Қазақ өнерінің антологиясы. Айтыс 5


 ҚАзАҚ ұлттыҚ өнер университеті ҚорҚыт АтындАғы ғылыми-зерттеу институты

Айтыс

V

ТОМ

«Күлтегін» АстАнА 2014

ӘоЖ 821.512.122

КБЖ 84 (5 Қаз)-5

Қ 17

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді.

Жобаның авторы: М. Жолдасбеков

филология ғылымдарының докторы, профессор

Редакция алқасы:

М. Жолдасбеков (төраға),

А. Мұсақожаева, С. Қасқабасов, Ш. Ыбыраев, С. Негимов, Р. Әлмұханова, Ж. Ерман, А. Әлтаев, С. Дүйсенғазин,

Ш. Қойлыбаев

Қ 17Қазақ өнерінің антологиясы. 25 томдық. Құраст.

М. Жолдасбеков, Ш. Қойлыбаев. Астана, «Күлтегін» баспасы.

ISBN 978-601-7318-40-6

Айтыс. Т. V. (тәуелсіздік кезеңіндегі айтыс). – 2014. – 400 б. ISBN 978-601-7318-45-1

 Қазақ өнері антологиясының бұл томына 1991-2000 жылдар аралығындағы азаттықты ағынан жарыла жырлаған, қоғамдық ойға қозғау салған таңдаулы ай- тыстар енгізілді.

 Антология консерваторияның, өнер университеттерінің, өзге де жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, музыка мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларына, айтысты зерттеушілерге, сондай-ақ, қазақ өнерін қастерлейтін қалың оқырманға арналады.

ӘоЖ 821.512.122

КБЖ 84 (5Қаз)-5

ISBN 978-601-7318-45-1 - (т. V ) ISBN 978-001-7318-40-6 - (ортақ)

© «Күлтегін» баспасы, 2014

© М. Жолдасбеков

© Ш.Қойлыбаев

ТәуелсіздіКТің ЖАРШысы БОлғАн ЖАсАМпАз

өнеР

 Ақын қоғам бапкері, әріден қозғап, әлемдік масштабта ойлай ала- тын қабілет иесі. ол өзінің туындылары арқылы таңқалдырып қана қоймай, сонымен бірге толғандыра білуі керек. Яғни, өзі өмір сүрген заманының тамырын тап басып, ілгері қадам жасауына игі ықпалын тигізуі тиіс. Әрине, мұндай жоғары парасаттылықтың, кәсіби шеберліктің иесі болу үшін талант, арыдан жалғасқан ақындық дәстүр, суырып-салмалық, тапқырлық, дәулескер домбырашылық, ең бастысы – терең білім керек. осы аталған қасиеттер бір арнаға тоғысқанда ғана өміршең туындылар дүниеге келеді.

 сексенінші жылдардың соңына таман айтыс өнері жаңа сатыға көтеріле бастады. Қайта құру кезеңі, кеңестік қоғамдағы жал- пы демократиялық принциптердің көрініс алуы айтыстың негізгі тынысының ашылуына себепші болды. сол жылдары қоғамдағы сірескен «мұздың» беті сөгіліп, саяси сең жүре бастаған кез бола- тын. Бұл айтыс өнерінің ерекше қанаттанып, кемеліне келе бастаған шағы еді. Айтыстағы көрсеткен өнері мен ерекше дарындылығы үшін Қ.Әбілов, Ә.Қалыбекова және Ә.Беркеновалар «Халық ақыны» деген құрметті атаққа ие болды. Бұл айтыс өнерінің рухани сана- мыздан мықтап орын алғанының белгісі болатын. Шындық шырқала бастаған уақытта е.Асқаровтың «ер сәтбектің» аруағын бір аунатып түсіріп, жиналған дүйім жұртты орнынан еріксіз тұрғызған шағы де- асол кезең еді.

 Алдыңғы толқын ағалардың соңынан кейінгі толқын інілердің ілесетіндігі секілді кешегі ел білетін Көпбай ақын, Көкен қарт, май- талман манап, тарлан тәушендер жағалауда иіндеп қалған айтыстың бір толқыны болса, Қатимолла, Әселхан, Әсия, Қонысбай, Баянғали,

есенқұл, Шорабек, Абаш, Айтақын, серік, марқұм Әзімбек пен еріктер өз алдына бір жемісті шоғыр болды.

 тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары айтыс өнері өзінің бабы мен бағы келіскен таланттарын өнер сахнасына шығара бастады. саясатта орын алған өзгерістер халықтың өміріне де үлкен жаңалықтар енгізе бастады. Жетпіс жылдан астам уақыт халықты жаншып келген қызыл империя құлаған соң оның орнында жаңа жас мемлекеттер пайда болды. сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікті алу рухани әлемімізді дүр сілкінтті. сапасы жоғарылап, көркемдігі арта түскен ақындық дәстүр биігіне көтеріліп, жаңа заман жырын, егеменді елдің көкейіндегісін дөп тауып, толғай бастады. егемендік алған жылдардың басында айтыс сахнасында жарқыраған жаңа есімдер молынан көріне бастады. Білімі мен мәдениеті, ойы мен бойы, сахналық сымбаты келіскен ақындар айтыс аренасында жыр- дан шашу шашып, сөздің балын ағызды. Айтыс өнері мектебінің жаңаша тұрғыда, өзгеше болмыста қалыптасуына өз үлестерін қосып жүрген өнерпаздар лек-легімен айтыс ауылынан бой көрсетті. тәуелсіздік жылдары айтыс сахнасына келген әр буын өкілдерінің өлең құрап, сөз саптауы өз алдына бір бөлек болып келеді. Ә.Қалыбекова, Ә.Беркенова, Қ.Әбілов, е.Жақыпбеков, е.Асқаров, Ә.Жанқұлиев қатарлы ақтаңгерлер қағазға қарағыштаған айтысты іркілмей айтып, іркес-тіркес соғатын сөз өнері дәрежесіне көтерді. осылайша айтыс алмағайып кезеңде ауып кеткен тұғырына қайта

орнықты.

 Ал, Ш.Айдаров, А.Бұлғақов, с.Құсанбаев, Қ.мырзабековтер ай- тыста жұрттың айызын қандырып, шат-шадыман көңіл-күйге бөледі. Айтыс жарқылдаған жастық шағына қайта оралды. осылайша, әзіл- қалжың, қыз-жігіттің желегінде желпілдеген айтыс м.Қосымбаев, А.Әлтаев, м.тазабеков, Б.Шойбековтермен бірге біржола еңсесін тіктеді. оралымды ой, зерделі сөз, адуынды мінез, алғырлық, тапқырлық, әлеуметтік өткір мазмұн... Қазақтың табиғатын әйгілейтін осынау қасиеттердің бәрі айтысқа айналып, жамағатпен жамырай көрісіп жатты.

 Б.Әшірбаев, о.досбосынов, д.Кәпұлы, А.тұрсынбаева, А.Қалиевтер іліп әкеткен айтыстың эстафетасын кейінгі жас жүйріктер м.ниязов, Ж.Бұлғақов, д.Қамиев, м.сұлтанхандар лайықты жалғап, туралықтың туын түсірмей ілгерілетіп келеді.

 сонымен қатар соңғы жылдары тәуелсіздік алғаннан кейінгі ай- тыс тарихын жасаушы ақындар Қ.Асанов, м.Қосымбаев, Б.имашев, А.Қалиев баба өнерінің зерттелуіне де өз үлестерін қосты.

4

 Қазіргі айтыс туралы келелі зерттеудің бірі ретінде л.н. гумилев атындағы еуразия ұлттық университетінде 2003 жылы өткен «Қазіргі айтыс: дәстүрі, келешегі. Көкейкесті мәселелер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның өтуін және соның негізінде жарық көрген ғылыми-зерттеу мақалалар жинағын атап өткен жөн. Бұдан кейін професор м.Жолдасбековтің қолдауымен айтыстың үш томдығының жарық көруі қазіргі айтыстың жинақталып, зерттеліп, зерделенуіне даңғыл жол ашты.

 ең алдымен жадымызда тұтатын бір нәрсе қазіргі айтыстың бұрынғы айтыстардан мүлде бөлек екендігі. сүйінбайдың, Құлмамбеттің, сара мен Біржанның, Жамбылдың дәуірін мэлстің, Бекарыстың, мұхамеджанның, Балғынбек пен Айнұрдың заманымен мүлде салыстыруға болмайды. олардың қоршаған дүниені тануы, материалдық өмірге деген қарым-қатынасы, заманауи талаптары, сол уақыт қалыптастырған мүмкіндіктері басқа. Бұрынғы ақындарда территориялық масштабты көру үлгісі болса, қазіргі ақындарда ғаламдық тіпті галактикалық ойлау мүмкіндігі қалыптасқан. Бұл дегеніміз қазіргі ақындардың бұрынғы ақындардан артықшылығын көрсету емес, екеуінің арасындағы уақыт тудырған мүмкіндіктер мен жетістіктерді салыстыра кету. Қазіргі уақыт талабына жауап беретін бүгінгі ақындардың өзіндік мүмкіндіктері мен жекелеген көзқарастары бар. сол үшін де олар өз заманының жаршысы бола алады.

 Бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсап өткен азаттықты жыр- лау тәуелсіздік жылдарындағы айтыстардың басты көркемдік негізі және тақырыбы болды. ғасырлар бойы бодандық бұғауында болып, отаршыл-тотаритарлық жүйенің қамытын мойынына киген ата- бабаларымыздың жан күйзелісі мен бостандыққа деген сағынышын ақындар сахна төрінде өздерінің жырларымен халыққа жеткізіп отырды. тәуелсіздік пен егемендік – айтыстың негізгі өзегіне, ақындар жырының басты арқауына айналды.

 Азаттық жылдарында айтыс өнері ерекше қарқынмен дамы- ды. оған ең бірінші әсер еткен рухани тәуелсіздік болатын. Бұл сан ғасырлар бойы халқымыздың жүрегі мен санасының түбінде бұлқынып, шығатын уақытын күтіп, аңысын аңдып жатқан рухани күш болатын.

 Қазіргі айтыстардағы азаттық идеясының көтерілуі жас мем- лекет Қазақстанның жарқын күндерінің жаршысы болды және тәуелсіздіктің өзі даму жолы әлі айқындалмаған елдің негізгі

идеологияларының бірі болды. оны насихаттау жолында айтыс ора- сан зор ықпал етті.

 сол жылдары айтыс өнерін жаңғыртудың басы-қасында болып, оған өзінің ерекше үлесін қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым м.Жолдасбеков: «осылайша әр кезеңде алдаспанын алмасқа суарған ақындық өнер кешегі тоқырау аталған заманның да жаназа- сын өзгеден бұрын шығара бастағанын көзіміз көрді. Құрсауы босап, уығы ыдырай бастаған қызыл империяның үкімін 80-жылдардың ба- сында ақындар айта бастады. осы тұста жаңа бір серпінмен қанатын қаққан жыр додасы жылдар бойы ішіне бүккен қуат-күшін қайта бұлқынтты» деп баға береді.

 Айтыс толғақты мәселелер қозғаудың, қомақты қоғамдық пікірлер жариялаудың, атасы үлкен ақиқатты айтудың мінбері. суытылған торы аттай ойларың мен қаршығадай қанатын кең жайған сөздерің ауыздан шыға қалықтап ауыл-ауылды аралап кетеді. сондықтан да айтар ойларыңа жауапкершілік, сөздеріңе сақтық сауытын кигізсең артықтық етпейді. салауатына сай салиқалы ой, салмақты сөз сыр сандығыңнан ақтарылып жатса, көпшіліктің көңілі толайымен саған қарай үдере көшеді дей бер. Ал жабы мініп жайдақ шапсаң...

Ақынды алсаңдағы қай тұстағы,

ой айтпай қала алмаған жай тысқары. серкесіз өрген қойдай қожырайды, мақсатсыз айтылған сөз айтыстағы.

(Мұхамеджан,1995 ж.)

 Айтыс ақыны да өз дәуірінің ақ берен рухты, ақ көйлек адал перзенті. ол өзі өмір сүрген қоғамының көкейкесті мәселелерін көкірек көзімен таразылап, көрермен талқысына ұсына отырып, философиялық байламдарға барады. оның жарқын мысалын, жалпақ елге үлгі шашып «көшпелі академия» атанған сүйінбай, түбек, Бақтыбай, майкөт, Жамбыл т.б. ХіХ ғасырдағы ірі айтыс ақындары мен Әселхан, Әсия, Қонысбай, Шорабек, мэлс, мұхамеджан, Бек- арыс секілді қазіргі айтыс ақтаңгерлерінің шығармашылығынан көреміз.

 Ақын қашанда замана бораметрі тәрізді. Бұл мәселеде олар тіпті сарабдал саясаткерлерден де көш ілгері кетіп жатады. «ол – Жамбылдан кейінгі айтыс феномені» (Ж.ерманов ) деп бағаланған мұхамеджан тазабековтың шығармашылығын қазіргі айтыстың

6

шырқау биігі деп қарастырсақ қателеспейміз. ең бастысы, оның халықтық поэзияны бүгінгі талап деңгейімен оңтайлы орайлас- тырып, жаңаша жаңғыртуы дер едік. осылайша орамды сөз, құнарлы тіл, қазақы қисын, шешендік шиырлар халықпен қайта қауышты. ұлттық ұғым ұлықталды. оның жырларынан қиялының ұшқырлығын, көкірек көзінің жітілігін, ақындық интуициясының тереңдігін байқаймыз. Айтыста ол тудырған тірі суретті тіркестер, балталаса бұзылмайтын шымыр шумақтар қаншама.

таңқалам талғамы зор тарландарға, таңқалам заманы озық заңғарларға. Бөлінгенді бөрі кеп жейтіндігін, Айтқан баба сөзінде жалған барма? Құзғын қарға, шау қарға, ұзақ болып, үш жүзге бөлінеді қарғаларда.

Бірінің-бірі көзін шұқымайды, Жағаласып қонса да жардан-жарға. Қарға екеш қарғалардың ынтымағын, Қазаққа нәсіп етсе арман барма?

 осынау ойлы образдардың қайсысы болса да, халықтың намысын жыртар жанайқайға, өр ұранға толы емес пе? Әріден келе жатқан бір ақиқат – кімге, неге баға берілсе де сол заман, сол қоғамдық формация тұрғысынан таразыланады. Ар мен ұжданды, ақыл мен парасатты ананың сүті, атаның сүйегінен алып туған тұғыры биік тұлға дінмұхамед Қонаев өзінің «өтті дәурен осылай» атты естелік кітабында: «Әр дәуірдің өзіне сай әні болады, ол үшін орындау- шыларды айыптаудың қажеті жоқ», – деген ақылман пікір айта- ды. Бұл ретте, өзі өмір сүрген қоғамға қол ұшын созбаса, болашақ маңдайынан сипамайтынын түсіну де ақындыққа қажетті алғы шарттардың бірі болса керек.

 Айтыс сөз өнері деп бекер айтылмаған. Ақын талғамы жоғары көрермен көңілінен шығу үшін сипаттау, суреттеу, теңеу, салысты- ру, бейнелеу тәрізді көркемдегіш құралдарды еркін әрі құлпырта қолдануы тиіс. өз өлеңдерінде адам мен заман бейнесін шебер сом- дай білетін, зиялы орта мен қарапайым көрермен қауым үшін де түсінікті бола алатын айтулы айтыс ақындарының шығармалары поэ- зия алға тартатын талаптарға мейлінше қанағаттанарлық деңгейде жауап береді.

сөйлесе орныменен ақын жақсы, сайланса орныменен әкім жақсы. Халыққа қайырымсыз басшылардан, Бір құшақ кеуіп тұрған отын жақсы.

(Әселхан, 1992 ж)

мемлекет аяқ-қолын нықтаса екен, сағы сынып, жігерін жықпаса екен. 2030 деген бағдарлама,

Босаған уықтарды мықтаса екен. Барыстың бойындағы қасиеттер, түлкінің қулығы боп шықпаса екен. отыз күн оразасын тұтқан елім, енді отыз жыл ораза тұтпаса екен.

( Бекарыс, 1998 ж.)

төле би тура сөйлеп тартынбаған, Қаз дауысты Қазыбек қаңқылдаған. Қасында екі ағасы тұрған кезде, сөз қалмас Әйтекеде айтылмаған. Аузымыздың бүгінде дуасы жоқ, Қарға болып кеттік пе қарқылдаған. Бір сағатқа шыдамай айтысқанда,

Жабуы ауған тайлақтай жалпылдаған. Ат тұяғын аспанға көтермесем, Ақыным деп қарама халқым маған.

( Мэлс, 1998 ж.)

 Айтыс өлеңдерінің идеялық бағытының біркелкі болмауы секілді, оның көркемдік дәрежесі де әр түрлі болып келеді. Айтыс өлеңдерінің ішінде олпы-солпы құрыла салатындарының барлығын да жасыра алмаймыз. Әйтсе де, бұған қарап оларды өлең емес деп өгейсітуге болмайды. Қарсыластың сауалына қарымта ретінде қайтарылар жыр жолдары табан асты туындап жататындықтан олқы тұстарының бо- лып тұруы да заңды құбылыс. десек те, айтыс өлеңдерінің ішінде тайтұяқ алтындай таза құйылып түскен асылдары көп кездеседі.

 Қазақы қалжың, астарлы әзілдерімен елдің есінде жүрген е.Жақыпбеков пен Ш.Айдаровтың айтысын нағыз шабыттан туған туынды деуге болады.

8

 «сатира күштілердің қаруы» деген қағиданы берік ұстанған ай- тыс ақтангерлерінің ұтқыр да ұтымды өлеңдерінің ел аузында жат- талып қалуы айтылған ойымыздың айғағы болса керек.

есенқұл:Армысың Шорабектей, қылқинарым, түбінде әр жантақтың қылқиғаным. тот басқан қара мылтық секілденіп, Ап жүрсің үңірейіп жұрт иманын.

Шорабек: Армысың есенқұлдай саршұнағым, Айтуға несін мұны арсынамын.

Қақ бастан қара мылтық тиген кезде, Белгілі сары күшіктей қаңсыларың.

 Айтыстың көркемдік сипаты дегеніміз қызыл тілдің қыздырмасын қоздырып, айшықты сөз тіркестерін оңды-солды төпелете беру емес. Бұл жерде өзіңнен басқа қарсыласыңның бар екендігін, оның айтар ойының жүйесіне сөзіңнің желісі сай келу керектігін де түсіну керек. тапқырлық, ой айтудағы шеберлік пен логикалық жүйелілік айтыс- кер үшін басты ұстанымның бірі болуы тиіс. Бұл жағынан келгенде Бекарыстың тапқырлығын, ой айтудағы ұтымдылығын ерекше айтуға болады. мысалы, мұхамеджанмен айтысында Бекарыс халықпен амандасып, хал-жағдай сұрасып, мерекемен құттықтағаннан кейінгі шумағының соңын:

мейрамды үйіп-төгіп бере салған, Құдайдың мың да шүкір мұнысына. Құттықтаулар осымен тәмамдалсын, мен енді кірісейін жұмысыма, –

деген жолдармен аяқтайды. Бұл реттегі «жұмысқа кірісу» тіркесі айтысты бастау немесе қарсыласына қайырылу сипатында берілген. Шындап келгенде айтыс ақынының негізгі «жұмысы» да сол қарсыласымен сөз қағыстыру болмақ. ол мұхамеджанның талант қарымын тап басып ашып, көрермен алдындағы абыройын да бір ауыз сөзімен көтеріп тастайды:

Жақсының жақсылығын айт деген бар, ел-жұртың атыңды айтып ардақ қылған. Кәрі құлақ ақынның біреуі едің,

тай кезінде-ақ құнанды шаң қаптырған.

 «Кәрі құлақ» ақын ретіндегі қарсыласының бейнесі оның ерен тұлғасымен қатар тәжірибелі екендігін көрсетеді. Бұл тісқаққан, тәжірибелі сөздерінің орнын әдемі алмастырған тіркес. «тай кезінде-ақ құнанды шаң қаптырған» оның осы қалпы шындығында тайынан-ақ тұлпар шыққанын білдіреді. Жалпы, айтыста әр ойын, әр сөзін жүйелі жеткізе білген ақын қашанда көрерменнің көзайымына айналған.

 Айтыстың синкретті өнер екендігі, оны жеке шумақ неме- се орындаушылық шеберлік сияқты тұрғыдан жіліктеп бөлмей барлығын тұтас қарауға негіздейді. осы тұрғыдан дәулеткерей мен Баянғалидың айтысын зерделеп көрсек, айтыстың көркемдік қуаты мен бояуы тартымды болғанын көреміз.

 Жалпы, дәулеткерейдің жастық жалыны мен батыстың төкпе жыраулық дәстүрін қиыстыра білген дарыны мен қабілеті қай кезде де оның ақын ретіндегі орнын топ ішінен одағайлап көрсетіп тұрады. сонымен қатар оның ұйқастарының беріктігі мен күрделігі ақынның жеңілге әуес емес екендігін байқатады. мысалы, дәулеткерейдің мы- надай шумақтары оның ұйқас күрделілігі арқылы өзінің көркемдігін де жоғарылатып тұр:

Көк тәңірге сүйкімді Көкше халқы, Бақытын құдай қорып, қыдыр баққан. ұраның «ер Абылай!» емес пе еді, Құлағың қуаныштан шыңылдатқан.

Жарымай жүргеніңде ынтымаққа, Абылай тікпеп пе еді туыңды ақтан. Қапыдағы қазасы хан Кененің, Алаштың ақ жүрегін шымырлатқан. нар туған намысты ұлың ер наурызбай, Көкшедей көк сеңгірің тұғыр, мақтан!

 дәулеткерейдің жырларында кездесіп отыратын ассонанстық- аллитерациялық қайталаулар, күрделі, көпбуынды ұйқастар оның оңайға ұмтылып, жеңілге аяқ баспайтынын көрсетеді. ел бақытын

«құдай қорып, қыдыр бақты» деген тіркестер ақынның көшелі ойын көрсетеді.

 «ынтымаққа жарымау» деген тіркес те өзінің сонылығымен көз тартады. Күрделі құрылымы арқылы халық жүрегіне жол тарта білетін ақын өзінің осындай қарымдылығымен талай қарсыласын

10

қапы қалдырған болатын. Әрине, дәулеткерейдің айтар ойы мен шымыр шумақтарын көзі қарақты көрермен, құйма құлақ тыңдарман болмаса, кез келген адамның ұға алмасы сөзсіз.

 Жоғарыда біз атап өткен қайталаулар дәулеткерейдің қарсыласы Баянғалидың да жырларынан кездеседі. мысалы:

Алты құлаш ақ найза, Алты қырдан асыра, Ақыра сілтеп лақтырып,

Алашқа болған дұшпанның, Ажалды сәтін таптырып, зіркілдете аттырып.

Алауыз болған ағайын, Барлығын да жат қылып. Азаттық үшін алысқан, Аламанды шат қылып, –

деген жыр шумақтары батырлар жырында кездесетін эпикалық дәстүр үлгісін көрсетеді. Баянғали ақын жыраулық дәстүрді, халық ауыз әдебиетін жақсы меңгергенін танытып өтеді. Әрине, кейбір тіркестердің сол батырлар жырынан ауысқанын да атап өткен жөн. Алайда бұл – ақынның ақындық шеберлігін көрсететін тағы бір тәсіл. себебі жыр жолдарын сәтті қолдана білу де оның тапқырлығын, шабыт қуатының молдығын байқатады. Кенесары ханның образын жасағанда Алпамыс пен Қобыландының, ер тарғын мен Қамбар батырдың образдары сомдалған әдіс-тәсілді пайдалану арқылы халық жүрегіне жақын жолды таба білген. Кенесары – халқымыздың, ұлтымыздың арда туған ұлдарының бірі ретінде қандай да құрметке лайық тұлға. елді елдікке, бірлікке шақыратын шымыр шумақтар осындай тұлғаларды сомдау арқылы айтыс сахнасынан айтыла беретініне сеніміміз кәміл.

 Айтыс барысында осы тәрізді көркемдік ерекшеліктер кез келген ақынның Аманжолдың, мэлстің, Бекжанның, тілегеннің, мұхтар мен дидардың т.б. ақындардың жырларында кездеседі. Жоғарыда біз атап өткен көркемдік сипаттар ақындардың қай-қайсысына да болса ортақ. себебі, бұл қазіргі заман айтысының дәстүрлі сипаттарының бірі. олардың арасындағы сөз қақтығыстарынан біздер дәстүрлі ұқсастықтарды көре отырып, әрқайсысының өзіне ғана тән, дербес қолтаңбасын көреміз.

 өлең жолына түскен осынау кестелі сөз ән әуенмен, ырғақ сазы- мен әрленсе одан сайын айшықталып, ажарлана түспек. тыңдаушы жұрт айтыскердің сөз саптауымен қатар дауыс мәнеріне де мән береді. домбырамен немесе сырнайдың сүйемелдеуімен айту ақынның екінші тынысын ашып, ойын орнықтыруға мүмкіндік жа- сап, қиялына қанат бітіреді. осы тұста бір ақиқатты айтпай айналып өтуге болмайды. Қазіргі айтыс ақындарының көбіне тән олқылық – өзінің жеке мақамының болмауы. өзге ақынның әуенімен айту – сол ақынның көшірмесі, көлеңкесі болу деген сөз. Әйтпесе, Әзімбектің, мэлстің, Аманжолдың, мұхамеджанның әуенімен сахна төріне шығу мақамның иесіне де, оған құда түсушіге де абырой әпермейді. нағыз ақын халықтың тіл байлығын молынан пайдалана отырып, неше түрлі әдемі теңеу, көркем образдар жасайды, айтайын деген ойын ашық, әрі терең мағаналы етіп жеткізеді.

 Қазіргі ақындар айтысы туралы көп нәрсенің басын шалуға бо- лады. Әрбір өнер сайысына бұрын көзге түспеген жаңа талап жас ақындарды қатыстырып, дәстүр жалғастығын қамтамасыз ету, қастерлі өнерімізді дамыта беру негізгі міндеттердің бірі.

 Қазақ өнерінің антологиясы көптомдығының V-VI томдарына еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылдан бергі кезеңде болған 65 үздік айтыс үлгілері енгізіліп отыр. тәуелсіздік жылдарындағы айтыстың жауһарларын енгізуге барынша тырыстық.

 тәуелсіздік жылдарындағы айтыстың басты ерекшелігі ол кеңестік қоғамның ықпалынан шыққан біздің саяси-қоғамдық өміріміздегі идеологиялық кеңістікті толықтырды. Айтыста қозғалған азаттық идеясы тәуелсіздік алғаннан кейінгі аралықта біздің қоғамдық құрылымымызда басты идеология екендігін айтыс ақындары дәлелдеді.

 Жыр додасына араласқан ақындардың барлығы да халық мүддесін, ұлт тағдырын жырлаудан аянған жоқ. Айтыс сынды халықтың асыл өнері қазақтың ұлттық рухын таныған, содан нәр алған ақындар мен азаматтар барда ұлтпен бірге мәңгі жасай бермек.

 Шырынбек Қойлыбаев, филология ғылымдарының кандидаты

БіРінШі БөліМ

(1991-1996)

ШынБОлАТ пен ҚОнысБАЙ

Шынболат:

Армысың, Алматының ғалымдары, Армысың, Қарағанды жалындары. Армысың, ән-жырыма ажар берген, Алма бет айдай сұлу арулары.

Шiркiн-ай, бiлер ме едi мына топта, Бар десем менi де бiр сағынғаны. сендер деп жыр моторы жүрегiмнiң, Кеншiнiң бұрғысындай дарылдады. Кеншi едiм, кен қопарған, ақын болып, Кеп тұрмын Қонысбаймен қағынғалы.

торғаймен, сұрқылтаймен, күйкентаймен, сынайтын сияқтымын бағымды әлi.

Қол соғып сәлемiмдi қабыл алсаң, отырмын ағымнан бiр жарылғалы.

Арқалық Ақтөбеден жақын едiң, далаға дабыл қаққан батыр едiң. өзiңмен ат аралас, қой қоралас, ежелден бауыр басып жатыр елiм. сондықтан сенi қалқам егiзiм деп, мен таза айтыспауға мақұл едiм. Iнiсiн ағасына қарсы қойып, тапты ғой теледидар ақыр ебiн.

Шынболат шындап кетсе шадыр ақын, Бiр жаман мiнезiм бар, батыр елiм. сондықтан не де болса аңдап сөйле, Қонысбай, жөн бiлетiн ақын едiң.

Айтысты сүре десең, сүрелейiн, ұйқасын өлең-сөздiң кiрелейiн. Және де жер татыған жасығы емес, Айтайын алтын тектес бiрегейiн.

Айтайын қаймағы мен кiлегейiн, Шұбыртып тыңдаушының сiлекейiн. Жылатып айтатұғын жақыныңмын, Бiрақ та жаманшылық тiлемейiн.

Аюға жөн үйреткен таяқ дейдi,

14

Ағаңмын өзiң үшiн дүрелейiн. Жаттаған жерiң болса жаңылдырып, мен бүгiн әрлi-берлi сүйрелейiн.

Көкендi көкелеумен сүрiндiрiп, Жүлденiң алып едiң дүрегейiн. Әсия, Әселханмен айтысқанға, маған да дегенсiң бе тiрелейiн. Жюриге бiр күн мүше болғаныңда, Қылдың ғой ерiкжанды күйедейiн. Қақ жарар қара қылды, Қарағандым, мен бүгiн барлығыңа сүйенейiн.

Әдiл жұрт, әдiл қазы бiлсiн бүгiн, өлеңге кiмнiң жақын, кiм өгейiн. Қонысбай, шын айтысқа жаңа келдiң, Айтып қал, айтар сөздiң түйедейiн.

Ал, қане, осы жерден сөйлеп көршi, мен бiраз осы жерге тiрелейiн.

Қонысбай:

Жеңсем деп Қонысбайды қиялдайсың, түйiлсем күлкiңдi сен тия алмайсың. торғайға күйкентай деп тiл тигiздiң, Батырдың аруағынан ұялғайсың.

Бәйгеге тұлпардай боп жарағанмын, Кекiлiн шабытымның тарағанмын. Қағысып небiр тарлан, жүйрiктермен, өзiндiк дауысыммен дараландым.

Бәрiн де адамдардың бауыр көрiп, сәбидiң көзiменен қарағанмын.

Бiр ауыз жылы сөзден қанаттанып, Бiр ауыз салқын сөзден жараландым. Ат мiнiп, тiзгiн түйiп жүргеннен соң, Халқымның қажетiне жарағанмын. Алматыдан кейiнгi шаңырақ деп, Бас иiп келiп қалдым, Қарағандым.

Қашанда жақсыларға серiк едiм, маржанын асыл сөздiң терiп едiм. Арзанға әлдекiмдей бой алдырмай, Қаймағын қалқып сөздiң көрiп едiм.

Қазаққа ортақ, қара шаңырағым, Жырлауға сенi қалай ерiнемiн. Қасым мен ғабидендей алыптарды, Жұлдыз ғып қазағыма берiп едiң.

Бұлбұл құс ұя салған таңдайына, Iзiнен манарбектiң ерiп едiм.

Әсет пен мәди сынды асылдардың, Басына бiр түнеуге келiп едiм.

Жоғалтпай еңбектегi ырғақтарды, Артымда қарт торғайым жырлап қалды. ұшуға көбiсiнде қанат болмай,

сәлемi өзiмменен бiрге аттанды. Құстардың тiзбегiмен жететұғын, Хабарға құлақ түрiп тыңдап қалды. Қара алтын ордасына жеткiзгей деп, Жүректiң тереңiнен сырды ақтарды. Қарттарым желмен бiрге қалт-құлт етiп, елжiреп жанарларын дымдап қалды. нұркеннiң отанына тағзым ет деп, Арулар орамалын бұлғап қалды.

Құлақ түр, халқым, мына сұрағыма, өнерi торғайыңның ұнады ма?

Балқашың тағы жаңа орден апты, тидi ғой осы хабар құлағыма. менi де мәз қылатын бұл жаңалық, Айтуға мына топта тұрады ма?

Қуаныш құтты болсын, аттың басын Бұрайын ендi жырдың бұлағына.

Бұрылып сәлем берейiн, өнерпаз аға сен едiң, тiлекшi iнiң мен едiм. сыйласуға келгенде, сарыарқадай кең едiм. Белдесуге емес мен, елдесуге кеп едiм.

Жылы-жылы сөзiңмен, Көңiлiмдi демегiн.

16

Ата салтын сыйлайтын, Аға таптым деп едiм.

Арзан сөзбен сағымды, сындырмас деп сенемiн.

Қарап тұрсаң әр ненің, оңы менен солы бар. Биiктегi қуанар, етектегi торығар. тұлпарлармен жарысқан Жабылардың соры бар. ұлы бәйге бiткенде, Көрiнуге қорынар.

Азамат шықса алдыңнан, Аттан түсiп қолын ал. мендей iнi саған да, сендей аға маған да, ендi қашан жолығар.

ел сенiмiн ақтаған, топтан озған тұлпармын.

Құлпыртып түгiн баптаған, топшысы берiк сұңқармын. Кеудеде жырым кептелiп, Борасын болып бұрқармын. Шайқалтып талай ақынды, түндiгiн жел боп жұлқармын. Арқам бiр қызса белгiлi, етерi аздық бiр таңның.

Жамандыққа жаным қас, сұлулыққа iңкәрмiн. торғайдан шыққан бiр таймын, Жалғаған жырын нұрқанның. Кезегiңдi алшы, ағатай, Қошемет халқым көрсетсе, оралып тағы шырқармын.

Шынболат:

Қонысбай, саған айтар ағалығым, Айтыста байқалмады даралығың.

торғайдың топқа салған ақынысың, Құлаққа жағымсыз боп барады үнiң. тек қана театрдың iшi емес қой, миллионға жатқан жоқ па тарап үнiң. өзiңдi мақтаудан сөз аспай жатыр, Қай жақта оқығаның, даналығың.

Қай уақыт, қай ғасырға, кiмді сөйлеп, отырсың алды-артыңа қара бүгiн.

Қазекең барды-жоқты қазбаласа, Құдайдың бойынан да табады мiн. Жырлайық бақытты өмiр, шат тұрмысты, Бетбұрыс, замананың даналығын.

Кен қазған, мал өсiрген, ғарышқа ұшқан, Жырлайық ардақты елдiң сан алыбын.

Бұл ағаң күңкiл сөзге бара қалса, Басыңа орнатады қаралы күн. торғайдай торға түскен шырылдатсам, Қолымнан арашалап алады кiм? дегенмен iнiмсiң ғой кешiрейiн,

Бiр жолға болған шығар балалығың.

Жезқазған – облыста жерi кеңi, Керiлген кер маралдай керiм едi. сақтаған сары алтындай сан ғасырға ғажайып сыры жұмбақ жерiм едi. мұхиттың ар жағында ағылшындар, Жезқазғанның жерiне жерiк едi.

мал баққан қазағымды алдап-сулап, Шахтада итшанаға жегiп едi.

Көп нәрсе ала алмады-ау солар бiрақ, өйткенi өгiз, түйе көлiк едi.

даланың дауылына шыдай алмай, Бәрi де қашып-пысып өлiп едi.

Байлыққа барлау жасап бағалаған, Баhадүр сәтбаевтай ерiм едi. тереңде теңдесi жоқ мыстың қоры, Әзiрге таусылмайтын көрiнедi.

сұм соғыс басталды да батыс жақтан, Қара бұлт ел үстiне төнiп едi. торғайды аузына алмай бас қолбасшы,

18

Жезқазған жездерiне сенiп едi. елiмнiң ерен еңбек арқасында, Халқымыз сұм фашистi жеңiп едi. Бұл күнде Қара Кеңгiр, сары Кеңгiр, Қыздардың бұрымындай өрiледi. ғарышқа алғаш рет адам ұшқан, Байқоңыр бақыт қонған белiм едi.

Жайлаған кең даланы өз малымдай, Ақбөкен, киiгiм мен елiк едi. сапырып сары қымызды отыр елiм, Құрыққа толып құтты желiлерi. ұлытау баурайынан жыр боратқан, иманжан, ақын тайжан серiлерi. сұңқардай сәкен ағам кiм болғанын, осында Жайық ағам көрiп едi.

Атақты айтыс ақын Шашубайдың Жабысқан әрбiр сөзi желiм едi. солардың ұрпағына кезiктiрген, Ақыным, сенi ненiң желiгi едi. уақыттың тығыздығы қинап отыр, Әйтпесе көсiлетiн жерiм едi.

Қалғанын өзiң жырла бердiм кезек, небәрi жарты-ақ сағат берiп едi.

Қонысбай:

Қатарым болса шiркiн, бүктер едiм, оғым жоқ сақтап қойған түпке менiң. елiне ерке өскен, ақын ағам,

мен сiзден мұндай мiнез күтпеп едiм.

Ақын ем шығып жүрген қатарымен, Халқымнан он бес жаста бата алып ем. мүшелде қырық тоғыз топқа түсiп, елiңнiң бас ақыны атанып ең.

ырза боп жүрушi ем ел мақтағанға, Байқасам ұқсамайсың ақтабанға. өзiңдi қараңғыға қамап қойып, елуге келгенiңше баптаған ба?

сен туған жердiң, ағасы, Алысқа кеткен атағы-ай. Шырайын бiрақ шығарып, Айта алмағаның батады-ай. Жезқазған емес елiңдi, Алтын қазған деп айтсам, мақтанға бұл сөз жата ма-ай? саржайлауды сызылтқан, ұмыттың қалай тоқаны-ай? мағауиядай ұл берген,

Ән менен күйдiң отаны-ай. Жақсыкелдi ағаны,

өттiң неге атамай? Қазiргi қазақ әнiнiң,

дүлдүлi десем қата ма-ай? Жасырғанмен кейбiреу, өткiр кездiк қашанда

Қап түбiнде жата ма-ай? Қазағыма ық болған, ұлытаудың ұлысың. далаңа байлық, құт қонған, ортаймаған ырысың. торғайым атқа қонғанда,

Жезқазған соққан қылышын. Алғаш қазақ ұлт болып, ұйыған елдiң бiрiсiң. сондықтан да биiксiң, сондықтан да iрiсiң.

Жезқазғанда тайжанның, торғайдағы нұрханның, Жалын атқан жырысың. теңеуiн тауып айтпасақ, тiрлiгiмiз құрысын. өзендерiм бастауын, ұлытаудан алады.

Жыланшық пен торғайым, Жерiңдi көктей ағады.

Жезқазғанның аруы, Шелегiн суға салады. Бозбаласы торғайдың,

20

Жетелеп атын барады. үнсiз тұрып көзбен-ақ, ұғынысып қалады. мөлдiр ағыс секiлдi, сезiмдер қанат қағады. ертеңiне қарттарым, елшiлiкке барады.

Бөлiп жатқан бөгет жоқ, Байқап тұрсаң араны.

Бiр өзеннен су iштiк, сөзiмiз де бiр жерден Шығып жатса жарады. Ақтөбемен айтыста,

дедiң ғой атым Шынболат. Қатты айғайға басқанда, Басқалары жым болад.

Жүрiсiнен жаңылып, Жiгерлерi құм болад. ел алдында сөз айту, Азаматқа мiн болад. өзiн-өзi мақтаған, Айтшы, аға, кiм болад?

Қарсыласың қарт кiсi, сыйламадың сақалын, сiз-бiз десiп жатпастан, Бiрден сен деп атадың. Iнi айырылса iзеттен, үлкенi осы қатаның.

Жасың келген шағыңда, Жанжалмен шықпас атағың. ерсi iсiне бiреудiң, Қиналып-ақ жатамын.

Атаңа не iстесең,

Алдыңнан шығар дейтұғын, естiп пе ең қазақ мақалын?

Жалғыз ғана мен емес, Көрдi-ау бәрi мұныңды. дос жылатып айтады, Жасырмайды мiнiңдi.

тым қаттырақ кеттi деп, Кiнәлама iнiңдi. үлкенге берген жәбiрiң, Көзге бiрден iлiндi.

Әуре болма қорқытып, Жер астына қамалған Шақырам деп жыныңды. Жалғыз ғана мен емес, Бәрi де мұны байқады.

Жiгiтiм қапы кеттi-ау деп, Көбiсi басын шайқады. дос көңiлi қашанда,

Бiр ауыз сөзден қайтады. есте сақта, ағасы,

сөз емес сөздi қашанда, Кiсi емес кiсi айтады.

Шынболат:

Қазақ қазақ болғалы, дәл осындай шат заман, Белгiсiз қашан болғаны.

ғасырлап күткен халқымның, ежелден бергi арманы.

елiме мықтап орнады, ырысы тасып елiмнiң, миллиард болды орғаны. Қой үстiне бозторғай, Жұмыртқалап қонғаны. үй тұрмысы тамаша, Алматыдан саңқылдап, теледидар сайрап тұр, Басып қалсаң болғаны. екiнiң бiрi мiнiп жүр, Жигули деген жорғаны. Берлиндегi ұлыңмен, үйде отырып сөйлесу, сөз болып па сол-дағы. Полюске барып гүл егу, ғарышқа барып су себу, Iс болып алды қолдағы.

22

мiне, осындай заманды, ортанқол ақын жырламай, Жамбыл кеп жырлап бере ме, Айтпасыма болмады.

Айтысқа түскен ақындар, өз бойынан аспай жүр, Қысқа боп ойы, болжауы. елдi ойлаған ақынның, осылай болар толғауы.

Жыр жазған емес, кен қазған, Көп кеншiнiң бiрiмiн. дүбiрлi топқа түскен соң, сөйлейiн сөзiн iрiнiң.

сен елiңдi жырласаң, сен торғайды жырласаң, мен де елiмдi жырлайын, Жеткенiнше тiлiмнiң.

Әрiп терiп, сөз санап, газет жазған ақынсың, Бiздерден артық бiлiмiң.

Әй-әй деп басты шайқаумен, өз обалың өзiңе,

Жұлынып кетсе жұлының. Ақын болсаң қанекей, осылай етiп жырлап көр, Қалғанын саған берейiн, Қонысбай, қалқам, құлыным.

Қонысбай:

Бiледi ғой Қонысбай, өзiнiң басын қорғауды. Қайдан ғана үйрендiң, Аға, мұндай қорлауды. толға десең толғайын, Ал, қане, аға, тыңдап көр, соңғы мынау толғауды.

Жырдан шашу жұртыңа, Шаша алғанға не жетсiн. Қатты айғайға мұндайда, Баса алғанға не жетсiн.

талантыңның бар гүлiн, Аша алғанға не жетсiн. Қолдан бермей намысты, Қасарғанға не жетсiн.

Қуаныштан шаттанып, Жасарғанға не жетсiн. сахнада айтысып, Қоштасарда көздерге, Жас алғанға не жетсiн. Бәйгелерге қаймықпай, Кiре алғанға не жетсiн. Ақкөңiлмен шаттанып, Күле алғанға не жетсiн. Қатарыңмен жарқылдап, Жүре алғанға не жетсiн. Қарсы келмей үлкенге, тiл алғанға не жетсiн.

Бiр-бiрiңнiң қадiрiн, Бiле алғанға не жетсiн. мына тұтам тiрлiкте, өмiрiңдi өкiнбей

сүре алғанға не жетсiн!

Жырымызды маздатып, намыс отын құйғанбыз. Қысылғанда тарының, Қауызына сыйғанбыз. Әрбiр сөздi орнымен, Қыз жүгiндей жиғанбыз. талай түнгi ұйқыны, ұйқас үшiн қиғанбыз.

Халық деген ананың, Бетiндегi иманбыз.

Жүз шайысып қайтемiз, мына тұтам тiрлiкке, Азғана күн мейманбыз.

Жыр тұлпарын ерттедiк, Аққу мойнын игiзiп.

Кiрдiк талай бәйгеге,

24

Жал-құйрығын түйгiзiп. сенiм артып ел қалды, оқалы шапан кигiзiп. мағыналы қанша сөз айттық, Шумаққа жалғыз сыйғызып. Бауыр боп қалғай екеумiз, төске төстi тигiзiп.

Құшаққа алып iнiңдi, тарасаңыз қайтедi, Бетiңiзден сүйгiзiп.

1991 жыл.

МҰХАМБеТҚАлИ Мен әселХАн

Мұхамбетқали:

демеймін мен айтыста жырындымын, Халайық жаман емес ырым бүгін.

Әсекең арқасында аштым деймін, Бүгінгі осы айтыстың шымылдығын.

мен емес көңіл жағы кемтар ақын, Болайын сізге апай, тең пар ақын. Алдыңа бұл мұқашың шықты елім, ішінде ақындардың арқалы ақын.

Ассалаумағалейкүм, нағашы елім, Анашым, туып-өскен тамаша елім. Жиен боп Жезқазғаннан келіп қалдым, Қазақтың өнер қуған баласы едім.

Ассалаумағалейкүм, анам елі, Көңілім бір көруге алаң еді. орайы бүгін міне түсіп отыр, ортаңа келді дейін балаң енді.

Қарт анам жүрер кезде «сәлем» деді,

«Әлі бар көруге елді дәмем» деді. Кентаудың тәрбиелі қызы екенін, ұлытауда сол анашым дәлелдеді.

«ол жақта болма балам үркек», - деді,

«өзіңді туыстыққа тіркет», - деді.

«Кентаудан жиырма алтымда кетіп едім, Жатырқай қоймас сені Шымкент» деді.

Армысың, ағайындар басқа дағы, отырған ақсақалдар асқаралы.

Жүрегім менің білсем сыздайды ғой, сәбидің кірбің тартса қас-қабағы.

Байқаймын қуанышты халық бүгін, тірілтіп жатыр деймін дәріпті ұлын. табиғат кеше халқым, жылады ғой, еске алып орекеңдей1 жарықтығын.

мерейі ақындардың үстем шығар, Шымкентте жеміс-жидек піскен шығар. орекең дүлдүлдері кеп жатқанда, орнынан он рет аунап түскен шығар.

демеймін қуаныштан құр қалдық па, Ақын боп кеуде соғып ырғалдық та. Айтыстың айдаһары алып шықты, мұқашты бірінші күн құрбандыққа.

ұлытаудың әруағына сүйенемін, демеймін ел алдында киелі едім. Апатай, айып етпе артық кетсем, өйткені, өздеріңе жиен едім.

отырыс болсын дейік тамаша, апа, Бір мезгіл жиеніңе қарашы, апа.

Берейін сөз кезегін енді өзіңе, Жіберші жалғастырып, нағашы апа.

әселхан:

Қыздарды алыстағы сағыналық, Жиеннің түсінейік назын анық.

«сәлем» – деп төркініне айтыпты ғой, Халайық қол соғыңдар қабыл алып.

1Орекең - Орынбай Тайманов.

26

Құт саулап Қаратаудың қарыны сыздар, Арда емген арғымақтай жалдысыздар. Желіндей Арыстанның аңқылдаған,

Ақ көңіл, асыл елім армысыздар.

емеспін бүгін қонақ тосып алған, Біргемін өздеріңмен қосып арман. тойына орекеңнің шашу шаштым, Киелі Арыстанбап, отырардан.

тербейді ақ бесігін бүгін қалам, тірілтіп өткендерді тынымдаған. Жер ана дауылменен жыр толғатып, Болашақ Құлагерін құлындаған,

лапылдаған ақындардың жалынымен, замана алға қарай зырылдаған.

Бозторғай алыстарға кетті самғап, Айналып Боралдайын шырылдаған.

толассыз төгіледі жырлар бүгін, мінеки, бетін ашып тұрғандығым. мұқашжан, шынымен-ақ жараймысың? Айдаһар толғап жұтар құрбандығын.

Мұхамбетқали:

Қонақтың қарау керек қабағына, Жатасыз үлкен ақын санағына. Шортан боп мен өзенде секірмеймін, Боламын тікенекті алабұға.

Бұл дәуір басымызда тұрмасы анық, Ақын боп ел алдында сырласалық. сіңлісінің сөзін естіп жаңағы айтқан, Қарт анам қалар деймін бір жасарып.

Қойылар әрлі-берлі сұрақ талай, Жүрейік жақсылықтан жырақ қалмай. Айтысқа қате хабар алдымдағы, Шымкентте жатып қалдым бір аптадай.

Қарсы алды қалай дейсің жұртым мені, Шақырған жерден мұқаш іркілмеді.

Жатқан соң екі күннен кейін келіп, Қонақ үй «шық» деп маған зіркілдеді.

Ақын деп атты бізге халық қойды, Біреулер сергелдеңге салып қойды. Этаждың кезекшісі келді де, әпке, Қолымнан кілтімді де алып қойды.

Жеңісін мен ешкімнің қызғанбадым, Қазақ боп кеуде керіп, сызданбадым. сонан соң жанталасып жатып алып, Жүрсінге – астанаға звондадым.

Жете алмай Шаянға мен жолда қалдым, Айтысқа келемін деп сорға қалдым.

«Әке» – деп атап жүріп біреулерді, ол жерде бір қонуға зорға қалдым.

Айтыста Әсел апам сара екен ғой, Жолдары жүріп өткен дара екен ғой. өткенде астанада кінә айтып ең, ондай жан сіздерде де бар екен ғой.

сөйлеген жиен болып өтімденіп, Қайтпаған айтыстардан бетім келіп. далаға шығып қала жаздадым мен, Әсеке, тәушен апам секілденіп.

әселхан:

түсіпсің мұқашжан-ау, сен сарсаңға, Болады ондай-ондай кесел таңда.

Жүрсінді Алматыдан іздегенше, Хабарды бермейсің бе, Әселханға?

Бұл жерде талайлардың бағы ашылды, сыйласың жамандама анашыңды.

Қондырып алақанға алар едік, ертерек танып жүрсең нағашыңды.

28

Шыңдарын Қаратаудың ән қылған жер, Қойнауын құтты қоныс мал қылған жер. Алыстан жолаушылап іздеп келіп, Арқасын арғымақтың талдырған жер.

Жеті отау, Ақмешіті тарих дастан, есінен дұшпандарын тандырған жер. Қостұра қатар шапқан қос батырдай, Қынадай Қызылбасты қан қылған жер. Ат іздеп, тон даулаған кесір жаудың, Қу басын қу далада қалдырған жер.

Қар жауған қабағынан батырлардың, найзасын ата жауға малдырған жер. Ақ үйде сары қымыз сапырулы, сімірсең мейіріңді қандырған жер. өсіріп қойдай қозы, нардай бота, лаулатып үмітіңді жандырған жер. өтсе де қанша ғасыр көнермейді,

тай шауып, бұлақ күлген балдырған жер. Көзінің қарасындай сылап, сипап, Бабалар ұрпағы үшін қам қылған жер. той беріп орынбайдай ақынына, Жегенін жая менен жал қылған жер. есігі сегіз пейіш ашылғандай,

мейманын тамсандырып, таң қылған жер.

Мұхамбетқали:

Жүйріктер талай шауып болдырған жер, Көңілге талай жырды қондырған жер. онан соң ақындарды қонақ үйде,

түні бойы дірдектетіп тоңдырған жер.

демеймін жыр маржанын тере алмадым, демеймін жүйріктерге ере алмадым.

Әсеке, мен өзіңді орынбайдың, ескерткіші ашылғанда көре алмадым.

Айтқан бұл әзіліңді құптадың ба, Білемін жиеніңнен ықпадың ба.

«синоптик» – мамандығы» деп естіп ем, Біліп ап, ауа райын шықпадың ба?

ұлытаудың биігінен құлжа көрем, орысқа жаны ашып ырза деген.

Қазақтың жерін кесіп-пішіп жатыр, сәуегей солженицин мырза деген.

Бұл сөзі тиіп елдің қытығына, су ішкен түкірді деп құдығына.

тып-тыныш жатқан бейбіт талай елдің, у сеуіп кетті-ау сөзі ұғымына.

ол мырза біздің жақты білмей ме екен? Жоқ әлде жатып алып күндей ме екен? Құрметті жазушысы бар халықтың, дәл солай қоламтасын үрлей ме екен?

Айналдым, Қазақстан, өскен елден, депутат білгір шықты өскеменнен. Шаруасы болмас деймін бізде олардың, тайлағын қайтып алсын көшке берген.

Қыранның жел саулайды қанатынан, сөздердің айналдым мен болатынан. Жиенің ептеп біраз әзілдеді,

Апатай, сөйле енді ел атынан.

әселхан:

Жырменен қыздырайық рәсімді, Жиенжан, көкке серме құлашыңды. ол да бір мына менің мінезім ғой, Жарқырап міне, бүгін күн ашылды. Жайылып жалпақ елге сөзім кетті, талайлар домбырасын безілдетті.

торғайдай тоңғанды айтып не қыласың, Қыран боп қия шалар кезің жетті.

Жалғағам сол жерде де бұл әнімді, саласың бармадың деп ылаңыңды. өзіңнен бір күн бұрын өзім барып, Басына оқып кеткем Құранымды.

30

мұндайды істемейді ұяттылар, Көбейді қиындықтар құлақ тұнар. өзі ішкен құдығына түкіретін, депутат васильева сияқтылар.

Шыныққан біздің халық азаптарға, Күн сайын кезігеміз ғажаптарға. мұхиттың аржағынан ит үрді деп, Қымсына қоятұғын қазақ бар ма?

Жыңғыл да бөтен жерде тамырлай ма? Алжасқан ағайынға сабыр қайда? ұшырып аққу-қазды айдынынан, орнына сары шошқа мамырлай ма? ұмытқан кешегісін шіркіндерді, Қазақтың қасиетті наны ұрмай ма?

Мұхамбетқали:

Бұл мұқаш ойқы-шойқы бастапты өлең, Апамды ақындықта асқақ дер ем.

Айналдым мінезіңнен дәл кешегі, Қонақтар келер күні қаспақ жеген.

Көңілім менің дағы өсет деген,

Бұл заман жаңаша боп көшет деген. иттері үріп жатыр ана жақтың, сыртынан қазағымды өсектеген.

Апатай, мына заман қандай заман? Бағы жоқ бәлкім бізде, маңдай жаман. Көреміз «коммунизм» деп жүргенде, Айрылған қолдағыдан қандай жаман.

Қайырлап қалды Аралдың кемелері, Қорқамыз жаңбырдан да төбедегі. Босаған сіріңкенің қорабындай, Бүгін міне, дүкендердің сөрелері.

Жоқшылық алғаш қант пен шайға келді, Білмеймін «қайта құру» қайда келді.

Біреулер «кооператор» боп алды да, Құдай-ау, шаш етектен пайда көрді.

Жүйткиді көшелерде такси де үдеп, Қонақтар жатады ылғи жақсы үйге кеп. Халайық ауылдағы ағайынның,

түсіне нансаңыздар «носки» кіред.

Бұл заман дегеніне бағындырды, Жүгіртті бәрімізді жалындырды. түсіне әйелдердің «күйеуі» емес,

«Шампунь мен кір жуатын сабын» кірді.

отырған жоқпын тойдан сарқыт тілеп, Бұл мұқаш ел жағдайын артық білед. түсіне балалардың «папасы» емес,

Бұл күнде «калькотки мен кәмпит» кіред.

Жігіттер қалта қағып дүрлігісті, тұратын түтіндетіп бір бұрышты. Кешегі сан сапалақ сигареттер,

Бұл күнде көздерінен бұлбұл ұшты.

не деген, апатай, бұл өмір еді, Көңілім нан барына семіреді. Айта отыр әңгімеңді енді өзіңше, түсіңе көз ілгенде не кіреді.

әселхан:

мұқашжан, білесің ғой не дерімді, зарланып осыншама не көрінді.

Басынан бұл әпкең де мойындаған, Қаспақты, қаймақты да жегенімді.

сөзіңнің барлығы да жөнді, бала, Халқымыз басқа салса көнді, бала. Шындық пен дін оралып, тіл оралып, Келеміз бас көтеріп енді ғана.

Күн сайын халық мұңы тереңдеген, Қағида бұрынғы көп көнермеген.

32

түсімде көріп жүрмін көп жақсылық, Халқыма қызмет қып төбемменен.

Кейінгі ұрпақтарға үлгі болар,

сонан соң шумақ-шумақ өлең көрем.

Бүгінгі қиындықтар сағым болсын, серпілтіп селқостыққа дабыл болсын. мұқашжан, нағашыңа келгеніңде, Жасаған зияратың қабыл болсын.

Мұхамбетқали:

демеймін мұзды елім ойып па еңдер, Атанды жығып тойға сойып па еңдер. Жиенің келіп қалды рас, апа,

дайындап қырық серкеш қойып па еңдер.

тауықтың түсіне ылғи тары кіред, мәтелді осы қазақ бәрі білед.

Ал мұқаштың түсіне сұрасаңыз, Қазақтың заман-айлап зары кіред.

сөйлеймін әр сөзіме табан тіреп, Адамның қасиетін адам білед.

Көз ілсем түсіме мен, енді, айтайын, тартылған тандыр нандай Арал кіред.

Ақынды айтар елі байсалды деп, Әрине жылқы мінез қайсарлы деп. одан соң түсіме ылғи көз ілгенде, зілзаладан зардап шеккен зайсан кіред.

сонан соң ана жақтан семей кіред, Жаңағы өзің айтқан өлең кіред.

Ауылға тұман кірсе, тұмау кіред. түсіне жыршылардың жырау кіред, сонан соң айтыс ылғи басталарда, Қолымда ұстап отырған мынау кіред...

әселхан:

Бұл мұқаш бар нәрсені толықтады, Бір түсті қаза бердің жолыққалы.

сенсіз де ел білетін нәрселер ғой, Айтысты мен отырмын қорытқалы. Қазбалап, түбін қазып қоймадың ғой, түсіңді келіп пе едің жорытқалы.

түсті де көре бермей жеңу керек, зайсанға шындап көмек беру керек. Қайғырып қашанғы елді жылатамыз, Алдағы болашаққа сену керек.

Мұхамбетқали:

Қазақтың жаппасын да даласын бұлт, Жиеннің асты-ау бүгін бағасы күрт. Қырық серкеш дайын болса ап кетемін, Күн жақсы кездескенше, нағашы жұрт.

әселхан:

Жиенжан, көп түс көрсең жаңыласың, Күні ертең бұл ауылды сағынасың. домалақ әулиедей анамыздың,

Киелі әруағына табынасың.

Жер тарпып үй сыртында ақ боз ат тұр, Бақыртып сол серкешті не қыласың?

1990 жыл.

АЙТМҰХАМБеТ пен МҰХАМедЖАн

Айтмұхамбет:

Жан-жаққа, мұхамеджан, жалтақтайсың, Жалтақтап бірақ та еш мал таппайсың.

Айналдым ізетіңнен, інішегім,

тұп-тура постта тұрған солдаттайсың.

Бұл тойда ел тойлаған, мен тойлағам, ел едік жақсылыққа ен тоймаған.

Асына сыпатайдың келдік біздер, Кешегі күні бүгінгі елді ойлаған. Ассалаумағалейкүм, көрерменім, Бағаны қазылардан кем қоймаған.

34

сарапта сахнаға қайта шыққан,

мен едім бесті құлжаң белде ойнаған.

«Хан – қақпа, халық қазына, батыр қорған, дүмше молда дін бұзар, халқың сордан.

Болғанда шешен – шебер, би – таразы,

Ән шырақ, күй көркің де, ақын – жорғаң». Ақын ыдыс, ауысқан ырыс бояу,

Байлық – сынап кететін ағып қолдан. Алатаудай болсаң да асқаралы, Ақша бұлт басына бақыт қонған.

Ал, енді ақтарылсын, ағайындар, сыр сандығың ішіне жақұт толған.

өлеңнің тереңдерін зерттеп ем, Халқыма берерімді беріп келем. Айтыста сырлы сұлу сөздеріммен, Халқымды сары майдай еріткен ем. Ал, енді алдымдағы ең бірінші, Бала еді мына маған еліктеген.

ыңғайлап қоңыраулы жыр найзаңды, Қамшыла тұлпарыңды ерттеген.

Айтуға мұны неге арсынамын,

Берген тәңір дәл маған нар шыдамын. Алдында ел мен жұрттың ұят шығар, інішекті жұмыртқадай аршығаным.

Ақын болсаң, алмастай қылпып тұрғын, Қарсы шыққан ақынды жаншылағын. сөз саптауды үйреніп мына өзімнен,

өз найзамды өзіме шаншымағын. Шабыт атты жорғаның сауырына, Бас енді сөздің дырау қамшыларын.

Мұхамеджан:

Ат мініп асау жырдың айғырынан, Көрініп төл өнердің айдынынан. Алдыңа шығып қалдым зиялы елім, тізгінді қағыстырып тайлы-құнан.

Қауыштым мол дәстүрмен жас та болсам,

Бабамның бәсіре алып байлығынан.

Шабыт кеп шамырқанған шақта ықпаймын, Ақынның абырой мен айбынынан.

Қолтығын тұрған сөгіп кіл жүйріктің, Қазағым жеріп еді қай жырыңнан?

Армысың, қарға тамыр қандастарым, Жиылған облыстың ой-қырынан.

Аяқты үзеңгіге тең салайын, тұлпардың шаймау үшін тер самайын. сөгейін өлең-жырдың ақ сауытын, Қоңыраулы найзаңды берші ағайын.

Айтмұхамбет ағаммен шыққаннан соң, өнерден өз әлімше енші алайын.

Шығарып түкті жырдың түбіттерін, Барымды тулаққа сап мен сабайын. Қосылдым бүгін топқа, бәсірем бар, өнерде өз тоқтыма ен салайын.

Армысың, келеңсізге келмес ағам, өзіңмен теңдес болсам, белдесе алам. Қазақтың қара өлеңін қадір тұтқан, емессің қара өлеңге сен де шабан.

Жел сөзді жолдап жатса әлеуметке, Жаманды жерден алып, жерге салам.

«Ағасы бардың жағасы бар» деуші еді, Арқамды ағам барда кеңге салам.

ел үшін, халқым үшін тыншымды алып, суырып сары майдан қылшық алып.

Арқырап айтыста мен кетсем деймін, Әйтеуір, айды аспанға бір шығарып. сыйлайық біз екеуміз елге бүгін, сардардың сауытындай жыр шығарып.

Ағамның төзбей отыр жаны қалай, Бола ма сөзді әзілге жанып алмай?

Ағасы, «көп сөз – көмір, аз сөз ─ алтын», Айналдыр жыр диірменін ары қарай.

36

Айтмұхамбет:

үстем бол бұл халыққа мерейіңмен, сырлы сұлу сөз шығар көмейіңнен. өзіңе осы жерде берейін дем,

Ал, енді інішекке не дейін мен?

інішек, әлі алда болашағың, Жолыңды кеспек түгіл жол ашамын. мектепте оқып жүрген бала едің, есіме түсіп отыр бала шағым.

Азан шақырып қойған атым Айтмұхаммед, Атың да емес сенің жай, мұхаммед.

Шықса егер сахнаға екі сай мұхаммед, елің бұл деп адасар қай мұхаммед?

Желігі болса жастың дәл өзіңдей,

Жас арыстан бір-бірінен қаймығар ма ед? мэлс емес, мұхаммедтер көбейсе егер, Бұл қазақ тіл, ділінен айрылар ма ед?

Алексейлер кірмесе арамызға, тағынан ханды халық тайдырар ма ед?

Кеттік қой батырға да батыр демей, Ашты ғой ақиқатты ақыр көмей.

Кешегі нәубеттерде, ақтаңдақта, Ақынды жау деп білдік, ақын демей. Хан мен би, бек қараға қосылған соң, етті ғой голощекин тақыр кедей.

Мұхамеджан:

Қазаққа голощекин не істемеді, Көңілім атаудан да сескенеді.

Кезінде қазағымды қырып салып, Аштықтан өлгендерді дестеледі. осындай адамдардың жауыздығын, Бүгінде талдап ұрпақ ескереді.

Асыра сілтеу ешбір болмасын деп, Қазақта аша тұяқ қалмасын деп.

Кезінде голощекин айтқан екен, орнатам кіші октябрь ордасын деп.

Әлденген әлдебіреу емес пе еді ол, Қазақтың қазанынан қалжасын жеп.

Жылқы да жабыққанда шұрқырайды, естісең, сай-сүйегің сырқырайды. өмірі атқан оқтай азаматтар,

Айтып қал жасқанбастан ұлтың жайлы.

Айтмұхамбет:

сөзімнің бар тұзы да, шекерлері, таратсам талай жұртқа жетер тегі. Ақтамберді жыраудай жыр толғасам, ел-жұртым жиылар ма шетелдегі?

Алыста жүрген сонау бауырлардың, Жатқа тұрақ болып жүр мекендері.

Бойдағы сеніп енді әр өнерге, Қосайын көк сүңгідей қара өлеңге. Жел соғып, жапырағынан айырылған, Жапандағы ұқсаймыз кәрі еменге. тамыры тереңдеген қазағымның, тағдыры тартып кеткен бар әлемге.

Қоса алмай қырғыздарды өзбекке, тұрардың қалды ма екен сөзі текке? Алаш жайлы айызды қандырып бір, түркінің айтатұғын кезі кеп пе?

Жігін тегіс жатқызып айтып берер, Барсақ та халифа мен хазіретке.

Қойдай қоңыр момынмен қоңсы болмай, создық-ау, қолдың ұшын көзі көкке.

Мұхамеджан:

Қазағым қырық пышақ қырқысқанда, тарттық қой етегінен тырмысқанда. Қолынан тұрардың да билік кетті, Қоса алмай өзбектерді қырғыздарға. тең болмай екі басы таразының,

сән кетті салт-дәстүр, тұрмыстан да. Ауадай таралды ғой кең әлемге, Алашым айнала алмай түркістанға.

38

Айтмұхамбет:

өзіңді тастамаймын тысқары шын, Жоқ болса да, ағаңа еш қарызың. Ақылды жігіт едің, мұхамеджан,

Айтып жібер мұсылманның бес парызын.

Мұхамеджан:

исламда сансыз асыл қазына бар, Адамға болар алтын қазық олар. Аллаға иман келтір, намаз оқы, зекет бер, ораза ұста, қажыға бар.

Бес парыз қазағымның досы болар, Айтсаң, алдан жұмақ жай тосып алар. Жауабын жұп-жұмыр қып айттым білем, мұсылманның бес парызы осы болар.

Айтмұхамбет:

мен-дағы айтыстағы ақ алмаспын, Бірақ та саған сілтеп бара алмаспын. Бір құлатсам ар болар өзіме де,

түбі түссе, көтеріп сала алмаспын. тоқсан әйел толғатып ұл тапса да, ішінен дәл сендей ұл таба алмаспын!

сөзіңді қазіргі айтқан жөн көремін,

Бұл – ел мен жұрттың дертін емдегенің. Арқа тұста бір ағаң болғаннан соң, Жырыммен желпін бүгін, дем беремін. өйткені, қашан-дағы теңеу сөзге, иірімді білсең сен, кең келемін.

Әйтеуір жақсы болды жеңіл сөзге, ешқашанда, інім-ау, ермегенің.

Кететін ақындар бар дауға асыға, соларды келтіргейсің тәубәсына. Ал, енді өнердегі әрбір тасың, етектен өрмелесін тау басына.

Алмас бол, тасқа салса тайпалмаған, сөздерді айтқын ата-жұрт айта алмаған. Әрине, ағаң едім дәріс берген,

Көңіліңді ешқашан қайтармаған. саптаулы найза бергем мен өзіңе, ұшын ал да, ал, сабын қайтар маған.

Халқым-ау, мұндай іні қайда дәйім, Жүзі жарық жарқыраған айнадайын. Білетін бес парызды бес саусақтай, Әдеп сақтап өскен ұлдан айналайын.

Мұхамеджан:

Ал, енді бала сөзін елім тыңда, Артты ғой абыройым менің мұнда. туыңды жықпай жерге желбіретіп, тапсырам талай әлі сенімді ұлға.

1991 жыл.

ШОРАБеК пен әселХАн

Шорабек:

мән берсе жұрт ақынның мәңгiсiне, сөзiнiң қарар мәнді, дәмдiсiне.

Абашты елiм қайтадан шақырды ғой, сөзiнiң риза болып әрлiсiне.

Адуынды айтыскер Әсекеңе, Қарамай, қарсы тұрдым әл-күшiме.

Халқым-ау, ендi қайттiм, кез боп қалдым, Ақынның белi жуан әлдiсiне.

Жасыңнан жыр додасын жарып өстiң, Қара сөз қасиетiн танып өстiң. осымен сөз кезегiн бердiм саған, өлең сөздiң өзенiн кәне, кешкiн.

Бал қымыз жырларыңнан дәм татайын, Ауызын ағыта бер сары местiң.

әселхан:

Шорабек, шыға сала дауыс қылдың, сен-дағы бiреуi едiң қауiптi ұлдың. естiмей қаламын-ау дегеннен соң, сен үшiн орынымды ауыстырдым.

40

Әзiлiң, найзаң да көп пiстелеген, Бұл өнер көнбейдi ғой күшке деген. Айта бер Әселханға әзiлiңдi, соңына саңыраудың түспе деген.

Шорабек:

Айтайын, айтарымды осындай бiр, өзiңе арнайыншы жасындай жыр. Азайып айтыс деген кеткеннен соң, Басымыз бүгiн бiздiң қосылмай жүр. ымменен көрсетсең де түсiнемiз, соншалық саңыраудан шошынбай жүр. осы жолы менi ая, онсыз-дағы, сүйегiм әзер-әзер шашылмай жүр.

үмiттi жүрмiз әлi үзбегендей, Айтайын әр нәрсенi тiзбелемей. Қайта-қайта өзiңе қарай берем, өзiңнен бiр жылулық iздегендей. Бiрақ та, сөздерiңдi естiгенде, Боламын екi пачка тұз жегендей.

әселхан:

Бала едiң түк ерсiлiк қылмайтұғын, ел үшiн көз жанарын дымдайтұғын. естiмей қалса-дағы бiр құлағың, Қауiпке жеткен жоқсың ымдайтұғын.

Бұл айтыс басталып ед бесiндетiп, ұстадық тiзiмнің бiз көшiн жетiп. Шашпастан сүйегiңдi жинайын мен, Қалғандай есiрткiден есiң кетiп.

Шорабек:

Бұл жерде болмай жатыр көңiлде кiм, Әр кезде жылы сөзге семiргенмін. опасыз оң құлақтың арқасында, Жердей болып өзiңнен жеңiлгенмiн. сондықтан, Әселханым, ая менi,

ес жиып ендi-ендi көрiнгенмiн.

әселхан:

Шореке, орын бердiң жыр бұлаққа, ұқсайсың бiр кездегi қырқұлаққа. Құлағым керең деп сен, кемсiнбешi, Бiр басқа жетедi ғой бiр құлақ та.

Халықтың қабағы мен бойы қандай, ол неге азат болса мойығандай.

Жұмақтың төбесiнде жүрсе-дағы, Көңiлi өректедi тойына алмай. елдегi қарақшы мен жемқорлардың,

Күнде мас, күнде думан, тойы қандай. Ақ жүрек ақындарым неге мұқтаж, Бiр үйдi астанадан ойып алмай.

Шерхандай ағалары қанша айтса да, тойымсыз тобырлардың ойы қандай. Адамның қай тiрлiгi бiтiп едi, Жерлерде сөз өтпейтiн сойыл алмай.

Шорабек:

Әзiл сөз шаршағанда тапшы емес пе, Бiз ендi жүгiнелiк жақсы елеске.

Әлгi сөздi, Әсеке, естiгенше,

тас керең боп қалғаным жақсы емес пе?

өкiмет өктемдiк қып ел күтпеген, Қызметтi жатыр бүгiн кертiп неден. Шолжитты штаттарын мекемелер, Жiгiттей жүрген қысқа шортикпенен.

өмiрдiң қаламыз ба мiнiн көрмей, Шығады кiм нарықтан шығын бермей. менмендер мемлекеттен талап алды, Жұмысшы шаруаға түгiн бермей.

Қоқысын ғана тастап қоңы барлар, Қалғанын бойларына сiңiргендей. тобылғы торы сыраны толғап тұрып, Көбiгiн үрлеп тастап сiмiргендей.

Жасалды мен бiлмеймiн жоба қандай, Бай мен бастық байлықты тонағандай.

42

Кейбiреуге кедейлiк көз аштырмас, Алдынан қиыршық тас борағандай. Қолдан бай мен кедейдi жасап өкiмет, Қанауды қайта әкелдi обал, Алла-ай! Жағдайды сонда да өкiмет жақсы дейдi, Шандырды шарбы майға орағандай.

Кедейлер ырғалмады, жырғалмады, Қинайды үлесiнен құр қалғаны.

Көзден ұшты бұл күнi көпшiлiктiң, Жарқырап маңдайында тұрған бағы. Қателiктер ұқсайды қарап тұрсаң, отыз бен тоқсаныншы жылдардағы. отызыншы жылдарда өте асығыс, Коллективтiк меншiктi құрғандары. Коллективтiк меншiктi ендi жойып, Қазақтың тең жарымын қырғандары. Жүруде жекешелер жылдам бәрi, Коллективтер көшкесiн жекешеге, Қаптың түбi қағылып, ұн қалмады. Қорадағы қойдан да, дым қалмады, Халайық, мұның бәрiн кiм жалмады?

әселхан:

сақтасын ондай дерттен құдай тағы, тас керең боламын деп мұңайтады. Шынымен сен, таскерең бола қалсаң, Япыр-ау, мына сөздi кiм айтады?

ол рас, қиянатшыл тоқтамады, Iшiнде алақұйын от жанады.

Қылмыскер пара берiп, алшаң басып, Ақшасыз кiнәсiздер сотталады.

Күн сайын өрши түскен лаң-қылық, Қалаулылар құлатады құланды ұрып. Бола ма бұдан артық төзiмдiлiк,

Бола ма бұдан артық шыдамдылық?

Шорабек:

Жатырмыз ұластырып ойды елеске, Жеңеше, болмай тұрсың қой демеске. Құлақты ендi екеумiз айтпайықшы, садақа бастан құлақ дейдi емес пе?!

Жер-жерде жекеменшiк жайлап алды, Ал, сонда ауызбiрлiк қайда қалды.

Ауданның аумағы өсiп iрiленiп, Ал, ауыл бөлшектенiп майдаланды. Қисапсыз қиқым бастық көбеюде,

Халыққа бұдан қандай пайда бар-ды. Шашылып, мал-мүлiктiң сүйегiндей, техника тетiктерi сайда қалды.

Жер егудi бұл халық жетiстiрмес, Қырғыздар суды бастан байлап алды. нарықтық саясаттың шырғалаңы, Қоғамды бұл күндерi қайда апарды? нарықтың қандай жыртқыш екендiгiн, ел бiлiп ендi-ендi жайға қанды.

«өз күнiңдi өзiң көр» деп өкiмет, Алашқа айтар сөзiн сайлап алды. үңгiрден өзiң тiрi шық деп отыр, Халықпен бiрге қамап айдаhарды.

әселхан:

Көп созып уақытты алыппыз ғой, Көп жайға бiз екеумiз қанықпыз ғой. үйрендi бiздiң қазақ нарыққа да, үйренер тозаққа да халықпыз ғой.

Бұл күнде шынымен де той көбейдi, Әрине, шақырмайды бай кедейдi.

Әйтеуiр, ешкiм тойдан тартынбайды, сояды тай демейдi, қой демейдi.

Қазақтай тойшыл бар ма басқа жұртта, Күледi көршiлерiм шашпалыққа. ертеңiн ойлайтұғын қазекең жоқ, Қазанда қайнап жатса қос қабыртқа.

44

Шорабек:

ол рас, бұл күндерi той көбейдi, тойда бiрақ сау адам сөйлемейдi. Кiтапхана, клубтар жабылуда, Бұл өзi не нәрсенi бейнелейдi?

әселхан:

Жүлдесiн бұл айтыстың алып тұрып, екеумiз сөз сөйледiк анық қылып. тұрайық орнымыздан ей, Шореке, Алмастан мына елдi жалықтырып.

1991 жыл.

ҚОнысБАЙ Мен ШОРАБеК

Қонысбай:

Бойымнан талай өнер табылады, Көпшілік өнер десе табынады. Әруағы айтысқанда қолдаушы еді, Армысың, қайран, қара шаңырағым.

Қазағым кеңге жайып керегеңді, теңедің өзге елдермен терезеңді. мереке құтты болсын, бір жыл толды, ел болып атанғаның егеменді.

Ақының айтыс десе тоқталмаған, орынсыз сөз айтуға оқталмаған. Арманы қазағымның орындалып, ғарышты кезіп жүр ғой тоқтар балаң.

Жайды ғой бар әлемге қазақ атын, Жазсын жыршы бар болса жаза алатын. Құдайым дос-дұшпанға таба қылмай, Аман-сау оралса екен азаматым.

Қайтемін алды-артымды орап өтсе, Байсалды ойда жоқта бола кетпе.

Халқым-ау, рұқсат ет, Шорабекпен, Айтысып көрейінші Шорабекше.

Шорабек тұрмас жүйрік алға шаппай, сөздерің тақ-тұқ еткен балға-шоттай. Айтысқа алыс жерден келіп тұрмын, оралған отпускіден горбачевтай.

ел бар ма біздің осы халайықтай, енді үнсіз ел алдында қалайық па-ай. Бетіме неге тура қарамайсың, Бүлдірген бір нәрсені Янаевтай.

Шаштарың кетіпті ғой шуда құсап, Жаяды екі жақсы құда құшақ.

Жеңілсең жазым болып кетіп жүрме, өзіне қол жұмсаған Пуга құсап.

Айтайын әзілімді аздан деймін, тізбектеп жоқты-барды қазбан деймін. Шорабек ақынмын деп көп мақтанба, өлеңді лукьянов та жазған деймін.

демеймін мен өзіңді менсінбеймін, тұсыма Шорабекжан келсін деймін. Қарсы тұр, сен де бүгін Қонысбайға, Ақ үйін қорғап қалған ельциндейін.

Ақындық ата салты – жол екен де, Арнадым біраз сөзді Шорекеме. отырсың оқ жыландай бағып мені, не айтасың енді мына Қонекеңе?

Шорабек:

Армысың, ел тағдырын ұққан құрдас, Айтыста талайларды құртқан құрдас. Ақындар айбарынан ыққан құрдас, Аузынан аппақ маржан жыр төгіліп, Қарыны қара өлеңмен шыққан құрдас.

сөзіңді әуеніңмен күштедің бе, оғаш қылық сен енді істедім де.

46

горбачевтай демалып, сен келіпсің, тұтқынға, бірақ, айтшы, түспедің бе?

ұнайды маңғазсынып отырысың, өзіңнен талай ақын шошыды шын. Айнытпай салдың менің айтқанымды, сен өзің ақынбысың, тотымысың?

Қонысбай, осы айтыста жүз шайдық па, Барайық қол ұстасып ізгі айтысқа.

Шынболат, есенқұлдар айтып кетіп, Проблема жетпей қалды-ау, біз байқұсқа.

өмірімнің өзегі – өткір өлең,

өткір өлең айтқанымды текті дер ем. Арандай ауызыңды ашып, айқай салып, Айға да азуыңды көп білеп ең.

Атағың жетіп жатыр бұл күндері – Ақынсың үкіңменен көк тіреген!

Ақындар айтар сөзін іріктесін, Абайсыз аттың басын ірікпесін. түрленген түлкідейін Қонысбайдың, Шығарып жіберейін сілікпесін!

Қонысбай:

сөзімнің қайтарам деп қарымтасын, тұлпары шабытымның шарықтасын. Қайтарып берейінші әуеніңді, өзімнің «әй-әйімнен» жарылқасын.

Қым-қиғаш бүгін таңда заман деймін, ортақ қой саған деймін, маған деймін. Қонысбай алыс жерде демалғанмен, Әзірше қамалудан аман деймін.

Баса алмай мен келемін арынымды, Көрген жұрт тани алар дарынымды. Шорабек ел алдында ұялмастан, Әңгіме қылдың, тіпті, қарынымды.

заманның болғанменен тапшылығы, туып тұр қазағымның жақсы күні. томпиып ел алдында мен отырсам, Бұл да бір күтімімнің жақсылығы.

өтеуді азаматтық парыз деген, Қайтарар ел алдында қарыз дер ем. Жарыған жаутаңдамай уызына, мен өзім тойған қозы тәріздімін.

Ақынсың жан сырыңды жиі ақтарар, Бүгінде сырласпасақ ұят болар.

Пошымын Шорабектің көрген кезде, Аштықтан, аштар келген сияқтанар.

сөздері Қонысбайдың оқ секілді, сен ғана аш, басқалары тоқ секілді. Шорабек орынынан түрегелсе, Апырмай, асқазаны жоқ секілді.

Шорабек:

Қонысбай, абыройың арта тұрад, Алғандай желпінесің жарты оклад. Қонысбай, қалай-қалай сайрап тұрсың, сен бұрын ақын едің партократ.

Әзілге бұл Қонысбай жарытпады, Шөкеңнің әзіл еді зарыққаны. өзіңдей партократты семіртем деп, Халқым да өзім құсап арықтады.

ел десе ерде болар қандай тыным, ұрпақты ұрпақ білем жалғайтынын. Қонысбай, шыныменен білмейсің бе, Арам ет арғымақта болмайтынын.

ұқсайсың мына мені басынғанға, Шорабек басынан сөз асырған ба? таз деп мені сүмірейтіп қойдың жаңа,

Қонысбай, бөліп берер шашың бар ма?

48

Қонысбай:

Жүрегім елім десем егіледі, елді ойлап санам саққа бөлінеді.

Қазақтың жақсылары аман болсын, Қайғысыз қара суға семіреді.

созылса көп сөз мылжың болады анық, тұрайық орнымыздан қол алалық.

Келесі тойда халқым кездескенше, осымен сөз сайысын доғаралық.

Шорабек:

о-о-оо-у, Қонысбай,

менімен айтысуға жарамайсың, тек ғана жүрегімді жаралайсың. Жаңағы өзің айтқан горбачевтай,

Халықтың қарсылығына қарамайсың!

1991 жыл.

ҚОнысБАЙ Мен ҚАТИМОллА

Қонысбай:

Армысың, қазағыма мақтан халқым, Батырды Қабанбайдай тапқан халқым. Ас беріп алты Алаштың баласына, Аунатып аруақты жатқан халқым.

Жырлары ақындардың лағыл болсын, Басыңнан ұшпайтұғын бағың болсын. Құдайдан қайтсын деймін еңбектерің, иншалла,тілектерің қабыл болсын.

екі күн жюри болып отыр едім, Айтыскер ақындардың өкілі едім. Шыдамай сахнаға шығып кеттім, Кешірім бәріңізден өтінемін?!

сахна еркелейтін үйім екен, Халықтың ықыласы – сыйым екен.

Қолтығы құрғамаған жүйрік едім, отыру жюри болып қиын екен.

Армысың, қасиетті Қатимолла, Аға боп қалдың сен де ақындарға.

Жасқанып жерді жарған атағыңнан, Жаныңа менен басқа жақындар ма?

Ауызға атың бірден ілінгендей,

ең алғаш есілгенде жырың желдей. торғайда жатып-ақ мен қуанып ем, Атақты мұхит атам тірілгендей.

Алыстан айналдым мен сырласыңа, мен куә сен бөгеліп тұрмасыңа.

Әнші қып, ақын қылып жомарт құдай, Аямай бере салған бір басыңа.

сендегі сөз де бөлек, өлең бөлек, ішінде жүз ақынның төбең бөлек. Келіп ем қолтығыңнан демегелі, Қысылсаң шылбырымды берем бе деп.

соңыңнан қаптай еріп халық жүрер, Ақынның жұлдызы да жанып жүрер. Қолға алып домбыраңды Қатимолла, Әніңе асқақтатып салып жібер.

Қатимолла:

Жан едім талай жерде той бастаған, Ән бастап, жыр бастаған, ой бастаған. Ассалаумағалейкум, қалың елім, Қарамай бұл қаңтарға той жасаған!

Көңілге зор қуаныш толады да, игі істің бір басшысы болады да. Бабасын қастерлеген асын беріп, Көп рахмет «Қазақ тілі» қоғамына.

Арылып басымыздан азапты күн, Келгендей жарқырап таң, азатты күн.

50

мінекей, осы жолы көрсеткендей, Баласы үлкен атам қазақтығын.

Шаттығып кеудемізден жыр шығып тұр, Кеудеде жүрек, шіркін, бұлқынып тұр. мән берген осындай бір ұлы тойға, рахмет төрағаңыз тұрсыновқа!

Айтыста жақсы болсын қарсыласың, сөзіңнің айыратын парқы, нарқын. ойдағы тілегімді айтып кетті, Алдымда Қонысбайдай маршал ақын.

Қонеке, сөзіңізде мән бар еді-ау, тыңдайтын өзіңізді ел бар еді-ау. Әуелден жүре бермей арамызда, ішінде әділқазы нең бар еді-ау.

Белгілі-ау ойдан сөзді ұшырарың, тыңдатып көрерменге ұсынарың. мен өзім кеше, сірә, байқағанмын, мүйізіңіз қарағайдай қышығанын.

сөйлесең сөз қалады-ау, ән қалады, Шарықтап домбыраңнан сән қалады. Ал, енді кезегіңді бердім, Қонеке, Қанеки, шырқап жібер самға-дағы.

Қонысбай:

сен мені, Қатимолла, «маршал» дедің, Алда да осылайша «жар сал» дедің.

Болашақ маршалдардың бірі өзі,

Халқым-ау, қолың соғып, қарсы ал, дедім!

талай топ мен өзім де жарған едім, Бәйгеге ақ боз ат та алған едім.

Жюриге зәбір көрген ақындарға, Араша түсем бе деп барған едім.

сондықтан жеңіл әзіл жарамайды-ай, Бұл халық қызық көрмей тарамайды-ай. мүйізде нең бар еді, Қатимолла, өзіңнің мүйізің де қарағайдай.

Бұрынғы аталардың толғамымен, салмақты сөз айтпақ боп толғанып ем. ойда көп қала бермес бұралқы сөз, Күлуге қанша жақсы болғанымен.

Қорғаған жанын сала аталарым, Білмеймін қалай тыныш жата аларын. Қарадай қайқы қылыш жалаңдатып, обкомнан шығыпты ғой атаманың.

түрі бар ештеңеден тайынбайтын, Жайы жоқ бірлік жайын уайымдайтын. Штабқа айналған ба обкомдарың, Баевтай атамандар дайындайтын.

Қарадай елдің басы қалған дауға, Халықты шақырғайсың алданбауға. Баевтар оралымды бөліп алып, ресейге қосылуды армандауда.

Қонысбай:

Айтыссақ, біз сыйласып ұғыс болар, Халыққа беретұғын бір іс болар.

Қонеке, бұл сөзіңнің жөні бар-ды, дұрысты дұрыс деген дұрыс болар.

мынау ел өз жөндерін біледі де, Көш, сірә, өз жөнімен жүреді де. Бірер топ не жасайды бұл халыққа, Қалатын, үретін ит те үреді де, оралым ресейге кетеді деп, Қонеке, сірә, түсіңе кіреді ме?

Жетісу, Арқа менен екі араны, Жалғауға қандай құшақ жете алады.

52

Бабалар сойылыменен қорғап соны, Қанымен сызып кеткен шекараны.

Жау келсе біздің күшті пайдаланған, сонан соң бейбіт кезде жайлап алған. Келгенде жоңғарларың қырып-жойып, Қорғаса сол, шіркіндерің, қайда қалған?

Күлімдеп әрбір таңым атсын деймін, Бақытын ел достықтан тапсын деймін! Ас ішіп, аяғымды тепкендерді, дәмімнің кепиеті атсын деймін!

Кінә артып отырғаным жоқ, саған бүгін, Бермесін тағдырыңның жамандығын.

Бауырым, азсыңдар ғой білем оны, тілеймін аз халықтың амандығын.

талай жай бастарыңнан өтіп жатыр, Хабарың бізге-дағы жетіп жатыр.

Қап-қара уылдырық, қызыл балық,

тең-тең боп мәскеу жаққа кетіп жатыр.

Жұмсақ қой уылдырық тістеріңе, Кіреді қызыл балық түстеріңе. мәскеуге жөнелтпей-ақ өзің жесең, Жақпас деп қорқасың ба іштеріңе?

Қатимолла:

Жақсы ғой ұлағат сөз тастамаған, Қонеке-ау, жағдайды айттың бастамадан. Қызыл балық мәскеу жаққа кетіп жатса, Айыбы бізден емес астанадан.

Көрмей ме сол балықты саған берсе, Көрмей ме қасыңдағы маған берсе. Құдірет қолыңызда болса егер, Қонеке, тартып алшы шамаң келсе?

Қонысбай:

өлеңді айтқан сайын шешілесің, Жүйріктей өрге шабар көсілесің. Карточка кірген мынау заманада, Халықтың шашпа бекер несібесін.

Кезінде шоқтай болып жайнап едік, Фашисті қамшыменен айдап едік. соғыстан кейінгі сол жылдарда да, ешкімге алақанды жаймап едік.

Басқа ұрған балықтай боп қалғандаймыз, Киініп тойынуды армандаймыз.

Батыстың шіріп жатқан байларынан, садақа сұрауға да арланбаймыз.

Байлығың болса егер басыбайлы, ешкімнің жаны шындап ашымайды. Батыстан келіп қалған бір жәшік ет, Халқымды неше тәулік асырайды.

Жанымда Қатимолла еріп жүр де, Бөкендей бүлкілдетіп желіп жүр де. Балықты мен аударып алар болсам, торғайға балық сұрап келіп жүрме?

Қатимолла:

Алдыңа жан салмайсың самғағанда, Шақырып тұрғандай бір арман алда. ендеше қолдан келсе іс қылалық, не болар бұл екеуміз зарлағанда.

мықтысың сөз шырайын табар неше, Шақ келер тегеурінге саған неше.

Қонеке, сол байлықты сұрамаймын, ешқандай арманым жоқ қазақ жесе.

Қонысбай:

өлеңді тырыспаймын қойдыруға, Жарлылар жалғыз атын сойдыруда.

54

екеуміз тойып жүрген не болады, Халықты бет бұралық тойдыруға.

Асқар тау Алатауым сияқты олар, Шалады биіктегі қияқты олар.

Қазақтың екі мықты ақынының, Балыққа таласқаны ұят болар.

Пушкиндер қайталанбас тұлға шығар, сіздің ел ат қоюға мырза шығар.

Көше бар, оқу орны, кітапхана, марқұмның аруағы риза шығар.

ештеңе шығармаймын ойдан деймін, оңаша қалғанда бір ойлан деймін.

Ал, енді өз Пушкиніміз – Қасым аға, елеусіз, ескерусіз қалған деймін.

сөздері жақсы ақынның саздау шығар, мақсаты мәңгі оттай маздау шығар. ер Чапай туған жерге қойған белгі, сендегі ескерткіштен аздау шығар.

Қатимолла:

мағұлмат беріп біздер халыққа көп, сірә да біраз жайды анықтап ек.

Қояйық таласпасақ, таласпай-ақ, Беріп жатқан біздерге балық та жоқ.

Айтайын жауабыңды ептеп енді, Қонеке, біліп отырсың жетпегенді. Пушкин мен Чапаевқа ескерткіш бар, Құрманғазы, махамбет шеттеген-ді.

Ақынсың сөзің ұшқыр, ойың дайын, Көп істің білесің ғой, өзің жайын.

Бойлауық жылқыдайын бойлай бермей, Жөн сөзді ел алдында мойындайын.

Қонысбай:

Ақтардың ұтқыр ойдың біразының, Көңіліңе келмесінші жыр-әзілім.

Азғана қазағыма қалқан болдың, Бауырым, Қатимолла, разымын.

Айтысып жырдың екі саңлағы, ойлары көгенінен жамырады. тарталық ат тізгінін енді біз де, Атаның риза болсын аруағы.

Біздей-ақ бір ақын жүк арқаласын, дәл қазір кеңігендей арқа-басым. Халқым-ау, қуаныштан айырмасын, мәңгілік тойларыңыз тарқамасын!

Қанық қой мына халық атағыңа, мен-дағы тілектеспін сапарыңа. ендігі халық ақыны менше сенсің, тезірек қосылғайсың қатарыма!

1992 жыл.

МҰХАМБеТҚАлИ Мен әселХАн

Мұхамбетқали:

дегенде ағайындар астаналық,

Біз бүгін жыр жастығын жастаналық. ортаңа екі ақының шығып отыр, тосыннан тәуекелді тасқа жанып.

тентектеу ақын едім, өктем қалып, ұшпасын төбемізден кептер нағып. Келдік біз құс қанатқа салып алып, осында ғажайып бір көктемді алып.

Ағайын, ақын сырын ұқтыңдар ма, тілеңдер мықтылықты мықты ұлдарға. Жаз келді өлмегенге дегендейін,

Бір қыстан аман-есен шықтыңдар ма?

56

демеймін не қуантам, не мұңайтам, демеймін тілдің жайын егіле айтам. Боп жатқан қуаныштар құтты болсын, Кездессе қайғыңа да көңіл айтам.

отырма елдің жайын ақын айтып, Жағайын шабыт шамын шақырайтып. еліміз еңбек жайын толғап жатса, тауларға, таулар сәлем жатыр айтып.

Әсеке, ақынсың аты үлкен тегі, мен едім Жезқазғанның бір тентегі. Болдым мен астанамен амандасып,

Аман ба, шешем туған Шымкент елі.

Жігіттер маңдайлы да, пешенелі, Қуанам тыныштыққа көшедегі. Әсеке, Шымкенттейін ел аман ба? Аманба, Шымкенттегі шешем елі.

Қажысақ Қаратауға сүйендік пе,

Жомарт жұрт қайдан шығар сый ел бүксе. Қырық серкеш дайын ба, ала қайтсам, Қайтарда соға кетсем, жиендікке.

әселхан:

мұқашжан, тулап шықты сазандайын, Ал, менің бұл тентекке жазам дайын. Бәрің де тентекпін деп мақтанасың, тентектің бөркі болады қазандайын.

Ағайын тағы сізге сәлем бердім, өкілі болғаннан соң өнерлі елдің.

Жаныма Жезқазғаннан мұқаш шықты, Жасырған жайынындай терең көлдің. екеуміз нағашылы-жиен едік,

ішінде кездескенде кемелді елің. Біріміз-бірімізден асып тұрмыз, Жобалап қосуын-ай шеберлердің.

Жарқырап оңтүстікке келді көктем, сәбидей жаңа туған елжіреткен.

Жаныңды жадыратар самал есіп, Балқиды тұла бойың желді лебпен. Құлдырлап ағып жатыр өзендерім, Әз-наурыз жағасына жұпар сепкен. Алғашқы құстар келіп абыр-сабыр, Жай іздеп ұя салар төңіреткен.

Шаруа иығына кетпен салып,

Жер-Ана құр қоймас деп бейнет шексең.

мұқашжан, белгілі еді ақындығың, өзгеріп бұл дүние жатыр бүгін.

Бар билік ақымаққа тиген заман, Қолдары бос қалған соң, ақылдының. Ақынның жаны нәзік жомарт еді, Жетті екен сенің қалай батылдығың, Ақынға тие бермес қызмет қой, Жиенжан, құтты болсын әкімдігің.

Жақсы әкім келе сала, елді ойлайды, Кір жуып кіндік кескен, жерді ойлайды. Бел буып күні-түні аттан түспей, Қиыннан ел шығатын жолды ойлайды.

Ал енді, жаман әкім байды ойлайды, Қарбытып асайтұғын майды ойлайды. Қолында ақша барға көзін сүзіп,

ішіп-жеп, жататұғын жайды ойлайды.

Шындықтан күдіктеніп сөз бағады, мақтаса жағымпаздар мәз болады. Көзінен көкірегі асып кетіп, ештеңе көре алмайтын әз болады.

Бұл нарық екі иығын жалмап келді, нарықтан елге тастай салмақ келді. Атамда аласы жоқ, бересі жоқ.

Білмеймін бізді қалай таңдап келді.

58

Қалтасын алаяқтар тонап алып, олардан азап шекті қара халық. Қолынан келсе дағы, келмесе де, Базарға барып жатыр домаланып.

Жоқшылық әйелдердің иығын езіп, сандалып көшеде жүр, дүние кезіп. Бір үйдің отын жаққан аяулы ана, Киелі ошағынан кетті безіп.

ықтайтын ызғырықтан панасы жоқ, Жетім мен жесірлердің наласы көп. он бала асыраушы еді, жесір әйел, Бүгінде бір балаға шамасы жоқ.

Білмеймін қысып кеткен тарлық неткен, Ақырын сұраймын да, зар қып көктен. Біреуге бауыр етін, құл қып беріп, Анасы қайыр сұрап қаңғып кеткен.

Қол жетпес теңге деген аспандағы, Қорлықтан құтылмайсың қашсаң дағы. Қазақы кеме жарға тірелді ғой,

ер қайда жол табатын сасқандағы.

Айтпауға аналардың жасын көрдім, Жолында келеді екен басың бергің. Ауылдың осыншалық жүдеуіне, Кешпейтін күнәсі көп әкімдердің.

сөйлесе орныменен ақын жақсы, сайланса орныменен әкім жақсы. Халыққа қайырымсыз басшылардан, Бір құшақ кеуіп тұрған отын жақсы.

Мұхамбетқали:

Әсеке, шамалыға шалдырмадың, ұшқанда құс қанатты талдырмадың. Шаруаның бәрін өзің айтып кеттің, мұқашқа айтатын түк қалдырмадың.

тағдырың көрсетпесін дар ағашты, Айтысқа мұқаш кештеу араласты. Әсеке, бар жағдайды өзің айттың

Ал, мұқаш айналдырады қара басты.

ой, мұқаш осы жер жақсы ортам десең, ұят-ау нағашыдан қорқам десең.

Әсеке ер адамды «сазан» дедің, тіліңіз бармады ма «шортан» десең.

екеуміз болдық деймін түйтес егіз, Болады егіз шаруа күйттесеңіз. мұқаштың жайын білмей, «жайын» дедің, Аузыңыз бармады ма «кит» десеңіз.

Көп болады абысынның тату асы, Болмасын осы жерде ашу басым. мұқашты «кит» дегенге азсынсаңыз, мұхиттың болар еді, «акуласы».

Қарт анам өзіңізге сәлем деді, мейірімін төккендей әлемдегі. Әсеке, сөзіңді айтып, өзіңді айтып, сенің дүлдүлдігіңді дәлелдеді.

«Әй, балам, қызбалыққа баспа деді, Әселхан көп ақыннан басқа деді. өзіңнен биіктерге секірем деп, сыйластық сызығынан аспа» деді.

«Бұл жайды Әселхан да білер деді, өзіңе жақсы тілек тілер деді.

сен Біржан бола алмайсың дауым жоқ қой, Әселхан, сара деді, бір елдегі».

«Жар болсын саған балам иең деді, Ақынның өлең болар сүйенгені. сен жиен Әселханға болғаныңмен, өнерге бола алмайсың жиен деді».

60

«Әсекең осы айтыстың өрті деді, сахнаның Құдай берген көркі деді». Айтқандай астананың аспанында, Әсекең жырларымен желпінеді.

Жақсы ғой ақынға шын өлең келсе, Ақындар өлеңімен көлемденсе.

Әкім боп қанша жүрем Құдай білер, Ақын боп қаламын ғой, өле-өлгенше.

Жан едім шамалыға илікпеген,

Бас сыймас жерге тағы килікпеген. Әкімді жарлықпенен тағайындайды, Ақынды сайламайды бұйрықпенен.

Әкімдік қызмет қой қуа біткен, Ақындық бойға анадан туа біткен. Болғаны халық берген айырылмасам,

«Ардақты ұлсың» деген куәліктен.

Әкімдік ақындықтан мәңгі ат емес, Қызмет бұл айтыста мандат емес. генерал болуға да ұмтылмаған, дейді «солдатты да, солдат» емес.

соңыңнан мұқаш сіздің ере алар ма? Бағаны ел алдында бере алар ма?

Кезегін сөздің қазір мен берейін, Айтыста аты шулы генералға.

әселхан:

татулық көрік берген даламызға, сөзіңе жауап қатпай қаламыз ба. мың алғыс алдыменен айтайыншы, Ақылды сәлем айтқан анаңызға.

Бұл шабыт ақындарға қонбай ма екен, Көңілі бұл жиеннің толмай ма екен.

Шоршисың «сазан» десем неге сонша, сазанның еркегі әлде болмай ма екен.

Кемшілік Шымкентте жоқ демеймін, ел жұрттың барлығы да тоқ демеймін. сол жұрттың арасында жүргеннен соң, өзім де біреуімін көп кедейдің.

Жар кешіп жалаңаяқ жүргендер көп, мұңымды кімге айтып өкпелеймін. олардың халін сұрар өкімет жоқ, өксігі кетер болды көпке дейін.

Бүгінге «отыз жетің» болмай сабақ, Шаруа шенеуніктен шекті азап.

Бастары шортандардың шірігенде, Құйрығын жем қылмай ма, майда шабақ. ел жайы күннен-күнге құлдырауда, Басшылар отыр екен, қайда қарап.

тас керең, қалқан құлақ кімге дәрі, ұры мен мафияға болған мазақ.

Жаманды бір сынаған екінші рет, сынама деп айтушы еді атам қазақ.

Жезқазған жігіттері қалайсыңдар? Аспаннан түскендей боп қарайсыңдар.

«Алматы-ташкенттің» көліктерін, Жезқазған жолдарында тонайсыңдар. Апарып жеміс-жидек сатып жүрсе, Жабылып саудагерді сабайсыңдар.

Айтқанда Шымкенттің дастарханын, тағы да тілдеріңді жалайсыңдар.

Барлығы осы айтқанның шын ғой, көрген, таусылмас көкіректі жыр ғой керген. орыстың өзін жатқа қиғанменен

Қия алмай бөтелкесін жүр ғой пендең. Қазаққа арақ ішіп бас ауырту,

Кешегі «жетпіс жылдан» із ғой келген. Аман ба адырдағы шопандарың Қуанып бір шишаға, бір қой берген.

Мұхамбетқали:

Әсеке, уақсың ба, ірісің бе? Жорғаның жорғалығы жүрісінде.

62

Шортанға шабақ барып, таяиды – дейсің, Жақындап көрсінші ол тірісінде.

Бұл мұқаш жыр жалынын жоймаған ғой, тойларда талай-талай, тойлаған ғой.

Құланның құдық барып құлағанда, Құрбақа құлағында ойнаған ғой.

Жезқазғанда жүріп жатыр жиендерің, Қарт ұлытау қажығанда сүйенгенім. ер жігіт үш жұртының бірі ғой деп, Басымды сендерге де ием – дедім.

Қал қалай, нағашы жұрт сыншы елім, Жарасып әзілдерің жүрші-дедім.

Шымкентті мақтаса ел көтеріліп, Шымкентті жамандаса күрсінемін.

Шымкенттің сіз боласыз Әселханы, Ататын ән-жырменен әсем таңы.

Жұртым-ау, мұқаш үшін дайындай сал, Кім білед, мына жерге носилканы,

Әсекең қызып кетсе, кім біледі, Жіберіп жыр жұдырық үлгереді. талайдың қабырғасы Әсекеңнің, салмақты соққысынан күлдіреді.

Жатпасын алшысынан асық түсіп, талантта жатқан жоқ қой тасып түсіп, соққысын Әсекеңнің алғанымша, Алайын уақытты қашып-пысып.

Жиен боп қулығымды қолданайын. Алдында нағашымның жорғалайын. соққысын Әсекеңнің алғанымша, Былай да, былай қашып қорғанайын.

заман не боп барады, жарықтығым, ноқтасын кигізді ғой нарық бүгін.

сонда да жағдайымыз жақсы дейміз, Бөрідей білдірмейтін арықтығын.

Алатау айналды ма, күміс тауға, нарықпен елің бүгін тыныстауда. Ауылда теңге деген түске кіред, Ақшаны коммерсанттар уыстауда.

Жетпіс жыл мұраға ел қуанды ғой, егеменді ел болып ту алды ғой. үкімет суын сиыр сауа білсең,

сол сиыр арам қатқыр су алды ғой.

ой, мұқаш елге ойыңды бөлсең дейді, өлеңнен жыр маржанын терсең дейді. тәртібін бұл нарықтың білесің ғой, енді өзің, өз күніңді көрсең дейді.

әселхан:

Жиендер мұнша босаң халық па екен? Бұл жерде айтатұғын нарық бөтен.

Шынымен сұлап түссең сахнада, Көтеріп иығыма салып кетем.

Мұхамбетқали:

Жиенге нағашы жол нұсқамайды, Болады ағаш түгіл ұста қайғы.

Әсеке, «дәридайлап» отырсыз ғой, о шиқыл, бұл шиқылға ұқсамайды.

әселхан:

Жарамас жетектеген жігіт дауға, Жарамас жетектеген ит те ауға. Басынан өткізген соң, сорлы қазақ, үлгі қып айтып кеткен дені сауға, одақтың нұсқауымен, бұйрығымен,

Жетпіс жыл көзді жұмып тарттық қауға. сол қауға осы күні құры шығып.

Басымыз арылмастай қалды дауға.

64

нұсқаумен, жетектеумен жүрген басшы, өзінше жол таба алмай жан таласты. үкімет өндіріске көңіл бөлмей, Алданып жылтыраққа қара басты. тізгінді бос жіберіп қойғаннан соң, тайынбай ұрлық-қарлық араласты.

Халықтың жиған есіл қазынасы, рәсуә болып кетті-ау аяқасты.

Қол соғып ақындарға сый қылынды, мұқашжан, көп шығарма қитығыңды. сөзімді менің айтқан тыңда да отыр, ұқсатпа, ұқсатпасаң шиқылыңды.

Жезқазған жерің сенің қазыналы, Кернейді дүниені сазың әлі.

Байқамай топырағына күрек салсаң,. Жүзіне алтын тозаң жағылады.

Әкімі елге құтты жақсы дейді, тірлігі етіп жатқан мағыналы.

осындай арқылы елден келгеннен соң, Бұл мұқаш жырдан неге жаңылады.

Құр босқа «дәридайға» баса бермей, Жырласаң мен сияқты не қылады.

Мұхамбетқали:

Ақындар ел алдында лақбаушы еді, деймісің іште сырды сақтаушы еді. Әсеке, бұл мұқашты мақтай көрме, ішіме мақтау сөздер жақпаушы еді.

Жібердің сахнаны майдан қылып, Қарайды бізге жұлдыз қайдан күліп. Жиенді Әсекесі мақтай беріп, Біржола алмақпысың айналдырып.

Әсеке, алтын тонға жағасыз ба? тұлпарға таймайтұғын тағасыз ба? Айтысты мана өзіңіз бастап едіңіз, реті кеп тұр енді жабасыз ба?

Жетті ме көрерменге жырым бүгін, Болсыншы осы бізге ырым бүгін, Әсеке, хабар келді түсіріңіз, Айтыстың бүгінгі күн шымылдығын.

Әсеке, осы күнді ойда сақта, Жүректің тереңіне бойда сақта. Бабалар айтқандайын біраз жерге, Шаптық қой қарап отсам, ойнасақта.

Айтыста есіл болып есілгейсің, демеймін халыққа көп шешілмейсің. Жиенің осыменен қоштасады,

Кетсе егер артық сөздер кешіргейсің.

Шырқалды осы жерге жыр тәуірі. Айтпадым ел алдында сылтау ірі. Ағайын Астаналық қош болыңдар, Қоштасты сендерменен ұлытау ұлы.

әселхан:

Ауылға барсаң жиен бас қоямыз, Алдыңа түрлі-түрлі ас қоямыз. дастархан берекесі ортайған жоқ, Болмасын жоқтық деген қаскөй аңыз.

Қонақтар Шымкентке жиі келеді, таймаған жомарттықтан сүйген елі. тік тұрып аяғынан қызмет қып, Қонаққа қайтарында сый береді.

нарық кеп халқымызды қаумалады, сонда да несібін жұрт саумалады. Шымкент сұлулары тіккен костюм, назарын күллі әлемнің аударады.

Байлық қой мұның бәрі ұғынғанға, Біртіндеп тола берер шығындар да. Шыққан соң ел алдына ақын болып, Шындықты айта алмасаң құның бар ма.

66

Жасасын елім жеткен егемендік, тәуелсіз тайдырмасын тұғырды Алла!

1992 жыл.

әселХАн Мен АБАШ

әселхан:

сын сәтте күйін кешіп нар қасқаның, тағдырмен тірлік үшін арбасқанмын. Күніне қанша бәле көрсек тағы, лаулады көкіректе тозбас жалын.

Басыма бодандықтың кебін киіп, өзімді кескіледі алдаспаным.

Ақыры желтоқсанда шыдай алмай, Шеңгелдеп сары сақалға жармасқанмын. Киелі топырағыңа қош келіпсің, Қадамың құтты болсын қандастарым.

өнердің бойлап Абаш ағыстарын, Бұлбұлмен аспандағы жарысты әнің. Жастардың сыйлығына ие болдың, Баянды бола берсін табыстарың.

Ауылың тарбағатай етегінде, Бар еді күрең жорға жетегіңде.

Қытайдағы қазақтармен көршілес ең, сендерге бұйым емес шетеліңде.

Бауырлар Құрылтайға келмей отыр, Жағдайын білмедің бе, кетеріңде. рұхсат етпепті ғой басшылары, Білмейміз бұл жұмбақтың не екенін де. Қаншама қандастарым тілін тістеп, Бұйрығын жат елдіктің көтеруде.

Қинасын итті құдай иесімен, Шеңгел де дүркірейді мекенінде.

Шығыста халқың бар ғой қайсар жаны, түседі осындайда ой салмағы.

зілзала зардабынан зақымданған,

ел жұрттың жайы қалай зайсандағы.

Абаш:

Қалайша қызыл тілді қалам байлап, Жатқанда қалам тойлап, далам тойлап. Әруағы аталардың қолдай гөр деп, сахнаға шыға келдік Қабанбайлап.

Көңілден көктей ұшсын жыр кептері, Құрылтайдың таусылмайтын құрметтері, Арғы жақ,бергі жақты мен білмеймін, Аманбысың Пайғамбардың үмбеттері.

дегесін айтысымыз келіскенге, Бұл Абаш оңайлықпен беріскен бе.

Ағайындар көшіп-қонып қайда кетпес, Берлинге көшіп кеткен немістердей.

Жамандап бір-бірімізді ұтамыз ба, Айналдырып жүре берсін жұрт аңызға. Барымен базар деген қазақ едік, Келгендерін, көңілге демеу тұтамыз да.

Біткен соң,жиналысты халық кетті, Жеңешем мың құбылтып әніне салып кетті. Алматылық ағайындар қалдыңыздар, Қонақтарды бір жаққа алып кетті.

несіне айтар сөзден жасқанамын, отырған соң жеңешем бастап әнін. сағынған қандас бауыр келер,келмес, Бұл жерде халқы отыр Астананың.

тарқамайтын өмір деген базар қандай, Кеттіме әлде бізді назарға алмай.

Жеңеше қабағыңды түйе берме, төлегеннің әкесі Базарбайдай.

Жеңеше айтар сөзбен толғанасың,

ей Абаш, жеңгеңнің қасында жолға аласың. Жеңгемнің шабыты да келмей отыр,

Қарсы алдымызда Президент болмағасын.

68

Жеңеше айтқаныңды аңғарамын, Ақын едің қазақ деген бар ғаламның.

«Апам да аң таң, мен де аң таң» – деген сөз бар, Аз қалған жұртты көріп таң қаламын.

Құдайым айырмасын ырысыңнан, Ақын едің көкейден жыр ұшырған. Астанаға дұғай сәлем алып келдім, мекендеген өр Алтай шығысымнан.

сұрағыңа жауапты берер едім, Айтқаныңа жеңеше елеңдедім. Қытайдан қазақ келмей жатыр дейсіз,

оны қойып, Шығыстан өзім де әрең келдім.

Жеңеше айтқаныңды еселедің,

не айтсаң да, қайның болып кешер едім. Кеш келгеннің біреуі сіз емес пе,

осы айтысқа асығып кеше келдің.

әселхан:

Абашжан отыр екен шалқып бөтен, Алып кеткен қонақтарды тәртіп бе екен. Бұл қазақ білушы еді айтыс құнын, Президенттің шәйі бұдан артық па екен.

Болсам да өлең сөздің батырындай, Жыр қазан қалар кейде сапырылмай.

«Көпірден түйе таяқ жепті» – дейді, Аяғын баспаған соң ақырындай.

Жеткізді Шымкентім рахмет, Ауылда қалып едім шақырылмай.

не шығар жеңіл сөзбен дауласқанда, Айтысы құрылтайдың жалғасқанда. екеуі арзан сөзге айналды дер,

Бәрі бір сөз арнаймыз қандастарға.

туған жер айрылғанда көрікті елден, дөңгелеп бастар ұшқан бөріктерден.

Жан алып, жан беріскен майдандарда, сай-сала, қан сасыған өліктерден.

Ақша іздеп,байлық іздеп, біздің қазақ, Шетелге қашқан жоқты еріккеннен.

самалы аңқылдаған сан алқабы, онда өскен бұтаның да, бағы артады.

Күй қылып Құрманғазы күмбірлеткен, еркімен кім қияды, сарыарқаны.

Жерімнің қолқа жүрек, өкпе, бауыры, Жарқырап жататұғын көкке сауыры. Көргенде, көрмеген де, арман қылған, еркімен кім қияды, Көкшетауды.

Кербезім,кер маралдай, кермиығым, ұмытар оны көрген ел күйігін. өліспей Қабанбайлар беріспеген, Кім қияр, Жетісудай жер биігін.

түсіріп ортасына шаңырақты, Айырып атасынан аңыратты. тасынан шертіп қалсаң бал таматын, Кім қияр, сауыр, сайхан,маңырақты.

мерт қалап қарақұстан соғысқанды, Ажырап перзентінен қоныс қалды. Қазақты күресінге сырып тастап, Құйқалы жердің бәрі орыстанды.

Білмесек орыс тілін міндей болып, денеміз ауыр тарттты зілдей болып. Астында керзі етіктің ыңырандық, Буылып шиге оралған жүндей болып.

Бұл күнде өрісім тар жерім кебір, ойлансаң жүйке тозар, емес темір. Біткені рас па екен, я құдай,

Жетпіс жыл сергелдеңге салған өмір.

70

Атқанда алтын күздің күміс таңы, Жақсы-ақ қой, ағайындар ұғысқаны. Болсаң да жұдырықтай Абаш қайным, сайраған бір бұлбұл ең Шығыстағы. Кәріне саясаттың іліккесін,

тізгінің сусып кеткен уыстағы. тарбағатай тауларынан күн, түн асып, сен едің, ең көп кеткен туыстары.

солардан елге хабар берген бар ма? Келгендерін, ауылыңда көрген бар ма? Жел сөзді тізе берме Абаш бекер,

Жел сөзден, сені сірә жеңген бар ма?

Абаш:

Кетуші ең, ағын судай арқырапта -ай, Кетпеуші ең, қарсыласты қақыратпай. Жеңеше сөздеріңіз көбейді ғой, сьезде жасалатын доклаттай.

Жақсымен жамандарды айырайық, Айтар сөзді көкейден дайындайық. Аз сөзді алтын деген қазақ едік, Жеңеше қысқа-қысқа қайырайық.

Жеңешем тіреп кетер тығыраққа, Қайнысының әзіл сөзін ұғынып па.

ел сыйлаған Әселханды мен сыйламай, Айналайын, халқым мені жын ұрып па.

демеймін сөзден Әсел бөгеледі, Абашқа да шымшыма сөз керек еді.

ел алдында құтты болсын деп айтамын, Болыпсыз биыл сіз де немерелі.

не жетсін ұрпағыңыз жалғанғанға, Бұл Абаш құрғақ сөзді малданған ба. Қырық екі жасында әже болған,

Па шіркін, Әселханда арман барма.

өлеңі өміріне қуат берген,

Ақын едің аты шулы шуақты елден. Қазақтың сөзі қандай елімізге,

Құтты қонақ келсе, қой да егіз туады деген.

отырмын жеңілем деп қауіп қылып, нөсерлейсіз бұлт болып, жауып тұрып. еліңе атың шыққан ақын едің, Жіберіпсіз ағайымды тәуіп қылып.

Айтысып жеңешеміз жүрген кезде, Ағамыз елді жүрсін сауықтырып.

Жеңгемді мен сыйлаймын биігім деп, сарыарқада сайрандаған киігім деп. Абашты да осал деп санамаңыз,

Біз жүрміз Алтайда бұғының мүйізін жеп.

Әселхан, атың мәлім бар қауымға, түспессің оңайлықпен алдауыма. Шабытың шамырқанып келген кезде, ұқсап бір кетуші едің ақ дауылға.

Халқым-ау сүйеніш болып отыр деймін, Абашың түсіп қалмасын «ногдаунға».

Әже боп бесікті де тербетеді, өлеңді Әсел жеңгем селдетеді. Әселді алақанға қондырамын,

Жеңілсемде, жеңсем де менің нем кетеді.

әселхан:

ол рас, әже болдым осы күнде, Боп жатыр шілдехана есігімде. Айбынды ел ақынын әже қылып, Бір құйттай неме жатыр бесігінде. Жасым, қырық екіде әже болсам, Бар шығар маңдайымда, несібімде.

Айтыссаң үлкендермен жасқана кеп, Аузыңнан жақсыларды тастама көп. толыпсың отыз жеті мүшел жасқа,

72

сенің де өз басыңда бастама көп. Қоймасам жасыңды айтып мына жұртқа, Қу қыздар, ойлап жүрер, жас бала деп.

ешкімге керек емес, доғал арман, Қаға бер қанатыңды одан арман. Жұғысып, немерелі болу саған, Ата бол ақ сақалды домаланған.

тәуіп боп ағаңызға ел кеп жатыр, дәрі жоқ, дертімізді көр деп жатыр. зауқы жоқ, кемпір шалға оншалықты, Қырықтан төмен қарай емдеп жатыр. Ағаңды тәуіп қылып отырғызып, Жеңешең қора-қопсы, жөндеп жатыр.

Ал, енді, бақыт тілеп ботамызға, Қосайық ағайынды батамызға.

Шет жайлап қиыр қонған туыстармен, Артады санымыз бен сапамызда.

егемен болып енді ес білгенбіз,

Құл болып жүргенді де кеш білгенбіз. Байқасаң бірі ұзын, бірі қысқа,

Біз деген, өрттен қалған өскіндерміз.

заманның жеттік жаңа кезеңіне, ойланбай ұмтыл, баурым кезегіңе. сарғайып сары аурудай жұртың жатыр, Құрт түскен алмадай боп өзегіне. тозаққа су тамызған қарлығаштай, ұшады әркім енді өз еліне.

Бойында ар-намысы дуылдаған, ер болса, елге келмей төзеді ме.

Күшіне, өз жұртына сенген келер, сарабдал дүниені көрген келер.

Пәлегі, жаны таза, тегі таза, Ананың ақ уызын емген келер. Алыста туылса да, жерім бар деп,

Атасы ақ батасын берген келер. ұмытқан тілді, дінді мәңгүрт болса, Пайда ойлап қалып қояр шерменделер. Алшайтып төрт аяғын арғымақтың, елім деп, еңіреген ерлер келер.

Абаш:

Көңілін жеңешенің кең демей ме, еркелесе қайнысы сен демей ме. елімді сары аурумен ауырды дейсің, Аға екем үйіңдегі емдемей ме.

несіне айтар сөзден жасқанамын,

Құтты болсын деп жатырсың жас қадамың. Қыз қызығады – деп Абашқа ойлай көрме, Күйеу баласы боламын Астананың.

өзіңдей асыл болсын жеңгелерім, Шешемнен сізді қалай кем көремін. ел алдында жеңгеге еркелейді,

Біз сияқты ербеңдеген делбелерің.

Жөн болды жеңешежан, осыныңыз, тілегіне қайыныңыздың қосылыңыз. Шабыттанып, шырқатып осы жерде, Жолға түскен жүйріктей жосылыңыз. домаланған ата бол, деп жатырсыз, өзіңізге ұқсап туған, пошымымыз.

Бейкүнә, саған деген Абашың-ай, Қара өлеңге жеңеше, данасың-ай. Құйтырқы қайындарың қытықтаса, тезіңе өзің мықтап саласың-ай.

Пейілің де, денең де, кең болып тұр, Қазағымның кең байтақ даласындай.

Жеңгені әзіл сөзбен түйрелерміз, өйткені біз өнерді сүйген елміз. Жеңілмей, жеңешемнен аман қалсам, өнерін кейін бізде үйренерміз.

74

Белгілі қызыл сөзден жаңылмағы, Шырқады айтқан сайын әнің тағы. Қоштасар кезде таяп қалды білем, Қуанамын жеңгемнен жаным қалды.

Көбейсін жеңешежан, ұрпағың-ай, Беделің биік болсын жұрт алдында-ай. Бәйгелерден жүйрігің келе берсін, Баптаған Бошай шалдың тұлпарындай.

Қарайтын ақын едік шамамызға, өлеңмен елдің көңілін табамыз ба. Жеңгенің қытығына тиіп кетсек, өкпелетіп, білмеймін аламыз ба. дегенмен қайда жүрсең аман жүргін, Аман жет ауылдағы ағамызға.

Әзілін бұл қайныңның ұға аласың, Абаштың да әр сөзін құп аласың. ел алдында өзіңді мойындаймын,

Беріп кет қайныңның бір сыбағасын.

әселхан:

Абаш-ау, мұның қалай еліккенің, соншама жұрт алдында желіккенің. Жұртыңа есте қалар бір сөз айтпай, Қылуға жаныңды олжа, келіп пе едің.

Жиналсын енді халқым шашылғаның, Бұйырсын өз еліңнен асыл дәмің.

Жұмылмай алақандай жайылғаннан, Көп көрдік, көлденеңнің басынғанын. Алатау, Қаратаудың етегіне,

Жағалай қонса деймін шатырларың. Ағалар кеңес құрып көрер болсақ, Жеңгелер сары қымыз сапырғанын. Астына көк байрақтың жиылмасақ, мұндай сәт туа бермес, жақындарым. Бас қосып күллі қазақ біріксін деп, Қағады ортаңызда ақын дабыл.

Бірлігін, амандығын ел-жұртымның, Жырлармын таусылғанша ақырғы әнім.

Ақынға айтылсын деп сөз берілген, Жалықпас құлақ естіп, көз көруден. уақыт бітіп қалса ризамыз,

Ал халқым, қоштасамыз өздеріңмен.

Абаш:

Ақының мен емеспін жаңылатын, маңдайыма кез келді халық ақын. соңындағы тайларын сынап жатыр, Керек қой, бізге ұғыну мағынасын.

Күнде қызық мұндай бізге табылмаған, сөнбесін шабытыңыз жалындаған. осымен қоштасайық, ал жеңеше, Қазыда қой деп жатыр Қадыр ағам.

1992 жыл.

МҰХТАР Мен әселХАн

Мұхтар:

Ассалаумағалайкүм, асыл халқым, Қуаныш, шаттық күткен күннен әр күн, Кировтен сары балаң сәлем берді, Қазақтың ұмыстпастан ата салтын.

Халқым-ау асықпайтын қашандағы, Қазақпыз күтетұғын істің артын. осылай жүргенімде оңтүстігім,

Кеп қалды «алпыс жасқа» ашық жарқын. Қаншама ұл өсірді, қыз өсірді,

түсінетін сөз бенен істің парқын. нұрсұлтандай азамат аман болсын, танытқан жер жүзіне елдің даңқын. егеменді ел болдық қазақ елі,

Кез болды көтеретін жүгін нардың. ұлыстар ұйымына мүше болдық, Қарамай уысына сығымдардың.

Халқым-ау, қолды соғып қарсы алайық, тегінде жаман болмас ұғынғаның.

76

Әселхан, амансыңба, нар тұлғалым, мұхтардан өлең менен ән тыңдағын. Ауыл аймақ,үй ішің дін аман ба? сені көріп мен бүгін шарқымдамын. Қайда жүрсең қатайып айтыс десе, Белгілі сымдай болып тартылғаның. Білемін талай-талай ақындардың, Алдыңда көбелектей шарпылғанын. Бір ыстық мейірім бар жанарыңда, Байланар жігіт түгіл қартың дағы.

Жігіттердің бәрімен айтысып ең, Жөн болмас енді менің тартынғаным. Жырыңа өзек қылып айта отыр,

Комерсантты байлаған жұрттың бағын. Айлығың бір көйлекке жетеді ме?

сол айлыққа жүрмісің, сойып соғым. Бар байлық комерсантқа өтіп кетсе,

Бұл халқым жүрмеспе бос созып қолын. Әселхан ақынсың ғой,ел сыйлайтын, Халқыңа түсіндірсей соның жолын.

әселхан:

Қызыл тіл сөйле енді жағынбай құр, Асыл сөз, асыл тілек ағындай тұр.

Әселхан нар тұлғалы болғанменен, Жігіттер нар тұлғалы табылмай тұр.

Болса да замананың жүгі ауыр, диірмендей зырылдайды біздің дәуір. Көктеменің иісі бұрқырайды, Шуақты наурыз келіп туса сәуір.

Айналдым айтысына келген елден, Болса да қиындықтан арқаң жауыр. Аман ба? малың, жаның, қора-қопсың, Көп болды көрмегелі туыс-бауыр.

оңтүстік талай тұлпар тарпыған жер, Қырандар көк жүзінде қалқыған жер. сырыңда жұпар жиде шешек атып, Қырында жусан иісі аңқыған жер.

Кепкен жоқ топырағы қабірінің, Шәмшінің сұлу сазы шалқыған жер.

толыпты облысым алпыс жылға, ұқсайды қарап тұрсам асқар шыңға. ғажайып сарай болса Қазақстан, тіреген бір бұрышын біз бір тұлға. Киелі Қазығұртым, Қаратауым, секілді бұлақтары күміс сырға, Шырайлы Шымкентім туған өлкем, Құтты қоныс, бейбіт өріс болған ұлға.

сен едің Кировтегі мұхтар ақын, өлеңі сұлу сөзбен жұпталатын.

Көпекең, тәушен, Кәрім, сен, мен болып, Айтыстың туы биік ұсталатын.

Біріміз-бірімізді қамшылаушы ек, Болғансоң бір аймақтан шыққан ақын. Бір жедік қазылардың таяғын да, Болсақта қарсыласты ұтқан ақын.

Кәрім де ауырдым деп қатыспай жүр, Кетпейтін көкіректе дық қағасын.

Амалдап енді екеуміз айтысайық, сеніңде дарымайды-ау жұтқан асың.

Мұхтар:

Әсеке барлық сөзің ойға қонар, Бұл көңіл шарықтаса Айға қонар. екі ақын қағысқанда сахнада, Әдемі шырайлы сөз пайда болар. таяқты талай-талай жесек дағы,

Халқым аман болсыншы айналайын. Қазылардың таяғы қайда барар.

сөзіңе әлгі айтқан ахау қосыламын, Қалайша қосылмастан тосыламын. Әселхан айналайын айтысқанда, Қол соғып ырза болып отырамын. нар тұлғалы деп едім байқадың ба? сонымен қатар шықты батыр атың.

78

Ақынды анау-мұнау қарсы келсе, нұқып қап шынашақпен қатыратын.

Ал шүкір дінім келді, тілім келді. Құлпырып екеуімен гүлім келді. Жетпіс жылдай сығалап енген дерттен, зорға жамап келеміз тілінгенді.

Папа, -демей бұл күнде «әке», -деген, Құлаққа жағымдырақ үнім келді.

өз атын қазақшалап жаза алмайтын, Әлі жөндеп келеміз бүлінгенді.

Пушкин мен лермонтовтан кем емес деп, тақтаға Ахмет, мағжан ілінгенді.

Қазақтың асылдарын жалау етіп, Жөн көрдік болшаққа күлімдеуді. Әсеке осындаймен қуантайық, Кеп қалған осы тойға дүйім елді.

демегін терең сөзге ойың қандай, Айтысып қуанышта ойым балдай. газеттен оқып едім, онша емес –деп, Әселхан ауылыңның жайы қандай.

әселхан:

Жігіттер жер таниды аты барда, Асылдар мың жыл жатса тотығар ма? Қираған төбе шығар білместерге, Кезінде бәрі болған отырарда.

дау жоқ қой мәдениет өскеніне, өткенді бүгінгілер екшеді ме. еріксіз көргеніңде таң қаласың, ғаламат керамика пештеріне.

Яссауи күмбезінің өрнектерін, Жасалған сол пештерде деспеді ме. Әлемде теңдесі жоқ мұндай өнер. сия ма жаза берсең дәптеріңе. тастадық сол байлықты жалаңаштап, далаға дауыл желдің өкпегіне.

Бүгінгі хрустальға мәз боламыз, Шынысы отырардың болған аңыз. тағы да табылды бір шеберхана, сынығын ұстап көріп таң қаламыз.

зерттейді, мұның бәрін, білу керек, ертерек үдесінен шығу керек. ежелгі отырардың күйрегенін, Қазақтың күйреуі деп ұғу керек.

Болмайды шағыруға естен мұны, мұздаған қоламтасы өшкен нұры. Шырағын отырардың қайта жақсақ, Қазақтың қайта түлеп өскендігі.

Күлі көп, қойнында күйігі көп, Көргенде шымырлайды жиі жүрек. дегенмен отырармен, Фарабимен, Аспаны халқымыздың биігірек.

тағдырдың кезі бізді азба қысқан, Ақиқат шындық деген көзден ұшқан. Кешегі Хрущевтің заманында, Құрыды қарсы келіп сөз бағысқан. еліңмен, жеріңменен, суыңменен, олжа қып кеткен еді өзбекстан.

осылай шаруамыз шайқалғанды, Күштінің күштілігі байқалғанды. мінбеге Брежнев атаң келіп, Қонаев өздеріңді қайтарғанды.

Бұл өзі кеше тарих тот баспаған, ұлтшыл – деп бас көтерсе от тастаған. ел үшін еңіреген азамат ед,

орнынан тәшеновты ап тастаған.

салғанға басымызға төзбек болып, Кетеміз өзбек көрсек, өзбек болып. Бір кезде келімсекке қоныс толып,

80

орыспен шыға келдік, орыс болып. Бұл күнде бала арманда, ана арманда, ізі бар қасіреттің алаңдарда.

Бойыңда таза қаны дуылдаған,

не жетсін «қазақ» болып қала алғанға. Бүгінгі мырзашөлдің күйі қалай?, сілкініп ұқсайды ма жаңарғанға.

Мұхтар:

ол рас бүгін халқым жайнап отыр, Ақыны алдарыңда сайрап отыр.

Бүгінгі басталынған мына тойды, Қуанып мырзашөлде тойлап отыр.

сөздері айтатұғын ойларында, Жігері білегі мен бойларында. отырған бұл халықтың бәрі сияр,

мырзашөл мырза құшақ жайғанында.

сарғайса да дәуірдің парақтары, еңбегін етіп жатыр қарақтары. Шетінен мақтаралдың кіргеннен -ақ, Қарсы алар көкке бойлап дарақтары. Халқына құт береке болып жатыр, еңбектің еселеніп жарасқаны.

Бүгінгі қайта құру заманында, зымырап ілгеріге барат дағы. мырзашөлім қашанда мейірімді, Пейіліне тойып қайтар қонақтары.

әселхан:

Ал енді көрермендер күтіп қалды, Аузымда сөйлей берсем, үтік барды. сұйылтпа енді сөзді мұхтаржан-ау, толғағың түрткілеген бітіп қалды.

Бөлмесін енді ешкім жермізді, танысын «қазақ» деген елімізді. Жалғассын ата-баба дәстүріміз, толтырып тектілікке төрімізді.

Айтысы ақындардың болып тұрса, Шығарар әлі талай шеріңізді.

Ағайын көріскенше қош болып тұр, Басайық енді бізде терімізді.

1992 жыл.

сеРіК пен әселХАн

серік:

Желпінтіп желмая жыр желгеннен соң, тереңнен сөз маржанын тергеннен соң, Айтысты «бисміллә» деп бастап кеттім, сөйле деп апам кезек бергеннен соң.

Жаным жоқ енді сөзден тарығатын, Шығады сөзін жанып анық ақын, түнжарым болса дағы мынау халық, түрі жоқ бұл айтыстан жалығатын. мен дағы бір бақытты адам болдым. екі бірдей жолыққан халық ақын.

Әлі де бүлкілдейді салар әнім, Апасы өлеңіңді бағаладым. төсінде Алатаудың дүбір салып, үкілі жыр тұлпарын тағаладым. Болғанда халқым теңіз тебіренген, төсінде шарықтаған шағаламын.

осындай қос ақынға жұптап салған, Жасай бер ортадағы ағаларым. сіздерден үлгі алсақ жаңылмаспыз, дұшпанға жыртылмасын жағаларың.

Көңілің аш бөрідей жалақтасын, өлеңде бірге жүрген табақтасым. Шалғайда жатсадағы Әсел апам, Көңілі жақын әрі қабақтасым. інісі осыменен сәл дамылдап, Әселхан апам жырды сабақтасын.

82

әселхан:

Жырлайық жалықтырмай халықтарды, уақыт талай жерге барып қалды.

Әруағына екі сөз айтайықшы, осы айтыс арналған алыптардың.

Абай бас, Жамбыл жамбас, мұхтар мойын, Бірінің алға апарған бірі ойын.

ғаламның қарашығын қарықтырып, Қаптаған інжу-маржан тұла-бойын.

Жақсыдан өшпейтұғын іс қалады, Кейінгі ұрпаққа үлгі нұсқағаны. Халқымен көзайым боп жасай бермек, Алаштың аласармас үш тағаны.

Жасқанбай ағалық бір атағынан, Бұл серік сөз бастады шатағанан. сұққылап саусағымен түк қоймады,

Жұлмалап Қонысбайдың сақалынан.

Көрсеттің осы жерде ағаң қандай, Беретін бұл өнерге бағаң қандай.

Халық ақынның бәрі саған бұйырып тұр, Ал енді сыбағаң бар маған қандай.

серік:

өлеңнің түскеннен соң сапарына, Кеп қалдым ақын апа қатарыңа. Бәйгеде біреу қалар, біреу озар. ол сірә, күндегенге жатады ма?

Абайлап тамыр басып сөз сөйледім, Ағамның жармасқам жоқ сақалына.

Бұл сөзді зерделеп жұрт тыңдайды ма? Шоққа сап шар болатты шыңдайды ма? Ағамның сақалына қол салғанша, Ағайын мұндай қолым сынбайды ма?

Қашанда ағаларды саялаймын, сөзіңді, өзіңді де аялаймын.

деген бар күш атасын танымайды, Жаңылған жеріңді апа аямаймын.

Көңілің жадырап тұр күз емес қой. мынау ел жер ортасы түз емес қой. он бес жыл көріп жүрген сан сыбаға, оған жасып қалатын сіз емес қой.

әселхан:

Қашанда жүзі сынбас елі бардың, Айбынды Алатаудай төрі бардың. Қарағым, аямасаң аямағын,

Бәлені сеннен келген көріп алдым.

Апаңды онда тыңда ау, қарағым, Жырыммен жақсыларды баурағанмын. Қызмет мансап емес, дүние емес, тағдырдан өлең ғана даулағанмын.

Көркімді көк аттыға пұлдағам жоқ. Жұртымды өнеріммен жаулағанмын. ергөбек, майлықожа, Құлыншақтың, Жұртына талай барып аунағанмын. ел жеген әкімдерге қарсы шықтым, Асынып махамбеттің жау жарағын. Халқыма кебегімді көрсетпеуге, елекке түсіп талай саулағанмын.

мен бүгін жақсылардың жалғасы боп, назарын дүниенің аударамын.

серік:

өзіңдей жырда бүгін сыңарым бар, төгілген көмейіме жыр әнім бар.

Әлгінде өзің айтқан түркістанмен, Арыстанбабқа қанбай жүрген құмарым бар. сол елдің топырағын түйіп алып,

мойныма салып алған тұмарым бар.

ел ойлар ақын жырын толғайды деп, Жалынды жырдан сәлем жолдайды деп. менің де жүрегім апа сезіп отыр, сүрінсе серік қазір сорлайды деп.

84

өзімше менде ойланып отырмын ғой, топырағы киелі жердің қолдайды деп.

Атың бар Әселхандай қазағымда, Әзірге тарқаған жоқ базарыңда. Қырықтың қырқасына шықсаң дағы. Қыздай боп нұр төгеді ажарың да.

Әуелде домбыра алып топқа түстің, Келесің жақсы-жайсаң назарында.

Алдыңда үміт оты күлімдесін, өзіңді жұлдыздай бір түнім десін.

сыр бермей сара жолдан желіп өткен, Босаңдығың ешқашан білінбесін.

Алла деп үкілеген жыр тұлпарың, тілегім өле-өлгенше сүрінбесін.

әселхан:

серікжан, ел сенімін ақтай берсін, Әпкесін өйтіп-бүйтіп мақтай берсін. түркістанның түйіп алсаң топырағын, тіл көзден сені қалқам сақтай берсін.

Халқыңа парызың көп өтелетін, ізгі ойлар көңіліңді жетелесін. Азамат болсаң егер әріптесім, сен дағы ер күнәсін көтересің.

Біріміз-бірімізді мақтап алып, Айтылар сөзді артқа сақтамалық. Қоғамның шіріп жатқан күнәсінен, ерлерді көрші кәне, ақтап алып.

серік:

Кеудеңде бір жүйрік жыр жұлқынады. Шабытың келген кезде жыр шығады. Байқаймын апатайым аузын ашса, Көмейден зарға толы үн шығады.

Қоғамның былығы көп, шылығы көп, соны айтуға талайлар тұншығады,

ініңмін өнерге бас иіп жүрген, ыстық пен суығына күйіп жүрген. сөз сөйлеп тоқсан ауыз топ алдында. Айтарын тобықтай ғып түйіп жүрген.

Ақындар домбырасын қолға алады, Айтсам деп заман жайлы толғанады. Атын атап, түсін қазір түстемей-ақ, Айтайын қоғам жайлы сондадағы.

Бүл күнде ақтарылып халық деген. Жеті алмай жетер жерге зарықты өлең. Ауылда тауық мінез басшылар көп, Қалғандай орта жолдан ауып келген. осыны жер-жерлерде айтыста айтып, Басшылар құлағына салып келгем. мал бітті өрісіңде ей, ағайын,

геноцит боп кетет деп қауіптенем.

Барады саясатқа айналып жыр, Пысықтарың шаппай-ақ, бәйге алып жүр. Айлық жоқ ала-жаздай мынау халің,

Бар теңге базарыңды айналып жүр. Банкир мен коммерсанттың ым жымы бір. мұрттары сорпа ішкендей майланып жүр,

туады халқым жарқын күнің анық. зарлыға сөз айтамыз күліп алып. Кеңдікті кең даладай көрсететін, Қазағым пейілі кең ұлы халық. осы ойды Әсел апа үзбеңіз тек, Жөнелші әрмен қарай іліп алып.

әселхан:

Көрінді өлеңіңнің сынық тасы, мұныңды енді былай дұрысташы, тауыққа жамандарды теңеп тұрсың, Адал ғой тауықтың да жұмыртқасы.

Қайда осы келіп жатқан тәуелсіздік, Жақсылық күте-күте күдер үздік.

86

Әншейін дабырайған нәрсе сынды, Әңгіме қылатұғын сіз бен біздік.

Айтпайды ақын өлең тоқтығынан, не пайда сахнада соқтығудан.

Қасірет шегіп жатса қалың халық, Әлі сол тәуелсіздік жоқтығынан.

Келген жоқ тәуелсіздік бізге әлі, Әзірше сор татиды оның дәмі.

Бостандық, бостандық деп бостандықтың, Бос қалған бос сандықтай кетті сәні.

Қоғамның тұрғаннан көп жығылғаны. Жаныңның шымырлайма шыбын жаны. Алаңдап ресейге отырмыз ғой, сағаттың қозғай алмай тіліндағы.

серік:

Болашақ болжап көрсем кеткен екен, саясат сенің сұрқың өктем екен. дамыған берлық елдер бұл қазақтың, Қазіргі кезеңінен өткен екен.

Әлемге аты шыққан жапондықтар, отыз жылда осы халге жеткен екен.

Халқым деп көңіліңді жасытпаған, деп ойлаймын көңіліңіз ашық маған. Ақынба мұндай тойда тебірентіп, Көңілден көк өзен жыр тасытпаған. Біздерге келеді апа, ондай күндер, Қоян алар демей ме, асықпаған.

Көңіліңде гүлдей берсін көктем гүлі, Көрінсін өлеңіңнің өктемдігі.

Шәмшінің еліненсің, Шәмші ағамды, Айтып ем өзіңізге өткен жылы.

Ақындық парызың сол өтелді ме? намыста кейде қолдан кетер міне,

Көшесін бергеніңе біз қуандық,

Ал басын Шәмші ағаның көтерді ме?

ініңіз жыр маздағын жағып отыр, өзіңе кінәні ептеп тағып отыр, Алайда, оған апам кінәлі емес, ішінен басын шайқап налып отыр. елдегі әкімдерің сол мәселені, Көтермей ақын апа неғып отыр?

әселхан:

Бұл күнде айналып тұр бұл расқа, замана кетті тіпті жылымасқа?

Шәмшіні, аялауға көтеруге,

Болып тұр Шәмшіекеңнің жүзі басқа.

тіл кеспей айтарды айтып қалу керек, Жеріңе өзің айтқан налу керек,

Бір істі Шымкентте бітіру үшін, Алдымен дулат болып алу керек.

Кентаулық естідің бе кеншілерді, Асусыз бір тұйыққа ел тірелді.

Алмаған соң айлап-жылдап жалақысын, Ашуы кеншілердің өршігенді.

Білместен күн батысын, таң атысын, Қопарған қара жердің қара тысын. Кеншілер жұмысына қайтады ғой, Қайтарса мемлекет жалақысын.

Аштықтан арлан жатса иретіліп,

Қу түлкі жем қылмай ма шиге тығып. Көгертті мына заман ішімізді, Бітпестен, ия қоймастан сүйретіліп.

Көп жоқтың бар жоғы ғой олардікі, онымен орала ма қоғам құты,

теңге емес теңдік іздер күн туар ма? Аяққа басылды деп адам құқы.

88

Әділетті жақтаған бір депутатты, Бір есер ұрып жығып ел шулатты,

сол есерден пара жеген тергеушілер, ол істің шала-пұла бетін жапты.

Қиын ғой мына заңның есеймегі, Жаншылды ел арманы көкейдегі. Білседе ақ-қараны ләм деместен,

үн-түнсіз отыр Шымкент дөкейлері.

Қарасаң кіршігі жоқ бой басына, мың құрық бойламайды айласына. заңгерлер залым молда боп кетті ғой, Шариғатты бұрып айтар пайдасына.

серік:

Ақиқат ақ сөйлеуді ұнатады, өлмейді ол, өркенді елде гүл атады. Қайсы бір дінде жүрген дүмшелерім, Жігеріңді құмдай ғып құлатады.

Бұл күнде қалталының бәрі қажы, ондайлар бізді кейде жылатады.

Шалқымай қалмас көңіл сірә бүгін. өлеңнің маздап жанар шырағымын. домбыраң сөйлей алмай Әсел апа, Кеп жатыр жәрдемші боп мұғалімің.

Шәмшінің жөнін сізге жүктегенмін, ойымнан шықпады ма діттігенім. Аядай бір Шымкентте бұл не сұмдық, Көзімізді бақырайтып жіктегенің.

Бірлікті айтады ғой бұл ақындар,

сізден мұндай рушылдықты күтпеп едім.

әселхан:

Айтысқа шықты ақындар, серіппедей атылып, Бірлікті айт деп отырсың, Жауыр болған тақырып.

Көп ішінде көсемдер, Бірлікті айтар қатырып, Былай шыға көз қысар. өз жүздесін шақырып. ел бөлініп жатқан жоқ, ел басқарған көкелер. Бақылдаған текелер, түшкіргені мәкүрік, Аузына алып Құдайды, өп-өтірік жылайды.

Қора-қора сабан сөз, Біріктірмес ылайды. төле, Әйтеке, Қазыбек, үш жүзімнің құтындай. ошақтың үш бұтындай. Бірі келіп сыр жақтан, Бірі келіп қыр жақтан, Бірі келіп ой жақтан, Бір қазанды қайнатқан, ордабасы үстінде,

Бір ошақты майлатқан, Бір-бірін сөзбен алар да, Қарсы шықса сонарға, Қисынын тауып әділет, Қосыла кеткен жол арна, осылардай ұл тумай,

Шындық үшін жұлқынбай, Халыққа бірлік қонар ма?

серік:

заманды нарық, сірә, билейді екен. сорлыға несібесі тимейді екен, Кешегі Абай атам айтып кеткен, Жамандыққа бұл заман күйлейді екен. Бөлінген жүзге, руға басшылардың, неге апа жүздері күймейді екен.

маржан қып тағы жырды шашар ма еді, Құйқытып құба белден асар ма еді?

Кешегі Ауғанстан секілді қып, соларды дара ағашқа асар ма еді.

90

түңілме қазағымның тірлігінен,

сұрап апа алғандайсың жырды кімнен. ынтымағы ыдырамай ырысты елдің.

Құдайым айырмасын бірлігінен.

Құдайым қуат берсін дінімізге, Құдайым шуақ берсін тілімізге. тілменен дінім егер өшіп жатса, Шықпайды сонда таза үнімізде.

әселхан:

Болса да екі аяғым тең секілді, Әлі де айтпағаным кем секілді,

лақтырып енжарлықты тастамасақ, созылар суға тиген көн секілді.

Қыбырсыз мүшкілдіктен, жақсылық жоқ, Арбалған әбжыланға жем секілді. серпіліп дүниеге сергек қарап,

тазарып тәуба қылсақ жөн секілді.

тыңдаушым енді бұған тоқтасайық, тағы да ел қаласа бас қосайық.

Жалығып кетер серік халық бізден, тұрғанда дәмі кетпей қоштасайық.

1993 жыл.

АЙТАҚын Мен АМАнЖОл

Айтақын:

Ақынның аңсайтұғын жыр арманы, Халқы болса қалаулы тұрар мәңгі. өшкені жанып, өлгені тірілген ел, Армысың Қызылжардың қырандары!

Алдыңа шықты міне арғымағың, Ауыздықпен алысып арындадым. Қызылжар алыптардың мекені деп, Жырымның төктім енді жаңбырларын.

Армысың, қарсыласым, жанымдағы, өзіңді көріп жүзім жадырады.

сөз кезегі өзіңде бастай бергің, тоқтама Қарағанды саңылағы.

Аманжол:

Жол болып мен де келдім базарыңа, Жырыммен ілінсем деп назарыңа. Жүздегі жасынына той жасаған,

Бір сәлем қызылжардың қазағына.

Қызылжар киелі елсің нарқы жатық, Ағызған жыр бұлағын сарқыратып. Аулыңа той болған соң тағы келдім, мінгізген күреңіңді арқыратып.

Бұл өлке ырысы мол мақтан дала, Әр таңы арайланып атқан дала.

үш жүзге үлгі болған тоқсан бидің, толғанып тереңнен сөз тапқан дала, Кешегі сәбит пенен ғабит ағам, нәр алып, түлеп қанат қаққан дала. еркесі алашымның сегіз сері, Керілтіп кер бестісін шапқан дала. мағжандай дара туған ақынына, той жасап дүркіретіп жатқан дала.

ұл едім ұлтым үшін шұрқыраған, толғанып жүрегінен жыр құраған. Армысың Айтақындай ақын ағам, тістеніп қос иығын жұлқылаған.

Айтақын:

Жайым бар шабыттансам аспандайтын, Аспандайтын және де жасқанбайтын. Әдетім айтысқанда мұз бүркеніп,

екі көзім қанталап тай шайнайтын.

Қылмассың іске алғысыз жоспарымды, Батырдай бұзып өтем тосқауылды.

92

Айтыста жақсы көрем тартысқанды, Және де бермеуші едім көкпарымды.

Айтайын құтты болсын алғаныңа, Құдайым бақыт берсін жан-жағыңа. Қу тізеңді құшақтап жүруші едің, Аманжол жетіпсің ғой арманыңа.

Ал енді бұзылмасын салтанатың, тілеймін ұзақ өмір мархаббатын. Және де мен тіледім інім саған, мағжан мен зылиханың махаббатын.

ойлама бұл ағаңды қылжақсың деп, ой айттым жүрегіңде жыр жатсын деп. Келінім құтты болсын аяғынан,

тілеймін мағжандай бір ұл тапсын деп.

Аманжол:

Ағаммен отырғам жоқ арбасам деп, мен ұштым жыр көгінде самғасам деп. мағжан мен зылихадай болмасам да, мен жүрмін қасиетін жалғасам деп.

Шабытсыз ел алдында сайраған ба, Жігерсіз белді бекем байлаған ба. Қанталап екі көзің отырса да,

Бұл інің көне қоймас шайнағанға.

Бақытты болашақтан күткен едім, Қомданып қанатымды сіліккен едім. Қазақтың қасиетті дәстүрімен,

ол рас отауымды тіккен едім.

Арманның назар салып шырағына, үй тіктім қанат жайып тұрағыма. Жаңағы айтқан сөзің, ау Айтеке, Шалынсын әулиелер құлағына.

Айтақын:

иығымда өлеңнің перісі бар,

Аяғымда тұлпардың желісі бар. Шалынады періштенің құлағына, Бақсылық жоритұғын өрісім бар.

Жақсылар бұндайда үміт үзбейді енді, Жамандар бірін-бірі күндейді енді.

Білесің қазағымда бір мақал бар, Балық та су тұнығын іздейді енді.

Адал болсаң марқайып күлейін бір, Қасыңда қапталдасып жүрейін бір. Арамдығың білінсе осы арада,

Аш бүркіттей бас салып бүрейін бір.

Аманжол:

Болмасын сыйластыққа тапшылығың, Білінсін мынау жұртқа жақсылығың. Айтқаның дұрыс келер деп ойлаймын, егер де рас болса бақсылығың.

Әркімге жыр түңлігін түру қиын, Аллалап аламанға кіру қиын.

Анталап аш бүркіттей отырсаң да, ініңді қапылыста бүру қиын.

Жасымнан жаным бөлек жамандықтан, Бұл өнер қасиетім маған жұққан. өтемін жақсылармен сыйласумен, сақтасын тәңір өзі арамдықтан.

риза боп жүруші едім ырқыңызға, ұл едің ақыл айтар ұлтымызға. тізілген мойныңдағы тәпсі жайлы, Айтеке ой толғашы жұртымызға.

Айтақын:

өмірдің қызығына тоясың ба? Жақсылығын ағаң сенен аясын ба? Келінім бір ұл туса, Аманжолжан, есімін мағжан деп қоясың ба?

94

Айтамын саған бүгін жан сырымды, далама асқақтатып жас үнімді,

тағып жүрмін мойныма көз тимес деп мойныма қасиетті тәспиғымды.

өзіңді бір көргенде ұнатқанмын, Қасыңда ағаң болып сыр ақтардым. Кеше ғана тақпап ем тәспиғымды, Біреулердің көзі түсіп құлап қалдым.

өзіңе тілеулес боп мен отырмын, Айтар сөзім болмаса неге отырмын. рухың жебеді мен мағжан бабам, Жазылып бұл айтысқа кеп отырмын.

Аманжол:

Ағам да тереңнен сыр қазғандай ма, Арқасы арындының қозғандай ма. Қыздардың баптап әкеп құйған шайы, Айтеке сырқатыңды жазғандай ма.

Әр сөздің тауып айтса иесі бар, ойлардың мәнді болса жүйесі бар. Жаңағы өзің айтқан тәспиғыңда, иманды мұсылманның киесі бар.

ұлы той кездестірді қауыштырып, сөйлетті бізді халқым жарыстырып. Бұл күнде кейбір қазақ сол тәпсіні Алғандай бөтелкеге ауыстырып.

мұсылман білген дұрыс құран жайын, Шақырып ар-иманға ұрандайын.

Қолына тегін тәспі алмаған ғой, Кешегі мәшһүр Жүсіп, Құнанбайым.

Айтақын:

Аманжол ел жұртыңа пайдаң болсын, екі ақын айтысқанда майдан болсын. он жерден қыз әкеліп шай берсе де, Жеңгеңнің бергеніндей қайдан болсын.

түйінін тоқсан сөздің шешем енді, толқынын өлең-жырдың кешем енді. Кейбіреу сол арақты қояр емес, Әкеңнен қалған ас емес десе де енді.

Аманжол:

Жабы мен тұлпар әр кез тең болмайды, Жұртыма арзан өлең ем болмайды.

Қызылжар сұлуының құйған шайы, Шайынан бәйбішеңнің кем болмайды.

Бұндайда болмас құлаш сермемесең, Басына қия шыңның өрлемесең.

Құйғаны сұлулардың дәмсіз болса, Айтеке, ағыл-тегіл терлемес ең.

Алдыңнан асау толқын ағылады, Әр сұлу шамшырақтай жағылады. Абайға шай ұсынған тоғыжандар, іздесең бұл жерден де табылады.

1993 жыл.

ШОРАБеК пен сеРіК

Шорабек:

Армысың, аты-шулы серік ақын, Жүр сенің жыр-бәйгеден келіп атың. талайды тас қаптырып кетіп едің, ойың бар бүгін мені не қылатын?

серік-ай, өлмес суын ішкендейсің, Ақынға анау-мынау түс бермейсің. сен едің сыйлас інім, сіз-біз дескен, сондықтан қабағымнан сұс көрмейсің. ұқсайсың тіфә-тіфә тілім тасқа, Абайдың ауызынан түскендейсің.

Жүресің дәйім менің жүрегімде, Ақыннан сыйласым сен бұл өмірде.

96

режиссер болсам егер, сені серік, Абайдың ойнатар ем рөлінде.

Айып па ақынды ақын бағаласа, дос емес, бірін-бірі табаласа. ойыңды қайдам сенің серік інім, Абайдан бойың сенің сәл аласа.

сөзіме жүрмеу үшін алданып құр,

Абайша шындықты ұқтыр, жалғанды ұқтыр. Қолыңда «Абай домбыра» серік сенің, ұқсамай Абайға енді нең қалып тұр?

не айтам, енді өзің де жобалайсың, Абайға ұқсас десем тобалайсың.

Абайдан ең негізгі айырмаң сол, Әттеген, домбыраға солақайсың.

серік:

ұрпағы ер түріктің даңқың басым, Қияңда қырандарың саңқылдасын. Әр елдің ақ сұлымен жемдеп қосқан, Жүйрігі орта жолда алқынбасын. соңына будақ-будақ шаң қалдырып, Шабысы шапқан сайын қарқындасын. Алдында надандықтың биік тұрсын, өнерге, – деп иілген алтын басың!

ризамын көпшігіңе, Шорабегім, өлеңнің дүлей дауыл, бораны едің. домбыра ап, сахнаға шыққаныңда, Көргендей никулинді болады елім. сен құсап сатираны сапырар ем, Келмей жүр сорым қайнап, соған ебім. Абайға шыныменен ұқсап тұрсам, Армансыз бұл жалғанда болар едім.

өзгерді өлеңіңнің түсі қалай? туғандай тереземнің тұсынан ай. сыртымның ұқсастығын мен қайтейін, дариға-ай, болмаған соң ішім Абай.

өмірден өткен дейді талай қасқа, сенбесең тарих бетін санай баста. Бақыт қой болмасаң да ұқсап баққан, Алайда серік басқа, Абай басқа.

заман да қу түлкідей бұлаңдай ма? Бақ тайса ерге дәулет құралмай ма? Абайдай алыпқа әкеп теңегесін, Ағайын, аттың басын бұрам қайда?

«сыйға – сый, сыраға – бал» дейтін болсақ, Шорабек, сен де ұқсайсың Құнанбайға.

Аңсасаң Ақтөбенің тойын аңса, Жабырқап жоқ заман деп мойығанша. Астарлап топ алдында маған айтқан, Шөкеңнің шабыт берді ойы қанша, сен дағы Құнанбайдан аумас едің, Бас салып бір көзіңді ойып алса.

Шорабек:

Ақын ба қалжың сөзді көтермеген, серікжан, әзілің тең шекерменен. Қашанда қанағатшыл біздің қазақ, Бір басқа бір көзді де жетер деген.

ұқсаса Құнанбайға ісім анық, неге соқыр болуға қысылалық.

Құнанбайға шын ұқсап қалар ма едім, Бір көзді айтысайын қысып алып...

демесек те көреген тәуіп болған, Құнанбай болжай білген қауіпті алдан. Құнанбайдан бәрібір қырағы жоқ,

Бір көзбен меккені де тауып барған.

Бұл күнде Құнанбайды ойшыл ақтар, Алмаған «Аға сұлтан» қай сынақ бар? Қажы боп қайтып жүр ғой бұл күндері, Көзі сау, көңілі соқыр байсымақтар.

98

олар да қажымын деп мақтанады, Құдаймен теңесуге шақ қалады.

Қажы боп қайтқан сол бір қалталылар, өздері жағымсыз іс атқарады.

Кезінде Құнанбайлар бір көзбен-ақ, Айыра білген екен ақ-қараны...

түсірмеймін жерге мен еш сөзіңді, ұмытпағай өзіңмен дос кезімді.

Шіркін-ай, Абайдай ұл туғыза алсам, Шалар ем құрбандыққа қос көзімді.

Көрсеткен заман мынау талайға доқ, Қазағым болсам деймін қалайда тоқ. Байтал түгіл бас қайғы, аштық дейтін, Қазақты кетсе тимей маңайлап оқ. туғызар Абайды енді Құнанбай жоқ, туатын Құнанбайдан Абай да жоқ.

Жақсы ғой бұл нәубеттен құтыла алсақ, Шалбарды киіп әркім бұтына шақ.

Құнанбайдай бар ма екен құт кіндікті, Бар болса егер, бас салып тұқым алсақ. өйткені Абай туғызар жағдай да жоқ, Болған соң тоқшылықтан мұқыл алшақ. туғыз деп бір Абайды Құнанбай боп, есеннің1 енді көзін шұқымасақ?!

Жабысты Құнанбайлық қалай маған? Құнанбай болса артар талай бағам. ұқсашы ұлы ақынға сен де серік,

не дейсің бұл заманға «Абай балам»?

серік:

Айтысты әзіл сөзге айналдырдың, есенді еркінен тыс ойландырдың. Шорабек, жалғыз көзді адамдардың, Бәрі Абай таптырарын қайдан білдің?

1Есен - айтыстың демеушісі

Көргенбіз асқанды да, тасқанды да, Көргенбіз асып-тасып сасқанды да. Бір көзді қысып алып айтам дейсің, Құнанбай деген сөзім расталды ма? Кешегі Абай қорыққан жас балалар, Қыстырар көзің түгіл басқаңды да.

меккені мәлімдедің қуалай кеп,

Бұл күнде «қажы» деген құдадай көп. меккеден тас арқалап әкелгендей, Арақпен қажылығын жуады-ай кеп.

дер едім, Абай болсам, қайран жұртым, Аузыңа ұстарасыз түсті мұртың.

ей, жастар, кімге дәрі, кімге шипа, Болғаны сыртың бүтін, ішің түтін.

дос көріп кімге болсын жалбақтайсың, Бір күні ашылмасын елге бұтың.

Бір жанмын жаны жара, қаны қара, өтермін бұл жалғаннан мен де бір күн... тамыр деп төр ұсынған орысың да, Басынып алған жоқ па, біртін-біртін.

Шорабек:

Қалайша енді бүгін мұң айтайын, Қалайша тұнық көңілім лайлаймын. Ақыры Абай болып сөз сөйлесең, мен әкең Құнанбай боп сын айтайын.

танымай қалдым, балам, бір өзіңді, Біліпсің кім басылды, кім езілді?

Қанша қақсап айтсам да тыңдамаушы ең, Қойыпсың орысшалау мінезіңді.

Әй, серік, Абайдайын ақынсың ба? Жаныңмен, жүрегіңмен жақынсың ба? Абай түзей алмаған сол жастарды, енді сен түзеймін деп отырсың ба?

мен бүгін кінәламан түк орысты, орыстар осыған да іренішті.

100

АҚШ-тан албасты шал бері өткенде, Біз түгіл көп орыстың жүрегі ұшты. Құнанбайдың билігін маған берсе, соттар ем солженицын сволышты.

Құнанбай болсам судай тасар едім, Кеудесін дұшпандардың басар едім. Кешегі Қодар менен Қамқадай ғып, Жексұрын Жириновскийді асар едім!..

серік:

Келгенде Ақтөбенің мен төріне, самғадым қаршығадай ел көгіне. Біздің ел кешірімді балаларға, ұстайды сылап-сипап еркені де. ол рас, мен не дейін тобықтының, Абайға қол көтерген тентегіне.

Әрбір үй балаларын дұрыс бақса, сенемін мен қазақтың ертеңіне.

сұрайсың жай-жапсарын істің менен, Бітерін білмей тұрмын істің немен.

Алайда қызыл тілім байланбасын, Айдынға құлаш ұрсын ұшқыр кемем. дүние дөңгеленген ағын судай, мінекей, өте шықты үш күн деген. орыстың бірін соттап, бірін ассаң, Айтамын не бетімді Пушкинге мен?!.

Бір көзбен сынай қарап тұрсың маған, Бала ма әке алдында қымсынбаған. орыстың сөзін сөйлеп кетесің деп, туғалы кінә тағып жүрсің маған. орысқа жақын болсам лермонтовпен, салтыков, Щедриннен сусындағам. екі елдің ортасына от тастайды, надандар достық іздеп құлшынбаған.

«ит үрер, керуен көшер» дейтін болсақ, Қайтеміз солженицынды былшылдаған.

Әзілдеп осындай сөз арнасам да, Білмеймін көңіл қылын дәл басам ба? Абайдай болу қайда, өлеңменен Арасын Қырым-Қытай жалғасам да. өзімше өзекжарды жыр жолдадым, Алаулап Абайға ұқсап жанбасам да. орысқа «ұлылықты»ұқсын десек, орысша айтысқан жөн анда-санда.

Шорабек:

ешкім де бұл сөзіңе сенбейді ғой, миыма мына менің енбейді ғой. Қалың қазақ ішінде өскеннен соң, орысшаға менің тілім келмейді ғой. орысша айтыс болса нұрсұлтанмен, олжастар бас бәйгені бермейді ғой...

ешқашан ұмытылмас ән кешегі, соғыста суып қалған жар төсегі. солженицын қоймаса шоқ тастауын, Қайтадан бейбіт халық қан кешеді. тіріліп Пушкин егер келер болса, Бет-жүзін әлгі екеудің көрмес еді. өйткені Жириновский, солженицын,

Қан құйлы бұл заманның дантесі еді.

ол рас, Пушкин – ақын, терең адам, Барады болашаққа өнері аман.

Анамыз туыс екен екеуіміздің, ендеше мақтанбасқа неге маған.

ол арабтан туыпты, мен – Қожадан, екеуін енді қалай бөле-жарам?

Айдолла кеше саған айтқандайын, так что, мен Пушкинге бөле болам.

осымен тақырыпты шектейміз бе? Бәрібір ұлыларға жетпейміз де.

сен Абайдан, мен болсам Құнанбайдан, садаға екеуіміз де кетпейміз бе?

102

Ақыры кеп тұрмаса өте жөні, Абай боп, Құнанбай боп не керегі. Құнанбаев болмай-ақ Құсанбаев, Абайға серік болсаң жетер еді?!.

Ай, серік, осыменен қоштасайық, демейік, жолдастықтан еш қашайық. екі жүз жылдығында ұлы Абайдың, тағы да Ақтөбеде бас қосайық!...

серік:

Шабытсыз ақынға да сөз келмейді, ешнәрсе елдік болмай өзгермейді. Шорабек, тарих дейтін тағылым бар, өткен мен кеткеніңді безбендейді.

Қос тіл деп жан ұшырған шала қазақ, орысша ауыздыға сөз бермейді.

Қызықпен өміріңді өткердің бе? Көргенсің сан сынағын өткелдің де? осымен қояйық деп, бұл айтысты, Шынымен Шорабегім шектелдің бе? Әлгінде баса айтып ем кей сөзімді, сол үшін бұл ініңді жек көрдің бе? рөліне өзің қойған Абайың ем,

Аз ғана қызығымды көп көрдің бе?

ел едік бойда қуат, бар намысы, Бәрі де Алла ісі, жалған ісі.

Кешегі Құнанбай да, Абай-дағы, Қазақтың мақтанышы, ар-намысы. солардай болмасақ та отыз минут, Халықтың болдық біздер алданышы.

ұл болып сүтін емгем мен де ананың, Құнанбай болмай-ақ қой сен, қарағым. Ақ сөйлеп, Абайлардан үлгі алып, Шылбырын көтермедік шенді ағаның. Халықтың қоштауымен, қолдауымен, төсінде дүбір салдық кең даланың.

Болып қал дедің маған Құсанбаев, Әңгіме айта берсек ұшан ғайып.

Халқымыз қолдау беріп, шап, – деп жатса, Біздағы айтар сөзге тұсалмайық.

Қанағат қарыныңды тойдырса егер, Кел, аға, қоштасайық құшақ жайып.

Шорабек:

Құдайым тағы бізге бақ бере ме? тағы да бір шаттықты ап келе ме? Абайға той жасаған, енді туса, туады ендігі Абай Ақтөбеде...

серік:

Айдаров айдарыңнан жел еседі, өзіңе қандай жүйрік теңеседі. Ағаның аңқылдаған әзіліне, Ақылы аз іні ғана егеседі. сенемін ел билеген ерлеріме,

Қазақтың жарқын болсын келешегі.

1994 жыл.

АМАнЖОл Мен әсИЯ

Аманжол:

Келген соң ұлан-асыр базарыңа,

«Ақжол» ― деп сөз жолдайын назарыңа. Абайдай құрсағынан ақын шыққан,

Бір сәлем қалың елім, қазағыма.

Шыңғыстау бір тұғырым асыл-биік, Жырлаған өр тұлғаңды ақын сүйіп. Шәкерім, ұлы мұқтар туған өңір Алдыңа тағзым еттім басымды иіп.

Бір сәлем нағашы жұрт қауымынан, Балқантау, Қарқаралы бауырынан. ортаңа дұғай сәлем ала келдім,

Құт қонған ұлжан ана ауылынан.

104

Жырымды жаңылдырмай жорғасынан, мен бүгін Абай салған жолға шығам. ділдадай ұлы Абайға қыз ұзатқан,

Бір сәлем – Алшынбайдың ордасынан.

Жеткендей, ұлы баба, ғасырға үнің, төгіліп бар адамға асыл нұрың.

Жан ата, жартастағы айғайыңнан дүркіреп бүкіл әлем жатыр бүгін.

Халқымның сәуле шашып сарайына, Айналған алтын таңы арайына.

Әлемдік ойлар айтқан киіз үйден, Қалайша таң қалмассың Абайыма.

Шаттық той Қарауылдың басындағы, тарихи ұлы думан ғасырдағы. дүбірін сол думанның естігенде,

Әр ақын шартараптан тасынғаны. тасымды суырғанда қолға түскен, Армысың, асыл апа, қасымдағы.

отырсың оң жағымда арай болып, соғылған өнердегі сарай болып. зередей шежірелі сөздер айтсаң, тыңдайын әр сөзіңді Абай болып.

әсия:

Жыр қонып, жүрегімнен өлең көшкен, елімсің өнер десе елеңдескен.

Айтыстың ақ тұйғыны ұшпай тұрып, Жөн болар халқымменен сәлемдескен.

сыр белес, сыбырменен далама тең, Құнарлы топрағыңды ала кетем.

Артықсың ару семей, Абай туған, Абайдай дана туған дара мекен.

Бір жарым артқа салып ғасырыңды, Басқа ұлтқа мойындаттың жасыныңды.

тойларың құтты болсын қалың елім, еске алған Абайдайын асылыңды.

тағдырдың ордасына бармадың ба, сән келер сұду сөздің салмағына. Қоржынға қол салғанда, Аманжолым, іліктім мен баламның қармағына.

Бойыңда жастық отың жалындаған, Қамалсың оңайлықпен алынбаған. тұңғышпен құрдассың ғой, Аманжол-ау, Анаңдай мен болайын жалындаған.

Анаңдай отырайын тілек тілеп,

сен-дағы отырмассың сынап-мінеп. Бойыңа дарыды ма Абай айтқан, нұрлы ақыл, қызу қайрат, жылы жүрек.

Аманжол:

семейім Көкбайларға дем берген жер, Көңілі талайлардың емделген жер.

Ағылып толқының боп бір көрейін, Абайдың ақ бесігі тербелген жер.

мен де бір балаң едім үңілгендей, Кезім жоқ бұл заманнан түңілгендей. Жарқырап Әсия апам шыққан кезде, Болды ғой ұлжан анам тірілгендей.

дәм татқан балаң едім қолыңыздан, Ал енді қалай шығам жолыңыздан. Арқада аруанадай жол бастасаң, ерейін ақ ботадай соңыңыздан.

Жүйткітіп желмаядай желсек пе екен, маржанын асыл сөздің терсек пе екен. Жарасып аруана мен ақ ботасы, Көшіне ұлы Абайдың ерсек пе екен.

тарихта өтсе-дағы талай дана, ішінде Абай ұлы, Абай дара.

106

Қазақтың қандай халық екендігін, дәл басып айтып өткен Абай ғана.

өріне домаласын тасың, апа, Анамдай оның рас жасың, апа. Бауырың соңыңыздан тайраңдасын, Алдымнан жол басташы, асыл апа.

әсия:

Аналық бой ұрайын бір сезімге, тұсауды салайын мен бұл төзімге. Аманжол, анаңды өзің бастап отыр, сыйластық сандығының кілті өзіңде.

ұлжанға балам мені балап жатыр, Алдымда үлкен міндет, талап жатыр. ұлжанның өзі болмай, сөзі болсам, сол жүктің салмағы да жарап жатыр.

мойыма, бір кәдеге жара енді, Ән болып тербетейін сарайыңды.

дәріс беріп жүрсің ғой, Аманжол-ау, танытшы сен жастарға Абайыңды.

Жағымды Жаратқаным жаңылдырман, Көмейім тоя шашыл лағыл жырдан.

Қазағым мәңгі биік бола бергін, даналық бұл әлемге табындырған.

Алатын тайталасса талайыңмен, Келмес-ау айтыс күйі жаяу үнмен. Қазақты биік десе, әлем бүгін, Биік тұр ұлы ақын Абайымен.

ішкендей кәусар суын ұлылықтың, сындарлы сұлу сөздің құнын ұқтым. Алты алаш аман болса өшірмейді, Алауын Абай атты ұлылықтың.

Аманжол, айттым мен де өз ойымды, Кернеген көкіректе көз ойымды,

Бүгінгі жастың бірі сенсің, сірә, сен айтшы жаңылмаған өз ойыңды.

Аманжол:

Көңілің болашаққа зерек екен, өлеңің байқағанға берен екен. Қазақтың қарапайым бір сөзі бар, ұқсап бақ, болмасаң да деген екен.

өзіңе мынау ғасыр орын берсін, Алдыңнан Қыдыр жебеп қолын берсін. зере мен ұлжандардай болмасаң да, солардың қасиетті жолын берсін.

Жырларың тереңдерден сүзілгендей, ойларың ойландырып тізілгендей.

Кешегі мұхтар салған ұлы жолы, Байқасам талай жылдар үзілгендей.

ел едің ырыс кірген есігінен, Айрылды қазақ қалай несібінен. Әкеден ұлы Абайды алыстатқан, ол-дағы саясаттың кесірінен.

Жал кетті-ау, арғымақтың шоқтығынан, Балағын жартастарға соқты қыран.

Бұл кезде талай қиқым бастық болды, Алшынбай, Құнанбайлар жоқтығынан.

әсия:

тоқтатып сені балам сабыр демен, төгілді көкейіңнен дауылды өлең. тілегің маған жетсе қасиетім, тілегі бек жастардың қабыл деген.

таңданттың тәтті сөзбен талайыңды, Шаттыққа бөледің де маңайыңды. ұлжандай ақылды ана бола алсам мен, Ағайын көрер ме ең сен Абайыңды.

108

өмірдің ой тоқтатып дәрісіне, Қараймын күдікпенен әр ісіңе. Аманжол бүгінгінің азаматы, Қалайсың жерді сату мәнісіне.

осы жай қалдырып жүр қайран мені, тағдырдың тауқыметін салған көрді. Хақылы осы күні кім сатуға,

Бабалар қанмен қорғап қалған жерді?

той жасап жатсақ-тағы думандаған, Жаналғыш қарауытқан сумаңдаған. Алтай мен Атыраудың арасында, Қазақта жер қалды ма уланбаған.

Кезінде мына жайды ол ұқпаған, Қаһарлы тойтарыстан қорықпаған. семейді сілкіндірді сынақтары, Абайдың аруағынан қорықпаған.

сол бір күн мәңгілікке батқан шығар, өмірдің ащы дәмін татқан шығар.

Жойылды сойқан бүгін, шүкір, дейміз, Бабаның аруағы атқан шығар.

Бөлінер кейде осылай ойым талай, ойласам елдің жайын ойым қалай. Қазақтың байып алған кей жастары, Жүр бүгін ана тілін мойындамай.

Қыз болған қылыш тілді сара сынды, Көтерер халқым бар ғой дара сынды. Аманжол, өзің айтшы тілдің жайын, Білейік сенің де көзқарасыңды.

Аманжол:

Көтеріп Шыңғыстауға өреніңді, Көрсеттің, асыл апа, көлеміңді. Абайша тізеңізге басты сүйеп, ұзақ таң тыңдар ма еді өлеңіңді.

ықылас ұғынбасақ даналардан, разылық болмас бізге бабалардан. Абайым айтқандайын осы күнде, Қорқамын бүгінгі мас бабалардан.

Қалайша ұрпақ сенім ақтамайды, Қалайша баба сырын сақтамайды. Пушкиннің он өлеңін білсе-дағы, Абайдың бір өлеңін жаттамайды.

өткеннің ойын жалғар ұлан болсын, Бабаның мұрасына сұрам болсын.

Болашақ ұрпақтарға Абай жыры, Айтатын әр заманда ұран болсын.

Жарай ма бұрынғыға із болмасақ, Кең жері сақталады біз қорғасақ. Абайдың асыл жырын кім жаттайды, Қазақтың ұрпақтары біз болмасақ.

Жүрейік армандардың асқарында, Жаттайық шежірені, дастанын да. Абайдың қасиетті ұлы сөзі, Әлемнің самғай берсін аспанында.

өз ұлы, өз өлкесін төрім дейді, туған жер, ата қоныс, көлім дейді. Ағалар ел бастаған аман болса, Қазақтың бұл даласы бөлінбейді.

Жас ұрпақ қазақ тілін сақтай жүрші, сенімін Абайлардың ақтай жүрші. Әкімі облыстың Жақиянов,

Кең жерін Құнанбайдың сақтай білші.

Шипа бол туған жердің жарасына, Қорған бол қалың елің қарашыңа. Айтатын, әкім аға, ақ тілегім – мырза бол Құнанбайдай Алашыңа.

110

Бұл күнде бүкіл қазақ бас құрады, Жұртымның қайсар болсын қас қыраны. Бабалар бұл даланың қасиетін,

өзіңдей ұлдарына тапсырады.

әсия:

Адам ба адалдықты жинамаған, еңбекпен елі үшін жан қинамаған. Баспасын қазақ жерін пенделер тек, Абай мен қазақ жерін сыйламаған.

толастап ақ-қарасы, ерегесі, Керілсін тек елімнің керегесі. Әлемде мәңгі болса ұлылық тек, мәңгі ғой Абайымның өнегесі.

Жете бер, Аманжолжан, арманыңа, сай болып өнердегі заңғарыңа.

Қырансың Қарағандыдан ұшып келген, Айналшы бұл елімнің тарланына.

Жөн болмас өнерге қол кеш сермеген, Жөн болмас осы жайды ескермеген. Абайдай шешен болып шықшы, жаным, Қазақта қара сөзге дес бермеген.

өнерде қазағымның пайғамбары, Қырандай қанат бүгін жайғандары. Абайдың жолын қушы, Аманжолжан, Кешегі өлең-жырдың пайғамбары.

Аманжол:

Қазағым қасиетті өлеңімен, Балаң да жыр төгілтті өзегінен. Қазақтың аналары бесік жырын, Бастасын Абайымның өлеңінен.

демеймін сөзді қысқа келтеледім, Жан апа, жыр шабытты желкеледің.

Ал, енді, мен сөзімді доғарайын, Алдыңда бала болып еркеледім.

Анасың жыр ағызған таңдайыңнан, інің боп балаң болып жалғайын ән, маңдайдан тер сорғалап мен отырмын, сүртші ана орамалмен маңдайымнан.

әсия:

Анамын, үйренгенмін түн қатайын, Бір ауыз жауап қылып тіл қатайын. несіне орамалмен сүртем терді, Анаң боп сүйіп сені құрғатайын.

1995 жыл.

әселХАн Мен АМАнЖОл

әселхан:

Жүйріктер алқынбайды шапқанда өрге, Бет жудым мөлдіреген мақтан көлге.

Әулиелі жерден кеп сәлем бердім, Ақынның әулиесі жатқан жерге.

Әріптес, мына Аманжол ұлмен жасты, Жыры бар ерітетін қара тасты.

Амал жоқ анасымен шығып қалды, Бұраң бел, табылмастан қиғаш қасты. Қадамың, Аманжолжан, құтты болсын, Анаңыз ақ тілекпен шашу шашты.

Қазағым ғұрпың менен салтың күшті, Әдетін ұмыттырған салқын нұсқа. өзіңнің өзегіңді жарып шыққан ұлына енді ұят нарқыңды ұқты.

Қазақты арқаңа бір көтердің-ау, Киелі, қасиетті хан Шыңғысты.

Бір саты қазақ алға өрлеген той, Баласы алты алаштың терлеген той,

112

мейірім жүйткіп шапқан желдей есіп, Аспан-жерді дүр шаттық кернеген той.

Бір емес, үш кемеңгер дана тапқан, Біздердей қасиетті елменен той.

Бұрайын әріптеске аттың басын, демесін Әселхан кезек бермеген той.

Аманжол:

Бір сәлем, қалың елім, ардағыма, таралған тоқсан шөлдің тармағына. Алашым, қара орманым, аманбысың, Бас иген ұлы Абайдың әруағына.

Шапқанда боз даламның бауырынан, Балаңның тер ағады сауырынан.

Қыз беріп Құнанбаймен құда болған, Бас идім Алшынбайдың ауылынан.

Көтеріп әр тұғырға әр асылын, табанға таптатпаған алаш ұлын. ордалы ұлжан ана ауылының, үкілеп топқа қосқан баласымын.

Алыптың ағылғанда бұлақтары, Бас иген талай нәсіл жырақтағы. Қазаққа құт әкелген Абай ата, Әруағың риза болсын жұмақтағы.

ұлы Абай өлеңіңмен ер жетіп ем, Жасымнан ақ бесіктей тербетіп ең. түлеткен телқарасын қарт Шыңғыстың, мен бүгін шаттық көрем келбетінен. тойыңа һакім ата сауын айтып, сұраймын сүйіншімді жер бетінен.

Алысқан мыңмен жалғыз – батыр Абай, Патшасы өлең сөздің – ақын Абай, Әлемге қараша үйден есік ашқан,

Бір сырлы, сегіз қырлы һакім Абай.

тірліктің түсінгенге тірегі Абай, Білімнің бес қаруы, білегі Абай. Аллаша атын айтқан мұсылманның, дем беріп жүрегінде жүреді Абай. дамылсыз талай ғасыр соғатұғын, Қазақтың лүпілдеген жүрегі Абай.

өлеңім, қасиетім қанымдағы, өлеңім, ақ жалауым арымдағы. Арқаға Қазығұрттан керуен тартқан, Армысың, асыл апам, жанымдағы!

Жидебай жыр жайлауым, өрім еді, Қарауыл алтын көмбем, төрім еді. Жан апа, мына сіздің қасыңызда, Шыңғыс та аласа боп көрінеді.

елімнің мынау тойға жиылғаны, Бәрінің жалғыз Абай сыйынғаны. Көрейін апамменен қапталдасып, ол рас, ару қыздар бұйырмады.

Шипалы өлеңімен жанды емдейсіз, менің де жүрегіме нәр бергейсіз.

Көрейік тылсым жырмен бір сырласып, Жан апа, тақияма тар келмейсіз.

Асқандай қарт Шыңғыстан асуыңыз, Бұл тойда мүмкін емес жасуыңыз.

Алланың ақ нұрындай болсын дедім, Ана боп маған шашқан шашуыңыз.

әселхан:

Жырларың керім екен, бәрі ғажап, Қарағым шырқайсың-ау үнің азат. рахмет ықыласыңа маған деген,

«Белін бу болар ұлдың» деген қазақ.

Қанша жыл алтынымыз жез болғаны, Қанша жыл жібегіміз бөз болғаны.

114

Шындықты көкрегіне тұншықтырып, ерлерім екі сөйлеп ез болғаны.

тартады бөрі етектен бағы ұшқанды, найзасы қақ бөлініп намыс қалды. міржақып, Ахмет, мағжан, Шәкәрімдей, Аңырап кеше таптық арыстарды.

Қамы үшін қара бастың алаңдадық, Жан үшін төзіп бақтық, амалдадық. Қарадан хан боп туған Құнанбайды, Қажыны қорықпастан жамандадық.

Айып па есіне алса бүгін елі, Жан-жаққа ойы құрғыр жүгіреді.

сұлтанбек, тұрар, сәкен, ілияс, Бейімбет, Көлденең көк аттының бірі ме еді.

Жарқырап маңдайлары артық туған, еді ғой Абайымның інілері.

Жазылмас қалды қанша жанда күйік, Әкелді бостандықты Құдай иіп.

Алашым атқа мініп той тойлап жүр, Аңсаған азаттығы қолға тиіп.

Қаны бір бабасы мен балалары, Жаны бір ағасы мен аналары.

Пердесін жалғандықтың сырып тастап, Көрісті Көк түріктің балалары.

Біздіңше бұл тойдың жоқ баламасы, Ханның да, қараның да бар аласы. Көңілді көкке қарай жетелейді, Абайдың аппақ болған сағанасы.

Шаттықпен қанаттарым еркін самғап, Шарқ ұрып келе жатыр шағаласы.

Алашым бүгінгі бар қиындығың, Бостандық отауының садағасы.

Аманжол:

Жүйріктер жатқан кезде көмбе келіп, екеуміз сөз сөйлейік жөнге келіп. отырсыз оң жағымда, асыл апа, Бүгінгі толған айдай дөңгеленіп.

Жырымды ұлы тойда тұлымдаймын, Жан апа, жөнсіз жерден ұрынбаймын. секілді мама бие сіз жорытқанда, соңыңнан шұрқыраған құлындаймын.

тарихтан Абай аты өшпес білем, ел бағы бірлік барда көшпес білем. Абайды түсінбеген қазақтарға,

Ақ сүтін һауа ана да кешпес білем.

соққанда өткен өмір мұңды ызғарын, Халқымның еңіреткен ұл-қыздарын. Ақылбай, мағауия мен Әбіштерім, Қыршын боп ерте кеткен жұлдыздарым.

Кеңестің кезеңінде қамшы батқан, тектінің ордасында жалшы жатқан. Абайдың соңына ерген Шәкәрімді, Қызылдар тас құдықта қансыратқан.

Айыптап алып сырын ұққан ұлды, саясат сайқалдықты тұтқан үлгі. Қазақтың ұлы Абайын жазғаны үшін, мәскеуге қудалады-ау мұхтарымды.

ұлы ата, елің барда ордалысың, сиынар бар ақынның қорғанысың. Бір кезде Абайға да көз алартқан, Жазығы бай баласы болғаны үшін.

Бағаңды болашағың береді, ата, соңынан дүйім алаш ереді, ата.

«Қазағың, қалың елің, қайрн жұртың», Бұл күнде тәй-тәй басып келеді, ата.

116

ініңнің ақ сұңқардай самғағаны, тұғырын қарт Шыңғыстан таңдағаны. ой басын өзің болып бастаған соң, Бауырыңның ойға ойды жалғағаны.

әселхан:

Ақынмын алды-артымды амалдаймын, сипаған маңдайыңнан самалдаймын. Әйтеуір, жеңем деген ниет болса, демеймін оның жөнін таба алмаймын.

Бозінген өз ботасын шайнамайды, сәулесі түскен жансың саған да айдың, Айналдым отырысыңнан, сөздеріңнен, тұп-тура өзім тапқан анаңдаймын.

тарихтың көз салсаңыз заңғарына, Келмейді бүгінгі күн талғамына. Абайдың әкесі де, атасы да, ешқашан жете алмаған арманына.

дегенмен сол арманға жетер жолда, тәптіштеп ұрпағына айтқан оңды. Бәрін де қатал айтып түсіндірген, Болмаған бұндай адам бұрын-соңды.

Жетпіс жыл жалаңдықтан арылмадық, Көсем деп кімдерге біз табынбадық. Аға-іні, әке-бала араздасып,

Жем болдық көрінгеннің малын бағып.

Шырағы енді Абайдың емес өшпек, Жас ұрпақ ірілерін жатса көксеп.

Жақсы сөз жастайынан қанға сіңіп, Абай бол жамандықтан Абай десек.

нұрлы ақын жамандықтың жолын қағар, Кеудеңе ыстық қайрат шоғырланар.

Алыпкер жас ұрпақтың қолыменен, Абайлық асыл мұрат орындалар.

Бағасын мынау тойдың ел біледі, Алашым аңсайсың-ау, енді, нені? Ақынның арманынан лүпілдейді, Атомнан жарылмаған жер жүрегі.

Абайдың әрбір сөзін ұққан сайын, Жанымыз таңғы шықтай мөлдіреді. Құлпырып масатыдай жердің жүзі, Күн көзі ата-анадай елжіреді.

Аманжол:

Құт тауып әр сөзіңнің есесінен, Көңіліңнің сыр ауладым көшесінен. Жырыңнан сусындадым, асыл ана, тоғжанның шай ішкендей кесесінен.

танырсың жүйріктерді таңбасынан, Абай деп жыр толғаумен таңды асырам. ұрғаны анасының сипағаны,

ұрсаңшы қамшы сөзбен жамбасымнан.

Қауызың, асыл ана, гүлдесінші, Қарашым әр кезде де бізге сыншы. созғанға өлеңіңді мынау халық, Ақындар жаттанды деп жүрмесінші.

Жан апа, жан емессің затың жасық, Біз шаптық Қарауылда тақымдасып. екеуміз екі жаққа тартып кетпей, сондықтан сөз сөйлейік жақындасып.

әселхан:

Ағайын ризамыз құлақ салған, Аманжол, айналайын, сендей жаннан. екеумізді жаттанды деп ешкім айтпас, Шыққанбыз талай рет емтиханнан.

Абайдың ұрпағы бар, ауылы бар, мақтауға тұратындай бауыры бар.

118

Қалихан, мағжан, Хафиз ағалардай, Көкірегі алтын сандық тау ұлы бар.

Абайым шықты міне, төрге міне, Жұлдыз боп жарқырайды ел көгіне. Қарсы алды баладайын, анадайын, Жер ана жұпар түйіп жер көгіне,

той тойлап, аты арып, тоны тозған, мың алғыс Алашымның ерлеріне. елімнің еркесі өзің сөйлейтұғын, Бақ дарып, қыдыр қонсын ерлеріме.

Аманжол:

тербеліп мақпал кеште дала жатыр, риза боп ұрпағына баба жатыр.

Анаммен әдеп сақтап сырлассам да, Шытынап қос балағым бара жатыр.

1995 жыл.

әселХАн Мен МҰХАМедЖАн

әселхан:

Әнім бар оңтүстіктен қалықтаған, тыңдаушым өз сөзімнен жалықпаған. Қуанып Абай тойға келгеніне, Көңілім нәрестедей шарықтаған.

Әселхан дегендерің осы екен деп, Қол соғып жатыр мына халық маған. Қасымда қаршығадай қара бала, ғұмырын осы өлеңге бағыштаған.

Алдыңа қос перзентің шықты, халқым, Айтыстың арғымағын арытпаған.

Анамыз қызықтаған бала бөркін, Шырқасын бала да еркін, дана да еркін. ұлы той өтіп жатыр Шыңғыстауда, Жырлайтын соны бізге сана берсін. тізілген жұмыртқадай ақ отаулар, түндігін желпілдетіп баға берсін.

Шарт түйген құйрық-жалын арғымақтар, Алысып ауыздықпен шаба берсін. мықтының біреуі едің, мұхаммеджан, Ал енді, қыздырайық айтыс көркін.

Мұхамеджан׃

Қоя алмас қара балаң аяп жанын, Жаудырсын жырдан жасын, жай оттарын. Ассалаумағалейкүм, тұрқы биік, тұлпардан туа салған саяқтарым.

дәл бүгін біздің қазақ күтуші елміз, Байлайтын жігіттердей бай аттарын. Абай құсап Алты алаш оқыса екен, Құранның сүресі мен аяттарын.

Жерұйық қып қойғандай Жидебайды, тұскиіздей түр-түске бояп бәрін.

Қазағым, қайрат-күшің бар екен ғой, тағдырдың жесең де көп таяқтарын. Көрпеңе қарай елім көсіліп ең, АҚШ-тан бір-ақ шықты аяқтарың.

Кеп жатыр шетел жұрты шартараптан, сарқытын қайтаратын сар табақтан. өткесін халық жиып Қарауылда, Қарау ұлдың тойы емес қалта қаққан. Әлемге үлгі сыйлар жиын болсын,

наубайдың шаңырағындай нан таратқан. Алақанын толтырып қуанышқа, Ағайындар кеп жатыр арқа қаққан.

Болғасын «ойын арзан, күлкі қымбат», Қашпаймыз сауық пенен салтанаттан.

«Беу, дүние!» деп ән айтар қазақпыз ғой, Құлап бара жатсақ та жарқабақтан.

Халықтың біз болмайық ұлтандары, ортадан озып шықсын тұлпарлары. Барымызды сіздермен базарлаймыз, ізгі өнердің мұндағы іңкәрлары. сегіз ақын келіп ек сұрыпталған, секілді сұлу ойдың сұлтандары.

120

Бірімізді-біріміз толықтырдық, сегіз тұяқ секілді сұңқардағы.

өнерім өмірдегі өз қанатым, өзгенің мойындармыз озған атын. Армысың, Әселхандай ардақты апа, Әрдайым артында асыл сөз қалатын. өзіңізден қанатты сөз естуге, Алатаудан ақ бұлттар қозғалатын.

Айбары елден бөлек апам едің, Арыстанның аузынан олжа алатын.

Жылы сөз – жүректердің дәрігері, Абайдың қабылдаса қалың елі. осынау халық ақыны болғаннан соң, Атағыңыз Алашқа мәлім еді.

топтан торай бермейтін өзің едің, Қасқа тісін қандаған кәрі бөрі.

Бойдағы қалған күшті сығымдап көр, Бөлтірікті лақтырып әрі-бері.

Аяғын тастамаңыз жастың тұсап, Арамызға үлкендік дәстүрді сап. Баланың әр сөзінен күдіктенбе, Қашқариядан келе жатқан қашқын құсап. тартысқанға тақымым берік еді, сыйласқанға сиярдай ашшы құшақ.

өз балаңды жұлмалап тастамассың, өз құйрығын талаған қасқыр құсап.

әселхан׃

Басуға мәңгілікке қадам жетпес, тіріде қадіріңе бала жетпес.

Қасқыр боп, арыстан боп аңдысқанмен, Алладан пәрмен болмай ажал жетпес.

мәңгілік өлең жырдың асқарындай, өлеңнің өлмейтұғын дастанындай. Жинақы жырың қолмен қойғандайын, Арқаттың қатпар-қатпар тастарындай.

Көкпенбек кең өлке жоқ басқа ауылда-ай,

«Көкпенбек» атты ауылдың бастауындай. Көзімді қарықтырды күміс көлдер, тоғжанның түсіп қалған шашбауындай.

Арылып көрмесе де қайғы өмірден. өнерге мен қараймын бай көңілмен. Шыңғыстың шың-құздары тыңдайды екен, ұлы Абай ән салғанда Әйгеріммен.

Көтерген ел сенімін арқасына, Жүйріктер шықты елдің ортасына. Бірігіп шықсын бүкіл қазақ бүгін, Шыңғыстың шұбар ала тау-тасына.

Әселхан көргендерін еселесін, Біздерді нағыз ақын десе десін. Көргенде қазақ рухы бір сілкінді, Абай мен Шәкәрімнің кесенесін.

Бұл тойда көрген қызық бір ғасырдай, Қуаныш көкіректе тұр басылмай.

Алып ару далаға таға салған,

Қос кесене, қос күміс сырғасындай

Алыстан көрінісі сондай дер ем, Басқалай теңеу таппай қарай берем. Ақындар мұны неге жырламайды, сонда жатыр Шәкәрім, Абай деген Киесі әруақтың сол емес пе, Алдыңа көрсеткендей шарайнамен.

Мұхамеджан:

Жиһанкез жер танымас кезе білмей, еш жерден ел табылмас өз еліңдей. Арманы аласармай қазақ халқы, заңғар ұл туыпты өз кезегінде-ей.

Абай биік болғанмен бәйтеректей, сөзі шырын, ақ қайың өзегіндей.

122

Біздің Абай бұл күні әлемге ортақ, мұхитқа құйған ертіс өзеніндей.

тұратын тобықтылар бірлігінде, Көрсетіп барлық қазақ ірілігін де. осындай той, ағайын, өтті ме екен? осынау Алты алаштың тірлігінде. Әлемге Абай ортақ болмаса егер, туар ма еді еуразия кіндігінде?

Абайдың асыл жырын шырақ қылсақ, Кеудеден ағып шыққан бұлақ қылсақ. Жан дүниесіне біз сонша жақындармыз, өзінен қаншалықты жырақ тұрсақ.

Аман бол, тау дарындар, дәу ғалымдар, Жабықтан сәуле болып сауладыңдар.

Әлемдегі әдебиет ордасынан,

Алтын тағын Абайдың дауладыңдар.

ұлы бабам қазына қалдырыпты, орныменен олжадан сауға алыңдар. Қазақтың қоржынында қор ғып қоймай, Әлемнің қазанына аударыңдар.

Халықтың хан – бөрігі, би – белдігі, Қара нарда қадір зор иген күні.

өз еліне өзектей пайда тимей, Жігіттің кімге керек үйде ерлігі. Алты алаш ардақтаған асыл Абай, Алланың шығар, бәлкім, сүйген құлы.

Ал, халқым бақытынды таптың қандай, Көңіліңді қандай іс бар шат қылғандый. Шәкәрім мен мұхтардың топырағын, Атомдарға қор қылмас тапқыр маңдай. сахаровтың сандалған сарбаздары, Адамдарды жұтуға сап құрғандай.

Жақсының да ірісін, жаманның да, Жаратқаным семейге тап қылғандай.

ұлы Абай ұрпақтары қыбын тауып, Курчатовты құрсаулап жаптырғандай. үні де полигонның өшті білем, Азынаған айғырды ат қылғандай.

Жақсы сөз – жүректердің валидолы, Әркім тауып айтпайды, әрине, оны. Алға ұста Абайлардың адал ойын, Бастасын бақыттарға фәни жолы.

Бұрын әлем семейге көз тігетін, Болғаннан соң бомбаның полигоны. Жауыздықтың жауабы берілген соң, Бүгінде Абайымен таниды оны.

әселхан:

тауы бар семейімнің, жартасы бар, орны бар, өзгермеген картасы бар. Қырық жыл полигонға ойнақ болған, семейдің қырық тесік арқасы бар.

Көлім деп қызыл тілге айналдырған, Аралдың кеуіп тұрған аңқасы бар.

Корабль Байқоңырдан ұшқан сайын, от болып өртенетін жаңқасы бар. мінекей, жетпіс жылда жеткен жерім, Әлі көп құпиялы қалтасы бар. империя құлағанмен сағым болып, тірлікті шауып кеткен балтасы бар.

Алданған қу түлкіден арыстандай, Биіктен құлап сынған жамбасы бар.

Қазағым не көрмеді бақ та ашылмай, Айтатын алтын сөз бар ат басындай. нәресте еңбегіндей былқылдаған, Қол жетті дәл бүгінде шаққа осындай. Күллі әлем қарт семейге үңіліп тұр, еріген самарханның көк тасындай.

Халайық нұрекеңді хан көтерді. Апарып ордасына ақ шатырдай. маңдайы еш халықтың ашылмаған, өзінен туған ұлы таққа отырмай.

124

Шықтың ба Қарауылдың төбесіне, Қыдырып Абай сүйген белесіне. Абайдың басқан ізі қалды ме екен, сезімнің үндейтұғын төресіне.

Қарауыл көк айдында жүзіп жүрген, ұқсайды нұх пайғамбар кемесіне. Президенттің ар жағында ордасы тұр, Аққудай шаң жұқтырмай денесіне. осындай сұлулықты жырлайық та, Шақырған жоқ Қарауыл көжесіне. отырмыз даладағы сахнада, Айналып осы айтыстың шегесіне

Абайдың «Айттым сәлем қаламқасын», Жырлап тұр таулары да, дөңесі де.

Бұл тойын бас ақынның айта-айта ұмытпай ала жүрер көп есіне.

Мұхамеджан:

Бұл апам тектілікті жол қылғандай, Айтатын өлең сөзін мол қылғандай. Асыл сөзің қалмасын аяқ асты,

Ханның қызын жасыққа қор қылғандай. Халық бізді сап отыр алақанға,

Қияға қыран құсты қондырғандай. сылап-сыйпап сөйлейсіз әр нәрсені, ешкінің майын желге тоңдырғандай. Құнарлы сөздеріңді ақтардың-ау, Жылқының жілік майын толтырғандай.

мықтыға мақсат емес бәрін білген, Жақсы сөз айтқан сайын жаным кірген. Жаныңда құмырсқадай балаң едім, дәніңді татқаннан-ақ дәмін білген.

Баяғының биіндей бір апамсыз, Баянды жақсылыққа жаның күлген. Құмырсқа жолын білсе болғаны да, Аяз би оған қарап әлін білген.

Халыққа өлең жолдау қадірлі істей, сөз шықпайды жалынға жаның піспей.

Әрдайым ардақты бол, ақын апа, Алты алаштың аузынан атың түспей. Аяңдап артыңыздан мен келемін, Асықпай шығатұғын ақыл тістей.

1995 жыл.

АМАнЖОл Мен есенҚҰл

есенқұл:

Бір сәлем, құрметіңе бәріңіздің, Бір сәлем, үмбетіне кәріңіздің. сыйынып әруағына шыға келдім,

Жамбылдай жүз жасаған абызымның. Армысың, мына отырған көнелерім, Армысың, ақ жаулықты әжелерім. өлместің дәрісін бір тапсам егер, мына отырған қарттарыма берер едім.

Армысың барлық ағайын, Бастары тойда қосылған. Жамбылдың жолын мен өзі, Қуып жүрмін жасымнан. ғасырдан-ғасыр асырып, сары алтын сөзді сапырған, сыйынған жандай Аллаға сүйінбай пірін шақырған. селдеген судай көктемде, Көсіле сөйлеп кеттім бе?

Көрден шығып Көріғұл, Көз жасын сығып отырған, Бар әлемнің Жәкесі,

Бар қазақтың тәтесі, Айналдым Жәке атыңнан.

Армысың осы отырған, Аманжолым, Білемін өлеңіңде сабан жоғын.

Аманжолым, Қасымның інісі едің, тілеймін сол Қасымның саған жолын.

126

Армысың, қасымдағы інішегім,

сен өзің жаңа жолдың тынысы едің. Жүгені жүйрік аттың өзің болсаң, мен-дағы сол жүгеннің күмісі едім. Атжалмандай ағама жолықтым деп, Көңілің болмай тұр ма інім сенің.

тыңдаймын енді сенің өлеңіңді, ішінен теріп алам керегімді.

Берейін сөз кезегін інім саған, Қойдым ба көп күттіріп кезегіңді.

Аманжол:

Алатау алтын тұғыр дара тұрған, төсінде Жамбыл сынды дана туған. Армысың, үш арыстың балалары, Алланың ақ нұрынан жаратылған.

Ақтарған ақиқатын сезімдегі, мен де бір ботаң едім көшіңдегі.

тойларың құтты болсын, ардақты елім Киелі Алатаудың төсіндегі.

Жаныма Жамбыл жыры тыныс берген, Қанатты әр сөзінен ырыс тергем. ордалы Алатаудың аясында,

Бақ сынап көсілуді дұрыс көргем. Бұқар мен Қазыбектей дана туған, Бір сәлем арқадағы ырысты елден.

Бұл күнде Қазақстан жол алғандай, Басына бақ-дәулеті оранғандай.

Құрлықта мекендеген талай елдің, Қазағым қапталдасты бола алғандай. Жәкеңнің қырғыз асқан жолбарысы Қайтадан Алатауға оралғандай.

Алыптың ақтарылып дастандары,

өр Жәкең шындықты айтып жасқанбады,

Қоқандап қапталына келгендердің, сөйлесе әу дегеннен қашқан бағы, Жамбылым әлемге көз салып өткен, Қырағы ақ сұңқардай асқардағы, түсінген адамзатқа Абай, Жамбыл Ай менен күн секілді аспандағы.

Халқымның шаттық кіріп келбетіне, тұрғандай Алатау да тербетіле.

Әлемге Абайыммен ақыл айтып, Жамбылмен жыр төгемін жер бетіне.

Жүйріктің жаны кірер жарағанда, топ жарып көсілсем деп нар алаңда. есеке, ақын ағам, аманбысың, менімен бақ сынасқан аламанда.

Балаңның баталы сөз меңгергені, ырысым өлеңіммен теңделгені. Анамнан бұл өмірге туғанымда, Жаратқан несібемді кем бермеді. есеке, көзді тігіп отырсың ғой, тайпақ қасқыр секілді шеңгелдегі.

Бата алып Бес мейрамның баласынан, мен келдім сарыарқаның даласынан. Жамбылға тұғыр болған асыл халқым, танырсың дарынды ұлды бағасынан,

есенқұл қасымда отыр асыл ағам, нәр алған Жетісудың жағасынан. түрі бар аумай қалған нағашыдан, үні бар аумай қалған бабасынан.

ризамын шежіре жыр таратқанға, Аузыңа алты алашты қаратқанға. өлтірмес дәрі іздеймін деп айтасың, мәңгілік жарасқан ғой Жаратқанға.

Алланың мүмкіндігі мол емес пе, Бұл өмір қысқа күрмеу жол емес пе.

128

Жамбылдай кейінгіге сөзің қалса, мәңгілік өмір сүру сол емес пе?

есенқұл:

ел-жұртым өзің үшін жаралып ем, мен-дағы Жетісулық қазағың ем. Қит етсе нағашымды айтатұғын, Айпырмай, бұл қазаққа не жазып ем.

менімен шықтым дейсің аламанға, ұқсайсың бауырынан жарағанға. Қыздардың бір әдісін табушы едім, Білмеймін, ініммен де шаба алам ба?

інілермен отыру асқан бақыт, Қыздармен де талай күн тапқам бақыт. Жас қасқырлар шапса егер жаныменен, Кәрі қасқыр шабады қапталдасып.

Ағаңның інім бүгін жігіт шағы, Қасқырдай жортып жүрмін ымырттағы. Шал емес, бала да емес, басқа да емес, Жігіттің күні құрсын қырықтағы.

Қырыққа жасым келгенде, не шал емес, не бала емес, не ол емес, бұл емес, Айналайын, Аманжол, менің де күнім күн емес.

Жамбылдың тағы да бір жарағаны, Абайды пайғамбарға балағаны.

Бірін-бірі күндеген бұл қазақта, Бағамды Жамбылдай кім бере алады.

Аманжол, Қарағанды Карлаг болған, ішінде талай жайсаң зарлап болған. Шахтаңызға Жамбылдың атын беріп, сонан соң ел-жұртыңа әруақ қонған.

Аманжол:

«Алла» деп Алатауда жортпақ балаң, ұл едім арғымағын тоқтатпаған. есеке, арындаған, асыл аға,

Жамбылдың үлкен орнын жоқтатпаған.

тат басқан өтпес пышақ жүзі емеспін, Жолында біз келеміз жүз елестің.

Арқаның жолбарыстай жігітімін, Алдыңда бұлаңдаған қыз емеспін.

есеке, жасқа келдің қырық деген, Әр сөзің мөлдіреген тұнық дегем. өзіңдей қайқаңдаған көкжалдарды, Біз жақта ұрып алад құрықпенен.

Алашым көтереді жортқан ұлды, Ақжол! – деп Аманжолың топқа кірді. Көкжалы Алатаудың өзің болсаң,

Ал, енді, мен сілтейін шоқпарымды.

Әр халық бірлік болмай ел болмаған, Әр кезде ел намысын ер қорғаған.

Жамбылдан бақ дарыды деп айтасың, Қазақта қасиетсіз жер болмаған.

Алатау биігіне тәжім еттім, мәреден бауырымды жазып өттім. Қалайша бақ қонбаған деп айтасың, Киелі ақ ордасын Қазыбектің.

Болған соң ірге бекем, орда мықты, ол жерден талай қыран қомданыпты. Алдында Көк тәңірдің бата алып, тоқтарым Аллажарлап жолға шықты, Алашқа, Абылайға ақыл айтып, Бұқарым ұлы сөзбен толғаныпты.

есенқұл, биігіңе өрлегейсің, Шырағың жарқырасын, сөнбегейсің.

130

Бірлікті кие тұтқан қазақпыз ғой, Арқаны Алатаудан бөлмегейсің.

есенқұл:

Ағының, Аманжолжан, тамаша ақтай, Жүрегің бай екен ғой парасатқа-ай. тауларды асқақтатып сөйлегенде, даланы да сөйлеймін аласартпай.

Бар қазақты мақтаса тойдан шығад, мақтамаса мұндайда ойран шығад. Бар қазақтың баласы мықты болса, сонда осы жаман қазақ қайдан шығад.

Бұл қазақ сақтан шығад, ғұннан шығад, Бұл қазақ жарқыраған күннен шығад.

Бар қазақтың баласы жақсы болса, Ал, енді, даукес қазақ кімнен шығад.

Әр сөзің салмақты ғой қорғасындай, Арқаның тайпаласың жорғасындай. Аманжолдай ініміз бара жатыр, өгіздің асығындай қолға сыймай.

ендеше інім қазір жарқырайды, Арыны осындайда арқырайды. Ағаңа шоқпарыңды жұмсасаңыз, Аманжол, екі қолың қалтырайды.

Аманжол:

Жақсымен жақынымдай кеңесемін, Жаманға қарсы тұрып егесемін.

Шоқпармен ұрса қолы қалтырайтын, мен саған нағашы жұрт емес едім.

Арқаның табан тіреп белесіне, Көз салдым келер күннің елесіне. өлеңнің теңізінде тербелейін,

мінгендей нұх пайғамбар кемесіне.

«өгіздің асығындай» деп сөйледің, тиісіп бауырыңның денесіне.

Арқада ұлы Абайдай дана туған, Жамбылдай Жетісуда дара туған. Қазағым, неткен ғажап, киелі елсің, осындай қасиетті бала туған. есенқұл сол жағымнан қалтақтайсың, Шібіштің лағындай шала туған.

Арқаның маған тұғыр сар даласы, Алаштың маған қамқор бар баласы. салмағы атан түйе теңселетін, елімнің мен боламын нар баласы.

есенқұл:

Қазақтың ешкі дейсің бір ақынын, Қазақтың ешкі дейсің гүл ақынын. Аманжол, білмейсің бе, көк қошқардың, Бейіштен басы шығып тұратынын.

ер жігіт мақтанбайды тәніменен, мақтанса мақтанады жаныменен. Қазақта бір нақыл сөз бар емес пе, ерді жақсы шапаннан таны деген.

сыйлассаң сыйыңа бал құйып кетем, Қалайша жолыңды мен қиып кетем. Аласа болсаң егер биіктетем,

Биік болсаң басымды иіп кетем.

мен де бір қызырлы ата ұрпағы едім, Басыңа бақ пенен қыдыр үйіп кетем.

мына біздің қазақта, Кей ақындар болады,

ерлікті мақтап жан баққан, Бір ақындар болады, заманды айтып зар қаққан. Бір ақындар болады,

132

Атақ пенен даңққа да, елден бұрын үлгерген. Бір ақындар болады, ешкілерді апа деп, текелерді ата деп, Көлеңкеде күн көрген. Бір ақындар болады, Кірмейтін жерге кіретін,

Жүрмейтін жерде жүретін, Ағаларын ешкі деп,

Бекер босқа кіретін. Бір ақындар болады, үрмейтін жерде үретін, осылардың сен осы, Қай тобына кіресің.

Аманжол:

Алатау алты Алашқа тұрақ дедім, Ағылған етегінде бұлақ дедім. есеке, қай ауылға шауып кеттің, Алдыңда бас деп едім құлақ дедің. сөзімнің төркініне жөндеп түсін, мен сені ешкі емес лақ дедім.

Жырымды Жетісуда толғай кетем, Қырандай қанатымды қомдай кетем. Алдымнан алпыс бөгет кездессе де, сөзімді Алашыма жолдай кетем. енеден жаңа туған шала лағың, Асқардың ортекесі болмай ма екен.

сараңның түңлігін түрмейді інің, осалдың оң жағында жүрмейді інің. Жаңағы шатып-пұтып айтқаныңның, өмірде ешқайсысына кірмейді інің.

есенқұл:

Құлақты айтпай, басты айтпай, ақындықты айт, ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

Жамбыл мен Шашубайлар арасында, Біздерді жақындатқан жақындықты айт.

Бұлбұлдан озып жүрген қарғаларды айт, Ақынның озып жүрген арбаларды айт. Аузы қисық болса да бай баласы, сөйлейтұғын осынау кер заманды айт.

Айтатұғын арқалы ақынсың ғой, соның бәрін айтпасаң үйіңе қайт. Қайт дегенде қайқайып қайта бермей, түбіне осы сөздің бір барып қайт.

Аманжол шабытыңнан қайтпаймысың, Әр нәрсені мұндайда жаттаймысың. есеке, есеке деп сұңқылдамай,

есаға деп жөн білсең айтпаймысың.

Аманжол:

Керіске белді бекем бумақпысың, Айтқаның толқынымды тулатты шын. Айтпасаң ауылыңа қайт деп айтасың, Аулыңа келген ұлды қумақпысың.

Жырым бар қыран құстың қанатындай, Болмайды көңілден сыр тартылмай.

Шабандап отырсың ғой, ау, есенқұл, тезектің жауыр болған сары атындай.

сөйледім өлеңіммен өтелгелі, Жолыңды көрсетейін төтеңдегі. өзіңе есеке деп сөз саптаса, ініңнің ол да болса көтергені.

есенқұл:

өмірің қызықпенен өтсін деймін, өзіңдей қонағыма тексінбеймін. Әйгілі Балуан Шолақ атаң құсап, Аулымда он күн жатсаң көпсінбеймін.

134

сөйлесе сөздің шешені, Жігіттердің көсемі, ұзынағаштың мен едім, Жақыпбеков есені. ешкі демей бұл кезде, Қыран құсқа теңесең.

Көңілім бүгін өседі. еліме қонақ боп кеткен, Біржан салдың ұрпағы, өзіңменен айтысқан, менің де бағым бес елі.

серілер аттап жүрген атырабын, сарыарқа қасиетті топырағың.

Әруақ қонған ел-жұрттың баласы деп, өзіңді ұзынағашқа шақырамын.

Аманжол:

Алдымнан самаладай еспейсің бе, теңізін қара өлеңін кешпейсің бе? Бауырым, ауылыңа қайт деп сөйлемей, Әуелден жөнге осылай көшпейсің бе?

есаға жақсылыққа жар болғайсың, іздесем оң жағымнан бар болғайсың. лақ деп төмендетсем өкпелеме, Шоқтығы көк тіреген нар болғайсың.

Құт қашып отырған жоқ қазір менен, Ағаның айтқан сөзін мәзір дегем.

Болған соң той иесі көтересің, Қонақтың кейбір сөзін әзілдеген.

мен келдім лықсып аққан көңіліңізге, мен келдім Алатаудай беліңізге. ниетпен думан-тойға шақырсаңыз, Барайын Ақжолтайлап, төріңізге!

есенқұл:

өмірімде болады тойларым көп, той жасаймын әлі де ойларым көп. өркеші көк тіреген мен нар болсам,

Қасымда сен жүре бер тайлағым боп.

Аманжол:

мен келдім Жетісудың өлкесіне, Қалың ел құшақ жаяр еркесіне. Барайын думан-тойға, уа, халайық, мініп ап есекеңнің өркешіне.

есенқұл:

Ағаңның мінем деген өркешіне, Арқаның көнеміз ғой еркесіне. мына біз той иесі болғаннан соң, мінсең де ағаң көнер желкесіне.

1996 жыл.

еКінШі БөліМ

(1997-2000)

ШОРАБеК пен еленА

Шорабек:

Айтыскер ақын деген көзсiз мерген, таласта таңдайлыны сөзсiз жеңген. Көпшiлiктiң көңiлiнен шыға алмайды, Кейбiр ақын көргенiн көп тiзгенмен. Көргендi көрерменiм, армысыздар, өмiрiм өтсе деймiн тек сiздермен.

Айтыстан соң әрқайсың такси ұстап, Құритын болды-ау тағы бес жүз теңгең.

Ағайын, бәрiңiзге бақ тiлеймiн, Пейiлiң көңiлiме жақты деймiн. Қалтырап қорқып барам бiрақ тағы, Алдында еленадай ақ дүлейдiң.

Әзiлсiз бұл айтыста мән жоқ деген, дәлелсiз айтқан сөзде дәм жоқ деген. сенен менiң сескенер жағдайым сол, тышқанға мысықтан дәу аң жоқ деген.

Айта алмай сұлу қызға арманымды, талай-талай тiстегем бармағымды. мен өзiм қойдан жуас момын жан ем, Бiлмеймiн қайтiп қатын алғанымды.

Қалайша еленадан қорықпалық, Анау-мынау ақынға жолықпадық.

Қайда ендi қашарымды бiлмей тұрмын, Шалғайдан шақырумен келiп қалып.

Жыр қамқоры Жүрсiннiң арқасында, Жеттiк-ау, бiр айтысқа өлiп-талып.

елеусiз қалды бүгiн әдебиет, елеусiз қалды бүгiн мәдениет. Адамның ақыл-ойын байыптатып, талантқа танытпаймыз неге ниет. Әйтеуiр, Әуезовке айтыс өттi-ау, Жүр едi көптен қышып дәмелi иек.

138

заманның бүгiнде бiр қилы шағы, түртсең де түк көрмеуге тырысады. Қоғамда қозғалыс жоқ бұл күндерi, тiл жайы жылжымай тұр, тыныш әлi. дүниенi қозғап едi мұхтар ойы, секiлдi Архимедтiң рычагi.

өнерсiз жұтамай ма кiсi жаны, идеологиямыз пышырады.

Жан дүниесi адамның жадау тартса, Қатал заман қағынып, ұшынады.

Көркем дүние көңiлдi демдемесе, Басылар елiм талай пысып әлi. дiңгегi дiнге сенбей бүгiндерi, имансыз сонда неге тұшынады. осылай өмiрiмiз өте берсе, Құранның ұрып кетер құшыры әлi. Қоғамның қос қанаты бiрi сынып, руханият репрессияға ұшырады.

Бұл күнi болып алдық базар елi, Ақшаға ғана ауысты назар ендi. өнердiң өзегiнен тебер болсаң, Адамзат көңiлiнен азар едi.

егер мұхтар осы күнi тiрi болса, ойлы сөздiң ошағын қазар едi. Айтысты дамытушы ақын қыз деп, сен жайлы бiр мақала жазар едi.

Айтыста сөз айтамыз басқа қалай, сен менi орта жолда тастамағай. Кезек те көшiп саған бара жатыр, Ауысқан Ақмолаға астанадай.

елена:

Кең далам, арқа далам, тастақ далам, Берердей ұлылықты бастап маған.

Бар ма ел өнер десе ас батпаған, Армысың, Алатауым асқақтаған.

Көп болды арнап сәлем бермегелi, Ақынға осы, сiрә, ең керегi.

Қолыма ақ домбыра ұстап тұрып, Көп болды Алатауды көрмегелi.

Ассалаумағалейкүм, арма, Шора, Жыр көңiл өзiңiзбен жалғаса ма? Жан аға, зарықтырып, жабықтырып, Жоқ әлде шалғайыма жармаса ма? Жаныма нұр құйсаңыз ризамын, Жарқ етiп жұлдызымыз жанбаса да.

«Алтынды тот баспайды», – дейдi халық, Көңiлiң шын пәк болса шаң баса ма?

Шындаса шауып түсер бiр қыз едiм, Шоңқайып орта жолда қалма, Шора.

Жаныңа әзiл-күлкi саяланған, Жұрт күлдi өзiң елге таяғаннан.

Жасыңнан момын болсаң, жасық болсаң, Жеңгемiз тиген шығар аяғаннан.

Шорабек:

өзiңдi қандай жiгiт сағынбай жүр, Алашқа арнап жүрсiң лағылдай жыр. Әйелiм менi аяп тиiп апты,

сенi аяр жiгiт, бiрақ, табылмай жүр.

Басыңа бақыт құсы қонған кезде, Шалынар шаттық бiрде шолған көзге. Жападан-жалғыз жүрсiң, сен қалайша, Астананың өзi екеу болған кезде.

өмiрлiк серiгiңдi таппадың ба, емексiп ешкiмге жiп тақпадың ба?

Қосағыңмен қоса ағармай неғып жүрсiң,

Қосылып екi облыс жатқанында.

Болмаса жанға қамқор жолдасың да, ғайыптан келiп бiреу қолдасын ба? ебi жоқ еркек бүгiн толып жатыр, Жан сақтаған жарының арқасында.

140

Күйеуге шықпауыңның бiр мәнiсi, саудаға сап қояр деп қорқасың ба?

мен қалай сезiмiңдi оятамын, Кiмнен кем түсiп жатыр қай атағың.

Жұтынып жұбыңды iздеп жүрсiң бе, әлде, Iшiнен «мерседес» пен «тойотаның».

десең де өз теңiмдi тауып, сүйем, өмiрдiң өз тартуын танып сүйем. өтiп кетер ме екенсiң, еленажан, өзiңе өткiзсеңшi аукцион.

Бар шығар деп жүргендер бәсiн берем, Бар нәрсе сатылуда әсiл деген.

Бәйбiше боп қалуың әбден мүмкiн, өтсе аукцион голландық тәсiлменен. Бұралып жүрсең саған жараспай ма, Ақ күндiк, бүрме көйлек мәсiңменен.

Айтыста сөз қозғаймыз басқа қандай, Алаштың арманы iске аспағандай. нарықтың зары жұртты науқас қылып, Айықпас ауруға бастағандай.

уызын ұрттаймын деп отырғанда, Қысыр қап құнажыны қашпағандай. нарықты бұрын қызық көрушi едiк, Көзiмiз болды ендi тостағандай.

дүние кеттi бүгiн шыр айнала, Жоқшылықты көресiң былай қара. Жалпы жұрт қиыншылық көрiп жатыр, Қызық қуған ығай мен сығай ғана.

елена:

Айналып өлең мен жыр сырласыма, Шақырып қиялым жүр қыр басына. Шамасы отырған қыз деп сөгесiң, Қарасам сөзiңiздiң сұлбасына.

Жазымыштан оза алатын жан бар ма екен,

тiлейдi жалғыздықты кiм басына? өмiрге елес сынды сiңiп кетем, Жуам да тағдырымды жыр-жасыма.

Жатқанда қылшық тауып түбіттен де, Көп болды күйеу деген үгiт менде.

Бақытты ете алмаған бiр ақынын, обалым мына сендей жiгiттерде.

Жүргенде арман күтiп, жүз күн болды, демегiн бұл ақындар құзғын болды. сексен мың бойдақ қыз деп санап едi, Бүгiнде соның саны жүз мың болды.

Шорабек:

сендейдi бiздiң жақта би қыз дейдi, Би қыздар беттен бiзге сүйгiзбейдi.

Жалғыздығыңды, ленажан, менен көрме, Бiр атқа екi қамыт кигiзбейдi.

Болсаң да әзiл сөзге өткiр мендей, Кiршiксiз көңiл тұрсын тек кiрленбей. Жанкүйердiң бiрi едiм мен де, лена, тiлеуiңдi тiлейтiн шет жүргендей. тағдырдың тәлкегi бар иiп әкеп, Жаманға жақсы бетiн өптiргендей.

Бұйырып бiр жаманға кете барма, Шектен тыс азап мұңын шектiргендей. олай болса обал ғой ойлы қызға, Шұлғауды гүлге жайып кептiргендей.

Жақсы қыз жұрт алдында сызылады, сыпайы қызға әркiм-ақ қызығады.

Әдептiлiк әрнеден сақтайтынын, Басқалар бiлмесе де қыз ұғады. Абай бол өзiңе өзiң, еленажан, Жел тимей жүре берсiн жүзiң әлi. Қыз деген әлi шикi қызыл ет қой, Қалдырсаң бетiн ашық бұзылады.

142

Бүгiнгi мiнездерiң жат секiлдi,

сен маған сырын бiлмес ат секiлдi. Қыздың сыры құпия, жұмбағы көп, Қағазға сүтпен жазған хат секiлдi.

сырыңды алдырғанша бiр мысқалдай, Болайын бүгiн мен де нұр құшқандай. Құпиясын шашпайды қыз дегенiң, Қазiргi ашылмайтын қылмыстардай.

терең ғой тектi қыздың ұғымы да, Болады жұртшылыққа жұғымы да. ешкiмге iшкi сырын алдырмайтын, Шпион секiлдi ғой, құдды, бұл да. рәтбек, Әкежанмен бiрге сен де, Iстесең бiлмес едiк КгБ-да.

Айналған мемлекеттiң маяғына, Премьердiң iсi жөнге саяды ма? Әкежанды көрiп едiк әкемiздей, мәскеуден келген кезде баяғыда. сол әкемiз қазақты аяды ма, Аяса шетел жаққа таяды ма?

Артық жеп қоймаса егер арғымағым, Ақсар ма едi жем түсiп аяғына.

Қазынасын ортайтқан Қазақстан, сүйенiп қала бердi таяғына.

мұндағы бiтпей қойды-ау мешiт тегi, дақпыртын көп болып ед есiткелi.

Бұл күндерi мектепке барып-кеп жүр, сол кезде жатқан бала бесiктегi.

Қайран елдiң қаржысы қайда кеттi, Жинаған жылдар бойы несiптерi. Қанша қаржы құйса да қампаймайтын, Қалтасы мүфтиiңнiң тесiк пе едi.

Айтайын болсақ егер заман жайлы, Көңiлiм мына жайтқа алаңдайды.

Ата-анасы жұмыссыз жүргендердiң Балалары мектепке бара алмайды. өйткенi өтеу үшiн қажеттерiн, Азды-көптi ақшаны таба алмайды. Баламызды әлпештеп баға алмасақ, Құдайым мына бiздi неге алмайды.

елена:

заманның ашып берiп ара-жiгiн, Баурап ап Алатауды барады үнiң. сазыңмен ойбайлаған, байбайлаған, Шореке, шақырмаңыз жаман ырым.

Жақсы жан қызды нәзiк гүлге теңер, Шореке, сен де соны үлгi ете бер. обалым болса менiң тап өзiме, Қасiретiн қалған қыздың кiм көтерер?

сөйлеген бұл әншейiн амалым де, Айтыста таусылған ба шара мүлде. ұлтының келешегiн ойламаған,

«Күнiндей қорғансыздың» заманың де.

Келтiрiп шабытымды шарықтатып, салғанмен әсем әндi қалықтатып, Жүректен әл берсем де, жан берсем де, Пайдасы тиер емес халыққа түк. өсиет, қасиетке қарайлатпай,

Барады ел жанына нарық батып.

Айтыста семсер де асқақ, қалқан да асқақ, Жақсы ғой шын шабыт ап шалқарласпақ. рәтбек қажыменен айтысуды,

Бүгiнде бердi бiзге Қалтай бастап.

зұлымдық әлде елдi қоршады ма, тақалдық надандықтың зор шағына. Қалтасы қайдан толсын күштiлердiң, түскен соң тиын-тебен жемсауына.

144

Шорабек:

замана сан өзгерiп, жалт берiп жүр, Жалт бергенiн мұндағы халық көрiп жүр. заманның азғандығы сол емес пе, Бiздерге бойдақ қыздар тап берiп жүр.

Жiгiттерге кiнәнi арта берме,

Қай елдiң қызы байға қарық боп жүр.

Қай заман, мына заман, қандай заман, Әйтеуiр ауыл жақта жағдай жаман.

Бiр кезде миллиард пұт астық алса, Бұл күнде бiр-ақ үзiм нанды ойлаған, Бiр кезде елу миллион қойды айдаған, Бұл күнi бiр қойы жоқ, таңдай қағам. Бас-басына табылмай басқа кәсiп, Базарға ауылдастар арба айдаған.

Арбасын iшiп алса жарға айдаған, Арбасын ұрлап кетсе соры қайнаған. Арбасын айдай алмай зорға айдаған, Бұл өзi болып кеттi қандай заман?

Бұл өзi қос дүниеге көпiр заман, Байға ну, ал кедейге тақыр заман. Бейшара, ғарып-кесiр, сорлылардың, Көз жастарын көрмейтiн соқыр заман. Құлқыны үшiн құдайын ұмытатын, Кәнiгi ұрыға дос – кәпiр заман.

Ағайын, айтыңдаршы, айналайын, Жақындап қалған жоқ па ақырзаман?

елена, бұл сөздерiм ұнады ма, Әлгi бiр жауап берем сұрағыңа. Кел, екеумiз қосылып ойбайлайық,

Құдайдың жетер ме екен құлағына?!

елена:

Қай заман, мына заман, қай-қай заман, Iске аспас қарарлармен айғай заман.

Жанды ұқпай, жұрт қарамай бір-бiрiне, Ақыны Шорабектей ойбайлаған.

сөзiңе қосыламын мен де, Шора, Шынымен ел жағдайы, ойбай, жаман.

Көңiлiмнен ағыл-тегiл жырды айтайын, Біртіндеп айтқан сайын ұлғайтайын. өсiрген мына менi, әлпештеген, Ағайын, тыңдасаңыз сырды айтайын.

сыр деген заманында ең көрiктi, тарихта тұран аты зор болыпты. Адамның арымайтын азаматы, Қорқытқа мәңгi мекен – көр болыпты. Кешегi Абылайлар соғыстан соң,

ес жинап, жайлаулатып ел қоныпты. Шалқыған ару теңiз Аралымен,

Көк майса жерi шұрай көл болыпты. Қазаққа ең алғашқы астана боп,

үш жүздiң басын қосқан жер болыпты. Бiр шетi ұлытауды қорғап-қоршап, Бұқарбай, Жанқожадай ер болыпты. ошағы мәдениеттiң бiр шетiнде, түркiстан, отырардай зер болыпты.

Бұл күнде осы айтқаным ертегiдей, Барады берекелi өлке жүдей.

Жанымыз сүйсiнетiн iс қалмады, елiмнiң қарасаңыз ертеңiне-ей.

Шындықты айтар болсам күлкiлдемей, Шырқырап, шырылдайды, шiркiн, көмей. орыстар ордамызда ойқастады,

ұшырып зымыранын күн-түн демей. тонналап мұнай шашып жатқанменен, Жалаң бас, жалаң аяқ жұртым кедей. Барады халық азып, тозып, босып, Қала ма қос бүйрегiң бүлкiлдемей?

Жарылыстан сызат түсiп санаға кiл, Байқоңыр дертi меңдеп арада тұр. Қазақтың қасиеттi бiр мекенi, екiншi семей болып бара жатыр.

146

Құр босқа ойбайламай, ақын Шора, осындай бiр сұмдыққа араша тұр.

Шорабек:

таң қалам, лена, сенiң қандайыңа, Қандай сөз түсiп кеттi таңдайыңа. ойбайламақ түгiлi, байбайларсың, Қазақтың қанық болсаң жағдайына.

Көргенде көңiл жұрты құлазиды-ай, отыр ғой ел мекенiн бiраз қимай.

Айтуға мұңым менiң жетiп жатыр, Жүрекке отырмын ғой жүк аз жимай. Жау шаппай-ақ Жаңатас жамсап жатыр, ресей бомбылаған грозныйдай.

Жағдайы сыр бойының аянышты, Қайталап айтпашы тек баяғы iстi. ешкiм сенiң мұңыңды тыңдамайды, таппасаң бiр құдайдан таянышты.

елiмнiң емес пе едi қойыны құт, Құт бiрақ құтаймады қойы құрып. тұралап жатыр қазақ шаруасы,

Құяңдай белден қалған шойырылып. Ауыр тыныс алуда ауыл бүгiн, Құлаған Құлагердей сойыл ұрып.

Қалмаса қой баласы қорамызда, Ал, ендi, елiм айтшы, оңамыз ба? Қой деген жануарды көру үшiн, ертең бiз зоопаркке барамыз ба?

1997 жыл.

ҚОнысБАЙ Мен сеРIК

Қонысбай:

 Алматым, айналайын, арман қала, Бiлiм ап, бес жыл сайран салған қала. Айналып ұлтымыздың ұясына, Алашқа алтын дiңгек болған қала.

Қазақтың атын әлем танымаққа, Ас берiп жатырсыңдар аруаққа. отау ғып шығардыңдар Ақмоланы, Айналып өзiң қара шаңыраққа.

Жерұйық iздеп Асан сабылғанда, өзiңдей жер жәннәтi табылған ба? Алыстан ат арытып келемiз ғой, Киелi Алатауды сағынғанда.

мәз болып биiктен сөз тигенiңе, Жұптасып шыға алмайсың сүйгенiңе. Бұл айтыс қайта өрлеп тiрiлгелi, Кiмдердiң су құймады диiрменiне.

Жүйрiк те жүдейдi екен қарамаса, Кез келген бапкерлiкке жарамаса. Айтыс қып облыстан той өткiзсе, Айтыстық газет-журнал тарамаса.

Әр сөздi қыз жүгiндей қаластырып, Әзiлдi отырушы ек жарастырып, дүрдараз болып кеттi әкiм бiткен, Әр жерде әтеш құсап таластырып.

Айтыстың қадiрiн ел бiлсiн деймiн, Беделi түссе неге күрсiнбеймiн.

Айтыстың маңайында қай кезде де, Жүрсiндей жанашырлар жүрсiн деймiн.

Ақындар елмен бiрге қиналыппыз, Баладай айтқан сөзге иланыппыз. Аман ба, серiк iнiм, мұхтар ағам, тойының сарқытына жиналыппыз.

Кереку артыңдағы аман ба елiң? Бередi қай кезде де бағаңды елiң. Бүгiнде жолың болсын, айналайын, Бiлесiң көңiлiмдi саған менiң.

148

Кетiгiн көңiлдердiң толтыратын, Аталы сөз айтатын болсын ақын. солақай тартқаныңмен домбыраны, сөздерiң қай кезде де оң шығатын.

серік:

Армысың, ардақты елiм, алқалаған, Базары, той думанды тарқамаған.

Көргенде көзі қарақты көрермендi, Қызынып мен додада арқаланам.

ел-жұртым үкiледi жорғасың деп, осалы өлеңiңнiң болмасын деп.

Ақ семсер ақындарды алдыртыпты, тынысын заманының толғасын деп. Бел байлап, бiсмiллә деп топқа түстiм, Аруағы иса атамның қолдасын деп.

сыйындым, ақын ата, аруағыңа, Арман боп жалғанайын арманыңа. Жүректi жарып шыққан жырларымды, тартайын тыңдаушының талғамына. Кiм бiлсiн, бәлкiм, бағым жанып кетер, Iлiнсе алтын балық қармағыма.

Жолбарыс жолсыз жерден жортады екен, Жарақты батыр жаудан қорқа ма екен?

Адамның заманына сай болмағы, тәрбие тәлiм алмақ ортада екен. Қармағым қап дегiзiп қалмас ендi, Балығың балық емес шортан екен.

Армысың ақын аға, «әй-әй-лаған», Жүрегiң жырға тұнған сарай маған. Бәйгенiң алдын бермес саңылағым, Айтыста асқақтаған талай бағаң.

Ағаны асқар таудай ардақ тұтып, Iнi едiм қабағыңа қарайлаған.

Кез-келдiк «келсең-келдiң» кеңесiнде, Қапыда қалмас дейдi абайлаған.

Айтыстың мына отырған ел төресi, Алматы жер жәннәтi, жер төбесi.

Аңқылдап аузыңды ашып iнiм дедiң, дегендей құшағымда еркелешi. сарқыты дей көрмешi бұл мұхтардың, Жоқ дейдi игiлiктiң ерте-кешi.

Жаралы жүректердiң дәрiгерi, Қызыл тiл жорғаласын әрi-берi. Қырықтың қырқасына шықпасам да, отызда орда бұзар шағым едi.

Ат байлап, аясында атан мiнген, Аман ба торғайыңның қалың елi?

Қонысбай:

Ай мен күн сосын жақсы ортақ екен, Көрiңдер бұл iнiмiз арқалы екен. серiкжан, үлкендерден қалса табақ, Ауыз үйге жастарға кеп тартады екен. сол кезде үлкен жеген тамағыңның, Беделi сарқытыңмен артады екен.

Бұл iнiм ағасына қарап қойып, Жобалап деп те айтады шортан екен. ешқашан басыңнан шаш түсiргем жоқ, ендеше менен неге қорқады екен?

торғайым ақ патшаға жақпап едi, Кезiнде арқасынан қақпап едi.

Алайда бір он жылдық арасында, екi рет ашып қайта жапқан едi.

торғайым көрген талай шайқасыңды, мұқату оңай емес қайта асылды.

Қонаев кеткеннен соң жабылып қап, Колбиннен құтылғанда қайта ашылды.

Жығылған күреске шын тоймайды екен, Аламын десе құдай қоймайды екен.

Басына үкiметтiң кiм келсе де, торғайды ашып-жауып ойнайды екен.

150

Бiлмеймiн қандай мақсат көздейдi екен, Жүрегiң қиянатқа төзбейдi екен. мысыққа ойын болып көрiнгенмен, тышқанға өлiмтiгiн сезбей ме екен.

Ауылда бұл күндерi мал қалмады, Адамдар суға кеткен тал қармады. Жарық жоқ, жағатұғын көмiр де жоқ, Шыдайтын адамдарда хал қалмады.

төзбеген қиындыққа қарамай-ақ, Кетемiн жазығы жоқ баланы аяп. Көлдетiп көздiң жасын үйде отырар, Бара алмай мектебiне жалаңаяқ.

үмiттер бiлте шамдай өшiп жатыр, Бағасы нан мен тұздың өсiп жатыр. елдегi алтын дiңгек қариялар,

Ала алмай пенсиясын көшiп жатыр.

Жастарға жүрмек ендi өкпеңiз де, түстi олар қарттар көшiп кеткен iзге. түйенi дауыл келiп шайқағанда, дейдi ғой ешкiлердi көктен iзде.

Ауылды сақтап қалу басты арманым, тiлеймiн шұғыл шара басталғанын. уәзiрлiк елдi ойлайтын астанадан, салыпты мәрмәр тастан баспалдағын.

Көз жұмбай соның бәрiн бiле тұрып, уақытша кеңсеге де кiре тұрып,

мал сатып неге алмаған мәрмәр емес, Басқышпен тақтайланған жүре тұрып.

Жүргендi құлақ естiп, көз көрмей ме, мұнымен үкiметке сөз келмей ме? орыны қосындының ауысқанмен, Шынымен қосындысы өзгермей ме?

Қадамың құтты болсын, нұрлан аға1, Жеткiзшi қазағымды бiр қараға.

Ауылдың шаңырағын түзетсеңiз, Жолыңа боп кетер ем құрбан аға!

серік:

Жырың бар шаршы топта ақтарғандай, Атың бар асқар таудай мақтанғандай. Iнiңiз шортан ғой деп қорыққан жоқ, Қанжығам майланды деп шаттанғандай.

Көңiлiн көрерменнiң нұрландырып, сөйлейсiң ойдан орып, қырдан қырып. түсiнбей қалдым, аға, премьерге, Басыңды жiбердiң бе құрбан қылып.

нұрландай премьерлер жетедi ғой, мынау құт бастан сырғып өтедi ғой. Әрине, жақсы ниет-жарым ырыс, ол-дағы ертең тақтан кетедi ғой.

Бағушы ек қабақ пенен қасыңызды, Алыпсың ағарттырып шашыңызды. Шынымен шалар болсаң, ағатай-ау, ел үшiн шалмайсыз ба басыңызды?

Амалың қалмапты ғой аh ұрмастай, Жырымыз жараспайды жақындаспай. торғайды Қостанайға қоса сапты, үкiмет өзiңменен ақылдаспай.

өзiң бiл сөксең-дағы сотқарыңды, тастайды ертең санап отқа кiмдi? Жыр айтып, терең толғап бүгiн кеште, Қайтайық бiр серпiлтiп көп қауымды. Әкежан қол қойғанда қаулысына, Бiлмептi-ау өзiңiздiң жоқтарыңды.

1Н. Балғынбаев 1997 жылы тағайындалған Премьер-министр.

152

Қонысбай:

Бүркiтке торғай тойса шабады екен, ешкi емер айдаhарды шағады екен. мысықтың құйрығымен тышқан ойнап, Құдайын өстiп жүрiп табады екен.

Әкенi десек тағы түсi игi екен, саған да алақаны ысиды екен. Баланы түлен түртiп таяқ жерде,

Көздерi бiр күн бұрын қышиды екен.

отырмыз әр сөзiңдi байқап інім, Жасырмай ойдағыны айтар інім. Ағаңа өзiң келiп соқтығардай, Азғырды сенi қандай шайтан, iнiм?

осы ой менi қатты қинайды ғой, Айылын iнiм, тiптi, жимайды ғой. Бассам деп қанжығаңа армандайсың, Бұл ағаң қанжығаңа сыймады ғой.

иесi кетiп, елдiң көшi қалды, Ақылы кетiп, елдiң есi қалды. Қазақтың шыныменен малы бiтсе,

Қазақтың құрбан болмай несi қалды?!

Басымнан түсiрмесiн жыр жасымды, таптым деп отырмысың құрдасымды. Қазақты аман сақтап қалу үшiн, Берер ем мың түйеге бiр басымды.

Әр сөздi ойлап сөйле, ақын iнiм, Басыңа алма бәле сатып, iнiм.

Ағаңды Қостанаймен шатыстырма, мен өзi торғайымның ақынымын.

Болса да ұлтарақтай жерiмiз бар, секiлдi ат төбелi елiмiз бар.

Жәнiбек тархан бабам ат ойнатып, Кезiнде жау қайтарған белiмiз бар.

Әлiби, Амангелдi кеңес құрып, Қыдырған Ахаң, Жақаң төрiмiз бар. Абайдың бабалары мекен еткен, ырғыз бен торғай атты көлiмiз бар.

Айтысты болсам егер есiме алмас, мұнымды аруақтар кешiре алмас. есiгін қанша ашып жапқанменен, торғайдың атын ешкiм өшiре алмас.

серік:

несiне iнiң тiзгiн тартып қалсын, Шаттық күй қалай көңiл шалқытпасын. Басыңды онда шалдың, мұнда шалдың, Бар ма едi иығыңда артық басың.

Шу, деп қал iнiңе ендi жетем десең, Құйғытып жанамалап өтем десең. Белiңдi бекем байла, ақын аға, Белгiлi бiр мақсатқа жетем десең. ешкiм де дау айтпады мына сiзге, Киелi торғайыңды мекендесең. торғайдың ақынымын деп соғасың, Бар қазақтың ақыны екен десем.

өлеңдi айта алмаған алалайды, домбыра тарта алмаған сабалайды. Ақымақ аузы жаман елдi бұзар, Жүрегiн жақсы ағаның жаралайды. Айылын жимады деп өкпелеме, Iнiң де өз шамасын шамалайды.

Бәйгеден басы-көзi су боп озбай, Жас жүйрiк сақалыңа қарамайды.

Қонысбай:

Ақынды мына халқым хан тұтқасын, өлеңiн ағаң қалай шалқытпасын. иықта болмаса да артық басым, серiкжан, дәл өзiңнен артық басым.

154

Iнiмнiң айтқан сөзi ұнамады, Ағаны ел алдында кiнәлады. серiкжан, бiле бiлсең, Алаш деген,

Көкше, семей, торғайдан құралады.

Хас тұлпар неге таймен тең болады, тұйғынға қалай сұңқар жем болады. Жыланды үш жерiнен кессең-дағы, тұлғасы кесiрткеге тең болады.

Бесiктен белi шықпай мақтанғанға, Бiр ауыз қатты сөзiм ем болады.

есiктен кiрмей жатып төрге ұмтылмай, Қараған алды-артыңа жөн болады.

Құдайым берген бойға өнерменен, Бұл ағаң осы жаста не көрмеген. Жаспын деп масайрама, бұзау өссе, өгiздiң көрген күнiн көрер деген. тайлақтай бас жiбi жоқ тайраңдайсың, тiзеңнен ешкiм қағып шөгермеген.

Бүркiттi ашулантып алған қарға, Ажалдан үш күн бұрын өлер деген.

серiкжан, өнбес дауды бастамалық, Айтыста отырмыз ғой астаналық.

Қайтадан соқтығасың ағаңа кеп, Аяқты алшаң-алшаң тастап алып. Бақытың бар екен-ау, жолықпадың, найзамды жүрген кезде тасқа жанып.

серік:

тереңнен сөз маржанын тергендейсiң, Көзге атқан құралайды мергендейсiң. он бес жыл айтыс дейтiн аламанда, Жүйрiктің небiр түрiн көргендейсiң. Қызулы кеудеңiзге қарағанда, меккеден тас көтерiп келгендейсiң.

Көңiлiм отырсыншы шалқып бүгiн, Кетейiк құба-жонға тартып бүгiн.

ей, аға, жасың емес, көрсетсеңшi, Басыңның өлеңiңмен артықтығын.

Бұл ағам елдiң қамын жеп отыр ма, лықылдап айтар жыры кеп отыр ма? ертерек жолықпадың деп айтасың, Шынымен күнiм өттi деп отыр ма?

дүбiрлет айтыс дейтiн дүрмектi шын, Шын ақын қызыл сөздi күрмептi шын. Күнiм өттi деп өкiнiп отырсаңыз, осылай өкiнумен жүрмекпiсiң?

дау деген осындайдан басталады, Шалқысын аспан,төрде жастар әнi. Әр нәрсе уақытында деген сөз бар, Шалқыттың талай әнмен астананы. Бұл күнi ағамыздың қызметi өсiп, Бiр бөлiм әкiмшiлiкте басқарады.

торғайға күнi түсер тотының да, сырласы болады екен сопының да. өкпе айтқан әпербақан әкіміңе,

«Жас Алаш» мақаласын оқыдың ба?

Айтыста көрсетейiк бiз ептiлiк, Iнiге жарасады iзеттiлiк. сарғайтып сол сабазың тiлшiлерге, есiгiн қойған екен күзеттiрiп.

Ал бұған нанбайсың ба, нанасың ба? Ақын ең орны бөлек Алашымда. тiлшiге ит жүгiртiп, күстаналар, ондайлар сәулесi жоқ санасында.

Қамқор боп қол ұшыңды бермедiң бе, Жүрген соң сол әкiмдер арасында.

Болмаса қара өлеңнiң қамшысымен, Жонынан таспа тiлiп аласың ба?

156

Қонысбай:

Болса да жаман жолдас жаттан жақсы, ойым жоқ қызметпен мақтанбақшы. дептi ғой баяғыда бiр кәрi қыз,

Бай дейтiн бай да емес жоқтан жақсы.

Қиналып торғайдағы дархан халық, Аяздай қариды ғой арқаңды анық. екi рет тараса да қия алмай, Кiндiктен жүрмiз әлi арқандалып.

сырт елде жүрiп сұлтан бола алмаспын, торғайдан кетiп қызық көре алмаспын. сор ақса туған жердiң тозағында,

Басқа елдiң жұмағына бере алмаспын.

Көрмес жан түйенi де көрмес, iнiм, Жақсының соңынан сөз ермес, iнiм. Қашанда жөн бiлмейтiн әкiм үшiн, Ақындар еш жауабын бермес, iнiм.

Қашанда кең едi ғой алдың, iнiм, Аяқтан бiрнеше рет шалдың, iнiм. Шақты екен сенi бүгiн қандай ара, дәл бүгiн танымай да қалдың, iнiм.

тiзбелеп мәтелiң мен мақалыңды, таң қылдың, айналайын, қатарыңды. сөз айттың мына жұртқа арнап төгiп, үстiңе киiп шығып шапаныңды.

Бiрi деп санаушы едiм көргендiнiң, Жоқ едi бөтен iстi көрген бұрын. толқынның кейiн келген басы ғой деп, Алушы ем сәлемiңдi елден бұрын.

Қоныспен құшақтаса құлашы деп, тапсырма саған бiреу берген бе, iнiм.

Көңiлi жақсылардың алаң дептi, Жетедi шамалыға шамаң дептi.

Әкiмдi мақтамайық, даттамайық, мақтадың сен бiр рет заманбектi.

серік:

Бiлегiн келсең кел деп сыбайды iнiң, Айтыста жыға алмассың, жығам бүгiн. Қылыштай қиып айтар ақиқатты, мiнезiне сай ақынның сыралғымын.

Қарғаның қара өлеңмен көзiн шұқып, Көрiнiп қалар дегем қырандығың.

Жасыма сен де оған «Жас Алашым», Бұл күнде шаш ал десе, бас аласың. заманнан зәбiр көрген зарлы халық, өзiңдi асқар тау деп тасаласын.

Байсалды байлар менен әкiм түгiл, есiгiн елбасының аша аласың. еңбегiң жетпiс жылғы ұшан-теңiз, Құдайым, күпiршiлiк жасамасын.

Ал, ендi, қоямыз ба, ақын аға, сәтi кеп жолығыппыз сахнада. Iшiнде көп ақынның өзiң ғана, Шенi бар, шекпенi бар әкім аға.

Әкiмнiң қарауында халық болар, Қауқарсыз қаулылардан жалықты олар. зар илеп зейнетақы қолға тимей, заманға мұңын шағып зарық болар.

Жайлы ма жамбасыңа креслоңыз, отырған кабинетiң жарық болар.

Қайсы бiр ел билеген қасқаларың, Халықтың қайтер дейсiң қас-қабағын. Қанды ауыз қорқау қасқыр шыға келер, сыпырсаң бетiндегi маскаларын.

сөктi деп коллегамды өкпелеме, Қалмады ашынғаннан басқа амалым. солардың құлағына жете ме екен, өксiгi ауылдағы аш баланың?

158

Шабытсыз шаршы топта шалқымас ән, Ән мен күй қазағымның салтына тән. Көңiлдiң көгершiнiн осындайда, тербейдi айтыс дейтiн алтыбақан. мысалы, мен аламын үш мың теңге, Ал сенiң қандай, аға, зарплатаң?

Қонысбай:

өзiң бiл қоямысың, үндемейсiң, Ағаңа жала жауып жүрмеймiсiң. сан рет айтып өттiң қызметтi, Қызмет үшiн менi күндеймiсiң? Бұл ағаң орындығын айтыс үшiн, екi рет өткiзгенiн бiлмеймiсiң?

мен-дағы мұң зарымды төгiп айтсам, серiкжан, жылаймысың, күлмеймiсiң. Жоғары қызметте Әбiш ағам, Халықтан қашқанынан жүр деймiсiң.

сөздерiм менiң сендей салқын емес, серiкжан, бүгiн жүзiң жарқын емес. оғаштау сөзге ғана құлаш ұрып, мағнасын түсiнбейтiн халқым емес. Қызметсiз жүрген ақын бәрi әулие, Қызмет iстегендер алтын емес.

серiкжан, жұлдыздай боп ақтық бiлем, Айтысқа бiраз қанат қақтық бiлем. сөзбенен бiр жылатып, бiр күлдiрiп, Көңiлiн көпшiлiктiң таптық бiлем.

Айтысты жалындатып қыздырып ап, Жалын ғып жырымызды жақтық бiлем. Қазылар белгi бердi, ойнасақ та

Бiраз жер ендi, мiне, шаптық бiлем.

Құдайым, жақсыларды жат қылмасын, Бiлемiн сендей iнi тап қылмасын.

Жолықтық Алатаудың баурайында, Көңiлi екеумiздiң әк қылғасын.

Бiлесiң ақыл-тұғыр болмаса егер, Басыңда шамалы, iнiм, бақ тұрмасын. Бағасын сөзіміздің халық берер, тартайық осыменен аттың басын.

серік:

Бәрін де шаршы топта көрген елім, сол елдің батасымен көгеремін. өнердің ұлы көшін Керекуден Әкеліп Алатауға шөгеремін.

өзің біл аттың басын тартам десең, мен, аға, әрмен қарай жөнелемін.

Бағаңды бір адамдай білетінмін, сөзіңді құлағыма ілетінмін.

мына күн – жоқтықты айтып жылай бермей, Бір мезгіл әзілдесіп күлетін күн.

Апамыз іркес-тіркес ұл тапқасын, Бата алмай жезде друге жүретінмін.

Жезде деп, жігін тауып сыр тартқасын, Белгілі әзіліме мін тақпасың.

Шапқайсың шаршы топта шамаң келсе, тұяғың қара тасты ұнтақтасын.

Балдыздар орныменен ойнап-күлер, Жарасып жездеменен тіл тапқасын. Алдыңда, шүкір, бүгін бетім ашық, Апамыз қырыққа кеп ұл тапқасын.

Ақын ба буырқанып бұрқанбаған, Шабытты жыр қалмасын шырқалмаған. Алтыннан қарғы тағып қоссаң дағы, тазының құны бақыр түлкі алмаған.

Әруағын алашымның аспандатып, нұрқандай ақын болсын нұрқан балаң.

Қонысбай:

Бір қызық өзгерісті ел көрді ғой,

Жып-жылы сол жағымнан жел келді ғой. манадан сені неге қара басты, серікжан, сөзің енді жөнделді ғой.

160

салмақтап оңашада ойласқанда, өмірім ұқсайды екен бай дастанға. төрт қыздан кейін бір ұл тауып беріп, Шынында шығарды апаң айды аспанға.

Бұл ағаң нарықта да тарылған ба, Қашанда үйден қонақ арылған ба? Құттықтап келіп қайтсаң артық па еді, Қарыны ақ түйенің жарылғанда?

серік:

Ақиқат – адамзаттың жүгінері, сенімі сөнген күні түңіледі.

Жел сөздің желден озған желмаясы, Жасыңнан нұрқан атаң пірің еді. ұлына ұлылардың атын қою, Қазақтың қасиетті ырымы еді. ендеше жиендерім жалғыз болмай, Көбейсін нұрқанжанның інілері.

Қонысбай:

Қуанған бөбегіме толы халық, Шетінен шықсам ба екен қолын алып? Бәріңді осы отырған шақырамын, Бәріміз сүндет тойда жолығалық!

1997 жыл.

АБАШ пен ҚҰдАЙБеРді

Абаш:

орайы келсе тiлдi қалам байлап, сәлем берiп жатыр ма ауыл-аймақ. Жол бастаудан сөз бастау қиын деген, Көрейiн шамам келсе мен де жайлап. Алдыңа аман-есен шыға келдiм, Қолда, деп, аруағы Қабанбайлап.

Ақын едiк көкiректен жыр ұсынған, Жыр ұсынған халыққа нұр ұсынған.

Бергенiңе құдайым тәуба деймiз, Айырмасын халықты ырысыңнан.

салайын сахнада сауық-сайран, тиер ме екен халыққа менiң пайдам. Алатаудың бауырындағы ел аман ба,

деп сұрады қытайдағы қалың найман.

Халықты көтеремiз төбемiзге, Ақындық берген құдай өремiзге. Ассалаумағалейкүм, сәлем бердiк, Құдаш деген қасымда төремiзге.

Құдайберді:

Армысың, ақын қалам, батыр қалам, Көркiңе көзайым боп жатыр ғалам. Арқаға астананы аттандырып, Бастың ба болашаққа батыл қадам? Кеткендер қайта қашып келмесе екен, тоңғанда сары аяздан сақылдаған.

өзiңсiң тұсауымды кескен менiң, Арқаңда оза шауып, төске өрледiм. түгiне кiлемiңнiң тайғанақтап, сүрiнiп кеткенiмдi ескермедiң.

Ассалаумағалейкүм, ағайындар, Бұл бала – бiздiң бала дескендерiң.

Халықтың өнерiне жаратқандай, Жiгiтiм, өнер қонбас талаптанбай. Айтысқа бүгiн көптеу жиылыпсың, Ақындар айлық әкеп таратқандай. мәз болып отырарсыз қолың соғып, Шеберге жыртығыңды жаматқандай.

сөйлейiк осындайда тасынып-ай, Қалмайық бұл заманға басылып-ай. Iзденiп талпынбасаң күн болмайды, ештеңе жатқан жоқ қой шашылып-ай. Көкшетау да жабылып қалса-дағы, сөйлейiк мұнда келiп ашылып-ай.

162

дегенде Абаш ақын, Абаш ақын, Бұл өзi көп ақыннан тамаша ақын.

Қызбенен салсаң-дағы қымсынбайтын, Кемпiрмен салсаң-дағы жарасатын.

Iнiңмiн мен қасыңа ерiп жүрген, дүбiрде үзеңгiлес жанасатын.

Ал ендi өлеңiңдi жырлай бергiн, Бәйгең бұл осы жерде таласатын.

өзiңмен таласпаймын төр үшiн-ай, Жатыр ғой Шығыс жақта қонысың-ай. Шақырылмай келген қонақ жаудан жаман, деушi едi ұлы халық орысым-ай.

өзiңе семей жақты қосып алып, Бермейсiң Көкшетауға қол ұшыңды-ай.

өзiңдi мықтылармен шендестiрiп, сөйлейтiн болып апсың елге ысқырып. Бұл күнде сен отырсың шалқақ қағып, Абайды, Әуезовты жерлес қылып.

Жүрмiн деп мақтанасың қайыншылап, Көрейiн ағайынның жайын сұрап.

ол жақта жағдай қатты қиын болып, Құдекеңнен келдiң бе қайыр сұрап.

Абаш:

Айтатын сөздерiңді тосып алдық, не айтса да Құдекең қосылайық. үй iшiне үй тiксе отау деген,

Қызғанасың ба, семейдi қосып алдық.

өлеңiң ары қарай дауылдасын, ол жағына басыңыз ауырмасын.

сахнаға сайран салып шыға келдiк, мұхамеджан iнiмiз ауырғасын.

Биiктен елiм менi көрiп едi, Айтыс деген өмiрдегi өрiм едi. мұхамеджан iнiме мың рахмет, Ағасына орны менен төрiн бердi.

Құдайберді:

мен де жауап табайын шошығанша, Бұл Абаш ақындардың досы болса. өскемен қайта айналып берер ме екен, семей сенi өзiне қосып алса?

Ақындар елге сөзiн арнап жатыр, Кейбiреу айтқан сөзiн жалдап жатыр. Кешегi Абылайдың елi едi деп, Қариялар қазанын таңдап жатыр. үкiмет сол шалдардан қорыққасын, Қайтадан қосамыз деп алдап жатыр.

Абаш:

тiршiлiгiн халық та жалғай жатыр, Бiздiң ел астанадан шалғай жатыр. Халықтың халi мүшкiл дей алмаймыз, Балалар бiрақ мектепке бармай жатыр.

сөзiңнiң ұйқасы жоқ құрағанмен, Кеңескелi отырсың бiр ағаңмен. Жоқ-жоқ деп айтуға да ұяласың,

Кiм бередi қолыңдағыны сұрағанмен.

Құдайберді:

Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы, өрт шалып, отқа күйдi алқалары. Бастарын бұзақының үйітер ме едi, мұрнынан қайнағандай маңқалары. Шынымен нарық деген осы ма деп, Қарттары бiздiң жақтың зар қағады.

1997 жыл.

АМАнЖОл Мен ЖIБеК

Аманжол:

Армысың, қалың қараш, ардақты елiм, Армысың, қарт Алатау, саңлақ белiм. сыйынып ата-баба аруағына,

«Ақжол!» – деп сөз бастайды әр уақта ерiң.

164

Кеудемнен ақтарылған алтын өлең, Ақынның бiреуi едiм нарқы берен. Алдыңда басымды иiп тағзым еттiм, ордалы ақындардың салтыменен.

Алаштың аян тұттым баталарын, даламның тұғыр тұттым жоталарын. иіген аруанадай асыл халқым, Алдыңа келдi, мiне, боталарың.

Кең болсын өр қазақтың керегесi, ешкiмнен кем болмасын кенересi. есiгiн жаңа ғасыр ашар сәтте, Алланың аз болмасын берекесi.

«Ағайын, құтты болсын» деп айтамын, елiмнiң тәуелсiздiк мерекесi!

Айбын бар қазақ деген арыс елде, төзiм бар қазақ деген талыс елде.

«Аллалап!» керуендi бiз түзедiк, Iргелi қадам басып алыс өрге.

Әлемнiң көшiн бастап жерұйыққа, Айналар күн тусыншы барыс елге.

Бұл ағаң жақсылықты байыптады, Ақынның арзан болмас айтқаны. еркелеп Алатауға кеп отырған, Армысың, Жiбек сұлу, Жайықтағы.

Жiгiт ем нөкер сайлап жорық құрған, өнердiң қасиетiн мол ұқтырған.

Алдыма ару ақын кеп жатқанда, Кезiм жоқ ақ тiлектен торықтырған. мiнеки, Аманжолмен бiр сырласшы,

Жiбек қыз, бек шағыңда толып тұрған. Алланың ақ ниетi дұрыс екен, Қайтадан екеуiмiздi жолықтырған.

Ақындар Алатауға жол қылғандай, Керуендi салтанатын мол қылғандай.

дегенмен, мәз-мәйрам боп мен отырмын, Қолыма көгiлдiрдi қондырғандай.

мен болсам бiр ағаңмын нар атандай, сен болсаң, ақын қызсың дара таңдай. томпиып отырысың қандай жақсы, Жарыққа жаңа шыққан балапандай.

Шырақты Алатауға жақшы дедiм, толқының толастамай ақшы дедiм. Ал, ендi тiзгiнiмдi мен тартайын, Қанатты көгiлдiрiм қақшы дедiм.

Жібек:

Әнменен, өлеңменен таңды атырған, думаншыл менiң халқым сан ғасырдан. исатай, махамбеттiң ұрпағымыз, сойылды ат үстiнен алмастырған.

Абыздар астаналық есен бе екен, Асыл ой, ардақ сөздi жалғастырған. Ақ басты Алатауым, ар ма екенсiң, төрiнде Алматының малдас құрған.

Қазағым ақылға бай, көсемсiң ғой, Ал ендi тiлге келсең, шешенсiң ғой. Айналған алты алаштың арманына, Алматы мәңгi жұмақ мекенсiң ғой. Астана ауысқанымен Ақмолаға, орнында Алатауым екенсiң ғой.

Көзiнде қыздарының күлкi ойнаған, думанды жiгiттерi түн тойлаған. сәлемiн алып келдiм Ақ Жайықтың, Қой бағып, түйе сауып, жылқы айдаған.

Ауылдан келген едiм дауылдатқан, далаңнан келген едiм жауындатқан. Атамыз қазақ бiздiң жат адаммен

Бас қосып, бiр шай iшсе бауырласқан.

166

Ағайын, армысыңдар, қар түскенде соғымды дәмететiн ауылдастан.

Көңiлi халқымыздың ортаймаған, уәдеден дос бұзылып, жар таймаған. екi ақын айтысқанда ортасында,

дариға-ай, қымыз қызып, шай қайнаған.

сол кезде ақсақалдар тақиясын Қиықсыз қолына алып пай-пайлаған. Жайықтан ақын қызың тағы келдi, өлеңдi айтқан кезде айқайлаған.

Армысың, Аманжолым, ардақты ағам, Әр сөзiн таразыдай салмақтаған.

Қомданып отырсың ғой екi көзiң секiлдi қыран бүркiт қан қаптаған.

менсiнбей қарайсың ғой аласаға, өзiңе тәкаппарлық жараса ма?

Қамкөңiл мына бiздiң халайықты Батырып кетемiз бе тамашаға.

Армысың Аманжолым деп айтайын, ел-жұртың, аман ба екен, бала-шаға?

дүйiм жұрт ел-халқыңды саялашы, сезiмдi жылы менен аямашы.

Жарыққа талпынамын балапандай, Ал, ендi күн болып сен аялашы.

Аманжол:

Қыз едiң қырдағы елдiң ырысындай, Жақсы ақын әз Алаштың тынысындай. Жiбек қыз, жанарыңнан айналайын, Жарық еткен махамбеттiң қылышындай!

толқындап кемерiме сыймай тұрмын, Әзiрге айылымды жимай тұрмын.

Қырандай көз қанталап кетсе-дағы, Бүруге сенi, қалқам, қимай тұрмын.

Жақсы ақын қарт Бұқардай кең толғайды, Перзентiн тұғыр болып ел қолдайды.

Алашқа жақсы сөздi тарту етсең, Ауылдың соғымынан кем болмайды.

сауықты ағаң ендi құратындай, Керуенiн саған қарай бұратындай.

Ал ендi «Аллажарлап!» – мен шабайын, Кешегi Ақандардың құла атындай. өзiңдi Жiбек сұлу көрген сәтте,

Қырық күн аш жүрсе де тұратындай.

Жарқ еткен жөнi бөлек ақ алмастың, Шабытсыз арғымақтай шаба алмаспын. Жер шарын жетi айналып шықсам-дағы, Шаhарды Алматыдай таба алмаспын.

Болсын деп жақсылықтың бастамасы, Арқаға көштi елдiң астанасы.

Арқаға астанамыз көшкенiмен, Алматы – алты Алаштың бас қаласы.

сөзiмiз, Жiбек сұлу, теңiз болсын, Арқаға – Алатаудан бек із болсын. Әлемдi сәулетiмен таңқалдырған, Алматы Астанамен егiз болсын.

Қырандай ағаң қанат қомдап едi, Аласа ұлы өнерде болмап едi.

Жайықтың Жiбегiне сәлем айт деп., сарыарқа сағынышын жолдап едi.

Жібек:

төселген шарпысуға ақындардай, отырмын алдыңда әзiр батылданбай. Қолыңа бұл айтыста қондыратын, сарадай сұңқылдаған тотың қандай? Жылынып жүрегiм де бара жатыр, Бiржанның өзi келiп отырғандай.

168

тәңiрдiң түзу түсiп бүгiн iсi, төгiлсiн кестедей боп жыр үлгiсi. Белгiлi аспандағы ақиыққа, Жердегi ақ түлкiнiң жүгiрiсi.

ұтылып арзан сөзден қалмас деймiн, мәншүк пен Әлияның сiңiлiсi.

Аңшыдай саят шығып құс салатын, Келемiз ақындықтың ұстап атын.

Қанша шешен болса да Жиреншенi Қарашаш хан алдында құтқаратын.

Кiмдер бар көктем келсе жасармаған, дүрсiлiн жүрегiнiң баса алмаған.

Кемеңгер, данышпан боп Аязби де Әйелдiң ақылынан аса алмаған.

Келемiз бiз жастықтың желiменен, Жастық та жарасады теңiменен.

Көргенде Ақжүнiстей аруларды, ер мiнез ер тарғын да емiренген.

нарқыздар жауға шапса қайтпас едi, Аңыз қылып ел бекер айтпас едi.

Қыздарға табынбаса мұқағали, Арызын Фаризаға айтпас едi.

Аманжол:

Айналдым қарындасым, көрегенiм, тiлеймiн кең болғанын керегенiң. Қарындас, өзiңе сай болсын деймiн, өмiрде таңдап тапқан төлегенiң.

мен көрдiм бұлбұл құсты ормандағы, тотының табылмайды тордан бағы.

Жiбек қыз, өзiңменен толықсыншы, Кешегi қыз Жiбектiң армандары.

Жетiсу хан түсетiн жер емес пе? Iргелi қазақ деген ел емес пе?

Қарашаш, меңдiсұлу болсаң-дағы, Қалқам-ау, ердiң аты ер емес пе!

ризамын қарындасым, толғамыңа, өмiрде айналайын қорғаныңа.

Ағаңның алдын кесiп не қыласың, соңымнан ере бiлсең болғаны да.

Аманжол аталы сөз толғай келсiн, Алашқа қазынасын жолдай берсiн, Жайықтың ерке қызы Жiбекжанды Ағасы ықыласпен қорғай берсiн. мәншүк пен Әлияның аруағы өлеңнiң майданында қолдай көрсiн!

Жалғашы аналардың iзгi арманын, тiлеймiн ел үмiтi қыз болғанын.

«Аман бол қайда жүрсең» – деп тiлеймiн, Алаңсыз бүршiк жарған қызғалдағым.

Жібек:

мен бүгiн Жайық болып тасынамын, Ағажан, әзiл сөзге жасымағын.

Қарындас қылығынан қымсынбасаң, еркелеп, мойыныңа асыламын.

Айтыстың әлiппесiн жаттағанмен, үмiтiн анашымның ақтағанмен, Қыз бала оң жақта көп отыра ма Бал берiп, балапандай баптағанмен.

Көздерi жiгiттердiң көп түскесiн, сүттiң де дәмi кетер көп пiскенсiн. оң жақта омалып көп отырмадым, Қып-қызыл жүрегiме шоқ түскесiн.

Келiн бе ерте тұрып, жай жатпаған, Шоқ салып самаурынға қайнатпаған. Қолыма шелек ала жүгiремiн, Бұзауды байлап қойып ойнақтаған.

170

Қолымда бiрде кесе, бiрде қалам, Шайымды кiм iшпейдi қаймақтаған.

Ағажан, басқан iзiм бiлiнбейдi, Қазандық әуенiмен уiлдейдi.

Қолымнан шәй ішеді үлен-кіші, тасқұман менi көрсе күлiмдейдi. Қолымнан түспеген соң сыпырғыш та, таянсам босаға да дiрiлдейдi.

терiнi ширықтырар иi дейдi ғой, Қыздарды қырық үйден тый дейдi ғой. табаға салған кезде бауырсағым, Қосылып маймен бiрге билейдi ғой. содан соң секiргенде табағымда, Iшiнде бiреуi де күймейдi ғой.

Көңiлiн алғанымның табамын деп, Әйтеуiр шабамын кеп, шабамын кеп. ертемен шай құюға асығамын, Атамның батиқасын аламын деп.

Аманжол:

Куәмiн қыз сандығы ашылғанға, намысым биік еді басымнан да. Қасқайып хан ұлындай мен тұрайын, Жiбек қыз мойыныма асылғанда.

Шығайын асуына биiктердiң, Арманы сол емес пе сүйiктi ердiң. Абайдай оң қолымды ұсынайын,

тоғжан боп бiр кесе шай құйып бергiн.

Бiлемiн батыстағы тұрағыңды, Бiлемiн Ақжайықтай бұлағыңды. мiнеки, Алатауға бүгiн жақтың, Жiбек қыз, өнердегi шырағыңды. Жiгiт боп сырлы кесе мен тосайын, Жiбек-ау, қолыңа алшы құманыңды.

Жібек:

Жаңа айттым: ерте тұрып, жай жатамын, Ас үйде өнерiмдi байқатамын.

Шайын сен сахнаның не ғыласың, үйiме келсең, аға, қайнатамын.

сөзiне қарындастың сенбеймiсiң, өзiң бiл, терлеймiсiң, тергеймiсiң Жайыққа қонақ болып келiп-кетiп, от жаққан жерiмдi, аға, көрмеймiсiң?

Болмаса аю басқан тас құлағың, өзiңдi бiр Аллаға тапсырамын. Қыздырып дина әжемнiң күйлерiне, мұхиттың әндерiне мас қыламын.

ұсынып қайта-қайта ой табағын, Қонағым көңiлденсе жай табамын. махамбеттей өзiңе қайрат берiп, сырымдай шешен етiп қайтарамын.

Көрген мен бiлгенiңдi байыптағасын, өзiң-ақ өнерiмнiң айт бағасын.

Ал, ендi, мына халық не дер бiзге, ел жайлы бiр ауыз сөз айтпағасын?

заманнан түңiлмелiк, суынбалық, Бiз де сол уақыттан туындадық. Адам ата, Хауа ана жаралғалы Қойдан қоңыр емес пе бiздiң халық?

Атымтай жомарт сынды қазағымды Қыспаққа алып отыр бүгiн нарық. замана түлкi болып құбылғанмен, Бiз сiрә тазы болып туылмадық.

Қайтемiз қайта-қайта шулап ендi, Қалайша Абай, мұхтар тумақ ендi? төсiнде құс сайраған, мал айдаған, тулақтай тоздырдық па туған жердi.

172

Кей кезде Алдаркөсе секiлденiп, Болуға Қожанасыр тура келдi.

Кездесiп қиындықтың орманына, Қазағым тағы батты сорға мына. Бiр кезде Жәнiбекке Асанқайғы, Көл бедерi кетер деп болжады ма? Бiр кезде Абылайға Бұқар жырау,

Бетке айтып елдің жайын толғады ма? Қаңғыған бұл заманда көше кезiп, Адам мен ит тағдырлас болғаны ма?

Жұлдыздар жанар шақта жана алмай жүр, табаны тиген тұлпар шаба алмай жүр.

«Адам басы – Алланың добы» деген, Кей бастар өз иығын таба алмай жүр.

сырын бiз тыныштықтың ұғамыз ба, Бұлақтай бастауынан тұнамыз ба?

Бұл кезде тiл сайрамай, пұл сайраған, Болашақ ұрпақ сенбес бұл аңызға.

Iшiнен «мың бiр түннiң» нарық деген, Адам боп, не перi боп шығамыз да!

Аманжол:

сұлусың тереңнен сыр шертетiндей, Бiр сөзiң бiр ғасырға жететiндей.

Жiбектiң бес саусағы тимеген соң, Шытынап шыны құман кететiндей.

Қазақтың таныса да затын ғалам, Жоқтықтан үрейленiп жатыр далам. Шегiрден қалғаныңды шетел алды, Жұртым-ау, немiз қалды сатылмаған?!

Бiрi кеп сатып алды темiрiңдi, Бiрi кеп сатып алды көмiрiңдi. Барасың Қазақ елi қайда кетiп, өзгеге жетектетiп өмiрiңдi.

Халықты қағып қойып арқасынан, Жатқысы келедi әркiм шалқасынан. Шетелден келiп жатқан инвестиция Аспайды шендiлердiң қалтасынан.

нар болып көш бастасын бозтайлағың, Көтерiп көкке биiк көк байрағын. түбiнде қазақ мықты бола алмайды, Жарқырап шықпайынша өз байларың.

Жерi бай ел болсаң да, даласы тоқ, Қалтаңа басқан пұлдың бағасы жоқ. Шендiлер шетелдерде емделедi, Ауылдың дәрi алатын шамасы жоқ.

елiмнiң бiрлiк едi таңдағаны, Баспасын қара түнек паң даланы. Көп болды ауылдағы оқырмандар Қолына газет-журнал алмағалы.

өтсе де замананың ақтабаны, өмiрдiң жұмбақ болды мақтағаны. Көп болды ауылдағы дархан халық, Қуатын электрдiң жақпағалы.

сөйлейтiн тереңiнен оқталғансын, Керуенi өр Алаштың тоқталмасын. Ашқаны қарынының оқасы жоқ, рухани ашаршылық боп қалмасын!

Жібек:

Бiр заман қыздарының арын жұтып, Бiр заман халқымыздың зарын жұтып, Кешегi желтоқсан да кетпедi ме, Желбiреген жастардың қанын жұтып. замандар ала құйын өтiп жатыр, Әйтеуiр шоқ түсiрiп, жалын жұтып!

Бұйрықтан адам әсте аса алмайды, Бұйрықсыз аяғын да баса алмайды.

174

Әйтеуiр жоңғар шапты, қалмақ шапты, Арылды басымыздан қашан қайғы?! таба алмай жерұйықтай жұмақ мекен өттi ғой күңiренiп Асанқайғы.

Кiм қарсы тұра алады келген оққа, Әр заман өз пендесiн жеңген жоқ па? Жәңгiрден жылу таппай махамбет те, соңынан исатайдың ерген жоқ па?

Жалғаннан жан таба алмай сырласатын Қоштасып қызғыш құспен өлген жоқ па!

Бозторғай туған жерде самғайды ма, Бедесiн, бетегесiн таңдайды ма.

Жайықтың жаны жайсаң қариялары, өлеңдi құйып берген таңдайыма.

Қазағым дiн аман боп жүрiңдершi, мойымай қиындықтың қандайына. сендердiң табаныңа кiрген шөңге, Қадалсын менiң мына маңдайыма!

Аманжол:

Қазағым, қайда жүрсең қасымдасың, сен барда серт – бастан сөз асырмасым. Қазаққа бақыт қонар деп тiлейiн,

есiгi жас ғасырдың ашылғансын!

сөзiңдi қалың қараш ұғар деймiн, Бойыңа киелi өнер жұғар деймiн. намысы, жiгерi жоқ жасық бала, Жеткенде сырттан дұшпан бұғар деймiн. Қазағым бiрлiкпенен қадам басса, Жерұйық алдымыздан шығар деймiн.

Қорғаның бекем болар бегің барда, үмітің алып шығар сенімді алға.

Шөңгелер маңдайыңа қадалмайды, мен барда, қазақ деген елің барда.

Жібек:

домбыра күйге келер бұрағасын, Жас шығар соқыр көзден бұлағасын. елiмнiң шаңырағы биiк болып, Iшiнде жас сәбилер жыламасын.

Жәнiбек, Керей хандар салып кеткен, ордасы қазағымның құламасын.

Қыз едiм үлкендерден сый алатын, өлеңдi артық кетпей, тыя алатын. Аманжол, ардақтаған ағам едiң, Алдыңды кесуге де ұялатын.

Көбiрек мақтағанмен қарындасты, Бәйгенi түрiң жоқ қой қия алатын.

Аманжол:

мен жалғыз қарындассыз қыр асам ба, Аруға бақ тiледiм құба таңда.

Жiбек қыз, бiр басыңа қияр едiм, Арқаның тең жартысын сұрасаң да.

Жібек:

Атымтай ер болған жоқ атақ үшiн, Ақтардай азамат ең ата күшiн.

Шынымен сарыарқаның тең жартысын, Қиналамай бiр қыз үшiн сатамысың?!

Аманжол:

Көңiлiнде бұла қыздың шер болар ма, мырзалық танытпаса ер болар ма, еркелеп ел шетiне сұлу келсе,

Бiр шетiн бөле алмаса, ел болар ма?

Жiбек қыз, көзiмдi анық байлауыңа, ризамын сандуғаштай сайрауыңа. Арқаның құлан жортқан құба белi, Айналсын Жiбек қыздың жайлауына!

1997 жыл.

176

АМАнЖОл Мен МҰХАМедЖАн

Аманжол:

Батасы қабыл болғай байтақ елдің, сөзі бар алашына айтар ердің. мәреден сәт тілеген асыл халқым,

«Ақ жол» деп алдарыңа қайта келдім.

Ағайын, дарыныңды бағалап көр, Көрмесін текті сөздің жағалап көр. Ханға да ақыл айтқан қараша едің, Кім озып, кім қалғанын саралап көр.

ұл болып қазақ деген жалынды елге, Ағаң ем соқпақ салған сағым белге. өнердің додасына қатар түскен,

Бір сәлем мұхамеджан дарынды ерге.

Байқаймын, белің бекем буылғандай, ұл едің тұғырлы елде туылғандай.

Керіліп хас тұлпарлар бір көсілсе, Жарқылдап жердің бетін қуырғандай. дұрыстап айтысайық енді інім, Қынаптан алдаспанды суырғандай.

сен келдің бұл айтысқа «ағаласып», Көрмейік қос жүректі жараласып. өнердің додасына мен қосылдым, Арқадан қадамымды дара басып.

екеуміз бір қазақтың баласымыз, сондықтан, отырмайық табаласып. дәмесі таудай болған інім едің, Көр енді Аманжолмен жағаласып.

доданың биігінде табысып көр, дарияның толқынында ағысып көр. Бел буған ұлы өнерге ағаң едім,

Ал, енді қамшы басып жарысып көр.

Мұхамеджан:

Жаратқан сөз береді жақ бергенге, Қасқайып ой айтсын деп қақ төрлерде. Құлақ түр, айтыс құмар аяулылар, Құмарыңды қандырар сәт келгенде. тыпыршып, тақым қыспай тұра алмайсың, Жүйрік ақын менен ат көргенде.

Біздердей айтушыда арман бар ма, сіздердей тыңдаушыға тап келгенде.

есті ақын ескі жолды шиырламас, Біз едік сыйластықтың сыйына мас. Шелек толы шекердей сөздерім бар, салмағынан майысар иін ағаш.

Айтары көп, Аманжол, аманбысың, дүбіріңе көз тіккен дүйім алаш.

Жапырақтай жыр төксін жан-жағына, Жар басында жайқалған биік ағаш.

Көрінеді айтыс та көкпар құсап, түсірер азаматсың аттан қышап. Әріптеске әдемі көз тастайсың, таққа жаңа отырған шаһтар құсап.

түпкі ойың түріңнен еш байқалмайды, Қар астында құрылған қақпан құсап.

Айтыстың арғымағы алқынбаған,

Бас қойып, мейірі қанса бал тұнбадан. Жүйесіз сөз иесін ұятты қылар, Киіздей шала пісіп қарпылмаған.

Жаман-жәутік жігіттің бірі емессің, салды балақ қарғадай салпылдаған. сабы алтын, сағағы жез семсер болсаң, Жүзіңді жұртқа көрсет жарқылдаған.

Балдай еріп ал енді тыңдайықшы, Қандай сөз туады екен нар тұлғадан?

Аманжол:

тегім бар түбі текті тұрандайын, Алдында «Ақжолтайлап» ұрандайын.

178

інімнің қалысатын түрі жоқ қой, тұлпармен жағаласқан құнандайын.

Бауырым, арзан сөзді дау етпессің, Әрине, Аманжолды жау етпессің. ұсталған ши ішінде қасқыр құсап, Бауырым, сол қақпаннан сау кетпессің.

Ағаңды өнерімнің досы деп біл, сөзімді көңілімнің қошы деп біл. Жер бетінде жүретін пенде болсаң, ұсталған жерім менің осы деп біл.

Көріп ем талай жерде айбатыңды, Жақсы ақын белін буып, айға атылды. Қазақ деген халықтың ортасында, Бұлбұлдай талай текті сайратылды.

Шын ақын екендігің рас болса, Ал, енді көрсетіп бақ қайратыңды.

ұлы едім сарыарқадай дөң-белестің, Әрине, ешкімнен де кем емеспін. өнердің соқпағында келе жатып, Әркімнің бір сөккенін елемеспін. сондықтан, шабытыңды шақыр інім, Бұл жолы жол беретін мен емеспін.

Мұхамеджан:

Кез қылдым Аманжолдай аяулы ұлды, өзіңе теңгерейін қай ақынды?

Қақпанға егер аяғым түсіп қалса, Арлан құсап білмеспін аянуды. Құдай берген бойымда намысым бар, Шайнап тастап кетемін аяғымды.

Қолыма мен шиырып сақа алғанмын, Алысқа мен де ауыр жүк апарғанмын. өркеші жығылатын мен емеспін, Артына ілескен соң атандардың.

Жығылып қақпаныңда жатқанымша, Жақсы ғой ақсақ қасқыр атанғаным.

Бұл сөзі Аманжолдың тұрлауындай, Баталы сөз айтайық бұл қауымға-ай. өзің тұлпар, ал мені құнан қылдың, Жүрісінен жорғаның бір жаңылмай.

Жалынды жас шағыңды аңсайсың-ау, оттарын өшірмеген түнгі ауылдай. оңай жұтам деп мені отырғанда, Көмейге кептелмейін құм қауындай. Шекең қызып бұл жерден сен кетпессің, Шегірткеге таланған қырғауылдай.

Көпшілікке сөзім бар жағатұғын, Жүректерге сіңеді ол ақырын.

Айтыстағы мен едім көк қаршыға, Қанатынан көк дауыл соғатұғын.

Ал сіз, аға, қырансыз – қылыш қанат, Қияларға қиналмай қонатұғын.

Қыран бірақ ешқашан ұмытпасын, Қауіптің тек төменнен болатынын.

Аманжол:

Жұртым бар Алатауды жатқан құшып, Жақсы іні сәлем берер аттан түсіп.

Бұл жолы Аманжолдан құтылмассың, Кетпесең қанат бітіп аспанға ұшып.

дәл бүгін ағаңнан мін таба алмассың, мен деген жарқылдаған ақ алмаспын. Аяқты тістеп үзіп кетсең дағы, Алысқа үш аяқпен бара алмассың.

не жетсін шабыттанып боялғанға, не жетсін ақ таң көріп оянғанға. Жалпылдап үш аяқпен арлан жүрсе, сыртынан мазақ қылар қояндар да.

мәреңде жамандарды жұп қылмайды, Арзан сөз бұл ағаңды ықтырмайды.

180

елімнің жолбарыстай жігіті едім, Шаққаны шегірткенің түк болмайды.

Ағаң да тегін әнге салмас білем, Шабыстан дүбір сайын танбас білем. Әр уақытта жолын білген азаматқа, Жорықта жалғыз Алла жолдас білем. төркінін осы сөздің жақсы түсін, Жақсыны төмен жақтан шалмас білем.

Жырымды қазынаға құйып келгем, сөзіне жақсылардың ұйып келгем. төрінен Алатаудың үміттеніп, Көлеңке-күдіктерді тыйып келгем. үкілеп алтын Арқа жіберген соң,

«Алла!» деп шабытымды жиып келгем. төменнен дәме күтіп не қыласың, Көрінген дұрыс, інім, биіктерден.

Мұхамеджан:

менімен айтысуға мамандансаң, сыйлап тұрған жоқпын ба, ағам болсаң? тартыспай-ақ сыбағаңды берер едім, өзіндік биігіңді табанда алсаң.

Қақпан құрып қанымды ағызғанша, Жақсы емес пе шалып қап аман қалсаң?

сөзін тыңда, Аманжол, сәнді ұлыңның, иесі Алла болар тағдырыңның. төменнен неге нәсіп мен күтпейін, Жерден нәр ап бекіген әр буыным.

Күн сәулесі шыңға ерте түскенменен, етегіне сыйлайды бар жылуын.

сен едің айтыстағы ақ бөкенім,

мен бүгін қадамыңды бапты етемін. ізетті інің болып көтерейін, сыйластықтың білген соң тәтті екенін. Жеңемін деп желпініп отырсың-ау, сезетіндей жарыстың сәтті өтерін.

Баяғының қайда екен ағалары, інісінің ұлғайтқан бақ-мекенін. Кіндіктен өнген ұлын жолға тастап, Атасы бір інісін ап кететін.

Басатын шыңға талай қадам болмай, Болмайды сөз өнерге маманданбай. Қылығы қыздан зият ағам едің,

Бір қарасаң қырық қыз таранғандай. Айтыс сайын келесің арқаланып, Барынша бауырыңнан жаранғандай. сәкен сәндес ұл едің сынық мінез, сыпайы сыйласуға жаралғандай.

Әйтпесе, біздің қазақ қырық пышақ, ұрпағында секілді үмітті шақ.

Құшақтасып отырып сырласады, Бір-бірінің аяғын күліп, тұсап.

Әрқайсысы өз дәрежесін салмақтайды, табаққа сап тартылған жілік құсап. сонда да үміті елдің сөнер емес,

түп жағы жылтылдаған білік құсап.

етекте елеңдейді көп құлағы, Қарапайым халықтан жоқ қырағы. Биікте тақ таласы боп жатқанда, Қоғамның басылмайды көк тұманы. Қазаншының қақпасын толтырам деп, талайлардың тағдырын доп қылады. Бірінің отын кейде бірі көсеп, ерлердің көкейінде кек тұнады.

Көш бастар көсемдерден гөрі бүгін, Көсеулер көбейгендей боп тұрады.

сөйлеші ал, Аманжол, самалдатып, Кетпесін менің тізем саған батып. Айтыстың ажары жас болғаннан соң, өткізейік айшықпен амалдатып.

сый табағын ұсыншы сыйластықтың, Қара өлеңнің сирағын маған тартып.

182

Аманжол:

Бауырым, көңіліңе наз қонды ма? Жырыңның айдынына қаз қонды ма? тағы да дәмеленіп сен отырсың, Жамбылда жол бергенім аз болды ма?

Жарасады ұлына құлан десең, Айтылған айбарлы елге ұран десем. мен сені айдалаға тастамас ем, Ағаңды қақпан демей қыран десең!

Шұғыласын көрген ұлсың дара таңның, Айбатың қылышындай Қараханның. соншама неге інім терлеп кеттің, төрінде отырғандай Арасанның.

Кешегі Бұхарлардың жалғасы мен, Кешегі Қасымдардың арнасы мен. ініге сирақ беріп не қылайын, Жырымды ұсынамын жамбасымен.

төрінде біз отырмыз бір елестің, төрінде біз отырмыз дүр егестің. Жырымды татар болсаң жамбастан тат, Бауырым, сирақ жейтін құл емессің.

Жарасар Аманжолмен кеңескенің, Жарасар ескегіңді тең ескенің. өлеңнің сүбесінен тоя жеші, Баласы бәйбішенің емес пе едің?

Мұхамеджан:

тер емес, көңілімнен көлді шашам, Айтыста есті сөзбен езді басам.

Бәйбішенің баласы болсам рас, төле би атам құсап төрді басам.

Жамбас берер ағам болсаң, Аманжол-ау, Жол сұрамай, қайтеді, жөн сұрасаң?

сен бе едің келешекте дара тұлға, Қайрат-күш қонақтайтын қанатында.

Кешегі сүйінбай мен Жанақтар да, Жақсының болмаған жас санатында. сыйлаймын деп сыбағаңды тартып отсың, осылай жастық шақтың тор атына.

Қызыл сөзді қайтеміз соза беріп, Қысыр сиыр бұзаулап қалатындай.

танытқан айтысқанда өз қабағын, Бозторғайы секілді боз даланың. Атақты Абайлар мен Қасымдар да, тіліне тиек еткен өз заманын.

Болашағын елімнің ойлап кейде,

Боз жусандай теңселген бозбаламын.

сөйлейік жүректердің сыртын жамап, ұлына отырған соң ұлтым қарап.

Аузына ешкім келіп су тамызбас, Жұлдызға жатқанменен жұртым қарап. Қой күзеткен төбеттер тойған заман, үйден шыққан мысықтың мұртын жалап.

мен де айтыста, Аманжол, қаршығамын, дей алман табаныңда жаншыламын.

Болашақтың кемеңгері біз емес пе, тағдыр алдан тартатын сан сұрағын. Шынашақтай ініңнен жол сұрамай, одан да туған елден хал сұрағын.

Аманжол:

Алынбас Шыңғыс қорған қамалдаймын, Арқадан қол бұлғаған сағымдаймын.

Қызық қуған халықты шаттандырған, мен деген бүгін иран бағындаймын.

Кеудемде қайрат жалын лықсып ақса, Қалайша ағыл-тегіл ағылмаймын? дүбірді бұзып-жарып үйренгенмін, Жол бер деп саған, інім, жалынбаймын.

Аманжол сауық-сайран құрғандай-ақ, сөйлейін сөйле десең бұлданбай-ақ.

184

өзіңе жолдың жайын тілеп кеттің, Жеңістің кілті сенде тұрғандай-ақ,

не жетсін аққу қаздай қамданғанға, Алашқа асқарлы оймен жалданғанға. Бауырым, құлақ бітеп тұрып па едің, дәл жаңа қалың елге толғанғанда.

сөйлейін ағаң болып жүрекпенен, Ақын ек сөз қадірін жүдетпеген. Ақынның ақындығы болмас білем, Кешегі сүйінбайдай үдетпеген.

ел жайлы біраз жайды айтып едім, дәл жаңа айтысқанда Жібекпенен.

мен-дағы толастамас дауылыңмын, мен көрдім ғажайыбын ауылыңның. Астында ұзақ шыдап тұра алмаспын, төгілген ағыл-тегіл жауыныңның. тағы да сен «айт» десең мен айтайын, Бүгінгі жағдайын мен ауылыңның.

Жазық деп жүрген жолым жар секілді, Шаттық деп күлген күлкім зар секілді. төмендеп күннен күнге барады ауыл, Жапырағы түсіп жатқан тал секілді.

Әлемнің көшін бастар күн туар ма, Керуенді жол бастаған нар секілді. есігін жаңа ғасыр ашқаннан соң, Білмеймін, бір жақсылық бар секілді. дегенмен, ескерусіз жатыр ауыл, Баласы тастап кеткен шал секілді.

ұтылмас өз сөзінен қазір ағаң, сөйлейді тереңнен ой қазып ағаң. Қиындық ел басына төніп тұрса, Жанын да пида етуге әзір ағаң.

Ал, енді жолға түсіп аяңдаймын, Қасыңа ақын інім, аялдаймын.

Жұртыма өткен күннің шежіресін, Кешегі қарт Бұхарша баяндаймын. елімнің баласы боп туғаннан соң, ел үшін ештеңеден аянбаймын.

Мұхамеджан:

Қазақтың жолы талай иректелді, идеология терідей илеп келді.

Ауылдағы ел енжар деп кінә артпаймын, себебі, оны саясат сүйреткен-ді.

Жетпіс жыл жаншығандар жалпы жұртты, өзінше ойланбауға үйреткен-ді.

Қиын ғой көлге бірден көндіктіру, Қолдан жем жеп үйренген үйректерді.

Бел берсін қайыспайтын қайран нарға, өмір деген бітіспес майдан барда.

Атандардың өркеші жығылған соң, тайлақтарда шама жоқ тайраңдарға. Ауылдан жұрт үдере көшкені рас, не таппақ ен далаға байланғанда,

меккеде жағдай болмай, қыспақ көріп, мәдинаға көшіпті Пайғамбар да.

Пайда тауып ауылда жатпаған соң, Пайғамбардан асырар айлаң бар ма?

Көбейсін еңсеңді елім көтерген ұл, Қайтемін уайым қып бекерге құр. нұрлы жолға халықты салсам деген, нұрағамның ниеті көкейде жүр. заманға сай бір қызмет атқарам деп,

заңды ойлармен заманбек көкем де жүр. Шекесіне шертіп-ақ сайлап алған, Шенеуніктер шыр бітіп шетелде жүр.

Аяғы сау, басы аман кейбіреулер, Кең кебісін кие алмай бекерге жүр.

Кешегі ғұмырлы ғұн, сақ бабамның, Қасиетін қазақтай сақтаған кім?

186

Күлтегіннің жырларын тастан оқып, тоныкөктің толғауын жаттағанмын. Айдаһар мен арыстан арасынан, ұлан ғайыр даланы сақтаған кім? одақтың ошағының шоғын басып, Желтоқсанда табанға таптаған кім? Бабалардың еске алып батырлығын,

мына күн перзенттік сыр ақтарар күн. дарқандығы даламның қанға сіңіп, Қазақ болып туғаныма мақтанамын.

заманды жеңе алмаспын зарлап айтып, Қарқылдап құтылмаспыз қарғаны атып. Байқайық баста тұрған бағымызды, Балағың жүрмесе де балға батып. намыс барда нарықтан өткен абзал, Қыс секілді келгенмен қар боратып.

Ширайды шымырланып, шынығады, Қыранның жұмыртқасы қарда жатып.

Қиналып бұл қазақтың ұрпағы сәл, Қияға жете алмай жүр сұңқар ұшар. уақытпен санасқандай жағдайың бар, Бақытпен бір-ақ күнде кім табысар? Аумағы үлкен халықтың жай-жапсары, Ауа-райы емес қой күрт ауысар.

не келіп, не кетпеген басымызға? теңіз де бір тартылып, бір толысар.

Аманжол:

Көтеріп ұлы өнердің құтты жүгін, Қос балаң жыр найзасын сұқты бүгін. дүбірдің мәресіне тақалғанда,

Жүйріктер танытқандай мықтылығын. Бастауы талай жайдың алаңдатқан, ғасырдан үміт күткен жұртты бүгін.

ер қайда ел соңынан ерсін дейтін, ер қайда алашқа ақыл берсін дейтін?

Көбейіп бара жатыр шекпенділер, Қазақтың журналисін менсінбейтін.

Жақсы сөз дәмі кетпес бал секілді, Жақсы сөз мәуесі мол тал секілді. Билігі бастықтардың бір-ақ айлық, еріген жаңа жауып қар секілді.

Жарасар айбарлы елге ұрандаса, сөйлелік ел алдында біз алмаса. Керуені елдің қалай түзеледі,

Бір бастық орнында көп тұра алмаса.

өнерлі ел болсаң да атырабы, Көп жайлар терең ойға батырады.

менсінбей өнерпазын кейбір байлар, Желпініп, сырттан әнші шақырады.

долларға қарық қылам дегеннен соң, олар да жаны қалмай бақырады.

Қазақтың қасиетті қара өлеңін, түсінбей кейбір байлар жатыр әлі.

Әр күндер топты жарып келмес тегі, Жақсы сөз жаман ақын бермес тегі. Ағаға сый болатын ұл болмаса, Жолына жақсы атаның ермес тегі.

Қазақтың барлық байы мықты болса, Бүгінгі айтысыңа келмес пе еді?

тыңдайды талай халық сөзімізді, Қадаймыз Жерұйыққа көзімізді. Кейінгі талай ұрпақ айтып жүрер, Бүгінгі дүбірлеткен кезімізді.

Қанатын кеңге жаяр халық болсақ, Алдымен жарылқайық өзімізді.

Мұхамеджан:

есті адам еңбегіне жығылады, Бейнетін зейнетім деп ұғынады.

Әркімге өзі тіккен байпақ жылы, сырттағы ел білмесе де сырын әлі. Ақылды ақша билеп тұрған кезде, ізгілік інге барып тығылады.

Ақымаққа мал бітсе әуре болар, Шығыстан шығарам деп құбыланы.

Қоңдысы қазақтардың шетке тарап, Қамсызының түбіне жеткен арақ.

Қазақтарды қалдырып қара жолда, өзге ұлттар алдымыздан өткен орап. олардың біреуінде байлық болса, өңгесін ол қорғайды отпен орап.

Көктөбеден үй салса қожайыны, Көк төбет те ән салар көкке қарап.

Қазақтың көңілі аппақ орамалдай,

Бұл күнде мың жан кедей, он адам бай. он адамның байлығы кімге жетер,

екі аяққа бір шұлғау орағандай. Халқым-ау, көңілің бүгін мұң шертеді, Бір қасықты бес бала жалағандай.

Қазынаң қайда кетті білмей қалдың, Қалтаңды өз әйелің тонағандай.

дейміз-ау еліміз бай, жеріміз бай, оларды игермейміз тері қызбай. Алтыныңды астына басып жатыр, Шетелдіктер өзінің кенін бұзбай. олар бізді жылтырға қызықтырды, Пендені жынды қылған пері қыздай.

Білесің аз ғана топ байларыңды, ертең солар жасасын жайларыңды. Байлығыңды астына баса берер, Жайлаған батыстықтар аймағыңды. сүтіңді шимен сорып ішіп жатыр, Бұзбастан қазандағы қаймағыңды.

мен үшін, Аманжол-ау, жөнің қандай, Жүргендей сөйлейсің-ау жолың болмай. отыздың орда бұзар шағында бұл, Қалмасын арманыңыз орындалмай. інім жол бермеді деп ренжіме, Қалалықтай қалған бір соғым бармай. өзіңменен айтысып отырғанда,

Көңіл қардай секілді, өмір – балдай. топқа түсіп көңілім бір ашылды-ау, тобылғының суына шомылғандай.

ел едік көңілі – шай, еттері – май, ежелден кедейі көп, бектері бай. өзіңнің өзегіңе тамбай тұрып, өзен болып ақпасын шетке мұнай. мамыражай отырсаң май кекіріп, Айтпаған болар едім текке былай.

Күлден үйің, құбылмалы биің барда, Біздерге өзгелердің өктемін-ай. тірлікте тілерім сол қазағымды, Қыспасын жерде қытай, көкте Құдай.

Аманжол:

Жол шеккен нұх пайғамбар көк кемемен, Ақынмын іні сөзін кектемеген.

деп айттың қазағымның кейбір байы, сарайын салып жатыр Көктөбеден. өнер менен ғылымын ысырып тастап, Ақшамен бар адамзат көктемеген.

мен ұштым ақ сұңқардай самғай бекем, Биіктен тұғырымды таңдай кетем. толғанған ел алдында Асандарша,

өзім де өнерімді жалғай кетем. Шетелдің шыныменен жаны ашыса, даламнан бір-бір завод салмай ма екен?

озбассың атан мініп желсең-дағы, мәнін айт сөздерімнің терсең-дағы.

190

өзіңді жалғыз тастап кетпес едім, Жолыңды інілікпен берсең-дағы. Бұл жолы Аманжолды жеңу қиын, Айналып Алатауды келсең-дағы.

Байқасам, Алатауда үнің дара, Жайқалып өскен едік бүгін дара. сүйінбай мен Жамбылға еліктейсің, Байқасам, өнердегі сырың дара.

Бұл жолы жол бермеймін деп сөйлейді, Шіркіннің батырсынған түрін қара!

Бір ойым бір ойыма ұласқандай, Жүйріктер топты жарып қыр асқандай. мықтының мықтылығын ел біледі, Қояйық, мен озам деп тыраштанбай.

Жақсыға ағаң сені балап жатыр, Кекілін кері бестінің тарап жатыр. мен озам, мен озам деп менменсінбей, Халықты риза қылсақ жарап жатыр.

Мұхамеджан:

Ақындық жүрек пенен сезім барда, төс табаны төрт елі төзім барда. ініңнің түрін қарап не қыласың, Әбілхаят суындай сөзін қара.

Қырғидай мына інің риза болмас, Қырандай жібермесең көзіңді алға.

ошақтай бүгін маздап жанамыз ба, Ағайын, біз қалмайық табаңызға. Кең көсіліп, көркемдеп сөйлегесін, Бапталған қымыздаймыз сабаңызда.

мәртебелі мұндай тойлар көп өтсінші, Қарауылдай қадірлі қаламызда.

Құлжаның сақасындай қолға сыймас, Аманжолдар көбейсін арамызда.

екеуміз сыйластықпен қала білсек, риза болар атамыз, анамыз да.

Біз енді орнымыздан қозғалайық, Көшпелі болған ата-бабамыз да.

Аманжол:

Жақсылық азаматты ер етеді, Жомарттық етек-жеңін кең етеді. Күндес боп бір-біріне аяқ шалмай, сыйлас боп өткеніңе не жетеді?

ойыма талай сөздер оралады, Арзан сөз құмға сіңіп жоғалады. Халықтың ақ батасын алғаннан соң,

Аманжол «ақ жолтайлап» жол алады. ұлдарың бір-біріне қақпан қойса, Қалайша мына қазақ оңалады?

Қалмайын дұшпандардың балтасында, сыр тұрған Алатаудың жартасында.

Біздердей жақсы бала жетіледі, мына отырған алаштың ортасында.

Халықтың халықтығы болмай ма екен, Бірлік сүйген ұлыңның арқасында.

нәр алған Аманжолдың шашуынан, екпінін көр көк теңіздің тасуынан. сен айтқан ағыл-тегіл жерде қытай, Аспасын Алатаудың асуынан.

Шабытсыз жыр-қазынаң ашылмайды, Шабытсыз өлең шашу шашылмайды. ел үшін белін буған талапты ақын, ел үшін іште сырын жасырмайды.

Қазақтай қабырғалы халық барда, ешкім де енді оны басынбайды.

мәуелі бәйтеректей жайқаламыз, Бабаның аманатын айта аламыз.

192

сумаңдап келген дұшпан болып жатса, Басына ақ құюмен қайтарамыз. елімнің татулығы аман болса,

енді біз барыс елге айналамыз.

Мұхамеджан:

Аманжол, болған соң бұл тартымды шақ, соңғы сөз аяқтайтын салтың құсап.

төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, тарихта қалады сол алтын құсап. солардың саналы ісін жалғай білсек, Болашақ бізге жаяр жарқын құшақ. мұхамеджан, Аманжолдар талай туар, Ағайын, аман болсаң алтын құрсақ!

Аманжол:

ұлың бір өр халықтың ұлысына,

Бас көтер жалпақ жердің бұрышына. Шығыстан қара қытай қаптаса да, Аспаған Қабанбайдың қылышынан.

Мұхамеджан:

Аманжол, сөз аяқтар қызар кезде, Көңілі көкжиекке құлар кезде.

Бір Қабанбай бар қазаққа тұтқа болмас, дақ түсірме сен талай Құлагерге.

Ал, енді орнымыздан біз тұрайық, Шырайлы күндей болып шығар елге. ұзағынан қоштасып кеттік біздер, ұзатылар қыздай боп ұзақ жерге.

Аманжол:

Қалмайын қиянаттың қолқасында, үлесің бөлек болар әр ғасырда. тағдыры бір халықтың аман қалар, Айбынды бір батырдың арқасында.

1997 жыл.

сеРIК пен ОРАзАлы

серік:

Алатау аялаған мәңгі аспанын, тұғыры небір жайсаң, марғасқаның. Алла деп, атқа қонып, қолыма алдым, Айтыстың алтын сапты алдаспанын. Бармақтай бақ тiледi талабыма, ертiстi ен жайлаған қандастарым.

Жайқалған жалпақ жұртым орманым ең, ордаңда орманым деп толғанып ем.

Айтыста пiрiм дедiм иса сынды, тең басқан төрт аяғын жорғаны мен.

Атамның асыл жырын жалғайын деп, Қолға алып домбырамды қомданып ем. Киелi заты қазақ Керекуден,

сәлем ал, аты орыс болғанымен.

өзгеше өзге күннен болып бұл күн, Қияны қиялыммен шолып тұрмын. Қайтарып қарымтасын қарашаның, Жұбайым ұл тапқандай болып тұрмын. Айтыстың алақұйын арқасында, ораздай отты ақынды жолықтырдым. ендеше сәт тiлейiн сапарыңа,

Қатарын жүйрiктердiң толықтырғын.

Оразалы:

Алашым менiң, армысың, отырған мұнда бәрi кеп. мәдинеде мұхаммед, түркiстанда Қожахмет, отырарда отыз бап, Баптардың бабы Арыстан бап, тiлегiн елдiң қабыл ет.

Жiгерiн қыздыр, жалын ет, Айдай жүзiн жарық ет.

Бисмилла деп бастайын,

194

маңғыстауда ер Бекет. Аталы сөзден қашпайын, Жетiсуда райымбек.

осы бiздiң айтыстың, Бата берiп, басын мүжiген сүйiнбай мен Құлмамбет. Арқадан келдiң, ағасы, мәшhүр Жүсiп атамыз.

Қолдасын десең сабыр ет.

Алқалы жұртым, аман ба, Амандық қылдым саған да. Амандасып алғаным Жеңiлдеу болар маған да. Қолыма алып домбыра, Алаш деп бүгiн айғайлап, Жеткiзейiн бiраз ғаламға.

Армысың, серiк ағам Құсанбаев. сiзге де бала жырмен түс арнайық,

Бұрын шығып танылып қалдың елге сондықтан қарсы алады-ау құшақ жайып. Байқаңыз көзсiз шыбын көзге кiрер,

түзу жерде көлденең мұқалмайық.

сөйлейдi деме қалай бала мына, Әйтсе де оралмаймын балағыңа. Ақындық, азаматтық егiз ұғым. мұны да салайын бiр назарыңа. үлде мен бүлде киiп келiп қапсыз, тартылған тауардай боп таразыға. Iрiлiгiңдi көрейiн, тiрлiгiңдi, тiрiлеу сөз қалдыршы қазағыңа. сөйлешi түйе басын сыйдырғандай, түскi асыңды iшетiн табағыңа.

Жырлашы ойдың шалын сүйендiрiп, сүбелi сөздiң аса таяғына.

нарқы қандай сөзiмнiң, арты қандай, Аңдап басып айтайын аңшылардай.

Халқымның тілегi мен лебiзiнен, Алтын ерiп, ақ күмiс балқығандай. Бақ пен дәулет келедi бiр-ақ сәтте, тал түсте тағдырыңа ай туардай.

сондықтан ағамменен шығып қалдым, Айтыста жол болған соң тартына алмай. тебiндiрiп шабайық тұлпарларша, Қамшы ұрса қара саннан қан шығардай. Ақиқат та ақ болып көрiнбес ед,

Ата-бабам аңыздан аршып алмай. Бұта шайнар бурадай кеп қалыпсың, Қайыңды қасқа тiспен аршығандай.

серік:

Жырың бар таудан өзен құлататын, Жырың бар сырласыңды жылататын. Болашақ мұғалiм ғой ораз ақын, Көбiрек сөйлегендi ұнататын.

Аңызда асылдардың аты қалған, түңiлген жан емес ем заты нардан. оразжан, мына бiздi айтып жатыр, Кезiнде ақындар деп қапы қалған.

осы бiр суық сөзге ой жiберсең, тарихы тұратындай сатылардан. мысалы, Бекежан да қапылыста, өлтiрiп төлегеннiң атын алған.

ұрпаққа ұран болып аты кеткен, Бабалар дамыл алды ақыреттен. Алаштың азаттығын аңсап өттi, Хан Кене, Әлихандар, Ахметпен. Аруағы асқар таудай бабаларым,

Бармағы шайнауда қап, қапы кеткен!

Жатса да дариядай тасып арман, Қапыда қиылады асыл арман.

Iздеген iнжу-маржан iрiлерiм,

196

моншақтай абайсызда шашып алған. Атадан тексiз туған ақылсыз ұл, Қапыда махамбеттiң басын алған!

өлең, жыр, әнменен күй құндағымыз, Адамға соқпақ болмас құмдағы iз.

Құранын құрметтеген қаршадайдан, Құдайдың құлақ кестi құлдарымыз.

екеумiз екi адам боп сөйлегенмен, тоғыссын бiр арнада жырларымыз. Жырыңды қапы қалмай жалғап жiбер, Қапыда кеткен елдiң ұлдарымыз.

Оразалы:

Бекежан төлегеннiң атын алған, Болған жоқ алда, шiркiн, асыл арман. Жасым кiшi дегенмен төлегеннен, Ағамыз Бекежандай жатып алған. сөзiңнiң мәнiсiне түсiнбедiм, отырсың ба өткендi етiп арман.

Айтыстай додаға бiр шыққан кезде, Жөн болмас шын ақынға қапы қалған.

ел жатыр бізді күтiп есi қалмай,

Бiз болсақ, отырмайық көсiле алмай. Қиыннан қиыстырып сөз сөйлейiк, Бит қабымен биялай тоқығандай.

Айтыстың Айманынан айырылмайық, Аңғалдыққа салынған Көтiбардай.

Балды жақсы көргенмен байқұс аю, Ара көрсе кетедi есi қалмай.

Қытығына көп тисең бұл iнiңнiң, Кетерсiң бұл айтысты есiңе алмай.

серік:

Жырың бар лапылдатып жағатұғын, сөзiң бар қайдан болсын табатұғын.

Кез келдi шаршы топта шаң көтерiп, Көсiлiп аянбастан шабатұғын. сөзiмдi «қапы» деген ұқпай қапсың, Жөнiң бар мұнан да сөз табатұғын.

мэлс бастап бiр топ ақын пайда болды, Бiр сөз айтсаң далаға лағатұғын.

Қолдаған қалың елдiң ардағымыз, Қозады қиқуласа аруағымыз.

Айналу Азияның барысына, Болашақ бағдарымыз, арманымыз. сүрiнбей сын сағаттан сырғып өтiп, Шайнауда қалмаса екен бармағымыз. ел жетсе мұратына ештеңе емес, Қапыда екеумiздiң қалғанымыз.

«Бiреудiң аспандағы асылымыз, Бiреудiң жұртта қалған жасығымыз». Айналып қайта келмес аламанда, Күркiреп тау суындай тасуымыз.

Бұл айтыс ширақтықты ұнатады, сондықтан, ораз iнiм, асығыңыз. есесiн бұл қазақтың қайтарса екен, Алдымда алтын қабақ ғасырымыз.

Ағаңды сөзбен бүгiн демемексiң, сонда сен астар сөйлеп не демексiң. Айтысқа келтiрмеймiн деп айтасың, сен өзiң қайдан шыққан кереметсiң?

Оразалы:

дейсiң ғой, қайдан шыққан кереметсiң, сөзiңдi деп тұрғам жоқ елемеспiн.

Қолға алып домбыраны шыққанымда Әр сөздiң түбiн тауып шегелеппiн, Кешегi сүйiнбай мен Құлманбеттiң, Артында қалған, шiркiн, көбелекпiн.

Алды тақыр заманның, арты тақыр, Айтар сөзiм тiлiмнiң ұшында тұр.

198

Жер қайысқан қолменен келсе-дағы, Бiр ауыз сөзден қайтқан бүкiл батыр. Ақ сөзге ақыл қылмай, ғапыл қылған, серiк ағам қайсының тұсында тұр?

Әр сөзiмдi салмақты қабыл алғай, тасқа тұяқ батырған тағылардай. мэлс бастаған деп бiр сын тақтың, Айтатын жауабың бар тағы қандай? тiлiм орып кетушi ед тиген жерiн, Қан жоса қып қамыстағы қабыландай. тiлiмнiң ұшы сүйiр, белi жуан,

сондықтан шыдап баққын, ауыр алмай! сахнаны сағынып шыққаннан соң,

Боп тұрмын бүгiн тағы жарылардай. Қиыннан қиыстырып сөйлешi, аға, тiлiңдi әкеп тiсiңе жанығандай.

елiмiз бiзге қолын ұрып отыр,

не айтад деп ақыным тынып отыр. Ал, ендi түзу жолға түскен ұлды, Ағамыз арлы-берлi сырып отыр. заманды жырлашы деп мынау ағам, Буынсыз жерден пышақ сұғып отыр. өзiңнiң айтқан жаңа сөздерiңiз,

сол орайға ағасы кiрiп отыр. Қазағымның заманын қалай айтам, Айтпасам да өздерi бiлiп отыр.

Қазағым, мына сенiң заманыңның, Бiр көзi әу бастан-ақ өзi соқыр, Бiр көзiн әдейi iстеп жұмып отыр.

Айтыскер ақындай боп ағылатын, мен емес әрбiр сөзден жаңылатын. Атыңнан айналайын, серiк аға, Ақындардың iшiнде бағы басым. сағынып сахнаны сiз де келдiң, таланттың табаққа сап түйiр асын, Айтысқа шыққаннан соң iнiңменен,

Ақ түйенiң қарнындай жарыласың. сондықтан ары қарай өлеңiңдi айт, Бар болса бiраз шумақ табылатын. Халайық, жаман ойлап сiз қалмағын, соңғы айналымда шабады нағыз ақын. мысалы, мына менiң серiк ағам, Павлодардан келген жоқ «по блату».

серік:

Қырағы қыран болсаң самғағайсың, сөзiңдi санаға сап талдағайсың.

Аш қасқыр аңдамаған қақпан басар, сондықтан алды-артыңды аңдағайсың. төренiң тұқымындай талтаң қағып, Шалқақтап мына маған паң қарайсың. төбелес тоң немеден басталған деп, Ағаңмен ерегiсiп қалмағайсың.

Байқаймын, өлең-жырға құмардайсың, Биiкте жеке бiткен шынардайсың.

Көп-көрiм ана тiлде сөйлеп едiң, Аяғын не себептен шұбарлайсың?

Шабайық шама келсе құр атпенен, тiгiлдi, мiне, бiзге құлақ деген.

Шынымен ақын болсаң отты жырмен Халықты бiр күлдiрiп, жылат деген. манадан iнiмiздiң шабысын бұл, Ағайын,мен де байқап сынап келем. оразжан, бiр сөздi сен айтып қалдың, оқыста ел күтпеген, «блат» деген.

сен өзi ақ сөйлейтiн ақынбысың, Айтылар жас ұрпаққа нақылмысың. Блатты сен бекерге айтпадың-ау, Байқаймын, сол блатқа жақынбысың.

мынау жұрт барлығын да көредi ғой, Бұл пенде неге болсын көнедi ғой.

200

Шыққан соң ең алғашқы айналымнан, екiншiде шапқан ат көп едi ғой. осында үш шапқанда жол боп маған, мынау жол Бекжанның жолы едi ғой.

Оразалы:

Бұл ағам аямасын, аяласын, тiлiммен жеген ұлмын адал асын. Анда-санда бiр қосқан орысшаны, ой анық болу үшiн Абай ақын.

Ақындардың ақыны, пайғамбары, додада тұлпар болмас аянатын.

Халықтың пайғамбардай ақынына, Ағасы қалай қылды көзқарасын.

Айтпайын десем айтқызған, Айтқанға көнбес ағамсың. Көңiлiңдi бүгiн мен тапсам, менiң де көңiлiмдi табарсың. топ алдына келгенде, мағынасын сөздiң бiлмесең, маған серт те, саған сын. талғампаздығың болмаса, тартпасыз ердей ауарсың. талғампаздық бар болса, Абайша айтсам сөзiмдi –

«самородный сары алтын».

серік:

Шығатын ораз iнiм, шыңың бар ғой, төгiлген iнжу-маржан жырың бар ғой. Ән салсаң Алатаудан асқақтатып, Арқаға жететұғын үнiң бар ғой. осылай орысшаны айта берсең, орысша айтысатын түрiң бар ғой.

сөйлейсiң көптi көрген дана құсап, Ашпасын қалай саған ана құшақ.

Көз жұмсам мына тұрған кең сарайым,

Кетедi шалқып жатқан дала құсап. несiне жаутаң-жаутаң қарай бердiң, Борбайын былғап алған бала құсап.

дегенде ораз ақын, ораз ақын, өлеңмен ашқан жiгiт оразасын. менiң бiр «солақайым» секiлденiп, Қалмайды сенiң де ендi қораз атың.

Оразалы:

Iнiңдi көргiң келмей торғайдай түк, Арбаңды жоғарғыға зорға айдай шық. Бұл iнiңе баталы сөзiңдi айтпай, Кеткенiң не, ағасы, борбайды айтып?

Жаңылар өз-өзiнен өстiп адам,

деп отырсам қылыштай өткiр ағам. Кәдiмгi бес жастағы баладайсыз, сөзiнiң жөнiн айтса доп сұраған.

Барлығын бiлiп келiп, жиып-терiп, Жаудыра салмақсың-ау оқты маған. Қулығың бес жастағы баладай-ақ, түйеден түрiң қандай деп сұраған. Шабытыңды мен бүгiн шалқытам ғой, Көңiлiңе алып қалма кектi жаман.

тамыр терең бойламас талаптанбай, түйiрсiз, түпсiз сөзге тояттанбай.

Атындай Алпамыстың адымдашы, Күн тигiзбей гүлбаршын жаратқандай. Шала пiскен қарбыздың шопағы көп, таза асыл сөйлеңiз тау асқандай.

Аюды арман еткен ақ қояндай,

Бас жетпейтiн жерге әкеп аяқ салмай. Iнiңнiң жолын ашып шыққансыз ғой, Қылайын тағдырыңа таң атқандай.

Ал, ағасы, ендеше қамдана бер, Iнiңiнiң сөздерiне қарап қалмай.

202

серік:

ойымда iнiм болып қалшы бүгiн, Көңiлге тамып кетсiн тамшы жырың, Байқаймын, мың құбылтып мақамыңды, Ақындықтан басымдау ма әншiлiгiң.

сауысқан сұңқар болмас баққанменен, Жабы тұлпар болмайды шапқанменен. Айтыстың абыройын көтермейдi, оразжан, жазып алған жаттанды өлең.

Шабыттың шалқарынан жуынып айт, Апшысын әрiптестiң қуырып айт.

Қайтесiң жазба жырмен жұртты алдап, өлеңдi шамаң келсе суырып айт.

Оразалы:

Аға, әрине басым емес әншiлiгiм, сақаңды қолға-ақ, аға, алшы бүгiн. теңiздi толтыратын осындайда,

мен сiзге байқатайын тамшы құнын. тұманбай ағамыз кеп отырған соң, есiме түсiп кеттi Шәмшi бүгiн. сондықтан аяқ асты бақ ашылып, Ашылып отыр менiң әншiлiгiм.

тұрғансыз ба сол жамбаспен төсектен, Арылса бiздiң қазақ әсте өсөктен.

Қалайша тамаша ойлар айтады iнi, Ағалар отырып ап тартса етектен.

Ал ендi қуырайын қуыр десең, Айтылған әр сөзiме жүгiрмесең.

мен сiздi сескенсiн деп отырғам жоқ, Жүгiнбей-ақ қойыңыз жүгiнбесең.

Ал, ендi iнiңiзге қарсы тұрғын, Жарып ап арыстанның түгiн жесең. Көмейiме ал ендi құйыл дастан, Жайнасын, жадырасын бүгiнгi аспан.

Ағасы, арзан ойды айтпайық та, Құмнан құрап қыл ескен қыбын тапқан.

сөзiңiз сараң байдай боп жүрмесiн, Қозысын қимай дәметкен қуырдақтан. мергенмiн деп мертiккен мергендер көп, тиынды атам деп жүрiп, сиырды атқан.

сен түгiл Абылайдың басы қатқан, Ағасы бастап кеттiң қиын дастан. Алты айлық пенсиядай көрiндiң ғой, Кемпiрдiң кепкен ернiн қыбырлатқан.

серік:

төсiнде дүбiр салдың кең даланың, соңынан ерген iнi, мен де ағаның. Арыстанның түгiн жарып жегенiм жоқ, Бала боп сүтiн емдiм мен де ананың.

Ауызға алдық бiздер бабаларды, мына жұрт өзi бiлiп бағалар-ды. Қазаққа небiр асыл ұл сыйлаған, Кемпiр деп кемiтесiң аналарды.

Байқаймын бойыңда iнiм желiк бар ма, саласың шырға тартып серiктi алға.

Ананы кемпiрлер деп кемiтем деп, Байқағын, iнiшегiм, кемiп қалма.

Оразалы:

Ашпаған гүлдей әлi қауызын да, Ағасы, бұрылсаңшы тағылымға. оң сөздi терiске әкеп бұрмалама, мен емес әзер тұрған жаңылуға. ел iшiнде кемпiр мен ақсақал көп, түспей жүрсең әрқашан ауызында. мен емес аналарды кемiткен де, Ағасы, айналдың-ау көрiпкелге.

Әйтеуiр әйтiп-бүйтiп тапқан сөз бе, Әйтпесе, шабыт деген желiккен бе?

204

ол рас, анам, атам берген бата, турасын көздеп тұрып мерген болса. Бақсы да өлесiң деп бетке айтады, Жетi күн зiкiрден соң ем қонбаса.

серік:

Шабытсыз алаулап мен жанбас едiм, Қашанда жорғасынан танбас елiм.

Қынаптан суырғанда қылыш сөздi, Бұлтақсыз қиып айтар алмас едiм. Ананы кемпiр демей дұрыс айтсаң, Қисайып аузы-мұрның қалмас едi.

1997 жыл.

ОРАзАлы Мен БеКАРыс

Оразалы:

Армысың, алты алаштың іргелі елі, Беделі бес қарудай іргедегі.

Айттарыңыз бүгінгі қабыл болсын, Ақ ниеттiң ағытылсын түймелері. Бекжан, аман-есен кеп қалдың ба, Жамбылдағы айтыстың жүлдегері. табаның тесілгендей көрінеді, Жамбылдың бас бәйгесін сүйрегелі. Құдай сүйер құлдың да біреуі едің, тербетіп бесігінде сүйген елі.

Қазiр мен әруақ деп айқайласам, Батырлар дулығалы түргеледі.

Армысың ақ самайлы апаларым, Қадірi хан қызындай күймедегі.

Көрсеткен көк тұйғындай іреңділік, Ал сөйлеші ендеше, күрең жігіт.

дүбірді естіп тұлпардай кеп қалдың ба, тыпыршып тұра алмастан жүгенді үзіп. табаның мықты болса тас уатшы,

Аттай баптап айтысқа жіберді жұрт. тас уат дегеніме жар жағалап, Абайсыз ақсап қалма тізеңді ұрып. тұлпар болсаң көрейін жайдақ шауып, екі өкпеңді кетпесін үзеңгі ұрып.

Айтқыштық атам қазақта үлкен өнер, Қарқынды сөз қамырдан күлшенелер. Қалт етпей халық отыр деген оймен, Біздерге ой асылын кім шегелер.

Ал, енді адымдай шап тұлпар болсаң, мен емес үрейленіп үрке берер.

Желдей үрлеп желкеңнен жетелейін, Желкендей көтеріле білсең егер.

Бекарыс:

сөзімді бісмілләдан бастап едім, Бұйырса жырдан шашу шашпақ едім. Айтыңыздың алғашқы күндерінде, осылай қарай қадам басқан едім. сәлемін оңтүстiктiң жеткізейін, Аман ба, Алатауым, қасқа белім.

Бір жылды арттарына тастаса да, Алматым әлі күнге жас па дедім. Армысың отыз күндей ораза боп, Ауызын айтыспенен ашқан елім.

Бір сәлем осы отырған қауымыңа, Бір сәлем ораз деген бауырыма.

Қолдаумен қолпаш беріп жұртым отыр, сән қоссақ дегендей-ақ сауығыма. тыпыршып тыншың бітіп қалған шығар, Кезіксек деп қара өлең дауылына.

Байқаймын, айттап келіп отырсыңдар, Айтыскер ақындардың ауылына.

Ағайын, айттарыңыз құтты болсын, Алдымен саулығыңыз мықты болсын! Барыс жылы босанған жеңгелердің, ұлдарының жүрегі түкті болсын.

206

саған да айтатыным, ораз аға, үйдегi жеңешеміз жүктi болсын. Барыс жылы бар ісің оңға басып, Халықтың қуанышы жұпты болсын. Алты жыл уызына жарытпаған, үкіметтің сиыры сүттi болсын.

осы күнгi адамның ойы базар, Аудартпайды ақынның жайы назар. мәделі, майлы менен Құлыншақтан, тыңдаған елдің кедей, байы ғазал.

Әселхан, Қаныбек пен тәушендерім, өлеңімен кіргізген тойыңа ажар. солардың жолын қуып келеміз ғой, тұлпары озған елдің тайы да озар.

Жарасар шаңбозыңды шабытты етсең, Бір басқа жөні бөлек бағытқа өтсең.

Шақырсаң аруағыңды шақыра бер, Көрерміз қаңбақ құрлы қағып кетсең. Бір құдайдан көрерміз тіліміздi, Кәлимаға келтірмей алып кетсең.

оразжан, додалы айтыс талай болар, Ақынға үмiтпенен қарайды олар.

Аруақтанған сөзіңді айтып жатсың, тышқанды қорқытуға жарайды олар. Бекарысты келдің де Бекжан дедің, Ақын адам сөзіне абай болар. мысалы сенің атың ораз екен, оразды қораз десем қалай болар?

Оразалы:

Алдыңда айтыс десең жайыламын, Бекарыс-ау, мен-дағы жай ұғамын. Қораз десең не айып айта бергін, тауық қып бүгін сені қайырамын.

Аруақты айттың тышқанды қорқытад деп, олай айтсаң аузыңды айырамын.

ел едік сеніп өскен аруағына, Жырының құлақ салған тармағына. тағы да үміттеніп отырмысың, Жолықтың осы жолы арналыға.

Кәлимаға тіліңді келтіремін, Бірақта жеткізбеймін арманыңа. Ал, енді құлақ салып тыңдап отыр. Қасыңдағы ораздың талғамына. мен енді әрі қарай көсілейін,

Ау, Беке, жалтақтама жан-жағыңа.

Бос сөзге бой алдырып бұрмаланбай, Құнды ойды жіпке тiзгін қылқаламдай. Құлақтардың құрышын қандырайын, Ақынның Құлагері тулағандай. тыңдаушыңды алмағын жалықтырып, сыны мен сыры бөлек сырлы адамдай. Ал, енді асыл сөзді сен ағытшы, меккеден мұхаммедті тыңдағандай.

Жүзге дейiн санап шық сабыр болар, Халге түссең сөзіме жынданардай.

Шауып түсер сөз айтқын шамаң келсе, Шалғысын шалдың өзі шыңдағандай. Баладайын балбырап отырсың ғой,

Ш-ға тілі жаңа кеп ширағандай. таудан биiк, теңізден терең сөйле, сынапты сыпырындыдан жинағандай.

Бекарыс:

сөздерің ә дегеннен ірең беред,

Бас жағы айтқан кезде түгел боп ед. ораз ақын алдында айбаттанып, өзінше Бекарысты жүгендеп ед.

Ақын қып аттандырған оңтүстігім, тауық боп қайтасың деп жібермеп ед.

Ақынның жолықтырды амалдысын, Бұзуға жарайтындай қамал-күшін. Аруақ емес біледі жаратушым,

осы айтыста жолықса жаналғышым.

208

Жұртымыз жүрсе-дағы назаланып. Жетедi мақсатына қазақ анық.

Кешегі отыз күнгі оразада, Жаныңыз қалған шығар тазаланып. ораз-ау, елге барсам сұрайды ғой, Ал енді Алматыда не жаңалық?

Оразалы:

Жатырмыз біздер барыс боламыз деп, 2030-ға дейін оңамыз деп.

Баттитып сөйлеп едің бастан келiп, Ау, Беке , бара жатсың добал із боп. тауық боп қайт деп сенi жібермесе, Қайтесiң бұл ораздан қораз iздеп.

сиқырын түрлендiрсем сырлы әуеннің, Жырласам жаңалығын туған елдiң.

Әйтеуір халқым аман-есен отыр, Жатырмыз біз тілегiн тыңдап елдің. 2030-ды ойға жиі алады,

Көңілі көншігендей сұңғақ елдің.

сары бидайын сапырған сары қымыздай, сұлыға зар болып тұр қырманы елдің. мемлекеттің бар малы жоқ боп жатыр, тоз-тоз боп тоқымындай сынған ердің.

Шаршаған жұрт көңілін құлазытпай, Айтыспен көтергелі мұнда келдім.

Қызылшаны сүбедей сүйкеп отыр, Қызыл еті таусылып қырдағы елдің.

тілегі бiр халқымның, арманы бір, сөзiмiздi тыңдап отыр залдағы дүр. Әйтеуiр ашық-жарқын ниеттерi, Асқақтап Алатаудай арманы жүр.

Бiздердей балаларын баптап келiп, додаға осындайда салғалы жүр.

Көбейген коммерсанттар Алматыда, Әйтеуiр әйтiп-бүйтiп жан бағып жүр. Қытайдың қызылына өзi алданып, содан кейiн халқың көп алданып жүр.

Баяғы импорт сондық заманыңыз, елес боп түсте көрген қонғалы жүр. Бесiктен танығанын тастап бала, есiктен аңдығанын алғалы жүр.

Бекарысқа қарасам батыр екен, Айтатын сөздерi де асыл екен. Ақын болсаң, ел мұңын көтеруiң – Әрқашан да айтыста ақыл екен. өзiңнiң елiңiзде не жаңалық, Әкiмдерiң ауысып жатыр екен?

сынған, шiркiн, шипырын алып тастап, Шатырын елiң жамап жатыр екен.

Бекарыс:

Айтылып бүгiнгi мен өткендегi, Шығып бара жатқандай шектен берi. ел мұңын жырлағанда ораз ақын, дауысың осыншалық өктем бе едi.

Айтатын адамыңа жолыға алмай, Iшiң толып қалыпты-ау көптен берi.

Бүгiн бiз егемендi ел деймiз де,

сол елдің жағдайына келмейміз бе? Бұйырса келер ғасыр ширегінде, Көркейген қазақ елін көрмейміз бе? нострадамус болжаса сенеміз де, назарбаев болжаса сенбейміз бе?

сұрадың оңтүстіктей жақын жердi, ел жайын сұрағаның ақыл болды. Әзірге жаңа әкімiм жайлы боп тұр, сол жағын қалың қауым мақұл дедi. сең бұзылды деп жатыр зиялылар, Бiзге бір алып дене батыр келдi. сеңіңдi де, тоңды да бұзатұғын, Бізге бір мұз жаратын әкiм келді.

Болсаңыз жағдайды шындап қыстар, Шешуін таппай жатқан мың шақты іс бар.

210

Жаңа әкiм осы кезде атқа міндi, Iсіне болып қалдық бір сәт құштар. Бүгiн де тегеуiрiндi тың тiрлiкке,

оразжан, осы отырған ұрпақ құштар. тәспісінен жаңылып бара жатса, менсiз де жетеді ғой мін тапқыштар.

естиміз, жаңа әкімді ер көңіл деп, Парасат, пайымына сенген ұл деп. Келе сап зиялымен қауышам деп, Абыройы асты да ерледі көп. оңтүстiкке жақсылық жасаймын деп, Жаман болған адамды көргенiм жоқ.

Жарасар жағдайды саптай тiзсек, Жасауға әкеледі жаппай тiзбек. тiрлiкке ұмтылатын ерлер де бар, Халықтың аманатын ақтаймыз деп. Кертартпалық жасайтын кесір де бар, Басшыларға қаламыз жақпаймыз деп. оңбастан қаншама рет опық жедік, Ауруды ішiмізде сақтаймыз деп.

Бізге біткен басшының бағы да бар, тiрісінде көзiне мақтаймыз кеп. соры да бар, өйткені өлгеннен соң, ит терісін басына қаптаймыз кеп.

Казақта жаны дархан жан аз емес, Жер аз емес, оразжан, мал аз емес. Ал, соны тiршілікке жаратуға,

Iс керек қой алдыменен, қағаз емес. өмірде бiрде олай, бірде былай, екі басын тең тартқан таразы емес.

сондықтан дер кезінде қам қылмасаң, Қазасын өтей салар намаз емес.

ұшталған қаламсабы қаламгердей, Алдыңда сөз сөйлейiн табанды ердей. Кім білсiн, бұл өмірден өтеміз бе, мемлекетке риза адам көрмей.

түбі біздің түзелер түріміз жоқ, үкіметтің тізгінін саған бермей.

Оразалы:

Айналайын, Бекарыс, Жалынды сөйле жаңылмай. сабылған сансыз сағымдай, Ақыннан асыл сөз шықпас, отанына табынбай.

Жылп етіп аунап түсті ғой, суға түскен сабындай.

Жұмыр болсын сөздерің, Күмпеленген қамырдай, Бірiкпей кетіп жүрмесiн, ыдырап кетер қарындай. тәбетімдi аштың айтысқа, Қуырылған өкпе-бауырдай. Кезек бер ендi бізге де, Жоғалған түйе секілді, Жалғыз өзiң жайылмай.

зардап бар бұл заманда, зобалаң жоқ,

Аш болса да Алаш сөйлейді тоқ адам боп. тізгіні тұра берсін елбасында,

доғаға жармаспайық додадан кеп. Бесiктен белің шықпай айға ұмтылып, ойлайсың әр кезде сен оңалам деп.

Әйтеуiр ауыл байғұс шыдап отыр, Жерге еңкейсем жемімді тере алам деп. елбасының ардақты жоспарымен, Келеді екі аяқты тең алам деп.

Көтерем бас көктем кеп бір-бірінше, Көскитіп көлденеңдеп тебе алам деп. осындай үмiтi бар халқым барда, Қайтейін тізгінді кеп мен алам деп. Қасқырға да қарпитын қара қалмай, есегін ұрлады елдің қорадан кеп. есегі жоқ ешкімен жерін жыртып, Әйтеуiр іргелi боп тұр ел аман боп.

212

Ал, жырымның байланып арқанына, сөзіңнің сала бердің алтауына.

Бұл күнде оқыған көп, өнерлі аз, Қайтқалы жүр қаршығалар қайта ауылға. Қарттың сөзін құрандай құптаған ел, Ақшалының бас байлар дарханына.

Бас қайда, құлақ сонда болмай ма екен, Қарттың сөзі күл болды қалталыға.

Қалталылар халқын емес қарнын ойлап, Шана жектi шалы мен шауқанына.

Бас аман боп «барысқа»жетсек екен, Бақай сиып тұрғанда байпағына.

ендi әзiлдесейiк түзу келіп, Атысқа аздаған бір қызу беріп. Алпыс екі айлалы түлкідей ең,

маржандай шашылатын жырың келіп. Бозарып өңiң кетіп бара жатыр, Қызды ауылға жүргендей ұрын келiп Бірақта тiсқаққан сен ақын едiң, Көрмеген сара жолы сүйірленіп, Қызыл түлкi ін қазып тұмсығымен, Құйрығымен кетеді iзiн көмiп.

Асау өзен адасса ағысынан, тұлпар да жаңылады шабысынан.

заманды айтып біз зарлап отырмайық, Бақ туады қазаққа бақ ұшынан.

Қазірше заман тыныш, ел аман ғой, Жер-ана айырылған жоқ табысынан. Бүлінген дәл қазірше ештеңе жоқ, Қатын өліп, қамшының сабы сынған.

тұрса егер дәл осылай елім ерен, Барысқа айналғасын жері кенен. Компьютерлік заман боп бара жатыр, тезек қабы, ал теңдер – теңіменен.

Келесі жолы айтыста, Бекарысжан, Пультпенен айтысамын сеніменен.

Бекарыс:

оразды ақындардың нақ басы де, Әдiлет атаулының қақпасы де.

Бозарып отырғанға қуансайшы, сазарып отырғаннан сақтасын де.

үміт артып арайлы таңдарға да, үміт артып шықпаған тауларға да,

оразжан, «Барыс» болам деп отырсың, Жетерміз бір күнi ол заңғарға да.

Халқымызды барысқа айналдырар, дәл өзіңдей жанашыр жандар ғана. үкіметтің басына келмеймін деп, тағы да жайып салдың бағдарлама,

Ақынға көп болғанмен шимай түрі, Белгілі жамандыққа қимайтыны. өз басын өлең қылған кімді көрдің,

Халықтың жағдайы ғой қинайтыны. содан болар оны да жалпақ елдің, Ханнан бетер қастерлеп сыйлайтыны. осыдан ғой ақылды патшалардың Ақындарды қасына жинайтыны.

Айтысты жыл күткесiн, ай күткесін, мына ісің түк бітірмей жай бітпесін. Құдайым халқымызға бақыт берсін, Шаңырақ шаттығына сай қып берсiн. Шетелдерге сатылып кетпейтіндей, Жер астында сақталған байлық берсін. Қысқарып кетпейтұғын жұмыс берсiн, Ай сайын ап тұратын айлық берсiн!

Біз жаңа титтей әзіл тауып ек қой, Біріміз бiрiмізге қауып ек қой. ораз-ау, тықыр келді, тұрайық та, тық десе тиетұғын тауық ек қой.

Оразалы:

Iшi менен сырты бiр сыралғының, Құмырсқадан дауламас қыран құнын.

214

ендеше елiм еңсеңдi түсiрмегiн, Жабағы жүн түлетiп туар күнiң. Әрқашан айға ұмтылып өсейiкшi, Бiз болмасақ көтерер ұранды кiм? Берiктiгi бөрiдей ел едiк қой,

Қорқауға қой бермейтiн тұманды күн. сәл ғана шыдайықшы, қайран халқым, Шеберлiгi шыңдалар шыдамдының.

Ақиқат түссе қамауға, от ойнап жүр жанарда. Бөрiлi байрақ көтерiп,

Ап шығар бiр күн алаңға. сынық сүйем келмейдi, Көтерсең де жамауға. мың жерден тас түссе де, сөз сатылмас базарда.

Айтылған небiр алтын сөз, Iлiнбей жатыр назарға. осымен, халқым, тұрайын, Бекарыстай бек жiгiт, Қолыңды сенiң алам да.

Айтқан бүгiн ойыңды, Халайық салар таразға.

1997 жыл.

ШОРАБеК пен ҚуАныШ

Шорабек:

Шетiңнен қырансыңдар шыңға самғар, Алмайтын қамалың жоқ шыңдасаңдар. Айтысқа қиып келген мың теңгесiн, Ағайын, айналайын, мың жасаңдар.

Жарасты әнiмiз бен сәнiмiз де,

түк қылмас қиындықтың бәрi бiзге. Бабамыз бiздiң батыр болған ғой деп, өлсек те қарамаймыз әлiмiзге.

Армысың, алматылық ағайын-жұрт, сәлем бердiм кiшi мен кәрiңiзге.

Алайда, аңсарымыз алтын боп па, түспесе деп тiлеймiн халқым отқа. тiршiлiк үшiн күрес жүрiп жатыр, Басылып бас iшiнде бар кнопка.

Қарамай қарыны ашып жатқанына, Қазақтың ән салатын салты жоқ па? Асығып жеттiк мынау айтысқа да, Жүрсiндi отырғызып банкротқа.

Жүйрiктi жюри бүгiн шеттетпесiн, ел-жұртым оларға өкпе етпесiн.

Айтыстың арты тағы опыр-топыр, төбелес «без правил» боп кетпесiн.

Шын талант бағы бүгiн ашыла ма, Айласын алаяқтар асыра ма.

Айтысты қайдам ендi, ал әйтеуiр, ел-жұрттың екi көзi машинада.

Қуаныш, сенiң шығар шоқың қандай, Қалмасын жүрегiңде отың жанбай.

Шыдай бiл шымшып айтқан сөздерiме, екi жүз жиырма вольттық тоқ ұрғандай. сызылып қалыпсың ғой, Қуаныш-ау, Бастықтан қызмет сұрап отырғандай.

Бұл сөзiм көңiлiңе жаққан шығар, Әзiлiм жарасымын тапқан шығар. сызылғанның бiрақ та сыры мәлiм, Iшiңде бiр бау жантақ жатқан шығар.

Қуаныш:

Адам – шәкiрт, өмiр – ұстаз, Алла – ғалым, Жария ойдан бiлiм сөз талғағаным.

Япырмай, көктем келiп қалыпты ғой, наурыздың қоса шырқап арман әнiн. Ассалаумағалейкүм, тектi ұрпақ,

216

осы болсын өлеңмен арнағаным. Көктемде қыздар келiп қастарына, Жiгiттер жорға мiнер астарына.

Жайбарақат жарда жатқан қара бура, Желпiнсе көтередi бастарын да.

Әнiм көп осындайда басатұғын, Кездерде шабыттанып тасатұғын. Шөкеңе кез болыппын, рухыменен, Кiмнiң болсын мыстарын басатұғын.

дәстүрдiң әрқашан да сертi болған, заманның жасалмасын дертi қолдан. Бұл Шөкең, қазағымның мықты ақыны, тiлiне де, дiнiне де берiк болған.

Байзақ датқа сияқты бабаларың, наурызбай, Кенесарыға серiк болған. Байзақ датқа ұрпағы, армысыңдар, Айдынға аққуға ұқсап келiп қонған.

тимесiн жүректерге салқыныңыз, Бәрiмiз бұл айтыстың алтынымыз. Айтыста батыл сөйлеп көрейiкшi, Шыдаса жүйке менен балтырыңыз. орауы құнан пiлдiң терiсiндей, Қамшы құсап ойнасын жарқыныңыз.

отырмыз ұлы өнердiң кемесiнде, сөгемiз талай ойдың көбесiн де.

Кездескен қандай жақсы мықты ақынмен, Көктемнiң көгiлдiр бiр белесiнде.

Шорабек:

Қуаныш, жалау жырды желбiреттiң, Қозғадың бар сезiмiн сен жүректiң.

Бабаңды айтсаң жырларың бұрқ-сарқ қайнар, Шәйнектей үстiндегi кемпiректiң.

Бiлесiң бе, сен осы, Байзақ бабам, Әрекетiн iстеген ержүректiң.

Арттағы ұрпағының бақыты үшiн, Ауызына тығын болған зеңбiректiң.

Жан едiң кiсi мiнiн санағыш-ақ, Боп қапсың ендi маған қара пышақ. екi көздiң арасын жаралапсың, Қашаған қайыс ноқта тана құсап.

тырнағы ұзын қыздарға тырнаттың ба, Бiрiншiде оқитын бала құсап.

Қарайтын кiм бар бүгiн баланы аяп, Жасыңда көп жейсiң ғой қара таяқ. Бұл iске бiр ұсыныс бiлдiрейiн, зерделi, зерттеп жүрген данадай-ақ. Балалар мектебiне келе берсiн,

Аяқ-киiм жоғына қарамай-ақ. иванов әдiсiне сенсек қыста, Пайдалы екен жүру жалаңаяқ.

Жағдай бар қаратпайтын еш кейiнге, Жаңалыққа мен-дағы көшпейiн бе? Балалардың жағдайын ойламайтын, Басшыларды мен бүгiн дос дейiн бе? Басқаның басы жетпей жатса егерде, мәселенi мен былай шешпейiн бе? Көп баланың ақыры киiмi жоқ, сабақты өтсiн деймiн бассейiнде.

осыдан не бар ендi тұрған оғаш, Қалайша бұл қазаққа бақ қарамас. Бассейiнде оқыса бала бiткен, Жаңалық ашудан да құр қала алмас. Архимед «Эврика» жасар ма едi, ваннаға түспегенде тыржалаңаш.

Жақсы сөз ел мерейiн өсiредi, Қуаныш байқап отыр несiбенi. үстiндегi шапанын сiлкiп тастап, Бұл неге сахнада шешiнедi.

Бүйте берсе жалаңаш Кейқуаттай, мiнiп ап мойнымызға көсiледi.

218

өргiзiп өлеңменен қандалаңды, Қуаныш, сахнадан салма лаңды. осымен мен өзiңе бердiм кезек,

Ал, ендi билей бергін «ламбадаңды».

Қуаныш:

мен едiм қырандардың көкбарағы, Азаматтың кемшiнi көп болады.

сонша жынды болсақ та «ламбадамен», Көктемде әсерленген шоқ болады.

Көңiл тойған, көз тойған бұл заманда, Ақындар да байсалды, тоқ болады.

Балалар жалаңаяқ жүрмесiн деп, Шөңгелер табанына кiрмесiн деп., несие берем дейдi бұл үкiмет, Қиындықты өмiрде көрмесiн деп.

ол қаржы қай ошақты байыта алады, Қазақтың қай шарбақта сай табағы. төрт жүз доллар ақшаны алады да, төрт жылғы қарыздарын қайтарады.

облысқа облысты қосып жатыр, Ауылдың адамдары босып жатыр. еркектер жұмыс жоқтан үйде отыр, Базардағы әйелiн тосып жатыр.

Кеме де теңiз соқпай шайқалмайды, ырыстың молаяры байқалмайды. мен бiлсем төрт жүз доллар несиенi, Қазақтар үкiметке қайтармайды.

Бiлдiң бе, неге бастым тормызымды-ай, тұрғанда жар құламай, ор бұзылмай.

Қуаныштың қасында Шорабектер, Пейiштен жаңа шыққан хор қызындай.

Бауырға көп ықылас ала кептi, Жүрегi жақсы жырға тола кептi.

«тамашада» Құдайбергендi бiлетiндер, Айтыста таниды ғой Шорабектi.

Шорабек:

Қуаныш, арқалы сен ақын болдың, Басшыларды жамандап батыр болдың. Комсомолда қызмет қып бiр кездерi, Құдай жоқ деп атеист кәпiр болдың.

Қайта құру қалыпқа қайтарған соң, майлы жер, мансап iздеп әкiм болдың. Әкiмдiктен абырой кеткеннен соң, редактор боп газетке жақын қондың.

Әр төбенiң басын бiр шала берме, Келмесе бар өнерден тақыр болғың.

Қуаныш:

Аруақтың арқасы ғой батыр болсам, Халқымның арқасы ғой әкiм болсам. сенi де бiр төбе деп мен қояйын, төбелiкке ағатай татыр болсаң.

Қуатын Шорабектiң халық бiлген, тауларды қопарарын анық бiлген. сенiң ұлы жаңалығың әзiл едi, Қазақтың айтысына алып кiрген. өзiңменен жарасқан Қуанышты, емеурінмен таниды халық бiрден. Шорабек:

Күн көрiп келемiз ғой әзiлменен. Қалжың сөз қаша қоймас әзiр менен. Бiлмеймiн дәл өзiңдей бiр тентекке, Қандай сый жарасады әзiрлеген.

Бұл айтыста боп жатыр бiр жаңалық, Жас қуанып, кәрiлер безiлдеген.

Артық ұпай алуда жастар жағы, Басқандай тұзды алтылық көзiрменен.

Қызықты жасағансың талай-талай, Алдыңменен артыңа қарайламай.

220

Айтыста айтқан сөзiң бұрындары, Жататын нысанаға маңайламай.

осы жолы күш жинап келдiң бе екен, сөйлейсiң Шорабекке қалай-қалай.

Жүрсең де жырларыңды жиi ақтармай,

«ламбада» билеп кетсең ұят қандай. газетте iстеген соң қиын екен, Айтқаның айтыста бұл кiл ақпардай. екi қолыңды ербеңдетпей отыршы тек, Жүгенсiз Жириновский сияқтанбай.

Қуаныш:

өсер бала несiбеден кеш қалар ма, Шорабек шахматты еске алар ма? егер де ақылменен жүре бiлсең, Ферза болып шығады пешкалар да.

таң қалам тараздықтар iстерiне, Кiре ме мәскеу жиi түстерiңе, несiне Жириновскийдi сөз қыласың, Ауызыңа батыр қазақ түспедi ме?

Қонар ма аққу қайта көлiмiзге, Құрар ма гүл салтанат белiмiзге.

мысал қып Бауыржанды неге айтпайсың, Батыр тұлға боп кеткен елiмiзге.

Қарсылас, өлеңдi сен тез құрасың, Қалайша алтыныңды жез қыласың. Бауыржандай батырым тұрған кезде, Қайдағы сасық орысты сөз қыласың.

Ақындар танылады зерек болса, Келтiрер ел алдында дерек болса. Айтыстан шал кеттi деп мұңаймаймыз, Батаға шақырамыз керек болса.

тәңiрiм iсiмiздi оңдайды ғой, Қуаныш тереңiнен толғайды ғой.

мен тоқтадым, ағайын, осыменен, сапырғанмен су сорпа болмайды ғой.

Шорабек:

Айтыс та айтыс болмас ұсталмай шын, Қуаныш, осыменен тұспалайсың. өзiңдi Бауыржанға теңер едiм,

Бiрақта оған түк те ұқсамайсың.

Қолыңды селкiлдетпе, сереңдетпе, тамыңды өз қолыңмен көлемдi етпе. Жириновский садаға кетпейдi ме, Бағасын батырлардың төмендетпе.

Көзге ұрып көрiнбейтiн бар наласы, ішінде көпшіліктің жан жарасы. сигареттiң суретiн iлiп қойған, Қазақтың әр көшесi, әр қаласы.

Бейнелеп бере алмасаң қоғам мiнiн, Қуаныш, құр бекерге сарнамашы. өзiңдi өзiң отырсың насихаттап, секiлдi темекiнiң жарнамасы.

Айтасың фактiлердiң ең ескiсiн, ең ескiсiн және де көмескiсiн.

Факты менен цифрды ұмытпайтын, сен осы, робот адам емеспiсiң?

Фактiнiң қалдырмадың ешқандайын, сонда да мына сенен жасқанбайын. Жұрт пiкiрiн ауызынан жырып айтып, отырсың Америка ашқандайын.

Биiкке жетелемес соқыр арман, Аспайды асулар мен шоқылардан. тың ойды тауып айтар табан асты, Жүрегiнде жылт еткен оты бар жан. Әлгi айтқан әңгiмеңдi мына халқым, газеттен бiр ай бұрын оқып алған.

222

Қуаныш:

өлеңiм көңiлiмнiң шуағы ғой, немесе ниетiмнiң бұлағы ғой. Қасқа айғырдың баласы құрығанда, туғанда төбел болып туады ғой.

Шореке, басқан iзiң бiлiнбеген, сын бар ма көздерiңе iлiнбеген. Көсемнiң суретiндей жарқырайсың, төрлерге ұмыт болып iлiнбеген.

Арнама айтыс сайын тола айтамын, Халықтың көңiлiне бола айтамын. тоқтаған дұрыс шығар осы жерде, Әйтпесе таң атқанша қона айтамын.

Шорабек:

Кетiп ек көптен берi қатынаспай, отырмыз ендi бiздер ақыл аспай. мақтаса бермейiкшi бiр-бiрiмiздi, Бөлiскен бөтелкенi екi мастай.

Бiреуге бұл Қуаныш пiрдей ме екен, Бiреуге бұл Қуаныш дүрдей ме екен? Бiрде әкiм болатын, бiрде өкiм, Байлық пен қулығыңа бiрдей ме екен? Ал, ендi қол алысып бiз тұралық,

Бұл уақыт жетегіңе жүрмейдi екен.

1998 жыл.

МЭлс пен БеКАРыс

Мэлс:

Келгенiн бүгiн қарашы, домбыра тартқан күйiмнiң. Алқалаған әлеумет,

Айтыс деп бiзге бұйырдың. сыбағасы сол болар Көрсетер бүгiн сыйымның. Әуелi Алла, бiр құдай,

талабымды оңда деп, ер Бекетке сыйындым.

Ағайын, айтыс десе бiр тоймадың, Бiлемiн алдарыңда мың той барын. Келеге түсетұғын кер үлектей, Бүгінгі Бекарыстай сұр тайлағың.

Көңiлi көрерменнiң кең сияқты, Қошеметтеп отырған ел сияқты, Айтысып екеуiмiз көрелiкшi, үзеңгi мен құйысқан тең сияқты. оңтүстiктен келгенмен, ақын iнiм, солтүстiктен соғатын жел сияқты.

Бекарыс:

Армысың, мэлс аға батыстағы, Әлi де туылмаған атұстары.

Бiраз жыл болыпты ғой сiз айтысқа, Арқалы ақын болып қатысқалы.

Жүгiрiп Шымкенттен мен де келдiм, Айтулы ақыныңмен айтысқалы.

мәреге ұмтыласың дәмең барда, сөйлеймiз әдiлетке әлем зарда. тайпалаған жорғасың ғой, мэлс аға, Келе жатқан жоқсың ғой әрең-зорға. талтаңдап мэлс ақын шыққан кезде, Балпаңдап өлең айтпай, бәлем бар ма?

сөзiңiз мына бiзге екен үлгi, Бiлемiн өлең-жырда мекенiңдi. Аштың-ау азаматтық ажарыңды, Шырай-жырмен кiргiзiп шекерiңдi.

делдиген танауыңнан танып тұрмын, тынысы кең тұлпардан екенiңдi.

Кез келдi ендi бiзге байқасатын, Алысып бiр-бiрiмiз айқасатын. сыбағам дайын шығар сiздiң жақтан,

224

Қыз емессiң күреңдеп шай тосатын. махамбеттiң ұрпағы емес пе едiң, Қасық қаны қалғанша шайқасатын.

Жиналыпты биiктер өресi кiл, солардың еншiсiнде келесi жыр. Атпалдай ағалармен жағаласып, Шымкенттiң шикiөкпе немесi жүр. сыйпап сөйлеп отырған жұрттың бәрiн, Қайдан шыққан ақылгөй демешi бұл. сен туғанда қуанған ел емес пе,

сол елдi қуанышқа бөлешi бiр.

Мэлс:

Ал, iнiм, көңiлiңдi қайтармаймын, Жауқазын жырларыммен жайқалғанмын. Бәйгеге бiр түскесiн шегiнбеймiн, Қорқақтап аттың басын тарта алмаймын. Балпаңдап сен де отырсың қасымызда, Келгесiн туған жерге талтаңдаймын.

Бекарыс:

сен бiздiң болашаққа үмiтсiң ғой, Ал ендi сырт көздерге күдiксiң ғой. өлеңiңе қарасам мiн таппаймын, ешкiм суын iшпеген тұнықсың ғой. Және ешкiмнiң шамына тиiспейтiн, саясаткер болатын жiгiтсiң ғой.

елiңде демеу берер дүрлерiң көп, менiң де шабытымды үрледiң кеп. өзiңменен шамалап айтыспасам, Берi қарай бұрылатын түрлерiң жоқ. сөздiң шынын айтамын, мэлс аға, өмiрде iлгенiң мен бiлгенiң көп.

Әйтпесе мақтап-мақтап мына сенiң, Қызыңды алайын деп жүргенiм жоқ.

Мэлс:

Кейбiреу көңiлiне дық сақтайды, ұлттың көп мәселесi – ұқсас қайғы.

саясаткер деп менi мұқатасың, Iнiмiз бұдан басқа түк таппайды.

Билiк – бит болған кезде, саясат – кит, Биттiң көлеңкесiнде кит жатпайды.

Алдыңа арқыраған мэлс келдi, Шабысын Бекарыстың тегiс көрдi. Бұл халық үмiт күтiп отырған соң, дүние айтыспенен тегiстелдi.

Ал ендi осы жерде көрсетейiн, мысалы, керiскен мен келiскендi. үйде жатқан кiнәсiз сәби ғой, ол Аламын деп желiкпе перiштемдi.

Ай, Бекарыс, Бекарыс, Алдыңда жатқан сияқты Айтыста мың шақырым. Кешiрмейдi көрермен Ақынның кеткен ғапылын. тепсiнісiп келгенде, мықты болсын тақымың. Бұйырған қызды аларсың Жететiн болса ақылың. махамбеттiң iзiнде

Қалған бiр ұрпақ болған соң, семсер сөздiң сабымын. топан жырдың астында

Көп сөйлесең, қаларсың, Абайла, байқа, ақыным. саған да менiң дауым жоқ, сұр жебедей қадалсаң.

Жанартаудай лапылдап өлеңiңмен жана алсаң. Қанекең1 деген ұстазың Алпысқа толар жақында, Бiр той болса, хабар сал. Арманың бүгiн жоқ шығар, Ағаңа бiрге iлесiп Арғымақ аттай шаба алсаң.

1Қанекең ақын Қаныбек Сарыбаевты айтып отыр.

226

Бекарыс:

Қырандай қияларды шолыпсың ғой, Бiздерге қорғансың ғой, қорықсың ғой. Көркем сөздiң көсемi деген сайын, ештеңе де ұғынбай толыпсың ғой. мен сенiң өз қызыңды сұрағам жоқ, өзiң бiр мақал бұзғыш болыпсың ғой.

Көкейден ағыл-тегiл жыр атқасын, ел-халық көңiлiңде тұрақтасын.

Айтысып отыр едiм қызық үшiн мына жұрт екеуiмiздi сынатқасын. сұрамаған қызыңды қызғандың-ау, Құдай сенен бiзiн де сұратпасын.

сөйлейдi iнiң ендi сенер болсаң, өзiң бiл, жыр-додаға көмер болсаң. Ақылға келерсiң-ау, мэлс аға, өлеңнiң қисынына көнер болсаң.

Қанекеңнiң тойына шақырайын, Қызғанған қызыңды ертiп келер болсаң.

Мэлс:

ей, Бекарыс, Бекарыс, Көңiлiң бүгiн көктем боп, Жапырақ жайып гүлдесiн. өлеңнiң өзiң еншiлеп, Бөлекше бекiт iргесiн.

Айтысқа бүгiн шыққанда Асқарлап ойдың мәнiсiн, Айтамын ғой бiлгенсiн. Қос атқа жегiп шаптырдым Көңiлiмнiң күймесiн.

сәби деген – перiште, Аузыңды қисайтып Киесi ұрып жүрмесiн.

Айқайлап келiп қол соққан Ағайын мына аламан.

Жақсы айтатын ақынды

Қас тұлпарға балаған. дүрсiлдеп қазiр кететiн, Жүрегiм менiң – барабан. мен емеспiн өзiңдi

Жоқ сөздi айтып талаған. Қызыма тiлiң тигiзбе, Байқап тұрсаң, Бекарыс, осы отырған бар халық Бiр қыздан барып тараған.

Бекарыс, саған тимесiн, Бүгiнгi күнi қырсығым, Жалғанға келген жарық етiп, өзiңдей мен де жыршымын. тиiспе маған, iнiшек, Көлдей болар өзiңнiң Көздей тесiк-жыртығың. өлеңнiң қазiр жарғызшы Жайқалтып барып бүршiгiн, мынау байтақ қазаққа, естiлген дүбiр-дүрсiлiм.

Кiм осал да, кiм мықты, Арасына салайық

Халық деген сыншының. Аталы сөзге тоқтамай Айқайлай берген адамға Айтатын сөзiң – құр шығын.

Бекарыс:

теңеушi ем, мэлс аға, жаныңды айға, сабыр сақта, ашуға салынбай да. сен менi кiнәлi ғып отырсың-ау, Әдiлеттен аттамас арың қайда?

Киесi ұрады деп қорқытпағын, Перiште де құдайға бағынбай ма.

мен сенiң перiштеңнен күндi көрдiм, Перiштемен ұстасқан кiмдi көрдiң? Перiштенiң әкесi, мэлс аға, Перiштемен қоса ендi ұлды болғын.

228

Бiздерге тiгiп отыр құлағын жұрт, мэлiстен поэзия бұлағын күт.

Қоңыңыз көтерiлiп қалыпты ғой, Әсте майдай жаққан-ау мұғалiмдiк?

Мэлс:

Бекарыс, шабысыңды танығанмын, намысыңды әдейi жанығанмын. сен маған семiзсiң деп тие берме, Әуелден уызыма жарығамын.

таңдайды тақылдаған тiл тебедi, мылтығым әуел бастан бiлтелi едi. Баяғы бабалардың айтуында, Ағасы – ай, iнiсi – үркер едi.

Айменен үркер келiп тоғысқанда, Аспаннан ала бұлтты бүркер едi. тоғысып, татуласып тарасайық, Ақындар сөз түсiнген сүйтер едi.

Бекарыс:

Ағасы, әр сөзiңдi анықтайсың, түсiндiрiп жатуға жалықпайсың. Қоңыр әуен, келiстi сөздерiңмен Поэзия аспанында қалықтайсың, уызға жарып өскен ұл болсаңыз, ұлтыңды да уызға жарытқайсың.

1998 жыл.

әсИЯ Мен БеКАРыс

әсия:

сарқылмай елiм барда тұрар сабаң, наурыз да келдi бүгiн жыл аңсаған. Аналар ақ жаулықты, құрбы, жеңге, Армысың, ағайындар, жыр аңсаған.

Алматым, аман ба екен әр отауым, Ақындар жырға қосқан дара тауым.

Астана Ақмолаға көшсе-дағы, Қадiрi хан тағындай Алатауым.

Алдында әз халқымның сыр ақтарам, нәр берген шабытыма бұлақтаған. орыстың ортасынан ойып шығып, Ақ туын Қостанайдың құлатпағам.

Ақынмын ардың жүгiн арқалаған, сабасын сұлу сөздiң сарқа да алам. Алашым айтыс десе асын қойып, думаның өлең-жырсыз тарқамаған.

Қыз едiм нәр алатын түз гүлiнен, тегеурiн төзiм жiбiн үздi бiлем. Шашамын жырдан шашу баршаңызға, ұстаса шабыт тұлпар тiзгiнiнен.

Ақын ба айтыс жолын нық баспаған, Көңiлiн жақсы жанның жықпас та адам. Бекарыс, бағаң бөлек бiр ұлсың ғой, өзiң де, өнерiң де ұқсаспаған.

Жiгiтсiң сабыр кiлтiн иеленген, сөзiң бар жiбек оймен жүйелеген. салмақты сөздi айтайық сайысқанда, Келген соң түркiстандай киелi елден.

Бекарыс:

Ал, бiздi Алла қолдап, бақ қарасын, Әлеумет бере жатар нақ бағасын.

Балам деп Әсия апам толғанғанда, егiлiп кетуге де шақ қаласың. сіздерге қыдыр дарып, бақ қарасын, сондықтан ақ сырыңды ақтарасың. Армысың, астаналық қадiрмендi ел, Көрген талай бақ пенен тақ таласын. Айтыс айтыс бола ма, айтыңдаршы, Аруақтар аунап түсiп жатпағасын.

230

өлеңi келе жатқан тегi үзiлмей, Кәдiмгi ұлы Каспий теңiзiндей. Армысың, Әсиядай апам менiң, лебiзi өз анамның лебiзiндей. сiз кейде мына маған көрiнесiз, Әселхан апамыздың егiзiндей.

өмiрдiң неше түрлi құбылысын, Армандап отырса деп бiлiп iшiм. Қияға қанат қаққан бiр ұлың ем, ұяда көргенiмдi iлу үшiн.

Апасы кеп баласын жебеушi ме ед, сол кезде перiштелер демеушi ме ед. Азуы алты қарыс апам менiң, Бармақтай мына бiздi елеушi ме ед. дегенмен жұмыс жасап көрейiкшi, Әркiм өз бұйырғанын жемеушi ме ед. өмiрде көресiңдi көрiп алмай,

Көрге де кiре алмайсың демеушi ме ед.

әсия:

Шын жүйрiк шапқан сайын желдетедi, Шын ақын шабыт қысса селдетедi.

Каспийдiң жағасында тумасам да, толқыны тобығымнан тербетедi.

Айтыста қос аққудай сәнiмiз бiр, Айтылар өз халқына әніміз бiр. егiз боп тумасақ та Әселханмен, өнерде рух пенен жанымыз бiр.

Шабытым келген кезде тия алмаспын, тiзгiндi тұлпар кессе қия алмаспын. Азулы апаңнан сен қорықпағын, Жұтуға сен шабақты қия алмаспын.

Шабыты шалшықпенен шектеспедiм, Кем айтса кемшiлiкпен шеттеспедiм.

Баулитын бөлтiрiктi бөрi болар, Бiр оқпен атып әсте кектеспедім.

сұлу сөз қатпарларын қазып бүгін, Кеңітті көңілімнің жазықтығын.

Арқаның ақпанындай ажарыңнан, Көрсетші сен жаныңның нәзіктігін.

Қалыбын бұл апаңның аңдай біліп, салмағын сұлу сөздің талғай біліп. сайыссам саған бүгін бұрыс емес, Көрсетем көп алдында балдай қылық.

Айтысар жөнің бар ғой әдейі іздеп, серілік бұдан қалған әдемі із деп. Балаға жараспайды жеңіл сөйлеу, сыйластық сыбағадан дәмені үзбек.

Бекарыс:

Ал, апа, бермен қарай беттегейсіз, сөзбенен балаңызды ептегейсіз. еркелеп қаншама сөз айтармын мен, сіз бірақ, сол еркімді шектемейсіз. Балам, балам деп алып, апа, менің, Басымды балға тығып кетпегейсіз.

сеніммен қарайды ғой саған да әркім, сөзіңнен көрініп тұр адал қалпың.

Балаңа бал жырыңды арнап жатсаң, Апажан, түсіп қалмас содан нарқың. егер де шеше тұрып қыз сөйлесе, Бойжеткені дейтұғын оған халқым. Ал бүгін сіз тұрғанда мен сөйлесем, Балаңның ержеткені болар бәлкім.

Құдайым бергеннен соң маған өлең, Айтысам ініммен де, ағамменен.

Жаратқанның жазғаны осы шығар, мәжілістес боп қалдық анамменен. сыбағамды әкелген шығарсыздар,

232

сары қымыз әкелгендей сабаменен. Кейінгі жас бөрілер жаман, апа, Күшіңді жұмсамасаң шамаменен.

Базардан келе жатып жолықтың-ау, Базарға бара жатқан баламенен.

Жиналып жатқаннан соң текті кілең, табаның қызып, апа, кетті білем.

Аямай Әсия апам осы жерде, Көсесін мына мені от тілімен.

Апамнан хал сұрайын асыл мына, өзіңсің төрге сүйрер басымды да. Аман ба Қостанайдың қалың жұрты, табиғаттың қақпаны ашылды ма?

Айдаһардай айылын жимай тұрған, Бұрқыраған бораның басылды ма?

демеймін апа сізді шек қылып ем, одан да өлеңіме сеп қылып ем. ұшырып әкетпесең жарар еді, еліңдегі боранның екпінімен.

әсия:

Ақын ба қиялменен қыр аспаса, Шабыттың шарасынан сыр ашпаса. Көтерем жаным балам, еркелікті, еркелік іс ерлікке ұласпаса.

сенімін бұл анаңның ақтайсың ба? Шабыттың жас тұлпарын баптайсың ба? Басыңды батырсам мен бал түбіне, Шырынын сорып сонда жатпайсың ба?

дәметпек деп үлкенді құлқын асың, тайлақтай шудадағы жұлқынасың. Бесіктен белің шықпай не пәле болды, Алдында бұл апаңның бұлқынасың.

өзіңше пайдаланып жыр алаңын, Көрсеттің күлкіден ой құрағаның.

ел алыс, шалғай болып, алыс болса, не пәле, боран жайлы сұрағаның.

отырып мына топтың ортасында, Жүйріктей жолға шыққан жортасың ба, Аман-сау келдік міне ортаңызға,

сен бармай, сол бораннан қорқасың ба?

мен-дағы дауылдайын дүрілдеген, Болсам да аруана-жыр білінбеген. ерітем сүр қарыңды оңтүстікте, Ақпанның боранымен, жырымменен.

Арнасын ақындықтың анық біліп, Бағасын отыр мынау халық біліп. ұсақ сөз тілге тиек етіп, сірә, Алмайық көрерменді жалықтырып.

сарайын сұйық сөздің ашпағайсың, Жеңілге інім, сірә, баспағайсың. емессің қаңбақ құрлы налып кетер, Ауырлау сөздерімнен қашпағайсың.

Бекарыс:

Апасы қисынсыз сөз тауып отсың, Балаңды үйтіп-бүйтіп қауып отсың. Бесіктен белің шықпай бұлқындың деп, Арадай мына мені шағып отсың.

 Бесіктен бел шықпаған балаңа кеп, Басыңызды ауыртып нағып отсың?

Қайталап неғылайын тобам барын, Қажет-ау әлгі жайға оралғаным.

Бораннан қорқасың ба деп отырсың, Шығып кетсе көрейін содан жаным. сіз мені білесіз бе Қаратауда, Қарабастың өтінде жаралғанмын.

Арыстан-Қарабасқа алдырмай кеп, Апамызға алдырсам не болғаным.

234

Алтыннан да ардақты затыңыз бар, Әрине, ұрсуға да хақыңыз бар.

Баста десең бастайын бір бәлені, Әйтеуір еркек деген атымыз бар.

Жан едің өнер жолын ұштап жүрген, Әрдайым елге қажет істі ап жүрген. үйдегі әкемізден айналайын, өмірдің түзу жолын нұсқап жүрген. Әсиядай апамды әлі күнге,

Қызғалдақ бойжеткендей ұстап жүрген.

Алдыңда еркелесем балаң құсап, Ақ ниет танытарсың анам құсап.

Біраз жерге барарсың деп ойлаймыз, Алдыңа алаңғасыр балаңды сап.

Жадырап, жайраң қағып қойсаңызшы, Кәдімгі тойға келген адам құсап.

сөйлейін ел алдында еркін жандай, Болмасын көкірекке шер тұнғандай. Апамызға әзілдеп айта салсам, Жауабы келеді екен бертін қандай. Қырықтың қырқасына шықсаң-дағы, Әлі де қыз Жібектей көркің қандай, сызылып сыр алдырмай отырсыз ғой, Біреуге беріп қойған сертің бардай.

әсия:

Баламның төгілгенде асыл жыры, Жапырақ жайды міне жасыл гүлі. Апаңды қыздай қылып ұстай алған, Ауылдағы ағаңның асылдығы.

маржанын сұлу сөздің терер едім, Шуағын шабыт күннің көрер едім. дәл мендей ұстай алсаң келіншекті, Бір қызын Қостанайдың берер едім.

Айтысқа төрін берер біз емес пе? суық сөз жан тоңдырар сыз емес пе?

несіне қыз дегенді қимай тұрсың, Кемпірдің шыққан тегі қыз емес пе?

ізетті іле білсе үгіт пайда,

санасы сан айтсаң да ұмытпайды. Қыздардың ерке-қыңыр қылығына, Жігерін жани білер жігіт қайда.

Жаманға ешкім жақсы қимас жанды, онсыз да қыңыр сөзің қиғаштанды. Жымиып оқ атқаннан өмірде мен, Қалаймын суық түспен сыйласқанды.

Беймаза отырсың-ау жайға қалып, Пейілің болып отыр айдан анық. дәл саған оңай болса мен осында, Көрейін қызығыңды пайдаланып.

Қыз болсам білгін саған назым барын, ор болып дәл алдыңа қазылғанын. орамын өтімді ойдың таба алмасаң, Көрерсің пешенеге жазылғанын.

Бекарыс:

дедің-ау қыз қуаныш жүз емес пе? Адамның шыққан жері қыз емес пе? Адамның шыққан жері қыз болғанмен, Бірақта бізсіз өмір күз емес пе. мысалы, қаншама ащы болғанменен, Астың дәмін кіргізер тұз емес пе?

Болсам да дұрыс балаң, зиятты інің, Қиуы келер бір күн қияқтының. орамалды үйіме кіріп келер,

Әзірге ол жағынан ұяттымын. Адам бол деген елдің тілегімен, Адам боп келе жатқан сияқтымын.

Апажан, балаңды кеп басынбайсың, демеймін өнеріме бас ұрғайсың.

236

егер де жақсы күйеу бола алсам мен, Бір қызды береріңді жасырмайсың, сомадай басымызды көріп тұрсың, ертерек сол қызыңды асырғайсың.

әсия:

Білген соң мән-жайыңды бұрындардан, Күтіп ем тәтті балдай шырынды алдан. Жүйкені жұқартады-ау кермек дәмі, сөздерің сүзбедейін сығымдалған.

тартса егер еліміздің тұз-дәмі ұдай, Жақындар Қазығұрттың құздарыда-ай. өзі іздеп еш жігітке келмеуші еді, Арқаның кеуде керген қыздарыда-ай.

Көңілің сірә балам қаяумысың, Құлауға мына тақтан таяумысың. Қызыңды асыр дейсің саған қарай, Қыз алар атың да жоқ жаяумысың.

Жырыңа қосқан кеше белің, қайда, Аяулы отырардай жерің қайда?

Бір атты міңгізбесе келін алар, Киелі Қазығұрттай елің кайда?

ер жігіт намысы үшін алыспай ма? Ауылы айбаттының алыстай ма?

Әкеп бер деп отырсың қызыңды сен, Шымкенттік жігіттер-ау, намыс қайда?

Бөрікті көп ұлыңды құрайықшы, Айтыстың басын басқа бұрайықшы. Бұл заман қай заман деп айтып жатыр, заманға енді бетті бұрайықшы.

ойласам өмір жайын жанар денем, Әз халқым әз бақытын табар деп ем. еріксіз сүймесіне қосқан қыздай, Жүрміз-ау үйлесе алмай заманменен.

еліңе тәтті сөзді арнасайшы,

Жел сөздің базарына бармасайшы. осымен доғарайын мен сөзімді, өзің-ақ бірер сөзді жалғасайшы.

 өнерді тек өресіз қызғанады, өзіңді деуші ем айтыс мұзбалағы. есті сөз ел есінде қалдырсайшы,

Шыбыннан шырын жұққан із қалады.

Бекарыс:

тәңірі беріп қойса бар киесін, ойламаған жерден де жар сүйесің. Қостанайдың бір қызын берейін деп, Босатып ең балаңның жан жүйесін. Жеме-жемге келгенде апажан-ау,

өз қызыңды берердей бәлсінесің.

Апамыз желдіртеді, желдетеді, өзің ең ақындардың ең бекемі. Бір қызды алатындай хәліміз бар, Ат емес ақын сөзін селдетеді.

меселімді қайтармай бұл наурызда, Ала ғой десең апа нең кетеді.

Жылжысақ жылжиықшы ілгері біз, Әзірге жығылмасын жүндеріңіз. заманды айтпай кетсек сахнадан, Кем болып қалатындай бір жеріміз.

ұмтылмай жүргендіктен ниетті сап, Айналып өзімізге тиед пышақ. өтпелі мынау заман өтпей қойды, тамаққа тұрып қалған сүйек құсап.

Шаншыла қалатұғын шапса нәлет, Қайда әлгі бір кездегі бақша мәлек. тұралаған заманды тұрғызсақ деп, Бүгінде басшы да әлек, басқа да әлек. Айлықтың аруағын күтуменен,

238

Бұқара сақтап отыр асқан әдеп. Жылы-жылы сөзімен алдарқатқан, үкіметтің бұнысы жақсы-ақ әдет. тыныш жүрсең тиын да көрсетпейді, Көтеріліс жасасаң ақша берет.

соны көріп тілеймін бір құдайдан, дұшпанның табасына тастама деп.

мемлекет аяқ-қолын мықтаса екен, сағы сынып жігерін жықпаса екен. 2030 деген бағдарлама,

Босаған уықтарды мықтаса екен. Барыстың бойындағы қасиеті, түлкінің қулығы боп шықпаса екен. отыз күн оразасын тұтқан елім, енді отыз жыл ораза тұтпаса екен.

Ал, апа, осыменен қоштасалық, Шаршаған болмайықшы босқа шауып. Кикілжің болғанменен арамызда, соңында қол алысып достасалық.

Кетпейік бұл сүреңсіз замандай боп, Қалайын мына сенің балаңдай боп. дәл осы қалыбыңда қала берші, тумасаң да туғандай анамдай боп.

әсия:

Айтыстың қызды деп ем майдандағы, Хабарды бердің сен де жайдан-дағы. Жырыңның балауызы таусылды ма, Күн шықса нұр қашады айдан-дағы.

Айтыссам тап боламын шүрегейге, Қайтеді енді Әсия дүрелей ме.

Азамат арқа сүйер деп отырсам, таудағы тасқа табан тіремей ме.

Бұл апаң айбын сөзден бұға алмайды, Болса да сөзің семсер ыға алмайды.

Айтыссаң жігіттермен сахнада, Қызбенен тоқалдан тек шыға алмайды.

Будадай будақ-будақ бұйратылып, Қалмаспыз осы жерде қиратылып. сөздерің жаңа балам келе жатыр, Шыңдыққа таңып жаңа ширатылып.

табармыз түлкі заман амалын-ай, Қалмасақ бұл заманның қамалында-ай. тілегім тек ұлтымның тектілігі, тексіздің тапталмасын табанында-ай.

Күдікті жүрміз бе тек жиып бекер, Бұл сөзім көрерменді күйікті етер. зорласа ақыл берер ақыны да,

ер қайда ел еңсесін биіктетер.

теңгелік тептеліме жамбасты ұрар, Бұл ғасыр мұң ғасырды алмастырар. Қазақтың қасиеті көк бөрідей, Бабасын баласымен жалғастырар.

Арының ақын балам басылмасын, Айтылмас анық болса асылға сын. сапырма сұйық сөздің сабасын тек, тау жаншып, тас илейтін жасыңдасың.

Баспасын мұнардайын мұң даланы, Ақынның сөз болмасын бұлдағаны. Шабытың шарықтасын шаңға бөкпей, Шын жүйрік шабыстарда шыңдалады.

1998 жыл.

БеКАРыс пен ОРАзАлы

Бекарыс:

Бар ма екен адал жаннан өткен ұлық, Кетпейтiн өмiр жолын шетке құрып. Ақының ақтық сынға шығып қапты, електен өткендей-ақ тексерiлiп.

240

Қасыма жақсы жiгiт жеткен екен, Бөктерiнде кетпейтiн бөктерiлiп. Аман-есен жүрсiң бе, ораз ақын,

Аузыңнан – жыр, көзiңнен – от төгiлiп.

Кәдiмгi ескi сөздiң ұлығы деп, Жәкемiз жүрген жердiң бiр ұлы деп, мен де сенiң басыңды бағалаймын, ердiң ерi, егеудiң сынығы деп.

Арының болып бүгiн селден бетер, Арыстан-Қарабастай желден бетер. Белiңдi бес ақынға будым дейсiң, Қалайша бүгiн намыс ерден кетер. Белбеуiңдi бекемдеп бiр байлашы, не бел кетер, немесе, белбеу кетер.

Оразалы:

Бел кетпес, кетпесе егер белбеу ерiп, Ал ендi өлең-жырдан теңге берiп, Қолға алып домбыраны шыққаннан соң Көлденең сап көкпарды өңгерелiк. өрмекшi торындағы шыбындай ғып, тұрқыңды тастайын ба сөзбен өрiп.

өрт болсам, кетiп жүрме сен де өртенiп, Iшiнде қалың оттың дөңгеленiп.

Пернедей шығара бер сөз алуан, етек те жабыспайды жеңге келiп. Ана жолы аман-сау жiберiп ем, тағы да кезiгер деп елге келiп.

Ал ендi ақылы бар сөз айтсаңшы, Бол деп саған тұрғам жоқ менделеев.

тұрған жоқ мына халық сыр ұғынбай, Шашшы ендi өлеңiңмен жылуыңды-ай. Құнды сөздi қорада тулатайық,

Құрық тимес құланның құлынындай. майысқанмен иiлiп, сынбайтұғын солқылдайын Хан-тәңiрi шыбығындай. сөздерiң арзан болып кетпесiншi, Шiлденiң шыбынының ызыңындай.

Бекарыс:

оразжан, мастанбашы тоқтығыңа, зақым тиiп жүрмесiн оқтығыңа.

Шiкәмшiл ақын болып алыпсың ғой, Шыбын қонса тоңқисың шоқтығыңа.

демеймiн сенен мықты атанармын, өлкеден әулиелi бата алармын. өртiңмен өртеймiн деп өлерменiм, Алдыма көлденеңдеп жата қалдың. сүйiнбайды жығам деп мұрттай ұшқан Күйiн кешiп жүрмешi Қатағанның.

оқталсаң маған қарай оқтал, аға, Шығын болып жүрмесiн оқ далаға. өткен жолы жеңiлсең қайтушы едi, осы жолы жеңгенше тоқтама, аға, оңай ма төрт ақынды шөкелету, Арының жаман екен, атпал аға.

Бәлкiм, ораз, бұл жолы сен жеңерсiң, дүние кезек – деген кеп қала ма.

Бірақ мүмкін қайтадан мен жеңермін, Айтыста бәлен-түген деп бола ма?

Оразалы:

Ал ендеше жырыңмен самғағайсың, Ағаңның ағын жырын жалғағайсың. топ iшiнен суырылып шыға келдiң, Ағаштағы кеш пiскен алмадайсың. Жырымды ағыл-тегiл ағызайын, Қапысыз қарсы жауап қамдағайсың. Ана жолы алдап-сулап кетiп едiң, Бұл жолы, күдерiңдi үз, алдамайсың. Баладай ботқасына тойып алған,

Байқасам, алды-артыңды аңдамайсың.

тұлпардың таққандай боп түсiне мiн, Бiлмейтiн жөн-жосықты кiсi ме едiң. Кешегi сүйiнбайдың тайындай боп, Шырқырап салған жерден кiсiнедiм.

242

Қатағандай өзiңдi құлатармын, өйткенi, сүйiнбайдың тұқымы едiм.

тұрсаң да тулап бүгiн қанша аттай боп, Жұмыларсың жырыма саусақтай боп. Iн қазып отырсың ғой құлағыңмен, дәндеген даладағы қарсақтай боп.

Бекарыс:

өлеңде ақын болсаң өрiстеген, Қалайша өнерiңдi терiс көрем. Қатағандай құлатам деп отырсың, мен бiрақ ниетiңмен келiспегем. Ақындық тұқым қуып бiткенiмен, тұқым қуаламайды «жеңiс» деген.

Қайтедi тереңдерден ой шұңғысақ, Қоярсың қадамымды қайсың тұсап. сен келдiң төрт ақынды тұралатып, мына жұрт екеуiмiзге жайсын құшақ. Жұрттың бәрiн жапырып барасың ғой, Кәдiмгi таңқы танау тайсон құсап.

Оразалы:

түсiрiп тәйке, алшымды-ай, өлең айтам алқынбай.

Арлы да берлi жортайын тiзгiнiмдi тартынбай. табағыңа салайын сөздерiмдi бал шындай. ерегессем, iнiшек, нокауытқа түсiрем

Бiр-ақ ұрып тайсондай. Қатып-семiп қалмағын, сарғайып тұрған күздегi Атаңның сары қайысындай.

маңызды сөз айтайық марғасқалық, Аталар салған жолдан алжаспалық. Барымтаға келген соң өлеңменен, Балуандай батырлық қыл жамбасқа алып.

Жағың түсіп жатса да жаутаңдамай, отыратын түрiң бар жаңғақ шағып. Қаншама жортқанменен кәрi қасқыр, Iн қазады дейдi ғой аулақ барып.

осы жолы түсерсiң қақпаныма, Қарық бол қақпанымнан тапқаныңа. өлеңнiң көшiн ендi саған бұрдым, Баса бер тақылдаған тақпағыңа.

Бекарыс:

Пейiлi оразымның жарқын ба екен, мен оның түсiрмеймiн нарқын бөтен. Көргенбiз талайлардың қақпанын бiз, несiне ораз ағам шарқ ұрды екен. түсердей сенiң келiп қақпаныңа Қақпаныңның тiстерi алтын ба екен?

Арзан сөзге өзiң де барып жүрме, Халқыңның ниетi ғой – анық жүлде. Бекарысты бөктере қоямын деп, өзiңе зиян тауып алып жүрме.

Шын ақынның уәжi шын қашанда, Жетермiн оған өнер шыңдасам да. сыртын берiп отырса ораз ағам, мен оған iштi берiп сырласам ба.

сыйға – сый, сыраға – бал деген екен, Айтыстың әдетi ғой бұл қашанда.

Құрдастың арам терiн шығарайын, Аузын жиде жегендей қылмасам да.

Оразалы:

Бұл iнiм қарап тұрсам не бiледi, Әйтеуiр әрi-берi егiледi.

Қайдағы Холифилд пен тайсонды айтып, сахнада нелiктен желiгедi.

Шын тұлпар додаға кеп шапқан кезде, Шашадан ащы терi төгiледi.

тер де шықпай, төгiлiп сөз де шықпай, Бұл iнiм қу сүйектi кемiредi.

244

Айтыста сөздi асықша ойнатқан бар, ойнатып ордалы елдi тойлатқан – нар. елiңде не жаңалық болып жатыр, Көбейдi ме бойдақ ұл, бойдақ шалдар?

Бекарыс:

 мына сөз халқымызды ойландырсын, ойландырсын, көңiлiн жайландырсын. тайсонды айтып кеттiң деп өкпелеме, Құдай сенi тайсонға айналдырсын. өнер менен спорттың егiздiгiн,

Әй, бірақ, ораз ағам, қайдан бiлсiн.

егесiн таба алмастан ескегiмiз, Белгiсiз болып жүр ғой не iстермiз. Жаңалығын елiмнiң сұрадыңыз, сұраққа жауап берсек, қош дедiңiз. оңтүстiк-солтүстiк деп бөлерi жоқ, Бiр күн ғой бәрiмiздiң кешкенiмiз.

Айтайын мына жайды елесеңiз, Жан едiк өзенi мен кемесi егiз. екi зауыт тiрiлдi Шымкентiмде, Қалғаны да деп жатыр теңесемiз. Әзiрге осыған біз мәз боп жүрмiз.

Жылы сөзiн айтқандай жеңешемiз. одан басқа айтарлық жаңалық жоқ, Кiшкене күн жылынды демесеңiз.

ниетiн ақындары бiлдiрiп жүр, Бiреулер елдi бекер бүлдiрiп жүр. тағы да бiр қауесет шығып жатыр, оның анық-қанығын кiм бiлiп жүр. Жақында Президент келедi деп., оңтүстiктiң өлкесi дүрлiгiп жүр.

Қазақтың қанға сiңген әдетiмен

Бiраз басшы мұрынынан сүрiнiп жүр.

Жайғасып жайлауына көш бiткенiң, Көрсетiп жатыр қонақ-дос күткенiн. Бойдақ шал көбейдi ме деп сұрайсың,

мен сенен ондай сауал еш күтпедiм. Шымкентте бойдақ шалдар көбейердей, Кемпiрлер қырылды деп естiп пе едiң?

Оразалы:

Ардақ керек, әрине, айтысқа да, Ақылды сөз жеңедi қай тұста да. тайсонға мен айналып кетсем бүгiн, Арман айта алмай кетерсiң, байғұс бала.

естiгем жоқ кемпiрлер қырылды деп., Апаларым жатыр ғой бүгiн жүдеп.

Барлығы шұбырып кеп базарда жүр, үйдегi еркегiнiң күнiн тiлеп.

Әселхандай апаң да айтып едi, Арттағы ұлдарына «тiрiлшi» деп. осындай жағдайды айтпай бұл iнiмiз, Құрғақ сөзге құлағын бұрын тiгед.

сақтамай көңiлiңе кектi қандай, Жайың бар едi сенiң тек тұрардай. Апа мен жеңгелерiң жүр осында, Арманын оңтүстiкке жеткiзе алмай, Базарды күндiз-түнi жағалайды, Қап-қара шемiшкесiн өткiзе алмай.

Бекарыс:

ораз-ау, сөз қорыңды молайтқайсың, ойыңды түсiндiрiп көп айтқайсың. Бойдақ шалды сөз қылып отырғанша, одан да базарды айт деп неге айтпайсың?

ертеңгi егелерi болашақтың, Бүгiнде базарларда ала шапқын. тонын сатып жесе де, тойып жату – Бүгiнгi проблемасы бар ошақтың.

Бiз бұған қыңқ етпейтiн болып алдық, таяздығын көрсетiп парасаттың.

Бұл өзi ашылмаған әлем емес, Құр мақтау өкiметтi дәлел емес.

246

мен қанша әдемiлеп айтқаныммен, Бәрiбiр елдiң жайы әдемi емес.

секiлдi жаңа өмiрдiң баспалдағы, Халықтың өзгеше бiр басталды әнi. талай жыл түскеннен соң арасына, Көлiне қайта оралды қасқалдағы.

Бiрақ бiзге әдiлет жетпей жатыр, Қол жетпейтiн ай сынды аспандағы. Құзғынның көмейiнде қалып жатыр,

тауықтың тамағы үшiн шашқан тары.

Шулатып кәрi кемпiр, жас баланы, нарық деген заманы бас салады. Жұмыстан бiржолата бос қалғалы, Халықтың толмай қойды тостағаны. үкiмет те, ауысты әкiмдер де, тойдырса қайда қалды аш баланы. Жаңадан iске келген жақсы ағалар тiрлiкке бастар ме екен дос-жараны. тәуiптiң ең жақсысы, ағайындар, Ауруға ауру жамап, қоспағаны.

Құдайым құлқындыны шектесе екен, Жақсыларды қолдасын, көктесе екен. ертеңге еге болар ұрпақтардың өмiрi өкiнiшпен өтпесе екен...

1998 жыл.

АЙТАҚын Мен әзIМБеК

Айтақын:

Амансың ба, Алатау асқаралым,

сен тұрғанда мен кiмнен жасқанамын? Амансың ба, көңiлi жаз гүлiндей, Жомарт елi оңтүстiктiк астананың.

Ақ пейiлi ұқсайтын, Алатаудың қарына.

Алматылық ағайын, Келдiм сенi сағына. сүйiнбайға сиынсам, дем бередi жаныма. Бақтыбайға сиынсам, сөз салады жағыма. Ал, Әзiмбек, көмiлме, ендi менiң шаңыма.

өкiметтi көшiрдiк Ақмолаға,

ендi Алматым қазаққа жат бола ма? Шенеунiктер кеткенмен мафия бар, Айналмаса болғаны атқораға.

зиялы қауым мұндағы, Көктегi күн, ай болса, Аппақ қардай Алматым, Атына заты сай болса, Қарма жеген жарлы да Байпаңдаған бай болса. Алатаудың бөктерi, иран баққа айналса.

Азаттықтың айналған ақ туына, Жандайшаптың көнбеген жаттығына. Қасиеттi Желтоқсан себеп болған, Бодандықтың қамытын лақтыруға.

Қанмен жуған Желтоқсан, Қасиеттi алаңды. сүрiндiрген Желтоқсан, дiнмұхаммед данамды. дүр сiлкiнткен Желтоқсан, он сегiз мың ғаламды.

Бұйырмады демесем қыз жаныма, Құдай әкеп байлап тұр тұзағыма. Желтоқсанда Әзiмбек жолығыпсың, тоңдырайын өлеңнiң ызғарына.

248

Ала жаздай гөлайттап, Желпiлдеген Әзiмбек. Желтоқсанда отансыз, селкiлдеген Әзiмбек. Крыловтың шегiрткесi, секiлденген Әзiмбек.

әзімбек:

Жүйрiктiң мiнiп келдiм жарамдысын, өлеңнiң өрiп келдiм орамдысын.

Ақынға одан асқан бақыт бар ма, Халқының арқаласа бар алғысын. тараздан ал, ағайын мен де келдiм, тең ұстап үзеңгiмнiң таралғысын. Айтыс десе арқасы бiрге қозар, Көрермен астаналық, аманбысың. Жалаңдап сол жағымда сен отырсың, секiлдi Айтақыным, жаналғышым.

Ал ендi ақтарайын өлең кенiн,

Қайран ел, сен болмасаң келер ме едiм? Халықтың бiз бiлемiз баяғыдан,

Киелi өнерменен көгергенiн. Астана көшсе-дағы Ақмолаға, Көшпеген аманбысың, көрерменiм.

Көп боп едi келмегелi астанаға, Астана боп кетiптi басқа қала. Кеткендердiң орынын қытай басып, Қазақтар, қап қоймайық масқараға.

Бар нәрсе Ақмолада iлiп алар, Бұл жақта бiрi қалып, бiрi барар.

егер де жүз мың бойдақ қыздар қалса, олардың кiм кеп ендi сырын алар.

Жекеше үйi болса сол қыздардың, Қытай кеп пропискаға тұрып алар.

Болмаса қамыңды ойлар бiр адамың, Алашым, ашыла ма сiрә бағың.

елiне жағатындай iсi жоқтар, Бiлемiз заманбектен құлағанын. Кешегi Премьердi қуған зәкең,

Қытайдың таппас па екен бiр амалын?

Кеп жүрген Әзiмбектiң аты дара, Бұл күнде ақын деген аты ғана. Атағым болмаса егер бiр кездегi, Айтысқа Жүрсiн менi шақыра ма? Әкiм боп қайта келген заманбектей, Ақын боп қайта шықтым сахнаға.

Ал, халқым, барлығыңды жыр етемiн, Құлпыртып тотыдайын түлетемiн.

Көзiңмен көрiп қалшы ендi бүгiн, Әйтеуiр Әзiмбектiң тiрi екенiн.

Айтақын шыға салып секең еттi, Байқаймын, өлең сөзге көкем ептi. өзiңдi Жамбыл жаққа шақырып ап, тепкiзiп қояр ме едi текеметтi.

Ақыным, атағыңмен көк тiрейсiң, Армандап айға қолым жеттi дейсiң. Қанекей сөздерiңдi жалғай түсшi, тағы да қайтып жердi тепкiлейсiң?

Айтақын:

Жамбыл қалаң өзгерiп тараз болды, мысқылыма Әзiмбек араз болды.

Әлде ұрттап алған ба «таразынан», Қоқиланып бұл неге қораз болды?

Алуан түрiн арақтың, Алты әлемге тараттың. Парқын бұзған арақты, салауатты санаттың. мерейiңдi көрейiн, Жырдан жаңбыр себейiн, Алып келшi, Әзiмбек,

250

текеметiңе қосып ап, тентегiңдi тебейiн.

Айтып кеткен Iлияс матайдағы, Кенже, тұңғат матайда сақайдағы. мен түгiлi қобызшы молықбайдың,

Күй шерткенде жыбырлапты бақайшағы.

сарбас ақын сайраған, мұртын қаққан деседi. Шашубай да құйрықпен, Жорғалапты кешегi. менiменен айтысқан, Бақайыма өш едi.

Жұқты маған солардан, өнердiң осы «кеселi».

Химзаводың бар едi, елдiң үйін улаған. винзаводың бар едi, елдiң миын улаған. Пайда қуған қуларға,

оңтайлы болды бұл заман.

әзімбек:

мен сенiң айтқаныңа көне бiлдiм, Байқаймын екпiнi бар өлеңiңнiң. Жарым жолға келгенде жалтақтайсың, түсе алмасаң түйеге неге мiндiң?

Айтайын жағдайымды Жамбылдағы, Бiлесiң шетелдiктiң лаң қылғаны.

«лукойл» фирмасы кеп химзаводқа, ол жақта елдiң бағын жандырмады. Керектi жабдықтардың бәрiн сатып, есiнен ел-жұртымды тандырғаны.

Барлығын аш қасқырдай жалап-жұқтап, Бiздерге ешнәрсе де қалдырмады.

осылай шетелдiктер кеттi қырын, Қалың ой толғантады көптi бүгiн.

Алпыс миллион арқалап долларларын,

«Казфосфат» Алматыдан жетті бүгiн. тiзгiндi өкiмет неге кеш бердi оған,

«Ауызы сасық ауылдағының», – дептi бұрын.

Жүре бер Айтақыным тасқа сынбай, отырсың маған қарап аш қасқырдай. Жұлқынып сахнаға шыға келдiң,

Бестi айғырдың бой бермес қасқасындай.

екеуiмiз заман жайын жырлайық та, Шындықты айтпай бүгiн тұрмайық па? түгендеп шықтық атын бабалардың, өзiңдi көп мақтауың лайық па?

Болдық бiз бiр-бiрiмiзге неге бөтен, Қазақты қазақ өзі жеген екен.

Пугачева Алланы құдай көрген, ұғымы «Бутяның» да төмен екен. Әншінің демеушісі болғанменен, Жүрегi өз ұлтына шемен екен. туғанына түк бермес бұл байлардың, Қазаққа қараспауы неден екен.

егер де «иттiң қиы дәрi болса, сариды дарияға», – деген екен.

сен бүгiн амалыңды асырасың, Айқайлап, тепкiленiп басынасың. сен айтпасаң мен бәрін айтып берем, нелiктен мұндай жайды жасырасың?

есiмiн бабалардың жаңғырт, далам, мұндайда қазақ болмас әндi ұқпаған. тағы да қамшылағын намысыңды, Жүйрiк ең шашасына шаң жұқпаған.

Айтақын:

игәйiңә мына жұрт таң қалмайды, Жалықтырсаң бұл жерде жан қалмайды. Арық қойдың сорпасында дәм болмаса, Ақылсыздың сөзiнде мән болмайды.

252

Көресiң ендi бағыңнан, өз обалың өзiңе, өзiңнен көр қағынған, ұқсаймын деп тотыға, Шықылықтап сауысқан, Жүрiсiнен жаңылған.

мына заман қай заман, түрi жаман, Қасқыр құсап жортатын ұры заман.

«мен сенбеймiн байыма», – дегендейiн, зар жылатқан халықты сұры жаман.

мына заман қай заман, Арбаны жарға айдаған. екi қадам аттасаң, Базар толған айналаң. Бұлбұлдардың үнi өшiп, Әтештері сайраған. саудагердiң заманы,

Басы айналған пайдадан. Қылмыскердiң заманы, Болып кеткен хайуан аң, соның бәрiн тиятын, Қайда тәртiп, қайда заң?

Бiреу кедей, бiреу бай, ұшынып тұрған бұл заман. Жомарттың қолын жоқ байлап, Қысылып тұрған бұл заман.

Қолынан келген қонжиып, Қонышын басқан бұл заман. социализм сансырап,

мерт болғанда қансырап, Қайта туып капитал, орнын басқан бұл заман. Күнi үшiн күйбеңдеп, Қазақ деген қайран ел, малын сатқан бұл заман. Желбiр жекен желiгiп, Арын сатқан бұл заман.

доллар үшiн домалап, тәнiн сатқан бұл заман. Шешiп берiп шекпендi, Алтынын да, мысын да, мұнайын да, құсын да, Шедiрейген шетелге, Бәрiн сатқан бұл заман.

Ақын қайда сөзiнен жау жасыған, Аққан бұлақ секiлдi тау басынан. Әзiмбекке «бас десең құлақ» дейдi, саудагердей жаңылған саудасынан.

өлеңіңнiң ұйқасы, Шала пiскен бөлкедей. олақ әйел құраған,

Көк жiбi кеткен көрпедей. Шайнауға тiптi келмейдi, тарамыс болған желкедей.

әзімбек:

Батырлар ел қорғауда өттi арланбай, Жайың бар оны айтуға оқталғандай. Жаудың бәрiн шаптырып болдың ғой сен, Арпа, бидай ас деген күн кеп қалғандай.

Қайран ел, бастан ненi өткермедiң, Қанатты қиындықта көп сермедiң. өз туың, әнұраның, елтаңбаң боп, Байрағы азаттықтың көкке өрлегiн.

Шайқалмай шаңырағың шарықтай түс, Жаратқан, осыны тек көп көрмегiн.

Байқасам бұл Айтақын теңiз дейдi, Жыртықтың бәрiн түгел негiздейдi. Ағындап алға қарай жылжымасақ, Жыламаған сәбидi емiзбейдi.

Жатқандай көкейiңнен от өрiлiп, отырсың елдiң жайын өте бiлiп.

254

одан да жақсылыққа жорысаңшы, Қалсын бiр ел көңілі көтерiлiп.

Қосылып көпшiлiктiң жарысына, салайық қамшыны бiз намысына. 2030-ыншы жылды күтпей, Айналайық Азияның барысына.

Қазаққа бақ пен қыдыр қона жатса, Құдайым, сөйтiп елiм пана тапса. Бүйрегi бюжетiңнiң томпаймай тұр, Жабылып жатқанымен балабақша. Ауызынан сәбилердiң жырып алған, Кiмге опа болып жатыр арам ақша.

Айтақын, әңгiмеңдi бастай бергiн, тағы да сауалыңды тастай бергiн. Әйтеуiр көзi ашық ақынсың ғой, манағы сөздерiңдi қоштай келдiм.

Айтақын:

Бөбектi айтып Әзiмбек дау қылады, Жамандаған жақынын жау қылады. детсад деген түк емес, бiздiң қазақ, туберкулез, мерезбен ауырады.

Айтқаныңнан не пайда, төрде отырған төрелер сөзiңе құлақ салмаса. Аштан қазақ өлмейдi, меңдеп жатқан iндеттен, Қырылып бiр күн қалмаса.

Қасiреттiң жамылдық бүгiн торын, Байқайсың ба, ақыным, мұның сорын. орта Азия iшiнде Қазақстан,

Алады екен сПид-тен бiрiншi орын.

Жүйрiгi сенсiң тараздың, ел мақтаған ақтабан.

Биi де сенсiң тараздың, дауы болса жатпаған. Көсемi сенсiң тараздың, Көш-керуенiн бастаған.

«Қазақ елi» газетi,

Жар салып жүр жаhанға,. Жамандық жерде жатпаған. Қарағанды жерiнде, Қазыбектiң елiнде,

үш жүз елу адамы, сПид-пенен ауырып,

Қазақты сыртқа жау қылып, ел намысын таптаған.

Құдiреттi құдай да, сақтанғанды сақтаған.

ұрпақ жайын кiм айтар бұл ертеңгi, Жұбатпайды көңiлдi жыр-ертегi. ұстаз қайда бұл күнде ұлағатты, Ақша жинап балдардан күнелтедi.

мектепке бармай кей бала, Қатардан қалып мұңайды. Кiтап пенен жылуға, ұстаз ақша жинайды.

Айтатын болсам мен шындық, соқыр адам жылайды.

әзімбек:

Айтақын осы қап ед жетпегендей, отырсың бiр асауды ерттегендей. сПид-тi айтып сен өзiң қоймайсың ғой, осыны он жыл бойы зерттегендей.

Қарайсың қайта-қайта оң жағыңа, ойыма көңiлiңiз толмады ма. мынадай сөздерiңмен Айтақыным,

Қалдырарсың жарты жолда молданы да. сПид пен мерездердiң бәрiн зерттеп, доктор боп кетпесеңiз болғаны да.

256

Әрине мұғалiмдер жылайды ғой, олар тек шәкiртiмен шырайлы ғой. Болмаса бiлiм берер ұстаздарың, мектебiң бiр-ақ күнде құлайды ғой.

Айтақын бiраз жайды ұқпады ғой, Айтқаны құлағыма жұқпады ғой. Келе сап қара аспанды су алдырдың,

Ауызыңнан бiр жақсы сөз шықпады ғой?

елiмiз болашаққа беттесiн де, Қайғы-азап, қияметтi шекпесiн де. Жақсылыққа жорып айт сен одан да, Жамандық шекарама жетпесiн де.

Белгiлi көсемдiгiң, даналығың, Қалмапты қырықта да балалығың. өзiңдi күтiп едiм он сағаттай, осы ма айтатұғын жаңалығың.

сен бүгiн айттың бiраз ойларыңды-ай, сарқытпен келушi ме ең тойға мұндай. сөздерiң шашыраңқы болып кеттi, Қойшының қасқыр шапқан қойларындай.

Шабыттың айналдырып диiрменiн, отырасың, келiспейдi күйiнгенiң. тағы да айтысатын ақындар бар, Айтеке, осыменен түйiндегiн.

Айтақын:

Айып па екен мен мұны ашып айтсам, Жол бермеймiн, жол сұрап қарсылассаң. табылады қысыр сөз iздегенге,

сылтау қылып өлеңдi салғылассаң.

өлеңiң теңiз тереңi, Айтақын елге сенедi. Жаманды айтпай жақсылық, Әзiмбек, қайдан келедi?

елбасының талқылап жолдамасын, Қалай мұны ақындар қолдамасын. дұрыс болса бағыты, қарашасы

Хан жарлығын қалайша қорғамасын.

Жүзеге асса әр iсi, Қолдаса жас пен кәрiсi. Қазақстан болады, орта Азия барысы.

Жүрегiнiң түгi бар, Жолдан таймас жолбарыс, мұқалмаса намысы.

Қыран қонар өр болсын, Көңiлiңiз көл болсын, тiлерiм сол тәңiрден, төрт құбылаң тең болсын!

әзімбек:

Көрермен, ошағыңнан от кетпесiн, өмiрiң қиындықпен тек кетпесiн. Айтақын, бұдан былай шiренбегiн, тартпаңыз байқаусызда шорт кетпесiн.

Айбатты арыстандай ақырайық,

Бұл айтыс бiздер үшiн болды лайық. Қоштасайық сахнадан қимастықпен, тату-тәттi достардай, ал тұрайық.

1998 жыл.

есенҚҰл Мен ТәуШен

есенқұл: Ассалаумағалейкүм, Арнайы келген қонақтар, саңлақты бiздiң қазақтар, Құр қалмаған өнерден. домбыра қолға алайын, Әнiме бiраз салайын.

Көптен берi сағындым,

258

Аманбысың, ағайын!

Ақынның пiрi – Абайды, Абайды айтпай болмайды. Аруағынан айналдым, Пiрлерiнен бастайын, өлеңдi түйдек тастайын. етейiн сабыр саспайын, Ақынның пiрi – сүйiнбай, сөйлемеген ақындар, сүйiнбайға сыйынбай.

Ақынның пiрi – Жамбыл-ды, өлеңге, сөзге даңғыл-ды.

Барлығыңа, артына өнеге, үлгi қалдырды, Қарасақ көздi талдырды. үйретiп кеттi ақындар, сендерге де әр жырды. Құттықтаймын мінекей,

Шақырып кептi бұл күнде, Ақындардың кәрiсiн, өлең-жырдың бәрiсiн.

Ақын деген кiм ендi, оның бәрi, бәрi жын. Құтты болсын бәрiңнiң, Бүгiнгi күнгi табысың. Басты қосып қалыпсың, Халқыңа белгiлi, Шабыс пенен алысың. Аруағы бабаның

Қашан болса қолдасын. Қастық қылған бiздерге, ешқашанда оңбасын.

Аруақты батырлар – Бақтораз бен кешегi, 400-ге жасы жеткенде

Қазаққа болған ұлы батыр Аруағы Қарасай Барлығыңды қолдасын!

Тәушен:

Армысың осы отырған барша қазақ, Ақ тiлектi келiп ем, арқалап ап. сiздердi көрмегелi он жыл болды, Жүрсiздер ме бәрiңiз сау-саламат.

Жасымда ақын болып бiлiнбедiм, ешбiр жанның көзiне iлiнбедiм. маған берген құдайдың абыройы, Айтысқанда шалдардан сүрiнбедiм. Жүрсiнжан әдейiлеп шақырыпты, мақтан етiп мен бұған дүрiлдедiм. егемендiк алғандарың құтты болсын, содан берi мен сiздердi бүгiн көрдiм.

Құрметпенен шақырған соң келiп едiк, сөз бiлмесек бұл жерге неге келдiк. нұрсұлтаннан айналдым асыл халқым, Қазаққа алып берген егемендiк.

Бiзге бақыт – өркендеп өскендердiң, өз қолың өз ауызыңа жеткендерiң. Ақмоланы атантып Астана ғып, Құтты болсын тұсауын кескендерiң.

Жiгiтсiңдер барлығың жанып тұрған, Анадан ақылды боп, алып туған.

Айналайын мен дағы Президенттен, Қазақты жер жүзiне таныттырған.

Арнапты Бақтораздай ағамызға, Жақсы адам сақталады санамызда. Iнiлерiм, мiнекей, еске алып жатыр, осы шығар жеткенiңiз бағаңызға. Аруағына бас иiп, бiз де келдiк, Жүрген шығар рухы арамызда.

Әлiмнiң келгенiнше жыр арнадым, не деймiн деп, құдай-ау, қиялдадым. еске алып ағасына кеше ғана,

260

Қабыл болсын оқытқан құрандарың. Жақсының өзi өлсе де, iсi өлмейдi, ұмытпайды ұрпағың, ұландарың.

өнер деген өмiрмен бiрге келер, Айтыссаң сиқырлы сөз тiлге келер. Айтыс десе қоятын iшкен асын, Қазағымның қанына сiңген өнер.

Халқым, тамашаға келгенсiңдер, талай-талай доданы көргенсiңдер. Қол соғып, жұма сайын ақын қылған, мына мені, ағайын, сендерсiңдер.

өмiрге келгеннен соң адам болып, Жүресiң әр нәрсеге алаң болып.

Айналайын, есенқұл, ендi саған, мен сөйлеймiн қарағым анаң болып.

мiнезiңнен айналдым қыздай болған, өлең-сөзiң ұп-ұзақ жырдай болған. сен ендi ұлымменен жасты екенсiң, Көзiңнен айналайын тұздай болған.

Анаңнан қатты сөйлер мен емеспiн, Артықсың көп ақыннан кем емессiң. Жүрсiннен айтысам деп сұрап апсың, Айта қойшы, қарағым, не демексiң?

есенқұл:

Ассалаумағалейкүм Алматыма, Жиналған үлкен-кiшi, кәрi-жасыма. Жамбылдың жолбарысы жүр ме екен деп, Қараймын қайта-қайта тау басына.

Армысың аңқылдаған, тәушен апа, Келтiрген талай шалды тәубасына.

Апасы, қартайдым деп жорта айтасың, өлеңiңмен көңiлдi марқайтасың. осындай қарқыныңыз бола берсе,

Әлi талай шалдарды қартайтасың.

Қартайған деп сiздi осы, Жүр екен, апа, кiм санап? Кәрiден озып кетпейдi, Бүгiнгi туған мың талап. Қызыл ауыз қызталақ.

Қазақтан қалған бiр мақал:

«Кемелiне келгенде

Кемпiр де болса қыз табад».

Қазақтың қасиеттi кемпiрлерi, өткен өмiр суретi өң түрлерi. өз үйiнде өзi келiн сияқтанып, Келiнiнiң алдында елпiлдедi.

Жүрсiннен мына сiздi сұрағанда, дiңкелетiп отырғам жоқ өлтiргелi. Жүрсiннен сiздi әдейi сұрап алдым, Құдiреттi бiлсем деп кемпiрдегi.

тәушен апа, болам дейсiң анам бүгiн, өз ұлыңдай сенiң де болам бүгiн, өздерiңдей аналар тiрi жүрсе, заманның байқамайсың зұлымдығын.

Апамның айтқан өлеңi мына бiзге сабақтай.

Жас балалармен айтысып, Шалдарды қойдың жаратпай. Шалдарменен айтыссаң, Қадалушы едiң өкпеге, өкiмет салған налогтай. менi де қуып жүрмегiн, Алды-артыма қаратпай.

Тәушен:

Көңiлiмiзге кәрілік байқалмайды, нағыз ақын айтыстан тайсалмайды. есенжан, бiз қартайдық, мойындаймыз, өнер, шiркiн, бiрақ та қартаймайды.

262

Алпыстан алда қашан асқан шағым, Жетпiстi алқымдатып жатқан шағым. Апаммен айтысам деп жабысқан соң, Қалай ендi мен сенен бас тартамын.

талай жасқа, қарағым, келгенiм шын, талай шалмен айтысып көргенiм шын. тiлегiңнен айналдым, асыл халқым, Қол соғып, ақын қылған өздерiңсiң.

Айтпасақ та, есенжан, бiлiп жатыр, Құлағын ақындарға iлiп жатыр.

Қазақтың сылпылдаған кемпiрi көп, сахнада қай кемпiрi жүрiп жатыр.

Бақыт тiлеп сендердей балдарыма, Жетсiн деймiн аңсаған арманына. Айтысып ел-жұртыма таныс қылған, рахмет айтамын шалдарыма.

Бұл дәстүр шығады деп бiлген жоқпын, дегенмен жаман өмiр сүрген жоқпын. Әрiптес болғаныма бақыттымын,

Жеңдiм деп сол шалдарды жүрген жоқпын.

Қарапайым мен жүрген бiр кiсiмiн, ескiлiктiң көзiндей үлгiсiмiн.

Кейбiреу оқымаған деп айтады, оқымаған сараның сiңiлiсімiн.

есенқұл:

даусыңнан айналайын, асыл анам, тағдырдан не көрсе де жасымаған. Ақын кемпiр болсаң да оқымаған, түрiңiз көрiнбейдi тоқыраған. өзiңiзбен айтысқанда кейбiр шалдар, секiлдi жеңiл асық шашыраған. өмiрбақи шалдармен айтыссаң да таңдайыңа ешбiр шал татымаған.

Кемпiр боп осы жерге келсең-дағы, Қайтасың қыздай болып сахнадан.

Шалдарын апам жаман демейдi екен, ескi көз ескi көздi жебейдi екен. тасбақаның өзiне лайықты,

Болады махабаты демей ме екен.

Тәушен:

Жүзден жүрiк деген бар, мыңнан тұлпар, Көркiм жаман болса да сөзiм – сұңқар. талай шалды жеңдiң деп сен отырсың, талай шал сыртымыздан болған iңкәр.

Кемпiрдiң шалға айтатын назы жоқ па? Шалдардың кемпiрге айтар зары жоқ па? сұрастырып көрсейшi мына залдан, Айтысатын бұл жердiң шалы жоқ па?

мен отырмын өзiңнен сасайын деп, отырмысың көңiлiмдi ашайын деп. Байқап тұрмын, есенжан, iркiнiңдi, Бiрдеңе отырсың-ау жасайын деп.

Бұл күнде қыздарыңнан кемпiр қымбат, отырсың ба бiр шалға сатайын деп.

Жалтақтап қарай берем жан-жағыма, Шалдар шыдас бермейдi-ау жанжалыма. сатсаң егер, қарағым, бай шалға сат, тамақ болып қалсыншы балдарыма.

есенқұл:

Балаң сенiң отырған жоқ сасайын деп, өзiңе отыр бiр жақсылық жасайын деп. өзiңiздей, апасы, тұлдыр кедей, отырмын Әлiмқұлға қосайын деп.

Апасы, даусың сенiң жадырады, мейiрiмдi даусың мынау аңырады.

264

өз елiне қонбайтын сал кемпiрдi, Бай шалдар-ау, апасы, не қылады?

Тәушен:

Апаңа айтқан бұл сенiң сырың ба едi, өтiрiк пе, кiм бiлед, шының ба едi.

Әлiмқұлға қоссаңыз жаман емес, сом алтынның ол да бiр сынығы едi.

сөзi жоқ жақсы адамның жаңғырмаған, Әлiмқұлды өнерсiз жан қылмаған. менi алса егерде жақсы болад, Қолдайды ғой киелі Жамбыл бабам.

Ақындар бiр бастаса тоқтамайды, Айтысқанда уәжден бос қалмайды. Әлiмқұлға егерде менi қоссаң, туамын-ау, қарағым, тоқсанбайды.

есенқұл:

Әлiмқұл жүр қайратты, қуатпенен, өзiңiзге деген бiр шуақпенен.

Қазақта бiр нақыл сөз бар емес пе,

«Батырдан барымташы туад» деген. Әлiмқұлдың тұқымын алғың келсе, Шалыңнан екі-үш күнге сұрап берем.

Тәушен:

Бағымызды ол кезде ашпас па екен, Кiм бiледi кемпiр-шал саспас па екен? Құдай бiлед мен барсам Әлiмқұлға,

менен бұрын ол шалың қашпас па екен?

Iздегенге бұл апаң табылатын, Көпшiлiктi көрмесең сағынасың. Әншейiн әзiл қылып жатырмыз ғой, Қажап сен кемпiр-шалды не қыласың.

сенен мен ұтылмаспын, арғымағым, тiлiмдi терең сөзге барғызбадым.

Ағайын, бұл сөзiмдi айып етпе,

Жай әншейiн балам деп қалжыңдадым.

небiр сөз сөйлей берсең сөз болады, төмпек сөз айта берсең кез болады. Қайтеді осыменен аяқтасақ, естiгеннiң құлағы мезi болады.

есенқұл:

Әлiмқұл – қартаймайтын қатқан шалым, Жанына көп кемпiрдiң жатқан шалым. Боз биенiң сүтiне шомылдырсақ, Артығырақ болады жастан шалың.

Бір сынап, ақын апа, кеттiң менi, Көңiлiм өзiңменен көп гүлдедi. Айтысайын өзiңмен деп келгем жоқ, Келiп ем қыр-сырыңды естiргелi.

Аман жүрсiн өзiңдей өлеңдегi жақсылар. Аман болсын өзiңдей ескiден қалған бақсылар.

Апамменен айтысқан менде де арман жоқ шығар.

Тәушен:

Ақын iнiм, бәрiн де бiлiп тұрсың, өнерiңдi мына жұрт сүйiп тұрсын. Апаңды мақтадың-ау, айналайын, мәртебең әр уақытта биiк тұрсын.

Әр бiр сөзiң, қарағым, келiстi едi Бiр сөзiңдi келмейдi терiс дегiм. Анаңның ақ тiлегi осы айтылған, Шалынсын құлағына перiштенiң.

Әркiмдер сөз айтады досыменен, Көңiлдiң бiз де айттық қошыменен. тiрi болсақ, ағайын, кездесейiк, Аман болыңдар әйтеуiр осыменен.

266

есенқұл:

Жарықтық, жалпақ қана шешем едiң, Жарылып, желiмделген кесем едiң. Адам бiлiп болмайды әлi күнге,

Қай күнi бейнетiңнiң өтелерiн.

өзiңдей аман болсын енелерiм, Көтерген бәрiн бiрдей қара жерiм. Бөленіп шуағына мына өмірдің, Қызығын көре бергiн немеренiң.

Жамбыл атам сияқты Жүзге, апа, келiп кет. немере мен шөбере, Ары қарай өрiп кет. Жүзден жасың асқанда,

Шөберенiң боғына

тайып-жығылып өлiп кет.

1998 жыл.

МЭлс пен ОРАзАлы

Мэлс:

Әуелi, Алла, бiр Құдай, содан соң, Бекет атамыз, сапарымды оңдашы.

Адал да сөйлеп, ақ жүрген, Жiгiттiң – Қыдыр жолдасы. Ағайын, бүгiн бас қосты, сен көретiн айтыстың, Жүйрiгi менен жорғасы.

Жақсыларға тiрелдi, мына отырған сiздердей,

Жайықтан шығып жол басы. сиқырлап сөздi берейiн, Қиқулап тағы қолдашы.

Қызғалдақ – өмiр, қыз – жалған, мезгiлсiз сен де солмашы.

Көбiгi ұшқан көк теңiз,

Арнасы кеуiп тартылса, су болар дейдi болмашы. Ассалаумағалейкүм, Ақындар хандық құратын, мыңнан тұлпар шығатын, Айтыстың Алтын ордасы.

Жырласаң жанарыңнан жалт ұшатын, Айтыста қарпысатын, тарпысатын. оразжан, ойың бөлек, сойың бөлек, тайсалмай топқа түссе тартысатын.

Жаңалықтың көкесiн сен көрсеттiң, Бiр күнде бес ақынмен айтысатын.

Белiңе байлағаның берен болсын, Айдынға шығарардай кемең болсын. Жұртымыз зейiн қойып тыңдайтындай, Жүректен шыққан нағыз өлең болсын. Жылқының жүйрiгi де жыр секiлдi, Жаз мiнiп, күз жiберген көбең болсын. Кемдiгi бiлiнбесiн шабысыңның, ендiгi сөз кезегi сенен болсын.

Оразалы:

Бәйгеге тұлпар қоспас таң асырмай, Қайнатпас қаймақ үшiн қара суды-ай. Қарсылас, қарсылас боп шыққанменен, Көзiме көрiнедi-ау жанашырдай. себебi семсер ұстар бiр қазақтың, екеумiз ақын едiк баласындай.

ендеше мэлс аға, менменсiме, өзiңе сәлем бердiм нағашымдай. Ал, мынау халқымызға бас иейiн, Жемiсi жерге иiлген ағашындай.

отыр ем сiздi күтiп бас қалада, Армысың, адуынды аптал аға. Ауыздық қиған езуiн тайдай болмай, Бiз бүгiн жүгiнейiк ақ, қараға.

тас тессем де шығайын, тамшыдай боп,

268

менен де сыбағаңды ап қал, аға. Азуың өткенiмен жас балаға,

Адымың жетпей қап жүрме масқараға. Ақырғы айтыста «Аh» ұрып кетпегейсiз, Ақырғы оқты атқандай бос далаға.

Ал, ендiгі жол болса, аға сiзден, Хан туа жатар сосын қараша үйден. Алпамыстай арындап отырсыз ғой, Аңырап алпыс жаста бала сүйген.

Қанша тұлпар болсаң да кез болғандай, тасырқап тұяғыңа таға киген.

тоба деп топқа түсiп отырған соң, Шананы бiз сүйрейiк шамамызбен. Ағалық ақ қызмет болса сiзден, Iнiлiк iзет болар аға бiзден.

Бурадайын бұлқынып келгенiңде, Бұзаудай боп кетпегiн, тана сүзген.

Мэлс:

сырыңды оразалы бiлген жоқпын, Әсерсiз әңгiмеңе күлген жоқпын. Айдалаға оқ атып айтысқанда, Ауғанның соғысында жүрген жоқпын.

Айтысқа бүгiн шыққанда, Бiз сегiзбiз, сегiзбiз.

Жақсылардан жалғасқан, Жаңғырыққан лебiзбiз. Шабыты келсе шалқыған, Ауасы жұпар аңқыған, тулаған асау теңiзбiз. өзiмiз емес сөзiмiз,

сере шыққан семiзбiз.

Алдыңа келдi әлеумет, Айтыстың сегiз баласы. Алдыңнан бүгiн өтедi, сен көретiн айтыстың, Құласы менен аласы,

Шаңқаны менен қарасы. Айтылған сөздiң берiлер, Көрерменнiң атынан, Көрiктi болса бағасы.

Айтысқа келмей жатып-ақ, Қылдың ғой менi нағашы. Ақыннан өлең қашпайды, Аузында болса тобасы.

Шамшырақ жанған түбiнде, мұхиттан терең нәрсе жоқ. тектiлерге бұйырған, тереңдiктiң наласы.

Аспанннан биiк нәрсе жоқ. Астары төмен қарап тұр, Құдiретке кiмнiң шарасы. Айналайын, әлеумет, ойыма келген өлеңнiң, осылай болды шамасы.

Оразалы:

маңызды ойлар қозғадың масаттанбай, Ағасы, жарақ қандай, жасақ қандай.

Жөнiменен жырлаушы ең, жолыменен, Құдаға құйрық-бауыр асатқандай.

Қамшы ұстап қарагерге жайдақ мiнiп, Қатар шауып көр бүгiн хас сақтардай. Ауғанды айтқаныңда бiр мән бар ғой, Шарасыздық емес пе шатасқандай.

Ал, ендi ары қарай соз қапастанбай. тағы да өлең-жырды мен қозғайын, Жиен боп өзiңiзге тақасқандай.

Аға десем, әрине, тiл батпайды,

ол да маған емес қой құрғақ қайғы. нағашы десем жарасар айтысымыз, нағашыға жиен жақсы қылжақтайды.

Бiздерден жұрт кетпесiн кескiн көрмей, Жететұғын жерiне жетсiн деңгей.

Ал, аға, ерекше бiр лапылдашы,

270

еренсiз ескi сабанға от тигендей. тағы да өлең-жырды ағыз бүгiн, елдiң сырын ұғынып, ес бiлгендей. Қағысымыз қақпашыдай аh ұрмасын, Қапыда қақпаға кеп доп кiргендей.

Әдепсiздiк демессiз батырлықты,

мың қойды судан бiр ешкi өткiзгендей.

Жайғасып ел алдына жайқалайын, тиесiлi жүгiмдi арқалайын.

Ал, аға, ары қарай жырлап жiбер, Айтылған сөздерiңе тамсанайын. ел, сiздi аға, көргеннен шаттануда,

он жыл бұрын жоғалған марқадайын. Айықпас ақ борандай айта бiлсең, Қажыдан келгендей ғып қарсы алайын. оттай жанып, ағасы, келсең бүгiн, одан әрi жанып кетер, май салайын.

Мэлс:

мен сенен сөз күтiп ем селт еткiзер, Жiгiт емессiң күнiңдi ерте өткiзер. Жаңағы әңгiмеңе қарар болсаң, маздаған отың менен өртеткiзер.

Қайдағы қарасуды айтып кеттiң, мың қойды ешкi емес серке өткiзер.

Көрсетiп шабытымды бойға берген, Айтайын әңгiменi ойға келген. ораз-ау, әңгiмеңiз қалай болды, сапалы сөз емес қой сойға берген. Әр нәрсенiң басынан бiр шаласың, Қотыр ешкi сияқты қойға келген.

Көзiңдi салып қарасаң, зiл қара батпан нарық тұр.

нарықтың жүгiн тартам деп, Атанның қомы ауып тұр.

ел басына күн туса, ететiн сайран-сауық тұл. Жұмбаққа толы дүние,

Ақылы толы азамат, Жауабын айтпай нағып тұр. тәуелсiз елiм менiң де, тәуекелге барып тұр. сарнама десең қыңбайды, Жарнама-жаңбыр жауып тұр. Жасанды бұлты шетелдiң, Жауатын жерiн тауып тұр. сахнаға шыққасын, салиқалы сөз айтып, санасын елдiң сауықтыр. сақтағанды сақтайтын, Ақиқат сөз ғой анық бұл.

Айналайын, ағайын, Киркоров келсе шабылмай. Айтыстан хабар алып тұр. Бутя деген ағамыз, демеушi болып жатқасын, Iсi де көпке жағып тұр.

Қазақтың газы қайда екен, тозақтың газы жанып тұр.

Оразалы:

Жалпы елге жатқандай жеңiс келiп, Көршi аға, ат басына ерiк берiп.

Iнiңнiң сөздерiне ашуландың, Жүргендей түсiңде ылғи немiс көрiп. менiң де жаным жомарт, ал ағасы, Жiберейiн кәмпиттi бөлiп берiп.

«Көке» десе көз шұқи берме, аға, Көп сапырған қымыздай көбiктенiп. Алладан жауған ақ нұр секiлденiп, Кетсеңшi қара сөздi төгiп-төгiп.

мэлстi халық едi-ау мэлс қылған, мақалды мэлс едi терiс қылған. Бұрмалап әр сөзiмдi әрбiр жаққа, тағы бүгiн жасама тегiс құрбан. мамырдың тоғызына келiп қапсың, Батырдай мәскеу үшiн немiс қырған.

272

Әрнеге жүргiзсең де әмiрiңдi, ұмытпа деген қазақ тәңiрiңдi. саудан гөрі сырқат көп бұл қоғамда, Жалап жаза алмассың жауырыңды.

Қытайдың жылтырағын жылтыратып, Балқытып сипап жатыр сауырыңды. Қысық көз табаныңнан жалап жүрiп, Бiр күнi қиып кетер тамырыңды.

Алдын-ала ойланбасаң айығуды, Алтын төсек жаза алмас ауыруды.

Ал, ендi шабытың болса шарық қайрақ, менiң сөзiм болады-ау анық қайрақ.

Күптей едiң, жiптей боп кетiпсiңiз, Қамығып жүр ме екенсiз халықты ойлап. Кешегi бабалардың ұрпағы едiк,

ел дегенде отырар сауыт сайлап. Күлдiр-күлдiр кiсiнеп келсең-дағы, Күн бұлттанса кетесiң Жайықты ойлап. Жайықтың, мэлс ақыны, аман болшы, Жаңбыр жауса жүретiн қайық сайлап.

Мэлс:

Айналайын, ораз-ау, Жаттанды сенiң сөзiңдi, Келедi менiң сарқығым. Ағайын тауып алады, Айтылған сөздiң айтыста, Жарқыраған алтынын. ойыңа салып өлеңдi, оттай болып шарпыдым. Жайықтың емес мен бүгiн, Ақынымын деп жүрiп ем, мына отырған жалпының.

Жан берген бәрiмiзге жалқы Құдай, етсе екен елiмiз бен халқымды бай. Шабытың шала жанған шөп сияқты, оты жоқ сөздерiңнiң салқындығы-ай. Айтыстың мәнi кетер, сәнi кетер,

Қара өлеңге бермесек қарқынды рай. суырып салмағасын сөз де әсерсiз, сабаның түбiндегi сарқындыдай.

төле би тура сөйлеп тартынбаған, Қаз дауысты Қазыбек қаңқылдаған. Қасында екi ағасы тұрған кезде, сөз қалмас Әйтекеде айтылмаған. Аузымыздың бүгiнде дуасы жоқ, Қарға болып кеттiк пе қарқылдаған. Бiр сағатқа шыдамай айтысқанда,

Жабуы ауған тайлақтай жалпылдаған. Ат тұяғын аспанға көтермесем, Ақыным деп қарама, халқым, маған.

Көтерiлсiн айтыста, Әлеумет, сенiң мерейiң. ораз деген жақсыны, Ай мен күнге теңейiн.

Аңқылдап бүгiн отырмын, мына отырған халыққа, осыдан артық не дейiн. дұрыстап сөздi таба алсаң, Айтқаныңа сенейiн.

Ары қарай ендi жалғастыр, сөз кезегiн берейiн.

Оразалы:

Арынды кезегiңдi алғаннан соң, Атақты алдаушы болмай Алдардан соң. Жаттанды деп айтасың бұл оразға, Шатасып қылышыңды салғаннан соң. Жаттау деген сөздi бiр жаттап апсың, Балаларға көп жаттатып қалғаннан соң. ел таны желiп жүрiп, атың барда,

Ау, аға, Алашты ойла, асыр салма. сөз шегесiн шешендей шегелейiн, Көк мұзды көл түбiне батырсаң да. Ал, ендi, аға, мына iнiң үшiн,

274

Алдыңа ақыл салғын ашу салма. Бiраз жерге ағамды апарайын, Айлаңды Алдардан да асырсаң да. Шығыстан шығар күндей келгенiңде, Батысыңа қайтадан батырсам ба.

Байыппенен сөзiмдi аңғарарсың, Бала да жiби қоймас ашушаңға.

Айтыста аға қандай, тең тұс қандай, Күш атасын танымай бел қысқандай. сөз түсiнбей айтпаңыз тағы да, аға,

Қыранды айтып жыланды қорқытқандай. Ал, ендi, аға арындап шабыңызшы, Арыстанға айналып жол тұтқандай.

Қапыда қалып жүрме бұл айтыста, Қақпанға қол-аяқты тең сұққандай. Қыруар ел қыран деп шығарғанда, Қасқыр түгiл қайтпаңыз борсықты алмай.

Мэлс:

мен-дағы шаршамаспын шаттанудан, Жүректе жыр теңiзi ақтарылған.

Шынымен қанға тартқан қасқыр болсам, Қарғып өтiп кетермiн қақпаныңнан.

Ай, мұқағали айтатын, ей, менiң сайран мекенiм. Айтыста бүгiн алаулап, сайран да салып кетемiн. ортаға бүгiн шығарды, Айтыстың тұрған екi ерiн. Шабытың қайда, ораз-ау, Айқайлап отыр, әнеки, Қаптаған қалың нөкерiң. Айтамын сөздi сенсеңдер, Айтары бар ақынға, өлеңнiң күшiн көрсеңдер. Шабыттанып кетейiн, мына отырған халайық,

Алақанды бiр соғып, тағы да қуат берсеңдер.

Айтысқа бүгiн жиналған, Астана жұртым, алашым. Жырменен жазсам деп едiм, Жүрегiңнiң жарасын.

Аман-есен жүре бер, Айналайын, оразым, Ағаңның ықтап панасын. Кешiрмейдi көрермен, Шабытыңның шаласын. дұрыстадым мен бүгiн, тұлпарыңның тағасын. Iлесе алмасаң сен қазiр, нөкерден анау пайда жоқ, далада қалып барасың.

Оразалы:

осы бiз сөйлеп кетсек не демеймiз, Бiлмей қалдық не баймыз, не кедеймiз. Шабытың жоқ деп бүгiн отырсаңыз, Шабытты ешқашан да тежемеймiз.

Бiр тентек тентiресе өле мақтап, мұның дұрыс емес деп елемеймiз. сөйлесек ауызымызбен орақ орып, Iске келсек құр шырыл шөрегеймiз. осы бiз аспандағы күн нұрын да, Күнде көрiп жүрген соң елемеймiз.

сөз айтсақ ақ көңiлдiң ордасындай, салмағың да бар едi қорғасындай. Ағасы, жан ұғарлық сөз айтқанда, мас адамдай кетпешi жолға сыймай. дәл бүгiн адуынды айтпасаң да,

Көңiлiң бар ханның аппақ ордасындай. мақтауға ұшып кетiп жүрмегейсiң, үрлеген шар секiлдi қолға сыймай.

Айдалаға бұрасың әр сөзiңдi, Аңқау елдiң арамза молдасындай.

276

Арамза дегенiмдi ауыр алма,

доп-домалақ болушы ед ол да осындай. Аман-есен жүре бер, ау, ағасы, Апамның қатық сүзген дорбасындай.

Мэлс:

Халайық ұлтым деген ұлын көрсiн, Ақынның алмас қылыш тiлiн көрсiн. ораз-ау, көп мыжымай қоймайсың ба, Келе жатқан қыздар анау гүлiн берсiн.

1998 жыл.

МЭлс пен дәулеТКеРеЙ

Мэлс:

Армысың, асқақтаған Алатауым, далама айбат берген дара тауым. Ассалаумағалейкүм, көрермендер, Алтыннан қымбат маған алақаның. Алдыңа сар желдiрiп мен де келдiм, мiнгесін сағыныштың сары атанын. өлең-қызды алмасам өкпелетiп, Бұрымын талдап өрiп, таратамын.

Армысың, дәулеткерей ақын iнiм, мен бүгiн бауырыңнан жаратамын. ей, тәкаппар дүние, тас та болсаң, мойыныңды бiр бұрғызып қаратамын.

Бағаласа халық пен қазыларым, Бұл жерде керегi не базынаның?!

Көк байрақты көтерген қыран құстың, Қанатындай қайтадан жазыламын.

Қанағат болған жерде қасиет бар, Алтынның дұрыс көргін азырағын. сандығын ашады деп саған сендiм, Айтыстай қасиеттi қазынаның.

Бұл өлең бермейдi ғой жанға тыным, Айтары жоқ адамның алма тiлiн.

намысыңның көрсетшi найзағайын, Жарқылдап аспанында Алматының.

Көп айтыстың болар ма бiрi мұндай, Аталы сөз ұлтымның ұғымындай.

Азаматтар демеушi болып жатса, Көрмейiк Шығайбайдың шығынындай. Ағалы-iнiлi боп бiз де келдiк, Айтыстың құлыны мен жұлынындай.

дәулеткерей:

Жұртымды бөлеп жырдың құндағына, салиқалы сөз салдым сындарыңа. махаббатпен жыр сыйлап мәуелi елге, Шапағатпен үн қаттым шыңдарыңа. томағамды сыпырдым тобыңа кеп, Жаратқан жар болсын деп жырларыма. Жүрегiмнен жыр-сәлем жолдай келдiм Құдайдың құлақ кестi құлдарына.

Жырымнан жан ләззатын алсаң абат, сөйлейiн сөз киесiн сан салалап.

Ағайын айтшылап кеп, айтыс көрген Қабыл болсын, тiледiм баршаңа бақ. рамазан айында ықыласпен

Айтылар бiр Пайғамбарға бар салауат. иманын кәмiлдеген қазағымның Жүрегiн отты өлеңмен алсам орап. сара сөздiң саңлағын сыйлаған ел, сағынышпен жеттiң бе сау-саламат?!

тәңiрiм өнерлiге өрiс бердi, Бармақтай бағы барға жемiс бердi. Арғымақ ағамменен жұптасқасын, демеспiн несiбем де кем үстелдi. Бақ сынасып көрейiн алдарыңда, иығыма қондырып перiштемдi. дүбiрi дүниенi дүрсiлдетiп,

Жерден мәдi шыққандай мэлс келдi.

278

Жұртым бар өнерiңдi байқас деген, Күбiсiн қара өлеңнiң шайқас деген. Алмастай ағам едiң жарқылдаған, Айтыста суыратын айқасқа өлең.

Ал, ағасы, бiрақ та ұмытпағын, Алмасты да жүздейдi жай таспенен.

Кей ақын көбiк сөзге көп семiрген, Көбiк сөз iлесе алмас көшке мүлдем. Айтыстың ақтангерi өзiң едiң, Бағасын баталы ойдың беске бiлген. Ағасы, өзiң мiнген қайығыңды, өзiңнiң жүздiремiн ескегiңмен. өйткенi, әуенiңдi алып шықтым, Аулақпын бүгiн сiзден сескенуден. сынады деген сөз бар қазағымда, сексеуiлдi ұрсаң тек сексеуiлмен.

Айтыстай аршындаған ақ күлікпен, сөйлейін қыран қанат қақтырып мен. тақым қысып отыр ғой тыңдармандар, тілменен тұлпарларын шаптырып тең. отырсаң бірлігіңмен мамыражай, Алашым, басыңа кеп бақ біріккен. татулықтың тартайын таралғысын, тіл үйіршы ал, аға, тәттілікпен.

Мэлс:

мұнар да мұнар, мұнар күн, Бұлттан да шыққан шұбар күн. Қай жерде айтыс бар десе, Жарысуға құмармын.

Шабытым менiң шапқыла, тұлпарындай тұранның. Қасиеттi дiнiм бар Құбылаға қаратқан, Құдiретiндей Құранның. Басыңнан бiр күн айығар, торлаған мына тұман күн. дәулеткерей, саған да

Атымның басын бұрармын. Көркем де көркем сөзiм бар, Құйылғанындай құманның. Айтыстың мына аспанында Айменен бiрге туармын.

Жақсылық тiлеп жалғанға, Күнменен бiрге шығармын. сексеуiл болып сен қазiр сексен жерден ұрсаң да сына алмайтын шығармын!

Бiсмiллә деп бастайын, Қашаған – өлең, қаз болып, Қаңқылдап маған қайта кел. сүйiнбай – өлең, саз болып, сұңқылдап маған қайта кел. Құдайдың берген бақыты – Жанданып жатса қайта өнер.

«тiрiсi тiлге тоқтаған, өлiсiн сөзбен жоқтаған», Айтысым менiң – мәрт өнер. Аталы сөздi айтпасаң

Айтыс та бүгiн қайта өлер. Жолың болсын, бүгiнгi дәулеткерей сияқты Бәйгеге түскен тайтөбел. Шабыт берсiн саған да Шапалағымен шалқар ел. Ағасы мен iнiсiнiң Шабысын көрсiн бүгiнгi Айтысқа келген байтақ ел.

Желбiреп тұрған жастығың Байқасам, көркем тұлымдай, есiтiп жүрдің атымды Бауыржандардан бұрында-ай. Iрiден сөйле, iнiшек, ұлтымыз бiлер ұғымдай.

Кейбiр ақынның теңеуi сарымайға батқан шыбындай.

280

Құлагер ағаң көп сенiң, Iзiне ертең ере алсаң , Құлдыраңдаған құлындай.

дәулеткерей:

Арайлап алашымның таңы туды, демеңiз бұл iнiңнiң сағы сынды. Алдымда арлан мэлс жортқан кезде, Шабытым менiң дағы ағытылды. сындыру мақсат емес өзіңді, аға, Қыздыру мақсат едi шабытыңды.

Ақын мен ақын бүгiн айқаспай ма, Қасыңа iнiң келiп жайғаспай ма. тайтөбел болып келдiм мен қасыңа, тарлан боздың тұяғын тай баспай ма?

Бұл ағам айтар сөзге мапандай-ды, мысалы, жыр-Жамбылды шапандай-ды. дүбiрi аламанның естiлгенде,

Шын тұлпар шалғынында жата алмайды. Құлагер-құлыным деп тауып айттың, Құлын өспей, құлагер атанбайды.

сөйлейдi iнiң сөзден жол бiлгесiн, Жел сөздiң желмаясын желдiргесiн. Жiлiгi татитұғын сөз айтайын, ертең күн артымыздан ел күлмесiн. Айтыстың көрсетейiк шын үлгiсiн,

«ит қуды, қоян қашты» боп жүрмесiн.

Алдыма өзiң келдiң өлеңдетiп, ойыңды көкейкестi кемелдетiп. сөйлейсiң толқын ұра, толастамай, Жағасын Жайығыңның кемерлетiп. Қасқайып қасыңызда мен отырмын, Басымда тұрмаса да бедел бекiп.

Жамбыл да жырларыңа хош-хош айтқан, Қара өлеңнен қалыпты-ау Кенен кетiп.

Жалғанның арты, аға, жалаңаш қой,

Бұл өлең кетер ертең сенен де өтiп. Ал ендi емен-жарқын көсiлiңiз, Шардара шанағыңды бебеулетiп.

Мэлс:

Жүргенде басың қатып саудаменен, Жаныңды алсын бүгiн баурап өлең. орақпенен орылып күнi кеше, Балғаменен соғылып қалған өлең.

Аз ойлап, көп тыңдайтын пенделердей, Қаз ойнап кеттi бүгiн қарғалармен. менен кеткен өлең де елге барар,

Жел қанат, жер тарпыған аруана өлең.

дәулеткерей, даусыңнан сахнада ояндым.

Ағаңның iзiн басқан соң, Айтысқа шығып бой алдың. Келерсiң талай бәйгеге, демеймiн саған тоя алдым. өлең деген тектiлiк – тарихы сынды ноянның.

Киiк жырды мен бүгiн Арқаланып айтыста Құрметiңе соярмын.

Жаңағы айтқан сөзiң бар, сен маған жауап берсейшi, итiң кiм, қоян кiм?

дәулеткерей:

сөзiм бар жұмыртқадай аршып алған, Қағiлез қазақ деген қаншыл ағам. өзiңдей ақыны бар ел бақытты, толымды ой, төкпе жырмен хал сұраған. Қарсыласын қаз құрлы көрмейтұғын, Қарқының бар аумайтын қаршығадан.

Iнiлiк iзетiме мен тұрармын, Ағалық тұлғаң болса жарқыраған. Астыңда қанатты атың болғанымен, Ағасы, артық емес қамшылаған.

282

өзiңе жырдан бүгiн кит беремiн, Ағама ақыл айтып сүйт демедiм. Ағасы, сөздiң салты емес пе едi, мақалда бар қоян мен ит дегенiм.

Айналайын, ағайын, Алдыңда бүгiн Алла деп, Ақжаңбырдай толассыз сiркiресем деп келгем.

Асқарынан Алтайдың Асып аққан өзендей Күркiресем деп келгем. тас түлек тектес өлеңмен

Алдыңа шығып тұңғыш мен Бiр түлесем деп келгем.

Бәрiн айт та, бiрiн айт, Айтыс айтыс болғасын мэлстей мынау ағаммен сiлкiлессем деп келгем!

Ағаға iнi неге елiрмейдi,

Кемесiн жалған шабыт жел үрлейдi. Қалайша мэлс толғап кеткенiнде, Көңiлi iнiсiнiң семiрмейдi?

Ағасы, арындамай, байқап сөйле, Қубас айғыр құнанын кемiрмейдi.

Мэлс:

сiлкiлесуге тұрмайтын Ақын iнi сен емес.

Iнiнiң сөзiн тыңдамас Ақымақ аға мен емес. Қубас айғыр деп қалдың үйiмде күндей қызым бар, Қубас дегенiң жөн емес.

Балқы Базар айтатын:

«Жақсы менен жаманның Арасы жер мен аспандай». Жүректе толған жырым бар, Болашақта жазылар дүркiреген дастандай.

намысың болса бойыңда Көрiнерсiң сен ертең, Айтыста тұрған асқардай. Бiлемiн сөздiң қадiрiн.

Әлдекiм сынды мастанбай. Қыздар да саған шай құйған Жауқазын бейне жас талдай. Арқырап бастағанымен

Iнiм де менiң сасқандай.

Аманаттап ойды айтамын ойымда жүрген отпенен. Жаманатқа қалмайсың Жарысқан кезде тектімен. Әуеніммен жырласаң, Айтыстың бүгін өсетін мәртебесі деп білем.

мен сайрайын, сайрайын, Көктем де болып жайнайын. ізімнен ерген інім бар, Аспанда тұрып қарасаң,

он төртінші айдайын. Ағалығымды көрсетіп, Көңіліңді жайлайын.

мен сені тастамаспын күресінге, Айтысып ағаңменен жүресіңде. дәулеткерей атыңнан айналайын, ұқсасын деп қойыпты ұлы есімге. мың жерден шапқанменен арқыратып, тұз көзір менде отыр ғой, білесің бе?!

Бұл жерде бұйырылмас айыпқа жыр, Көрейін әзіл айтып халыққа бір.

Алматыда айтысып отырғанмен, дәулетжанның көңілі Жайықта жүр.

Көркіне айналғасын сахнаның, Айтпай ма алаулатып ақын әнін. іні болып сен тұрсаң ізетпенен,

284

Алдыңда жыр-теңізді сапырамын. елге келген қадамың құтты болсын, ерулік деп Ауылға шақырамын.

тұлпар-жырдың тайдырмас тағасы елiм, өлеңмен тарқатайын дала шерiн.

Бұйырса, күткен жерден шаң беремiн, маған да үмiтпенен қарашы, елiм.

Батырлықтан бақ тапқан алмас қылыш, Ақындықтан бәрiбiр аласа едiң. малың менен жаныңды садаға деп, Ардың туын көтерген Алаш едiң. өлеңменен аштырған оразамды,

Барыс жылғы бiр шалдың баласы едiм.

дәулеткерей:

Ағамның айтыс деген ұраны бар, Ағызған арындатып бұлағы бар. сөйлесе төкпелетіп текті жырмен, Көпшілік көкейінде тұнады бал.

Бүгін де алдарыңда жарқыратып, өлеңмен жағатұғын шырағы бар. Қубас деп айтқаным жоқ мен ағамды, Артында еріп жүрген құнаны бар.

Айтыстың кетпесін деп арманда ері, талқыға салып отыр талғамды елі. Ағасы, арман деген үлкен, асқақ, Шақырады алаулаған таңнан мені. еліңнің тұлпары едің тұмарлаған, саңлақ сахнаның сандалкері.

Мэлс:

Айналайын көрермен, Ақындарың біз едік Алқаға түссе сайраған. дәулеткерей, сөз айттың Шығарып жауап майдадан. Көл қорыған қызғыштай, сен десе салам байбалам. өлеңнің құнын біледі

өзіңнен артық қай балаң? Жайықта жүр жақсы қыз Күн-түні сені ойлаған. сол қызға сабақ беретін мұғалім мелс – қайнағаң.

оқыдым өлеңіңді «Парасаттан», тамаша бұлақтайсың жараса аққан. өнердiң шын жолына түсем десең, Аулақ бол арзан атақ, ағаш аттан. өкпесiн өнерге айтып кейбiреулер, Адамдай тызылдайды ара шаққан. Қазақтың айтысының сен болашақ даңқты жүйрiгi бол дара шапқан!

1998 жыл.

БеКЖАн Мен МҰХАМедЖАн

Бекжан:

Қайталансын Бекжан боп, Қырандарға тән өлiм. мысалы болсам қайтесiң, мәртебелi мәренiң.

Ассалаумағалейкүм, Ассалаумағалейкүм, Ар-ұяты, пейiлi Пәренжелi пәк елiм.

Ауызындағы түкiрiк, дәрі болған төренi дайындаған ерлікке махаббаты дер елi. Әулие төрiм едiң ғой, тәрбие төрiм едiң ғой, сағынудың сiздердi сәтi келе бередi.

рентгендiк қасиет дарысын, тыңдарманға ең берiк. ревизор болып отырған,

286

Пиғылдарға пенделiк. Аспан тектес жас буын, Адал iшiп ас-суын, рекордтарды жаңартсын Айтысқа әрлi рең берiп.

ырысын елдiң кемiткен, Бос уәде, бос ырай.

Жалқаулыққа оқытар одақ та қалды о шырай. Болаттардан құт дарып, Перзенттерiң ұлт танып, Әкеден кейiн туылып, дәулеттi болсын осылай.

Алқалы топ, әлеумет, Көңiлге мәрттiк, кеңдiк бер. таразылар сәт келдi,

тiлiме заңды теңдiк бер. тазабековпен айтыста, Бес сайманым сай тұста,

«Бермеймiн» деген немiстен, Берлиндi алған ерлiк бер.

Әрiп бiткенге атау боп, Алфавиттерде жоқ қазiр. Құбылыс болып келейін, Келтiре қоймас от зәбiр. ойнамастан ұрыспақ, Айтысайық дұрыстап, Кезектi саған берейiн, Бас бәйгелi боп қағыр.

Мұхамеджан:

Бiссiмiллә, сөз бастайын билердей боп, Жанымыз жақсы сөзден киген көйлек. мен бүгiн сөз сиқырын көрсетейiн, сүлейменнiң жүзiгiн кигендей боп.

Ассалаумағалейкүм, бапкер елiм, Бақ сынадым алдыңа именбей кеп. Бас иiп, сәлем бердiм Қағбадағы

Қара тасқа маңдайым тигендей боп. Халқымның жүзiн көрсем қуаттанам, Хазiреттiң саусағын сүйгендей боп.

семсер тiл мұқалған жоқ сескенердей, Көңiлiм құлазымас көшкен елдей.

ой – қалта, санам – сандық, зердем – қоржын, зерлеген сөздi ғана екшегендей.

Құмардан бiр халықты шығарайық, Күйеу кеп күйлi ауылдан төс жегендей. Ақындарын сағынып қалған шығар, Көк биенiң саумалын көксегендей.

Жырымен жампоз нарды иiткендей, Жүргем жоқ үлкендердi биiк көрмей. маңғаздар маңдайшадан таяқ жейдi, Бастарын босағаға иiп келмей. сахна да сардала секiлдi ғой, саңлағын iрiктейдi жиып-термей.

саудырап өңкей жастар жиналыппыз, Кимелеп суға келген киiктердей.

Жалын сөз жас жүректен пайда болар, маздаған отты ұштасаң май да жанар.

«Айтыс» деген ауызша кiтапхана, Әркiм естiп, қажетiн пайданалар. Ақын айтқан сөз жетсiн жүректерге, Құранның сүресiндей айға қонар.

Бекем болып келдiң бе, Бекжан ақын, Жiгiттей жорға мiнiп тойға барар.

Бармақтай бақ, балдақтай тақ сүйемес, марқасқаның iзi де майдаланар.

Жас жiгiттей жарқылдап сөйле бүгiн, Көп бiлгенсiп көсемсу қайда барар.

Аталы сөздi ұқпасаң, абыройың сал-серiнiң атындай сайда қалар.

Шаншып айтсам шамданып қалмағайсың,

«тақымы бос ашуын тайдан алар». орақ тiлдiң орамын бiр жазайық, отырыс болсын осы ойда қалар.

288

Бекжан:

Атыңнан айналайын, туған дала, туған дала, мен үшiн тұлғаң дара. Баладың сара қызды биiгiңе, Қарадың сол көзбенен Бiржанға да. татулық – ең бiрiншi атар оғың, Батырға көмек келер тылдан ғана. Шарықтау аспаныңда қиын екен, Қаншама арманшыл боп туғанда да.

Алысып арнасымен теңiз бiткен, Ауызға толтырып ап қобыздық дем. Аңсатып жаялықтан тән иiстi,

Ақ жырдың адал сүтiн емiздiк тең. ешкiммен бөлiспейтiн сенiм күшiн, тұрамыз болат мiнез сегiздiктен.

Атағы Аспан сүйген серiгiм ең, Қиын-ау сәттерiңдi егiз күткен...

сарайдан сауат ашып сан мұраға, Бабында отырғанда бар құрама. мүмкiндiк екеумiзде тең болмаса, Шығарып сахнаға пар қыла ма?

«Келсең-кел» айтысына шақырайын, Көршiлер араласпаған заңды бала. зор екен сiзге деген ел құрметi, Шапалақ ұрып қояр алдын-ала. өзiңдi «еркiн баға» заманында, Балапты феноменге Арғын аға1.

Азуыңды айналып өтiп кетсем,

«Жол тәртiбiн бұздың» деп зар жылама.

Асығам достасуға тең өремен,

«Әдебиет – ардың iсi» деген ермен. Алғы сөздер жазатын мәртебең бар, Бәрi де басталған-ау «Бере берден». Баласың апасымен тойға барып, Қалтаға өрiк-мейiз төге берген.

1Арғын аға журналист, қоғам қайраткері Арғынбай Бекбосынов.

Ал, ендi аруағың қолдаса екен, Айтысқа өзiңменен ере келген.

Мұхамеджан:

Құрметтеп ұлы өнердi жүрген ерсiң, Қадiрiн әрiптестiң бiлген ерсiң.

«Азуыңды айналам» деп отырсың, талай-талай додаға кiрген ерсiң. Азуымды айналып өтемiн деп, өңештен өтiп кетiп жүрмегейсiң.

Қолда деп батыр бабам, ақын бабам, Атадан сөз асырар ақылды адам.

Балбырап балалардың шабысына, Көкжиекке жамбастап жатыр далам. Қызыл тiл – қынсыз қылыш, тiс – ақсауыт, Ауыз – ошақ отты сөз лапылдаған.

Бастамаң дұрыс болды, Бекжан ақын, Ал, ендi тартысқа шық тақымдаған. Жеңiс күн жер қозғалар сөз айтпасақ, Көркiмiздi көруге шақырмаған.

сұм соғыс ұмыттырып балалықты, түтiнге тұншықтырған даналықты. сол кездегi солақай саясат та, Пайдалана бiлiптi-ау шалалықты. орта Азиядан барғандар немiс үшiн,

Қайтпайтын қара орыс боп саналыпты. сонда да олар отан деп, орда бұзып, Берлинге барып танытқан даралықты. мiне, Бекжан, сол жеңiске елу үш жыл, Болып тұр ел ырысты, дала құтты.

ендi ешқашан соғыстың кiлтi ашпасын, Қаhармандар сап кеткен қара құлыпты.

Айтқаны ақындардың ұғынықты, ғаламға жүргiзедi кiм үгiттi. соғыс жылы Жеңiске деген сенiм, левитанның даусымен тiрiлiптi. сол секiлдi халықты рухтандырып, Бұл Бекжандар танытсын iрiлiктi.

290

Жәкеңнiң «ленинградтық өренiнен», Фашистiң танкiлерi сүрiнiптi.

Қажымұқан самолетi сезiндiрген, Әке-шешең бермеген жылылықты. ер боп туған Әлия, мәншүгiңнен, еркектердiң тiзесi бүгiлiптi.

Баукеңнiң қаhарынан қорыққандар, Әйелдiң етегiне тығылыпты. рейхстагқа ту тiгер ұлды берген, Қайдасыңдар, қазақтар, дiнi мықты.

Ақынсың жүйрiк болып саналғандай, Шабуылға шыға қалсам шараң қандай? Артық қимыл жасамай, сақ отырсың, Арланның апанына қамалғандай.

Борықтай борпылдаған бозбаласың, Құс мұрын, құмай кеуде, марал маңдай. Жүректi солқ еткiзер сөз айтайық,

Қара жерге найзағай қадалғандай. Ал, ақыным, сөз баста арқаланып, Арқардың құлтекесi жаранғандай. Көзiң сүзiп қарайсың көрерменге, ерiнiңе насыбай сап алғандай.

Бекжан:

саралар азаматты дос елегi, дұшпандық ақырында бос өледi. тек қана ауа райы тәуелдi еткен, Бабамның рухы мықты, есен едi. Айтысу, көкпар тарту қиқулатып, Қазақтың қасиеттi қос өнерi.

«өңешке кiрiп кетпе» деп отырсың, Айтысым бұлай болса өсер ме ендi? Қарсылас жеңiсiне сенiмдi екен, Ал, оның болған екен не себебi?

Бәйгенiң ауылына апаратын, Әкеңнiң атындағы көше ме еді?

Бағамдап қарсыластың шартты райын, Шекара күзетiнде сақ тұрайын. табиғат заңы емес қой – жеңе беру,

Бағамды бара-бара арттырайын. ерлiкке бару үшiн себеп керек, оған да дайын адам боп тұрайын. Адамдар сұлулықты сурет көрiп, Айнадан iздейдi екен жоқ шырайын. саусақтар қайталауға ұшырайды,

Қазақтың санай берсең көп «құдайын». спорттық сипат алды айтысымыз, мұхажан, ұғымыңды нақтылайын. солақай боксершының тәсiлiмен, Күтпеген қапталыңнан соққылайын. николай озеровтың дауысыменен, Қақпаға кiрiп кетер доп қылайын.

Ақ айдыннан алыстап шортан балық, Бостандығын ап қойды ортаңғы арық. нарықтық заң орнады зәлiм ниет, Капиталист қоғамнан қолтаңба алып. Қырық бiрдiң қырғыны сынап берген, Әлеуметтiк орта бар кемтар, ғарiп. ордендерiн сатқыздық соғыста алған, окоптағы дауыстан дерт арналып, өгей көзбен қарайтын өлкелерден, Бос бөтелке iздедi дел-салданып.

Әр әжiмнiң тарихын жатқа бiлмей, Қарт танымын отырмыз келте аңғарып. Бар ошақта олардың болуы шарт, мәртебесi – Әнұран, елтаңбалық.

мәншүктер өлтiрмесе немiстi егер, Қазiргi әрекетiң терiс келер.

Анаңның ақ жүрегi ақ парақтай, Қалдырған автограф перiштелер. Баhадүр ұлдарыңа пейiлдi боп, Бойында базар ашқан келiстi өнер. ұлылық егiз туса қайтер едi, табиғи дауыс бар да тең естiлер.

Қарсылас қорғаныста ойнайды екен, Алдағы жоспарына тегiс сенер.

Жасанды «офсайд» қылу ойымда бар, Әйтпесе, түрiң жоқ қой жеңiс берер.

292

Мұхамеджан:

Бекжан, мен отырмын жайыңды ұғып, сөйлейiк сүре, түре, қайым қылып, озеровты айтасың, қақпаны да, тыңдап тұрмын сөзiңдi пайымды ғып. Болаттай ағамызды демеуші ғып,

«Қайратқа» жiберейiк ойыншы ғып.

өзiңе қарсылас боп, жақын қылып, отырмын кеудеңдегi сәтiңдi ұғып. Әкемнiң атындағы көше де жоқ, Бiр құдайым жаратқан ақын қылып.

Жеңiске жетсем, Бекжан, жетiп жүрмiн, Қазағымның көңiлiн көпiр қылып.

Бабаңның ұлық тұтсаң бар мұрасын, Жартастағы дауыстай жаңғырасың. Жiгiтсiң бұлттан биiк, ұлттан төмен, Жасықтық жiгерiңдi жаншымасын. Жиырма бестiң қайратын көрсет бүгiн, Халқыңның бiр толтырып қанжығасын. Балалықта даналық танытпаса,

Ақыл тiс кiмге керек алжығасын?

ұстаған суретшiдей қыл қаламын, сөзден сурет салсам жанар мұнда бағым. Халық жайлы толғанып, ойды айттың, төмен түсiп кеткендей бiр қабағың.

Балықтар басынан кеп шiрiгенмен, Айтайықшы көңiлде тұрған әнiн. Бүгiндегi жастарды ойланам да,

Жан-жағыма қарап мен мұңданамын.

ештеңе тiлiп айтпас тiл секiлдi, Жырлайық, туған елiм, бiр шетiңдi.

«Бұл дүние бiреуге бақ, бiреуге сор», дегенi бабалардың шын секiлдi.

соқыр iшектей шошайып жүргендер көп, сәлем берсең, шалқаяр пiр секiлдi.

Халықтың көңiлi қазiр мұң шертiп тұр,

Қобызға қолдан таққан қыл секiлдi. ұлттық рухын жоғалтқан ұлдарың көп, Қылышына тар келген қын секiлдi. тамырын тарата алмас қыздарың бар. Шелекке отырғызған гүл секiлдi.

Құдайсыз ұрпақты да өсiрдiк-ау, Құмырадан шығарған жын секiлдi.

Келмейдi бұл қазаққа сырттан қайғы, сырттағы елге өзi де сұқтанбайды.

Алдын алып көрмеппiз аурудың, дертiң де дер кезiнде құнтталмайды. есiрiп, есi кеткен жас буындар, ертең ұлық болғанда ұлтты алдайды. Жастарында тәрбие-тәлiм болмай,

Жұлдызы жанып тұрған жұрт болмайды. Ағаштың да дiңгегiн ақтап тұрсаң, өрiктiң өзегiнде құрт болмайды.

Бұл заман байқап тұрсаң, күрес кiлең, Шайқасады бiр ессiз бiр естiмен.

Құс базары дегендi бiлушi едiк,

Қыз базарын, Бекжан-ау, кiм естiген?

тағдырдың татпаса да жұмсағынан, Қазақ қызды сыйлаған гүл шағынан. Жер-әлемдi жаулаған Шыңғысхан да,

Қыпшақ қыздың шықпап па ед құрсағынан? Азияға әйгiлi Әлия, мәншүк,

Аман едi өсектiң бұршағынан.

Ал, бүгiнде жан-жаққа қараймын да, Iлгергi iзгiлiктi шын сағынам.

сұлулар суға еритiн шекер ме едi, Көргенсiздiк жайлап тұр көп елдердi. талдай түзу жiгiттер тағыланып, мейiздей сұлу қыздар мекерлендi.

Ар, иманы ақаусыз болса егерде, Арабтарға сатылып кетер ме едi? Аймақтың гүлi болған ару қыздар, Байлардың күңi боп жүр шетелдегi.

294

«Ауруды ажал кеп әшкере етер», Бетiмiздi баспайық бекерге ендi.

сүйгендей айым-асқар, күнiм-шыңды, ерiген май боп елге үнiм сiңдi.

Батысты оқып, Шығысты тоқығалы, ой өсiп, санам сергiп, тiлiм сынды. заңды ұрпағы болар ек заңғарлардың, заман жайлы шерте алсақ бүгiн сырды. Бiздiң дәуiр қорабы темекiнiң, Жылтырлармен ораған күлiм сiңдi. ұрпақты улап келген жиырма ғасыр,

Жанып бiткен жиырма тал шылым сынды.

Бекжан:

осылай сахнаға ұшар денем, Әрине, қарсыластан күш ал деген.

«Қайратқа футболист бол» деп отырсың, мұхажан, сөйлеп едiм мысалменен.

Барондар бара қоймас қате iстерге, Боп шығар мансаптыға шатыс пенде. Қоғамдық акустика әлсiреген,

Кiм айтар ақиқатты қатысты елге? лениндiк сенбiлiктiң «көрерменi» – Қазақтың жалқаулығы таныс перне. ойнайтын эпизодтық рольдердi, ұқсайды тағдырымыз әртiстерге.

Болдық-ау анекдоттар кейiпкерi, Жас әулет әуестенiп жат iстерге.

тағдыры ел мен жердiң былай қалып, тек қана ұлтшылмыз-ау ас iшкенде.

Қашан да ұлы айтыстың тың тәлiмi, ысырмас ыдыс-аяқ ынталыны.

Патефон, пiлтешамның дәуiрiнде, Атомның ақиқатын кiм таныды? тарихты паралаудың құрамындай, Патшаның пайымында пұл қадiрi? Баласы Конторбайдың сабақта жоқ, Ап кеткен бөтелкелес бiр тамыры.

тiлге еркiндiк бердiк деп, дiнге еркiндiк бердiк деп, дiлге еркiндiк бердiк деп, Кiмге еркiндiк бердiңдер? Пушкасы келiп үйдi атқан, Пушкинi келiп миды атқан, Әселханға ұқсамас

Пiлге еркiндiк бердiңдер.

Академиялық бiлiмдi Әкеден алу – әдiл жол. Қазақша бiткен қарын да Қанағатымен қадiрлi ол. Азаттығыңның жолында, Қазақ тiлiнiң жолында, Аспан көздермен атысқан, дудаевтардай әдiл бол.

миссионерлерден жыйсын да, мәсiсiн киген ел есiн.

Бейiтке белгi болғанша, Бұл жерге өзiң егесiң. Кришнайтқа өткендер,

«Крышалары» кеткендер. махамбетiңдi мазақ қып, мияулап өткен демесiн.

ұят-аятын бiлместер, Құлағын түрмес естi үнге. Бес парызын өтеуде, Бейтараптар бес тiлде.

Баптистерге иланып,

«илла-лаhқа» қиналып, Болашақтың ауызымен Құттықталмайды ешкiм де.

Құдайдың үйiн келiспес, уәделермен бiтiрген.

Қағып түсер қарғыс бар, Қате кетсең үтiрден.

296

мултьфильмдегi қояндай, мүфтиiң қойды-ау оянбай, Пiкiр айтуға көштi ғой, Қалтасы толып пiтiрден.

сәлем саған сан рет, ниеттiлер мекенi.

Бабаға берген сертiнен, сырғымаған екi елi. табиғат сенiң дiлiң ғой, Шариғат сенiң дiнiң ғой, рәтбектерге осыны ескертсеңдер не етедi?

Алланың атын аз көрме, Басқарып тұрған пультпенен. Құндылықтарын өлтiрсе, ұмытылады ұлт деген. мырқымбайларға айтыңдар, Қыртымбайларға айтыңдар, елiнен жеген арам ас, Жерiнен шығар күтпеген.

Мұхамеджан:

Адалдың аспанында бұлт болмайды, Арамның ауласына құт қонбайды.

Жүрегінде иманы жоқ адамның, Жүрген кезде табаны нық болмайды. Аллада адамдарды алалау жоқ,

тәубе қылсаң күнәңнан түк қалмайды. Бара алсаң адалдықтың ақ жолымен, Пейіштің есігінде құлп болмайды.

Қыздарға дейді қырық үйден тыйым, Бұл күнде олай болуы мүлдем қиын. Әке мен шешеден де әсерлірек, тәрбиелеп жатқанда видео-фильм.

Қай қазақ өз иманын тірнектемес, Қай мұсылман өз дінін құрметтемес.

Шапаның қырық жамау болса дағы, Ағайын, иманыңды кірлетпе еш.

Адамдар пейіш-баққа бару үшін, меккеде өмір сүруі міндетті емес.

уа, Бекжан, қиядан жол табатынбыз, тәрбиені жиі еске алатынбыз.

Ал, бүгінде кісілік кісенделіп, Қасиеттің кестік-ау қанатын біз. еліктеуге келгенде есерлерге, өзгелерден оқ бойы дара тұрмыз.

Бұл адамдар маймылдан шыққан жоқ деп., рас, кейде кісі боп қалатынбыз.

Адамдықтан азғындап, азып-тозып, Біздер қайта маймыл боп баратырмыз.

салмақты сөздерің бар төкпе жырдай, дегенмен, бәрі сіңбес бетке нұрдай. сорпа суы болмаса сіңіретін,

Кісі де жалығады еттен ыңғай. Қасыңдағы қарсыласты сен ұмытып, еуропаша ойлаумен кеткенің-ай. суырып сап жорғалық көрсетелік, сүйінбайдың шыңына жеткен ұлдай.

Қарасам қарсыласқа қапталдағы, сабыр сақтап отырса, сақтанғаны.

«Біздің Бекжан байсалды» деген сайын, Көрінбейді күлгені, шаттанғаны.

Қабақ шытып қарайсың айналаңа, сіңірлі сілеусіндей қақпандағы.

Ақын деген арқырап тұрушы еді, ішін тартан бурадай ақпандағы.

Ал, сенің қозғалатын түрің жоқ қой, Қонжиып, қонжық құсап шатқалдағы.

Бекжан:

Бабымды бекемдесем бiр iс тынар, Шабытым шетiнемес ұрыс құмар. Көңiлдiң хат тасушы кептерi боп, Жаңалық әкелуге тырыссын Ар.

298

Болсаң да айтыстағы реформатор, Шама бар қарқыныңды ығыстырар. мұхажан, суырып сап айта қалсаң, оныңды атап өткен дұрыс шығар.

даламның даңқын дәрiптер, Қайда серi, қайда сал?

Ауылдың сәнiн кетiрген, Кәсiпсiз кемпiр, майда шал. Ханыңды тақтан алардай, Арыңды ақтап алардай, Құдiрет керек ақынға, Құран Кәрiмге ой қосар.

зиялы қауым зеріктің,

«зекетiн» берiп ши бұттың. Кеңсайға тұрып кезекке, Ақсайдан тәуiр үй күттiң. дорбаңның түбiн қағатын, докторлық қорғап алатын. Безендiрiлуі мықты ғой, Беделi азған билiктiң.

заңдар шығып жатыр ғой, тiлек айту түрiнде. велосипедтен құлаудай, Беделден құлау бұ күнде. Бастықтарды кекiрген, мiнбелерден лепiрген, Бұрышқа ғана тұрғызып, Жазалаймыз-ау түбiнде.

октябряттар орнына – Ақпа құлақтар келдi ғой. Пионерлер орнына – зиян ерлер келдi ғой.

Комсомолдар орнына нан соғарлар келді ғой. Коммунистер орнына – Коррупистер келдi ғой.

дамыған шалдар ауылда, домино ойнап жүр дейдi. Кемпiрлерiне кездеспей, Әр үйде ойнап жүр дейдi. емiзiк ему ауыр деп, есiрткi шегу тәуiр деп, Құдайдың салып суретiн, сәбилер ойнап жүр дейдi.

Қайық қайда барарын ағыс бiлiп, Жағалаудан күтуде алыс күдiк. таныстырып ойнайтын басшыларды, Аспанында қазақтың тағы үскiрiк. сексен бестен басталған реформаға, ел сенбеске айналды әдiстi ұғып. таныта алған бiр кезде жүйрiктiгiн, Кәрi тарлан шабады намыс қылып.

Әлиханның заманын бара жатыр,

«Алихандра» сериялы ауыстырып.

осынау тауқыметке тола ғасыр, Әлiптiң артын бақсаң болады асыл. мысалы, мырзалиев мұрат еткен, Атанар қазақ тiлi төраға тiл. ұрлана қарап қойып «шпорына», Халықпыз айта бiлер молаға сыр. тек бiзге екi ауызды болмау керек, Айтарым iнiге де сол-ақ ақыл.

Мұхамеджан:

Жыр кеттi тарихтардың жағасында, сүт кеттi ғасырлардың сабасында.

«екi ауыз болма» десең мен болмайын, Бір ауыз бола бiлсем нанасың ба?

Құранға ой қоспай-ақ қояйықшы, ой алса да жетер елдiң ағасына. Пешенелi пенденiң соқпағы бар Бесiк пенен бейiттiң арасында.

елдiң жайын жырладың, жердiң жайын, соны айтып көкейге ой саласың да.

Жерiнiп билiктiнiң тоқтығынан,

300

Жалдың қылы ұшқандай шоқтығыңнан. соның бәрi, Бекжан-ау, өрiстейдi, Бойындағы тектiлiктiң жоқтығынан.

Желiсiн ғасырлардың желi үзбеген, тарих пен тағылымды егiз көрем. Кешегi Кенесары тұлпарына, доңыздың басқан шөбiн жегiзбеген. ұмайдың үлгiсiндей зере әжемiз, Құнанбайды дәретсiз емiзбеген.

Атаның бойындағы тазалықтан, Абай туды тектiлiк негiзбенен. Азғындап жүрген пенде аз ба бүгiн, торқа киiп, мiнсе де семiз дөнен.

Былғанған бұлақтар кеп құйғанменен, Кiнә артпаймын халықтай теңiзге мен. осынау аурудан айықса деп,

Жүз жиырма төрт мың пайғамбар ем iздеген.

Қазақтың жағдайы жоқ мастанардай, сызды басып сүйегi қақсағандай. өкiмет өз былығы өзiмен боп, Халықтың жағдайы үшiн саспағандай. немқұрайлы тiрлiктi көзбен көрдiк, Қоғамның ақыл-ойы ақсағандай.

гсК-ны ашты да қайта жапты, Шалалық керек ендi басқа қандай? Бiреудiң әлпештеген қызын алып,

үш күннен соң талақ қып тастағандай. Билiкте жiгiттер жүр мол арналы, Ауызына да алмаған тобаңды әлi.

Кешегi банк басқарған Жандосовың, Iлгергi Жандосовтай бола алмады. орысша ойлап, жөйiтше түс көргесiн, Халқының көкейiне қона алмады. ораздай бабасының тектiлiгi, Баласының бойына оралмады. осындай ұлдар тiзгiн ұстаған соң, Қобалжу басылмайды қоғамдағы.

Келгенмен «нарық» деген саналы шақ, Бұрынғыдай жаймады дала құшақ. заңың да, заманың да бұрмаланып, Көбейдi кигiз тiлген қара пышақ.

Парламентiң жатыр-ау заң туғызып, Жылда құрсақ көтерген ана құсап. Бiрақ сол заң жетiлмей қалып жатыр, Полигонда туылған бала құсап.

Шебер ақын сөйлемес шегiнiп құр, ойларыма құлақ сал менiң ұтқыр. егемендi елiмнiң есiгiнде, Қылмыстың қыл арқаны керiлiп тұр. Ақшаға адам атқан қарақшылар, Қан сорған қандаладай семiрiп тұр.

Қазан аттай ерлерден ерте айырылып, Қазақтың қабырғасы сөгiлiп тұр.

ел деп келген мұстафа өзтүрiгiм, Желкiлдеп келмеп едi желiгiп құр. ел намысын қорғаған ұл едi деп, Алатау – қарт бабамыз егiлiп тұр.

Жер-Ананың жоғалтқан перзентi үшiн, Көк аспанның көз жасы төгiлiп тұр.

Бекжан:

Әрқашан алдымда сен болшы дара, Атанбай пақыр iнi, паңшыл аға.

Әу баста ойнағансып басталатын, төбелес аяқталар қан шығара.

Құласа жерге жетпей мерт болады, Аспанға жақын тұрған даршы бала. Айтысты осыменен тәмамдайық, Әсте-әсте жақындасып қалсын ара. Жамбыл да көп сөйлеудi ұнатпаған, Жамбылдың көп сөйлеген жасы ғана.

Мұхамеджан:

Халқыңның отыр, мiне, саналары, Аузыңды аман болса бағады әлi. Ауыз емес, ақылы сөйлейтұғын, самұрық жiгiт едiң даладағы.

302

Биiктен биiктерге өрлей бергiн, Бәйтерек секiлденiп жағадағы. Қасиеттi бiр ұл бол қазағыңа, Көмпиiп көмпеш нандай табадағы.

Көкейде көп сырларым жатыр аман, сөзiм бар сүйiншiңе татымаған.

Көк шәй iшiп көпiрген сарт құсамай, Азды ұнатсын мұндайда ақын адам. Келiп бiр қуантып ек көрермендi, Кетiп бiр қуантайық сахнадан.

Бекжан:

Алақан маған бiткен көл себердей, таулардың тәнi бiрге теңселердей.

Қыз-қырқын ренжiп қалар реңiмiз жоқ, рәпәтi келiспеген кеңселердей.

сен менiң пошымымды көп айтасың, тiрiдей салмағымды өлшегендей. сиқырлауда айтылар сөз тәрiздi,

Бiр уәж айтпайсың ба ел сенердей.

Аспаны поэзияның бейғам iшкi, Қарсылас, игередi кiм ғарышты? Арналар ересектер зейiнiне, ғаламат айтыс жасап сый дарытшы.

мұхажан, бойдақ болмай үйленiп ал, уақыт кешiрмейдi ырғалысты.

Болсаң да өңiн бермес өкiметтей, ойлағын анашыңа қолғабысты. Әкесiн ата қылу анты болған, Қайдасың барыс мiнез ұл намысты?

Айтарым, мұхамеджан, жалғастырғын, Кешегi ата-бабаң қылған iстi.

Мұхамеджан:

тiркесiн бiр қуайын тiзбек жырдың, сәулесiн iздегендей сiзден нұрдың. үйлену жайында сөз қозғадың-ау, Қандай жауап келер деп бiзден бүгiн.

Алматыда, әрине, қыз жоқ емес, майысқан сабағындай үзген гүлдiң. Ағылшынша сөйлейтiн арулар көп, Қазақша ойлайтын қыз iздеп жүрмiн.

Қыз Жiбек, Айман-Шолпан, Құртқа бәрi, Жұлдыздай сәуле шашқан жұртқа жаны. тарпаң тағдыр бойдақ қып қоймас менi, сыбағамды күтемiн сырттан әлi. уақыттың уысында сығымдалып,

уыз да сүрленгесiн құрт болады. Көп кешiкпей көлеңкем екеу болар, Көңiлiмнiң табылса құт қонағы. таңертең тау да таза көрiнгенмен, Күн батпай-ақ басына бұлт қонады.

1998 жыл.

МЭлс пен МҰХАМедЖАн

Мэлс:

Келедi жыр моншағын қатар үзгiм, Батасы қабыл болсын атамыздың. Ал ендi, мұхамеджан, арқырайық, Шапаны шабыт берсiн апамыздың.

Мұхамеджан:

Шапаны шабыт берсiн апамыздың, өтеуi секiлденiп батаңыздың. дегенмен әр нәрсенi орынымен, Киейiкшi iзiндей аталы iздiң.

Қазақтай кiм ұғады дәл киенi, Киелiлер босатар жан-жүйенi. Басыңдағы қалпақты мұрап дейдi, мұрапты тек патша мен хан киедi. Жөн-жосықты бiлмейтiн бұл заманда, Келiнiнiң кебiсiн шал киедi.

сен едiң мэлс ақын оралдағы, ойыңның өзгермептi орамдары.

304

маң-маң басып жүрушi ең маңғыстауда, ол арманың оралдан оралмады. толағайдай деп сенi не ғылайын

Iзге түскен аңшыдай сонардағы. екi үйдiң ерке ұлы секiлдiсiң, етегiне сап жейтiн он алманы.

сыртқа сырғи бермей құм секiлдi, тигiзейiн от шықса тiлге тiлдi. едiлдiң еркесiне сәлем бердiк, Шайырлар шамалы ғой бұл секiлдi. Ал, аға тамырыңнан нәр алайын, Жантаққа жапсарласқан гүл секiлдi. домбыраңды көтерiп кеп қалыпсың, Бөрененi көтерген пiл секiлдi.

Шығысқа келгеннен соң шырайыңды аш, түнерiп жүре бермей түн секiлдi.

еңсең бар ел алдында ер iспеттi, Атағың алты алашқа тегiс жеттi. Пiрдiң соңы Бекеттiң ұрпағы едiң, Бiрiншi боп сыйынсақ немiз кеттi. маркс, Энгельс, ленин мен сталиннiң Басын қосып атыңды мэлс дептi. тегiнде затың қазақ болғанменен, Әттең-ай, атың бiрақ келiспептi.

Мэлс:

сөйлеткен бiздей ақынды, Қылыштай қызыл тiлменен Құдай берген жақ шығар. Бәйгеден бүгiн байқасаң Бағы шапқан ат шығар.

Бағасын берер отырған Жамиғат пенен жақсылар. Басыма киген мұрабым мұхамеджан, байқасаң, осы айтыста бүгiнгi Басыма қонған бақ шығар?

Бiз жүрмiз бес күн тiрлiк жалғаншыда, Алданбай жылтыраған алдамшыға. табиғаттың жәудiрiн таңнан сұра.

Қаңтардың қаттылығын қардан сұра. рас-ақ атым мэлс екендiгi,

осы аттан баяғыда-ақ алғам шүбә. Атымды өзiме өзiм қойған жоқпын, үйдегi кемпiр менен шалдан сұра. Айтыста алауласын лапылдап ой, екi ақын жүйрiктердiң сапында ғой. Баланың үйренетiн өнегесi, Бабаның жазып кеткен хатында ғой. мұхамеджан, бiлесің бәрiн өзiң, Әңгiме атымда емес затымда ғой.

Мұхамеджан:

серiлер сөз бастасын сайраннан кеп, мэлс те сөйлеп жатыр қайраңнан кеп. мұхамеджан атымды мен ескерсем, онда ертең кетем де пайғамбар боп.

тартып ем суыртпақтап сыр ағадан, салқын қарап қалғандай сiрә маған. Жайдақ сөзге соншама мән бердiң-ау, Құлайтын адам сынды мұнарадан. менiң айтқым келгенi қазағымның, тарихы да осылай бұрмаланған.

Басқа түгiл атың мен фамилияңа, саясат өз шегесiн сыналаған.

Ал, сен болсаң ауырдан аулақ қашып, Айналаңнан iздейсiң кiнәлi адам.

Әйтпесе, мэлс түгiл кiм десе де, Кеп-кетер ештеңе жоқ мына маған.

сара жол сап берген соң сақ бабамыз, Байыппен жүремiз де бақ табамыз

Биыл – ұлттық тарих жылы деп жатыр ғой, Пайымдаулар парағын ақтарамыз.

Қазақты жою үшiн не iстемеген,

306

оны ойласаң жылауға шақ қалармыз. горбачевқа дейiнгi тарихыңда,

тар жол, тайғақ қалды ма баспаған бiз. Ату, асу, айдалу, ашаршылық –

Құдай сақтап бiз аман қап қалғанбыз. Ақиқаттың атасы арам өлiп, мәскеудiң айтқанынан аспағанбыз. лениннiң бетi ашық жатқанымен, Шындықты көрге көмiп тастағанбыз.

тарихта қай тұнбадан былғанбадық, мысалды отырғам жоқ тыңнан алып. орысша оқымаса өспейдi деп, Баланың тәрбиесiн бұрмаладық. ресейлiк «Алланың» әнiн сүйiп,

Ал, Алланың құранын тыңдамадық. Қазағымның Болатын «Бутя» деп, Ана тiлдiң ақ жүзiн тырналадық.

Абайдан Пушкин мықты дегендердiң, Қолын алып, төсiне гүл қададық.

Желтоқсанның жеңiсi болмағанда, судай боп сiңер едiк құмға барып.

Мэлс:

Ағысы қатты өзендей Ақын едiң екпiндi.

Берен жырды баптасаң Аямай тiптi бет тiлдi. Жаңағы айтқан сөздерiң Қылыштан да өткiр-дi. Айланың түрi көп екен Әуенге басып бұрынғы, Шыққан соң мына финалға Бастадың «заготовкiңдi».

Алдарыңда ақындар

Қас тұлпардай ойнақтап, Көсiлiп кеткен сияқты, мерейiңдi халайық өсiрiп кеткен сияқты.

өлеңнiң бүгiн түбi де тесiлiп кеткен сияқты. Ақындар айтқан сөзбенен, Жаратқанның жұмбағы Шешiлiп кеткен сияқты. сөз түсiнбес бiреулер,

Ақын-ақын дегенге есiрiп кеткен сияқты. үстiңдегi шапанмен мұхамеджан, шабытың Шешiлiп кеткен сияқты.

Мұхамеджан:

Кiшiлер ер жетуге асығады, үлкендер шаштың ағын жасырады. Шешiлмей мына маған не көрiндi, Бар кезiнде бабамның асыл әнi. мэлстейiн жiгiттер мың жасасын, Жеткендей боп құлаққа ғасыр әнi. Жас ақындар бiр-бiрiн iлiп-шалса, Бойларында күшiнiң тасығаны.

Қорада қошқарлардың сүзiскенi – Бiр-бiрiне мүйiзiн қасығаны.

уа, мэлс тектiлiкке сай болалық, Бұл айтыс шайқасатын майдан анық. Шыққасын тәуекелдiң тәжiн киiп, отырғын белдi бекем байлап алып. Арғы атаң найза ұстаған батыр едi, Атқан оғы тиетiн айға барып.

Iркес-тiркес iрiден сөйлесеңшi,

Әңгiме айтқан жан болмай шайға барып. Қайран бiздiң қазақтың ұрпағы да,

май шабақтай барады-ау майдаланып.

Мэлс:

ойласаңыз, ағайын, Кәрiлiк пенен жас қандай. Алдыңызға келген соң сөйлейiн ендi мастанбай.

308

Байқасаңыз, халайық, Айтыс деген – асқардай. Асқарды қарап тұратын Бұл халықтың көңiлi Биiктегi аспандай.

Қошқарды қайдан шығардың Шабытыңды шашқандай? ендеше сенiң сөздерiң суырып айта алмасаң, Қотырдан өлген қошқардай.

өлеңнiң май толады жiлiгiнде, саған – аға, бiреуге – iнiмiн де. өмiрде тимей қалмас деп ойлаймын, Ақынның алмас қылыш тiлi кiмге.

майдаланбай, мен үлкен махаббатпен, мен өлемiн өзiмнiң биiгiмде.

Кейде мен қауiптенем бөстiм бе деп, Жұмбағын жаратқанның шештiм бе деп. Батыр елдiң ұрпағы деп айтасың, Байқасаң бұл қазақта кескiн бөлек.

Қаншама сен қиялға берiлгенмен, Айды атып құлатқан ешкiм де жоқ.

Алыс тау бұлдыраса жақын емес, Бұл айтыс емес сiрә ақыл егес.

Ай дегенiң белгiсi табиғаттың, Бiле бiлсең ешкiм де батыр емес.

Мұхамеджан:

Ағам деп талай сенi елегенмiн, Iнiлiк iзетiммен жебегенмiн.

суырып салмайсың деп кiнә артасың, Көсемi секiлденiп көрегеннiң. өзiмнiң биiгiмде өлемiн деп,

өзiң сөзiн айтасың төлегеннiң. Бiреудiң шаңырағын аласартпа, тарлығын бiлмей тұрып керегеңнiң.

Биiктен бергеннен соң ұлт серпiндi, Бұл iнiңнiң қанаты күрт жетiлдi.

Күркiреп келгенiңмен жауа алмадың, тауды айналып жөңкiлген бұлт секiлдi. менiң сенен күткенiм биiк едi, Жайбарақат айттың-ау жұрт секiлдi. оза сөйлеп көрейiн осы ағамнан, сақалдан бұрын шыққан мұрт секiлдi.

толағай көрiнгенмен сыртың маған, Шыңнан биiк екен-ау шiркiн бабаң. махамбет хан Жәңгiрге тепсiнсе де, Бұқараның алдында бұлқынбаған. Баймағамбет сұлтанды басынса да, Жұртшылықтың алдында жұлқынбаған. Ал сен болсаң, iнiңе кiнә артып, Желдей болып тиесiң тұр-тұрлаған.

Бабалардан байсалды мiнездi алмай, Ашуды жұқтырыпсың бұрқылдаған. Япыр-ау, мэлс, сондай жiгiт пе едiң, Қуырған бидай құсап шыртылдаған?

Iнiң едiм додаға жарап қалған, Қадамым бар биiкке санап барған. Ағам ғой деп әспеттеп отыр едiм, талабымды қайтардың қанаттанған. Әлi де мен қайтпаспын, мэлс аға, тасқа шеге қағады талаптанған.

Мэлс:

Басталды дүбiрлi той, дүйiм егес, Басқаным айтыстағы шиыр емес. Қайтесiң жала жауып басымызға, мұхамеджан, ақындық тiлiңе көш. сақалдан ерте шығып кеткенiмен, мұртты қағып тастау да қиын емес.

Шабыт келмес ақынның ұйқасын сiрә тоз қылған.

310

Бес күн тiрлiк опасыз Басымнан дәурен оздырған. Байсалдымын атамдай, сабырлы жерге келгенде салиқалы сөз қуған.

сол атамның аруағы

Айтыста менiң арқамды қоздырған.

өнердi бiздер көрсеттiк Алқалаған сіздерге.

Қуанасың мұхитта, Айтыстың ақ кемесi Аман-есен жүзгенде.

мың жасаймыз лұқпандай Айтыспенен бiздер де.

Мұхамеджан:

осылай өткiзген соң алаш бәйге, Қалайша ордалардан ой аспайды. Iнiлердiң орыны бөлек болар, Iнiлерсiз ағаның бағы аспайды.

Алып тастау оңай боп көрiнгенмен, мұртсыз сақал иекке жараспайды.

осынау сен отырған төрiң қандай, Қайда жүрсең, мэлс-ау, жолың болғай. Ардақ тұтып ағамдай мен сыйлайын, Пейiлiне елiмнiң шомылғандай. екеумiздi тудырған құрсағы алтын, мына отырған мейiрбан елiң қандай. екеумiз кiм болар едiк бұл айтыста, емiренiп тыңдайтын елiм болмай.

Ақындар елге жырын жолдаса екен, Қанатын қыран құстай қомдаса екен. Ақмолада айтыс бар деп естiдiк, Ақындар сонда жырын сомдаса екен. ондағы шала қазақ ағайындар, сiздердей боп айтысты қолдаса екен.

ташкент төле бимен есте қалған, орынбор от секiлдi пеште қалған, Қызылорда қызыл ту көтергенде, Қазақтағы тұтанды өшкен арман. Ал, Алматым, ап бердiң азаттықты,

миллионнан асып бүгiн өскен орман. Ақмола ендi қанат жайып жатыр, Аққанат көгершiндей төске қонған.

Бәрiбiр, құт-береке сiздерсiздер, Қара қазан секiлдi көште қалған.

тірлік қылдық уақытпен жарысардай, Қазағымның жарқырап таңы шамдай. нұрағам көшті бастап кеткен еді, тағдыры жарлығымен табысардай. сарыарқа құшақ жайып қарсы ап жатыр, Жомарт боп жаралған соң жаны сондай. Алатау ақ қалпағын бұлғап қалды,

ұлын бөлек шығарған кәрі шалдай.

Әріден түсінейік әрбір жайды,

ешкім келіп шамыңды жандырмайды. Ауызыңа әкеп ақ майды салмаса да, өкімет өзегіңді талдырмайды.

Пейілің мен ниетің тарылмасын, сабырлы адам ашуға алдырмайды. Адамдарға ауызды берген Құдай, нәсіпсіз, нәпақасыз қалдырмайды.

Қарау ой түссе егерде арамдарға, Қазаққа қорған болар қамал бар ма? Патша жайлы азды-кем сөз болғанмен, Біреу келіп сүйремес шанаңды алға.

Барыс деген сөз қайдан басталды екен? ұран болып бүгінгі адамдарға.

мүмкін біз барыстан да әрі асармыз, нұрсұлтандай арыстан ағам барда.

Бұл қазақ тойдың елі, жырдың елі, мэлстейін ұлдарың үлгілі еді.

312

Бодан болып жүруші ек босап шықтық, тәңір жазса, бізге енді күн күледі.

Қан шығармай азаттық алған ерлер, Аман болса бәріне үлгереді.

Аздаған қиындығы болмаса егер, Азаттықтың қадірін кім біледі?

уа, мэлс, айдай болып шалқып тусаң, Жусаннның иісіндей аңқып тусаң.

ел жайлы еміреніп ойыңды айтшы, Батыр болған бабаңа тартып тусаң!

Мэлс:

Айтыста туар менiң мүмкiн айым, Бұйырған биiгiме ұмтылайын. өзiңнiң сөздерiңе жауап берiп, Жусанның иiсiндей бұрқырайын.

Арыстаннан алтау туғанның Абадан болар бiреуi.

Жылқыдан алтау туғанның тарлан болар бiреуi.

Қасқырдан алтау туғанның Арлан болар бiреуi.

Атадан алтау туғанның заманның көшiн сүйреген, Ақылмен елдi билеген нұрсұлтан ағам секiлдi, заңғар болар бiреуi.

Шалшық су жиналғанмен көл болмайды, тоғыз шапан кигенмен тон болмайды. махамбет айтқан сөздiң мәнi бөлек, етектен кескенменен жең болмайды. тозған қазды топтанған қарға алады, Құдайым, басымызға берме ондайды. үш жүздiң басы бүтiн отырғанда,

ұшы үшкiр найзаңыздан кем болмайды. Бес күн мақтап жүредi кейбiреулер,

Бестi қымыз сапырып берген байды. Шабысы бөлек едi шалдарымның, Жүйрiктей тартып алған желден бәйгi. есек мiнген адамға күлкi болып, ешкiменен жер жыртқан ел болмайды.

ей дүние, бiзден де озамысың, топан ойдың сен кейде тозаңысың. Адамзаттың баласы арпалысқан, мына бес күн тiрлiктiң базарысың. менiң шерлi елiмнiң шежiресiн, тарих ата, қайтадан жазамысың?

Арманың болмас едi, өлең сенiң, Ағайынның жұбатсаң азалысын.

Келiн – заман, кемпiр-шал – ауыл болса, Қазақстан – жалғыз ұл қазақ үшiн.

Жаңылмай табиғатым таза қыстан, Бiрiксiн басын қосып аз арыстан. Барыс жылы басыңа бақыт қонып, Жортқанда жолың болсын, Қазақстан!

үшiншi рет шыққанда Шабытанып кеттiм ғой Шалқығандай бүгiн мен. түндiгi де айтыстың Ақындарменен түрiлген. мына өзiң сияқты. нағыз ақын сөйлесе тiзе бiткен бүгiлген, тұяқ бiткен сүрiнген.

Айналдым iнiм, мен сенiң Алмастай өткiр тiлiңнен.

уайым-қайғы ойласаң, өмiрiңiз қысқарар. тұлпар мiнiп, ту алған, семсерiн сертке суарған Атаңнан қалған нұсқа бар. Аспанға барлап қарашы,

314

Адам түгiл, мысалы, тiршiлiк үшiн қам қылып, Бiрiгiп ұшқан құс та бар. заман деген желмая, Бұйдасын түрiп қашқанмен Бұйырған күнi ұсталар.

Мұхамеджан:

Ақындар ел алдында тасынғандай, еркелеп мойыныңа асылғандай.

«тiлiңнен айналайын iнiшек» деп Жақсылар бiр-бiрiне бас ұрғандай. тiлiңнiң тiркестерi жаңқа болып, моншақ терiң меруерт шашылғандай. сендей ұлдар қазақта көп туса екен, Батысымның құрсағы асыл қандай. мэлстiң алтын шапқан сөзiн естiп, Жалбыз иiскеп, аңқамыз ашылғандай.

Қазақтың күйi келмес күйiнгенмен, сүйенiш те таппайсың сүйiнгенмен. Қарагөз қазақтарым байыса екен, Айғырдай азып-тозбай үйiр көрген. ертең сонда елге олар көмектесер, сақтасын тек мұрынын шүйiргеннен. елде болса, ерiнге тиер деушi ед, Ақтарылған ақ ұндай диiрменнен.

Батыстың байларындай болмаса да, мейманына маймылдың миын берген.

Жалқаулық жаратқанға ұнамайды, Қамсыз қазақ қартайтқан ұлы Абайды. Балақ түрiп, қарекет қылғандардың, Бақ келiп есiгiнен сығалайды. ерiншектiң етiгi көлеңкеде,

соқасы күн астында тұралайды. Көршiңiз байып жатса қуаныңыз, Қуанғаннан намысың құламайды. өйткенi, сiзге бөлiп бермесе де, Қол жайып, ештеңеңдi сұрамайды.

ресейдiң әлi де жоқ алыстығы,

нарық – заман сынап тұр намыстыны. Қарт Каспийдiң асты-үстiн бөлiсе алмай, Көкейдiң құрты боп тұр табыс түбi.

Байқоңырдың төбесiн тесiп бiттi, төленбестен жалға алған ғарыш құны. тек оны елбасымыз оңдай алар,

Барыс жыл боп кетпесе «Борись» жылы.

Мэлс:

Жылқының жүйрігі бар, саяғы бар, Батырдың бұзып алар қамалы бар. Айтысқа салған кезде алқалаған, Ақынның алуан түрлі амалы бар. тоқта десе тоқтаған дұрыс шығар, Басы бар нәрсенің де аяғы бар.

1998 жыл.

БАлғынБеК пен МҰХАМедЖАн

Балғынбек:

Ақын ағам тараздық, келшi бермен, Алматыдан шықсаң да, ерсi көрмен. Қайрап-қайрап кiм салды сенi маған, ұрлап алған балтадай көршiлерден.

таба алмадым өзге тең, сен емессiң көзге кем. солақайдан құтылғам, оңқай ақын сөз бе екен?

мұхамеджан ақырып жолда тұр ғой, Аты әйгiлi алашқа ол да ақын ғой.

Атақтымен көрейiн арпалысып,

Көз – қорқақ болғанменен, қол – батыр ғой.

мұхамеджан ағаммен түстiм бүгiн егеске. затынан гөрi шайтанның Аты үрейлi емес пе?

316

Мұхамеджан:

 Ащы тер шыққан кезде жон арқадан, Шабыттың тiзгiнiне қол арта алғам. ойлы халқым, орныңда отырмысың, нәр алып айтыс деген омартадан. мақпалдың бағын ашқан көкем отыр, Қонаққа ат мiнгiзiп дәл ортадан.

Әншiнi, бишiнi де қарық қылған, заман ағам не деген жомарт адам.

түйең де, кеудеңдегi түймең де сен, табылса, керуенiңдi сүйрер көсем. Ат сүрiнiп болғанша ақыл тапқан, елдiң құты ежелден – би мен шешен. екiленiп Жамбылдан не ғып келдiм, езуiмнен ел-жұртқа сый бермесем.

Балауса Балғынбегiм, аманбысың, Шығар ма едiң өнердi игермесең.

«Бәрекелдi» деп сенi жетелермiн, ине боп қадалғаннан именбесең. су жорғадай қасыңнан өте шығам, Күл шығарған кiсiдей күйбеңдесең. Құрметсiз сөздерiме жолығарсыз, сүндетсiздiң ұлындай сүйреңдесең.

тұғырына жiгiттiң туын iлiп, Айтар сөздi алтынның буы қылып, Айтысты қазан қылып қайнатайық, Жанымыз қуырдақтай қуырылып. Бөрiдей жiгiт болсаң, бөгелмей айт, ел тыңдасын аузының суы құрып. Азу басып көр ендi арыстанға, тиген жерде тiс қалсын суырылып.

өзiңдi көрейiншi ойнап тұсап, Жаяйын еркелетiп жайлап құшақ. Бiрiмiздi-бiрiмiз жаниықшы, Кәдiмгi пышақ пенен қайрақ құсап. оңқай ақын не тұрар деп отырсың, Бойыңнан белгi берiп айбатты шақ.

Күн жарықта сiлкiнiп қайдан келдiң, Шөмелеге түнеген бойдақ құсап.

Балғынбек:

мен де сендей ағадан ақыл күткем, заман-ағам iсiне батырлық тең.

Жомарттығын асырды ел алдында, заманбектей болмай ма әкiм бiткен.

Аламанға ең алғаш қатыссақ та, Алып кеттi бiр ақын «отставка». Жасың үлкен, таңдауды сен ала ғой Алыспақ па, керегi атыспақ па?

Қасым ата, сексенге тақадыңыз, Құтты болсын құрметтi атағыңыз. нұрғисадай атаға дәл соны айтам, Жырмен жабар бұл бiздiң шапанымыз. Қасым атам партизан болды зерек, нұрғиса атам өнерде орны бөлек.

Аяқ асты Балғынбек байып кетсе, мұхтар құсап сiздерге «волга» беред.

мына бiздей кейiнде Буын барын бiлiңдер. Бiздiң өмiр алда ғой тұлпарды да мiнiңдер. Байығанша Балғынбек Аман-есен жүрiңдер.

Мұхамеджан:

Жарқырап жаныма кеп бiр айдай боп, отырсың-ау, Балғынбек, шырайдай боп. Болашақта жарылқаймын деп отырсың, уәдесiн ұмытпас ұландай боп.

Басыңа – жай бiткен соң, астыңа – тай, Кетпеймiсiң шық бермес Шығайбай боп?

сайыстан өтермiз-ау сүрiнбей тек, Iлестiрiп отырсам iнiм ғой деп.

318

Айтыстың ажарына айналайық, Жайнайықшы жантақтың гүлiндей боп. тасқындаған талайды тоқтатқанмын, тасқа басқан етiктiң бүрiндей боп.

«Хай-ләйлiмiң» құлақта жаңғырсыншы, үңгiрдегi үкiнiң үнiндей боп.

оқыс қимыл жасайсың оқта-текте, үндiлердiң бас иген пiрiндей боп.

Балғынбек, бозбаласың боз мақпалдай, Кеуденiң талай шерiн боздатқандай. өз сөзiңе отырсың өзiң күлiп,

Қораз тауып, қошқарды қоздатқандай. тәсiрлi сөздi айтсаң қуанайын,

тас үңгiрден тарихи сөз тапқандай. түгел сөздiң түбiрiн қопарып айт, майқы биге мавзолей орнатқандай.

Балғынбек – айтыстың жас желегiндей, өрнек деп қабылдайық өлеңiн кей.

Қас туған азаматтар қасында жүр, ұлтымыздың рухани қорегiндей. Айтысты жарылқаушы мұхтар боп тұр, Шведтiң миллиардер нобелiндей.

Атадан асып туған бiр ұл екен, Атымтайдың бүгiнгi дерегiндей.

Балғынбек:

сөзiн айттың ағасы, жөн еместiң, Шығайбай, Қарынбайдай көң емеспiн. Айтыс сайын дәметер бiр мәшине, Араны кең ашылған сен емеспiн.

Ауыздықпен алысқан тұлпардаймын,

Көп шайқаймын басымды, бұлтармаймын. Басып жейтiн қарақұс мен емеспiн, Шашып жейтiн алғанын сұңқардаймын.

Бар әңгiме осында, Жарқылдайын жасымда.

сескенейiн мен кiмнен. сен отырсың қасымда. Қарасайдың асында Жер тепкiлеп аяғым,

тыныш тұрмас басым да.

Мұхамеджан:

Көз салсақ Балғынбектей iнiмiзге, мәлiм ғой iнiмiздiң сыры бiзге.

Байдың асын байқұс кеп қызғанғандай, мәшине лаң салды-ау түрiңiзге.

сен де әлi мiнерсiң талай тұлпар, тiкен кiрмей жетiлсең тiлiңiзге. Қарғадай басып жейдi деп қорладың, Бiр ызғар араласып үнiңiзге.

Iнiшек, сұңқардайын шашып жатсаң, Көрермiз олжа алған күнiңiзде.

топ жарған ақын сөзiн толғайды екен, Iзеттi iнi ағасын қорлай ма екен?

Бағың жансын, Балғынбек, талай жерде озба дейтiн ойым жоқ ондай бөтен.

Бар денеңнiң дiрiлiн басу үшiн,

ендi саған үйленбей болмайды екен.

олжаңды озып талай өңгерерсiң, сол жерде өз-өзiңе өң берерсiң. мықтыны да дәл бүгiн ықтырам деп, өзiңе өзiң бекер жел берерсiң.

Жауына да мейрiмдi Қарасайдың Қасиетiн сен қашан меңгерерсiң? Болашақта болаттай берiк болғын, Әлi талай мерейлi ел көрерсiң. маңайыңа қарайсың суық көзбен, маңдайың тасқа тиiп көрмегенсiн.

Болғанда айтыс – кеме, өлең – теңiз, Жаңа толқын болармыз өлеңге бiз. Айға қолын сермеген батырлармен, тым биiктеп кеткендей кең өлкемiз.

320

Қарасайдың тұлғасы тұтасқанда, Күндiк жерге түседi көлеңкемiз.

Ақиқатты бұрмалап жатқан күнде,

«Азаттық» радиосы қақпан кiмге? Қарасай – батыр тұлға болмаған деп, тарихтан өшiрмекшi таптап мүлде. Бақайынан баса алмай жүрген бiреу, Балтасын ап жүгiрдi батқан күнге.

Бабамды бiрдей көрiп балапанмен, Бастыра салмақ екен қара талмен. ол кiсi сан ұрпаққа күн секiлдi

Ақ шапағын шашатын жаңа таңмен. Жиылса да қанша адам, күннiң бетiн Көлегейлей алмайды алақанмен.

Балғынбек, бiзден жасың кiшi ме едi, Кiшiлiктi кiсi қашан түсiнедi? суырдың iнiне аяқ тыққанынша Кiшiлiк кеудеге нан пiсiредi.

мен сенiң талабыңды қолдайыншы, Ақын деген айрықша мүсiн едi.

Бабаларға бас иiп бiз тұрғанда, сезедi Балғынбектiң iшi ненi? Қолдайтын Қарасайы бар халықтың Қара шайы қайғысыз iшiледi.

Балғынбек:

Бiлем дейсiң, сен маған күлесiң бе, Бойдақ емес бұл iнiң, бiлесiң бе? сол ақылды алдымен өзiңе айт,

өмiр бақи мәшине таңдап жүресiң бе?

Қызғанбаймын, шабытты қыздырыңыз, Алғаш шықтық, бұл бiздiң қыз күнiмiз. мәшинеден жинаушы ең коллекция,

«волганы» да бұл жолы сiз мiнiңiз.

талғат ағам ғарышкер мыңды үйiрдi, тағы бiр бақ қазаққа шын бұйырды.

ғарышкер жоқ қазақта дегендердiң екiншi рет аузына құм құйылды.

осы күнге жеткiзген егемендiк емес пе. Әлем болып қазақты елегендiк емес пе. елбасы өзi қарсы алып мерейiн ердiң асырса, Көрегендiк емес пе.

Мұхамеджан:

Балғынбек, сен сөйлерсiң барыңменен, Алаң болып толғайын жаныңда өлең. суық көздi қадауды қоймадың-ау, Жарылсам да жүректiң ағыменен. тақымың тайға тиiп көрмеп едi,

Әлi жүрсiң қырдағы сағымменен. мәшине, мәшине деп қоймадың-ау, тауықтың бар арманы тары деген.

мұндайда бiрлiктi iстi қылатын да – ер, Қарасайдай ерлердi туатын – бел.

о, тәңiрiм, қазақтай елiмiзге, Жеңiлмес батырлықтың жұратын бер. Қазыналы Қасымдай атамызға, Құлқуалла аяттың қуатын бер.

залда отырған жайқалған жас қауымға, мұхаммед пайғамбардың мұратын бер.

ертең ақын боларсың iсi алымды, Жөндеп көрсең киелi түс-әрiңдi. Жолың болсын өнердiң сапарында, Бiздер кестiк, Балғынбек, тұсауыңды. Жаңа ғасыр таңында жолығармыз, Ағаңа ашып тұрсаң құшағыңды.

өнерiң бар бойыңда байқайтұғын, сары қымыз секiлдi шайқайтұғын.

322

сен екеуiмiз ұрпаққа үлгi қылып, талай-талай айтармыз ой татымын. от ала келiп қайтқан әйелдiң де, отыз ауыз сөзi бар айтатұғын.

Абысынмен сырласып отырғандай, Балғынбек, түрiң жоқ қой қайтатұғын?

Балғынбек: мерейiмдi ел өсiрсiн, Қолын соғып көсiлсiн. сахнаға шыққан соң, томағам да шешiлсiн. сөзi батып жаныңа, Балғынбектей перiден

Құтыла алмай отырсың.

ұланының тойына Қуанып тұр Алатау. Құтты болсын, ағайын, Жарқылдаған жаңа атау. Айналайын, мұқажан, Ағамсың бас иетiн.

Баласы едiң халықтың өнерiңдi сүйетiн.

Пейiлiңе мың алғыс, Қабыл болсын ниетiң.

1998 жыл.

сеРіК пен МҰХАМедЖАн

серік:

Көгінен күй кетпеген, жыр кетпеген, Жалауын жұртымыздың кірлетпеген. Армысың, жақсы менен жайсаңым! – деп, солақай сәлем берсін құрметпенен.

Батырдың қылышынан қан тамады, Ақынның таңдайынан бал тамады. тербеліп өлең-жырға өскен елім, Аяулы ақындарын алқалады.

дүрлікті дүлдүлдердің дүбіріне, Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы. Айбынын Алашымның асқақтатқан, Армысың алтын ордам Арқадағы.

Кәусәрін көңілдердің қанып ішіп, Ақ ордам саған келдік алып-ұшып. сәулетті сарайларың қол бұлғайды, Көктегі күн көзіне шағылысып. самғасын бейбіт күннің белгісіндей,

Көк кептер кеудемізден жарып ұшып. Араға жылдар салып жолықсақ та, Жатайық жиі осылай сағынысып.

Шаттықтың шайқап ішіп бал шарабын, төріңнен төгілдіріп ән саламын.

Ай маңдай арғымағын аймаласын Жібектей жанға жайлы сал самалың. дұшпанның тіл-көзінен сақтасын деп, Көркіңе көзайым боп тамсанамын.

Астанам бүгін сенің атыңды атап, Жаһанға жасын жырмен жар саламын.

Бесігін берен жырдың тербетейік, отырған жараспайды төрде кейіп. салдыртып сүйінбайдың сандал көгін, исаның желдірмесін желдетейік. өлеңге шөліркеген көрерменнің, Көңілін нөсер жырмен селдетейік.

дарынды ұл мен қызға толы далам, Бұлттанбай тұрсын дәйім көгің аман. табынып кие қонған кең далама, үкілі домбырамды қолыма алам.

Ақындық, батырлықпен даңқы шыққан, ерекше сарыарқамның төрі маған.

Ат қостық аламанға ақын інім, Қолдасын Бөгенбайдай бөрі бабам.

Мұхамеджан:

Бісміллә, сөз бастайын төл тіліңмен, Ақ орданың түңлігі оң түрілген.

324

Ассалаумағалейкүм, ақ жарқын ел, Айтыста да болаттай болсын іргең. Қазына далаң жатыр қасиетті, Қажының ихрамындай мол тігілген. Айналған ұлылардың ұясына,

сарыарқам, қойның ырыс, қолтығың кең. мәртебең өскеніне жыл толыпты, Бабамның арманы ғой ол тірілген.

Астанам, ару қыздай ұзатылдың, Алматының кем болды көркі кімнен. Бауырыңда өскен балаң ем, қарсы ал мені, төріңе келіп тұрмын төркініңнен.

түркістан он бес ғасыр ел көшінде, Келеді ер түріктің бейнесінде. төле би жатқан тәшкен тарихы да, Қашаулы тұр қазақтың пернесінде.

орынбор шер боп қалған шежірең ғой, Қол бұлғап қоңсы жатқан жер төсінде. Қызылорда қызыл ту көтергенмен, Бодан елдің болмаған еркі өзінде.

Алматың желкесінде өсірді ғой, өзгенің еркесін де, серкесін де. Қоныс ауса қоғамың түзелер деп, Патшамыз пайым қылды дер кезінде. Ал, Астанам дүркіреп жатыр бүгін,

Кең жайлау сарыарқамның кеудесінде. ерейментау етегін елге жайып, Алланың нұры жаусын енді есілге.

Біз қазақ бұлтты күні бұқпағанбыз, ескілердің есті ойын құптағанбыз. Қазақтың кісідегі кесесінен, Азаптың уын қанша ұрттағанбыз. Астанасын орнықты қыламын деп, Аспан астын билеген түп бабамыз. Бел шешпей ұрпағының ертеңі үшін,

уық шаншып, үй тіккен жүкті анамыз. солардың масағындай болып жүріп, масайрап, неге біздер мұрт қағамыз. Астана тұрғындары арлы екен деп,

Әр қиырға таратсын жұрттар аңыз. Құбылаға иіліп тұрса, шіркін, Құмырадай жұтынып, құт қаламыз. Батыстың есігінен сығаламай, Шығыстың бесігінен шықса нағыз. сонда ғана сабыры сары алтындай, тамыры таралғыдай ұлт боламыз.

рухты қастерлейді ұлтым біліп, Айнадай ғып алтындай ұл тудырып. Ассалаумағалейкүм, абзал аға!

Келдің бе атыңды алға ұмтылдырып. ініңнің іргесінен қоныс таптың, Жұбымызды тыңдасын жұрт ынтығып. иілсе де иегін тік ұстайтын,

Бұл секең, сәмбі талдай сылқым жігіт. Балпаң жүріс, бай кескін, батыр мінез, тұйғын көзбен қарайды тұрқын бұрып. Көңілдегі сөзіңді айт, көшелі аға, Кеудедегі кесеге нұр тұндырып.

Қарт ертістей тулатшы қанның бәрін, Бұлақтай жүректерді бұлқындырып. ұртыңдағы сөзіңнің қызуынан, Әйтпесе, бара жатыр мұртың жібіп.

серік:

өлеңің сәуле шашты шамшырақтай, сөйлейсің сауырыңды қамшылатпай. Айтысып ағамен де, інімен де, Барасың соңғы кезде жан шыдатпай.

Шықпаушы ең айналсоқтап Алматыдан, інінен ұзамайтын саршұнақтай.

Ал, енді арындай шап ақтабаным, Перзенті емессің ғой жат даланың. Бойымды балбыратып бара жатыр, Көпіртіп көп алдында мақтағаның. соғымның қыстан шыққан сүрісіндей, мол екен маған арнап сақтағаның.

326

Әрине, жақсы сөзді қалайды адам, Жақсы сөз таң секілді арайлаған.

«тұрса да көзге мақтап, жұртқа сенбе», дегенді неге айтты екен Абай бабам. мәнісін мақтау сөздің түсіндірші, Жүрекке нұр шашқандай шарайнадан.

Мұхамеджан:

Ағамды тұнық ойға батырамын, Ақын әнін тыңдасын атырабым. сыртқа көп шықпайсың деп отырсың, тыңдағың кеп ініңнің жақын әнін. мен деген жоны жолақ жолбарыспын, Жонында жортып жүрген сахнаның. Білесің жолбарыстың күнде емес, Азуы қышығанда атыларын.

Ақын емен сөзге құт орнамайтын, Жайым жоқ Астанада толғамайтын. сізді мақтап сөйлемей кімді айтамын, Жайым жоқ ағаларды қолдамайтын. өйткені «жантық мінез» жан емессің, Байды көрсең байпақшаң жорғалайтын. сен деген Алтайдағы ақиықсың, Қанатының астынан қар борайтын.

Қырандардың мінезін көрсет бүгін, Жемтігін жерден көрсе сорғалайтын. Жанының жылуы бар ағам едің, інісі жаурап жатса тонға орайтын.

Көзіңді қадап маған қарайсың ғой, Қариядай көлегейлеп жол қарайтын. Әйтпесе қырғауылдай боп қаларсың, Қомпиып жиде талды қорғалайтын.

Жыр тыңдап исалардан, Кенендерден, Жүрегіне шипа ғып ел емделген.

Бабамнан бәсіре боп қалған сөз бар, Көкірек қазығында көгенделген.

Жақсы ауылда жаралған ағам едің, Жетіліп иса сынды өлеңменен.

Қаныштың қаны тамған қасиетті, топырақ кенде емес қой кемеңгерден. солардың ізін басқан ағам болсаң, Жылы желді қабылда менен келген. Құрыштай мүжілмеген мүсінің бар, Құдықтай сексеуілмен шегенделген. Бұл інің мақтауыңды асырады,

Көк дөнен боп көрінсе көңіл деген. Жанарың жауһарланып бара жатыр, гауһар тас ап шыққандай терең көлден.

серік:

Қияға қыран болсаң самғағайсың, өлеңін бабалардың жалғағайсың. Аш қасқыр аңдамаған қақпан басар,

сондықтан алды-артыңды аңдағайсың. Ағаңа азуыңды көрсетем деп, Айрылып азуыңнан қалмағайсың.

мен бүгін сәкен болып саңқылдайын, Қосқан соң елім топқа алқынбайын.

Біржанның бұлбұлы боп сайрап өтіп, Ақанның аққуы боп қаңқылдайын.

нөсерін өлең-жырдың селдетейін, Құйындап құба жонда мен кетейін. иса мен мұса, естай, майралардың, Әнімен Астанамды тербетейін.

Көргенсің талай сері, серкені де, Көргенсің талай тентек еркені де. Айыбым бір туғам жоқ өзіңменен, Ағаң ем алаңдаған ертеңіңе.

сыртынан ән сап жүрген қызды ауылдың, ұғамыз көңіл-күйін біз бауырдың.

Қызарып қымыз ішіп заманында, Көңілі құламады қызға кімнің. тойыңда ән шырқайтын күн туа ма, өзіңдей өлең десе қызба ұлдың. естісек ондай атты дүрмекті шын, тілегі бұл ағаңның бір деп түсін.

328

Балалар бауырсақ жеп қарық боп қалсын, той жаса жиып елдің құрметтісін.

Жалғыздық бір құдайға жарасар деп, сүмеңдеп сүр бойдақ боп жүрмекпісің.

үй болсаң, күйің дағы дұрысталар, Береке, бірлік барда ырыс та бар. тарылма шығын шығып кетеді-ау деп, Қолдайтын ағайын бар, туыс та бар.

Құтылып есесіне сүр бойдақтан, Құлағың біржолата тынышталар.

Мұхамеджан:

Жарыста жорға мініп жайдақ кетем, Болмай отыр Астана аймақ бөтен. Жолбарыс азуынан айырылмайды, Келгеннен соң белбеуін байлап бекем. өзіңдей жақсы ағамен жанасқасын, мен қайта азуымды қайрап кетем.

Алдымнан туатындай ғажап-ақ күн, Кеудемді көрікті оймен тазалаппын. Қызыл-жасыл қыздарға қызықпадым, Ауасын сағынғандай таза бақтың. тас бұлақтың тазасын іздеуші едім, Қасқа тайы секілді қазан аттың.

Шығын шығып кетер деп ойлағам жоқ, ел-жұртқа беделі бар азаматпын.

Қапы қап қайта-қайта үйленгенше, Қайталанбас бір тағдыр жасамақпын.

сұр бөрідей көп жортсам да түз даланы, Жілігім жігіттіктен сыздамады.

Жаңбырдың суында тұз болмағанмен, Бойдақтың ойында әркез қыз болады. сабақты ине сәтімен деп жүрміз ғой, Бойымызда молдадан із қалғалы. сезім сыйлар серігін таба қалса, Аянбас Алатаудың мұзбалағы.

Байқаймын мен іздеген балапан қыз, Бауырын жазып ұшқан жоқ құздан әлі.

серік:

сөйлейсің арғымақтай қозып кетіп, Алмайық сөзді біздер созып кетіп. Жарыңды іздеймін деп жүрмегейсің, Энгельс ғаббасовтан озып кетіп.

Ақынсың cap даланы сайрандаған, Бауырым, қызыл тілің байланбаған.

«он үште отауға ие», – деген сөзді, ойланбай айтты ма екен қайран бабам. санымыз өзбектерге жете алмай тұр, өйткені бойдақтар көп тайраңдаған. заң тозып, адам азбай тұрған кезде, тапсаңшы тұнығыңды лайланбаған.

Ағалар Алашым деп алаңдаған, мақсатқа жетер дейді табанды адам. Азулы бөлтіріктің бірі едің,

Айтулы бөрілерге таланбаған. мазаңыз кетер болды-ау мақаш аға, Қазақтың санын жоқтап алаңдаған. өркендеп өзге елдердей өсу үшін, Жастарға жараспайды шабандаған. Ал оған үлес қосар дей алмаймын, Бойдақтар сен секілді салаңдаған.

Бой жеткен, ару аз ба бұлаң қағып, Қомданбас қызыл көрсе қыран нағып. өзіміз он сегізге толмай жатып,

Қыз көрсек байыз тауып тұра алмадық, Құшақтап қос тізеңді жүре берсең,

Қыз-келіншек қалады ертең күмәнданып.

Білмеймін бағыңыз ба, сорыңыз ба? Жар таңдау, ол әрине қолыңызда.

Шіреніп, шырт түкіріп жүргендейсің, түсер деп, бір тоты құс торымызға. Қашанда қырағы ғой көптің көзі, Белгілі барымыз да, жоғымыз да.

Әйтеуір ұзақ таңдап, тап боп жүрме, доллар деп долданатын долы қызға.

330

Мұхамеджан:

енді кеп жатыр көке, көктеміміз, Көгеріп келе жатыр көк беліміз.

он сегізде қызығушы ек деп айтасыз, Бүгінде кімге керек өткеніңіз.

Біреудің бағын біреу тауып бермес, Баянды болсын сіздің жеткеніңіз. ініңіз сүр бойдақ боп жүрсе бүгін, нашарлау болған шығар мектебіңіз. мақаш көкем тізімін көбейтсінші, сіздің де сіңір тартып сепкеніңіз. сәтін салса біздер де бас құрармыз, Қарсы алдыдан жолықса жеткеніміз. Жар таңдап келмегенде Астанаға, талтаңдап келді ғой бір, деп пе едіңіз.

тарихқа көзді салып ілкімдегі, Жырламады иса бабаң күн-түн нені. тектілер топырағынан келген ерсің, Жүрегің мәшһүр-Жүсіп деп бүлкілдеді. солардың ізін басқан ағам едің, сыпайы көрсетіп тұр сыртың нені.

Жарқылдап сөйлеп жатсың Астанада, Жүрегіңде жатқандай жырдың кені. Алыптар топырағынан келгеннен соң, Жарытпай сөйлеуіңіз мүмкін бе еді.

Қаныштар қара орманның емендері, Бес ғасырға жететін беделдері. үлкендер үнсіз жүріп үлгі шашар, текті балық секілді тереңдегі.

Халықтың көкжиегін кеңейтті ғой, Шекарасыз ойлаудың шеберлері. Қазақ барда Қаныштың ісі өлмейді, Алпыс екі тамырдай денеңдегі.

100 жылдығын жүздеген ұлттар тойлап, Байыппен бағаланды ер еңбегі, солардың ізіменен сөйлейікші,

Бүгін дәуір заман да кемелденді. Білгенге академия атасындай,

Айтулы алты Алаштың кемеңгері. тағдырдың тартуына тәубешілік, ойшылдар ғой ел-жұрттың ерендері... Қазақтың құрсағында құт болмаса, Құдай бізге Қанышты берер ме еді.

Кесек алтын секілді кеннен шыққан, Кең дүниеге сәтбаев келер ме еді.

Болаттай тұлға екен ол ең керекті, Болашақ ұрпақ үшін еңбек етті. темір етік кисе де тебендей боп, темір таяқ ұстаумен терге бөкті. сая таппай қазақтың даласынан, саясат та сан рет дөңгелетті.

мәскеу барып кенеппен кеткен ердің, Кеудесін таудай арман кернеп өтті.

Жерден асыл іздеген ғалымның да, рухы көкке, сүйегі жерге кетті. топырақтан жаралған бар адамның, Жапырақтай жүрегін тербеп өтті.

Ашылу академия Астанамнан,

уа, секе, бізде болды асқақ арман. Шығыстан шыққан тұңғыш академик, Қалың топты бастаған қасқа болған. Қаймана қазақтың да азаттығы, сәтбаев көшесінен бастау алған. сондықтан пайымды ісі мәңгі өлмейді. Пайғамбардың ізіндей таста қалған.

Шалқардай бабамды айтсам шабыт кеп тұр, Жүзжылдығы жүрекке бағыт боп тұр.

төрт ленин орденін таққан кезде, Халықтың шаттанғаны анық боп тұр. лениндік сыйлықты алған кезде, Қайран қазақ қуанды-ау, қарық боп бір. Ал, бүгін сол қазаққа лениннен де, сәтбаевтың сәулесі жарық боп тұр.

Біз үшін ильич сынды идеологтан, геологтың тұлғасы алып боп тұр.

332

Жаман тай қор болғанмен жалы қотыр, Жамандар да жоқ емес жаны көпір. сәтбаевтың жылы деп биылғы жыл, ЮнесКо әлем болып танып отыр.

Алайда, сол сәтбаев деген қала, Бюджеттен қаға беріс қалып отыр. Ал, өкімет Қаныштың тауып берген, Кенін сатып, жандарын бағып отыр.

серік:

Айтасың өлең-жырдың асқағында, мән жатыр өлеңіңнің астарында. сөзіңді Қанышқа әкеп тіредің ғой, Әуелде арулардан бастадың да.

Болмайын жұрт тағатын тауысқандай, отырмыз аға-іні боп қауышқандай.

Алдыңа шыққаннан соң екі жүйрік,

Шаң қылып шаршы топты жарысқандай. мұндайда махамбеттің қылышындай, Жарқылдап кететұғын намыс қандай.

Әлем боп, көзін тіккен қазағымды, Асқақтатқан бір перзентің Қаныш қандай. Ақмолаға күйеу бала болам дейсің, Алматы аруларын тауысқандай.

өзің біл мақсатыңа жетсең дағы, Халқыңа мәңгі қызмет етсең де әлі.

«есекті отқа айдасаң боққа қашар», өзің біл үйленбей-ақ өтсең дағы.

маздатып жырдың отын жандырғайсың, Байқаймын шамалыға алдырмайсың. төгіліп, жыр нөсер боп бүгін тойда, Айызын бұл ағаңның қандырғайсың.

Қанышқа айтам деген толғауыңды, ертеңгі айтысқа да қалдырғайсың.

Жырладың сол Қанышты кең жүрекпен, Жарысып жапандағы жел жібекпен.

самалы сарыарқаның тына қалды, сүйсініп сөздеріңе сен жыр еткен. Алайда, менің көңілім сенер ме екен? Жырыңа жүректерді елжіреткен.

Байқаймын басқа сенің сөз қаласың, тұлпарға тұмар тақпас озбағасын.

Айшықты сөз айта ма ақындар да, Арқасы аламанда қозбағасын. өткенде бір айтыста мына жұртты, сөгіп ең білмейді деп сөз бағасын. Ал, енді айналайын інішегім, Арқаға өзгерді ме көзқарасың?

Бірі деп бағалаушы ем зейіндінің, сенімім кей сөзіңнен сейілді інім. сарыарқа сары орыстың отаны деп, Байқалды-ау бөлінуге бейімдігің.

Жұртыңды жүлде үшін жүзге бөліп, Қап жүрме қарғысына кейінгінің.

Мұхамеджан:

Қайтемін кейбіреудің өсектерін, оны мен іштарлық деп есептедім. Бұл жерде көреген көз тектілер бар, солар терең сөзімді шешед дедім.

Халықтың кесек сөзін айтып жүрген, мұхамеджан баласын «есек» дедің. есепті білер болсаң, егерде аға-ау, естияр ұлды кім деп есептедің.

Балалар іс қып жатса бабаңа жат, Бола ма ой көзімен қарамасақ.

Жергілікті халық оған кінәлі емес, Шарасыздан болды олар шала қазақ. Кетпенмен кеп жаулаған келімсектер, салт-дәстүрін сіңірді араға сап. солардың соқасының сойқанынан, даламыз әлі күнге алабажақ.

сары алтындай Арқаны сақтасақ деп,

334

Қаумалап жатқан жоқ па қара қазақ. сондықтан Астананы ап келмеп пе ед, нұрағаңдай көреген дана қазақ.

москва мақтап қойып алға бөтен, есеппен есілді алу арман екен.

Жеріме тың игерем деп келгендер, тілімді шын игеріп алған екен.

Астана кеп ақ туын тікпегенде, Астапыралланы айтуым қалған екен.

Біз неге мақсаттымыз, мұраттымыз, Кеудеге кептеледі сұрақ тығыз.

Ал, сен болсаң елді маған айдап салып, ініңнің көкірегін жылаттыңыз.

Шетелдік жарнамалар шектен шықты, Бітеп алып жүрмейік бұлақты біз. өзге келсе өзеуреп қарсы алатын, талғамсыз тұрмыс-салтқа тұрақтымыз Ағылшын тілін ардақ тұтқанменен, Ана тілдің алдында ұяттымыз. үйреніп аламыз деп жүрген кезде, иленіп бара жатқан сияқтымыз.

Айдынға салғаннан соң ақ кемені, Ағайынның аз болсын әттегені.

Көп ұзамай бұл қала бұтақ жаяр, ғалымдардың шын болса нақ дерегі. Күлтегін таққан күміс белбеудей боп, есіл әлі қаланы қақ бөледі.

Қазынадан салынған жақсы үйлерге, Қазақтың жақсысы кірер сәт келеді. Астананың ақ күні туған екен,

тақ келген жерге иншалла бақ келеді. Патша деген тәңірдің көлеңкесі, уыстап берекеңді ап келеді!

Басқалары ие болып бастамаға, ұшырап қап жүрмейік масқараға. Қазығын сарыарқаға қадаған соң, Қазақ қарық болса екен баспанаға.

«Көш жүре түзеледі, – деп жатырмыз, Бір-ақ жыл толды емес пе Астанаға. Әйтпесе үй біткеннің алды әдемі,

Ал арты баяғыша басқа қала. Көшенің көркін ашып тұр әйтеуір, Кекіл қойып қойғандай жас балаға.

серік:

Ат-шапан сұрамаймын айыбыңа, ортақ бол іле, ертіс, Жайығыма. Аруақты аталы жыр қор болмасын, сөз ұқпас ауызы қисық бай ұлына. Амалсыз ақ кемені армандайсың, ескегің болмай тұрып қайығыңа.

Айтсаң да қандай сөзді сахнадан, Барып ал алдыменен байыбына.

мынау ел ақиқатты мақұлдаған,

Жат емес, жан бауырым, затың маған. Халқыңды қуанта бер асыл жырмен, талмасын бал таңдайың тақылдаған. сыйластық арасына сына қақпай, өлеңді ұсынайық лапылдаған.

Алаштың ынтымағын жырлап өткен, сұңғыла сүйінбайдай ақын бабаң.

Қазақтың сөз қылдың да Астанасын, Кекілді еске салдың жас баласын. сен енді сөзді әрі жалғар болсаң, Шығарасың нұрағаңның масқарасын.

Жыр болып, жалын атып лаула дейміз, осы бір бағытыңнан аума дейміз.

Кешегі Жамбыл, иса, сүйінбайдың, Жастарға жалын жырын жалға дейміз. Бір күнде шашсыз дағы күн кешіп ек, Бүл күнде кекілге де тәуба дейміз.

отырмын өлең төгіп қасыңызда, Баянды бақыт болсын басымызда. Алаштың ынтымағы ыдырамай,

336

өрге өрлей берсін деймін тасымыз да. Бірлігі мықты болса бұл халықтың, Кетеді үркіп бізден қасымыз да.

Басымыз аман болса ақын інім,

Күні ертең шықпай ма екен шашымыз да.

Мұхамеджан:

Болсақ деп мемлекет мұнаралы, Биіктетіп жатырмыз бұ қаланы, Қазақ деген қасиет тұнған халық, Патшаның да пайымын ұға алады. үлкендердің үлгі ғып жатқан ісін, үдесінен төріне шығарады.

Айтыс мына осы тойдың шашуындай, Бақ келіп есігіңнен сығалады.

Аман болсақ, уа секе, талай мәрте, Жырға бөлеп кетерміз мына араны. Алла жазса Астана қаламен де,

ел болып біз қалармыз құдандалы. Байқаймын мұндай жақсы ниетімді, секең де сезімімен құп алады. осыменен айтысты аяқтайық, Шығады шың басына шынар әлі. тасты да егей берсең тамтық қалмас, сиыр да сауа берсең суалады.

Алтын құрсақ қазағым аман болса, мұхамеджан, серіктер туар әлі.

серік:

Алынбас шамалыға белеспісің, сен өзі сағымбысың, елеспісің. Алқалы елдің шығып аясына, Аға-іні кең отырып, кеңесті шын.

Аузыңа айтыс сайын құрсақты алып, сен осы гинеколог емеспісің.

тұрғанда жарқын заман бетін беріп, өткенге әттеген деп өкінбелік.

Жатқанда ат шаптырып мынау далам,

мереке берекесін кетірмелік. Айбыны Алашымның асқақ тұрсын, Париждің мұнарасы секілденіп.

1999 жыл.

ҚуАныШ пен МҰХАМедЖАн

Қуаныш:

мың тақпақтан бағалы ұрандары, Белгiлi өшпейтiндей бiр ән бары. Ксро-ны құлатып таңқалдырған, Армысың, желтоқсанның қырандары.

мұхамеджан, мезгiлдiң құрдасысың, сөзге – мәйек, айтыста – жыр басысың. XX ғасырдың соңындағы

Айтыстың дара туған тұлғасысың.

ойым он, санам санға бөлінеді, тереңнен інжу-маржан теріледі. саф алтынның сынығы екендігің, санаңнан сәулеленіп көрінеді.

Ал енді ағаңменен сырласып көр, осыменен кезегің беріледі.

Мұхамеджан:

Ақылым азуымды қайрағандай, Жүзiм де сiздi көрiп жайнағандай. XX ғасырға тұлға дедiң, Ақындықтың түйiнiн байлағандай.

Жылы сөйлеп жұмсартып отырсың-ау, уықты қазы маймен майлағандай. мақтау жақпас маңғазың мен емеспiн, Әйтсе де отыра алман ойға қалмай. мақтап-мақтап далаға тастап кетпе, Жуас атты жусанға байлағандай.

үкiлеп топқа қоссаң үздiк ұлды, Iзетпен жеткiзейiн iзгi үнiмдi.

338

сөйлей алмай арманда кеткендердiң, сөнбей қалған отымыз бiз бүгiнгi. елiме жүректен сөз ағытайын, Желiден босатқандай жүз құлынды. топырақтай құнарлы қазағыма, Жапырақтай иiлем күздi күнгi.

Қызырлы елдiң бәйгесiн қыздырайын, Қызыл желге ұстатып тiзгiнiмдi.

Бұл қазақ жиырма ғасыр жер шолғандай, Жылдардың тақымынан тер тамғандай. Желтоқсан елдiгiңдi айқындайды,

төрт түлiктi төлiне ен салғандай. Қайрат даусы қазаққа қуат бердi Қажып жатқан қарияға дем салғандай. Алатау, Алтай, Арқа дүр сiлкiндi, Арғымақты жаратып ер салғандай.

Қазақ ендi бiрлiктi қазық етсiн,

Бiр Алладан бөлiнбес еншi алғандай.

Жылдарға тасып өткен кiнә жаппа, Қырандай қыздар берген бұл қазаққа. түркiнiң батыр қызы томиристiң ерлiгi қонған екен ләззатқа.

Жан әпке, жатқан жерiң жаннат болсын, тағдырың тап келсе де шын азапқа.

Қылыштай қыз, құрыштай ұл туғызған Қара орман қазағың бар мына жақта. Асылдың көздеріндей боп отырған, ырзамын өздеріңдей жұрағатқа.

Жалынды сөз айтқан соң жас шағыңда, Қалықтамай бола ма аспаныңда.

Армысың, Қуаныштай ақын аға, Айқайлап ақыл айтар аш қарынға. сусыған сары алтындай ағам едiң, Жүретiн дау-дамайдың бас жағында. егерде сабырлылық сақтамаса, сары алтынның еруi қас-қағымда.

Қуаныш:

Iнiмсiң қарасам көз тоймайтұғын, Ағадан кейде жылдам ойлайтұғын. ұмытпа, сары алтының ерiсе де, ешқашан қасиетiн жоймайтынын. сен шегендi суы мол құдық болсаң, мен қауғамын тереңге бойлайтұғын. мөлдiрдi сен екеумiз танытайық, тас қоқым түсiрмесе тоймайтұғын.

Алға шығып кетесiң баяу жүрiп, Жұрт тыңдасын сөзiңдi ояу жүрiп. Желтоқсанда Жансая сәбитова, Апамыз күрес ашқан жаяу жүрiп.

үлгi алсын жастар бiздiң өткеннен де, Желтоқсанды iздедiм көктемнен де. тарихшылар жазбайды желтоқсанды, милары суға айналып кеткеннен бе?

Жағдайым жаман емес шүкiр менiң, Халықтың көз алдында бiтiргенiм. Бiледi декабристердiң тарихшылар Қай иттiң тұмсығына түкiргенiн.

ұмытпайды ер ұран салған күндi, есiнде дүниенiң қалған күндi.

Қасиеттi сағаттай қастерлейдi, Болконская сiбiрге барған күндi.

осындайды мұхамеджан көрдi ме екен, ел iшiнен аңызды тердi ме екен.

Әйел түгiл желтоқсан боздақтарын маңдайынан бiр сипап көрдi ме екен?

Қуаныш бұл айтыста берiк отыр, Алдыңда желмаядай желiп отыр. сол сотталған қыздардың сәбилерi, Бүгiн де мүшел жасқа келiп отыр.

340

Мұхамеджан:

Бұл аға iнiсiне бет бұрғандай, Қазағымның бар қамын жеп тұрғандай. Желтоқсан боздақтарын еркелетер, Азаттықтың ақ таңы кеп тұрғандай. үш батыр – Қайрат, ербол және ләззат, Қазақтың бірлігіне сеп қылғандай.

үш жүзiм бiрлiгiңе берiк бол деп, үшеуiнiң аруағы кеп тұрғандай. елдiгiңнен егерде айырылсаң, суретке айналарсың деп тұрғандай.

Ашылмай жатса кейде аз мұрамыз, Бiрiмiздi-бiрiмiз жазғырамыз.

Көре алмай көш бастаған көсемдердi, Iңiрдегi шайтандай азғырамыз.

өз табанын жалаған аю құсап, өзiмiздi өзiмiз аздырамыз.

Бүйте берсек, бүйректей бөлшектенiп, Бiрлiк құрмай бiз кiмдi мәз қыламыз?

ғасырлап адамға адам зорлықты сап, өзгенiң қолындағы болдық пышақ. Қазаққа қашан көрсең тыныштық жоқ, Асау атқа байланған торсық құсап.

ел болып есiмiздi жия алмадық, тұмсыққа соққы тиген борсыққа ұқсап. ендi-ендi ойдан-қырдан бас құрадық, Бiр тамшыдан жиылған көлшiк құсап. Бiзге де бiр күн туар балпаң басып, Жүретiн балға тойған қонжық құсап.

тәуелсiз ел болған соң көш үлкейдi, ел болдың деп кiм бiрақ есiркейдi. Жылқы мiнез қазағым қамсыз болсаң, Қорқаулар қоң етiңдi кесiп жейдi.

Басқа қандай қателiк жiберсең де, Жастар барда отыңды өшiрмейдi. Ал ендi азаттықтан айырылсаң, Келе жатқан еш ұрпақ кешiрмейдi.

Жалғанның өтетiнiн мойындамай, Жасармыз ән мен жырдың тойын талай. саясаттың салқыны тиген ұл ең, Көкежан, сайлау жайлы ойың қалай?

Қуаныш:

сұрадың ағаңыздан сайлау жайлы, Қаңтарда ел жасайтын байлау жайлы. толғау айтып қайтейiн тойда отырып, ойлаймын ел жiгерiн қайрау жайлы.

үлкен елге бәрi де жарасады, сыйласқан бiр-бiрiне қарасады. Билiктi қандай пенде жек көредi, Қараша хан тағына таласады.

Бiреулер түскiр дейдi шалқасынан, Бiреулер нәр емедi малтасынан. тек сайлаудың шығыны өтеледi, Қажыған қалың елдiң қалтасынан.

Қарны ашпай бала да жыламайды, еркелеп көздің жасын бұламайды. Бәрін бірдей жамандап неғылайын, Кей кандидат, оллаһи, ұнамайды.

Бiреуi жүр еш пара алғам жоқ деп, ұрандауда қатардан қалғам жоқ деп. Бiреуi жүр елуге келгенiмше,

Кiр жуатын қатын да алғам жоқ деп.

ондайларға өз басым қарамаймын, Жiгiтке де толымды баламаймын. Көрiктiнi сүймеген бөрiктiнi, нағыз еркек екен деп санамаймын.

Бiреулер дән егедi бақшасына, Патшалардың қызығып шақшасына. Бес катердi батырған бiреу жүр ғой, дауыс жинап дүдамал ақшасына.

342

елден қашты бос мылтық атылғанда, табылмайды қатардан шақырғанда. үкiметтi билеген сол емес пе,

Бар байлығым шетелге сатылғанда.

Аңсарым жақсыларға ауған екен, Биiктiк төбеде емес таудан екен. Бiр ұлың мәдинаға барған күнi, Шөл далада ақ нөсер жауған екен. Арабтың шайқылары дәл сол сәтте, таңданып құдiретке қалған екен.

Аңызақта сен жаңбыр жаудырдың деп, Алақанға аялап салған екен.

осыны жердiң жүзi көрсiн дептi, Жемiсiңдi жамиғат терсiн дептi. Ал ендi тiлегiңдi айт дегенде

«Қазағыма амандық берсiн!» дептi.

Атымды қазығыма байлар едiм, ел қамын ертелi-кеш ойлар едiм.

өз басым Алла нұрын жаудырғанды, елiмнiң басшысы етiп сайлар едiм.

Мұхамеджан:

Шындықтың тұмсығында тұмылдырық, сөйлеу керек уақыттың уын бiлiп.

Бекем ақын маңызды ой тудырар, Бекiреден алғандай уылдырық.

Ал, сен болсаң мардымсыз сөйлейсiң-ау, Шың басына келгендей туыңды iлiп. мөлдiреген сөздi айту қажет бүгiн,

Жан дүниесiн жұртыңның жуындырып. сөзiңнiң сiңiрi бар, сiрнесi жоқ, отырғанмен жұртты өзiңе сұғындырып. сере шыққан семiздей сөйлей бiлсең, тыңдар едiм аузымнан суым құрып.

Қуаныш, жарығың жоқ таң атқандай, таңдайға дуа қонбас талаптанбай.

Әр нәрсенi бiр шалып айтқаныңмен, ойларың жоқ елге үлгi таратқандай. Халықтың қамын жеген болғаныңмен, өлеңiңде өрнек жоқ қаратқандай. сұлу сөйлеп, сыпайы болар кез бұл, Алдымыздан азаттық таңы атқандай. тәсiрлi сөз тереңнен айта алмадың, уәжiң жоқ тағы да қолақпандай.

Құнарсыз сөздi судай сапырасың, саптыаяққа сары алтын жалатқандай.

Кiм патша болатыны iрi сұрақ,

төрт үмiттiң лаулайтын бiрi – шырақ. ошақтың үш бұтындай қазақ үшiн Бұл сайлау – ғасырдағы iрi сынақ. тәңiрдiң тәспiсiне iлiнедi,

Кiм жүзге бөлiнсе егер жүзi шыдап. Болаттай берiк тұлға керек қазiр, Болашақ қарауы үшiн жылы ұшырап.

Ағайын, алды-артыңды түгендесең, даяр болсаң бұрынғы жүгенге сен. Қызыл туға оранып қыз-қыз қайнап, ильичтiң iзiменен жүрем десең.

Кедей де емес, бай да емес, ақтан сопы, орта құрсақ өмiрдi сүрем десең, Компасынан жаңылып қалса-дағы, Компартияға берiлген ұл ем десең, орақпен құшақтасқан балғадай боп, Әбдiлдинге дауыс бер бұл жерде сен.

тазарсын коррупциядан қоғам десең, Кетiп қалып жүрмесiн оған да есең. Қытайға темiр сатып, терi сатып,

тау бөктерлеп тәуiр үй соғам десең, Кең көсiлтiп қазақша үйренбей-ақ, елге сiңiп, халыққа жағам десең, Қасқырлықтың үлгiсiн көрсететiн, Қасымовқа дауыс бер одан да сен.

344

Жетi жыл артта қалды ырым қылар, тәуелсiздiк жаныңды жылындырар. назарбайдың президент немересi,

ол да үмiткер, әр сөзi – жұғымды бал. данышпан ел мұңайтпас нұрсұлтанын, Көп тiрлiк тындырды ғой тығын қылар. Жаңадан кеп қосылған жолдастан да, ескi досың ертерек сырыңды ұғар.

«үйренген хан иленген терiдей» деп, Бекер айтты дейсiң бе бұрынғылар.

Ал, Қуаныш ағам ең сыйлайтындай, Жайың да жоқ айылын жинайтындай. Азырақ сынап едiм мұңаясың, ыдысыңа артық сөз сыймайтындай. Айтыс деген өнердiң майданы ғой, Азды-кем бiрiн-бiрi қинайтындай. талқыға мен де түстiм талай мәрте, Қыздарменен қырқысып ымдайтындай. Аяма қолдан келсе бұл iнiңдi, Қайыңмын иiлсе де сынбайтындай.

Болмаса, бұл iнiңдi мақтап отыр, үйде жатсам құлағым шулайтындай.

1999 жыл.

дәулеТКеРеЙ Мен әсИЯ

дәулеткерей:

Күмбір күй көкіректен шалқып ойнақ, Көтерген қыран қанат халқы байрақ. Армысың мерекелік меймандарым, сөйлейін алдарыңда жарқын ойлап. ордасында елбасы – жол басында, Бұл күнде елдігіңе әркім айғақ.

Айтыстың да парызын қарыз қылмай, танытсам қара өлеңмен қарқын айбат. Ассалаумағалейкүм Астана елі, Алашқа алтын тұғыр, алтын аймақ.

Жаратқан жыр бөлеген жөргегіне, сарыарқа дұғай сәлем белдеріңе. Алғаш қадам басқасын Астанама, еріксіз тасып толам ернеуіме.

Бас қосты бас ақындар, жас ақындар, Жарасар именбестен төрлеуіме.

Алатау ерулік деп ерттеп берген, Бесті жырды байлайын белдеуіңе.

танытып таланттылық тал бойымнан, Алашым тойыңа жыр, арнайын ән.

Қасымда Әсиядай әз анам бар, тартынбас тарланбозың қандайыңнан. Алатаудай қасыма сіз келгенде, Балапандай талпынам баурайыңнан. өзіңізбен кеп қалдым айтыспаққа, тұқыртып ұстамассыз шаужайымнан. тәуекел – тары түссе таңдайымнан, немесе маржан түссе маңдайымнан.

Әзіл сөз арамызда десек те шет, Ақындар адалдықпен есептесед. Айтылар атымызға сынау, мінеу, Көңілін көрерменнің қош етпесек. Айтыстың тай қазанын қайнатарсыз, Қозасын қара өлеңнің көсеп-көсеп. Ал, апа сөз тізгіні өзіңде енді,

Кезек-кезек сөйлейік, кесек-кесек.

әсия:

Жыр қонып, жүрегімнен өлең көшкен, Келіпсің өлең десе елеңдескен.

Айтыстың ақ тұйғыны ұшпай тұрып, Жөн болар жұртым сенімен сәлемдескен.

сүйеуішім сайыстарда деп білемін, Шабытым шылбыр үзіп кетті менің. Армысың, ақ жаулықты ана, жеңге, Армысың төбемдегі тектілерім.

346

Жырымның жарылғандай жанар тауы, Кездеспе тек көңілдің самарқауы.

Арқа мен иен дала қосылған соң, даланың сендерсіңдер Алатауы.

Қалайша жамандыққа қияды ішім, төгесің сұлу сөздің зиялысын.

Айтыстың «Ақ көйлегі» атанған сен, егеухан анамыздың тұяғысың.

Кәусәрдай құяр бұлақ тұнығы да, төгілсін жырдың бүгін сынығы да. өзіңдей жыр теңізден бастау алған, Алтынның қасиет бар сынығында.

Байқасам жүрегіңнен ән атылды-ай, Жыр болып бала сезім жаратылғай. Балапан деп отырсың сен өзіңді, Қатайтып жіберейін қанатыңды-ай.

тіліңді жанылған бір оқ қылайын, Пейіліңді жыр сезіммен тоқ қылайын. Қайнатшы жыр қазанын балам сірә, мен сөзім саған тиер жоқ қылайын.

демегін бүгін сірә налып шығам, салынды сірә суға салып шығам. Анасы баласы үшін жан қиятын, тісіммен тістесемде алып шығам.

дәулеткерей:

Анашым жол бергесін айта бер деп, Алашқа жыр айтайын байтақ ел деп. Анамыздан ақ бата ап келіп тұрмын, Айтқандай «ат орнына тай төлеу» – деп.

Қасыма келгеннен соң аяулы анам, саңқылдап мен сөйлейін саяңда аман. мен бүгін кемеріңнен шалқытайын, Бастау ап қара өлеңдей бай арнадан. Әйтпесе өзенсіз ғой тасып-тасып, Ағысы бүгіндері баяулаған.

Астана жұртым алашым, сонарлы сонау заманнан, Бүгінде заман жаңарған. Жүйткіген көңіл көк дөнен, Қиялым менің шабарман. Айтысқа шыққан ұлыңмын, Алашқа ақын саналған. лебіз естіп қайтайын,

Әсия сынды анамнан. Анамыз халық ақыны, Айтысқа шығып талай жыл, самай да шашы ағарған.

Халықтық атың биік қой, мен қалай асам қамалдан. тексіздің тілі түрпідей,

мен жаңылмайын тобамнан. Бетсіздің бірі мен емес, Қадалған жерден қан алған. Шындығын айтсам дәл қазір, мен-дағы асыл ананың, Құрсағында жаралғам.

Бесікте көрген тәрбием, Айтысқа шығып анаммен тізгінді тартып қала алман. тереңге бойлап толғасам, Ақындар мінген сұр қасқа, Шаба алмаса ұр басқа. толғауы тоқсан қызыл тіл, сертіңе серік болайын, тоқтамай шауып тынбасқа. өкініш кетсін өзектен, Астары арзан бөз өткен, матаның даңқы бір басқа. Атасы арзан сөз өткен, Атаның даңқы бір басқа.

Айналайын анасы, Баланың бағын жандырар, Құмарын елдің қандырар. Құнарлы тілмен жыр баста.

348

әсия:

сөзім бар сезіміңді ұршық қылар,

Күй сарнар жаныңды тек бүршік қылар. Ағысың баяулады деп айтасың,

толқын бар талайларды тұншықтырар.

Анаңа семсер сөзбен сайланып өт, Көңілді емдеп сірә жайланып өт. отырсың қамалсың деп сірә мені, есігін аша алмасаң айналып өт.

есті жан есті сөзді ұғынады, демеймін балам сасып бұғынады. үлкен тас сүріндірмей құлатады, сүрініп тасқа танау жығылады.

деймін тек көңіліңді жай алайын, Алақан тосып сені аялайын.

Аспаса арнасынан асып-тасып, Баламды мен де ана боп аялайын.

түссінші бүгін сірә жыр сабына, отыр ғой көп те міне жыр сағына. Ақындар ешқашанда өзі туған, түкірмес сол ананың құрсағына.

дәулеткерей:

Апамның жырлары бар алмас кілең, тақырға тары өспейтін салмас түрен. Анамның алақанында аялансам, толғауды тоқсан ауыз жалғас қып ем. мен сіздің толқыныңа тұншықпаймын, Бала едім, бақ күтетін марқасқа ұл ем. Бақ күтем деп келгенмін алдарыңа, таза бұлақ тақырда қалмас білем.

мен дағы желпінбеймін желектеп құр, Шабытым қазір менің шелектеп тұр. Апасы құлағың сал, ал ендеше,

Бір-екі ауыз сөз айтуым керек боп тұр.

Балаң ем мұңы бөлек, сыры бөлек, отыршы жырларыңмен жылы демеп. Шеттегі шерлі жүрек қандастардың, тыңдаңыз бір-екі ауыз мұңын елеп. Ашынап артық айтсам кешір ана, демегін неге бала күңіренед. оралмандар жайында сөз айтпақпын, үкіметтің құлағының түбіне кеп.

Ашқанмен құшағыңды айқарып құр, Шаттығы көңілдердің шайқалып тұр. Азаматтық ала алмай өз елімде, Ашынып айтатұғын жайт анық бұл. елге ел қосылғанда құт деуші еді, отанға құйылардай жайқалып нұр. өкімет бізге көңіл аздау бөліп ,

Келген бақты керген бақ қайтарып тұр.

Келін, келін, келін-ақ , Келген жылы сөзін бақ. мен келгелі жеті жыл, сөйлегенім бүгін-ақ.

Алдыңа келдім айтқалы, Ақиқатын қандастың. сырымен қоса мұңын ап, Жылымен жауып қоймаспын, Қымтап мен оны жылылап.

Халықтың анам ақыны, Бір-екі ауыз сөз айтайын, деп ойлаймын ұғынад. тарихқа бір шегініп, Шежіреңді елім ақтардым, орыстың болсаң да отары, ошақтың отын өшірмей, одан да аман шақ қалдың. Полигон жарып жеріңде,

Азабын тарттың ақ қанның. Желтоқсан желді түн еді, Қабағына қан қатқан күн.

Алды да артқа қарамай,

350

Көп ұлтты Қазақстан деп, Шаттандың да, мақтандың. одан да қалдың аман-сау. Болғасын текті ұрпағы,

сары алтын киген сақтардың, тәуелсіз елім қазақ деп, Қазағым бүгін азат деп, Шабыттанып, шаттандым.

Құттықтау айтып тойыңа, тілектен тұмар таққанмын. осындай үлкен тілекпен, егеменді елім болған соң, Алтайдан көшіп Арқаға Аңырап келе жатқанмын. Ата да жұртпен табысып, Ағайыныммен қауышып, Жамырап келе жатқанмын. Шет жерде көңіл шеменді, сезініп елде еркін мен Жадырап келе жатқанмын. Қошаметіңді қазағым, Қабыл ап келе жатқанмын. отан деп соққан жүректен, Жаныңа жігер күш берер, Жалын ап келе жатқанмын. Ата да салтын сақтаған, Бұзылмаған қазақтың, Қанын ап келе жатқанмын.

Шабытым менің келгесін, Балаң да былай шешілед. Алтайдан көшің келгесін, мақтадыңдар бәрің де, ғасырдың ұлы көші деп. Ата жұртқа келгесін, Көңілім де өсіп ед.

тағы да қарпып айтайын, Азаматтық ала алмай, тойлауға да қатыспас,

сайлауға да қатыспас, елге келген қазақтың еркіндігі осы ма ед?!

Қазақты қаны жуас ел дей ме екен, Алтын ел ақиқатқа шөлдей ме екен? Қышымайды қасқа бас деп айтушы еді, өкімет өзі біліп көрмей ме екен.

Әсия анам халықтың ақыны ғой, мұңыма менің көңіл бөлмей ме екен. менен гөрі сөздері салмақтырақ, Жоғарғыға жеткізіп бермей ме екен?!

әсия:

Айтысты мына бала аттан қылды, Қазағым, алашым деп мақтан қылды. Арман не айтты балам көкірегіңде,

Шер болып бүгін мұң боп жатқан жырды.

Әрине мен емеспін поштабайың, деп едім балам сенен дос табайын. Айтқан соң елдің зарын, сөздеріңді, Қалайша мен сөзіңді қоштамайын.

деймін ғой тек сүрінбей жосыл да отыр, Жетекке құлындайын қосыл да отыр. зорлама, сірә, балам терді төгіп, еститін бүкіл құлақ осында отыр.

Алашым алдымда отыр арыс табан, демеймін бар ісіңнен қалыс қалам. Әне естір айтқаныңды жаным балам, отыр ғой ортамызда Әбіш ағам.

Жегілсін тілім дейді байлауыңа, Жыр кептер қонар сірә жайлауыңа. Қатысып, қосылсыншы оралмандар, Келесі парламенттің сайлауына.

352

Бұл балам көңіл жырын есіп көрер, сөздерім естілгенде несіп көрер. отыр ғой сенаттың да өкілдері, мәселе оралманға шешіп берер.

төменде оралманға азығым бар, Құлақ сал бұл баланың назымына. отаным, елім деп бір, еңіреп бір, Келгені оралманның жазығы ма?

Болып тұр бұл заманның бәрі қайғы, Күтпейік бұл өмірден сары майды. Бауырлас аузы асқа жарымаса, Алаштың аузы асқа жарымайды.

Артылар мол болса да сөзім іштен, Жариды өзен мен көл еміп ішкен. Қаны бір қазағымыз қайтып келсе, Жарасар қазағыма бөліп ішкен.

не пайда атың көпке жайылғаннан, не пайда елсіз өскен жай ұланнан, не пайда қара қазақ халқыма тек, төбедей бір байларың байығаннан.

Қол салап елдің ащы жарасына, ой салып Алаштың кең даласына. оралман баспанаға зар боп жүрсе, Коттежді салып берер баласына.

демеймін елден артық салып берер, Пайдасын сол теңгенің халық көрер. оралман бір ақысын ала алмаса, Байларым мерседесті алып берер.

Жан балам енді бәрін жайлағаның, Көрермін елдің әлі сайрағанын.

Апаңа өкпе айтып отырсың ба, Айтқаным сені сірә қайрағаным.

Жан едім жел сөздерге желікпеген, өлеңнің шабыттарын беріп келем. Жарамас жас қыранға жөргегінде, Жарамас жапалаққа еліктеген.

естідім жан жаралы толғамыңды-ай, наразы бұл еліңе болғаныңды-ай.

Жан балам қанат қатып тек көрейін, сенің де сірә қыран болғаныңды-ай.

дәулеткерей:

Халқымның мен балайын нарқын шынға, Ал, балаң асқарларға талпынсын ба.

тері тұнып бапталған тұлпар болса, Аламанда жер қауып алқынсын ба? тыңдайтын барлық құлақ мұнда дейсің, ендеше сол құлаққа «алтын сырға».

Жырымды мен қайтейін енді үдетіп, Шабытым айналадан келді жетіп.

Жеріне жеткіздің-ау Әсия апам, Ағыңды қара демей теңбіл етіп. Жайыма қосылғасын мына менің, Жүрегімді жібердің елжіретіп.

Бала ма анасының қолында өспес, мен емес азаматың сенім кешпес. ендеше, ана сізге рахмет,

Балаң ем ақ самайдың жолын кеспес.

Біз болып Астананың қоналқасы, Айтыстың бал ағызған омартасы. Көңілің қияларға шарықтасын, Қыранның асқардағы қонар тасы. Ана жақта қой десе ағаларым, Болғандай бұл сайыстың жол ортасы. Айтыстағы жағылған алау жырдың, суымай тұрған кезде қоламтасы.

әсия:

орынды сірә сөзге талас бар ма, Жақсыдан жамандарды аластар да.

354

Жүрегің елжіресін жаным балам, Қасыңда мынау тұрған алаш бар да.

Келген соң ерік жырдың жорасына, Ақ тілек күтіп отыр ел де асыға.

Астанам айналсыншы асыл елім, Бұзылмас бірлігіңнің ордасына.

1999 жыл.

әБілҚАЙыР Мен ОРАзАлы

әбілқайыр:

Бүгін кеш жырым неге сіркіремес, Шаттықтан аспан қалай күркіремес. тарихта қалатындай айтыс боп тұр Келеді көз алдыма мың түрлі елес. Ағайын ақ құшағын ашып жатса, Бүйрегің бұған қалай бүлкілдемес? сіздердей ағайынды көріп тұрып, Шешіліп сөз сөйлемеу мүмкін емес.

еңселі ел болдық деп лапылдадық, тәуелсіздік ― бас байлық мақұлдадық. Күніміз дінімізді қайта оятып,

Бар әлем басын иіп таныды анық. тәубә етіп бабалардың әруағына, Жарқын ел қатарына жақындадық. иә, баба, қолдай көр,деп сиынып ап, Кейде ұмытып кетеміз атын неғып? еліміз, жеріміз деп қорғалады

мұра етіп қалдырды ақыңды алып. Ал қазір арқамыздан қағып-қағып, Шетел жүр ілінгенін сатып алып. Көнбіс қазақ не деген кең халықпыз? есек беріп алдап жүр атыңды алып. Бар адам тіршілігін жасап жатыр, Жоқ адам отырды ғой тақырға анық.

Жұмыссыздық қарқындап күннен-күнге Біз әлі көп нәрсені қатырмадық.

сауда деп дорба арқалап сабылған ел дуана болуға да жақындадық.

Көп аштыққа бір тоқтық деген қазақ сабыр сақта, боларсың ақыры қарық. міне осының бәріне төзіп жүрген, Армысыз, қайсар мінез батыр халық.

ерлігін жырлау үшін бабалардың, Жыр тұлпарын ерттеді балаларың. Ақтабан шұбырынды кезіндегі Көз жасы ұмытылмас аналардың.

Жұмылған жұдырықтай бірлік барда Қазағым жүрегіңді жаралар кім?

Қанағат, нысап, сабыр болса жақын Жер беті жәннат бағын аралар кім? өсе бер, өрен қазақ өркендей бер, Әруағы жар болсын тек бабалардың.

Көңілім жыр айтуға сұранасың Халықпен қауышуды құп аласың. Қазақтықтың ие боп қазанына, Азаттықтың байрағы құламасын. Айтыстың алау отын біз жағайық, зал іші мәз-мәйрам боп тына қалсын. Жұлқынып жұрт риза боп өлеңіңе, Бір тұрып, бір отырып шыдамасын. садақ атып үйренген қусың сен де Байқамасам көзімді шығарарсың.

Ағайын бұл ораздың таяғын жеп, Болмаса берейінші сыбағасын!

Оразалы:

Армысың жырдың қанын қыздырған ел, Айтайық ұрпақ үшін біз бір дәлел.

он алтыда ақ патша отқа көміп,

Қыл бұрауда құлындай шыңғырған ел.

Қояндай өз көжегін өзі жеген ресейге зиялысын қырғызған ел. Айдаһардың аузында тұрса-дағы

356

ұрпақ үшін ұлағатты іс тындырған ел. Қайрат, ләззат, сәбира, ербол болып, тірсегінің тұсауын қидырған ел. еріксізден ешкісі қозы туып,

туа сала қозының өзі туып,

Жүз қойға жүз елу қозы тудырған ел. ізеттілік жолында күзетші боп,

Қыз-ау деп кемпірді де қыз қылған ел. Аспаннан алты құлаш жыртып алып, рухын көк тәңірдің ту қылған ел.

Ат аунайды алынса арқадан ер, Айтыс десе, жамбастап жантаяды ел. тілі от, аузы қазан ақындардың сорпаға етін сүзіп нан сала бер.

Кезек-кезек сүбелі сөз сөйлейік, Қақсағанын ұмытсын қаншама бел. Ағайын ет жегендей болмасаң да, сөзіме сорпа ішкендей тамсана бер. заманның бектері өзі түсінбесе, зарын айтып, ғаламға тау сала ма ел. Аузыңда жоқ тісті іздеп келдіңдер ме? Шалдың тілі секілді шаршаған ел.

Абылай армандаған қайран ғана, Бодандықта бармағы шайналғанда. Пайым мен парасатты байламдарға Бармасаң ел өзегі майланған ба? елу жылға бергісіз он жыл өтті

осыдан соң артықшыл байлам бар ма? нұреке, еліңді алға сүйрей бергін, елге бедел, сыртқыға айлаң барда.

терідей сыпырылған былтыр ғана ескек желіс есен бе жылтыр қара. Армысың, әйнек мінез Әбілқайыр, сыртың қара болғанмен ішің дана. екі шандыр шығыппыз шыр бітпеген, Ағайын қарық боңдар бұл шуға да.

Қолға алып домбыраңды ту секілді, тіліңмен тізіп көрші тіркесіңді.

Әбеке, әрі қарай әрекет қыл, Алашқа ұл, Аллаға құл секілді. селкілдеп біраз сөзді айтшы бүгін Көлкілдеп келіп тұрған жын секілді.

екі ернің кезергенше сөйлеп қалғын, топырағынан жұлынған гүл секілді.

әбілқайыр:

Бұл ораз сөйлей-сөйлей құлпырады, тағы да өлеңдерін мың бұрады. сенің де шабысыңды ел біледі Баяғыдан келесің зырғып әлі.

Кездескен соң өзіңдей балуанға Қайнап тұр Әбілқайырдың зығырданы. ореке, ореке деп қуған сайын,

Бұл ораз сонша екен деп ойлама, тебегенді сүзеген тындырады.

Кей сөзі бұл ораздың өктем еді, Көп ақын көтере алмай өкпеледі. түгел сөз түп атасы майқы баба Жүрекке жалын, жырыңа от береді. Ал біздің орны бөлек ораз ақын теңеу сөздің төресі боп келеді.

Қыршаңқы сенің ораз сөздерің бар Кәдімгі құрт секілді өкпедегі. ендеше қыздырайық біз айтысты, Болмаса қинамағың текке мені.

Күресем, күресем деп көлгірсімей, дұрыс қой балуанның белдескені.

Оразалы:

Құрт дейсің бұл оразды өкпедегі, өкпеңді сөзбен ораз тексереді. табылса бабалардың бет-беделі Қырларым қайта түлеп көктер еді. өкпе мен іш-бауырды айтып кеттің,

358

Бұл жерге келіп пе едің ет жегелі. өкпені айтып есіме түсірдің-ау, Ауырған мына халық көп дерегі. зымыран «Протоның» күнде құлап Ағайын мұны қалай ескереді. өкпесін елдің ойлап біз айтайық, мазалама Әбеке текке мені.

Күн туса қамыстағы қабыланды, Қазағым қаршыға сап бөктереді.

тілейін шындық сөзбен таспамды тек, тілегім – бұлт шалмасын аспанды көк. Жақында Жеңіс тойын тойладық біз ұмытпайық қаһарман қарттарды тек.

Біразы Астанаға барып қайтты той басы елордада басталды деп.

Қасым Қайсенов атамыз ренжіп қайтты Бас муфти көңіліме дақ салды деп.

Құбылаға бір кідіріп қарамапты, Шейіттердің иманын тастан тілеп. Христианның поптары аза тұтып, мұсылман жұмған аузын ашпады деп. Көңілі пәс боп қайтты батырымның рәтбек ұстап тұр-ау деп машқарды бек. түзетсек партизан айтқан кемшілікті, Жау қолында кетпеспіз бастаңғы боп.

Бет-жүзін берекенің бері бұрсақ Болмас еді қыз ынжық, ер ыңырсақ. Әбілқайыр әртісім сөйледің-ау, Жұлып жеп екі иықты долы құсап. Қалтарыста үзіліп кетпе енді, үзеңгіге қажалған божы құсап.

Алақ-жұлақ Қарайсың оразға сен, түлкінің түнде туған төлі құсап. тізеңе тізең тиіп келіп қапсың, Бөтелкемен сүт берген қозы құсап.

сен едің сыр бойының ыңыршағы, үкідей үлбіреген тұлымшағы.

Жақсы сөзді мен бүгін ағызайын, Атсыншы бұл айтыстың қызыр таңы, Жаңбырдан соң тамырын қопсытпастан. Жер қысып тастағандай қызылшаны.

Әрең адам боп кеткен сәбисің-ау, Күн сүймеген шыбықтай қиырдағы. сені көрсем көзіме елестейді Балалардың Барби деген қуыршағы. Атом аздай, зымыран күнде құлап

Бұл елдің оңбай қойды-ау түк ұрпағы.

әбілқайыр:

ораздың бұл ойбайы жаман екен, Байқадыңдар пейілі арам екен.

түк қоймай кескінімді жырлап өтіп, Ақ пейілін білдірді маған деген. неменеңе жетісіп сен жырлайсың, сенікі менікінен жаман екен.

Жығылған сүрінгенге күлед деуші ед, сенің де семіздігің шамалы екен.

Жаратқан берген екен кескінді ұсақ, Қасыңда Әбілқайырды дестің құшақ. ореке, мен әзілге ренжімеймін,

інім ғой деп өзіңе аштым құшақ. Алаңсыз сен жапырып барасың ғой, Қорадан қора қоймас ешкі құсап.

Қайдағы қыңыр сөзді тауып алдың, Көк етік көлбеңдейтін кесір құсап. Бір күні ақындардың бәрін қауып, Ақын таппай жүрмегін жесір құсап.

Бақыты бұл қазақтың жанса деп ек, Жетеді қайғы, қасірет, қанша керек? Күн сайын зымырандар көкке ұшады, Байқоңырды басымнан алса деп ек. өз басын ойлайтұғын өкіметке Адамның тағдыры емес, ақша керек.

Ау, ореке, бүгін сен енді, Шабытыңа саласың.

360

Жауабыңды берейін Арық дедің сен мені. Көргің келсе сен егер

Қазақтың мендей баласын Айтқан сөзге сенбесең өзің келіп көрерсің.

Ауылға бірге барасың, Айтқаныма сенбесең, Көзбенен көрсең нанасың. Асырай алмай ана жүр, өзінің туған баласын.

Бір көршім жатыр қант сұрап, Берейін десем қолда жоқ, Бермейін десем онда жоқ.

Бір көршім келер нан сұрап, Алаңсыз естен танасың.

екі ай барып ауылға менімен бірге өмір сүр ораз сонда дәл мендей, егіз болып қаласың.

Оразалы:

Әбекеңнің белгілі айналасы, оны білер қазақтың қай баласы. өзің де жетіспепсің дедің маған,

Бұрылды-ау маған қарай арна басы. Шынардай майда болып өседі екен, Әбеке, мен секілді тау баласы.

Әрқашан өз аузына бұйырса екен Алладан бұл алаштың алған асы. сенбесең нұрекеңнің бойын қара, Бірде жетпіс болады айналасы.

Қызған тұлпар, қызыл тіл іркілмегей, іркілсең сөзде болар қырқу көмей. өзімізден сөзіміз семіз шығып өмірге боп жүреміз біртүрлі өгей.

Ауылды сен айтасың, ау Әбеке, сезіп отыр оның да жайын кедей. Ауылдың мүшкіл халі түзелмейді Бюджеттің бүйірі бүтінделмей.

Бас аманға табылар бір таз кепеш, дүние бір күн бай да, бір күн кедей. сондықтан бейбітшілікті біз ойлайық, су жүрек суыр құсап шіңкілдемей.

Берекеңді ағайын бектен қылғай, өнеріңді өзге елден өктем қылғай! Аштықты да көрген ғой біздің қазақ үзілмес майға салып ескен қылдай. Жұмыс істеп үйренсең тірлігіңді Боларсың Аллаға деп өскен құлдай.

еті тірі басшылар еңбегіңді елеп-екшер, тіршілікте шідерлеп шектеу қылмай.

Құдайға шүкір барды да айту керек, Жылауды кешке дейін өктем қылмай. емген бұзау ұмытар мөңіреуді, ұзатылып ұзаққа кеткен қыздай.

Жаратқан планетадан тысқары әлем, ысқырығы жер жарған күшті адам ең. Әзіл қып айтып едім арықтығын, Жетті ғой мына бізге тұспал әрең. осы кеткенің кеткен-ау, ет бітпейді, Борласа да бешбармақ, тұшпарамен. Артық ет болмайды рас арғымақта осы атақты өзіңе ұстанар ем.

тұлпардан гөрі көп ұқсайсың тулаққа сен, Көтерем болып шыққан қыстан әрең.

сөздерің ащы екен сыналаған, өкімет болды сөзің кінәлаған. Қалайша өкіметті алға бастар, Айғайлап шыңғырғанмен бір-ақ адам. Ары қарай сөздеріңді жалғай бергін, ұрандай боп кәдімгі тұралаған.

Жұмыссыз жұрт не істерін білмей отыр, мысықтай өз құйрығын қуалаған.

Біздерге балбыраған жараспайды Баладай аузы-басын сиялаған.

Әбеке, ары қарай жалғай бергін, Айнымас кескінің бар мұнарадан.

362

әбілқайыр:

ондайға сері көңіл жасымайды, Шабыт кеп, неге көңіл тасымайды? ішімізге шыр жұқпай жүргенімен, Жүректе мына жыр бізді асырайды. Кемшілікті көп айттың дейсің маған, түйені қой ішіне жасырмайды.

Жайлар көп жүрген енді көптен толғап, Бабалар да өз жерін өткен қорғап. тәуелсіздік тұғырың құламасын Басыңызға бақыт боп жеткен орнап Амал жоқ бірлік, сабыр осы үшеуі өтпелі кезеңінде өткел болмақ.

Бабалар нағыз дана еді асқан, Бұл сөзімді тарихтың өзі растар. Баяғы хан, қазіргі президент,

Абылайдың жолымен елді бастар. Патшаның уәзірлері министрлер, Кейбірі өзі қышыған жерін қасыр.

«Әділдік» шешім айтар билеріңіз Халқын емес, ағайын, өзін ойлап, Ар-ұятқа түсуде небір дақтар.

Атқа мінер азамат сендерсіңдер езіп жатқан езгіден еліңді ап қал. Бабалар қасық қанын аямаған,

Жат жұрттық боп кетпесін, жеріңді ап қал. Болашақ ұрпаққа да байлық қалсын,

мә-мә деп сата бемей, кегіңді ап қал. Әйтеуір атымызға дақ түспесін, Киелі қазақ елі тегін мақтар.

Бабалар бірлікпенен бәрін жеңген, Білмесең тарихыңның бетін ақтар.

Қазағым сан тоқпақпен сан алысқан, сөзімді мен айтайын жаңа пысқан. өткеніне қазақтың сөзін салсақ, Қара құрттай қаптады қара дұшпан. еліміз, жерімізге қолын салып,

Жоңғар, қалмақ кетпеді-ау қара тұстан.

Абылай ақ патшамыз жолымыз деп, Беделді елдерменен араласқан. ыдырап жатқан елдің басын қосып, елді аман алып шыққан дағдарыстан.

елді айтып біздер неге зар қақсаймыз, салмақты сөзімізді салмақтаймыз. екеуміз де шырпыдай шық жұқпаған, еті барға несіне жалтақтаймыз. семіздігің шамалы сенің менен, Әдемі піскен қатты жаңғақтаймыз. ореке, екеуміз де шамаласпыз,

екі айын әрең өткерген солдаттаймыз.

Оразалы:

Халыққа теңедің-ау түйені сақ, тыңда сен қаны қазақ түйе құсап. теңдігім елдігімді бұзбаса екен, Жонынан таспа тілген дүре құсап. Бұрынғы іс біткеннің бәрі кетті, елміз деп жаны жомарт, жүрегі шат, Байлығын игере алмай жатқан елміз, еншісіне көршісі ие құсап,

Алтын артып жүргенмен арқасына, Аузы тек тікен жейтін түйе құсап.

Қашаннан елге сыйлар өрнегім жыр, сенің де Әбілқайыр сөз қорың нұр. Бірақта менің бүгін ана тілім, Күйініп күнде бір сыр өңгеріп жүр. Қытайы скотчтан плащ киіп,

Жылтырап жайнап та жүр жеңге гүл-гүл. Ағылшынша сөйлеймін деп серік көкем, тыныш жүрген бізге де сөз келіп жүр. товар тасып қытайға тиген қыздай, мемлекеттің мүддесін игеріп жүр.

Қысық көз күйеу балалар Астанадан, огород салатындай жер көріп жүр. солардың бағына орай Алматыда, заправкалар атылып жер кеңіп жүр. Халықтың терін сауып сатқан малын тебінгі сауған ұры иемденіп жүр.

364

меңгерген жоқсың сен де ұрысты кең, Жұлқынуда жұртты алдар жұмыс білем. Жебесі жерге түспес ақын едің, Шіркейді атып құлатқан ит үстінен.

Бойыңды билеп алған кесірді мен, Қатты сығып қатықтай біріктірем. Қоймасаң серке құсап секеңдеуді, Алдыңнан айна қойып сүзістірем.

Жалғасам бабалардың жорамалын, от-жалын ойға күнде ораламын. өкшелердің арманы Көкшеде жүр, Аралап Абылай ханның кең алаңын. ысырылған артына сөз қалмасын, сыпырылған сәтінде томағаң бір.

Кешегі Бұқар жырау болмасам да, сол Бұқардың бұтағы бола аламын.

елбасымен нұрлы болар ертеңіміз, Кешірерсіз келте болса өлшеміміз. даттағаннан аулақпын, дат хан ием! Біз, шайырлар, фәнидің тентегіміз. елмен бірге елжіреп бір сөйлейік, Желмен бірге желбіреп желкеніміз. ойнақтасам жүруші ем оттан аулақ өз төліңді өлтірмес семсеріңіз.

заманның сырын халқым аша алмай тұр, Батасыз бала да алға баса алмай тұр. депутаттар біреуін біреуі ұқпай

Экранда сайрайды асаудай құр. үкіметтің саудасы таусылғандай, Бабаңның қаныменен келген жерді, Базардың заңыменен сата алмай жүр. елшіліктер есірткі тасымалдап, Басшылар біздің елде қақаңдап жүр. Билерің соғым жегіш сотқа айналып, Жақсылық іс тағы да жасалмай жүр. Жүрек қарсақ, тіл жаңсақ, жырау жалтақ, Айта алмас кешегі өткен Асандай сыр.

сабалақтың Бұқары бүгінгінің, Бір сөз айтуға да бата алмай жүр. сөзге еркіндік бердіңіз, рақмет!

Жасыған ел қуанышын баса алмай жүр.

Би, болыс, батырлар мен уәзіріңіз, Бірі молда, бірі қойшы қазағымыз. Қара халық жайылған төрт түліктей, Арам қатар ақ болмай бағуымыз.

Ауруханасы ауылдың ат қора боп, Бас ауырса армандаймыз дәріні біз. Жақсылық істерді де айта кетем, Арқырап тұр бұл күнде жалынымыз. ел үмітін үкілеп отыр бағып,

Бағыт-бағдар басшылық ағымыңыз. Пайғамбардың жасына келіп қапсыз, Арғымақтай туласын арыныңыз. түп атамыз шықпай жүр түсімізден, Қай күні қазылар деп қабіріміз.

Қазылған көрстандар күңіренуде, сендерге жоқ еді-ау деп жазығымыз. Әшейін ел ішінде ойлап жүрміз, Әдемі болады-ау деп әлібіміз.

Батыр жалтақ, би сатқын, әкім жегіш, Қай жаққа бара жатыр қайығымыз?

Шын айтсақ шұлығымыз суға кетпес, мұң айтсақ жоқ та шығар жазығымыз?..

1999 жыл.

МҰХАМедЖАн Мен БеКАРыс

Мұхамеджан:

Жарамас iзгi өнердi жандандырмай, Айтыстың ауылында шам жандырмай. Ассалаумағалейкүм, абзал елiм, Артына сөз қалдырған, мал қалдырмай. мейрiмiңдi көрiп мен иiлемiн,

меккеге жетi ай жүрiп барған құлдай. иманды сөзiм сiңсiн жүрегiңе, Әулиеге әуеден тамған нұрдай.

366

Көптiң көңiлiн қалдырған жан емеспiн, Шөптiң шөлiн қандырған ақ жаңбырдай. салмақтап, салиқалы ой тастайын, сары майдан суырып алған қылдай.

Алладан жәрдем тiлеп сөз бастайын, намаздан жаңылмаған нар Жамбылдай.

салтанат құрсаң, елiм, мен шаттанам, сен үшiн тiлiм – келi, келсап болған. ниеттестер, жиылып қалыпсыздар, Алғысы алтын тақтан кем соқпаған. мәсiнiң қонышындай тар заманда, Кебежедей көңiлiн кең сақтаған. иманды елдiң ұрпағы емес пе едiк, Анасы – ар, атасы – жер сатпаған.

Билерi бәтуасыз сөзге бармай, ұстасы ескi ағаштан ер шаппаған. Жамағат, жанашырым сiздерсiздер, сабырына сүйенiп жан сақтаған. таңдайымнан тәттi сөз төгiлгенде, маңдайыңнан ащы тер моншақтаған. Айдың нұры түскендей жарқ етейiн, Ақ найзаның ұшы едiм ел саптаған.

Айтыс деген айтулы ой жарысы, екi ауыз сөзден қозған ел намысы. египеттi билеген ер бабам бар, Бiрақ ондай бұл күнде қайда кiсi? соған сөзi ұқсаған сен отырсың, тұлпардай теуiп тұрған бойда күшi.

Армысың, алты алаштың Бекарысы, Айтыстың алтын айдар Бейбарысы.

Жол бiлер жiгiт едiң жөн ұққандай, сенi көрiп отырмын болып дардай. Кестеленген сөзiңдi, айт, ал, бауырым, тәп-тәттi жiгiт едiң өрiк таңдай. ентелеп екеуiмiзге ел-жұрт отыр, Қызықты қайтамын деп көрiп қандай.

Бейне бiр күш атасы – Қажымұқан Балуан Шолақпенен жолыққандай.

Бекарыс:

Айтайын келген сөздi тiл ұшына, Қансыншы көп құлақтың құрышы да. Ағайын, армысыздар, Алладан соң, Ақынға отыратын нұр ұсына.

Баһорым – мерекенiң айы емес пе Жүгiнсек әңгiменiң дұрысына.

Аналар, өткен мейрам құтты болсын, Айып қой айтпай өту мұны, сiрә. мүбарак болсын құрбан айттарыңыз, табарак ырыс қосып ырысына. наурызда тәңiрiден тiлейтiнiм – сабыр берсiн батыс пен шығысыңа. мейрамды үйiп-төгiп бере салған Құдайдың мыңда шүкiр мұнысына. Құттықтаулар осымен тәмамдалсын, мен ендi кiрiсейiн жұмысыма.

Армысың, Алматының сөз ұстары – өзгеге қарағанда көп ұстамы.

Жұртың сенi капитан сайлапты ғой, Командир қойғандай ғып соғыстағы. Япыр-ай, қызық болды-ау басымыздың

«ғасырлар тоғысында» тоғысқаны.

тәңiрiм бiреулерге мал бақтырған, Ал ендi бiреулерге жан бақтырған. Ал ендi бiреулерге ой бақтырып, өмiрiн iзгiлiкке арнаттырған.

сен де сол соңғылардың iшiнде едiң, Қолтығынан демеу боп аруақ тұрған.

«Жақсының жақсылығын айт» деген бар, ел-жұртың атыңды айтып ардақ қылған. Кәрi құлақ ақынның бiреуі едiң,

тай кезiнде-ақ құнанды шаң қаптырған.

тiрлiктi әрi де ойлай, берi де ойлай, Жатырмыз ертелi-кеш салып ойбай.

368

төрiне ақындарды жинап алған,

Ау, мұқа, Алматыңның хәлi қандай? Кеше бiраз ақындар сөз сынасты, Байқасақ, қара өлеңге бәрi байдай. Бiздi әлде қандай ғып осы кешке сақтапты бүйендегi сары майдай.

Жадырап жас адамша сөйлейiкшi, маңырап қала бермей кәрi қойдай. Жұртқа жөн сiлтейтiндей ой айтайық – Күн менен күлiп шыққан жарық айдай.

Бiздердi табыстырған өнер шығар, өзiңнен осындайда өлең шығар.

Шығарса Шолақ пенен Қажымұқанды,

«Бiрi өлiп, бiрi қалсын» деген шығар.

Мұхамеджан:

Бекеңнен әлi талай жырлар шығар, сүренiң ақыны едi тыңнан шығар. Бiрi өлiп, бiрi қалсын десе егер,

Алдымызда шын майдан тұрған шығар. ыбырайым пайғамбардың баласы да Алланың ризалығы үшiн құрбан шығар.

Бекарыс, сен көзiме жылы ұшыра, Бауыр ғой деп ойлайын мұны сiрә. Келген жерден кезектi ала салып, Кiрiсем деп отырсың жұмысыңа. Бiр кiріссең, сен қатты кiрiсушi ең, Қалқан қойып көрейiн қылышыңа.

оңғарылса екен деп бақ-талабым, Жырыммен жұртқа қызмет атқарамын. Жарасып Бекарыспен отырғанда, тiлеймiн iзгiлiктi сақтағанын.

сөз ұстары едiң деп Алматының, майдай жағып барады мақтағаның. мақтап-мақтап мақтадай жұмсартып ап, Қысындай қысып жүрме Ақмоланың.

Алматы бар қазаққа төр секiлдi, Қорғайтын аяз, желден тон секiлдi. сұрадың Алматының жай-жапсарын, Жауап берiп көрейiн ел секiлдi. талай қазақ қаңғып жүр бұл қалада Балығы қалқып шыққан көл секiлдi. Басқа тартсаң, аяққа жетпей жатыр, етектен кесiп алған жең секiлдi.

Алматының астында метро бар,

Жүрсең – жол, ал жүрмесең – көр секiлдi. Көктен Құдай қазақты сақтаса екен, Алатаудан қорқары сел секiлдi.

Қазақтың қызын алған Храпунов, Жан қалтаға жасырған мөр секiлдi. Қазанның құлағын ол ұстаған соң, Қазақтың несiбесi кем секiлдi.

Күйеудi бас қалаға басшы қойған нұрсұлтан ағамыз да ер секiлдi.

Бекарыс:

Күтермiз талай-талай кеңестi алда, Болдырма алдыңда әлі белес барда. Күйеуiн әкiм қойса не қылады, Пайғамбардың үмбетi емес пе ол да.

деушi едi Алматыны байтақ екен, Көңiлi кең даладай жайпақ екен. осында келiп көрiп-бiлгенiмдi Жасырмай мен де бүгiн айта кетем. Жылағанға өкiрген жолыққандай, сенiкi менiкiнен сойқан екен.

Қалаңды араладым аз-ақ өтiп, Жаңылсам ескертерсiң жаза кетiп. рахмет, мешiтiңдi бiтiрiпсiң, Күмбездерiн көмкерiп, ғажап етiп. Бiр терiнiң пұшпағын илеймiз ғой, Бiр мешiтте жүрген соң намаз оқып.

Бiрақ кейбiр жайларды айтпай болмас,

370

Iшiмдi жатқаннан соң қажап өтiп. Кришнаит болып кеткен қазақтар бар, Ала алмай жүрсек бiздер қазақ етiп. Алдамшы қорлар менен қулар да көп, Қалың елге баратқан азабы өтiп.

Бұл жақта сендер бар деп сенушi едiк, Көрiнгенге қоймас деп мазақ етiп.

Япыр-ау, ару қала Алматымды не күйге түсiргенсiң, тазабеков?

Көктемде бәйшешектей бүршiк атып, Басында бар қазақтың жүршi, бақыт. Күйшiлер күмбiрлетiп күйiн тартса, термесiн төгiлтуде жыршы жақұт. тақымын қысқан елiм шыбын жанын Шүберекке түюде шырқыратып.

Ау, мұқа, бiз екеуiмiз бұл доданы Әудем жерге тастайық бiр шұбатып. сүрленген сөзбен емес, сыбағаның Берейiк ыстық буын бұрқыратып.

Мұхамеджан:

Кептерi көңiлiмнiң өрге қонса,

деп тұрамын жақсылық елге болса. тазабеков, не қылдың деп отырсың, елемей жұмыр басты пенденi онша. Алматыны жайнатып жiбермекшi, зиялы азаматтар ерге қонса.

мына менiң қолымда не бар дейсiң, Көкiрегiм қайтейiн шерге толса.

Жетiсуды жұмақ қып жiберер ем, дүниенiң дiңгегi менде болса.

Жiгiттiң жастық шақта еркi жеңер, сенiммен ұсталмаса сертiң егер.

Аллаға – құл, адамға – ұл болу ғой, намазға кеп түйiссе тең тiзелер.

Ақын намаз оқыса хақты танып, Алдымен аузындағы сөз түзелер.

он күнәнiң тоғызы тiлден екен, сөз түзелсе, иншалла, ел түзелер.

Қазаққа бақ пен дәулет қайтып келер, Шарасыздар жүр бүгiн шалқып нелер. Құдайдан қорықпайтын болып алдық, Жаратса да құлым деп артық көрер.

Құдай деген ол бiзге құда емес қой, Қызы ұнамай қалса егер қайтып берер.

Бекарыс, қай жағдаймен мақтанайық, сақтансақ, кришнадан сақтанайық. түбiм – түрiк, ал дiнiм – ислам ғой, солай қарай сенiммен аттанайық.

Адам азып, заң тозып бара жатыр, Қай тiрлiкпен, Бекарыс, шаттанайық?

Бұрынғының ұраны – «Аллаhу акбар», Бүгiнгiнiң ұраны – «ап қояйық».

Бiз, қазақ, бұл күндерi кiммен доспыз? Адасып айдалада жүрген көшпiз.

Арабтың тiлiндегi дiнмен емес, Арақтың түбiндегi жынмен доспыз.

ұрылардың ұсағы түрмеде жүр, ұрылардың үлкенi мінбеде жүр. Байланысып шекпендi шенеунiкпен, Кiсi өлтiрген бүгiнде кiрме де жүр. Ауыз айтып бергенмен, ақыл сенбес, Iбiлiстiң үлкенi iргеде жүр.

Жалғандық қоғамдағы жасытты елдi, Жаратқан сырын өзi ашып бердi.

«мешiтiң құтты болсын!» деп жатырсың, ол бүгiнде алды ғой ашық төрдi.

он жылда әрең бiткен қасиеттi үй Жалғанға жарық нұрын шашып келдi. Жартылығын қойынға жасырғандар, молданың да моласын қазып келдi.

372

мешiт салып бердi деп мәз қыламыз, Харамнан қаржы жиған кәсiпкердi. дiнге бас-көз боп жүрген тәжин көкем, тартты деп айта алмаймын таспиқтердi. Қазақтың дiндарлығы сол емес пе, мешiтiн де Храпунов ашып бердi. сүндеттелген көсемiң жоқ па едi деп, сүйегiме таңбасын басып бердi.

Бекарыс:

Қашаннан болмас сүйек сiрә тiлде, елдi ойлаған ақынды iрi ақын де. Жерiне жеткiзбесе айтқан сөзiн, Жағын сауған жыршыдан рақым не? оншақты ақыныңмен топқа түстiң, Ау, мұқа, сонда сенiң мұратың не? оныңыз жабылғанда бiр ауыз сөз, өткiзе алмайсың ба бiр әкiмге?

демейiн ұлып қалған ұларсыңдар, сатуға сонша неге құмарсыңдар? Жақында французға суды саттың, Әлi де тоқтамайтын шығарсыңдар. ноқалай жезделерiң аман тұрса, Бақадай бақылдайтын шығарсыңдар?

Айттың-ау имандылық, дін жайында, Әңгіме өріп жүр ғой бұл жайында.

Ақының мұхамеджан не дейді екен, деп келіп ем пейілін тыңдайын да. Байқасақ ойларымыз бір жерде екен, ниетіміз Алланың ыңғайында.

намысын қазағымның жаныдың-ау, ойыңның арғы жағын таныдым-ау. имансыз тірліктерді бетке басып, Арқамызды аяздай қарыдың-ау.

Кейбірі иогова, кришнаид боп, осы біздің қазаққа бәрі бір-ау,

Шөліркеп дінге сусап жүргенімде, уағыздың уызына жарыдым-ау.

Басқара алмай жүрген бұхарасын, сол дүмше молдаларға налыдым-ау.

«дәмегөйлер» діңкемді құртып бітті,

«Хоменейлер» берсеңші, тәңірім-ау.

Бағасын ақындардың беретiн жұрт, Жоғалсын төбемiзден төнетiн бұлт. Ал, мұқа, шабытыңды шақыра бер, Бiз сiзге қайта мұрсат бере тұрдық. Қазақтың қажетiне жарамасақ, Қазақтың баласы боп неге тудық?

Ағайын, ұлы арманды ұлт едiң, Жұмсартып жағдайыңды жiбiтемiн. Қанеки, домбыраңды қолыңа алшы, сен де бiр қазағымның үмiтi едiң. етектегi елiңнiң тағдырына дүрбiменен қарайтын жiгiт едiң.

Мұхамеджан:

ел сөзiн айта бiлер десек кейде ұл, сөйлейiк уақытты бос етпей бұл. ноқалай жездең жайлы айтып жатсың, дәл бүгiн етек-жеңдi есептей бiл. назыңды маған емес, әпкеңе айт, Құшағында жатыр ғой көжектей бiр.

Храпунов мырзаға ләйла апаңнан Басқа бiр еш қазақтың сөзi өтпей жүр.

мұсылмандық – дiн емес қорек қылмас, Қазақтан ол ешқашан бөлек тұрмас.

Құдайды ойлап көрмеген құрметсiздер оны ойлап, өз халқына себеп қылмас. Қазанның қайнағанын аңдитындар, Азанның айдағы әнін керек қылмас.

374

имансыз бұл қоғамда не iстелмей тұр, Қалталылар қалғанын көзге iлмей тұр. Пайдасы өз басынан аспайтындар, Халықтың көз жасынан сескенбей тұр. Бесiк жыр естiмеген белсендiлер

Бес күндiк екенiне дес бермей тұр. Құранды сыйға тартсаң алмайтындар Құдайдың бар екенiн ескермей тұр.

Адамның таза болса ой дәптерi Басына бақ пен дәулет қонбақ тегi. Бiр кезде тұрғұт өзал намазға кеп, тұрғанда ел көңiлi толмап па едi. Кешегi димекең де жұманы оқып, Шариғатты бiлген ғой бойлап тегi. тек Құдайдан қорыққан тектi атамыз

мәскеудiң сан қаулысын жоймап па едi. өлiктердi өртейтiн Алматыда Крематорий салғызбай қоймап па едi. сол Алматы бұл күнде тәнiн сатқан

«тiрi өлiкке» толар деп ойлап па едi?

Қазағым, кейде рас, Құлагерсiң, Құлагер қашанғы ендi құлап өлсiн. Жарнамаға алданған жастарымыз, Көңiлiне қалай иман-шуақ енсiн? Патшаға шындықты айтар ақсақал жоқ, оған да халқым өзiң куәгерсiң.

Шал басымен қыз iздеп, шарап iшсе, Ауызында қайдан оның дуа болсын?!

нар халқым отыр бүгiн налымай түк, Кетпес деп түркiстанға дарымай құт. өкiнбеу үшiн ертең осы бастан,

Қапқа – қазы, қарынға – сары май тық. түркiнiң түп қазығы түркiстанда

той боп жатса, қызбайды қаным қайтып? Шақырып алматылық ағайынды,

сауап үшiн келдiң бе сауын айтып?

Бекарыс:

Алматым ақындардың басын қосқан, төбеңде ойнақтап тұр жасынды аспан. Шалын да, аямаған шауқанын да, Айналдым дәл өзiңдей асыл достан.

Ау, мұқа, халық бiзге иланады, өйткенi, асыл – тастан, ақыл – жастан.

түркiстан – түркiлердiң түп отаны, туғызған талай-талай ұлы атаны.

Қанша ғасыр қараусыз қалып қойды, сол түркiнiң жүрегiн жылатады.

Әзiрет сұлтанымыз әрленiп тұр, сол ғана жанымызды жұбатады. Яссауи бабам барда түркiстанның, тумауы мүмкiн емес құба таңы.

Бұйырса үлкен тойды ел көрсе екен, ойымды менiң дұрыс меңгерсе екен. Әбiржiп қалған мынау әлеуметтiң, Әл-ауқаты тезiрек жөнделсе екен.

Шерағаң елге асар жариялады, осыны барша қазақ жөн көрсе екен. Қоңдарынан ет кесiп бермесе де, Қолдарынан келгенше дем берсе екен.

соқтықпай қайдағы мен жайдағыға, Бiз де қол созған жоқпыз айдағыға. сауыннан бұрын сауап тiрлiк керек, Кездесем десең ұлы тойда мына. түркiстан – бар қазаққа ортақ қала, осыны жиi ала жүр ойларыңа.

сен де сәлем айтарсың, мұхамеджан, Киркоровпен кiндiктес байларыңа.

2000 жыл.

 ғылыМИ ҚОсыМШАлАР

АҚындАР ТуРАлы МәліМеТТеР

 Шынболат ділдебаев (1937-1998) – ақын, термеші. Жезқазған тау-кен технику- мын бітірген (1964). Жезқазған кенішінде 1957-1992 жылдары жұмысшы, ауысым мастері болып істеген. 1980 жылдан республикалық ақындар айтысына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Қазақстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет кызметкері (1991).

 Ш.ділдебаевтың заман, адам туралы толғаулары өршіл ақынның асқақ ру- хын, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін аңғартады («Шындық» т. б.). «Кенші сыры» (1993), «Жылжиды жылдар» (1997) өлендер жинағы жарық көрді. Ақтөбе, Қызылорда, сәтбаев қалаларының, Шиелі ауданының құрметті азаматы. Бүгінде сәтбаев қаласындағы Кеншілер сарайына Шынболат есімі берілген.

 Қонысбай әбілов – 1954 жылы Қостанай облысы, Жангелдин ауданында туған. Ақын, журналист. «лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің торғай, Целино- град облыстары бойынша меншікті тілшісі (1980-1985), облыстық «торғай таңы» газеті редакторының орынбасары (1985), қалалық «Арқалық таңы» газетінің редакто- ры (1990), торғай облыстық телерадио компаниясының төрағасы (1991-1995) болып қызмет істеген. Астана қаласы тіл саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Айтыс өнеріне сіңірген зор еңбегі үшін 1990 жылы «Қазақстанның халық ақыны» атағына ие болды. Көптеген айтыстардың жүлдегері. Арқалық қаласының

Құрметті азаматы.

 Мұхамбетқали сейітқазинов (1956 ж. т. Қарағанды облысы, ұлытау ауданы) – ақын. Жезқазған педогогикалық институтын бітірген (1981).

 орта мектеп мұғалімі, ұжымшар ұйымының хатшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, ауыл әкімі қызметтерін атқарды. ұлытау ауданы әкімінің аппаратын- да бөлім меңгерушісі болған. Бір топ өлеңдері «сарыарқа саздары» атты облыс ақындарының жинағына енген. ұлытау ауданының Құрметті азаматы.

әселхан Қалыбекова (1950 ж. т. оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауылы)

– айтыс ақыны. 1966 жылы м.Әуезов атындағы орта мектепті бітірген. 1970-1971 жылдары аудан мәдениет бөлімінде, аудандық газет редакциясында, 1971-1991 жыл- дары аудандық ауа райы мекемесінде әр түрлі жауапты қызметтер атқарған. 2001 жылдан аудандық мәдениет бөлімі жанынан ашылған ақындар мектебіне жетекшілік етеді. 1981 жылдан бастап ақындар айтысына қатыса бастады. Жамбыл атындағы сыйлықпен (1989), «Парасат» орденімен (2005) марапатталған. Қазақстанның халық ақыны (1990), отырар ауданының «Құрметті азаматы».

 Айтмұхамбет Исақов – 1964 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Пио- нер ауылында туған. Айтыс ақыны. Қазақ айтысына көркемдік тәсілдерді молынан

378

қолдануды енгізген ақын. Бөлтірік Әлменұлының құрметіне өткізілген (Жамбыл об- лысы, 1997) республикалық айтыстың бас жүлдегері.

 Айтыс өнеріне құбылыс болып келген мұхамеджан тазабековты тәрбиелеген ұстаз. Жамбыл аудандық мәдениет бөлімінде еңбек еткен. Қазіргі таңда жеке шаруашылықпен айналысады.

 Мұхамеджан Тазабеков – 1975 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Құу-ін қазақ әдебиеті мамандығы бойын- ша бітірген (1996). осы университеттің магистратурасын (1998), аспирантурасын тәмамдаған (2000).

 Айтысқа мектеп қабырғасынан бастап қатысқан. ұстазы – Айтмұхамбет исақов. Б.момышұлының 90 жылдығы мен с.Әлібекұлының 210 жылдығына арналған айтыстарда (1990) бас жүлдені жеңіп алған. 1991-2003 жылдар арасында айтулы айтыстардың жеңімпазы, жүлдегері болды.

 Әл-Фараби атындағы Құу ақындарды дайындау мектебінің жетекшісі (1996- 1997), 1997-2003 жылдары ұлттық гвардия құрамаында «Президенттік оркестр орындаушысы» қызметін атқарды.

1996 жылы профессор м.Жолдасбековтың сценарииі бойынша түсірілген

«Жамбылдың жастық шағы» фильмінде басты рөлді сомдаған.

 2001-2003 жылдар аралығында Халифа Алтай атындағы халықаралық қоры директорының орынбасары қызметін атқарады. 2001-2009 жылдар аралығында

«Қазақстан» телеарнасында «Жұмадағы жүздесу», «Құбыла», «ораза қабыл бол- сын», «иман нұры» хабарларының авторы әрі жүргізушісі ретінде танылды. 2009 жылдан «Асыл арна» діни ағартушылық телеарнасының директоры.

 «Айтыстар» (2006), балаларға арналған «иман бақшасы» (2009) еңбектері жарық көрген. «дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (1998).

 Шорабек Айдаров – айтыс ақыны. 1955 жылы Жамбыл облысы, талас ауда- ны, ойық ауылында туған. 1983 жылдан бастап айтысқа қатыса бастады. Айтыс өнерінде астарлы әзілімен, өзіндік ерекшелігімен танылған ақын.

 Жамбыл облысы, талас ауданы, с.Шәкіров атындағы кеңшарда жұмысшы, шопан болып істеді (1975-1980). Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасында шаруашылық бөлімін басқарған (1980-1983), талас ауданы мәдениет бөлімінің әдіскері, халық театрының режиссері, автоклуб меңгерушісі қызметін атқарған (1984-1989). талас аудандық «талас тынысы» газетінде әдеби қызметкер (1989- 1991), талас аудандық тарихи өлкетану мұражайының директоры (1991-1997), та- раз қаласында облысаралық «салық тәртібі» газетінің тілшісі (1997-1999) болып еңбек еткен. 1999-2009 жылдары жас айтыскер ақындарды тәрбиелеумен айналы- сты. 2009 жылдан бері діни-ағартушылық «Асыл арна» телеарнасында жауапты шығарушы редактор қызметінде.

 дәстүрлі айтыс түрлерін дамытуға үлес қосқан өнер иесі. і.Жансүгіровтің 100 және м.мақатаевтың 60 жылдық мерейтойларына арналған республикалық айтыстардың жеңімпазы. республикалық наурыз айтысының бас жүлдегері (1994). Айтыс өнерінде бәйгеге тұңғыш рет тігілген темір тұлпарды тізгіндеген ақын.

 Қатимолла Бердіғалиев – 1952 жылы орал облысы, Қазталов ауданы,тереңкөл ауылында туған. орал қаласындағы Құрманғазы атындағы музыкалық училищені бітірген (1975). сол жылдан Қазталов аудандық мәдениет үйінде қызмет ет- кен. Айтыскерлігімен қоса қазақтың халық әндері мен Бұқар, Базар, Қашаған, т.б. жыраулардың терме-жырлары, м.мералыұлы, ғ. Құрманғалиевтің тынысты әндерін ел арасына кеңінен насихаттап жүрген өнер иесі.

 тама есет батырдың құрметіне өткізілген (Ақтөбе, 1992), Ақан сері Қорамсаұлының 150 жылдық мерейтойына арналған (Көкшетау, 1993), Бұхарбай естекбайұлының құрметіне өткен (Қызылорда, 1993), Шақшақ Жәнібектің мерейтойындағы (Арқалық, 1993) айтыстарда бас жүлдені алған.

 Жазба өлеңдері «орал өңірі» және т.б. республикалық басылымдарда жиі жарияланып тұрады. «Жүзден жүйрік шыққандар» атты еңбегі басылып шыққан.

Қазақстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.

 Абаш Кәкенов – 1956 жылы Шығыс Қазақстан облысы, тарбағатай ауданы, Жаңа ауылында туған.Қарағанды учелищесін «Киномеханик» мамандығы бойынша бітірген (1981). еңбек жолын 1982 жылы Жаңа ауылдық мәдениет үйінде бастаған. 1988 жылдан бастап айтысқа қатыса бастады. республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы.

 Қазақстан республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. тарбағатай ауданының Құрметті азаматы.

 Мұхтар Құралов – 1947 жылы оңтүстік Қазақстан облысы, мақтаарал ауданын- да дүниеге келген. өзбекстан республикасы сырдария облысындағы педагогикалық институттың филология факультетін бітірген (1973).

 еңбек жолын орта мектепте ұстаз болып бастаған (1973-1980). 1980 жылдан табан аудармай мәдениет саласында аға инспектор, мәдениет үйінің директоры қызметтерін атқарып келеді.

 «Айтамын десең, өзің біл», «Айдай әсем мақтааралым» (2003), «Ақ алтынды ауылым», «Алпысқа келді бір ақын» атты ән-жыр жинақтарының авторы.

 1978-1994 жылдар аралығында аудандық, облыстық, республикалық айтыстарға қатысып, бірнеше мәрте жүлдегер атанған. Ақтөбеде өткен республикалық айтыстың бас жүлдегері (1990). Халыққа кеңінен тараған «Бойжеткен», «мені неге мұхтар қойған?», «Жароков көшесіндегі кездесу», «Бесік жыры», «Бұлқынды жүрек», «Ақ тілек», «Шырайлым», «Арал толғауы», «Алтынай», «туған жер», «Аңсағаным» әндерінің авторы.

мәдениет ардагері. мақтаарал ауданының Құрметті азаматы.

 серік Құсанбаев (1963 ж. т. Шығыс Қазақстан облысы, зайсан қаласы) – айтыс ақыны. Ш.Құдайбердіұлы атындағы семей педагогикалық институтының түлегі.

 ұзақ жылдар мәдениет саласында істеген. Павлодар облысы мәдениет департаментінде, Шығыс Қазақстан облыстық «дидар» газетінде қызмет атқарған. Қазір Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы.

 Көптеген республикалық айтыстардың жеңімпазы. Айтыспен қатар жазба поэзияға да ден қойған ақынның «Байғыз» (2000), «Жырлаумен өткен 20 жыл» (2011) жинақтары жарық көрді. Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері. Айтақын Бұлғақов – 1960 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданы, үшарал ау- ылында туған. і.Жансүгіров атындағы Жму-ін бітірген (1996).үшарал ауылындағы халық театрында (1977-1979), аудандық мәдениет бөлімінде (1979-1982) автоклуб меңгерушісі болып еңбек еткен. Панфилов аудандық мәдениет үйінде домбыра үйірмесінің жетекшісі (1984-1989), талдықорған облыстық «Қазақ тілі» қоғамында (1990-1993), облыстық тіл басқармасында жетекші маман (1993-1994), облыстық телерадио компаниясында редактор (1994-1997), сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында баспасөз өкілі (2003-2008) қызметтерін атқарған. 2008

жылдан бастап «Алатау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы. Бірнеше республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері.

 Аманжол әлтаев – 1971 жылы Жезқазған облысы (қазіргі Қарағанды), Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылында туған.

е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология

380

факультетін бітірген (1993).1993-2000 жылдары осы университетте аға оқытушы, 2000 жылдан бастап л.н. гумилев атындағы еуразия ұлттық университетінің

«Қазақ әдебиеті» кафедрасында еңбек етіп келеді. Филология ғылымдарының док- торы, профессор. 70-ке тарта мақаланың, 2 монографияның, 1 оқу құралының авто- ры. Жазба өлеңдері мен айтыстары жеке кітап болып жарық көрген.

 Айтысқа 1988 жылдан бері қатысып келеді. Көптеген республикалық, халықаралық дәрежеде өткен ақындар айтысының жеңімпазы. Франция, түркия, Қытай, моңғолия мемлекеттерінде өнер көрсеткен.

 мемлекеттік «дарын» жастар сыйлығының иегері (1998). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005).

 әсия Беркенова (1950 ж. т. Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, ноғайкөл ауы- лы) – айтыс ақыны. Қазақ қыздар педагогикалық институтын бітірген (1972). 1972- 1997 жылдары наурызым, Әулиекөл аудандарында ұстаздық етті. Айтыс өнерін дамытуға үлес қосқан өнерпаз. облыстық, аймақтық, республикалық айтыстарға қатысып, жүлде алған дарынды ақын.

 республикалық айтыста с.тастанбекқызы атындағы жүлдені, К. Әзірбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған айтыста 1орынды иемденді. А.Құнанбаевтың, А. Байтұрсынұлының мерейтойларында, наурыз, тәуелсіздік күндерінде өткен үлкен айтыстарда тамаша өнер көрсетіп, халық құрметіне бөленді. 1997 жылдан Қостанай қаласындағы мемлекеттік тілді жеделдете үйрету орталығында қызмет істейді. Қазақстанның халық ақыны (1990).

 есенқұл Жақыпбеков (1953-2013) – ақын, композитор. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Бірлік ауылында туған. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1995). 1990 жылы Қазму-ін бітірген. суырып салма айтыскер. 1984 жылы респу- блика телевизиялық ақындар айтысының тұңғыш лауреаты атанды.

е. Жақыпбековтің алғашқы өлендері 1984 жылы «Жалын» баспасынан шыққан

«Қарлығаш» атты жинаққа енді. «Ағымнан жарыламын» (1986), «Біз екеуміз» (1990), «Жеріңе табын» (1994), «Жанқисса» (1996), «есіл дүние-ай», «Біздің елдің жігіттері» (1999), «Бұл жаз да өтер» (2001) атты өлең жинақтары жарық көрген.

 Ақынның шығарған ән-термелері де ел арасында кеңінен таралған. соңғы жыл- дары Жамбыл ауданының «Атамекен» газетінің бас редакторы қызметін атқарды.

 елена әбдіхалықова – 1970 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Шәменов атындағы ауылында туған. Қызылорда гуманитарлық университетінің филология факультетін бітірген (1992).

 Шығармашылық жолы мектеп қабырғасында басталған. 1991-2002 жылда- ры айтысқа белсенді қатысқан ақын. Ақтөбеде тама есет батырға арналған және Халықаралық айтыста (Шымкент, 2002) бас жүлдені жеңіп алған.

Халық жылы қабылдаған «есіңе мені алғайсың», «сыр елі», «маңғыстау»,

«Көздеріңе ғашықпын», «сені көрдім», «Барады жылдар жылжып...», «Қош дерсің», «Аманат», «Қазақ елі», «доспен қоштасу», т. б. әндердің авторы. түркия, моңғолия, өзбекстан, Қырғызстан, ресей мемлекеттерінде өнер көрсеткен.

 «сыр сүлейлерінің жазба айтысы» атты ғылыми-зерттеу еңбегі жарық көрді. осы тақырыпта 2004 жылы кандидаттық диссертация қорғаған.

Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1996).

 Құдайберді Мырзабеков (1964 ж. т. Ақмола облысы, зеренді ауданы, Ақан ауылы) – айтыс ақыны, жыршы. 1985 жылдан бастап айтыс сахнасында шыққан Қ. мырзабеков – Қазақстанның халық ақыны Көкен Шәкеевтің шәкірті. өзі де та- лапты жастарды айтыс өнеріне баулып жүрген ұстаз.

 «Айрауық», «Қармыс атаның ұрпағы», «Ащылы-Жекебояқ» атты өлең-прозалық еңбектердің авторы. Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Бүгінде м.ғабдуллин мұражайының директоры.

 Жібек Болтанова – 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы, орал қаласында туған. м.өтемісұлы атындағы БҚму-ің филология факультетін тәмамдаған (1996). еңбек жолын дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтында оқытушы болып бастаған (1996-1999). Қазақ әдебиеті мамандығы бойынша л.н. гу- милев атындағы еұу-нің аспирантурасын бітірген (2005). осы оқу орнында қазақ әдебиеті кафедрасында ізденуші-тәлімгер болды (2001-2002). Қр ұғА, профессор р.н. нұрғалидың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғаған. (2007). Фило-

логия ғылымдарының кандидаты

 Қазақстан республикасы спорт министрлігі спорт комитетінде Кадрлар бөлімінің Бас маманы (1999-2001), «Қазақстан темір жолы» ұКАҚ Кадрлар және іс қағаздарын жүргізу бөлімінде Бас маман (2006-2007), «Аударма» баспасында редактор (2007), редакциялық директор (2008), директор (2009-2013) қызметтерін атқарған.

 «Ана тілім – ардағым» атты республикалық айтыстың (Астана, 1999), Қ.Күржіманұлының құрметіне өткізілген (Ақтау, 2007), м.Көкеновтың 80 жылдығына арналған (Қызылорда, 2008), м. мералыұлының құрметіне өткізілген (орал, 2009) айтыстардың бас жүлдегері.

 Оразалы досбосынов (1975-2005) – Алматы облысы, райымбек ауданы (бұрынғы нарынқол), тегістік ауылында дүниеге келген. Абай атындағы ҚұПу-нің филология факультетін тәмамдаған (1998).

 еңбек жолын тегістік ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі болып бастаған (1993-1994). ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Айтыс» үйірмесінің жетекшісі және көркемдік жетекші қызметтерін атқарған (2004-2005).

 республикалық және халықаралық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы. Қазақ айтыс өнерінің дамуына үлес қосқан ерекше дарын иесі.

 Бекарыс Шойбеков – 1976 жылы оңтүстік Қазақстан облысы, отырар ауданы, отырар ауылында туған. Қ.А. Яссауи атындағы ХҚту-нің түрік тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген (1997). осы университеттің ма- гистратурасын (1999) және аспирантурасын (2001) тәмамдаған.

 еңбек жолын 1999 жылы осы университеттің «Аударма орталығында» аудар- машы болып бастады. «Халықаралық қатынастар» бөлімінің басшысы, түркология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері болып еңбек еткен. 2009 жыл- дан «өнер мектебі» мКҚК директоры.

республикалық, Халықаралық дәрежеде өткен көптеген айтыстардың жеңімпазы.

«Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдарының иегері. оты- рар ауданы және түркістан қаласының Құрметті азаматы.

 «дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері.

 Қуаныш Мақсұтов (1963 ж. т, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы) – айтыс ақыны. Қарму-нің филология факультетін бітірген (1988).

 республикалық «Жігер», университеттердің Бүкілодақтық фестивальдерінің лауреаты. Көптеген айтыстардың жүлдегері. «мәңгілік мұңның әуені», «тәкаппар мұңның кербез тамшылары» атты жыр жинақтары (2013) жарық көрген.

 «Астана қаласының 10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған. Қарағанды облыстық телевизиясында аға редактор, облыстық «Қазақ тілі» қоғамы төрағасының бірінші орынбасары, Жезқазған облыстық Жас-тар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары, «Қазтұтынуодағы» Жезқазған облыстық басқармасы төрағасының орынбасары, Қарағанды облыстық «замандас- современник» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазір «сайгез» және

«маздау» қоғамдық қорларын басқарады.

382

 Мэлс Қосымбаев – 1970 жылы оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданы, Жылысу ауылында туған. мектеп қабырғасынан аудандық, облыстық ақындар айтыстарға қатысқан. орал педагогика институтын бітірген (1992).

 Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы, доценті (1992-2006). 2006 жыл- дан маңғыстау облысының мәдениет басқармасында қызмет етеді. республикалық және халықаралық айтыстардың жүлдегері (1988-2007). Қазақстанда алғаш өткізілген «Айтыс – Қазақстан» чемпионатының (2007) бас жүлдегері.

 м.Қосымбаев – Абыл, Ақтан, нұрым, Қашаған, тағы басқа ақын-жыраулардан жеткен маңғыстаулық сөз саптау, мақам үлгісін жалғастырушы, осы заманғы айту- лы айтыс ақындарының бірі.

 Филология ғылымының кандидаты (1999). Қазақстан республиканың мәдениет қайраткері (2007).

 әзімбек Жанқұлиев (1962-2003) – айтыс ақыны. Жамбыл облысы, Байзақ ауда- ны, Шақан ауылында туған. Ауған соғысының ардагері. Қазұу-ін бітірген.

 Ә.Жанқұлиев айтыскер ақын ретінде 1984 жылдан бастап танылды. Айтыс өнерінің дамуы мен қайта жандануына үлкен үлес қосып, өзіндік өрнегін салған арқалы ақын. Астарлы, көркем өлең құрауымен, айрықша әуенімен елдің есінде қалды. Көптеген айтыстардың жүлдегері.

 Тәушен әбуова (1932-2004) – айтыс ақыны. оңтүстік Қазақстан облысы, отырар ауданы, Балтакөл ауылында туған. Аудандық мәдениет бөлімінде авто- клуб меңгерушісі болып қызмет атқарған. Айтыс өнеріне кештеу араласса да, оны дамытуға сүбелі үлес қосты. ол айтыстарында өскен жерін, туған елін, оның болашағын жырлады. 1985-2004 жылдары т.Әбуова бірнеше айтыстарға қатысты.

 Халық ақындары қызылордалық манап Көкеновпен, көкшетаулық Көкен Шәкеевпен, Қырғызстанның халық ақыны Әмірәлі Айтаевпен, тағы басқа ақындармен сөз сайысына түсіп, облыстық, республикалық, халықаралық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, жүлдегері болды, республикалық телесайыстың бас жүлдесін жеңіп алды.

мәдениет министрлігінің 1-ші дәрежелі екі дипломымен марапатталған.

«достық» орденінің иегері. Ақын жайында екі деректі фильм түсіріліп, екі кітап шығарылды.

 дәулеткерей Кәпұлы –1977 жылы моңғолияның Баян-өлгий аймағында туған. Әл-Фараби атындағы Құу-нің филология факультетін (1999), л.н. гумилев атындағы еұу магистратурасын (2002) бітірген.

 л.н. гумилев атындағы еұу-нің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушысы (1999-2005), Абай атындағы ҚұПу-нің қазақ филологиясы факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы (2006-2008) болып еңбек еткен. Астана қаласы әкімдігі мәдениет басқармасының қызметкері, «Алтын тамыр» әдеби-танымдық журналының шеф-редакторы, «Фоли- ант» баспасы директорының орынбасары, л.н. гумилев атындағы еұу, Әлеуметтік- тәрбие жұмысы департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазір аталған университеттің PhD докторанты.

 и. Байзақовтың 100 жылдығына, моңғолияның Баян-өлгий аймағының 60 жылдық мерейтойына, м. өтемісұлының 200 жылдығына, дәулетбай батырдың 300 жылдығына, Ш.Құдайбердіұлының 150 жылдығына арналған республикалық, халықаралық айтыстардың бас жүлдегері.

 «Жұлдыз» журналы жариялаған А.ыбыраев атындағы республикалық жазба ақындар мүшәйрасының (2000), III халықаралық Шығармашыл жастардың «Ша- быт» фестивалінің, Аягөз ауданының 80 жылдық мерейтойына тойына арналған республикалық жазба ақындар сайысының бас жүлделерін иеленген.

 «сүтті іңір» (2007), «Бүлдірген ағып түскенше» (2011) атты жеке жыр жинақтары жарық көрген.

 «дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Жазушылар одағының мүшесі. «Астана қаласына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. моңғолия демократиялық партиясының «Азаттық» орденінің иегері.

 Бекжан әшірбаев – 1974 жылы оңтүстік Қазақстан облысы, мақтаарал ауда- нында туған. Ақын, журналист, сазгер.

 Қазұу-ді бітірген (1996). сол жылдан журналистика факультетінің журна- листика тарихы кафедрасына оқытушы, аға оқытушысы болып еңбек еткен. 2001 жылы «Қазақ университеті» газетінің редакторы, 2008 жылы «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары болды. Қазіргі таңда республикалық «заң» газетінің бас редакторы.

 Айтысқа 1989 жылдан бері қатысып келеді. ел ішіне кең таралған «Көршінің қызы» әнінің авторы.

 Балғынбек Имашев – 1977 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Жо- ламан ауылында туған. 1991 жылдан бастап ақындар айтысына қатыса баста- ды. Әл-Фараби атындағы Құу филология факультетінің әдеби аударма бөлімін, әдебиеттану мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдаған.

 еңбек жолын республикалық Қазақ радиосында редактор-стилист болып бастаған (1998-2000), Астана қаласындағы еуразия гуманитарлық институтында филология кафедрасының оқытушысы (2000-2001), л.н. гумилев атындағы еұу қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеген (2001- 2007). Академик р.н. нұрғалидың жетекшілігімен «Айтыстағы сатира мен юмор» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған (2006).

 і.Жансүгіров атындағы Жму қазақ филологиясы кафедрасының доценті (2007- 2009), «ЭрА-7 арна» ЖШс дубляж департаментінің редакторы болып еңбек ет- кен (2009-2012). Қазіргі таңда Қазақстан республикасы ұлттық спорт түрлері қауымдастығында қызмет істейді.

 Көптеген республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы. Қырғызстан, өзбекстан, Қытай елдерінде, Париж, стамбул, мәскеу, Бішкек шаһарларында өнер көрсеткен. Қазақ тілі қоғамының медалімен марапатталған.

Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы.

 әбілқайыр сыздықов – 1971 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған кентінде туған. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген (2004). Айтысқа 1988 жылдан бастап қатыса бастады. Қазақстанның Халық ақыны м.Көкеновтің шәкірті.

 Жаңақорған аудандық мәдениет бөлімінде кешен меңгерушісі, әдіскер болып еңбек еткен (1992-2001), Қоныстық мәдениет үйінің директоры (2001), аудандық

«мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің меңгерушісі (2004-2007), Қызылорда облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары (2007-2008), Жаңақорған аудандық «мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» басшысы (2008 жылдан ба- стап) қызметтерін атқарған.

 «Абылай – айбарымыз, елбасы – ертеңіміз» атты (Алматы, 2000) және ғ.мұратбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық айтыстарда (Қызылорда, 2002) бас жүлдені иемденді.

 2000 жылы облыс әкімінің стипендианты, Қазақстан Жастар одағының сыйлығы иегері, облыстың «үздік ақыны», ауданның «Жыл адамы» атанған.

 «тәуелсіздікке 10 жыл» белгісімен (2001), «ерен еңбегі үшін» медалімен (2003) марапатталған.

384

АЙТысТАР ТуРАлы ТҮсініКТеР

Шынболат пен Қонысбай (1991).

 Шынболат ділдебаев пен Қонысбай Әбілов шамамен 1991 жылы Қарағанды қаласында айтысқан. мәтін «Қазіргі айтыс», 2 кітап. – (Астана: «Күлтегін», 2006, 28-40 беттер.) еңбегінен алынды.

Мұхамбетқали мен әселхан (1991).

 мұхамбетқали сейітқазинов пен Әселхан Қалыбекова 1991 жылы оңтүстік Қазақстан облысында орынбай таймановтың 125 жылдығына арналған айтыста сынға түскен. мәтін Қалыбекова Ә. ұлық ием алғанда кеңдігіне. – (Алматы: 2011, 179-188 беттер.) кітабы бойынша әзірленді.

Айтмұхамбет пен Мұхамеджан (1991).

 Айтмұхамбет исақов пен мұхамеджан тазабеков 1991 жылы Жамбыл облысы меркі ауданында сыпатай Әлібекұлының 210 жылдығына арналған айтыста өнер жарыстырған. материал м. тазабековтың «Айтыстар» (Алматы, 2006, 6-12 беттер.) кітабы бойынша ұсынылды.

Шорабек пен әселхан (1991).

 Шорабек Айдаров пен Әселхан Қалыбекова 1991 жылы Алматыда ііі республикалық айтыста бақ сынасқан. мәтін «Қазіргі айтыс», 1 кітап. – (Астана:

«Күлтегін», 2004, 298-304 беттер.) еңбегінен алынды.

Қонысбай мен Шорабек (1991).

 Қонысбай Әбілов пен Шорабек Айдаров Алматы қаласында айтысқан. Жыр бәсекесінің мәтіні «Алматы ақшамы» газетінің 1991 жылғы 11 қазандағы санында жарияланған.

Қонысбай мен Қатимолла (1992).

 Қонысбай Әбілов пен Қатимолла Бердіғалиев 1992 жылы талдықорғанда Қабанбай Қожақұлының 300 жылдығына арналған айтыста кездескен.

 материал «Қазіргі айтыс», 2 кітап. – (Астана: «Күлтегін», 2006, 40-47 беттер.) еңбегінен алынды.

Мұхамбетқали мен әселхан (1992).

 мұхамбетқали сейітқазинов пен Әселхан Қалыбекова 1992 жылы Алматы қаласында айтысқан. мәтін Қалыбекова Ә. ұлық ием алғанда кеңдігіне. – (Алматы: 2011, 139-149 беттер.) кітабы бойынша әзірленді.

әселхан мен Абаш (1992).

 Әселхан Қалыбекова мен Абаш Кәкенов 1992 жылы Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы қарсаңында Алматыда өнер жарыстырған. мәтін Қалыбекова Ә. ұлық ием алғанда кеңдігіне. – (Алматы: 2011, 161-170 беттер.) кітабынан ұсынылды.

Мұхтар мен әселхан (1992).

 мұхтар Құралов пен Әселхан Қалыбекова 1992 жылы Шымкент (оңтүстік Қазақстан) облысының 60 жылдығына арналған айтыста Шымкент қаласында бақ сынасқан. материал Қалыбекова Ә. ұлық ием алғанда кеңдігіне. – (Алматы: 2011, 173-179 беттер.) кітабынан берілді.

серік пен әселхан (1993).

 серік Құсанбаев пен Әселхан Қалыбекова шамамен 1993 жылы Алматы қаласында айтысқан. мәтін Қалыбекова Ә. ұлық ием алғанда кеңдігіне. – (Алматы: 2011, 219-228 беттер.) кітабынан алынды.

Айтақын мен Аманжол (1993).

 Айтақын Бұлғақов пен Аманжол Әлтаев 1993 жылы Петропавл қаласында мағжан Жұмабаевтың 100 жылдығана арналған айтыста өнер жарыстырған. мәтін Әлтай. А. Ақжол: өлеңдер, Айтыстар. – (Алматы, 1997, 31-36 беттер.) жинағы бой- ынша берілді.

Шорабек пен серік (1994).

 Шорабек Айдаров пен серік Құсанбаев 1994 жылы Ақтөбе қаласында Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына арналған айтыста үзеңгі қағыстырған. материал Құсанбаев. с. Жырлаумен өткен 20 жыл: Эссе-баян, айтыстар. – (Астана, Фолинат, 2011. 238-249 беттер.) еңбегі бойынша әзірленді.

Аманжол мен әсия (1995).

 Аманжол Әлтаев пен Әсия Беркенова 1995 жылы семей қаласында Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына арналған айтыста кездескен. мәтін Әлтай. А. Ақжол: өлеңдер, Айтыстар. – (Алматы, 1997, 74-82 беттер.) жинағынан ұсынылды.

әселхан мен Аманжол (1995).

 Әселхан Қалыбекова мен Аманжол Әлтаев 1995 жылы семей қаласында Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына арналған айтыста өнер жарыстырған. мәтін Әлтай. А. Ақжол: өлеңдер, Айтыстар. – (Алматы, 1997, 83-90 беттер.) жинағынан алынды.

әселхан мен Мұхамеджан (1995).

 Әселхан Қалыбекова мен мұхамеджан тазабеков 1995 жылы семейде Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына арналған айтыста өнер жарыстырған. мәтін м. тазабековтың «Айтыстар» (Алматы, 2006, 108-116 беттер.) кітабынан ұсынылды.

Аманжол мен есенқұл (1996).

 Аманжол Әлтаев пен есенқұл Жақыпбеков 1996 жылы Алматы қаласында Жам- был Жабаевтың 150 жылдығына арналған айтыста додаға түскен. мәтін Әлтай. А. Ақжол: өлеңдер, Айтыстар. – (Алматы, 1997, 100-111 беттер.) жинағынан әзірленді.

Шорабек пен елена (1997).

 Шорабек Айдаров пен елена Әбдіхалықова 1997 жылы Алматыда мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына арналған айтыста бақ сынасқан. мәтін «Қазіргі айтыс», 1 кітап. – (Астана: «Күлтегін», 2004, 284-295 беттер.) еңбегінен алынды.

Қонысбай мен серік (1997).

 Қонысбай Әбілов пен серік Құсанбаев 1997 жылы Алматыда мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына арналған айтыста үзеңгі қағыстырған. мәтін Құсанбаев. с. Жырла- умен өткен 20 жыл: Эссе-баян, айтыстар. (Астана, Фолинат, 2011. 249-264 беттер.) еңбегінен ұсынылды.

Абаш пен Құдайберді (1997).

 Абаш Кәкенов пен Құдайберді мырзабеков 1997 жылы Алматыда өткен республикалық айтыста өнер жарыстырған. мәтін «Қазіргі айтыс», 1 кітап. – (Аста- на: «Күлтегін», 2004, 295-298 беттер.) еңбегінен берілді.

386

Аманжол мен Жібек (1997).

 Аманжол Әлтаев пен Жібек Болтанова 1997 жылы Алматы қаласында өткен республикалық айтыста кездескен. мәтін «Қазіргі айтыс», 1 кітап. – (Астана:

«Күлтегін», 2004, 13-26 беттер.) еңбегінен алынды.

Аманжол мен Мұхамеджан (1997).

 Аманжол Әлтаев пен мұхамеджан тазабеков 1997 жылы Алматыда өткен республикалық айтыста үзеңгі қағыстырған. материал м. тазабековтың «Айты- стар» (Алматы, 2006, 138-160 беттер.) кітабы бойынша әзірленді.

серік пен Оразалы (1997).

 серік Құсанбаев пен оразалы досбосынов 1997 жылы Алматы қаласында өткен республикалық айтыста бақ сынасқан. мәтін Қос жұлдыз. //Құраст.: д. мағлұмов.

  • (Алматы: ЖШс рПБК «дәуір», 2012, 81-93 беттер.) жинағы бойынша ұсынылды.

Оразалы мен Бекарыс (1997).

 оразалы досбосынов пен Бекарыс Шойбеков 1997 жылы Алматыда өткен республикалық айтыста өнер жарыстырған. мәтін Қос жұлдыз. //Құраст.: д. мағлұмов.

  • (Алматы: ЖШс рПБК «дәуір», 2012, 50-61 беттер.) жинағынан алынды.

Шорабек пен Қуаныш (1998).

 Шорабек Айдаров пен Қуаныш мақсұтов 1998 жылы Алматыда өткен республикалық айтыста үзеңгі қағыстырған.материал «Қазіргі айтыс», 1 кітап. – (Астана: «Күлтегін», 2004, 275-284 беттер.) еңбегінен берілді.

Мэлс пен Бекарыс (1998).

 мэлс Қосымбаев пен Бекарыс Шойбеков 1998 жылы Алматы қаласында өткен республикалық айтыста кездескен. мәтін «Қазіргі айтыс», 1 кітап. – (Астана:

«Күлтегін», 2004, 93-100 беттер.) еңбегінен ұсынылды.

әсия мен Бекарыс (1998).

 Әсия Беркенова мен Бекарыс Шойбеков 1998 жылы Алматыда өткен республикалық айтыста өнер жарыстырған. материал «Қазіргі айтыс», 1 кітап. – (Астана: «Күлтегін», 2004,100-112 беттер.) еңбегінен берілді.

Бекарыс пен Оразалы (1998).

 Бекарыс Шойбеков пен оразалы досбосынов 1998 жылы Алматы қаласында өткен республикалық айтыстың ақтық сынында айтысқан. мәтін Айтыс

«AITYSKER» интернет порталынан алынды.

Айтақын мен әзімбек (1998).

 Айтақын Бұлғақов пен Әзімбек Жанқұлиев 1998 жылы айтысқан. мәтін «Қазіргі айтыс», 1 кітап. – (Астана: «Күлтегін», 2004, 248-260 беттер.) еңбегінен берілді.

есенқұл мен Тәушен (1998).

 есенқұл Жақыпбеков пен тәушен Әбуова 1998 жылы Алматы қаласында Бақтыораз Бейсекбаевтың құрметіне арналған айтыста кездескен. мәтін «Қазіргі айтыс», 1 кітап. – (Астана: «Күлтегін», 2004,191-201 беттер.) еңбегінен ұсынылды.

Мэлс пен Оразалы (1998).

мэлс Қосымбаев пен оразалы досбосынов 1998 жылы Алматыда өткізілген

«супер дода» айтысында бақ сынасқан. мәтін Қос жұлдыз. //Құраст.: д. мағлұмов.

  • (Алматы: ЖШс рПБК «дәуір», 2012, 26-36 беттер.) жинағы бойынша әзірленді.

Мэлс пен дәулеткерей (1998).

 мэлс Қосымбаев пен дәулеткерей Кәпұлы 1998 жылы Алматыда өткізілген «супер дода» айтысында өнер жарыстырған. Айтыс д. Кәпұлының «Шертолғақ», - (Астана, Фолиант, 2013, 12-23 беттер.) жинағынан алынды.

 Бекжан мен Мұхамеджан (1998). Бекжан Әшірбаев пен мұхамеджан тазабе- ков 1998 жылы Алматыда өткізілген «супер дода» айтысында үзеңгі қағыстырған. мәтін м. тазабековтың «Айтыстар» (Алматы, 2006, 170-192 беттер.) кітабынан ұсынылды.

 Мэлс пен Мұхамеджан (1998). мэлс Қосымбаев пен мұхамеджан тазабеков 1998 жылы Алматыда өткізілген «супер дода» айтысында өнер жарыстырған. мәтін м. тазабековтың «Айтыстар» (Алматы, 2006, 204-220 беттер.) кітабы бой- ынша әзірленді.

Балғынбек пен Мұхамеджан (1998).

 Балғынбек имашев пен мұхамеджан тазабеков 1998 жылы Алматы қаласында Қарасай Алтынайұлының 400 жылдығына арналған айтыста кездескен. мәтін

«Қазіргі айтыс», 1 кітап. – (Астана: «Күлтегін», 2004,122-130 беттер.) еңбегінен ұсынылды.

серік пен Мұхамеджан (1999).

 серік Құсанбаев пен мұхамеджан тазабеков 1999 жылы Астана қаласында өткен республикалық айтыста үзеңгі қағыстырған. мәтін Құсанбаев. с.Байғыз. – (Павлодар: «ЭКо» ғөФ, 2001, 204-222 беттер.) кітабынан алынды.

Қуаныш пен Мұхамеджан (1999).

 Қуаныш мақсұтов пен мұхамеджан тазабеков 1999 жылы Алматы қаласында өткен республикалық айтыста бақ сынасқан. мәтін «Қазіргі айтыс», 1 кітап. – (Астана: «Күлтегін», 2004,130-138 беттер.) кітабынан берілді.

дәулеткерей мен әсия (1999).

 дәулеткерей Кәпұлы мен Әсия Беркенова 1999 жылы Астана қаласында өткен республикалық айтыста кездескен. мәтін д. Кәпұлының «Шертолғақ», - (Астана, Фо- лиант, 2013, 44-55 беттер.) жинағы бойынша әзірленді.

әбілқайыр мен Оразалы (1999).

 Әбілхайыр мен оразалы 1999 жылы Алматы қаласында өткен республикалық айтыста өнер жарыстырған. мәтін Қос жұлдыз. //Құраст.: д. мағлұмов. – (Алматы: ЖШс рПБК «дәуір», 2012, 37-49 беттер.) жинағы бойынша ұсынылды.

Мұхамеджан мен Бекарыс (2000).

 мұхамеджан тазабеков пен Бекарыс Шойбеков 2000 жылы Алматы қаласында өткен республикалық айтыста бақ сынасқан. мәтін м. тазабековтың «Айтыстар» (Алматы, 2006, 292-304 беттер.) кітабы бойынша берілді.

сөздіК

 Ағасұлтан – хандық институт жойылғаннан кейін ресей үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатына байланысты құрған әкімшілік-аумақтық округты басқарушының лауазымы.

 «Алжир» («Акмолинский лагерь жен изменников родины») – сталиндік тоталитарлық жүйе кезінде «халық жаулары» саналып, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, шаруашылық, партия-кеңес басшыларының әйелдері мен қыздары жазықсыз жазасын өтеген Ақмола облысындағы лагерь. Астана қаласының оңт. батысында, төңкеріс (малиновка) елді мекенінде 1937 жылдың 5 тамызында құрылып, 1950 жылдың басында таратылған.

Арасан – түрлі ауруларды емдейтін минералды жылы су.

 «Арыстанды-Қарабас» – желдің аты. оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек, ордабасы аудандары аумағындағы табиғат құбылысы. Қаратаудан бастау алатын Арыстанды өзенінің аңғарын бойлай соғады. Жылдамдығы 25 м/с-қа дейін жетеді.

Атұстар – әдетте жаңа туған ұл баланы осылай атайды.

 әбілхаят – мәңгі өмір дарытатын қасиетті су. мұндағы әб - су, хаят - өмір деген мағынаны білдіреді. оны Қызыр пайғамбар тапқан, ол суды ішкен мәңгі өмір сүреді деген әпсана бар.

 Банкрот /неміс/ – кәсіпорындардың төлем қабілеті болмау салдарынан мәжбүрлі түрде жойылуы.

 Бастаңғы – үлкендер жол жүріп кеткенде қалған қыз-келіншектердің бас қосып тамақ әзірлеп, ойын сауық құруы.

 Бәсіре – қазақ шаңырағында дүниеге ұл бала келгенде, меншіктеп, арнап ен салынған құлын немесе бота.

 Геноцид /грек/ – белгілі бір әлеуметтік топты нәсілдік, ұлттық этникалық не- месе діни өшпенділікпен қырып-жою.

 ерулік – жаңадан көшіп келгендерге жергілікті жұрттың сыйлап беретін мал- мүлкі, сыбағасы, қонағасы.

Жалбыз – саздауыт жерде өсетін хош иісті дәрілік, тағамдық, сәндік өсімдік.

 Жиендік – нағашы-жиен арасындағы жиеннің ерке, батыл, сұрағанын ала ала- тын, нағашысымен қалжыңдаса, ойнай алатын құқығы.

зият – парасаты, айрықша ақылды.

зікір /араб/ –Алла тағаланы еске алу, оны ұмытпай, үнемі ойлау.

 Инвестиция /неміс/ – экономиканың бір саласына құйылған ұзақ мерзімді қаржы.

Ихрам /араб/ – қажылыққа немесе умраға барған адамның киетін арнайы киімі.

 «Карлаг» – Қарағанды облысы аумағында 1931-1956 жылдары аралығында жұмыс істеген еңбекпен түзеу лагері. социализм құрудың сталиндік бағдарламасын жүзеге асыру үшін тұтқындардың тегін еңбегін жаппай пайдалану мақсатында құрылған.

Кәріқұлақ – өткен-кеткеннен хабары мол, көне көз.

Кепиет – ерекше қасиет, кие, құпия күш.

Қаймана – еш қатысы жоқ, көлденең, бөгде.

 Қара өлең – үшінші жолы ұйқасты қажет етпейтін, он бір буынды, төрт жолды дәстүрлі өлең түрі.

Қоза – мақта өсімдігінің сабағы, қозапая.

Құбыла /араб/ – намаз оқыған кезде бет қарататын тарап, мекке жақ. Құрылтай – аса маңызды мәселені шешу үшін шақырылған жиын. Қызылбас – қазақ эпостарында суреттелетін басқыншы, жау елдің аты. Қызылсырау – біраздан бері жемегендіктен, етті аңсау.

Матриархат /латын/ – аналық басымдыққа құрылған қоғам.

Мұрап – егін суару ісін басқаратын адам.

 нобель сыйлығы /швед/ Nobelpriset – жыл сайын ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар және мәдениет не қоғам дамуына ықпал еткен жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлық. Альфред нобельдің өсиетнамасына сәйкес 1895 жылдан бері әдебиет, физика, химия, физиология және медицина, әлемді ізгілендіру салалары бойынша беріліп келеді.

 Офсайд /ағылшын/ – кейбір спорттық ойындарда (футбол, хоккей) ойыншының қарсылас жақтың қақпасына жақын, ыңғайлы жерде тұру жағдайы.

пәтуа /араб/ – белгілі бір іс жөнінде бітім, келісім, уәде, нәтижелі тоқтам, шешім.

 сарқыт – жақсы қасиеттері жұғысты болсын деп ырымдап жейтін үлкен кісілерден қалған тағам.

сексеуіл – құмды жерлерде өсетін, шөлге төзімді, морт сынатын қатты ағаш.

сомадай – үлкен, дәу, еңгезердей.

 сонар – қалың қар жауып, ашылғаннан кейінгі аңға шығуға қолайлы тынық күн.

сүбе – мал қабырғаларының етегіне біткен, майлы, қыртысты ет бөлігі. сүр – ұзақ уақыт сақталған, тұздалып желге кептірілген, сүрленген ет. Таралғы – үзеңгіні ерге жалғайтын, айылбасы бар қайыс бау.

 Тархан – ерекше жеңілдігі бар, мемлекетке қызметі сіңген, алым-салықтан босатылған лауазым иесі.

 Тобылғы – сабағы өте берік, қатты, түзу, жапырағы қауырсын тірзді тілімделген бұта.

Ұлтан – қаратабан, кедей.

 Ұрын – күйеуді айттырған қызға тойдан бұрын жеңгелеріне сыйлықтарын алып жөнелту салты.

Шарбы – малдың, аңның қарнын орап тұратын жұқа май.

Шикі өкпе – жас бала, сәби.

Шұлғау – қонышты аяқкиімнің ішінен аяққа орайтын мата.

Шыбыш – бір мен екі жас аралығындағы ұрғашы ешкі.

390

ТАРИХИ

есіМдеР

 Ақселеу сейдімбек (1942, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Байдалы би ауылы – 2009, Астана) – жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы (1998), профессор (2003).

 Аятолла Хомейни, Рухолла Мусави, (1902, Хумайн қаласы, иран ислам республикасы – 1989, тегеран қаласы) – діни қайраткер, аятолла, иран ислам революциясының көсемі, иран ислам республикасының басшысы (1979-1989).

 Бақтыораз Бейсекбаев (1920-1941) – отан соғысының батыры. Қазақстан республикасының Халық Қаһарманы (1998).

 Бейбарыс сұлтан (Байбарыс) – 1223-1277 жылдары мысырда билік құрған сұлтан.

 Бошай Кітапбаев (1923 ж. т. Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Жаңаүлгі ауылы) – социалистік еңбек ері (1971), әйгілі атбегі, ғалым, шежіреші.

 димаш, дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1912-1993) – аса көрнекті мемле- кет және қоғам қайраткері, үш мәрте социалистік еңбек ері, Қазақ Кср ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. 1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

дина нұрпейіс келіні (1861-1955) – қазақтың әйгілі күйші композиторы.

дмитрий Менделеев (1834-1907) – орыстың химик ғалымы.

 Жохар дудаев (1944-1996) – әскери, саяси қайраткер. Шешен халқының батыр ұлдарының бірі.

 Жұмабек Тәшенов (1915, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Бабатай ауылы – 1986, Шымкент қаласы) – мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты (1962).

 Жүрсін Молдашұлы ерман – 1951 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, ұлытау ауданының Байқоңыр ауылында туған. Ақын, публицист. 1972-1980 жылда- ры ақындар айтысының теле нұсқасын жасау арқылы аты мұраны жаңғырту жолын бастады. 1984 жылдың наурыз айынан бері отыз жыл бойы айтыстың телеарналар- дан насихатталуына талмай еңбек етіп келеді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005).

 заманбек нұрқаділов (1944, Алматы облысы, нарынқол ауданы – 2005, Алма- ты) – мемлекет және қоғам қайраткері.

 Иманжүсіп Құтпанұлы (1863, Павлодар облысы, Ақсу ауданы – 1929, Жамбыл облысы, мойынқұм ауданы) – халық композиторы, әнші, ақын.

 Көкбай Жанатайұлы (1861, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Шыңғыстау бөктері, тақыр ауылы – 1925, сонда) – ақын. Абай Құнанбайұлының әрі шәкірті, әрі інісі.

 Қаныбек сарыбаев – (1938, түркістан қаласы – 2002, сонда) – ақын. Ксро және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

 Қаныш сәтбаев (1899, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы – 1964 жылы, мәскеу) – қазақ және Кеңес одағының геологі, қоғам қайраткері, Қазақ Кср ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ Кср академиясының академигі. Кеңес одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.

Қасым Қайсенов – батыр, жазушы. Қазақстанның Халық Қаһарманы.

 Құлыншақ Кемелұлы (1840, оңтүстік Қазақстан облысы, созақ ауданы, Жартытөбе ауылы – 1911, сонда) – ақын.

Құрманғазы сағырбаев (1818-1889) – қазақтың ұлы күйші-композиторы.

Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.

 Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888) – ақын, батыр. оңтүстік Қазақстан облы- сы, Шардара ауданы (бұрынғы Қызылқұм), Қожатоғай ауылында туған.

 Молықбай Байсақұлы (1857, Қосағаш ауылы – 1930, Алматы) — қобызшы, бақсы. Жыр дүлдүлі I.Жансүгіровтің кіндік әкесі, ақынның «Күйші» поэмасының басты кейіпкері.

 Мұстафа (өзтүрік) Кәбенұлы әбдірахман (1954, түркия, Қайсері қаласы, мұсаходжалы ауылы, – 1995, Алматы) – спортшы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері, Қр таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы.

 Мырзағаң, Мырзатай Жолдасбеков (1937 жылы, Жамбыл облысы, талас ау- даны, Ақтөбе ауылында туған) – мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, филоло- гия ғылымының докторы (1993), профессор (1993).

Айтыс өнерінің дамуына қолдау көрсетіп келе жатқан азаматтардың бірі.

 Ораз Жандосов (1889, Алматы облысы Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы – 1938) – мемлекет қайраткері.

 Орекең, Орынбай Тайманов (1866-1946) – оңтүстік Қазақстан облысы, төле би ауданында туған. Ақын. Айтыстары, толғаулары ел аузында сақталып, әдеби жинақтарда (“Пернедегі термелер”, 1965; “Айтыс”, 3-т., 1966) жарық көрген.

 өзекең, өзбекәлі Жәнібеков (1931, оңтүстік Қазақстан облысы, отырар ауда- ны, сарықамыс ауылы – 1998, Алматы) — мемлекет және қоғам қайраткері, этно- граф, тарих ғылымының кандидаты (1990).

 өмірбек Жолдасбеков (1931, оңтүстік Қазақстан облысы, сайрам ауданы, Қызылсу ауылы – 1999, Алматы) – мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, Қр ұғА академигі (1979).

 Рақымжан Қошқарбаев (1924-1988) – Берлиндегі рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ батыры, Халық Қаһарманы (1999).

 Тоқтар әубәкіров (1946 ж. т. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы) – қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес одағының Батыры (1988), Қазақстан республикасының Халық Қаһарманы (1995).

 Төлеген Айбергенов (1937, Қоңырат ауданы, Қарақалпақстан, өзбекстан – 1967, нүкіс қаласы) – ақын.

 Тұрғыт Озал (1927, малатия қаласы, түркия – 1993, стамбұл) – түркияның са- яси қайраткері. 1989-1993 жылдары түркия республикасының Президенті болған.

Шерхан Мұртаза (1932 ж. т. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, талапты ауылы)

  • жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы (1992).

 ырғызбай Айдосұлы (1744 ж. ш. Ақтөбе облысы, ырғыз өзеннің бойы – 1785, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау тауының баурайы) – батыр, би.

 Абылай ханның жақын сырлас достарының бірі болған. Абай Құнанбайұлының үшінші атасы.

392

ЖеР-су АТАулАРы

 Ақмешіт – 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде сырдария бойында салынған қорған. Ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды. 1925 жылы қалаға Қызылорда аты берілді.

 Арал теңізі – Қазақстан мен өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. теңіз ХХ ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын. 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.

 Арқалық – орталық Қазақстандағы қала.іргесі 1956 жылы қаланған. 1970-1988 және 1990-1997 жылдары торғай облысының орталығы болған.

 Баянауыл – сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау. Павлодар облысы- ның Баянауыл ауданында орналасқан. ең биік жері – Ақбет тауы (1026 м).

 Грозный – қала. ресей федерациясына қарасты Шешенстан республикасының астанасы.

Жаңатас – Жамбыл облысындағы қала. сарысу ауданының орталығы.

 зайсан – Шығыс Қазақстан облысындағы тұщы көл. оңтүстік Алтай және сау- ыр, тарбағатай жоталары арасындағы тектоникалық ойыста орналасқан.

 Кентау – 1955 жылы құрылған оңтүстік Қазақстан облысындағы қала. Шым- кент қаласынан солтүстікке қарай 260 шақырым жерде орналасқан.

Курчатов – Шығыс Қазақстан облысындағы қала.

 Қараөткел – Ақмола өңіріндегі сауда бекеті. орта ғасырларда түркістан мен сібір хандығы арасында жүрген сауда қарым-қатынастарында Қараөткелдің аты аталады. тарихшы Ж.Артықбаевтың айтуынша, Қараөткелде сауда 1851 жылға дейін де қайнап жатқан.

 Медине /араб/ – сауд Арабиясында орналасқан мұсылмандардың қасиетті қаласы. мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) осында жерленген.

 Мырзашөл – сырдарияның жоғарғы бойының сол жағын алып жатқан құмды шөл. солтүстік жағы оңтүстік Қазақстан облысы жеріне кіреді.

 Ордабасы – оңтүстік Қазақстан облысы, Бадам өзенінің бойында орналасқан тау. мұнда 1726 жылы Қазақ қолбасылары мен билерінің жоңғар басқыншылығына қарсы күресуге байланысты жиыны өткен.

 Талдықорған облысы – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы әкімшілік аумақ. 1944-1959 және 1967-1997 жылдар аралығында жеке облыс болған. Қазіргі кезде Алматы облысының құрамында.

 Ұлытау – мыңдаған ғасырлық рухани, аңызына айналған, ақындары жырлаған, сан ғасыр адамдарды баураған қазақ халқының құрметтейтін қасиетті жері. Қарағанды облысының аумағында орналасқан.

пАЙдАлАнылғАн әдеБИеТТеР

Айтыстану: ғылыми жинақ. – Астана: Жалғас-Print, 2013. – 420 бет. Айтыстар. тазабеков м. Алматы, 2006. – 388 бет.

Асанов Қ. Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты. – Астана: Фолиант, 2010. – 400 бет. Асқаров е. Жүрекжарды: Жыр жинағы. – Астана: Фолиант, 2009. – 256 бет.

Әлтай. А. Ақжол: өлеңдер, Айтыстар жинағы. – Алматы, 1997. – 134 бет. Кәпұлы д. Шертолғақ. Айтыстар жинағы. – Астана: Фолиант, 2003, - 392 бет. Көкейкесті әдебиеттану. 3 кітап. // Құраст.: р.нұрғали. Қазіргі айтыс: дәстүрі,

келешегі. - Астана: Күлтегін, 2003. – 264 бет.

 Қазақ сөздігі. (Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі) //Құраст.: н.уәли, Ш.Құрманбайұлы, м.малқаев, р.Шойбеков және т.б. – Алматы: дәуір, 2013. - 1488 бет.

 Қазақстан. ұлттық энциклопедия. 1 том. /Бас ред. Ә.нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 1998. – 720 б.

 Қазақстан. ұлттық энциклопедия. 2 том. /Бас ред. Ә.нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 1999. – 720 б.

 Қазақстан. ұлттық энциклопедия. 3-том. /Бас ред. Ә.нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2001. – 720 б.

 Қазақстан. ұлттық энциклопедия. 4 том. / Бас ред. Ә.нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2002. – 720 б.

 Қазақстан. ұлттық энциклопедия. 5 том. /Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2003. –720 б.

 Қазақстан. ұлттық энциклопедия. 6 том. /Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2004.−693 б.

 Қазақстан айтыс ақындары: Анықтамалық жинақ. //Құраст.: е.Қайназар. – Ал- маты: Ан-Арыс, 2013. – 280 бет.

Қазіргі айтыс. 1 кітап. //Құраст.: и.нұрахметұлы, с.дүйсенғазин. – Астана:

«Күлтегін» баспасы, 2004, 312 бет .

Қазіргі айтыс. 2 кітап. //Құраст.: и.нұрахметұлы, с.дүйсенғазин. – Астана:

«Күлтегін» баспасы, 2004, 336 бет.

Қалыбекова Ә. ұлық ием алғанда кеңдігіне. – Алматы: 2011. – 334 бет.

Қос жұлдыз. оразалы досбосынов пен Ажар дүзелбекқызы туралы естеліктер.

//Құраст.: д.мағлұмов. – Алматы: ЖШс рПБК «дәуір» баспасы, 2012. – 320 бет.

Құсанбаев с. Байғыз. – Павлодар: «ЭКо» ғөФ, 2001 жыл.

 Құсанбаев. с.Жырлаумен өткен 20 жыл: Эссе-баян, айтыстар. – Астана, Фоли- нат, 2011. – 360 бет.

 өнердің аққан жұлдызы. Ә.Жанқұлиев жайындағы эссе-естеліктер, өлеңдер мен айтыстар.//Құраст.: А.Жанқұлиев. - Алматы: ол-Жас, 2014. – 160 бет.

«AITYSKER» интернет порталы.

394

РезЮМе

 в V том двадцатипятитомной «Антологии казахского искусства» включены луч- шие айтысы акынов в период с 1991 года – года приобретения независимости и до 2000 года.

 в конце восьмидесятых годов прошлого века айтыс поднялся на новую ступень своего развития. в годы перестройки в советское общество смело начали входить демократитческие принципы, что дало толчок к открытию второго дыхания айтыса. со дня приобретения независимости и после на сцену стали выходить вместе со

«старожилами» айтыса и вполне созревшие для серьезных словесных состязаний новые таланты. А.Калыбекова, А.Беркенова, К.Абилов, Б.Алимжанов, Ш.Айдаров, А.Жанкулиев, е.Аскаров, с.Кусанбаев, м.Косымбаев, А.Алтаев, м.тазабеков, Б.Шойбеков и другие раскрылись как яркие акыны-импровизаторы именно в эти годы.

 в годы независимости значительному развитию искусства айтыса оказало силь- ное влияние приобретение республикой свободы и независимости и связанное с этим духовное раскрепощение акынов. Это была та мечта, которая долгие годы жила в сердце и сознании народа. исполнение этой заветной мечты воодушевило и окрылило акынов. особенная черта айтысов в годы независимости – это то, что она заполнила идеологическое пространство нашей общественно-политической жизни, которое освободилось от тесных оков советского общества. Благодаря этому, чет- ко определились и обозначились гражданская позиция и личность, деятельный дух акынов.

 весомым вкладом в развитие современного айтыса явилась проведенная евра- зийским национальным университетом им. л. н. гумилева международная науч- но-практическая конференция «современный айтыс: традиции, перспективы. Ак- туальные вопросы» и выпуск сборника научно-исследовательских статей в рамках этой конференции. и последующий выход в свет трехтомного сборника айтыса при поддержке и под руководством профессора м.Жолдасбекова открыла дорогу даль- нейшему развитию современного айтыса и его изучению.

 наряду с этим, в последние годы такие известные участники айтысов, как акы- ны К.Асанов, м.Косымбаев, Б.имашев, А.Калиев, Ш.Койлыбаев и другие, вносят также свой вклад в исследование истории и природы искусства айтыса, имеющего вековые корни.

 в этой книге представлены самые лучшие 40 айтысов периода 1991-2000 годов. Антология айтысов предназначена для преподавателей и студентов консерва- торий, университетов искусств и других высших учебных заведений, учителей и учеников музыкальных школ, исследователей жанра айтыс, а также для широкого

круга читателей, интересующихся этим искусством.

RESUME

 Volume V of twenty-five volume «Anthology of Kazakh art» included best aitys akyns between 1991 - the year of independence, and until 2000.

 In the late eighties of the last century aitys rose to a new stage of its development. In the years of perestroika in the Soviet society began to boldly go democratic principles that gave rise to the opening of the second breath of aitys.

 From the day of independence, and after the scene began to go along with the «old- timers» aitys and quite ripe for serious verbal competition for new talent. A.Kalybekova, A.Berkenova, K.Abilov, B.Alimzhanov, Sh.Aydarov, A.Zhankuliev, E.Askarov, S.Kusanbaev, M.Kosymbaev, A.Altaev, M.Tazabekov, B.Shoybekov and others opened as bright akyns improvisers in those years.

 In the years of independence, significant development of art aitys had a strong influence on acquisition of republic freedom and independence and the associated spiritual emancipation of akyns. It was the dream that for many years lived in the heart and minds of the people. Execution of this cherished dream inspired and encouraged the akyns. The special feature of aityses during independence - is that it fills the ideological space of our social and political life, which is freed from the shackles of the close of Soviet society. Because of this, clearly identified and marked citizenship and identity, energetic spirit of akyns.

 Powerful contribution to development of a modern aitys was the international scientific and practical conference which is carried out by the Eurasian national university named after L. N. Gumilev «Modern aitys: traditions, prospects. Topical issues» and release of the collection of research articles in the framework of the conference. And the subsequent release of the three-volume collection of aitys with the support and under the direction of Professor M.Zholdasbekova opened the way for the further development of modern aitys and its study.

 In addition, in recent years, such famous participants of aitys as akyns K.Asanov, M.Kosymbaev, B.Imashev, A.Kaliev, Sh.Koylybaev and others, have also made a contribution to the study of history and nature of art aitys having secular roots.

This book presents the best 40 aityses of period 1991-2000.

 Anthology is intended for teachers and students of conservatories, universities of the arts, and other higher education institutions, teachers and students of music schools, researchers of aitys genre, as well as for a wide range of readers interested in this art.

396

МАзМҰны

тәуелсіздіктің жаршысы болған жасампаз өнер3

БіРінШі БөліМ (1991-1996)

Шынболат пен Қонысбай14

мұхамбетқали мен Әселхан25

Айтмұхамбет пен мұхамеджан34

Шорабек пен Әселхан40

Қонысбай мен Шорабек45

Қонысбай мен Қатимолла49

мұхамбетқали мен Әселхан56

Әселхан мен Абаш67

мұхтар мен Әселхан76

серік пен Әселхан82

Айтақын мен Аманжол.91

Шорабек пен серік96

Аманжол мен Әсия104

Әселхан мен Аманжол112

Әселхан мен мұхамеджан119

Аманжол мен есенқұл126

еКінШі БөліМ (1997-2000)

Шорабек пен елена138

Қонысбай мен серік147

Абаш пен Құдайберді161

Аманжол мен Жібек164

Аманжол мен мұхамеджан177

ҚАзАҚ өнеРінің АнТОлОГИЯсы

АЙТыс V ТОМ

Кітаптың шығуына жауапты Ш. Қойлыбаев

редакторы Ш. Қойлыбаев

дизайнері Б. Жапаров

техниикалық редакторы С. Жапарова

Беттеуші Ә. Байзақова

Корректоры Е. Қайназаров, Ш. Исақұлова

иБ №005

Басуға 12.10.2014 қол қойылды. Пішімі 60х90/16. офсеттік басылым.

Қағазы офсеттік. Шартты баспа табағы 25,0.

Шартты бояулы беттаңбасы 26,25.

есептік баспа табағы 24.0 таралымы 2000. тапсырыс №

адрес типог



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу