар еді бес-бес баласы.

төрт перзентті Бекарыс, Алыс емес-ау арасы.

Бұлар неге көбейіп, Кетті ғой деп Айнұрдың, сандалып еді санасы.

«Шымкентский вариантпен» Баланың саның көбейткен, Қулықтарына қарашы. ынтымақпен бөлісіп,

Бір ауыздан келісіп, Жалғыз шапанды кезекпен, Киіп жатқан-ау шамасы.

Жарқынбек:

Жарқынбек мына жайды еске алады, Бұл деген көбеюдің есті амалы. үстімнен тастамай еш осы шапанды, Әке болып жүрміз ғой көп балалы.

Ал енді кей ұлттардың ісін көрсең, Көбісі көбеюден кеш қалады. мысалы, ағылшындар әйел затын, Қоғамның деп білгенмен текті адамы.

«Ай лавю» - деп жарына өліп-өшіп, Бір бала туғаннан соң тоқталады. орыстар да «я тебя люблю» дейді.

ол сөзбен тапқызып жүр неш баланы.

Біз болсақ «әрі жатшы ей» - деп жүріп-ақ, өмірге әкелдік қой бес баланы.

Айнұр-ау, бұл сөзіме сүйсінгін сен, мыналарың керемет дейтін де сен.

Шапанның құпиясын естігенде,

ойпыр-ай, бұл Айнұрдың кейпін көрсең. Қайтсең де осы шапанды әперші – деп, Күйеуінің құлағын жейтінде сен. досымсың ғой мен саған бере салам, орнына күйеуіңнің джипін берсең.

ілінген ақын едің ірі атаққа, Жеткейсің арманыңа мұрат арт та. дос болған соң арзанға берем деймін, Айнұр-ау бұл сөз үшін кінә тақпа.

Ал егер күдіктенсең тексеріп көр, Қиналмай беріп тұрам прокатқа. Күдігің сонда анық сейіледі, Пайдаланып көрген соң бір-екі апта.

Жайың жоқ текке күйіп қалам дейтін, оны да ұқтырып тұр санаң кейпің.

Бір-екі апта тексеріп көргеннен соң, Жағдайың болмай қалар жаман дейтің. дүниені, бар малды салсам дағы, Қайтсемде осы шапанды алам дейсің. одан кейін айтысқа қолың тимей, Жыл сайын роддомға барам дейсің.

Айнұр:

не істесем екен ағайын, Кеңесшілерім қайдасың. джипті берсем берейін, Шаңдатып жолды айдасын. Шапанды алам қайтсем де, уәдесінен бұл таймасын.

Құтыра бермей бұл жігіт, Келіншегін де ойласын. Әйелге көлік не керек, өзінің білер пайдасын.

Шапаныңды шешіп-ап, мына жоспарды жоймасын. джипіңмен қоса құры деп, сандыққа салып қоймасын.

Бөлінді-ау санам сан саққа, ойым да кетті он жаққа.

Көзім де жайнап кетті ме, Қызықпаушы едім не затқа. Бүгінгі мынау айтысқа оюлы шапан себепті

оны қалай пайдаланамыз Қасиеті сондай бөлек па? Шапамда алып күйеуім, Шымкентте кию керек па?

Ағайын ел боп, жұрт болып, осыған көңіл бөлейік, мына шапанның қасиетін, Бәріміз бірге көрейік, Жаңалық ашқан Жәкеңе, мемлекеттік бюджеттен, Патенттің құнын төлейік. осы әдісті қолданса,

Ат төбеліңдей аз қазақ Кетеді ғой деп көбейіп. Азаматтардың бәріне, Ақ шапан тігіп берейік.

Жарқынбек:

Бұл шапан жоспарымды шектемейді, деп тұрсын ғой әйелім өкпелейді.

Шапан беріп орнына джип апарсам, Күнің бос өтпепті ғой текке дейді. мен білетін Әсемге әпке болса,

джип емес, кит берсең де жоқ демейді.

наурыз келді нұр шашып, Шуағын төгіп қызу күн. Қуанышты халқымның, Шаттанған көрдік жүзін мың. Қабыл болсын тілегі, Айнұрдай ару қызыңның.

Бағаңа бармай байыптап, оңтүстік сені айыптап, мекені ғана деп білер

Қауын мен қарбыз, жүзімнің. тарихың сенің әріде, Баяндап елдің бәріне,

Айтып та жатыр көк белдер дәлелдеп жатыр қызыл құм. отаны бүкіл түркінің, ордасы қазақ ғұрпының, Қасиет тұнған өз өлкем, Бірісің алып тұғырдың. тәкәппар анау тауың да, далаң мен қалаң ауыл да, Алқабың менен бауың да мекені болған Қызырдың.

оңтүстік ұлтымызға ұйытқы болып, Жүргейсің әрбір күнің құтты болып. Бауыр бүтін, бастары амандықта, елім жүрсін, саулығы мықты болып.

Ал Айнұр, сен аман бол жүрген жансың, Қыз да болсаң жүрегің түкті болып.

Жүрген жансың халықтың қамы үшін, талай игі істерге түрткі болып. осыменен екеуміз қоштасайық,

сен шапан, ал мен болсам джипті болып.

Айнұр:

Қабыл да болып тілегің, Алланың көзі оң болсын. сол шапанды өзің ал, Күш қуатың Жарқынбек Әрқашан да мол болсын.

Қызыңның саны бесеу боп, ұлынның саны он болсын. Аман боп елдің тойлары, несібесі де мол болсын, Айнұрдан тілек сол болсын!

Шымкеттіктерді көп адам, Жақсы әңгіме етпейді. оңтүстік десе ойбайлап, Жүзінен үрей кетпейді.

себебін оның сұрасаң,

«Шымкентский вариантты» Жасайтын адам көп дейді. мен түсінбеймін соларды, сіздерден қалай шеттейді. оңтүстік болса ешкімді, өзегінен теппейді.

Шын мықты болса дәл солар, мақтаны неге екпейді.

Жеміс-жидегі бұл жақтың, Астананы да асырап Асқазанды да реттейді.

Шәмшінің сазы болмаса, Концерттің сәні жоқ дейді. Ал, заттыбектің әнінсіз, Қазақтың тойы өтпейді.

Көре алмағандар көпірер, ол енді түк те етпейді. ұзын сөзімнің қысқасы, сіздерге ешкім жетпейді!

наурыз да келді еритін, самарқанның да көк тасы. мерекелерге толы тұр, Көктемнің осы аптасы.

Шымкентке де ақынның, Байланды міне, ат басы. мейрамға келген мейманға, Бұл елдің даяр тәтті асы.

Қазығұртым жазылған, таңбалы тарих тақтасы. отырар тұнған қасиет, ешкімнің оған жоқ бәсі, Әлемге мақтан қашаннан, мақтаралымның мақтасы. Қаратауым қазаққа, Көктемнің кірер қақпасы. осындай жерді Жаратқан, Пәле-жаладан сақташы!

2013 жыл.

МЕЙІРБЕК ПЕН ЖАРҚЫНБЕК

Мейірбек:

Желкенін шабыт дейтін жел үрлейтін, мұхиттағы кемедей менің кейпім.

Алдыңа ақындарың келді бүгін, елдің жайын жырлаудан ерінбейтін. Арқаланып сөйлесе алқа топта, Арқада артқан жүгі жеңілдейтін.

Аман ба, Алматылық ағайындар, Бірлігі балталаса бөлінбейтін.

Балам деп қошаметпен қолдау берсең, не жыным бар жорғадай төгілмейтін. Алдағы жеңіс күні құтты болып, тойға ұлассын шашуын теріп жейтін. Біздің халық батырға бай халықпыз, Жау шапса есі кетіп елірмейтін. сіздердей ерім дейтін ел болмаса,

ер қайдан туар еді елім дейтін. Кешегі 41-дің кезінде де,

тәртіпке қатал болдық темір дейтін. отан үшін опат боп отқа түсіп, Жауыннан жарты қадам шегінбейтін. Фашистік германияны талқан қылып, Берлинді де алдық-ау берілмейтін.

Армысың, қайсар қазақ немістерден, Футболдан басқа жерде жеңілмейтін.

Алдыңа келгенімде бір қонақ боп, тұрғам жоқ өнерімді бұлдамақ боп. Айтыс болса ойлайды мына халық, Айнұр мен ринаттар жүлде алат деп. Ал бірақ, бұл айтысқа Жүрсін ағам, Жастарды көптеп қосты тыңнан ап кеп. үлкендермен үзеңгі қағыстырса, Шабыты шалғы орақтай шыңдалат деп. сондықтан да бүгінгі балаларды, ойламандар жүлдеден құр қалад деп. елбасы да айтпап па еді өз сөзінде, ертеңіміз жастармен нұрланад деп. сондықтан да ағайын қолдау берсең,

Шындықты да айтармыз Шынболат боп. ең кенже ертөстіктің арқасында, ерназардың көз жасы құрғамап па ед.

Жолы үлкен төле би мен Қазыбек те, Әйтекенің ақылын тыңдамап па ед.

Аралап айтыс дейтін орман ішін, Жолықты Жарқынбектей жолбарысым. Ассалаумағалейкүм, Жарқын аға, Жонынан су төгілмес жорға мүсін.

Айтысқа сіз келгенде үлкендіктен, ысырылды Балғынбек молда кісің. Жас балаға кәрі жілік ұстатқандай, Ақынның кез қылғаны-ай, ең кәрісін. Бірақ та қамығатын дәнеңем жоқ, тұрғанда бойда қуат, қолда күшім. тәуекелдің тұлпарын ерттеп мініп, нардың белін сындырар ар-намысым.

түріңнің әзіл қылсам азды кемін, Жарқынбек көңіліңнің жаз кілемін. Ағаммен қалжындасып қағысайын, Жанының жадыратып жазғы лебін, Шипалы сарағаштай жерден келдің, Жырыңның ерттеп мініп наз күреңін. Шипалы курортыңның қасиетін, Айтыста талай мәрте сөз қылып едің. Асқазан мен бауырдың жараларын – Адамның бүкіл дертін жазды дедің. сол курортқа жолдама әперем деп, Айтыста талай қызды мәз қып едің. өзіңізде дем алып қайтпайсыз ба?!

Халықтың жарылқамай баз біреуін. Әйтпесе дәл мынадай пошымыңмен, Шошытып жібердің ғой Казгу елін. Бүкіл дертті емдейтін сарыағашың, ойпыр-ай таппады ма таздың емін.

Жарқынбек:

сөздері бұл інімнің сере семіз, Әзілдеп жарасады не десеңіз.

інілері осылай еркелесе, Көтерейік не үшін егесеміз. несі бар әп-әдемі жігітпін ғой, Азырақ шашы түскен демесеңіз.

мейірбек, бұл сөзіңді естісе егер, сарыағашта отырған жеңешеңіз. Шашыңызды кеп бір талдап жұлар еді, екеуміз содан кейін теңесеміз.

Бейкүнә періштедей аппағым-ай, ойланып сол болды ма тапқаның-ай, меніменен қай ақын айтысса да, Бойымнан бір кемшілік тапқан ұдай. мейірбек, сен мынаны ұмытпағын, Қашанда айтам мұны мақтанып-ай, Шашсыз ақын болсаң да мәртебе ғой, Бассыз әкім болудан сақта Құдай!

Армысың ару Алматым, Халқының адал ары ақ. өзінде туып сан дүлділ, Бұтағын жайды тамыр ап, Жырымды тыңда ағайын, ұлыңның сөзін қабыл ап, Бірлікті биік ұран қып, сенде өтті талай саңылақ. даналар өткен бұл жерде, даланың білген заңын ақ. Бабалар өткен бұл жерде, Қорғаған елін қару ап, Ақын да өткен бұл жерде, осы елге біткен бәрі бақ. Әлемге мәшһүр атағы,

ер туған талай баталы, Жақсы мен жайсаң отаны, Армысың қара шаңырақ.

Қабылан жүрек қаһарман, Қазақта қанша нарлар бар. отан үшін от кешіп, Алғысын елдің алғандар.

осында отыр қаншама, Ардагерлер арландар. соғыстың өтіп өртінен, таймастан берген сертінен, оққа төсеп кеудесін Атойлап ұран салғандар.

Адал болып антына, сөз келтірмей халқына,

Ақ қар көк мұз жастанып тауқымет көрген тарландар. Күш қайратын шақырып, Арыстандай ақырып, Ажалдан да қаймықпай ордасын жаудың жарғандар. сондай күнді көрмеген, Біздерде қандай арман бар. сыйлап бізге жеңіс күн, туын жаққан немістің, Құтты болсын тойларың Берлинге жаяу барғандар.

отырсам інім мені қолдайды деп,

Бұл інім жасымды айтып толғайды кеп. үлкеніміз серік пен Аманжолға, сенуші еді қанатын қомдайды деп. олар да сахнаға шықпай кетті,

Халық та сұрап еді ол жайлы көп. одан соң жас бойынша біздің кезек, мейірбек айттың жаңа мен жайлы көп. одан да айтпайсың ба айтыстағы, Ағаларға қойындар ондайды деп.

Қырыққа жетпей ақындар сахнадан, Кетіп жатыр айтсайшы сол қайғы деп. Ақындардың кәрісі дедің мені,

Кәрі боп отырғам жоқ шалдай жүдеп. ол рас сенен біраз үлкендеумін, Жүрмегейсің көңілім толмайды деп, сонда да өзіңменен айтыспақпын, өнердің шекарасы болмайды деп.

сарыағаш таздың емін таппағандай, деп інім әз басымды таптағандай.

Ал өзінің ілмиген түрін мынау, ішіне ішкен асы жақпағандай, өзінді нар тұлғалы деп естуші ем, мақтаса бар екенсің мақтағандай, Күнге тосса өкпесі көрінетін,

Ай бойы азық таппай жатқан аңдай, рентгеннен өткізген сурет құсап, терімен склетті қаптағандай,.

Шиелі сені әбден баптапты ғой, Аралдың ақ балығын қақтағандай, Батырлар жайлы кино түсер болса, Жайың бар басты рольді ап қалардай. мысалы, Қабанбайдың фильмінде, тұрқың бар найзасына сап болардай.

Мейірбек:

таза алтынның бойында тат болмайды, Жақсыны жақын түгіл, жат қолдайды. Қазыбекті арық би деп атаған,

інің қалай тарихты ақтармайды. Арық деп мың теңеуді айтқаныңмен, мейірбек ел алдында мат болмайды. найзасына сап болар жігітсің деп, Ағамыз неменесін аттандайды.

өз сөзіңнен өзің кеп ұсталдың ғой, сахнада тудырып жоқтан қайғы. осыдан-ақ көрініп тұрған жоқпа, осал ағаш найзаға сап болмайды.

Ақын ем бес қаруын жарақтанар, тасқа шеге қағуға талаптанар.

Кастингке өзің де бармайсың ба, сол кино жайлы тарап жатса хабар. Қайталанбас түріңді көрген кезде, режиссерлар таң қалып қарап қалар. Қазақтың найзасындай болмаса да, Қалмақтың шоқпарына жарап қалар.

Құдайым жаратса да аңғал қылып, Жарқынбек айтыстағы арлан жігіт. Жеңешеңіз шашыңды жұлады деп, ініңді алдың ғой сен шамдандырып. сонда қалай шашыңды төбеңдегі, үйдегі жеңгем бе еді алған жұлып.

мен өз басым жеңгемді көрген жоқпын, сөзімді айтатындай жандандырып. меніңше жеңгем өте сұлу шығар, Қарағанды тастайтын таң қалдырып.

Қашанда сұлу қыздар белгілі ғой, төлегенін іздейді арман қылып. Ақыры таппаған соң сен секілді, Бір тазға жолығады таңдап жүріп.

Айтыста айтқан сөзін ойламастан, Жұтқан тамақ секілді шайнамастан. елдің жайын қозғайық кел екеуміз, Қалжындасу, қағысу қайда қашқан. Құздағы қия шыңда қалықтайық, тордағы тоты құстай сайрамастан.

Ағайын деп отырса алысқа шап, Жарасар намыс туын нақ ұстасақ. Жөн болар жеңіс күні ерлеріңнің, рухына дұғамызды бағыштасақ. Қазаққа жеңіс деген қастері ұғым, рахымжандай батырмен нақ ұштасақ. Бірінші боп ту тікті рейхстагқа,

нар ұлыңның кеудесін намыс қашап. солар салған даңғыл жол деп білемін, егеменді ел болып қарыштасақ.

Көк байрақты апарды мақтанышпен, талғат, тоқтар ат ізін ғарышқа сап. Бекзаттар сиднейде желбіретті, тілеуін тілеген соң жарысқа сап.

Бірақ бұл күні сол туды тулақ етіп, мәңгүрттер шайтан түртіп шалыс басат. Көгімізге көтерген көк байрақты, Көгілдірлер қолына табыстасақ.

төле, Қазыбек, Әйтеке дана батыл, Қалдырған өсиеті санада тұр.

Кешегі абыз кеуде даналар-ай,

Ат сүрініп болғанша табады ақыл. Көрінде күңіреніп жатыр ма екен, ұрпағыма келді деп заман ақыр. Бүгінде намыссыздар қаптап кетті, Қазағына құны жоқ қара бақыр.

Әйтекелер азайған бұл заманда, Қыз текелер көбейіп бара жатыр.

Ағамсың шашын айтса ұялмаған, Шаштаразға барсам деп қиялдаған. туылдың сарыағаштай топырақта, Жан емессің ауылын сүйе алмаған. Бұл күнде колледжде би болыпсыз, Жәрдем тілеп қол жайып жиі Алладан. директорға кеңесші екенсіз ғой, Жасады деп ренжіме пиар маған.

Бірақ сол колледжіңде байқап тұрсам, Қылмыстар көбейіпті зиян жаман.

Күн сайын атыс-шабыс кісі өлімі,

Жыл сайын қылмыстар көп жиі аңдаған. Жарты жылда төрт бала оққа ұшыпты, Айылдарын азғындар жия алмаған.

Кешегі төле бидің заманында, мысығы да әдеппен мияулаған. Ауыл емес, Алашты ойлап өткен, Балапандар болса деп ұяңда аман. дәл сіздей биді алғаш көріп тұрмын, Билігі аспайтұғын үй, ауладан.

Бар Алаштың айылын жимақ түгіл, сарыағаштың тентегін тия алмаған.

Жарқынбек:

мейірбек, інім едің мақтап келген,

Бұл қалай шыға салып шап-шап берген. дейсің ғой сарыағашта атыс-шабыс, ол рас бұл сөзіңді жақтап келгем. сарыағашта балалар оққа ұшып,

Бұл күнде тәрбиеміз ақсап келген.

оқ атуды бастаған мен емеспін, Қарасай өткеніңе жақсы ат берген. Кешегі Алтынбек пен заманбекті, оқпенен қара жерге жастап берген. Кешегі Жаңаөзенде атылған кім?

Атқан кім тұрып алып асқақ төрден? ұмытпа Арқанкерген оқиғасын, Аяусыз намысымды таптап келген. сен болсаң сарыағашты кінәлайсың, Әдептен жайым жоқ ед аттап келген.

«Бір-біріңді осылай атыңдар» - деп, Біреулер он жыл бұрын бастап берген.

Бұл інім қоғам жайын шын біліп тұр, соны айтса жанарында мұң бүгіп тұр. сен айтқаннан басқа да көп мәселе, Халықтың құлшынысын сындырып тұр. Әйтпесе жеріміздің асты-үстіне, Құдайым мол байлықты тұндырып тұр. сол байлық несібеме бұйырмастан, санамды сансыратып мың күдік тұр.

Бір ғана мұнайыңнан түскен пайда, Қайда кетіп жатқанның кім біліп тұр. ол аздай аспаның да біреудікі,

онда да талай-талай сыр бұғып тұр. Байқоңырың о баста белгілі еді, оны айтсақ біреулер дүрлігіп тұр.

Эйр Астана, сКАт боп ағылшынмен, түріктер жігерімді құм қылып тұр. олардың самолеті ұшу емес,

Қалай құлау керегін үлгі қып тұр. Ауылға да бөлінген мол қаржыны, Жоғарыдан жымқырып, тындырып тұр. Жаңадан салынатын ғимаратқа,

тендер емес теңге ойнап бүлдіріп тұр, Ауыз су, жол мен газдың мәселесін, Әлі күнге бітпейтін жыр қылып тұр.

Біз сонда қай шындықты айтып жүрміз, Жалғандығың балалап, мыңғырып тұр. темір торға қамалған тоты құстай, Шындығың шың басында шыңғырып тұр.

мейірбек кездескен соң тойда бүгін, Көтерші ел мерейін сайрап інім. найзаға сап болардай десем жаңа, мықтысың дегенімді ойла күнім. осал ағаш найзаға сап болмайды, деп сөзін айтпасаңшы қайдағының. Алдымен сөзді дұрыс ұғып алсай, Бас десе құлақ деген қайран інім.

өзіңдей көтерем деп ұл беделін, Артықтау кетсең дағы үндемедім. Бір айтқан басымызды тағы айтып, інімнің сүрінерін білген едім.

Шашым аз оны өзім де білемін ғой, Бұл қалай қайта-қайта тілдегенің. мейірбек мен де сендей жас кезімде, Шашы жоқ бір ағама күлген едім. ұмытпа ерте кеш пе өгіз күні, Басына бұзаудың да бір келерін.

мен шықсам сахнаға нар атандай, Жыбырлап сен де кепсің таракандай. Қоқиланып отыруың жаман емес,

су ішіп, жемге тойған балапандай.

Ақынға халық құшақ жайған анық, сондықтан сөйле сөзді сайлап алып. Жер төресі атанған Алматының,

Шыға алмас шыңдарынан ай қамалып. сол ортада екеуміз кездескенде, Жүрмейік ұсақталып майдаланып,

Ал кәне, бала қыран қалықтай ғой, детский льготыңды пайдаланып.

Мейірбек:

Қазағым, байтақ жатқан бай далаңда, табаның мұнша неге тайғанауда. ешкімді алдымызға шығармаймыз, елім бай, жерім бай деп сайрағанда. Күні ертең байлығымыз таусылғанда, Аяр досың қалмайды айналаңда.

Ағайын осы бастан қамданайық, Бұл оңай шаруа емес ойлағанға.

Қойыңды қасқыр шауып бітірген соң, Қораңды бекіткеннен пайда бар ма?

Хан мен халық арасын көпір қылған, Бабаларым жоғары бәсің маған.

Патшаны пайғамбарға теңестіріп, Бай-манапқа жағынып бас ұрмаған. Жұрт ішіне жұмыртқа лақтырардай, Абыройы айрандай шашылмаған.

Кешегі Жаңаөзендей жағдайларды, Жеті ай бойы ханынан жасырмаған. Балалардың жырып жеп несібесін, Аналар бүгінгідей ашынбаған.

үш биден шенеуліктер үлгі алса екен, өзінің қазанынан ас ұрлаған.

Көзілдірік кисе де көздері әлі, Көруге елдің мұңын ашылмаған.

елдің мұңын жырласам Асандай бір, Қарсылас екпінімді басар қай бір.

Кешегі үш би құсап біздің билік, Халқына шарапатын шаша алмай жүр. төле, Қазыбек, Әйтеке секілденіп, ұлтына өз үлесін қоса алмай жүр.

Қаншамасы шендінің шетел асты, Қаншамасы еліңде қаша алмай жүр. маужырап парламенттің партасында, ұйқысын депутаттар аша алмай жүр. 63-ке көбейтіп зейнет жасын,

Жан салуда жаңалық ашардай бір. Баланың да азайтып жөргек пұлын, Ананың да жағдайы жасалмай тұр. өле өлгенше жұмысқа салып қойса, Аналар ұзақ жас жасар қай бір.

63 былай тұрсын мұғалімдер, 58 жасты да тоса алмай жүр.

Баланы баға алмасаң тумаңдар деп, министр мәселеңді шеше алмай жүр.

Кешегі төле, Қазыбек, Әйтекенің, орынын бүгінгілер баса алмай жүр. Бидің сөзін айтатын билігіміз, үйдің сөзін айтудан аса алмай жүр.

Кезінде тұлпар мініп жылқы баққан, Қазаққа сөз болып па мылтық атқан. ұлы отан соғысында бабалардың, ерлігін ету керек ұлты мақтан.

Бақтыораз, төлеген мен Бауыржандар, Фашистің шыбын жанын шырқыратқан. Хиуаз, Әлия менен мәншүктер ед, дұшпанның сай-сүйегін сырқыратқан. рахымжан жеңіс туын желбіретіп, Қуандық жеңіс жасын сүртіп аққан.

Азаттыққа апарар азапты жол, Қазақты мың тұрғызып мың құлатқан. маңдайыңа жазылған тәуелсіздік, маңдай тердің өтеуі шылқып аққан. ібіліс кеп іріткен ішімізді,

не пайда сымбатыңнан сырт ұнатқан. Жасағаннан қол жайып тілейтінім, Жасанды сақтай көрсін жылтырақтан. ошақтағы отымыз сөнбесе екен, түтініңді түп-түзу бұрқыратқан.

Қазандағы сүттей боп ұйып тұрған, Қазақты айырмасын ынтымақтан.

Жарқынбек:

ел едік қосылатын тойда басы, терең-ау мейірбектің ой бағасы.

сен соның бәрін айтып жатқаныңмен, Қазақтың жазылып ед қай жарасы.

Бір жақсысы, біздерде бәрі жақсы, Бір жаманы, айтуға ойланасың. мысалы, көп шұрайлы жерлеріңнің, Бұйырған өз ұлтына айдаласы.

Бір жақсысы – тілің бар мемлекеттік, Бір жаманы – жатқан жоқ пайдаға асып, Бір жақсысы – қариясын қадірлеген, Қазыналы қартыңның сай бағасы.

Бір жаманы – қариялар үйінде жүр, Қазақтың қарты менен ойлы анасы. Бір жақсысы – шетелде оқып жүрміз, Бір жаманы – оқиды бай баласы.

Бір жақсысы – көмірдің үстіндеміз, Бір жаманы – қи жағады қайманасы.

Бір жақсысы – бидай мен мұнайың көп, Бір жаманы – қымбат ұн, май бағасы.

Бір жақсысы – байлығы ең көп елміз, Бір жаманы – тасуда айналасы.

сол байлықтың қызығын көріп жатыр, Қаймана қазағымның қай баласы.

Қазақта ерлер өтіп мықты-мықты, сертінде селт етпестен нық тұрыпты. тәуке хан, Абылайдың дәуірінде, Қазақта орасан зор күш бірікті.

үш пайғамбар секілді үш алыпты, Қазаққа Алла берген құт қылыпты. Бүтін билік иесі төле бабам, тәкәппар тексіздерді ықтырыпты, он жасында дау шешкен ер Қазыбек,

Қалмақтың қонтайшысын бұқтырыпты. Айбарлы арлан жүрек Әйтеке би,

Әр сөзін нар түйеге жүк қылыпты. сол үшін бидің екеуі өзбекстан, Жерінде қалып қойды түпкілікті. төле бидің ташкенде жатқандығы, Көршілердің көңілін күпті қып тұр, Әйтекеге мекен боп науаида, нұрата баурайында үш құдық тұр.

нар тұлға наркескендей бабалардың, өлімінің өзінде мықтылық тұр. ұлан-ғайыр өлкені иемденген, Кешегі бабам үні нық шығып тұр.

даласының қай жерден басталғанын, моласының өзімен ұқтырып тұр.

мейірбек өз жұртыңа жарық таң бол! өмірде ештеме жоқ халықтан зор.

Халқыңның құлай сүйген ұлы болып, төле би бабаңыздай данышпан бол! Қазыбектей халықтың қамқоры боп, Әйтеке бабаңыздай арыстан бол!

2013 жыл.

СЕРІКЗАТ ПЕН ИРАНҒАЙЫП

Серікзат:

Ассалаумағалейкүм сырдағы елім, Қашаннан тектілікті құндағы едің. Қобыздың арғы атасы Қорқытпенен, Жыр сауған жыраулардың жұрнағы едің. нұртуған, тұрмағанбет, Балқы Базар, Бабалардың толғауын тыңдап едім. нартай мен манап сынды марқасқаның, өлеңімен өзімді шыңдап едім.

солар туған өлкеге келіп қалдым, Жайқалып піскен кезде сырдағы егін. Астанадан кеп тұрған атым құрсын, сіздерді тойдырмасам жырға керім. Көрерменді риза қып қайтармасам,

«Атамның басы бар ма» мұнда менің.

серікзат сауырынан тер жаудырсын, дегенмен дес бермейтін сен де алғырсың. Жақында ұлды бопсын құтты болсын, Келінге ұл тудырып толғап жүрсің. есімін ерман Жүрсін деп қойыпты, Жюриде жаңа отырған ерман Жүрсін.

Кім деп қоям десе де атасы ғой,

ол жағын қозғамайын нем бар құрсын! тілегім жаңа туған жас балаңды,

сол Жүрсін атасындай дегдар қылсын. тұлғасы мына саған ұқсап қалмай, Атансың әлемдегі ең дәу Жүрсін.

Қара Қыпшақ Қобыланды бабасындай, Атынан тау қозғалып, жер жаңғырсын.

ұлыңның аты сенің ерман ия, дедім ғой ол жағында нем бар ия.

сен сары болған кезде мен қарамын,

Айтыста сен жас жігіт мен қария. мен семей болған кезде сен Ақмешіт, мен Қара ертіс болғанда сен дария.

Ағайын бір қызықты қараныздар, Жағдайымыз болып тұр кең жария. түрің сенің неміске ұқсайды екен, Көбіңе көрініп тұр ол жағы ия.

«Қазгермұнай» айтысына келіп тұрған, мен Қазақстан, ал мынау германия.

сен өзі орыспысың, неміспісің, осының ашығын айт ел естісін. ресей үстемдігін жүргізіп тұр, Жойсада баяғыда кеңес күшін. төбеден протондарын жаудырады, Білмеймін ұшыра ма тек ескісін. сені көріп мына жұрт шошып отыр, орыстар қысқаннан соң өңеш тұсын.

Қазақтар гептиль жайлы не айтады деп, Айтысты кезіп жүрген елеспісің.

Байқатпай Байқоңырдан кіріп кеткен, тыңшысы орыстардың емеспісің.

Иран-Ғайып:

ізінен тәлім алып Фарабидің, даналығын бойыма дара құйдым.

тыңшысы емес осы елдің жыршысымын, Келе сала басыма жаланы үйдің.

орыс дейсің, біресе неміс дейсің, осыдан соң мен қалай аға деймін. Келе сала барасың билеп-төстеп, Қонағы билейді деуші еді жаман үйдің. мен бірақ қонағыма билетпеспін, Баласы болсам рас Бала бидің.

сыр елі, жыр елінде ғұмыр кешкен, Ағайын, армысыздар күлімдескен. Жүрсіннің жүйріктері келді ауылға,

тұлпардай тұяғынан дүбір көшкен. солардың бірі болып мен де келдім. Қырықтың бірін қазақ қыдыр дескен. Астанадан кеп тұрған алып ұшып, Шығармаған шығарсың ұлыңды естен. Шынболат ақыныңның жалғасы едім, Шындық деп сырда туып, қырыңда өскен. сүлейлердің сарқыты болғаннан соң, сәйгүліктей шабайын сүрінбестен.

Ал ендеше қиқулап шабыт бергін, сәті келіп тұрғанда кідірместен.

мың жарым шақырымнан келген кезде, тіл жағым бір сөйлесін мүдірместен.

иранның атын айтып бөпесінің, Жұртқа жайғандай болдың жеке сырын. Балама ерман-Жүрсін деп ат қойдым, Бөле жармай бір үйдің екі есімін.

Жоқ әлде атын қойсам айып па екен, өзінің атасының, көкесінің.

Жұрттар құсап ұлыма қойғаным жоқ, Шетелдің мағынасыз жат есімін.

Жүрсін ерман әкесі осы айтыстың, Ал мен ерман-Жүрсіннің әкесімін.

Қасыңдағы ініңді сүйемей кеп, отырсың кіл мақтауға иедей боп. семіз қара шықты ғой, арық сары, Біреуі от, біреуі күйедей боп.

Арғымақтың болмаушы ед артық еті, Қасыма қайдан келдің түйедей боп. маған да оңайлыққа түспей отыр, түйедеймен алысқан шиедей боп.

Серікзат:

мынауың шыға салып түйе қылды, Ал өзін кіп-кішкентай шие қылды. Шәкірт қып баулығанда біліп па едім, дәл осылай жыныма тиеріңді.

Ағаңның азуына ілініп қап,

таба алмай қалып жүрме Шиеліңді. Баланың жаман екен дәйім құлқы. Жеңістің бар секілді дайын кілті. иранғайып құтырмай кім құтырсын, Қызылорда өз жұрты әрі қайын жұрты. Жюриде де Жүрсіндей ағасы отыр, Басымды торлап тұр ғой уайым бұлты. Қос Қыпшақ қос бүйірден қысқан кезде, Келеді қай жерімнен ойын күлкі.

Біз қашан бөлінуден арыламыз, Қит етсе тағы екіге жарыламыз. төрімді билетпеймін деп қоясың, оған куә шығармыз тағыда біз.

мені қойшы қарағым қазақпын ғой, Көз салып көрсек қайтеді арыға біз. елу жыл Байқоңырды билеп тұрған, Қонақты түрі сары не қыламыз?

төбеңнен у төгіліп төтен кеше, мына жұрт қиналды ғой бекер неше. Ашынып қалай оны біз айтпаймыз, зардабы сол гептильдің өтелмесе.

Қазғарышты басқарған мұсабаев, Бүйрегі бұрып кетер бөтен десе. үкімет те үндемей жатып алды, Жағдайға сүйтер ме еді ет өлмесе. Жабулы қазан болып қалар ма еді, Қырымбек Көшербаев көтермесе.

Басыңнан талай зұлмат өткен жоқ па, Бабалар сол үшін қан төккен жоқ па? Қу гептильден қырылып киіктерің, Айтақырға атаның шөккен жоқ па?

Халықтың қамын жеген нағыз әкім, ел үшін түседі ғой от пен шоққа.

Қырымбектің жасаған сол ерлігі,

Аңыз боп Алты Алашқа жеткен жоқ па?

Айналайын иранжан бауырым-ау, Байқоңыр сағанда уын сепкен жоқ па? Шашынның түсі сенің біртүрлі екен, Протонның зардабын ол шеккен жоқ па? зымыран құлап келе жатқан кезде,

Бір тамшы гептиль тамып кеткен жоқ па?

Иран-Ғайып:

ол рас уға толы үй іргеміз, сөзіме дәйек болар кейбір негіз.

Байқоңырға жайылған гептильді ойлап, Қайғыдан қан жұтамыз кей күнде біз. себебі, қаншама адам жапа шекті, Бұны да қарсы қылған қимыл деңіз.

Аналарға тууға болмайды деп, Айтқанына көз жұмып мейлің деңіз. Құрсақтағы балдарын алдыратын, Біз қазір жан түршігер фильмдеміз.

сенің шашын күйген деп сол гептильден, Қапа ғып мына елді күйдірменіз.

у жұтсада той қылып улап-шулап,

сіз қайта сырдың халқын тұйғын деңіз. тағы да гептильді айтып дүйсенғазин, Күйіп жатқан халықты күйдірменіз.

дегендей бұл қулыққа итім шыдар, найман аға қорыққан кейпін шығар. наймандар емес пе еді адам түгіл, сайтанды да алдайтын сиқыршылар. Қай жерімнен келеді деп ойын күлкі, Қулыққа салып тұрған сиқың шығар. Бұл сөзіңді наймандар естіп қалса, ұстап алып миыңды жейтін шығар. Басқа басқа шайтандар естіп қалса, наймандарға не болған дейтін шығар.

Айнымай мен отырсам сары алтыннан, сен де айнымай отырсың қара алтыннан. Қара алтын дегеніме масайрап қап,

сары алтынды алмассың жан алқымнан. Астына өлеңімнің отын жағып, Бензиніңді айырайын соляркыңнан.

таң қалма қара алтынға теңеді деп, мұнайға теңеуімнің себебі көп,

Халық айтса қалт айтпайды деп естіп ем, мұнайдан көбірек газ бөледі деп.

Көбірек газ бөлгені жақсы емес пе, Халыққа да тиетін көмегі көп.

сенің де дәл осындай байлығың бар, Қазынаңды ақтарсақ тереңірек.

Бірақ сенен шығатын кейбір газдың, Кемпіріңнен басқаға керегі жоқ.

Серікзат:

неліктен сені отырғам желіктіріп,

Бұл ойыңмен кетпексің нені ұқтырып? Қызылорданы қара алтын көтеріп тұр, Бюджетін жатырмыз ғой көріп біліп. Көпшілігі мұнайшы мынау елдің,

нан тапқан маңдай терін төгіп тұрып. өзінше сары алтынмын деп қоясын, өзіңді мына жұрттан бөліп тұрып, Қара алтынмен қалайша тартыспақсың, мұнайдың айтысына келіп тұрып.

Бұл иран найманды айтып басты егеске, Абырой кейде аяқ асты емес пе? наймандар шайтанды да алдайды деп, өзінше Америка ашты емес п?

сол шайтан мен білетін шариғатта, Хазіреті омардан қашты емес пе? Адамды тура жолдан тайдыратын, Шайтанның бір тармағы нәпсі емес пе? Кім айтты саған оны алдады деп, дегенмен найман жеңсе жақсы емес пе? Жұрт жоқта жын-шайтанмен тілдесетін, мынауың сары әулие, бақсы емес пе?

Бастық біз болашаққа шындап қадам, Әлемде ел жоқ бізге үн қатпаған.

Қазақстан алпауыт елдерменен, Жасқанбай кіріп шығады бір қақпадан. соның бәрі арқасы азаттықтың,

себебі де емес қой жұмбақ маған. өйткені Құдай берген мұнайым бар, мұнаймен күллі әлемге шын мақтанам. ендеше «Қазгермұнай» жасай берсін, Шетелге қара алтынды ұрлатпаған.

Қазақтың мәртебесін асқақтатқан, мұнайдың әр тамшысы қымбат маған.

Білетін елге келдік сөз бағасын, Жырладық мұнай шыққан боз даласын. Қытаймен мұнай сауда қызып жатыр, дамуға басқа жол жоқ өзге Алашым.

Құмкөлдің құбырына қойып кетсең, Қытайға самолеттен тез барасың.

Ағалар әзіліме ренжімесін,

Бұл менің жеке пікір көзқарасым, мынау мені бағана түйе деді, түйе жақсы көреді өз даласын.

Азуым батып кетсе айып етпе, түйе де қарпып сүйер өз баласын.

ей, германия!

дегенге бір соғысты бастап кетпе, Кеудеңді көтеріп ап асқақ көкке, өзім баптап өсірген шәкіртім ең, сен менің тұнығымды ластап кетпе. мұнайға келіп кеткен неміс құсап, Боп жүрме күні ертең қашпақ текке. өкпелеп айтыстан соң ұстазыңа, сен мені орта жолдан тастап кетпе!

Иран-Ғайып:

Қулықпенен құрдың ба оң бір айла, Қазып қойдың ау сәке, орды қайда.

германия егерде қашып кетсе, Қазағым кенелер ед мол мұнайға. Айтысты тастап қашып кетпе дейсің, суық жүзбен қарадың соңғы райға. Кімнің бүгін кетерін құдай білсін, сен аға бастап кеттің жолды қайда? сіз сыйынып кеп тұрсаң бір Құдайға, мен де сеніп отырмын сол Құдайға. Аралап қайтсақтағы аз белінді, Жадыратып тастадың жаз көңілді. естіп емес көзбенен көріп қайттық, Жиырмаға келіп жатқан Қазгеріңді. Жүздеген жұмысшымен жолығып ек, Барлығының жағдайы мәз көңілді.

Жиырмадағы Қазгердің арқасында, Қаламызға толықтай газ берілді.

Күз келіп жатсадағы Ақмешіттің, Жағдайы осыдан соң жаз көрінді. Қазгермұнай жасаған жақсылықпен, Бүтіндеп тастапсыңдар біраз жеріңді.

Болғанда сыр Алаштың анасындай, Қала бар ма Ақмешіт қаласындай? не керектің барлығы табылатын,

санаймын Қызылорданың даласын бай. Батыста бар мұнайың бізде де бар, Көзіңнің ағыменен қарасындай.

Шығыстан шыққан алтын бізде де бар, Қаратау етегінің жағасындай. солтүстіктің бидайы бізде де бар,

Бұл сөзіме бар екен таласың қай? Астананың есілі бізде де бар, сарқылмас сыр елінің саласындай. Жырласаң бітпейтұғын бүгін айтып, Байлығымыз жетеді тағы осындай. Жер кіндігін жеті рет айналсамда, Жерұйық таба алмаспын дәл осындай.

Бір түрлі боп кетті ғой секең бүгін, Қара өлеңге көрсетіп бекемдігін.

Әрине шәкіртің ем бала кезден, Қадіріңе айтыста жетем бүгін. ұстаздан шәкірт озады демейді ме, осы сөзді дәлелдеп кетем бүгін. секеңде дәлелдеуге тиісті ғой, өзінің қандай ұстаз екендігін.

тура қарап және де көзіңізге, Бір мысал келтірейін сөзіңізге.

Шәкірт нашар болуы ұстаздан деп, Айтушы едің студент кезімізде. ендеше озуымды тілеп отыр,

сөз тимесін десеңіз өзіңізге.

Серікзат:

Алғансың ақпаратты қайдан жинап, ұстазды қайтарғандай тойдан қинап. ұстазым академик рымғали, Кеудесіне білімді қойған жинап. менің мына ұстазым академик,

Ал сенің бұл ұстазың жай кандидат.

Болсамда саған ұстаз қартаймадым, Қартайып өлең таппай жантаймадым. Ағайын өлеңіме тойдыңдар ма? десек те осы болсын бар тойғаның. серікзат осыменен қоштасады,

ертіп ап кетеді енді сары тайлағын.

Иран-Ғайып:

Айтар болсаң ойыңды ерікті етсей, Көп тосылмай және де көрікті етсей. рымғали ұстазың болса егер де, Қасыңдағы ініңді жеңіп кетсей. рымғали бірақта кетіп қалған,

сен де солай жолыңды беріп кетсей.

2013 жыл.

АЙБЕК ПЕН ЕРКЕБҰЛАН

Айбек:

Алла деп ақындарың жыр бастайды, ұлықты елді рухты ұл бастайды.

Алғашқы жұп боп біздер шығып тұрмыз, өмірде алға қадам кім бастайды.

Әуелден бұл айтыстың салты солай, Бірінші жұп ешқашан қырды аспайды. еркек тоқты құрбандық деген осы, Қазының да бағасы шынға аспайды.

Алайда бірінші боп шықты екен деп, Көңілін бұл Айбектің мұң баспайды. Аймүйіз ақ серкедей қой бастаған,

Бұл тойды мен бастамай кім бастайды?!

Шығарып тұнық терді сауырынан, Жараған тұлпар едік бауырынан. Алла деп аламанға келіп қалдық, Қазақтың қалмайық деп сауығынан. Ассалаумағалейкүм арда қазақ, тынбаған замананың дауылынан. сіздерге дұғай сәлем әкеп тұрмын, Киелі қарт торғайдың қауымынан. ер Жәнібек батырға бата беріп,

Ат қойған тархан баба ауылынан.

Бармысың еркебұлан, ұзын жігіт, Айтыста сөз айтатын үзілдіріп.

Алдымнан дәріс алған шәкіртім ең, Болғанмын сенің әбден сырыңды ұғып. дәріс алды дегенім әншейін сөз, Әйтпесе оқыдың ғой үзіп-жұлып.

Бөрідей түнде жортып жүруші едің, Қаланың қызығы мен қызын қуып. ұйықтап жатқан жеріңнен оятып ап, есіңді жиғызушы ем жуындырып.

Қасыңда иран-ғайып – сары досың бар, сендерді оқыттым ғой қуып жүріп.

енді міне, есейіп ер жеткен соң, Халықты сөйлейсіңдер қызындырып. Айтулы ақын болдың Алашыңа, Айтыс деген өнерге туыңды іліп.

Қарық қып кетпесең де білім қуып, өнерде тұрған жоқ па жырың жүріп. ендеше кезегіңді ұсынайын, Жанымды жібергейсің жылындырып. Ал енді еркебұлан, сен сөйлей тұр, Ауызымды алғанша суындырып.

Еркебұлан:

Алғанша ауызыңды суындырып, ортаға мен шығайын туымды іліп. Айбектей ұстазымның айтуынша, Шәкіртте мен екем ғой бұзық жігіт. Бойымның ұзындығы ештеңе емес, тілді де берген Алла ұзын қылып. ұйықтағаным болмаса анда-санда, Кетіп ем түзу тұрып, түзу жүріп. сенің өзің көп кетіп айтыстарға зорға сабақ берген ең үзіп-жұлып. мен сонда декандарға дым білдірмей, Бастағам тобымызды тізіп жүріп.

сенен қайыр болмайтын болғаннан соң, үлкендерді іздедім тізім қылып. мырзағаң, рымғали мен Ақселеудей, Шалдардан маржан тердім сүзіп жүріп. Айеке, сіз айтқандай жаман болсам, дипломды алмаймын ғой қызыл қылып!

Бісміллә, ерттеп мінсем тойдың атын, ұл едім сөз құрықтап, ой қуатын.

Ассалаумағалейкүм, қазақтарым, Жүрмісің есен-аман бой қуатың? Бабама берген тойың құтты болсын, Бұл күнде естіп жатыр ой-қыр атын. сенің дархандығыңның шегі бар ма, Қонақ келсе қорадан қой қуатын.

Әйтпесе, жер бетінде қанша ел бар ғой Жомарт боп шығарды олар қайбір атын? Батыста орыс дейтін бір көршің бар, мәрттікпен жарысуға қаймығатын.

Қуанса күні бойы арақ ішіп,

ертесі бас жаза алмай қайғыратын. Шығыста Қытай деген бір көршің бар, Асына бақа-шаян қойдыратын. түстікте өзбек дейтін бір көршің бар, Қонағын көк шәйменен тойдыратын. Арқаның қазақтары бармысыңдар, Жұмасына бір жылқы сойдыратын. екі күнің бірінде думан қылып, орынын төрден ғана ойдыратын. тірісінен ештеңе таба алмаса,

өлгенін есіне алып той қылатын!

Атағым болмаса да атсыз қалмай, Шапаным болмаса да бақсыз қалмай. Қол бастаған бабамның бұл тойында, сөз бастасақ екеуміз мәртпіз қандай? Айбек аға, жүрсің бе аман-есен, Ағалығың арқамнан қаққызғандай.

Айтыста сізді көріп мәз боп қалдым, Жәнібек жауға шауып шеп бұзғандай. Ағалардың қатары сиреп қалды, орманды ортасынан шапқызғандай. Аманжол Әлтай ағам айтыспай жүр, үкісін мұражайға тапсырғандай. дәулеткерей төрге іліп домбырасын, саусағына қаламын қапсырғандай. мелс пен мұхамеджан ағалар да, Аманатын біздерге артқызғандай.

Қазы болып кетіпті сері ағам да, сөзіңізді таразға тартқызғандай. Жібек деген апамды көрмей жүрмін, тербеліп отырушы еді аққу-қаздай. есесіне көбейді жас балалар,

Жамбыл Жәкем тоқсан ұл тапқызғандай.

Қоямын деп жүргендер әлі де бар, Шаруасы бітпей жатып шарт бұзғандай. Әйтеуір Жүкеңді алға салып жүрміз, солардың қас-қабағын баққызғандай.

Кетем деген келіннің аяғына, Кемпірді көлденеңдеп жатқызғандай.

Әй-аға, қызынсаңыз асаудайсыз, сызылсаң қызға берер жасаудайсыз, Жұрт сізді ақиқатшыл ақын дейді, өзіңе-өзің жарнама жасардайсыз.

Қай ауылға барсаң да ебін тауып, Әкімін жамандаудан бас алмайсыз. Күңіреніп сөйлесең Қорқыттайсыз, Аңыранып сөйлесең Асандайсыз. мен де сіздің әкімді зерттеп едім, Ал енді ақиқаттан қаша алмайсыз. 18 миллион теңгені жеп кетіпті, сіз әншейін ауызды ашардайсыз.

Айеке, жұрттың бәрін сынай бермей, неге өз әкіміңнен өш алмайсыз?

Жемқорды желмая ғып мініп алмай, Асан қайғы атаңнан аса алмайсыз.

осылай ақиқаттан кетпей мүлде, Айлаңды өзің айла етпеймін бе?! Қазынаңды қопарып жұтып қойған, Әкіміңіз жұмыстан кетпей жүр ме? осы жайлы естідім бір жаңалық, немене сіздің сөз де өтпей жүр ме? өзгеге тегін берген ақылыңыз, өзіңнің ауылыңа жетпей жүр ме?!

Айбек:

Бұл еркеш бала ма екен, дана ма екен, сын көзбен жанарыңа қарап өтем.

Ағаларын іздесе сахнадан, Шынымен де шәкіртім саналы екен. ең үлкені мен екем осы айтыстың,

мұны да құдай басқа салады екен. сондықтан бұл Айбекті Жүрсін жездем, Қызыл кітапқа енгізсе болады екен.

Кейінгі жас ақындар беттен алад, деместен қарт ақынға обал екен. Айтыстан қатар құрдас-құрбымды іздеп, Көңілім құлазиды ала бөтен.

Қатар теңі болмаса қасында адам, отыз бесте қартайып қалады екен. несіпбек ағам айтқан алты қаздай, Бізден де дәурен озып барады екен!

естіп, біліп жүрсің ғой жұрттан жайды, Кетпей тұр қазақ деген ұлттан қайғы.

Жердің бетін топан су қаптаса да, торғайдың даласына түк тамбайды. Әкімдерің жемқор деп айтып қалдың, Боп тұр ғой өкіметте сұқ қол қайғы. еркеш-ау сол әкімнен шаршап болдық, ол кетпей Арқалыққа құт қонбайды.

Жыланның басын жұтқан Жәнібектің, ерлігі оның жанында түк болмайды. 18 миллион теңгең ештеңе емес,

одан зорын жұтса да күп болмайды. 18 мың ғаламды қылғытса да, Бұлардың жұмырына жұқ болмайды!

Қай жерде тура сөзден жалтарыппын, Айтайын мәселені жан салып шын. он ай әкім болғанда Берік келіп, Көңілін тауып еді бар халықтың. оны да маңдайыма сыйдырмады,

Қайда да жолы болсын мәрт алыптың. содан соңғы екі әкім шала қазақ,

Басын қосып сөйлей алмас алты әріптің. Бір жылда төрт әкімді ауыстырып, рекорд жасап еді даңқ алып кім?

енді жемқор әкіммен атым шығып, даңқымды алты алашқа сан таныттым.

Жемқор басшы, парақор қосшысы бар, Жағдайы мәз болмай тұр Арқалықтың!

Қаржысын үкіметтің жатып жеген, Әкімін Арқалықтың батыр деген. үстінен қылмыстық іс қозғалса егер, орынын босатпай ма әкім деген?!

Қасқайып біздің әкім орнында отыр, Кресло, мықты екен тақым деген. мәдениет басшысы коррупционер Атанып, іске басын шатылды ерен. тырп етпей ол апам да орнында отыр, звондап көкелерге жақын деген.

Әйтеуір Қостанайдың саясатын, түсіну қиын боп тұр ақылменен. Айтпақшы, Астаналық соттар жайлы Бір жаңалық естідім жақында мен.

Көшеде пісте шағып, түкіргенді,

Бір күнге қамап тастап жатыр деген. Жазықтыны жазасыз қалдырмайтын, соттары Астананың батыл неден?

Әділетті сол соттар бізге келсе,

Қос қолымды көтеріп мақұл дер ем!

Шымкент жер ғой талай барып келген, дәстүрге беріктігін анық көргем. ордалы онтүстіктің жігітісің,

Қазақы салт-дәстүрге қанып келген. Жігіт едің Керейдің қызын алып, Жарыңның тектілігін танып көрген. Қайынжұртта көсемсіп сөз сөйлейсің, Жайғасып орыныңды алып төрден.

Керейлер де мәрт екен байқап тұрсам, Күйеуді төрге оздырып, шабыт берген. Қазақта күйеу төрге отырмайды, тәрбие солай дейді халық берген.

Бірақ сен еркебұлан мықты екенсің, дәстүрге пысқырмайтын анық кердең.

Қайын жұрттың тойында ту көтеріп, Атасының асына шауып келген.

сонда да сөйлемейсің жарды баспай, Әдеппен айтысайық жан жыласпай. ер Жәнібек батырға күйеу болсаң, Жүргенің жөн болады арды баспай. Күйеулердің міндеті самаурын ғой, Қайнатып, шөлімізді қандыр аспай. одан да пиалама шәй құйып қой, тойға келген қонақпен салғыласпай.

Құттықтап келіп едім қуанышпен, Қуанып қалдым мен де мынау істен. Кесірлі кер заманға кез болдық қой, Құдайдың қара суын сұрап ішкен.

Еркебұлан:

Айеке, жолдан кейде көп кетерсің, Қылмасам айтқаныңды өкпе етерсің. Біз жақта шәйді келін құюшы еді,

сен осы салтты ұмытқан жоқ па екенсің? ойлама күйеулікпен құйды екен деп, өйтсеңіз сыйластықты шектетерсің. ұстазым болғаннан соң құйып бердім, Әйтпесе, миымызды жеп кетерсің.

Шәкіртім өлерімде ауызыма,

Бір тамшы су бермеді-ау деп кетерсің!

Жиналып халқым сұрасаң, сөйле деп бізге ұйғарсаң. Бұл тойдың көркін айтайын, сеніміңді артып шығарсаң,

Айеке енді сіз тыңда ініңнің уәжін құп алсаң.

Жорға да жорға жорға бар, Жорғасын қосқан орда бар.

Астана жұрты қолдаса, тілімнен балым сорғалар. сарыарқа менің өз елім, Күйеулігім ол да бар.

Қошқар болар қозының, маңдай алды дөң болар. Жаман болса күйеулер, Атыменен күл тасып, Қорада жүріп қор болар. Жақсы болса күйеудің Алатын орны төр болар. несібек ағам мысалы, Қазы боп отыр қасқайып, Бұны да айтсам жөн болар. Айеке, мұны қызғанба, Қызғансаң өзіңе сор болар. Қонақпын десең өзіңді, сіздердей қонақ, Айеке, Біздей жігітке қол болар. суыған шәйді қайтесіз, өлеңім ыстық сөл болар. Кеудемде өлең ағызып, сөзіңнің майын тамызып, Қалағаныңша асатсам сыбағаң сенің сол болар!

заман да заман ілкі еді, мінгенім шұбар жылқы еді. тазыдай қылып шалдырған, заман да біздің түлкі еді.

Күйеусің деп Айекең, Шабымнан менің түртеді. үш жұрты болар жігіттің, Атамның бұл да ғұрпы еді. Біреуін айтып Айеке, екеуін айтпай қалдырсаң намысқа қандай түрпі еді. ішінен қозғап айтайын,

Айтқаның сенің сырты еді. тегімді менің сұрасаң, тарихын тасқа жаздырған тамыры терең түркі еді. ұлтымды менің сұрасаң, досына құшақ айқарған, Жауының бетін тойтарған, дорбамен келген міскінге, Жорғасын беріп қайтарған, Қазақ деген ұлт еді.

өз жұртымнан қозғасам, сол қазақтың ішінде ұлы жүздің үлкені - нәсібін Алла әперген, Қадірін хандай көтерген Қаңлы деген жұрт еді.

Қожағұл менен сарбұқа, Жауына төнген бұлт еді. нағашым да сол жұрттан, Жалаңтөс пен Айдарбек – төрт қақпалы түркістан, Бір қақпасының құлпы еді. іздеушісі жоқ демеңдер, Алдыңда тұрған бауырың сол құлыптардың кілті еді.

үшінші жұртым – қайын жұрт, өзің жырлап отырған

ер Жәнібек бастаған, тұлпарын мініп күлтелі. оспан батыр қоштаған, мылтығын алып білтелі. Ақынды да тудырған, Батырды да тудырған, Керей деген жұрт еді.

«Қатын алма қайын ал», деп өсиет қалдырған ұлыларымның ұрты еді. үш жұртымды қосқанда

Атынан атың үркеді. табаны тиген топыраққа Жамандар көзін сүртеді!

Алты Алашпенен үш жүзім, үш жұртым аман тұрғанда менің де бағым бес елі. маған ұстаз боп жүрген, сенің де бағың бес елі. өзің де аға текті елсің, сайраған талай шешені.

Бір шежіре қозғайын, тарихтан тартып кешегі. Шығыстағы тобықты ырғызбайдың бәйбішесі – ермек деген анамыз,

ер Жәнібек батырдың Қарындасы деседі. ырғызбайдан өскенбай, Құнанбайдан ұлы Абай, осылай өніп-өседі.

ұлы Абайдың өзі де,

«Ақындық түп нағашым – Жәнібектен дарыған»

деп өсиет етеді.

сол ермектей ананың сіңілісі деп білем, үйдегі жарым некелі. Жылына құрсақ көтеріп,

Шылқытып жатыр шекені. осындай жерден қыз алған, ініңнің түгел есебі.

үйдегі жүрген жамандар, өзіме тартсын демеймін, өзіме тартса өмірі Айтысып көппен өтеді. нағашысы – Жәнібек

оған да тартсын демеймін,

оған тартса өмірі Келген жаумен айқасып,

Көрген жаумен шайқасып, үй бетін көрмей кетеді.

Жәнібекке жиеншар Абай менен Шәкәрім секілді болса жетеді!

Алашқа аты тараған, Айбек деген жан ағам.

Ары қарай сөзімді тыңдаңыз, тыңдадым сізді манадан, Бала деп кейде қаларсыз, өзімді бала санаман.

Жастау болып көрінсем, сүт кенжесі едім бір үйдің, өнеге алған әкеден, тәрбие алған анадан.

Кемпірменен шал көрсе, Қабағына қараған.

сол әдетім қалмады-ау, Ақсақалы айтыстың – Жүрсін деген көкемнің Жәрдеміне жарағам.

Бұл кісіні де түсінем, Жұмсайда кейде мынаған. Баласындай болған соң, Жұмсайды кейде анаған. Айтысқа келсе жас бала, Әуелі мені талаған. соларды сізге жеткізбей, оқтай қып сөзін өткізбей, Араша түстім арадан.

Әңгіменің ашығы

төрт-бес жылдай айтысып, Шаршадым бала-шағадан. Қашанғы бала болайын, отызға жасым таяған.

ер Жәнібектің тойында, Жоспарым бар ойымда, Берік болса бағанам.

Арыстандарды көрсем деп, Жолбарыстарды жеңсем деп, Қызыл тілімді қылыш қып, Жорыққа шықтым жаңадан!

Бір елге мен де сүйеумін, Бір елге сенде тіреусің. Бағанағы сөзіңе оралайын қайтадан,

Бір ұшы саған тірелсін. Кім кімге күйеу болмаған, Кімдер кімге шіренсін?! мысалы өзің Айеке,

Қайынжұрт көрген біреусің. Шымкенттің жерінен Қарындасымызды алып ең, сонымен өмір сүрерсің.

Қайнағаң отыр алдыңда, табаныңды қайда тірерсің? Жасым кіші болса да, Жолым үлкен емес пе, Жөніңмен енді жүрерсің. сіздің жақта салт болса, Шәй құямын десеңіз, Біздің де дайын кесеміз, оны да көзге ілерсің.

Арғы жағын айтпаймын, Күйеулігің қыстаса, сыпайылығың ұстаса Қалғанын өзің білерсің

Айбек:

еркештің көрмеймісің адасуын, Қойды ғой тіпті бізбен санасуын. Біз жақта шәйді келін құяды деп, есілдің әрең бердің қара суын.

Біресе аға, біресе күйеу дейсің,

Көзіңнің ойнақшытып қарашығын. осы ғой «шымкентский подход» деген, Біледі қулықтың да бала сырын.

Керей менен Қаңлыны мақтай бермей, үш жүздің тілесеңші жарасымын.

Жүзшілдік, рушылдық емес пе еді, Қазақтың құртып тынған бар асылын. Қаңлы менен Керейдің арғы атасы, мен өзі нар қазақтың баласымын.

Атаңнан атам үлкен болғандықтан, менімен жөн болады санасуың.

тағдырдың байқап тұрсам тезі мықты, Батыр жайлы аңыз көп сөзі құтты.

ер Жәнібек түйесін іздеп жүріп, Жапанда жалғыз үйге кезігіпті. үйге кірсе ішінде жан адам жоқ, Жантайып батыр сонда көз іліпті. ұйықтап жатса ысылдап үй ішіне, Айдаһардың кіргенін сезініпті.

Жәнекең сыр берместен жата берген, Қорықсын батыр кімнен, өзі мықты. сескеніп Жәнібектің жатысынан, Айдаһар жөнін тауып безініпті. одан кейін есікті бұзып жарып,

дәу аюдың келгенін сезіп ұқты. Аю кеп Жәнібекті иіскеп, түртіп,

Батырдың мықтылығын тез ұғыпты. одан соң арыстан кеп төнген кезде, Бетіне мұрты тиіп сезіліпті.

Жәнібек шертіп қапты маңдайынан, сескенсін батыр жаудың қандайынан. есін жиса үй де жоқ, басқа да жоқ, Жапанда жатыр екен нардай ұлан.

Қабанбайдың әйелі бал ашыпты, Хабар ап Жәнібектің жағдайынан.

Жәнібек, саған ерлік қонған екен, Жүрегіңе қайсарлық толған екен. Алайда арыстанды шекесінен,

Шерткенің сірә, қате болған екен. Арыстанды қумасаң үйде тұрған, Алмас қылыш жаныңда қалған екен. Алмас қылыш ерліктің еншісі боп, ұрпақтан ұрпағыңа қалмақ екен. содан кейін Жәнібек ер атанып, Жасанып талай жауға барған екен. ел үшін ерлік еткен ер Жәнібек, содан бері қазақтың ардағы екен. осындай ерен туған ерден де өткен, Шынымен сұм дүние жалған екен.

Жат келсе жалпаң қағып зырылдаймыз, Астына көпшік қойып зуылдаймыз. ысқырып айдаһардай Қытай келсе, мұнаймен аузы-басын тығындаймыз. Қорбаңдап орыс келсе одақтасып,

не айтса да мақұл деп шыбындаймыз. Арыстандай ақырып АҚШ келсе,

Бас ұрып малымызды шығындаймыз. Құлдық сана құрсаулап, бұл қазақтың тәуелсіз ел екенін ұғынбаймыз. өзгелерге иіле бермей ылғи,

Бір мезет қаһарлансақ жығылмаймыз. үлгі алсақ Жәнібектің ерлігінен, Жағынып ешкімге де құбылмаймыз. Бес күннің еншісіне ерлік жазып, ешкімнің етегіне тығылмаймыз.

тұрса деп қазағымның байрағы алда, ұлтымның болашағын ойланам да. Жылында бір шыққанда сахнаға, ойдағы сөзімді айтпай жай қалам ба?! Бар сырымды ақтарып қалайыншы, намыстан қаным бойда қайнағанда.

Қазақстан әлемді мойындатты, деп біздер кереметпіз сайрағанда.

ұлт тағдыры шешілер сәт келгенде, Айналамыз мүсәпүр майда адамға.

Шамамыз жетпейді деп көлгірсиміз, Бүрі жоқ табанымыз тайғанауда.

Амал жоқ, не айтса да көнеміз деп, Қорқақтықпен тартамыз айланы алға. Әлсіз болсақ, сонда не айтса көніп, Жүре беру керек пе айдағанға. елулікке ендік деп ентігеміз, Астанамыз көркейіп жайнағанға.

елу түгіл ел деуге ауыз бармас, Азып жатқан ауыл көп айналаңда. Қазақтың ысқырығы жер жарып тұр, Алға сап бес ешкіні айдағанда.

Айбек елді бүлікке шақырды деп, Кейбіреулер баспасын байбаламға. Қазақтың ақындары қарашаны, Бүлікке шақырып ед қай қоғамда? тарихтан түйгенімді жырға қостым,

ел жайлы, жақсы болса қайғы алам ба? Жәнібек жайындағы әнгімеден, үйренетін тәмсіл көп ойлағанға.

Керексізін өзіме қайтарарсың, Керегін қажетіңе пайдалан да. осымен қош аман бол көрерменім, сөздерін түйіндесін қайнағам да. Ағайын, бұл еркештен мен жеңілдім, термелеп алдарыңда сайрағанда.

Ал, еркеш, осы жерден мен тоқтадым, Көп сөйлеу жараспайды ойлы адамға. Көк шандыр қазы болмас шайнағанға, Қара су сорпа болмас қайнағанға!

Еркебұлан:

Айеке, торғай жақтан сен келіпсің, Атамыз үлкен ед деп желденіпсің. Қазақты бөліп-жарды деп ойлама, мына жастар шежірені жөндеп ұқсын. Бағанадан қарасам сөзіңізге,

Бұл елді мен емес-ау, сен бөліпсің.

«Керейге күйеусің» деп ел бөліпсің,

«Шымкетский подход» деп жер бөліпсің. енді келіп жалаңды маған жауып, өлеңіңе өзгеше өң беріпсің.

Бұл да болса арқасы-ау қарындастың, тәп-тәуір термин жаттап, өзгеріпсің. сынықтан басқа бәрі жұғад деген,

«Подходты» менен жақсы меңгеріпсің!

есілдің арғы жағы, бергі жағы Айтысқа елеңдеп тұр ел құлағы. Айеке, күңіренбей сәл сабыр ет, еліңнің естілмесін енді зары.

Бір ауыз жақсы сөзің қайырлы боп, Бір ауыз жаман сөзің ел бұзады.

Бірақ бұл айтыстағы стилің ғой, сізге ақыл айтпаймын ендігәрі. Айекенің айтысы – үнді кино, Көргендер көздің жасын көл қылады. Бас жағы комедия боп басталад та, трагедия боп бітеді соңғы жағы.

Басылса ашуыңыз қайнап тұрған, Бауырыңды бір тыңда сайрап тұрған. Жәнібектің айттың-ау ерліктерін, тілі жоқ хайуандарға қайрат қылған. Жауға қылған ерлігін мен айтайын, өзім де осылай деп ойлап тұрғам.

Жәнібектің болыпты ақ жалауы, Көтерсе жоңғар-қалмақ жайрап тынған. сол ақ туды аманат қылатындай, тәңірім ізбасарын сайлы-ақ қылған. ұлт азаттық майданда оспан батыр, сол жалауды жұртына байрақ қылған. Қос дәуірді қосқандай сол ақ жалау, талайлардың үстінде ойнақ қылған.

Бабалар ерлігіне қайран қалдым, ел үшін өлімге бас байлап тынған. Бір жарым құлаш қана шүберекпен

«Бір жарым миллиардқа» айбат қылған!

Атағы асып шығып кіл майданнан,

еділ, Жайық, іле, ертіс, сырды айналған. Қазақ деген тәңірдің тарысы ғой,

дәнін егіп, егінін жимай қалған. тарихқа қарап тұрсам жер көп екен, Біздің ұлттың ізімен шимайланған. ташкент те қазақтың өз жері еді, төле би төрге шығып биге айналған. орынбор мен омбы да қазақтікі, Арыстар білім алар үйге айналған. Байөлке мен Қобда да қазақтікі,

мал бағып, топырағы қиға айналған. Алтай менен Шынжаң да қазақтікі, Қандастар көшер кезде қимай қалған. осыны қарап тұрып ойға қалдым, мекеніміз көп екен мидай болған.

Әлемде қазақ дейтін жалғыз ұлт бар, Жаратқан жерді аямай сыйлай қалған. Жерінің молшылығы соншалықты, ішіне шекараның сыймай қалған!

Айеке, болмасақ та зарлағандай,

сөз қылмасақ болмайды тар заманды-ай. Біреу жүр көптігінен мал баға алмай, Біреу жүр жоқтығынан жан баға алмай. Бұл күндері көбейді жалған ақпар, Жұмысына Алдарды жалдағандай.

100 қойдан 150 дей қозы алдырған, Кешегі социалистік сор қоғамдай. Пәлен жерге ауыз су бердік дейді, Барып көрсең бір тамшы тамбағандай. түген жерге табиғи газ бердік деп, Айтқанменен қалады ол да жанбай.

Біздің елде алаяқ фирмалар көп, Аңқау елге арамза молдалардай. Адам емес, ақша үшін еңбек етіп, тендердің теңгесіне малданардай.

Пәлен кәсіп жандандырып жатырмыз деп, тексеріп бара қалса зар қағардай.

Жоғарыдан тексерсе әкім қара, Көзін байлап, көңілін арбағандай. үлкен қоян өсіріп жатырмыз деп, Көк есекті көрсетіп алдағандай!

Бұндай жайлар болса да маңайымда, тойда енді зар-мұңыңа қанайын ба?! Айеке, сен тоқтасаң мен тоқтайын, Ағамның қабағына қарайын да.

Қиянатқа қимайтын жігіт едің, селдіреп қапты біраз самайың да. Қасқа басын қасқитып күйеу демей, Құрысын, шәкірт болып қалайын да. Бұл айтыс тұңғыш рет өтіп отыр,

«Бейбітшілік, келісім сарайында». Абайдың затына сай болғаннан соң, сарайдың атына сай болайын да.

Ал аға, бауырыңды бауырыңа бас, мен де сенің арқаңнан қағайын да. елдегі татулықты көрсетейік, Алыстан келіп жатқан ағайынға!

2014 жыл.

 ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

 АҚЫНДАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

 Мұхамеджан Тазабеков – 1975 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Құу-ін қазақ әдебиеті мамандығы бойын- ша бітірген (1996). осы университеттің магистратурасын (1998), аспирантурасын тәмамдаған (2000).

 Айтысқа мектеп қабырғасынан бастап қатасқан. ұстазы – Айтмұхаммед исақов. Б.момышұлының 90 жылдығы мен с.Әлібекұлының 210 жылдығына арналған айтыстарда(1990) бас жүлдені жеңіп алған. 1991-2003 жылдар арасында айтулы айтыстардың жеңімпазы, жүлдегері болды.

 Әл-Фараби атындағы Құу ақындарды дайындау мектебінің жетекшісі (1996- 1997), 1997-2003 жылдары ұлттық гвардия құрамында «Президенттік оркестр орындаушысы» қызметін атқарады.

1996 жылы профессор м.Жолдасбековтың сценарииі бойынша түсірілген

«Жамбылдың жастық шағы» фильмінде басты рөлді сомдаған.

 2001-2003 жылдар аралығында Халифа Алтай атындағы халықаралық қоры директорының орынбасары қызметін атқарды. 2001-2009 жылдар аралығында

«Қазақстан» телеарнасында «Жұмадағы жүздесу», «Құбыла», «ораза қабыл бол- сын», «иман нұры» хабарларының авторы әрі жүргізушісі ретінде танылды.

2009 жылдан «Асыл арна» діни ағартушылық телеарнасының директоры.

 «Айтыстар» (2006), балаларға арналған «иман бақшасы» (2009) еңбектері жарық көрген. «дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (1998).

 Айбек Қалиев – 1978 жылы Қостанай облысы (бұрынғы торғай), Жангелдин ауданының тәуіш ауылында туған. л.н. гумилев атындағы еұу-ін үздік бітірген (1998). с. сейфуллин атындағы ҚАу қазақ тілі кафедрасында ассистент, оқытушы,

аға оқытушы болып еңбек еткен (1998-2001). л.н. гумилев атындағы еұу қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті қызметтерін атқарған (2001-2009). 2009 жылдан ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының Педагогика және филология факультетінің деканы.

 «торғай ақындарының дәстүрлі поэзиясы» атты тақырыпта кандидаттық диссер- тация қорғаған (2006). «торғай ақындарының дәстүрлі поэзиясы» атты монография- сы жарық көрді (2008). ғылыми басылымдарда отызға жуық ғылыми мақалалары жарияланған. Бірнеше дүркін республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері.

 Шырынбек Қойлыбаев – 1978 жылы Жамбыл облысы, талас ауданы, үшарал ауылында дүниеге келген.

 м.Х. дулати атындағы тму-ін филология мамандығы бойынша бітірген (2002). л.н. гумилев атындағы еұу аспирантурасын тәмамдаған (2006). «Қазіргі

айтыстың идеялық-көркемдік ерекшеліктері» деген тақырыпта профессор мыр- затай Жолдасбековтің жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғаған.

«Қазақстан республикасы. тәуелсіздік шежіресі» көп томдық жобасының негізгі шығарушыларының бірі.

 Айтыс өнеріне өзіндік әуенмен келген ақын. Жамбыл облыстық ақындар айтысының (1999), тараз қаласының 2000 жылдығына орай өткізілген халықаралық ақындар айтысының (2002) бас жүлдесін жеңіп алған. Қазіргі таңда Құөу-де Қорқыт атындағы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары болып қызмет атқарады.

 Филология ғылымдарының кандидаты (2009). «Қазақстан республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

 Кәрима Оралова – 1973 жылы оңтүстік Қазақстан облысы, ордабасы ауданы, Бадам станциясында туған. Шымкент педагогикалық мәдениет институтының (қазіргі м.Әуезов атындағы оҚму) музыка-педагогикалық факультетін бітірген (1994).

облыстық, республикалық айтыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы.

 ташкент қаласында өткен халықаралық ақындар айтысында (1999), оңтүстік Қазақстан облысының 70 жылдығына арналған респубикалық айтыста (2002) бас жүлдені иеленген. облыс әкімінің «Жылдың ең үздік ақыны» атағының иегері (2002).

Қазіргі таңда м.Әуезов атындағы оҚму-де ұстаз болып еңбек етеді.

 Ермек Жұматаев – 1967 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, саурық ауы- лында туған. Әл-Фараби атындағы Құу журналистика факультетін бітірген.

 еңбек жолын 1988 жылы Жамбыл аудандық мәдениет үйінің автоклуб меңгерушісі болып бастаған. Бүгінде Қарасай аудандық мәдениет және тілдерді да- мыту бөлімінің басшысы. Бірнеше республикалық айтыстардың жүлдегері.

Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері.

 Баянғали Әлімжанов – 1954 жылы Ақмола облысы (бұрынғы Көкшетау), степняк қаласында туған.

Қазму-нің филология факультетін бітірген (1977). с. мұқанов мұражайында,

«лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Кітап жаршысы» басылымдарында,

«Қазақфильм» киностудиясында, «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында,

«Көкшетау правдасы» газетінде, еңбекшілдер аудандық мәдениет бөлімінде, Ш.Құсайынов атындағы Көкшетау облыстық қазақ драма театрында еңбек еткен.

 1984 жылдан бері облыстық, республикалық деңгейде 215 рет айтыс додасына түсіп, 22 мәрте бас жүлде алған.

 Қырғызстан мәдениет министрлігі мен Композиторлар одағы тағайындаған А.малдыбаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (1995), «манас»,

«Қобыланды», «ер тарғын», «ер тәуке», «Арқалық батыр», «Батыр Баян», «Жанақ пен рүстем төре», «сүйінбай мен тезек төре», «Бақтыбай мен тезек төре», «Әсет пен Кемпірбай», т.б. қазақтың ескі жыр, айтыстарын ел ішінде жаңғыртып жырлаушы.

 Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2000).

 Дәулеткерей Кәпұлы – 1977 жылы моңғолияның Баян-өлгий аймағында туған. Әл-Фараби атындағы Құу-нің филология факультетін (1999), л.н. гумилев атындағы еұу магистратурасын (2002) бітірген.

 л.н. гумилев атындағы еұу-нің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушысы (1999-2005), Абай атындағы ҚұПу-нің қазақ филологиясы факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы (2006-2008) болып еңбек еткен. Астана қаласы әкімдігі мәдениет басқармасының қызметкері, «Алтын тамыр» әдеби-танымдық журналының шеф-редакторы, «Фоли- ант» баспасы директорының орынбасары, л.н. гумилев атындағы еұу, Әлеуметтік-

тәрбие жұмысы департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазір аталған университеттің PhD доктаранты.

 и. Байзақовтың 100 жылдығына, моңғолияның Баян-өлгий аймағының 60 жылдық мерейтойына, м. өтемісұлының 200 жылдығына, дәулетбай батырдың 300 жылдығына, Ш.Құдайбердіұлының 150 жылдығына арналған республикалық, халықаралық айтыстардың бас жүлдегері.

 «Жұлдыз» журналы жариялаған А.ыбыраев атындағы республикалық жазба ақындар мүшәйрасының (2000), III халықаралық Шығармашыл жастардың «Ша- быт» фестивалінің, Аягөз ауданының 80 жылдық мерейтойына тойына арналған республикалық жазба ақындар сайысының бас жүлделерін иеленген.

 «сүтті іңір» (2007), «Бүлдірген ағып түскенше» (2011) атты жеке жыр жинақтары жарық көрген.

 «дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Жазушылар одағының мүшесі. «Астана қаласына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. моңғолия демократиялық партиясының «Азаттық» орденінің иегері.

 Елмірбек Иманәлиев – қырғыздың белгілі айтыс ақыны. 1978 жылы Жалал- Абад облысы, тоқтағұл ауданы, өзгеріс ауылында туған. 15 жасынан бастап манас жырын жатқа айтып, айтысқа қатысқан.

 Қырғыздан шыққан төкпе ақын, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі туғанбай Әбдиевтің (1937-2008) шәкірті.

 Айнұр Тұрсынбаева – 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Құу-ін бітірген.

 1991 жылдан бері айтысқа қатысып келеді. Көптеген республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы. Франция, түркия, Қытай, моңғолия елдерінде өнер көрсеткен.

«дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

 Оразалы Досбосынов (1975-2005) – Алматы облысы, райымбек ауданы (бұрынғы нарынқол), тегістік ауылында дүниеге келген. Абай атындағы ҚұПу-нің филология факультетін тәмамдаған (1998).

 еңбек жолын тегістік ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі болып бастаған (1993-1994). ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Айтыс» үйірмесінің жетекшісі және көркемдік жетекші қызметтерін атқарған (2004-2005).

 республикалық және халықаралық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы. Қазақ айтыс өнерінің дамуына үлес қосқан ерекше дарын иесі.

 Мэлс Қосымбаев (1970 ж. т. оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданы, Жылысу ауылы) – ақын. мектеп қабырғасынан аудандық, облыстық ақындар айтыстарға қатысқан. орал педагогика институтын бітірген (1992).

 Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы, доценті (1992-2006). 2006 жыл- дан маңғыстау облысының мәдениет басқармасында қызмет етеді. республикалық және халықаралық айтыстардың жүлдегері (1988-2007). Қазақстанда алғаш өткізілген «Айтыс – Қазақстан» чемпионатының (2007) бас жүлдегері.

 м.Қосымбаев – Абыл, Ақтан, нұрым, Қашаған, тағы басқа ақын-жыраулардан жеткен маңғыстаулық сөз саптау, мақам үлгісін жалғастырушы, осы заманғы айту- лы айтыс ақындарының бірі. Филология ғылымының кандидаты (1999). Қазақстан республиканың мәдениет қайраткері (2007).

 Балғынбек Имашев – 1977 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Жо- ламан ауылында туған. 1991 жылдан бастап ақындар айтысына қатыса баста- ды. Әл-Фараби атындағы Құу филология факультетінің әдеби аударма бөлімін, әдебиеттану мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдаған.

 еңбек жолын республикалық Қазақ радиосында редактор-стилист болып бастаған (1998-2000), Астана қаласындағы еуразия гуманитарлық институтында филология кафедрасының оқытушысы (2000-2001), л.н. гумилев атындағы еұу қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеген (2001- 2007). Академик р.нұрғалидың жетекшілігімен «Айтыстағы сатира мен юмор» де- ген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған (2006).

 і.Жансүгіров атындағы Жму қазақ филологиясы кафедрасының доценті (2007- 2009), «ЭрА-7 арна» ЖШс дубляж департаментінің редакторы болып еңбек ет- кен (2009-2012). Қазіргі таңда Қазақстан республикасы ұлттық спорт түрлері қауымдастығында қызмет істейді.

 Көптеген республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы. Қырғызстан, өзбекстан, Қытай елдерінде, Париж, стамбул, мәскеу шаһарларында өнер көрсеткен. Қазақ тілі қоғамының медалімен марапатталған.

Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы.

 Ринат Зайытов – 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында туған. м.төлебаев атындағы музыкалық колледжін «драмалық театр актері» мамандығы бойынша бітірген. семей мемлекеттік педагогикалық институтында филолог мамандығы бойынша білім алған.

 «тазша бала» атты жас сықақшылар республикалық байқауының жеңімпазы (2001). Бірнеше республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпазы.

 «Хабар» арнасында тікелей эфирде өткен республикалық жекпе-жек айтыстың жеңімпазы (2004). Аягөз ауданының Құрметті азаматы, «Астана қаласының дамуы- на қосқан үлесі үшін» медалінің иегері.

 Тілеген Әділов – 1974 жылы Қарағанды облысы, Ағадыр ауданы, Ақшатау елді- мекенінде туған. ө.Байқоңыров атындағы Жму-ін бітірген (1998).

Бірнеше республикалық айтыстардың жеңімпазы.

 Дидар Қамиев – 1988 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақбауыр ауы- лында туған. Қарағанды қалаcындағы «Болашақ» университетін бітірген (2010). ең алғаш айтыс сахнасына он жасында шыққан.

 Қырғызстанда өткен бүкіләлемдік жыршы-эпосшылар фестиваліне қатысып, арнайы медальмен марапатталған (2006). Павлодар қаласында өткен м.Ж. Көпей- ұлының 150 жылдығына арналған республикалық айтыста (2008), Қызылорда қала- сында өткен «нұр отан» партиясының 10 жылдығына арналған республикалық айтыста (2009), Астана қаласында өткен республикалық жас ақындар айтысында (2009), Қызылорда облысы Шиелі ауданының 80 жылдығына арналған «маржаны сырдың Шиелі» атты республикалық айтыста (2009), Шымкент қаласында өткен республикалық ақындар айтысында (2011) бас жүлдені иемденген.

 Айтақын Бұлғақов – 1960 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданы, үшарал ауылында туған. і.Жансүгіров атындағы Жму-ін бітірген (1996). үшарал ауылындағы халық театрында (1977-1979), аудандық мәдениет бөлімінде (1979- 1982) автоклуб меңгерушісі болып еңбек еткен. Панфилов аудандық мәдениет үйінде домбыра үйірмесінің жетекшісі (1984-1989), талдықорған облыстық «Қазақ тілі» қоғамында (1990-1993), облыстық тіл басқармасында жетекші маман (1993-1994), облыстық телерадио компаниясында редактор (1994-1997), сүйінбай атындағы Ал- маты облыстық филармониясында баспасөз өкілі (2003-2008) қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап «Алатау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы.

Бірнеше республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері.

 Жандарбек Бұлғақов – 1991 жылы талдықорған қаласында дүниеге келген. л.н. гумилев атындағы еұу түлегі.

 с.Аронұлының 190 жылдығына арналған халықаралық айтыста (2005), Ж.Жабаевтың 160 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында (2007), К.Әзірбаевтың 125 жылдығына арналған ақындар айтысында (2009), Алматы об- лысы Қаратал, Панфилов аудандарының 80 жылдығына арналған республикалық ақындар айтыстарында (2009), Б.Жолбарысұлының 175 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында (2011), Астана қаласында өткен республикалық ақындар айтысында (2013) бас жүлдегер атанған. «Алтын домбыра» иегері (2013).

Бүгінде л.н. гумилев атындағы еұу-нің магистранты.

 Еркебұлан Қайназаров – 1984 жылы оңтүстік Қазақстан облысы, түркістан қаласына қарасты А. үсен ауылында туған. л.н. гумилев атындағы еұу-ін дәстүрлі музыкалық өнер мамандығы бойынша бітірген (2006).

 Қазақстан республикасы Президенттік мәдениет орталығының «ұлттық дәстүрлер театрында» қызмет атқарған (2007-2012). 2012 жылдан Құөу-нің Қорқыт ата атындағы ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болып еңбек етеді. Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағының атқарушы директоры.

 оңтүстік Қазақстан облысы, ордабасы ауданында (2008) және ер Жәнібек батырға арналған республикалық айтыстардың бас жүлдегері (2014). «текті сөздің төресі – терме» атты республикалық байқауда іі орын иеленген (2013).

 Нұрлан Мұсаев – 1984 жылы маңғыстау облысы, маңғыстау ауданы, Қызан ауылында туған. Ш.есенов атындағы Аму-ін Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген (2005). еңбек жолын аталған университетте ұйымдастырушылық жұмыстан бастап, бүгінде маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік орталықта бөлім бастығы қызметін атқарады.

 м.өтемісұлы атындағы республикалық студенттер айтысында (2003), «елбасы жолдауы – елдіктің арқауы» тақырыбында Қызылордада өткен республикалық айты- ста (2005), Қ.Күржіманұлы атындағы облыстық айтыста (2005) бас жүлдені иеленген. Аалы Тұтқышев – қырғыздың белгілі төкпе ақыны. 1983 жылы талас облы- сы, манас ауданы, Арал ауылында туған. Бүбісара Бейшеналиева атындағы Қырғыз

мемлекеттік өнер институтын бітірген (2005).

 Қырғыз елінің белгілі ақындары Әшірәлі Айталиев пен туғанбай Әбдиевтен тәлім алған. Амантай Құтманәлиев, Жеңішбек тоқтабеков, елмірбек иманәлиев, Азамат Болғанбаев секілді ақындармен айтысқан.

 Аманжол Әлтаев – 1971 жылы Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылында туған. Айтысқа 1988 жылдан бері қатысып келеді.

 1993 жылы е. Бөкетов атындағы Қму-нің филология факультетін бітірген. 1993-2000 жылдары осы университетте аға оқытушы, 2000 жылдан бастап л.н. гумилев атындағы еұу-нің «Қазақ әдебиеті» кафедрасында еңбек етіп келеді. Филология ғылымдарының докторы, профессор. 70-ке тарта ғылыми мақаланың, 2 монографияның, 1 оқу құралының авторы.

«Арқа арулары мен сал серілері» сайысының (Қарағанды, 1990), и. Байзақовтың

90 жылдығына (Павлодар, 1990), с. сейфуллиннің 100 жылдығына арналған (Жезқазған, 1990) республикалық айтыстардың жүлдегері. н. Бекежановтың 100 жылдығына (Қызылорда, 1990), Қ. мұңайтпасұлының 120 жылдығына (Шымкент, 1991), Қ. Аманжоловтың 80 жылдығына (Қарағанды, 1992) арналған және ташкент қаласында өткен халықаралық ақындар айтысының (1993) жеңімпазы. 2010 жылы Астанада ел тәуелсіздігінің 19 жылдығына арналған айтыстың бас жүлдегері.

 Айтыс өнерінің дамуына зор үлес қосқан өнерпаздардың бірі. Франция, түркия, Қытай, моңғолия мемлекеттерінде өнер көрсеткен. «дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (1998). «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2005). Жаз- ба өлеңдері мен айтыстары кітап болып жарық көрген.

 Әсем Ережеқызы – 1980 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы (бұрынғы семей облысы, Шұбартау ауданы), Байқошқар ауылында туған.

 Шәкәрім атындағы сму-нің филология факультетін бітірген (2001). се- мей мемлекеттік педагогикалық институтының магистратурасын тәмамдаған (2005). Шәкәрім атындағы сму-де оқытушы (2001-2004), семей мемлекеттік педагогикалық институтында ғылыми қызметкер (2004-2008) болып еңбек еткен. Қазіргі таңда л.н. гумилев атындағы еұу-де баспасөз хатшысы қызметін атқарады. республикалық, халықаралық айтыстардың бірнеше мәрте жүлдегері. Жаз-

ба өлеңдері 2000 жылдан республикалық «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз» басылым- дарында жарық көріп келеді. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты. моңғолия қазақ жастары одағының «Көшбасшы» алтын жұлдызының иегері.

 Мұхтар Ниязов – 1985 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында туған. Қорқыт Ата атындағы Қму-нің түлегі. 2009 жылдың наурызынан бастап «Ақ сөйле!» ақындар бірлестігінің басшысы.

 2004 жылы Астана қаласында өткен Vі Халықаралық «Шабыт» жастар шығармашылығы фестивалінің поэзия номинациясы бойынша дипломанты.

 орал қаласында өткен сырым датұлының 265 жылдығына арналған (2008), Байқоңыр қаласында «Байқоңырдан ғарышқа» атты ғарыш айлағының 55 жылдығына арналған (2010), Ақтау қаласында ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына (2011), Ал- маты қаласында «төртеу түгел болса...» атты ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына (2011), «Біздің ел осындай» атты елордада тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған республикалық ақындар айтыстарының (2012) бас жүлделерін жеңіп алған.

«Алтын домбыра» иегері (2012).

 Бекарыс Шойбеков – 1976 жылы оңтүстік Қазақстан облысы, отырар ауданы, отырар ауылында туған. Қ.А. Яасауи атындағы ХҚту-нің түрік тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген (1997). осы университеттің ма- гистратурасын (1999) және аспирантурасын (2001) тәмамдаған.

 еңбек жолын 1999 жылы осы университеттің «Аударма орталығында» аудар- машы болып бастады. «Халықаралық қатынастар» бөлімінің басшысы, түркология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері болып еңбек еткен. 2009 жыл- дан «өнер мектебі» мКҚК директоры.

республикалық, Халықаралық дәрежеде өткен көптеген айтыстардың жеңімпазы.

«Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдарының иегері. оты- рар ауданы және түркістан қаласының Құрметті азаматы.

 «дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері.

 Шынберген Сүлейменов – 1975 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қызылжар ауылында туған. Айтысқа 17 жасынан бастап қатысқан.

 Қызылорда қаласында зейнолла Шүкіров атындағы жүлде үшін өткен ай- тыста (1994), Байқоңырда өткен ақындар айтысында (2002), Шығанақ Берсиевтің құрметіне өткізілген айтыста (2006) бас жүлдені иемденген.

Қазіргі таңда қазақ сахнасында шырқалып жүрген көптеген әндердің авторы.

 Жарқынбек Наушабеков – 1976 жылы оңтүстік Қазақстан облысы, сарыағаш ауданы, Ақтөбе ауылында туған. ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педогогикалық институтын бітірген (1997). 1992 жылы облыстық жас ақындар айтысының бас жүлдесін жеңіп алған. 2008 жылдың қорытындысы бойынша «оңтүстік Қазақстан облысының ең үздік айтыскер ақыны» атағын иеленген.

 Қазіргі таңда сарыағаш аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры болып қызмет істейді.

«Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен наградталған.

 Мейірбек Сұлтанхан – 1993 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.

 «Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «оттан да ыстық – отаным» атты облыстық ақындар айтысының, Кеңес одағының Батыры т.Көмекбаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған «сыр қыраны» атты облыстық ақындар айтысының бас жүлдегері.

 Ақмола облысы, Ақкөл ауданының 80 жылдық мерейтойына байланысты өткен республикалық айтыста, талдықорған қаласында өткен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысында (2009), Астана күніне орай өткен дәстүрлі республикалық ақындар айтысында үздік өнер көрсетіп, жеңімпаз болған.

Қазіргі таңда л.н. гумилев атындағы еұу студенті.

 Серікзат Дүйсенғазин – 1974 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, тарбағатай ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Құу-нің филология факультетін бітірген (1999).осы университет жанындағы студенттер клубы директорының орынбасары, директоры (1999-2001), ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы директорының орынбасары (2001-2002) болып еңбек еткен. 2002 жылдан л.н. гу- милев атындағы еұу қазақ әдебиеті кафедрасында ұстаздық жолда. Филология факультеті деканының орынбасары (2006-2011) қызметін атқарды. университет жа- нынан құрылған «топжарған» жас айтыскерлер мектебінің жетекшісі.

 1990 жылдан бері айтысқа қатысып келеді. төлеу Көбдіковтің 130 жылдығына (2004), «Қорғалжын – құтты мекенім» тақырыбына (2006), Жамбыл Жабаевтың 165 жылдығына арналған (2011) республикалық айтыстардың бас жүлдегері. Қытай, Қырғызстан, Армения, Әзірбайжан елдерінде қазақтың айтыс өнерін насихаттап, өнер көрсеткен.

 Жазба поэзияның өкілі ретінде де республикаға танылған ақын. өлеңдері «Жа- лын», «Парасат» журналдарында, «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ» газеттерінде жа- рияланып тұрады.

 «Халық поэзиясы және ғабдіман игенсартов мұрасы» (2007) ғылыми монографиясының, «Шетел әдебиетінің тарихы» атты оқулықтың авторы. «наурыз айтысы» (2003), «Қазіргі айтыс» үш томдық жинағы (2004), «Астана көшелерінің атаулары» (2006), «Бізге де сөйлер кез келер» (2009) жинақтарының құрастырушысы. л.н. гумилев атындағы еұу қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология

ғылымдарының кандидаты (2006).

 Иран-Ғайып Күзенбаев – 1984 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ба- лаби ауылында туған. л.н. гумилев атындағы еұу-ін дәстүрлі музыкалық өнер мамандығы бойынша бітірген ( 2006 ).

 «Қазақстан» трК, Қазақ радиосында редактор (2007-2009) және Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің жанынан ашылған «Ай- тыс» бөлімінде қызмет еткен (2012). Қазіргі таңда Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағында еңбек етеді.

Бірнеше айтыстардың жүлдегері.

АЙТЫСТАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР

 Мұхамеджан мен Айбек (2001). мұхамеджан тазабеков пен Айбек Қалиев 2001 жылы Алматы қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ж. ерманов ұйымдастырған тұңғыш «Жекпе-жек» айтыста сөз жарыстырған. мәтін м.тазабековтың «Айтыстар» (Алматы, 2006, 304-340 беттер.) кітабы бойынша берілді.

 Шырынбек пен Кәрима ( 2002). Шырынбек Қойлыбаев пен Кәрима оралова 2002 жылы тараз қаласының 2000 жылдығына арналған халықаралық айтыста бақ сынасқан. мәтін «Қазіргі айтыс», 2 кітап. – (Астана: «Күлтегін», 2006, 169-176 бет- тер.) еңбегінен алынды.

 Шырынбек пен Ермек (2002). екі ақын 2002 жылы тараз қаласының 2000 жылдығына арналған халықаралық айтыстың ақтық сынында өнер жарыстырған. материал «Қазіргі айтыс», 2 кітап. – (Астана: «Күлтегін», 2006, 169-176 беттер.) еңбегінен әзірленді.

 Баянғали мен Дәулеткерей (2002). Баянғали Әлімжанов пен дәулеткерей Кәпұлы 2002 жылы Көкшетау қаласында Кенесары Қасымұлының 200 жылдығына арналған республикалық айтыста сынға түскен.

 мәтін «Қазіргі айтыс», 1 кітап. – (Астана: «Күлтегін», 2004, 69-81 беттер.) еңбегінен алынды.

 Мұхамеджан мен Дәулеткерей (2002). екі ақын 2003 жылы Алматыда л.н. гу- милев атындағы еұу-і мен Әл-Фараби атындағы Құу-і ақындары арасындағы ай- тыста бақ сынысқан.

 Айтыс д.Кәпұлының «Шертолғақ», - (Астана, Фолиант, 2013, 111-130 беттер.) жинағы бойынша берілді.

 Елмірбек пен Айнұр (2003). елмірбек иманәлиев пен Айнұр тұрсынбаева 2003 жылы Астанада л.н. гумилев атындағы еұу-де өткізілген Халықаралық ай- тыста кездескен.

 мәтін «Қазіргі айтыс», 2 кітап. – (Астана: «Күлтегін», 2006, 195-203 беттер.) еңбегінен алынды.

 Дәулеткерей мен Оразалы (2003). дәулеткерей Кәпұлы мен оразалы досбо- сынов 2003 жылы Астанада дулат Бабатайұлының 200 жылдығына орай өткізілген айтыста сынға түскен.

 материал «Қос жұлдыз», - (Алматы: ЖШс рПБК «дәуір», 2012, 8-25 беттер.) жинағы бойынша ұсынылды.

Мэлс пен Балғынбек (2003). мэлс Қосымбаев пен Балғынбек имашев 2003

жылы Алматы қаласында махамбет өтемісұлының 200 жылдық мерейтойына бай- ланысты ұйымдастырылған айтыста өнер жарыстырған.

 мәтін «Қазіргі айтыс», 2 кітап. – (Астана: «Күлтегін», 2006, 259-266 беттер.) еңбегінен алынды.

 Мэлс пен Дәулеткерей (2003). мэлс Қосымбаев пен дәулеткерей Кәпұлы 2003 Алматы қаласында махамбет өтемісұлының 200 жылдық мерейтойына байланы- сты ұйымдастырылған айтыстың ақтық сынында бақ сынасқан.

 Айтыс д.Кәпұлының «Шертолғақ», - (Астана, «Фолиант», 2013, 131-146 бет- тер.) еңбегі бойынша әзірленді.

 Мэлс пен Айбек (2004). мэлс Қосымбаев пен Айбек Қалиев 2004 жылы Алматы- да ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін ерманов ұйымдастырған

«Жекпе-жек» айтыста сынға түскен.

 мәтін «Қазіргі айтыс», 3 кітап. – (Астана: «Күлтегін», 2006) еңбегінен алынды. Мэлс пен Балғынбек (2004). мэлс Қосымбаев пен Балғынбек имашев 2004 жылы Алматыда ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін ерманов

ұйымдастырған «Жекпе-жек» айтыста өнер жарыстырған.

 материал «Қазіргі айтыс», 3 кітап. – (Астана: «Күлтегін», 2006) еңбегі бойынша ұсынылды.

 Балғынбек пен Ринат (2004). мэлс Қосымбаев пен ринат зайытов 2004 жылы Алматыда ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін ерманов ұйымдастырған «Жекпе-жек» айтыстың ақтық сынында айтысқан.

 Айтыс «Қазіргі айтыс», 3 кітап. – (Астана: «Күлтегін», 2006) еңбегінен берілді. Тілеген мен Дәулеткерей (2006). тілеген Әділов пен дәулеткерей Кәпұлы 2006 жылы Қарағанды облысының сәтбаев қаласында Шынболат ділдебаевтың 70

жылдығына арналған республикалық айтыста бақ сынасқан.

 Айтыс д.Кәпұлының «Шертолғақ», - (Астана, Фолиант, 2013, 327-336 беттер.) еңбегі бойынша әзірленді.

 Дидар мен Жандарбек (2008). дидар Қамиев пен Жандарбек Бұлғақов 2008 жылы Жаркент қаласында Панфилов ауданының 80 жылдығына арналған айтыста үзеңгі қағыстырған.

материал «AITYSKER» интернет порталынан ұсынылды.

 Айтақын мен Жандарбек (2010). Айтақын Бұлғақов пен Жандарбек Бұлғақов 2010 жылы Алматыда өткен «тіл кеспек жоқ..» деп аталатын айтыста өнер жарыстырған.

мәтін «AITYSKER» интернет порталынан алынды.

 Еркебұлан мен Нұрлан (2011). еркебұлан Қайназаров пен нұрлан мұсаев 2011 жылы Астана қаласында ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «тәуелсіз елдің таңы жарық» тақырыбында өткен халықаралық айтыста үзеңгі қағыстырған.

Айтыс мәтіні ақын е.Қайназаровтың жеке мұрағатынан алынды.

 Ринат пен Аалы (2011). ринат зайытов пен Аалы тұтқышев 2011 жылы Астана қаласында ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «тәуелсіз елдің таңы жарық» тақырыбында өткен халықаралық айтыста сынға түскен.

мәтін «AITYSKER» интернет порталынан әзірленді.

 Аманжол мен Әсем (2011). Аманжол Әлтаев пен Әсем ережеқызы 2011 жылы Астана қаласында ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «тәуелсіз елдің таңы

жарық» тақырыбында өткен халықаралық айтыста кездескен.

Айтыс «AITYSKER» интернет порталынан алынды.

 Балғынбек пен Мұхтар (2012). Балғынбек имашев пен мұхтар ниязов 2012 жылы Қызылорда облысы, Арал қаласында «Жақайым – аға баласы» деп аталатын айтыста бақ сынасқан.

Айтыс ақын е.Қайназаровтың жеке мұрағатынан алынды.

 Бекарыс пен Шынберген (2012). Бекарыс Шойбеков пен Шынберген сүлейменов 2012 жылы Қызылорда облысы, Арал қаласында «Жақайым – аға бала- сы» деп аталатын айтыста өнер жарыстырған.

мәтін «AITYSKER» интернет порталынан ұсынылды.

 Жарқынбек пен Балғынбек (2012). Жарқынбек наушабеков пен Балғынбек имашев 2012 жылы оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «ұлысымның ұйытқысы – оңтүстік» деп аталатын айтыста үзеңгі қағыстырған.

Айтыс «AITYSKER» интернет порталынан алынды.

 Мұхтар мен Айбек (2012). мұхтар ниязов пен Айбек Қалиев 2012 жылы Қазылорда облысының Жалағаш ауданында Бұхарбай естекбайұлының 200 жылдығына арналған айтыста өнер жарыстырған.

Айтыс ақын е.Қайназаровтың жеке мұрағатынан алынды.

 Жарқынбек пен Айнұр (2013). Жарқынбек наушабеков пен Айнұр тұрсынбаева 2013 жылы Шымкент қаласында өткен дәстүрлі «наурыз» айтысында сынға түскен.

мәтін ақын Ж.наушабековтың жеке мұрағатынан алынды.

 Мейірбек пен Жарқынбек (2013). мейірбек сұлтанхан мен Жарқынбек нау- шабеков 2013 жылы Алматы қаласында «сүйер ұлың болса, сен сүй» тақырыбымен өткізілген айтыста бақ сынасқан.

материал ақын Ж. наушабековтың жеке мұрағатынан алынып ұсынылды.

 Серікзат пен Иран-Ғайып (2013). серікзат дүйсенғазин мен иран-ғайып Күзенбаев 2013 жылы Қызылорда қаласының 195, «Қазгермұнай» ЖШс-нің 20 жылдығына арналған айтыста сынға түскен.

Айтыс «AITYSKER» интернет порталынан алынды.

 Айбек пен Еркебұлан (2014). Айбек Қалиев пен еркебұлан Қайназаров 2014 жылы Астана қаласында Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдығына орай «ел қорғаған – ер Жәнібек» тақырыбымен өткен айтыста сынға түскен.

Айтыс ақын е.Қайназаровтың жеке мұрағатынан алынды.

СӨЗДІК

Адыра – бұғы, аю т.б. аң терілерінен жасалған бұйым, зат.

«Ақжол» – Қазақстанның саяси партиясы. 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген.

 «Алжир» («Акмолинский лагерь жен изменников родины») – сталиндік тоталитарлық жүйе кезінде «халық жаулары» саналып, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, шаруашылық, партия-кеңес басшыларының әйелдері мен қыздары жазықсыз жазасын өтеген Ақмола облысындағы лагерь. Астана қаласының оңт. батысында, төңкеріс (малиновка) елді мекенінде 1937 жылдың 5 тамызында құрылып, 1950 жылдың басында таратылған. Артек – халықаралық балалар орталығы, гурзуф (украина) қаласының жанында 1925 жылдың құрылған. 1991 жылы Кеңес одағы ыдыраған соң лагердің мәртебесі

түсіп, қазір балалардың дем алатын орны болып есептеледі.

Аттандау – дабыл қағу, ұран салу.

 Атеизм – /француз/ – табиғаттан тыс күштерге сенуді жоққа шығаратын- көзқарастар жүйесі, бүкіл дін атаулыны жоққа шығару.

 Әбілхаят – мәңгі өмір дарытатын қасиетті су. мұндағы әб - су, хаят - өмір деген мағынаны білдіреді. оны Қызыр пайғамбар тапқан, ол суды ішкен мәңгі өмір сүреді деген әпсана бар.

Бақи /араб/ – мәңгі, өмірлік, ана дүние, о дүние.

Батпан – салмағы 4 пен 16, кейде 12 пұтқа дейін ауырлықты білдіретін өлшем.

 Бәдік – тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Алғашқыда ауру адамды немесе малды емдеу мақсатында айтылған.

Бұт /қырғыз/ – аяқ деген мағына білдіреді.

 «Дарын» – Қазақстан республикасы үкіметінің дарынды жастарға тағайындаған мемлекеттік сыйлығы. ол 1992 жылдан бастап жасы 35-тен аспаған, қоғамдық- әлеуметтік, мәдени қызметтерімен халыққа танылған, дарынды жастарға 2 жылда бір рет беріліп келеді.

 «Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. ХVIII ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Бүгінгі күнде дастанның екі нұсқасы белгілі.

Жалбыз – саздауыт жерде өсетін хош иісті дәрілік, тағамдық, сәндік өсімдік.

 Жамбы – сыйлыққа жүретін әртүрлі формада қорытылып құйылған кесек ал- тын немесе күміс құйма.

Жауырыншы – жауырынға қарап бал ашатын балгер.

Жаһіл – Алланаң үкімінен, хақтығынан бейхабар; білімсіз, надан.

 Жент – тары жармасынан, үгітілген ірімшіктен қант, май қосып жасалатын ұлттық тағам.

Жерік – екіқабат әйелдің белгілі бір тағам түріне аңсары аууы, құмарлануы.

Зәузат – үрім-бұтақ, өрен-жаран, әулет, тұқым, ұрпақ, жұрағат.

 «Карлаг» – Қарағанды облысы аумағында 1931-1956 жылдары аралығында жұмыс істеген еңбекпен түзеу лагері. социализм құрудың сталиндік бағдарламасын жүзеге асыру үшін тұтқындардың тегін еңбегін жаппай пайдалану мақсатында құрылған.

Кеще – мешеу, тоғышар адам.

 Күшала – шаянот тұқымдасына жататын улы түйнекті көпжылдық шөптесін өсімдік.

Кісікиік – жұртпен араласпай, өзімен-өзі томаға тұйық, саяқ жүретін адам.

Қанжілік – жылқы малының аяғына күш түсіп, зорығуы.

Қашыр – бие мен есек айғырының шағылысуынан туған мал.

Қомыз, (комуз) – қырғыз халқының ішекті шертпелі музыкалық аспабы.

 Көбең – жылқы малының көктемде бос жіберіліп, қоңданып, тойына бастаған кезі.

 Құндақ – баланы бесікке салғанға дейінгі ораған бөлеуі, жөргекке оралған қалпы.

Қысырақ – үйірге қосылмағандықтан қысыр қалып құлындамаған байтал не бие.

 Мәйек /иран/ – жас төлдің ұлтабарынан алынып, сүттен ірімшік жасауға пайда- ланылатын іріткіш зат.

 Мәмлүк /араб/ – ортағасырлық мысырдағы түркі және Кавказ халықтары өкілдерінен шыққан жауынгер-құлдарды осылай атаған. Араб тілінен аударғанда “құл” деген мағынаны білдіреді.

 Мәңгүрт – тарихи жадынан, тілі мен дінінен, ділінен айырылған ұлтсызданған адам.

 Миссионер /француз/ – басқа діндегілер арасына өз дінін уағыздау үшін жібері- летін, әлбетте христиан, католик, будда дініндегі адам.

 «Мұңлық-Зарлық» – шығыс әдебиеті негізінде нәзирагөйлік дәстүрінде жазылған лиро эпостық жыр.

Мысқал /араб/ – жиырма бес грамға тең салмақ өлшемі. Науат – балқыта қайнатып қатырылған мұз түсті қант. Нән – үлкен, дәу, қомақты.

 Өлтірі – қалыңдықтың үйіне күйеу жағы әкелетін ең алғашқы дәстүрлі кәде, құдайы мал.

Патент – сауда жасауға немесе белгілі бір кәсіп қылуға құқық беретін куәлік. Пітір /араб/ – ораза айында жан амандығына шүкірлік ретінде берілетін садақа. Сақар – алабота шөбінің күлінен қайнатылған сабын.

 Самаурын /орыс/ – шәй қайнатуға арналған, оттығы ішкі жағында орналасқан металл ыдыс.

Сарабдал – әбден ысылған, кәнігі.

 Сарқыт – жақсы қасиеттері жұғысты болсын деп ырымдап жейтін үлкен кісілерден қалған тағам.

Сарыүйек – сары түсті үлкен улы жылан.

 Сахаба /араб/ – мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың ислам дінін таратқан кезіндегі дос, жолдас серіктері, пайғамбарды көзімен көрген, естіген, онымен тілдескен жандар. Сыған – халық (тегі мен тілі ортақ этн. топ). үндіжерортатеңіздік нәсілге жа- тады. Алыпсатарлық, бал ашу, қайыр-садақа сұраумен айналысады. Жер шарының

барлық құрлықтарына таралған.

 Сіргежияр – күздігүні бие ағытардың алдында ең соңғы қымызға көрші- қолаңды шақыру кәдесі.

Талқы – теріні керіп, созып, иін қандыра жұмсартатын ағаш аспап.

 Тарамыс – малдың жіліншік сіңірлерін кептіріп, соның талшықтарынан ширатқан, етік және тағы басқаларды тігетін мықты жіп.

 «Тауқұдірет» – Жамбыл Жабаев ақын орынбай таймановты осылай атаған деседі.

 Төрт кітап – Құран Кәрімде білдірілген кітаптар. олар – зәбур, тәурат, інжіл, Құран. мұсылман қауымы бұл төрт кітапты Алла тарапынан адам баласына тура жолды көрсету үшін жіберілген деп біледі.

Тәмпіш – мұрны келте, қысқа келген адам.

 Түре – ер-әйел екі-екіден жұптасып, төрт кісінің қара өлеңмен айтысатын, қысқа да тез бір-бір ауыз өлеңмен жауаптасатын айтыс түрі.

Уран /грек/ – радиоактивті қасиеттері бар ақ түсті қымбат металл.

Халал /араб/ – рұқсат етілген әрекет, пайдалануға тыйым салынбаған тағам, зат.

Шандыр – тіс өтпейтін тарамыс ет.

Шөгір – шидің, қамыстың, бұтаның тұқылы, үшкір түбірі. Шірне – өсімдіктің бойында, жемісінде түзілетін тәтті зат. Эрмитаж – ірі көркемсурет және тарихи-мәдени мұражай.

ТАРИХИ ЕСІМДЕР

 Ақселеу Сейдімбек (1942, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Байдалы би ауылы – 2009, Астана) – жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы (1998), профессор (2003).

 Алтай Халифа (1917, ҚХр, Шығыс түркістан – 2003, Алматы) – дін қайраткері, жазушы, аудармашы. 1991 жылы ол аударған Құран Кәрімнің қазақша мағынасы мен түсінігі Фахд баспаханасында (сауд Арабия) басылып, 800 мың данамен таратылды. Алшынбай Тіленшіұлы (1783 – ө.ж.?) – Арғын ішінде Қаракесек. Қаз дауысты Қазыбектің шөбересі. 1826-1846 жылдары Айбике-Шаншар болысын басқарған. Алшынбайдан: Қақабай, Бану, Бәпи, Шәпи, Қосық, Жанығұл, Жүсіп тарайды.

Абайдың бәйбішесі ділдә – Жүсіптің қызы.

 ел аузында Абайдың ділдәні алған соң, Алшынбайға сәлем бере барып, Шұбар айғырдың үйірін сұрағанда, мұны бере алмай, «батамды алсын» деген ұлы атасына

«ондай батасын сатқан шал өзімде де бар» деген өкпелі сөзі қалған.

 Асқар Ақаев (1944, Қырғызстан, Кемин ауданы, Қызыл байрақ ауылы) – са- яси қайраткер, Қырғызстан республикасының тұңғыш Президенті (1990-2009). техника ғылымының докторы, профессор. Қырғыз республикасының ғылым Академиясының академигі (1984).

 Әбілхан Қастеев (1904, Алматы облысы, Жаркент өңірі – 1973, Алматы) – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Қазақстанның халық суретшісі (1944).

 Әлкей Марғұлан (1904, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы – 1985, Алма- ты) – әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, ұлттық археология мектебiнiң негiзiн салушы. Бүкiлодақтық география қоғамының толық мүшесi (1933), фило- логия ғылымының докторы (1945), академик (1958).

 Әнет баба (1628-1723) – “Жеті жарғыны” құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі. руы тобықты. Қазақтың қабырғалы билері төле, Қазыбек, Әйтекелерге,

«көмекей әулие» атанған Бұқар жырауға батасын берген.

 Бейбарыс Сұлтан (Байбарыс) – 1223-1277 жылдары мысырда билік құрған сұлтан.

 Бекзат Саттарханов (1980, түркістан қаласы – 2000, Шымкент) – боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. сидней олимпиадасының чемпионы (2000).

 Ғазиз Файзоллаұлы (т.ж.? – Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қараөткел ауылы, 1930, Петропавл қаласы) – әнші, ақын, композитор. оның «ғазиз»,

«Шалқыма» әндері халық арасына кең тараған.

 Даниал Ахметов (1954 жылы Павлодарда қаласында туған) – саяси қайраткер, экономика ғылымы доктор (2003).

2003-2007 жылдары – Қазақстан республикасының үкіметін басқарған.

 Димаш, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1912-1993) – аса көрнекті мемле- кет және қоғам қайраткері, үш мәрте социалистік еңбек ері, Қазақ Кср ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. 1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды. Ерден Сандыбайұлы (1808-1862) – батыр, аға сұлтан, дуанбасы болған адам.

Бағаналының төрт босағасының бірі атанған сандыбай бидің баласы. өз заманын- да ерденді Арғын Қарауыл орынбай ақын, төкпе ақын Бәлтекейұлы мұқан жырға қосқан. ерденнің зираты Қаракеңгір өзенінің сол жағасында Жошы хан кесенесінің маңында тұр.

 Ермұхан Бекмаханов (1915, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, төре ауылы – 1966, Алматы) – тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1946), профессор, Қазақ Кср ғА-ның корреспондент мүшесі (1962).

 Естай (есмағамбет) Беркімбайұлы (1868, Павлодар облысы, екібастұз ауданы, Ақкөл ауылы – 1946) – ақын, әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939), Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі.

 Жандарбек Бегімбетов (1962-1990) – айтыс ақыны. Алматы облысы, Пан- филов ауданы, Кіші шыған ауылында туған. 1988 жылы тараз қаласындағы су шаруашылығы институтын бітірген. 1989 жылы Алматыда республикалық наурыз айтысына қатысқан.

 Жанкелдіқызы Ұлбике (1825, Қызылорда облысы тереңөзек ауданына қарасты өңір –1849, Жамбыл облысындағы талас өзенінің бойы) – қазақтың әйгілі ақын қызы. Жүрсін Молдашұлы Ерман – 1951 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, ұлытау ауданының Байқоңыр ауылында туған. Ақын, публицист. 1972-1980 жылда- ры ақындар айтысының теленұсқасын жасау арқылы аты мұраны жаңғырту жолын бастады. 1984 жылдың наурыз айынан бері отыз жыл бойы айтыстың телеарналар-

дан насихатталуына талмай еңбек етіп келеді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005).

 Заманбек Нұрқаділов (1944, Алматы облысы, нарынқол ауданы – 2005, Алма- ты) – мемлекет және қоғам қайраткері.

 Иманжүсіп Құтпанұлы (1863, Павлодар облысы, Ақсу ауданы – 1929, Жамбыл облысы, мойынқұм ауданы) – халық композиторы, әнші, ақын.

 Кейкі (Нұрмағамбет) Көкембайұлы (1871-1923) батыр, мерген. 1916 жылғы торғай көтерілісінің қаһарманы. орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. оның құралайды көзге атқан мергендігіне орай ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген»деген сөз қалған.

 Көдек Байшығанұлы (1888, Алматы облысы, райымбек ауданы, Шалкөде жайлауы – 1937, ҚХр, іле аймағы, текес ауданы, Аттың тауы) – ақын. тегі Албан руындағы Айт тармағының сүйіндік атасынан шыққан.

 Қадыр Мырза Әлі (1935, Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты кенті – 2011, Ал- маты) – ақын. 1980 жылы Қазақ сср мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған.

Қазақстанның халық жазушысы (1995)

 Қаныш Сәтбаев (1899, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы – 1964 жылы, мәскеу) – қазақ және Кеңес одағының геологі, қоғам қайраткері, Қазақ Кср ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ Кср академиясының академигі. Кеңес одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.

 Құлтума Сармұратұлы (1860, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы – 1915, сонда) – ақын, әнші, композитор. Біржан сал, Ақан серілердің әншілік дәстүрін жалғастырушы.

 Ләззат Асанова (1970, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылы – 1986, Алматы) – Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны.

 Майкөт Сандыбайұлы (1824, Жамбыл облысы, сарысу ауданы, Шабақты өзенінің бойы, Бестоғай алабы – 1902, сарыарқа) – ақын. Қаратау өңірі, сыр бой- ына, Жетісуға, сарыарқаға аты шыққан. ол Құлыншақ, молда мұса, майлықожа, сүйінбай, Бақтыбай, түбек, мәделіқожа, Бөлтірік, Құлмамбет, Қазанғап, т.б. ақындармен айтысқа түскен. Жамбыл: «Қаздай қалқып ерінбей, өлең тердім жа- сымнан, майкөт ақын, Құлмамбет, орын берді қасынан», – деп майкөтті үлгі тұтқан. Әулиеатаға іздеп барып, майкөттен «Көрұғлы» дастанын үйренген.

 Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888) – ақын, батыр. оңтүстік Қазақстан облы- сы, Шардара ауданы (бұрынғы Қызылқұм), Қожатоғай ауылында туған.

 Мөде, Тумәнұлы Мүде қаған (ж. ж. с. д. 228-174) – ғұн империясының негізін қалаушы. ғұн империясы билігінің тізгінін 35 жыл уысында ұстаған.

 Мырзатай Жолдасбеков (1937 жылы, Жамбыл облысы, талас ауданы, Ақтөбе ауылында туған) – мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы (1993), профессор (1993).

Айтыс өнерінің дамуына қолдау көрсетіп келе жатқан азаматтардың бірі.

 Мұстафа Өзтүрік (Кәбенұлы Әбдірахман) (1954, түркия, Қайсері қаласы, мұсаходжалы ауылы, – 1995, Алматы) – спортшы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері, Қр таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы.

 Нияз Барқыұлы, Сайдалы Нияз (т.ж.? – қ.б.ж.?) – XVIII ғасырда өмір сүрген белгілі би, батыр. тегі – орта жүз Арғыннның ішіндегі Қуандықтан тарайтын сайдалы-Барқы руынан.

 Нысанбай Жаманқұлұлы (1822, сыр бойы – 1883, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққошқар мекені) – ақын, жырау. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің жыршысы. тарихи тақырыптағы «Кенесары-наурызбай» дастанын жазған.

 Өзбекәлі Жәнібеков (1931, оңтүстік Қазақстан облысы, отырар ауданы, сарықамыс ауылы – 1998, Алматы) — мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф, тарих ғылымының кандидаты (1990).

 Өмірбек Жолдасбеков (1931, оңтүстік Қазақстан облысы, сайрам ауданы, Қызылсу ауылы – 1999, Алматы) – мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы (1972), профессор (1973),Қр ұғА академигі (1979),

 Қазақстан республикасы инженер академиясының негізін қалап, оның тұңғыш президенті болды.

 Рақымжан Қошқарбаев (1924-1988) – Берлиндегі рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы (1999).

 Рымғали Нұрғалиұлы (1940-2010) – ғалым, Қр мемлекеттік сыйлығының ла- уреаты (1998), Қр ұғА академигі (2003).

 Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы (бұрынғы семей облысы, Абыралы ау- даны) Қайнар ауылында туған.

 Сабыр Рахимов (1902, оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Көкбел ауылы – 1945, Польша, гданьск қаласы) – әскери қайраткер.

генерал-майор (1943), Кеңес одағының Батыры (1965).

 Сүгір Бегендікұлы (1894, маңғыстау, өгіз-өреуіл деген жер – 1974) – ақын, жырау. тегі – Адайдың мұңалы, оның ішінде Жаулы.

 Тінәлі Тайсойғанұлы, Тәни балуан (1789 – ө.ж.?) – Бөкей ордасындағы иса- тай тайманұлы бастаған көтеріліске белсене қатысқан старшын. ұста-зергерлердің басын қосып, қару-жарақ соққан. ол көтерілісшілердің тақсалғандағы, райымдағы, теректідегі, Қандыағаштағы, тастөбедегі шайқастарына қатысты. тінәлі көтерілісшілердің орынбор губернаторына, орал казак әскері атаманына, Жәңгір ханға жазған хаттарына қол қойған.

 Хиуаз Доспанова (1922, Атырау облысы – 2008, Алматы қаласы) – екінші дүниежүзілік соғысында қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқыш, батыр. Қазақстан республикасының Халық Қаһарманы (2004).

 Хрущев, Никита Сергеевич (1894, Курск губернаторлығы Калиновка селосы – 1971, мәскеу) – саяси қайраткер. Кеңес одағының батыры (1964), 1953-1964 жылда- ры КоКП оК бірінші хатшысы болған.

 Шәді Жәңгірұлы (1855, оңтүстік Қазақстан облысы, созақ ауданы – 1933, өзбекстан, сырдария облысы, Қаратөбе мекені) – ақын. төре әулетінен шыққан.

Шынболат Ділдебаев (1937, Қарағанды облысы – 1998, сонда) – ақын, термеші.

Қазақстан республикасының енбек сіңірген мәдениет қызметкері (1991).

 Шынқожа Базарқұлұлы (1706, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы – 1770, Қырғызстан, нарын облысы) – батыр. орта жүз, найман ішіндегі Қаракерей руының тума тармағынан.

 Ыдырыс /араб/ ыдырыс пайғамбар – Құранда аты аталатын пайғамбар. тігіншілік кәсіптің қамқоршысы болып есептеледі.

 Ырғызбай Айдосұлы (1744 ж. ш. Ақтөбе облысы, ырғыз өзеннің бойы – 1785, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау тауының баурайы) – батыр, би. Абылай ханның жақын сырлас достарының бірі болған. Абай Құнанбайұлының үшінші атасы.

ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ

Ақшатау – Қызылорда облысы, Арал ауданында орналасқан көл.

 Арқалық – орталық Қазақстандағы қала. іргесі 1956 жылы қаланған. 1970- 1988 және 1990-1997 жылдары торғай облысының орталығы болған.

 Аса – Жамбыл облысы талас, сарысу, Жамбыл аудандарының жерімен ағатын өзен, таластың сол саласы.

 Баянауыл – сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау. Павлодар облысының Баянауыл ауданында орналасқан. ең биік жері – Ақбет тауы (1026 м).

 Исфиджаб (сайрам) – оңтүстік Қазақстанның орта ғасырдағы ірі қалаларының бірі.

 Қараөткел – Ақмола өңіріндегі сауда бекеті. орта ғасырларда түркістан мен сібір хандығы арасында жүрген сауда қарым-қатынастарында Қараөткелдің аты аталады. тарихшы Ж.Артықбаевтың айтуынша, Қараөткелде 1851 жылға дейін де- сауда қайнап жатқан.

Қобда – Ақтөбе облысының солтүстік-батысындағы аудан. 1929 жылы құрылған.

 Құлан – Жамбыл облысы,тұрар рысқұлов ауданының орталығы.VII ғасырдың 1-жартысына жататын жазба деректерде Құлан қаласы туралы айтылады. орта ғасырларда ұлы Жібек жолындағы ірі мәдени-сауда орталығы болған.

 Медине /араб/ – сауд Арабиясында орналасқан мұсылмандардың қасиетті қаласы. мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) осында жерленген.

 Нұрата – өзбекстанның науаи облысындағы аудан орталығы. нұрата жеріне атақты қолбасшы, жиһангер А.македонскийдің табаны тиген. Қазақтың үш биінің бірі Әйтеке Байбекұлының сүйегі сонда (сейітқұл қорымы) жатыр.

Палестина – Батыс Азияда орналасқан мемлекет. Жер аумағы 6,2 мың км².

Халқы 2,1 млн. (1995).

 Созақ – оңтүстік Қазақстан облысы, созақ ауданындағы ауыл. сол маңда орта ғасырларда созақ (Хузак) көне қамал-қаласы болған. «Хан мазары» деген қасиетті жерде Әбілқайыр, Жәнібек хандар жерленген.

 Талас – Қырғызстанның облыстарының бірі. Қазақстанның Жамбыл облысы- мен, оңтүстікте Жалалабат, шығыста Шу облыстарымен шектеседі.

 Торғай – ресей империясының құрамында болған әкімшілік бірлік (1868- 1920). Қазақ Кср-ның (1970-1988) және Қазақстан республикасының (1990-1997) құрамында да өз алдына облыс болған.

Үлкен Шыған – Алматы облысы, Панфилов ауданындағы ауыл.

 Хиросима – Жапониядағы қала. 1945 жылы 6 тамызда бұл қалаға АҚШ атом бомбасын тастаған.

 Шаян – оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек аудандағы ауыл. іргесі Хііі-ХV ғасырларда қаланған.

Шонжы – Алматы облысының ұйғыр ауданындағы ауыл.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Айтыстану: ғылыми жинақ. – Астана: Жалғас-Print, 2013, – 420 бет.

 Асанов Қ. Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты. – Астана: Фолиант, 2010. – 400 бет.

Асқаров е. Жүрекжарды: Жыр жинағы. – Астана: Фолиант, 2009. – 256 бет. Кәпұлы д. Шертолғақ. Айтыстар жинағы. – Астана: Фолиант, 2003, - 392 бет. Көкейкесті әдебиеттану. 3 кітап. //Құраст.: р.нұрғали. Қазіргі айтыс: дәстүрі,

келешегі. – Астана: Күлтегін, 2003. – 264 бет.

 Қазақ сөздігі. (Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі) //Құраст.: н.уәли, Ш.Құрманбайұлы, м.малқаев, р.Шойбеков және т.б. – Алматы: дәуір, 2013, - 1488 бет.

 Қазақстан. ұлттық энциклопедия. 1 том. /Бас ред. Ә.нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 1998. – 720 б.

 Қазақстан. ұлттық энциклопедия. 2 том. /Бас ред. Ә.нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 1999. – 720 б.

 Қазақстан. ұлттық энциклопедия. 3-том. /Бас ред. Ә.нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2001. – 720 б.

 Қазақстан. ұлттық энциклопедия. 4 том. / Бас ред. Ә.нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2002. – 720 б.

 Қазақстан. ұлттық энциклопедия. 5 том. /Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2003. –720 б.

 Қазақстан. ұлттық энциклопедия. 6 том. /Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2004. −693 б.

 Қазақстан айтыс ақындары: Анықтамалық жинақ. // Құраст.: е.Қайназар. – Ал- маты: Ан-Арыс, 2013. – 280 бет.

Қазіргі айтыс. 1 кітап. //Құраст.: и. нұрахметұлы, с. дүйсенғазин. – Астана:

«Күлтегін» баспасы, 2004, 312 бет .

Қазіргі айтыс. 2 кітап. //Құраст.: и. нұрахметұлы, с. дүйсенғазин. – Астана:

«Күлтегін» баспасы, 2004, 336 бет.

Қалыбекова Ә. ұлық ием алғанда кеңдігіне. – Алматы: 2011. – 334 бет.

Қос жұлдыз. оразалы досбосынов пен Ажар дүзелбекқызы туралы естеліктер.

//Құраст.: д.мағлұмов. – Алматы: ЖШс рПБК «дәуір» баспасы, 2012. – 320 бет.

Құсанбаев с. Байғыз. – Павлодар: «ЭКо» ғөФ, 2001 жыл.

 Құсанбаев.с. Жырлаумен өткен 20 жыл: Эссе-баян, айтыстар. – Астана: Фоли- нат, 2011, – 360 бет.

 өнердің аққан жұлдызы. Ә.Жанқұлиев жайындағы эссе-естеліктер, өлеңдер мен айтыстар. Құраст.: А.Жанқұлиев. – Алматы: ол-Жас, 2014. – 160 бет.

«AITYSKER» интернет порталы.

РЕЗЮМЕ

 в Vі том двадцатипятитомной серии «Антология казахского искусства» включены айтысы 2001 - 2014 годов, сохранившиеся в памяти народа, в которых воспеваются окрепшая, признанная всем миром независимость Казахстана, его стремительное развитие, стро- ительство новой прекрасной столицы - Астаны.

 в частности, айтысы организованные Ж. ермановым в 2001-м и 2004-м годах, айтысы, посвященные 2000-летнему юбилею города тараз, 200-летним юбилеям А. Конырбайулы, К. Касымулы, д. Баба- тайулы, м. отемисулы, на темы традиционного праздника «науруз»,

«уроки независимости», показали о дальнейшем развитии древнего, исконного искусства в наши дни, о расширении его границ.

 если айтысы таких акынов, как мэлс Косымбаев, мухамеджан тазабеков, оразалы досбосынов, Бекарыс Шойбеков, даулеткерей Капулы покоряют богатством языка, то айтысы Балгынбека има- шева, Айнур турсунбаевой, Жаркынбека наушабекова оставляют впечатление, как отдельные постановки со многими театральными элементами. Читая эти последние айтысы, нетрудно заметить, что искусство айтыса в настоящее время постепенно превращается в увеселительный инструмент (шоу), соответствующий требованиям зрителей.

 в этом издании публикуются 26 лучших отобранных айтысов 2001 - 2014-х годов. тексты айтысов были взяты их трехтомника

«современный айтыс» (2004, 2005, 2006) и всемирной сети интерне- та, сопоставлены, выверены и проверены.

 Антология предназначена для преподавателей и студентов кон- серваторий, университетов искусств, и других высших учебных за- ведений, учителей и учеников музыкальных школ, исследователей жанра айтыс, также широкого круга людей, кого интересует казах- ское искусство.

Resume

 In Volume VI of twenty-five series «Anthology of Kazakh art» included Aitys 2001 - 2014 period, preserved in the memory of the people, in which praises got stronger, the world recognized the independence of Kazakhstan, its rapid development, the construction of a new beautiful capital - Astana.

 In particular, aityses organized by J. Yermanov in 2001 and 2004, aityses dedicated to the 2000th anniversary of the city of Taraz, the 200th anniversary of A. Konyrbayuly, K. Kasymuly, D. Babatayuly, M. Otemisuly, aityses on topics of traditional holiday «Nauryz», «Lessons of Independence», have shown on the further development of the ancient, aboriginal art today, expanding its borders.

 If aitys akyns such as Mels Kosymbaev, Mukhamedzhan Tazabekov, Orazaly Dosbosynov, Bekarys Shoybekov, Dauletkerey Kapuly conquer the wealth of a language, then aityses of Balgynbek Imashev, Ainur Tursunbaeva, Zharkynbek Naushabekova make good impression as separate productions with many theatrical elements. Reading these last Aitys, you will notice that the art aitys now gradually turns into a fun-tool (the show), corresponding to the requirements of the audience.

 This edition contains 26 best selected aityses of period 2001 - 2014. Lyrics of aityses were taken of their three-volume «Modern aitys» (2004, 2005, 2006) and the World Wide Web, are compared, verified and validated.

 Anthology is intended for teachers and students of conservatories, universities of the arts, and other higher education institutions, teachers and students of music schools, researchers of aitys genre, a wide range of people who are interested in Kazakh art.

МАЗМҰНЫ

БІРІНШІ БӨЛІМ (2001-2008)

ҚАЗАҚ ӨНЕРІНІҢ АНТОЛОГИЯСЫ

АЙТЫС VI ТОМ

Кітаптың шығуына жауапты Ш. Қойлыбаев

редакторы Ш. Қойлыбаев

дизайнері Б. Жапаров

техниикалық редакторы С. Жапарова

Беттеуші Ә. Байзақова

иБ №006

Басуға 12.10.2014 қол қойылды. Пішімі 60х90/16. офсеттік басылым.

Қағазы офсеттік. Шартты баспа табағы 25,0.

Шартты бояулы беттаңбасы 26,25.

есептік баспа табағы 24.0 таралымы 2000. тапсырыс №



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу