Қазақ өнерінің антологиясы. Айтыс 1


 ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ ҚОРҚЫТ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

Айтыс

I

ТОМ

«КҮЛТЕГІН» АСТАНА 2014

УДК 821.512.122.-1 ББК 84(5Каз)-5

Қ 17

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді

Жобаның авторы:

М. Жолдасбеков

филология ғылымдарының докторы, профессор

Редакция алқасы:

М. Жолдасбеков (төраға),

А. Мұсаходжаева, С. Қасқабасов, Ш. Ыбыраев, С. Негимов, Р. Әлмұханова, Ж. Ерман, А. Әлтаев, С. Дүйсенғазин,

Ш. Қойлыбаев

Қ 17Қазақ өнерінің антологиясы. 25 томдық.

Құраст. М. Жолдасбеков, Р. Әлмұханова. Астана,

«Күлтегін» баспасы. ISBN 978-601-7318-40-6

Айтыс. Т. I. (Кеңестік кезеңге дейінгі айтыс). – 2014. – 400 б. ISBN 978-601-7318-41-3

 Айтыс – импровизациялық өнердің ең биік шыңы, бағзы замандардан бері жалғасып келе жатқан асыл мұра. Оның Қазақ руханиятындағы, ұлт мәдениетіндегі алатын орны өте зор. Ұсынылып отырған «Айтыс» көп томдығының бұл бірінші томы кеңестік кезеңге дейінгі айтысқа арналды.

 Антология консерваторияның, өнер университеттерінің, өзге де жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, музыка мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларына, айтысты зерттеушілерге, сондай-ақ, қазақ өнерін қастерлейтін қалың оқырманға арналады.

ISBN 978-601-7318-41-3 (Т.I.)

ISBN 978-601-7318-40-6 (ортақ)

© «Күлтегін» баспасы, 2014

© М. Жолдасбеков

© Р. Әлмұханова

ҚАЗАҚ ӨНЕРІНІҢ АНТОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ

 Тегінде, ұлт руханияты тарихында өнер атаулы халық өмірінің сырлы тарихы, адам баласының қоршаған ортаға, жаратылысқа, қоғамға, ұлтқа, заманға деген шынайы көзқарасын, рухани бол- мысын, көркемдік дүниетанымын, ой-санасын, қиял өрісін, ақыл өресін, арман-мұратын, көсемдік бейне-тұлғасын айқын таны- тады. Яғни, ұлттың рухани құндылықтары, жасампаз дәстүр қуаты мыңжылдықтар еншісіне тиесілі қасиетті, бекзат өнерінде. Сондықтан да етек-жеңімізді қымтап, ақыл-есімізді жинап, тәуелсіз ел атанып, «Мәңгі Ел» құру идеясын шамшырақ етіп ұстап, ар- шындай алға басқан шағымызда, рухани өрлеу жолында ұлттық мұраларымызды жинап, жіктеп, жүйелеп, түсіндіру мақсатында Қазақ Ұлттық өнер университетінің Қорқыт Ата атындағы ғылыми- зерттеу институты 25 томдық «Қазақ өнерінің антологиясын» жинақтап, жариялауды мақсат етті.

 Антологияның құрылымы мынадай: айтыс (7 том), билер-ше- шендер (5 том), жыраулық өнер (3 том), жыршылық өнер (2 том), ән өнері (3 том), күй өнері (3 том), зергерлік өнер (1 том), ойын-сауық өнері (1 том).

 Задында, көне заманнан бері қазақ халқының байырғы өнерін жа- саушылар мен дамытушылар: айтыс ақындары, жыраулар, жыршы- лар, билер-шешендер, күйшілер, әнші композиторлар, сал-серілер, ойыншылар, зергерлер және т.с.с. өнер тұлғалары.

 Антологияның құрылысында жанрлық жүйе сақталынды. Анто- логия халқымыздың қанына біткен бекзат өнері – ақындар айтысы- нан басталады.

 Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша ұлттық ерекшелік, дәстүр бар. Әр халықтың туа бітті болмысына, өмір кешу жағдайына орай- лас қалыптасқан осы дәстүрлердің тозығын уақыт өзі екшеп, озығын ел кәдесіне жаратып жатса, мұның өзі адамзат көшінің жарасымы- мен ілгері озуына септігін тигізеді. Үшінші мыңжылдықтың аясын- да өз кемесінің желкенін керіп шыққан қазақ халқының ешкімге ұқсамайтын бітімі мен болмысын ажарлайтын ұлттық қадір-қасиеті аз емес. Соның бірегейі есте жоқ ерте замандарда туып, қалыптасып, дамып-жетіліп, бүгінгі күннің де қажетіне жарап отырған халық ауыз әдебиеті болса, оның ең бір өміршең жанры – айтыс та ұлттың ескірмес рәміздерінің қатарында жаңа мыңжылдықтың табалдырығынан аттап отырғаны талас тудырмайды.

 Ұлы ұстаз М. Әуезов: «Айтыс заманында өзге елдерде де болған. Парсыда «мүшайра», арабтарда «мұғалләкәт» деген. Арабтардың көшпелі бәдәуилері қара сөзбен емес, үнемі өлеңмен сөйлескен, қазақ халқының аса бір ұлы қасиеті сол қынаптан суырып алған қылыштай қолма-қол қиып айтатын айтқыштығында, айтыскерлігінде. Бұл қай халықтың алдында да мақтануға тұрарлық өнер», – деген еді. Осы өнер қазір тек қазақ пен қырғыз елінде сақталып қалды. Әсіресе, қазақ ішінде үздіксіз даму үстінде.

 Дала демократиясының жүзі қайтпайтын қаруына айналған ақындар айтысы ақиқаттың аузын буған не бір қатаң заманның өзінде хан мен төренің, би мен бектің бетіне қасқайып тұрып тіке айтқаннан айныған емес. Осылай тәрбиеленген халық “бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ” деп, оны ұлттық моральдік кодексінің темірқазығына айналдырған. Ақындардың шымырлатып, шыңғыртып шындықты айтқан шумақтары қашанда халықтың рухын асқақтатты.

 Сонау Қазтуған, Шалкиіз заманынан бері қарай ақиқатты айны- май айта алатын ақындық дәстүр желісі үзілмей жалғасып келіп, Сүйінбай, Біржан, Жамбыл, Құлмамбет, Әсет, Шөже, Кемпірбай, Ұлбике, Сара, Орынбай, Исаларға ұласса, бұл сол ғасырлар бойы өр рухын түсірмеген дәстүр сабақтастығының жемісі. Кешегі Кеңес тұсының дәмін татып, қызыл саясаттың өтінде тұрған айтыскерлерге де өкпелеудің жөні жоқ. Өйткені, олар сонда да атадан балаға мұра болған ақиқатты айту дәстүрінен жаңылған жоқ. Айтыс қай дәуірде де халық өмірінің айнасындай дидарынан, демократиялық табиғатынан

таймаған өнер. Қоғамдық-әлеуметтік салада айтыскерлердің наза- рынан тыс қалатын қалтарыс та, бұлтарыс та болмады. Баяғыдан келе жатқан айтыстың жазылмаған, бірақ, жұрт мойындаған кодексі осы. Осы ерекшелігі жойылған жерде айтыстың халыққа еш керегі де болмайды. Айтысқа саясат, билік араласса, онда ол өзінің қасиетін, қоғамдағы орынын жояды, қадір-қасиетінен айырылады. Кешегі кеңестер дәуірінде сөз еркіндігі шектеліп, ақындардың аузы- на қақпақ қойылғандықтан, айтыскерлер өз ойын ашық айта алма- ды. Жалпылама айтылған сындар болмаса, нақты мәселелерге кел- генде үкіметтің ресми саяси позициясымен есептесуге тура келді. Сондықтан, айтыскерлер де айтысуға ынталы болмай, айтыс да- мымай, тоқырау кезеңін басынан кешірді. Оның себебін сол айтыс демократиясына жасалған қиянаттан деп білген абзал. Дегенмен, сол заманда да айтыс қоғамдық пікірдің көшбасшысы бола алды. 1940-жылдардағы Кенен мен Нартайдың, Болман мен Шашубайдың, Орынбай мен Майасардың, Доскей мен Қуаттың ең таңдаулы жыр- лары аталы сөздің алдындағы адалдықтың көрінісі болғанын сөз та- нитын кісі ұғынады. Бұлар бұрынғы ұлы ақындардың көзін көрген, суырып салма дәстүрдің бастауынан нәр алған адырна жақ ақындар еді. Оларды көре қалған кейінгі ақындар да шындықты айтудың ақындық парыз екенін жақсы түсінді. Орайы келген кезде опырып айтып, төкпе жырдың тарпаң да таза табиғатын көрсетіп отырды.

 Осылайша әр кезеңде алдаспанын алмасқа суарған ақындық өнер кешегі тоқырау аталған заманның да жаназасын өзгеден бұрын шығара бастағанын көзіміз көрді. Құрсауы босап, уығы ыдырай бастаған қызыл империяның үкімін 80-жылдардың басын- да ақындар айта бастады. Осы тұста жаңа бір серпінмен қанатын қаққан жыр додасы жылдар бойы ішіне бүккен қуат-күшін қайта бұлқынтты. Сөз киелерінің алдын көрген, өнегесін алып қалған Ма- нап, Қалихан, Көкен, Көпбай сынды саңлақтар дәл осы кезде сахна төрінде саңқылдап, айтыс өнерінің жаңа дәуірінің көшін бастады. Қазақстанның 60 жылдығы дейтін «ойдан шығарылған» мерекеге орай өткізілген айтыстың және Кенен мерейтойына арналған 1983 жылғы айтыстың дүмпуімен атамұра өнер қайта дәуірлеп, талантты айтыскерлердің тұтас бір легі санатқа қосылды. Әселхан Қалыбекова, Әсия Беркенова, Қонысбай Әбілов, Шолпан Қыдырниязова, Аяз Бет- баев, Мұхтар Құралов, Шынболат Ділдебаев, Қатимолла Бердіғалиев секілді дарынды қыз-жігіттер өртеңге өскен қамыстай қаулап шыға келді. Ең ғажабы, дәл осы тұста Қазақ Республикасының теледи-

дары ақындар айтысына өлшеусіз ықылас танытты. Жаңа техно- логиямен жарақтанған телеарна салтанатты сарайларда айтыстар өткізіп, оны бүкіл республикаға көрсетіп отыруды үрдіске айнал- дырды. Көп кешікпей облысаралық ақындар айтысы басталып кетті. Ақындардың іріктеу сайыстары өткізіліп, оның жеңімпаздары облыстың намысын қорғауға шықты. Бірнеше жылға созылған бұл жыр бәсекесінде осынау өміршең өнерге басшылары оң көзбен қараған Шымкент, Жезқазған, Торғай, Орал, Қызылорда секілді об- лыстар тұтас ақындық мектеп қалыптастырып үлгерді. Ақындар келешекте өздері айтысатын облыстарына сапарға шығып, ондағы шаруа жайымен танысып, нақты өмір фактілерін айтыс объектісіне айналдыруды дәстүрге енгізді. Қазақ теледидарының редакторлары ел ішіне шығып, таланттарды іздеп тауып, оларды үлкен сайыстарға қосып, талабын ұштады.

 1989 жылы Монғолияның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Ресейдің айтыскерлерінің қатысуымен Алматыда төрт күн бойы өткен халықаралық айтыс ұлт өнерінің ел мен елді жалғастыратын жасампаздық құдіретін жалпақ әлемге паш етті. Іле-шала ақындар айтысы Ташкентте, Бішкекте ту тігіп, бауырлас халықтардың арасындағы рухани көпірге айналды. Осы жыр думандарын өткізуге Рахманқұл Бердібай, Тұрсынбек Кәкішев, Нығмет Ғабдуллин, Мыр- забек Дүйсенов, Серік Қирабаев секілді ғалымдарымыз, Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев секілді ай- тулы ақындарымыз белсене атсалысып, халық өнерінің абыройын асыруға өз үлестерін қосты.

 Жеңімпаз ақынға ат мінгізу дәстүрі де осы жылдары қайта жаңғырды. Алматыдағы зәулім сарайдың сахнасында торғайлық Жадыра Құтжанованың ақбоз тұлпарды тақымға басып тұрып, жыр төккен сәті әлі күнге айтыс жанашырларының жадында. Көгілдір экранның құдіретімен әр қазақ үйінің төріне шыққан ақындар айтысы ендігі жерде өз кадрларын өзі тәрбиелей бастады. Теледидардағы айтыстан ауызданып, өлең жұптаумен кәмелетке толған жас буын ақындар осы кезде республиканың әр ауылынан бой көрсетті. Кейінгі айтыстың абыройын асырған Аманжол Әлтай, Мэлс Қосымбаев, Ақмарал Леубаева, Мұхамеджан Тазабеков, Серік Құсанбаев, Айнұр Тұрсынбаева, Оразәлі Досбосынов, Бекарыс Шойбеков секілді даусыз дарындар дәл осы кезде додаға қосылып, жаңа жыр өрнегін тудырды. Қоғам да айтыс ақындарына ықылас таныта бастады. Оларға мемлекеттік деңгейде марапат жасалып, әр

түрлі атақтар мен сыйлықтар тағайындалды. Айтыстың көркемдік дәрежесін жаңа сатыға көтеріп, суырып салма дәстүрді жаңғыртып, ел рухын биіктетуге айтарлықтай үлес қосқан төрт бірдей айтыскер- ге – Әселхан Қалыбековаға, Әсия Беркеноваға, Қонысбай Әбілге, Әсімхан Қосбасаровқа – Қазақстанның халық ақыны деген құрметті атақ берілді.

 Одан бергі жерде шығысқазақстандық Абаш Кәкенов Қазақстан жастар одағы сыйлығын иеленсе, Аманжол Әлтай, Мұхамеджан Тазабеков, Бекарыс Шойбеков, Айнұр Тұрсынбаева, Дәулеткерей Кәпұлы, Сара Тоқтамысова секілді жастар мемлекеттік «Да- рын» сыйлығының иегері атанды. Бірнеше өнерпазға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. Осының бәрін атамұра өнерге көрсеткен лайықты құрмет деп түсіну керек.

 Қазіргі ақындар айтысы мазмұн, түр жағынан да өзгерді. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап айтыстың ежелгі дәстүріне құрмет көрсетіліп, айтыскерлердің еркін ой толғап, кең көсіле құлаштауына жол ашылды. Тілінің тұсауы кесілді. Соның нәтижесінде айтыс өнері тұла бойындағы қасиетін сақтай отырып халқымызбен қайтадан жаңаша қауышты. Ақындардың ойы да, сөзі де шешілді. Еркін ойлайтын, батыл айтатын, бетінен ешкім қақпаған кең тынысты жас буын ақындар келді. Олар қоғамдық, әлеуметтік саладағы көлеңкелі тұстарды дөп басып, дәл танып, жетер жеріне жеткізіп айтуға тырысты. Жеткізіп айтты да. Ақындарға бұл тұста ай- тар тақырыпты да дәуір өзі даярлап берді. Арғы бодандық қамытын алғаш киген кезеңді айтпағанда, Кеңестер Одағының құрамында болған 70 жылдық саяси тар шеңбер, экономикалық қысым, рухани бұғаудан енді құтылған жас мемлекетімізге кемелденіп толысудың жолы бұралаң болды. Алдында ауыр міндеттер тұрды. Тәжірибенің аздығы, экономикалық, өнеркәсіптік негіздің әлсіздігі салдарынан алғашқы жылдарда қоғамдық құрылыста жаңсақ басылған қадамдар үнемі кездесіп отырды. Ол тек қана мемлекеттің емес, жеке кәсіпкерлердің де, саяси тұлғалардың да басынан өтті. Бұғаудан құтылған жұрт болса, елдің бір-ақ күнде дүниедегі озық елдердің қатарынан көрінуін армандады. Осы ойдың көшбасында ақындар жүрді. Сөйтіп, ақынның айтамын, жеткіземін дегенін заман өзі жасап берді. Сондықтан айтыскерлер ел өміріне қатысты кемшіліктерді айта қалса, жұрт қолдап әкетіп отырды. Бұл ақындардың ел алдындағы беделін көтерді. Еркін ойды ақтара айтқан, көкейіндегісін тапқан ақындарын жұрт аңсап қарсы алды. Ақындардың ағат басқан, асыра

сілтеген, байыбына бармай байбалам салған, жеткізе айта алмаған кездері де болды. Оған да жұрт кешіріммен қарады.

 Халыққа жаттанды сөз емес, суырып салып айтатын, көз алдында туатын нағыз импровизаторлық өнер керек. Айтыста өлең айту өз ал- дына, айтқан сөзін халыққа жеткізе білу ақыннан үлкен шеберлікті талап етеді.

 Айтыскерлердің ішінде ерекше бағалайтын жігіттерімнің бірі – Бекарыс Шойбеков. Ол елге ұтымды, нақты айтатындығымен, дәмді сөзімен ұнайды.

 Мәселен, Әсия Беркеновамен айтысында жеңешесінің жасы келіп қалғандығын «Базардан келе жатып жолықтың-ау, Базарға бара жатқан ұлыңменен» деп қалай әдемі айтқан. Айтысқа ең керегі не дегенде осындай ұтымдылықты айту керек.

 Айтыс қашанда халық өмірінің айнасы дегенді айтыста көтерілетін әлеуметтік тақырыптарға байланысты ғана айтуға болмайды. Ай- тыста тіл тазалығы да ерекше көңіл бөлуге тұратын фактор. Бұл жағынан келгенде Оразәлі Досбосыновтың көбінен шоқтығы биік. Әсіресе, ауыл өміріне қатысты келісімді сөз тіркестерін, ұмыт болып бара жатқан ескі сөздерді тірілтіп ұтымды пайдаланып, халықтық образды сөйлеу үрдісін айтыста тапқырлықпен жетілдіруі көп жерде ақынның мерейін үстем еткені жұртқа аян.

 Халықтың рухани өміріндегі ауытқулар мен серпілістер де айтыскерлердің назарынан қалмайтын негізгі тақырыптардың бірі. Мұхамеджан Тазабеков Бекарыс Шойбековпен айтысында: «Мәсінің қонышындай тар заманда, Кебежедей көңілін кең сақтаған» – дейтін. Бұл жерде Мұхамеджан өтпелі дәуірдің қиыншылығын көріп, экономикалық қыспақта отырса да, халықтың рухани байлықтан айырылмаған дегдар тектілігін айнытпай әрі өте әсерлі жеткізген.

 Қазіргі айтыстарда бұрынғыдай ақындардың бірін бірі кеміту, азаматтың намысына тиетін ауыр сөз айту жоқ. Бұл айтыстың моральдық жақтан толысып, кемелдене түскенін көрсетеді. Баяғы айтыстарда ақындар рудың сөзін сөйлеп, сойылын соғатын; сондықтан рудың намысына тиетін ауыр сөздер айтылатын. Қазіргі ақындарға ондай ымырасыз қазысудың қажеті шамалы, өйткені қазір ру атынан емес, ұлт атынан сөйлеу дәстүрге айналды. Бұл тұрғыдан алғанда айтыстың көшін бастап жүрген ақындарға айтар өкпе жоқ. Айтыскерлердің көбі жұрт күткен межеден шығып жүр.

 Елге өнеге боларлық бәтуалы сөз айтып, үлкендерге ой салып, жастарға үлгі болған Мұхамеджанды қазіргі айтыстағы құбылыс

десе де болады. Оның ойы да терең, сөзі де терең. Мұхамеджан жұртты елең еткізіп, жарқ етіп шықты. Айтысып отырған ақынға мін тақпай, көшелі ой толғау, елдің рухани толысуын айшықтап көрсету, ел ішіндегі келеңсіз құбылыстарды да дәл басып, тайға таңба басқандай қылып, маңдайға ұрып отырып айта білу Мұхамеджанға тән қасиет. «Серкесіз өрген қойдай бытырайды, Ақылсыз айтылған сөз айтыстағы», – дегені ақынның айтыстағы ұстанымын таныта- ды. Айтыстың мазмұнын байытып көрік берген Мұхамеджанның да жанкүйерлерін айтыстан адастырып кеткені де өкінішті-ақ.

 Айтыс өнерінің мақтанышына айналған ақберен ақын Аманжол Әлтайдың тыныстылығы, тапберме тапқырлығы да, ата салтымен айтысатын қасиеті де халықтың көңілінен шығып жүр.

 Айтыс – биік өнер. Ол – сөз бен ойдың, тапқырлықтың шыңы. Сондықтан да айтыскерге терең білім, үлкен даярлық керек. Айтысқа әр ақын өзінше дайындалады. Бұл баяғыдан солай болатын. Тарих- ты зерделейді. Қоғамдық ой қалыптастырады. Ата сөзін жинайды. Шежіре ақтарады. Азаттық таңы астындағы ақындар осы үрдісті онан ары дамытып, халықтық мәселелерді көтеруді айтыстың ажы- рамас бөлігіне айналдырды.

 Айтыскер қыздардың қатарынан Ақмарал Леубаева мен Айнұр Тұрсынбаеваны ерекше атауға болады.

 Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі айтыс мектептерінің өзіндік ерекше белгілері де жоқ емес. Бұл ежелден келе жатқан айтыс дәстүрінің жалғасын танытады. Арқа мен Шығыстың ақындарының өлеңдері баяғы Дулат, Кемпірбай, Әсет, Жанақ, Кәрібай, Біржан, Ақан, Арғынбектер салған жолмен төрт аяғын тең бастырып ай- татын, ұйқасы да, логикасы да шымыр өлең өлшемімен көрінсе, Оңтүстік Қазақстанда Сүйімбай, Жамбылдар салған төкпе, тізбекті ұйқасты, кең тынысты жыр үлгісі тараған. Батыс Қазақстанда жыраулық пен жыршылықты қатар ұстанған эпикалық сарын басым. Осы дәстүрді ұстанған Мэлс Қосымбаевтың да айтыста өз өрнегі бар. Жауаптасудың арасында еркін көсіліп, толғау айтып отыратын айтыстағы бұл үрдіс те тыңдарманды желпіндіріп отырады. Қазіргі заман айтыскерлерінің тағы бір ерекшелігі – әр дәстүрді бірдей меңгерген ақындар шыға бастады. Бұл ретте Шығыс пен Батыстың дәстүрін қатар ұстанған Дәулеткерей Кәпұлын ерекше атауға тұрады. Қазақ айтысының заманға сай жетістіктерінің бірі – тыңдаушысын күлкіге қарқ ететін сатиралық деңгейінің айтарлықтай жоғары көтерілуі. Бұл да қыз бен жігіт әзілдерінде көп қолданылатын

бұрыннан бар үрдіс. Бірақ осының деңгейі көтерілмей келеді. Айтыстағы сатира мен жеңіл әзіл тыңдарманды желпіндіріп, сергітіп тастайды. Бүгінде көрермендердің көбі айтысқа демалысқа бола баратыны жасырын емес. Әзіл-қалжың аралас айтыстың даму- ына әжептеуір үлес қосқан Есенқұл Жақыпбеков, Шорабек Айдаров, Балғынбек Имашевтардың орны бөлек.

 Проблеманы көтеру, әріптесінің жанды жеріне тигізіп айту бір басқа, соншалықты ауыр сөздің салмағын түсірмей әрі ащы әжуамен айту да есті кісіге үлгі болардай.

 Жәмиға, Жандарбек, Мейірбек секілді жастарымыздың бұлттан шыққан күндей жарқырап шығуы – айтыстың үзілмейтін алтын жіп, қордалы өнер екендігінің, ата мұраның жалғаса беретіндігінің куәсі. Айтыс – қазақ халқының ежелден тұтынып келе жатқан төл өнері; хан деп, қара деп бөліп жатпай, мінін бетіне басып, шыбын жанын шырқыратып шындықты айтатын дегдар өнер. Сондықтан да оған алақанына салып әлпештеп ұстайтын, шындыққа тура қарай алатын дегдарлық керек. Шүкір, бұл дегдарлық біздің халқымызда бар. Халқымыздың бүгінге дейін айтысты асқақтатып, әлпештеп отырғаны ұлттық демократиямыздың жоғары деңгейін көрсетеді. Қытай жазбаларында Таң патшалығы дәуірінде түрктердің “қыса” (қаса-қазақ) тайпасы домбырамен айтысады деп жазылғанын ескер- сек, айтыс өнерінің тарихы біздің халықтық тарихымызбен тамыры

бірге, тереңде жатқанын көреміз.

 Айтысты өсіретін – орта. Ендеше, айтыстың рухын көтеретін биік деңгей, ықыласты көпшілік, зиялы қауым керек. Айтыстың ендігі болашағы қалай болады деген мәселе де толғандырмай қоймайды. Қазақпен бірге жасасып келе жатқан осы бір аяулы өнер – айтысты мемлекет қамқорлығына алатын кез жетті. Айтыскер ақындарға тәрбие де керек, қамқорлық та керек.

 Жалпы, 25 томдық «Қазақ өнерінің антологиясының» келесі том- дарына сипаттама берейік.

 Билер-шешендер, негізінен, мемлекет, ұлт, жер, тіл, тәуелсіздік тағдыры үшін, ұрпағының болашақ жарқын заманы үшін ой толғады, білгірлікпен, көрегендігінен ел келешегін болжады. Тарих сахнасын- да Майқы би заманынан бастап парасатты, қанатты дүлдүл ділмарлар сөз асылын, ой асылын ақтарғаны аян. Бұл орайда, Әнет баба, Төле, Әйтеке, қаз дауысты Қазыбек, Сырым, Балпық, Қараменде, Байда- лы, Бапан, Зілқара, Мөңке, Қанай, Бөлтірік, Саққұлақ, Жанқұтты, Ноғайбай, Байсерке, Шойынбет, Досбол секілді би-шешендер

Қазақ елінің көркеюіне ересен еңбек сіңірді. Елдік, мемлекетшілдік мәселелерді түбірлеп қозғап, ой-парасаттың шұғылалы мұнарасынан пайымдап-зерделеп, қоғамды рухани тұрғыдан ізгілендіруге, адам санасын сәулелендіруге жойқын әсер етті.

 Шынтуайттап келгенде, билер-шешендер өнері – даналық мектебі һәм тапқырлықтың мұхиты. Олар – қоғамдық-саяси тұлға, мемлекет қайраткері һәм санаткері, ел мен елді жақындастыратын дипломат,

«ұлт санасының күзетшісі», Отанының құқықтық-конституциялық заңдылықтарын орындатушы, шебер ұйымдастырушы.

 Қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуына ересен еңбек сіңірген айтулы билер-шешендер мұрасы 5 томға топтастырылды (көлемі 125 баспа табақ).

 Жыраулар мұрасы – ұлттық-рухани игіліктердің ең бір тама- ша сарқылмас қазынасы. Жыраулар мұрасында халықтың асқақ та жалынды рухы, ой-санасы, сыр-сезімі, көркемдік дүниетанымы, уылжыған ұлттық әуез, замананың қилы-қилы суреттері жарқын көрініс тапқан. Қазақ жыраулары – ел, жер, дін, тіл тұтастығын сақтау мақсатында мемлекеттің сыртқы саясатымен шұғылданатын саяси қайраткер, хан кеңесшісі, тәуелсіздік пен рух жыршысы, эпикалық дастандарды төгілтіп айтатын майталман жыршы.

 Оғыз қағанның (Уыз хан) қасындағы Ұлық Түрік пен Түрк Қағанаты заманындағы Иоллығ-тегін жыраулардың ұлы дәстүрлерін әдемі жалғастырған Кетбұға жырау (яғни Аталық жырау, XIII ғ.), Сыпыра жырау (XIV ғ.), Асан Қайғы (XV ғ.), Қазтуған жырау (XVғ.), Доспанбет жырау (XVI ғ.), Шалкиіз жырау (1465-1560), Жиембет жырау (XVII ғ.), Марғасқа жырау (XVII ғ.), Бұқар жырау (1668- 1781), Ақтамберді жырау (1675-1768), Үмбетей жырау (1706-1778).

 Жыраулар мектебі мәдени-тарихи дәстүрлерге бай. Жыраулық та, жыршылық та, шежірешілдік те, термешілік те, сыншылық көзқарас та орайлы жарасым тапқан біртұтас ғажайып құбылыс.

 Жыраулар өнернамасының сан ғасырлық тарихы мен тәжірибесі бар қазақ, ноғай, қарақалпақ, башқұрт халықтарына ортақ эпикалық дастандардың «түпкі шығарушысы» Сыпыра жыраудан бастап, XVIII- XIX ғасырларда ұлттық эпикалық дәстүрді Абыл, Қарасай, Қалнияз, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Шөже, Жанақ, Арыстанбай, Жамбыл, До- скей, Шашубай, Марабай, Нұрпейіс, Мұрын, Нұртуған, Мергенбай- лар кемелдендіріп өрістетті. Ауызша әдебиет пен жазба әдебиеттің сипат-ерекшеліктерін шеберлікпен тереңдетті. Араб-мұсылман өркениеті, Шығыс әдебиетінің әсері айрықша айшықталды.

 Түркі классикалық поэзиясының, халықтың көркем ойлау жүйесінің негізінде Шығыс сюжетін термелі әуез-мақаммен сөйлеткен жыраулардың «Рүстем-Дастан», «Бозжігіт», «Атым- тай Жомарт», «Жүсіп-Зылиха», «Хұсрау-Шырын», «Таһир-Зуһра» тәрізді терең сүйіспеншілік, елдік, ерлік, қиял-ғажайып оқиғаларды,

«таңғажайып тағдырлы» кейіпкерлерді, көк сауыт киініп, көк сүңгі ұстаған көкжал қырандарды, ақылы кәміл көрегендерді жырлаған, бейнелеу тәсілдеріне бай қызықты дастандары ұлт әдебиетін дамытуға жойқын қуат қосты.

 «Орақ-Мамай» дастанындағы «Тарихтың терең иірімі, Таусыл- мас бұлақ – құдірет!» дейтін лебізде телегей даналық бар.

 Жыраулық-жыршылық өнер – ұлттың көркемдік энциклопедиясы, рухани тазалық кепілі, ерлік пен намысқа, ізгілік пен имандылыққа баулитын ұлағат оқулығы.

 Халық тарихы – мәдениет тарихы, халық ойының, білім-білігінің шарайнасы. Қазақтың мәдениет тарихы бейне бір шексіз әлем. Соның бір аса ауқымды саласы – дәстүрлі ән өнері. Мұнда халықтың жансарайы, даналық ой-толғаныстары, өмір-тіршілікке, тұрмысқа, сұлулыққа, дәстүрге, тілге, дінге, ділге, назға, махаббатқа деген шынайы көзқарасы, ұлттық тәлім-танымы мен талғамы мейлінше көркем бейнеленген.

 Қазақтың ән өнерінің даму, өркендеу, жетілу тарихы ұбақ-шұбақ замандар мен дәуірлерді, қоғамдық-әлеуметтік құбылыстарды кеңінен қамтып, тереңнен толғайтын болғандықтан, оның жанрлық құрамы да, гармониялық құрылым жүйесі де бай, жан-жақты. Мы- салы, тұрмыс-салт әндері, ғұрыптық әндер, халық әндері және халық композиторларының классикалық әндері. Сонау халықтың шерлі тағдырын күңіренткен «Елім-айдан» бастап, Біржан сал, Ақан сері, Әсет, Жаяу Мұса, Мәди, Құлтума, Қанапия, Шашубай, Айт- бай, Ғаббас, Тайжан тәрізді майталмандардың әншілік мектебі, Ке- нен мен Нартайдың ән айту дәстүрі. Сондай-ақ, Мұхит, Тәңірберлі Молдабай, Қызыл, Қисса, Аманғали, Ауқат, Әкімгерей әншілердің мектебі. Алуан қырлы, сан сырлы әншілік дәстүрлердің табиғатында ұшан теңіз нәзік, құпия мақам-сарындар бар.

 Сондықтан да «Қазақ өнерінің антологиясы» жобасына «Ән өнерінің» 3 томдығы (көлемі 75 баспа табақ) ұсынылады.

 Ұлттық дүниетаным, ұлт рухы, адам, табиғат, ғалам жайлы түсініктері, ой-сана, сезім тереңдігі, қиял серпіні, жаратылыс аясы, замана суреттері, жансарайы, қазақтың қобыз, сыбызғы және дом-

быра күйлерінде терең сипатталған. Қазақ елінде күйшілік дәстүр кең қанат жайып, алуан түрлі мектептерге, стильдік-орындаушылық ерекшеліктерге, жанрлық түрлерге жіктелген, сараланған, мәдени-рухани, саяси-дүниетанымдық, шаруашылық-тұрмыстық құндылықтарға бай.

 Күй аңыздарының жанрлық құрамы да, сипаттары да өзгеше. Олар: мифтік күй аңыздары, әпсаналық күй аңыздары, аңыздық күй аңыздары, жағдаяттық күй аңыздары.

 «Бақсы сарыны», «Тауқұдірет», «Шұбар киік», «Жорға аю», «Қара қасқа атты Қамбар», «Балжыңгер», «Нар идірген», «Ноғайлының зары», «Қос мүйізді Ескендір», «Еңсегей бойлы Ер Есім», «Сы- рым сазы», «Ақтабан шұбырынды», «Хан жұбату» дейтін халық күйлерінен бастап, Қорқыт, Кетбұға, Асан Қайғы, Қазтуған, Байжігіт, Абылай хан, Қараұлы Боғда, Дәулеткерей, Тәттімбет, Абыл, Құрманғазы, Шоңманұлы Тоқа, Сарымамай, Ықылас, Ес- бай, Әлшекей, Қазанғап, Мәмен, Дайрабай, Дина, Сейтек, Сүгір, Әбікен, Ақбала, Аққыз, Жаппас, Нұрғиса, Төлеген, Мағауия күйлері халықтың мәдени-рухани және тарихи тағдырымен, өмір, тұрмыс, тіршілік құбылыстарымен, жан сырларымен тамырлас.

Атап өтерлік жәйт, қазақтың бес мыңдай күйі тіркеуге алынған.

Және бес мыңдай әні тағы бар.

 Халық рухының асқақтығы – қасиетті өнерімен өлшенеді. Халық шығармашылығының еңбек мерекелеріне, әдет-ғұрыптарға, діни жораларға қатысты салалардың барлығына ортақ ән мен күй, театрлық-драмалық үлгілерге бай ойын-сауық өнері. Ұлыстың ұлы күні, ас беру, қыз ұзату, шілдехана, келін түсіру, сүндет той, қымыз- мұрындық, сірге мөлдіретер, күзем алу, жүн сабау, киіз басу (мыса- лы: «Өрмек биі»), үйлену, ақсүйек, айгөлек, алтыбақан, балуандық, мергендік, найзагерлік ойындары өнер көрсетушілік, өлең жарысы ретінде өткен-ді.

 Негізінде, қазақтың ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының жал- пы саны – екі жүзден астам.

 Бағзыдан қазақ жұртында нешеме алуан асыл тастардан жүзіктің көзінен өткендей зергерлік әшекейлер жасау, кесте тоқу, темірден таңғажайып бұйымдар мен құрал-саймандар істеу, ағаш өңдеу, киіз үйдің сүйегін, үй жиһаздарын, музыка аспаптарын, ыдыс-аяқтарды жасау, сәні мен салтанаты айрықша киімдер тігу, бір сөзбен айтқанда, ұсталық пен зергерліктің, талғампаздық пен мәдениеттіліктің жарқын көрінісі. Әрі мұнда мыңжылдықтардың жаңғырығы бар

екендігі мәлім. Себебі, өнерлі, өнегелі ұлтымыздың адам және ғалам, адам және кеңістік, адам және қоғам жайындағы ой-қиялы, таным- түсініктері, тәжірибелері, әдет-ғұрып, наным-сенім, салт-дәстүрлері қол өнер туындыларында терең із қалдырған.

 Сайып келгенде, терең тамырлы, рухани әлемі көркемдік құбылыстарға бай 25 томдық «Қазақ өнерінің антологиясы» ─ Тәуелсіздік мұраттарына қалтқысыз қызмет ететін ұлттық игілік, мәдени қазына, жас ұрпақты тәрбиелеудің, өнерге баулудың асыл мұрасы.

 Мырзатай Жолдасбеков, Қорқыт атындағы ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор

ДӘСТҮРЛІ АЙТЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

(Құрастырушыдан)

 Тарихтың да, тағдырдың да қатал сындарына төтеп берген өнер түрі – айтыс. Кейбір өнер түрлері қолданыстан шығып, ұмытылса да, ақындық айтыс өзінің құндылығын, мәнін, өзектілігін жойған жоқ. Ел басына күн туған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» айтпағанның өзінде, күні кешегі кеңестік кезеңде ұлттық өнеріміз шетқақпайлық көрсе де, әр дәуірдің мықтылары алға шықты, солардың маңдайалдында ақындар жүрді. Замананың желі қалай соқса да, шын ақын өзін халқынан жоғары қойған емес. Өйткені, ақын – о бастан өзінің ел-жұртының бетке ұстары, сөзін сөйлер, арқа сүйер азаматы.

 Сондықтан айтыс өнері кім-кімнің болса да, намыс отын жани- ды. Айтыс ақындары ертеде рудың намысын қорғаса да, әр ақынның өзіндік «Мені» бар, азаматтық «Мені» бар, бұлардың қайсысы селт еткізсе де, намысты қайрайтын мықты құрал болғандықтан, әлі күнге қазақы қоғамның айтыс десе, делебесі қозатыны содан.

 Осындай айтысқа деген құмарлық әдеби жанрларға өзгерістер туғызды. Кейбір ақындар өз шығармашылығында жансыз заттармен

«айтысатын» өлеңдер шығарды. Ал бұларды алғашында ақындық ай- тыстармен қатар қойған кездер болды. Алайда, ғылымның дамуы ай- тыстану саласына да өзіндік алып-қосарын енгізеді. Сондықтан бұл басылымды дайындауда соңғы ғылыми пайымдаулар басшылыққа алынды.

 Айтыстың алдыңғы, 1965 ж. басылымдарында жарық көріп, көз үйренген «Нарманбет пен торы аттың айтысы», «Қожамқұл ақынның көкшолақ атымен айтысқаны» дегендей мәтіндер бір ақынның төл шығармалары деп бағалануы тиіс (Қазақ әдебиетінің тарихы. Фольклорлық кезең. Алматы, 2008, 691-б.). Шынында да, ақынға «қарсылас» болып көрінетін ат немесе домбыра, не қасқыр,

шын мәнінде, «айтысқа түсетін» ақын еместігін бүгінгі адам айқын түсінеді, бұларды ақынмен айтысты деп, ешкімді сендіре алмаймыз. Рас, ежелгі дәуірдің адамдары «Жаз бен қыс айтысты» дегенге сенгенімен, бүгінгі көзі ашық халықты домбыра не қарға, т.т. Құдай сөйлеу қабілетін бермеген заттар мен жануарлар адаммен айтысты

деп сендіру мүмкін емес.

 Сондай-ақ ғұрыптық «айтыстар» тек сыртқы түрі үшін ғана ақындық айтыстың қатарында жарияланып келген. Тек соңғы кезеңдегі зерттеулердің нәтижесі жанрлық ерекшелікті тұрақты ұстау қажеттігін алға тартты. Атап айтқанда, 2008 ж. жарық көрген

«Қазақ әдебиетінің тарихы. Фольклорлық кезең» атты 1-томында фольклорлық айтыс және ақындар айтысы деген жіктеу жасалды. Осы жіктеу бойынша бұрын салт-дәстүр айтыстары деп берілген

«айтыстар», шынында, фольклорлық сипатта екені анық айтыл- ды. «...Бәдікке қатысты қолданылатын «айтыс» сөзін жанр атауы мағынасында емес, бәдікті қыз бен жігіттің кезектесіп айтуы, орын- дауы деген тұрғыда түсіну қажет», аруақпен айтыс деп танылған

«Ақбала мен Боздақ», «Аймаңдай мен Бабас» мәтіндерінің мола ба- сында айтылғаны тұрақты түрде ескертілетіні айтылып: «Шынында да, мола басында өлген адаммен айтысып, оны сөзбен жеңу мүмкін емес...» екендігі нақты тұжырымдалған (Қазақ әдебиетінің тарихы. Фольклорлық кезең. Алматы, 2008, 681-б.). Яғни бәдіктің немесе басқа да ғұрыптық «айтысулардың» тек сыртқы пішіні ғана ұқсас, әйтпесе, мазмұн, маңызы, мақсаты айтыс емес. Яғни сыртқы түр жанрдың басты айқындаушысы емес.

 Ақындар айтысы болған соң, сөз сайысының «кейіпкерлері» ретіндегі қызмет екі ақынға жүктеледі, бұл – жанрлық бұзылмас шарт. Қазақтың дәстүрлі қоғамында құрдастар немесе нағашы- жиен, т.б. өз орнын білетін адамдар әзілдесіп, бір-бірінің сыртынан

«айтыстар» тудырғаны кездеседі. Бірақ кейіпкер ретінде есімдері көрсетілген бұл адамдардың арасында шын айтыстың болмағанын ойлау керек. Сол сияқты 1965 ж. «Айтыс» және кейбір жеке ақындардың шығармашылығына арналған жинақтарда бұл қағида ескерілмей қалған. Мәселен, Кете Жүсіп пен Күзен арасында таза ақындық айтыс жоқ. Өйткені, Жүсіп әйелінің атынан өзі жазғаны 1965 ж. «Айтыс» жинағының соңында берілген түсінікте, 642-бет- те анық таңбаланған. Ендеше оны ақындар айтысына қосудың жөні жоқ. Сол сияқты Шал (Тілеуке) Құлекеұлының шығармаларының арасындағы «Шал мен кемпірі» дегенді ақындар айтысы деп қарауға мықты дәлел жоқ. Сондықтан ақындар айтысы бойынша жарық көрген шығармалардың бәрі жанрлық тұрғыдан саралаудан өтті.

Кейбір көз үйренген мәтіндердің бұл антологияға қосылмау себебі

– осы. Жанрды оның сыртқы түрі айқындамайды, «айтыс» деген сөздің мазмұны – осыған айғақ. Сондай-ақ:

Айтыссаң, кәне, кел айтыс, Тимей жатып туламай.

Мен емес сенен қашатын, Айтыса алмай сасатын.

Сен секілді желікті Албастым бар басатын, –

деумен тәмамдалған Асаубай мен Құлтуманың [Айтыс. 1988, 30-б.] ара- сында таза ақындық айтыс болды деуге келмейді. Мұнда сөз қағысу

– сайысқа шақыру деңгейінде ғана қалған, айтысқа тән даму жоқ.

 Сондай-ақ екі ақын қатысқанымен, таза ақындық сөз сайысы жоқ шығармалар да бар. Ақынға қара сөзден өлең оңай, көмейінен жыр төгілген ақындардың жайдақ сөйлеуі мүмкін де емес. Аузын ашса, өлең төгілген ірі ақындардың көңіл айтуы да, жұбатуы да, жоқтауы да – бәрі өлеңмен «айтыс» формасына түскен. Оның үлгісі – 1988 ж.

«Аралбай мен Қашағанның айтысы» деп жарияланған мәтін. Бала- сынан айрылып отырған қаралы Аралбайдың:

Менің немді сұрайсың, Мен бір жүрген боз мая, Тұлыбына келіп, үңілген. Мен бір жүрген ақ киік Ұзын судың бойында Лағын іздеп жүгірген.., –

деген сөздерінен-ақ мұның жоқтау екенін түсіну қиын емес. Ал күтпеген жерден жайсыз хабарды естіген Қашағанның жайдақтыққа салынбасы тағы да аян. Осылайша қос ақынның бірі жоқтау айтып, іштегі шерін шығарса, халықтық дәстүрмен «Тұяғы бүтін тұлпар жоқ, Қанаты бүтін сұңқар жоқ», – деген жұбатуы шабысы мықты ақындық қуатты танытады, бірақ жанрлық тұрғыдан бағалағанда, бәрібір, айтыс емес, ақындар шығармашылығындағы фольклорлық сананың көрінісі деп бағалануы тиіс.

Ақындық айтыс деген соң жанрлық ерекшелікті бекем ұстанғанда,

«Сүйінбай мен Тезек төренің айтысындағы» қаракер аттың кейіпкер ретінде қосылғанын ескермеуге болмайды. Бұл шығарма кеңестік кезеңге дейінгі ақындар айтысының ауызша жеткенін ескеруді,

осы себепті оның фольклорлық айналымға түскенін мойындатады. Бірақ сонда да дәл осы антологияға бұл шығарма қосылды, өйткені, ақындар айтысының негізі сақталған. Ал «Бақтыбай мен Тезек төре айтысын» ақындар айтысы деген атаумен шығатын жинаққа қосудың реті келмеді. Өйткені, Бақтыбай мен Тезек төренің ақындығына шәк келтірмесек те, нақты шығарманың жанрлық табиғатын тани білуіміз қажет. Шын өмірде екеуі талай айтысқан болуы да мүмкін, бірақ дәл бізге жеткен осы шығармада айтыстың негізі сақталмаған. Оның себебі де түсінікті. Айтыс ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралған, солайша екеуінің арасында шын айтыс, сөз сайысы орын алса да, ол сол қалпында жетпей, «бұзылып», жартылай ертегілік, жартылай шешендік сөз жанрларының табиғатына ауысқан. Өйткені, мұнда Шернияз бен Баймағамбет сұлтан арасындағы «кездесуге» еліктеу болса да, болмаса да, «Осындай болса екен» деген халық қиялынан қосылған жерлері көп.

 Шал (Тілеуке) Құлекеұлының жинағындағы «Шал мен дегдар қыз» да осындай синкреттілікке түскен.

 Негізі, айтысқа қосылатын шығармалардың өн бойынан «Ай- тысып жатыр» дегізетін көркемдік күш-қуат бірден сезіліп тұрады. Солайша поэтикалық қуатты мықты ақындар арасындағы сөз сайысының кейбірі жанрлық сипатты анықтауда ойландырғандары да бар. Әсіресе, қағысу мен шешендік сөздің арақатынасын таразыға салғандай салмақтау қажет.

 Мұндайда салыстыру үшін Шернияз бен Баймағамбет сұлтанның арасындағы сөз майданын алуға болады. Баймағамбет сұлтанның қылышы дайын тұрған кезде басын аман сақтап, өз өмірін құтқарып қалу үшін айтылған Шернияздың сөздерін ақындық айтыс деп бағалауға сыймайды. Оның үстіне Баймағамбет айтысқа түсіп отырған жоқ, ақынның өмірін сұлтан қылыш арқылы шешпекші оның қаһары бар. Осыларды ойлағанда, Қадырбай мен Байтоқ арасындағы сөз майданы шешендік сөз жанры бойынша емес, қағысу – ақындардың айтыскерлік мықтылығының көрнекті дәлелі деп бағалануы тиіс. Мұнда Жәңгір ханның ақындарды айтыстыру талабы ғана орын алған, шешуші күш құралы қылыш емес. Осындай ойлармен бұл мәтін айтысқа қосылды.

 Бастапқыда айтыс болғанымен, кейін шығармашылыққа қабілетті ел адамдарының араласуымен оны жырға да айналдырудың мүмкіндігі бар екенін «Сауытбек пен Ақбөпе» дәлелдейді. Бұл шығарманың «Бабалар сөзінің» «Ғашықтық дастандар» томы- на қосылуы дұрыс, өкінішке орай, кейбір зерттеушілер дәл осы

жанрлық дамуды ескермей, айтыс деп көрсеткен.

 «Түбек пен Қарқабат» та жанрлық тұрғыдан өзгеріске түскен. Мұнда Қарқабат жад ауруына ұшыраған Түбекпен айтысып, оны жеңуді мақсат етпейді.

 Ал бұл шығарманы оқи отырып, бастапқыда Түбек пен Қарқабат арасында айтыс болуы мүмкін дегенмен, ел ішіндегі ақындардың сюжетті жырға бағыттауының басталғанын аңғартады. Өйткені, Түбектің тілегімен Қолаба деген тәуіп келтіріледі, ол ақынды жылқының қазысына бөлеп, үш айда жазып, атқа мінгізеді. Сол еңбегі үшін Түбектің малы мен қатынын алып, кетіп бара жатады, Қарқабат Арқадан қайтып келіп, болған жағдайды біліп, тәуіптің артынан қуып барады. Екеуінің арасында диалог орнаған, алай- да, мұны Қарқабат пен тәуіптің айтысы деуге келмейді. Ақындық айтыстарда жеңуге деген ұмтылыс болуы – шарт, мұнда ол жоқ. Бұл шығарманың айтары: Қарқабат тәуіптен Түбектің қатынын қайтаруды талап етіп, ақыры, отбасылы адамдардың басын қосады. Осылайша өзіндік шытырман оқиғасы бар сюжетті шығармаға айналғандықтан, мұны ақындық айтыстарға қосудың реті жоқ.

«Араға үш ай салып, Қарқабат келеді де, тәуіптің артынан қуады»

– осының өзі жырға еліктеушілікті аңғартады, яғни мұнда уақыт кеңістігі рөл ойнап тұр. Ал айтыста алыстан шақыртқан ақынды басқа жақтан алдыртқаны туралы айтылса да, дәл Қарқабат сияқты айтыстан бөлек мақсатты көздейтін қимыл, әрекеттерге орын жоқ. Яғни айтыс үстіндегі ақындардың бір-біріне сөз арнауы нақ осы шақты жеткізеді. Ақындарды алдыртуға кететін уақыт, бәрібір, сол нақты осы шақтың аясынан шықпайды.

 Ал «Ақан мен Мұқан» айтысы бірнеше рет болған сыңайлы. Дегенмен бұл айтыста екі ақынға да Шыңғыс хан «замандас» бо- лып шыққан. Бұл кейінгі жеткізушілердің ықпалы болғандығын аңғартады. Мәселен, Мұқан:

Ақан да:

Бір кезде болып едің жақсы халда, Сол кезде берген саған олжа, мал да. Бұл кезде жарлы болып тақырландың, Кім келер титықтаған кедей шалға?

Серілік енді саған неге керек?

Бұл сөзді айтпап па еді Шыңғыс хан да, – десе,

«Қыз ал», – деп шығушы еді Шыңғыс хан да, Мазамды алушы еді анда-санда.

Ұнаған сұлуыңды өзің таңда, Керек болса, берейін дүние-мал да.

Осы айтқаны Шыңғыстың әлі есімде, Көңілім сонан бері сұлу жанда, – деген.

 Айтыскер ақындардың Шыңғыс ханмен замандас болмағаны белгілі. Сондықтан ақындық айтыс бойынша антологияға қосуға келмейді. Бұдан шығатын ой: халықтың қызығушылығы күшті болған себепті айтыстардың кейбірі фольклорлық айналымға түсіп, жанрлық өзгерістерді бастан кешкен.

 «Мәулімбай мен Айбала» Мәулімбайдың кіріспе сөзімен баста- лып, өзінің Айбалаға қалай барғанын баяндау, екеуінің арасында сөз қағысы болғанын жеткізу мақсатын көздеген. Сондықтан оны таза ақындық айтыстың қатарына қосу қиын, мұнда сол екеуара болған қағысуды аңыз ретінде дамыта баяндау орын алған. Яғни аралық жанрға түскен.

 Айтыстарды саралау барысында кеңестік кезеңге дейінгі айтыстарға арналған екі томда барлығы 94 мәтін қамталды. Оның 53-і – бірінші, ал 41-і екінші томға енді. Құрылымдық тұрғыдан екі бөлімге жіктелді. Бірінші бөлімде айтыс мәтіндері, ал екінші бөлімде ғылыми қосымшалар енгізілді. Ғылыми ақпараттар айтыс ақындары туралы қысқа мәліметтер, айтыстың орын алу тарихы бойынша түсініктер, географиялық атаулар, тарихи адамдардың есімдері және архаизм сөздер бойынша жинақталды. айтыстардың ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жетуінің де кейбір қыр-сыры ашыла түсті. Кейбір шығармаларды оқи отырып, айтыстың екі ақын арасында бо- луы керектігін ойыңа салып, оның шынайылығына күдіктенетін де кездер болады. Сондай ой қалдырған шығарманың бірі – «Шернияз бен қыз». Шернияздың ой жүйріктігі оның сөздерінде таңбаланған, алайда, дәл осы шығарма Шерниязға «көлеңке» түсіретін сияқты. Дәлірек айтқанда, бұл фольклорлық айналымға түскен немесе өзгенің Шернияз атынан шығарма «туындататына» жол берілген бе деген ой да қалдырады. Әйтсе де, дәл осы ретте әркімнің өз қабылдау, танымы барын ескеріп, бағалауды оқырманның өз еркіне қалдырдық.

 «Айтпаса, сөздің атасы өледі» деген бабамыздың философиясы айтыстардағы ширақ ойдың, көркем, бейнелі ойдың, тегеурінділіктің мықтылығын танытатыны ақиқат. Дегенмен кейбір шығармалар ай- тыс жанрына тиісті десек те, антологияға көркемдік деңгейі биік гауһар туындыларды ғана іріктеу мақсат болғандықтан, кейбір айты- стар қосылмай қалды.

 Антологияны дайындау барысында ақындардың айтысқа түсуінде де өзіндік этиканың болғаны байқалады. Мәселен, Сарышолақ пен Кердері Әбубәкір айтысқан деп көрсету бар. Алайда, мәтінге зер салған адам Әбубәкірдің: «Сарышолақпен айтыспаймын, оны сый- лаймын», – дегенін де ескеруі керек. Яғни, шын мәнінде, ақындар арасында айтыс болмаған. Осы мәтін соңындағы мәліметке сүйенсек, олардың кездесуі жыршылық сайысқа ұласқан. Демек, ұстаз бен шәкірт немесе халыққа өзін мойындатқан тұлғамен сөз жарыстыр- майтын ұстаным да болған.

 Ақындар айтысы талас тудырмайтын жағдайда авторлы ауыз әдебиетіне қосылады. Оған күмән жоқ, дегенмен шығармалар ау- ызша жеткендіктен, айтыстың канондық мәтіні болмайтыны да түсінікті. Кеңестік кезеңге дейінгі айтыстарға арналған екі томда барлығы 94 мәтін қамталды. Оның 53-і – бірінші, ал 41-і екінші томға енді. Құрылымдық тұрғыдан екі бөлімге жіктелді. Бірінші бөлімде айтыс мәтіндері, ал екінші бөлімде ғылыми қосымшалар енгізілді. Ғылыми ақпараттар айтыс ақындары туралы қысқа мәліметтер, айтыстың орын алу тарихы бойынша түсініктер, географиялық атаулар, тарихи адамдардың есімдері және архаизм сөздер бойынша жинақталды.і айтыстар осылайша ауызша таралған себепті бірнеше түрде жеткендері де бар. Әйтсе де, нұсқа және вер- сия деген нақтылықтарды ескергенде, мұндай аз-кем ауыс-түйісі бар мәтіннің бәрі нұсқа болмайтыны белгілі, сондықтан нұсқа ретінде бір-бірін қайталамайтын, өзіндік жеке нұсқа деп танылатын мәтіндер ғана енгізілді. Мәселен, Ұлбике мен Күдері қожаның ай- тысы үш нұсқада жеткен, ал Жанақ пен Түбек айтысының В. Радлов пен М.Ж. Көпейұлы жазып алған мәтіндердің негізі – бір. Мұндай жағдайда насихаты аз болып жүргендігі әрі мәтіннің толығырақ, ой жүйесінің саралылығы ескеріліп, антологияға М.-Ж. Көпейұлының жинағынан беруді жөн көрдік. Ал кей жағдайда кітаптың көлем жағынан шектеулі екенін ескеріп, көпнұсқалы айтыстарды түгел беру мүмкін болмады. Сондай-ақ кезеңдік тұрғыда осы бірінші және екінші томдарға тиесілі болғанымен, бір ақынды екі дәуір бойын- ша жариялаудың да ыңғайы келмеді. Мұндайда айтулы тұлғалардың ақындық жұлдызының жанған дәуірі бойынша ұсынуға тура келді.

1965 ж. үш томдық жинақтың екіншісіндегі «Жұмбақ айтыс» бойын-

ша берілген жазба айтыстар бұл антологияға принципті түрде берілмеді. Өйткені, суырыпсалма айтыспен салыстырғанда, жазбашаның табиғаты бөлек. Ақындар тек қана жұмбақ арқылы ғана емес, басқа

да тірліктің мәселелері бойынша хатпен айтысқан, «дауласқан». Бірақ айтыс дегенде тек пішін жағынан сыртқы ұқсастықтан басқа ортақтық жоқ, импровизация көрінбейді. Ал жұмбақ айтыс импровизацияда да мол орын алған, яғни бұл тұрғыда жалпы айтыстың жанрішілік түрлері сақталады, оған зиян жасалған жоқ.

 Қорыта айтқанда, ақындық айтыстың басты шарттары: айтыс, шын мәнінде, екі адамның арасында өтуі және олардың арасындағы сөз сайысынан тайталасқа, бәсекеге деген ұмтылыс, жеңіске деген құлшыныс сезілуі қажет.

 Көкірегі ояу, көзі ашық, таным-түсінігі кең азаматтардың айтыс туралы мағлұматтары терең екені белгілі. Анайы өлеңдерді өткен ғасырда жанрлық кестеге қосып, алғашқы айтқан көрнекті тұлға – Халел Досмұхамедұлы. Кеңестік кезеңнің өзінде кейбір көрнекті ғалымдардың кітаптарында жарық көрмесе де, қолжазбаларында бұл туралы жазып қойғандары бар. Кейінгі жылдарда Ақселеу Сейдімбектің еңбегі де көпке белгілі. Дегенмен осынша мойындаушылық болғанымен, қоғамда орын алса да, антология көпшілікке арналған, ол жас ұрпақтың да қолына түсері ойланды- рып, саналы түрде анайы айтыстарды қоспадық. Оның үстіне бұл ғалымдарға белгілі және ғылыми ортада айтылып жүр.

 Еліміз тәуелсіздік алғалы ғылымның айдыны кеңіп, ақындардың өмірі мен шығармашылығын зерттеу, жариялау барынша кең жолға түскені айқын. Кеңестік дәуірде есімін де, мұрасын да айтуға тыйым салынған «ақтаңдақтар» ашылды, осы кезге дейін мұралары көпке танылмай, жұртшылыққа жаңадан таныс бола бастағандары бар, осылардың бәрінің басы осы антологияда қосылып, айтыс айдынын- да үлкен шоғыр құрады. Сарышолақ Боранбайұлының, Ноғайбай Сүлейменұлы, Мәулімбай Саяқбайұлы, Кәрібай Таңатарұлы, т.б. ақындардың жинақтарындағы туындылар жанрлық ерекшеліктің та- лабымен іріктелген жинаққа алғаш рет қосылды.

 Кеңестік кезеңге дейінгі айтыстарға арналған екі томда барлығы 93 мәтін қамтылды. Оның 53-і – бірінші, ал 40-і екінші томға енді. Том құрылымдық тұрғыдан екі бөлімге жіктелді. Бірінші бөлімге - айтыс мәтіндері, ал екінші бөлімге ғылыми қосымшалар енгізілді. Ғылыми ақпараттар: айтыс ақындары туралы мәліметтер, айтыстың орын алу тарихы бойынша түсініктер, географиялық атаулар, тари- хи адамдардың есімдері және архаизм сөздер бойынша жинақталды. Кеңестік кезеңге дейінгі айтыскер ақындарға қатысты өмірбаяндық мәліметтерді біркелкі тегіс жинау мүмкін болмады, бұл кезеңдік

ерекшелікпен байланысты. Кейде бір ақынның туған жылы мен қайтыс болған жылын нақтылауда әр зерттеуші өзінше кеткен. Сондықтан бір ақынға қатысты мәліметті қатар беруге тура келді. Мұны екіжақты қабылдауға болады. Біріншіден, бір ғана пікірмен шектелмейтін ғылыми пікірталастың дамуына жағдайдың туғаны деп бағалауға болады. Бірақ бұған қарсы ой да қылаң береді. Ғылымы дамыған елдің мұндайда ширақ та сергек көңіл танытар кезі келді, яғни өмірбаяндық деректерді құжатты түрде нақтылаудың мүмкіндігі болмаған жағдайда да көрнекті ақындардың өмір сүрген кезеңін мейлінше дұрыстыққа жақын жылдарды анықтап, бірізділік жасау қажет сияқты. Біз антологияны дайындау барысында, негізінен,

«Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясына» жүгіндік. Дегенмен, ара- сында кейбір ақындардың нақты зерттеушілері бар екенін ескеріп, олардың да көрсеткен жылдары қоса берілді.

 Ақындар туралы мәліметтер іздестіру барысында айтыстың көрігін қыздырған кейбір апаларымыздың өмірбаяндық деректері әлі күнге белгісіз екендігі қынжылтты.

 Ауызша жеткен сөз сайыстарында кезеңдік ерекшелікті де ескеру қажет, яғни бүгінгі заманауи құралдардың жоқтығынан оларға нақты төрелік жасау мүмкін емес, бірнеше нұсқаның барын ескеру қажет.

 Бүгінгі зерттеушілердің кейбірі өз рулас ақынын әсірелеп мақтайтындары бар. Бұл жеке пікір дегенмен, айтыс жанрының ерекшелігін сырт қалдырып, қарсылас ақынның сөздері тарихи фактіге сай еместігін айтып, оны мәдениетсіз, көргенсіз деуге бол- майды. Ақындар бір-бірін қалайда жеңуді мақсат еткендіктен, кей- де шындыққа жанаспайтын артық сөздерге жол беруі айтысты сөз майданы деп қабылдаумен байланысты. Яғни айтыстың жанрлық ерекшелігін түсіну қажет. Шын мықты қарсылас сол артық кеткен сөздерге ұтымды жауап қайыра білуі шарт. Оның үстіне бүгін сөзден ұтылса, ол сол ақынның бүкіл шығармашылығына берілген соңғы пікірді тудырмайды. Біз өз тарапымыздан жеңімпазды анықтауды мақсат етпейміз. Ақындар сөз таба алмағандықтан емес, жүйелі ойға тоқтаған, әр айтыстың өз тарихы бар екенін ескерген жөн.

 Қазақтың ұлттық руханиятында көрнекті орын алатын тұлғаларға қатысты олардың шығармашылық болмысын айқындаушы аңыздар

«кілт» немесе, бүгінде қолданыстағы сөзбен айтқанда, «визитка» ретінде қосымша берілді.

 Кеңестік кезеңге дейінгі ақындардың айтысында ру тақырыбы басты сарын, сондықтан ақындардың өмірбаяндық мәліметтерін

беруде олардың шыққан тегін айтпай кетуге болмады. Бұны ескеру қажет.

 Сөздің шыны керек, айтыстың көбі көрнекті тұлғалардың ел арасындағы абырой-беделінің арқасында сақталды. Екі ақынның тең түсетіндері болғанымен, жұртқа көп танылмағандары да бар. Осыны ескеріп, кейбір айтыстарды бергенде бұрынғы жинақтарда беріліп жүрген тақырыбын сол күйінде ала салмай, елге танымал болған көрнекті ақынның есімдері бірінші қойылды. Мәселен, «Әділ мен Ақан сері» деп берілгені «Ақан мен Әділ» түрінде ұсынылды.

 Ал антологияға енген айтыстар көрнекті тұлғаның өмірбаяндық деректері ескеріліп, яғни хронологияны негізге алумен орналастырылды. Жинақтағы айтыстарға қатысқан ақындар туралы мәліметтер, айты-

тар туралы түсініктемелер ғылыми қосымшаларда берілді.

 Сондай-ақ ғылыми қосымшаларға географиялық, адам аттары, мифтік, діни атауларға қатысты сөздіктер берілді. Бірақ дәстүрлі айтыстың сөздігі өте ауқымды, бәрін бұл антологияға берудің мүмкіндігі болмады.

 Антологияны дайындауда кеңестік дәуірдегі жинақтар қолданылғанымен, тәуелсіз Қазақстанның соңғы басылымдары да басшылыққа алынды. Сондықтан әр өңірдегі тұлғалы ақындардың өмірбаяны мен шығармашылығын зерттеуші ғалымдармен тығыз бай- ланыс орнатылып, олардың еңбектері қамтылды. Осындай ғылыми байланыс жасауға ілтипат танытқан филология ғылымдарының докто- ры, профессор Нартай Жүсіпке, филология ғылымдарының кандидаты Тоқтар Әлібекке, халқымыздың белгілі өнер қайраткерлері Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаға, тарихшы, өлкетанушы Аманғали Әміржанұлына, Маңғыстау облыстық «Аллаяр жолы» қарақалпақ ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Жоллымұрат Сайытовқа,

«Айдын жолы» газетінің бас редакторы Сипатдин Нұратдиновке, Атырау облысы «Еділ-Жайық» қарақалпақ этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Қазақбай Бекмұратовқа, т.б. шынайы рақметімізді айтамыз.

Риза Әлмұханова,

филология ғылымдарының докторы

АЙТЫСТАР

ҚАБЫЛИСА МЕН ТАУТАН ҚЫЗ

Таутан:

Бір көлге жиырма төрт қонар үйрек, Әрі-бері айналдырсаң, қалар сиреп. Ішінде жалғыз туған біреуі бар, Тұрады соның бәрін жалғыз билеп.

Қабылиса:

Үйректі осы көлге адам қояр, Біреуін бірі тістеп, басын жояр.

Кем ақыл сен білмесең, мен айтайын, Үйрегім жиырма төрт дойбы болар.

Таутан:

Бір дария ағып жатыр тартқан сымдай, Ішінде бір асыл бар жалғыз қылдай.

Бәріне жиылған жан бірдей керек, Жұмбақты осы сізге айтсам, қалай?

Қабылиса:

Сарғайып, сары белден атады таң, Бай қызы бойжеткенде болады паң. Бәріне жамиғаттың керек болған, Қараңғы үйге жанған бір жалғыз шам.

Таутан:

Көше-көше ауылды көше болар, Ойынсыз, күлкісіз ел мешеу болар. Ақын болсаң, сөзіме жауап берші, Тоқсан иттің емшегі нешеу болар?

Қабылиса:

Айт десеңіз, айтайын бұған, билер, Аң жүйрігін біледі қуған билер.

Емшегін тоқсан иттің білетінді, Қолына көнек алып, сауған білер.

Таутан:

Әуеде алтын қазық жылыстаған, Береді Құдай қашан бейіс саған?

Ақын болсаң, алдыңа сала айтайын, Мұхаметтің сүйегін кім ұстаған?

Қабылиса:

Омар ұстап, сүйегін Осман жуған, Әбубәкір құманмен суын құйған. Арыстаны Құдайдың Әзіретәлі Иман айтып, қасында қарап тұрған.

Таутан:

Меккеде бір ағаш бар бұтақтары, Үстінде отыз-отыз жапырақтары. Жапырақтың асты ақтан, үсті шұбар – Қыздардың мұны білмес ақымақтары.

Қабылиса:

Меккеде бір ағаш бар бұтақтары, Үстінде отыз-отыз жапырақтары. Асты ақтан – ақ қағаз, шұбар – жазу, Молданың болар оқыған кітаптары.

Таутан:

Ақырзаман болғанда ұрады жел, Мың қарабас саулыққа бір қозы тел. Мың қарабас саулықты жалғыз еміп, Қозы неге маңырайды пәруардігер?

Қабылиса:

Жұмбағыңның шешуі болар деген, Осы күнгі ұлықтар пара жеген.

Ақтан да, қарадан да пара алса да, Көзіне жиған малы көрінбеген.

Таутан:

Айт дегенде айтамын айда болар, Таң алдынд ақ Шолпан пайда болар.

Ақын болсаң, жұмбағым шешіп берші, Ақ меруерт шыққан жері қайда болар?

Қабылиса:

Ойнамаса, күлмесе, шыға ма дерт? Ойын-күлкі бар жердің бәрі де кент.

Сен білмесең, кем ақыл, мен айтайын: Айдын көлден шығады ақ меруерт.

Таутан:

Айт дегенде айтамын ақбар-дақбар, Ақбар-дақбар ішінде алпыс қаз бар.

Он екі үйрек қырық сегіз қазы бар-ды – Ақын болсаң, Қабеке, мұны тап та ал.

Қабылиса:

Ақбар-дақбар дегенің Ай мен Күн ғой, Алпыс қазы дегенің жылдай таң ғой. Он екі айдың қырық сегіз аптасы ғой, Шешуі жұмбағыңның осы екен ғой.

Таутан:

Ерте оқимыз намазды, кеш оқимыз, Әр күнде бұл намазды бес оқимыз. Ақын болсаң, жұмбағым шешіп берші, Он екі айда намазды неше оқимыз?

Қабылиса:

Сіз де оқисыз намазды, біз де оқимыз. Уақыт жетсе, намазды түзде оқимыз. Сен білмесең, кем ақыл, мен айтайын: Намазды мың сегіз жүз жылда оқимыз.

Таутан:

Бір жұмбағым бар менің уалаған, Бірі қашып, біреуі қуалаған.

Табар болсаң, табақтай жұмбағым бар, Аяғы жоқ, басы жоқ домалаған.

Қабылиса:

Домалаған дегенің −Ай менен Күн, Күн батқан соң қараңғы болады түн...

* * *

Таутан:

Отырмын бір Құдайға жылайын деп, Бір сөзге тоқтам қылып, ұнайын деп. Ақын деп, ата, сізді естіп едім, Отырмын аз шариғат сұрайын деп.

Қабылиса:

Жолы бар шариғаттың пара-пара, Тілімді жаңылдырма, Хақ Тағала. Боламыз біліп айтсақ, біз де жақсы, Қыз Таутан, шариғатың сұрап қара.

Таутан:

Қабеке, Орта жүзге келгенің-ақ, Сөйлей бер, жаңылмай, тіл менен жақ. Адамда кеңлік нешеу, тарлық нешеу? Қабеке, мұны тапсаң, жеңгенің-ақ.

Қабылиса:

Әуелі сұрасаңыз, көзде иман, Белгісі сол иманның – нәпсі тыйған. Дініңді тіршілікте күтіп жүрсең, Бейішке дым сасиды бұрын барған.

Таутан:

Аспаннан кітап түсті әуелден біл, Кітапсыз айтқан сөзде болады мін. Алладан неше кітап келген екен, Сұраймын мен соларды аттары кім?

Қабылиса:

Аспаннан Алла Тағала кітап салған,

«Таурат» деген кітапты Мұса алған.

«Інжіл» деген кітапты Ғайса оқып, Бар ма екен бұл сөзімде, сірә, жалған?

«Забыр» деген кітапты Дәуіт алды, Меккеге бір ғажайып қорған салды.

«Құранды» хазіреті Оспан оқып, Шариғат насихатшы содан қалды.

Таутан:

Пендеде, ау, Қабеке, болады арман, Атамыз Адамнан да пәни қалған. Осымды ойланбай тап, ақын болсаң, Ер Ғайса атасы жоқ, қайдан туған?

Қабылиса:

Мұным рас, «Інжілді» Ғайса алған, Мұса қаллам Алладан сөз сұраған. Сұрадың-ау, қайтейін, Мәриям деген, Алланың лебізінен Ғайса болған.

Алланың құдіретімен Ғайса туған, Аллаға құлшылық қып, белін буған. Жапанда жалбыз теріп жүргенінде, Құдайдың баласы деп, ұстап алған. Ғайсаны қайламенен ұстап алған, Темір қорған апарып, үйге салған. Кәпірлердің қысасы қандай дейсіз, Неше түрлі қыспақты күйге салған. Сол уақта темір үйде жатқан шақта,

«Ұшқын» деп, бір Алладан жарлық болған.

Алладан әмір естіп, «Ұшқын», − деген,

«Шыға алман», − деп, − тесіктен» қайғы жеген.

«Иығым қайтіп шығады, маңдайым» деп, Көрсетіп әр жерлерін, нұсқай берген.

* * *

Орнынан «Ие, Алла» деп, түрегелген, Абайлап, ақырын басып тұрды Ғайса, Именіп күзетшісі кәпірлерден.

Ғайса шығар тесікке қолын салған, Көтеріп, періштелер көкке алған. Құдайдың баласының қылғаны деп, Кәпірдің шоқынбағы содан қалған.

Бар екен бір ағашта қырық жаңғақ,

Бұл дүние барша жанды жатыр жалмап. Ол ағаштың бар екен мың бұтағы, Адамға обал екен кесіп алмақ.

Қабылиса:

Қырық жаңғақ дегенің қырық парыз, Мойныңа оқымасаң, болар қарыз.

Мың бұтағы шариғат әмірі-дүр, Обалы сол – күтпесең, айттым нағыз.

Таутан:

Айналар өз-өзінен бір диірмен, Шығардым бір ағашын бір бүйірінен. Ішінде қылдан нәзік бір жібі бар, Шіркінді әбзәл ғылып кім иірген?

Қабылиса:

Кей адам ұйықтаса, пырылдаған. Айтысам десең еді бұрын маған. Халім келсе, шешейін, Таутан бала, Бұл жұмбағың мәшине дырылдаған.

Таутан:

Жансызда төрт аяғын басып тұрған, Алдына қаһар отын шашып тұрған. Айналып мәшинесі келгенінде, Кісіні жанындағы асықтырған.

Қабылиса:

Сөзімнің байқа, Таутан, қарауылын, Айтасың жұмбақтардың бар ауырын. Мейлің жақтыр, мейлің жақтырмағын, Бұл айтқан жұмбағыңыз самауырын.

Таутан:

Жансызда төрт аяғын тұрды басып, Шұп-шұбар омырауын қылды қасып.

Қабеке, осынымды ойламай тап, Анда-санда қояды аузын ашып.

Қабылиса:

Жақсы мерген Арқадан аң атты ма? Бозбалалар, қараңдар, таң атты ма? Ойламай-ақ табармыз тіршілікте, Бұл жұмбағың шешуі: сағат-нама.

Таутан:

Бес өзен ағып жатыр әрбір сайдан, Дарағы отыз екі мәуіланнан.

Қабеке, ақын болсаң, ойламай тап, Он жеті жерде тоқтап, аялдаған.

Қабылиса:

Бес өзен бес уақыт намаз болар, Дінін күткен махшарда сабаз болар. Бесеуінің он жеті парызы бар, Сүндетін бірге қосып оқымасаң, Сауабы намазыңның ғазал болар.

Қартайған уақытта кез келмесең, Жұмбақты шеше алмасам, кім мәз болар?

Таутан:

Бір адам жүр алтынды киік бағып, Мойнына үш жүз алпыс арқан тағып. Екі ұры аламын деп күнде аңдиды,

Бекіттім төрт жүз қырық төрт қазық қағып.

Қабылиса:

Жаныңа ие адамың анаң болар, Анасыз көрген күнің қараң болар.

Үш жүз алпыс арқаның – жыл он екі ай, Мұны тапқан Қабекең кімің болар?

Екі нәпсі – екі ұры – білсең таңып, Тірі болсам, табамын жұмбағыңды.

Төрт жүз қырық төрт сүйек бар, ұққын анық, Таутан бала, бәтемді ал, тілімді алып.

Құдайдың жаратқаны бір бәйтерек, Төрт бұтақ ол теректе болса керек. Төрт бұтақта және бір-екі бұтақ, Қабеке, ақын болсаң, тапсаң керек.

Қабылиса:

Бір бәйтерек дегенің Мұхаметім, Үш жасында анадан қалған жетім.

Төрт бұтағы − сүйікті төрт жары дүр, Пайғамбарым қорғайды кеп үмметін. Екі бұтақ − Хасен мен Құсайын-дүр, Таутанжан, меніменен кеңесің құр.

Мен таппаған несі бар, ойлап қара, Нұсқаға мен көрсеткен мойныңды бұр.

Бар екен отыз үш мың сахабасы, Қабекеңнің алпысқа келген жасы. Қабибі – бір Алланың сүйген досы, Екі мысқал пәниде ішкен асы.

Намаз оқып, ораза тұтпаған жан, Таутан бала, ойласаң, адам насы. Зекет, қажы, иман білмек парыз болар, Он екіге ілініп, шықса жасы.

Қыз балаға болады тоғызында, Тағаты кем болмайды, болса, ұрғашы. Лағанат қамытын кигеннен соң Ғазәзіл адамзаттың болды қасы.

Таутан:

Құдайдың жаратқаны жалғыз тері, Буы жоқ қалың тоғай жүрген жері.

Қырық күн аштан өлмес, ашпын демес, Мұны табар адамның кемеңгері.

Қабылиса:

Жалғыз тері дегенің ол – аспан көк, Қалың тоғай – жұлдыздар еш буы жоқ. Қырық күнде жерге кеп Үркер кірер, Сексен түн санасаңыз болады кеп.

Таутан:

Білмеймін ақыр қайғы салмағы бар, Бір күні алдап жүріп, алмағы бар.

Пәнидің жеті басы, он екі қол, Отыздан қол бас сайын бармағы бар.

Қабылиса:

Дегенің он екі қол он екі ай-ды, Сопылар Құдай үшін жан қинайды. Отыз бармақ дегенің отыз күн-дүр, Барша жан біреуінен құтылмайды. Ғибадат қыл, Таутан қыз, тіршілікте, Ойлалық махшар күнде барар жайды. Жеті күннің бірінде алар Құдай, Хабары жоқ еш адам біле алмайды.

Таутан:

Қабеке, бұл өлеңде көптеу парық, Жасымнан ақын болдым қыдыр дарып. Отыз қол аттаныпты әскербілән,

Он төрт жігіт қасына жолдас алып. Қабеке, бұл жұмбақты ойламай тап, Сөзіңіз өтірік болмай, болсын анық. Мен айтсам, сіз шешіңіз кідірместен, Таңқалар екеумізге барлық халық.

Қабылиса:

Жаратқан баршамызды Хақ Тағала, Ғаламға он сегіз мың өзі пана.

Он төрт жігіт дегенің он төрт шәжде, Құран-дүр – отыз қолың отыз пара. Әскері ішіндегі сүрелері,

Бұл сөзді құлақ салып, тыңдап қара. Не айтсаң да, табамын жұмбағыңды, Барың болса, қарышта, Таутан бала.

Таутан:

Қабеке, Орта жүзге келуің нақ,

Сөйлей бер мүдірместен тіл менен жақ. Адамды ләпсісінен азғырады,

Бір құс бар, оны тапсаң, жеңгенің-ақ.

Қабылиса:

Жеңілсем, ал ұялтып қайтар-дағы, Білгендер шариғатын айтар-дағы. Ләпсіге іркілместен ойран салса,

Бұл жұмбағың, Таутан қыз, шайтан-дағы.

Тағат қыл тіршілікте бір Аллаға, Махшарда жақсы болар істің ағы. Табармыз қартайсақ та, сөйле, шырақ, Аман болса, Алланың берген бағы.

Таутан:

Қабеке, таба алмадың сөз ұяңды, Қинайды өтірік сөз шыбын жанды. Қанша ақын болсаң да, таба алмадың, Ол құсым ләпсі тыйған зым-зиянды.

Қабылиса:

Біреуі ұшқан құстың бөдене еді, Бұл Таутан өлең бірлән теңеледі. Мен таппаған несі бар, Таутан бала, Зым-зиян шайтан емей немене еді? Алла берген ақыл, ой түгел тұрса, Қабекең неменеге түңіледі?

Тақтайға «Лауқыз мақпұз» жазған Алла, Пендесі рақым қылған көгереді.

Таутан:

Қабеке, бәрін таптың, сөзің анық, Жолынан шариғаттың адаспалық. Жұмбақты қанша айтсам да, таба бердің, Сізбенен бұдан былай таласпалық.

Қабеке, қарсылық деп, ойыңа алма, Тыңдап тұр осы отырған барша халық. Сізге айтқан сөзімді кешіріңіз,

Маған наза болмаңыз, қапаланып. Бір келген дүниеге әулиесіз, Қабылиса атандың қыдыр дарып. Өтініп сізден жәрдем сұрап тұрмын,

Бұл Таутан қызың тынсын бәтеңді алып.

Қабылиса:

Атыңнан, айналайын, Жаппар Құдай, Данышпан бір баласың ақылға сай. Таласпа меніменен мұнан былай, Берейін мен бәтемді, қолыңды жай.

Таутан:

Атыңнан, айналайын, пәруәрдігер, Қабеке, шариғаттың сабағын тер. Азырақ жел сөзбенен дәсіп ұрдым, Атажан, ықыласыңмен бәтеңді бер.

Қабылиса:

Құдайым, малды көп бер, басты көп бер, Аздырма бұл пендеңе бәрін тек бер.

Шерменде ақиретте қылма, Құдай, Біссімиллә, рақмен рақым, Аллау-акпар!

ЖАНАҚ ПЕН ТҮБЕК

Жанақ:

Мен үйімнен шығып ем, Ертіс өрлеп, Үш жүздің ортасында өлең кернеп. Хан ием шақыртқанға келіп қалдым, Екі неме қоймайды көлденеңдеп.

Түбек:

Шығып ең сен үйіңнен Ертіс өрлеп, Үш жүздің үш ауылына кедеймін деп.

Жанақ-ау, жамбы түгіл, боқ та алмайсың, Өлең айтып не етесің, бекер терлеп?!

Жанақ:

Біздерді шау дегенде, өлең бассын, Өлең айтсам, аруағың сенің қашсын! Сенімен он сегіз күн тарпысармын, Он тоғыз күн дегенде, шыдамассың!

Түбек:

Кәрі құл, мен шыдармын, сен шыдамассың, Шыдамаған жігітті қара бассын!

Ұстай алмай қаларсың етегімнен, Жамбыңды алдыңдағы ала қашсам.

Жанақ:

Құдай-ау, қайдан қалдым сөз ұғарға, Ноғай кедей болмайды бөзі барда.

Мен неге олжа алудан құр қалайын, Атамның мына отырған көзі барда!

Түбек:

Мынау орыс салыпты қырға бекет, Еліңіз бермейді екен қайыр, зекет. Жас төлін сүтін емген біз алғанбыз, Тұғырдан түсіп қалған атаңды әкет!

Жанақ:

Ауылы Оспан ханның Бөрікағашта, Атым Жанақ атанған алты алашқа. Оспан хан шақырған соң, келіп едім, Қой, бала, менімен сен тайталаспа!

Түбек:

Ауылы Оспан ханның Бөрікағашта, Кедейлігің белгілі алты алашқа.

Оспан ханның ақыны қалай екен, Тай күнінде атпенен тайталасса!

Жанақ:

Ауылың Сасықсудан көшкен екен, Ырысың, балам Найман, өскен екен. Төре, қараң жиылып, кеңес қылып, Жанақты бір жеңейік дескен екен.

Түбек:

Ауылым Сасықсудан көшіп жүрген, Ырысым жылдан-жылға өсіп жүрген. Қамбардың кедей шалы келе қалса, Бозбала, түк бермейік десіп жүрген.

Жанақ:

Ау, балам, сенің өзің қай Наймансың? Қонақасы беруге бай Наймансың.

Арғынның айналасы алты айлық жол, Кемдігіңді, балам Найман, ойлағайсың!

Түбек:

А, Жәке, біздің Найман бай Найман ба? Қонақасы беруге сай Найман ба?!

Жаман, жаман дейсің де, еш қоймайсың, Жаман болып, жасқанып, тайғандай ма?

Жанақ:

А, балам, Арғын қайда, Найман қайда? Арғындығым көрсетейін осындайда! Талқан боп Тарбағатай кетер еді, Арғын беттеп, жайласа жазғы майда.

Түбек:

А, Жәке, Арғын қайда, Найман қайда? Арғын болсаң, Қарқаралы дуан қайда? Бас қылып Жамантай мен Құсбегіңді, Жақсыңды тізіп қамап жалғыз сайға.

Жанақ:

Деген соң, атым – Жанақ, атым – Жанақ, Шалбарым бес теріден, сексен балақ.

Ашуыма көп тиме, балам, Найман, Ашулансам, кетермін иттей талап!

Түбек:

Қу кедей тентіреген Қамбар-Жанақ, Қылғындырып, қыдыртқан мешкей тамақ. Ініңді сартқа саттың кедейліктен, Құлағымды кессең де, айтқаным-ақ!

Жанақ:

Қақ жарып, көп жақсыңа өлең айттым, Қобызым қолымдағы қоймай тарттым. Мақтанба көрмегендей, балам, Найман, Жүз жылқы ұрладың да, жүз қой тарттың!

Түбек:

Қақ жарып, көп жақсыма өлең айттың, Қу жарғақ қобызыңды қоймай тарттың. Өзге байлық айтса, айтсын, сен айтпашы, Бай болсаң, неге ініңді сартқа саттың?!

Жанақ:

Мен ағаң Арғын болғанда, балам – Найман,

«Кедей Жанақ» десең де, арланбаймын. Ашуыма көп тиме, Найман бала, Аузыңды қобызыммен қан қылғаймын!

Түбек:

Арғын болсаң, қайтейін Наймандаймын, Куәм бар, қай сертіңнен тайғандаймын?! Ұрының өзіне лайық сойылы бар, Домбыраммен қақ басқа қойғандаймын!

Жанақ:

Сен – пышақ: жетесі жоқ, мен – алтын қын, А, балам, жеңе алмасаң, саған бір сын.

Өзім кедей болсам да, аймағым бар, Алдажұман жылқысы – жиырма үш мың.

Түбек:

Найманда бура менен қалған қатын, Тоқсан санды айдаған Қамбар жатыр. Жүз сандық Бексұлтанда жамбы жатыр, Алпыс атан түйеге әрең артар.

Жанақ:

Біздерді Қыдыр дарып, өлең басты, Өлең айтсақ, аруақ сенен қашты.

Кесер бас, жүрер аяқ малды айтсайшы, Ұрыдай не қыласың жатқан тасты?

Түбек:

Күмістен жамбы деген тасым еді, Әр тасым бес жүз сомнан асыл еді.

Елімнен келмей жатып, жамбы сұрап, Ол тас емей, атаңның басы ма еді?!

Жанақ:

Жанаққа ас бермейді бастан басқа, Көзімнен түк шықпайды жастан басқа. Берген малын мен қашан тастап кеттім, Еліңнің берері жоқ тастан басқа.

Түбек:

Абыл хан, Әбен жатыр Ертісті өрлеп,

Сабыл хан, Сәбен жатыр: «Келсең, кел!» – деп. Тоқта, Күшік-Қамбарда тоқсан мың бар, Тоқсан атпен жияды көзі терлеп.

Жанақ:

Құрысбай, Сапақ, Бапақ Азнабай-ды, Оны азсынсаң, қос атқа ал Өтебайды. Қойгелді Ордабаймен бәсеке боп, Бас-басына тоқсан сан қой айдайды.

Түбек:

Біз келдік өңшең төре асқа саулап, Ішінде Иса, Әлі бар омыраулап.

Қу далада қутыңдап, қақсағанша,

Садат ханымға айтсайшы, көңілін аулап!

Жанақ:

Адырайып не дейсің, Адырбай сарт, Найманшамның баласы, тізгінің тарт! Қалай айтсам, мен – Арғын, ерік өзімде, Қалмағыңның қатынына өзің-ақ айт!

Түбек:

Еліңде төрең бар ма іске жарар? Сұрасаң, біздің төре ханға барар!

Бұл сөзді не деп айттың, кедей Жанақ? Төрелер ашуланса, басыңды алар!

Жанақ:

Қайтейін, ашуланса, ашулансын! Ашуланса, қаямды кесіп алсын. Зауы шайтан басымды кесе алмаса, Өзі кедей Жанақтың несін алсын?!

 Түбек жылдам жауап таба алмағанда, оның орнына, бір жақын тұрған Сарыбай деген кісі айтыпты:

– «А, Түбек!» – деп, отырып ем, – сөйлемейін, Жанақтың толтыра алар кім көмейін?!

Ұшқынды-ай ұшып шыққан бір-ақ қақпай, Кедейді неге қойдың әлге дейін?

Түбек:

Сапекең, даусың қалай безектеген, Күң де күнін көреді тезек терген. Кедейді іштен шалып, қайқайтайық, Екеуміз екі жақтап кезекпенен!

Жанақ:

Ауылым он қазылық Ойтүндікте, Тоқсан бие сойдырып, жүз үй тікті. Қос ақын бұлғақтай бер, ел – сенікі,

Жұрттан жалғыз жүрген соң, көңілім күпті.

Екеуің екі жақтап буындырып, Сөйткенмен, алсаң жақсы сүріндіріп. Келген жерден сусыным бір қанбады, Қаракесек ет бердің тығылдырып.

Түбек:

Кедейге өлең бітіп, жыр бітпеген, Атасынан бері қарай жол күтпеген. Тоғыз саба құйсам да, тоймас кедей, Өмірінде борбайына шыр бітпеген!

Байлыққа кім тұрғанда, Досан тұрған, Қасында Байжан, Сымақ қоса тұрған. Қорадан он төрт мың қой бірден өрген, Аламан шеннен асқан Асан тұрған.

Шапса, қылыш өтпейтін Мұсам тұрған, Маған неге сөйлейді осы антұрған!

Жанақ:

Түбек маған қылады омырауын, Найман итке тағады қоңырауын.

Көрмегендей мақтанба, балам, Найман, Үзігіңнің ұрайын төрттен-ақ бауын.

Түбек:

Мен өлеңді айтармын жағым тынбай, Сірә, мені жеңбессің, Жанақ, сұмырай! Сені де қалашылар мақтамайды, Үйіңнің тесігі бар тоқсан мыңдай.

Жанақ:

Үйімнің сырты жаман, іші тәуір, Сен Түбектей емеспін қара бауыр.

Үйімде тығып қойған жүз жамбым бар, Мал-жан қылсам болмай ма қанша ауыл?!

Ол сөзге Түбек жауап таппады.Найманның отырған ақсақалдары:

 – Арғын ағамыз ғой, бөтеніміз емес. Біздің Найманды ат төбеліндей төре билейді, бұра тарта, Уақ билейді. Арғын арғындығын қылып, төре-қараның жалғызына билетпей, Мұсаның дөкей, ірі бо- лып тұрғаны рас. «Аталы сөзге арсыз таласады», – деген. Қой, біздің балалар, жүзі басқаны жеңсеңдер де болады! – депті.

* * *

ЖАНАҚ ПЕН САБЫРБАЙ

Жанақ:

Мен бассам, құрғақ жерден су шығады, Жанақ жүрген жерінен ду шығады.

Оспанның Құдай берген ордасына Жәкең ақын тұрғанда, кім шығады?

Сабырбайың пар келмес мендей қартқа, Білгенге қалатындай Найман артта.

Еліме Қыдыр қонды Алтай, Қарпық, Түп-түгел төңірегім алтын қақпа.

Сабырбай:

Ордаға кіріп келдім, сәлем беріп, Жел сөзбен құлаш ұрдың мені көріп. Қымызды алдыңдағы ішіп қоймай, Сиырша тамсанасың судай жеріп.

Тағам өлген дейді ғой бұрынғылар, Жанағым, сөзің бар ма көпке ұнар? Сәлем бердім, алмадың үлкен ғой деп, Жел сөзге сен қалайша болдың құмар?

Жанақ:

Тұңғиық сөзім терең тасып жатқан, Ойшыл ой, шебер тілмен қосып жатқан. Найманда біздің елдей елің бар ма, Көше алмай, көп қазына басып жатқан.

Елімнің дәулеті көп толып жатқан, Талай Найман күн көріп, дәмін татқан. Рас қой осы сөзім көпе-көрнеу Бекерге сөзім бар ма артық жатқан?

Сабырбай:

Еліңнен кім айтады елім кем деп? Айтасың өтірікті сонша мін деп. Еліңіз қазақ асқан бай болғанда, Қалай келдің биеге қобыз теңдеп?

Сөзім бар соққан желдей, жанған өрттей, Сандырақ кейбір сөзің сүзек дерттей.

Арғының сонша асқан бай болғанда, Неғып жүрсің қасыңа жолдас ертпей?

Ел ағадан болғанда, тон – жағадан, Тойған бөрі жортады-ау тау сағадан.

Ақсақалы Ақтайлақ, он жеті ақын, Қалайша үміт қыласың Байғарадан?

Жанақ:

Сарт, ноғай қор болмайды бөзі барда, Кез болдым қайдан мына сөзуарға.

Оспанжан, кет десең де, мен кетпеймін, Мына отырған апамның көзі барда.

Сабырбай:

Жанақ-ау, сом алтын мен мыстаным бар, Ай мен күндей толқыған Оспаным бар. Қызығы мен өсімін бірдей алдық, Алжыған қақбасыңды өзің-ақ ал.

САҚАУ МЕН ТОҒЖАН

Сақау:

Қыз Тоғжан, жақсы болсаң, қарындасым, Жаман болса, азабың арылмасын!

Қос атпен Қызылтаудан Сақау келді, Ақмарту айтысалық, көтер басың!

Тоғжан қыз шошып қалды, шымылдықты серпіп тастады: Үйімде жатыр едім, тойған қойдай,

Сұм жалған қызығына көзім тоймай.

Жуынып, жаңа бетім отырғанда,

Қу Сақау, жез көмекей, не дейді, ойбай?!

Сақау:

Сен – кепсер, мен жез едім, қинасалық, Екеуміз бір Құдайға жыласалық.

«Сақауды кәрі, –Тоғжан – жеңдім!» – депсің, Іздеп, Сақау кез келді, сынасалық.

Тоғжан:

Тарттың ба маған қарай томағаңды, Сен қайда сыйлаушы едің өз ағаңды?!

Келгенің әдейі іздеп, мен болсам, кедей құлым, Берейін асықпай тұр, сыбағаңды!

Сақау:

Көп дәурен көзім көріп, сүргеннен соң, Үстіме парша мәулім кигеннен соң, Асығып, қашып, қайда кетер дейсің, Қос атпен Қызылтаудан келгеннен соң?!

Тоғжан:

Көп түйіп қабағыңды, жамансың ба? Кеш қалдың, ерте келмей, шабансың ба?! Көп айлар көрмегелі, көп күн болды,

Қу Сақау, жез көмекей, амансың ба?!

Сақау:

Ақырған қараңғыда қара қабан, Сақауға сөйлейтұғын келді заман. Еліміз қорасаннан көп қырылды, Құдайға шүкір, әлі жүрмін аман!

Тоғжан:

Ай, Сақау, жақсы болып, жай білмейсің, Бойыңа ине-жіптей бір ілмейсің!

Жағаңда екі қолым – қияметте, Қойныма бойдақ болып, бір келмейсің!

Сақау:

Биыл қыс біздің жақта жаман болды, Жылқы – отарда, қолдағы ат шабан болды. Жақсы болсаң, қойныңа келмес пе едім, Мұрның кейкі, сипатың жаман болды.

Тоғжан:

Не дейді мына кедей жандай ғана, Қалмайды қыр соңымнан сонда ғана. Бірінде екі сөздің кемітеді,

Көрейік, ап кел жарық, сол өзін қандай ғана?

Сақау:

Шықшытты, алқымым тоқ, орайлымын, Болғанда қарным жуан, шойдалымын.

Алып кел, алып келсең, жарығыңды, Өзіңнен және қызыл шырайлымын.

Тоғжан:

Құлпы тон, көп киген соң, оңатұғын, Адал ұл ата жолын қуатұғын.

Бетіме бар салығың – сол ма, кедей? Өлеңім шырайымды жуатұғын!

Сақау:

Кәрі күң, кейкі тұмсық, сенен өлдім, Елімнен саған бола, көңіл бөлдім.

Сені мен жеңбесіме немене енді, Құдайға ақ сарыбас айтып келдім!

Тоғжан:

Ай, Тәңірім, айтқан сөзім жалған болмас, Аузыма өтірікті Аллам салмас.

Шаншардың арам сідік баласы едің, Құдайға айтқан тоқтың қабыл болмас.

Сақау:

Шоң биден шешен болдым, бата алған соң, Қожадан ақ шалмалы хат алған соң.

Құрбыңа қай уақытта теңелесің?

«Кәрі күң, кейкі тұмсық» атанған соң!

Тоғжан:

Базардан базар барсаң, елітерсің, Биені құлыны өлген телітерсің.

Мен – Тоғжан, сен Сақаудың заманында, Бірінде екі сөздің кемітерсің!

Сақау:

Оқиды қожа кітап, пір болған соң, Тең тартар, терезесі тең болған соң. Кемітпей қайтуші едім, кәрі күңім, Өзімнен және шолақ кем болған соң.

Тоғжан:

Өлеңге сен де керім, мен де керім, Бұ сөзді не деп айттың, кемеңгерім?! Сен оны ақылсыздан кемітесің,

Қан болып аузы-басың шыққан жерің!

Сақау:

Қырқады байлар қойын күземменен, Қуарар көк жапырақ қазанменен.

Күлге аунап, қай ұрғашы бала тапқан, Өзімнің о да біткен тіземменен.

Тоғжан:

Қызылтау, Баянаула бел-ақ еді, Орманшы өз алдына ел-ақ еді.

Нағашың Шаншар болып, шырақ, тудың, Кеспелік, Түрмелік дем шұнақ еді.

Сақау:

Жылқысын әкең Самай айдаушы еді, Шалғын деп, шаңдақ жерге байлаушы еді. Қыл, құйысқан, құр айыл, жіптен шеттік, Ыстық күні ышқырының битін алып,

бырт-бырт шайнаушы еді.

Тоғжан:

Қыдырдың әкем Самай тілін алған, Шешең Мәуке Ақкөлге егін салған. Егінін шегіртке мен торғай жайлап, Кеспелік, Түрмелігің жұртта қалған.

Сақау:

Рас, біз Ақкөл барып, жайлаушы едік, Татуға бейіш асын ойлаушы едік.

Бетіме бұ жалғанда жан пар келмей, Торғаймен әуедегі ойнаушы едік.

Тоғжан:

Сен жүрген бос қарқылдап жетім қарға, Жейтұғын, жетім қарға, етің бар ма?

Төрт атын туған қайының ұрлап алған, Құдайға қарар, Сақау, бетің бар ма?!

Сақау:

Жайлауы еліміздің Деген бе екен? Еліміз Деген жайлап, төмен бе екен?!

«Атта тіл жоқ, ұрыда көз жоқ», – деген,

«Мен – қайныңның төрт атымын!» – деген бе екен?

Тоғжан:

Жағалай Марамикті бармадың ба, Салықты Тасшоқыдан салмадың ба? Ақсынба көрмегендей, кедей құл-ау, Төрт атын туған қайының тал түсте, Көре, біле, ұрлап қана алмадың ба?!

Онда Сақау былай жалтарды:

Жауғанда қара бұлт меңдей болар, Кескенде жуан қайың жеңдей болар. Мен ұрлықты қояйын, ойнасты қой, Ұрлық, ойнас – екеуі бірдей болар.

Тоғжан:

Ай, Сақау, бұ сөзіңе көнгенім жоқ, Алланың аманатын бергенім жоқ. Самайдың ақ ордасы қызыл кенше, Дәнеме әлі күнге көргенім жоқ.

 Сақау сасайын деді: «Насыбай атып алайыншы!» – деп, шақшасын алды. Үйдің сыртында Айдабол-Шоңмұрын бидің қызы күндігін мойнына салып, Сақаудың жалғыздығына боз қасқасын айтып, бо- тадай боздап, жылап тұр екен. Сақау бөгеліп қалған соң, есі шығып кетті. Жүгіріп, кіріп келіп:

  •  Ағатай, шақшаңды берші! – деп келіп, құлағына сыбыр ете түсті:
  • Осы күнде өзі екіқабат, аузы-мұрнынан шығып отыр. Асан:
  • Ақкісінің Ордабай деген баласымен ойнас! – деп, айтып кетті.

Сақау:

  •  Шақшаны басымен ал, мә! – деп, көтеріліп кетіп, өлеңді үйді басына көтеріп кететұғын кісідей өршеленіп соқты:

Жан бергенге жөн берген Құдай талай, Жаралғаннан құлына өзі пана-ай!

Дәнеме көргем жоқ деп, ақсынасың, Томпайған ішіңдегі балаң қалай?!

Тоғжан титтей іркілген жоқ, былай соқты: Саннан асып кетті ме-ай, Сақау, салтанатың, Мыңнан асып кетті ме азаматың?!

Бетіме оның несін қылдың салық, Қыз туса, таусылмайтын рабатың, Ұл туса, атыңды ұстар қолғанатың!

Сақау:

Жан бергенге жөн берген Құдай тағала! Құлына жаратылған өзі пана.

Бәңгіден бітсе, оған той қылар ем, Бір біткен Ордабайдан арам бала.

Тоғжан:

Не қыласың манақа-санақаны, Түйенің жарға ойнайды балақаны. Бөтен жатқа қимасаң, мен – сенікі, Кешке кел де, өзің сал қолалқаны.

Сақау:

Өктем-өктем сөйлейді малды кісі, Балуандыққа түседі әлді кісі.

Кемдігіңді осыдан білмейсің бе, Кісі астына жата ма жанды кісі?!

Тоғжан:

Жұлдыз жиі болмайды жыбырламай, Жігіт мейірі қанбайды сыбырламай. Бір кісіге бір кісі жан бере ме,

Өз пайдама жатамын қыбырламай.

Сақау:

Қойныңа, ау, Тоғжан қыз, алғаның ба? Үстіне ақ төсіңнің салғаның ба?

Сақауды осылай айтсам, мәз болар деп, Бір жауап бере алмай-ақ қалғаның ба?

Тоғжан:

Ағаштың буланады жапырағы, Жаманның шашылмайды топырағы. Болсам да қызыл түлкі, босатпады, Бошанның көтере гөр аруағы!

Сақау:

Иллаһи, әлхият, дем бере гөр! Бейіштің ортасынан жол бере гөр! Көп өлең мұнан бұрын кім айтыпты, Иа, бабам, Қарақожа, көтере гөр!

Тоғжан:

Болғаны қиямет-қайым қашан еді? Кенже ұлы Келдібектің Асан еді. Жақсыны бұрынғы өткен ауызға алсақ, Алаштан асып туған Бошан еді.

Сақау:

Кәрі күң, айта алмайсың сен белдікті, Тартарсың маңдайыңа боз күндікті. Бошанды күңнен туған сен салғанда, Саламын Қуандық пен Сүйіндікті.

Тоғжан:

Атадан артық тудым туысымнан,

Ашулансам, Қарсұн, Керней қояйыншы таған. Шықпайды уысымнан, болсам да күңнен туған.

Оң туғанмын, тең кеткен Алтай, Қарпық қонысынан.

Сақау:

Не дейді мына кәрі күң, Құдай ұрған? Аумаған кім бар еді қонысынан?

Ақтауды Ортауменен қабат алып, Кернейді Алшағырым қойдай қырған.

Тоғжан:

Әкесі әкеміздің – Жанкелді бай, Салғанда қара өлеңге көңілім жай. Бестауда қойы сыймай толықсиды, Бір шеті Дегелеңде – Қойкелді бай.

Сақау:

Осы ма бар тапқаның күніменен? Айтысып, пар келмейсің меніменен! Малы жоқ қойдан басқа қу басыңды, Алармын Сапағымның төліменен.

Тоғжан:

Арқаға келер кенттің сарт ноғайы, Қазақтың қарыс артық бақ талайы. Қарыштап қанша жерге барар еді, Әуездің ақ жарылқар алты байы.

Сақау:

Кәрі күң, олай десең, көңілім жай, Беруім оған жауап тым-ақ оңай.

Мантен, Таутан, Малкелдім жатсын былай! Он екі мың өзінде қара бойдақ,

Атаң Шаншарға болмай ма Азнабай?!

Тоғжан:

Ертістің арғы жағы құба тал-ды,

Келді де, қу кедей, құл тынышымды алды. Азнабай, Сапағын айтып салды, Бошанның тамам байы кейін қалды.

Сақау:

Адамзат не демейді көңілі жайда, Қылыңыз тәубешілік мынадайда. Демесең, Алтынторы Ерейменде, Жаяйын қанатымды Өтебайға!

Тоғжан:

Төрт байды төрт өлеңмен тең қылалық, Қуалап өткен сөзді не қылалық?!

Жақсыны бұрынғы өткен ауызға алып, Аз ғана Тіленшіні сөз қылалық!

Сақау:

Торайғыр, Шорман билер ақтың жолын, Біледі Шоң менен Жанақ кең мен молын. Ол қайда тірісінде түзу еді,

Мақтайды дәсер қылып өлген құлын.

Тоғжан:

Бітімге Торайғыр мен Шоң келді ғой, Қойшыбай етке айналып, соң келді ғой! Жан әке, жатқаныңнан басың көтер, Жаныма жан қысылар сөз келді ғой!

Сақау:

Ол қашан Шоңнан асып сөйлеуші еді, Демесең: «Бес Бошанды билеуші еді!»

«Тұрмасын жатқанынан!» – дейді ғой жұрт, Тентегін телісімен сүйеуші еді.

Тоғжан:

Құдайым біздің елді көре қалған, Жол салып, ала қойды бөле қалған.

Бар болса, сөзге сынық болмаушы едім, Байғара шешен туған, өле қалған!

Сақау:

Бұл Сақау Байғараңды көрген еді, Сусылдап, сөзін айтып жүрген еді. Келгенде қызыл тілге Үкібайдан, Шірік-ақ боқ сасыған төмен еді!

Тоғжан:

Табылар сусын қайдан көл болмаса, Аш-арық күн көре ме ел болмаса?! Байғара, Тіленшіні алған Құдай Қоймады-ау Белгібайды тым болмаса!

Сақау:

Белгібай біздің елге барушы еді, Сөзін айтып, алқаға салушы еді. Орманшы-Кейкіменен дауласқанда, Оралып балдағына қалушы еді.

Тоғжан:

Бұ сөзім барып жатсын бүйрегіңе, Түздегің шақ келмейсің – үйдегіме! Баласы бес Бошанның басын қосса, Жетпейсің төрттің бірі ширегіме!

Сақау:

Қаракесек қап-қара күңнен туған, Қазыбегі би болып, бетін жуған. Төртуылдан төрт кісі атқа мінсе, Сонда сенің басыңа зор күн туған.

Тоғжан:

Торайғыр біздің елде бойдақсиды, Асқанша Қушоқыдан қунақшиды. Асқан соң Қушоқыдан көзі алақтап, Тоқтыдай баспақ болған бұлғақсиды.

Сақау:

«Қызыл тіл – өнер алды» үйренген соң, Несібе, ырыс, дәулет мол берген соң.

Айтасың, оның несін, кәрі күңім, Азықсыз, пейілің тар жіберген соң!

Тоғжан:

Торайғыр біздің елден жөнелді енді, Есіл би азықсыздан енді өлді, енді. Тамам биі қостасуға тақалғанда, Қарасуы Шортандының кез келді енді.

Сақау:

Төлебай арғы атасы дем берген соң, Өзіне Мейрам сопы жол берген соң. Құтылсын қалай қашып біздің билер, Алдынан мерзімді су кез келген соң?!

Тоғжан:

    • Жіберді азық бермей маған, – деді,
    • Өлеміз аштан, ойбай, тамам! – деді. Балықты жусап тұрған көре салып:
    • Салар ек қармақ болса, бұған! – деді.

Сақау:

Төлебай арғы атасы – елдің басы, Өзінің Мейрам сопы жан жолдасы. Жегенді балық алып, шамдайсың ба? Шығарған пайғамбарлар бейіш асы.

Тоғжан:

Торайғыр тәубесінен жаңылмайды, Қойшыбай қоға шайнап, аңырмайды. Қасында жолдастарын қағып-соқса, Бірінен істік ине табылмайды.

Сақау:

Бойында Торыкемнің міні бар ма, Ойында Қойшыкемнің кірі бар ма? Инені қайдан алсын біздің билер, Сол жерде қала бар ма, үйі бар ма?!

Тоғжан:

Торайғыр ту басынан жаңылыпты, Қойшыбай қоға шайнап, аңырыпты. Қосақтап сауған қойдай тінткен екен, Бір құлдан істік ине табылыпты.

Сақау:

Қырланған жылдан-жылға заман-дағы, Жақсы да өтіп жатыр, жаман-дағы.

Инені жапан түзде тауып алса, Жаратқан Құдай артық ағам-дағы!

Тоғжан:

    • Құдайдың бәріміз де – құлы, – дейді,
    • Бошанның кегін алды-ау ұлы! – дейді. Инені жапан түзде тауып алып:
    • Саламыз қайтіп иіп мұны? – дейді.

Сақау:

Бір құлы бес тезекті терген шығар, Инені отқа салып, көмген шығар. Кеңессін оның несін біздің билер, Инені жасытып ап, иген шығар!

Тоғжан:

Торайғыр сонда инесін иіп алды, Қойшыбай шегірткесін жиып алды. Қылды да жіптен баулық, қылдан – тұзақ, Қармақты: «Ал, балық!» – деп, суға салды.

Сақау:

Нәрсенің көз көрмеген бәрі жалған, Баласы мұсылманның тілге нанған.

«Мынау менің өзімнің несібем!» – деп, Төрт қарыс, сегіз елі шортан алған.

Тоғжан:

Қой, Сақау, өтірік айтып, өлмеймісің, Алланың аманатын бермеймісің?

Ақ шабақ ерні үзіліп, суда қалған, Тіліме менің айтқан сенбеймісің?!

Сақау:

Жанға қас, өтірік сөз – көңілге тоқ, Тозақтан имансыз жан көреді шоқ. Бір шабақ кетсе, суға кетті-дағы, Жырылып желбезектен, ажалы жоқ.

Тоғжан:

Ақ шабақ ерні үзіліп, суда қалған, Қойшыбай: «Ұста, ұста!» – деп, айғай салған. Бастыра Торайғыр би ұстаймын деп, Батпаққа оң аяғын тығып алған.

Сақау:

Кәрі күң, бұл айтқаның жалған шығар, Біздің би дәрет ала барған шығар.

Ойпаң жерден іш дәрет аламын деп, Аяғы көк майсадан тайған шығар.

Тоғжан:

Айтады Сақау өлең екіталай, Жүреді сері бойдақ көшті жанай. Қисулап, Хиуадан өте шықты,

Алшеке-ау, мына сөздің мәнісі қалай?

Сақау:

Адамның бермесіне түңілмеймін, Ешкімге көзім сүзіп, үңілмеймін! Жүгінсең, бұ тазыңа өзің жүгін, Мен емес даулы кісі, жүгінбеймін!

АБЫЛ МЕН БАЛДАЙ ҚЫЗ

 Абыл айтысқандарын баудай түсіріп жүрсе де, Балдай дейтін қызды жеңе алмапты. Балдайды сүріндірмек оймен Абыл сол ауыл жігіттерінен ақын қыздың көңілдес адамын сұрайды. Олар Қабылдың Тіленшісі дегенді атайды. Абыл соны тілге тиек етіп, былай депті:

Абыл:

Отырған қарсы алдымда Балдайымыз, Бал татыр, жесе, секер таңдайымыз.

Сендерді жақын-жақын дей береді, Қабылдың Тіленшісі қандайыңыз?

Балдай:

Жаз болса − ауылдасым, сусындасым, Қыс болса − қораласым, қызылдасым. Қабылдың Тіленшісін бізге қосып, Басыңыз, Абыл-еке, ауырмасын, −

деп, жеңіп кетеді.

* * *

 Балдай қызды Абыл күйеуге ұзатылғаннан кейін де іздеп барып, айтысып, талай ұтылып жүреді. Бірде күйеуін көзбе-көз көріп, оның көзінің мінін айтыста ілік етеді:

Ақ Балдай, отырмысың ісіңді істеп, Кісіге «Сөйлес» деген «Үйге түс» деп. Қолыңа қонған құсың құтты болсын, Болыпты көзі тыртық, түлкі тістеп.

Жарасар салсаң, тоқым қара көкке, Құсыңыз қыран ба екен, салшы жеке. Құсыңның оң көзінің жиегі жоқ, Алмасақ, жиектетіп Сегізекке.

* * *

Абыл Тілеуұлы:

 «...Отызға келген кезім, ерте қой өргізіп келіп, ұйықтап қалсам, біреу бір сұйық нәрсені аузыма құйып жіберді, жұтып жібердім. Ояна келсем, кеудемді өлең сөз кернеп барады екен. Осыдан былай қарай ақын бо- лып кеттім».

* * *

 Түркімен Мақтымқұлы: − Түсімде Абыл және қарақалпақ Қаңлы руынан Ақтажы деген ақын қыз – үшеуміз бір жерде кесемен ас іштік. Қызбен екеуміз кесенің ішіндегі асын іштік те, Абыл кесені жұтып қойып еді. Абыл бізден кейін ақын болар, бірақ ақындығы артық болар, − деген екен //Сыдиықұлы Қ. Өмір өрнектері. 76-б.;

ШӨЖЕ МЕН ОРЫНБАЙ

 Шөже Атығай-Қарауыл елін аралап жүргенде, жұрт айтыстыру үшін Орынбай ақынды Шөженің үстіне алып кіреді. Екі көзі бірдей су қараңғы Шөже Орынбайдың келгенін сезіп, сөз бастайды.

Шөже:

Алыстан ат терлетіп, Шөже келді, Атығай-Қарауылды кезе келді.

Орынбай, атыңды естіп, көрмеп едім, Берейін сөз сөйлесең кезегіңді.

Орынбай:

Келіп ем сәлем бере, Шөже дарқан, Кезіңе тап болдым ғой тартқан қартаң.

Жеңілу, жеңу-дағы оңай емес, Айтыссақ, боламыз ғой әуре-сарсаң.

Шөже:

Орынбай, сен де шешен, мен де шешен, Басып айт, тосып айтпай, мені жеңсең.

«Соқырдың шеңгеліне түспе» деген Бір түссең, құтылмайсың аман-есен.

Орынбай:

Дегенде дауыл соқты, тына қалды, Алтынды тастан өлшеп, сынап алды. Кемтарсың, жасың үлкен, аяймын ғой, Әйтпесе, берер едім сыбағаңды.

Шөже:

Орынбай, мен – сезімтал, сен – көреген, Сонда сен сыбағама не берер ең?

Бірін бер екі көздің, мені аясаң,

Бір басқа жалғыз көз де жетер деген!

* * *

ОРЫНБАЙ, АРЫСТАНБАЙ, ШӨЖЕ ЖӘНЕ ҰРҚИЯ ҚЫЗ

 Әйгілі бұл үш айтыс ақыны бір ауылда сөзден тосылмайтын Ұрқия ақын қыз бар дегенді естіп, сол қызды өлеңмен қақпақылдап, келеке етпек болып, қыздың үйіне іздеп келіпті. Келсе, үй іші адам- дары тойға кетіп, қыз үйде жалғыз отыр екен. Сөзді Орынбай ба- стап:

Сұрасаң, менің атым – Орынбай-ды, Кең саба, шалқып жатқан қорындай-ды. Құдайдың маған берген бір мінезі, Ұстасам, қыз емшегін қорынбайды, –

депті, сонда Арыстанбай тұрып:

Сұрасаң, менің атым – Арыстанбай, Піше ме шешең көйлек қарыстамай. Аулыма жақын қонсаң, жас құдаша, Жаныңа барар едім шалыстанбай, –

дейді.

Кезек Шөжеге келгенде, ол:

Қаржаубайдың баласы – ақын Шөже, Жүрегіме жақпайды түйген көже.

Алдыңғы апаң, байғұс қыз, буаз кеткен, Өтіп кетіп жүрмесін байың теже, –

десе керек.

Бұған Ұрқия қыз:

Таз Орынбай өлеңді тоқып өткен, Арыстанбай өлеңді тоқып өткен.

Шын сын тақты шырайыма соқыр мұндар, Көзіңді қарға-құзғын шоқып кеткен, –

депті. Бұған ешнәрсе дей алмаған үш ақын үйден шығып, жүре беріпті деседі.

ШӨЖЕ МЕН КЕМПІРБАЙ

Кемпірбай:

Ар жағы Айыркезең, Үлкен борлы, Бабамның аруағы маған қонды.

Шілденің он бесінде сауын айтып, Жаныстың Сәтбайының асы болды.

Тәуекел дариясынан бетім жудым, Әзелде мұнан қорықсам, неге тудым?! Сол асқа жұрт жиналған барайын деп, Жаратып, жалғыз көктің тілін будым. Талайды салып едім омырауға,

Құдая, бергеніңе сансыз тәубе! Сыртында қаралы үйдің жетектетіп, Жолықтым бара жатқан Шөже жауға!

Бес намаз, он екі иман – жанға пайда, Қалайын біраз сөйлесіп осындайда:

«Біреуге – мал, біреуге – жан қайғы», – деп, Барасың, соқыр азбан, жаяу қайда?

Шөже:

Жүзіндей ұстараның ауған дүние, Қақсадың мені көріп мұнша неге?

Ай мен Күн, жер мен көкті көргенім жоқ, Кемпірбай, ақылың болса, маған тиме!

Баласы Жаныс мырза – Сәтбай марқұм, Барамын Құран оқи қаралы үйге.

Кемпірбай:

Асыма шақырмаған келдің жетіп, Алатау бөксесінен көктей өтіп.

«Арқада қожа, молда жоқ қой!» – деп пе ең? Қу соқыр, кім шақырды жетектетіп?!

Шөже:

Салмағы бір көзімнің бір көзімде, Алланың не қылса да, ерік өзінде. Бар болса кереметің, көзімді жаз, Ұрайын, жаза алмасаң, дәл сөзіңді!

Кемпірбай:

Ішінде Бошан, Шаншар дегдары едім, Ішінде, ауған қырғыз, сен жарлы едің. Көзіңді көрінгенге төле дейсің,

Жерінде көзің шыққан мен бар ма едім?!

Шөже:

Мен дін ислам, қазақтың жедім қамын, Сөйлейін мойныма алып неше тайын?! Балта, Орынбай, Шортанбай түк қылған жоқ, Сен аламын деймісің менің жаным?!

Мұқтасар, сөзім майда, тақтасындай, Бұхардың омырауым қақпасындай.

Ескі аруақ орнаған жер құр қалмайды, Қырғыздың алтынымын ат басындай.

Балта, Орынбай, Шортанбай түк қылған жоқ, Сен қыларсың атаңның қақ басыңды-ай!

Кемпірбай:

Бұл елге ақын болған Шөже қайдан?

Қалыпты Шөже дәндеп Орынбай, Шортанбайдан. Жарлы байып, жас өскен заман болды,

Жүрмесін жаның шығып Кемпірбайдан?! Жолықпай шын ақынға жүр екенсің, Берейін сыбағаңды, соқыр хайуан!

Шөже:

Кемпірбай, көңіліңді тындырармын! Озса – Құдай, қалса, аруақ, ұрдырармын! Оралдан түлеп ұшқан мен – ақиық, Топшыңды қанатыммен сындырармын!

Кемпірбай:

Қой, соқыр, сеніменен сөйлеспен,

Көргем жоқ сендей арсыз жаннан кешкен. Болғанда сен ақиық, мен – бидайық,

Бір жағын қанатыңның қимай, түспен!

Шөже:

Қап-қара Қаракесек күңнен туған, Би болып, Қазбегің белін буған.

Ежелден аға сыйлап, көрмеген ит, Сөйлейді қалай-қалай мына антұрған?!

Кемпірбай:

Ай, Шөже, жалған сөзің мін емес пе! Бойыңа күпір мақтан сын емес пе?! Әкең – Қаржау, Жайықтың құлы емес пе, Шешең – Шама, төренің күңі емес пе?! Жаралған екеуінен, жазған соқыр, Дегенің сенің «күндіз» түн емес пе?!

Шөже:

Кемпірбай, менің сөзім шын емес пе?! Құлақ сал, мен сөйлейін бұл кеңеске! Әкем – Қаржау, Жайықтың ұлы емес пе?! Шешем – Шама, төренің қызы емес пе?! Жаралған екеуінен шын ақсүйек

Жиені Қазыбектің мен емес пе?!

Сен бірдей кісі ме едің меніменен, Мен қашан теңдес едім сеніменен? Аузыма ә дегенде кірмеймісің,

Бір тартқан тамағымның лебіменен?! Қой, байғұс, салындыға ораларсың, Бір аққан тақымымның теріменен.

Қазандай бұрқ-сарқ етіп, мен қайнасам, Сорпаның сен кетерсің сөліменен.

Өзеннің шығанағының шалшық суы Мұхиттың тең бола ма көліменен?! Осы сөз өлең түгіл мақалда бар, Қой бірге жайыла ма бөріменен?

Бөгембайдан туғанның бәрі жынды, Болған ба шешең ойнас періменен?!

Кемпірбай:

Жамандар сөзің бар ма мұнан да арман? Тиеді сөзің суық жауған қардан.

Түбің – қырғыз, тұрағың – Алатауда, Қу соқыр, туған жерің онан да арман. Кеше Кенесары қырғызды үркіткенде, Әкең Қаржау Қаройда аштан қалған.

Қаңғырып Қараөткелге шешең барған, Пақырлық неше түрлі күйге салған.

Шежиров деген орысқа шошқа бағып, Мұжықтың сухарынан қорек алған.

Мен білмейтін кісідей монтанысып, Сөйлейсің енді мақтан, соқыр хайуан!

Шөже:

Ант атқан, Тәңірі атқан, кері кеткен, Мойнына көк шолақтың ері кеткен. Ақтабан шұбырынды, Алқакөлде Қырық кісің тамақ іздеп, жаяу кеткен. Ішінде Кеңтүбектің қайың шауып, Мен бе едім сол иттерді тентіреткен?! Қатынын орта жолда нанға сатып, Кедейлік сенен маған қашан жеткен?!

Кемпірбай:

Барады өтіп кетіп жаз бенен күз, Құлаққа айтқанменен, енбейді сөз. Затыңда бір тазалық болмап еді, Жаралған қызыл иттен, соқыр қырғыз!

Қырғыздан келіп, қазақты сайқалдайсың, Аузыңа келген сөзді қайтармайсың.

Беруге саған қайыр дұрыс емес, Махшарда алғаныңды қайтармайсың! Мысықтай көзің жұмып, жеп-жеп алып, Барғанда Тәңірі алдына айта алмайсың! Кісісін ел бұзғалы келіп жүрген, Азғырған Қарынбайды шайтандайсың.

Шөже:

Бір Құдай көзімді алды, көрмесін деп, Тіліне жалғаншының ермесін деп.

Екі көзім бірдей жоқ, мен – бір кәріп,

Кім айтар: «Маған қайыр бермесін!» – деп.

Кемпірбай, білмеймісің өтерімді, Артыңнан, шапсам, қуып жетерімді! Қаракемпір-Наманай аз ғана ауыл,

Япырмау, осы қайдан көтерілді?!

Әкең тауып шешпестей жұмбақ айтып, Қол бойы түсірейін көтеніңді!

Жұмбақ:

Кемпірбай, көкте не бар, жерде не бар? Жаратқан неше жұпты Қадір жаббар?! Қай күні ғарасатта майдан болса,

Қай күні өлім қошқар бұғазланар?! Асылы – тар зиараттың мұнан шығып,

Бір жағын кім, бір жағын кім тұтып тұрар?

«Ей, лағнет, күнәңді мойныңа ал!»–- деп, Шайтанға қай адамзат бөгеу болар?!

«Күнәсін пенделердің жарылқа!» – деп, Пендеге қай адамзат жәрдем қылар?!

«Шапағаттан мені тәрк қылмаңыз!» – деп, Кім ерсе, оттан тонын киіп тұрар?!

Қолына қанды тон мен кесені алып, Кімнен-кім махшар күні құнын даулар! Алланың әмірімен пәрмен болып, Кіммен кім қиямет күн неқахланар?

Олардың тойларының қызығына Кіммен кім бел ұстасып, күрес салар. Артылып бақ, дәреже, аруақ қонып, Кім жығып, махшар күні, мірсап алар?! Бұл сөзге асыл болсаң, зейін жетер, Ойланып, біле алмасаң, есің кетер!

Бірін қате шығарсаң, кәпір болдың, Білмесең егер түгел, шешпе бекер!

Кемпірбай:

Болғанда жерде – Мәді, көкте – Ғайса, Жаралған алты күнде екі дүние.

Жұптылықты шығарған Таблит, Жаблит, Мүнзілде көріп едім осылайша.

Жеті қат жер астында көк өгіз бар, Дүние бұзылғанша өлмей тұрар. Қай күні ғарасатта майдан болса, Сол түні өлім қошқар бұғазланар! Асылы тар Сираттың мұнан шығып,

Құрайыш деген жыланның басын алар.

    • Ей, лағнет, күнәңді мойныңа ал! – деп, Шайтанға имам Ағзам бөгеу болар!
    • Күнәсін пенделердің жарылқа!– деп, Пендеге Нұр Мұхаммед жәрдем қылар!
    • Шапағаттан мені тәрк қылмаңыз! – деп, Абужаһил оттан тонын киіп тұрар.

Қолына қанды тон мен кесені алып, Фатима Хасен, Хұсаин құнын сұрар! Алланың әмірімен пәрмен болып, Ан хазіреті Мариямға некахланар.

Олардың тойларының қызығына Қаһарман Ғалыменен күрес салар! Артылып бақ, дәреже, аруақ қонып, Арыстан бір сүрінтіп, мансап алар. Егесі қайта тағы тіленсе де,

Оларға ерік бермес періштелер!

Әкең – Қаржау, Жайықтың басы бар ма, Қу соқыр, құмарланып, мұнша нең бар?!

Шөже:

Не дарақ тұр бұтағы – бес,

Оғы – он төрт, қылышы – алты, қыны – үш. Бір затында екі сөз бар,

Қисабы – алты мың алты жүз алпыс алты. Жетпіс үш баста – бір көз,

Қарасы – дәл қырық, ағы оның – бес,

Ақылы – дана, Кемпірбай, ақын болсаң, мұны шеш!

Кемпірбай:

Әуелі парыз болды дін исламға,

«Бұтағы бес» деген – бес намаз – мұсылманға!

«Оғы он төрт» дегенің – Бамдат – бесін, Мойынын оқимын деп ұсынғанға!

Көңіліме адастырмай Алла жазған,

Екі сөз – ғылым: ғарышта екі айрылған.

«Алты мың алты жүз алпыс алты» дегенің – Отыз пара оқитын Құран болған.

Жетпіс үш баста бір көз бар болса, Сираттың періштесі хисаб алған. Қыны үш дегенің – үтір, уәжіб,

Ан хазірет алып келген миғраждан.

«Ағы – бес» дегенің – исламның бес парызы, Айрылып қырық парыздан шыққан жолдан. Әуелі пәлесіне сабыр қылмақ,

Екінші қазасына риза болмақ. Алланың өзі де бір, сөзі де бір, Ізгілік, жауыздықты Алла қылмақ!

Шөже:

Бұл сөзім Орта жүзді ағаласын, Мұны сен ақын болсаң, таба аласың. От туры, минал бәйіні, илал ләйлі, Тауып бер осы сөздің мағынасын!

Кемпірбай шеше алмады, шеше алмаса да, былай деп айтты:

Сен, соқыр, мына сөзден пақыр болдың, Айрылып, халал малдан тақыр болдың! Өлеңге Құдай сөзін қосамын деп, Қатының – талақ, өзің һәм кәпір болдың!

Шөже:

Кемпірбай, жай жүр десем, жай жүрмейсің, Түзу ғана ит болып, неге үрмейсің?

Ақын деп сені, тіпті, ойламаймын, Алланың төрт сөзінен түк білмейсің!

От туры – Тор тауына Мұса барған, Алладан төрт-ақ ауыз жауап алған.

«Жалғанда жамалымды көрсетпе!» – деп, Бір Құдай Мұсаны аяп, тасқа салған.

Мұсаның өзі еріп қорғасындай, Тағаны еріп қалған жерде сондай. Осындай жақсы сөзден түк білмейсің,

Алдымнан тұр, кет арман, былшылдамай! Тұрмысың Арғын болып көптейін деп, Мен тұрмын ақылы надан, сөкпейін деп. Сен итпен бағасы жоқ айтысқанша, – Жөнелді: «Қаралы үйден ет жейін!» –

деп, Шөже осыны айтып, жөнеле берді. Сонда Кемпірбай артынан қалып, айтқаны:

Тоқтадым аз ғана көптен келіп, Тұр едім өзім-дағы сезіктеніп.

Соқырға жан жеңбеген соқтығам деп, Жығылдым төрт аяғым көктен келіп! Жазамды, сөйтіп, соқыр берген жері, Сөзінің ретіне келген жері.

Арқама жуан елі сөзі батып, Соқырдың мені осылай жеңген жері!

* * *

Кемпірбай мұны тауып, шеше алмады, Шөжеден асқар таудай аса алмады.

Қалжырап қалта қарап, тұрып қалған, Сөз тауып, енді аузын аша алмады.

Шөже де ақын екен, елден асқан, Қыдырдың қыдырғанда, ізін басқан. Кемпірбай ақынмын деп жүрсе-дағы, Екпінін ақын Шөже солай басқан.

ШӨЖЕ МЕН ҚАЛДЫБАЙ

Қалдыбай:

Ай, Шөже, шындаймысың, ойнаймысың, Берсе де, тамам Мейрам тоймаймысың?! Отырған қасындағы қожасы едім,

Бір кісі сыбағама қоймаймысың?!

Шөже:

Көшкен ел шалғын жерге қонбай ма екен? Қазақтай қожа пейілі оңбай ма екен?!

Мол дәулет Құдай берген таусыла ма, Екеуміз бөліп алсақ, болмай ма екен?!

Қалдыбай:

Соқыр, сенен басқада тіл бар ма екен?! Сөйлер сөзге соқырлар ділмар ма екен?! Бір соқыр бір ақсақпен үлесіп ап,

Ақы иесі құр қалмақ жол бар ма екен?!

Шөже:

Қожада да қожа бар, дегдар қожам, Алдыңда сайрап тұрған жол бар, қожам! Қожа болсаң, пір болып, дін үйретпей, Қазақтың өлеңінде нең бар, қожам?!

Қалдыбай:

Қырғызда да қырғыз бар: дегдар қырғыз, Сенің түбің белгілі, мұндар қырғыз!

Сүйегім қожа-дағы, етім – қазақ, Қазағымның ішінде нең бар, қырғыз?!

Шөже:

Мен Құдайдан тілеймін денге саулық, Жалған сөйлеп, жаныңа қылма жаулық! Қожа, қожа дегенге – қоқиланба,

Қожа түбі – сарт екен – өгіз таулық.

Қалдыбай:

Бүркіт алған шығады заңғар тауға, Ойнап-күлген жақсы екен нәпсі жауға.

«Жер – жерін, жекен суын табар», – деген, Соқыр қырғыз, кетсейші Алатауға!

Шөже:

Қожаның өзіме қой жалғыз өзін, Шөженің кім кемітпес екі көзін! Қожа болсаң, шатылма, көрге, жерге, Бұл жұртқа ұқтырсайшы Құдай сөзін!

Қалдыбай:

Жамандық ойлай-ойлай, көзің шықты, Көзің соқыр болса да, кеудең мықты. Құдай сөзін айт десең, мен айтайын, Дария боп, зәмзәм суы қайдан шықты?

Шөже:

Қожа құлап қалар-ау Көкшесінен, Мен шошимын сөзіңнің текшесінен. Ажар ана толғатып қиналғанда, Зәмзәм шыққан тебінген өкшесінен.

Қалдыбай:

Су шыққан жоқ Ажардың өкшесінен, Сен шошырсың сөзімнің текшесінен. Ажар ана су іздеп жүгіргенде, Зәмзәм шыққан Смағұл өкшесінен.

Шөже:

Қожеке, қожамысың, қарамысың, Таласып болмас іске баламысың? Әзиз қожаң, Ханқожаң, ақын қожаң, Талассаң, Ханқожаңа барамысың?

Қалдыбай:

Соқыр Шөже, мінгенің теңбіл шұбар, Меніменен талассаң, терің шығар!

Барсаң, бара қоялық Ханқожаға, О да өзімдей оқыған қожа шығар!

Шөже:

Сенен [басқа] оқуды ұққан жоқ па? Сенен басқа дүниеде соққан жоқ па?! Мариям ана Исаға толғатқанда, Табанынан ағар су шыққан жоқ па?!

Қалдыбай:

Сен соқырсың, мүгедек – мен, бір ақсақ, Сенен гөрі сәулем мол, менде жақсы-ақ! Шариғаттың сөзінен білерің жоқ,

Құр далада ойбайлап, жүрсің қақсап!

Екеуі жеңіп, жеңісе алмай, таласпен тарқайды.

ШӨЖЕ МЕН ТЕЗЕКБАЙ

Тезекбай:

Нүке мен Шөже отырған үйге кірдік, Шоқпар менен Шөжеге сәлем бердік. Домбыраның құлағын бұрап Шөже, Аңыратып өлеңді қоя берді үрт.

Шөже:

Мағлұм болған үш жүзге менің жайым, Көзімді алып, сөз берді бір Құдайым. Тамыр бар ма тоғайда, таныс бар ма?

Жолың болсын, есен бе, Тезекбайым?!

Тезекбай:

Нәсіп айдап, елімнен келіп жүрмін, Хан, қараның дидарын көріп жүрмін. Тамыр түгіл, тоғайда танысым жоқ, Тәңірім шашқан тарысын теріп жүрмін.

Шөже:

Сенің көздеп жүргенің бәрі пайда-ау. Қарғағанын бар Құдай аямайды-ау. Алтын басың сау еді-ау менен гөрі, Сендердің ел кезуің жарамайды-ау.

Тезекбай:

Алтын басым сау болса, жоқ-дүр қарам, Борышты қылды мені Хақ Тағалам!

Белуардан қарызға батқаннан соң Тәңірім жылу жидырды, бар ма шарам?

Шөже:

Сөйлеген жүз түрленіп тіл менен жақ, Сыбағаңды берермін, Тезек, бейбақ. Неге ділгір болдың сен жылу жиып, Шежіресін бұл істің баяндап бақ.

Тезекбай:

Он жеті атан ақтауға кіре салдым, Жүктің пұтын бір сомнан жәмшік алдым. Қуандықта үш сымбал бұл ұрлатып,

Екі мың тоғыз жүз сом төлеп салдым.

Тапқан қарам борышыма жетпеген соң, Арғын менен Найманнан жылу алдым. Кем-тарға жең ұшынан жалғасатын Жұртыма жоғымды айтып, келе қалдым.

Шөже:

Құрады махшар күнде таразыны, Құдайым қабыл қылсын намазыңды. Екі мың тоғыз жүз сом тартқан болсаң, Кәне, көрсет, подписка қағазыңды.

Тезекбай:

Шөже аға, сен де ғаріп, мен де ғаріп, Екеуміз де ел кездік домбыра алып. Үш мың теңге тартқаным мынау еді, Қағазымды оқи ғой қолыңа алып.

Шөженің қағазды ұстап отырып айтқаны: Бұл, байғұс, алып-сатар болған екен, Байдың малын көтеріп алған екен.

Шоқпар менен Нүкежан, кемітпеңдер, Осы жолда бір сұмдық болған екен.

Тезекбай:

Мен – Тезекбай, жүдеп келдім биыл, – деймін, Сау кісіге ел кезу қиын деймін.

Атығайға жүз жерден ұл болсаң да,

Сен қырғыздан алмаспын жылу деймін.

Шөже:

Сен, Тезекбай, келіпсің жүдеп бізге, Қайырымынан қырғыздың күдер үзбе. Қарызданып, қапа боп келген болсаң, Екі теңге берейін, тұрып сөзге.

Тезекбай:

Шөже аға-ау, өніп-өссін мал-жаныңыз. Борышым бар дегенге иланыңыз.

Үш жүз білген Қаржаудың баласы едің, Бір үш сомды неліктен қимадыңыз?

Шөже:

Қой, Тезекбай, жүдеуің биыл болар, Өлеңшіден көп алу қиын болар.

Мыңды да алып, мүйізің шыққан жоқ-ты, Екі теңге біздерден жылу болар.

Тезекбай:

Сонда маған қос теңге Шөже берді, Бергенін Шоқпар менен Нүке көрді Алдап берген теңгесін байқамаппын, Шын сөйлесер жеріне жаңа келді.

Шөже:

Шөженің дәулеті бар, қарыны тоқ, Балам, маған өткізген борышың жоқ. Ел үшін екі теңге қорғап бердім, Нүке менен Шоқпардан дәнеме жоқ.

Тезекбай:

Екі алуан алдыңда бел бар, Шөже! Неге қисық сөйлейсің, жөн бар, Шөже! Алатауда қырғызға барғаным жоқ, Өзімнің Арғынымда нең бар, Шөже?!

Шөже:

Қалай туған баласың, тамашасың, Не себепті менімен таласасың?

Көкшетаудың жүлгесін талшық қылмай, Есерлікпен Ертіске жармасасың!

Тезекбай:

Қой, соқыр, кетірерсің ұятыңды, Бекер жерден мұқалтпа болатыңды. Көл қорғаған қызғышты көп көргемін,

Топшыммен сындырармын қанатыңды.

Шөже:

А, балам, қайдан келдің өңің қашып? Аптықпай, аңдап сөйле, көңілің басып. Үш жүздің баласынан түк бермеймін, Қайтып жеңіп аласың менен асып?!

Тезекбай:

Орта жүздің баласы – Арғын, Найман, Дүниенің төрт бұрышына қанат жайған.

Үш жүздің баласына сыйлатайын, Орныңды біл өзіңнің, Шөже – мейман.

Шөже:

Шоқпар-ау, осыған берсең, қайырың харам, Көзімді алып, сөз берді Алла маған.

Алты мүшем сау емес, екеуі кем,

Тәңірім мүшкіл қылған соң, бар ма шарам?

Тезекбай:

Шоқпар-ау, сүйегімді сен білесің, Борышымның және айттым шежіресін. Мұның жөні кітапта қалай екен, Шариғаттың мәнісін айт, не білесің?

Шөже:

Мен мұндай барымтаға бара алмаймын, Суда – балық, қырда егін сала алмаймын. Алты мүшем сау емес, екеуі кем,

Тәңірім кәріп қылған соң, амалдаймын.

Тезекбай:

Мен – Тезекбай, жүдеп келдім биыл, – дедім, Сау кісіге ел кезу қиын дедім.

Арғы атаң Құнанбаймен бірге туған Менен саған кеткен жоқ тиын дедім!

Шөже:

Бұл Тезекбай отырса, ой табады, Күндіз-түнде жүрсе де, жол табады. Жеті сушы керуенге малай болса, Бұл Тезекбай бес-алты қой табады. Іштен туған көзім жоқ, өзім – соқыр Бойды бақпай, өзің айт, не бағады?

Тезекбай:

Шоқпар-ау, Шөже сөзі саған жетер, Ақындықпен ат-шапан алып кетер. Бұл жалғанда соқырға қайыр берме, Таңда махшар күнінде танып кетер.

Шөже:

Соқыр қылды Тәңірім көрмесін деп, Жамандықтың соңына ермесін деп. Садақаны соқырға мен сияқты Қандай кітап айтады бермесін деп?

Тезекбай:

Шоқпар-ау, Шөже сөзін барлап отыр, Зәлімдікпен алдыңда зарлап отыр.

Үш жүзді бірдей жеді осы соқыр, Бір тоғызды алсам деп, алдап отыр.

Шөже:

Қараөткелде бір байдан кеше айырылдым, Үш бөлмелі бір жерге үй салдырдым.

Жүз бес қой, қырық бес жылқы биыл жидым, Жалғыз, Шоқпар, көңілімді сен қалдырдың.

Тезекбай:

Екі шекті қолыма домбыра алдым, Қызығына жалғанның қайран қалдым! Үй салдырған мен мұндай купец емес, Нашарлықпен наз айта келе қалдым.

 Сол арада Шоқпар мырза мұнан былай Шөжеге сөз айтқызбай: – Тоқта, сен үй салдырған купец екенсің, мына Тезекбайға бір ат, бір шапан беремін, – деп, Шөжені тоқтатып, ат, шапан алған мен бола- тынмын, – деп, Тезекбай сөзін бітірді.

ШӨЖЕ МЕН ЖӘМШІБАЙ

Шөже:

Тіл берген сөйлесін деп Хақ Тағала, Ісіне құдіреттің бар ма шара?

Алдымда менің әсте жүрексінбей, Өлең айтып отырған бұл қай бала?

Жәмшібай:

Мейрамның бір баласы – Сүйіндікпін. Мен қашан сөйлер сөзден мүдіріппін?

Болса да, атам – кекеш, ағам – сақау. Жүлде алған жиын, топта бір жүйрікпін.

Шөже:

Әніме Құдай берген салмаймын ба? Тәңірім өнер берді таңдайыма.

Ал, енді қалың тойда сөз сөйлесем, Келе ме бұл Жәмшібай маңайыма?

Жәмшібай:

Тұзындай Баянауыл тұз емеспін,

Шын желпінсем, адамға сөз бермеспін. Тіліңді тарта сөйле, соқыр Шөже, Жігітің сен кемітер мен емеспін.

Айтайын, айтарымды, соқыр Шөже, Тигізбей содырыңды отыр, Шөже. Артыңнан еркін жеткен мен бір жүйрік, Ойыңнан бос күпсуді кетір, Шөже.

Шөже:

Баласы сары ала құс қаз бола ма, Қыс өтіп, қар кетпесе, жаз бола ма? Тентіреп, неге келдің Қуандыққа, Сүйіндік сегіз болыс аз бола ма?

Жәмшібай:

Саламын қаршығамды қара құрға, Ілмеймін сені мүлде жанарыма.

Қуандық, Сүйіндікке бойым сыйлы, Сенемін сенің жолда қаларыңа.

Шөже:

Тоғайға сара біткен құба талмын, Абайла, сөзден оқыс құлатармын.

«Қуандық, Сүйіндік» – деп, бөле көрме, Мен-дағы Қуандыққа көк домбалмын.

Жәмшібай:

Оқиды қожа, молда жазған хатты, Құдайым кімге берген көз сипатты?

Сендейді бай баласы менсінбейді, Мінбейді бай баласы соқыр атты.

Шөже:

Қара балық ілінген қармағыма, Басы болат майысқан салмағыма. Қуандық, Сүйіндік деп, бөле берме, Екі елдің тапсырамын аруағына.

Ғаламға сәуле берген Күн менен Ай, Жасымнан сөз сөйледім, мен тартынбай. Қуандықтың мен-дағы баласы едім, Құдайым іс қылмасын Жамболдыдай.

Жәмшібай:

Тез көріп, кірмесең де, сен бір жауға, Балық боп ілінерсің торғын ауға.

Жамболды аз болғанмен, менің өзім Қаңғырып барған жоқпын Алатауға.

Шөже:

Өкпе-бауыр, жалы бар ма қаракердің? Жатса, ұйқысы келмейді саналы ердің. Көсілген көмекейің ақын емес, Суындай сөзің нәрсіз шалшық көлдің.

* * *

ТҮБЕК ПЕН ЖӘМШІБАЙ

Түбек:

Өлеңді айтушы едім жылпылдатып, Сөйлеуші ем талай топта былпылдатып. Баласы Сүйіндіктің неме керек, Шіркінді мұнша бұлдап сұңқылдатып?!

Жәмшібай:

Кей адам айтса-дағы, сөзге нанбас,

Мен сөйлесем, қандай жан құлақ салмас?! Арғын аға болғанда, Найман – іні, Арғыннан жүйрік шыққан мен – ақ алмас.

Түбек:

Өлеңнің текшелеулі қаласымын, Ақынның өзім теңді данасымын. Байғарадан он алты ақын шыққан, Ақтайлақ – Қарабайдың баласымын.

Жәмшібай:

Сұрасаң, менің бабам – ақын Көтеш, Біткен жоқ Жәмшібайдай ешкімге өңеш. Атам Көтеш болғанда, ағам – Сақау, Алдыма жанды қара түскен емес.

Болғаным мен Жәмшібай биыл емес, Жігітке, өлең шіркін, қиын емес.

Астынан алты қырдың ән шырқасам, Өңешім отарбадан кейін емес.

Түбек:

Асылдың кім біледі, сатса, пұлын, Шіриді-ау өлгеннен соң қызыл тілім! Көтешті қасқыр жеген несіне айттың, Тантиды Арғын мақтап өлген құлын.

Жәмшібай:

Сен, Найман, жаулық қылып, тонап алдың, Тұманға ашылмастай сөйтіп қалдың.

Найманның сендей шалы текке өледі, Бір өзіне үш ердің құнын алдым.

Түбек:

Ашулансам, алармын айлығыңды, Шындасам, қойға алмаймын тайлығыңды. Көтің сонда ашылар, Арғын бала, Менімен салыстырсаң байлығыңды.

Жәмшібай:

Ертең қожа тұрады азанменен, Пенде барар тозаққа жазаменен.

Байлығыңды, ел Найман, көріп тұрмын, Қайнатасың шайыңды қазанменен.

Түбек:

Мен барып, сіздің елге келгенім жоқ, Жамандық көрсем-дағы, өлгенім жоқ. Үйіне Қуанбайдың барып едім, Самаурын аймағында көргенім жоқ.

Жәмшібай:

А, Түбек, олай десең, болдың мешеу, Болуға жарамайсың ұзын көсеу.

Қуанның айналасы – алпыс ауыл, Самаурын біреуінде төртеу-бесеу.

Түбек:

Жәмшібай, меніменен таласарсың, Өз теңіңмен сөйлессең, жарасарсың. Үйіне Әлі төрем кіріп барсаң,

Жол таппай, самауырдан адасарсың!

Жәмшібай:

Ар жағы ұлы Ертістің – қара, терең, Өлеңнің, білгенімше, бәрін терем. Найманнан бір жақсы ыдыс таба алмадың, Түбі – естек, неме керек, кірме төрең?!

Түбек:

Жәмшібай, еліңде ойын, күлкі бар ма? Еліңнің аса жиған мүлкі бар ма?

Кетіпті Бояубайым саннан асып, Еліңде бұл сықылды жылқы бар ма?

Жәмшібай:

Өлеңім, аққан судай толқыған сең, А, Түбек, ақын болсаң, өлеңмен жең!

Қара мал, жылқы малды таппай ма екен, Қойы бар бай Қуанның он екі мың.

Түбек:

Сыйынар дін мұсылман бір Құдайға, Кіреді иманды құл кең сарайға.

Құдай берген көп малдың есебі жоқ, Жетерлік бар ма байың Наурызбайға?!

Жәмшібай:

Сөйлеткен мені мұндай Жаббар Құдай, Мен шыққан Сүйіндіктен бір сұр таңдай. Көкдомбақ, Үштаған мен Қарбасқанда, Толықсып, сыймай жатыр Атығай бай.

Түбек:

Үкі таққан жарасар Қаракөкке, Түбек атым жайылған талай көпке.

Құдай берген көп малда есеп сан жоқ, Еліңде жетер кім бар Найзабекке?

Жәмшібай:

Сөйлеткен жастай мені бар Құдайым, Мен неге байлық айтсаң, тоқталайын?! Мантен, Тотан байым бар Айдаболда, Тағы бар Малкелдіде – Ақпан байым.

Түбек:

Темірден аяғыма салған таға, Артылған көп ақыннан біздің баға. Құдай берген көп малдың есебі жоқ, Алаштан жалғыз асқан Серғазы аға.

Жәмшібай:

Жылқысы Темірболат Қаракөктен, Найманға мен сөйлеймін өктем-өктем. Он құлынды биеден айдатады,

Байыңды айт, кәне, асарлық Әкімбектен?!

Түбек:

Ойға алар дін мұсылман бір Құдайды, Өлеңге Түбек қардай бұрқырайды.

Жүз алпыс түйе өзінен боталайды, Айтамын, ашулансам, Іңкәрбайды.

Жәмшібай:

Жайлауға ыстық түспей, ел келмейді, Дауысым, өлең айтпай, жөнделмейді. Қабылдың көп жылқысы суға түссе, Басқа малға бір тесік жол бермейді.

Түбек:

Жәмшібай, меніменен ісің бар ма, Менімен тарпысарлық күшің бар ма? Елімде Көшелектей шежірем бар, Соған лайық табарлық кісің бар ма?!

Жәмшібай:

Сыйынар дін мұсылман жалғыз Хаққа, Құдайдың, кім таласар, берген баққа?! Күнтайдың немересі Есқара би, Япырмай, сол кәріңнен кейін-ақ па?!

Түбек:

Сөйлеткен мені мұндай Жаббар Құдай, Тіліңді тарта сөйле, ай, Жәмшібай!

Өзінен ат-шапанды алып тұрсың, Осы отырған алдыңда атым қалай?

Жәмшібай:

Тіліме өнер берген бар Құдайым, Несіне, тай алдым деп, қорғалайын? Атыңды сырттан сатып жібермей ме, Қуанның ортаншысы – Молдабайым?

Түбек:

Еліңде байың жоқ па берерлік тай? Сөйлейсің Найманға кеп, сен, қу таңдай. Үш мың өгіз сомасын қол ұстаған,

Бұл күнде болды көпес бай Темірбай.

Жәмшібай:

Әр пенде жалбарынар жалғыз Хаққа, Құдайдың кім таласар берген баққа?! Байлықта көпес болып кім жетеді, Алты алаш атын білген Қазанғапқа?!

Түбек:

Мінгенім дайым менің Қаракер-ді, Желігіп, кәрі Түбек екіленді.

Найманның өрде жатқан байын айтсам, Жұрт асқан көк етікті Тілеуберді.

Жәмшібай:

Қарап тұрсам, бұл – Түбек, сөзден сасар, Өнері Жәмшібайдың судай тасар.

Бәріміз бір Арғынның баласымыз,

Байым бар Қарауылда – Шабар, Шаншар.

Түбек:

Сыйынар дін-мұсылман бір Құдайға, Кіреді иманды құл кең сарайға.

Найманның ар жағынан байлық айтсам, Жетеді қандай байың Қазытайға?!

Жәмшібай:

Мінгенім дайым менің Қаракөгім, Білерсің, таныр болсаң, сөздің тегін. Алдажұман байым бар – Алтай-Қарпық, Тағы бар Мұратымда – Игілігім.

Түбек:

Сыйынар дін-мұсылман бір Құдайға, Кіреді иманды құл кең сарайға.

Бір шеті Алатауда шаруасының Еліңде кімің жетер Момынбайға?!

Жәмшібай:

Ел Найман, тіпті, Арғыннан асқаның жоқ, Байлығың неме керек, бас қамың жоқ.

Татырлық Момынбайға Сайдалым бар, Аймағын Аққошқардың басқаның жоқ.

Түбек:

Сыйынар дін-мұсылман жалғыз Хаққа, Құдайдың кім таласар берген баққа?! Саршығанақ-Найманда сөз сөйлейтін, Келейін Бәтішұлы Жүсіп жаққа.

Жәмшібай:

Базардан алып келген жасыл маңдай, Талай жан қолын артып, асылғандай, Мақтама қу қанжыға жүйрігіңді, Законшік азар болса, Қайыпжандай!

Түбек:

Өлеңді айтушы едім егілдіріп, Сөйлейін бастан-аяқ төгілдіріп. Өрдегі Найманыма кетсем көшіп, Бір жағын қабырғаңның сөгілдіріп.

Жәмшібай:

Әуеде ұшып жүрген сары шымшық, Келеді шырайлы өлең жаңа түсіп.

Шорманның, жазсам қағаз, Мұсасына, Тапжылтпас алқымыңнан бір-ақ қысып.

СҮЙІНБАЙ МЕН БАҚТЫБАЙ

Бақтыбай:

Аман-есен жүрсіз бе, Атақты ақын, Сүйінбай? Дидар ғайып, дәм ғайып, Жүруші еді бұйырмай.

Сыртыңыздан сұрар ем, Көріспекке құмар ем, Келеді деп Сүйінбай,

Жатырмын күтіп жиында-ай. Шапырашты елінде – Сүйінбай ақын бар деген.

Қатағанмен айтысып, Кеткен даңқың қиырға-ай. Айта алмаушы ем өлеңді, Қабекеңе сыйынбай.

Сүйінбай: Уағалейкүмассалам, Жүрмісің есен, Бақтыбай? Бақтыбай шешен сен едің, Сүйінбай деген мен едім, Үш ғайыптың бірі ғой – Дидарласпақ жақсы ғой. Жақсы деген жақсы сөз, Азаматына алаштың, Жақсының жоқ жаттығы-ай. Мен жайымды айтамын, Шапырашты елінде – Сүйінбай ақын мен болам, Жаяу тұрмақ өлеңнен,

Сөз бермеген аттыға-ай. Құштар болған інімді, Жақсы күні таптым-ай. Мен де өзіңдей ақынмын, Ақын болсаң, жақынмын. Мініп алып жел сөзді, Өрге-қырға шаптым-ай, Байшегірдің елінде,

Ұлы дүбір ас бар деп. Естіген соң келіп ем,

Ел басқарған жақсыға-ай.

Бақтыбай:

Сүйеке, хошал болдым көргеніме, Құрметтеп, аман-сәлем бергеніме. Төседім өлеңменен төсенішті,

Бұ жаққа қадам басып келгеніңе. Өлеңнің ұлы дария мұхитысың,

Жел сөзге кім пар келер желгеніңе?! Сүйеке, сізбенен мен айтыспаймын, Жеңіліп, бірін-бірі жеңгені не?

Жүргенде өлең қуып, көңіл суып, Өмірдің ауып кетті ермегі де.

Сүйінбай:

Өлеңнің болдым саяғы, Заманым жоқ баяғы.

Біз де келдік, ақыным, Өмірдің биік төріне. Көрсетуге жүзіңді, Құдайға шүкір, Бақтыбай, Кезіктірген сені де!

Сөз соңында Бақтыбай:

  • Сүйеке! Сіз – өлеңнің дария мұхитысыз! – деп, басын иген екен.

СҮЙІНБАЙ МЕН ҚАТАҒАН

Сүйінбай:

Ассалаумағалайкум, сәлем бердік, Мүбарак жүздеріңді жаңа көрдік. Дүбірлі ас-жиынды құттықтауға, Бауырлас, қырғыз елі, сізге келдік.

Жүйріктер қосылмаған қою шаңға, Қосылар қыран бүркіт қашқан аңға. Хан Жантай, Қара Бәйтік, Әтекеңе, Келіп ем, сәлемдесіп Орман ханға.

Арғы атаң ер Әтіке, батыр Жантай, Басыңа кидің бөрік қызыл алтай.

Қанаттас қырғыз елін көрмек үшін, Боларын осы астың күттік алты ай!

Бас қосқан екі халық – ұлы жиын, Келген соң, сөйлеу керек сөзден қайтпай. Қол жайып, Құран оқып өткендерге, Аруағын атап қырғыз келдім жоқтай!

 Сүйінбай қырғыздардың батырлары мен қолбасшыларының атта- рын атап, арнау өлеңін осылай деп аяқтағанда, Қара Бәйтік тағы да сөзге араласады:

  •  Мына, шай шымылдықтың арғы жағында, екі қызбен алданып отырған Қатаған деген ақынымыз бар. Сүйінбай, сен келді деген соң, күллі қырғыздан озған осы ақынды сенімен айтыстырамыз деп, ал- дырып едік. Бәйгені жеңіп аласың ба, жоқ, сұрап аласың ба? – дейді.
  •  Сүйінбай еш уақытта бәйгені сұрап алған емес, жеңіп алған! – деп, батыл жауап береді.

 Осы кезде шымылдықтың арғы жағынан қағілез қара жігіт қарғып тұрып, Сүйінбайға өлеңмен тиіседі.

Қатаған:

Сүйінбай, тоқтат сөзіңді, Ояйын ба көзіңді?!

Ақынмын деп ойлайсың, Мен тұрғанда өзіңді.

Сыртыңнан іздеп жүруші ем, Келтірді Құдай кезіңді.

Барың болса қарышта, Барар жерің сезілді.

Қатағанды байқамай, Түстің бе, бәлем, қолыма, Сояйын мес қып теріңді. Тырнағыма іліндің, Күтірлетіп шайнайын, Қыбырлаған жеріңді.

Көрмеймісің, Сүйінбай, Қазып қойған көріңді?! Ажал айдап келген соң, Саған өлім тегін-ді.

Келіп қапсың байқамай, Өлетұғын жеріңді.

Шалғың келіп отыр ма, Қаражалым, қызғышым, Хан Орман, Бәйтік бегімді?!

Сүйінбай, сенен жеңілсем, Қатаған болмай қатайын, Көк шешектен жатайын.

Сары жайлау сабазбын,

Қос өкпеңнен атайын! Айбалталы қылышпен, Маңдайыңды қақ жарып, Қаныңды судай шашайын!

А, Сүйінбай, Сүйінбай, Боз жапалақ сен едің, Қияқты сұңқар мен едім! Тырнағым саған ілінсе,

Қалмайды желкең қиылмай! Еліңе сонда қайтарсың, Көзіңнен жасың тыйылмай! Осы жолы жеңілсең – Келмессің қайтып жиынға-ай! Келіп қалдың ордаға, Қатағанды байқамай.

Манаптарым, тоқтай тұр, Сүйінбайды жеңемін, Ешкімге де сыйынбай!

Қорықпаймын ақын деп, Сүйінбай маған бұйым ба-ай?!

Шоң Нарын, Кемин – мекенім, Ақын деп сені нетемін?

Жебесі өткір садақпын, Сүйегіңнен өтемін.

Меніменен айтыссаң, Нақ түбіңе жетемін. Сүйінбай, сені ақын деп, Бекер-ақ келген екенмін! Жар басында жантақсың, Жарап жүрген бурамын, Бір-ақ шайнап кетемін!

Менің атым – Қатаған, Қоңырбөрі асында –

Бес жүз жылқы матаған!

«Сүйінбай ақын – жүйрік» деп, Мұның несін атаған?

Сүйінбай, сенен жеңілсем, Қатаған болмай қатайын,

Көк шешектен жатайын! Қазақ, қырғыз таңырқап, Қатаған шайыр атаған! Сен секілді ақындар, Аяғыма бас ұрып, Алдыма келіп, бата алған.

Жүйрікпін жалын тараған, Күнде шауып жараған.

Қара Бәйтік бегім бар, Патшадан барып, шен алған. Қай жақсың бар қазақта, Хан Орманға балаған.

Батыр Жантай, әне, отыр, Аузына қырғыз қараған.

Алыстан орап келейін, Сазайыңды берейін!

Сүйінбай, сенен жеңілсем, Ордадан шықпай өлейін. Арманда қалма, Сүйінбай, Ақын болсаң байқайын.

Есіңді сенің аударып, Миыңды біраз шайқайын. Айтыспаймын сенімен, Сес көрсетіп, қайтайын!

Өзенді жерге бас ұрған, Кезеңнен қуып асырған, Найзаға желек байлаған, Қазақты шауып – Жылқысын қуып айдаған. Елімнің шетінен айтайын: Сарбағыш пен Мұндызым, Жағамдағы құндызым, Маңдайдағы жұлдызым!

Бұғы деген көп жұртым, Байлық десең, мұнда бар, Билік десең, мұнда бар, Көкше қоян құмда бар, Мендей жыршы кімде бар?!

Сару деген қырғызым, Саруымнан қозғасам, Күні-түні айтсам да, Бұған келмес қаруың. Оған қатар көп Солты, Найзасын тасқа жаныған. Асау мініп жаратқан, Жанды аузына қаратқан. Сол Солтының ішінде, Қалың қара Қанайым, Қанайымды ап келіп, Қаптаған қара борандай, Алды-артыңды орайын. Қазақ қандай, мен қандай, Мен несіне қарайын?!

Былай барсаң Тынайым, Қиырға көңіл бұрайын. Тауға ұя сап, тасқа ұшқан, Қанаты күміс құмаймын! Басыңа түсер уайым, Түбіңе жетіп тынайын!

Айтыспаймын сенімен, Сес көрсетіп, сынайын. Бұғы менен Саяқты, Артық қылып нәсілін,

Жаратқан жоқ па құдайым?! Алатаудан төтелеп,

Тау ешкідей тік басып, Саяғыма шығайын!

Былай барсам, Саяғым, Сүйінбайдың үстінен, Саяғым аман тұрғанда, Алар ма еді таяғын!

Талай дәруіш қаңғырып, Қолға түскен құл болып, Құшақтаған аяғын!

 Ә дегенде, Сүйінбай булығып қалады. Албан, Суан тайпаларының аға сұлтаны Тезек төре қаны қашып, қолындағы қамшысын жона беріпті. Сол кезде Бөлтірік шешен:

  •  Ей, төрем! Көтер басыңды, қаныңды қашырма! Сүйінбай өлең таппай, сөз таппай отыр дейсің бе?! Булығып отыр. Сүйінжан, шығар даусыңды! – депті.

Сонда Сүйінбай сөзді Тезек төреден бастап кетеді.

Сүйінбай:

Қашырма, төре, қаныңды, Кіргізейін жаныңды.

Қатағаннан жеңілсем, Талап алғын малымды. Іздегенім осы еді,

Өз-өзінен қағынып, Қатаған сөзден жаңылды. Қызып тұрған темірге, Өзі келіп қарылды.

Алмас семсер қылышпын, Алтыннан соққан сабымды! Наркескенге жолықтың, Шашайын судай қаныңды! Қабағын шытса, Сүйінбай, Тарту қылып тартасың Қойныңдағы жарыңды.

Күшіңді білмей Қатаған, Менімен қалай ойнайсың?! Сүйінбай сынды ақынды, Жеңемін деп ойлайсың.

Қырғименен ойнаған, Ажалы жеткен торғайсың! Ақ құстайын ұшайын, Аяғыңды тұсайын.

Көппін деп айттың, Қатаған, Сөзіңнен осы ұстайын.

Тас тұяқты тұлпармын, Қырқалап тауға асқанда, Жолыңды кесіп, қырқармын. Шошаңдаған, Қатаған,

Ақ сөз өлмес жалаға. Сүйінбай сөйлер шындығын, Шеніме жақын жолама!

Күллі халық алдында,

Келтірем сені тобаға! А, Қатаған, Қатаған,

Қатаған жүйрік ақын деп, Мұның несін атаған!

Көптігіңді білемін:

Үш атаның ұлысың, Жаратқанның бірісің. Мен шынымен сөйлесем, Жұртта қалған күшіктей, Айдалада ұлырсың!

Былай барсам, Албаным, Албанымды қозғасам, Саған түсер салмағым.

Албанның елін мен айтсам, Тосырқаған тор аттай, Бойыңда қалмас иманың! Білмеймісің, Қатаған, Төбеңнен Құдай ұрғанын! Жалған сөзді көп айтып, Пәле қуған Қатаған, Әркімге тиді салдарың.

Онан өрге өрлейін, Жауған қардай борайын. Қоңырбөркім, Суаным, Аз да болса жуаным!

Халыққа тіл тигізбе, Жер мен көктің жүзінде, Шөгіп жатқан мұнарым!

Он екі ата ол жақта, Тарақ деген жұртым бар. Ақкөбікті өлтірген,

Орақ батыр мықтым бар. Арғы атасын айтайын, Толған айдай толқыған, Қоғалы көлдей шалқыған, Шешен тілді Балпықтан. Сыпа туған бұл жұртым, Іле өзенін жерлеген,

Сыр суындай өрлеген,

Дұшпанға намыс бермеген, Бақ-дәулеті кернеген,

Он екі ата Жалайыр, Аршынға қолын сермеген! Батырлық, ерлік сонда бар, Маңына дұшпан келмеген.

Тұлпар аттар сол елде, Ақордада бағылып, Дорбадан торғын жем жеген. Алтынды шашақ найзалы, Батыр десең сол елде, Найзамен шаншып, ет жеген. Ажалдан бұрын өледі, Ыңғайына көнбеген.

Сұлу десең сол елде, Өмірде адам көрмеген! Ерлерін сыйлап әдеппен, Ашпаған бетін пердеден. Батырлары жасанып, Шаш ал десе, бас алып, Аттары кетпес кермеден!

Онан бері Ыстым бар, Алатаудай күштім бар! Мен олардан қозғасам,

Қатаған, артың мұштындар! Бұл Ыстымнан тараған: Ойық пенен Тілігім.

Ол елімді қозғасам, Сырқырар сенің жілігің. Тыныштықтан қорқасың, Тілейсің бе халықтың, Жаугершілік бүлігін, Құрысын мұндай ырымың!

Одан былай орайын, Жауған қардай борайын! Көсегесі көктеген ― Батырлық пен ерлікке Ешбір пенде жетпеген.

Қалың жатқан Ошақты, Атамыз қойған осы атты. Батыр десең онда көп, Қарулы жауға оқ атты.

Шапқыншы жауды олжалап, Талай жерді босатты.

Қатаған, жолы болмайды, Тіл тигізіп халыққа, Аруақты елге тас атты!

Оған тақау Сіргелі, О да көп жұрт іргелі. Жігітінің бәрі де, Текежәуміт мінгені. Дүниенің қызығы,

Тамаша дәурен сүргені!

Онымен жалғас, қатарлас, Шапырашты деген елім бар, Асқар таудай белім бар!

Шапырашты еліме, Байтақ жұрттан сенім бар! Жауын жеңген қаратып, Тұлпар мінген жаратып,

Қай жерде менің теңім бар?! Сұраншы, Саурық аттанса, Сыртқы жауға өлім бар.

«Қарасайлап!» аттансам, Дұшпанға қазған көрім бар! Шапырашты ― қалың ел, Жауды көрсе, қашпаған, Сабыр қылып, саспаған.

Қарасай үлкен ер еді, Ерлік пенен ептікке, Есімі елге белгілі, Асыл заттың бірі еді! Аруағы дүрілдеп, Басылмай әлі келеді. Жауды көрсе, қалмаған,

Тұлпармен шапса, талмаған. Бір атаның ұлында

Онан асқан болмаған. Даңқты батыр ер еді, Күллі қазақ жиылса, Қарасай білсін дер еді!

Мен, Қарасай ұлымын, Айтулы ердің бірімін! Алатауды бөктерлеп,

Өрде жатқан Шапырашты, Батыр туған ел едім, Талайға тиген көмегім.

Менменсіген мықтының, Бәрін жеңген ер едім.

Сұраншы, Саурық кезінде, Қайсың бетке кеп едің?!

Құдияр хан мен Орманды, Алдыға салып қуғанда, Табылмай кеткен дерегің. Қаршыға тиген шілдей ғып, Сондағы қуған мен едім!

Қазақ, қырғыз елдесіп, Тыныштықта тұрғанда, Анау-мынау демегін!

Шапыраштыдан тараған, Екей деген ақын ел.

Айтысқанда қиналсаң, Өлең сұрап, бізге кел! Былай барсам, Дулатты, Батырлары көп шығып, Талай жерді шулатты! Сыпатай, Андас, Байсейіт, Ерегіскен дұшпанын, Қылышпен кесіп турапты. Ер Байсейіт кешегі ― Қырық жігітті бастаған.

Шапқан жауды ұстап ап, Бауырын отқа қақтаған. Дұшпанды бері бастырмай, Ат жаратып, баптаған.

Барлық батыр жігіттер, Байсейітті жақтаған.

Дулаттан туған Сиқымым, Сиқымымды қозғасам, Басына түсер қиқуым!

Көп Дулаттың шеті еді, Ана жатқан ― Сарыүйсін, Қарайғанның бәрі – Үйсін!

Көп Дулаттың біреуі ― Қалың қара Ботпайым. Ботпайымды қозғасам, Күйдіремін шоқтайын, Кетерсің жанып оттайын! Қос өкпеңнен қадалдым, Садаққа салған оқтайын! Мұнымен жалғас Жанысым, Жанысымды қозғасам, Жанып кетер қамысың!

Ерегіскен дұшпанға ― Бермеген ешбір намысын! Алты Алашқа белгілі, Сүйінбай деген дабысым!

Онан былай Шымырым, Шымырымды қозғасам, Кеудеңнен шығар шыбының. Білмеймісің Сүйінді,

Өлең сөзге бұғымын!

Өрде жатқан елімде, Қалың қара ― Асылым, Артық менің нәсілім!

Шыбыл менен Айқымым, Маңдайға біткен айқыным. Таусылмайды айтқанмен, Жалпақ жатқан Ұлы жүз, Басқа жүзге көшейін!

Орта жүздің бір елі ― Былай барсам, Найманым, Құлашты кең жайғаным. Риза қылмай жібермес, Үйіне келген мейманын. Найманымнан қозғасам, Пана болмас жиғаның.

Ол Найманның ішінде: Бегімбетім, Қызайым, Айтқан сайын ұзайын! Төбеңнен әкеп өлеңді, Қос уыстап құяйын.

Төбеңнен өлең сауласа, Сонда болар уайым!

Одан былай Керейім, Керейімнен терейін. Ерлік пенен ептікке, Мырзалық пен бектікке, Тәуекел қып көрейін!

Аш көзіңді, тайсалмай, Ажалы жеткен қарғасың. Бүркітпенен ойнадың, Түлкілікті қоймадың.

Сүйінбай сынды ақынды Жеңемін деп ойладың!

Онан өрге шу дейін, Ескен желдей гулейін. Сарыарқаны жайлаған, Желіге бие байлаған. Мамадағы аттары ― Құлын-тайдай ойнаған! Ерегіскен дұшпанды, Алдына салып айдаған. Сарыарқаны қыстаған, Лашын, сұңқар ұстаған. Арқа деген жерімде, Арғын деген елім бар. Анау жатқан – Арғыным, Арғыным атқа қонғанда,

Басыңнан аттап, қарғыдым! Арғын деген сансыз ел,

Мекен еткен қоныс қып, Дүниенің жарымын!

Ешкім басып көрген жоқ, Бұлардың қарқын, арынын! Жерге кіріп кетерсің, Олардың бассаң тамырын. Сүйінбай пірің мен болам, Енді, батыр, танығын!

Сүйінбаймен теңдесіп, Қаламын деп үміт қып, Келген екен қалыбың. Қатаған деген ақын ба, Айтқанда сөздің анығын?! Тағы біраз айтайын,

Арқа деген жерімде Қаракесек елім бар.

Қалың жатқан қазақта, Неше түрлі тайпа бар. Одан былай орайын, Тобықтыға барайын.

Байлық десең, сол елде, Барыңды әкеп салсаң да, Көре алмайсың маңайын.

Манаптары қырғыздың, Қатағанды жыршы деп, Алып келген ұялмай, Екі езуді күлкіден, Отырарсың жия алмай. Орыныңнан қаларсың, Ақырында тұра алмай.

Тағы да қалды бір жұртым, Атығай мен Қарауыл, Әрқайсысы әр ауыл!

Орал тауға бір қонып, Қиғаштап, төмен өтейін. Бүркіттей түсі түксиіп,

Бақ орнап, қызыр жайлаған,

Мыңдап бие байлаған, Мыңдап түйе айдаған, Кіші жүзге жетейін!

Елімнің қандай екенін, Түсінген шығар көкейің?! Төніп жатқан көк тұман – Кіші жүздің баласы.

Айналасы көк теңіз, Соған барып қосылған, Еділ, Жайық – екі су.

Ноғайлы, Тама былайғы, Арасында сол жердің, Сұлтансиық, Бақсиық, Хан қызы екен анасы.

Бәрі батыр баласы, Қаннан кеуіп көрген жоқ, Найзасының сағасы!

Он екі ата Байұлы, Жеті аталы – Жетіру, Әлім менен Шөмекей,

Халқымның еді жағасы! Одан арман шу дейін, Соққан желдей гулейін! Кіші жүздің ішінде – Алшын менен Жаппасым, Жаңа бұрдым ат басын.

Сүйінбай сөйлеп болғанша, Тұра тұрғын, саппасым.

Былай барсам, Қаңлым бар, Қаңлым келсе өзіңе,

Кең дүниені тар қылар! Қойныңдағы жарыңды, Тартып алып, зар қылар.

Онан да ары барғанда, Қазақты жинап алғанда. Тоқсан екі ұлы бар, Қыпшағымды айтайын. Тоқсан баулы Қоңыратты,

Әңгіме ғып қозғасам, Жүре алмассың жалғанда! Батыр болсаң, кәнеки, Бетіме тура қарашы?!

«Көппін» дейді Қатаған, Көңілінде жоқ қой санасы. Толып жатқан көп қазақ, Көк пен жердің арасы!

Асқаралы тау мен едім, Аласа дөңес сен едің.

Айдын шалқар, көл мен едім! Тартылған бұлақ сен едің.

Қылышындай Әлінің, Наркескенге жолықтың, Сүйегіңнен өтпей ме?! Көтер бері басыңды, Сүйінбайға қарашы, Қаныңды судай төкпей ме?!

Ішің ─ жалын, сыртың – шоқ, Меніменен айтысып, Қысқарды сенің қадамың!

Мына отырған Қатаған, Жеңемін деп ойлайды.

Ажалы жеткен қарғадай, Бүркітпенен ойнайды.

Қайта-қайта мақтанып, Жантайдың шенін қоймайды. Несін мақтан қыласың,

Аңға шыққан тазыға, Оған да қарғы байлайды!

Жалаң қия жартаста, Келтірді Құдай кезіңді. Қозғалма енді, Қатаған, Оярмын сенің көзіңді! Мен – бір емен ағашпын, Білесе де, сынбаймын!

Алдаспанға жолықтың, Түбіңе жетпей, тынбаймын!

Сөз бастаған бұлбұлмын, Топ бастаған дүлдүлмін! Судан шыққан сүйрікпін, Бәйгеде озған жүйрікпін! Шығарма, Қатаған, үніңді. Есіңде сақта құлаған, Қанатың сынған күніңді. Қырғыз, қазақ жиылып, Жалпылдатпа мұныңды!

  • деп, тоқтайды Сүйінбай.
  •  Сүйінбай, ботам! Сен жеңдің, Қатаған жеңілді. Енді жеңген жүлдеңе не таңдайсың? Соны өлеңмен айт! – дейді қырғыз манабы Қара Бәйтік.

Сүйінбай:

Ер тоқымы алтыннан, Бір ат бергін астыма, Әсемденіп мінерге.

Алтын қынап, қылыш бер, Білегіме ілерге.

Уығы болсын алтыннан, Керегесі күмістен, Маңдайшасы асыл тас, Бір ақ отау үй бергін, Еңкейіп оған кірерге.

Он алты жасар бір қыз бер, Онымен ойнап-күлерге.

Он бес атан түйе бер, Жүгімді артып жүрерге. Алпыс ат бергін жетекке, Олжа деген кісіге,

Жол үстінде берерге! Суырылған жүйрік болмаса, Жақсы алдына келер ме?! –

деп, Сүйінбай әзіл-шыны аралас, базыналық білдіреді.

  •  Сүйінбай, ботам! Екі елдің бас қосқан үлкен айтысында Қатағанды жеңгенің үшін Ыстықкөлдің ақ көбігінен жаратылған асқан сұлу Мейіз атты қыз, алты қанат ақ орда, алтын бесік, бір

бүркіт, мойнында күміс қарғысы бар екі тазы сыйлаймыз. Риза бол, қарағым! – деп, Қара Бәйтік Сүйінбайдың бетінен сүйеді.

... Қалың көш Ыстықкөлді жағалап, батысқа беттеп келе жатты.

  •  Көл шетіне жеттік, көшті тоқтатыңыздар. Соңғы рет Ыстықкөлге бетімді жуайын, – деп, Мейіз назын айтты.

 Мейіз көл шетіне жақын барып, сұлу саусақтарымен су тамшыла- рын санап тұрып, көзіне жас алды.

  •  Мейізжан, жасыма! Айтыстың сертін сақтап, біраз жерге алып келдім: аспанымда ай ілескендей әсер қалдырдың. Бұдан былай, менің қырғыздағы туған қарындасымдай бол. Жолың болсын! – деп, Сүйінбай Мейізді жасты көзінен бір сүйді де, еліне қайтуына рұқсат берді.

* * *

Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен, сыйынбай. Сырлы сұлу сөздері – Маған тартқан сыйындай.

* * *

 1923 жылы Ұзынағашта бір үйде өзімен құрдас Байсал- бай мен Ералыжан деген кісілер Жамбыл ақыннан: − Сен Құлмамбетті жеңдім дейсің, қалай жеңдің, Құлмамбетпен сол айтысыңды айтшы, − деп сұрағаны баяндалған. Сонда Жамбыл ақын: − Ойбой, мен жеңгенім жоқ, ата- мыз Қарасай мен ақиық ақын Сүйінбайдың аруағы ғой жеңдірген. Әйтпесе, Құлмамбет дегендерің ол кезде ау- зымен құс тістеген кезі еді ғой. Болмаса, Іле бойындағы сол топта он бір ақынды жеңіп, домбырасын керегеге байлап қоя ма? Сол жолы үлкен жиынға Жетісудың та- лай жерінен көп халық келді. Тумысымда мұндай үлкен асыр, үлкен жиын, топты көргенім жоқ. Құлмамбет он бір ақынды жеңіпті деген соң мені шақыртар деп, бір ке- дей шаруаның үйінде жайғаса тұрдым. Сонда өлең айтып отырғанымда, екі жасауыл келіп, алдына салып, алып барды. Он екі қанат қазақы үйде Албан, Шапыраштының

«сорпаға шығарлары» толып отыр екен. Төрде ояздың қасында отырған Құттықсейіттің Құдайбергені шүйдесі шоқпардай болып маған одырая қарады. Ояздан сәл

СҮЙІНБАЙ МЕН ТЕЗЕК ТӨРЕ

 Бірде Сүйінбай Тезек төренің жайлауы Алтынемелге келеді. Кел- се, алдынан төренің есік құлы қарсы шығады:

  •  Төренің үйіне барма, барсаң, басың кетеді. Жылкелді мен Бапау деген екі ұрысы түн жортып, аттан жаңа түсті, қолы сынық, басы жарық. Төре екеуіне долданып отыр, − дейді. Сүйінбай үй сыртын- да тұрып, Тезек төренің екі ұрыны өлеңмен жерлеп, зекіп жатқанын естиді.

Арғы атам – Әділ төре, Тезек – атым, Асып тұр Ұлы жүзден салтанатым.

Біріңнің басың жарық, қолың сынық, Ұялмай, не деп келдің, екі қатын?!

Апырмай, Ай да көкте, Күн де көкте, Тақалдық Құдай қосса, біз де бекке. Біріңнің басың жарық, қолың сынық, Ұялмай, не деп келдің хан Тезекке?!

Шымшықтың жүрегіндей жүрегің бар, Қоянның сүйегіндей сүйегің бар.

Сендерді шешелерің ұл деп тауып, Қалжа қой екеуіңе жеген шығар.

Біріңнің басың жарық, қолың сынық, Қаштың ба қорқақтықтан, өңшең мұндар.

Мен іздеп екеуіңді бармас па едім, Басына заманақыр салмас па едім?! Қолына аждаһаның түссең-дағы, Айыпсыз, ажыратып алмас па едім?! Бірталай Албан, Дулат ел емес пе, Ақылы хан Тезектің кен емес пе?

Жалпы қазақ баласын тегіс жисаң – Төренің отыз үйлі жемі емес пе?!

Сақтасын патша-құдай кесірінен, Аяққа құйған аспен тең емес пе? Қара қазақ былшылдап, көп сөйлейді, Тезектің бір дегені ем емес пе?!

Ұрды деп жылқышылар келгеніңше, Өлгенің тірі жүрмей жөн емес пе?!

Сендерді бүйтіп неден қара басты, Кім сенің бақытыңды ала қашты? Абыройың сендердің жаман емес, Напақа меніменен араласты.

Естіртіп, қазақтарды қоя берсең, Төрені қылғалы жүр аяқ асты.

Қашпастан қолға түссең, бәрің бірдей, Қай қазақ ұстар еді қоя бермей?

Қор болды, әттегене-ай, төре басым, Еркіме бірі көнсе, бірі көнбей.

 Осы кезде: «Ассалаумағалейкум, алдияр», – деп, Сүйінбай хан ордасына кіріп келеді. Жұмсақ құс мамықтың үстінде төңкеріліп жатқан Тезек төре, екі ұрысын тастай беріп, Сүйінбайға былай дейді:

Мен едім Абылайдың хан Тезегі, Жылқының ұстатпайды сұр көжегі.

Ордаға құл мен құтан басып кірген, Құдайдың бұ да болса, бір кезегі.

Арғы атам – Әділ төре Абылайдан, Үш жүздің баласына даңқын жайған. Тінтушідей ордаға кіріп келдің, Сұраймын аты-жөнің, келдің қайдан?!

Қараша хан Әділге бұрын барған, Бергін деп, бір балаңды қолқа салған. Баламды аяқ асты қыласың деп,

Хан Әділ қарашаға бермей қалған. Қараша хан Әділге келген екен.

Атаммен сертке тамақ жеген екен. Кімде-кім рұқсатсыз басып кірсе,

«Ат-шапан айып болсын» деген екен. Жылкелді, бұған кісен салмаймысың, Бапау, сен киімін тонап алмаймысың? Мұндардың аяғына кісен салып, Зынданға жаяу айдап бармаймысың?

Төрт қазық аяғына қақпаймысың, Киімін отқа өртеп, жақпаймысың? Абылай жазалыны қайтушы еді, Жазасын жазалының таппаймысың?!

Сүйінбай:

Келіп едім, хан Тезек, көрейін деп, Сәлемін пайғамбардың берейін деп Аттандырған екі ұрың қолға түсіп, Хан тақсыр, отырмысың өлейін деп?!

Ассалаумағалейкүм, Тезек төре, Елден жылқы қоймаған кезеп төре. Телі менен тентекті тыяд десе, Өзің ұрлық қыласың, әттегене!

Хан Тезек, төремін деп дүрілдейсің, Қожаны сәлде киген пірім дейсің.

Үйіңе Жылкелді мен Бапау келсе, Болғандай әжің қабыл күлімдейсің.

Хан Тезек, қарамысың, төремісің, Жемесең ұрлық етін өлемісің?!

Жетім менен жесірдің ақысын жеп, Барғанда ақыретке беремісің?!

Не басыңа күн туды ұрлық қылып, Жарлының малын жейсің торып тұрып. Белдеудегі байлаулы қос қаракер, Меккеге барып па еді зорықтырып?

Ұрың түгіл, өз басың қолға түсіп, Қазақтар өлтірмепті тобыққа ұрып. Дүниеден бұзық та өтер, түзік те өтер, Халайық бүйте берсең, күдер үзер.

Қоймасаң тәуба қылып бұл кесірді, Бұл кесір бір жеріңді бұзып кетер. Абылайдың қазанына арам салып, Тұқымың бүйте берсең, құрып кетер. Қазаққа тәуба қылып, бас ұрмасаң, Бағыңды басыңдағы жұлып кетер.

Жетімді қылыш алып, қорқытасың, Бола ма қарамайтын обалға адам? Дүниеде еш уақытта болған емес, Қонаққа қылыш алып қодаңдаған. Атағын Абылайдың былғағанша, Құдайым жас күніңде неге алмаған?!

Ей, төре, аш көзіңді, мен – Сүйінбай, Бөркіңді ұшырамын жел, құйындай. Қаптаған жердің жүзін қалың қазақ, Көзіңе көрінбейді бір тиындай.

Жанымды Құдай берген, Құдай алар, Құдайдың алшаңдама кенже ұлындай.

Кесіп алсаң бас, міне, төре Тезек, Өлмейтұғын адам жоқ темір өзек. Сәлемге келген жанды қыра берсең, Ұры төре, саған да келер кезек.

Ұрыларың басымды кесіп алар, Өткізіп, қанжығаға тесіп алар.

Сұраншы мен Саурығым қаптап келсе, Отыз үйлі төренің несі қалар?

Албан, Дулат, Шапырашты ел емес пе, Ел деген шалқып жатқан көл емес пе?! Көл толқыса, көбігін кетер басып, Төре сайтан болғанда, көп періште, Бір сайтанды қаққан да пері емес пе?!

 Сүйінбайдың өткір сөзіне әрең шыдап отырған Тезек төре ор- нынан қарғып тұрып, ақынның қасына барып: − Кескін-келбетіңе қарасам, кедей көрінесің, қырсығыңды кесейін, мына жібек шапа- нымды шешіп ал, − дейді.

Сүйінбай:

Тұрмысың «Шапанымды шешіп ал», – деп, Мен тұрмын «Шешіп алса, несі бар?» – деп. Бір сөзді айтып едің түсі жылы,

«Сүйінбай, қырсығыңды кесіп ал», – деп. Өзіңді жұрдай қылып үптеп алсам, Айтарсың, мұның қандай өші бар деп.

Егерде сен хан болсаң, мен – сұрқылтай, Ойлама Сүйінбайдан не шығар деп?!

Мен сенен қорыққанымнан жасқанбаймын, Қарашы, қай ісіңнен қашқандаймын?!

Егерде көтеріліп, сен желіксең, Кеудеңді, көңіліңді басқандаймын!

Тезек төре:

Тұсында Абылайдың Бұқар жырау, Хан Әділдің кезінде Түбек тұр-ау!

«Әр заманның бар дейді сұрқылтайы», Сұрқылтайым менің де екен мынау!

Атадан емес еді жолым өзге, Болмады тоқтамасқа мына сөзге. Үні өткір, өзі де бір заржақ екен,

Жасырмай, барлық шынды айтты көзге. Сүйінбай тегін емес, Қызыр көрген, Қол жайып, жаман болмас бата берген.

Жылкелді, бір қой әкеп, бата сұра, Ырысын ап қалалық, осыменен.

 Айтқанындай, Тезек төренің есік құлдары мойнына кескек байлаған, құрттаған қотыр қойды әкеледі.

Сүйінбай:

Мынауың құнан қой ма, дөнен қой ма, Мойнында мылтығы бар мерген қой ма? Артына жалтақ-жалтақ қарай берді,

Бір қорлық қасекеңнен көрген қой ма?! Бердеңкесін мойнына салғызып кеп, Атқызғалы келдің бе Сүйінбайға?

Ашаршылық болғанда елді асырар, Тышқақ лақ сойсаң да, мұны сойма!

Тақсыр-ау, бұл заманның күйін ойла, Елдің шетін күзетсіз босқа қойма.

Жаугершілік болғанда сені асырар, Мерген қойды қонаққа босқа сойма. Демесең, Сүйінбайды ұшықтайын, Қоя бер, мына қойдың көзін жойма!

 − Сүйінбай, тым құрыса, «Мал басына – береке» деп, батасын да дұрыс бермеді-ау, − деп, Тезек төренің әйелі Дәнекер сөзге араласып, қитарланған мінез көрсетеді.

 − Мен төреге Құдайдан мал басын сұрап әперейін деп жүргенім жоқ. Төреге мал сұрап беретін Құдай менің құдам дейсің бе? – деп, Сүйінбай қырсықты сөзді қағып тастапты.

Тезек төре:

Жамандап келдің-дағы, даттап болдың, Жақсылығын кейінге сақтап қойдың. Қатыным, мынау менің, қарақтарым, Азғана қыздарымды мақтап қойғын.

Сүйінбай:

Тақсыр-ау, сіздің қызда жаман бар ма, Жаманды жаман дейтін заман бар ма?! Бағасы бес тиындық біреуі жоқ, Болған соң төре қызы амал бар ма?!

Хан Тезек, кейкі сары ханымыңыз, Сүйінбай екенімді таныдыңыз.

Долданып, тап бермегін қылышыңа, Жасырмай айтып берсек, анығын біз. Ері еді Дәнекердің Жарылқамыс, Қазаққа солай деген кетті дабыс.

Бақайын өз қойшыңның өзің талап, Мақта деп, тірі отырсың, етпей намыс.

Ол күнде жақын еді біздің ауыл, Қиянат момындарға салдың дауыл. Мақтайтын Дәнекердің қай жері бар?

Жайдақтап, әркім мінген бұл бір жауыр.

Хан Тезек, осы күнде асуыңды-ай, Суындай Сусамырдың тасуыңды-ай! Қатының басы жалпақ, мұрны кейкі, Жатуға мен де бірге шошырмын-ай!

Тезек төре:

Жақсы ақын үйге келсе, Қыдыр – ырыс, Айтқаны Сүйінбайдың бәрі дұрыс.

Көргенді не де болса, бетке айтатын, Адамнан сирек туар мұндай туыс.

Сүйінбай, маған сенің өзің керек, Баршадан ақын болып тудың ерек. Жарамды жол жүріске ат берейін, Соны мініп, еліңе қайт ертерек!

Жылкелді мен осында Бапау бар ма, Мен мінетін әлгі бір сары ат қайда? Ескі малдың көзіндей бір құт еді, Соны тауып, мінгізгін Сүйінбайға!

Сүйінбай:

Тақсыр-ау, бұл бергенің сары ат па еді, Аузында бір тісі жоқ кәрі ат па еді?

Кірпігіне қарасам, қурап қапты, Тұсында Абылайдың бар ат па еді? О, тақсыр, Сүйінбайды деме бекер,

Мұны мініп, заман жоқ елге жетер. Ілесіп Абылайдың бақ-дәулеті, Мұны берсең, менімен бірге кетер.

Сары ат:

Тұсында Абылайдың мен бір сары ат, Жас күнімде болып ем ерге қанат.

Талай құда келгенде, талай досы, Бермеп еді хан Тезек мені қалап. Мойнымнан жал, бойымнан әлім кетті, Әл кеткен соң өзіме кәрілік жетті.

Ала жаздай бойыма шыр бітпейді, Өкпе тұстан, қыс болса, суық өтті.

 − Енді әлгі қаракер атты әкеліңдер! – деп, Тезек ұрыларына айқай салды.

Сүйінбай:

Ассалаумағалейкүм, қаракер ат, Айтқалы кеп тұрмысың төреңе дат? Арқадан тай күніңде ұрлап келген Тірі ме әлі күнге сол азамат?

Тезектің алатұяқ аты деген Артыңнан ілесіп жүр бір жаманат.

Көзің жоқ, аяғың жоқ, арқаң жауыр, Айырып жал-құйрықтан жұрдай қылған. Бар еді не жазығың хан Тезекке,

Өшігіп, сені неге мұндай қылған?! Ақыры, сені әкеліп, маған берді, Еңбегің зая болды-ау тынбай қылған.

Адам деп мені Тезек есептесе,

Бір құр ат бермес пе еді ер тимеген.

«Қорғасын – қотыр қыздың сырғасы» деп, Кесірлі залым екен кекеңдеген.

Өзінен басқа адамды пенде демей, Ешкімді көзге іліп менсінбеген.

Ниеті саған деген көрініп тұр, Бара сап Сүйінбайға өлсін деген. Құдай ғой екеумізді бұған кез қып,

Төренің бұл қорлығын көрсін деген.

Арқадан ұрлап келген қаракер тай, Қараға төременен берді Құдай, Қырсықтан өзім қашып жүргенімде, Қырсығын бұл атыңның қылма жұпай. Бір жерге екі қырсық біріккен соң, Қалар ма артымыздан ұбай-жұбай?

Қаракер ат:

Мен жөнімді айтайын, ей, Сүйінбай, Арқадағы мұжықтың аты едім-ай!

Арқандап қойған жерден Тезек төре Ұрлатып, ұрысына әкеп еді-ай.

Ұрысына мінгізіп жауыр болдым, Мал болар-болмасымды білмедім-ай?

Сүйінбай:

Ұйытқыған әрбір сөзім жел, құйындай, Хан-қараға сөйлеген мен – Сүйінбай! Арыз айтып, алдында жылап тұрған, Көрдің бе жануарды қаракер тай?

Ұрлығыңа мінгізіп күндіз-түні, Малдықтан кетіріпсің оны былай. Алты жерден арқаға пышақ салған,

Төре, Құдай болсаң да, тартсаңшы, ойбай!

Тезек төре:

Қарасам, басың менен аяғыңа, Жерің жоқ түте-түте жұлынбаған. Жаңадан киім-кешек бергізейін, Жүргейсің келіп-кетіп ұрын маған.

Сүйінбай:

Хан Тезек, байлығыңа бас ұрмаймын, Мен бірақ көргенімді жасырмаймын! Шын дертім ұстап кетсе айнымалы, Басымнан ұшқан құсты асырмаймын! Төресің жер мен көктей елмен араң, Ел жаңа – елу жылда, жүз жыл – қазан. Атың да, шапаның да бәрі өзіңе, Келгенше екі айналып тұрғын аман!

ОРЫНБАЙ МЕН СЕРӘЛІ ҚОЖА

Орынбай:

Шыққалы біздер елден талай болды, Ауылым «Көкөртеңге» жанай қонды. Сұлтаным бес-алты ауыз айтсын дейді, Серіжан, мұның жайы қалай болды?

Баласы Бертағының Орынбаймын, Алашта ақын бар деп қорынбаймын. Мойнында бір адамның қырық парыз бар, Әр жерге әр қайсысын орындаймын.

Момынның малын жейді зекет алып, Кеңеске кеткен аузым қалыпталып. Серіжан-ау, нендей дертке ұшырадың, Басыңды орамалмен таңып алып?

Серәлі:

Ассалаумағалайкүм, Орын аға, Сұрайсың шариғаттың төрін, аға. Атығай, Қарауылдан жол тартыпсың, Бір сапар болып қайтсын жолың, аға.

Орынбай:

Уағалайкумәссалам, жарқын інім, Көркейсін дәулетпенен көрген күнің. Айтады сөзді қалай таза қылып, Баласы ақсүйектің тақсыр пірім.

Серәлі:

Асыл сөз тілден шыққан күмісіміз, Емес те бұл өтірік, шын ісіміз.

Атығай, Қарауылдан жолдағанда, Бұл жақта немене еді жұмысыңыз?

Орынбай:

Бұйырған шықтым елден несіп тере, Сұлтанның үш ай жүрдім соңына ере. Атығай, Қарауылдан сапарланып, Келіп ем сұлтанымның жүзін көре.

Серәлі:

Алдауға Жиреншені Көсе барған, Жиренше Көсе сөзін шеше барған. Дидарын сұлтанымның көремін деп, Мүбәрәк сіздің елге неше барған?

Орынбай:

Сөз таппас жаман адам сасқаннан соң, Көңілден сөзін бұзар ашқаннан соң.

Сен де жүр, олай десең, Серәліжан, Өнерде кім жүрмейді асқаннан соң?!

Серәлі:

Көп жылқы көк алалы байда бар-ды, Ағын су аққанынан сайға барды.

Астым деп айта көрме, Орын аға, Ғазәзіл үлкендікпен қайда барды?

Орынбай:

Орынбай артық туған кен ағаң-ды, Қайда жүрсем, сыйлаймын мен ағамды. Үш күндей ауырдым деп, келмей жатып Берерге жүр екенсің сыбағамды.

Өлеңді отыр едім құрастырып,

Қу бала, жаңа жеттің жанастырып, Кетуші ем сендейлерді адастырып.

Серәлі:

Өлеңді отыр ма едің қарастырып, Білдің бе жеткенімді жанастырып? Әлеумет осы отырған қалайды көп, Болады кезек берсең, санастырып.

Орынбай:

Арғы атаң – Хазірет Әлі, текті қожам, Алдында қисық жүрсең, жөн бар, қожам. Наданға насихатын, айта бермей, Құранның лұғатында нең бар, қожам?

Серәлі:

Дарияның ортасында сең бар, Орын, Сенімен айтыстарға жөн бар, Орын.

Сол жерден сені қалап, кім шақырды? Қасында сұлтанымның нең бар, Орын?

Орынбай:

Серәлі, соны сөз деп айтармысың, Жолың боп, мені жеңіп қайтармысың? Шашылған несібемді теріп жүрмін, Қызғанған хан мен халық шайтанысың.

Серәлі:

Шайтан боп неге тәубәмнан жаңылайын, Сақтай көр мына сөзден, бір Құдайым.

Айтып ем аяғаннан жаным ашып, Ел ақтап, дабыра сал, не қылайын?

ОРЫНБАЙ МЕН АРЫСТАН

Арыстан:

Жаратқан баршамызды бір Құдайым, Алдында ақиықтай саңқылдайын.

Көп айдың көрмегелі жүзі болды, Жүрмісің аман-есен, Орынбайым?

Орынбай:

Арыстан, сен де шешен, мен де шешен, Басып айтпай, тасып айт, мені десең.

Көрмегелі біз сізді көп күн болды, Өзіңіз де жүрмісіз аман-есен?

Арыстан:

Кез қылған екеумізді жалғыз Құдай, Екі жүйрік кездеспес күнде мұндай. Сөйле деп екеуімізді билер отыр, Жарқыным, енді мұның жөні қалай?

Орынбай:

Мақтағанға қампайып тасушы емен, Егеспеген кісіні басушы емен.

Маған берген Құдайдың бір мінезі, Өзі тиген кісіден қашушы емен.

Арыстан:

Адамзат не қылмайды мас күнінде, Жұртыңа туралық қыл бас күніңде. Манадай мен Дүйсеннің қосшысы едің, Сонда қайда қалып ең жас күніңде?

Орынбай:

Өтірік айтып, мақтанад кейбір залым, Сенің мені жеңбесің жұртқа мәлім.

Сонда да шарға түскен менің малым, Енді жетер деймісің маған әлің!

Арыстан:

Олай айт та, бұлай айт, жан шырағым, Бір адамнан кем емес бірден бағым.

Сен өзің: «Сөзім көп», – деп мақтанасың, Өлеңші ең қайда жеткен аруағың?

Орынбай:

Мен Қызылтау, Баянауыл, Семей бардым, Қыпшақ Тәті мырзаға салық салдым.

Он құр ат, қос ішек пен тоғыз жамбы, Сол секілді олжаны бір жолда алдым.

Арыстан:

Патша болсаң, құрулы алтын тағың, Мырза болсаң, ерттеулі арғымағың. Мынау тұрған Семейге барған болсаң, Әлі ұзамай жүр екен аруағың.

Орынбай:

Сырдан өтіп, қол бердім жеті пірге, Кімдер әуес болмаған біздей дүрге. Семей барған кісіні мұнда дейсің, Өзіңіз ұзап барғансыз қанша жерге?

Арыстан:

Төрт аяқты құтқармас, сен – бір тұлпар, Құдиғанды құтқармас мен – бір сұңқар.

Қоқан, Созақ, Ташкенің мұнда қалып, Барғанымның алысы – Үргеніш, Бұхар.

Орынбай:

Патша болсаң, мінерсің алтын таққа, Кімдер әуес болмаған біз бейбаққа. Қоқан, Созақ, Ташкенді көктей өтіп, Не жұмыспен барғансыз сонша жаққа?

Арыстан:

Өтірік айтпан, күнәға бекер батып, Мен келдім талай жердің дәмін татып. Бұл қыдыртқан керуенге басшы болып, Мен жүрдім серілікпен пұлым сатып.

Орынбай:

Олай болса, Орынға бергей несіп, Өз ағаммен ойнайын, әзілдесіп.

Бұл қыдыртқан керуенге басшы болсаң, Мәз болыпсың, жоныңды арқан тесіп.

Арыстан:

Молда емессің мал жиған қаламменен, Жұрт алдында шықпассың жегенменен. Менің әкем Тобылбай би кісі екен,

Мен сендей тілінбеймін өлеңменен.

Орынбай:

Ол рас, әкем – ақын, әкемнің жолын қудым, Өлеңменен топ сайын бетім жудым.

Сенің атаң Тобылбай – жұрттың биі, Би болмай, өлең айтып, неге тудың?

Арыстан:

Орынбай, жеңілдім деп, бас ұрмаймын, Басымнан ақын сөзін асырмаймын.

Менің әкем Тобылбай билік еткен, Онымды сенен қорқып, жасырмаймын.

Орынбай:

Білмесең, қырық парыздан үйретейін, Сөзімді өзегіңнен түйретейін.

«Би баласы би бол» деп, айтып едім, Би болмасаң, бақсы бол, мен нетейін?!

Сонда отырған билер күліп жіберіпті.

Арыстан:

А, жаным, бидей шешен қызыл тілің, Өлең жақтан жоқ екен сенің мінің.

Билер сенің сөзіңе езу тартты, Сөзің асты, сөйлей бер, жүйрік інім.

 «Орынбай билердің аға сұлтаны болсын, оған тете билік айтатын Арыстан болсын», – депті билер. Атығай Әлкей ақын намыстанып, оған қол қоймай, былайша деген екен.

Әлкей:

Жастан кірдім жақсының арасына, Сөйледім мен қазақтың баласына. Қызыл тіл онда да бар, менде де бар, Қол қойман Қарауылдың баласына.

Орынбай:

Өлеңге таусылмастай кең деуші едім, Қызғанда жаман сөзді жөндеуші едім. Екі жақ пен бір тілдің арқасында, Бастарын сендей таздың емдеуші едім.

Сонымен Әлкей ақын тоқтап қалып, Арыстан екеуіне билік айтады.

Орынбайға:

Орынбай, дәл жиырмада жасың бар ма? Тазын айтып, ағаңда қасың бар ма?

Көп ішінде ағаңның тазын айтып, Тазға бөліп беретін шашың бар ма?

Сонан соң Әлкейге:

Аққу болғың келді ме қаз дегенмен, Көбейер деп пе едің аз дегенмен.

Ініңнің базынасын көтере сал, Шығын аз сенен шығар таз дегенмен.

Соңында екеуіне:

Бұл жерде өлең айтып керіспеңіз, Керісіп, бір-біріңді сөгіспеңіз.

Атығай, Қарауылмыз – бір ауылмыз, Ырыссыздың тайындай тебіспеңіз, − депті.

ОРЫНБАЙ МЕН ҚОЖАБЕК

Қожабек:

Биік құмның басына бітер жуа, Бәйбіше атын шығарған жақсы тума. Тілі аузына сыймаған ақын болсаң, Он екі айда келеді неше жұма?

Орынбай:

Екі шешен қосылса аттай желер, Көп жаңалық шешеннің сөзін бөлер. Алла тағала демесе, асылық болар, Он екі айда қырық сегіз жұма болар.

Қожабек:

Бес уақыт бес намаз, бесін намаз, Қожалардың қолында ала қағаз. Қанат қаққан әуеде неше құс бар, Соны табар ма екенсің, міне, сабаз?

Орынбай:

Қара құстар, ақ құстар, құстар-құстар, Алтайыға шұға менен мәуіті тыстар. Сен білмесең, бейақыл мен айтайын, Әуеде ұшып жүрген мың сан құс бар.

Қожабек:

Бейақыл, он екі ала, сегіз бала, Ұяң құс, ілік-ілік жұмыртқа ала.

Жұмбағым таба алмасаң, ақын бала, Сұм бала, көп пе саған, бермен қара.

Орынбай:

Он екі ала дегенің – он екі ай-ды, Сегіз бала дегенің – сегіз жұма. Ілге-ілге дегенің ұшпа бұлт,

Қос жұмыртқа дегенің – Күн мен Ай-ды.

Қожабек:

Орынбай, оныменен жеңесің кім, Адамзат оны білер заманы сұм. Теңдесіп қан алады-ай қадалғаннан, Күніне шаршамайды болса да мың?

Орынбай:

Қожабек, сені көріп болдым ынтық, Жаманның сөзі жаман, өзі сылтық. Дәрідей кім дегенің мен айтайын, Теңдесін қан алған оқ, жеткен мылтық.

Қожабек:

Орынбай, өзің ақын, сөзің тәтті, Сіздердей көргенім жоқ адамзатты. Келгенше жетпіс беске өлең айтып, Намаз жоқ, ойламайсыз ақыретті.

Орынбай:

Құдайым айырмасын жоралардан, Мал кетсе, сыз қалмайды қоралардан. Бұрынырақ бейіш жайға барсам керек, Шылымқор осы күнгі молдалардан.

Қожабек:

Баймын деп налымағайсың жеріңізге, Мақтанба күштімін деп піріңізге.

Кетерсің мүрдем өліп, Орынбайым, Біздердей тіл тигізсең піріңізге.

Орынбай:

Пір десем, кереметің көрінбейді, Айналдыра бересің Орынбайды.

Көп жұлдыздың ішінде айдай болып, Орынбай еш нәрседен қорынбайды.

Қожабек:

Көп жұлдызым дегенің мұрттарыңыз, Біз десе құрбан болған жұрттарыңыз. Тауап қылып біздерге сыйынбасаң,

Хақ болыпты дін исламнан шыққаныңыз.

Орынбай:

Қожабек, ақ тайлақтай ойнақтайсың, Әр шоқтың басына кеп қонақтайсың. Дін емес, ұйқы болып іздегенің, Кәрілікпен сахар тұрып, бұлғақтайсың.

Қожабек:

Аулында Құсмұрынның он жыл жаттың, Көшкенде соқаң менен тырмаңды арттың. Бес нанын бір мұжықтың ұрлап алып, Айыбына шабдар жорға байтал арттың.

Ақынсынып осы жерде сөз айтасың, Бар ма еді көрмегенің сен бейбақтың?

ШОРТАНБАЙ МЕН ОРЫНБАЙ

Шортанбай:

Жаратқан бәрімізді бір Құдайым, Падиша пендесінің білер жайын. Атыңа – анық, жүзіңе қанық едім,

Жол болсын, жүрсің қайдан, Орынбайым?

Орынбай:

Диуана қожа атасы барған Мекке, Мейрамға атың шыққан жалғыз жеке.

«Жолың болсын», – дегенің – жақсы лепес, Құдай берсе, мол берсін, ай, қожаке!

Шортанбай:

Өлеңге бір кісідей туысың бар,

Тіл мен жаққа бақ берген, ырысың бар. Барымташы кісідей: «Мол болсын», – деп, Әлдеқандай кісіде жұмысың бар?

Орынбай:

Былтыр бізді шақыртты Құсбек батыр, Хан шақырса, не тұрсын ақын бақыр?! Ақ сұңқардың дидарын көрейін деп, Орынбай сол жарлықпен келе жатыр.

Шортанбай:

Айтасың мақтаныш қып батыр, ханды, Ар көресің құр келіп, шатылғанды.

Ел бітімін бітірер би емессің,

Құсбек сені не қылсын шақырғанды?!

Орынбай:

Қожеке, ханға тағы сөйлеймісің, Ханыңды шақырды деп сүймеймісің?! Ішің тар, бұ қайдағы, жарықтық-ау, Ханның өзі шақыртса, қой деймісің?

Шортанбай:

Еліме мен насихат кеп айтамын, Беті-жүзің бар демей, тік айтамын. Елімнен былтыр алып кетіп едің,

«Ұялмай, биыл неге келдің?» – деп айтамын.

Орынбай:

Тереңнен алатұғын алымым бар, Жақсыдан алып жүрген қалыбым бар. Төреңе әлің келсе, бердірмей бақ, Күндесең алғанымды, ішіңді жар!

Шортанбай:

Орынбай Тұрлыбекпен келген екен, Жан қалмай, төре, қара берген екен. Елімді өзім жоқта қойдай жиып,

Бұ мұндар сонан дәндеп жүрген екен.

Орынбай:

Қожеке, соны сөз деп айтармысың, Қуанып, бердірмесең, қайтармысың? Мейрамның, қарлығаштай малын қорғап, Қызғанған дүние малын шайтанбысың?!

Шортанбай:

Білдің бе сөйткенменен берерімді, Бағана-ақ біліп едім не деріңді.

Менен басқа жан жоқ деп мақтанасың, Асырмасаң, түк бермен, өнеріңді!

Орынбай:

Шығыпты Орта жүзге атың, қожа, Айтасың ғалымдық жоқ батыл, қожа! Сендей сарттың талайын уқалатушы ем,

Осы жолы бердірмесең, боласың ғой қатын, қожа?!

Шортанбай:

Орынбай Тұрлыбекпен келдің, кеттің, Алдыңа түсер жан жоқ, гулеп өттің! Жалынсаң, қожеке деп қояр едім,

Түк бердірмен, түбірлеп, түпке жеттің!

Орынбай:

Қожеке, сөйлер сөзден жаңылғаның, Құсбектен тәуір болды табылғаның. Бұ жерде қожа билер Қаратау жоқ, Арғынды сенен сұрап, не қылғаным?

Шортанбай:

Қарауыл өрши берді, шыңдамасам, Айтпаймын, жұртым, саған, тыңдамасаң! Тіленші елге келген сен емеспін, Көрейін халқымнан-ақ, бұлдамасаң!

Орынбай:

Қожасың – Қарақалпақ затың басқа, Шығыпсың жақпай жалғыз қарындасқа. Баласын бір Арғынның екі айыр деп, Үйретті қандай ақымақ сен қубасқа?!

Шортанбай:

Болса да, баяғыдай заманым жоқ, Бозбала, бәрің бірдей жаманың жоқ. Пір болған жеті атаңа қожаң едім, Көрмесең бір заржақтай, амалым жоқ.

Орынбай:

Нәсілің төрт жардан бұл, дегдар қожам, Алдымнан қисық жүрмей, жөн бар, қожам! Пір болсаң, дәріс оқытып, дін үйретпей, Қазақтың өлеңінде нең бар, қожам?!

Шортанбай:

Өлеңін мынау ақын бағады екен, Сөйлесе, сөз мәнісін табады екен. Алдынан осындайда бір шықпасам, Жанына, қоя берсем, жағады екен!

Орынбай:

Айтасың жүйріктікпен, шешен қожам, Күнәңді, тәубе қылсаң, кешер, қожам! Алдыма шығарыңды қайдан білдің, Айтасың соны білмей, есер қожам!

Шортанбай:

Беріп пе жалғыз саған тіл мен жақты, Деймісің сөзден кедей біз бейбақты?! Қожаңды жұрт пір қылған есер дейсің, Ау, балам, тапсырамын аруаққа.

Орынбай:

Деп едім тілім тиер мен бағана, Жаратқан қожаны есер Құдай Тағала. Ишан өлең айтқанын қашан көрдің, Өлеңіңді айт, пірліктен кет садаға!

Шортанбай:

Хан, қара шақырған соң, келе қалдым, Ақынды іздеп келген көре қалдым.

Қожаны пірлігінен айырып алған, Молдаға дәріс оқытқан қайдан қалдым?!

Орынбай:

Қожеке, көп шайтанмен салыспаңыз, Қараға, төре тұрып, таныспаңыз.

Айтамын жаным ашып ақсүйекке, Жасыққа болатыңды алыспаңыз!

Шортанбай:

Өтерін бұ дүниенің ойламасам, Алдында хан, қараның сайрамасам, Орынбай – елге келген бұл бір мейман, Кетермін жолдан тайып, сыйламасам!

* * *

ШОРТАНБАЙ МЕН ШӨЖЕ

Шортанбай:

Әй, Шөже, ғибрат қып сөз айтайық, Бос мақтан, фәни сөзін аз айтайық.

«Сен жеңдің, мен жеңдімнен» – еш пайда жок, Тілейік мұсылманның амандығын,

Халыққа ой түсетін наз айтайық.

Шөже:

Шортеке, ел сыйлаған пірім едің, Сенімен айтысуға тұрып едім.

Басқадай қу соқыр деп кемсітпедің, Басқа ақын тап өзіңдей ірі ме еді? Осымен мен сөзімді тоқтатайын, Алланың сөзін айтып, ғаділет жол, Алды-артты бірдей орап, жібермедің.

ШОРТАНБАЙ МЕН АСАН БҰҒЫ

Шортанбай: Замандасым, ей, Асан, Тұрақсыз заман, ойласаң.

Бақ шіркінге мәз болма, Тұрмайды баста байласаң. Тұрмайтынның себебі, Арқаны алған мынау жау, Сені де қоймас түбі сау.

Саудамен тапқан тиынға Әулиедей сыйынба.

Мұсылманның баласын, Хан, ақсақал данасын Қыспаққа алған кәпірге Сенің-дағы малынды Тартып алу қиын ба?!

Хақ пайғамбар тұқымы ем, Медет берген бір ием.

Елдің зарын жеткізіп, Сөз сөйлеген жиында Айтыспақ боп менімен Ниет еттің, ақыным.

Қайыры жоқ сөз айтып, Кесапатқа көз айтып, Тектен-текке күпір боп, Шатыспассың, жарқыным.

Асан Бұғы:

Көп сөз айттың, Шортанбай, Не демейді қу таңдай?

Мешітке ие қожасың, Жанғұттымен құда боп, Бар жақсыдан озасың. Ойламасаң дүние ісін, Есбаймен неге жақынсың? Сөзіңе жұрт ұйыған,

Дес бермеген ақынсың. Кереку, Семей барғыштап, Ат, арғымақ алғыштап, Ойлап кеттің бақ ісін.

Сен – пайғамбар тұқымы, Мен – Әндіжан қожасы, Тек сен ғана жақсы боп, Бәрімізден озбақсың.

Саудамен дүние жиды деп, Бұл орыстың ісі деп, Алдымызға тосасың.

Шортанбай:

Сөз айтайын Асанға, Дүниешілікке мақтанба, Жәрмеңкеде қақтандың, Дәулетің судай тасқанға. Дүниеқордың мәнісі – Жетпіске келді бұл жасың, Дүниешік болды жолдасың. Тәнім отқа күймесін,

Тілім менің тимесін, Арғы атаң аруақты, Кожасы еді бір елдің.

Жақсыдан шыққан қу келдің, Ата жолын ұмытқан.

Дін оқытып, жөн айтпай, Жаратушы иені айтпай, Саудамен кеткен өз басың. Әндіжандық сарт болдың, Қай елдің ең қожасы?

Қаратауда туғансың, Пәленше деген мырзасың, Сарыарқаға келген соң, Төрт аяқты жорғасың.

Осынша жиған мүліктен Не көреді қу басың?

Таласың бар жалғаннан Әлі де болса аспаққа, Дүниенің боғы үшін, Күнде жосып, аптықпа, Ұяларсың лахатта,

«Мен раббың», – деп сұрағанда.

Асан Бұғы: Қаратаудың халқы едің, Бір атадан жалқы едің, Есек мінсек, айып не? Әуелде күнә жанға қас,

Арқаға келер, болар мас. Мені бүгін сарт дейсің, Қалжақтан ауыз жимайтын, Дуалы сөз ішке сыймайтын, Ала қашпа көк езу,

Сені атады Қызылбас. Пір болған соң тантыққа, Қалай заман бұзылмас?

Шортанбай:

Жәдігөй жарғыш болмаңыз, Ақырет қамын ойлаңыз.

Жасың жетті жетпіске, Иман бер деп сұраңыз. Арқаға шығып, нан жедің, Нан жедің де, дәндедің.

Сұлуы болса, сүйсем деп, Жүйрігі болса, мінсем деп, Күннен-күнге сәндендің. Арқадан қылып жайлауды, Әркімнен алдың байлауды. Қиямет күні болғанда, Қандай жерде мекенің

Сен ғаріптің сайлаулы? Бұл айтқаным – ақылым, Аталас туған жақыным, Қиямет күн кез болса, Пайдасы болмас қапының. Ағартты Құдай басыңды, Өлшеп те берген жасынды, Сауда деген – елді арбау, Қоярсың енді осыңды.

ӘЖІНИЯЗ БЕН МЕҢЕШ ҚЫЗ

Әжінияз:

Кездейсоқ жау келсе де, тартынбаған, Көлдегі үйрек-қаздай қаңқылдаған.

Құдаша, сәлем бердім көруден-ақ. Жүзің бар жазғы таңдай жарқылдаған.

Меңеш:

Сізге мен суда тұрып, назар салдым, Ағеке, сәлеміңді әлік алдым.

Кейінірек тұрыңыз киінгенше, Келгеніңді қапыда білмей қалдым.

Әжінияз:

Біз – жолаушы, кет десең, әжеп болар, Біздейден ұялғаның әдеп болар.

Кеткенсін өкініп жүрме, киініп кеп, Шақыру кеткеннен соң ұят болар.

Меңеш:

Бұратана, кетсең де, бақырмайын, Артыңнан келе қой деп, шақырмайын. Қыз емеспін қызығып, көрсеқызар, Көрінгенге көз сатып, не қылайын?

Әжінияз:

Қарындас, қусам, қашып жеткермейсің, Озбақ болсам, тұсыңнан өткермейсің. Айтқан сөзің соңына мен қарасам, Қарындас, онша мені жек көрмейсің.

Меңеш:

Осы жерде айтпайын оңы-солын, Жігіт болсаң, ақтаңыз істің соңын. Су ішінде үстіме келіп қалып,

Араңдап, сұрай ма екен қыздың мұңын?

Әжінияз:

Тал түсте жолым түсіп, келіп тұрмын, Басыңда қайғы барын біліп тұрмын. Қарындас, онша мені жек көрмейсің, Көзіңнің қарасынан көріп тұрмын.

Меңеш:

Басымдағы қайғыны білсең болжап, Қайғыдан құтқарарсың бізді қолдап.

«Қайғыдан құтқарам», – деп, алып кетіп, Мені сен сатып жүрме жолда пұлдап.

Әжінияз:

Қапасты бұзып ұшқан мен – қаршығаң. Арандап келдім, шынын айтсам, саған. Қайғыдан құтқарайын мақұл көрсең, Мейірбандық етешек болсаң маған.

Меңеш:

Басымдағы бас жіпті үзе алмассың, Жалғыз өзің қайықсыз жүзе алмассың. Мейірбандық етер ем, «мақұл» дер ем, Тыныш жолмен тұрмысты түзе алмассың.

Әжінияз:

Қарындас, сен де жалғыз, мен де жалғыз, Халқымыз бар, «жалғызбын» деме әркез. Беліңді бұраңдатып, алып барсам,

Атам, анам, халқым да айтар алғыс.

Меңеш:

Қосағыңның, көңілі қалыс шығар, Жолдасыңның шеккені налыс шығар? Кім барса да, қызығып кетпейтұғын, Айтуыңша аралық алыс шығар?

Әжінияз:

Айтсам, мен әңгіменің ақиқатын, Жолы ұзақ болса да, жүрек жақын. Құдаша, қорықпай-ақ қой қалтырақтап, Ауылыңда жүре бер болсаң ақын.

Меңеш:

Тырысып, ерегестік біз бірталай, Көңілім соқса, жүректе соғар солай.

«Хан да болсаң, келсапты әкел» деген, Көйлегімді әперсең, болар қалай?

Әжінияз:

Білгіш қызы екенсің осы байдың, Рухын көп түсірме ақыл-ойдың. Көрмей тұрмын, көздерім бұлдырай ма? Құдаша, көйлегіңді қайда қойдың?

Меңеш:

Көйлегімді жасырып, қинамаңыз, Су ішінде сарғайтпа, сыйласаңыз. Танымаған адамсыз, тілім тиер,

«Құдаша» деп көп ойнап, не қыласыз?

Әжінияз:

Тимесем де, тие ме тілің сенің? Шаңқай түсте шомылған, мінің сенің, Қыз алысқан құдамын қазақпенен, Мазақтау емес, дұрыс сөзім менің.

Меңеш:

Бізге де өте жақсы тамыр болсаң, Қашық емес ауылым, барып қонсаң. Көйлегімді жасырып, қысылдырып, Жолығарсың бір іске, сөзді қусаң.

Әжінияз:

Атамыз – Әнес, Мәлік – екі арыс, Қазақтармен біздің ел қатым-қарыс. Бәлеге жолыққандай не күнәм бар? Жүйріктерден озармын, болса жарыс.

Меңеш:

«Тумалар жинал, құда келді», – десем,

«Шырағым», – деп, күтіп алар әке-шешем. Жарыста бәйге алған жүйрік болсаң, Судан шығып, айтысайық, болсаң шешен.

Әжінияз:

Судан шықсаң, жылдам шық, жата бермей, Көйлегіңді киіп ал, адам келмей.

Судан шық, содан кейін сөйлесерміз, Кетермін көп мініңді елестірмей.

Меңеш:

Той болса, бай баласы қамқа киер, Арғымаққа алтын ер салып мінер. Болмаса, менде қасың тұз татпастан, Қарама, ашкөз неме, көзің тиер.

Әжінияз:

Көшпелі халық, рулас: қырғыз, қазақ, Қойы көп, құмды жайлар Тілеуқабақ. Кұдаша, көз тиер деп күмәндансаң, Тезірек молдекеңнен дуа алып, тақ.

Меңеш:

Желмая берсем, біліп желер ме екен, Құдағай деп шақырсам, келер ме екен. Назары өтпей, көп етіп берсем нәзір, Молдекең барсам дұға берер ме екен?

Әжінияз:

Қасында тұрса, әділ екі куә, Түнесең, молда саған берер дуа. Сиясы дақ түспеген таза сия, Дуасын тапсаң болар дертке дауа.

Меңеш:

Жолаушы, қайдан жүрсің сәлемің жоқ? Анау-мынау болса да, әлемің жоқ.

Молдеке, дуа берем деп мақтанасың, Қасыңда сия және кәлемің жоқ.

Әжінияз:

Дуа жазсам, табылар сияданым, Сені көріп, жанып тұр зығырданым. Дуа емес, берермін дертке дауа,

Жүрегіңнен жай тауып жайнар жаның.

Меңеш:

Жүрегім дуаңмен де жазылмайды, Тілегім, молда, сенен табылмайды. Дуаңды бір сапарға алып тақсам, Жүрегім одан сайын жалындайды.

Әжінияз:

Жүрегің жанса суыт жуалармен, Дем салсын молда оқып дуалармен. Көңілі ақ молданың демі қабыл, Егер қорықсаң, барайын куәлармен.

Меңеш:

Куәңнің бірі – есек, бірі – бала, Сол үшін ісің болар сенің шала. Дем салып, дуа беріп, оқимын деп, Алабыртып жүрерсің соңын ала.

Әжінияз:

Қайнаған су ішерсің, ішкің келсе, Шиын орар, шалы емес, шиын сепсе, Мұқтаж болып сен жүрме молдекеңе, Қайтып келмес, көңілі қалып кетсе.

Меңеш:

Қаршыға ма, молдеке, қолыңдағы, Өзіңдей қалпе екен ұлың-дағы.

Есегің де, өзің де сақ екенсің Жантардан қалай өттің жолың-дағы?

Әжінияз:

Құдаша, есегіме неге күлдің? Бұлақтай тасқан көңілім неге бөлдің. Бала – менің қуатым, есек – атым, Бұлбұлым, сәнім менің, қызыл гүлім.

Меңеш:

Қазақтар Орынбордан құс алады. Жаз алып, күз қайтарып, қыс салады.

Құм шыжғырған кездерде құс көтеріп, Молдеке, сенің құсың не алады?

Әжінияз:

Бұл құсым қу да алады, қаз да алады, Бәрібір, қыс та алады, жаз да алады. Алдынан қашқан аңды құтқармайды, Жіберсем, сендей жақсы қыз да алады.

Меңеш:

Ақ сұңқар ма құсыңыз, алсары ма? Есек мінген адамға жарасар ма?

Құсыңыз аң құтқармас қыран болса, Бір жерінде қырандық белгі бар ма?

Әжінияз:

Аңға салсам, мен алып аяқбауын, Алады жылдам барып қашқан аңын. Күн сайын қырық-елуден қайтарады, Саған айтсам, құдаша, сөздің сауын.

Меңеш:

Құсыңыз көп ұқсайды жапалаққа, Жапалақ шыға алмайды, кірсе баққа. Аңдар көп ту сыртында біздің елдің, Жіберіп көр құсыңды біздің жаққа.

Әжінияз:

Құсымның тырнағы бар ілетұғын, Тасқа салсам қамырдай тиетұғын. Барар едім мен алып ауылыңа, Қалпе бар ма кәдірін білетұғын?

Меңеш:

Құсыңның түрі ұқсар алагүтке, Алагүт аң ала алмас, қанар шөпке. Алагүт төгер сенің, абыройыңды, Құсым бар деп көрсетпе мұны көпке.

Әжінияз:

Үрпитіп ұшқан кезде әр қанатын, Көз ілдірмей іледі көрген затын. Бүркіт пе, жапалақ па сонда білер, Құсымның көрген адам кереметін.

Меңеш:

Бүркіт деп жаман құсты мақтай бердің. Жапалақты сұңқар деп сақтай бердің. Есегіңнің үстінен түсірместен,

Бір түйір жем де бермей қақтай бердің.

Әжінияз:

Тұйғыным түнде тойған, тамағы тоқ, Жанында қалпесі тұр, қайғысы жоқ. Құсымның кереметін көрсетемін, Жүрегіңде ғашықтық лауласа шоқ.

Меңеш:

Бұл құсың тоғай-тауда ұшпаған құс, Есектің үстінде тек ұстаған құс.

Ұшырып байқайық та, құр мақтамай, Біз сонда алғыр болса сұқтанармыз.

Әжінияз:

Жібермеймін бұл құсты қолдан жырақ, Жіберсем жаздырмайды өте ширақ.

Жіберсем жаралайды, пайдасы жоқ, Бүркітім манжам салса, бүрер демде-ақ.

Меңеш:

Бүркітің бүргіш болса, бүре қойсын, Ұшына тұяғының іле қойсын.

Құсың сыры өзіңе мәлім болса, Әлін біліп, үндемей жүре қойсын.

Әжінияз:

Бүркіттің бүрері бар, алары жоқ, Жолдас болсаң, жан бермей қалары жоқ. Бүркітім алған аңын берер едім, Жалынбасаң, аузыңа салары жоқ.

Меңеш:

Жаным барда ешкімге жалынбаймын, Жаны жоқ, сылқымдарға салынбаймын. Менің де дүкенім бар түзейтұғын, Бүркітіңнен пәнт жесем, налынбаймын.

Әжінияз:

Көрейік дүкеніңді, қандай дүкен? Көрмегенше көкірекке қонар күмән. Дүкеніңнің ұстасы дұрыс болса, Өнерін үйренуге болар ма екен?

Меңеш:

Көңілің ауа берсе, көрген қызға, Қандай адам болса да, болар қызба. Есіткен ерсілерге елереңдеу, Айтыңызшы, ұқсамай ма ақылсызға?

Әжінияз:

Жақсы ма, көргеніңді көргенім жоқ, Сөз айтып, құлағымды түргенім жоқ. Құдаша, сөз айтасың, қалай-қалай, Кісіден ақыл сұрап көргенім жоқ.

Меңеш:

Кешіре гөр артық кетсе, ақылы кәміл, Тасқындап, күш бермейді бұл – жүйрік тіл. Аңдаусызда мен сізге бір сөз айттым, Базнасындым, басқасын енді өзің біл.

Әжінияз:

Пәнт жерсің, сөйлей берсең, жүйрік тіл деп, Бас иерсің, ұялғаннан өзің біл деп.

Дариядай көңіліңді тасқындатып, Түсіндің бе сен мені қара зіл деп?

Меңеш:

Сөздерім шартарапқа кетер тарап, Кәне, бір сөйлесейік тура қарап. Көрейін келбетіңді көзімменен, Жүрерсің, мүмкін, ауыр күнге жарап.

Әжінияз:

Мен өзім, «Мені көр» деп мақтанбаймын, Жағаласқан жаманнан жасқанбаймын.

Сыр секілді, мұңды қыз сырын айтып Сөйлесе, одан сырды сақтамаймын.

Меңеш:

Қуанбассың, мен жылап қалғаныммен. Жеттім деп жығылып өтер жалғанымен Толысып келе жатыр күшім-дағы,

Мені әзір жыға алмассың шалғаныңмен.

Әжінияз:

Мақсатым, шалу емес, жығу емес, Суға жіберіп, мен аман шығу емес. Жігіттер, қыздар жетсе, мақсатына, Кім оған бере алады кеміс кеңес?

Меңеш:

Құда бала, кеңесің жақсы кеңес, Бірақ та дүниеқорлық жақсы да емес. Көтерген құсың жаман болғанымен, Айтқан сөзің есімнен шығар емес.

Әжінияз:

Құсыма келе бердің тағы айналып, Ол да тұр ұшайын деп оңтайланып. Құсымның қай жерінен мін табасың? Көтерген жігіт те тұр шырайланып.

Бұдан кейін Әжінияз Меңешпен тойда кездесіп айтысады:

Әжінияз:

Жігіттер, сәлем бердік жамбастаған, Әр жерде өлең айтып, аластаған.

Қазақтың өлең айтқыш қызы қайда, Біз келмей, жалғыз өзі той бастаған?

Жігіттер:

Жігітін күзет қойып қарсы жауға, Ақ сұңқарын қондырған Алатауға.

Меңешпен бұл айтысып, мауқын бассын, Қонақты алып барыңдар ақ отауға.

Әжінияз:

Аяқ-қолым байлаулы аруанада, Қожбан аға әкелді тойханаға. Қонақ келді, қайдасың өлеңші қыз? Ашуланып қайтпасын Қожбан аға.

Меңеш:

Қонақты күтіп жүрген қыздар қайда? Молдекең келіпті ғой, атын байла.

Тойханаға қонақты алып келіп

Аш болса, ет, шөлдесе, суар шайға.

Әжінияз:

Ішпеймін шайыңды да, майыңды да, Аңсатайын ару деп айыңды да.

Шақыртқан қыздың өзі келіп жылдам, Берсін ол тойханадан шайымды да.

Меңеш:

Біз де жүрміз аман-сау осы тойда, Көрсетіп қолғабысты осындайда. Көңілін ашсын, келсін деп шақырғанмен, Ұмытпаймын, орның бар, келсең тойға.

Әжінияз:

Қатты таңып тастаған керегеге, Мырза Қожбан әкелді мерекеге. Себебін Қожбаныңнан өзің сұра, Елде жоқ ерсі істі еткен неге?

Меңеш:

Қожбанды жақсы адам деп мақтамаймын, Жан күйер жекжатым деп жақтамаймын. Сенің де аздап күнәң болған шығар,

Адал деп Қожбанды да ақтамаймын.

Әжінияз:

Бергендей қолын байлап мұнша қорлық, Үйіне кіріп, етпедім оның ұрлық.

«Шақырған тойға неге бармайсың?» – деп, Керегеге байлауы өте зорлық.

Меңеш:

Шақырғанға бармаған сенікі – айып, Той болса, қалмай барар ақсақ-майып. Қадірлеп шақырғанда келу керек, Өлең айтып, атыңды халыққа жайып.

Әжінияз:

Жиреншедей болғансып сөзге шебер, Ел алдында мен сені жеңсем егер, Намыс қып ағаларың өлтіреді, Жеңілсем, Қожбан тірілей етімді жер.

Меңеш:

Мен айтамын өлеңді кемеңгердей, Өлеңді айта алмайды ешкім мендей.

Қара өлең сақтап қойып азық болмас, Өлеңді айт дегенде қоя бермей.

Әжінияз:

Құдашам, өлеңшімін мен де сендей, Мен де айтамын өлеңді Жиреншедей. Айтысып тойда талай қыздарменен, Еліме қайтқаным жоқ қызды жеңбей.

Меңеш:

Өлеңді мен айтамын ентелетіп, Жүрекке азық етіп, жем тілетіп. Жездеке, ақын болсаң, неге айтпадың? Адамның ет жүрегін елжіретіп.

Әжінияз:

Ойланбаймын мен босқа өлеңшідей, Мен айтамын өлеңді еш мүдірмей. Айтайын деп өлеңді аузымды ашсам, Бұлақтай ағар өлең кезек бермей.

Меңеш:

Сөздерің соқтығысса, қысқы сеңдей, Той болса, менімен де келсең теңдей. Меңеш қызды жеңуге болсаң құмар, Мен де, құда, қоймаймын сені жеңбей.

Әжінияз:

Өлең айтсам, қыздардың ауар есі, Қозып кетер қыздардың делебесі.

Қыз Меңеш, өлең айтсам сенен қалмас, Әжінияз да –заманның Жиреншесі.

Меңеш:

Жақсы өлең айтып берсең сырластарға, Қадіріңді ұмытпас құрдастар да.

Қарманып қал барыңды осындайда, Бүгін тойда айтқандай сөзің бар ма?

Қыстай бермей қойып тұр, сөзіңді, қыз, Көруге келіп едім өзіңді, қыз.

Шымылдықтан шықпайсың, лайық па? Көрсетші, құдаңа бір жүзіңді, қыз.

Меңеш:

Ағеке, айтып өлең арыдың ба? Болмаса, жасың жетіп қарыдың ба? Қызы едім Тамадағы Байтұрсынның Ағеке, енді мені таныдың ба?

Әжінияз:

Мен өзім өлең айтып, арымадым, Бір арманым – еліңе дарымадым.

Қазақта Меңеш те көп, Дәмеш те көп, Бұрыннан көрмегенсін, танымадым.

Меңеш:

Молдеке, былтыр мені көрмедің бе?

«Меңеш», – деп, көңіліңді бөлмедің бе? Қайтқанда Арал жақтан баламенен — Қасыма су бойында келмедің бе?

Әжінияз:

Көрінер жүзің жылы бір көргендей, Күні-түні көрісіп, бір жүргендей.

Былтырғы су бойындағы жалаңаш қыз Сен бе едің сынық өркеш, кәрі інгендей.

Меңеш:

Астыма атым мінген сұр қаракер, Ағады сұр қарадан сорғалап тер. Көрісу құрмет дейді ғұламалар, Молдеке, көрісейік қолыңды бер.

Әжінияз:

Мен келдім есен-аман халқым көріп, Атам менен анама сәлем беріп.

Не қылсаң да, өзің біл ендігісін, Бір ақ сұңқар қолыңа қонды келіп.

Меңеш:

Молдеке, өмір жасың ұзын болсын, Үстіңе киген тоның қызыл болсын! Енді сенен жол болсын сұрасайын, Тойханаға келіпсің, жолың болсын!

Әжінияз:

Мен есіттім қазақта пұл қымбат деп, Келіп едім көрейін асыл зат деп.

Өз еркіме қоймады мырза Қожбан,

«Қыз Меңештің қасында өлең айт!» – деп.

Меңеш:

Мен өзім қызыл тілге жұрттан озған, Өлеңшіні көргенде, арқам қозған.

Жатып қалған жеріңнен сүйрелектеп, Өлең айт деп, әкелді ме мырза Қожбан?

Әжінияз:

Өлеңге сен де озған, мен де озған,

Мен де сендей қыз көрсем, арқам қозған. Қазір емес, кейіндеу мені сына, Тосаңдығым бар менің соңдау қызған.

Меңеш:

Қазақта жоқ өлеңге менен озған, Көргенде өлеңшіні арқам қозған. Көсіліп, жолым үйде жата бермей, Жеңемін деп келдің бе, молда жазған?

Әжінияз:

Өлеңге сен де озған, мен де озған,

Мен де жақсы қыз көрсем, арқам қозған. Қалай айтсаң, солай айт, ей, қыз Меңеш, Шайтаным сескенбейді сендей қыздан.

Меңеш:

Құр айқай дым шықпайды ерегістен, Ерегісте бір сөз кетсе, шықбас естен, Қазаққа өлең келіп, қонып өткен Сондықтан жеңілерсің қыз Меңештен.

Мен өзім өлең бастап, айта алмаймын, Біреу айтса, өлеңді қайтармаймын.

Жөн өлең айт, тәлкек айт, қайымын айт, Сен бастасаң, ізіңнен қайта алмаймын.

Меңеш:

Аулымның ақсақалы – Қасым, Тасым, Біздерді сұрап барсаң, тең құрдасым. Келбетің, өне бойың келісіпті,

Жылың не? Айтшы маған, неде жасың?

Әжінияз:

Той күні қызыл тонды киесің бе? Отына ғашықтықтың күйесің бе? Жаспын ғой, жасым – қырықта, Меңеш, менің,

Жасымды сұрап, маған сен тиесің бе?

Меңеш:

Қырыққа келген болсаң, жылың – қой да, Қызығы жігіт, қызға өлең – той да.

Мен саған жанымменен тиер едім, Әке-шешем біреуге беріп қойды.

Әжінияз:

Әкең бермей не қылсын, мал болмаса, Ішуге айран, жеуіне нан болмаса?

Хауанадан қалған жол нетер дейсің, Күйеуің алпыс жасар шал болмаса.

Меңеш:

Сұр қара су ішеді, жем бермеймін, Қысы-жазы мінемін, дем бермеймін. Шал да болса, ол – Бегеш – өзіме жас, Бегешті бозбаладан кем көрмеймін.

Әжінияз:

Қыз Меңеш, Бегештей шал байың-дағы Асылған кәтептегі нарың-дағы.

Ақ отауға лайық қыз екенсің,

Шал байың тек өзіңнің сорың-дағы.

Сені алған – мынау шалың – Бегеш болса, Түнде байың, күндіз бір құлың-дағы.

Шал да болса, өзіңе құтты болсын, Бірақ кетпес құлақтан зарың-дағы.

Меңеш:

Айт өлеңді, келмесе, кері есегің, Ұстамаса бұл тойда еріншегің. Тақсыр-ау, көрінгенге мін таққандай, Қамардай аруақ па келіншегің?

Әжінияз:

Жиылып тамам Тама, Табыншы жоқ, Мастай сардар қазақтың ханында жоқ. Үйімде қатыным бар айдан сұлу, Қазақтың он қызы бір санынша жоқ.

Меңеш:

Қазаққа сен жеріңнен неден келдің? Жоғарыдан, төменнен не кәп білдің? Жібермесін обалы жеңешемнің, Оны тастап, қазаққа не деп келдің?

Әжінияз:

Қарақалпақтан қазаққа мал деп келдім, Жоғарыдан, төменнен әр гәп білдім.

Өзіңдей ұлы ақын мырза қыздан, Елтірі, сеңсең тері сұрап келдім.

Меңеш:

Ауылымның қонған жері сыбан тоғай, Қазаққа сен келгелі болды неше ай?

Аларсың елтіріні ақша берсең, Елтірісін мүт бермес, ешкім оңай.

Әжінияз:

Ауылыңның қонған жері болса тоғай, Бұл жаққа мен келгелі болды үш ай.

Мүт бермесең, теріңді мен алмаймын, Пұлға сатып алмаса інгуш, ноғай.

Меңеш:

Елтірі жоқ, бар алсаң қой-пойы мүт, Елтіріге қазақтың өзі де жұт.

Аман барсаң, балаңа тон етерсің, Тері-терсек берейін, тілесең мүт.

Әжінияз:

Мен алайын елтіріңізді, тілесең мүт. Бермесең осы жерде-ақ қалар ұмыт, Тілегенде бермеген елтіріңді, Берерсің, інгуш, ноғай, келсе, якут.

Меңеш:

Молдеке, еліңе қайт жинасаң мал, Қайтпасаң, жеңешеме болар обал. Басқаға бар елтірім, саған дым жоқ, Ішіңе пышақ ұр да, жарыла қал.

Әжінияз:

Мәмбет төре бас болып келеді қол, Жүргендіктен көп әскер қазылар жол. Мегежіннің санын иттен неге аяйын? Маған десең, шүршіттің қатыны бол.

Меңеш:

Меніменен айтысып, тіреуің кім? Көп ішінде сүрінсең, сүйеуің кім?

Қалмақсың ба, сартсың ба, сауансың ба, Әкеңнің қойған аты, сүйегің кім?

Әжінияз:

Сүрінсем, көп ішінде халық – сүйеуім, Тыныштық, сүрінбегей ақ тілегім.

Әкемнің қойған аты – Әжінияз, Сұрасаң, қарақалпақ – түп сүйегім.

Меңеш:

Жарар еді, Қожеке, сарт болмасаң, Сақалыңа ақ енген қарт болмасаң.

Біздерден қолды жайып бір тілерсің, Молдеке, осы бүгін ат болмасаң.

Әжінияз:

Мен тілермін әлі де сен бермессің, Біздердей мүсәпірді көзге ілмессің. Мен де бір аса жұрттың адамы едім, Қыз Меңеш, қадірімді сен білмессің.

Меңеш:

Кел дедің де, мен саған келмедім бе? Мен сенің қадіріңді білмедім бе?

Тақсыр-ау, айтшы менен не тіледің, Тіледің де, мен саған бермедім бе?

Әжінияз:

Астыма мінген атым сұр қара жал, Көкірекке бір бөлек келді қиял.

Өзің айттың, күн бұрын тіле сен деп, Ал тіледім, қыз Меңеш, қойныңа ал.

Меңеш:

Астыма атым мінген сұр қаракер, Сұр қарадан ағады сорғалап тер. Ағеке, аңдап сөйле көп ішінде, Есітсе, Бегеш сенің етіңді жер.

Әжінияз:

Болғасын кәрі Бегеш сүйген байың, Белгілі болып қалды сенің жайың.

Бегештен сен қорықсаң да, мен қорықпаймын, Мінермін биесінің сұрап тайын.

Меңеш:

Жемдесіп Адай, Түркпен салған бұл жол, Күз болып, мизам түссе, қазылар жол.

Талақтай жабысқаннан айырылмайсың, Қойным емес, мойнымнан садаға бол.

Өлеңге мен де жетік, сен де жетік, Жетік болсаң, айтсайшы мендей етіп. Ақ Меңеш, шал байыңды аңдайсың ба? Ақсақал, көзі қызыл, тісі кетік.

Өзіңе келер сөзді білмейсің бе, Мен садаға болайын сенен нетіп?

Меңеш:

Не тәтті бұл дүниеде тәтті екен тұз, Не суық, өлім суық жүректе мұз.

Молдеке, сенен мен бір сөз сұрайын, Бар ма екен еліңізде шырайлы қыз?

Әжінияз:

Кыз Меңеш, қыз ішінде сен көз ойнақ, Келіспес сұлу қызға кінә қоймақ.

Көрмеге сұлу қыздар қарақалпақта, Балдызым, саған қайда ондай болмақ?

Меңеш:

Қыздарыңыз үстіне не киеді, Мерекеде, көшкенде не мінеді? Қарақалпақ ел, – дедің, – шежірелі, Бұрынғыдан, соңғыдан не біледі?

Әжінияз:

Киеді көк сауырлап кебіс-мәсі, Өңірінде өндір моншақ, он түймесі. Ат қосып Айтта, тойда мінер арба, Отырар қатарласып он-он бесі.

Кетпейді қастарынан айналшықтап, Көрген сайын құмартар көрген кісі. Арқадан түйе тартып қазақ барса, Емешесі құриды ақыл, есі.

Көйлегі дарамыдан, кимешегі, Қасында жүрер бастап жеңешесі. Орамал жібереді мерекеде,

Бір көруден жігіттің бірнешесі.

Алдында ай мүйіз бар алтындалған, Құлағында гауһар сырға жалтылдаған. Бара алмайды жанына сұсты басып, Қандай жігіт болса да, қалтылдаған.

Феруза алтын білезік білегінде, Күні-түні жігіттер тілегінде.

«Сабыр етіп, шыдап тұр», – деген сөзі Жалындар жігіттердің жүрегінде.

Феруза яқұт жүзік бармағында, Жеңгелері жүреді жан-жағында. Жеңгесіне жалынып кей жігіттер, Айналшықтап жүреді жол жағында.

Меңеш:

Екі жақсы қосылса, жардай болар, Біреуіне біреуі балдай болар.

Айтуыңнан қыздарың әдемі екен, Жігіті сіздің елдің қандай болар?

Әжінияз:

Жігіті біздің елдің болар қошақ, Белінде алтын кемер алмас пышақ, Астында арғымақ ат арқыраған, Үстінде ақ басты, ер басы шашақ.

Басында алтын жүген, қос құйысқан, Жалпуыштың шашағы құшақ-құшақ. Алтын ғұбба өткерген құйысқанға, Маржандап кекіліне таққан моншақ. Қарақалпақ та қазақтай ұлы халық, Көрмей, білмей, сыртынан етпе сықақ.

Меңеш:

Қонаққа ақ киіз сал, кел ғанибет, Қонаққа аттанғанша тәрбие ет. Қиын-қыстау болмаса жұмысыңыз, Молдеке, біздің үйге түстеніп кет.

Кыз Меңеш, түстенбеймін, қондырмасаң, Қонатын көрпе жауып тоңдырмасаң, Көрпе жабады екен деп қуанбаймын, Қонағыңа бір қозы сойдырмасаң.

Меңеш:

Қонағым, кетсең, қайтып келмейсің бе? Біздерде қозы жоғын білмейсің бе?

Семіздігі қойда жоқ, қошқардан ту, Бітеу саулық мен сойсам жемейсің бе?

Әжінияз:

Қон десең, қонбай, Меңеш, не қыламын? Сенің әрбір сөзіңді сағынамын.

Тамақты тәлімсімейін «Жемеймін», – деп, Сонда да саулық деген аты жаман?

Меңеш:

Қылмады екеумізді нәсіп қосақ, Балдай тату болар ек жұпты болсақ.

Семіз бір саулық сойсам, сойдырмайсың, Жейсің бе сойсам семіз, бітеу тұсақ?

Әжінияз:

Тұсағыңды мен үшін сой демеймін, Меңеш, өзің сойсаң, мен қой демеймін. Қыз Меңеш, қозыңды сой, көзің қиса, Қозың тұрып, тұсақты мен жемеймін.

Меңеш:

Мал тапсаң, кірей сал да, Бұхарға бар, Мыңқ етпес кеп жүк артсаң бір қызыл нар. Молдеке, қозы жесең, сояйын мен, Пышақты көтермейтін бір қозым бар.

Әжінияз:

Келдім мен көрейін деп сол қозыңды, Үміт үздім, есітіп мен сөзіңді.

Ат терлетіп, алыстан сұрап келдім, Мені десең, сой, Меңеш, сол қозыңды.

Меңеш:

Семіз ет жесең болар көңілің тоқ, Соятұғын саған еш сау қозым жоқ. Бір қырқар кенже туған бір қозы бар, Сүйегі қатып, семіріп, ер жеткен жоқ.

Әжінияз:

Семірді де, ер жетті қозың сенің, Семіргенін көрмейді көзің сенің. Төсіне сол қозының қол толғандай, Соймаған соң кенжедей қозың сенің.

Меңеш:

Тақсыр-ау, жас қозыны сен сой дейсің, Қозыны жерсің тағы бізге келсең.

Алдында саулық етіне бір тойып ал, Ұшынасың, қозы етін бірден жесең.

Әжінияз:

Қыз Меңеш, мал – сенікі, қалай етсең, Келмеймін, ашуланып, қайтып кетсем. Ұшынсам, жазылармын үш күн жатып, Өзіңдей кексе қызға мен үшкіртсем.

Меңеш:

Бір дертіңе жарар-ау, ала байтал, Жолаушы қосарыңа қосақтап ал. Ауру қозым тұрып, сауын сойсам,

Ол кезде болмай ма екен, тақсыр, обал?

Әжінияз:

Жайлайды Жайық бойын Жағалбайлы, Қыз Меңеш, сөзің ащы, тілің майлы.

Құрметтеп, саулығыңды сойсаң маған, Сауабы бар, келді ғой бір ыңғайы.

Күз болып, мизан түссе, қайтар киік, Мергендер киік аулар шоқай киіп.

Қозы сойып, молданың батасын ал, Болмаса, біреу алар ұрлап, сойып.

Меңеш:

Молдеке, сұғың өтті қозыма менің, Бұл қозыма назарың сіңді сенің.

Қозымды сойып, сені мен қондырмасам, Назарыңды қайтарып болмас сенің.

Әжінияз:

Әжінияз да кем емес Шернияздан, Қол үздік, алып кетсем сендей қыздан. Алтыннан айдары бар ұл туарсың, Қой сойып, алғыс алсаң Әжінияздан.

Меңеш:

Мен сойсам, қозымды ырзалық бер, Көп болғанда, молдеке, бір санын жер. Тілегің қабыл болды, тақсыр, сенің, Қол жаятын, молдеке, пәтие бер.

Әжінияз:

Меңешжан, баққан малың семіз болсын, Бақытты бол, толғансаң, егіз болсын.

Қойдай қоздап, егіздеп қояндардай, Төрт жылда ұлың-қызың сегіз болсын. Балларыңның бәрі де батыр болсын, Жамылғаны жау кірмес шатыр болсын. Айбаты артсын ұл және қыздарыңның, Баһадүр — бірі мыңға татыр болсын!

ҰЛБИКЕ МЕН КҮДЕРІ ҚОЖА

Күдері қожа:

Сексеуіл құмға бітер басы алмалы, Зинақор бір Құдайды еске алмады. Өлеңнің бес-алты ауыз арқасында, Тұсыма қыздар келді қос алқалы.

Ұлбике:

Сексеуіл құмға бітер басы алмалы, Зинақор бір Құдайды еске алмады. Тұсына қыздар келсе, қос алқалы Ұстайды қожа қалай ақ шалмалы?!

Күдері қожа:

Сексеуіл құмға бітер басы алмалы, Зинақор бір Құдайды еске алмады. Біреудің ақ некесін арам қылған Зәндемге қыздар кетер қос алқалы!

Ұлбике:

Сексеуіл құмға бітер басы алмалы, Зинақор бір Құдайды еске алмады. Қазақтың шынжау тайын алдап алған, Зәндемге қожа кетер ақ шалмалы!

Күдері қожа:

Сексеуіл құмға бітер басы алмалы, Зинақор бір Құдайды еске алмады. О дүние бұ дүниеден жақсы дейді, Баралық бәріміз де, жан қалмалы.

Ұлбике:

Өлең, өлең дегенге өтер еді, Өлең, шіркін, көңілді көтереді.

Бұ дүниеден о дүние жақсы болса, Адамға айтпай, қожалар кетер еді.

Күдері қожа:

Екі құзғын ұшқан жер – Еділ, Жайық, Алашта ақын бар ма, айтшы, бізге лайық?! Кішкентайдан бірге өскен, ай, Ұлбике, Сенен өлең тілеймін қолым жайып?!

Ұлбике:

Екі құзғын ұшқан жер – Еділ, Жайық, Алашта ақын бар ма, айтшы, бізге лайық?! Қожа да өлең тілейді қолын жайып, Алдағанын қожаның не қылайық?!

Күдері қожа:

Екі құзғын ұшқан жер – Еділ, Жайық, Алашта ақын бар ма, айтшы, бізге лайық?! Кішкентайдан бірге өскен ай, Ұлбике,

Әрі отырма, бері отыр, жақындайық!

Ұлбике:

Қожа залым болар ма қара тұрып, Қара залым болар ма пара тұрып. Арамзасын қожаның жаңа білдім,

Біз байғұсты алдайды: «Бері отыр!» – деп.

Күдері қожа:

Орамал төрт бұрышына түйдім анар, Қылмысы жақпаған құл тозақ барар. Қожаменен бас қосып, ойнап-күлсең, Тұла бойың шымырлап, мейірің қанар!

Ұлбике:

Төментіннен жіті көшіп, өрге келдік, Жеті әулие тоғысқан жерге келдік.

Келмегірдің жеріне қайдан келдік, Қожасы діннен шыққан елге келдік!

Күдері қожа:

Әжептәуір бала едің, денем сүйген, Қылмысы жақпаған құл тозақ күйген. Пірлі, мұртты кісі едік, ай, Ұлбике, Көрмес, білмес кісідей – тілің тиген.

Ұлбике:

Қожеке-ау, баз өлеңім осындай-ды, Күһі қап қызыл-жасыл тасындай-ды. Түбің қожа болғанмен, тағатың аз, Сабырсыз жан иманға қосылмайды.

Күдері қожа:

Менімен жау болмассың, ел боларсың, Бес-алты ауыз жел сөзбен тең боларсың. Өршеленіп қоймайсың, ай, Ұлбике,

Мал мен бастың бірінен кем боларсың!

Ұлбике:

Сенімен жау емеспін, елдескенмін,

Бес-алты ауыз жел сөзбен белдескенмін!

«Мал мен бастың бірінен кем болад!» – деп, Қожам, қай күн Құдаймен тілдескенсің?!

Күдері қожа:

Атан түйе жарасар нар дегенге, Айран-асыр қаламын жар дегенге. Айтысқалы келіп ем тойларыңа:

«Ошақтыда ақын қыз бар», – дегенге.

Ұлбике:

Өзің көңіл бермесең, мен не етермін, Әмір келсе Алладан, демде өтермін! Асықпай тұр, саспай тұр, тақсыр қожам, Бар көңіліңді өлеңмен сап етермін!

Күдері қожа:

Ұлбике, сіз дегенмен, біз дегенмен, Не болар өлең, шіркін, кезнегенмен, Қайтсең, менің көңілімді сап етесің, Мен де өзіңдей сойқанды іздегенмін!

Ұлбике:

Көргенде ақ жүзімді көркем дейді, Шешем сүйіп, өзімді: «Еркем!» – дейді. Бабаңыздан сұрап па ең, тақсыр қожам,

«Қыздың жолы қожадан үлкен!» – дейді.

Күдері қожа:

Ұлбике-ау, тілің – шешен, жүзің – көркем, Не дегенің білмедім, жаным, еркем.

Хазірет Ғалы, ақсүйек – менің бабам, Қыздан гөрі бір табан жолым үлкен.

Ұлбике:

Ішінде сыбызғының күй қалады, Жарасқан ақша отауға ши қалады. Үлкендікке талассаң, жол былай-ды: Біле бұрған төресін би қалады.

Күдері қожа:

Өлеңді білмегендер айып етер, Біле бұрған төренің жайы кетер. Ақыретке барғанда, қояр шаншып, Және бір іс артынан дайын етер.

Ұлбике:

Қожеке, шоқша қара сақалыңыз,

«Ләббай» деген ежелден мақалыңыз. Екеу, үшеу сіздерге көп болмайды, Сүйіп алған бар ма еді тоқалыңыз?

Күдері қожа:

Ұлбике, шашың алтын, бұрымыңыз, Тал бойыңа жарасқан тұлымыңыз. Қожа кісі қарадан қыз алмайды,

Өз теңіңді дәл тауып, ұрыныңыз.

Ұлбике:

Қожаке, өлең айтып, кітап аштың, Тоқталуы бола ма кәрі-жастың?

Бұрын неге ұрынып отырушы ең,

Шап бергенде, тап бермей, қалай қаштың?

Күдері қожа:

Аузың – шекер, лебізің балдан тәтті, Өлімнен құтыла ма жүйрік атты?

Қолыңда жайып тұрған кітабың жоқ, Оқымай, қалай білдің шариғатты?

Ұлбике:

Сынақ оқу «әліф» пен «әбжадты»,

Мұрным «әліф» болғанда, қасым – «мәт-ті». Көкірегім – кітап сөзі, тілім – Құран,

Мен сенен үйренбеймін шариғатты.

 Күдері қожа әкесі Еркөшек қожаға айтқан екен: «Осы қызды тоқтататұғын бір сөз тауып бер!» – деп. Сонда әкесі: «Жиырма тоғыз әріпті бір-ақ ауыз өлеңге сыйғызып айт, екі әріпті қалдыр, соның қалғанын білсе, айтыспай-ақ қоя қой! Оның өкпесіне жазған», – депті. Сонда қожа өлеңмен айтыпты:«Шын» мен «жымды» қалдырып.

Қыздың берген жауабы:

Қожеке, өлең айттың, кітап аштың, Жау қуды ма, асығып, неге састың?

«Шын» мен «жым-ды» қалдырып, қара басып, Құранды аяғыңа қалай бастың?!

Қыз қожадан сауал сұрайды: Жаратқанның бар ма екен көрген нұрын? Нұрды көрген бейіштен алады орын!

Қожеке-ау, сенен мен бір сөз сұраймын:

«Не жаратқан болады ілкі бұрын?»

Күдері қожа:

«Бар – дейді, –Жаратқанның көрген нұрын», Нұрды көрген бейіштен алады орын.

Ұлбике, сен сұрасаң, мен айтайын, Кәф пен Нонды жаратты ілкі бұрын.

Ұлбике:

Жаратқанның бар ма екен көрген нұрын, Нұрды көрген бейіштен алады орын.

Қожеке, сен ол сөзді білмей айттың, Жаратқаны бар дейді онан бұрын!

Күдері қожа:

Әуелде Мұхаммедтің нұрын қылған, Он сегіз мың ғаламнан бұрын қылған. Он сегіз мың ғаламның тұтқасы қып, Сегіз бейіш ішінде орын қылған.

Ұлбике:

Әуелде жаратқанда, жан жаратқан, Дарияның түбінде мың жыл жатқан. Дарияның түбінен шығарған соң, Нұрдан алып әуелі не жаратқан?!

Күдері қожа:

Әуелде жаратқанда, жан жаратқан, Дарияның түбінде мың жыл жатқан. Дарияның түбінен шығарған соң, Нұрдан алып Ай менен Күн жаратқан.

Ұлбике:

Айтамын, айт дегеннен, әуел Айдан, Бір Құдай орын берген бейіш жайдан. Соны тапсаң, бір тыныс алдың, қожам, Жаратты пайғамбардың нұрын қайдан?

Күдері қожа:

Риза-ай, Алла, жан Алла пида болған, Пайғамбар қазынасы нұрға толған.

Ғабдолла Бұттарашқа нұрын төгіп, Нұрынан бір Құдайдың пайда болған.

Ұлбике:

Қожалардың ішінде сен бір дүрсің, Қожам, тоқсан түрлендің мені көрсең. Оны тапсаң, бір тыныс алдың, қожам, Хазірет Ғалы атасын тауып берсең!

Күдері қожа:

Әптиектің ішінде бар-ды әліф, Жетік молда оқиды хатқа салып. Ғабдолла Бұттарашпен бір туысқан, Ғалы атасын сұрасаң – Әбутәліп.

Ұлбике:

Сабақ басын сұрасаң: «Нон-ды», – дейді, Жаман сөз жақсы адамға мін-ді,– дейді. Пайғамбар ат сұрамақ – сүндеті екен, Әкең атын сұраймын: «Кім-ді?» – дейді.

Күдері қожа:

Арқауылдың құба жон жортар бөрі, Бір жарымның жоғынан көңілім кері. Мені қайтсең жеңесің, ай, Ұлбике, Әкем аты – Еркөшек, мен – Күдері.

Ұлбике:

Шайтан қашар бойыңнан, «Алла!» – десең, Зәндем зымырап кетерсің арам жесең!

Мені қайтсең, жеңесің, ай, Қожеке, Әкем аты – Жанкелді, Жаңыл – шешем.

Қожа кішкене тойпалаңдайын деді, қыз сөйледі:

Он түйме өңірімде қатар-қатар, Соның бәрін шешем деп басың қатар. Сыймаған тіл-аузыңа ақын болсаң, Дария мынау жатқан қашан қатар?

Күдері қожа:

Ақ тайлаққа жүк арттым қатар-қатар, Шудасы, шөгіп жатса, шаңға батар. Қауыста қарашамен қаймақшиды, Желді тоқсан айында дария қатар.

Ұлбике:

Бұл қайдағы қожа еді есі кеткен, Есі кеткен емес пе, Ертіс өткен! Есі кеткен болмасаң, есер қожам,

Желді тоқсан айларың қашан өткен?!

Күдері қожа:

Ақ тайлаққа жүк арттым қатар-қатар, Шудасы, шөгіп жатса, шаңға батар. Сендей мен ай есептеп жүргенім жоқ, Қай күні суық болса, дария қатар.

Ұлбике:

Естімісің, ай, қожам, есермісің, Айтқан сөзге бөгелмей түсермісің?! Келген екен Меккеден қыналы құс, Ақын болсаң, байлауын шешермісің?

Күдері қожа:

Әулиемнің қонғаны – Ебелек-ті, Көк шымшықтың қорегі көбелек-ті. Тұмсығы ұзын, аяғы қызыл болса, Қыналы құс дегенің Дегелек-ті.

Ұлбике:

Ақын жігіт белбеуін шеше келер, Қызуланып, той десе, есе келер. Тіл-аузыңа сыймаған ақын болсаң, Бір жылда үтір, уәжіп неше келер?

Асқабақты қауын деп жеген қазақ, Мені, сірә, қылмасын әзіл-мазақ. Он екі айда келеді мың бір үтір,

Мұның несін сұрайсың, надан қазақ?

Ұлбике:

Қожеке-ау, ояу қалай, ұйқы қалай, Болғанда жаугершілік жылқы қалай? Ақыретке барғанда, тақсыр қожам, Жалғандағы ойын мен күлкі қалай?

Күдері қожа:

Жанның қамын ойламас ақымақ, есер, Үйде отырып, ойымен өлшеп, пішер. Бұ дүниеде көп ойнап, көп күлгендер, Жылай-еңірей тозақта күні кешер.

Ұлбике:

Қожеке-ау, мысық қалай, тышқан қалай, Дос қалай, бұ жалғанда дұшпан қалай? Мал бермей, інге қимай, алып жатып, Біреудің жас баласын құшқан қалай?

Күдері қожа:

Күнәкарды тозаққа асып қояр, Жанған отқа бетінен басып қояр. Құшатұғын қарларын кесіп тастап, Күлетұғын ернінен тесіп қояр.

Ұлбике:

Қожеке-ау, мен де білдім бұл ісіңді, Жұмақ пенен пейіштен үлесіңді.

Күлетұғын ерніңнен тесіп қойса, Енді, қожам, қойып жүр күлісіңді.

Күдері қожа:

Ұлбике: «Әумин!» де, білдім бұл ісіңді, Жұмақ пенен бейіштен үлесіңді.

Бабамыз хазірет Ғалы оқ атыпты, Қоймаймын қыз дұшпанға күлісімді.

Ұлбике:

Қарағай садақ, қырық кез оқ бар беліңде, Сендей ақын жоқ па екен өз елімде?!

Екі сексен, бір тоқсан жұмбағым бар, Жүйрік болсаң, соны тап қапелімде.

Күдері қожа:

Қарағай садақ, қырық кез оқ бар белімде, Ақын қайда дәл мендей өз еліңде?

Екі сексен, бір тоқсан жұмбағыңыз, Есептесем, екі жүз елу күнде.

Ұлбике:

Қарағай садақ, қырық кез оқ бар белімде, Сендей ақын болмады-ау өз елімде.

Сегіз ойын, сексен бес жұмбағым бар, Жүйрік болсаң, тап соны қапелімде?

Күдері қожа:

Ұлбике-ау, кімге айтасың бұл кебіңді, Қайдан тауып отырсың өз теңіңді?

Сегіз ойын, Ұлбике, тал бойыңда, Сексен бесі томпайған емшегіңде.

Ұлбике:

Қожа пұлын жіберер достарына, Кисе, достар жарасқан бастарына.

Ат алған, айғыр алған, тақсыр қожам, Махшар күн[і] тартар ма екен қастарына?!

Күдері қожа:

Қожа пұлын жіберер достарына, Кисе, достар, жарасқан бастарына. Көзіңді тоқсан екі төңкересің, Сені қалай тартайын қастарыма?!

Ұлбике:

Қожа пұлын жіберер достарына, Кисе, достар, жарасқан бастарына.

Махшар күні мұрттарын тарта алмастай, Мәкіруә тамған бола ма астарына?

Қожа пұлын жіберер достарына, Кисе достар, жарасқан бастарына. Достар салған қожаға тіл тигізіп, Кесір болып жүрмесін бастарыңа.

* * *

 Екеуі қанша айтысқанымен, жеңіп, жеңісе алмайды. Талай тойда айтысқан, жеңіп, жеңісе алмаған. Бір айтысқанда, Қожаның айтаты- ны бар:

Келемін Сырдың бойын жайлап қана, Көп жылқы көк алалы айдап қана.

Байың атын сұрасаң, Бойтан сері, Үш күн сені ұрыпты байлап қана.

Ұлбике:

Құранда: «Құл ағузы» беріп лаплақ, Өтірікті айт дейді бір зәнталақ.

Ұрған түгіл, маңыма жуыған жоқ, Айтты екен өтірікті қандай қазақ?

* * *

 Бір қыстыгүні қожа бір жақтан келе жатса, Ұлбике Жәңке серімен малға қорек аршып тұр екен. Қожаны көрісімен: «Мынау бір нәрсе дейді ғой. Онан да өзінен бұрын қылып тұрған жұмысымды мойны- ма ала, сөйлеп қалайын!» – деп, Ұлбике сөйледі.

Ұлбике:

Қожеке, көріп пе едің мұндай қарды, Астында – қар, үстінде мұзы барды. Замананың мән-жайы бұлайша боп, Ақын Ұлжан қолына күрек алды.

Күдері қожа:

Шырағым, көрген жоқ па ең мұндай қарды, Астында – қар, үстінде мұзы бар-ды?!

Күні келсе, байына кетіп қалар Алдап-сулап күшін ал мұнда қарды.

* * *

 Күдері қожа Сарыарқаға кетіп, үш жыл жүріп қайтқанда, Ұлбикемен тағы айтысады.

Күдері қожа:

Ұлбике, «Бақтияр» ма тегі затың? Жайылған алты алашқа «Ұлбике» атың. Аузыңнан шыққан сөзің – шекер мен бал, Қадірден қайдан жүрсің, перизатым?

Ұлбике:

Сайраса, бауға қонған бұлбұлым-ай, Барады қапалықпен бұл күнім-ай!

Ағарып атқан таңдай қайдан келдің, Қыраны қаршығаның, тұйғыным-ай?!

Күдері қожа:

Ұлбике, қыздан шыққан лашынысың? Бұл жерде сенен сөзді кім асырсын?! Көтере айт көп ішінде өлеңіңді, Кірбіңі көкіректің бір ашылсын!

Ұлбике:

Барады іштегі ыстық сыртқа теуіп, Бассайшы лебізімді суды сеуіп.

Тұлпары арғымақтың, қайдан келдің, Отыр ем қапа болып, ішім күйіп.

Күдері қожа:

Белгісі құшақ жайған – сағынғанның, Өсекке, сөзі жалған, таңылғанның.

Сүйкенер көңілі сүйген сүйгеніне, Осындай келер сөзі қадірданның.

Ұлбике:

Аралар тоғай барған балтаны алып, Не кетпес, балта тисе, жарқаланып?

Анау жыл мен көргенде, жас бала едің, Келдің бе аман-есен Арқа барып?

Қайтады қалашылар құман алып, Ташкентке қатынайды жылда барып. Ұлбике, еш ойымнан қалған жоқсың, Сенімен жарым көңілім мұнда қалып.

Ұлбике:

Мақтайсың Ұлбикенің жүзін көріп, Сарғайдым жүрген жолың ұзын болып. Тақсыр-ай, Ұлбикені ұмыттың ғой, Арқаның ақ мамықтай қызын көріп.

Күдері қожа:

Не қылып сені көрсем, іздемейін, Онда да қыз жоқ екен өзіңдейін. Табылар беті тегіс сарт-сауаннан, Балқытар сөзі қайда сөзіңдейін?!

Ұлбике:

Арқаға, тез келмедің, барсаңыз да, Көңіліңе, сағынбадың, алсаңыз да. Сылқымдық Сарыарқада үш жыл құрдың, Қожеке, қолың жетті қанша қызға?

Күдері қожа:

Сылқымдық Сарыарқада қылып жүрдім, Сыртыма шығара алмай, тынып жүрдім. Әзіліме жазбасам, аман жүрдім,

Қатты сынса, бірінің белін ұрдым.

Ұлбике:

Сылқымдық Сарыарқада қылып жүрдің, Сыртыңа шығара алмай, тынып жүрдің.

«Қалып айтпас халық айтқанды», – деген сөз бар, Басыңды неге өсекке іліндірдің?

Күдері қожа:

Сылқымдық Сарыарқада қылып жүрдім, Сыртыма шығара алмай, тынып жүрдім. Қалмасам ұйқысырап құр жүрдім, Қаттысын сабырымның біліндірдім.

Ұлбике:

Әулиеси бермеші, тақсырым-ай, Тұлпар басы тоқтамас тасқа ұрынбай. Әдетің алаңдаған қайда қалды,

Қой жеген Әлімтаудың қасқырындай?

Күдері қожа:

Ұлбике, сен сенбейсің, тақсырыңа-ай, Жалған сөзді отырсың жапсырып-ай! Ауылың ұстап апты бұ Жангелді, Әңгімең сенің де жүр асқынып-ай!

Ұлбике:

Қожеке-ау, жеңе алмайсың ондай жолдан, Қожалық, жалған сөйлеп, берме қолдан. Жаны шықсын Жангелдің, мақтаныпты, Жерім жоқ: «Келсін!» –деген, бәрі жалған.

Күдері қожа:

Ұлбике, ұрдырарсың, сақтанып жүр, Жангелің қаршығадай баптанып жүр.

«Көкөзекте қойнына бір бардым!» – деп, Көбіне бозбаланың мақтанып жүр.

Ұлбике:

Қожеке, сенің атың Күдері еді-ай, Көңілің өсек сөзге көп ереді-ай! Ұлбикені алмайды кім аузына,

«Жақсыға – сөз, жаманға шөп ереді-ай!».

Күдері қожа:

Белгісі жүйрік аттың желбезекте, Айтысар, Арқа кеттім, бір кезекте.

«Төсіңе көйлегіңді көтердім!» – деп,

Жангел жүр: «Бардым мен, – деп, – Көкөзекте!»

Ұлбике:

Қыз халқына мақтанып жігіт өтер, Жайсыз жігіт әр жерде сейіл етер. Жігіт халқы ит мінез болады екен, Ит екен ішпес астан үміт етер!

Ұлбике, жалтаңдайсың жалған жарға, Не дейсің ақыретте алған жарға?

Жете алмай жүрген қолы бізді айтпасаң, Жангелде қолы жеткен амал бар ма?!

Ұлбике:

Қожеке-ау, жолым тура алған жарға, Жерім жоқ жалтаңдаған жалған жарға. Өтірік сөз көп айтып, көтеріп лас, Қожа халқы есектей қалжаңдар ма?

Күдері қожа:

Ұлбике, жалтаңдайсың жалған жарға, Не дейсің ақыретте алған жарға?

Ауылың ұстап апты бұ Жангелді,

Тағы мұнан танғандай жанжал бар ма?

Ұлбике:

Ауылдан жүруші еді қымыз ішіп, Тәйірі алды Көкөзекте қолға түсіп. Қайтып қымыз ішпестей болып өзі, Кедейің ырысына кеткен тышып.

Күдері қожа:

Қыз шақырмай, бозбала барады ма, Ұстаған соң көңіліне қарады ма?

Жазым жерде Жангелді ұстап апты, Ауылың қайтті, Жангелді сабады ма?

Ұлбике:

Атпен қуды, жаяуға жеткізген жоқ,

Ат мінген соң, Көкөзектен өткізген жоқ. Қапаш-құпаш қылмаса бозбалалар, Қариялар маңдайына шерткізген жоқ.

Күдері қожа:

Жангелге қызыл тілден кеткен дарып, Қазақтай жүрмесе де, малға жарып. Болды ма бұрынғыдай өлеңдерің, Тағы да айналақтап қайта барып?

Ұлбике:

Жангелді екіншіде қара басты-ай, Шаңыма кейін қалды-ау араласпай! Ақынсынып ыржыңдап келсе-дағы, Әр жерден бір жығылды өре баспай.

Күдері қожа:

Қара інгенің қарайды ботасына, Қожаңның таң қаларсың жотасына. Абайлап бас, Ұлбике, аяғыңды, Қожаңның жығыларсың сотасына.

Ұлбике:

Кей жігіт сөйлер сөзге шешен келер, Ұялмай, штан бауын шеше келер.

Біздерге ол сотаның керегі жоқ, Апарып, керек болса, шешеңе бер!

Күдері қожа:

Жігіттің шын Меккесі ата-ана дүр, Жел сөзден жеңілмеген – мәртебе дүр. Ұлбике, аяп бізден қазына қылсаң, Сен де онда алып бар да, атаңа бер!

ҰЛБИКЕ, ЖАНКЕЛ ЖӘНЕ КҮДЕРІ ҚОЖА

 Көктемде Жанкелдің де, Ұлбикенің де елдері қыстаудан жайлауға көшеді, сонда Жанкелдің көш-жөнекей келіп, Ұлбикеге тиісіп айтқаны:

Көк қамыс құрақ-құрақ сайда болар, Көп жылқы көк алалы байда болар. Келіп ем, Ұлбикеден сұрағалы, Кешуі Көкөзектің қайда болар?

Ұлбике:

Жүрмейсің, Жанкел кедей, аттай жарап, Келеді әкең, қақпас, алдыңды орап.

Жылқың өтпей бара ма, жазған кедей, Кешуін Көкөзектің менен сұрап?

Жанкел:

Бұлғаймын қамшым сабын қарағанға, Көрінер айғыр сұлу жарағанда.

Шырағым, бұған неге шамданасың, Кешуін Көкөзектің сұрағанға?

Ұлбике:

Бұлғаймын ұршық сабын қарағанға, Көрінер шашым сұлу таранғанда.

Қолыңда жетелеген қотыр тай жоқ, Кешуді таң боп тұрмын сұрағанға!

Жанкел:

Адамның бәрі бірдей барабар ма? Ақын деп мақтаныпсың, санағанға. Ал-дағы жел қайықты суға салғын,

Жұрт өтсе, Жанкел өтпей, қала ала ма?

Ұлбике:

Жел қайықты көрсеттің шамаларға, Бұл сөзің үлгі болар тамаларға.

Желқайық жел аударып, толқын қапты, Қалмасын аузың толып қара қанға?

Жанкел:

Мен жаяу, қыздар атты, жаяуласам, Артыңа қарамайсың, аяуласам.

Аударып желқайықты жаным жоқ па, Мініп ап, ортасынан таяуласам.

Ұлбике:

Жоқшылық кәрілікпен жолдас екен, Болғандар оған жолдас оңбас екен. Айтысып бұ кедеймен кім тұрады, Жүрмесек көшті тартып болмас екен.

Жанкел:

Жайыңа жігітшілік қоймас екен, Ұлбике, сөзіңе жұрт тоймас екен. Тарап жүр ел аузында бір әңгіме, Ұлбике Күдерімен сырлас екен.

Ұлбике:

Салады қойшы қойын алқа-қаққа, Мінеді Құдай сүйген алтын таққа. Бір итті итаяқтан тойыпты деп, Келіп пе ең итаяқтан жаламаққа?

Жанкел:

Құйрығы боз шолақтың бөденедей, Өлгенді опат дейді кенегендей.

Ұлбике, итаяқты дайындай бер, Тіліңді шешендетіп сермелемей.

 Осы кезде Жанкелдің көші кеп қалады, көш сиқы өте кедей, жамау-жасқау екенін Ұлбике сөз етіп, былай дейді:

Ұлбике:

Көшіңді көрдім, Жанкел, мәздемідей, Шайлаңыз тесік-тесік қазған көрдей. Тарығар бала-шағаң сусын таппай, Қондырған мәздеміңді, Жанкел кедей.

Жанкел:

Жігіттер, мал адамның тегі екен, Ұрса – таяқ, сөйлесе, сөзі екен. Аузыңмен құс тістесең, дәнеме жоқ, Барға – бал, жоққа қапа дүние екен.

Ұлбике:

Сен кімге, Жанкел кедей, жағып жүрсің, Өріске қой-малыңды бағып жүрсің.

Ордаңдап, оқпақ құстай сүйкімсіз боп, Қаңғырып, қараңғыда неғып жүрсің?

Жанкел:

Ұлбике, қуанамын келгеніме, Сен едің қалағаным, гүлдерім де.

Қолыңа қаршығадай қондырсаңшы, Ордаңдап, оқпақ құстай жүргенімде.

Ұлбике:

Жанкел-ау, ниетіңді арам қылма, Қайың тең бе қадірсіз тораңғылға?

Қасқырдай ит талаған арсыз кедей, Қаңғырып жүре берме қараңғыда.

Жанкел:

Қазаққа аты шыққан мәшһүріңмін,

Мен болдым саған ғашық жас күнімнен. Көгенде сен бір жатқан бағлан қозы, Аңдыған қараңғыда қасқырыңмын.

Ұлбике:

Жанкел, сен қасқыр болсаң, қабысарсың, Қоймастан қозы көрсең, жабысарсың.

Ел келсе, сендей қасқыр ебін таппай, Далада тасбақа жеп, қарысарсың.

Жанкел:

Жортамын көк бөрідей түн өткізбей, Жақындат көңлің болса, тілеткізбей. Құшақтап қу тіземді жата алмаймын, Барасың құмарыма бір жеткізбей.

Ұлбике:

Қаңқылдап қара қарға жыл шықпаған, Қу кедей, қай ісің бар қырсықпаған? Жаныңда жасауылың бар ма, кедей, Жаныңды қысы-жазы тыншытпаған?

Жанкел:

Ұры едім төмендегі жасауылға, Кеп едім шығайын деп осы ауылға. Жағамды жасауылдан бір босатсаң,

Жүрер ем ұмытпастан ден сауымда.

Ұлбике:

Сал Жанкел, қай ісіңмен теңгелгенсің, Түрткен соң жасауылың жөнелгенсің. Жігіттік қай адамның басында жоқ, Ұятсыз, шыли өзің өлерменсің.

Жанкел:

Ойы жоқ оттап қайтар өлерменнің, Түртпесе, жасауылым келер ме едім? Ас ішер ауыл жақын деген, кәне, Көзімнің бір көрмедің телміргенін.

Ұлбике:

Бар ма екен, Жанкел, сендей жазған адам, Ақылы тек жатсайшы ауған адам.

Қуалап, кедей сорың келтірген ғой, Қамшы жеп қараңғыда бозбаладан.

Жанкел:

Ұлбике, сізге керек бізде бар-ды, Жұмыстар бізге керек сізде бар-ды. Салт екен Адам ата бабамыздан, Қыз десе, жігіт халқы іздеп алды.

Ұлбике:

Жазықты жасаулыға болдың пенде, Түрткен соң жасауылың келгің келді. Саны жоқ адамдыққа, арсыз кедей, Пайғамбар Адам ата болғың келді.

Жанкел:

Хан да асық, қара да асық бір басыма, Жөні жоқ қарамаймын ұрғашыға.

Бай болсаң, байтал майын бермейсің бе, Сөзіңнің пайдасы жоқ, мырзасынба.

Ұлбике:

Жанкел-ау, іздегенің байтал ма еді, Құмарың байтал мінсе, тарқар ма еді?! Байталға жуасырақ жармаспасаң, Біздің байтал тебеген, тарпаң еді.

Жанкел:

Ұлбике, іздегенім тарпаң еді, Құмарым сонан өлсем тарқар еді. Тарпаңның шоқтығына қолы жетсе, Кеудесін Жанкел бейбақ артар еді.

Ұлбике:

Қу кедей, өлең айтсаң, қасқарасың, Қамысты қара өлеңмен жастанасың. Басқа елде сен секілді бойдақ жоқ па, Арың жоқ, бір-ақ өзің масқарасың.

Жанкел:

Жарлымын, жалғыз Құдай миятым-ды, Қыздардан аямаймын құр атымды.

Мәнісін масқараның білмеймісің, Өзіңнен тілегенім – ұятың-ды.

Ұлбике:

Көшуге көшпенді ел боп қуатың жоқ, Көреді көлді көзің, суатың жоқ.

Шабасың айға абалап арыстандай, Бетіңде арың да жоқ, ұятың жоқ.

Жанкел:

Аулыңа Жанкел тағы бір барады, Шиқанын толықсыған бір жарады. Айтқанын бұрынғының білмеймісің, Ұялған әр нәрседен құр қалады.

Ұлбике:

Сен де бір, арсыз кедей, ұялсаңшы, Нәпсіңді алаңдамай тия алсаңшы. Қолың жетпес бойыма аузыңды ашпай, Тілесең, ат алсаңшы, түйе алсаңшы.

Жанкел:

Ұлбике, ат алайын, түйе алайын, Кедейліктің несіне ұялайын?!

Төсіңдегі қос алмаңнан бір сипатсаң, Төрт түлік мал алғандай қуанайын.

Ұлбике:

Елеңдеп, кедей деген есірер ме, Басынан өткен істі кешірер ме? Пайдаң болса, өзіңнің басыңа қыл, Кедейдің әуесім жоқ кесіріне.

Жанкел:

Ұлбике, менің сізге әуесім көп,

Сөз – шырын, ойым – бақша мәуесі көп. Бұлбұлдай гүлсіз жерге қона алмайтын Жанкелдің Ұлбикеден дәмесі көп...

 Ұлбике мен Жанкел осылай айтысып жатқанда, бұрын Ұлбикемен айтысып, одан жеңіліп жүрген Күдері қожа Жанкелдің артына ба- рып, бой тасалап, тыңдап тұр екен.

Сонда Күдеріні көріп, Ұлбикенің айтқаны:

Жанкел-ау, ұста болдың құрамаға, Айтылды талай өлең сыбағаға.

Орныңнан тұрмаймысың, Жанкел кедей, Артыңда қожа емес пе құба бала?

Күдерінің Жанкелге айтқаны: Қыздар бар қыздардан да қырғи теңі, Өткен соң жігітшілік кім бүйтеді?

Берсеңіз тұрып орын, Жанкел аға, Біз де айтысып көрейік Ұлбикемен.

Жанкел:

Қыздар бар қыздардан да қырғи теңі, Өткен соң жігітшілік кім бүйтеді?

Кішкене сабыр қылып отыр, тақсыр, Берейін басыменен Ұлбикені.

Ұлбике:

Жанкел-ай, тілің айыр, басың жалпақ, Бір сөзің әлгі айтқан кеттің шалқақ.

Берейін Ұлбикені басымен деп, Билей ме Ошақтыны қарақалпақ?

Жанкел:

Тақсыр-ау, білмеп едім сізді бұрын, Ұлбике салған екен көздің қырын. Қарақалпақ серкесі, тақсыр қожам, Сіз бер десең, бермейін неғып орын?

Білмедің, Жанкел, менің келгенімді, Келдім деп айтпап па едім мен жөнімді. Құрметтеп, Күдеріні сыйласаңыз,

Иман тап, Жанкел аға, өлгеніңде.

Жанкел:

Қайта алмас тұлпар басы тасқа ұрынбай, Неғып орын бермейін, тақсырым-ай Жанкелдің кінәсі өтсе, кешіре гөр, Мүридіңді айтпағайсың пәс қылып-ай.

Күдері:

Замана алдымызда қызыл түлкі, Ғанибет тіршілікте ойын-күлкі.

Төрт-бес жыл болып кетті көрмегелі, Бармысың аман-есен, ау, Ұлбике?

Ұлбике:

Қожаның арғы атасы барды Мекке, Баласы сұңқар құстың азды жеке. Сағындық, көрмегелі бес жыл болды, Келдің бе аман-есен, ау, Қожеке?

Күдері:

Ұлбике, Бақтиярдан сенің затың, Жайылған бар халыққа Ұлбике атың. Кітаптай айтқан сөзің мәнді болған, Туар ма мұндай артық перизатың?!

Ұлбике:

Қаралы қарайғанға, қарағым-ай, Аспалы қылыш еді жарағың-ай. Жабығып отыр едім мен қор болып, Қазанат қайдан келдің, арабым-ай?

Сайраған баудың көркі бұлбұлым-ай, Барады қапалықпен бұл күнім-ай.

Ағарып атқан таңдай қайдан келдің? Қыраны қаршығаның, тұйғыным-ай.

Шығады тоғай барған балтаны алып, Не кетпес балта тисе жаңқаланып?

Көргенде ана жылы жас бала едің, Келдің бе аман-есен Арқа барып?

Күдері:

Қайтады саудагерлер құман алып, Тәшкенге қатынайды жылда барып. Ұлбике, ойымнан еш кетпедің ғой, Сонда да ақыл-есім мұнда қалып.

Ұлбике:

Алдайсың Ұлбикенің жүзін көріп, Сарғайтты кеткен жолың ұзын болып. Тақсыр-ау, Ұлбикені ұмыттың ғой, Арқаның ақ мамықтай қызын көріп.

Күдері:

Мен нағып сен сөйлесең, езілмеймін, Арқада қыз жоқ екен өзіңдейін.

Әр елде беті тегіс толып жатыр, Балқытар сөзі қайда өзіңдейін?

Ұлбике:

Арқадан тез келмедің барсаңыз да, Есіңе Ұлбикені алсаңыз да.

Сылқымдық Сарыарқада бес жыл құрып, Қожеке, қолың жетті қанша қызға?

Күдері:

Сылқымдық Сарыарқада қылып жүрдім, Сол жерде қадіріңді біліп жүрдім.

Өлеңмен отыз қызға болдым таныс, Кет десем, ұйқысырап, құры жүрдім.

Ұлбике:

Сылқымдық Сарыарқада қылып жүрдің, Сол жерде қадірімді біліп жүрдің.

«Халық айтса, қалт айтпайды» деген сөз бар, Басыңды неге өсекке іліндірдің?

Қылығын қыз баланың шырын білдім, Қырғидай қармағыма іліндірдім.

Жазбасам тағатыма айыбым жоқ, Дәтімнің қаттылығын жаңа білдім.

Ұлбике:

Әулие боп отырсың, тақсырым-ай, Басыңнан күнәң кетті асқынып-ай. Әдетің алаңдаған қайда кетті, Қаратаудың қарны ашқан қасқырындай.

Күдері:

Ұлбике, сен сенбейсің қасқырыңа-ай, Жалаңды құр отырсың жапсырып-ай. Жанкелді аулың нағып ұстап отыр, Сенің де әңгімең жүр асқынып-ай.

Ұлбике:

Қожеке, ыза болдым қылығыңа, Сындырған әзіл сөздің сынығына. Болмаса егер айтқаны өлең сөзбен, Бұ кедейің келмейді жұлығыма.

Күдері:

Базарда пышақ тұрар қыныменен, Келеді сатып алсаң пұлыменен.

Жел тұрса, шөптің басы қимылдайды, Жанкелден сен саумысың шыныменен?

Ұлбике:

Мақтаныш жігіт халқы жігітке етер, Кеппей, жайсыз мақтанған сыбыс етер. Ит мінез жігіт халқы болады екен, Иттерше жемес астан үміт етер.

Күдері:

Ұлбике, алданасың жалған жарға, Не дейсің ақиретке алған жарға?

Жете алмай жүрген қолы біз алмасақ, Жанкелдің қолы жетті, амал бар ма?

Ұлбике:

Қожеке, көңілім тура алған жарға, Ешкімге пұрсатым жоқ алданарға. Өтірік сөз көп айтып, көтеріп ап, Қожа халқы өсекті қалжыңдар ма?

Күдері:

Ұлбике, көңілің бұрдың жалған жарға, Ақиретте қиын дейді алдағанға.

Ауылың ұстап отыр бір Жанкелді, Танатын бұл дәлелден айлаң бар ма?

Ұлбике:

Жанкел кеп жүруші еді қымыз ішіп, Балалардан таяқ жеді еті қышып.

Әзіл сөз айтпайтындай болды маған, Бүгін түн соры қайнап, қолға түсті.

Күдері:

Ауылдан шаңқай түсте аулаққа айдап, Жаттыңдар Көкөзекте бір жай сайлап. Жанкелдің өсегінен аман болсаң, Байың неғып сабап жүр үш күн байлап?

Ұлбике:

Құранда «Құлағызу раббил фәлақ», Өсекті жапсырады бір зәнталақ.

Маңыма тұрмақ түгіл, жолаған жоқ, Айтты екен өтірікті қандай қазақ?

Күдері:

Жанкелге өлең сөзден кеткен дарып, Байлардай жүрмесе де малға жарып. Бұл Жанкел уәде сөзбен қолға түскен, Болмаса, жын ұрды ма түнде барып?

Ұлбике:

Ұлбике жүрген жолдан адаса ма, Біздерге жала сөздер жанаса ма? Қоймайсың, Жанкелді әкеп жапсыруды, Жан беріп, түсесің бе арашаға?

 «Күдерінің сөзі жала болса да, шынға айналып кетуі мүмкін, тоқтатыңдар айтысты», − деп, қариялар тыйым салыпты.

ҰЛБИКЕ МЕН МӘДЕЛІ ҚОЖА

Ұлбике:

Әке сөзін жасымнан жаттап алғам, Тал бойыма жинақтап, қаттап алғам. Жеке шығып, бәйгеден тұлпардай боп Өлеңімді әніммен баптап алғам.

Мәделі:

Жастайымнан сұлуды көп таңдаймын,

«Мінезіне ісі сай ма?» – деп, таңдаймын. Өздеріңдей сұлудың зәрлі сөзін, Көңіліме ауырлап, өкпе алмаймын.

Ұлбике:

Әудемжармен әуелі үнімді аштым, Он екімде өлеңмен тілімді аштым. Он үшімде өзімдей бозбаламен Жұмбақ айтып, өлеңмен жағаластым.

Мәделі:

Бақ-құт деген бармақтай болады екен, Қыз бен жігіт басына қонады екен.

Еркін өссе, екеуі он алтыда Аспандағы айдай боп толады екен.

Ұлбике:

Моншағымның әр тасы бір өлең-ді, Бесігімде үйренгем бар өлеңді.

Балапандай кезімде, қайран шешем, Тал бойыма дарытқан қара өлеңді.

Мәделі:

Сұлу қызға тұс-тұстан көз түседі, Қысылса да, аузыңа сөз түседі.

Өлең айтып отырған Ұлбикенің Кеудесінде бұлбұл құс тілдеседі.

Ұлбике:

Бес жасымда шешеме болдым шырақ, Сегізімде әкеме қойдым құлақ.

Тоғыз жасқа келгенде үрдей болып, Өлең айттым, Наурызда үй жағалап.

Мәделі:

Өлең айтып, бәдікте үніңді аштың,

Көп алдында қалқайып, маржан шаштың. Ат арытып, айтысқа келгендердің Арқасына ырситып, қамшы бастың.

Ұлбике:

Әуелден-ақ адамзат тіл, көмейлі, Шайпау сөз қыз жөнінде не демейді? Іздеп келген сол ақын кетіп қалған, Қой да үріккен жағына беттемейді.

Мәделі:

Бетке жақса, опа да әр береді, Ақ көйлекке қос етек өң береді. Сұлу қыздың жүрісі, жөні бөлек,

Ондай қызға қай жігіт тең келеді?!

Ұлбике:

Адасқан жүре берсе, жолын түзер, Арық ат жал біткенде, белін түзер. Айтатын осындайда жұмбағым бар, Күрмеуді шеше алмаған арқанды үзер.

Мәделі:

Көзі ашық адам ашар кітап бетін, Біліммен тоқсан тоғыз тілдесетін. Бір тілді ақын қызға қамдап келгем, Абайла, кездігім бар тіл кесетін.

Ұлбике:

Бүгінгі пісіргенім кеспе күлше,

Үш бұрыш, төрт бұрышты кеспе күлше. Жалын – оқ ішімдегі атылады

Бейауыз қай-қайдағы бөспе күлсе.

Мәделі:

Тон киер ару жігіт сәнді әдіпті, Хат жазар, орамамен жеті әліпті. Арғымақ асау тайдан қалып кетсе, Әйтеуір, не де болса, бір кәдік-ті.

Ұлбике:

Шықпайды неге ажырық сортаң жерге, Теңізде дәм тартпайды шортан неге?

Айта ғой, білгіш болсаң, өлеңіңмен, Кешке қарай шықпайды Шолпан неге?

Мәделі:

Білгендер балық жаны суда дейді, Тамыры ажырықтың буда дейді.

Жер үстін мекендеген Шолпан қыздың Шырқыраған шыбын жаны нуда дейді.

Ұлбике:

Әуелгі ел мен жұрттың тегі бар ма, Аспанның керегесі, шегі бар ма?

Тағы да ауыл көшсе мекендейтін Құдайдың жер астында жері бар ма?

Мәделі:

Екі айдың батар, шығар екі ортасы, Айтайын сен білмесең, үй арасы, Айта жүр, сұрай қалса, ел-жұртыңа Болмайды жер мен көктің шекарасы.

Ұлбике:

Ішінде әптиектің «пе» болады,

Қос ноқат қойса үстіне «те» болады. Айта ғой, білгіш болсаң, ей, Мәделі, Сұраймын: құс атасы не болады?

Мәделі:

Әуелден жаратқанның жолы аян, Өлеңге құлағың сал, бері таян.

Кем ақыл сен білмесең, мен айтайын, Болады құс атасы – Шегірбаян.

Ұлбике:

Бұқарда оқығанның өрісі бар, Балаға тәлім болар дәрісі бар. Қожадан оқып шыққан кәлпелердің Әйтеуір, қайда болсын ырысы бар.

ҰЛБИКЕ МЕН ТАСПА ҚОЖА

Ұлбике:

Ауыз ашпай отырсам, нетер еді, Күйкі өмірім өксікпен өтер еді. Ақын жігіт алдыма келген сәтте Өлең, шіркін, көңілді көтереді.

Жел тұрса, жеңіл нәрсе көкке ұшады, Отырсаң босқа қарап іш пысады.

Сағынғанда, сарғайып күткеніңде, Өлеңіңмен сыпайы келші тағы.

Орны бөлек әр сөздің, жөні басқа, Елі бірге әр қыздың жөні басқа.

Көрмегелі көп айдың жүзі болды, Серт етіп пе ең аулыма жоламасқа?!

Таспа қожа:

Шашың сұлу көрінер өрілгенде, Бойың сұлу көрінер керілгенде.

Қыз дегеннің жолы ұзақ, өзі жаттық, Ғайып болар жұлдызы көрінгенде.

Екі жақсы қосылса, бақ табады, Айдай болып ашылар қас-қабағы. Бойтанға да зәмзәмнің суындай боп, Ем болады сұлудың ақ тамағы.

Бөдене де табылса, дәнін жейді, Өлең айтқан өзінің жанын жейді.

Толған айдай толықсып өскен қыздың, Тентек Бойтан қалайша қамын жейді?

Ұлбике:

Өлең айтқам сен түгіл Мәделіге, Қалың қожа ішінде кәделіге.

Қалай-қалай сөйлейсің, қасқа қожа,

«Ақын екен Ұлбике» демеді ме?

Кімге керек өріктің дәнегі жоқ, Жаман шөптің малға да керегі жоқ. Өлең айтып не керек құны жоққа, Сәлделіге бөріктің керегі жоқ.

Күн жадырап, қыс өтсе, жаз болады, Алты ауыз сөз ақынға аз болады.

Өлең айтпай, сөз таппай қалған байғұс Көтергенге қаңбақты мәз болады.

Таспа қожа:

Барған жерің балауса майдан болсын, Көк аспаны Күні мен Айдан болсын. Туып-өскен жеріңнің бәрі жібек,

Өз аулыңдай бөтен жер қайдан болсын?

Қожалардың қыздарға салған демі Тоқсан тоғыз кеселге болар емі.

Қыз дегенің додаға түскен лақтай, Кім-кім тартып әкетсе, соның жемі.

Кейбір терек кеспей-ақ жығылады, Кейбір адам жау келмей, тығылады. Пір қаққанмен көк соққан бірге жүрсе, Ел арасын ыластап, ми қылады.

Ұлбике:

Әр жігіттің өзіне теңдесі бар, Әрбір қыздың ақылшы жеңгесі бар. Екі жастың арасын шошытатын, Таспаның да қолында инесі бар.

Қыз-қырқынның жаз болса, қолы тимес Тезек теріп, күнімен үйін көрмес.

Көрмей жатып Бойтанды, тұра қаштық, Бір бөріге он қыздың әлі келмес.

Көзіме ыстық керегем, шаңырағым, Саулық қойым, көк ешкім-маңырағым. Жас шағымнан атаған адамым сол, Сен секілді қожаны не қыламын?!

Таспа қожа:

Өлең айтса, ақындар сөз таңдайды Сұлуларды таразы көз таңдайды. Үрпек жүнді аққудың өзі екенсің, Кім біледі ол жақта Күн мен Айды.

Бай ұлының жүрісі басқа дейді, Құрығы ұзын, ақылы қысқа дейді. Бұл құлақта естіген не жазық бар, Екі аяқты, әйтеуір, нұсқа дейді.

Сол Бойтанның астында саяғы бар, Ұзын келген қолында таяғы бар.

Өзі қара, ағармас жыласаң да,

Сен сүйетін, шіркіннің, қай жағы бар?

Ұлбике:

Әркім аттар шамалап арығынан, Тамшы тамар қазанның жарығынан. Екі аяқты еркекте мін болмайды, Қыз да аңғарар жігіттің парығынан.

Жастай өскен жерімде бағыланмын, Онда кетсем, елімді сағынамын.

Қабыланның қолына түсіп қалдым, Жазғанына Тәңірдің не қыламын?

Көшкен елдің жақыны, ұзағы бар, Таулы, тасты, шөл дала, құз-жары бар. Қайда барсам, жолымды кес-кестейтін Құрып қойған Бойтанның тұзағы бар.

Таспа қожа:

Ат бауырын бапкерлер жаза алады, Қаршыға құс үйрек пен қаз алады. Ойнап-күліп қожамен қосылғанның Қайғы-дерті кеудеде тазарады.

Көсеуі ұзын адамның қолы күймес, Кембағалға мүліктің молы тимес. Сен қайтесің, Ұлбике, ол немені, Көз көрмеген пендені көңіл сүймес.

Қожа жігіт тон киер көк әдіпті, Орамамен хат жазар жеті әліпті. Осы түнде мінгесіп, бір кетейік, Тағдыр жолы, әйтеуір, бір кәдік-ті.

Ұлбике:

Айран болса, күбі іші бос болмайды, Бір-біріне жақсы адам өш болмайды. Өзі әкеліп, Құдайым қосса-дағы, Бөлтірік пен ақ қозы дос болмайды.

Ел-жұртымнан өсірген айналайын, Мына отырған орнымнан қозғалайын. Қожалардан өзінің теңін таппай, Ошақтыда қыз қалса, мен қалайын.

Қатайған жоқ қабырғам, талша менің, Бекіген жоқ әлі де қыпша белім.

Бері отырған орныңнан әріге отыр, Ұят болар, қолымды қыспа менің.

МӘДЕЛІ ҚОЖА МЕН МАЙЛЫ ҚОЖА

Мәделі қожа:

Ебің жоқ ат ұстауға, ордаңдадың, Сұңқар деп бағушы едім, оңалмадың. Әкеңнен жасық тудың жалтаң болып, Сен, шіркін, әкеңдейін бола алмадың!

Майлы қожа:

Мәделі, сауырың – керсен, белің – құшақ, Құдай қалап, асындың тіллә пышақ.

Асыл ердің ақыры жасық болған – Еш ұл тартып тумайды әкеге ұсап.

Мәделі қожа:

Айнымадым, әкеме мен ұқсадым, Туғанымнан асқар тауға бел ұсадым. Тепкі тимей, шалқаңнан жығыласың, Елдегі шын қорқаққа сен ұсадың.

Майлы қожа:

Әкең Жүсіп – аққан бір дария еді, Бақ қарап, қыдыр оған дарып еді. Жесір менен жетімнің қамқоры еді, Сен секілді бейрәһім сары ма еді?

Мәделі қожа:

Мен секілді ешбір жан туған да жоқ, Бүгінде пірін сыйлар ел қалған жоқ. Дұспанға кеткен емес менің арым, Қайрат-күшім атамнан кем болған жоқ.

Майлы қожа:

Ер Жүсіп ай қасқа атпен ұрған топқа, Сауыты тоқтау берген он бір оққа.

Жарым ай жамандықтан ыңырағансың Шыдамай, Түркістанда сен бір оққа.

Мәделі қожа:

Менімен кім тең келер ұлы дүкен, Сендерден зуаламды қылған үлкен. Мендегі қытайшаның оғы түгіл Апта сені ыңырантқан жиде тікен.

Майлы қожа:

Мәделі, ер емессің, сен – бір ұры, Ұрының жалтақ ата дейді пірі.

Әлімқұлдың қосыны кеп қалғанда Мәделінің бір түнде кеткен сұры.

Мәделі қожа:

Шардарадан мен кеттім оймен қашып, Кепелік дарбазаны бергенде ашып.

Жақыпбектен көмек жоқ, өзіміз аз,

Бұл істі парық қылмайды сендей сасық!

Майлы қожа:

Шардарадан сен кеттің оймен қашып, Кепелік дарбазаны бергенде ашып.

Жүсіптің жаудан қашқан жері бар ма, Мен жасық боп туғанда, сен де жасық!

Мәделі қожа:

Туғаннан мен атамнан зор боп тудым, Сен атаңнан туғаннан қор боп тудың. Атқа мініп, даладан мал таппайсың, Етің – жасық, сүйегің бор боп тудың!

Майлы қожа:

Мен неғылып атамнан қор боп тудым, Сен неғылып атаңнан зор боп тудың? Аз ғана ауыл қожаны алты шауып, Зор болмадың, қожаға сор боп тудың!

* * *

Майлы қожа Сұлтанқожаұлы:

 ... Бір топ жолаушы жолда келе жатып: «Шаршадық қой, ат шалдырып алайық», − десіпті. Кейбіреуі: «Ай- далада ақиып отырғанша, түстене отырып, шалдырайық аттарды», − депті. Іштерінде Майлықожа, Құлыншақ, Мәделіқожа ақындар бар екен. Басқалары: «Осы үшеуі бірігіп, бір ауыз өлең айтсын. Солардың пікіріне қарай көрелік», − деген ұсыныс жасапты. Соны- мен Майлықожа өлеңді бастап, Құлыншақ – орталап, Мәделіқожа аяқтамақ болыпты. Осы келісімге сәйкес туған бір шумақ өлең:

Майлықожа: Шаңқылдап, күшіген құс бүркіт болмас, Құлыншақ: Қара су сапырғанмен іркіт болмас.

Мәделіқожа: Таздың басы, саңыраудың құлағы екен, Бұл жерге аттың басын іркіп болмас.

ҚҰЛЫНШАҚ ПЕН МАЙЛЫ ҚОЖА

Құлыншақ:

Қожеке, есенсіз бе, сәлем бердік, Мүбәрәк жүзіңізді жаңа көрдік. Жүзінде мөріңіз бар қожа екенсіз, Жоқ шығар көңіліңізде тәкаппарлық.

Майлы қожа:

Құлыншақ, сәлем берсең, сәлемет бол Қарсы алып сәлеміңді, беремін қол.

Сіз сәлем берсеңіз, біз әлік алдық, Сүннәті пайғамбардың жазулы жол.

Құлыншақ:

Осындай мәжілісті неше көрдім, Әмбеден халыққа жақсы есендерің. Бейтап деп сыртыңыздан есітіп едік, Қожеке, айықты ма кеселдерің?

Майлы қожа:

Құлыншақ, Көтеншіде сенің атың, Біледі сырттағы адам сөздің қалпын. Құданың дәрігәһіне шүкір қылып, Айықтым аман-есен, азаматым.

Құлыншақ:

Қожеке, мінезіңнің ұяңы бар, Кісіге айтысқанның зияны бар.

Мұны қалай көресің, тақсыр, пірім? Ойлаған мына көптің қиялы бар.

Майлы қожа:

Ілесіп қиялыңа ақылың кем бе, Менімен кім айтысар сенен өңге?

Бозбала бәрімізді жарға итерер, Айтқанға ақылың болса, тіптен, көнбе.

Құлыншақ:

Қожеке, сөзіңе жұрт тоймас ұсайд, Бозбала бір-біріне ойлас ұсайд.

Бірінен – ат, бірінен тон киюші ек, Шамасы, көп борышымыз қоймас ұсайд.

Майлы қожа:

Ақын ең бағың қалың, озған атың, Жеңіпсің Кіші жүздің Барақатын. Өлеңді қой, ендеше, біраз тыңда, Қожаңның айтып өткен насихатын.

Жиналдың үлкен, кіші үйден, түзден, Тайда құйрық жүйрік ек, атқа сүзген. Майлықожа, Қоңыраттан Құлыншақ боп, Екеуміз шығып едік Орта жүзден.

Өлеңін екі ақын қайым етер, Ақылдылар сөздерін пайым етер. Екі жүйрік егесіп, шаршаған соң, Зорығып, біреуінің пайы кетер.

Мақтармыз ішінде өскен елімізді, Әруақты ел ішінде ерімізді.

Әрмен, бермен ырғасып белімізді Көздерміз жығатұғын жерімізді.

Бұл уақта сөз сөйлеуге сайланарсыз, Бір уақта көңіліңізге қайғы аларсыз. Бар едік екі жүйрік Құдай берген, Сауырына біреуінің байланарсыз.

Бар едік екі ақын мақтап жүрген, Жоғары мен төменге сақтап жүрген. Екі жүйрік егесіп, шаршаған соң,

Аты озар бір бөтеннің жақтап жүрген.

Құлыншақ:

Қосылдық екі жүйрік сайымызға, Бір нұқсан түспегей дайымызға. Тайсалмай, айтыспаққа қамдана бер,

Бозбалалар қоймас ұқсайд жайымызға.

Майлы қожа:

Өлеңге мен де дүрмін, сен де дүрсің, Шамасы, екі дүрге бопты бір сын.

Шалсаң да, көтерсең де, мылт демеймін, Көңіліңнің сүйгенін қыл, мейлің білсін.

Құлыншақ:

Қожеке, келмей жүрген бұл ел соның, Ала жүрген Қоңыраттан ат пен тонын. Жоғарыдан, тақсыр-ау, келе қапсыз, Келсеңіз, қош келіңіз, болсын жолың!

Майлы қожа:

Жұлдызы жортқан ердің оң болсын да, Айтқандай, Құлыншақ, жол болсын да. Аузыңның қыдыры бар кісі едің, Олжамыз Құдай берсе, мол болсын да.

Құлыншақ:

Тақсыр-ау, сіз обадан сескеніпсіз, Осы күні дүниені ескеріпсіз.

Келмеген жұртыңызға келе қапсыз, Ағам Мерген асына қош келіпсіз.

Майлы қожа:

Дүниеден өте қапты ағаң Мерген, Келмей жүрген қожа едім, келдім өрден. Туғаныңа айт, жолымды мықтап қылсын, Саған берген болады маған берген.

Құлыншақ:

Қожа едің келмей жүрген, келдің өрден, Келгеніңде орынды бердім төрден.

Қошемет қылсаң, Қоңыратқа жарасады, Ежелден қоңсым едің ауқат көрген.

Майлы қожа:

Осы ма сияпатың, кеп ем өрден, Әр пенде еңбегімен ауқат көрген.

Асыратып мен саған ақсақ шал ма ем, Қоңсым деп, не сөз айттың, келген жерден?

Құлыншақ:

Қожа едің келмей жүрген, келдің өрден, Келгеніңде орынды бердім төрден.

Қоңсым десем, тақсыр-ау, қоңыраясың, Жалғасқаным бекер ме ед дүние зерден?

Майлы қожа:

Мен сенің ел-жұртыңды кем демеймін, Мен сендей өтірік айтып, өңдемеймін.

Бай Қоңырат, бар Қоңыраттан алғам шығар, Құлыншақ, несін ап ем сен кедейдің?

Құлыншақ:

Қалай-қалай қожа едің аузың залым, Сыртында кім болсаң да, ішің мәлім. Құдай берген дәулетім менің қалың, Ықырар болсаң, тапқаның – менің малым.

Майлы қожа:

Айтар ең ондай сөзді жұлдыз көрсең, Қонысты түнде көмбей, күндіз көмсең. Дәулетің сонша тасып жүрген уақта Үргенішке Телқозыны жібермес ең.

Құлыншақ:

Қарашы егесуін өліп-өшіп, Ежелгі қоңсылықпен күнің кешіп. Айраныма жаздым ба, тұз арамы,

Енді отырмай, қасымнан кеткін көшіп.

Майлы қожа:

Жеті атам Көк ұлының ішінде өсіп, Осы жерде кір жудым, кіндік кесіп. Қаңғырған бір саңғылдың кедей иті, Мақұл енді кетейін Ташкент көшіп.

Құлыншақ:

Мүсәпірсіп келіп ең келгеніңде, Айтқаныңды қылушы ек дегеніңде. Тыңдатқын басқа адамға өлеңіңді, Нең бар, қожа, өзімнің көп елімде.

Майлы қожа:

Мен – күміс, сен мыспенен жанаспаймын, Адамым аз, сенімен санаспаймын.

Жиделібайсын Үргенішке әкім болғың, Мен сенің бұқараңа таласпаймын.

Құлыншақ:

Қожеке, бауырыңда жел сөзің бар, Қожалыққа келсең де, бел сөзің бар. Қоңыраттың көптігіне таласпасаң, Қақыратпай, аз қожа, не сөзің бар?

Майлы қожа:

Осы ма айтқан сөзің кесірленіп, Сен әлі мақтанасың несін көріп?

Қалың Қоңырат болғанда, қай жауды алдың, Қаңғыған бір Кетеге жесір беріп.

Құлыншақ:

Бар болса, кеңшілігім, би боларсың, Бес-алты жел сөзбенен сый боларсың. Бұл сөзді қалың Қоңырат естімесін, Телі-тентектің қамшысына и боларсың.

Майлы қожа:

Көріп ем бір Кетеден сасқаныңды, Соған қылсаң нетеді тасқаныңды? Асырап, әр пендені Құдай сақтар, Тастай бер, тіреп тұрған аспаныңды.

Құлыншақ:

Осы жерден бөтендік қып сыр бергенің, Қоңыратты мұндай десең, бір көргенің. Тұз арамы екенсің, арам қожа,

Ежелден Қоңырат еді күн көргенің.

Майлы қожа:

Бұл сөзді не деп айттың, Құлыншақ, пақыр, Қазақы сен бір ақын лақпа ақыл.

Пенде деген пендені асырай ма екен? Қатының талақ болды ғой, өзің кәпір.

Құлыншақ:

Қожеке, екенсіз ғой ақылсыз жан, Басыңда айыбың көп мыңменен сан. Келмегөйдің баласын кәпір дейсің, Ла илаһи иллалла, мен – мұсылман.

Майлықожа:

Құлыншақ, сен бір арсыз ақын ба едің, Сөзіңді өзің айтқан мақұл көрдің.

«Асырадым» дедің де, діннен шықтың, Бұл тіліңе жараса, кәпір дедім.

Құлыншақ:

Қожеке, келмей жүрген келді кезім, Бұл сөзді айтпайтұғын айттың өзің. Кәпір мен мұсылманды ажыратқандай, Болды ма Әмір-Темір сенің көзің?

Майлы қожа:

Кәпірлік сенен болмай, кімнен болар, Көңілі адамзаттың гүлден болар.

Асырадым дедің де, діннен шықтың, Бір ауыз діннен шықпақ тілден болар.

Құлыншақ:

Қожаның да ішінде бар-ды қожа, Кей қожаның үйінде арақ, боза. Арақ ішіп, айтасың өтірікті, Кереметің қожа боп, жоқ қой маза.

Майлы қожа:

Қожаның не ісің бар қожасында, Ішіп жүрген арақ пен бозасында? Сені Тәңірі алды ма барымтаға Сол арақ пен бозаның жазасына.

Құлыншақ:

Қожаның қараңыздар қожасына, Ішіп жүрген арақ пен бозасына. Арақ пенен бозасын мойнына алды, Қараңдар, шайтан пірдің мазасына.

Майлы қожа:

Қожаның ішінде де бар-ды қожа, Арақ пенен бозадан өзім таза.

Арақ пенен боза ішкен қай қожа бар, Құдайым әр пейілге берер жаза.

Құлыншақ:

Бір сөзді айтпайтұғын айттың маған, Мен де лайық сөз айттым, тақсыр, саған. Арақ пенен бозаны бірдей ішер – Қасыңдағы жолдасың – Мәделі ағаң.

Майлы қожа:

Шешесі Мәделінің – апаң Қойқан, Келе сап Апақайды қылған сойқан. Нағашысы, арамқор, сен болған соң, Жиендерің қылып жүр ойпаң-тойпаң.

Құлыншақ:

Тәсірі домбыраның тиегінде, Сөйлер сөздің тәсірі иегінде. Есі шыққан есірік, есер қожам,

Жапсырдың маған неғып сүйегіңді?

Майлы қожа:

Сен едің жеті атамнан сүйенгенім, Жұғатын сүйенгенге киелерім.

Нағашысы жігіттің бір ел дейді, Бұзақы-шатас туды жиендерің.

Құлыншақ:

Бұл сөзің мұныменен тұрсын, қожам, Қара дауыл өлеңге дүрсін, қожам.

Бұзығыңды итеріп, құтылмақсың, Бұралқы ішімдегі қоңсым, қожам.

Майлы қожа:

Бекер ме әуел бастан қожа екенім, Әліміз ада, ақсүйек, таза екенім? Қожаны қоңсымсың деп не деп айттың, Ақылыңның білдім енді аз екенін.

Құлыншақ:

Қожеке, шайымды ішіп, етімді жеп, Қарайсың тікірейіп бетіме кеп.

Ташкенттен әуел бастан шыққаныңда, Қоңсы болып, қонып ең шетіме кеп.

Майлы қожа:

Арабта Құрайыш дер, атам – Әшім, Отыз үш ата туған кәрі-жасым.

Тіріде – пір, өлгенде туың едім, Құтылар қоңсылықтан қайдан басың?

Құлыншақ:

Құлыншақ сөйлер сөзден ұялмайды, Жалғанда жаннан айыл жия алмайды. Мыңға бір үй келмейтін аз қожаға,

Көп Қоңырат қоңсылыққа сыя алмайды.

Майлы қожа:

Әуелі палуан өткен Үрістем-дастан, Екінші – Әзірет Әлі дінді ашқан.

Қылышынан қорыққаннан мұсылман боп, Сен маған қоңсы едің әуел бастан!

Осы жерде Құлыншақ сөзден тосылып, тоқтап қалады.

Майлы қожа:

Қазанатты қаңтарғын, терін жесін, Үш күн, үш түн шапса да, ерінбесін. Қазақының жүгенін сыпырып ал, Онан-мұнан шөгірек теріп жесін.

* * *

ҚҰЛМАМБЕТ, ТҮБЕК, ТЕЗЕК

Тезек:

Албанның көрдіңіздер Тезек ханын, Тезектің бір жағы − ақын, бір жағы − әкім. Айтуға төре өлең ұятырақ,

Сендердің өлеңдерің бойдай талым.

Бәрің де түйем менен атымды алдың, Қырсығын кестім талай ақындардың. Үш жүзден озған Түбек келе жатыр, Бересіңдер не жауап, ақындарым?

Тезекті шалқып жатқан көл дейсіңдер, Ордаға өкпелесең, келмейсіңдер.

Үш жүзден озған Түбек келеді дейді, Келгенде, ақындарым, не дейсіңдер? Ұзаққа қайсың шауып, сермейсіңдер, Түбекке қайсың ер боп, бермейсіңдер? Бұл Тезек – миуалы жеміс ағаш, Келгенде сағындырып, жем жейсіңдер. Егізақ, Тоғызақпен тыңда, шырақ, Түбектің келе жатқан жері жырақ.

Құлмамбет, Шаншар ақын, Түбек келсе, Қарғадай тұрып қалма бәрің шулап.

Құлмамбет:

Хан Теке, қасиетің ұшқындаған, Жан едім өз бетімен іс қылмаған. Тұлпардың тұяғындай асыл едің,

Ышқынып, жау келгенде пысқырмаған.

Ежелден темір сауыт жігіт едің, Найзаны қиясына қыстырмаған. Тұлпардың озып жүрген біреуі едің, Шапқанда шылауына шаң жұқпаған.

Тезек:

Көк мұздан тағасыз ат тайғанақтар, Мұндайда жаман ақын сипалақтар. Ақыннан сондай үлкен қаупің жоқ па, Болмай ма сұрап жүрсең, зәнталақтар?

Түбекке хан Тезекті бермеңіздер, Өз басына мін тағып, көнбеңіздер. Бұл жолы осы шалдан жеңілсеңдер, Орданы тірі болып көрмейсіздер.

Құлмамбет:

Бетіне мысықтай-ақ бір шабайын, Түбектің барлық жайын ұқтыр маған. Адамның қара тілді бұлбұлысың, Сөзіңді адамзатқа ұттырмаған.

Болғанда ер ағадан, тон – жағадан, Соғады арлан бөрі тау сағадан.

Кепәрат сондайыңа болайын деп, Алтынды аттап жүрмін босағаңнан.

Қаптаған қалың өртке қарсы шаппай, Қатын боп қашалық па осы арадан? Ордаңның халімізше қызметі үшін, Айналып қорғап жүрміз қанша бір жан.

Құлмамбет – менің атым, Құланаян, Екенім Құланаян Құдайға аян.

Түбектің сарындары жаман еді, Тақсыр-ай, мұның жайын қылшы баян.

Мұндайда сөз табады ердің ері,

Хан Тезек, болып тұрсың елдің белі. Тақсыр-ай, біз жеңілсек, өз намысың, Бар ма еді бұл Түбектің кемдіктері?

Тезек:

Арқадан Найман ауып келген деймін, Дәулеті біздің елден төмен деймін.

Аштықты доңыз жылы көтере алмай, Нан алып, кісі сатып жеген деймін.

Бәрің де бұл Түбектен бұрын сақтан, Түбекті ұшан-теңіз өлең деймін.

Біреуі қатынының жады қылып,

Жеті жыл шөгіп жатқан шемен деймін.

Болмасын тәкәппарлық, мақтан деймін, Түбектен күні бұрын сақтан деймін.

Арқадан Қаракерей ауып келіп, Доңызда біздің ел[ді] шапқан деймін. Шабындық, ашшылықты көтере алмай, Адамын қара нанға сатқан деймін.

Сонда хан ордасына кіріп келген Түбек: Ассалаумағалейкум, хан ордасы, Жаратқан Құдай артық нән ордасы. Қызырдың шылауына қызмет қылған, Желаяқ, үш жүздегі мен – жорғасы.

Қызырың қыз ойнамас болып жүрген, Жүрмісің аман-есен, жұрт ағасы.

Келмейтін мұсылманның шегіндегі, Абылай бақыт қонған мұнарасы.

Пері ме, періште ме, адамзат па, Адамға мәлім емес бұл арасы. Бұлардың қай нәсілден жаралғанын, Арабтың аша алмайды ғұламасы.

Бұлжытпай сұрағанын берді істеп, Бұлардың құдасындай бір Алласы.

Ішінде көп ағаштың бау жидесі, Секілді тіл үйірген тау шиесі.

Ақсүйек, алтын жүзді, даңғыл жүрек, Адамның бұл жақтағы әулиесі.

Жарасқан ақбоз атқа асан тамға, Жігітсің саяң түскен мұсылманға.

Атаңның ақ аруағына нары келді, Кеткелі сәлемдесіп Тезек ханға. Самұрықтың екі басты балапанын, Өлсем де, теңгермеспін тірі жанға. Атаңның қанды балақ құсы келді, Тиіскен қиясынан қашқан аңға.

Жау шапқан қиясынан айбалтасы, Атаңның бақ қонғаннан басып санға. Атаңның Алтай інді ақ бүркіті, Айналып келіп отыр осы таңда.

Бар еді қонақтайтын бір тоғызым, Көрінген мұнарландым мына жолда.

Олжа алған оза шауып, кермаралым, Қазақтың мекен еттің кең аралын.

Баршасын жер-дүниенің өрт алғанда, Қорғалап, бір бұтаға паналадым.

Қырандай аспандағы көз жіберіп, Келешек болар істі аңлағаным.

Затыңа зиярат қылып келейін деп, Атаңның аруағы еді арнағаным.

Пері емес, періште емес, азамат-ақ, Қасиет Алла берген қолда барым. Адамның баласынан артық туған, Пөлкендік, өз әлінше жандаралым. Хан Тезек, манаурамай байқап отыр, Түбектің ұрандаған бар хабарын.

Тұяғы ақ бүркіттің сая тисе, Демегін келгеніңді аңламадым.

Абылай аққу еді өрге жүзген, Секілді ақ балапан көлге жүзген. Дәулеті Абылай хан қонғаннан соң, Ағыздың сүттен бұлақ іргеңізден. Сайтанның кесірленіп тілін алсаң,

Бақ, дәулет айрыларсың дүниеңізден.

Ішінде көп ағаштың екпе алмадай, Дабыспаз жігіт едің көк қарғадай. Дәулеті Абылайдың қонғаннан соң, Кетіпсіз Құдайды да ойға алмай.

Дабысың тау көріктей гуілдеп тұр, Сартылдар қылған ісің төс балғадай. Тартасың аяғыңды, хан Тезегім, Тұрғанда бақытың борап жауған қардай. Түбекті кеп отырған көремісің,

Алдыңа Түбек келді шөккен нардай. Бала емес Түбек саған анау-мынау, Аруақтың ескі құры, аты дардай.

Түбекті кеп отырған көремісің, Жігіттің ұшқындаған желеңісің. Құтылып оқталғаның кетпейтұғын, Адамның қара сырттан берені сен. Сөзіңді жақтырмаған естімейтін, Құлақсыз заманның кереңі сен.

Жұтса да, дүниені тоймайтұғын, Жалмауыз, бұл дүниенің тереңі сен.

Үш жүзден асқан Түбек келіп отыр, Бір нәрсе бұл Түбекке беремісің?

Қисыққа барып келдім, тоғыз алып, Қарғап па сені Құдай одан қалып? Төре емес, құл да берді алты тоғыз, Бересің он тоғыз қып, ашуланып.

Есерден осы келген қауіп етсең, Сүйекке бір тамғаны басуы анық.

Хан Тезек, қимадым-ай атыңды, атағыңды, Ез болсаң, тастап көрші басымды алып.

Енді Құлмамбет айтады: Құлмамбет – менің атым, Құланаян, Дегенім менің Құлан Құдайға аян. Құлмамбет – менің атым, Құлан еді, Бәйдібек – атамыздың ұраны еді.

Арғы атам Төбе бидің төрт баласы, Ұрандап, төрт биікке шығар еді.

Майқы би Абылайды меншіктеніп, Ханымнан құндыз қияқ сұрап еді.

Ешкімнің сұлтанымда таласы жоқ, Осының меншіктеген мұрагері.

Қаламды бытыраңқы, тарап жүрген, Әулеті Абылайдың сұрап еді.

Керейдің қаңғып жүрген шемен шалы, Ие боп мынау қайдан шыға келді?

Бай болсам, бұл ордаға келемін бе, Таң қалған алаш ұлы өлеңіме.

Керейдің қаңғып жүрген шемен шалы, Бұл жаққа тамашамын келгеніңе.

Мал іздеп, әлі күнге қаңғып жүрсің, Өзіңнің жақын қапты өлеріңе.

Қаңғыру қартайғанда жөн бе саған, Ішіңнің қарамастан шеменіне.

Жасың да жүзден асып кетіп қапты, Шыдамай жүр дейтұғын өтеріне.

Керейдің қаңғып жүрген кәрі айғыры, Үйсіннің шайнатарсың дөненіне.

Алтайдан алжып ұшқан, кәрі бүркіт, Мәз болып тышқан алып жегеніңе.

Қисық құл барғаныңда тоғыз берсе, Шіркін-ай, келтіріпті кемеліңе.

Төрені құл құсатып ала алмайсың, Дәндеген кете бергін сол еліңе.

Төремді айтыстағы жеңсең алғын, Төремді жеңілмесем, беремін бе?

Түбек сонда былай дейді: Құлмамбет, осы сөзің жөн бе деймін, Құдайға бәріміз де пенде деймін.

Менімен айтысуға, таз Құлмамбет, Басыңа қайдан бітті кеуде деймін? Жігіттің селтеңдеген серкесі өлер, Шырағым, шыға қапсың дөңге деймін. Әуелі сен менімен айтыспай-ақ, Кемдігін өз басыңның жөнде деймін. Тапқансың сұмырайлық мінезіңнен, Басыңда бір қылшық жоқ емге деймін.

Күшіңді маған қылар, жұртқа қылып, Басыңды тұзды сумен емде деймін.

Түбі осы, жота жердің қаңбағысың, Кетерсің қазір ұшып, желге деймін. Қызғыш құс қаражағал, к...і күйген, Ие бола қалыпсың көлге деймін.

Қарашы, көзді ашып, таз Құлмамбет, Адамың қалжыңдайтын мен бе деймін? Әліңді байқамастан айға шауып, Мүсәпір боп қалыпсың демде деймін. Халықтың несібесін ала берген, Ешкімнен қала алмайды кенде деймін. Сен өзің байқап көрші, байғұс бала, Біздің бақ сіздің бақтан кем бе деймін? Адамды көп жасаған жақтырмасаң, Жасыма менің келген, келме деймін.

Егер мен шыныменен назалансам, Шықпассың мұнан былай дөңге деймін. Қаптатсам қара боран – кәрі жынды, Кетерсің қазір кіріп жерге деймін.

Құлмамбет деген ақын сен бе деймін, Болғансың қашан ие көлге деймін?

Басыңның қыршаңқысы жұғып кетер, Қасыма менің жақын келме деймін.

Құрысын хан орданың сахабасы, Тимесін кесапатың елге деймін. Қорыған байдың малын сорлы екен,

Шын қолыңнан келе қойса, берме деймін. Қолыңнан, байғұс, сенің не келмекші?

Мұрныңды соза берме өрге деймін.

Жарасқан ақбоз атқа асан тамға,

Хан Тезек – алтын есік барша жанға. Ұжмақтың дүниедегі есігіндей,

Тең ортақ – алтын есік – хан, қараға. Қараңғы түннің ішін жарып шыққан, Сен бөгет бола алмайсың атқан таңға. Құлмамбет, сен білемісің төре сырын, Білмейсің мәңгүрттеніп кімнің кімін? Алған соң біздің қызды хан атанды,

Сарт еді сары құлақ онан бұрын. Қаздырып ата тегін алмадың ба, Кетпесін, байғұс бала, ісің қырын?

Мен алсам, ұрлық жеген ханды аламын, Сен әлі қажап жүрсің айыл жібін.

Жынқақты сен сияқты қотыр тайға, Қандайынан сөз айтпақшы мынау сорың? Өзіңнің қатарыңа соқтықпастан,

Байғұс-ай, отырсың-ау қылғалы ырым. Ырымың қырын кетіп, құрымағын, Байқамастан сорлы бала өлетұғын.

Алашта бидай терген мен бір тауық, Отыр ма айтысуға көңілің ауып?

Әнім менен өлеңімді үйреніп ап, Өлтірді-ау, осылар-ақ бетке шауып. Алыстан аң іздеген арыстан ем, Бір күшік к...і күйік, алды қауып.

Ойлама қартайды деп бұл Түбекті, Бұл Түбек әлі болса темір сауыт. Апырай, Құлмамбеттің кеудесін-ай, Өзінің сөйлеспестен теңін тауып.

Еңкейіп өз к...е қарамастан, Біреудің сөйлемекші кемін тауып.

Сөйледің кімді мақтап, кімді боқтап, Сөйледің кімді сүйеп, кімді жақтап? Сөзіңді алда келер, артта айтып, Басқармай, сандаласың тапырақтап. Сөзіңді бұдан былай байқап сөйле, Ұрынбай соқырларша апырақтап.

Бекітпей буыныңды босқа ұрынсаң, Бір жерге жоғаларсың қалтырақтап. Қайтпасын жас жүрегі, – деп отырмын, Қазақтың аруағы мен салтын сақтап.

Болмаса төреңменен қойып тұрып, Шаң қылып, кетер едім жерге таптап. Үш жүздің жанып тұрған шаласына, Ұрынар жаннан безген қай ақымақ? Хан Тезек ырғалады қайыңдайын, Судағы Түбек жүзер жайындайын.

Тезекке тағы біраз болысып көр,

Сені мен Тезегіңнен айырмайын. Қимылдап, тағы біраз қарсы шапшы, Жеріңнен төстеп тұрған қайымдайын. Шаптығып, шатаяқтап қарғып көрші, Иіңді ішіңдегі пайымдайын.

Көңіліңде сөзің болса, тағы айтқын, Көңілін жас баланың қалдырмайын.

Құлмамбет:

Құлмамбет – менің атым, Құланаян, Сес қылып, құтылмассың бұдан менен. Құтылып кету саған оңай емес, Сапырып борандатқан тұманменен.

Алжыған күшігенім, ойнап көрші, Біз тұяқ, жас балапан – қыранменен.

Алжыған сендей шалдың керегі не, Саялы қондырмаймын терегіме.

Аюдай “сондаймын” деп ақырсаң да, Төремді тірі тұрып беремін бе?

Қалмапты қу құлқының әлі күнге, Жақындап жүрсең-дағы өлеріңе. Бір тоймассың жесең де,

Кісі сатып көрінгенге.

Төремді арашалап ала алмасам, Бұл жерге Қарқарадан келемін бе? Қисық құл барғаныңда тоғыз берсе, Шіркін-ай, келтіріпті кемеліңе.

Сөйлейсің алжып тұрып, жасаңдайын, Бекітіп буыныңды қатаңдатып.

Үш жүзден асқанмын, – деп, айтпай-ақ қой, Қаңғырған дуанасың асауланып.

Керейдің қаңғып жүрген шемен шалы, Өлеңіңе қоныс қондым қашан барып? Әркімнен қайыр сұрап дуанаға,

Ат пенен киіп жүрсің шапан алып. Бәйгеге құйрық сызып қосылатын, Құрыған қу заманың қашан қалып? Баяғы доңыз жылғы ашшылықта, Баласын нанға сатқан атаң ғаріп.

Бір табақ қара бидай салып беріп, Жалайыр қалмап па ед, апаңды алып? Тұқымың сонда құрып қалмақ еді, Ап қалды тұқымыңды атам бағып.

Керейдің алжып жүрген шемен шалы, Кім сенің күн көріп жүр батаңды алып? Тастай түс, тіреп тұрған аспаныңды, Жасқанып, бұл сөзіңнен шошынбадық.

Айтасың мұны не деп, алжыған шал, Кемшілік бұл Тезектің қай жері бар? Үйірге бір байталды қостым дейсің, Биеңді міндет қылсаң, қайтарып ал. Керейдің нанға сатқан қыздарының, Төре алса, қай жерінен арманы бар? Ашыңды қызын алып асырадық, Әкеңнің енді қандай қалғаны бар?

Міндет қып неменеңе келдің, Түбек, Көтерем секілденіп қотыр үлек?

Дау іздеп, қайыр сұрап жүруменен, Қалыпсың сұқсырдай боп, мұнша жүдеп. Керейдің Үйсін шауып алған малын, Келдің бе, алайын деп соны тілеп?

Қадірлеп, басын сыйлап шақырғандай, Күшенесің аяғыңды сонша шіреп.

Аузыңнан отты жалын сөз шығады, Аспанды тұрғандай-ақ қолмен тіреп. Өлерсің күл-талқан боп, жардан ұшып, Көңіліңмен азуыңды айға білеп.

Үш жүзден асқанмын, – деп, шіренесің, Болмақсың алжып жүріп кімге тірек?

Түбек:

Құлмамбет, талай жерде сенің кеудең, Таппақсың қанша пайда бұлай деуден? Бұрыннан келе жатқан із бар ма екен, Баласын бір қазақтың ұлтқа бөлген?

Атаңның аруағына ит қосасың, Ақын деп сені айтуға үлгі көрген. Қолыңа мылтық беріп, қоя берсе,

Өзінің итін атар жаман мерген.

«Биеңді аштан өлдің, қайтып ал», – деп, Түбекті ұстадың-ау жаман жерден?

Шаптығып, аласұрып отырғанда, Осы ма айтар сөзің барлық сенген? Арқада доңыз жылы аштық болып,

Шын айтасың, наймандар ауып келген. Ел болып осы жақтағы туысқаным, Жаны ашып, жайлы қоныс тауып берген. Халықтың бір шеті – бай, бір шеті – май, Қазақпыз бірге туған, бір бауырлас, Осындай сыйласуды сауық көрген.

Кетті деп дінін бұзып, кәпір болып, Албанды неше мәрте шауып берген. Қыз беріп қалмақтарға, дінін бұзып, Сақтанар біздің қазақ қауіпті елден. Аш итті бір шолақ ит қуып жүр деп, Бұл жерді бұл қу қайдан тауып келген?

Хан Тезек, күдер үздім ақыныңнан, Тайыпсың мұны ақын деп ақылыңнан. Қарашы, Құлмамбеттің ғәзәзілін, Тезекті айырмақшы қатынынан.

Сарттығы сары құлақ білінеді, Көргенің ұрлық жақыныңмен. Күшікті еркелетіп қоя берсең, Бір күні тістей алар тақымыңнан.

Қызымды ашулансам кетем алып, Байлап қой есегіңді, арқан тағып. Айрылған үйірінен сәуірік оңбас, Жайласын құл мен құтан тоқым салып. Құланның пәңгі айғыры секілденіп, Бас салар еркегіңді оқыранып.

Сарттардың байлап қойған есегіндей, Алысып жұрт жабылып, жүрсін бағып. Ақырып, пәңгі сартың жылап жүрсе, Әкеңді байқайсыңдар сонда танып?

Асылып, оқыранып еркегіңе, Аулыңда мазаңды алар әңгіленіп.

Мұрнына жылауықтың иісі тисе, Сонан соң, пәңгі төрең кетер қаңғып. Төре емес, сенің мұның апиыншы, Төре деп мұны сендер жүрсің сан ғып.

Тезек:

Арасы үш мың жылдың сират деймін, Ұжмақта иманды құл тұрад деймін.

Айтысу мұндай жерде жарамайды, Құлмамбет, айтпай-ақ қой, шырақ деймін. Байғұс-ау, жас айғырмен таласасың, Кетерсің бір күн жардан құлап деймін.

Төрені келе сала омырауладың, Осы жер келіспейді бірақ деймін. Жазаңды мен сөйлесем берер едім, Айтуға төре өлең ұят деймін.

Абылайдың ордасында кез кеп қалдың, Әйтпесе, көрер едім сынап деймін.

Келіпсің қартайғанда Құдай айдап, Он түйе, айдап кеткін бір ат деймін. Келгенде алжып жүріп, түк бермесем, Кетерсің наза болып, жылап деймін. Тезекпен өлең айтып, алдым деме, Әншейін алдым дерсің, сұрап деймін.

ҚҰЛМАМБЕТ ПЕН МАЙКӨТ

Құлмамбет:

Шақырған ертең ерте қызыл тауық, Жағалап Семей, Шуды қылдым сауық. Ертіс бойын жағалап Алматымен, Сарыарқа бес дуанға салдым сайран. Қырғызда қара Бәйтік той қылыпты, Сол тойға бармақ болдым зауқым ауып.

Сол тойға барарымды енді білдім, Үстіме киім киіп, жең сұғындым. Қасыма алты жігіт ертіп алып, Елімнен бір мал айтып, атқа міндім. Қоқаннан саудагермен келеді бөз,

Құлағың естігенді көреді көз. Қырғызда қара Бәйтік той қылғанда, Құлмамбет Майкөтпенен сөйледі сөз.

Барады заман, шіркін, бізден өтіп, Заманнан не бітірдік үміт етіп.

Арада есептесер бес күн өтіп, Дегенде алтыншы күн, келдім жетіп.

Болса да көрмеген күн жалған екен, Әр жерге біздің нам да барған екен. Аруағы Домалақтың көтер дедім, Жиылып қырғыз, қазақ қалған екен.

Әркімнің айтқан сөзін ойлап келдім, Құлағын домбыраның бұрап келдім. Алыс пенен жақынның кімі бар деп, Бәрінен қазақ, қырғыз сұрап келдім.

Құлмамбет, сөзім тыңда, батыр, – деді, Қалмайын саған айтпай ақыл, – деді. Майырдың Құдайберген бір баласы, Бұл тойда Рысқұлбек жатыр, – деді.

Көзіміз осындағы көрген, – деді, Бізге де әңгіме етіп берген, – деді. Деген бір қыздан туды өсегі бар, Қасына Майкөт ақын ерген, – деді.

Аузыма десте-десте өлең кірді, Жадыма ілгергі өлең тамып берді. Құлмамбет Майкөтпен айтысар деп, Сауық қып қырғыз, қазақ бірге жүрді.

Әуелі сыйынамын Жаппар аққа, Сыйынам, жәрдем ет, – деп аруақтарға. Есігі солтүстікке қараулы екен,

Хан Бәйтік отыр екен жапсар жақта. Әлеумет, жалған емес менің мұным, Бұрыннан көрген едім қырғыз елін. Есіктен сәлем бере кіріп келіп,

Әдеппен хан Бәйтіктің алдым қолын. Тілесе, тілек берген Құдай қалап, Сыймайды бір кеудеге екі талап.

Бәйтіктің он төрт қанат ордасында, Апырау, толған екен өңшең манап. Сол үйге толған екен өңкей манап, Бәрінің амандастым басын санап.

Құлмамбет айтайын деп белсенеді, Ақ үйді он төрт қанат еңсереді.

Бәйтіктің он төрт қанат ақ ордасы, Байлаған ат пен уық теңселеді.

Құлмамбет, сөз сөйлесін Құланаян, Екенім Құланаян – Құдайға аян.

Тойыңа құтты болсын айтып келдім, Жүрмісің, батыр Бәйтік, есен-аман?

Құлмамбет Құланаян дейді мені, Жүз-жүзге мәлім болған өлеңдері.

Қарадан хан боп шыққан Бәйтік датқам, Қырғыздың батыр Шабдан кемеңгері.

Әуелі жар қыламын бір Құдайды, Құдай үшін жаратқан күн мен айды. Атаңның аруағына келіп едім, Жүрмісің, болыс Байсал, күйлі-жайлы?

Құлмамбет бір Құдайдан тілей келді, Манаптан ат пен түйе сұрай келді.

Қояйын амандасып, ерім, саған, Қоршының аманбысың, Сүлеймені?

Алдыңа талай тіккен ердің құны, Алашта адам бар ма білмес мұны? Арғы атаң Бозбан батыр шығып еді, Аман ба, Тінәлінің Шолпанқұлы?

Сен бе едің, Рысқұлбек, бұлғақтаған, Қояйын амандасып, шырақ, саған.

Айналып, ақ тұйғындай түйіп өткен,

Бар екен бір мінезің шұнақтаған.

Шырағым, Рысқұлбек, сөз айтайын кейімесең, Албан, Дулат баласын тең көрмесең,

Ыстыдан бір ағаңды кем көрмесең. Ағайын, мен айтайын, сөзім тыңда, Әй, Майкөт, үйге кіргін, сыртта тұрма. Албаннан алты арыс ағаң келді, Ертерек, сырбаз соймай, келгін мұнда. Алдыңа Құлмамбеттей ағаң келді, Ағаңнан өрнек үйрен, сөзін тыңда.

Майкөт:

Осы ма, жұрт мақтаған Құлмамбетің, Майкөтке ауған екен бар ниетің?

Майкөтті үйде отырған, далада деп, Көңіліңді аудырған ба Құдыретім?

Құлмамбет:

Осы ма, Майкөт ақын дауысы биік, Бір сөзің аңдаусызда кетті тиіп.

Отырған болыстардың бірі деп ем, Жүз сомдық отырған соң ішік киіп.

Майкөт:

Осы ма, Құлмамбетің дауысы биік? Өлеңмен келген жерден кеттің киіп. Бола ма, Майкөт сендей Құдай атқан, Байталға жауыр, шолақ жайдақ мініп.

Құлмамбет:

Бұл тойға келіп едім байтал мініп, Байтал мініп келгенді, айттың біліп. Жүз сомдық ішігіңе мақтанғанша,

Бай боп кетсең болмай ма, дүние жиып?

Майкөт:

Қарашы, айтқан сөзін аңдаусыздың, Көзі – көр, көкірегі санасыздың Тұмарлап тұла бойын жын ұрғандай,

Қарғыс атқан сөзін [қара] сорлы арсыздың.

Құлмамбет:

Майкөт-ау, олай десең, әуелім бақ, Бір жаратқан Құдайдан тіледім бақ. Алдыңа Құлмамбеттей ағаң келді,

Ал, Ыстым, шамаң келсе, айтысып бақ.

Майкөт:

Құлмамбет, олай десең, әуелім бақ, Бір жаратқан Құдайдан тіледім бақ. Кекесін келген жерден сөзіңді айттың,

Қайтейін, ей, Құлмамбет, Құдайдан тап.

Құлмамбет:

Айтып ем, жаным, саған сөздің салтын, Сауықпен араладым қырғыз халқын.

Ердім деп Рысқұлбекке екпіндеме, Болмассың Албан, Дулат менен жақын.

Бұл жерге келіп тұрған кезің, Ысты, Бір мидан сөйлеп тұрған сөзің, Ысты. Албанмен тең болам, – деп ойладың ба, Секілді ит табаны аз ғана Ысты?

Майкөт:

Бір тайпа Ысты деген ел емес пе, Үш ояз басы, аяғы жер емес пе? Дулаттай дуа біткен болмаса да, Сенімен қашқын Албан тең емес пе?

Құлмамбет:

Сөйлейсің қандай-қандай, жаман Ысты, Ұрлықпенен өткізген жаз бен қысты.

Ұрлығынан бір-бірінің мал жимайды, Арам – ауқат, барымта – бұл – қылмыс-ты. Елің ұрлық қылмаса, жаман Ысты, Көлбайың, Тұракелді неге түсті?

Майкөт:

Момынның залым жеді малын алып, Жел сөзге кепті аузың, қалып алып.

Дулаттың тепкісіне шыдай алмай, Өрге қашып кетіпті Албан асып.

Құлмамбет:

Сіргелі, Ысты түгіл, Дулат кәріп, Нырай қалып, келіпсің Дулатты алып. Үріккеннен бұларға жағамын деп, Азғана Ысты, қалдың ба қуаттанып?

Майкөт:

Сөйлейді қандай-қандай, неткен мұндар, Басына не шүкірлік еткен мұндар.

Жауған нұрдай Дулатты көре алмастан, Бабаң қашып Қытайға кеткен мұндар. Дәркенбай мен Мақсұтың боққа ұрысып, Бір-бірінің түбіне жеткен мұндар.

Қырық кісі сотты боп, Сібір кетіп, Астамшылық басына жеткен мұндар. Дәркенбайдың қасына ерген қазақ, Орыстың кетпен шауып, тасын қырнар.

Құлмамбет:

Атыңнан айналайын, Әжібай-ай, Бір туған Әжібаймен Дәркенбай-ай.

Дулаттан қай хан боп шықты сендей болып, Сөз қылды азғана Ысты, ойбай, Тәңірі-ай. Мақтадың сыйпатымен Аңдасыңды-ай, Көнерген қылышын жастап жамбасына-ай. Үмбетшінің Айтбиі деген датқаң,

Айтасың ғой датқа деп, далбасаңды-ай. Ердесін датқам дейсің Дулатыңда, Сөйлейтін қырғыз шықса, тау басына. Бар болса, тағы өлгенің баяндашы, Бекерге айта бермей болмасыңды-ай.

Майкөт:

Байзақ, Батырбек, Батырбасы, Елу менен қырқында оның жасы.

Бір Мәмбеттен туған жан бес жүз ауыл, Жетпейді долы әйелдің берсе асы.

Ақмолда деген кісі елде жатыр,

Домалап, өрге қарай атқан тасы. Қайтесің, Берназар мен Сеңгірбайды, Әлібек, Бәстектің арғы атасы.

Көзіңе жазған Албан көрінбейді, Жылқысының жетіпті мыңға басы.

Құлмамбет:

Байзақ батырыңның – Батырбасы, Орыспен керіс болған екі арасы. Тура алар ажалына бағана боп, Қырғызға түсіп кеткен ашынасы.

Бұзықтықтың салдарынан ел талқан болып, Ұлы жүз талқан болған бір баласы.

Қоқанның ханы байлап, топқа тұтып, Орысты бастап келген Ақмолдасы.

Майкөт:

Қабылбек, енді айтайын Зәуірбекті, Әкімі Бұралқының жұрттан өтті.

Арғы атасы сері, мырза білмеуші ме ең, Қарайғанға жүргізген өкіметті.

Райымбек датқаны білмейсің бе, Хан, қара, шаршы топты билеп өтті.

Құлмамбет:

Ақындық, пәле Майкөт, өлеңіңнен, Солардың қызмет нанын жегеніңнен. Қабылбек, Зәуірбек, Райымбек, Бұралқы, жұртқа жақты жегенінен. Аса, Талас Дулатын мақтай бермей, Жауап бер Шымкент деген өз еліңнен.

Майкөт:

Көрдің бе екі Қайым, бір Исаны, Тап тартпай, оязбенен де ұрысады. Баласы Жұмабайдың Тайтелінің, Алдында дау мен шатақ тынышады. Исаға қай пенденің тартты түрі, Адамның болып шықты қара тілі.

Баласы Батырбектің – Батырбасы,

Кетпессің, нысап қылсаң енді мұны. Дулаттың шет жерінде Торта жатыр, Шымырдың толғаннан соң екпе нұры.

Құлмамбет:

Қарыздар Қайымбегің, Исаң әрі, Мақтайсың қошаметке бекер құры. Жанқозыға батырың зәһар берген, Мойнында қияметтік ердің құны. Баласы Жұмабайдың Тайтелінің, Белгілі жалғыз атты, мәлім сері.

Төрт әдіп оймауытты тағы айттың ба, Семіздік Жаратқанның құмар түрі.

Майкөт:

Қайтесің, Қайымбекті Жаныстағы, Артында құлап жүрген алысқаны. Баласы Жұмабайдың Тайтеліден, Жоқ еді олардың да қалысқаны.

Шынәлі, Белқожа мен Қабаш датқа, Хан Бәйтік, Әжекей хан туысқаны.

Баласы Шүйбек, Нұрбек, Момынбек датқа, Аруақ қолдай бастаған алыстағы.

Түйелі елде әзіз Төле бабаларың, Болады Бақтиярдың данышпаны.

Құлмамбет:

Бұл сөзді, пәле Майкөт, білгеніңнен, Бұларға ісің жақты үргеніңнен.

Үйде-қырда Дулатты мақтап болсаң, Біздерге берші жауап Сіргеліңнен.

Майкөт:

Бір жұртың сенің айтқан Сіргелі еді, Бұл да Дулаттан соң іргелі еді.

Марқабай, Жабай, Қозыке, Бошан датқа, Қоқанның пайтағына мінген еді.

Текей, Солтай, Білмұрат, Жолдығара датқа, Бұлардың әркім намын білген еді.

Бүгінде Қалпыр деген біреу шықты, Қадамы баршасынан ілгері еді.

Зәнталақ, жаның шықсын, сен қызталақ, Болып па соның бәрі сонша манап.

Мақтайсың миға шуы дарымасты. Шамада бір тәрізді Бошаның-ау, Сейітпен жолда қара күңнен туған. Басына бақ кеп қонған аруақ қолдап. Сіргелі мен Дулатты мақтап болсаң, Ошақты мен Ыстыны келші жанап. Майкөт-ау, өз Ыстыңды соң айтарсың, Әуелі Ошақтыңнан берші жауап.

Майкөт:

Ошақтыда бар еді датқа Сапақ, Құлмамбет осыларды қылдың мазақ. Райымқұл, Жалаңбасқа бір көрінсең, Жазған-ау, қояр еді аттай матап.

Тоқбергенді жұрт мақтап хан деседі,

Ат қояды «Наурызбайлап», ұран тастап. Тоққұлы, Бекқұлыны білмеймін деп, Енді саған сөйлеймін кімді атап?

Қолымен көбік жеуді қоймадың-ау, Жоқ па еді, сіздің елде кедей, жатақ.

Құлмамбет:

Сөйлейсің қандай-қандай, сен, қызталақ, Сеңдей екен Дулатта өлген манап.

Жұдырықтай Ошақтының бегі көп қой, Айттың ба түздегі, ойдағының бәрін санап. Мұның бәрі қай жақта сыйып жатыр, Майкөт-ау, енді Ыстыңнан берші жауап.

Майкөт:

Бір жұртың сенің Ысты еді,

Жәкей, Шоқай Ыстының өстіні еді. Жарас датқа, Қараш датқа,

Қудан жүйрік, құланның ұшқыны еді. Екеуі тізе қосып келген шақта, Кісінің дау алмағы мүшкіл еді.

Қарадан хан боп шыққан Көлбайыма, Тең келмес, бет алғанда ешкім енді. Баласы хан Шоқайдың Тұракелді, Басына бақ пен дәулет тура келді.

Олар да өкіметпен келе жатыр, Ешкімге билетпестен төменгі елді.

Құлмамбет:

Адамдықты кім қойды саған, Ысты, Батырбекті қимадың тамам Ысты. Батырбекке билетіп қояр ма едің, Бұрыннан келіп тұрса шамаң, Ысты. Сыланды қара күңнің баласы едің, Тамам жұрты қаңғырып қалған Ысты. Жортуылмен қысы-жазы күн көресің, Ит табаны секілді жаман Ысты.

Майкөт-ау, Албан бай ма, Дулат бай ма, Байлығы Дулатыңның Албандай ма?

Байлығын Дулатыңның айтшы маған, Бір үйің жүз қысырақ тай байлай ма?

Майкөт:

Құлмамбет, Албан бай ма, Дулат бай ма, Байлығы Албаныңның Дулаттай ма?

Байлығын аз Албанның айтшы маған, Бір үй [ін] де жүз бота ұшқындай ма?

Құлмамбет:

Майкөт-ау, үнің қандай, күлкің қандай,

Ойнағы жарастықты қыз-келіншек, мүлкің қандай?! Қыр малына ауылың жоқ екен-ау,

Көңілді қош қып мінуге жылқың қандай?

Майкөт:

Құлмамбет, бір сөзің бір сөзіңе дейсің жүйе, Кесір сөзің өзіңе болар күйе.

Қой мен жылқыда есеп бар ма,

Көк жоны көксегенің толған жылқы, Өреді сорлы ауылдан бес жүз түйе.

Майкөт-ау, сен барасың адамды адам демей, Ергенің Рысқұлбекке жүзің мерей.

Әуелі аз Ысты тұрмақ, Қаратаудың елінің бәрі – кедей.

Майкөт:

Сен, Құлмамбет, өлеңді күнде айтасың, Болдың елді сорлы деп, қысқартарсың. Дулатты да қостың ба кедейлікке, Көбік жеген, қу Албан, кімді айтасың?

Құлмамбет:

Майкөт-ау, осал інің, үлкенің – Дулат – кәріп, Күн көрер қысы-жазы жерді жарып.

Көрмеген өмірінде елің жарып, Жаз шыққанда шабады атыз, арық.

Боза ашытып, жұртың жиды келданы алып. Болған соң кешке жақын қайта салар, Шолағын жалғыз-жарым жемдеп алып.

Байғұс, Майкөт, бетіңді бір оңлашы, Жоғарғы Албан, Суан елге барып.

Алдымдағы Майкөт-ау, Дулатыңды айтайын: Ерте көктем болғанда Егіске салар өгізін.

Төрт қап тезек теңдеп ап, Алып барып базарға,

Бір теңгеге сатқаны. Жарымына боза ішіп, Ауыздарын ит жалап, Көже даулап жатқаны. Солай емес пе, Майкөт-ау, Сендерді Құдай атқаны.

Қымыз ішіп, мас болып, Ұйықтап жатқан кісің жоқ. Қу мойын атқа кіш-кіш деп, Қамшыларын бір тістеп, Қатын мен ұлың айтысып, Көкнәршідей тырысып.

Шөптің басын егін деп,

Орып алсақ тегін деп, Балалардың ауқатын, Жерден Құдай бердің деп, Өмірің өткен жер жарып. Қатыны семіз, ер иық, Аспандағы қарғаны,

«Қырылғыр», – деп, қарғайды. Осы жалған дүниеден

Бір жақсылық көрмейді. Бір көмбе қиды ойып ап, Алты ай қысқа жетер деп, Артылса қыстан қалғанын, Базарға сатсақ не етер деп. Жарым теңге болса да, Ауқатымызды өтер деп.

Еркегі үйде жатқаны, Қатыны базар қылғаны. Жарым теңгеге ет алып, Оны Құдай атқаны.

Жазған Майкөт, не дейсің? Сорлы Майкөт, не дейсің? Сары қымыз сапырып, Сырбаздың етін жемейсің. Онан-дағы, Майкөт-ау, Біздің елге барсаңшы, Сары қымыз ішсеңші, Сары қазы жесеңші.

Өлетұғын жаныңа

Бір тойынып келсеңші, Ел мұнда екен десеңші. Күнге күйген бетіңнің Жібір ме екен қатқаны? Сол емес пе, Майкөт-ау, Сендерді Құдай атқаны? Көргенім жоқ еліңнен,

Тай сойып берген мырзаны. Жазда мехнат қылғаны, Қыста мехнат қылғаны,

Көрмейді тыныштық қу жаны.

Дулатыңды көргенмін, Тасына қына байлаған.

«Мына жерде тынба болар», – деп, Бастауды көрсе, айналған.

Үсті-басын кір басып, Маңдайларын тер басып, Шыққандай қара шайладан. Күн өтті, – деп, әуре боп, Сүргі жеп, дәрі шайнаған.

Көргенмін, Майкөт, еліңді, Ала тұр біраз деміңді.

Арпа, бидай пісті деп, Алшаңдаған сорлы елің. Тары, қонақ пісті деп, Талтаңдаған сорлы елің. Жиын теріп алған соң, Жеткізе алмай қарызға, Қалтаңдаған сорлы елің. Ұялаған күшіктей Қызыңның жайын айтайын: Қатынша шашын бұрғаны Төбе шашын сырытып.

Өгізінің к...е

Үңіліп кеп тұрғаны. Сол емес пе, Майкөт-ау,

Сендерді Құдай атқаны? Қоңыздан боғын қызғанып, Ауната салып сабанға, Ағашқа жабар жапаны.

Қалғанын тезек қылады, Сығып-сығып кеп, Қатыны көже жылытар, Кейіп келер көп ерге:

«Тезек, қане, толтыр», – деп. Қатын-балаң қуанар,

«Қыстық отын болар», – деп. Киелі үйрек атып жеп, Борбайын жесе, мас болып, Сыймалы боп тұрмын деп.

Көк құс салса, қуанып,

Аңның бәрін қырдым деп. Он буда тапса, қуанар,

Қыстық соғым тындырдым деп. Лақ сойса, үлесіп,

Қырық жілік қылғын деп, Нан мен етін көбейткен. Шұлғауы шығып жылтырап, Етіктің артын шөмейткен, Бай болса, елің неге өйткен?

Көргенмін, Майкөт, еліңді, Ала тұр бір сәт деміңді.

Суалып қалған көліңді, Халқыңның жайын айтайын: Көкектен басқа құсы жоқ, Көкпектен басқа шөбі жоқ. Көрік басқан кісідей, Көкпеңбек қара, түсі жоқ.

Қозы қарын, қурай бұт, Қатыннан көп күші жоқ. Әйелден көкпар тартасың, Жұлқыр қара тісі жоқ.

Бозаға тойып алған соң, Құдаймен де ісі жоқ.

Адамыңның келбеті Жауыр аттай құрысқан. Жын ұрып кеткен немедей, Әуедегі Құдайдың Торғайымен ұрысқан.

Торғай ұшса жеріңнен, Топырағы бұрқ еткен. Ішкенің бидай, қам көже, Ақырсаң, артың тарқ еткен. Әтегі сынған қатыннан, Көкпар алып шабады.

Делбеңдеген етегі Аттың артын жабады. Екеуі екі керісіп

Жеті атасын терісіп, Кемітеді ағаны.

Ертесіне келгенде,

Үлкеніне шағады.

Мас едім, Жәке, – деген соң, Орыс заңды бір іспен

Ердің құны болса да, Бұл істерің қалады.

Көргенмін, Майкөт, еліңді, Ала тұр бір сәт деміңді.

Әулиеата, Әзірет,

Түркістан, Шымкент, Сайрамнан, Әрі жағы Шыршық, Тәшкеннен. Халқыңның жайын айтайын: Боза ішкенді тәуір көреді,

Қымыз бенен айраннан. Қабақтан болған бозасы, Қашан қабыл болады, Сол шіркіннің тобасы.

Үлкен, кіші жиылып, Бозаға күнде барады. Бозагердің қатыны Таса жерге шақырар,

Байыммен бірге келгін деп. Қайтып келіп ол адам, Жолдасына мақтанар.

Жай отырып ішсе бір, Есігін тауып келем деп. Кеткен соң қатын даттайды. Барлығы боза ішкен бе?

Бүйтіп боза ішкенше, Сідігіңді ішсеңші.

Көргенмін, Майкөт, еліңді, Ала тұр бір сәт деміңді.

Келген кісің жиылып, Самаурынға жатқаны. Күндіз-түні бір шылым, Қор-қор етіп тартқаны, Неше теңге қарыз боп. Тағы айыбың тағы бар, Есекпен тамыр болады, Сіздің жақтың сарттары.

Өлеңің болса, жұптай бер, Осы болды, Майкөт-ау, Құлмамбет Жәкең тапқаны.

Майкөт:

Жамандама елімді, Құдай ұрған, Құлмамбет. Жамандайсың елімді, Төбеңнен ұрсын құдірет! Бақтиярды жамандап, Бұзылды сенен бұ ниет. Қашқын Албан сен едің, Бізбен қашан тең едің?

Бағың бардай болғанмен, Мал-басқа қайда тең едің? Бабаң қашып Қытайға, Кетіп қалған неме едің.

Қаратауға нұр жауған, Жамандама елімді, Әрі қатын-баламды. Бала менен басыма, Болады кесір демедің. Сен даттасаң елімді,

Мен мақтаймын елімді. Жүретұғын жеріңді, Кіретұғын көріңді.

Ау, сонша аруақ, күйзелтіп, Құдай ұрған, Құлмамбет, Не пәле саған көрінді?

Қасыңда бар қабірі

Үйсін бабаң, Абылай хан, Түмен бап пен сансыз бап, Кіші Мекке деуші еді, Сайрам деген жерімді.

Төрт пайғамбар туылған, Кіндік қаны жуылған.

Пейішке кірген көп кісі, Тірі ғайып бұрыннан.

Ішкен адам пейіште, Ап раһар суынан.

Әбділданың дүкені,

Айналайын, Әзірет, Әулиенің мекені.

Тоқсан тоғыз машайық, Отан қылған жерімді. Жүретұғын базары, Айтып тұрған азаны.

Құлаққа майдай жағады, Ертең ерте оқыған Шайхылардың айтқан азаны. Аяттан тіккен көк күмбез, Әзірет сұлтан қазаны.

Ұлы жүздің тұтқасы Шашқа тәукір Тәшкенде. Қарлығаш би атанған, Әзіз Төле жасады,

Мышыраптың түскен назары. Ел жамандап айтасың,

Құдай ұрған, Құлмамбет. Қайда деп естідің,

Әулие өткен Бәйдібек, Бәйдібек пен Жарықшақ, Домалақ анаң мазары?!

Ала тұр бір сәт деміңді, Табайын мен де жайыңды. Халқымның жайын айтайын: Бектер мінген тобышақ, Сәлделері бір құшақ, Сахабаларға жүр ұқсап.

Қауындар, боз баулар, Ашырап еді еккені, Танапқа дақыл сепкені. Құтырғаның, қу Албан,

Менің сатқан өнімім мен сөгімді, Жамандар ма едің, қу маңдай, Жақсы болсаң теңіңді?

Сырдария – өзенім, Қаратау – менің мекенім. Үйрек ұшып, қаз қонған, Ат бауырынан саз болған. Бүлдіргенін жегенде,

Балалардың көңілі жай болған. Бетеге мен жусаны,

Көк мауыты бояқтай. Қашқын Албан, сенің елің, Жылқыдан шыққан саяқтай. Қаратауда нұр жауған, Жамандайсың елімді.

Көбік жеген, қу Албан, Мақтаулы жерің қай жақта-ай? Жаужұмыры жүректей, Балдырғаны білектей.

Бұғысы мен маралы Сауып тұрған үлектей. Мың Албан барса, бағады, Дулатым менің жүдетпей.

Халқымның жайын айтайын, Адыры мен сайы тең,

Кедейі мен байы тең. Сен ап келген қымыздан,

Сапырып ішкен шайы тең. Қос өгізі тең болса,

Көн ішігі кең болса, Патшаға көңіл бере ме, Баршадан мұның несі кем? Жамандайсың қызымды, Оның да жайын айтайын: Атылас, шайы кигені, Киген сайын жүреді.

Атылас, шайы дегенді, Сенің елің кимейді, Кимек тұрмақ, түсінде, Мұндай киім тимейді.

Арам өлген тайының терісін, Қыз, қатыны илейді.

Қатыны байын билейді, Елің базар көрмейді.

Қаладан келген ноғайдан, Ноғайдың малы оңай деп, Ауқатшыны көрген соң, Қыз, қатының күйлейді.

Бір киімдік матаны Бере салып ноғайлар, Бір бұтаның түбіне

Қыз, қатыныңды сүйрейді. Өзіңе кезек келмейді, Тоғайға барып илейді.

Алдымдағы, Құлмамбет, Орыс заңды бір елсің.

Мұның айып екенін Сенің елің білмейді. Ала тұр сен де деміңді,

Табайын мен де жөніңді. Сері Албанды айтайын, Хабары жоқ өлімнен.

Шариғат жолын білген жоқ, Еліңде молда тұрмайды.

Өлетұғын бар болса,

Үш күнде молда ап келіп, Имандарын үйіріп, Уақтылы намаз қылмайды. Белгілеп қояр әулие жоқ, Әр төбенің басына, Өлгенің жатып шөлдейді. Жиылып келіп, көмбейді. Алдымдағы Құлмамбет, Орыс заңды бір елсің.

Мұның айып екенін, Сенің елің білмейді.

Құлмамбеттің Рысқұлбекке айтқаны: Көп көрдім би мен болыс, датқаны да, Сөйлесе, ақын өлең таппады ма?

Қаласың Майкөт айтса, құшақ болып, Көңліңе мен айтқаным жақпады ма? Не дейсің, мына сөзге, Рысқұлбек, Сыртыңнан естуші ем Рүстем деп.

Кетесің Майкөт айтса, хош болып, Қаласың мен айтқанда ұрысқың кеп. Әділеттік, туралық білсең өзің, Қаңғырған ұтар ма еді бір Ыстың кеп?

Қаңғырған бір Ысты кеп жеңер ме еді, Бұл Ысты Албанменен тең ел ме еді? Рысқұлбек, бір туралық қылып тұрсаң, Бұл менің панама келер ме еді?

Әділеттілік, туралық білсең өзің, Жекті қолға аударып, бір бермедің. Рысқұлбек бұл Майкөттің адамы еді, Осының ата-тегі сара ма еді?

Рысқұлбек, бұл Майкөтті жақтаймысың? Белгілі қыздан туған бала еді.

Құлмамбеттің қара Бәйтікке арнап айтқаны:

Жақ етіп, тіліме алдым бір Құдайды, Әмбеден раушан қылған күн мен айды. Құлмамбет, сәлем беріп, інің келді, Жүрмісің, датқа Бәйтік, күйлі-жайлы? Домбыра әуенімен болды шешен, Датқадан өз қатарлы болдың көсем.

Құлмамбет, сәлем беріп, інің келді, Жүрмісің, датқа Бәйтік, аман-есен? Үлкендігің Рүстем датқадайсың,

Бір Құдайдан басқадан жасқанбайсың. Қайратың Әзірет шерідей бар,

Төрт шарда Омар менен Оспандайсың. Бәйбішең алдыңдағы Макарайым, Пейіштің сарайындай салған жайың. Қайратың Әзірет шерідей бар, Қызыңдай пайғамбардың алған жарың.

Майкөт:

Жаманда дедің, датқа, мейлілерің, Келмесін ашуланып зейілдерің.

Айтайын жасыңдағы мақамыңды, Майкөттен қалмасыншы көңілдерің. Жаманда дедің, датқа, қара көзің, Айтайын жасыңдағы мақамыңды.

Жетім боп он жасыңда қалып едің,

Үш-төрт жыл байдың қойын бағып едің. Бүгінде бұл дәулетті беріп Құдай, Жасыңда анық сорлы кәріп едің.

Онан соң бес-алты жыл бақтың бада, Жауыр қып к...і де міндің тана.

Салдарынан кедейшілік кетпей қойған, Жарығы табаныңның бітті жаңа.

Өгізбен тарғыл шолақ тойға бардың, Болады мұным ұят ойламадың.

Біреудің қойын бағып, қосын айдап, Келгенше жиырмаға оңланбадың.

Келгенде жиырма беске бітті дәулет, Датқа боп отызыңда құрдың сәулет. Қанайдың қорасына қыдыр кіріп, Қырықта ақылменен сүрдің әулет.

МАЙКӨТ ПЕН БӨЛТІРІК

Ескі бір өткен заманда, Қалың Алаш аманда, Амандығы халықтың Жақсы менен жаманда, Жүйрік пенен қабанға, Болып тұрған заманда. Майкөт пенен Бөлтірік, Қасқарау байдың асында, Бәсеке болған тең тұрып,

«Айтыссын» деп екеуін, Кеп қалған соң кеңшілік, Бөлтірік ақын жас екен, Елуге келген Майкөтке Қарамаған менсініп.

Дулатты қолға ол алып,

«Бермеймін» деп құн айып, Іс қылған бектер ерсілік, Мырзабек пен Қақыке, Құдай берген қолға алып. Шығарды сонда Майкөтті Ақ үйден сұрап келтіріп, Басатұғын боп еді,

Сөзбен буып, өлтіріп.

Алпысбайға аз сөйлеп, Жүз сом алдым еншілік. Майкөт ақын дәуірлеп, Кәрі бурадай күркілдеп, Қоя берді тепсініп.

Майкөт:

Атамыз бірге туған Майқы, Қоғам, Маңдайың Албан-Суан тайқы болған. Албан арық болғанда, Суан – құлақ, Ортасы ойқы менен шойқы болған.

Көп Дулат судай тасып аққан таудан, Қызыл тіл неге үйренсе, болар соған. Албан, байғұс, қара аттың төбеліндей, Ешкінің құйрығындай, байғұс, Суан.

Сөйлейсің асып-тасып, жазған бала, Көзіңе көрінбейді аспан, бала.

Дулатта кісің құны бар ма тегі, Өліп пе еді әке-шешең астан, бала?

Сен түгіл Сүйінбай мен Бақтыбайдың Бәпігін Майкөт ағаң басқан, бала!

Ташкенттен бергі жердің бәрі дала, Бір Дулат – он бір үйез, ұлты –дана. Алдыңнан Майкөт ағаң тура келді, Көзіңді ақшаңдатпай, ашып қара.

Аңқау елге молда боп, сен, арамза Боп жүрген бір қу екенсің бітеу жара.

Байқасаң, Албан бай ма, Дулат бай ма? Балапан, байғұс, Албан Дулаттай ма? Ақ қойды Құдай берген мейірімен, Көгенін қырық күнде шумақтай ма?

Жансерке, Әтеке, Сыпатай – қажыларың, Дулат айдап, қалаға шулатпай ма?

Асыңа алты көшіп жетейін бе, Бір қонып, Үкқорақтан өтейін бе?

Жағалбайдың алты мың ақ тайлағын Ауылыңның үстінен айдап өтіп, Түйеменен таптатып кетейін бе?

Бөлтірік:

Албанның әулиесі – Райымбек,

Су жарылып, Құдайы көрмеген жек. Жеті нанды беліңе түйіп алып,

Дулат біткен түнеп жүр, «Пірім-ай», – деп.

Бұл Дулаттың байлығы, Үлкен-ақ екен сайлығы. Кешке шейін базардан, Алып-сатар қып жүріп. Бес-он тиын табылса, Айрылады шайлығы.

Жұртыңның құрысын ырымы, Күнге қурап, үзіліп,

Сеттік пенен жырымы. Дулатқа жайлау бітпеген, Алысқаны шыбын-ды, Жусан менен топырақ Құйрығына тақылдап, Ағаштан қылған тұғыры. Өлтірейін өлеңмен, Ағытылды тығыны.

Қор-қор тартып, қорылдар, Дулат иттей ырылдап.

Бозторғайы шырылдап, Таңертеңмен тырысып, Егіндерін қорысып, Аспандағы Құдайдың Торғайымен ұрысып.

Көн шалбары тырысып. Ауызда шыққан шөп болса, Сабындап алған ескісін.

Азарда сойып, жұлысып, Белді бекем буысып,

Түс мезгілі болғанда, Қара сораның түбінде Солықтаған сиырдай Жатады екен суысып. Жаурынан желдіктеп, Құр айылмен белдіктеп

«Зекет ала келдік», – деп,

«Бұл бермесең, өлдік», – деп Алматыдағы ақ шатырдың базасы, Ақпен басын орап ап,

Маза бермейді Албанға, Дулаттың кезбе қожасы. Етін қанмен көбейткен, Үйін таммен көбейткен, Тамның артын тағы да, Тазаламай б... шөмейткен. Құдай атқан қу Майкөт,

Бай болса, жұртың неге өйткен?

Майкөт:

Әулиенің үлкені – Астананың азаны. Бекер қайнап, піседі

Көгеріп барып, сарғайып, Қырман шауып, нұр жауып, Түркістан дейтін қалада Пірлердің асқан қазаны, Адамзаттың базары

Бабаң салған диқанды Салық қылып оттайсың. Құдайға болдың жазалы. Жөнді болса, бұл өзі, Әнбиенің ғазалы,

Кәпір болдың, бәтшағар, Калиматин келме айтып, Кел, тіліңді тазала!

Жиылған көп адам ары қарай айттырмапты.

* * *

Қашаған Күржіманұлы:

 «...мал соңында азап шегіп, арып-ашқан Қашаған бала таяғын жерге шаншып, шапанын күрке етіп, жата қалса, көзі ілініп кетеді. Түс көреді. Түсінде бір қара кісі келіп, баланы қолынан тартып, тұрғызып: «Дорба- лап аласың ба, қапшықтап аласың ба?» − деп сұрайды.

НҰРЫМ МЕН ҚАШАҒАН

Нұрым:

Саламатпысың, шырағым, Алдыңа келді қарт аға.

Мүйіз шықса басыңа, Сен талай түстің алқаға. Тілің шешен, ернің еп,

Айтқыш деп жүр ғой сені көп. Білмегенді білгеннен Сұрағанның несі шет?!

Мәжіліске басы бірігіп, Көп жиналған екен аламан. Естуім бұрын көп еді, Көргенім бірақ жоқ еді.

Бір-екі сөз сұрайын Ақылға кәміл данадан. Бала, білсең, хабар бер Үдіргелі Хауа Анадан, Қанша заман өтті арадан?

Дүниенің басы неден жаралған? Жер мен аспан – бұ не зат?

Мақұлық қалай тараған?

Адам, Лаухы, Ғалам – баршасы Неден жаралған?

Өлгенге мансұқ неше аят Анау отыз парадан?

Мыңсуалмас, Есеттей Көл едің айдын жаппалы, Сен қазақтың тақтағы.

Талайға айтып жібердім, Құр адасып қайтарды Дым бермейтін ақымағы. Білгіш болсаң, Қашаған, Осыны ойлап тап-тағы.

Қашаған:

Көрген жоқ едім бұрын да, Білмейтін едім сырыңды. Құдай қайдан тап қылды Сүйіндіктегі Нұрымды?

Батаңды берсең, жылдам бер, Басқа бір жаққа бұрылмай.

Құс қарайтын еді Қырымға, Ит қарайтын еді жырымға. Айтқыш деп еді бұл аға,

Алады екен ғой бүгін тынымды.

Иманнан жарық болмайды Таспихқа айтып санаған. Жұмаққа барад дейді тергеусіз Алласы анық қалаған.

Дүниенің басы әуелі Меруерт тастан жаралған. Меруерт тас еріп, су болған, Судан түтін бу болған, Аспан, жер содан жаралған.

Адам, лаухы, ғалам – абзал баршасы Сол заттан дейді жаралған.

Он сегіз мың ғалам болғанда, Үш бөлім болып тараған.

Алтауы болар жәмәдәт, Алтауы болар нәбәдәт, Алтауы болар айуанат. Үш алтыны қоса ғой, Он сегіз мың жан болад,

Білмеген адам таң болад. Шариғат жолы бойынша, Өлгенге – намаз, ысқат – шарт. Нұреке, енді тілің тарт,

Көп ішінде көлденең Туысына ұрынған Дүниеде жаман зат.

Нұрым:

Шамданба, шайыр данамыз, Білмеген соң бұ сөзді,

Сұрамай неғып қаламыз?! Сен – бір қойма, дүкенсің, Ұрулы тұрған құлыбың.

Ашарман келіп ашпасақ, Ішіндегі тауардан

Бүгін қалай аламыз?! Алдыңда сенің сөз айтқан Жасы үлкен ағаңыз.

Дұшпаның емен, Қашаған, Аяғыңнан алатын, Қапталдан ауыз салатын. Қашаған, саған бір сұрақ:

Екеуі жансыз, екі арам Бейішке кім ед баратын? Дүлдүлді мініп парлатқан, Көпірдің шәрін қандатқан Шәһимардан Ғалиға Жәбірейіл келгенде,

Келіп хабар бергенде,

Неше қылыш келген екен жәннаттан? Ніл – дарияның көпірі

Болған екен не заттан? Көлде жүрген күмпілдек,

Судан даусы шыққан әупілдек, Бұл болған екен қай жақтан? Суда жүрген итбалық

Неден азған екен бұ халық?

Қашаған:

Әлеумет келсе, жиылып, Айтқан сайын сөздерім Келе берер құйылып.

Отырмаймын сарғайып, Кісіден көмек сұраман, Тілемсектей қол жайып. Менің айтқан сөзімді Нұреке, көрме сен айып.

Нұреке, сенің қаңқуың – Қапталымнан жабысқан Жақтырмайтын шаншуым.

Ұраным Қосай болғасын, Бүйірімнің тартуын.

Бүйірім, әттең, бұрып тұр. Амалы түскір құрып тұр. Басқа біреу болғанда, Маған қиын емес еді Табаныммен тарпуым, Ауызыммен қарпуым.

Өзім әзер жүргенде,

Қай-қайдағы пәлелерді артуын!

Білсеңіз қылма келемеж, Келемежің жөн емес.

Сол дүниені жаратып жатқанда, Қасыңда тұрған мен емес.

Бірінші айтқан жұмбағың – Хазіреті Мұса пайғамбар Аршы ағланы кезгенде,

Екі арамы дегенің:

Еріп барған қасына, Қытымыр деген қызыл ит Жеті қазынаның бірі еді.

Екіншісін айтайын – Астына мінген есегі. Дүниенің бәрін сұрайсың, Бар деп пе ең менде есебі.

Екі жансыз дегенің:

Біреуі – Айсаның аса таяғы, Біреуі – Ідірістің киген кебісі. Естуіміз шын болса,

Сол төртеуі, Нұреке,

Тергеусіз барады дейді бейішке.

Дүлдүлді мініп парлатқан, Көпірдің шәһарын қандатқан,

Шәһимәрден Ғалиға Жәбірейіл келгенде, Келіп хабар бергенде,

Хамхам менен Сәмсамдай, Зұлпықар мен Зұлқажжа – Жәннеттен келген мәрт қылыш. Ұрыс сайын әр жерге,

Заманда өткен баяғы, Барған екен төрт қылыш, Болмаса да аяғы.

Перғауын мен Мұсаның Көп соғысы болғанда, Ніл дарияға ұрғанда, Көпір болған деседі Мұсаның аса таяғы.

Көлде жүрген күмпілдек, Суда жүрген әупілдек, Қарсы болған бұйрыққа Перғауынның дейді өзі. Асасын тартып алғанда, Перғауынның әскері Суға болды бұ қарық.

Мұса қолын сілтепті,

Кетсін деп көрмей ол жарық. Суда жүрген итбалық, Перғауынның әскері, Қарғаған соң Құдайым, Осылай азған дейді бұ халық.

Нұрым:

Шабысың енді түзелді, Жаңа ғана бой жазып. Естімішің көп екен Өлең менен жырға азық. Пайғамбардың кезінде, Қанша қауым өтіпті

Өз пиғылынан өзі азып?

Қашаған:

Сұрасаң, жауап берейін! Хазіреті Нұхы пайғамбар:

«Тағат етің», – деп жылаған. Айтқанына көнбеген Қауымында бір адам.

«Бұл шәһәрдің жүзіне, Алла, пәле жібер», – деп, Шынымен сонда сұраған. Сұраған тілек бойынша,

Жердің бетін қаптап ғаламат, Қырық аршын терең су алып, Нұхының қауымын су жұтты. Әзәзіл шайтан азғырып,

Тура жолдан жазғырып, Лұд пен Аухат қауымын Деп айтады жер жұтты. Нұреке, мысал айтайын: Сахарада көшіп жүргенде Нар аунаса шаңдаққа, Аяғы тиіп, бақыртар

Бота менен тайлаққа. Қапталдағы көп жаман Сені мен маған ұрынса, Түсіп кете жаздайды Түбі жоқ терең айлаққа. Қанатты тұлпар сен едің,

Қосылып жүрген байраққа. Дүбірлі дүлдүл шайырсың, Кіші жүз бенен Орта жүз Атағың кеткен аймаққа.

Батаңды берсең, жылдам бер, Ұзаққа созып, жайлатпа.

Білмейді екен осы жұрт Кімнің де жақсы, жаманын, Кімнің де жүйрік, шабанын, Оқулы мен наданын.

Жаңа қызып келеді Парлап жүйрік табаным.

Насихаты түзік-ті Жасы үлкен ағаның.

Тағы бір мысал айтайын: Құс үлкені – қара құс, Көлемі дардай, күші жоқ. Күші жоқтығының себебі – Бармағының ұшы жоқ.

Бүркіт те жүрер қаусаңдап, Бүркіттің жейтін жемдерін Қырғи құс қағып кететін, Екі көзі жаутаңдап, Шағала мен шақшақай, Айтайын бәрін тастамай. Шабағы мен шаянын Бергісі келмес басқаға-ай. Байғыз деген құс болар.

Құдіретімен Алланың

Бір торғай күнде тұс болар, Жапалақ деген құс болар Төбеде тұрып таранған.

Өзінен басқа неме жоқ, Жан-жағына қаранған. Қара қарға қалбағай Алатын жемін ала алмай, Ұшады да қонады.

Қапталдағы көп жаман, Сені мен маған келгенде

Кем болып қалар салмағы-ай. Шымшық деген зәредей,

Бір кішкене құс болар,

Тұла бойы менмен күш болар. Қыранға келіп, тап болса, Жемсауына барып, мыш болар. Біреуге біреу ұрынса,

Толып жатқан іс болар. Сынамақ болған сұрқылдар, Сенімен менен озғанша Жыл айналып, қыс болар.

БІРЖАН МЕН ШӨЖЕ

Шөже:

Ей, Біржан, маған берші бір азды дат, Аяңы жоқ нәрсенің бәрі де қат.

Сасық күзен секілді шақылдама, Сенен бұрын туғанмын, тіліңді тарт.

Біржан-ау, осы емес-ті көрген жерім, Еншалла, жаңылмаса, көрген көзім.

«Ұлмұлқұра» деген Алладан аят келді, Соны тапсаң, сен мені жеңген жерің.

Біржан:

Жақынды алыс қылар жүрмеген соң, Мереке қызық болмайды күлмеген соң.

«Аталы сөзге арсыз таласады», Шөжеке, шорқақ едім білмеген соң.

Шөже:

Әкесі Қожағұл Ақсарыға үлгі берген, Бұл неге теріс кетсін үлгі көрген?

Арсыз болса, жанжалға салар еді,

Бұ-дағы келіп қалды даңғыл жолмен.

БІРЖАН МЕН САРА

Қызы екен Тастанбектің ақын Сара, Бәйгеден күнде келген жалғыз қара. Қыз да болса, адамның жүйрігі екен, Көрмедік сөзді адамда ондай дана.

Қызы екен ақын Сара Тастанбектің, Жақыны Маман, Толқын, Есімбектің. Сауық қып Садыр – Матай жиылысып, Аулына алдыртыпты Тұрысбектің.

Аулына Тұрысбектің Сара кепті. Өлеңді жүндей сабап дүрілдетті.

Сол кезде он жетіде ақын Сара Жел сөзге адам болмас одан епті.

Сараның атын білер Арғын, Найман, Жүйрік шыққан аталық Қаптағайдан. Баласы Қожағұлдың сері Біржан Сараны іздеп шықты әлдеқайдан.

Елі – Керей, ұраны Алтай – Қарпық, Қызыққа тірлігінде жүрген батып.

Атасы Алтай – Қарпық, елі – Арғын, Сауықпен жүрген сері дуылдатып.

Сараны есітіпті Біржан анық, Бұған да жүрген жігіт өнер дарып. Құдай берген дәулетті аясын ба,

Шығыпты он бір жігіт жолдас алып.

Серілік Құдай салған мұндай өнер, Пендеге әр не болса, Тәңірі берер. Мың жарым жылқысы бар атасының, Уақыты екен отыз сегіз жасқа келер.

Келеді он бір кісі жолдас алып, Дулатып түрлі-түсті әнге салып. Ат жіберіп, Сараны алдыртармыз

Аулына Тұрысбектің жетсек барып.

    • Сара да болар – дейді, – сөзге мығым. Айтысып, Сараменен қылсақ шығын.

Найманның асыранды бұлбұл құсы, Сараның айттырармын барлық шынын.

Баралық Тұрысбектің ордасына, Сараның қоямын ба болмасына?! Он бір кісі жолдасым ертең түсте

Біржанның қарық боларсың олжасына.

Арғыннан артық болды салған әнім, Найманға, Арғын түгіл, болдым мәлім.

Ән салып тоқсан екі түрлендіріп, Найманның бір жияйын тірі жанын.

Сара да жетік дейді, сөйлер сөзге, Найманда аты шыққан осы кезде. Ауызын қарсы келсе аштырмаспын. Адамға мақтанар ол менен өзге.

Бөденедей қырғи алған жұмарлармын Құдайым қуат берсе енді бізге.

 Әлқисса, Жүсіпбек қожаға Сара қыздың Біржанмен айтысқанын қыздың өзі аузынан осылай деп бастан-аяқ баян қылғаны айтысқанның келер жылында.

Сараның сөзі:

Қызы едім Тастанбектің, атым – Сара, Ішінен ер Қаптағай шықтым дара.

Он үште домбыра алып, сөз сөйлеп ем, Келемін бір сүрінбей жалғыз қара.

Қолдай гөр, ер Каптағай, ата-бабам, Сөзімді тыңда, құрбым, келсе, шамаң. Ақсүйек пайғамбардың тұқымы деп, Сөзімді естірткелі келдім саған.

Тақсыр-ау, күні құрсын ұрғашының, Билігі болмайды екен бір басының. Тері-терсек берген соң ит те алады, Бұлындай берекесіз арбашының.

Әкемнің төрт түлігі бәрі де сай, Алты ауыл аруақты үш ағам бай. Бұлаңдап асау кердей жүрсем-дағы

Тоқтыдай борышқа кеттім, уа, дариға-ай!

Бұйрықсыз нәсіп етпес зарлағанға, Тұңғиық сезім терең барлағанға. Тақсыр-ау, он жетіге биыл шықтым, Сан жүйрік ілесе алмас самғағанда. Хан, қара шаршы топта сан сөйледім, Көз көрмей, бәрі бекер нанбағанға.

Арсалаң, сал Ниязбек іздеп келіп, Шошыған жүгірістен танбағанға.

Сөйледім қаз мойынды жарма-жалмен, Әкеме ұлдай боп ем біткен малмен.

Аулында Тұрысбектің сөз сөйлестім, Баласы Қожағұлдың Біржан салмен.

Үйінде отыр едім Тұрысбектің,

Бұл үйге Құдай айдап, дұрыс кеппін. Қасында жеті-сегіз жат кісі бар,

«Сөйлес», – деп, даусы шықты Жүнісбектің.

«Бұл үйде кім бар?» – деді келе сала-ақ. Отыр ем домбырамды қолыма ала-ақ.

Есімбек, Маман – құтым, ер Шерубай, Қасына еріп келген өңшең манап.

Кісі екен отыз екі жолаушымен,

Ақ үйдің жабығынан көрсем санап.

«Сүйінші, іздеген қыз осында», – деп, Біреуін тонап жатыр жаудай талап.

Сырлаған домбырасын қолына алып Ән шырқап қоя берді жүндей сабап.

Тұрды атын ұстап біреу шаужайынан, Сөзінің білдім Біржан ыңғайынан.

Толықсып, төңкеріліп, ән шырқап тұр Сүйтсе де, шошымадым айғайынан.

Сонда Біржанның қызды шақырып, айтқан сөзі: Бұл үйде Сара бар ма, шықсын бері, Іздеген келіп тұрмын Біржан сері, Жолықпай сөзі өктемге жүрген шығар, Ауылында Тұрысбектің өлер жері!

Сайраған Орта жүздің бұлбұлымын, Арғынның Алтай – Қарпық ақтанкері, Барабар сөзі теңдес адам болса, Көңілімнің тарқаушы еді қайғы-шері, Қырандай аспандағы желді күнгі, Дауысымның көтерілер шықса тері.

Суырған жер танабын майталманмын, Жасымнан маған мағлұм қыз не дері. Алтын менен күмістің нақысындай, Міні жоқ, бізден шығар сөз бедері.

Шатыр тік көк майсаға, бір тайды сой, Кешікпей, шықсын үйден болса өнері.

Ақ иық мұзбалақпын жерге түспес, Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес. Басайын аптығыңды, тез шық, Сара, Сен түгіл әкеңдеймен болдым істес.

Бұл үйде Сара бар ма, отыр неғып? Қарсы ұшпай, тоты құстай қанат қағып. Жел қабыз, жез тағалы еңіреумін,

Қара тер шыққан сайын кетем ағып.

Ғаламда мәшһүр болдым өлең жаттап, Қысқартам адымыңды бір-ақ аттап.

Көмейден құйылады қайран сөзім, Айғайлап ұран салсам «Қарқабаттап».

Сараның сөзі:

Көктемде Тұрысбектің ауылында, Көруші ем істің жеңіл, ауырын да. Біржанның төңкерілген әніменен, Ешкіөлмес ел жиылды бауырында. Арындап дәуірлейді барған сайын, Екпіні соққан желдей, көрдім жайын.

«Шырағым, Сара, саған не болды?» – деп, Есімбек кіріп келді, ағатайым.

«Шырағым, Арғынға орай бар ғой Найман, Бала едің атағыңды жұртқа жайған,

Кең жерде келістіріп душар болмай, Қапыда қажы үйінде келді қайдан?

Тартынба, енді балам, – деді қажы, – Адымың аттан артық шықты тайдан. Сөзі бұлақ антұрған көрінеді,

Бар еді бір кісідей өлеңге айлаң,

Аптыққан қу Арғынды бір дөңгелет, Ағаңа осы болсын тиген пайдаң.

Өнері ұлдан артық, қарағым-ай, Тұрайын мен де тілеп бір Құдайдан.

Қажының әлгі сөзі болды себеп, Қолтықтап көтере гөр, аруақ демеп.

Дулат, Сабыр, Кеншімбай, Сұртай, Жылтыр, Жанұзақ, қолда! – дедім, − бәрің жебеп!

Аспаннан бойға түсті ғайып пірім, Даусыма жаңғырығар тұрған жерім. Ән шырқап, ақ ордадан шыға келдім, Көрген соң аттан түсті Біржан серің.

Қозғадым қырмызыдан сөзді талдап, Басында баяуладым Біржанды алдап, Төрт қызы Тұрысбектің қасыма ерді,

Ақ үйден шыға келдім «Найман шалдап».

Таңданып, жиылған жан қарап тұрды, Қыз да болсам Біржанға балап тұрды. Кәмшат бөрік, күлдәрі белбеуі бар,

Көк торғын шапанды адам қарсы жүрді.

Түрінен мен таныдым, осы – Біржан, Сандалтып Орта жүзді әнмен қырған. Сарысұр адам екен, тым өңді емес, Құбылар тоты құстай әлгі антұрған.

Біржан салдың айтқаны:

Осы ма бұл Матайдың бұлбұл құсы? Көп іздеп, бүгін таптым жазы-қысы. Әуелі қазақшылап көріселік, Жарқыным, берірек кел, жасың кіші.

Баласың, – деді, – менен жасың кейін, Көрінді Біржан салдың сөзі бейім.

«Көрісем, бері кел», – деп, сәнсіп тұрды, Толғанып үндемедім оған шейін.

Қыз көріспеген соң Біржанның айтқаны: Мен – Біржан, қызға барман аяғымнан, Шын қызсам, дәуірлеймін баяғымнан.

Бері кел, ұрғашылық қылма, жаным, Дәндеме Наймандағы саяғыңнан.

Найманның болады екен қызы надан, Үлгісіз қалай халық,түрі жаман.

Ағаға іні келер біздің елде,

Көп боп па, сұрасуға есен-аман? Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Сен түгіл, сенен артық құмар маған. Жалымнан тұтқан қызда арман қалмас, Жібек жал арғымақпын тұмарлаған.

Еркек тілін алмайтын жының бар ма? Адам деп сөз айтамын, Сара, саған.

Сонда қыздың берген жауабы:

Ей, Біржан, кімге дәрі амандығың? Сөз білсең бұ да сенің жамандығың.

«Қыссасул-әнбиядан» естімеп пе ең? Белгілі мағлұм болды надандығың. Адамды топырақтан жаратты Хақ, Надандығың білінсін бұл сөзге бақ. Хауаға бұрын барған Адам ата,

Бұл салттан кетпекшісің қалай аттап? Данышпан білгіш қой деп ойлаушы едім, Арғын да тантиды екен жоқты мақтап.

Найманда екі жүзді наркескенмін, Желкеңді қимақ үшін қойған саптап! Тозаңың анда-санда бір бұрқ етер, Саулатсам бейпіл желді екі жақтап. Күн көргелі келдің бе, құрдым Арғын,

Жинауға сынық малта Найманды ақтап. Абыройың ашыларын білмейсің бе?

Көрпеңді көсілсеңші бойға шақтап. Жерге кіріп кетерсің, жынды антұрған, Шын қазсам асты-үстіңді жездей қақтап. Делбелігі емес пе Біржан салдың,

Кісісін жеңетұғын жаңа тапты-ақ. Талпынған жас баланың білегіндей, Сендейге ұстатпаймын қолымды аппақ!

Сонда Біржан сөйлейді:

Сал Біржан домбырасын көкке сермеп, Жіберді түрлендіріп әннен өрнек, Сөзіме ызаланып алғаннан соң, Дауысқа салды Біржан аспанға өрлеп:

Мың жарым жылқы біткен Қожағұлға, Сөйлеткен сені балап қазақ ұлға, Асықша ақ жамбыны сұлуға аттым.

Тиыным шыққан емес сендей тұлға, Сайратқан Орта жүздің бұлбұлымын. Қызығып жүргенім жоқ алар пұлға, Күшігін асыраған өлекшіндей, Азғындап шөктің, Сара, жылдан жылға. Қырсығың өз басыңнан арылған жоқ, Тегістеп айыбыңды тізсем қылға.

Қолыңды ұстатпайтын ерке болсаң, Күлімсі берді әкең неге құлға?

Бар екен жаннан артық сөйлер сөзің, Сүйенген қызыл тілге шын сорлы өзің, Қолға түскен қалмақтай ықтиярсыз, Төрт болар құлға барсаң екі көзің.

Сөзіңе таң қаламын сынай алмай, Айтқаным кетті саған ұнай алмай. Көзіңді күшік құрлы бір ашпайсың, Қортиған шірігіңді Құдай алмай.

Есекке қосақтаған бір қашырсың, Күң сырың көпке жаяр жылай алмай. Құшақ толар еркекке көңілің бар, Сәнсисің күйгеніңнен шыдай алмай.

Жан жетпес ән шырқасам өрісіме, Құданың ризамын берісіне.

Елден таңдап айттырған қортық байың, Бір қойдың сыяр тұлып терісіне.

Алыстан тілеп ұшқан түз құсындай, Біржанның жан таң қалар келісіне.

Мойыным жүзген қаздай иіледі, Орта жүз ән шырқасам сүйінеді. Арғынның жалғыз тоны қолға түссе, Төрт Найман орта бойлы киінеді.

Найманда байлық бар ма біздің елдей? Жүрсем де адам боламын мұнда келмей. Қыз сөзін кек көрмейтін сайтаным бар, Онымды тастамаймын өзім өлмей.

Атадан Біржан сал боп тудым артық, Ұраным – Ер Қарқабат, Алтай – Қарпық. Аққумен аспандағы ән қосамын, Қозғасам, ащы күйді түптеп тартып.

Қырмызы, асыл бекзат бір мінезім, Кетер ем еркек болсаң, бір-ақ тарпып. Қыз итті сыйлайтұғын бар мінезім, Самғаймын бәйге атындай артып-артып.

Көкшетау дуанына даңқың барған,

Мен – Біржан, алтын тудай айқындалған. Естігелі, Сара, сені үш жыл болды,

Сері едім төңірекке құлаш жайған.

Түлкінің жүгірісін қыран байқар, Ұялсаң, сөзің емес маған айтар, Қандыкөз май жеп алғыш ақиықпын, Сен түгіл, қасқыр көрсе, бір-ақ шайқар. Қайрату сұрамаймын келсе аңым,

Қыз сөзін парық қылмайтын ескі заңым, Күнінде он көрінсе де, айнымаймын, Көк төбет болды деме мені, жаным.

Түстіктен жұрт таң қалар көргеніме, Жеңбесем, қуанбаймын келгеніме. Ақ марал, осы жолы жығылмай кет, Алтайдың душар болдың мергеніне. Өзімдей бір басты адам сөз білмейді, Құданың мың шүкірлік бергеніне, Қыз сөзі батқан сайын жаным кірер,

Қарамай, қатты сөйле өлгеніме. Адымым күні бүгін қалыбында, Апшымның қуырылып қай сасқаным, Өтірік ентелетіп желгеніңе.

Көзімнің Көкшетаудан қыры түсті, Аталық Қаптағайда жүргеніңде,

Аю болсаң да, басамын «Әп» дегенде, Түспеймін жаман құстай көргеніңе.

Сонда Сараның айтқаны:

Ей, Біржан, жасың үлкен, өзің аға, Қымбаттығым белгілі білсең баға. Қамысты терең көлдің сұқсыры – мен, Қаңғырған ілдірмеймін қаршығаға.

Ежелден сен белгілі желді көрік, Таң қалдым сәулетіңді сенің көріп. Сені айдап ажалыңа алып келген,

Құт Маман, ер Шерубай қасыңа еріп, Сөйлетпей шыға сала кеттім дерсің, Түрімді көрсетейін сөйлеп беріп.

Қарны ашқан қырсығы бар еркек мысық,

«Сасық» дер аузы жетпей, майдан жеріп, Сөйлеспей мен сықылды өнерпазға, Дәндеме жүрген күңнен тезек теріп.

Өлеңді қолқа қылсаң ағытайын, Самарқан жібегіндей оннан өріп. Әншейін сыпайы деп қимай тұрмын, Көзіңді төрт қылар ем иттей керіп.

Сөзбенен жеңемін деп ойламаңыз, Бір жерден мүдірер деп, көңіл бөліп. Тіліңді тарта сөйле, Біржан батыр, Жарамас жүдеп қайтсаң, іздеп келіп. Тартылып таразыға тең келмейсің, Тірілсең ертең кешке, бүгін өліп.

Арғынның тантықтығы, міне, осындай, Кім байқар ер қадірін сөз қосылмай?

Жай тастап, құлашымды кең созамын, Сен түгіл Қожағұлдан бір шошынбай. Күшпенен көндіремін болмасаң да,

Сестеніп тамам жерден қозғасаң да. Аптығып, арғынсынып сандырама, Ойлайсың артықпын деп оңбасаң да, Найманға жалғыз тиын керегің жоқ, Келесің қайыр сұрап анда-санда.

«Мен пәлен» дегеніңе сескенбеймін, Шошыр деп қоразданып алдасаң да. Ақыр өнер барлығын байқасармын, Өзіңді өзің мақтап, нанбасаң да.

Қарамды әр-беріден соң бір көрмейсің, Соңымнан үмітті боп қалмасаң да.

Тоймайтын жеті басты жалмауызсың, Ескі-құсқы елден жиып жалмасаң да. Қуып жетіп, озамын Найманшалап, Пысықсып ә дегенде самғасаң да.

Әй, Біржан, әліңді біл, жүр жайыңа, Әке десең көнбеймін ыңғайыңа.

«Жау аяған жаралы болар», – деген, Шын тілеп, сөйлейінші Құдайыма.

Жылқының арығындай Арғын кедей, Тойғансып, мас боласың ішпей, жемей. Құр айғай салғаныңа кім шошиды?

Жеңермін иттей қылып, адам демей.

Найманның аруағынан кет садаға, Әзәзіл бола берме екі араға.

Жанақ та қобызымен түк қылған жоқ, Оңай ма сендей сорлы бишараға?

Орынбай іздеп келіп, кеткен қаңғып, Жеңген жоқ Кеншімбайды о-дағы аңдып. Жанақ қашан жол алды Сабырбайдан, Жаманын көтереді Арғын сән ғып.

Біржанды «Әке» десе, менсінбеймін, Жаратты қыз да болсам, сонша паң ғып. Жынды бота сықылды бір делбені, Құдайым тірі қойған несін жан ғып?

Біржанның айтқаны:

Арғынға жете алмайды Найман өлмей, Ежелден артық тумай, теңдік бермей. Жеңбесем, Сара, сені осы жолы Өлгенім жақсы емес пе үйді көрмей.

Сара айтады:

Ей, Біржан, өнер біткен қай жеріңе? Бұл жолы пайда ілінбес құр теріңе. Жеңбек түгіл келмейсің ширегіме, Әкеңнің, менен қорықсаң, кір көріне!

Біржанның айтқаны:

Арғынның көз жеткісіз аймағы бар, Төңірек жеті дуан ойнағы бар.

Кім жетер Жанайдарға Алтайдағы, Алты жүз бота мен тайлағы бар.

Шалқыған Жәнібек пен Тұрсын, Жанай, Ит қосты Нұрмұхамбет, Досан, Қанай. Солардың хисабына көз жетпейді,

Ол түгіл бір Шақамдай болсаң, қалай?

Қаржаста бір құтым бар – Мұса, Шорман, Үзілмей келе жатыр ескі қордан.

Қажының белбаласы – Садуақас, Құтқарған сан қыранды түскен тордан. Ұл тумас Қазанғайып ата ұлынан, Тұқымы дегдар шыққан жатынынан.

«Полковник» шен алады туа сала, Шырылдап түскен бала қатынынан.

Шыныбай асып еді бір шағында, Жан жетпес ер Қазекем аруағына.

Жамантай, Құсбек, Шыңғыс, Сартай төрем Ілінген талай Найман қармағына.

Тәттімбет ардагерім Арғын асқан, Қырық түрлі күй ілінген бармағына, Ежелден әрі баймын, әрі молмын, Шын қызсам, шыдамайсың зардабыма.

Адамның ақиығы – қажы Құнанбай,

Сан жүйрік сау кеткен жоқ бір сыналмай. Найманның әулиесі – батыр Барақ, Ішқұста болып кеткен түк қыла алмай.

Ыбырай – жас жолбарыс білектенген, Дұшпанға арыстандай жүректенген. Өзінің заманының бозбаласы, Перінің жігітіндей реңктенген.

Ей, Сара, қайсының бар оған жетер? Өнерін көрген жанның есі кетер.

Адамның жалғыз баста білімпазы Әлі де жамандамас Найман бекер.

Орта жүз Абай қойды атын батпай, Үйіне ояз кірмес жауап қатпай, Арғынның асылдығы, міне, осындай, Наймандай ағайынын жүрген сатпай. Бар болса, бұған орай қоймай сөйле, Әйтпесе, сөзіңді қой, босқа шатпай.

Сонда Сараның айтқан жауабы:

Ей, Біржан, сөз сөйлейін анықтатып, Көңілің ауырмасын, қабақ қатып, Көкшетау, Қызылжарда талай Арғын, Күн көрген жанын жалдап, жатақ жатып, Найманнан қай жерің бай мақтанғанмен, Тентіреп, нан жемейміз, шілік сатып.

Бармаған соң жайыңды білмейді деп, Құр босқа мақтанасың, Тәңірі атып.

Найманда Қаракерей, Сыбан, Мұрын, Жеті ата Жолымбетке құйған нұрын. Шерубай, Тана мырза, ер Тәукебай, Қай қазақ сөз бастаған онан бұрын? Баласы Қозыбайдың Тілеуберді, Әліхан − оның ұлы, әркім көрді.

Құдайдан қорыққан Арғын осал демес, Қарадан хан боп шыққан Қисық ерді.

Жан жетпес Бабатайға және Жанақ, Аққожа би, Ақтайлақ асқан манап. Ақтамберді, Алтыбай, Райымбек − Жайратқан жауын түгел қойдай қамап.

Кенжеқұл − қазақ жетпес бабасына, Төрт арыс билік айтқан баласына. Байтоқа, Кеңесбай мен құт Данияр, Тоймаған сөздің сөйлер шамасына. Арғын жоқ мақтағанмен Тойғұлыдай, Қор құйған Қыдыр келіп сабасына.

Бірін-бірі аңдыған қу Арғынсың, Мақтанған мінсең, орыс шанасына. Екі жыл бақ айналса біреуіңе, Қайдағы жаулық қылған данасына. Арғында кісілік жоқ мен білмейтін, Қарны ашса, қастық етер анасына. Кім жетер Қабанбайға дуа қонған, Үзілмей тұқымына қуа қонған Қожағұл, Әлі, Жақаш, ер Әділбек, Сүлеймен − оның ұлы, шықты соңнан. Ботабай, Байжігітке құт Шиямбай, Сасан би, шапты Кенже жауға аянбай,

Шынымен құлаш ұрып, самғай берсем, Қаласың жетпек түгіл бір таянбай.

Таласпас Тәнекеңнің жан бағына, Жеңермін егер тартса, іс ағына.

Шетінен Қыдыр қонған өңшең құтым, Мың-мыңнан құт тастаған арт жағына.

Арғынның болады дейтін қызы сойқы, Шот маңдай, иегі ұзын, мұрны кейкі. Бұйра шаш, дөң жауырын, қысқа тұмсық, Дүрбелжін дорбиған күң ойқы-шойқы.

Жігіті Қоқандықтың аңғалындай, Аптығар өрттің шалқып жанғанындай, Асыққа ақ жамбыны ертіп құйған, Найманның жігіт қайда бағланындай? Екі ауыз ән білгені ақынмын дер,

Қыдырдан түсте бата алғанындай. Ұятсыз сіздің елдің бәрі даңғой, Айтпасаң, мұнан басқа қалғаныңды-ай, Қапыда қалдым деме, ақын Біржан, Көңліңнен қоймай сөйле арманыңды-ай. Сара ақын екеніңе көзің жетпей, Осындай қайдан білдің қармануды-ай? Найманнан қарның тойып кетсең-дағы, Қоймайсың жылда келіп жалмануды-ай. Елу күн ғайып білген тоты құспын, Білмеймін, әкеңнен де алдануды-ай...

Өз басым ұрғашының қара тілі, Иранбақ бет бітісім қызыл гүлі. Біржан сал, ажал айдап, өзің келдің, Іздеуге ойланып ем өткен жылы.

Майысып, нәзік белім бұраң қаққан, Қырық түрлі дана кеудем өнер тапқан. Сөйлесе, май тамызған бұлбұл тілім, Сықылды гәуһар сағат нақыс шапқан. Ажымсыз он саусағым − бәрі де аппақ, Болғанда аузым сағат, ернім қақпақ.

Міні жоқ отыз тісім меруерттей, Ерінбей тіздіргендей адамзатқа-ақ. Мойыным сұңғағындай жүзген қудың, Лебізім шырынындай шәрбат судың. Қаққанда төңкерілген қас бітісім.

Ашылған айбатындай жібек тудың.

Қырмызы қызыл жібек маңдайым кең, Арғынның айтшы, кәне, қай қызы тең?! Тал бойым ұзын да емес, қысқа да емес, Азар дұшпан болсаң да, қай жерім кем?! Тамағым жас баланың білегіндей, Иығым тік сандалдың тірегіндей.

Бет алдым қоңыр қаздың кеудесіндей, Тал бойым жолбарыстың жүрегіндей. Арғынды мақтасаң да, жетті Найман,

Жетпек түгіл байлыққа өтті Найман. Бұралқы үйге сіңген күшік иттей,

Бай болсаң мұнда, Біржан, келдің кайдан?!

Найманның Арғын жетпес қоғамына, Қаласың бекер мақтап обалына.

Қымыз бенен қыз сатып, күн көресің, Естимін таянды деп жоғалуға.

Мақтанып жоқ нәрсеңді айтпа маған, Рас, жаным ашиды, Біржан, саған.

Сөз білсең, көп таласпа меніменен, Алысып, құр кеудеңмен қалмас бағаң.

Ей, Біржан, шыдамаймын қылығыңа, Мақтанба Құсбек, Сартай ұлығыңа. Үстіне Жамантайды сомдап қоссаң, Барақтың пар келмейді сынығына.

Ұстаған Тобықтыға дүре соғып, Аққан қан ат суарған тұнығына. Қапанның Байқарамен қосы қонса, Жетпеген қалың тоғай қорығына. Қазыбек Құнанбайды найзалаған, Төрем түгіл Төлеңгіт жорығына.

Садырбай, Жаманбала, Арқабайым, Тел емген екі енені марқадайын.

Есілге, Едіреймен қамалған қу, Көкмайса жерің бар ма Арқадайын?

Ақ найман Қожамбетке Арғын жетпес, Төртуыл Қаратайдан қазақ өтпес.

Көкжарлы Сарыжомарттай қайсының бар? Қызығы Мысыр шәһардай естен кетпес.

Ерлерім, айта берсем, жатыр талай, Ойласаң, есің шығар санай-санай. Бура жатыр көптігі толық дуан, Атасы – әулие өткен ер Қонақбай.

Дәулетке Бура-дағы артық асқан, Кім баймын дегенменен жағаласқан. Жаяубайлар көрді ғой малдан ыза,

Қозғалып, көшіп жұртқа жете алмастан.

Қайсы Арғын жетеді Аман, Көшеріме, Мен дайын сөзді қалай десеріңе

Кең қолтық, өзім теңдес кез келмесе, Алтайдың көзім толмас есеріне.

Тойке мен Жоламандай тумас қазақ, Дұшпанын иттей байлап, қылған мазақ. Менімен айтысуға қайдан жеттің,

Жыл сайын өлуші едің сүйек қажап.

Өнердің күш көрерсің өкімінен, Сөзімнің түйсең керек секілінен. Жарыған жалғыз Арғын көрінбейді, Жас қызын ұстап берген кекілінен. Қаракерей Матайға жау болған жоқ, Барақтың артық қайрат етуінен.

Түйеше құр бойыңа сенгенсисің, Ісің жоқ Найман қуып жетуімен. Тойғұлының асында бәйге тікті, Тоғыз қыз Арғын берген жетімінен. Төлеуші ең, бір түйе ұрлап, екі бала, Антұрған, ұялмайсың бітіміңнен.

Құтырмай жайыңа жүр, жынды делбе, Келіп, кісі болма, сен біздің елге.

Сөз білмейтін жеріңе мақтана бер, Бұл жақта құр айғайың кетер желге.

Ей, Біржан, көңіліңді тындырайын, Аруақ пенен Құдайға ұрдырайын. Найманда түлеп ұшқан ақиықпын. Топшыңды қанатыммен сындырайын.

Ей, Біржан, бұ да жетер бір басыңа, Құл болып одан-дағы тұр қасыма.

Сен-дағы жас күніңнен ардагерсің, Құрбыңмен жеткізбеген құрдасыңа. Әуенің жез сырнайдың көмейіндей, Әніңнің қазақ жетпес бұрмасына.

Ақын емес, жігітсің әңгімешіл, Мұныңмен шыға алмайсың қыр басына.

Жүз Жанақ, он Орынбай жолдас алсаң, Мен кепіл, сен жеңілмей тұрмасыңа.

Есің болса, осымен тоқта, Біржан, Арғыңды бос қаздырмай ұрғашыға.

Сонда Біржанның айтқан жауабы:

Құтыма тіл тигізбе, ер Құнанбай, Алашқа аты шыққан кер бұлаңдай. Ескермес он ақынды есіл басым, Қадалдың маған, Сара, сұр жыландай.

Сен түгіл, жеткен емес еркек қуып, Төмен болған жерім жоқ, өзім туып. Шынымен жайпаң қағып самғағанда, Тұсыма келген емес адам жуық.

Менсінбей қапы қалып өкінермін, Ызғарлы көрінеді сөзің суық.

Болдырып түстен кейін сандырарсың Байталсың, қапелімшіл бір жел қуық. Барынша өнеріңнің аянбай сал, Көңілімді көтермей-ақ сөзбен жуып.

Жорғамын сарынымен самғайтұғын. Бәйге аты серпінімді шалмайтұғын. Әнімді он екі звод жіберейін, Есіңнен өле-өлгенше қалмайтұғын. Ежелден құлаш мойын көк айылмын, Ылауға жеті күнге талмайтұғын.

Болатпын екі жүзді, жетем құрыш, Күйсеуін шапқан түйе танбайтұғын. Гәуһармын бозбалаға сәуле берген. Дәндеме жаманыңнан жанбайтұғын. Ой желке, қамыс құлақ қаракөкпін,

Тұнықтан жүзіп ішпей, қанбайтұғын. Ұрғашылық қылмасаң бір басыма, Қазақ жоқ Біржан десе нанбайтұғын. Даусымның жаңа түсті кәрі жыны, Дәуірлеп барған сайын болмайтұғын. Қарқабат, Қарақожа − ата-бабам, Осындай ерегісте қолдайтұғын.

Қырымға қарайтұғын қаракермін, Аң алмай, жерге бекер қонбайтұғын. Айнымас қандыбалақ ақиықпын, Тұяғым тиген қасқыр оңбайтұғын.

Асылмын аспандағы, құс болғанда, Қаңтарда қалшылдаған тоңбайтұғын, Тұлпармын «Көрұғлының» Ғиратындай Алдында жүгірсе, мал салмайтұғын, Рүстем-Дастандаймын дәл өнерге, Меңгеріп кісі билеп алмайтұғын.

Бір итке елің неге берем дейді?

Сол ма екен лайығың таңдайтұғын? Он бестен ұрғашыға саятшымын,

Күн сайын қанжығамды қандайтұғын. Аңдап бас аяғыңды, байғұс, Сара, Мен сенің кісің емес алдайтұғын.

Сонда Сараның айтқан жауабы:

Қазақ жоқ хан Бараққа теңгерілген, Күшімен Арғын, Найман меңгерілген. Есіл ер аруақ біткен заманында, Тоқтыдай сан Тобықты өңгерілген.

Өзіңді ат та қылдың, құс та қылдың Дүниеде бар жақсыға теңгерумен. Жайымды адам күймен айтайын мен, Басылсаң, ала қашпа өрлеуіңнен.

Өнерге екі жағым бәрі бірдей, Еркек жоқ өз басыма теңгерілген, Құр босқа бөгелемін келіспей нем,

Сөз – пірім, он жасымнан меңгерілген. Небір нәзік көзге олқы көрінсем де, Сан жүйрік қойдан оңай өңгерілген.

Ұшырған тәрбиелеп ақ тұйғынмын,

Матайдың Қаракерей сеңгерінен, Даусыма аспандағы құс айналар, Құбылып тоты құстай төңкерілген, Антұрған, Құдай, қане, жасырмай айт, Сөзім жоқ бір кісіден кем көрінген.

Сайраған тәмам Найман бұлбұлымын, Қапаста жел тигізбей жем берілген.

Жұрт –сыншы, өзі білмес екі даугер, Белгі жоқ адымында теңгерілген.

Мақтанғаным болмас-ау, осы кеудем, Он Арғын шалымынан кең көрінген. Бірінен бірі дамып, асып түсер, Дауысым алтын тудай паң керілген.

Сонда Біржанның айтқаны:

Жарайды, жаным, Сара, осы сөзің, Тастүлек тұрымтайдай екі көзің. Сөз айтар қандай кісі деген кезде, Алдымнан Құдай айдап келді кезің,

«Бір асқанға бір тосқан бар-ақ», – деген, Талайдың қисық деуші ем құрған тезін, Шіркін-ай, мұндай жүйрік туармысың, Сөйлейсің алтындай ғып сөздің жезін. Қанатын күн шалмаған ақ тұйғынның, Жапалақ иемденер басқан ізін.

Қор болдың бір қортыққа, Сара, қалқам, Армансыз қылар кімнің үйі-түзін.

Дені сау адам емес Тастанбегің, Жүр екен тастай алмай о да қызын. Біліп ем, Сара, сенің сыңайыңды,

Баса алмай армандамын құмарымды, Ақ үйден айқай салып шыққан кезде-ақ, Сезгенмін сөзге қайрат қыларыңды.

Сөйлесең, төрт құбыласы түгел жандай, Білместен неден зар боп жыларыңды.

Майысқан сегіз қырлы жүйрік-ақсың, Қай жерден болжамайсың тынарыңды. Шақыртып, күйеуіңді осында алдырт, Көрейін таңдап қосқан сыңарыңды.

Тез алдырт күйеуіңді, Сара саңлақ,

Көрейін еркегіңді тиген таңдап. Рас-ақ жаны ашыса Тұрысбектің, Белгісі білінеді келсе, сонда-ақ.

Шыбықтай жігіт шығар, өңі нұрлы, Өнері өзің теңдес, сегіз қырлы.

Шеберден мін алатын мініскерсің, Ер шығар тоты құстай неше түрлі.

«Жақсыны көрмек үшін», – деген, Сара, Өзі түгіл, ел қамын жеген Сара.

Мырзаңды Жиенқұлдай шапшаң шақырт, Ұялып, бөгелесің неден, Сара?

 Сонда Сараның Найманның жақсыларына шағынып айт­ қаны:

Қажеке-ау, мынау қалай ақырады,

«Жиенқұл тез келсін», − деп шақырады. Көрсетсең, асылыңды әпкеліңдер, Аулыңда ол келгенше отырады.

Арғынға жол бермеген есіл тілім,

Күн өтпей, қор боп ұшқан қызыл гүлім, Сіздерден ұялғаннан үндемеуші ем Есекке қосақтаулы өтті күнім.

Өзі білер деуші едім жақсылардың Ақыры, қайғы болды енді мұңым. Алтайдың саңлағымен сөйлессем де, Жоқ екен жүйрік иттей өлсем, құным. Сіздерге сенетұғын сорлы басым, Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім.

Өздерің Жиенқұлды көріп едің, Құдайдан қорықпай, шыдап, беріп едің. Шақырған «Найман шалдың» аруағын, Бәріне қыз да болсам серік едім.

Біржанға көрсетіңдер Жиенқұлды, Ол мені осы жерде тірі өлтірді.

Ұяттан кісі өлмейді, сағы сынар,

Қайтейін, Құдай қосып, ием қылды. Итіңді келмесе де, келтір байлап, Бітпесін зығырданым күнде қайнап, Ағалар, нәсіліңе дұрыс болса, Құдайға тапсырамын «Қаптағайлап».

Қажеке-ау, көріп келдің Хақтың үйін, Мен түгіл, бөтенге де зорлық қиын. Жиенқұл ерім болып тұрар ма екен, Күнінде таңда – махшар болса жиын?!

Көзімді аш, көңілімді нала қылмай, Кетсең де, өкпеледім бала қылмай. Сыртынан өлеңменен шақырайын, Біржанға өзімді-өзім таба қылмай.

Сәлем де Жиенқұлға келсін жатпай, Келуге шошынады неден батпай?

Әркімнің қолда бары өзіне алтын, Біржанға бір тырнағын тұрмын сатпай. Көрінсін Біржан салға ай секілді,

Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді. Ұсынса, қол жетпейтін арғымағым, Арғынға баламаймын тай секілді.

Тез келіп, амандассын Біржан салға, Көрінсін айбаттанып Арғын шалға.

«Әркім теке қояды өз ылағын», Әйтеуір, мені сатып, алды малға.

Бермесін дұшпаныма намысымды, Біледі Арғын, Найман дабысымды.

Бар болса шыбын жаны, шапшаң жетсін, Ел таныр, арғымақтай шабысымды.

Қылмасын дос Жиекем сөзге сынық, Шәрбаттай ағып жатқан сөзім тұнық. Қамалдан тартынбайтын қайран ерім, Көлге кеп қойып кетсін, көзді жұмып. Асылым Құдай берген өз бағыма,

Теңелмес жеті Біржан тырнағына. Найманда ұлы дария саяткерім, Балық боп ілінгенмін қармағына. Бағының зор екенін көрсін Арғын, Сықылды салтанатым батыр Тарғын. Көрмеп пе Біржан ондай болам десе,

Сескенбей, шапшаң жетсін біздің балғын.

Бесіннен қалмай жетсін, жаны болса, Бөгелмей жете көрсін әлі болса.

Елден қайыр сұраған кедей Біржан, Алмай ма мендей қызды малы болса?

Көрінсін салтанатпен менің серім, Сол енді Құдай қосқан барар жерім. Кедейге қонақасы тай әкелсін, Талабы Тәттімбеттей асыл серім.

Сонда Біржан сөйлейді:

Көрейін, кісі жібер, күйеуіңе, Көнбейді жаман болса сүйеуіңе. Сабазың қандай екен, көзім көрсін, Адамның таласатын біреуіне.

Жасырмай көрсет, көзге келтіріп-ақ, Сөзбенен жүдеттің ғой өлтіріп-ақ. Ұялмай осы топқа көріне ме?

Өнерсіз, жігері жоқ делқұлың-ақ.

Сараның айтқан сөзі:

Қажеке-ау, кісі жібер балаңызға, Әзәзіл болды Біржан арамызға. Сыртынан мақтасам да, керек болды, Көрсетпей, жігітті ұрлап қаламыз ба?

Өзіңнің құла жорғаң барсын оған, Жиекем Бижан ерін салсын оған. Біржанды бір қаққаннан қалдырмас ем, Құдайым, мені қайдан қосты cоған?

Қажеке-ау, алдыртыңыз қонақ кетпей,

Біржан тұр көремін деп, сөзі бітпей. Ажал да кісі таңдап алады екен, Сол итті неге қойған алып кетпей? Қонжиып мінер құла жорға болса, Келе алмас сол шіркінің қорғаласа. Рас, бізді масқара қылар сонда,

Қорс етіп бармаймын деп онда қалса.

Кісі емес ел намысын ұққандай-ақ, Ербиер елсіз тауға шыққандай-ақ. Жиенқұл күжірейіп келер ме екен, Он мата арқасына тыққандай-ақ.

Бар еді ұлы-қызың, Қажы аға, Қалдым ғой Біржан деген беймазаға. Өзіңнің болып тұрған заманыңда, Дені сау кез болмадым бір тазаға.

Арғынды бір дөңгелет деп едіңіз, Мен түгіл, Найман қамын жеп едіңіз. Мекке мен зиярат қып Байтоллаға, Бақытыма есен-аман кеп едіңіз.

Көрмейсіз неге менің көз жасымды? Жеңбек боп Біржан солай сөз қашырды. Жиылған Каптағайдың жақсылары, Басқаға айырып бер өз басымды.

Алдырып, не қылады оны Біржан? Көруге ынтық емес соны Біржан. Арғыннан асып кеткен бай болмайды, Жеткенмен Жиенқұлға қолы Біржан.

Сонда Біржанның айтқаны:

Шырағым, Сара, сендей тумас бала, Шежіре болармысың мұндай дана. Обалың Есімбек пен Тұрысбекке, Жігітің жөндеу екен, ей, бишара.

Ел-жұртың қорықпайды екен көз жасыңнан,

Қиып кеткім келмейді мен қасыңнан. Кемітер қай жеріңді дұшпан, шіркін, Адамзат озар емес өз басыңнан.

Жіберме Жиенқұлға шақыруды, Өнерсіз үйде білер аһ ұруды.

Қайнайды зығырданым көргеннен соң, Алдырма бекер мұнда кәпіріңді.

Білесің, Арғын, Найман тегіс затың. Алашқа шығып еді Біржан атым.

Кісіге сен секілді малын шашпай, Қазақ та қылады екен кімді қатын?

Дұшпаның жамандайды не деп сені, Белгілі жарар саған берсем нені?

Өнбойың өнер толы жан екенсің, Айбатың әлемге айқын ай бедерлі. Садаға тырнағыңнан кетсін, Сара, Сан жүйрік көріп едім мен нелерді.

* * *

Сөз айтты сонда Біржан біздің жаққа:

    • Ұмытпан, Сара, сені әр уақытта, Қайырған сөзбен жетіп есіл шіркін. Көремін қайта айналып қай уақытта? Есімбек, боққа сатпа асылыңды, Сыйлай көр, қыз да болса, нәсіліңді. Ұқпасаң, Арғын жоқты айтты дерсің, Есеке-ау, құлағыңа ал осынымды.

Қылайын көп ұзатпай сөзді қысқа, Өлеңге жан көрмедім мұнан ұста. Аты ұрғашы демесең, қарындасың, Адамның артығы екен осы тұста.

Шынымен бапты күнде дуға салса, Ілеспес ақын түгіл ұшқан құс та.

Көңлінде мұңы жоқ деп ойлар еді. Көрмеген дауысын естіп тұрса тыста. Обал тұрған орында сауап та бар, Жиенқұл тең емес қой бұл байғұсқа.

Законде зорлық болмас жанды адамға, Жақсыны қор ғып болмас бір наданға. Және де аят пенен хадисте бар, Жылатып берме деген еш адамға.

Қажы барған Қаптағайдың арыстаны, Жалғыз, сіз, осы күнде данышпаны, Өзіңе Құдай беріп қойған шақта.

Дұспанның топ етеді алысқаны.

Көрмеп пе Сарадай қыз қатын қылса, Ішінен өнер қысар аузын жапса.

Қор қылып Жиенқұлға жібергеннен, Қытайша он есе артық басын шапса.

Тұрысбек, Есімбекпен сау тұр, Маман, Таянды қайтар уақытым елге таман.

Айналып, ендігі жыл бір келермін, Тысқары топырақтан болсам аман. Сараны Жиенқұлға бере көрме, Қыз түгіл, ер құнына келер шамаң. Бар болса, сүйегіңде ойларсыңдар,

«Өлі тілін тірі алмас» деген заман. Байлаулы бала құстай Сара сорлы, Жоқ екен осы күнде мұнан жаман.

 Әлқисса, Сараның күйеуінен ұялып, Біржанға Жиенқұлды көрсете алмай: жамиғ Найман тоқтады, мен де тоқтадым дейді.

«Намыс қылып жақсыларым Жиенқұлдан айырар ма екен», − деп, дәмеленіп ем, болмаса, айтар сөзім басқа еді», – деді.

Енді Сараның өзінің айтқан сөзі:

Сал Біржан жүріп кетті амандасып, Екі күн арпалыстым, табандасып. Шіркінге қимағаннан жорға бердім, Басында сөйлессем де, жамандасып.

Қош, Біржан, сау бол,–- дедім, – сағым-керім, Арда күрең жігітсің алым-берім.

Қашан өзің өлгенше есіл-көзел, Күнде той, күнде жиын жүрген жерің.

Жүре көр, ақын Біржан, бізді сұрай, Тысқары топырақтан қылса Құдай. Аптығып, арғынсынып сандырама, Көзіңе қыз көрінсе, мұнан былай.

Жолықтым, атағыңа құмар едім, Болмаса, келместей ғып сығар едім. Сыйладым сағың жерде қалмасын деп, Аттатпай адымыңды қияр едім.

Боп қалды бір көргенім көз таныстай, Сен-дағы жол бермедің бір қалыспай. Есекем еркек болса, бере қоймас, Кісідей қарапайым бір салыспай.

САРА МЕН ТӨРЕБАЙ

Сара:

Біледі, Үйсін, Найман Сара екенім, Жасымнан өлең қуған жан екенім. Еліне Төребай да болыс бопты-ау, Ығында жүруші еді Қаракеңнің.

Құда деп жігі-жапар құрметтепті, Ауылы Тұрысбек пен Тәнекеңнің. Жалайырлар білместен келген шығар, Сараның бұл ауылда бар екенін.

Төребай:

Жиналыпсың шілдеге маңайыңмен, Сараны естіп келдім, барайын мен. Қаракеңнің ығында жүрсем-дағы Айтысқамын қыздардың талайымен! Арғын, Найман елімен сөзің бітсе, Бір айқасып көрсеңші Жалайырмен. Сен де туған анадан мен де туғам, Бір сөйлесіп сенімен қалайын мен. Төребаймен әуелі байқасып көр, Шапанымды жеңілсем жабайын мен!

Сара:

Жалайыр теріс қарап ұйықтайды, Жылылап текеметін тұйықтайды. Жылқысын бергі шеттен қуа қашып, Сексенбайдай батырлар иықтайды. Күз болса, алып келіп жей береді, Алдыңғы барған ізін суытпайды.

Жалайыр да бірталай ел емес пе, Өзгелерді қоқаңдап жуытпайды. Сексенбай алған болса, алаңсыз боп,

«Қалғаны сау болсын» деп ұйықтайды.

Төребай:

Ақын емен жүретін қаздай қалқып, Сексенбайды мақтадың Сара шалқып. Батыр деген атақтан адыра қалсын, Момын елді жылатып жеген тартып! Ел қорғайтын батырды мақтасаң ед, Жөн білетін Сара едің, кеттің тантып! Бұрынғы ата-баба мақалы бар,

Елді қортық бүлдірер, қойды – шартық! Шетте жатқан теріні ит сүйрейді, Сексенбайдың сол иттен қай жері артық? –

дегенде өзінің сүрінгенін түсінген Сара күліп жіберіпті де, Төребайдың үстіне ішігін жауыпты. Сонда ауыл ақсақалдарының бірі: – Жоқ, шырағым, Сара, бұл жеңіліске кінәлі сен емессің, Сексен- байдай тентекке тыю салмай отырған біз кінәліміз, – деп, Сараның шапанын жапқан екен.

КЕМПІРБАЙ МЕН ЖӘМШІБАЙ

Кемпірбай:

Сіз кепсіз Сүйіндіктен жеке-дара, Тілдеспей, жиен, сірә, кете ала ма? Нағашы, олжаңызды бөліскейсіз, Жүргізіп ауыс-түйіс екі арада?!

Жәмшібай:

Әрине, бұл тіліңді неге алмаймын? Тақтайға қызуланбай, ән салмаймын, Сен айтсаң, Сүйіндіктің байлары көп, Қолымнан Өтебайды бере алмаймын.

Кемпірбай:

Бермеймін, топтан топай жаңылсам да, Бармаймын Сүйіндікке сағынсам да, Сөзіңді байқап сөйле, қаңғырған құл, Алармын Өтебайды не қылсам да!

Жәмшібай:

Омырауын қарашы Кемпірбайдың! Бұйрығын ойламайды бір Құдайдың. Ұйықтатып тастамасаң Жәмшібайды, Қолымнан Өтебайды бере алмаймын.

Кемпірбай:

Алдына Жиреншенің Көсе барған, Жұмбағын Жиреншенің шеше барған. Жылында төрт келесің, антұрған құл, Еліңе бұл Кемпірбай неше барған?

Жәмшібай:

Әрине, осыны айтады сасқан кісі, Еліме қорғалайды қашқан кісі.

Бұл түгіл, Карсон-Керней тағы барам, Өнері қайтушы еді асқан кісі?

Кемпірбай:

Еліміздің ұраны – Шаншар, Абыз, Өткенде қырық күн шілде түсер тамыз. Сөзіңді байқап сөйле, қаңғырған құл, Ауызға қойып қалып, қан қылармыз.

Жәмшібай:

Еліңіз ұраны, рас, Шаншар, Абыз, Өткенде қырық күн шілде түсер тамыз. Ежелгі күңнен туған Қаракесек, Қонышындай көн етіктің қайқаймаңыз! Кемпірбай:

Қандай кеңес табылмас Кемпірбайдан, Таза тілек тілеймін бір Құдайдан.

Сүйіндік алда қашан бұзылған елің Ең әуел Оспан, Табан ішке айдалған.

Жәмшібай:

Төрт ерің мынау барып Семей жатқан, Азырақ арам еттің дәмін татқан.

Қасқырды Қақабайдай қайда көрдің, Төрт ерін бірдей матап, жерге сатқан?

Кемпірбай:

Сөзіңді байқап сөйле, Жәмшібайым, Екі ақын маңайласса, айтар қайым. Екі кісі бас қосса қылады ұрыс, Іштен жынды туыпты Бақтыбайың.

Жәмшібай:

Басында бәйтеректің балалы құр,

Әй, Шаншар, мен сөйлейін, мойыныңды бұр. Аузыма айтар сөзім келіп отыр,

Қайтейін, қарсы алдымда Қақабай тұр.

 Қарсы алдында Қаракесек Қақабай атқа мініп тұрған соң, тентек адам ұрып жібере ме деп, Жәмшібай сескенгенде, Бақтыбай ақырып тұра келіп, «Аянба, Қақабайды мен көрейін!», – депті.

Сонда Жәмшібай өлеңін қайта жалғай жөнеледі:

Мінгенім дайын менің алқаракөк,

Мен жалғыз бұл ортада, ел Шаншар көп. Асында атасының ұрыс қылған,

Ұл туса, атын қойма Қақабай деп.

 Қақабай Кемпірбайдың жеңілуге айналғанын сезіп, Жәмшібайды басқа қамшымен салып жіберіпті. Бақтыбай тұра сала, Қақабайды басқа тартып, аяғы үлкен төбелес болып тарқапты.

 * * * ҚожабайТоқсанбайұлы

 «Қожекеңнің дауысы тың жерден жарып шыққан бұлақтай тыңдаушысын таң қалдырады екен. Біраз айқайлап, күш жинап алған ақынды тоқтату қиын көрінеді. Ол өлең сөзден маржан терген ақын ғана емес, аузымен құс ілген әнші болғанға да ұқсайды. Бұған таң қалуға болмайды. Өйткені, өз басым шын ақынның бой- ында барлық өнердің бүршігі болады деп ойлаймын.

ҚОЖАБАЙ МЕН ҚҰЛТУМА

Қожабай:

Атбасар дуанында үлкен базар, Төңірекке мойын бұрып, салдым назар. Жиналған халықтың бәрі басын қосып, Бабына келген жүйрік топтан озар.

Сыртыңнан естіп жүрмін, Құлтума аға, Ежелден жасың үлкен, алтын жаға.

Сіз де бір белгілі орын – асқар таусыз, Құйса да, таусылмайтын қорлы саба.

Ежелден білетұғын елдің жайын, Адамсың шешен туған, сөзге дайын. Бәріміз Орта жүздің баласымыз, Көп созып, сөз аяғын не қылайын?!

Сөйлеуге ұлықсат ет, мынау көпке, Тұрмайық, екеуміз де бекер текке.

Ағасың – жасың үлкен, жол сұраймын, Аға едің ақыл берген шын жүректен.

Бақ қонған Орта жүздің баласына, Түспейін екі тайдың таласына.

Жауап бер өз аузыңнан, жасың үлкен, Лайық аға-інінің арасына.

Ау, аға, не себептен үндемейсің? Я, ал, жолыңызды бер демейсің. Отырсың көп адамның ортасында,

Шырағым, аттан түсіп, кел демейсің.

Құлтума:

Найман да Орта жүздің бір баласы, Ешкімнің Құлтумаға жоқ таласы. Сен жігіт, тәлкегің бе, неғып жүрсің,

Найман түгіл, сөз айтпайды үш алашы.

Бермеймін, ешкімге жол өлгенімше, Ақынды сендей-сендей көргем неше. Шайқаспа меніменен, Қожабайым, Еш адам тоқтатқан жоқ тілден келсе.

Ертеден шапқан бозбын топтан озған, Талай жан жетемін деп қолын созған. Орныңнан тұра алмассың мен сөйлесем, Боп жүрме, сен, жігітім шайтан қозған.

Найманнан ақын болсаң, шыққан жарып, Белгілі Құлтумамын – қазулы арық.

Алтайда Аққошқардың ақынымын, Бақ қонған жеті атадан Қыдыр дарып.

Найманның боласың сен қай баласы? Ежелден Арғын болад ел жағасы.

Құлақ сап, тыңдап отыр жұрттың бәрі, Секілдісің домалайтын таудың тасы. Сенен бұрын Құлтумамын топты көрген, Жөн сұрап, талай ақын соңыма ерген.

Айтып бер, ата-бабаң кім болады, Мәгәрде жігіт болсаң, сөзге мерген. Тауып бер қай уақытта сұрағаным,

Сөзіне ренжіме бұл ағаның.

Өлеңді бас жоқ, көз жоқ қоя бердің, Жөнін сен көрсетіп айт праваңның.

Қожабай:

Құлеке, көне екенсің көпті көрген,

Талай жан, – деп айтасың, – соңыма ерген. Мен-дағы – Сарыарқаның қыранымын, Биіктен аса ұшып, қанат керген.

Найманда атам Қожас деп айтады, Төрт мың үй осы күнде содан өрген.

Байлыққа мал мен бастың төккен нұрын, Болғанда тілім тәтті, сөзім – шырын.

Ұранды Сандыбайдың ақынымын,

Үш жүзді кім бастап ед менен бұрын?!

Еліңді кеткенінде қалмақ шауып, Сонда сен барып едің мені тауып. Сандыбай алып берген сол кегіңді, Дұшпаннан беті қайтып, етпей қауып.

Үш жүздің қорған болған баласына, Сонан соң қонған халқым қонасына. Сағындық батыр, Мұсаң бұрын өткен, Осылардың қатарына барасың ба?

Шерінде әкеп берген атаңызға Осыдан халық алдында танасың ба?

Құлеке, бұл сөзімнің жалғаны жоқ, Еш адам бұдан артық болғаны жоқ. Баласы бұл Үш жүздің бас қосқанда Ешбір жан ауызынан сөз алғаны жоқ.

Мен-дағы атыңызды кем демеймін, Нәрсеңді маған артық бер демеймін. Баласы Сандыбайдың сары Ерден Адасып бетіменен желдемеймін.

Бақытты батырларға Тәңірім берген, Ерденді өзіңнің де көзің көрген.

Үш сайлау аға сұлтан болғанында Үш жүздің баласынан тарту келген.

Осыны сенің атаң көре алмаған, Қорықпай іс істеген бір Алладан. Парамен шенеунікке у бергізіп, Сары Ерден соныменен қазаланған.

Халыққа анықталған бәрі көріп, Қазақтан адам еді алған ерік.

Найманнан екі жүз адам құнға барған, Мұсаның ақталып еді жанын беріп.

Әуелден халық көрген Ерден күшін, Жақсының қарасайшы адам ісін.

Білесің соның бәрін, Құлтума аға, Сендерсің арам еткен ақтың ісін.

Бекер деп айта алмайсың, Құлтума аға, Елмін деп мақтанасың алтын жаға.

Батырды елден шыққан көре алмадың, Етесің енді қашан аққа тоба?!

Ал енді кезек бердім өз басыңа, Халықтың қарамадың көз жасына. Түп бірге, түйін басқа адам едік, Қасқыр да қастық қылмас жолдасына.

Қазақтан Кенесары әскер алған, Болысы бұл Үш жүздің бәрі барған. Сары Ерден Кенесарыға қарсы болып, Найманнан бір адам да бермей қалған.

Жазықсыз қырғыз елін шапқанында, Қан төккіш төрелер деп айтқанында. Төреге қазақ еріп, бармасын деп Баласы бұл Үш жүздің тыңдамаған. Талайы төреге еріп қазаланған, Ақырында, төре жайы қандай болды

Айтқанын батырлардың тыңдамаған. Бүйірден Найман аман қалған жоқ па, Болады енді Ерден қалай жаман?

Құлтума:

Қожабай, інім едің жасың кіші, Бәрі де біздің емес – Хақтың ісі. Рас па, өтірік пе осы сөзің, Адамның сияқты екен көрген түсі. Қожабай, мақтай берме Ерденіңді, Найманда Ерден кескен кердеңіңді.

Шаршы топ тыңдап тұрсын құлақ салып, Айтайын естіген, көз көргенімді.

Әркімнің Ерден тартып малын алған, Мал түгіл, келіншек пен қызын алған. Қазақтың баласынан тегіс сұра,

Осы сөзді деп айтады қайсысы жалған?

Қорықса, бір Алладан неге істеді, Төрт-бес жыл сұлтан болып өрістеді. Қатынын көршісінің тартып алып, Осыны жақсы болса, неге істеді?

Қожабай, мақтай берме Найман жағын, Қолыңнан кім алып еді Найман бағын?! Кешегі Әз-Жәнібек батыр шаң-шаң

Үш жүздің Арғын болған тиянағы.

Тіл тигізбеймін Барлыбай мен Сандыбайға Найманда одан артық адам қайда?

Заманында әділдікке дүкен құрған, Аққошқар Сайдалы еді өр Алтайда.

Бекер деп, айта алмассың, Қожабайым, Сенен бұрын білемін елдің жайын.

Баласың жасың кіші, жаңа талап, Тербетіп аруақты не қылайын?

Арғында талай кісі мыңды айдаған, Асқар тау, өлкелі өзен жер жайлаған,

Шаңыма ілеспессің, Қожабайым, Малымды Найман баққан сор қайнаған. Орнына өзің жалшы боламысың, Астыңда көк шолақ ат борбайлаған.

Қожабай:

Серігі Сандыбайдың Әділбай-ды, Тең көрген адам еді жарлы-байды. Есенбек, Есенғабыл қатар шыққан, Уәйіс, Дүтбай менен Аманбайды. Ерденнің батырлары соңына ерген, Жау көрсе, жайратады, аянбайды. Аймырза, Абайділдә, Ырсайменен Оларсыз ердің құны тарамайды.

Үш жүздің баласына билік айтқан, Деген жоқ ешкім сөзің жарамайды.

Аралап көріп пе едің Найман жағын, Ежелден Арғын алмас Найман бағын. Өреді төрт мың жылқы Тоғызбайдан, Торғайдың алып жатыр екі жағын.

Найманның пар келмейсің байлығына, Жетпейді расходың жылдығыңа.

Артында он бес үйдің малын бағып, Бектұрған жүрген жоқ па құлдығында? Нәрсені анықтайтын көзім көрген, Әркімге бақ-дәулетті Тәңірім берген. Аққошқар Сайдалыны әділ дейсің, Оязға он кісісін ұстап берген.

Байтұрсын Ахметпен бірге кеткен, Адамың қайда сенің Құдай деген?

Келгенде таласпайсың мал жағына, Құлтума, байқап сөйле жан-жағыңа. Банкіге жүз мың алтын салып қойған, Бектұрғаннан Бәйтен туды ел бағына. Кімің бар осыларға шақ келетін, Адамсың көрінгенге тап беретін.

Нашарды бес жүз үйдей Төлек баққан, Кімің бар Байқасыма шақ келетін?!

Кешегі Бабыр, Шегір нашар баққан, Жетімді жинап алған жылап жатқан. Сақилық, байлықпенен бірдей келіп, Үш жүздің кедейлері мұны тапқан.

Мәйгелді Қуатпенен қатар шығып, Ақтабан шұбырындылықта елді баққан. Құл болсаң, бір Аллаға анығын айт, Болды ма мұндай адам сіздің жақтан?

Батыр, байлық, сақилық бірдей келген, Әркімнің бақ-дәулетін Құдай берген. Ерденді күнәкар болып жамандайсың, Қоқаннан намысыңды алып берген.

Еліңді кеткенінде Қоқан шауып, Талай жан өлген жоқ па қаза тауып? Қоқанды Ерден шауып алып келген, Еңбектің ерлікпенен көзін тауып.

Ерден еді алып берген намысыңды Шығарған батыр елден дабысыңды. Қорықпай, қалайша сен жамандайсың, Ақтаған сол емес пе еді қара ісіңді?

Өзің біл, Құлтума ақын, айтарыңды, Кезекті сөз сөзіңе қайтарылды.

Сөйлесең, шындығың [ды] Алла ырза, Екінші өтірік айтпа, сұмдығыңды.

Құлтума:

Қожабай, көп мақтайсың Найманыңды, Білдің бе тура жолдан тайғаныңды!

Сен-дағы өтірік айтсаң өтірікпен, Мен-дағы шығарамын ойраныңды. Найманың біздің жақта толып жатыр, Бай болсаң, соған тигіз қайраныңды.

Ауызың көп бармасын жаман сөзге, Бекер сөз айтпа жаным көрер көзге. Қожабай, көрінесің сөзге шешен, Жас та болса адамсың түскен тезге.

Бабыр мен мақтай берме Шегіріңді, Білемін арғы жерден негізіңді.

Көп қума жамандықты салыстырып, Арық пен мен де білем семізіңді.

Байлықпен батырыңды салыстырдың, Шегірткеден Шегір жеген егініңді.

Қоқанды шабамын деп Ерден барған, Қоқанның рас бәрі малын алған.

Кемшілігің сол сияқты жатыр толып, Қожабай, оңдай сөйле кеңінен шолып. Қатардан әкем менің кем болған жоқ, Атанған бұл үш жүзде ақын Бодық.

Сен түгіл тоғыз ақын жеңіліп қайтқан, Жерім жоқ айтар сөзден бетім қайтқан. Қожабай, ақылың болса, бұны тыңда, Бір нақыл бар емес пе бабаң айтқан?

Үлкенге қарсы келіп жағаласпа, Тамырсыз қына шыққан қара тасқа. Болса да аспанда ай, көкте жұлдыз, Қарасаң әрқайсының жөні басқа.

Айменен салыстырып жұлдызыңды, Түн менен байқап қара күндізіңді.

Арғынның кім тең келед баласына, Ақырлық сөз шөгеді расына.

Кешегі Әз-Жәнібек хан болғанда, Олардың кім сыймайды құлашына? Арғынның баласына тіл тигізіп, Ажалдың Ерден түскен ұрасына.

Қаншама мақтағанмен Ерденіңді, Анық сөз бармай тұрмас расына.

Мәгәрде менен сөзден тоқтап қалсаң, Көк шолақ тартамысың ұятыңа.

Шындыққа адалдықпен қайтып келші, Білсеңіз, қырық парызды айтып берші.

Олардың қайсы анық, қайсы танық, Жасыңнан оқып көрсең кәләм шәріп. Ал енді қырық парызды айтып берші,

Найманнан ақын болсаң шыққан жарып.

Қожабай:

Қырық парыз сұрағаның сасқаның ба? Сасқасын бұл әкеліп қосқаның ба?

Шариғат айтатұғын молда емеспін, Жоқ едім ислам жолын ашқаным да.

Салдыңыз мені әкеліп қисық жолға, Шариғатты өлең қылған осы оң ба? Құлтума, сөзіңізді жөнімен айт Қойнымда кітабым жоқ, Құран қолда.

Аңырар осы сөзге жиылған көп, Қосасың шариғатты өлеңге көп. Бұл жерде өлең басқа, Құран басқа Қайта бер пәтеріңе жығылдым деп.

Жеңдім деп тоғыз ақын мақтанасың, Мұншама менен неге сақтанасың? Сұрапсың қырық парызды менен келіп, Қонышыңа не себептен шоқ саласың?

Байлық пен батырлықтан шыққаның ба? Елден шығып, қырық парызды тыққаның ба? Белгісі сасқаныңның осы емес пе,

Өзіңнің кір келтіріп ықпалыңа.

Сұрайсың астымдағы жалғыз атты, Болғанда тілің тәтті, сөзің қатты.

Жүріпсің Аққошқарға жалшы болып, Болып па менің сөзім содан қатты?!

Ал енді кезек бердім Құлтумаға, Құйғанда таусылмайтын қара саба. Қырықтың төртеуіне жасың кепті, Өтірігіңді қабыл етсе Хақ тағала.

Ежелден тұтқам мықты сынбайтұғын, Адам жоқ әділ сөзде тұрмайтұғын, Бас қосқан Атбасардың жиынында, Жақсы бар әділ сөзді тыңдайтұғын.

Құлтума:

Сен шешіп, қырық парызды бере алмадың Бұл сөзге табан тіреп, тұра алмадың.

Мәгерде қырық парызды білмей кетсең, Құлы болып шығамысың бір Алланың.

Үкілі Ыбырай ақын осы кезде Құлтуманы тоқтатады:

Ыбырай Құлтумаға тоқта деді, Жайнаған өзің бастың шоққа деді.

«Қырық парыз сұрағаның не қылғаның, Айтар сөз бұдан басқа жоқ па?» – деді.

Жас ақын – Қожабайым – жүйрік тілге, Бәрің де туысқансың түбі бірге.

Құлтума, қырық парызды сұрапсың сен, Қол беріп тұрғандай-ақ бүгін пірге.

Бірің жығылдым, ал бірің жықтым деме, Мінгенің екеуіңнің бір-ақ кеме.

Екеуіңнің көрінеді сөзің бірдей,

Бірің – ойға, бірің қырға шықтым деме.

Құлтума, көпті көрген көнедейсің, Сөйлетсе, өз аузыңнан не демейсің? Қожабай – отыз төртте, сен – қырық төрт, Аруақ болсаң, сен неге демемейсің?

Атбасар дуан басы халық келген, Құлтума бұрын туып, жарық көрген. Осыған риза бол, Найман аға, Қолымнан бәйгем осы алып берген.

ҚОЖАБАЙ МЕН ЕСЕНБАЙ

Қожабай:

Есеке, есенсіз бе, сәлем бердік, Мереке жиыныңа біз де келдік. Сыртыңнан дабысыңды естуші едік, Мүбарак жүзіңізді бүгін көрдік.

Осындай көп әлеумет бас қосқанда Табылар деген сөз бар ерден ерлік.

Есеке, құлағың сал көпті көрген,

Мен-дағы аңсап келдім сонша жерден. Найманның Арқадағы баласымын, Маған да жақсы емес пе кезек берген.

...Отырмын өз алдыңнан ұлықсат сұрап, Көрейін аса көпке тілді кезеп...

Есенбай:

Шырағым, адамбысың ата көрген, Келдің деп сәдет етпе сонша жерден. Тұрсаң еді әдеп сақтап кішілікпен, Өлеңді салған жерден қоя берген.

Әдейі іздеп келсең, өзің маған, Келгеннен қалай түсті көзің маған? Салған жерден келдің де жол сұрадың Жабысты атқан оқтай сөзің маған.

Өлеңді ұлықсатсыз қоя берген Ат-шапан айып берші өзің маған. Қай ру, қай атадан боласың сен, Айтып бер руыңды бұзылмаған. Көрерміз қабырғаға салыстырып,

Бірақ мен жол бермеймін бүгін саған.

Қожабай:

Есеке, әуелі саған сәлем бердік, Жиналған алдыңызда көпті көрдік. Қайтеміз енді сенен ұлықсат сұрап, Ел бірге, дуан бірге, қатар ердік.

Аңдап айт ауызыңнан шыққан сөзді,

Арғын бұрын туғанмен үлгі бердік. Есеке, тілің тәтті, сөзің шырын.

Арқаға Қадыр Алла төккен нұрын. Кешегі Сандыбайдың ақынымын, Өлеңді кім бастайды менен бұрын?!

Ішінде көп Найманның Бағаналы, Қырық мың жылқы біткен шағалалы. Алпыс мың түйесі бар өңкей нардан, Жеріңді қоныс етіп жағалады.

Қойы бар екі жүз мың шалқып жатқан, Еш кінә сіздің Арғын таба алмады.

Жүресің шиқылдатып арбаңды айдап, Шелегін салдырлатып алған байлап. Қона алмай, алыс жерге ұзап көшіп, Бір жұртта отырасың сорың қайнап.

Есенбай:

Қожабай, мақтай берме Найманыңды, Білдірдің ақ жолынан тайғаныңды.

Найманың біздің елде толып жатыр, Бай болсаң, соған тигіз қайраныңды. Сөйлесем, жеті атаңнан түптеп қазып, Сонда мен шығарамын ойраныңды.

Түйеңнен арбам жақсы оттамайтын, Аулымның айналасын боқтамайтын. Иір-иір түйеңнің мойнағын ұрайын... Қайқайып желді күні тоқтамайтын. Шетінен біреу бөліп, айдап кетсе,

О малды мінезің бар жоқтамайтын. Әркімнен көшіп-қонып жер сұрайсың, Бойыңа айтқан сөзді сақтамайсың.

Кетпеңіз артық сөйлеп, Қожабайым, Ертеден құп білемін Найман жайын. Байларың жалданғанның ақысын жеп, Нашарды зар жылатқан айдан айын. Байлық пен батырлықтан нені таптың, Қыс қыстап, жаз қонатын бар ма жайың?

Қожабай:

Айт, Есеке, көзіңменен көргеніңді, Халықты сөгіп, көңіліңді бөлгеніңді. Қарауылдың мен де білем барлық мінін, Жүрмеңіз білмей қалып өлгеніңді.

Мені сен өлгеніңше жеңе алмайсың. Айтшы деп өзің қайдан келгеніңді.

Сөйлесең лайықты сөзді тауып, Басыңда толып жатыр қатер-қауіп. Атамыз ер Сағындық елі үшін Күнбітас қалмақ ханын келген шауып.

Солардан жетім-жесір алып келген, Біреуін қалмақ қыздың соған берген. Атаңа алып келіп, буаз қосып,

Көп ата Қарауыл боп содан өрген. Сүйіткен атамыздың арқасында, Бірталай халық болып содан өрген. Ішінде қарт, қария жақсылар бар, Шындығын айтар сөзін көзі көрген. Тамсанып тұра берді жұрттың бәрі, Адам жоқ сөзің теріс былай деген.

Есенбай:

Қожабай, өтірік айтсаң, жанның қасы, Болмаңыз артық сөзбен Алла қасы.

Мәгәрде аруаққа тіл тигізсе, Жігіттің жасымай ма жарым жасы? Осы сөз кәлем шәріп Құрандағы Жігіттің теңелмейді көпке басы.

Қожабай, қай жеріңнен мақтанасың, Сонымды айтады деп сақтанасың. Өлтірген Ерденіңді егескенде, Қалайша өлгем жоқ деп ақталасың. Біреудің пышақ жонбас мінін айтып, Өзіңе балта шапқан дақ саласың.

Аққошқар Сайдалы еді соны өлтірген, Бұл сөздің шындығына жоқ таласың.

Сөзімнің құлағың сал дұрысына, Біз де ортақ Орта жүздің ырысына.

Қалдырмай мен де бәрін ақтарармын, Әр істі сала берме тынысыма.

Бәріміз бір кісінің баласымыз, Барайық көпке тимей дұрысына.

Қожабай:

Есеке, не сөйлесең өзіңде ерік, Жиналған қалың халық отыр көріп.

Аққошқар Сайдалыдан Ерденнің құнын сұрап, Мұсаның құтылып еді жанын беріп.

Ажалы сары орыстан болып еді, Мойныңа алып тұрсың өзің келіп.

Басында «Өлтіргем жоқ», – деп, жан беріп ең, Махшарда отырарсың жауап беріп.

Есеке, осы жерден, дүзің қара, Мұсаның он бес жаста жанын беріп. Ұстаған Орта жүз еді малмен бағын, Әркімнен өте шығар дүние сағым.

Сол кезде Абай келіп, айқай салды:

«Тоқта, – деп, – аруақ үшін екі жағың».

Абай:

Қожабай, сен, шырағым, жас баласың, Бата алсаң, әр жұмысты басқарасың. Шырағым, жас та болсаң, жол – сенікі, Сөзіңе әділ айтқан жоқ таласым.

Есенбай, көлденеңнен қарап тұрсам, Үш жерден бұл баладан тоқталасың.

Бұдабай Қабылұлы

 «Өткен XIX ғасырдың 1880 жылы сол тұстағы Шиелі болысының волостной управителі, ел ішінде абырой- беделі артық Әйекені болыс сайлауы кезінде Тұрсынбай датқаның бел баласы Әлмембет атып өлтіреді екен. Осы қанды оқиғадан соң Арқа жайлаған Арғын жағы әйгілі Ағыбай батырдың соңына ерген қалың қолмен Сырды

БҰДАБАЙ МЕН ҚАРЛЫҒАШ

 Бұдабай Қаңлы руынан шыққан Қарлығаш деген ақын қыз бар деп сырттан естиді екен. Қарлығаш Қаратаудың теріскей бетін ме- кен еткен елдің қызы болған. Арқа елінен мал сатып алып, Бұхара жаққа сатуға бара жатқан саудагерлерге еріп келе жатқан Бұдабай ақын қасындағы жолдастарымен «Жабыкөл» деген жерге келіпті. Жолаушылар көлді жағалап келе жатса, жеңгесімен су алуға келе жатқан қызға кез болады. Бұдабай келіншек пен қызды көріп, бір ауыз өлеңді айтып жібереді. Сондағы Бұдабайдың айтқаны:

Бұдабай:

Қамысы айдын көлдің буын-буын, Арқаның атып алдым қаз бен қуын. Қолында екі шелек, бір тобатай, Келеді құртайын деп көлдің суын.

Қарлығаш:

Азбанмен мас болғанда бұқа буға, Бейпарасат ақымақ тентек дуға.

Шешеңнің күбідегі айраны ма, Кім қойды итаршы ғып қара суға?

 Бұдабай сол кезде кідіріп қалыпты. Қарлығаштың кезек күтпей, бастырмалатып айтқаны:

Жүзіме күлімдеген қуанасың, Балаша жылап қойған жұбанасың.

Сандалмай, сен тезірек жөніңді айтшы, Қаңғырып, қайдан жүрген дуанасың?

Сонда Бұдабайдың өзін таныстырып айтқаны: Бұдабай – менің атым, түбім – Шашты, Өлеңмен ерітемін қара тасты.

Жарымай әріптеске жүргенімде, Құдайым кез келтірді Қарлығашты.

 Сол уақытта саудагерлер жүретін болады. Бұдабайдың жолдаста- рынан бөлініп қалуға мүмкіншілігі болмай, Қарлығашқа айтқаны:

«Осы сапардан аман-есен оралсам, сен қызбен айлап айтыссам да, келіп жатып айтысамын», – деп, ант береді.

 Бұдабай Бұхарадан қайтып оралған соң арада бірнеше уақыттардан кейін Қарлығаштың ауылына арнайы келіп, екінші рет айтысады. Жаздың күні болса керек, ақын қыз шешесімен екеуі ақ боз үйдің ішінде отыр екен. Бұдабай үйге жақындап келіп, аттың үстінде отырып, өлеңдетіп, қоя беріпті:

Әлейкүмассалау ма, арма деймін, Қарлығаш ғашықтыққа зар ма деймін? Сыртынан үйіңіздің мейман келді,

Бір адам сөйлесуге бар ма деймін?

Қарлығаш:

Көгім деймін, мен енді көгім деймін, Жарасар көк дөненге ерім деймін.

Тал түсте мейманмын деп келіп тұрған Құдай-ау, меймансыған ол кім деймін?

Бұдабай:

Баласы ақ киіктің құралаймын, Өлеңді білмесем де, бұралаймын. Ау, жаным, танымасаң танытайын, Кәдімгі, өзің көрген Бұдабаймын.

Қарлығаш:

Арасы екі ауылдың Қарабүрген, Етегін түнде жүріп, жеңін түрген. Еліңе кеткеніңе көп болып ед, Тентіреп, содан бері әлі жүр ме ең?

Бұдабай:

Қарлығаш, сен өлеңге едің тақпақ, Көрдің бе қиялыңда мені ақымақ?

Сұрасаң жұмысымды ― қатын керек, Жүр едім соған бола айналақтап.

Қарлығаш:

Жел соғар Боралбайдың тесігінен, Кетпейді жарлы байдың есігінен. Қыпшақтың Қоңыратта малы кеткен, Айрылып Досбол датқаң жесірінен.

Бұдабай:

Жел соғар Боралбайдың тесігінен, Кетпейді жарлы байдың есігінен. Қыпшақтың малы түгіл басы кетті Сайқалдың сендей-сендей кесірінен..

 Қарлығаш Бұдабайдан әр түрлі сыр тартады. Бұл тұрғыда Қыпшақ елінің белгілі адамдары жайлы сұрайды:

Қарлығаш:

Жамандар қалдырады жаман атқа, Жақсылар жазылады қағаз хатқа. Қыпшақта неше жүйрік бар деуші еді, Солардан қандай екен Досбол датқа?

Бұдабай:

Досбол датқа елінде жұрттан асқан, Қайраты ішке сыймай, сыртқа тасқан. Алдына бұл жалғанда жан салмаған, Не қиын іс түйінін өзі тапқан.

Қарлығаш:

Ауылым Бәсібектің шартағында,

«Сасықкөл» жылқым жатыр алқабында. Таздардың бір қызымен айтысыпсың, Біздерден қандай екен, байқадың ба?

Бұдабай:

Халықты басқарады кемеңгері, Байлардың толып жатыр дөнендері.

Аққұба бидай өңді бір қыз екен, Қарлығаш, тәуірірек сенен гөрі.

Қарлығаш:

Дегенде өзіңбісің, Бұдабайым, Басында жаулығы жоқ құдағайым? Сен өзің еркекпін деп, көп есірме, Бір күні алып кетер «тәжік байың»!

Бұдабай:

Көрінер «Сарытораңғыл» Керделіден, Қыпшақтың аң құтылмас мергенінен. Бәрінен бұрын айтшы, Қарлығашжан, Не қалды бұрын сенен көргенімнен?

Қарлығаш:

Көзінде керегенің жез оймағым, Бұдабай, мен қойсам да, сен қоймадың. Көріндей әкесінің кеулеп жатыр, Білмеймін несі қалып, не қойғанын?

Бұдабай:

Қарлығаш, бір сөз айтсам, қасарасың, Көзіңе долылықпен жас аласың.

Кісіні жарап жүрген қатын дейсің, Адамдай ұстап көрген қасабасын.

 Қарлығаштың бұл айтқаны Бұдабайға таққан өсегі еді. Сенің бармаған жерің жоқ, сенен өзбек, тәжік қалмаған деген сөздері еді. Екі ақын бірін-бірі жеңе алмай, бір-біріне тағатын айып іздейді. Қарлығаштың денесі жуандап қалған екен, соны Бұдабайдың айыпқа айналдырып айтқаны:

Бұдабай:

Қарлығаш, жуандығың – күбі дейді, Мойныңа мініңді алсаң, кім үндейді? Нанбасаң, қасыңдағы шешең айтсын, Өз айыбың өзіңе білінбейді.

Қарлығаш:

Ат мініп, торы төбел желесің ғой, Бұдеке, оттайын деп келесің ғой.

Несіне көрмегендей мақтанасың, Жуантық, теке сақал немесің ғой.

Бұдабай:

Болғанда тауда балық, таста балық, Өлеңді айтқаннан соң тастамалық. Болғанын жігіт жуан толық дейді, Болғаны қыздың жуан – масқаралық!

Қарлығаш:

Бұдеке, сен туғанда, туамын ба? Артыңнан қара өлеңмен қуамын ба? Бұдеке, Құдайыңа қарап айтшы, Артықша мен сондай-ақ жуанмын ба?..

Бұдеке, білемісің қалған кепті,

Көп тарттың менің үшін қайғы-дертті. Аққұба, бидай өңді бір қыз дейсің,

Ол қыздың бізден қалай бой-келбеті?

Бұдабай:

Қарлығаш, білесің ғой қалған кепті, Көп тарттың менің үшін қайғы-дертті. Аққұба, бидай өңді бір қыз екен, Антұрған, сендей емес керсен көтті.

Қарлығашқа сөз бермей, тағы да Бұдабай:

Айтамын, айт дегенде қара көншек, Шомылар жар тасалап қыз-келіншек. Біреумен осы күні жандай дос деп, Сыртыңнан кейбіреулер қылады өсек.

Қарлығаш:

Ал енді қара қатқа, қара қатқа, Қатқаға аттан түсіп, қылдың бата. Бұдеке, өтірік сөз неге айтасың? Кісінің көзін көрген атын ата.

Бұдабай:

Ал енше, өзің көрген, өзің көрген, Өзіңмен бір баланың көзі көрген.

Айқасып жатқаныңда Бектібаймен, Байсымақ Қозыбайдың көзі көрген.

Қарлығаш:

Ал енше бабырасың, бабырасың, Шабады байлар қара шобырасын. Өтірік ептестіріп айта алмаған – Байсымақ Қозыбайды Тәңір алсын.

Бұдабай:

Сен айтсаң, мен де айтайын бабырасын, Шабады байлар қара шобырасын.

Байсымақ Қозыбайдың көзі көрген, Жасырып енді өлгенше не қыласың?

Қарлығаш:

Айтты деп жаман сөзді тек тұрмаймын, Артықша жаман сөзді кек қылмаймын. Атасы «Шынжыр татар» біреу ғой деп, Болып ем соның үшін Бектібаймен.

Бұдабай:

Талықсып шаба алмайды тай ұзаққа, Түседі ажалды құс қол тұзаққа.

Атасы «Шынжыр татар» деген болсам, Барсайшы мынау отырған Байұзаққа.

Қарлығаш:

Базардан базар барып, киген келер, Мақпал менен шұғаны жиған киер. Не қылсын қартайғанда енді бізді, Құдайдан сол екеуі де иман тілер.

Бұдабай:

Қарлығаш, олай десең, орысқа бар, Ол қалып, орыс қойған болысқа бар. Байсымақ Қозыбайды кәрісінсең, Секілді бала жігіт Қонысқа бар.

Қарлығаш:

Айтамын, айт дегенде тор атымды, Мінемін шаршағанда зор атымды. Өзімнің қатар өскен Қаңлым тұрып, Бұдеке, не қыламын Қоңыратыңды?

Бұдабай:

Айтамын, айт дегенде әуел кепке, Айтамын, арызым бар осы көпке. Өзімнің қатар өскен Қаңлым десең, Барсайшы мына отырған Айдарбекке.

Қарлығаш:

Ал, енше, қара қалам, қара қалам, Қараны хан жаратты Алла тағалам. Бұдеке, аузың барып, неғып айттың? Айдарбек Қаңлы ішінде жақын ағам.

Бұдабай:

Қарлығаш, кәні, сенің адамдығың? Бар екен әлі де көп надандығың.

Кісіге бізден басқа мырза екенсің, Ұстады бізге қалай сараңдығың?

Қарлығаш:

Базардан алып келген былғарығым, Салады бұқараға хан салығын.

Кісіге ат бермеймін, тон бермеймін,

Бұл қыздың қайдан білдің мырзалығын?

Бұдабай:

Қарлығаш, бүйдеме сен адал болсаң, Қаларсың ашуланып, алаң болсаң.

Көп екен жаныңа ерген жандай досың, Соңында ол неғып жүр сараң болсаң?

Қарлығаш:

Айтамын, айта берсең, таңбалы көк, Алғанның екі қатын жанжалы көп.

Бұдабай, бойжеткен қыз өсегі көп, Біздерге кім айтпайды «Бармадым» де?!

Бұдабай:

Сен де айтсаң, мен де айтайын, таңбалы көк, Алғанның екі қатын жанжалы көп.

«Болсын, – деп, – әкем – байым» үш айта ғой, Қойныма Бектібайды алмадым деп.

Қарлығаш:

Бұдабай, осы ма еді ойлағаның, Күнімен жігіттік деп қоймағаның? Басымды «рас» десем, кім кеседі? Татары жалаң төспен ойнағаным.

БҰДАБАЙ МЕН АЙСҰЛУ

 Айсұлудың көп ақындарды жеңіп, ақындығы елге тарап жүрген кезінде өз елінде дәулеті халықтан асқан бір бай кісі той жасай- ды. Тойға үш жүздің балаларын ат жіберіп шақыртады. Әсіресе, ақын, жырауларын айрықша шақырады. Айсұлу: «Мені жекелеп шақыратын шығар», – деп, кешке дейін тойға бармайды. Кешкісін арнайы шақыртушы келмеген соң, күймесін жектіріп, тойға бара- ды. Назданып, күймеден түспей, домбырасын шертіп, өлең айтады. Сондағы айтқаны:

Байеке, түйе сойдың, бие сойдың, Жиналып, халқыңменен түгел тойдың. Айтулы Айсұлудай ақыныңа

Кәнекей, бұл тойыңның несін қойдың? ―

дегенде, байдың кісілері: «Арнайы шақырамыз деп жатыр едік», ― деп, сасып қалады да: «Айсұлу, сыбағаң дайын, үйге кір», ― деп жалыныпты. Айсұлу тәкәппарланып, түспепті. Оған ешкім пәлен дей алмапты. Сонда он төрт жасар ойнап жүрген Бұдабай әлгі сөзді естігенмен, ешкім жауап қайтармағанын сезіп, көсеуді домбыра ғып ұстап тұрып, былай депті:

Байекең түйе сойды, бие сойды, Жиналып, халқыменен түгел тойды. Айтулы Айсұлудай ақынына

Сылынған екі өгіздің тасын қойды, – депті.

Айсұлу:

Айсұлу ақын болса, асар еді, Шалықтап, кемерінен тасар еді. Құдайым маған дәулет берген болса, Балшықтан сендейлерді жасар еді.

Бұдабай оған жауап ретінде:

Айсұлу, ақын болсаң, асар едің, Шарықтап, кемеріңнен тасар едің. Балшықтан басқа жерді жасағанмен, Келгенде шүкентайға сасар едің.

Айсұлу қыз күймесіне мініп, жеңілгенін мойындап кеткен екен.

Ал, Бұдабай он төрт жасында осылай ақын атанған екен.

МҰРАТ ПЕН ЖЫЛҚЫШЫ

Мұрат:

Жылқышы, сөз сөйледің бала жастан, Өнерің он жасыңнан судай тасқан.

Жиылып, үш күн сені іздеп жүрдік Басыңа сын емес пе мұнша қашқан? Күнінде бел қаңтардың жұртты иіріп,

Құл, сенің жаныңды алып, қаның шашпан. Ойласам, дүниенің бәрі жалған,

Жалғанда пенде бар ма өлмей қалған? Көрмеген атаң базар, қазан ұстап Анаңыз жүрекжарды бәйгіге алған.

Сөйлесе, сөз өнеді көкіректен,

Бай – шешен, балуан – албырт, батыр – өктем. Мініңді бетке айтты деп өкпелеме

Дәулеттің айыбы жоқ басқа біткен. Алқаға қорғалақтап, кіре алмайсың Анаңыз жүрекжарды топқа тіккен.

Жылқышы:

Шырағым, рас болар, айтқаның шын, Тағы да тауып айтсақ, табылар мін. Мен неге айтар сөзге қорғалайын Ойықтың тізгін үзген бұлбұлымын. Атасын түгел жұрттың болсаң білгіш О, бала, некелі кім, некесіз кім?

Жем, Сағыз, Ойыл, Қиыл – су саласы, Саланың ел жайлаған маң даласы.

Атасын түгел жұрттың болсаң білгіш, Некесіз Байұлының қай баласы?

Мұрат:

Жылқышы, ақын болсаң, сен де мендей, Басыңнан дүния өтер соққан желдей.

Атасын түгел жұрттың менен сұрап Жүр ме едің әлі күнге алқа көрмей?

Садаққа жарасады сырлаған оқ, Қаулаған екі жағым қып-қызыл шоқ. Атасын түгел жұрттың менен сұрап

Сен менен соң тудың ба, Тәңір ұрған, боқ. Жем, Сағыз, Ойыл, Қиыл – су саласы, Саланың ел жайлаған маң даласы.

Ағасы Алтын-Жаппас енші берген Белгісіз Байұлының жоқ баласы.

Жылқышы:

Шырағым, сөз сөйледің таласып-ай, Кетпедің нысанадан адасып-ай.

Ерегіс екіталай жер болғанда Беріштің неге жеңбейін баласын-ай? Алқада сөз сөйледім шешіліп-ай, Өкпеңнің таң қаламын тесігіне-ай. Бір ауыз ақын болсаң, сөз сұрайын

Алшынның кім қаңғырған есігінде-ай?

Мұрат:

Жылқышы, сөз сөйледім таласып-ай, Кетпедім нысанадан адасып-ай.

Кісіге өп-өтірік жала жауып Тумыштың жалақорын қарашың-ай.

Ағатай ― біздің арғы ұранымыз, Беріште Қаратоқай тұрағымыз. Бәйгіге дәмеленіп тосып тұрған

Бір елдің біз де өзіңдей шұбарымыз. Ойыңда барың болса, қалдырмай айт, Жеңіспей, енді бітпес құмарымыз.

Бұл сөзді мен айтамын жоқтан бардай, Жігіттің сұлу сүйген көңілі дардай.

Өтіпті Атақозы, Өмір, Темір Бірінен-бірі өтеді ақ сұңқардай. Алыпты айыбына алпыс қызды Сібірге барып келіп батыр Мыңбай. Сол күнде отыз екі қыз беріпті

Жылқышы, атаң сенің мал таба алмай.

Алқада сөз сөйледім шешіліп-ай, Өкпемнің таң қаларсың тесігіне-ай. Барады Тастемірің құнсыз кетіп Еріксіз кімді көрдің есігіңде-ай?

Жылқышы:

Шырағым, дау оқып па едің бала жастан, Өнерім он жасымнан судай тасқан.

Тыңдасаң, мен де айтайын ерлерімді Шығыпты Қадырқұлдан Бітік, Баспан. Әнекей, сол ерлердің еткен ісі Қалмақты бостырыпты Қарағаштан. Жоғарғы судың басы Қобда, Елек, Сөзім бар әрбір түрлі бөлек-бөлек.

Қашқанда қазақ ұлы Сейілханнан Кененбай қол бастаған батыр Төлек.

Өлеңге сен де дайын, мен де дайын, Зулайды өктем жүйрік шапқан сайын. Алдымда асқар таудай Сырым өтті Мен неге айтар сөзге қорғалайын.

Түскенде қырық күн тұман Шерқалаға Бастаған Байұлыны Телібайым.

Жасаған Жаббар ием бергенсін бақ, Сөйлеген шежіредей тіл менен жақ. Атасын түгел жұрттың болсаң білгіш, Қызы екен шешең кімнің, нағашың тап?

Мұрат:

Жылқышы, жол оқыдым бала жастан, Өнерің он жасыңнан судай тасқан.

А, сорлы, өтірік айтпай, шыныңа бас

Қалмақты ер Итемген бостырыпты Қарағаштан. Сол күнде қандай қайрат қылған екен Қаңғырып қасына ерген Бітік, Баспан?

Жоғарғы судың басы – Қобда, Елек, Сөзің бар алуан түрлі бөлек-бөлек. Қашқанда қазақ ұлы Сейілханнан Мінгесті Саржалаға сіздің Төлек.

Жігіттің халқы көрген қайратын айт, Сырғия ұрыңды айтып неге керек?!

Сөз деген сөйлегесін сөзден өнген, Кетеді тілдің несі сөйлегеннен?

Таласпа есің болса, ау, Жылқышы, Тентіреп, атамызға атаң ерген.

Тоғыз жыл Есболайға қоңсы болған, Жолмырза енші алыпты Есболайдан. Батасы Есболайдың қабыл болып Бай болды Есенгелді жұрттан асқан. Бір ауыз ақын болсаң, сөз сұрайын Сол күнде хан еншісін кімнен алған? Білмесең, ақылсыз құл үйретейін Алдардан енші алыпты Нұралы хан. Нанбасаң, ұлы қария көптен сұра Бұл сөзді үлгі етпей ме ата-бабаң?

Олжасыз өңге қазақ қайтқанында Табылды найзасына қыз байлаған. Келеді он екі айда ұлы Құрман,

Хан жұмсап, қарашысын құлы қылған. Ерегіс екіталай жер болғанда

Өңкей ит келіп пе еді жұлығымнан? Шапқанда біздің қазақ Бесқаланы Жүлде алды Қара батыр Сырымыңнан.

Айтасың өтірікті таласып-ай, Кетесің білген жолдан адасып-ай. Білмесең, ақылсыз құл үйретейін Орта жүз Құба би дейді нағашым-ай. Байұлы, он екі ата, бірі – Майса,

Хат оқыр жетік молда қағаз жайса. Қолына Есентемір, Таз кіріпті Қызы екен Құба бидің анам – Айса.

 Ескі шежіреге орашолақтау Жылқышы мұнан әрі бара алмай, жа- уап қайтармайды. Мұрат алқа топқа танылып, ақындық сара жолға жолдама алады, Беріш-Мұрат ақын атанады.

МҰРАТ ПЕН ЖАНТОЛЫ

Мұрат:

Жантолы, жас күніңнен болдың телі, Қыдыртқан жиырма бестің тентек желі. Көп айдың көрмегелі болды жүзі, Жантолы, үйіңнен шық, көріскелі.

Жантолы:

Құдеке, жас күніңнен болдың телі, Қыдыртқан жігіттіктің тентек желі. Көп айдың көрмегелі болса жүзі, Асықпай, атыңнан түс, сөйлескелі.

Мұрат:

Жантолы, жас күніңнен болдың телі, Қыдыртқан жиырма бестің тентек желі. Ақырып, ат ұстамай, аттан түс, – деп, Құтыртқан, айтшы маған ненің желі?

Жантолы:

Болғанда сары тамыз қаз келеді, Қыс өтсе, оған жалғас жаз келеді.

Асығып, ат ұстамады деп, айып етпе, Көңіліміз ояу, көзіміз ұйқыда еді.

Мұрат:

Болғанда сары тамыз қаз келеді, Қыс өтсе, оған жалғас жаз келеді.

Болғанша тапа-тал түс ұйқың қанбай, Жүрмісің әулие деп таз немені?

Жантолы:

Болғанда сары тамыз қаз келеді, Қыс өтсе, оған жалғас жаз келеді. Айтқаның қатын өсек басыңа сын, Құдеке, дырдай етіп сәл немені.

Мұрат:

Болғанда сары тамыз қаз келеді, Қыс өтсе, оған жалғас жаз келеді. Айтқаны қазекемнің өтірік пе, Тырысқан бас терісі таз деп еді.

Жантолы:

Болғанда сары тамыз қаз келеді, Қыс өтсе, оған жалғас жаз келеді.

Дос бар ма осы күнде, бәрі – дұшпан, Айтады дырдай етіп сәл немені.

Мұрат:

Болғанда сары тамыз қаз келеді, Қыс өтсе, оған жалғас жаз келеді. Тіліне қазағымның енді нанбан, Мал болмас, ірің аққан таз деп еді.

Жантолы:

Құдеке, асыранды қазың қашты, Жүргенде өзімсініп, жазым қашты. Елжіреп, іші-бауырың түсе берсе, Емдесек, жазбаймыз ба жалғыз басты?!

Мұрат:

Жантолы, асыранды қазың қашты, Жүргенде өзімсініп, жазым қашты, Шілденің туысына қарсы келді, Байғұс-ау, арқандап қой тазың қашты.

Жантолы:

Құдеке, әжептәуір сөзің сенің, Қудалау сын емес пе ердің кемін? Елжіреп іші-бауырың түсе берсе, Айтып кет, а, құдеке, таздың емін.

Мұрат:

Тамырын таз кісінің қиған болар, Күл сеуіп, аққан қанын тыйған болар. Бір ширек іскематар, күкірт, сынап.

Қайнатып, көк дәріні құйған болар. Бір жұма көк шүберекпен орап тастап, Қан-жынын ыстық сумен жуған болар.

Жантолы:

Аз екен, ел қыдырып көрмегенің, Ойыңда тағы бар ма көздегенің? Дарудың жеті түрлі бәрін білдің, Таз ба еді туғаныңнан емдегенің?

Мұрат:

Аз еді, ел қыдырып көрмегенім, Ойымда тағы да бар көздегенім. Таз бенен ақбас қотыр бір нәсілді, Ақбасты көрмеймін бе емдегенін?!

Осы кезде Жантолы күйеуіне:

  •  Бар, қарсы ал, аттан түсіріп, үйге кіргіз, – дейді. Күйеуі қорс етіп, қолын қағып жіберіп, теріс қарап, жатып алады. Сонда Жанто­ лы күйеуіне қарап:

Бір қақтың ақ етіме ашуменен, Жігітке ашу ұят асыл деген.

Ұрынған өзі келіп Берішке тимей,

Мен бе едім ақ қарабас құрт басың жеген?

Мұрат:

Бір қақты ақ етіңе ашуменен, Жігітке ашу ұят асыл деген.

Бір емес, екі соқса, жаның шықсын, Осының кісі келер ме басын көрген?

 Жантолы өр, өжет қыз болған, күйеуіне қарамай, өзі шығып, Мұратты аттан түсіріп, қонақтап, аттандырған.

МҰРАТ ПЕН ТЫНЫШТЫҚ

Мұрат:

Аттандық жексенбі күн Бозашыдан, Жөнеліп сол ауылдың қорасынан.

Бытырап, халық ішіне тозып қондық Жігіттің бірікпеген оғашынан.

Бір талап жөнелерде ойлап кеттік, Аз жерге жағаласып, ойнап жеттік.

Ауылына Қырықбайдың барайық деп, Уағда қағаз жазып, байлап кеттік.

Жиылып, кешке қондық Жылқыбайға, Қаз-үйрек ұялайды терең сайға.

Бойынша уағданың ерте шығып,

Тап болдық Құлшандікінде піскен шайға. Түстендік жол болар деп жөнелерде, Ақпанның сүт кенжесі – Сәтбай байға.

Бесінде өттік гулеп Тағашыдан, Күнімен жалғыз Кірән арасынан. Бұрылып, Баймағанбеттен жөн сұрадық, Ер Ырсымбет Мұңасовтың баласынан. Болғанда ақшам уақыты келіп түстік, Төлептің Қылыш-Кестен арасынан.

Біздің ел ат аямайды шабуылға-ай, Қыс болса, семіз мініп сабылулы-ай. Ол күні жетпеген соң қона кеттік Сол жерде Байбарақтың ауылына-ай. Түстендім Шүрен деген бір ағама, Ет пен шай онан тағы табылуы-ай.

Өреді шеткі үйінен сегіз жүз қой Байлық бар біздің елдің қалыбында-ай. Шақырған ойын қылып Тоқтамыстың, Мінекей, жаңа жеттік қауымына-ай.

Сөйлесем, сөз айтамын келтіріп-ай, Өкіндік, семіз атын өлтіріп-ай.

Алыстан мойын созып келген күні Тап болдық тісі қайтқан кемпіріне-ай.

Даусымды еркін тыңдайды әркім тосынында-ай, Айжарық әні сұлу қосылуға-ай.

Кемпірмен елудегі айтыс деген Шеркештер, қорлық көрдім осыныңды-ай.

Тыныштық:

А, жаным, дүниенің өзі жалған, Жігіттік қолдан кетсе, әркімге арман. Бүйректе Тұрлан ауылы той қылғанда,

Сен бе едің керторы атпен күндіз барған. Сен қашып, айтыса алмай кеткен күні, Артыңнан осы кемпір шапан алған.

Өмірің өте шығар пелде-пелде, Білмейді пелде өткенін кей шерменде. Сен қашып, айтыса алмай кеткен күні Артыңнан шапан берген мен кемпірге.

Мұрат:

А, кемпір, дүниенің өзі жалған, Жалғаншы қолдан кетсе, әркімге арман. Тұрланның мұндай жерде ауылын айтпа, Ауылды айтпас болар қырсық шалған.

Жорықтың алды оңбаған – арты оңбайды Бес ауыл өлген шіріп Жәдікбайдан.

Шығарды тойға күндіз бір шытыра, Шапанды ұрлап берді ме түнде саған? Әркімнен дүния өтеді пелде-пелде, Білмейді пелде өткенін кей шерменде. Жолаушы жалғыз атты қона алмайды, Мырзалық қайдан келді сіздің елге?

Шығарды тойға күндіз бір шытыра, Шапаны ұрлық тағы берген түнде.

Тыныштық:

Өлеңге сен де телің, мен де телің, Айқайлай, даусым шықса, жығар белім. Бұл жерде Беріш пен Шеркеш, Сыбай отыр, Менің аз мақтансам да көрмегенім.

Халық қалап, Бекмағамбет хәкім болып, Сіңіп жүр Дүйсе-Құдас рулы елің.

Ерікті сонша Беріш мықты болсаң Неғылып жалғыз үйлеп тентіредің?

Мұрат:

Құрттың-ау білмей айтып, амалымды-ай, Халқымның шүкір етем аманына-ай.

Халық болып, өз еркіңмен көшетұғын Қазақ-ау, күнің бар ма баяғыдай?

Үш арыс Алдабергенде Жауғашты бар Санап ал, басы Айжарық адамыңды-ай. Еріксе, Шеркеш сояды отырмаққа

А, сорлы бұл күн шықпасын залалыңа-ай.

Жарасар қызыл шарқат талма бойдан, Тарықса табылады ақыл-ойдан.

Еріксе, Шеркеш сояды отырмаққа, Қойыстан Сыбай ауылы үшеу сойған. Сөзіңді жолсыз айтқан тыңдайын ба-ай?! Айтпасам, кім біледі мұндайыңды-ай?

Еріксе, Шеркеш сояды лақ үшін

Мас болып, жарды Тасым Шылбайыңды-ай.

«Ақпышақ» – қолы қанды тентек ауыл Көршілес сонан көрерсің уайымды-ай.

Тыныштық:

Өлеңге сен де дайын, мен де дайын, Зырқырар айқын жүйрік шапқан сайын. Ерікті сонша Беріш мықты болсаң Жолым мен қайда қаңғырды Тілеубайың?

Ар жақтан Жолым, Тілеубай қашып өткен, Нарыннан күн көре алмай, сасып өткен.

Бір жылы Баймағанбетке қоңсы қонып, Ішінде Қаракемпірдің кәсіп еткен.

Қаңғырған Байұлының қорғанындай, Ағаңа Тәңірберген нәсіп еткен.

Мұрат:

Ар жақтан Тілеубай мен Жолым өткен Жерінде көкжал бөрі болып өткен.

Нарында хан баласын итше сабап Ер еді дүниеге қолы жеткен.

Сен Жолымды білесің бе неғып өткен? Жайықты талқан қылып, жарып өткен. Нарында хан баласын итше сабап, Астына табанының салып өткен.

Қазақтай салт атымен қаңғырған жоқ, Бар жинақ, қара орманын алып өткен. Ер шықса сіздің елден ісі оңбайды, Тұрланды Сахарнайда ит жеп кеткен. Құдайым айырмағай осы бақтан, Сөйлесе, сөз өнеді тіл мен жақтан.

Хан келіп, ат бауырына қажасқанда, Қайғысыз ер туады біздің жақтан.

Қоғада екі жүз үй Қылыш-Кестен, Не керек, байғұс, саған ерегескен?

Кеше арттың Баймағанбеттен екі нарды, Қашаннан қара бітті ме жарлық тескен? Еліңде «шөк» дейтұғын бір түйең жоқ Мойныңды арба менен қамыт тескен.

Бәшеннің шаңдатады тай-құнаны Үстіңнен шөлейтті жеп, баса көшкен.

Беріште Әлжан, Бәшен – ұйылған бай. Соғымға отыз асау сойылған бай.

Айжарық, Дүйсалымен ат мініп жүр Шеркештер қайырына тойынғандай. Қоғада екі жүз үй Қылыш-Кестен

Санап ал, жұрындай жоқ, қоңың қандай! Тілімен бір қатынның ерегесіп, Мінекей, жаман сөздің болынғаны-ай!

Айтпайын білгенімді неғылып-ай, Ашумен өкпем отыр қабынып-ай. Қатынға үй арасы қор қылғанша, Мені сал, Арқада Әлім, Табыныңа-ай. Баласы Байұлының бәрі ағайын Ашумен тілім тиді бауырыма-ай.

Отырмын сөйлейін деп егіліп-ай, Аттайын арпа жеген желігіп-ай. Қатынға үй арасы қор қылғанша, Мені сал шет жердегі өліміңе-ай. Тілімен бір қатынның қатты кеттім Шеркештер, тіл тимесін көңіліңе-ай!

 Тыныштық жауап қата алмайды, Мұрат жүлдесін алып, той ба- стайды.

Мұрат:

Бұраңдап, ақ моншақтай, керілген қыз Оздырдың салтанатты еліңнен, қыз.

Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе, Реңкің сары алтындай көрінген, қыз. Шай ішіп, самаурыннан сәске түсте Керіліп, азар тұрасың төріңнен, қыз. Қосшы ертіп, үкі қадап, жорға мініп, Көшкенде салтанатың көрінген, қыз. Дәулеттің қалың қара арқасында Асқан жоқ қатар-құрбың өзіңнен, қыз.

Бұлаңда дәурен өтпей басыңнан, қыз. Сүйегің жаратылған асылдан, қыз.

Лебізің, сөзің шырын, маржан тісің. Кеткісіз келген адам қасыңнан, қыз. Адамның жалғаншыда арманы не, Өзіңмен дүниеде қосылған, қыз.

Сөйлесең, сүт шығады тіліңнен, қыз, Құрбыңа салтанатың білінген, қыз. Басымнан бұл дүние өтеді деп Қайғымен тамақ ішпей, бүлінген, қыз. Қамқа бөрік, қамзол бешпет, алтын ілгек

Ақ көйлек, зер шашақтап киінген, қыз. Қызығын дүниенің сізден көріп

Ата-анаң үйде отырып, сүйінген, қыз. Шалықта ата-ананың дәулетіне

Күні ертең жөнелерсің үйіңнен, қыз. Әуелде атаңа еріп, анаң келген Ойласаң, осы жерден білінген, қыз.

Қыздың шешесі Мұратқа шапан жабады, той жалғаса береді.

МҰРАТ ПЕН ЖАСКЕЛЕҢ

Жаскелең:

Алаш та Алаш болғалы, Алаша атқа мінгелі, Ала шұбар ту байлап Алаш деп ұран бергелі Алшын еді бабасы Шолпан еді анасы.

Сұрай келсек, әр жұрттың Әлім дейді ағасы,

Ағаға кімнің таласы. Жаз жайлауым сұрасаң –

Терісаққан, Қобда, Шыңғырлау Ойыл да Қиыл, Батпақты –

Үш өзеннің саласы. Күз күзеуім сұрасаң –

Топырақшашты, Жем, Қайнар Сағыздың сары даласы.

Қыс қыстауым сұрасаң – Ұзын Жемнің аяғы Көлденең жатқан көк теңіз Атыраудың жағасы.

Өзімнің атым − Жаскелең

Кете Бекберген жыраудың баласы. Он жасымнан асқалы

Осы жасқа келгелі Екі жақты, бір тілді

Пенденің жоқты таласы. Әлім деген аға жұрт

Ағаға кімнің шарасы? Жолсыз жерге тап беріп Жарлылық айдап келді ме, Жылқыға зәру ел ме едің? Қаңғырып жүрген сен де бір, Байұлы, иттің баласы.

Мұрат:

Алаш та Алаш болғалы Алаша атқа мінгелі, Ала шұбар ту байлап, Алаш деп ұран бергелі Алшын еді бабасы Шолпан еді анасы.

Сұрай келсек, әр жұрттан Әлім дейді ағасы

Ағаға кімнің шарасы? Жайлауыңа мақтанба,

Жаз жайлауыңды білемін – Терісаққан, Қобда, Шыңғырлау Ойыл да Қиыл, Батпақты

Үш өзеннің саласы. Мұныңды байқап қарасам, Жазғытұрым Табынның Егістік айдап тастаған Жыртындының арасы.

Күзегіңе мақтанба, Күз күзеуің білемін −

Топырақшашты, Жем, Қайнар – Сағыздың сары даласы.

Мұныңды байқап қарасам, Жазғытұры Адайдың Топалаңнан қойы өліп Сары жұрт қылып тастаған Өлімтіктің арасы.

Қыстауыңа мақтанба, Қыс қыстауың білемін − Ұзын Жемнің аяғы

Көлденең жатқан көк теңіз Атыраудың жағасы.

Жер тимеген Кетеге Жазыла көшер жерің жоқ, Қайта көшіп жол салып Байұлы бөліп тастаған Тамам сордың арасы.

Өлеңті мен Шідерті Естек-Кете жайлаған, Жағалай бие байлаған Жетіру мен Әлімнің Екеуінің арасы.

Әлімге қоспа Кетені Кете деген еліңіз

Әлім де емес, Бай да емес Асыранды қара қарын баласы. Жас күніңде қаңғырып Қасыма келген сен едің.

Асыранды болған соң Қой бақтырған мен едім. Көк қошқардың баласы

Қоңыр қошқар мен сойып, Қолыңа таяқ ұстатып, Таяғың құтты болсын деп, Майлы таяқ қойшым деп, Майлыбай деп шақырып Ұран берген мен едім.

Отыз ешкі, қотыр нар Енші берген мен едім. Сол еншіге өкпелеп, Кетемін – деген сен едің,

Кетсең, кет – деген мен едім. Өзіңнің кетемін деген сөзіңнен Кете атанған ел едің.

Төсағаш пен Сүрелі Шегің болсын деп едім.

Сенің Кете деген атаң жоқ, Арғы атаңды білемін – Баутиын мен Жаутиын Иттің атын қойдырып,

Ит атанған сен едің.

Жылқыға кедей ел емен Орныңды тап та, олжаңды ал, Осы мәніс қалай деп

Жұрт алқасы жиында Өзіңіздей білгіштен Сұрайыншы деп едім.

 Ел аузындағы ескі сөзге, шежіреге олақтау Жаскелең жауап қайтара алмайды. Содан Мұрат той бастап, жолдығын алып, сол той- да жүрген Байұлымын деп жүргендердің біреуіне шапанды, біреуіне биені беріп кетеді.

* * *

БАЛА ОРАЗ БЕН МҰРАТ

Ораз:

Мұратжан, бала, сен бе едің, Жоқ еді бұрын көргенім, Көрмегеннің белгісі – Алдымда туған аға деп, Иіліп, сәлем бермедің.

Рас па еді, шырағым, Былтыр Көкжар базарына Бай Бәшеннің баласы Алдаберген мырзаң қасыңда

Айтысамын деп, іздеп келгенің? Бәріміз де Байұлы

Сын емес пе басыңа Ағаны жеңіл көргенің?!

Мұрат:

Айтқаның, Ораз, мен едім, Жоқ еді бұрын көргенім. Көрмегеннің белгісі – Алдымда тұрған аға деп Иіліп, сәлем бермедім.

Ағаны жеңіл көргенім

Мен жүйріктігіме сенгенім. Тап өзіңдей тақтақтың Талайын басып, жеңгенмін. Дәл он жеті жасымда Ысықтағы Жылқышы Соныменен айтысып, Қарабаудың ішінде Есентемір Қоқанның Алдында зулап келгенмін. Зейінің жетсе, Оразжан, Сөзіңе жауап бергенім.

Сенің ақылыңның аздығы Әзәзіл тілге ергенің.

Тап өзіңдей бойжетсе, Інісі кимес болар ма Ағаның қанды көйлегін.

Ораз:

Ауыр да тиді көңіліме Айтысам деп, іздеп келгенің. Арқадағы алты Әлім, Желкедегі Жетіру

Он екі ата Байұлының ішінде Мен – ұраны Бақай Қаратаз – Толықсыған елдерім.

Сол елдердің ішінде Төремұрат, Нарынбай, Өтен сынды ерлерім. Сол ерлердің барында

Дұшпанға теңдік бермедім. Жемге қала салдырмай, Дін қылышын сермедім.

Алушы едік біз қорғап

Байұлының баласын Оралдан қашып келгенін. Тайсойған мен Бүйректе Тайөгізге жүк артып Бұқбақтап жүрген Берішке Толар ма менің шеңгелім! ―

дегенде Шәкілік шыдай алмай, Мұратқа: – Ну-ка, бала, айт, мына Тазың қалай-қалай есіреді, – депті.

Мұрат:

Ауыр да тисе, амал жоқ Рас еді, Ореке,

Айтысам деп, іздеп келгенім. Арқадағы алты Әлім Желкедегі Жетіру

Он екі ата Байұлының ішінде Сен, ұраны – Бақай Қаратаз – Толықсыған елдерің.

Сол елдердің ішінде Төремұрат, Нарынбай Бақытсыз туған ерлерің. Бақытсызы не десең, Сол екеуі өлгенде

Көзіңмен бар ма көргенің, Қолыңнан бар ма көмгенің? Білесіз бе қаңғырып

Қайда жүріп өлгенін? Қаңғырып өлген ұрыңды Үйшікке келіп мақтайсың, Мінекей, сенің, Ореке, Тазға қорлық бергенің.

Жиын менен той болса Кіреріне үй жетпей, Жүруші еді тентіреп Моншақты күңнің баласы Қаратаз деген елдерің.

Мен мақтайын Берішті – Беріштің ұлы тегіс-ті.

Әлі білмей жүрмісің

Төремұрат, Өтеннің Қатар жүрген жолдасы

Біздің Құлшар менен Кебісті. Губернатор, жанарал Офицер, шенді келгенде Қылышын шешпей, көрісті. Заманға қарай саз керек Мақтасаң, мына айтсайшы, Тірі жүрген Қосымбай Дүйсалымен екеуі Мақтауыңа келісті.

 Мұрат айтып болғаннан кейін Қосымбай мен Дүйсалының біреуі өздерін мақтағанға мәз болып:

  •  Мұрат дұрыс айтады, біздің Ораз осы күні жаңылып жүр ғой, – деп, пәтуа беріп, Оразды айттырмай тастаған. Мұрат жеңді деп, жол берген.

ҚҰЛМАНБЕТ БЕН БАЛА ОРАЗ

Құлманбет:

Алып келді мені «Сөйле!» – деп, Мына Балтаның ұлы Бекпенбет. Мен жасымнан шешен туғанмын, Сөйлер сөзге тым жендет.

Кейінгі өскен балалар, Көрмегесің тосырқап, Аузы-басын түк басқан, Сақал-мұртын шаң басқан, Әлдекім деп жүрмеңіз: Мен кешегі бір күндерде, Алашқа бәйге бермеген,

Белгілі тарлан – Құлманбет. Бай баласы байға ұсар, Байланбаған асау тайға ұсар. Қайырсыз байды мақтама, Ол панасы жоқ сайға ұсар.

Би баласы биге ұсар,

Бұйдасын созбас нарға ұсар.

Сең соққанмен құлап, таусылмас, Ол бір биік жарға ұсар.

Ер баласы ерге ұсар, Базарда қымбат зерге ұсар.

Жұрт көшкенмен тебіренбес, Мінезі ауыр жерге ұсар.

Кәрі жыным келген соң, Аруағы құрғыр төнген соң, Мына отырған Оразға, Олай да былай сөз айтып, Желкесінен бір тістеп, Жүдетейін десем де, Азырақ түсі меңзеп тұр, Өзіміздің Тазға ұсап.

Ақ сұңқар құс секілді, Қанатым сүйір дөңгелек. Қыран бүркіт секілді, Қауырсыны мықты шеңбірек. Қара лашын секілді, Бауырым шұбар, сыртым көк. Ашуым келсе, шыдатпас, Менің аузым құрысын, Құрулы тұрған зеңбірек.

Шырағым, сен, Жиенбет, Келіп, бір көрінші көзіме. Кешегі «штат» болғанда, Жұрт жиылып толғанда,

«Абдалдан туған ұл-ды» деп,

«Атасы басқа пұлды» деп,

«Бәрімізге де алты жыл, Бұ да әкімдік қылды» деп, Жастабан мен Шарғаны, Сен «Бірге туды» десең де,

Біздің Жиенбет сынды алтынның, Соңына түскен бөлмелеп.

Жас алпысқа келгенде, Бір сөйлейін барымды,

Келген жоқ па маған бір кезек?!

Бала Ораз:

Мен бір жасыма келгенде, Балалықпен жүргенмін.

Екі жасқа келгенде, Еңбектеп, дәурен сүргенмін. Үш жасыма келгенде,

Тілім шығып, сөйледім. Төрт жасыма келгенде, Ата-анама ергенмін.

Бес жасыма келгенде, Ойын түрін білгенмін. Алты жасқа келгенде, Ағаға сәлем бергенмін. Жеті жасқа келгенде, Бала болдым зерделі. Сегіз жасқа келгенде, Жақсы менен жаманды, Ақылым жетіп, тергедім. Тоғыз жасқа келгенде,

Топтанған қолды көргенмін. Он жасыма келгенде, Ордаға жауап бергенмін.

Он бес жасқа келген соң, Келдібай деген ауылға,

«Жиенмін» деп еркелеп, Өзімді өзім тыя алмай, Олай да былай сөйледім.

Жиырмаға жасым жеткен соң, Аспанның астын кезгенмін.

Сөйтіп, кезіп жүргенде, Маңғыстаудың Ойында, Үш мың үш жүз әулие, Неше пері, шайқы бар, Бәріне де бір түнеп, Тәуап етіп келгенмін.

Сырдан шыққан Қуаңды, Ырғыздан шыққан Торғайды, Арқаның алпыс саласы, Атпен жүріп айналып,

Сан қызығын көргенмін. Айналасы алты айлық,

Төңірегі төрт айлық, Шалқып жатқан Нарынды, Үш жылдай кезіп келгенмін.

Сөйтіп, алаштан озып жүргенде,

«Нағашың кім?» дегенде,

«Қарақұл менен Құлманбет, Екі жүйрік – сен» дедім.

«Жиені кім?» деп айтқанда, Төсімді қағып: «Мен!» – дедім. Ашулансаң, нарыңды ал, Назарыңды аулақ сал.

Сен алғанмен бір нарды, Бөтенге кетпес еңбегім.

Құлманбет:

Дәулеті бар деп естігем,

Сонау Жайықтан арғы Нарынды. Бұл күндері болғанда,

Нарыннан дәулет арылды. Кешегі бір уақта,

Нарын деген ар жақта, Иесіз қоныс көп еді.

Бұл күндері болғанда, Нарындағы иесіз қоныстың, Біразы кетті хандыққа, Біразы кетті қазынаға, Қайырулы мал өспес, Нарыннан дәулет арылды. Сөйтіп, шалқып жүргенде, Кімнің жақсы, жаманы, Кімнің адал, арамы,

Кімнің ұшқыр, шабаны, Бұл халыққа мәлім-ді. Мен кешегі күнімде, Алашқа бәйге бермеген, Құлманбет едім кәдімгі. Жиенбеттің тойында, Мұқыр судың бойында, Мен аянып нетейін, Шамаға келсе барымды.

Кешегі «штат» болғанда, Жұрт жиылып толғанда,

«Абдалдан туған ұл-ды» деп,

«Атасы басқа пұлды деп,

«Бәрімізге де алты жыл Бұ да әкімдік қылды» деп, Жастабан мен Шарғаны,

«Бұ да бірге туды» деп. Барлығы бірдей сөйлесіп, Елулігі жиылып,

Біздің Жиенбет сынды алтынның, Соңына түскен залым-ды.

Оның залымдығын көрген соң, Неғыларға бересің,

Менің кешегі шапаным мен нарымды. Жолымды менің алған соң,

Арқа терім тарылды. Өзім жоқта нар беріп, Өз қолынан ар беріп,

Мен Жиенбеттей көрмедім, Жұртқа қайтқан жарымды.

Бала Ораз:

Асу да асу ел көшіп, Есепсіз ауыр жүк салып, Бақалшағы майысса, Түн қатқанда кірпігі,

Бір-біріне жақын келіп, ойысса, Қабағын шытып, мұңаймас, Сен едің бітеу өркеш үлегім.

Қаршыға құстай қайқиған, Тұрымтай құстай тұңқиған, Ителгі құстай еңкейген, Салқиғанда қаз ілген, Қабағы тарса түйілген, Ашуы келсе, шүйілген,

Сен бір қыран түлегім, Палуанның қолындай, Ұстауға мықты білегің.

Падишаның сойындай, Қашаннан болат сүйегің. Пайғамбардың сойындай, Қабыл-ақ еді-ау тілегің. Қарақұл мен Құлманбет, Сен екеуің тұрғанда,

«Бір Тәңірден болмаса, Кер келмес» деп жүр едім.

Нағашым – жүйрік сен едің, Сойыңа тартқан мен едім.

Сен жоғары кеткен соң, Төменгі болған жиынға, Жиенбет кез келген соң:

    • Жүйрігім, сөйле! – деген соң,
    •  Айт! – деп, рұқсат берген соң, Астана жұртты көрген соң,

Көп ішінде көтеріп, Біразырақ сөйледім. Ашулансаң, нарыңды ал, Назарыңды аулақ сал.

«Қолыма тиген олжамды, Ұсынбай кетпен» деп едім.

Құлманбет:

Мен жиырмаға жасым жеткен соң, Талай да жерде сөйледім.

Берендей безеп тілімді. Сөйтіп, шалқып жүргенде, Қазаққа даңқым білінді.

Мен кешегі күнімде,

Бір қазақтан кем бе едім?! Бір қазақтан кем болсам, Таз баласы, сынарсың, Өшіріп таста үнімді.

Енді айтайын шынымды, Жасырмайын мінімді.

Мен желігіп кеткен соң, Ораз түгіл, Қаратаз, Бәріңе бермен тынымды.

Тынымды неғып берейін, Жас алпысқа келгенде,

«Жолымды берді» деген соң, Кәрілігім білінді.

«Енді айрылман» деп тұрмын, Шамам келмей қалмаса,

Жез қармағым ілінді.

Мен жиырмаға жасым жеткен соң, Талайға айқай салғанмын.

Ел сыйлығын көп көрдім, Аллаға жоқ-ты арманым. Айриып атқа мінген соң, Арқадағы алты Әлім, Желкедегі Жетіру,

Он екі ата Байұлы, Аспанның астын шарладым. Шарлап жүрген жерімнің, Өңгесін айтып нетейін,

Осы Таздың ішінен, Көргенімді-ақ айтып өтейін. Біздің Таздың ішінде, Ағасы еді Жастабан, Жастабанның ішінде, Артық еді Байсары.

Байсарының ішінде, Алашқа аты жайылған, Төремұрат, Өтендей Ерлер еді-ау қайсары. Олар кетіп қалған соң,

«Ендігі мынау заманға, Дәулет біткен малдысы, Қабылдың ұлы Игібай, Қуанышұлы Тайжан» деп, Айтушы еді жайсаңы.

Екеуі бірдей той қылды. Екеуінің тойынан, Көрген істі айтайын.

Екеуі бірдей той қылды, Отырған жерін ой қылды.

Жастабан мен Шарғаның Барғанын етке тойғызды. Екеуінің тойына Қабатыменен барғанмын. Түніменен жыр айтып, Жалғыз шапан алғанмын, Ұяттан шаршап қалғанмын. Екеуінің тойына, Қабатыменен барған соң, Жалғыз шапан алған соң,

Мен Жастабанның несін мақтайын, Ретін мұнан барладым.

Енді Шарғаның жайын айтайын: Сегіз арыс Шарға да

Біздің Жиенбеттің құдасы, Шотаннан басқа байың жоқ, Мен білмейтін жайың жоқ.

Мына жақта той қылды, Сағыз деген бір судың, Тоғайына тығылып, Елден бөлек шығынып. Той қылатын ойы жоқ, Тойға сойған қойы жоқ.

Жиенбеттен барған бір бие, Отау жабар қылғанда, Асқан етке таласты,

Бұлар да жолдан адасты. Қылыштарын суырып, Заманасын қуырып, Көшбайдың ұлы Құлнияз, Көбентайұлы Жанияз,

«Өлтірем» деп дүбініп, Етке тоймай, ырылдап, Ездігі тұрды білініп.

Кешегі бір уақта

Біздің алты Абдалдың баласы, Бұландай бұттап күн көрген,

Бір-бір тарлан атпенен, Тәңір берген бақпенен.

Сонда мына «Шарға» деген ауылдың, Бірқатары жарлы еді,

Сонау Үйшікті бағып отырған, Қараша үйді толтырған.

Замана тыныштық болған соң, Пірказшік болып бай болды. Бай болғаны бар болсын, Бағанағы жарлылығы,

Есіне түсіп, осы күні кез болсаң, Бірдеңе айтып, мақтасаң,

Мына отырған Шотандар, Бетімізден шармай алады, Иттен бетер қабаған.

Әкесіне дәулет біткен соң, Көзі де болса, қорыққан жоқ, Көңілі де болса, торыққан жоқ.

Осы күнгі Шарғалардың жас жігіті, Бәрі де көңілді туыпты шабаған.

Шабағандығын айтайын, Кешегі енші бергенде, Сағыз судың бойында, Бір тоқтыға таласып, Мына тұрған Боранбай,

Сексенге келген Шотанды, Жусанға сүйреп, сабаған.

Тілеп алған баланың, Құрметі сол болса, Шарғалардың қатыны, Ұл таппай-ақ тастапсың, Қасқырдайын күшіктеп, Әр шұқырдың ішінен, Өздері-ақ өрсін даладан. Шарғадан есті туған жоқ,

Нысанбекке неге айтпасқа,

Қалыңдығын әркімнің, Күйеуге бермей, үйіне Қартайғанша қамаған.

Бұ кісінің ішінде,

Кімдер бар да, кімдер жоқ: Біздің алты Абдалдың баласы, Бұған кімнің шарасы.

Ар жағыңа қарасам, Қарағұлдың Әуелбай,

Бүгін екі аты келді бәйгеден, Бұған жоқ жанның таласы.

Онан соң мына Бегежан, Кекілбайдың Бітірбай, Сусынына ішкен шәй.

Айсеттен туған баланың, Ортаншысы еді Қарабай. Тіпті, үйінен шықпаған, Ең кенжесі – Адайбай, Сегіз арыс Адайда, Қосқұлақтың ішінен, Көтібардан қыз алып,

Бұның дабылы кетті талайға-ай!

Бұ кісінің ішінде,

Кімдер бар да, кімдер жоқ: Қанайдан туған Бейсеу бар, Дайрабайдың Дәуімшар, Құлметен менен Дәрментай – Бәрі бірдей қара нар.

Менің даусым шыққан соң, Бірі қалмай желігіп, Қысырақтан мал салып, Тоты құстай таранар.

Осындай топтың ішінде, Жастабан мен Шарғаның, Бір мырзасын мақтасам,

«Дәулет біткен – малды», – деп,

«Қашайын», – деп, жалтақтап, Жан-жағына қаранар.

Жиенбет болыс еді көптен жүрген, Қашаннан Қаратазды өктеп жүрген. Жастабан, Шарғаменен – жаман елсің, Сарықасқа шайтан кеулеп, өкпеңді үрген.

Құлманбет, енді саған түйе түгіл, ине бермейді, Кірі бар көкіректің көптен жүрген.

 Тойда отырған Жастабан, Шарға мен алты арыс Абдалдың байла- ры Құлманбет шайырдың сөзіне қызынып, дауыс көтере бастайды. Сонда осында отырған Қоспақ ақын екі шайырды бітімге шақырады, оларға мәмілегер болады.

Қоспақ:

Тарпи да, тарпи, Құлеке-ай,

Сен – таласты көрсең, желген ер. Шылбыр тақпай әр жерде, Көтермесіз келген ер.

Келгеніңнің белгісі,

Сонау Орынбордың басында, Тілеуқабыл төренің, Алқасының қасында, Жетірудың үш ақын,

Ең жүйрігі – Марабай, Байұлының ары үшін Жалғыз-ақ барып жеңген ер.

Мынау Ораз жат емес, Өзіңнен шыққан сүйегің, Апаңнан туған жиенің. Сен шыныңмен кәрленсең, Былайғы елден ұялып, Қарсыласпас сізбенен,

Кәріңнен қорқып, жерге енер. Оразбенен екеуің,

Айтыса көрме ар үшін, Таласа көрме мал үшін!

Қия бір кетсек, қисайып, Ата-баба аруағы,

Бүгінгі күні тебіренер.

Сен – Келдібайдың Құлманбет, Мынау – Жастабанның Оразы, Екеуіңді де мақтамас,

Осы алқада көрген ер. Аңғарған сынап тұрған-ды, Ақылы асқан зерделі ер.

Жиенбеттің тойынан Тоймағандай қақылдап, Азғантай ауыл Абдалмен, Жастабан мен Шарғаны Оразбенен екеуің,

Бөлуге қалдың мақұлдап,

«Айтайын» деп сен тұрсың, Ауыздығың сақылдап.

Абырой берген күн екен, Ортаңа келдім жақындап.

Заманда болған бөрі едің, Қанды көйлек ер едің, Кешегі шалқып жүргенде, Сан дүлдүлмен сайысып, Жетірумен айтысып, Талайын сөзбен жеп едің. Ашуыңды көрген соң, Дәнекер үшін, Құлеке-ай,

«Екеуіңнің ортаңа, Сөйлейінші» деп едім, Қабыл-ақ екен тілегім, Сол Ойылдан Тәңір айдап, Мен де бүгін кез келдім.

Бұ кісінің ішінде,

Кімдер бар да, кімдер жоқ: Жеті аталы Жетіру, Арқадағы алты Әлім, Сегіз арыс Адай бар, Есентемір, Беріш бар, Ысық пенен Шеркеш бар, Қызылқұрт пенен Алаша,

Байбақты менен Тана бар...

Көрмеген халқың және бар. Біздің елдің бозбала,

Жоқ жоғалтып, әр елді Екеу-екеу аралар.

Аралап жүрген күнінде, Былайғы елдің сөйлескен, Әңгімесі бар еді.

Біздің Тазға біткен жігіттің, Бірқатары нар еді.

«Нары кім?» деп сұрасаң – Шарғадағы Нарынбай, Жастабанның ішінде, Төремұрат, ер Өтен Келдібайдың ішінде

Бәкей, Пыштан, Күнжарық, Басығара, Серікбай – Осылар елдің бары еді.

Сол батырлар барында.

«Таз» деген ауыл бөп-бөлек, Әлі жаудан аман жүр.

Бұрындағы жігіттің, Бірқатарын «Батыр» дер. Бұ күндері болғанда,

Не дейтінін білмеймін. Білмесем де айтайын: Тоқтатайық тартысты,

«Елдің мынау тойында, Мұқырсудың бойында, Келдібайдың Құлманбет, Жастабанның Оразы, Азғантай ауыл Таз екен, Сақылдасып, айтысып, Бүлдіріп елді жатыр» дер. Ендігі қалған сөз болса, Салқынмен кешке айтармыз, Аузы, құрғыр, ораза, Намаздыгер таянып,

Намаз оқыр шақ болды.

«Ауыз аш» деген бір хабар, Тұс-тұс жақтан тап болды. Ораза, намаз қалған соң, Сауаптан да құр қалармыз. Баяғыдан еткен құлшылық, Далаға кетер болып сер.

Сөйтіп, айтыс мамыражай татулықпен аяқталады.

БАЛА ОРАЗ БЕН АЛМА ҚЫЗ

Бала Ораз:

Жүрмісің аман-есен, Алма шырақ, Мысалы бақшада өскен бала құрақ. Ен дала – сақарада болдың душар, Болады қай ауылда сіздің тұрақ?

Алма:

Япырау, біле кеттің, атым – Алма, Ұқсаған ажарым бар жазғы талға. Сұрадың ауылым мен тұрағымды, Ізденіп, таппай жүрген жоғың бар ма?

Бала Ораз:

Жоғым бар іздеп жүрген, адам таппас, Ондай зат отқа күйіп, суға батпас.

Мысалы, бақшада өскен қызыл гүлдер, Кімдердің жүрегінің отын жақпас?!

Алма:

Бітімі мына сөздің болды қиын, Талайды көріп едім, талай жиын. Жоғыңды жұмбақ етіп жасырдың-ау, Адам ба, қымбат па екен болар бұйым?

Бала Ораз:

Айтсайшы өзің ойлап керегімді, Бұл сөзге білмедің-ау не деріңді? Адам ба, бұйым ба деп күлімдейсің, Тұр ма екен ішің біліп жеңерімді?

Алма:

Қорықпа, жеңілмеспін сенен, жолдас, Кім бар деп, аспайламай, маған қолдас. Қыз еді іздегенің, айтпас едім,

Қыз іздеп, таппай жүрген жігіт оңбас.

Бала Ораз:

Сен едің көздің құрты – қызыл алма, Үзіліп, жерге түссең, пұлың бар ма? Осы күн сүйгеніңе өте кеттің, Ертеде азар алғамын қызыл нарға.

Алма:

Қыз тегін болса жүрсің неге іздеп, Аулыңда жата бермей, елді кезіп? Келдің де ен далаға айттың өлең, Айтуға тура келді «Көргенсіз» деп.

Бала Ораз:

Мен едім ауылымда ақын бала, Көп жүрдім қызарғанға көзім сала.

Бұл сөзді көргендіктен айтып па едің? Ойлашы өзің енді есіңе ала.

Алма:

«Едім, – деп, – мен өлеңші» мақтанарсың, Көзіңе көрінгенге бас саласың.

Меніңше, қыз іздеуің дұрыс емес, Қарасам, ажарыңа жас баласың.

Бала Ораз:

Япырым-ау, үлкен бе едің, Алма апа-ау, Сөзіме менің айтқан бар ма татау?!

Өнебойы сақа жігіт іздей бермей, Болар-ау жастардың да керек заты-ау. Мінеки, менің жасым он жетіде, Қиялап шыға алмадым ел шетіне.

Неғылған сөзге жетік адам едің, Тигіздің шаң тимеген, жел бетіңе.

БАЛА ОРАЗ БЕН ТАМА ДОСЖАН

Досжан:

Сөйлейін, «Сөйле!», – десең, ұлы дуда-ай, Кем ақыл – бұрынғы өткен сөзді қумай.

Сен сұрап, ұранымнан мін таппайсың, Ұраным жауға шапқан –«Қарабура-ай!» Тыңдайды, сөз сөйлесе, құлағымыз,

Әр жерде сөз сөйлесек – сыналымыз. Сұрасаң, сұрауыңа жауап берем, Мешкей Таз, сенің не ед ұраныңыз?

Бала Ораз:

Тыңдайды, сөз сөйлесе, құлағымыз, Әр жерде сөз сөйлесек – сыналымыз. Ру-тегім – Таз, батырым атқа мінген, Ежелден «Бақай!» – біздің ұранымыз.

Досжан:

Айтқанда мен өлеңге саспайын-ай, Оразды әлі-ақ жеңіп тастайын-ай. Жеңілі Байұлының Таз екен ғой, Сиырдың ұран еткен башпайын-ай.

Бала Ораз:

Көңілім бұл сөзіңе тарылмайды, Азабы бөкейліктің арылмайды. Табынның талай тобын ойран қылған, Қайтесің Төремұрат, Нарынбайды?!

Досжан:

Айтпашы, Төремұрат, Өтеніңді, Айтпайсың онан басқа бөтеніңді. Орысқа жөнін таппай, шабамын деп, Қызыл жол қылған жоқ па көтеніңді?

Бала Ораз:

Базардан алып келген сырлы керлен, Болжайды әр нәрсені ойы жеткен.

Жүлде алған батырларды кемітесің, Сен-дағы өсек айтып, қия шеттен.

Сіздің жақ сары суын «шай» деп айтад, Біздің жақ қонақ сыйлайды қымыз, етпен.

Досжан:

Айтқаның әңгіме етіп – сырлы керлен, Өнері – сахараның ұрлық еткен.

Таздарым – сары тымақ алдауышым, Бар еді бір тәсілің сұмдық еткен.

Қымызды қыс күнінде неге айтасың, Аш құрсақ кедеймісің, ернің кепкен?

Бала Ораз:

Өлеңші болған екен Жетіруым, Жетіру жөнін таппай, есіруін. Өзімнің асыранды текешігім, Өзіме қайта айналып, секіруін?!

«Кедей» деп, кемітіп сөз кімге айтасың? Күнәңді енді болмайд кешіруім!

Досжан:

Ар жақтың белгілі еді жай-шамасы, Жетіру – жеті аталы, жұрт ағасы.

Байұлы бізге теңдік беретұғын, Болмаса Әлімдердің сөз таласы.

«Теке» деп, кемітіп, сөз кімге айтасың, Моншақты күңнен туған Таз баласы?

Осы жерде халық арасында қозғалыс туып, айтысты тоқтатады.

БАЛА ОРАЗ БЕН ЖІБЕК ҚЫЗ

Бала Ораз:

Жүрегім кеткен ұшып қайта түсті, Апайдың қатпарланған көшін көріп. Үш елі өкшем жерден көтерілді, Қыздардың екі арбалы көшін көріп. Хат жазып, сәлем айттым Байұлына-ай, Байұлы қайта қонсын Ойылына-ай!

Көп айдың көрмегелі жүзі болды, Келемін сағынумен Байұлын-ай!

Барады ауылың көшіп Бағыланға-ай! Мал толып, ел қондырдың даңғылың-ай. Күз болса, қоян қашар шағылына-ай, Қатпаған қауырсыны бала қаздай.

Келемін Байұлыны сағынып-ай! Қыздары Жетірудың қандай салқам, Шығады мақпал тонын жамылып-ай! Қояндай құмда қашқан домаланып, Тығылып жатар ма еді, бауырына-ай!

Етіңіз етімізге жұмсақ тиер, Орынбор пұлы қымбат ақ ұнындай. Шашың бар қолаң қара бестен өрген, Үйректің жаңа жұлған мамығындай. Қып-қызыл екі бетің албырайды, Жиденің күзгі піскен қабығындай.

Аңқиды исің жұпар жел соққанда-ай, Мәскеудің он бес сомдық сабынындай. Той болса, бір жапсарды қыз алады, Бетіне опа-далап жағынып-ай.

Тізбектеп, мойыныңа моншақ қаптап, Барасыз қай сапарға тағынып-ай?

Ау, қыздар, қайсы жолға барасыздар, Әлемнің жазғытұрғы сағымындай? Оқиды намаз молда бесін көріп, Апайдың өкпелейміз несін көріп, Көрінген, көрген алаш көз салғандай,

Тал бойын жаратыпты есілдіріп. Жігітке бұл жалғанда арман болмас, Апаймен бір отырса көсілдіріп!

Ертеңгі ауға түскен ақ шортандай, Сұлуды жатар ма еді шешіндіріп! Бұйымдай пұлы қымбат нәрсе болса, Әркім де алар еді бәсін беріп.

Өлеңші өлең айтар жорасындай, Басымнан көп өткердім борасынды-ай. Қыздармен көңіл сүйген көп ойнадым, Шығарда үйген жүктің арасында-ай!

Қыздардың білегінен көп сүйредім, Ноғайдың атқа жеккен шанасындай. Басыңа қызыл шарқат қиғаштайсың, Түйенің жел жапырған қорасындай. Пәленше пәлен деген дабылыңмен, Сұлуым, жаңа таптым ауылыңды-ай. Жолаушы атым арық, келем жүдеп, Сұлуым, дамылдатшы бауырың-ай!

Жібек:

Келіп тұрған жас бала, Жолыңнан қалмай, жүре бер. Мен көремін, байқаймын, Сен тұрсың ғой, жас бала, Жағамнан келіп алуға.

Есіріп тұрсың, сен бала, Осы жерде айқай салуға, Сен секілді ит емен, Арланып тұрмын, шырағым, Көрінгенмен далада, Абаласып қалуға, Жағаласты салуға, Арпалысып, шалуға.

Анау ауыл, біздікі, Ертең сонда бір той бар, Жараймысың сен, бала, Менімен еріп баруға?

Әдіре қал, тұт, шіркін! Артыңа қара, жас бала, Жібек апаң тұрғанда, Той бастап, шапан алуға!

Мен – Табыннан озған бедеумін, Меніменен жарыспа!

Меніменен жарыссаң, Көнерсің, бала, қалуға. Шыныңды айтшы, шырағым: Өз еліңде жүргенде,

Туғалы көзің тойды ма, Біз секілді аруға?!

Ерегіссең сен, бала, Шыбындының ойында, Қарасудың бойында, Әбітімнің ұлы тойы бар. Жиналған жерде сол тойда. Не жақсылар жиналар.

Әлемнен озған бедеудің, Көрерсің айқын шабысын. Ести алмай жүр ме едің, Апаңның, бала, дабысын?! Байрақты жерде байқалар, Өрісің жақын, алысың.

Жарыссаң да, озамын, Келсе де, бала, намысың! Ақылың болса, шырағым, Еліңе айтып кетерсің,

«Апам бір қайғы салды», – деп. Ақылсыз болсаң, шырағым, Және бір айтып кетерсің,

«Қорыққаннан бір апам, Бізді мақтап қалды», – деп. Естіп пе едің, шырағым, Атым Жібек болғалы,

«Таласып, қазақ теңдік алды», – деп. Еліңе барсаң, «Сәлем!» де,

Байұлы деген ұлтыңа-ай, Адай-Таз деген жұртыңа-ай! Менің аузым – дария,

Сен түгіл, бала, байқарсың, Он сегіз мың ғалам да, Кетеді менің ұртыма-ай!

«Сәлем!» де, бала, «сәлем!» де, Анау Байұлы деген еліңе, Байұлының ішінде,

Төремұрат, Нарынбай, Өтен деген еріңе!

Соларды «Ер» деп кім айтар? Біздер қорлық көргенде, Әскерін жинап, аттанып,

Бір келмеді еліме,

Қоныс еткен жеріме. Ынтық болып жүр едім, Маңғыстауға баруға, Тазға хабар салуға.

Жарамады елдерің, Біз сықылды аруды,

Айттырып, келіп алуға, Жолыңнан қалмай, жүре бер, Осы апаң еріңді,

Сөзіңе құлақ салуға.

Бала Ораз:

Сәлеміңді, апа, айтайын, Байұлы деген еліме.

Байұлының ішінде, Асық болып жүр ме едің, Төремұрат, Нарынбай, Өтен сынды еріме?

Ынтық болып жүр ме едің, Қонысымды көруге,

Адай деген еліме? Сол Адайдың мекені,

Тауы – күміс, тасы – алтын Маңғыстаудай жеріме?

Абайлап, сөйле, апеке-ай, Жетісіп қалдың қай жерден, Байұлының баласын, Айтысып, бүгін жеңуге?

Сізбенен, апа, барайын, Сіздің ауыл қай ауыл,

Сонау көрінген ағаштан бері ме? Келе ме шамаң, апеке,

Ініңді сөзбен жеңуге? Апа, саған мол жатыр, Байұлының мәнісін, Бастан түгел білуге.

Мен «Бақай!» да, «Бақай!» дегенде, Қазаққа олжа салғанмын,

«Қаратаз!» деп шапқанда, Дұшпаннан теңдік алғанмын.

«Бекет!», «Бекет!» дегенде, Белгілі болып жүргенмін, Түрікпен туын жарғанмын, Талай байрақ алғанмын.

«Ағатайлап» шапқанда, Ханнан теңдік алғанмын.

«Бәйтерек!» деп шапқанда, Бәйгіден гулеп келгенмін.

«Шағырай!» деп шапқанда, Жеті атаңыз – Жетіру, Жетеуін де басып, жеңгенмін. Мен сөйтіп жүргенде,

Естіп пе едің, апеке, (Құдай да оны қош көрмес)

«Қаратаздың баласын, Жетірудың қартайған,

Кәрі қызы жеңді» дегенін?!

Жібек:

Талабың таудай жас бала, Қылайын сені масқара!

Көрінген сонау қос қара, Онан бері бір қара!

Сол мұнартып көрінген, Әбітім мен Рабай, Екеуінің ағашы-ай.

Сол ауылға тойға кел, Қылайын сені тамаша-ай! Айдалада керісіп,

Босқа, шырақ, тұрмалық, Ес білмейтін балаша-ай! Ешқашан келіп көрген жоқ,

Байұлының маған шамасы-ай!

Бала Ораз:

Жаңағы сөзің ішінде,

«Анау – менің ауылым» деп, Тойға мені шақырдың, Шақырған тойға барармын. Тойға тіккен жүлдені –

Ту көтерген байрақты,

Апа, жығып алармын! Ерегесіп келгенде, Қалайша сенен қалармын?! Өзіңе қолды салармын!

Жаңағы бір сөзің ішінде,

«Бедеумін» дедің, апеке-ай, Бедеу болсаң – байталсың, Әрі-бері шабарсың, Көрінім жерге барасың, Көрінімнен асқан соң, Біразырақ шапқан соң,

Төн-әу бір жерге барған соң, Байтал болсаң, апеке-ай, Бота салған түйедей, Сорқылдап, апа-ау, қаларсың. Құлын салған биедей, Төмендеп, апа, қайтарсың.

Байұлы бала сөйлесе, Тәубеңді сонда айтарсың.

«Айтысқан екем бекер» деп, Басыңды, апа, шайқарсың. Сен бедеу болсаң, апеке, Жазғытұрым болғанда, Үйірге анау барарсың.

Дәл тоғыз ай дегенде,

Жирен қасқа құлын табарсың. Анау ұлы тойыңа,

Байұлының барса баласы, Байрақты қайтіп аларсың? Абайлап сөйле, апеке-ай, Тазша балаң барып сөйлесе, Әшкере болып сол тойда,

Сен жүзіқара әбден боларсың!

 Қыздар кеткен соң Бала Ораз әлгі ауылға барады. Сол өңірден Жетіруға келін болып түскен Байұлы елінің бір қызын тауып, Жібек ақын туралы хабарға қанығады. Байұлының қызы оған былай дейді:

«Сен бұл кәпірді жай сөзбен жеңе алмайсың, талайлардың тау- ын шаққан ол. Жеңетін бір жолы ғана бар: Жібек – татардың бір саудагерін оңаша қонақ қылып, одан қама бөрік пен қызыл тон алған ұятты іске шатылғаны бар қыз. Соны айтқанда ғана жеңесің. Бірақ

оны айту үшін әуелі ауылдың ақсақалы әрі әкімі Әбіттен рұқсат сұрап алмасаң, тағы болмайды».

 Келесі күні Бала Ораз той болып жатқан Рабай – Әбіт ауылына қасындағы жолдасын ертіп барады. Жібек қыз оны көрген бойда ал- дарынан шығып, сөз бастайды:

Жібек:

Тұсымды түрші, Жетіру, Анау Байұлы бала келеді. Байұлыны көрген соң,

Мына жүйрігің шауып жөнелді. Танимысың бүгін, сен бала?

Танымасаң, жас бала, Танытайын мен енді! Жақынырақ кел енді! Кешегі қырман басында, Күймелі арба үстінде, Қосшы қыздарым қасымда,

Паңдықтан көзімді аша алмай, Аяғын тұрған баса алмай, Қасым жайдай керілген, Кірпігім оқтай тігілген, Қараған кісі үңілген,

Қызыл тонға оранған, Жібек апаң мен едім. Құлаша байтал астында, Қу шекпенің үстінде, Қуарған бала сен едің. Әдіре қал, тұт, шіркін!

Жалғыз-ақ менің сен бе екен, Күн қақты Тазды көргенім?! Байұлының баласын, Талайын жеңген мен едім.

Осы жерден кері қайт! Сен секілді баланы,

Бұл емес менің көргенім! Менің немді сұрайсың? Он бес жасқа келгенде,

Құрбының қатарына енгенмін. Он алты жасқа келгенде,

Қатар өскен құрбының, Мерекесін көргенмін. Сенің Байұлыңның ішінде Қаракемпір Бәленей, Бәленедей жыршыңды, Өткен Айтта жеңгенмін, Қуан деген қартыңды, Көш-жөнекей көргенмін, Тәжіғұлдай мылжыңның, Басына қорлық бергенмін.

«Қаратаздың ішінде,

Жиенқұл жырау бар» деуші еді, Шыныңды айтшы, жас бала,

Сол Жиенқұл шайыр сен бе едің? Сен секілді баланың,

Мен талайын көргенмін!

Бала Ораз:

Елірме, апа, елірме,

«Елекке егін ектім» деп.

«Боразда, сопты!» үйретіп, Мойнына арқан сүйретіп,

«Өгізге арба жектім» деп. Өтірік айтпа, апеке, Біздің Байұлының ішінде, Бес аталы Шеркеште, Қаракемпір Бәленей,

«Өткен Айтта жеңдім», – деп, Қуан деген қартымды,

«Көш-жөнекей көрдім» деп. Тәжіғұлдай айтқыштың

«Басына қорлық бердім», – деп. Хас шешенге келгенде,

Осы балаң сөйлесе, Бір соғарсың саныңды,

Сөз таппай, «Апа, өлдім!», – деп. Қаратаздың ішінде,

Тәжіғұлдай шайырым, Жолаушылап осы жаққа, Кешегі қоян жылы қыс күні,

Келген екен, апеке-ай,

«Жетірудың ішінде,

Бір қартайған кәрі қыз көрдім», – деп еді, Сол ұлғайған апам сен бе едің?

Менің осы ма екен, апа, әр жерде, Сендей кәрі қызды көргенім?!

Есітіп пе едің, апеке,

«Байұлының баласын, Жетірудың қартайған,

Кәрі қызды жеңді» дегенін?! Қаратаздың ішінде,

Есенбақ деген қартым бар, Таласса, қазаққа теңдік бермеген. Келдібайдың ішінде, Құлманбеттей көкем бар,

Оны да Орынбордың аузында, Жеті атаның ұлы – Жетіру, Жетеуі бірдей жиналып,

Жеті күндей айтысып, Жалғыз өзін жеңбеген.

Адайда Абыл деген жырау бар еді, Ол өлшеусіз туған дана еді, Шариғатпен сөйлеген.

Ысықта Абат деген қартым бар, Ол кісінің қасына,

Ғалым, молда келмеген. Көп Беріштің ішінде, Исатай мен Махамбет, Он таңбалы Орымға,

Қырық таңбалы Қырымға, Атағы кеткен ер еді,

Хан-төренің қорлығына көнбеген. Қаратаздың ішінде,

Сен білмейсің Жиенқұлымды. Жиенқұл жырау мен емен,

Ол – Байтулақтың баласы, Оны Жиреншеден кем демен.

Осылардың бәрінен де мен төмен. Менің атым – Бала Ораз,

Әлгі дүлдүл ағалар,

Осы тойда айтысып,

Апа, сені бүгін «Жең!» деген. Жан-жақтан келген Жетіру, Басыңды қосып, ел қылған – Менің атым – Байұлы.

Осы бүгін, апеке-ай, Сөздің жөні табылды. Толмаса да, апа, тақымың, Осы балаң нағылды?!

Ерегесіп келгенде, Бермеспін қолдан арымды! Елім бір білер ағымды, Ашқайсың, Алла, бағымды! Ерегесіп келгенде, Сындырармын сағыңды!

Ашырмаспын, апеке, Тілің менен жағыңды! Жиырма бестен асқанша, Отызға аяқ басқанша, Осындай шайпау тіліңнен, Байлаған Құдай бағыңды. Абайлап сөйле, апеке, Мұсылман болған пендеге Астамшылық жақпаған!

Мен секілді жас бала,

Сенің қырсығыңа тап болған!

Жібек:

Сен бала, осы жерден кейін кет!

«Жеңем» десем, мен сені қазір жеңемін! Әдіре қалғыр, сен, шіркін,

Байұлының несін мақтайсың, Көшіп жүрген еліңді?

Әуелі неге айтпайсың,

«Байұлы» деген еліңде, Ту көтерген еріңді?

Қоныс тепкен жеріңді? Мақтайын деп келесің, Құба жонға қойын қамаған, Көн шоқайын жамаған,

Қатыны мен баласын,

«Ерте тұр!» деп сабаған

«Адай» деген еліңді. Екінші келіп мақтарсың, Тілеу, Көкеш, Нарынбай,

Шын жын қаққан бір сорлы, Өтен деген еріңді.

Және-дағы мақтарсың, Төремұрат соқыр еріңді. Мақтайын деп келесің, Аса көшкен еліңді, Жайлап жатқан жеріңді, Көшпелі Адай-Тазыңды, Осы жерге әкеліп, Айтасың бұлдап ебіңді. Меніменен, бала, қағыспа, Меніменен қағыссаң, Сындырармын беліңді, Өшірермін үніңді, Басармын, бала, деміңді, Суырармын күліңді!

Сен тұра тұр, бала, тұра тұр, Нанбасаң мақтап айтайын, Ертелі-кейін көшпеген, Шырағы жанған өшпеген, Кең қоныста отырған, Турадай болған елімді

Және мақтап айтайын, Алыстан ағашы айбар көрінген, Жіңішкемді мақтасам,

Тарысы жерге төгілген. Рабайымды мақтасам,

«Шаруам пішен шабар» деп,

«Нашарым егін салар» деп,

«Байұлының қаңғырып келгені, Тары-талқан алар» деп,

Елек пенен Қобдадан, Бұлант етіп, жер алған. Әбітімді мақтайын,

Орынборға барып, шен алған.

Саудагерімді мақтайын,

«Үйге қонақ келер» деп,

«Үйге келген қонаққа, Қайнатып қатық берем» деп, Орынборды менсінбей,

Көш-керуен жүргізген, Сарытау, Мәскеу, Самардан, Үргеніш пенен Бұхардан, Қызыл қағаз, ақ қанат, Қостанып барып, шәй алған. Біздің елдің мырзасы, Қонағына бір-бір бие байлаған, Бал менен шекер сайлаған.

Арғымақ пенен жорғаны, Сұлулап мініп, жайлаған. Жігітімді мақтайын, Үйіне қонған қонаққа, Ащы қымыз, қызыл шәй, Содан басқа бермеген.

Біздің елдің адамы, Шәйдан басқа ішпеген.

Ауылға төреден басқа түспеген. Қасына биден басқа ермеген.

Түнде жүрген жігітім, Қыздан басқа сүймеген, Қымыздан басқа ішпеген. Байларың бар ма Әбіттей,

Есігін сықырлауық есікпен бекітіп, Керуетті төсек үстінде,

Көлденең жатып көлбеген. Құла байтал астыңда,

Қу шекпенің үстіңде,

«Не көрдім?» – деп, сорлы кетесің, Мына бір өткен дүниеден?!

Құр босқа, бала, мақтанба, Нең бар еді менің білмеген?!

Бала Ораз:

Мақтанба, апа, мақтанба,

«Елекке егін ектік» деп,

«Өгізге арба жектік» деп.

Рабайыңды мақтайсың, Кәуірменен қоныстас,

Орысшадан басқа білмеген. Жетірудың кәрі қыз, Ерлік жаққа келгенде,

Маған тізгін берерсің! Қасарысып келгенде, Мені қайтіп жеңерсің?! Байлық жаққа келгенде, Маған теңдік берерсің?! Ерлігімді айтайын.

Менің мынау Арқада,

«Әлім» деген елім бар, Сенің правитель-төреңнің, Зорлығына көнбеген.

«Адай» деген елім бар, Ол Адайдың ішінде, Арғы жағы – Амантай, Бергі жағы – Үргешбай, Сүйінқара деген ерім бар, Ол өлгенінше патшаға,

Бір сом жиырма бес тиын санап бермеген. Қаратаздың ішінде,

Қабан деген ерім бар, Әлі күнге дұшпанның Қорлығына көнбеген. Қаратаздың ішінде Төремұрат, Өтенім – Қарсыласқан дұшпанды, Қу шөңгедей көрмеген. Шағырай деген елім бар, Шағырайда Бөрібай, Қадырқұлда Жаңабай, Күйген көлдің басында, Қызылжардың тұсында, Қастасқанын өлтіріп,

Құнына құнан өгіз құн бермеген. Есентемір деген елім бар:

Сол Есентемірдің ішінде Сұлтангелді, Көктаубай, Атқыш Мыңбай, Есенжан,

«Жазығы – Есентемір» демесең, Сырымменен қосылып Орынбордың аузында,

Ханға тыным бермеген. Беріш деген елім бар:

Бұл Беріштің ішінде, Исатай менен Махамбет,

«Жазығы – Беріш» демесең, Он таңбалы Орымға, Қырық таңбалы Қырымға,

Атағы кеткен дәрежелі ер еді,

Хан Жәңгірдің қорлығына көнбеген. Мақтанба, апа, мақтанба,

Бар ма еді жәйің көрмеген?! Жасы да жеткен кәрі қыз, Жалған да сөзді сөйлемең!

Жібек:

Бала, ақылсыз, ақымақ болмасаң, Ақылың айран бола ма?

Мен әріден айтайын, Көңілің сонда тола ма?! Әдіре қалғыр, сен, шіркін, Әлімнің несін мақтайсың, Тәңірі бақыт бермеген, Өлтірем деп төресін, Үшке дейін шабылған.

Ерте көшіп, кеш қонып, Бұлттан көрпе жамылған. Мақтанса, Жетіру мақтансын, Қолына алған шұбар ту,

Ол да өзінен табылған. Жетіруым кезенсе, Алтыннан қылыш тағынған. Шыдай алмай Мәмбетің, Ауа қонған қоныстан,

Төтеп бермей орысқа, Өзі барып бағынған.

Шеркештің несін мақтайсың, Көшіп жүріп шөлдеген.

Көктем, маусым күнінде, Ауылға келген мейманға, Толық аяқ сусын бермеген. Таздың несін мақтайсың,

Өз басын сауғалаудан, басқаны білмеген. Ала қоржын саудагер,

Саудадан басқа білмеген. Ысықтың несін мақтайсың, Ұрлықтан басқа білмеген. Сыбай қонған ауылдың, Малына тыным бермеген. Масқардың несін мақтайсың, Жалғыз тайын ұрлатса, Көрінім жерге қуып келмеген. Есентемірдің несін мақтайсың, Сақыраға көшіп көрмеген.

Шапатасы шартылдап, Шақпақ тасы жарқылдап, Қарабай мен Қаракөл, Қарағаш пен Сарыкөл, Жаздай жайлап жағасын, Су ішінде мамыр құс,

Мамырына тыным бермеген. Беріштің несін мақтайсың, Үдере көшіп көрмеген,

Жайықтан басқа жерге жүрмеген, Ағаштан басқа көрмеген.

Қора-қора мал алып, Тоқалдықтан басқаға, Ешбір қызын бермеген. Баспағына жүк артып,

Жайықты жағалап, күн көрген. Жаппастың несін мақтайсың, Ат арқасына мінбеген,

Жауға аттанып көрмеген. Алашаның несін мақтайсың, Ақшолағы болмаса,

Басқасы адам қатарына ермеген. Адайдың да жәйін білемін, Оған таман келемін.

Ерте тұрып көшеді, Ерте көшкен ауылы, Кешке келіп қонады. Қыз-қатыны жиналып, Уық-бауын шешеді.

Белкүрек, шотын алады, Ойпаң жерге барады, Тереңдей құдық қазады. Құдықтан шыққан суына, Алдыңғы келген жылқысы, Шала-шарпы қанады, Соңғы келген малына,

Суы жетпей қалады, Ақылы жоқ Адай-Таз, Қауғалары салдырлап, Төбелесті салады.

Қатынының басы жарылып, Қыздың бұрымы жұлынып, Жүзіқара болады.

Соныменен шуласып, Төрешіге барады.

Сөйлестіріп қалады. Бітіміне басының

Бес қойдың жабағысын алады. Айыбына ақсақал

Тоқтылы қой салады. Ертең және көшеді, Маңғыстау деген қонысқа, Бір ай көшіп барады,

Бір-екі айдай отырып, Қайта кете салады.

Қауғалары даңғырлап, Астаулары салдырлап, Жаман тоны қаудырлап, Әр бұлаққа барады.

Байларына қарасаң,

«Ертемен ерте көшем» дейді. Ұйықтап қалса қапыда, Бәйбішесі таяқ жейді.

Әйеліне қарасаң,

Ертеменен тұрады, – Алма мойнын бұрады, Мал саууға шығады. Беті-қолды жууға, Құманында әлгінің, Құюлы тұрған суы жоқ, Қазанға қолын тығады. Кіріменен қолының, Асқа апарып сұғады.

Байына тұрған төсектен,

Бір аяқ айранын құйып береді. Жамырай малы өреді.

Айранын ішіп алған соң Әлгі қойдың соңынан, Шепіктері сыртылдап, Ұршықтары бұлтылдап, Күздегі қара суықта Киейін десе етік жоқ, Сары тонын жамылып, Жалаң аяқ, жалаң бас, Өкпелері зырқылдап, Жүгіріп кетіп барады.

Қу таяғын қолға алып, Қойына қарай салады. Су ащының көліне

Мың сан Адай шомылып, Суды ластап барады.

Жігітіне қарасаң,

Сары тоннан басқа кимеген. Қыздарына қарасаң,

Іші бөстек қойдың жабағысы, Етіне содан басқа нәрсе тимеген, Күпіден басқа кимеген.

Қыдырған түнде жігіті Қысқа қоныш, жалбыр шаш, Тоқалдан басқа сүймеген.

Міне, осылай білмесең, Өмірің өтіп барады, Пәни жалған дүниеден.

Көрмеген, бала, дүмің жоқ, Маған қарар бетің жоқ.

 Осыдан соң Жетіру жігіттері: «Сен жеңілдің!» – деп, Бала Ораз- ды сөйлеткісі келмейді. Сол арада Бала Ораздың есіне кешегі күні осындағы жерлес әйелінің айтқан сөзі түсіп, ол ауыл ақсақалы Әбіттен рұқсат алмақшы болады.

* * *

 Әлгі жерлесі, Байұлының қызы: «Әбіт ақсақал да Жібектің масқара жәйін естіп, ренжіп жүрген көрінеді», – дегенді де айтқан болатын. Осыған арқа сүйеген Бала Ораз ендігі сөзін Әбіт ақсақалға арнайды.

Бала Ораз:

Ортаңды ашшы, Жетіру, Мен Әбекемді көрейін, Көріп, сәлем берейін.

Сен тұра тұр, кәрі қыз, Әбекемді көрген соң, Сөзіңе жауап берейін. Қорыққанымнан бұл жерде, Сөйлей алмай отырмын, Нағылып қарап өлейін?!

Әбекем асыл ер еді, Көздің жасын көреді, Көрген емей немене, Тілегімді береді.

Бұрынғының айтуы ― Рас болса, Әбеке-ау,

«Жақсылардың пайдасы, Баршаға бірдей» дер еді. Жарлының күні құрысын, Қасына адам келмеген, Бағасын ешкім білмеген. Жалқының күні құрысын, Атағын ешкім білмеген. Жалғыздың күні құрысын, Жоғалса, адам білмеген.

Он екі ата Байұлынан, Менің кісім болмады. Бірде-бірі жоқ екен, Шылбырымнан алуға.

Егізім – Адай, қайдасың,

«Бекет!» деп ұран салуға?!

«Байбарағым!» қайдасың, Бәйгелі дуды жаруға?!

«Шағырайым!» қайдасың, Осындай арлы жерлерде, Шалқайтып келіп, шабуға?!

«Ағатайым!» қайдасың, Жанды ортаға салуға?!

«Бәйтерегім!» қайдасың, Аянбай сөйлеп қалуға?! Жаратып па едің Жасаған, Орынбордың аузында Жетірудың қартайған,

Бір кәрі қызынан жеңіліп, Масқара болып қалуға?! Құдай айдап кез келген, Жақсы аға аяр дейсің бе, Біз секілді ініге де, Көзінің қырын салуға?!

Ассалаумағалейкүм, Әбеке! Әбітім, әкім сен бе едің?

Едігеден туған жетеусің, Жеті жұртқа тең едің.

Кеше қасымдағы жолдасым,

«Осы тойға бармалық!» деп еді,

«Көрерміз қорлық» деп еді.

«Екі аяқты пендеде, Әбіт көкем сау болса, Басы жұмыр пендеден,

Көрмеспін қорлық» деп едім. Қиыншылық күн туса, Басыма жаңбыр тигізбес, Бәйтерегім сен едің.

Бүгінгі күн болғанда, Бұтағыңа келіп қорғалған, Бозша торғай мен едім.

Баршасынан кем болдым. Қыздарыңа кез болып, Құзырыңа тап болып,

Сөйлеген інің мен едім. Сүйенгенім сен едің, Ендігісін өзің біл!

Сен қаһарланып келгенде, Едігенің жеті ұлы, Жетеуіне өзің тең болдың, Мырзалығыңа қарасам, Ауылға келген мейманға, Кең алқадан жай бердің, Жаяу келген жігітке, Мінуге жорға тай бердің. Атымтайдай жомартқа, Жұмақ пенен тамұқтың Арасынан жай бердің.

Шөліркеп келген қонаққа, Қайнатып қант пен шәй бердің. Қазы-қарта, жал-жая,

Сапырып қымыз, ақ шұбат, Сүрлеген сары май бердің. Асықпай-ақ жәй бердің.

Өзіңнен дәурен өтпеген, Дәрежеңе адам жетпеген, Басыңнан бақыт кетпеген. Орынбордың аузында, Бір кәрі қыздан жеңілтіп, Аздырамысың дінімді, Өшіремісің үнімді, Солдырамысың күнімді,

Суалтамысың айдын көлімді, Сындырамысың белімді?!

Өзіңдей бір қадір білетін, Жақсы аға болмаса,

Жаманға салмасын, аға, күнімді! Өшірмеші үнімді,

Бір сөйлетіп өлтірші, Мендей мұңды ініңді! Ер қадірін ер білер, Айналайын, Әбеке, Қасыңа алшы ініңді!

Сонда Әбіт әкім Бала Оразды қасына шақырып алыпты да:

«Сөзіңді қорғаламай, қорықпай айта бер!» – депті. Бала Ораз ендігі сөзін қайтадан Жібек ақынға арнайды.

Бала Ораз:

Тілеуің, апа, кесілді, Тұсауың қылдан есілді. Әбекең рұқсат берген соң, Мына Тазың есірді,

Төрт аяғын көсілді. Байлаулы тұрған қызыл тіл, Ағытылып, шешілді.

Меніменен еріссең, Ойнатайын басыңа, Кетпейтін қара кесірді. Қораңа бес қой жатпаған, Ерінің аққа батпаған.

Жетіруда қыз бар ма, Ақшаға арын сатпаған?! Апеке, енді ойласам, Қайтқан екен бағыңыз, Сынған екен сағыңыз,

Шай мен шыт берген төрені, Сыйғызбай жерге мақтаған. Менің-дағы еліме,

Патшадан төре келген жоқ. Он бес жасар қызымды, Қолынан ұстап бергем жоқ.

Жиырма бесте жігітім, Хан артына ерген жоқ.

Сен отыр екенсің, апеке-ай, Осы жұртыңды құртуға-ай,

Мен айтпаймын сөзді сыртыңа-ай, Не беріп едің, апеке-ай,

Ішкен шайың мен қантыңа-ай?! Қызықты ма, апа, жасыңа, Саудагер келіп қасыңа?

Қама бөрік киіпсің, Керегедей етіп басыңа. Үш күн алып жатыпсың, Саудагерді қасыңа.

Лайық па еді, апеке-ай, Алшаңдаған басыңа?! Жиырма бестен өткенде, Отызға таман жеткенде, Еліңнен шықпай бір жігіт, Тапқаның, апа, осы ма?! Үстіңдегі қызыл тон, Атағы жұртқа шашылған, Естігенді жасырман.

Лайық емес өзіңе, Атағыңды осымен асырған! Бетіңе айтып кетейін, Үндемеймін сыртыңа.

Қызықтың ба, апеке, Шайы менен шытына? Оның пұлы мықты екен, Бәрекелді, көркіңе, Басыңдағы қама бөркіңе! Бөрігін беріп қойған соң Оңаша үйге салған соң, Қояр ма құрғыр еркіңе?! Тіпә, апа, бетіңе!!!

Жібек:

Абайла, бала, абайла! Бұл сөзіңді қоярсың! Бұл сөзіңді қоймасаң, Әкімге хабар салармын,

Патшадан қағаз алармын. Жоғарыдан хабар келгесін, Патшадан қағаз алғасын, Еліңе сенің барармын.

Еліңде болса жақсылар, Оларды жинап алармын.

Үй басына салық салармын, Еліңді шауып алармын!

Сен мықты болса қайда едің, Алшаңдап жүрген Тұрланды, Ортаңнан ұстап алғанда, Мойнына шынжыр салғанда,

Бөксесі мен кеудесі, Әрбір жерде қалғанда? Абайлап сөйле, сен бала, Менің аузым – дария, Он сегіз мың ғаламды,

Сары алтындай тазартқан. Сыртынан жұрттың тон пішіп, Лайқат емес, ей, бала, Көрінгенге сөз артқан!

Бала Ораз:

Батыр да бар елімде, Мырза да бар елімде. Қой – байлықтың белгісі, Мың биенің пұлы бар, Бір мырзаның белінде.

Батырлардың белгісі – Гулей-гулей желеді.

Еріккенде ерлерім, Дұшпандарын мұқатып, Түйе малын мал демей,

Құба жонмен топтап айдап келеді. Сендердей қартаң қыздарды, Қойдан жаман қосақтап,

Олжаға алып келеді.

Сен де, байқап сөйле, апеке-ай, Естіп қалар сөзіңді,

Адай-Таздың ерлері!

Сен тұра тұр, апеке, тұра тұр, Тұрланнан жауап берейін.

Ол Тұрланның мәнісі – Төбесі биік ер еді.

Қарсыласқан дұшпанға, Құрулы тұрған жебе еді. Аузы түкті кәуірдің, Төбесін шағып қалмақтың, Шетінен сүйреп, жеп еді.

«Күндердің күні болғанда, Арыстан деген бір аңды, Күзеп алды» деп еді,

Келіп еді соның кебі енді! Аяңдадың, апа, желмедің, Қасыма жақын келмедің. Айналып та қайта келмедің. Құр сөзбенен жұбатып, Білгіш болып, кәрі қыз, Сөзіме жауап бермедің.

Отыр едім манадан, Бетке айтуға қия алмай. Шаңырақтының ойында,

Шақпақты судың бойында, Тоғыз жасар қызыңды, Саттыңдар малға ұялмай, Кім жүйрік те, кім бедеу, Кім тұлпар да, кім шабан, Екі арасын айыра алмас, Байрақты жерде сыналмай. Кеткенің бе, апеке,

Менің айтқан сөзімнің, Біріне жауап бере алмай?!

 Жібек қыз жауап сөзге оқталады. Бірақ Әбіт ақсақал: «Сол айтқаның да жетер енді! Елдің намысын қолдан бердің, шық үйден!»,

− деп, қатты ашуланады. Сонда Жібек ақын: «Жалғыз атты жолау- шы менің мінімді қайдан біледі, соны Бала Оразға жеткізіп отырған өз еліме өкпелімін. Ақынға ат мінгізіп, шапан жабыңдар!» − депті. Бұдан кейін Бала Ораз қайтадан жырлайды.

Бала Ораз:

Негізімді сұрасаң, Он екі ата Байұлы,

Байлық пенен биліктен, Төрелік пен кеңдіктен, Байрақты жерде жүлде алған. Елден шыққан мен жүйрік, Бүгін келіп жолықтым, Маңайыңдағы халқыңа, Жүйрікке мендей тап болдың, Жүгенін қарш-қарш шайнаған.

Қатардағы халқына, Мағлұм болған шайырдың, Тауын шағып қайырдым,

«Байұлыдан артықпын» деп ойлаған. Жетірудың жүйрігін,

Бала Ораз Тазың байлаған. Ажары тайды апамның,

Кешегі жасыл гүлдей жайнаған. Бедеуге тұлпар тап келді, Ауыздығын шайнаған.

Қартайған екен, апекем, Жас кезінде сайраған.

БАЛА ОРАЗ БЕН ТӘБИЯ

Бала Ораз:

Шығады қызылбастан айқын араб, Ер жігіт ат мінеді, жалын тарап.

Ішікті, шапанды қыз, былай отыр, Айтамын қызыл тонды қызды қалап.

Тәбия:

Шығады қызылбастан айқын араб, Ер жігіт ат мінеді, жалын тарап.

Ішінде осыншаның отырсаңыз, бізді қалап, Біз-дағы неғылайық бойды балап?

Бала Ораз:

Шығады қызылбастан айқын араб, Қашады қызыл түлкі тауды жанап. Мүшеңді, жүйрік болсаң, ал да, жөнел, Мен өзім қосылайын қабырғалап.

Тәбия:

Көшкенде жүк артамын құба інгенге, Құбылып, сен күлдің бе, мен күлгенге? Мынаның ажырайып, сөз айтуын, Көтеріп, көп ішінде көзге ілгенге!

Бала Ораз:

Көшкенде жүк артасың құба інгенге, Құбылып, мен де күлдім, сен күлгенге. Үйінде Өтекемнің, қарт Тәбия,

Сен неге тыжырындың мен күлгенде?

Өлеңім менің дайын десте-десте, Шебер қыз төбетайға тігер кесте. Үйінде Өтебайдың, қарт Тәбия,

Сен қайдан шығып едің көзге ілмеске?!

Тәбия:

Бұл тойға шақыртумен келіп едің, Нешеуді менен бұрын жеңіп едің?! Атымды көрген жерден «Тәбия» деп, Сен өзің мені қайдан көріп едің?

Бала Ораз:

Жолаушы, атым арық, тебінемін, Мен нағып кәрі қыздан жеңілемін?! Үйінде Өтекемнің, қарт Тәбия, Ежелден сені, бейбақ, мен білемін.

Тәбия:

Жайлауы біздің елдің құм болады, Құмайт жер жаңбыр жауса, шым болады. Сұраған аты-жөнін айып емес,

Құдеке, аты-жөнің кім болады?

Бала Ораз:

Жүгірген қойдан қойға қоңыр тоқты, Шашағы шарқатыңның сексен шоқты. Өзіңнің білгеніңше айта берсейші, Бәленше-түген деген атым жоқ-ты.

Тәбия:

Атадан атасыз бала туа ма екен,

Ата-анаң жұмсағанда кім дейтұғын?

Бала Ораз:

«Базардан алып келген пұлым» дейтін,

«Жарасқан ақ бетіңе тұлым» дейтін.

Ата-анам екі мінезді адам еді, Келгенде бір мінезі:

«Бері отыршы, ұлым!» дейтін. Келгенде бір мінезі:

«Әрі отыршы, құлым!» дейтін.

Тәбия:

Өзіңнен үлкендермен болсаң жолдас,

«Атымды ала келші, кім» дейтұғын? Өзіңнен кішілермен болсаң жолдас,

«Атыңды әкелейін, кім» дейтұғын?

Бала Ораз:

Жел соқса, киген киім пана деймін, Көрінген сонадайдан қала деймін. Өзімнен үлкендермен болсам жолдас:

«Атыңды әкелейін, аға!» деймін. Өзімнен кішілермен болсам жолдас:

«Атымды ала келші, бала!» деймін.

 Осыдан кейін келген кезекте Таз Бала Ораз ақын қызға бір уытты сөз айтқан болса керек, мұны келесі шумақтан аңғарамыз:

Тәбия:

Торының тоқым тарттым белдігіне, Теңдеспей, мен көнбеймін кемдігіме! Бір сөзің қапияда өте шықсын, Абайла, ал, Балеке, ендігіңде!

 Таз Бала Ораз ақынмен одан әрі айтыса келе шайыр қыз әлсіздік көрсетіп алады:

Тәбия:

Ақ мылтық алты қарыс мерген атар,

Қосылса, бір жақсы мен бір жаманды Тәңірім шатар. Баратыр ұйқым келіп, қарным ашып,

Болғанда таң мезгілі қашан атар?

Бала Ораз:

Мен өзім осы күнде жүдеп жүрмін, Той сайын қызды жеңіп, үдеп жүрмін.

Ұрлыққа, өтірікпен сен-ақ қосыл, Құдайдан мен ағынан тілеп жүрмін.

Тәбия:

Торының тоқым тарттым белдігіне, Теңдеспей, мен көнбеймін кемдігіме! Құдеке, салған жерден кері шалма, Жүрейік күліп-ойнап кемді күнге!

Бала Ораз:

Торының тоқым тарттым белдігіне, Көнерсің, теңдеспей-ақ, кемдігіңе! Қорықсаң артың қысып, қарап отыр, Шығарам мұнан басым ендігімде!

АҚАН СЕРІ МЕН ӘДІЛ

Әділ:

Ақан-ау, бұрынғыдай әнің жоқ па? Ылғи саймен жүресің, дөңің жоқ па? Ақан, сенде бар дейді үш перизат, Ағаңа кәрісінің жөні жоқ па?

Ақан:

Атаң сенің Малқара батыр екен, Батырдың бұрынғы өткен ақыры екен. Қазақтың қара ақымағы қайда десем, Жиылып, Құттыбайда жатыр екен.

Әділ, сен тура жолды басқаның жоқ, Бірдей боп бақ-дәулетке тасқаның жоқ. Патшадан наград тілек етсең-дағы, Басыңды наследникпен қосқаның жоқ.

Әділ:

Алармын ұрып соғып борсығымды, Айналдырып шығарып ұршығыңды. Өнерге мен сабадай толықсимын, Жаныма байлатарсың торсығыңды.

Ақан:

Әділ-ау, ойлап тұрсам, ақылың жоқ, Бар болса, тіпті, оның пайдасы жоқ.

Толған торсық сықылды мен толғаймын, Құр саба неге керек қымызы жоқ?

Әділ:

Есенбай бәріміздің атамыз-ды, Қисық болсаң, түзерсің қатаңызды. Ежелден Әділ ағаң емес пе еді, Біздің неге алмайсың батамызды?

Ақан:

Есенбай бәріміздің атамыз-ды, Қашан мен алушы едім батаңызды? Қисық ағаш секілді қыңыраясың, Тезге салып, түзермін қатаңызды.

Әділ:

Алдыңда Әділ ағаң елестеді, Қайда жақсы жиылса, кеңеседі. Қатамызды түзесең, түзетерсіз,

Ағаң сенің Мендібай молда емес пе еді?

Ақан:

Біздің елдің күлдің бе ағасына, Сөзің енді келеді арнасына.

Сенің ағаң Арыстанбай емес пе еді, Біреудің дұға қылған моласына.

Әділ:

Билік, ерлік, балуандық қылдым қанша, Қызметімді көп көрген жұртым барша. Ежелден баян түгел сол атаңның,

Сен емес пе ұрыншақ, мал табарша?

Ақан:

Әділ-ау, тіл тигізбе біздің затқа, Жамандап, шет боларсың аруаққа.

Еркесі еліміздің біз боламыз, Атымыз белгілі ғой әрбір жаққа.

Әділ:

Бір кезде жүруші едік топта сайрап, Жігіттікте біз жүрдік гүл-гүл жайнап. Бәйге алмаған жерім жоқ екі дайда, Топтан озған мен жүйрік шырқап, жайнап.

Ақан:

Суындай тас бұлақтың сығылғансың, Торғайдай қорқып, ұшып, бұғынғансың. Несіне, Әділеке, мақтанасың,

Шыңғыстан қорыққаныңнан тығылғансың. Қайын атаң Тілеуғабыл кесірінен

Тоқадан екі қабат жығылғансың.

Әділ:

Сөзімнің менің айтқан жөні жоқ па, Ақан-ау, біздің сөзге енді тоқта.

Үш әйел бар дейді ғой бір басыңда, Кемпіріңнің енді маған жөні жоқ па?!

Ақан:

Малғара бабаң сенің батыр екен, Арыстанбай батырлардың ақыны екен. Ақымақты қайда екен деп, іздеп жүрсем, Бұл үйде ыңырсып кеп, жатыр екен.

Құр өтірік жаланы жауып алдың, Баяғы ит мінезбен қауып алдың. Мақтаншақ өзін-өзі көтергенді Ішінен Құттыбайдың тауып алдым.

Бойыңа біткен сенің белгілерің Қағазға сорып басып, салып алдым. Жыныңды көптен бергі арылмаған, Тулақша бір-ақ сілкіп, қағып алдым.

АҚАН МЕН МҰҚАН

(2-айтыс)

Мұқан:

Ақан, сен білем дейсің әрбір жөнді, Қайғыға сонша неге ішің толды?

Бойыңда ауруың жоқ, сырқауың жоқ, Не себептен насыбайға құмар болдың?

Ақан:

Ақанды ел еркесі – сері дейді, Асылзат, ақылды ердің бірі дейді. Ой, шіркін, ойды-қырды шарлағанда, Насыбай көңіл аулар шіркін дейді.

Мұқан:

Айтсам да, Ақан сөзді біле алмайды, Ұғынып, кішілік қып, тіл алмайды. Шалдарға насыбай ату жараспайды, Бірақ та Ақан оны қоя алмайды.

Ақан:

Көңлімді барлық ойым қамалайды, Көбіне көңіл тоқтап, тұра алмайды. Бәрінен тегіс жұда болу қиын, Мұқандар біздің жайды біле алмайды. Шақшамды қағып-қағып атсам-дағы, Кей қыздар өзі келіп, жағалайды.

Мұқан:

Бұл сөзді ұнамайды бастағаның, Жақсыны жаман етіп тастағаның. Бойыңа насыбайды дару етіп, Өзіңе қарсы келіп, қастағаның.

Тазалық әр адамға керек нәрсе, Келіспейді өзіңді ластағаның.

Ақан:

Айтылған Стамболда мұның сөзі, Сұрайық ғалымдардан болса кезі. Денеге бір жақсылығы бар дейді ғой,

Сол үшін тараған ғой мұның өзі. Арақтай жаман емес білгендерге, Бәрін де молдалардың көрген көзі.

Мұқан:

Топырақтан жаратқан адам тәнін, Кітапта айтады ғой барлық мәнін. Адамға қалағаны керек нәрсе, Сүймесе, салар ма еді барлық жанын? Бірақ та насыбайды лас дейді, Адамның уландырған барлық тәнін.

Ақан:

Жоқты айтып, сөйлей бердің әрбір неге? Ақанды көре алмайсың сендер неге?

Серінің ел сүйетін қылығы бар, Сөзімді қор қыламын саған неге? Домбыра насыбаймен ер сипаты, Салдарға жараспасын бұлар неге?

БҰРАЛҚЫ МЕН ОРАЛ ҚЫЗ

Бұралқы:

Тілінде Орал сұлу секері бар, Қасында қыз-келіншек нөкері бар. Жөгінің қыран құсы кез боп қалды Тұғырыңа төніп өтсін, көтеріп ал,

Мен – қыран, көкке шығып қалықтаған, Қияғы жеткен жерін шалықтаған.

Аққу мен қоңыр қаздан тоят алып, Қыздардан көңілі қайтып тарықпаған.

Аққуды көргеннен соң айдын көлден Төсінен еске түсті тоят берген.

Құс болсаң, ақ етіңе оқ тимеген

Сақ боп тұр, оң жағыңнан келді мерген.

Орал:

Бореке-ау, аптықпаңыз, келмей жатып, Мен үшін келгендей боп күн-түн қатып.

Түнейтін қолы жеткен қымбат тұғыр Алып па ең ақша беріп, бұрын сатып.

Бұралқы:

Болса егер қыздар – тышқан, жігіт – мысық Өзімнің қызды көрсем, қаным ыстық.

Тышқанды тырнағымен тартып алса, Жататын бауырына мысық қысып.

Орал:

Сұқсырдай көлден ұшып шықсам шыңға, Жерге қонсам, саламын сені жымға.

Көк құрақ теңіздегі қоңыр қазбын. Кезқұйрық ілдірмейтін қаршығаға.

Бұралқы:

Сендей боп талай қыздар шығандаған, Бірі де қараны үзіп, шыға алмаған.

Қаз түгіл аққудан да тоят алғам, Мені бір тұйғын деме сыналмаған.

Орал:

Тереңнен ала алмассың, мені тартып, Ұялып қап жүрмеңіз, босқа шалқып. Саяда балақ жүні қырқылмаған, Түлкімін – қызыл алтай бағасы артық.

Бұралқы:

Қаз-қатар қыз-келіншек жастарыңыз Мақтанып сіз де біраз тастадыңыз. Нарқын айт базарыңның қолыңдағы Сатуға шыққан болса бастарыңыз.

Орал:

Береке орын емес бұрын сатқан, Жер емес иесі жоқ босқа жатқан. Сөзіңе лайықты жауабым ғой

Шіреніп боп келген соң миллион батпан.

Бұралқы:

Кетемін қызды көрсем салмақтанып, Өтірік тұрғаным жоқ құр баптанып. Іштегі махаббаттың сырын біліп,

Деп тұр ем маңызымды алсын танып.

Орал:

Өзімді адам бар ма мақта деген? Атыңды шаппай тұрып, бапта деген. Бұрынғы айтылған сөз рас болды-ау,

«Кедейдің кербезінен сақта» деген.

Бұралқы:

Мақтанып осының да айтар сөз бе? Ұят қой естір құлақ, көрер көзге.

Еш елде теңдесі жоқ, бағасы артық Түбі алтын сыр сандықтың түбі жез бе?

Орал:

Ауызы қымбат сандық ашылмаған, Із түсіп, ақша қармын басылмаған. Ішінде бағасы артық мәселем бар, Жат елге жаманаты шашылмаған.

Бұралқы:

Қасыңа өскен болсаң, ағам келмей, Ешкімге мәмлеңді жүрсең бермей. Әжібек мен аштым деп айтып жүр ғой, Мен оған нанбадым да, көзім көрмей.

Орал:

Әйтеуір, осы сандық сізге қиын, Қорқытпа кетірем деп сөздің сыйын. Әжібек құр мақтанып жүрген шығар, О да бір жігіт еді алақұйын.

Айтылған шын сөзіме иланбасаң, Кете бер, өтіріктің тартып күйін. Жабалдың үкілеген саңлағымын Жеткізбей шабатұғын келсе күйім. Көрінген көз алартып өлетұғын, Екен деп әуреленбе арзан бұйым.

Ұялтып, осы мені жеңем деме, Бағасы жалған сөздің бір-ақ тиын.

Бұралқы:

Қырандай жерге түссең, көкті сүзіп, Шортандай бұлқынсаң да, суда жүзіп. Орныңнан талпынсаң да, тұра алмассың, Мініңді айта берсем, жіпке тізіп, Тұйғындай қызыл көрген кеп отырмын, Секілді балақ баудың түбін үзіп,

Шабуға жалықпайтын арда кермін, Тер шығып, айқай естіп, алсам қызып. Таласпа өтірік деп Әжібекке,

Бұл сырың мәлім болған бұрын көпке Орны жоқ өтірік пен жала жауып Мен саған тиемін бе тектен-текке?

Мен, кедей, сынап жүрген байдың қызын, Тексеріп сөзіменен басқан ізін.

Аузыма дәм екен деп ұсынбаушы ем, Тамсанып, дәмін алып, татпай тұзын.

Орал:

Алдасам келе ғой деп, көзім қысып, Келуге ұялмайсың, аттан түсіп.

Шұжыққа аспандағы аузы жетпей, Жүретін етке өкпелеп еркек мысық.

Бұралқы:

Ауылыңның тұзағына түсіп қапсың, Көз салып, қолың созбай төңірекке Сатудан арлы болсаң, сақтанып жүр Баратын қып жүр дейді елің өкпе.

Өз басын халық алдында ақтап алмай, Созады Орал неге қолын көкке?

Орал:

Сөзіңнің жатық емес, бәрі кесек, Айтқанмен маған арзан сырттағы өсек.

Айта бар, досың болса, өзі келсін. Ақ көбік алам десе, менен есеп Іздеген бар жұмысың осы болса, Тауып бер, айыбы жоқ таза төсек.

Бұралқы:

Атақты ақсирақтың жасы – Оралы, Бекітпе қойды ұрлатып құр қораны. Шын сөзді өтірік қып кеше алмайды, Құр айқай адастырып сөз бораны.

Кедейдің мергеніне кез боп қалдың, Жабалдың жығыларсың, ақ маралы.

Орал:

Шығады аузыңды ашсаң, сөз кесегі, Өсектен сау жүре ме қыз төсегі?

Қатын тапса, қызына жабатұғын, Төлептің гулеп жүрген көп өсегі. Бөреке, осы жолы ұяларсың, Тұрса да сенен шығып жыр есебі.

Шеніме жетпек түгіл тақалмассың, Бата алғам Самалықтан мен кешегі.

Бұралқы:

Шалқыдың өзіңді өзің мақтадың да, Ап-аман қазынаңды сақтадың ба?

Ауылыңа балаларша неге алдадың Сый елден бір замандас таппадың ба?

Танбай-ақ батыр болсаң, шыныңды айт, Жекеннің отауында жатпадың ба?

Бойыңда бағасы артық алтыныңды Сол түні бір құндызға сатпадың ба? Ала айғыр ауылың мінген есте бар ма, Таптым ба жұмбағыңды, таппадым ба?

 ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

АҚЫНДАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

 Қабылиса (Қабан жырау) Асанұлы (1733, Сыр өңірі −? Көксу −? – 1824, Малайсары тауы, Көлбастау) – Жетісу өңірінің ақындары: Сүйінбай Аронұлы, Бақтыбай Жолбарысұлы, т.б. ұстаз тұтқан. Оның Қабан атану себебін көнекөз қарттар түрліше айтқан. Бірі: оның қапсағай денелі, айбарлы болуынан десе, бірі: дау-дамай, айтыстарда аяқтыға − жол, ауыздыға сөз бермеген деп түсіндірген. Кей жинақтарда Қаблиса деп те жазылған.

Тегі:Ұлы жүз, Жалайыр, Мырза.

 Қабылисаның Тұмарша деген келіншекпен шағын айтысы бар, бұл барлығы 6 шумақ, жеңге мен қайнысының арасындағы айтыс.

Таутан қыз туралы мәлімет сақталмаған.

 Жанақ Сағындықұлы (1770, қазіргі Шығыс Қазақстан обл., Абыралы ауданы – 1846/1856, Қарағанды обл., Нұра ауд.,, Төре ауылы). «Қазақ әдебиетінің тарихында» Жанақ Сағындықұлының өмірбаяндық деректері 1770 –1856 ж. деп, ал туған жері бұрынғы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі Темірші болысы, қазіргі әкімшілік- аймақтық бөлініс бойынша, Қарағанды обл. Қарқаралы ауданы (4-том, 2005, 152-б.) деп берілген.

 Түбек Байқошқарұлы (1780, қазіргі Шығыс Қазақстан обл., Жарма ауданы, Үшбиік – 1870, Жалғызтал).

 Сабырбай Ақтайлақұлы (1793, қазіргі Шығыс Қазақстан обл., Абай ауданы, Құндызды өңірі – 1880, Апатай қыстағы).

Сақау Мәукеұлы (1798, Павлодар, Баянауыл – 1875, сонда).

 Тоғжан Самайқызы (т.ж.? – қ.б.ж.?) – Тегі: Орта жүз, Арғын, Қаракесек, басқа мәлімет сақталмаған.

 Абыл Тілеуұлы (1777, Маңғыстау, Бозащы – 1864, Маңғыстау, Қаратөбе) – тегі: Кіші жүз, Байұлы, Адай, Жары.

Абылдың Шерниязбен кездесуі, Абыл мен Орақтың сөз қағыстыруы, т.б. бар.

 Балдай қыз (т.ж.?– қ.б.ж.?) – дерек сақталмаған. Халық арасында Абыл Балдай қызды жеңе алмапты деп аңыздалады.

 Шөже Қаржаубайұлы (1808, қазіргі Солтүстік Қазақстан обл., Уәлиханов ау- даны –1895, сонда).

Орынбай Бертағыұлы (1816, қазіргі Солтүстік Қазақстан обл. Айыртау ауд.

−1891, Аягөз).

 «Қазақ әдебиетінің тарихы» (4-том, 2005, 213-б.) «Қазақ совет энциклопедия- сы», «Бес ғасыр жырлайды», «Асыл сөз» басылымдарына сілтеме жасай отырып, ақынның туған жылы 1813 ж., қайтыс болған жылы 1891 ж. деп көрсеткенімен, келесі бетте: «Орынбай ақын туралы жазылған қолда бар барлық деректерді са- раптай келіп, ақын 1816 жылы туған деген А.Янушкевичтің хатындағы дерекке тоқтаған дәлелді болатын сияқты», – деп жазған.

А. Янушкевич 1846 ж. маусымның 12-де ақын Г.Зелинскийге жазған хатында:

«Бізде өлеңші Орынбай болды. Мен оның неше жаста екенін, неше жасынан бері өлең айта бастағанын сұрадым. «Отыз жастамын, он жасымнан өлең айтамын», – деген Орынбай ақынның сөзін келтірген. Демек, Орынбай ақын 1816 ж. дүниеге келген деген мәлімет дұрыстыққа келеді.

 Тезекбай (1827, Көкшетау, Бурабай −1912, Бурабай, Тоқтабасы) – мәлімет сақталмаған.

 Жәмшібай (т.ж.?, Павлодар обл. – қ.б.ж.?) – тегі: Орта жүз, Күлік: Айбас, Дани- яр, Қуантай, Шағыр.

 Сүйінбай Аронұлы (1815/1822, қазіргі Алматы обл., Жамбыл ауд. Майтөбе жай- лауы – 1895/1898). «Қазақ әдебиетінің тарихында»: 1822 –1895 ж. деп көрсетілген (4-том, 2005, 331-б.). Тегі: Ұлы жүз, Шапырашты, Екей.

Бақтыбай Жолбарысұлы (1835/1842, қазіргі Алматы облысы, Қаратал ауданы

−1902/1903, Балдырған жайлауы) − «Жалайырдың жел жетпес жүйрігі» атанған ақын.

 Арыстанбек Бұйлашұлы (1824/1840, Нарын – 1878/ 1882, Ыстықкөл, Тасқия) лақабы − Қатаған, қырғыз халқының арқалы ақыны, күйші, қобызшы, жыршы. Тегі: Бұғы, Тынымсейіт.

 Тезек Нұралин (1821 – 1879) – Абылай ханның шөбересі, XIX ғасырдың екінші жартысында Жетісудағы қазақ, қырғыз елдерін билеуші, сұлтан.

 «Тезектің бір жағы – ақын, бір жағы – әкім». Ел арасында ақындығымен де белгілі және ақындармен өзі де сөз сайысына түсіп отырған.

Серәлі Еруәліұлы (1835, қазіргі Қостанай обл. Қарабалық ауд. −1876, сонда) –

«Айқап» журналының редакторы, ағартушы-демократ Мұхаметжанның әкесі.

 Арыстан Тобылбайұлы (1811, Солтүстік Қазақстан−1880) – Серәлі, Шөже, т.б. ірі ақындармен айтысқан. Өкінішке орай, олар бүгінгі күнге жетпеген.

 Шортанбай Қанайұлы (1818, қазіргі Жамбыл обл., Қаратау өңірі −1881, Қарағанды обл., Шет ауд.) – орыс патшалығының отаршылдығын көзімен көрген, зар заман ағымының көрнекті өкілі. Тұңғыш жинағы 1888 ж. жарық көрген.

 Әжінияз Қосыбайұлы (1823, Арал өңірі, Жиделібайсын, Бозарал – 1879, Таллық жылғасы, Ашамайлы мекені, Сейтек зираты) –қарақалпақ тілінде алғашқы

«Әліппе» оқулығын әзірлеген және қолжазба сөздік жасаған. Лақабы – Знуар. Қазақ арасына жиі келіп жүрген.

Тегі: Сандаулы тайпаcы.

 Меңеш Байтұрсынқызы (т.ж.?– қ.б.ж.? Сыр бойы) – қарақалпақ арасында сақталған айтыста күйеуінің есімі – Бекіш, оның жасы 60-та деп айтылады. Тегі: Кіші жүз, Жетіру, Тама. Бұдан өзге мәлімет әзірше белгісіз.

 Ұлбике Жанкелдіқызы (1825, Қызылорда обл., Тереңөзек – 1849, Жамбыл обл., Талас өзенінің бойы).Тегі: Ұлы жүз, Дулат, Ошақты.

 Қарақалпақ ғалымдарының зерттеуінше, Ұлбике қарақалпақ жазба әдебиетінің көрнекті өкілі Күнқожа Ибрайымұлымен (1799-1880) де айтысқан. Алайда, ол ай- тыс сақталмаған.

Күдері қожа Көшекұлы (1820, Қызылорда обл., Сырдария ауд. −1858).

 Таспа қожа Көшекұлы (1822, Қызылорда обл., Сырдария ауданы, Шіркейлі ау- ылы – қ.б.ж.?) − Күдері қожаның туған інісі.

 Жанкелді Көгілан (ХVΙΙΙ ғ., Сыр бойы, Қарақалпақ ордасы – ХVΙΙΙ ғ. 2-жарты- сы, Қазығұрт, Биесыймас жайлауы) – қарақалпақ ақыны, әрі батыры. Халық арасын- да Жанкел деп те, Жанкел жаржақ деп те танылған. Тегі: Кенегес, Нөкіс.

 Өмірінің соңғы кезеңі Төле би жанында өткен. Ақын Төле бидің ең сенімді серігі, ақылшысы болған. Халық арасында «Жанкелдінің бейітіне түнеген жан не аруақты ақын, не айбатты батыр болады» деген сөз айтылады. Батыр қорымы бүгінде «Жанкел әулие» деп аталады.

 Мәделі қожа Жүсіпқожаұлы (1816, қазіргі Оңтүстік Қазақстан обл., Арыс өңірі − 1888) − революцияға дейінгі басылымдарда жарияланған мұрасы «Әдеби мұра» жинағында басылған.

 Майлы қожа Сұлтанқожаұлы (1835, Оңтүстік Қазақстан обл., Отырар ауд., Қожатоғай ауылы – 1898, Ордабасы ауд.).

 Құлыншақ Кемелұлы (1840, Оңтүстік Қазақстан обл., Созақ ауд., Жартытөбе ауылы – 1911, сонда).

 Құлтума Сармұратұлы (1840/1860, Қарағанды обл., Нұра ауд., Жартытөбе мекені – 1915, сонда) – Алтай-Қарпықтың шонжары Аққошқар Сайдалының асын- да 9 күнде 18 ақынмен айтысып, бәрін жеңген.

 Құлмамбет (1826/1840, қазіргі Алматы обл., Райымбек ауд., Күрметі ауылы − 1903/1906, Алматы обл., Түрген) − Жетісуда Сүйінбай бастаған айтыс мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Әкесінің аты ел есінде сақталмаған. Тегі: Ұлы жүз, Албан, Құланаян.

 Майкөт Сандыбайұлы (1837, Жамбыл обл., Сарысу ауд., Ақтоғай-Үшбас – 1902, бұрынғы Әулиеата, Сеңкібай-Бүркітбай ауылы ) – тегі: Ұлы жүз, Үйсін, Ысты.

Бөлтірік Атыханұлы (1850/1870, Алматы обл., Райымбек ауд., Қарабұлақ

− 1927/1928) – Құланаян Құлмамбеттің шәкірті, Майлы, Қапез, Мақсұт, Әбен, Қойдым, Әсел, Шарғын, Сәдіқожа, т.б. жас ақындардың ұстазы.

 Нұрым Шыршығұлұлы (1825/1831, Атырау обл., Қызылқоға ауданы – 1898/1908, сонда). «Қазақ әдебиетінің тарихында»: «Ол туралы (Нұрым) аз да бол- са, бағалы мәлімет қалдырған», «...бірден-бір дұрыс мәліметтерді Мұрын жырау берген» (4-том, 2005, 364-б.) десе де, өмірбаяндық деректерін көрсеткенде, 1825

– 1898 ж. аралығы деп көрсетілген. Соның өзінде, Мұрын Сеңгірбекұлының 1860 ж. туғандығын ескеріп, оның Нұрыммен кездесуі 1892 ж. деп қорытындылайды және, Мұрын деректері бойынша, Нұрым 1831 жылы туып, 1908 ж. өлген», – деп жазған. Ақынның туған жері Тайсойған деп көрсетілген, бұл Атырау (Гурьев) обл.

қарайды.

 Нұрымның шыққан тегін анықтауда қайшы пікірлер кездеседі. Басты еңбектерде Нұрымның руы Адай ішіндегі Сүйіндік деп айтылады. Ал Кердері Ахай ахун (Қазақай баба) өмірбаянын зерттеушілер Шыршығұлұлының тегін Қазақай бабамен сабақтастырады. Дегенмен «Шыршық» сөзін түбір етіп алғанда, ақын есімін өзен атауымен сабақтастыру дұрыс болмауы да мүмкін. Бұрынғы шежіреші қарттар мұндайды білген жағдайда ретін тауып, айтып отырған. Және Қашаған ақынның сөзінде: «Сүйіндіктегі Нұрымды» деп, нық айтқан. Айтыс сөз майданы болғандықтан, басқаша жағдайда тілге тиек болмай қалмас еді.

 Қашаған Күржіманұлы (1841.7.01, Түрікмен ССР, Ташауыз обл., Мырзаба- сы ауылы – 1929.25.08, Маңғыстау, Қырықкез) – шығармалары алғаш рет 1935 ж.

«Әдебиет майданы» журналында жарияланған.

Біржан Қожағұлұлы (1834, қазіргі Ақмола обл., Степняк, Жөкей көлінің жағасы

−1897, Степняк қаласы, Жармау бөлімшесі, Қожағұл зираты) – қазақ мәдениетінде сал дәстүрін ұстанған көрнекті ақын әрі композитор. Тегі: Керей, Ақсары. 1865 ж. Абай Құнанбайұлымен кездескен. Қожағұл – үлкен атасы, өз әкесінің есімі – Тұрлыбай.

 Сара Тастанбекқызы (1853/1878, қазіргі Алматы обл., Ақсу ауданы – 1907/1916, Қапал ауд. Қапал ауылы) Қапал ауданындағы Қарашоқы зиратында Абай атындағы ауылда ескерткіш орнатылған.

 Төребай Есқожаұлы (1844, Батыс Қазақстан обл., бұрынғы Жымпиты ауд. – 1911, Алматы обл., Көксу ауд. Шыбынды тауы) − аталары Кенесары-Наурызбай көтерілісіне қатысып, еліне қайта алмай, Жетісуда тұрақтап қалған.

Кемпірбай Бөгембайұлы (1834, қазіргі Қарағанды обл., Қарқаралы ауд. – 1895).

 Әсет Найманбаев (1864/1867, қазіргі Қарағанды обл., Қоңырат ауданы, Қызыларай колхозы −1923. 22.03, ҚХР, Құлжа ) – ақын 1920-1924 ж. Қытайға көшкен. Ол Қали, Қызыр, Қосымбай, т.б. ақындармен айтысқан.

 Қожабай Тоқсанбайұлы (1841, Қарағанды облысы, Ұлытау ауд., Балажезді мекені – 1918, сонда). Тегі: Орта жүз, Найман.

 Есенбай Сасанұлы (1843, Семей өңірі, Абай ауданы − 1925 ?) – Ақан серімен құрдас әрі туысы. Тегі: Арғын, Қайдауыл.

 Бұдабай Қабылұлы (1842, Қызылорда обл., Шиелі ауданы – 1912, сонда). Тегі: Орта жүз, Қыпшақ.

 Мұрат Мөңкеұлы (1843, қазіргі Атырау обл., Қызылқоға ауданы − 1906, Аты- рау обл., Индер ауданы, Жарсуат ауылы) – қазақ әдебиетінде зар заман ағымын қалыптастырушы көрнекті тұлғалардың бірі. Тегі: Кіші жүз, Байұлы, Беріш.

 Бала Ораз Өтебайұлы (1837, Атырау обл., Жем өңірі – 1882, Атырау обл., Ма- хамбет ауданы, Мырзалы-Балпан) жасынан ақын аты шығып, «Бала Ораз» атанған. Тегі: Кіші жүз, Байұлы, Таз, Жастабан.

Жантолы – Мұрат Мөңкеұлымен қоныстас қыз, тегі: Кіші жүз, Байұлы, Ысық.

 Құлманбет Жамансарыұлы (1818, Атырау обл., Жылыой ауд., Ұялы– 1890, Атырау обл., Махамбет ауд., Мырзалы-Балапан) Орынбор маңында бір жиында Жетірудың үш ақынымен айтысып, бәрін де жеңеді. Тегі: Кіші жүз. Байұлы, Таз, Келдібай.

 Досжан Қожбанұлы (1834, Атырау обл., Исатай ауд., Кетешағыл ауылы −1908, бейіті: Бақсақ бойындағы Шүрегей деген жерде) − Тегі: Кіші жүз, Жетіру, Тама. Ауыл молдасынан хат таныған, өлеңді жиырма жасынан бастап айтқан. Домбыра тарта білмегендіктен, өлеңді жер сызып отырып айтқан.

Жібек Елубайқызы (1910 – қ.б.ж.?) – Тегі: Кіші жүз, Жетіру.

Тәбия Өтебайқызы (т.ж.?– қ.б.ж.?) − Тегі: Кіші жүз, Байұлы, Тана, Жиембет.

Алма қыз (XIX ғ.) – Атырау, Жем өңірінде өмір сүрген.

 Ақан сері Қорамсаұлы (1843, қазіргі Солтүстік Қазақстан обл., Айыртау ауда- ны, Үлкен Қоскөл көлі маңы – 1913). Тегі: Арғын, Қарауыл.

Бұралқы (1878 ?–1974 ?) – Тегі: Кіші жүз, Жетіру, Тама, Төлеп.

 1988 ж. «Айтыс» жинағында қайтыс болған жылы 1962 ж. деп көрсетілген, де- генмен «Қарабура» жинағындағы мәліметті жөн көрдік. Алдыңғы басылым бойын- ша, ақын Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданында туған деп көрсетілген, бұл Ма- ясар Жапақовпен айтысқан Бұралқы Құдайбергенов болып шығады. Сол себепті Орал қызбен айтысқан басқа Бұралқы ақын болуы да мүмкін.

Орал қыз (т.ж.?– қ.б.ж.?) − Тегі: Кіші жүз, Жетіру, Тама.

АЙТЫСТАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР

 Қабылиса мен Таутан қыз. Айтыстың нақты қай жылы болғаны белгісіз. Де- генмен мәтінмен танысу арқылы айтыстың Қабылисаның 60 жастың ортасында, ал Таутанның жас қыз кезінде болғаны аңғарылады. Және бір айтарлығы: мәтінге ақын өмір сүрген кезеңде қолданыста болмаған сөздер (пара, машина) араластырылған, бұл айтыстың кейінгі ақындар тарапынан өзгеріске түскенін айғақтайды. Сонда да айтыстың негізі бұзылмаған шығар деген оймен осы антологияға қосылды.

 Қабан жыраудың шығармаларына арналған жинақтарда бұл айтыстың көлемі әртүрлі, бұл да оның ел арасынан жиналуына байланысты. 1993 ж. Т.Қаупынбаев құрастырған «Қабан жырау» атты кітапта айтыс мәтіні 225 жол, яғни 19 кезек, ал 1996 ж. «Бабалар сөзі – даналық көзі» атты жинақта (құраст. О.Исмаилов) 300 жол, 28 кезекті құрайды.

 Антологияға О.Исмаиловтың құрастыруымен жарық көрген «Бабалар сөзі – даналық көзі» атты жинақтан (104 – 111-бб.) алынды.

 * Құрастырушы айтысты «Бірінші жартысы», «Екінші жартысы» деп бер- ген, біздің пайымдауымызша, бұл ақындардың екі кездесуінде орын алған айты- стар, сол себепті жұлдызша арқылы бөлдік.

Жанақ пен Түбек. Бұл айтыс, шамамен, XIX ғасырдың 30-40-жылдары болған.

 Алғаш рет В.Радловтың «Образцы народной литературы» атты жинағында 1870 ж. жарияланған. Айтыстың үзіндісі 1879 ж. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестомати- ясы (Киргизская хрестоматия)» жинағында «Жанақ пен бала» деген тақырыппен берілген. Оның В.Радлов кітабын пайдаланғаны туралы нақты дерек жоқ. Бұл айтыстың толығырақ мәтіні М.-Ж.Көпейұлының жазбасында сақталғандықтан, басшылыққа соңғы басылым алынды. Антологияға Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының көп томдық шығармалар жинағы (6-том, 191−196-б.) бойынша берілді.

 Түбектің: «...Өзге байлық айтса, айтсын, сен айтпашы, Бай болсаң, неге ініңді сартқа саттың?!» − деген сөзіне М.-Ж.Көпейұлының берген түсінігі бар: Ол: «Жанақ өзі − жеті ағайынды Тимеш балалары. Жетеуі − бәйбішеден, тоқал шешесінен екі бала: Бітімбай, Тынымбай. Тынымбайды ташкенттік сартқа сатқаны рас. Оның ұрпағы: Қыбырай, Дүрменде, Ақпан, Тоқпан» (М.-Ж.Көпейұлы. Көп томдық шығармалары. 6-том, 193-б.), − деп жазған.

 Жанақ пен Сабырбай. Қағысу. Оның қай жылы болғаны туралы мәлімет сақталмаған. Айтыс мәтінінің қолжазбалық нұсқасы М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ қолжазба қорында (244-бума) сақтаулы.

 Алғаш рет «Айтыс» жинағында 1988 ж. жарияланған. Ұсынылып отырған мәтін сол басылымнан (Алматы, 2-том, 28−29-бб.) алынды.

 Сақау мен Тоғжан. Айтыстың нақты қай жылы болғаны туралы мәлімет белгісіз. Айтыстың шығу тарихы туралы: Екі ақын талай той-жиында кездесіп, бір- бірін жеңе алмай жүрген. М.Әуезов: «Көп кездерде ақындар бірінің бірі қапысын аңдып жүреді. Өмірдегі қысталаң, қиын шақта тұрған ақынға, әдейі сол қыспақ шағын бағып келіп, тұтқиылдан соқтығатын әдеттер де болады. Тоғжан қызды

ұзақ жылдар жеңе алмай жүрген Сақау кейін Тоғжан ұзатылып, келін болып, күйеуінің аулына бетіне шымылдық ұстап, жаңа келе бергенде алдынан шығады». Бұл айтыс − осы кездесуден сақталған. «Ініңнің аманатын сақтап келдім, ол да айып болып па?» деген Тоғжан сөзін М.Әуезов «Өзінің тазалық шындығын айтып, басын ақтайды», − деп, баға берген. Осы аңыздың көркемделген түрі М.-Ж.Көпейұлының жазбаларында да сақталған.

 Ұсынылып отырған мәтін Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының көп томдық шығармалар жинағынан ( 6-том, 197 − 207-бб.) алынды.

 Абыл мен Балдай қыз. Қағысу. Оның нақты қай жылы болғаны туралы мәлімет сақталмаған. Сонымен қатар зерттеушілер бұл айтулы ақындар бірнеше рет кездесіп, айтысқан деп есептейді. Осы кезге дейін «Айтыс» жинағында (1- том, 1988, 253-б.) Абыл мен Балдайдың бір кездесуіндегі айтысы жарық көрген. Қабиболла Сыдиықұлының зерттеуінде бұл ақындардың екінші кездесуіндегі қағысу да берілген. Антологияға екі кездесудегі қағысулар қатар берілді.

Ұсынылып отырған мәтін «Ақберен» жинағынан (8−9-бб.) алынды.

 Шөже мен Орынбай. Ғылымға бұл айтыстың бірнеше нұсқасы белгілі. Олардың бірінде жеңген Шөже болса, бірінде Орынбай деп айтылады. Соған қарағанда, бұл екі ірі ақын әлденеше рет кездесіп, сөз қағыстырған. Ол айтыстардың дәл қай жыл- дары болғаны белгісіз. ОҒК қолжазба қорында (738-бума) сақталған нұсқа бойын- ша (жинаушысы Шаймерден Торайғыров) жеңген Орынбай ақын болып шыққан. Ал «Қазақ әдебиеті» (4-мамыр, 1984) газетіне Т.Шәріпжанов жариялаған нұсқа бойынша Шөже жеңген. Бұл мәтін «Айтыс» (1988, 1-том, 246 −247-б.) жинағында жарияланған. Антологияға осы жинақтан алынды.

 Орынбай, Арыстанбай, Шөже және Ұрқия қыз. Айтыс қай жылы болғаны белгісіз. ОҒК қолжазба қорындағы 738-бумада айтыстың қолжазба нұсқасы сақтаулы. Жинақтарға осы мәтін пайдаланылуда. Антологияға «Айтыс» жинағынан (1988, 1-том, 250-б.) алынды.

 Шөже мен Кемпірбай. Айтыстың қай жылы болғаны туралы нақты мәлімет сақталмаған. Негізі, бұл айтыстың жариялануы 1910 ж. Қазанда «Қазақтың айтысқан сөздері» жинағынан басталған. Кейін, 1931 ж. С.Сейфуллиннің «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары», «Айтыс» (1965, 1-том, 76-80-бб.) жинақтарында да жарық көрген. Ұсынылып отырған мәтін М.-Ж. Көпейұлының көп томдық шығармалар жинағынан (6-том. 2006, 230 − 236-бб.) алынды.

 Шөже мен Қалдыбай. Айтыстың нақты қай жылы болғаны белгісіз. Бірақ айтыстың шығу тарихын М.-Ж.Көпейұлы: «Қаракесек, Шаншар ортасында Қойсүймес баласы Баймұрын мырзаға Қуандық ақыны болып жүрген соқыр Шөже өлең айтқанда, Қаракесек ақыны Қалдыбай қожа Баймұрынды айырып аламын деп айтысқаны», − деп жазған.

 Ұсынылып отырған мәтін М.-Ж.Көпейұлының көп томдық шығармалар жинағынан (6-том. 2006, 236-238-бб.) алынды. ОҒК қолжазба қорында Мәшһүр- Жүсіп Көпейұлының жазбасы (1177-бума, 101− 102-бб.) сақтаулы.

 Шөже мен Тезекбай. Айтыстың нақты қай жылы болғаны туралы мәлімет сақталмаған. Бірақ «Айтыс» (1965) жинағында сөз сайысының шығу тарихы: «Ер- терек уақытта Атығай Тезекбай ақын ел аралап жүріп, тентек Қанжығалы ішінде Ақкөл болысында Естай ақынның үйіне келеді. Тезекбай ақын келген соң, жұрт жиылып, ақынның өлеңін тыңдамақ болып, өлең айтқызады. Тезекбай ақын жұт

«Тауық» жылы ел аралап жүріп, Нүке төренің қолпаштауымен Шоқпар ауылында жатқан Шөжені іздеп барып, айтысқанын баяндайды», – деп жазылған.

 «Айтыс» жинағында (1-том, 1965, 81-86-б.) жарияланған. Антологияға осы ба- сылым бойынша берілді. Қолжазбалық негізі ОҒК қолжазба қорындағы 256-бумада.

 Шөже мен Жәмшібай. Айтыстың нақты қай жылы болғаны туралы мәлімет сақталмаған. Қолжазбалық негізі ОҒК қолжазба қорында. Оны қорға баянауылдық, кейін Алматы обл., Қаскелең аудандық газетінің редакторы болған Мағзұм Абдірахманов тапсырған.

Алғаш рет «Айтыс» жинағында (1-том, 1965, 87 −89-бб.) жарияланған.

Антологияға осы басылым бойынша берілді.

 Түбек пен Жәмшібай. Айтыстың дәл қай жылы болғаны туралы мәлімет белгісіз. Айтыстың шығу тарихы М.-Ж.Көпейұлының 1178-бумадағы жазбасында:

«Найман: Бояубай байдың ауылында Күліктен шыққан Жамшыбай ақын мен Най- маннан шыққан атақты кәрі Түбек ақынның айтысқаны. Жамшыбай өлең айтып, ән шырқап отырған үстіне кіріп келе өлеңді қоя берді», – деп жазылған.

 Ескерту: *«Көтешті қасқыр жеген несін айттың» − «Жүзден жасы асқан күнінде жаз жайлауда Ереймен тауы, Қараайлы шоқы аралығында Шерубай қопасынан түйе жиып жүргенінде, жау тонап, жалаңаш тастап кеткендіктен, қасқыр жеп тастаған екен. Өзі семіз екен, жалғыз-ақ санын бүтін тауып алыпты. Майы жерге сіңіп, жатқан жерінің топырағын қап-қара қылған деседі. Жау тонап жатқанда, айтқан екен:

Ау, балам, танымаймын, не ел боларсың, Не дәулет, не перзентке кем боларсың! Көтешті жүзден асқан тонаймын деп, Айдабол мен Күлікке жем боларсың! –

деген екен.

 Сол өлеңді ұрылар еліне айта барып, Семей мен Кереку аралығындағы Найман екен, осы өлеңнен білініп шығып, қазақтың орысқа бағынған күні, қыс ішінде Ай- дабол, Күлік болып аттанып, Шоң би бас болып, он кісіге бір үйден жиырма кигіз үй тігіп күтіп: «Өнер құны», «сүйек құны», «қара құн» − деп, үш ердің құнын алған екен бір өзіне.

 «Өнер құны» үшін елу жылқы, алты «жақсы» беріпті. «Сүйек құны» үшін елу жылқы, алты «жақсы» беріпті. «Қара құн» үшін «тоқал құн» деп, тоғыз «жақсы» беріпті. «Жақсы» дегеннің басы – жетім, қалы кілем, қара нар, мылтық, – сондай- мен «тоғыз» болады. «Бұл құн үшке бөлінгендіктен, кем кесілгені» – деседі. Бұлай болмағанда, қара құнның өзі – жүз жылқы, он екі «жақсы» болады екен», − деген ескерту бар (Көпейұлы М.-Ж. 6-том, 245-б.).

 *«Үйіне Қуанбайдың барып едім, Самаурын аймағында көргенім жоқ» «Түбек сөзі де рас: Қуанбайлардың уақытысында самаурынды исі қазақ білмейді», ал, Жәмшібайдың: «Қуанның айналасы – алпыс ауыл, Самаурын біреуінде төртеу- бесеу» дегеніне «Жамшыбай да бейпіл өтірікті соғып жіберді» деп, М.-Ж.Көпейұлы ескерту жазған (6-том, 244 − 249-б.).

 Антологияға ұсынылып отырған айтыс мәтіні М.-Ж.Көпейұлының көп томдық шығармалар жинағынан (6-том, 244 − 249-бб.) алынды.

 Сүйінбай мен Бақтыбай. Айтыстың қай жылы болғаны белгісіз. Ұсынылып отырған мәтін Сүйінбай Аронұлының «Өлең сөздің жарық жұлдызы» жинағынан (80 – 81-бб.) алынды.

 Сүйінбай мен Қатаған. Айтыстың нақты қай жылы болғанын анықтауда әртүрлі пікір бар. Оны қырғыз ханы Орман ас берген кезде, 1852 ж. (Ақиық, 1975, 125-б.) деп те, кейінгі, 2010 ж. жинақта 1847 ж. деп те көрсеткен. Дегенмен соңғы мәліметке сүйенгенде айтыстың шығу тарихы: 1847 ж. қырғыздарға Кенесары мен Наурызбайдың әрекеттеріне наразылық туып, екі арадағы жағдай шиеленісіп кет- пеу үшін азаматтар бас қосып, екі жақ ахуалды қиындатпауды ойлайды. 1848 ж. жиынның төртінші күні екі елдің басты адамдары Орман ханның жүз кісілік шаты- рына жиналады. Мәслихатты Қара Бәйтік басқарады». Мұндай үлкен бас қосулар әр елдің бетке ұстар ақындарының сөз сайысымен өткен.

 Бұл ұзақ айтыстың алғашқы нұсқасы Ілияс Жансүгіровтің құрастыруымен 1935 жылы жарыққа шыққан «Сүйінбай ақын» жинағында жарияланған. Содан соң бірнеше ғылыми басылымдарға енгізілді.

 1937 ж. Жамбыл Жабаев Қырғыз ғылым академиясының ғылыми қызметкер- лерінің өтініші бойынша Сүйінбай мен Қатаған айтысының толық мәтінін жаздырған.

 Қырғызстанның ғылыми мұрағатында сақталған бұл қолжазба 98 беттен тұрады, араб қарпімен жазылған, сыртқы мұқабасында «Сүйінбай ақынның қырғыздың атақты ақыны Қатағанмен айтысқаны» деген жазуы бар, барлығы 4472 тармақтан тұрады.

 Сүйінбай мен Қатаған айтысын Жамбылдан басқа Кенен, Үмбетәлі, Өтеп, Өмірзақ, Арғынбай, Қарабек, Мақыш, Шүкітай, т.б. Жетісудің көрнекті ақындары жатқа айтқан.

 Антологияға Сүйінбай Аронұлының «Өлең сөздің жарық жұлдызы» жинағынан (61 –79-бб.) алынды.

 Сүйінбай мен Тезек төре. Айтыстың дәл қай жылы болғаны нақты емес. Шы- нында, бұл айтысты ақындық айтыс жанры бойынша қабылдау қиын. Өйткені, айтысқа аттардың «кіріктірілуі» оның фольклорлық айналымға түскенін айғақтайды. Дегенмен айтыстың негізгі жобасы, нұсқасы сақталғандықтан, ұсынылды.

 Алғаш рет Сүйінбай Аронұлының шығармаларына арналған «Ақиық» жинағында жарық көрді. Кейін «Айтыс» жинағында (1988, 2-том, 293 –300-бб.) жарияланды. Антологияға «Өлең сөздің жарық жұлдызы» (50 –60-бб.) бойынша берілді.

 Орынбай мен Серәлі қожа. Жинақтарда бұл айтыстың екі түрі де жарияла- нып жүр. Алғаш рет 1910 ж. «Қазақтың айтысқан өлеңдері» деген кітапта жарық көрген. Екінші нұсқасы 1931 ж. С.Сейфуллин құрастырған «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» атты жинақта жарияланған. Бұл, сондай-ақ, 1965 ж. «Айтыс» жинағына да басылды. Кейін 1988 ж. «Айтысқа» екі нұсқа да енді. Дегенмен екеуінде нұсқа дерлік айырмашылық жоқ, бір негізден тараған, аз-кем өзгерістері ғана бар, сондықтан бұларды версия ретінде қабылдау жөн. Айтыстың алғашқы жариялануы ескеріліп, антологияға «Айтыс» жинағынан (2-том, 1988, 263 −265-бб.) алынды.

 Орынбай мен Арыстан. Ұсынылып отырған мәтін алғаш жарық көрген нұсқа бойынша «Айтыс» жинағынан (2-том, 1988, 273 − 276-бб.) алынды.

 Орынбай мен Қожабек. Жұмбақ айтыс. Алғаш рет 1883 ж. Ташкентте Я.Лютштің «Киргизская хрестоматия» (124 − 129-бб. ) жинағында жарық көрді.

«Айтыс» жинағынан (2-том, 1988, 271 −272-бб.) алынды.

 Шортанбай мен Орынбай. Айтыстың дәл қай жылы болғаны белгісіз. В.Радловтың 1870 ж. «Образцы народной литературы» атты жинағында:

«Тұрдыбектің қасында бір Орынбай деген ақыны бар екен. Тұрдыбек қырға ба- рыпты. Қырда бір Шортанбай қожа бар екен, Құсбек төренің қасында ақыны бар екен. Құсбектің алдында Орынбай көп өлең айтты, Құсбек оған көп сый қылыпты. Онан соң Шортанбай Қожаменен айтыстылар» −деген қысқа түсінік берілген. Ал,

«Қай заман?» атты жинақта: Арғын Орынбай ақын ел басшысы Тұрлыбекке еріп, Құсбек төренің еліне келсе керек. Құсбек төренің қасында отырған Шортанбайға бұл келіс ұнамайды. Ерігіп отырған жұрт екі жүйрікті айтыстырып, қызық көрмек болады. Алғашқы сөзді Шортанбай бастап, Орынбайға жол болсын деген дәстүрлі сөзді айтқанда, Орынбай өзінің алу үшін келгендігін жасырмай: «Құдай берсе, мол болсын», – деп қалады. Шортанбай осы «Мол болсын» деген сөзден айтысты қыздырған.

 Тек «Қай заманда?» кейбір сөздердің берілуі мазмұнын бұзбайтындай сипатта орын алған және Орынбайдың сөзіне:

Қожасың, қараға жақ жөнің басқа, Шығыпсың жақпай жалғыз қарындасқа. Баласын бір Арғынның екі билеп, Мұндайды кім үйретті сен қу жаққа? –

деген өзгеріс бар.

Сондай-ақ осы басылымда Тұрдыбек Тұрлыбек болып берілген.

 Салыстыру кезінде жарияланып жүрген мәтіндердің негізі бір екені аңғарылды. Дегенмен кейбір сөздердің қолданысы тұрғысынан бағалағанда, М.-Ж. Көпейұлының көп томдық шығармалар жинағы дұрысырақ сияқты. Сол себепті

антологияға М.-Ж.Көпейұлының көп томдық жинағы (6-том, 188 −191-бб.) бойын- ша ұсынылды.

 Шортанбай мен Шөже. Айтыс шамамен 1855 −1857 ж. Жанғұтты бидің аулын- да өткен. Антологияға «Қай заман?» жинағынан (121-б.) алынды.

 Шортанбай мен Асан Бұғы. Айтыстың нақты қай жылы болғаны анық емес. Мәтін бұрынғы Жезқазған облысының Ақадыр ауданы «Өспен» кеңшарының тұрғыны Әбдіғұл ақсақалдан алынған. Ол айтысты әкесі, есімі республикаға белгілі ақын, жыршы Маясар Жапақовтың айтуында қағазға түсірген.

 Ұсынылып отырған мәтін Шортанбай Қанайұлының шығармашылығына арналған «Қай заман?» жинағынан ( 117 − 121-бб.) алынды.

 Әжінияз бен Меңеш қыз. Айтыстың бір нұсқасы «Түркістан уалаяты» газетінде (1878, №11, №12) жарық көрген. Айтыс қарақалпақ тілінде де бірнеше рет жарық көрген.

Екеуі бірнеше рет айтысқан болуы мүмкін.

 Нүкісте 1988 ж. жарық көрген мәтіннің қазақ нұсқасындағы екінші, тойдағы кездесудегі айтыспен негізі бір, тек бұл қыздың сөзімен басталған және аракідік айырмашылықтар кездеседі, соңында Әжінияздың тілегінде тағы бір шумақ қосылған.

Антологияға «Айтыс» (2 том, 1965, 80 − 102-бб.) бойынша берілді.

 *Қазақ басылымдарындағы Меңештің: «Қайтқанда Аранжаннан баламенен», Әжінияздың: «Әжіниязда Кете емес Шернияздан» деген сөздері түсініксіз бола- тын, 1994 ж. Қарақалпақстанда жарық көрген «Әжинияз» жинағымен танысу арқылы бұл жолдар «Қайтқанда Арал жақтан», «Әжінияз да кем емес Шернияз- дан» деп өзгертіліп, ұсынылды.

 Ұлбике мен Күдері қожа. Мәтін алғаш рет В.В. Радловтың «Образцы на- родной литературы» жинағында (Спб., 1870, 33 − 38-бб.) жарық көрді. Айтыстың 2-нұсқасы «Ұлбике» жинағында (18−21-бб.) жарияланды, оған М.-Ж.Көпейұлының жазбасы негіз болған. Сондықтан антологияға айтыстың 1-нұсқасы ретінде М.-Ж. Көпейұлының жинағынан (6 том, 207 − 219-бб.) алынды. Осы айтыста жұлдызша арқалы бірнеше мәтін қамтылды, аз болса да, кейбір шумақтар қайталанған сияқты әсер беретіні бар, бірақ бұл ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткен өнер түрінің өзіндік ерекшелігі ретінде қабылдануы тиіс.

 Ұлбике, Жанкел және Күдері қожа. Айтыс «Ұлбике» (28−42-бб.) жинағынан алынды. Алдыңғы мәтінмен кейбір шумақтарда ұқсастық кездеседі, бірақ бұл да ауызша жеткен өнердің ерекшелігі деп бағаланады.

 Ұлбике мен Мәделі қожа. Жұмбақ айтыс, оның дәл қай жылы болғаны белгісіз. «Айтыс» (2-том, 1988, 97 − 99-бб.), «Жыр мұра» жинақтарында (35−37- бб.) жарық көрген. Соңғысында Ұлбикеге «Тал бойыма дарытқан күллі өлеңді» дегенді айтқызған, бірақ ақынның шығармаларына арналған жинақта «қара өлең» деп берілген. Сондай-ақ «Жыр мұрада» «Шырқаған шыбын жаны нуда дейді» деген жол өлеңдегі мағынасына «Шырқыраған», т.б. қолданыстың дұрыстығы ескеріліп, антологияға «Ұлбике» жинағынан (53 − 57-бб.) алынды.

 Ұлбике мен Таспа қожа. Екі ақын бірнеше рет айтысқан. Екі айтысының екеуі де жинақтарда жарық көрген.

 Бұл айтыстарды Таспақожаның ұрпағы Ибрагим 1945 − 1949-жылдары қараөзектік ақын М.Жабағиевтен жазып алған. Сондай-ақ айтыстың қолжазба нұсқасын ОҒК қолжазба қорына (360-бума) тапсырған Жамбыл обл. тұрғыны Ә.Доспамбетов.

Антологияға «Ұлбике» (58 − 62-бб.) жинағынан алынды.

 Мәделі қожа мен Майлы қожа. Айтыстың шығу тарихы: Үлкен бір жиындағы әңгіме-дүкен үстінде Мәделінің мақтаулы шұбар аты әлденеден үркіп, қазығынан босанып кетеді. Әрі жасы кіші, әрі Мәделіге жиен Майлықожа шешілген атты ұстап, байламақ болады. Бірақ шамырқанып, оқыс мінез көрсеткен аттан жасқанған ақын жалтарамын деп, құлап қалады. Бұл жағдайды баспалай бағып, көріп отырған Мәделі жанына келген Майлықожаға бір ауыз өлең айтады. Мұның арты табанда шартпа-шұрт ұстасқан айтысқа айналады.

Ұсынылып отырған мәтін «Жыр мұра» жинағынан (33−35-бб.) алынды.

 Құлыншақ пен Майлы қожа. Айтыстың дәл қай жылы болғаны белгісіз. Алғаш рет «Айтыс» жинағында (2-том, 1988, 332−335-бб.) жарияланған. Кейін біраз өзгерісі бар мәтін «Жыр мұра» жинағында жарық көрді. Әрі соңғы басылымда мәтін толығырақ болғандықтан, антологияға осы басылымнан (56 −63-бб.) алынды.

 Құлмамбет, Түбек, Тезек. Айтыстың дәл қай жылы болғаны белгісіз. Жалпы, ғылымға бұл айтыстың бірнеше нұсқасы (М.Байбатыров, Ә.Нұрлыбаев, К.Әзірбаев, Ф.Ғабитова) белгілі. Олар ОҒК және ӘӨИ қолжазба қорларында сақтаулы.

 Антологияға ӘӨИ қолжазба қорында (337-бума, 4-дәптер) сақтаулы Әшім Нұрлыбаевтың нұсқасы ұсынылды. Ұсынылып отырған мәтін филология ғылымдарының кандидаты Т.Әлібектің «Құланаян Құлмамбет және оның ақындық ортасы» атты монографиясында «Текстологиялық саралаудан өткен мәтіндер» бөлімінен (200 − 210-бб.) алынды.

 Құлмамбет пен Майкөт. Айтыс, филол. ғылымдарының кандидаты Т.Әлібектің пікірінше, 1880 ж. шамасында болған. Сөз сайысының шығу тарихы: Бішкек маңындағы Аларча деген жерде, қырғыз манабы Бәйтік Қанаевтың үйінде өткен. Ақырында, Бәйтік: «Төрелік мынау болады. Жиналған жұрттың біреуіңді мақтауы бар, біреуіңді даттауы бар. Екеуіңді бұл жағынан пара-пар дейміз. Енді бір-бір ауыз өлең тыңдалық», – деген. Құлмамбет Бәйтік әйелінің сұлулығын пайғамбар қызына теңеп, Қытайдан бері жерде мұндай ұрғашы көрмегенін тамсана жырлайды. Әйел затын пайғамбарға теңегеніне ашуланған манап Майкөттен өзін жамандап жырлау- ды талап етеді. Майкөт Бәйтіктің жеке басының кемшіліктерін жіпке тізгендей етіп жырлайды. Қазанғап мәліметінше, манап Құлмамбетке: «Қызталақ Албан, затымды пайғамбарға теңедің», – деп, Майкөтке – түйе, Құлмамбетке ат мінгізді. Түйе алған соң Майкөт жеңген болып саналады».

 С.Сейфуллиннің 1931 ж. «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» атты жинағында жарық көрген. Жалпы, ОҒК және М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ қолжазба қорында бірнеше нұсқа (Ж.Жантөбетов, Қ.Байболұлы, С.Керімбеков, Ф.Ғабитова) сақтаулы. Антологияға Әдебиет және өнер ннститутының қолжазба қорында (316-бума, 1-дәптер) сақтаулы, Қазанғап Байболұлының жәдитше, өз қолтаңбасымен жазылған

нұсқасы алынды. Ол Т.Әлібековтің «Құланаян Құлмамбет және оның ақындық ор- тасы» атты монографиясынан (210 − 228-бб.) алынды.

 Майкөт пен Бөлтірік. Айтыс XIX ғасырдың 70-шы жылдары өткен. Сөз майда- ны Дулат-Ысты мен Албан арасындағы дауды шешуге арналған бас қосуда болған. Сөз қағысу текетіреске айналған соң ел ағаларының араласуымен тоқтатылып, айтыс аяқталмаған. Айтыс 1941 ж. Ф.Ғабитованың тапсырған нұсқасы бойынша белгілі. Куәгерлердің айтуынша, бұл айтыс Бөлтіріктің өз аузынан жазылып алынған.

 Антологияға Майкөт Сандыбайұлының «Жампоз» жинағынан (173 –175-бб.) алынды.

 Нұрым мен Қашаған. Айтыс алғаш рет Қашаған Күржіманұлының шығармаларына арналған «Топан» жинағында жарық көрді. Мәтін 1968 ж. Гурьев (Атырау) облысы, Ембі ауданында тұрған шежіреші, жыршы Қайшыбай Боқановтың айтуынан жазып алынған. Жинаушысы − И.Ұйықбаев. Айтыстың қолжазбалық екі мәтіні ОҒК қолжазба қорында сақтаулы (40 және 398-бумалар).

 Айтыстың шығу тарихы: Жас ақын Қашаған аты шулы Нұрым жыраудан бата алмақ боп үш рет барса да, кездесе алмайды. Оны естіп, Нұрым риза болып: − Жасы үлкендігімді бұлдамаймын, − деп, Қашаған ауылына өзі келеді. Қашаған ауылда болмай шығады. Ақыры, екеуі бір тойда кездеседі. Нұрым Қашағанның ақындық дарынын байқау үшін:

 − О, інім, жас күнімде естіген біраз нәрселерім бар еді, үлкейгесін естен шыға бастапты. Соны сенен сұрап алайын, − дейді.

 − Нұреке, бөтен ауылда отырмыз, Адайдың екі ақыны айтысып жатыр демей ме? – дейді Қашаған. Нұрым айтады:

− Жұрт не айтпайды, ат жүйрігі мен адам жүйрігі жүлделі жерде шаба береді.

− Сұраңыз онда, Нұреке.

 Нұрым: − Аяқ алысыңды көрейін, домбыраңды шалып қара, − дейді. − Жасы үлкен, жалы биік ағасыз, сіз бастаңыз, батаңызды алайын, − дейді Қашаған.

− Талабың таудай екен ғой, сен қаш, мен қуайын.

 − Аға, сіз қашыңыз, мен қуайын, жетсем, батаңызды бересіз, жете алмасам, өзімнен көрейін.

 Сөзді Нұрым бастайды. Қашаған Нұрым жұмбақтарының бәрін де шешеді. Ай- тыс соңында Нұрым Қашағанға риза болып: − О, шырағым, жұрт айтқыш дейтін еді, рас екен, тірлікте шылбырыңнан ешкім ұстай алмас, мына тойды сен баста, сен тұрғанда ағаң дем алғандай екен, − деп, батасын береді.

Ұсынылып отырған мәтін «Топан» жинағынан (81 − 89-бб.) алынды.

 Біржан мен Тезекбай. Замандас болған соң екеуі әр уақыт әзілдесіп, сөзбен қағысып жүреді екен. Ұсынылып отырған қағысу – соның бірі.

 Айтысты ең алғаш 1939 ж. Тезекбайдың інісі Сыздықтан жазып алған Есмағамбет Ысмайылов.

Антологияға «Біржан сал Қожағұлұлы» жинағынан (87 – 88-бб.) алынды.

 Біржан мен Шөже. Антологияға «Біржан сал Қожағұлұлы» жинағынан (86 – 87-б.) алынды.

Біржан мен Сара. Айтыс, шамамен, 1895 −1896 ж. орын алған. Ғылымда

«Біржан мен Сара» айтысының тарихилығы үлкен пікірталас тудырды. Дегенмен

М.Әуезов, т.б. көрнекті ғалымдардың зерттеу еңбектеріндегі пікірлер ескеріліп және Әріп Тәңірбергеновтің қатыстылығы деген мәселеде: «көптеген дәлелдеулер Әріптің Біржан мен Сара арасындағы болған айтысты елеулі өңдеуден өткізіп, толықтырып, көркем туындыға тән оқиғалы дүние жасағандығын көрсете алады... Әріп шығарған айтыстың негізгі сұлбасы, Біржан мен Сараның айтқан кей өлең шумақтары еш өзгеріссіз айтысқа енген, автор өзгертуді жөн деп таппаған» (Саңлақ Сара. Астана, 2012, 274, 282-б.), − деген тұжырым жасалды. Алғаш рет «Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны» деген атпен 1898 ж. Қазан қаласында басылып, кейін бірнеше рет қайта жарық көрген.

Антологияға «Саңлақ Сара» жинағынан (67−98-бб.) алынды.

 Сара мен Төребай. Айтыс қай жылы болғаны белгісіз. Оны ел аузынан жа- зып алған Е.Ақжолтаев. Ол Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газетіне 1976 жылы қазанның 14-күні «Төребай Есқожаұлының мұрасы» атты мақаласын және айтыстың ел аузынан өзі жазып алған мәтінін жариялаған. Ол кейінгі жинақтарға («Тордағы тоты», «Саңлақ Сара») содан алынып қосылған. Ұсынылып отырған мәтін «Саңлақ Сара» жинағы бойынша берілді.

 Кемпірбай мен Жәмшібай. Айтыстың нақты қай жылы болғаны белгісіз. «Ай- тыс» жинақтарында (1965, 1988) М.-Ж.Көпейұлының ОҒК қолжазба қорында сақталған қолжазбалары бойынша берілген. Антологияға соңғы басылым бойынша (2-том, 1988, 336 − 337-бб.) берілді.

 Қожабай мен Құлтума. Айтыс 1884 ж. Атбасар ауданында болған. ӘӨИ қолжазба қорында Болман Қожабайұлының өзі тапсырған нұсқа (616-бума, 1-д.) сақтаулы. Бұдан басқа «Жыр тұйғыны» атты жинақта жарияланған. Мәден Болма- нов пен Болман Қожабайұлының тапсырған айтыс мәтіндеріндегі айырмашылық, негізінен, көлемінде. Оның алғашқысында –278, ал кейінгісінде – 311 жол, яғни айтыстың кейбір бөліктері түсіп қалған және жекелеген сөздер өзгертілген. Қағазға ертерек түскені және мәліметтердің толықтығы ескеріліп, «Бізге де сөйлер кез келді...» жинағына Болман Қожабайұлы тапсырған нұсқа (9 − 18-бб.) берілген. Антологияға да осы нұсқа ұсынылды.

 Қожабай мен Есенбай. Айтыс, шамамен, 1905 ж. болған. ӘӨИ қолжазба қорында Б.Қожабайұлы тапсырған нұсқа (616-бума, 2-д.) сақтаулы. Осы қолжазбада:

«Атбасардың базарында Есенбай ақын көпшілікке өлең айтып отыр екен. Есен- бай ақынның орта жасқа келген кезі. Руы Қарауыл екен. Найман Қожабай ақын да осы жиынға барған екен. Қожабайдың жиырма бес жастағы кезі екен. Өлең ай- тып отырған Есенбайды сырт адамдардан сұрап алып, Қожабай домбырасын қолға алып, Есенбай ақынға өлеңді қоя берген екен», − деп жазылған.

 Т.Құлманұлының құрастыруымен шыққан «Жыр тұйғыны» жинағында кейбір маңызды бөліктер, атап айтқанда, Абай Құнанбайұлының төрелігі берілмегендіктен,

«Бізге де сөйлер кез келді...» жинағына Болман Қожабайұлы тапсырған осы нұсқа (18−22-бб.) берілген. Антологияға ұсынуда да осы жағдай басшылыққа алынды.

 Бұдабай мен Қарлығаш. Айтыстың дәл қай жылы болғаны белгісіз. Айтыс Шиелі қыстағының тұрғыны Мұсаұлы Мырзатайдан 1985 ж. жазылып алынған. Алғаш рет «Сырдария кітапханасы» сериясы бойынша 2009 ж. жарық көрген. Антологияға ақынның «Көңіл» жинағынан (39−46-бб.) алынды.

 Бұдабай мен Айсұлу. Айтыс Шиелі ауданындағы Жиделіарық деген қыстақ тұрғыны, мұғалім Ерқара Жолдасовтан 1990 ж. жазылып алынған. Алғаш рет «Сыр- дария кітапханасы» сериясымен жарық көрді. Ұсынылып отырған мәтін ақынның

«Көңіл» атты жинағынан (47-б.) алынды.

 Мұрат пен Жылқышы. Бұл айтыс 1860 жылы қыста болған. Қаратоқай- Берішпен көршілес отырған Есентемір руының белді адамы Қоқан деген кісінің үйіне Ысық руының сол кездегі айтулы ақыны Жылқышы келеді. Ауылға ақын кел- ген соң елдің салты бойынша Қоқан:

 − Ақындарды айтыстырып, тамашалайық, айтыстыратын ақыны болса, алып келсін, − деп, Беріш руына хабар салады.

 Ол кезде Беріштің бетке ұстап жүрген ақыны Мұраттың ағасы – Матай. Беріштер бармай қалуды ар көріп: «Барамыз», − деп, хабар береді. Бірақ барамыз деп жүргенде, үш-төрт күн өтіп кетеді. Кідірістің мәні: «Жүреміз», – деп жатқанда, тұла бойын ақындық кернеп, шыдай алмай жүрген Мұрат алқалы топқа түскісі келіп, ақсақалдарға барып:

 − Біздің Матай ақын болғанмен, жүрексіз, жөндеп айтыса алмайды, атаққа кір келуі мүмкін. Есекем (атақты Есет би) жөн-жосықты түсіндіріп, жол көрсетіп берсе, тәуекел, мен айтысар едім, − дейді.

 Ел жиылып, Есетке барады. Есет мұны мақұл көріп, Мұратты шақырып алып, жөн сілтейді. Әр рудың ата жігін ажыратып, екі жақтың да өткен-кеткендерін, тілге тиек болатын жандардың бәрін саралап, даралап, айтып береді. Мұрат бәрін түйіп алады.

 − Ел аузында Беріш некесіз күңнің баласы деген сөз бар, бұған не деп жауап беремін? − деп сұрайды Мұрат.

 − Ол – біреуді мұқатып, біреуді кемсіту үшін айтылып жүрген пәтуәсіз әңгімелердің бірі. Беріштің анасы – Айса деген кісі, Орта жүз Құба бидің қызы. Әңгіме теріс қозғалып, қыңыр тартып бара жатса, Ысықтың бір тарауы, Жылқышының арғы атасы Сейтек деген бар. Сол Сейтектің анасы аттың бәйгесіне келген күң екен деген бар, сен соны айт. Жылқышы сені жеңу үшін Байұлына қосылатын үш Сыйықтың бетке шығарын айтар, ағамыз дер, баймыз деп мақтанар, сен Сыйыққа қосылмайтындардың атаққа шыққандарын, елдің арын арлап, халықтың қамын ой- лап, қамал бұзған батырларын айт, − деп, ақыл береді.

Осылайша қамданып, Қоқан ауылына келсе:

 − Беріштер қорқып, айтысуға келмей қалды,−деп, Жылқышы ауылына кетіп қалыпты. Қоқан қайтадан хабар беріп, Жылқышы келгенше беріштер сол ауылда үш күн жатып қалыпты. Мұраттың Жылқышыға: «Жиылып үш күн сені іздеп жүрдік»,

– дейтіні сол. Жылқышы да жиырма шақты адаммен келген. Ертеңіне айтыс ба- сталады, айтысты жас та болса, бірден Мұрат бастайды. Бұл – Мұрат ақынның 17 жасында алқалы топқа түскен алғашқы айтысы.

 Ұсынылып отырған нұсқа Б.Қорқытовтың әкесі Ыбыраш қарттың қолжазбасы негізінде дайындап, жариялатқан «Мұрат» жинағынан (23–32-бб.) алынды.

 Мұрат пен Жантолы. Айтыстың нақты жылы белгісіз болса да, екі ақынның да жас кезінде болған. Сөз сайысының шығу тарихы: Мұрат пен Жантолы жас күндерінен бастап бір-бірімен әзілдесіп айтысып, жеңісе алмай жүрген, бір-біріне ашық айта алмағанмен, іштей пікірлес адамдар екен.

 Мұрат бірде жолаушылап кетіп, елге оралғанда Жантолының ұзатылып кеткенін естіп, іздеп барып, айтысады. Жантолының өз бойынан мін таба алмайтынын білетін Мұрат оның тиген күйеуінің бала кезде кішкентай бұзаутаз болып, орны қалып қойғанын естіп, соны тілге тиек етеді. Оның үстіне Жантолының күйеуі әзілге түсінбейтін, жөн- жосықты біліңкіремейтін, қатар көрмеген, алқалы топқа кірмеген томырықтау екен. Мұрат осыларын айтып, Жантолыны амалсыздан сөзден сүріндірген.

 Бұл айтыс 1942 ж. «Айтыс» жинағында жарық көрген. Бұрын Жантелі деп жазылған. Бірақ Б.Қорқытовтың әкесі Ыбыраш қарттың қолжазбасына сүйеніп, Жантолы деп беруді жөн көрдік. Ұсынылып отырған мәтін «Мұрат» жинағынан (38−43-бб.) алынды.

 Мұрат пен Тыныштық. Бұл айтыс Атырау облысындағы Қызылқоға ауданының жерінде болған. Бірде Мұрат Шеркеш руының қыз ұзату тойына шақырылады. Ертеңіне ақсақалдар арасында тойбастар жолдықты кімге береміз деген әңгіме бо- лады.

Бір топ:

 − Өзіміздің Тыныштық апамыз тұрғанда, басқа кім бастайтын еді, − дейді. Екінші топ:

 − Тойға Беріш-Мұрат ақын келіпті, қонақ қой, жолды соған берейік, − дейді. Алғашқы топ:

 − Берішке той бастатып, не көрініпті, өзіміз бастаймыз, − деп өреусиді. Соңғы топ:

 − Көршілес отырған ауыл ғой, алакөз болмалық, әйтпесе, Тыныштық пен Мұратты айтыстыралық, бұл да тойдың қызығы ғой, қай жеңгені той бастасын, − дейді.

 Ақырында, ақсақалдар осы келісімге келеді де, сонымен айтыс басталған. Ал- дымен Мұрат сөйлеген. Сонда Тыныштық жауап қата алмайды, Мұрат жүлдесін алып, той бастайды.

Бұл айтыс 1942 ж. «Айтыс» кітабында жарияланған.

 Антологияға Б.Қорқытовтың әкесі Ыбыраш қарттың қолжазбасы негізінде дай- ындап, жариялатқан «Мұрат» жинағынан (45–54-бб.) алынды.

 Мұрат пен Жаскелең. Айтыс 1868 ж. болған. Көкжардың базарын аяқтап, Кете ауылдарының үстімен елге қайтып келе жатып, Мұрат бір байдың қыз ұзатып жатқан алқалы тойына тап болады да, реті келсе, той бастағысы келіп, аялдайды. Бірақ ол арада Мұратты танитын ешкім болмайды. Ертеңіне ауыл сыртына халық жиналып, абыр-сабыр болып жатқанда:

− Тойды кім бастайды? − деген дауыс шығады.

Жұрт тына қалады. Сонда ауылдың бір ақсақалы тұрып:

 − Тойды кім бастайды деп не сұрайтыны бар, тойды Әлім бастай-тұғын, Жетіру қостай-тұғын, бар болса, Байұлы олжа ала-тұғын, қазақтан Жаскелеңдей жүйрік туды деймісің, Жаскелең бастайды-дағы, − дейді.

Сонда Мұрат ұшып тұрып, ортаға шығып:

 − О, ағайын, құдайы қонақпын, Байұлымын, жол − менікі, берсең, Байұлының жолдығына бастаймын, бермесең, Жаскелең дегенің қайсы, сонымен айтысып, жеңіп бастаймын, − дейді.

Тойбастар жолдық үстіне ақ шапан жапқан көк бие екен. Сонда Жаскелең тұрып:

 − Өзім-өз болғалы айтысамын деп, алдыма адам баласы келген жоқ еді, не өлеңіңнің көптігіне сеніп келген бала боларсың, не жарлығың басып, бетіңнің арсыздығы жеңіп келген бала боларсың, жылқыға зәру ел ме едің, ― деп, бастай жөнелген.

 Ел аузындағы ескі сөзге, шежіреге олақтау Жаскелең жауап қайтара алмай- ды. Содан Мұрат той бастап, жолдығын алып, сол тойда жүрген Байұлымын деп жүргендердің біреуіне шапанды, біреуіне биені беріп кеткен.

Антологияға «Мұрат» жинағынан (54–60-бб. ) алынды.

 Бала Ораз бен Мұрат. Айтыстың нақты қай жылы болғанын анықтауда талас бар. Б.Қорқытов –1863, Қ.Сыдиықұлы мен Ш.Керім әуелі 1863, кейінгі еңбектерінде 1873 ж. деп көрсеткен. Ал, Бала Ораздың мұрасын зерттеуші А.Әміржанұлы бұл айтысты 1875 жылы болған деп есептейді. Айтыстың орын алу жағдайы: қазіргі Ақтөбе облысында Ойыл деген аудан ертеректе Көкжар деп аталған. Сол Көкжарда жылма-жыл базар болған. 1862 жылы Қаратоқай-Беріш Бәшен байдың баласы Ал- даберген мырза сол базарға бара жатып:

 − Осы базарға таздың ақыны Ораз келіп қалуы мүмкін, сені сонымен айтысты- рамын, − деп, жолшыбай Мұратты ала кетеді.

 Бірақ бұл жолы Ораз келмей қалып, кездесе алмайды. Келесі жылы күзде Гу- рьевте (Атырау) де базар болған. Осы базарға келген Мұрат шай ішейін деп, үй қарастырып келе жатса, бір үйдің тұсына келгенде айтылып жатқан ән естіледі. Сыртта ойнап жүрген балалардан Мұрат:

 − Бұл үйде кімдер бар, өлең айтып отырған кім? − деп сұрайды. Бала да жөн- жосықты білетін бала болуы керек: − Үйде Таздың Қосымбай, Дүйсәлі деген әкім- билері және басқа да адамдар бар, өлең айтып отырған Ораз деген ақын, − дейді.

 Көктен іздегені жерден табылғандай, Мұрат үйге кіріп келеді. Амандасайын деп төрде отырғандарға көз салса, Қосымбай мен Дүйсәліден басқа сол кездегі Есбол болысының управителі Себек-Беріш Қоныс Әлжанов, сол болысқа қарасты

№6-ауылдың старшинасы Есен-Беріш Шәкілік Әлмәмбетов, Гурьев оязының жәрдемшісі, Шарға-Таздың ішінде Күңбас деген аталығынан шығатын Досжан отыр екен. Ораз бен Мұрат бұрын кездеспеген, бірін-бірі танымайды. Жас жағына келгенде, Ораз – Мұраттан үлкен. Ораздың қасында отырған, Мұратты танитын біреу Оразға: − Былтыр сізді Көкжардың базарына айтысамын деп, іздеп барған Қаратоқай-Беріш Мұрат деген ақын осы, − дейді. Сол бойда Ораз айтып отырған өлеңін қоя салып, Мұратқа амандасуға дес берместен тап береді.

Айтыста Мұрат өздерін мақтағанға мәз болып, Қосымбай мен Дүйсәлінің біреуі:

 − Мұрат дұрыс айтады, біздің Ораз осы күні жаңылып жүр ғой, − деп, пәтуа беріп, Оразды айттырмай тастаған. Мұрат жеңді деп, жол берген. Бұл Б.Қорқытовтың жазғаны бойынша, дегенмен «Айтысты аяқтатпады» деген ойды алға тартып, соңғы кезде бұл пікірге қарсылық танытушы да бар. Әйтсе де, Бала Ораздың шығармаларына арналған жинақтарда екі ақынның сөз алуы бір ретпен ғана шектелген. Сондықтан айтыстың кезекпе-кезек сөз алу ерекшелігі Ыбы- раш Қорқытовтың қолжазбасында толықтау сақталған деген оймен, антологияға

«Мұрат» жинағынан (32–38-бб.) алынды.

 Б.Қорқытов: «Бұл сөзді 1925 жылы Жалғансайда Шомажан деген кісіден ауыз- ба-ауыз естідім, − деп жазыпты әкем естелігінде. − Шомажан сол айтыстың ішінде бірге болған. Шомажанның баласы Шәлік (Шәкілік)1925 жылы Жалғансайда ауылдық кеңестің төрағасы болды, сол үйге барып отырғанда есіттім», − деп жазған.

 Құлманбет пен Бала Ораз. Айтыс 1877 ж. шамасында Атырау обл., Мұқыр дейтін жерде болған. Айтыстың орын алу тарихы: Жиенбет болыс үш қызын бірдей ұзатып, Байұлы, Әлімұлы, Жетіру елдеріне әйгілі той жасайды. Үлкен қыздың тойбастарын – Қашаған, ортаншы қыздың тойбастарын – Бала Ораз, кіші қыздың тойбастарын Қоспақ ақын толғайды. Содан «Жолыма қол сұқтың» деп, Құлманбет өкпелі жүреді. Айтыстың тууына осы жай себеп болған.

 Тұңғыш рет «Ақберен» жинағында (1972, 77 − 88-б.) жарияланды. Оны ғалым Қ. Сыдиықұлы 1965 ж. С.Смағұловтан жазып алған. Кейін мұның толықтырылған түрін Қ.Сыдиықұлы «Бала Ораз Өтебайұлы» атты жинағында (1997) жариялады. Бұл айтыс «Жем жыры» жинағында шықты.

 Алғашқы басылым мен кейінгі жарық көргенінде мәтіннің негізі бір, тек арасы- на жолдар қосылғаны анықталды. Сондықтан кейінгі буын ақындардың «араласуы» мүмкін, дегенмен толық нұсқа ретінде ұсынуды жөн көрдік. Антологияға «Бәйгелі жерде жүлде алған» жинағынан (8 −18-бб.) алынды.

 Бала Ораз бен Алма қыз. Айтыс 1854 ж. болған. Антологияға «Бәйгелі жерде жүлде алған» жинағынан (19 −20-бб.) алынды.

 Бала Ораз бен Тама Досжан. Айтыстың қай жылы болғаны туралы мәлімет сақталмаған. Бірақ «Бесарал деген жердегі бір қызойнақта Бала Ораз бен Досжан кездесіп, қағысады. Оны Досжан бастайды», – деп аңыздалады.

 Бұл айтыстың үзіндісі алғаш рет «Бала Ораз Өтебайұлы. Айтыстар мен жыр- лар» атты кітапшада (құраст.: Ә.Қосанов 33-б.) жарияланған. Кейін осы үзінді біраз жинақтарға енген. Айтыстың толық мәтіні «Қарабура» кітабында жарық көрді, осы басылым «Бала Ораз Өтебайұлының «Бәйгелі жерде жүлде алған» атты жинағын (27 −28-бб.) дайындауда да басшылыққа алынған. Ұсынылып отырған мәтін осы соңғы басылым бойынша берілді.

 *«Байұлыда Таздай қор елді көргенім жоқ, Сиырдың ұран еткен башпайын- ай» дегені – Таз руының ұраны – «Бақай», Досжан осыны айтып, сөзді «ойнату» тәсілін қолданған.

 *«Орысқа орын таппай шабамын деп, Жосадай қылған жоқ па бөтеніңді?!» деген жолдардың шығуына байланысты себеп бар. «Қызыл қалаға» (XIX ғ. Жы- лыой жерінде болған патшалық бекініс – Төменгі ембілік бекіністің халық қойған атауы) шабуылдан соң Батыр Өтен Ақтоғайұлы алаңсыз келе жатқанда опасыз оқтан жараланған, Досжан ақын осыны меңзеген. Бұрынғы жинақтарда батыр аңшы орысқа ұрынып, содан өлді деп айтылған қате тұжырым орын алған.

 Бала Ораз бен Жібек. Айтыс, шамамен, 1856 ж. болған. Сөз сайысының орын алу жағдайы: Бала Ораз ел шонжарларының әділетсіз қуғын-сүргінге ұшырап, одан Орынбордан аман-есен оралып, келе жатқанда Қарағаш елді мекенінде Жетіру ішіндегі Табын руының байлары Әбіт пен Рабай дегендердің қонысына тап болады. Жолдасы екеуі сол маңда Жібек бастаған екі пәуескелі қыздарды көріп, өлеңмен тіл қағысады. Үлкен айтыс осыдан басталып кетеді. Бұл кезде Бала Ораз – 19, ал Жібек қыз 25 жаста екен.

 Тұңғыш рет 1936 ж. «Әдебиет майданы» журналының 3-санында жарық көрді. ОҒК және М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ қолжазба қорларында бұл айтыстың бірнеше версиялары сақталған. «Айтыс» жинағына (2-том, 1988) енген, «Жем жыры» жинағында бұл басылымдағы кейбір ағат тұстары аталған.

Антологияға «Бәйгелі жерде жүлде алған» жинағынан (30 −50-бб.) алынды.

 Бала Ораз бен Тәбия. Айтыс, шамамен, 1857−1858 ж. болған. «Айтыс» жинағында (1965, 390-391-бб.) «Қыдырбай мен Тәбия» деген атаумен 10 шумақ берілген. Кейін бұл айтыс 1988 ж. «Айтыс» жинағына да жарияланды. Айтыстың мәтінін ӘӨИ қолжазба қорына Мұрат Мөңкеұлының баласы Дәулетқали Мұратов тапсырған. Алайда, Бала Ораздың шығармашылығын зерттеуші, тарихшы, өлкетанушы А.Әміржанұлы Мүлік Дүйсеновадан естіп-білген соң, бұл айтыс Бала Ораздікі деген тұжырым жасады. Соңғы зерттеулердің нәтижесі ретінде антологияға Бала Ораз Өтебайұлының «Бәйгелі жерде жүлде алған» атты жинағынан (51 −53- бб.) алынды.

 Ақан сері мен Әділ. Айтыстың дәл қай жылы болғаны белгісіз. Алғаш рет «Ай- тыс» жинағында (1988, 2-том, 276-277-бб.) «Әділ мен Ақан сері» деген тақырыппен жарық көрген. Бұл мәтін 1941 ж. Фатима Ғабитова тапсырған қолжазба арқылы белгілі. Ол ОҒК қолжазба қорындағы 249-бумада сақтаулы.

Антологияға «Ақан сері Қорамсаұлы» атты жинақтан (224-226-бб.) алынды.

 Ақан мен Мұқан. Бұл айтыстың да екі түрі бар, антологияға екіншісі «Ақан сері Қорамсаұлы» жинағынан (230 –231-бб.) алынды.

 Бұралқы мен Орал қыз. Айтыс нақты қай жылы болғаны белгісіз. Дегенмен Бұралқы ақын кеңестік кезеңге дейінгі, яғни 1917 ж. 39 жаста екенін ескеріп, осы томға қостық.

 Алғаш рет 1965 ж. «Айтыс» жинағына шыққан. Қолжазбасы ОҒК қолжазба қорында 32 бумада сақтаулы.

 Кейін 1988 ж. «Айтыста» жарияланды. Осы басылымда айтыстың соңы төбелеспен аяқталғаны туралы жазылған. Бұл жинақта мәтін 94 жол, ал «Қарабура» жинағында – 128 жол. Екі басылымдағы айтыстың негізі бір, бірақ мәтіннің толықтығын ескеріп, антологияға «Қарабура» жинағынан (521 –525-бб.) алынды.

СӨЗДІК

Азбан – бұрын үйірге, күйекке, келеге түсіп, кейіннен кестірілген еркек мал.

 Айыл – ер-тоқым ауып кетпес үшін малдың бауырын, шабын орап тартатын жалпақ қайыс.

Алаша – ел, халық деген мағынада.

Аршы ағланы – ғарыш әлемі.

Әптиек – әліпби мен абжадтан кейінгі діни оқу, Құранның жетіден бір бөлігі.

Әтегі сынған – қол-аяғын бауырына алған, босанған.

 Барады Тастемірің құнсыз кетіп... – ел аузында Ысықтың Тастемір деген бір азаматын Есен-Беріштің жігіттері өлтіріп, құн бермей кетіпті деген әңгіме бар.

 Берен – қымбат, асыл мата; нағыз болат; ұңғысы ұзын шиті мылтық; пышақ сияқты қару, қанжар.

Бөз – мақтадан тоқылатын, жұқа, арзан ақ мата.

Бөлдерке – байдарка /о/– кішкене қайық.

Бура – келеге түсетін еркек түйе.

Бұлант – жерді план етіп (жоспарлап рұқсатпен) алу.

Ғазазіл /а/ – әзәзіл, азғырушы, арбаушы.

 Ғарасат – діни ұғым бойынша, қайта тірілген адамдардың о дүниеде жинала- тын орны.

Дабыспаз – даусы қатты, атағы жер жару.

Датқа /т/ − әкім деңгейіндегі лауазым иесі.

Дәсер – бәлсіну, әлдеқандай болу, масаттану, шаттану.

Дегдар – таза, текті.

Домбал − шоқпар.

Дуан – бір уездік көлемдегі ауқымдық бекініс; аймақ.

Жәмшік /о/ – ямщик. Жылу – жәрдем, көмек. Зәнталақ /п/ − анайы сөз.

Зиярат /а/ – арнайы бару, тәу ету. Кәріп – мүсәпір, бейшара, сорлы, ғаріп. Кепәрат /а/ – менсінбеу, кесірлену.

Көкпек – аласа боп өсетін, дәмі ащы, қатты шөп.

Көтерем – арық.

Күшіген – бүркіт тұқымдас жыртқыш қара құс.

Қап тауы – Кавказ тауы.

Қауыс – қараша.

Қоян – ескіше жыл қайырудағы атау.

 Қырық таңбалы Қырым – ежелгі Қырымда көп халықтың мекендегенін тұспалдау.

Махшар /а/ − өлген кісіден жауап алатын күн; қиямет.

 Мүрид, мюрид /а/ – ерікті ізбасар, шәкірт. Мүрид деп бауырластыққа, не бол- маса, кәсіп бірлестігіне мүше болар алдында мамандық және рухани жетілудің алғашқы (төменгі) сатысында дайындықта жүрген адамды атаған. Ол сопы дегенді де, қатардағы мұсылман деген ұғымды да білдіре береді. Дегенмен көп жағдайда

«молданың шәкірті» деген қабылдау кеңірек қолданылған.

Мышырап /а/ − әулие, сәуегей.

Нам /т/ − атақ, даңқ.

 Он таңбалы Орым – Қазақ хандығынан бұрын өмір сүрген, қазақтың ру бірлестігінен құрылған кезді тұспалдау.

Пайтақ /т/ − астана, орда.

Пәңгі /т/ − апиыншы, көкнаршы, нашақор.

Подписка /о/ − қолхат.

Пөлкендік /о/ − полковник.

Правитель /о/ − патшаның жергілікті әкімдері.

Раһар /а/ суы – қасиетті, зәмзәм суы. Сахаба /а/ – пайғамбардың сарбаздары. Сәуірік – үйірге түсе қоймаған жас айғыр.

Сейілхан – қазақтар сегіз санды Сейілхан деп түрікпендерді атаған.

Сират /а/ − ислам дінінде айтылатын қылкөпір.

Сойы – тұқым, тегі.

Сухар /о/ − қатып қалған нан.

Томаға – бүркітке кигізілетін былғары көзқап.

Төрт шар – төрт шарияр – әйгілі төрт халифа.

 Уайскі − войск /о/ – патшалы Ресей дәуірінде қаланың сыртында атты әскерлердің жылына бір рет ат ойнату, ат қарғыту, қылыштасу, ат үстінен шауып келе жатып тал шабу сияқты жаттығу ойындары өткен, сонымен қатар базар өткізу, т.с.с. шаралар өтетін болған, оны қазақтар уайскі базары деп атаған.

Ұлу – ескіше жыл қайырудағы атау.

Шайла – киіз үйге жалғастырыла құрылған үйшік.

Шәйір – бураның ені.

 Шемен – ішке су толып кететін сырқаттың атауы: бұл арада: іші бос, түк пайда- сы жоқ деген мағынада.

Шепік – әйелдер киетін жұқа етік, мәсі.

Шоң /қырғ./ − үлкен.

Шыли /жерг. сөз/ − ылғи.

 Ысқат – шариғат заңы бойынша, өлген адамның тіршілігінде жасаған күнәсін кешу үшін оның ең жақын туыстарынан ақшалай, заттай алынатын салық; підия.

ТАРИХИ ЕСІМДЕР

 Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (29 шілде (10 тамыз) 1845, қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд. Қасқабұлақ жайлауы – 23 маусым (6 шілде), 1904, сонда, Балашақпақ жайлауы, бейіті Жидебайда) – ұлы ақын, философ, ағартушы, компо- зитор.

Абат (XIX ғ.) – Кіші жүздегі Ысық руынан шыққан ғұлама, ақын.

 Абылай хан Әбілмансұр (1711/1713 −23.05.1781, Оңт. Қазақстан обл., Арыс жағасы) – ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі – Жошы хан, бергі бабалары: Қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, Еңсегей бойлы Ер Есімхан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.

 Ағатай – Кіші жүздегі Беріш руынан шыққан атақты батыр, есімі ұранға айналған. Беріштен Байсейіт – Қитас – Жайық – Наурыз – Тілеуке – Ағатай.

 Ағыбай (XIX ғ.) − Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтеріліс кезінде ерекше ерлік көрсеткен халық батыры.

Ақкөбік (XVIII ғ.) − ойрат, қалмақ батыры.

Алдар – Жайық-Беріш руынан шыққан би, Сырымның ұстазы.

 Алтынсары –қазақтың алғашқы ағартушыларының бірі Ыбырай Алтынсариннің әкесі.

Амантай – атақты батыр Адай Сүйінқара Үргешбайұлының арғы атасы.

Айса – Құба бидің қызы, Беріштің анасы.

Атақозы – Адай руының батыры.

 Атымтай жомарт (шамамен VI ғ.) – Шығыстың фольклорында кездесетін кейіпкер, өзінің қайырымдылығы мен жомарттығына сай аты жайылған. Түп- төркіні тай тайпасының ақыны Хатим ибн Абдаллаһқа (Хатим-тай) тіреледі.

Әбіт бай (XIX ғ.) − Жетірудың атақты байы, билік ұстаған азаматтың бірі.

 Әжібай Найманбайұлы (1699 −1779) – Ұлы жүздегі Албан руынан шыққан батыр, есімі ұранға айналған. Дулат Өтеген батырмен бірге Жетісу жерін жоңғар шапқыншылығынан азат етуге атсалысқан.

 Әзірет Әлі − Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы, ислам дініндегі әділ халифалардың төртіншісі, аты аңызға айналған батыр. Әзірет Әлі қазақтардың ис- лам дінін қабылдауымен батырлардың қолдаушы киелі піріне айналған.

 Байзақ, Байұзақ Мәмбетұлы (1789, Тараз −1864, Шымкент) – Қазақстанның оңтүстік өңірінде Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушы батыр, Тараз қаласында елді отырықшыландыруға көп күш жұмсаған. Руы – Ұлы жүз, Дулат.

 Батыраш Әбутәліп – Мұхаммед (с.ғ.с.) әкесі Абдуллаһ ол дүниеге келме- стен бұрын қайтыс болған. Атасы Әбдімүтәліп немересінің аты көкте де, жерде де мақтаулы болсын деп Мұхаммед (с.ғ.с.) деп қойған. Арабтарда бұрын-соңды мұндай есім болмаған екен.

 Кішкентай Мұхаммедті (с.ғ.с.) анасы Әмина күйеуінің қабіріне зиярат етуге және Мәдина шаһарында тұратын төркіні Бәни Нәжжар әулетін көріп қайту үшін сапарға шыққан, қайтар жолда ол кенеттен қатты науқастанып, көп ұзамай, көз жұмған.

 Жетім қалған Мұхаммедті атасы Әбдімүтәліп бауырына басады. Бірақ ол ара- да екі жыл өткен соң дүниеден озады. Осыдан кейін пайғамбарды сегіз жасында көкесі, әкесі Абдуллаһтың туған бауыры Әбутәліп бауырына басқан.

Баутиын, Жаутиын – Жаскелеңнің арғы аталарының аттары.

 Бәйдібек – Жетісудағы Сарыүйсін, Ошақты, Шапырашты, Ысты, Албан, Суан, Дулаттың бабалары. Үйсіннен Ақсақал (Абақ), одан Қараша би, одан Бәйдібек та- райды.

Бәйтік – қырғыз манабы.

 Бекет Серкебайұлы (т.ж.?– қ.б.ж.?) – Есет Көтібарұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісіне 1855 − 1858 ж. қатысқан батыр. Ресей отаршылдарына қолдау көрсеткен Арыстан төрені өлтіруге қатысқан.

 Бәленей (XIX ғ.) – Кіші жүздегі Шеркеш руының Қаракемпір аталығынан шыққан.

 Ғайса, Иса (б.з.30 ж.) – Құран Кәрімде оның Мәриямның баласы екені, оған Інжіл берілгені және Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың келетіні туралы жайлы ха- бар айтқаны және Алланың құлы екені айқын айтылған. Құран Кәрімде ең үлкен бес пайғамбардың бірі ретінде 15 сүренің 93 аятында Исаның есімі немесе сипаты аталған.

 Ғалы, Әли, Әли ибн Әбу Тәліп – әділ халифтердің төртіншісі және соңғысы. Шын аты-жөні – Әбу-л-Хасан әл-Мұртада. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) немере інісі әрі күйеу баласы, қызы Фатиманың күйеуі.

656 ж. Осман өлтірілгеннен кейін халиф болып жарияланды.

 Тарихта Әли ибн Әбу Тәліп сунниттер үшін қарапайым пенде, батылдықтың, қайырымдылықтың өнегесі ретінде қалса, шииттер үшін ол − Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) тікелей мирасқоры, оның Алламен байланысын жалғастырушы. Кейбір шииттік секталарда Әли ибн Әбу Тәліпті Құдай мәнді адам деп біледі. Қазақтар арасында Әли ибн Әбу Тәліп есімі әділ халиф ретінде «Әзірет Әлі» (Хазірет Әлі) аталып, үлкен құрмет білдіріледі.

Дәметкен – Тезек төренің зорлықпен тартып алған екінші әйелі.

 Домалақ ене, Нұрила (1378, Түркістан қаласы – 28.5.1456, Қаратау, Балабөген өзенінің жағасы) – би әрі батыр Бәйдібектің кіші тоқалы, Ұлы жүзде әулие, көріпкел атанған. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі, әкесі − Әли Сылан, шешесі − Нұрбике.

 Жанайдар − Арғын руының Алтай аталығынан шыққан батыр әрі би, бірнеше жыл болыс болған.

Жаңабай (XIX ғ.) – Кіші жүздегі Шеркеш руынан шыққан батыр.

 Жантөре Айшуақұлы (1759 – 2.11.1809) – мемлекет қайраткері, дипломат, Кіші жүз ханы (1805 – 1809). Ресейдің қазақ жеріне ықпалын тежеу саясатын ұстанған.

Жарықшақ – Бәйдібектің кіші тоқалы Домалақ енеден туған.

 Жәңгір – Бөкей ханның ұлы (1801– 9.06.1845) – Бөкей ордасының ханы (1821/23 – 1845), әкесі қайтыс болған соң мұрагерлік Жәңгірге берілген, бірақ ол

жас болғандықтан, ер жеткенге дейін ордадағы билік Бөкей ханның інісі Шығай сұлтанға тапсырылған. Жәңгір хан тұсында Бөкей ордасында басқарудың жаңа жүйесі енгізіліп, хандық билер басқарған 12 әкімшілік орталыққа бөлінді. Билер мен хан өкілдері кеңесі, тархандар институты қайта құрылды. Бірақ Бөкей ордасында қалыптасқан күрделі экономикалық және саяси жағдай Исатай Тайманов пен Махам- бет Өтемісов бастаған халық қозғалысын туғызды (1836 – 1837). Жәңгір қозғалысты басуға басшылық етіп, Ресей әскерінің күшімен көтерілісшілер жазаланды.

Жиембет (XVII ғ.) – қазақтың атақты жырауы, батыры, руы – Кіші жүздегі Тана.

 Жиенқұл Байтулақұлы (XIX ғ.) – Кіші жүздегі Таз руынан шыққан көрнекті шайыр.

 Жиренше (т. ж. ? – қ.б.ж.?) – Қазақ хандығын құрған Жәнібек хан (XV–XVI ғ.) тұсында өмір сүрген атақты шешен. Есімі түркі халықтарының арасында ақыл, парасаттың үлгісі ретінде қабылданады.

 Жолмырза – Есболайға қоңсы қонып, малын бағып, енші алып, соңынан өздері бай болған.

 Едігенің жеті ұлы – әйгілі Едіге бидің үрім-бұтағын таратуда екі нұсқа бар. «Қырымның қырық батырын» эпикалық дәстүрмен жырлаған Мұрын Сеңгірбекұлының баяндауынша берілген тізбекте фольклорға тән тұтастану құбылысы орын алған. Ал, бұдан басқа шежірелік мәліметтер бойынша: Нұрадин, Қасым, Сайдалы, Мансұр, Мұса, Жаңбыршы аталады. Сондықтан қазақтың жеті атаға дейін тарқататын дәстүрін айтыс ақыны да қолданған деп қабылдауға болады. Немесе фольклорлық сан ретінде «жеті ұл» деген қолданыс та орын алуы әбден мүмкін.

 Есболай – Кіші жүздегі Қаратоқай-Беріш, өте ауқатты бай болған адам, Итемген батырдың әкесі.

 Есенбақ Дауылұлы (1790 −1860) – Кіші жүздегі Таз руынан шыққан белгілі шайыр.

 Есенгелді – Есболайға қоңсы қонып, малын бағып, енші алып, соңынан өздері бай болған.

Есенжан – Кіші жүздегі Есентемір руынан шыққан батыр.

Итемген – Қаратоқай-Беріштен шыққан батыр, Қаратоқай – Андағұл – Айболат

– Есболай − Итемген.

Шақшақ Жәнібек –Тоқал Арғын руынан шыққан атақты батыр, сардар.

 Исатай Тайманұлы (1791 − 12.7.1838) − Бөкей Ордасы мен Кіші жүздің батыс бөлігінде болған азаттық көтерілістің (1836 −1837) басшысы. Кіші жүз құрамындағы Байұлы, оның ішіндегі Беріш руынан шыққан.

Кебіс (XIX ғ.) − Кіші жүздегі Беріш руынан шыққан батыр.

Кененбай – батыр.

 Кенесары Қасымұлы (1802, Көкшетау өңірі − 1847, Қырғызстан, Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік-Сеңгір аңғары) – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының (1837 − 1847 ж.) көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841 − 1847). Шыңғыс ханның 27-ші ұрпағы, Абылай ханның немересі.

 Кеспелік, Түрмелік – Мәукенің балалары (М.-Ж.Көпейұлы. 6-том, 282-б.). деп қана аталған, басқа мәлімет жоқ.

Көкеш (XIX ғ.) − Кіші жүздегі Байұлынан шыққан батыр. Көктаубай (XIX ғ.) − Кіші жүздегі Есентемір руынан шыққан батыр. Қабан (XIX ғ.) − Кіші жүздегі Таз руынан шыққан ақын.

Қабекең – атақты Қабанбай жырау.

 Қазыбек – Қаз дауысты Қазыбек (1667, Сыр бойы – 1764, қазіргі Қарағанды обл., Қарқаралы ауданы, Теректі бұлағындағы қыстау) – XVII-XVIII ғ. қоғам және мемлекет қайраткері, атақты үш бидің бірі. Тегі: Орта жүз, Арғын, Қаракесек, Болатқожа.

 Қамбар – 1) қазақтың мифтік түсінігінде жылқы малының пірі, иесі. Кейбір аңыздарда Қамбар ата есімі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың күйеубаласы Әзірет Әлінің атбегі болған Ганбар есімді тарихи тұлғамен байланыстырылады. 2) «Қамбар батыр» жырының бас кейіпкері. Оның тарихилығын дәлелдеу мүмкін емес. Халық қиялынан туған батырлардың жинақты бейнесі.

Қара – Қаратоқай-Беріштен шыққан батыр, Итемгеннің баласы.

Қаратаз – халқының көптігіне орай Таз руын осылай атаған.

 Қасен, Хасан – Хасан бин Әли Мұхаммед әл-Мужтаба (669 ж. қ.б.) – Әли мен Фатиманың үлкен ұлы, Мұхаммед пайғамбардың немересі, шииттердің екінші имамы. Әли қайтыс болғаннан кейін 661 ж. Хасан отбасының үлкені ретінде, пайғамбардың алдында ерекше еңбек сіңіргені үшін Ирактың халифасы болып сай- ланды. Әлидің Иракты жақтаушы достары Хасанды сириялықтармен қайта күрес жүргізуге азғырады, алайда, ол халифа Муғаиямен келіссөз жүргізуге ұмтылады. Оны бұған қаражат мұқтаждығы итермелеген болуы мүмкін. Ақырында, Хасанның қылығы Әли үйіндегілердің екіге жарылуына әкеп соқты, бірі мұны теріс көрсе, екіншілері дұрысқа жатқызды. Алайда, шииттердің бұдан кейінгі ұрпақтары Хасанның кейінгіге мұра боларлық бейнесін жасап шығарды.

Қоршының Сүлеймені – қырғыз.

Қосай – Құдайке баласы, Адай руынан шыққан батыр.

Қуан (XIX ғ.) − Махамбет батыр бастаған ақындар тобының өкілі, жырау.

Құба би – Орта жүздің XIV −XV ғасырдағы биі, Беріштің нағашысы.

Құлшар (XIX ғ.) − Кіші жүздегі Беріш руынан шыққан батыр.

 Құсайын, Хұсайын, әл­Хусаин б. Әли Әбу Абдаллах аш­Шахид (626 − 10.10.680) – Әзірет Әлінің Фатимадан туған кіші ұлы. Ағасы әл-Хасан 669 ж. қайтыс болғаннан кейін әулеттің басшысы ретінде Куфадан Мединеге қайтып оралды.

 Махамбет Өтемісұлы (1803, Батыс Қазақстан обл. Жәнібек ауданы −20.10.1846, Атырау обл. Махамбет ауд., Қараой ауылы) – ақын, күйші, Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі, жалынды жыршысы.

 Мәмбет – Мұхаметжан Айшуақов (1816 − 1896) – Баймағамбет сұлтанның ба- ласы.

Моншақ – Таздың /ру/ анасының есімі.

 Мұса – Израиль халқына жіберілген пайғамбар, Алланың елшісі. Лауи тайпа- сынан шыққан. Б.з.б. XIII ғасырда Мысырда дүниеге келген. Оған қасиетті төрт кітаптың бірі – Тәурат түскен. Інжілде Моисей атымен аталса, Құран Кәрімде есімі ең көп аталып, өмірі туралы ғибратты хикаялар баяндалған.

 Мыңбай Құлқағаұлы (XVIII – XIX ғғ.) – Кіші жүздегі Есентемір руынан шыққан батыр, Сырым Датұлының сенімді серіктерінің бірі.

 Нарыңды – Нарынбай Шаңдыұлы (1805 −1880) –Таз руының атақты батыры, отаршылдыққа қарсы күресуші.

 Нұралы (1704 − 1790) – Кіші жүз ханы (1748− 1786), Әбілқайыр ханның бала- сы. Әкесінің орнына таққа отырды және Ресей тарапынан бекітілді.

Өмір – Кіші жүздегі Адай руынан шыққан батыр.

 Өтен Ақтоғайұлы (1816 − 1872) – Кіші жүздегі Таз руынан шыққан батыр, әулие саналған, отаршылдыққа қарсы күресуші.

Рабай (XIX ғ.) – Жетірудың шонжар байы.

 Сәрке Өмірқұлұлы (шамамен 1680 − 1724) – Сыр өңіріне белгілі батыр. Кіші жүздің Табын руынан шыққан. «Ақтабан шұбырынды» кезінде қалмаққа қарсы соғысқа қатысқан батыр, Сейіл батырдың бабасы.

Сегізек – ел ішіндегі атақты зергер.

 Соқыр төре – Төремұрат Тайлыбекұлы (1821 − 1863), Таз руынан шыққан ба- тыр, есімі ұранға айналған. Бір көзі жаудың жебесінен кеткен.

 Сырым Датұлы (1742 −1802) – Кіші жүздегі отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістің (1783−1797) көсемі, реформатор, атақты би, батыр, шешен.

Сұлтангелді (XVIII –XIX ғғ.) – Кіші жүздегі Есентемір руынан шыққан батыр.

 Сүйінқара Үргешбайұлы (1756 − 1841) – Адай руының атақты батыры, отаршылдыққа қарсы күресуші.

Саурық Ыстамбекұлы (1814, қазіргі Алматы обл. Жамбыл ауд. – 1854, сонда)

–Ұлы жүз, Шапырашты тайпасының Есқожа руынан шыққан. Қарасай батырдың алтыншы ұрпағы.

 Сұраншы Ақынбекұлы (1815, Алматы обл. Жамбыл ауд. – 1864, Оңтүстік Қазақстан обл. Сайрам қаласы) – қазақ батыры, Саурық батырдың немере інісі. Тегі: Ұлы жүз, Шапырашты, Есқожа. Аталары Қарасай батыр, Түрікпен, Мырза- бек, Кәшке ел арасына атағы шыққан шешен, батыр болған. Ш.Уәлиханов 1863 ж. 14-шілдеде К.К.Гутковскийге жолдаған хатында Сұраншы батырды: «...қазақтарды қоқандықтардың езгісінен құтқарушы» деп таныстырған.

Табылды – Қаратоқай-Беріштен шыққан батыр, Итемгеннің баласы.

Тәжіғұл (XIX ғ.) – Таз руынан шыққан ақын.

Телібай – батыр.

Темір – Адай руының батыры.

Төлек – батыр.

 Тұрлан Асауұлы (1801 − 1865) – Кіші жүздегі Шеркеш руынан шыққан атақты би, отаршылдыққа қарсы күрескен батыр.

Тілеу (XIX ғ.) − Кіші жүздегі Байұлының батыры.

Саржала – Сырым батырмен замандас, Себек-Беріштен шыққан батыр.

 Сарыбай Айдосұлы (1821 − 1864) – беделді би. Тегі: Ұлы жүз, Шапыраш- ты, Екей. Жетісу жеріндегі Қоқан билігін құлатуда ерекше көзге түскен. Жамбыл Жабаевтың аталас туысы.

 Сыланды – Бәйдібек батырдың ұлы Жәлмәмбеттің екінші әйелі. Жұпар ананың сіңлісі. Сұлу, кербезденіп жүргендіктен, жұрт «Сыланды» атап кеткен. Ысты тайпа- сы осы Сыланды анадан өрбіген. Енесі Зеріптің жанына жерленген.

 Шақшақ – Шежіре деректері бойынша, Орта жүздегі Арғын тайпасының Мо- мынынан тарайды.

 Фатима, Бибі Бәтима (635 ж. қ.б.) – мұсылман әлемінде ерекше қадір тұтатын әйел, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар мен Қадишаның қызы, Әзірет Әлінің әйелі, Ха- сан мен Хұсейіннің анасы.

Үргешбай – Адайдың атақты батыры Сүйінқараның әкесі.

 Лұд, Лұт – Ибраһим (а.с.) туысқаны һарунның ұлы. Ибраһиммен ұзақ жыл қарым-қатынаста болған. Алла Тағала Лұтты Иорданиядағы Содум қауымына пайғамбар етіп жіберген.

Аухат – пайғамбар.

РУ АТТАРЫ

 Абдал – Кіші жүз, он екі ата Байұлы тайпасындағы Таз руының негізгі үш арысының бірі.

Адай – он екі ата Байұлы бірлестігіне кіретін ру.

 «Ақпышақ» – Қаратоқай-Беріштен тарайтын Дүйсе-Құдас деген аталықты кей- де ел «Ақпышақ» деп те атайды. Бұл атаудың шығу тарихын Б.Қорқытов «Мұрат» жинағында баяндаған.

Алтын­Жаппас – он екі ата Байұлының бір аталығы.

Алшын, Шолпан – Кіші жүздің анасы мен атасы.

 Арғын – шежіре бойынша, Орта жүз құрамына енеді. Қазақ шежіресінде Арғындар Бәйбіше арғын, Тоқал арғын деп, екіге бөлінеді. Ергүл бәйбішеден өсіп, өнген арғындар бірлестігі «Бес Мейрам» деп аталады. Олар: Қуандық, Сүйіндік, Бегендік (Қозған), Шегендік (Қақсал), Қаракесек (Болатқожа).

 Тоқал Арғынға жататындар: Момын ананың атына байланысты «Жеті Момын» аталады. Олар: Қанжығалы, Тобықты, Бәсентиін, Қарауыл, Атығай, Сарыжетім, Шақшақ.

Әлім – Кіші жүзге жататын рулардың құрамы.

 Бағаналы – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүздегі Найман тайпасынан таратылады.

 Байұлы – қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Кіші жүз құрамына енеді. Байұлы этнонимі Түркі қағандығының кезінен бергі жазба деректерде жиі кездеседі. Орыс әкімшілігінің құжаттарына Байұлы жайлы деректер XVIII ғасырдың 2-жарты- сынан бастап енген. Оны он екі ата Байұлы деп, кейбірінде 13 ата деп көрсетеді. Байұлына: Шеркеш, Ысық, Есентемір, Байбақты, Беріш, Адай, Алтын-Жаппас, Тана, Алаша, Масқар, Таз, Қызылқұрт рулары енеді.

 Беріш – он екі ата Байұлы бірлестігіне кіретін ру. Атақты Исатай мен Махамбет батырлар осы рудан шыққан.

Бошан – Қаракесек руына кіретін аталық.

Дүйсе­Құдас – Қаратоқай-Беріштен тарайтын бір аталық.

 Жалайыр – қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамына енеді. Диқанбай батыр шежіресі бойынша (Н.Аристов жазып алған), Үйсіннен – Ақсақал (абақ таңбалы), Жансақал (тарақ таңбалы) таратылады. Жалай- ыр соңғысынан тарайды.

Жамбол – ру аты.

Жауғашты – Шеркештен тарайтын бір аталық.

 Жетіру – Кіші жүзді құрайтын үш ірі тайпа бірлестігі. Жетіруға: Төлеу, Рама- дан, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Жағалбайлы кіреді.

 Екей – Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамындағы Шапырашты тайпасынан таратылады. Екей өз ішінде Бәйімбет, Жәрімбет болып, екіге бөлінеді. Сүйінбай, Жамбыл ақындар Екей руынан шыққан.

Есентемір – он екі ата Байұлы бірлестігіне кіретін ру.

 Есқожа – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамындағы Шапырашты тайпасынан таратылады. Шапыраштыдан Малды, Екей, Еміл рулары тарайды. Емілден таралатын Жайық пен Есқожа жасынан батырлығымен аты шыққан қолбасшы, көріпкел, абыз болған. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш аталары тарайды. Есқожа руынан Қарасай, Әуез, Өтеп, Түрікпен, Көшек, Кәпике, Қараш, Саурық, Сұраншы, т.б. батырлар, билер, шешендер шыққан.

Естек – Кете руының бір тарауы.

 Керей – қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Шежіре деректері бойынша, Орта жүз құрамындағы Керей тайпасы Абақ Керей, Ашамайлы Керей деген екі бөлімге бөлінеді.

Керейіт – шежіре бойынша, Кіші жүз құрамындағы Жетіру бірлестігіне кіреді.

Керейіттен Ақсақал, Бозаншар рулары тарайды.

Кете – алты аталы Әлімге жататын рулардың бірі.

 Қадырқұл – Ысықтың бір буыны, Бітік, Баспан деген батырлар осы аталықтан тарайды.

Қара қожа – Найманның Көкжарлы руының қара аталығы болуы мүмкін.

Қаптағай − Найман тайпасы Матай руынан тарайтын аталық.

Қарабура Тама – Жетірудың бірі, «Қарабура» − ұраны.

Қаракемпір – Кіші жүздегі Шеркеш руының бір аталығы.

 Қаракесек – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүздегі Арғын тайпасының «Бес Мейрам» аталатын рулар бірлестігіне кіреді. Қаракесектен Қамбар, Майқы, Бошан, Таңас тарайды.

Қаратоқай – Кіші жүз, он екі ата Байұлы, Беріш аталығына кіретін ру аты.

Қасқарау – Дулат руының бір атасы. Қойыс – Шеркештен тарайтын бір аталық. Қуандық – Орта жүздегі ру аты.

Қылыш­Кестен – Шеркеш руының бір аталығы.

Майлыбай – Кете руының ұраны.

 Мейрам – Орта жүздегі Арғын тайпасының құрамындағы бес рудан құралған бірлестік.

 Найман – қазақ халқын құраған ежелгі тайпалардың бірі, Орта жүз құрамындағы тайпа.

Оймауыт – Жаныс руының бір бұтағы.

Ошақты – Ұлы жүз құрамындағы тайпа. Ошақты тайпасының ұраны –

«Бақтияр».

 Сиқым, Сыйқым – Ұлы жүз, Дулат тайпасына кіретін рулар бірлестігі. Шежіре деректері бойынша, Дулаттан Сиқым, Жаныс, Ботбай, Шымыр тарайды.

 Суан – Ұлы жүз құрамындағы тайпа. Шежіре деректері бойынша, Бәйдібектің Жарықшақ (шын аты – Тілеуберді) деген баласынан Албан, Суан, Дулат тараса, Су- аннан Бай мен Дай тарайды, оларды Байсуан және Дайсуан деп атаған. Бірақ Дайсу- анды ешбір шежіре таратпайды. Ал, Байсуанның шежіресі белгілі.

 Сүйіндік – Кіші жүз, он екі ата Байұлы, Адай руындағы ру аталығы. Сіргелі – Ұлы жүз құрамына кіретін тайпа. Қазақтың барлық шежіре деректерінде Үйсілмен бірге туған Ойсылдың ұрпағы.

Табын – Жетірудың бірі.

Тағашы – Есентемір руының бір аталығы.

Таз – он екі ата Байұлы бірлестігіне кіретін ру.

Тарақ – Ұлы жүз, Жалайыр руының арғы атасы.

Тоқтамыс – Шеркештен тарайды, ақын Тыныштықтың ауылы.

Шағырай – Шеркеш руының ұраны.

 Шапырашты – қазақ халқының құрамындағы тайпа, Ұлы жүзге кіреді. Шежіре бойынша, Абақтан тарайтын Бәйдібектің екінші әйелі Зеріптен Жалмәмбет, Жәлменде, одан Шапырашты, Ысты, Ошақты тарайды. Диқанбай батыр шежіресінде Шапыраштыдан Асыл, Шыбыл, Екей, Еміл, Есқожа, Айқым өрбітіледі.

Шарға Таз − үш арысқа бөлінетін Таз руының бір арысы.

Шеркеш − он екі ата Байұлы бірлестігіне кіретін ру.

Шымыр – Ұлы жүз, Дулаттан шыққан бір ру.

 Уақ – шежіре бойынша, Шоға, Сарман, Байназар, Сарыбағыш, Сіргелі, Еренші, Әлімбет, Бидалы, Жансары, Баржақсы, Шәйкөз руларына бөлінеді.

 Үйсін – қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Қазақтың дәстүрлі шежіре деректерінде Үйсінді Шыңғыс хан заманындағы Майқы биден таратады. Ботбай руынан шыққан Диқанбай батырдың шежіресінде Н.Аристовтың жазбасында Майқы биден: Қаңлы, Бақтияр, Қырықжүз, Мыңжүз. Бақтиярдан: Үйсін, Ойсыл. Үйсіннен: Ақсақал Абақ, Жансақал Тарақ. Абақтан – Қараша, одан Бәйдібек, Байтулы.

Ұлы жүздің негізін құраған тайпалар Бәйдібектің балалары болып саналады.

Олар: Албан, Дулат, Суан, Шапырашты, Сарыүйсін, Ошақты, Ысты.

Ысық – Кіші жүздегі он екі ата Байұлы бірлестігіне кіретін ру.

Ысты – Ұлы жүз, Үйсін, Бәйдібек батырдың ұлы Жалмәмбеттен тараған.

ЖЕР­СУ АТАУЛАРЫ

 Ақмешіт – Қызылорда қаласының бұрынғы атауы. 1818 ж. Қоқан хандығы кезінде қорған ретінде салынған. Кейін 1853 ж. Перовск атанды.

Арқа – Каспийдің теріскей бетіндегі Ойыл, Орынбор аймағы да осылай аталған.

Атырау – Каспий теңізінің қазақша ескі аты.

 Бесқала – Қоңырат, Ходжейлі, Шымбай, Нөкіс және Төрткүл қалаларының XVIII–XIX ғасырлардағы жиынтық атауы. Бесқала атауын, негізінен, Кіші жүз қазақтары қолданған.

Бозашы – Қазақстанның батысындағы жер аты. Бүйрек – Қазақстанның батысындағы құм аты. Гурьев – осы күнгі Атырау қаласы.

 Еділ – орысша: Волга. Орта ғасырлардағы атауы – Итиль, Еуропадағы үлкен өзен.

Елек – Қазақстанның батысындағы өзен.

 Ертіс – Павлодар облысының Ертіс ауданындағы ауыл, аудан орталығы, өзен айлағы. Ертіс өзені Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол саласы. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады.

 Жайық – Каспий алабындағы өзен. Оңтүстік Орал тауы және Каспий ойпа- ты, Ресей Федерациясының Башқұртстан Республикасы, Челябі, Орынбор және Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының жерінен ағып, Атырау қаласының тұсында Каспий теңізіне құяды.

 Жем, Ембі – Каспий алабындағы өзен. Ақтөбе және Атырау облыстарының жерімен ағып өтеді.

Кемин – Қырғызстандағы жер аты.

 Көкөзек – Ертіс алабындағы өзен; Шығыс Қазақстан обл. Үржар ауданындағы ауыл, ауылдық әкімшілік округінің орталығы.

Кірән – Қазақстанның батысындағы жер аты.

 Қазбек – Алматының солтүстік батысындағы тау аты, батырдың есімімен аталған.

 Қайнар – Жем өзені алабындағы өзен. Атырау облысының Жылыой ауданы жерімен ағып өтеді.

Қарабау – Атырау облысындағы жер атауы.

Қарағаш – Батыс Қазақстандағы елді мекен.

 Қараөткел – Сарыарқа қазақтары Есіл өзенінің қазіргі Астана қаласы орналасқан, көшкен ел аттылы-жаяу өте беретін тайыздау тұсын ежелден Қараөткел деп атаған.

Қарасу Шортандының – М.-Ж. Көпейұлының түсіндіруі: Есілдің басы.

 Қарқаралы – Қарағанды облысының солтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік; Қарқаралы қаласы да бар.

 Қиыл – Ойыл алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Ойыл, Қобда аудандарының жерімен өтеді.

 Қобда – Елек алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Алға, Қобда аудандарының жерімен өтеді.

Қоға – Атырау облысындағы жер атауы.

 Қоқан – Қоқан хандығы – XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бас кезіндегі Орталық Азиядағы мемлекет. Орталығы Қоқан қаласы болды. Қоқан қаласының негізін салушы Шахрук – би, шамамен, 1710 ж. Бұхара әмірлігіне тәуелсіз шағын иелік құрды. 1813 − 1814 ж. Сайрам мен Түркістан қалалары бағындырылды. XIX ғасырдың бірінші жартысында Қоқан хандығына қазіргі Қырғызстан мен Оңтүстік Қазақстанның көпшілік аумағы бағындырылды. 1876 ж. 19 ақпанда Ресей өкіметінің жарлығымен Қоқан хандығы жойылып, оның орнына Ферғана облысы құрылды.

 Қуаң – Қуаңдария – Сырдария алабындағы құрғақ арна, Сырдарияның ескі та- рамы. Қызылорда облысындағы Қармақшы, Қазалы аудандарының жерімен өтеді.

Қызылжар – Батыс Қазақстандағы елді мекен.

 Қызылтау – Қазақстанда осы атаумен бірнеше жер бар: 1) Қарағанды обл. Шет ауданындағы ауыл; 2) Сарыарқаның орталық бөлігіндегі аласа тау; 3) ерте палеолит ескерткіші, Жамбыл облысының жерінде.

 Маңғыстау – Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігіндегі әкімшілік бөлік. 1973 ж. құрылған.

 Меркі, Мерке – Шу алабындағы өзен. Жамбыл облысында Мерке ауданының жерімен өтеді.

 Нарын – Каспий ойпатының солтүстік-батыс бөлігінде, Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан құмның аты. Әкімшілік тұрғыдан, Атырау облысының Құрманғазы, Махамбет аудандары және Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы, Жаңақала және Ақжайық аудандарының оңтүстік бөлігін қамтиды.

 Ойыл – Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облы- стары жерімен ағады. Ұзындығы − 800 км.

 Омбы – Ресей қаласы, Омбы обл. орталығы. Омбы бекінісін 1716 ж. Петр I патшаның бұйрығы бойынша генерал-губернатор М.П.Гагарин салдырған. 1782 ж. қала мәртебесін алып, Тобыл (1782 –1798) округінің, Тобыл губерниясының (1804– 1822, 1839–1868), Омбы (1822– 1839) және Ақмола (1868–1918) облысының, Батыс Сібір (1824– 1882) және Дала губерниясының (1882–1917 ж.) орталығы болған.

 Ор – Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Мұғалжар, Хромтау аудан- дары жерімен ағады.

 Орал, Жайық, Теке – осы күнгі Орал қаласы (1775 жылдан), Батыс Қазақстан облысының орталығы (1932 жылдан).

 Орынбор – Қазақстанның бірінші астанасы болған. Бүгінде Ресей Федерация- сына қарайды.

 Өтеген – Алматының солтүстік батысындағы тау аты, батырдың есімімен аталған.

 Сағыз − Қазақстанның батысындағы, Каспий алабындағы өзен. Ақтөбе, Атырау облыстарының жерімен ағады.

 Сарытау – бұрын қазақтың жері болған, Ресейдің құрамындағы Саратов қаласының ежелгі атауы.

Сахарный – Қазақстанның батысындағы жер аты.

 Семей – Шығыс Қазақстан облысындағы қала. Семей әскери бекінісінің іргесі 1718 ж. қаланды. 1782 ж. уездік қала болды.

 Созақ – Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлініс.

Сүрелі – жер, өзен аттары.

Сыр – Сырдария.

Тайсойған – құмның аты.

 Терісаққан – Қазақ жерінде осы аттас үш өзен бар: 1) Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе облысында Қобда ауданының жерімен ағады. 2) Сағыз алабындағы өзен, ол Ақтөбе облысы Байғанин ауданының жерімен ағады. 3) Есіл алабындағы өзен.

Тор (Синай) тауы – Мұса пайғамбарға Құдайдың үнімен хабар берілген.

 Троицк – Ресей Федерациясындағы қала. Негізі 1743 ж. бекініс ретінде қаланған. Онда 1750 ж. Орта Азия мен Шығыс Түркістанмен сауда жүргізу мақсатында жәрмеңке ашылды. XIX ғ.-дан бастап Троицк қаласы қазақтардың өмірінде елеулі рөл атқарды. Мұнда татар зиялыларының атсалысуымен «Расулия»,

«Уазифа» атты медреселер ашылып, қазақ балалары көптеп қабылданды. Алғашқы қазақ баспасөздері: «Қазақ» газеті (1907−1918), «Айқап» журналы (1911− 1915) осында шығып тұрды.

 Үйшік – Гурьев, бүгінгі Атырауды солай атаған.1640 ж. патша үкіметі ағайынды Гурьевтерге қалашық салуға рұқсат еткен. Қала үлкен қиындықтармен 1662 ж. са- лынып біткен, патша жарлығымен Гурьев атанған. Жергілікті қазақтар оны Үйшік деген.

 Үргеніш – ежелгі қала, ортағасырлық Хорезм мемлекетінің астанасы. Орны қазіргі Түркіменстан Республикасы, Ташауыз уәлаятындағы Көне Үргеніш елді мекенінің жанында.

Шақпақты су − Қазақстанның батысындағы өзен.

Шаңырақтының ойы – Қазақстанның батысындағы елді мекен.

 Шерқала, Шырқала – Жем өзенінің орта бөлігінің шығысындағы бұйратты қырқа.

Шоқпар – Шу өзенінің шығысындағы жер аты.

Шу − Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен.

 Шыңғырлау, Утва – Жайық алабындағы өзен. Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау, Бөрілі аудандары аумағында.

 Шыршық – Орта Азиядағы ірі өзендердің бірі, территориялық жағынан қазіргі Өзбекстанға тиесілі болғанымен, Сырдарияның оң сағасы.

 Шідерті – Шідерті өзенінің (Ертіс-Қарағанды каналының) оң жағасында, Пав- лодар обл. Екібастұз қаласынан 50 км жерде орналасқан кент.

ФОЛЬКЛОРЛЫҚ БЕЙНЕЛЕР

 Жалмауыз – фольклорлық бейненің пайда болуында өзіндік негізі бар. Анаеркі дәуірі кезінде руды қария әйелдер басқаратын. Жас балаға ат қою, жастарды үйлендіру, рулық тәртіпті қатаң сақтау, шеттен келген адамдарды қабылдау – бәрін әйелдер атқарған. Әйел бақсы да, әскербасы да болған. Осының нәтижесінде анаға табынушылық болды. Кейін патриархат орнығуына байланысты бұл бейне бұрынғы маңызын жойды, рубасы ананың бейнесі мифтерде, ертегілерде жағымсыз сипатқа ауысты.

 Қарынбай – қазақ ертегілерінде мифтік түсініктен қалыптасқан сараң байдың бейнесі. Бұл бейненің шығуы таптық дәуірдің қалыптасқан кезімен сабақтас, ол кездегі ұстаным бойынша дәулетті адамдар кедейлерге қарасуы керек деген ұстаным болған. Сараңдығы үшін Құдайдың жазасына ұшырап, суырға айналған

деп баяндалады.

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР

/а/ – арабша

ӘӨИ – Әдебиет және өнер институты ОҒК – Орталық ғылыми кітапхана

/қ/ – қырғызша

қ.б.ж. – қайтыс болған жылы

/о/ – орысша

/п/ – парсыша т.ж. – туған жылы

/т/ – түрікше

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

XIX ғасырдағы қазақ ақындары. – Алматы: Ғылым, 1988. – 352 б.

 XV − XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы. //Құраст.: Б.Ақмұқанова, Ә.Дербісәлин. – Алматы, Ғылым, 1982. −239 б.

 XІX ғасырдағы қазақ поэзиясы. //Құраст.: Ә.Дербісәлин. – Алматы, 1985. – 320 б. Айтыс. //Редакциясын басқарғандар: С.Мұқанов, Е.Ысмайлов. −Алматы,

Қазақтың біріккен мемлекеттік баспасы, 1942. – 248 б.

 Айтыс. //Алғы сөзін жазған С.Мұқанов. Құраст.: Ш.Ахметов, Б.Ысқақов. Т.1. – Алматы, Жазушы, 1965. –556 б.

 Айтыс. //Құраст.: Ш.Ахметов, Б.Ысқақов, М.Байділдаев. Т.2. – Алматы, Жазу- шы, 1965. – 664 б.

Ақан сері Қорамсаұлы. Шығармалары. // Құраст.: И.Оразбек. – Алматы: ЖШС

«Қазақстан» баспа үйі, 2013. –384 б.

 Ақатай С., Адамқұлов Н., Жақышева З. Қазақтың фольклорлық ұлағаты: кәсіптік білімге арналған энциклопедиялық анықтама. – Алматы, Print-Express, 2011. – 368 б. Ақберен. XVIII − XIX ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының жырлары. // Құрастырып, баспаға әзірлеген, алғы сөзін жазған филол.ғ.к. Қабиболла Сыдиқов. –

Алматы, Жазушы, 1972. – 224 б.

 Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы (Киргизская хрестоматия). –Алматы: Білім, 2003. – 112 б.

Аронұлы Сүйінбай. Өлең сөздің жарық жұлдызы. – Алматы, RS, 2010. – 124 б.

 Аронұлы Сүйінбай. Ақиық. Толғаулар, сын-сықақтар, айтыстар. //Құрастырған және ғылыми редакциясын қараған: С.Садырбаев, Е.Естаев. –Алматы, Жазушы, 1976. – 140 б.

 Әуезов М. Әдебиет хрестоматиясы. 6-сыныпқа арналған. −Алматы, Қазмем ба- спасы, 1937.

Әжинияз. //Құраст.: Б.Ысмайлов, С.Абдуллаев. –Нөкис: Қарақалпақстан, 1975.

– 252 б.

Бабалар сөзі – даналық көзі. //Құраст.: О.Исмаилов. –Алматы: Білім, 1996. – 184 б. Біржан сал Қожағұлұлы. Шығармалары. //Құраст.: Н.Оразбек. – Алматы, ЖШС

«Қазақстан» баспа үйі, 2013. – 384 б.

390

Жем жыры. – Алматы, Арыс, 2002. – 232 б.

 Жыр мұра. //Құрастырып, алғы сөзін жазған филология ғылымдарының канди- даты Ә. Оспанұлы. − Астана: Елорда, 2001. – 496 бет.

 Ислам. Энциклопедия. //Бас редактор Р.Нұрғалиев. – Алматы: «Қазақ энцикло- педиясы» Бас редакциясы, 1995. – 288 б.

 Көпейұлы М.-Ж. Көп томдық шығармалар жинағы. Қазақ фольклоры, ауыз әдебиет үлгілері. – Алматы, «Алаш», 6 том. 2006. – 296 б.

Көпейұлы М.-Ж. Көп томдық шығармалары. 1-том. – Алматы, Алаш, 2003.

– 304 б. Ескі араб (хадим) жазуынан аударған, құрастырып, түсініктерін жазған Е.Жүсіпов.

 Қабылұлы Б. Көңіл: Өлеңдер, айтыстар, жоқтаулар. – Алматы: Қайнар, 2012. – 176 б.

 Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 4-том. //Жалпы редакциясын басқарған: филол.ғ. д., профессор А.Егеубаев. –Алматы, ҚазАқпарат, 2005. – 438 б.

 Қазақ халық әдебиеті: көп томдық (Қаз.ССР Ғылым акад. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты). Ғылыми түсініктерін жазып, баспаға әзірлегендер: Ә.Алманов (жауапты шығ.), С.Дәуітов, М.Жармұхамедов, Ғ.Махмутова, Ф.Оразаева.

– Алматы: Жазушы, 1986. –Т.1. –288 б.

 Қазақ халық әдебиеті: көп томдық (Қаз.ССР Ғылым акад. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты). Ғылыми түсініктерін жазып, баспаға әзірлегендер: Ә.Алманов (жауапты шығ.), С.Дәуітов, М.Жармұхамедов, Ғ.Махмутова, Ф.Оразаева.

– Алматы: Жазушы, 1988. –Т.2. –352 б.

 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 1 том. /Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 1998. – 720 б.

 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 2 том. /Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 1999. – 720 б.

 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 3-том. /Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакция, 2001. – 720 б.

 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 4 том. / Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакция, 2002. – 720 б.

 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 5 том. /Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2003. –720 б.

 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 6 том. /Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2004. −693 б.

 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 7 том. /Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2005. −728 б.

 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 8 том. /Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2006. −704 б.

 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 9 том. //Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2007. − 688 б.

Қасқабасов С. Жаназық. Әр жылғы зерттеулер. – Астана: Аударма, 2002. −584 б. Қарабура. Тарихи-танымдық жинақ. //Құрастырып, түсініктерін жазған: Илья

Жақанов. – Алматы: Өлке, 1997. – 576 б.

Мұрат. //Құрастырған Б.Қорқытов. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2001. – 232 б. Оспанов Ә. Қаратау шайырлары. – Алматы: Қазақ университеті, 1991. − 192 б. Өтебайұлы Бала Ораз. Бәйгелі жерде жүлде алған. Айтыстары. Құрастырған,

алғы сөзін, түйін сөзін және түсініктерін жазған А.Әміржанұлы. −Атырау, 2007. –

60 б.

 Саңлақ Сара. //Құраст.: Ш.Бейсенова, Ж.Әскербекқызы. − Астана: Профи Ме- диа, 2012. – 320 б.

 Сыдиықұлы Қ. Біртума жыр саңлақтары (XVIII − XX ғғ.). Көмекші құрал. – Ал- маты: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001. − 268 б.

Сыдиықұлы Қ. Өмір өрнектері. Таңдамалы зерттеулері. − Алматы: Арыс, 2006.

−384 б.

 Тоқсанбайұлы Қ., Қожабайұлы Б. Бізге де сөйлер кез келер... Шығармалар жинағы. – Астана: Фолиант, 2008. – 392 б.

Ұлбике. //Құраст.: К.Ахметова, М.Төлепберген. – Алматы, Өнер, 2002. – 148 б.

 Янушкевич А. Күнделіктер мен хаттар. Қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар. /Аударған: М.Сәрсекеев. – Алматы: Жалын, 1979. − 272 б.

РЕЗЮМЕ

 Двадцатипятитомное издание «Қазақ өнерінің антологиясы» («Антология ка- захского искусства») − проект научно-исследовательского института им. Коркута Казахского национального университета искусств. В целом тематика антологии об- ширна – в ней отдельными томами увидят свет: героические и исторические эпо- сы, ораторские слова (красноречие) и др. Но первые семь книг посвящены айтысам акынов. Начальные два тома, соответственно, знакомят читателей с дореволюцион- ными традиционными айтысами. Третий и четвертый тома будут освещать айтысы советского периода, последующие два тома – айтысы независимого Казахстана, и седьмой, завершающий том – айтысы казахов, проживающих в зарубежье.

 Айтысы, имея доисторическую историю, в жанровом отношении определились в родовом общественном строе. В них основной линией проходят величально-хва- лебные и критико-обличительные темы. Поэтому авторитет акына определяется не только уровнем его собственного поэтического дара. Вместе с этим он - защитник своего рода, представителем которого является. Ценители крепкой логики отдают предпочтение тому акыну, который сумеет достойно выйти из положения в кри- тической словесной баталии, также сумеет острым словом поставить на «колено» противостоящего акына.

 Айтыс на сегодня сохранен лишь у трех народов: казахов, кыргызов и каракал- паков. В средние века у арабов расцветал в жанровом отношении мугаллакат, также очень схожи акынам-импровизаторам русские скоморохи, кельтские филы, северо- французские труверы, немецкие мейстерзингеры. Однако у каждого народа они схожи только по внешним атрибутам, творчество казахских поэтов-импровизаторов иное. Среднеазиатские айтысы производят впечатление на публику посредством глубины своего импровизаторского таланта.

 Айтыс интересовал ученых еще с дореволюционных времен. На сегодня по име- ющимся данным наука считает первыми увидевшими свет айтысы, опубликован- ные в 1870 году в сборнике видного тюрколога В.В. Радлова «Образцы народной литературы тюркских народностей», куда включены «Шортанбай мен Орынбай»,

«Ұлбике мен Күдеріқожа».

 Каждый том айтыса, представленный в антологии, состоит из двух частей. В первой − тексты айтысов, представляющие научный интерес, отвечающие требо- ваниям классическим традициям айтыса в жанровом аспекте. Тексты айтысов рас- положены по хронологическому принципу биографий их создателей - акынов. В связи с этим данный том открывается произведениями акына, яркого представителя импровизаторского искусства XVIII века - жырау Кабылиса, прозванного в народе Кабан жырау.

 Вторая часть − научные приложения, в которых вкратце представлены биогра- фические данные акынов-импровизаторов; также каждый текст оснащен научными

комментариями, даны пояснения архаичных и малоизвестных слов, краткий сло- варь исторических имен, географические сведения. К сожалению, не у всех акынов- импровизаторов известны полные биографические данные. Это связано с тем, что данные, как и сами тексты айтысов, дошли через поколения устно.

 В предлагаемый первый том включены айтысы акынов в пределах XVIII- пер- вой половины XIX века. Это видные импровизаторы-акыны Кабылиса, Жанак Са- гындыкулы, Тубек Байкошкарулы, Абыл Тлеуулы, Шоже Каржаубайулы, Орынбай Бертагыулы, Суюнбай Аронулы, Шортанбай Канайулы, Улбике Жанкелдикызы, Нурым Шыршыгулулы, Кашаган Куржиманулы, Мурат Монкеулы, Бала Ораз От- ебайулы и др.

 Необходимо отметить тот факт, что, хотя основным стержнем издания являются сборники «Айтыс», вышедшие в 1965-1966 гг. и 1988 году, в данный том также включены произведения из сборников, вышедших за последние годы без цензуры.

 Антология предназначена для преподавателей и студентов консерваторий, уни- верситетов искусств, и других высших учебных заведений, учителей и учеников му- зыкальных школ, исследователей жанра айтыс, также широкого круга людей, кого интересует казахское искусство.

RESUME

 Twenty-five volume edition «Anthology of Kazakh art» is the project of Korkut scientific-research institution of Kazakh National University of Arts. On the whole subject of anthology is extensive - it will be launched in separate volumes: the heroic and historical epics, oratorical speech (eloquence), and others. But the first seven books devoted to Aitys akyns. The initial two volumes, respectively, acquaint readers with the traditional pre-revolutionary Aitys. The third and fourth volumes will cover Aitys of the Soviet period, the next two volumes - Aitys of independent Kazakhstan, and the seventh and final volume - Aitys of Kazakhs living abroad.

 Aitys, having prehistoric history, were defined in the tribal social structure on genre. They are the main line of praise and critical-incriminating topics. Therefore, the authority of the bard is determined not only by the level of his own poetic gift. However, he - the defender of a kind, which is represented by. Connoisseurs of strong logic prefer the akyn (bard), who will be able to get out of the situation in critical verbal battle, also will be able to put on a sharp word «knee» of the opposing bard.

 Today Aitys is preserved by only three peoples: Kazakhs, Kyrgyz and Karakalpak. In the Middle Ages the Arabs flourished in genres mugallakat, also very similar to akyns-improvisers, Russian clowns, Celtic phylum, north- French trouveres, German Mastersingers. However, in every nation, they are similar only on external attributes, creativity of Kazakh poets, improvisers otherwise. Central Asian Aitys make a great impression on the audience through the depths of its improvisatory talent.

 Aitys interested scientists since pre-revolutionary times. At present, according to the available data science holds first the light of Aitys, published in 1870 in the collection of a prominent turkologist V.V.Radlov «Samples of folk literature of Turkic peoples,» which included «Shortanbai and Orynbai», «Ulbike and Kuderіkozha».

 Each volume aityses presented in Anthology consists of two parts. The first - the texts aityses of scientific interest, meet the requirements of the classical traditions aitys in the genre aspect. Lyrics aityses arranged chronologically biographies of their creators

- akyns. In this regard, this volume offers the works of bard, a brilliant representative of improvisatory art of XVIII century - zhyrau Kabylisa, known by the people Boar zhyrau. The second part - scientific applications, in which are briefly presented biographical information of akyns-improvisers; also every text is equipped with scientific comments, explanations are archaic and obscure words, a brief glossary of historical names, geographic information. Unfortunately, not all akyns-improvisers have complete biographical information. This is due to the fact that the data, as well as the texts of aitys

themselves have come down through the generations orally.

 The proposed first volume included Aitys akyns within XVIII and the first half of the XIX century. These prominent improvisers-akyns are Kabylisa, Zhanak Sagyndykuly, Tubek Baykoshkaruly, Abyl Tleuuly, Shozhe Karzhaubayuly, Orynbay Bertagyuly, Suyunbay Aronuly, Shortanbay Kanayuly, Ulbike Zhankeldikyzy, Nurym Shyrshygululy, Kashagan Kurzhimanuly Murat Monkeuly, Bala Oraz Otebayuly and others.

 It should be noted that, although the basic core of the publication is a compilation of «Aitys», published in 1965-1966 and 1988, this volume also includes works from the collections published in the last few years without censorship.

 Anthologyis intendedfor teachers and students of conservatory, university of the arts and other high schools, it is also addressed to teachers and pupils of music school, researchers of aytis, a wide rangeof readers who respect Kazakh arts.

МАЗМҰНЫ

Қазақ өнерінің антологиясы туралы бірер сөз3

Дәстүрлі айтыс ерекшеліктері (Құрастырушыдан)15

АЙТЫСТАР25

Қабылиса мен Таутан қыз26

Жанақ пен Түбек36

Жанақ пен Сабырбай42

Сақау мен Тоғжан44

Абыл мен Балдай қыз56

Шөже мен Орынбай57

Орынбай, Арыстанбай, Шөже және Ұрқия қыз59

Шөже мен Кемпірбай60

Шөже мен Қалдыбай67

Шөже мен Тезекбай69

Шөже мен Жәмшібай74

Түбек пен Жәмшібай77

Сүйінбай мен Бақтыбай82

Сүйінбай мен Қатаған84

Сүйінбай мен Тезек төре101

Орынбай мен Серәлі қожа110

Орынбай мен Арыстан112

Орынбай мен Қожабек116

ҚАЗАҚ ӨНЕРІНІҢ АНТОЛОГИЯСЫ

АЙТЫС I ТОМ

Кітаптың шығуына жауапты Ш. Қойлыбаев

Редакторы Р. Әлмұханова

Дизайнері Б. Жапаров

Техниикалық редакторы С. Жапарова

Беттеуші Ә. Байзақова

Корректоры Б. Бодаубаев

Басуға 02.10.2014 қол қойылды. Пішімі 60х90/16. Офсеттік басылым.

Қағазы офсеттік. Шартты баспа табағы 25,0.

Шартты бояулы беттаңбасы 26,25.

Есептік баспа табағы 24.0 Таралымы 2000. Тапсырыс №



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу