1 Сәуір — Күлкі күні

 1 Сәуір — Күлкі күні

Күлкі күні құтты болсын, ағайын,
Күлкі болып әр жүрекке тарайын.
Бір сәтке де ұмытарсың қайғыны,
Күлкімменен жыртығыңды жамайын.
Күлкімменен күнде моншақ тағайын,
Шаттық сыйлап, үміт отын жағайын.
Әр күніңде күлімде деген тілек бар,
Көңіліңе күлкі дәнін салайын.

Күлкі нұры тарасын бар ғаламға,
Күлкі күні құт әкел жар салам да.
Күлемін күнге қарап, әр таңыма
Қуанышпен жақсыға таң қаламда.

Күліп жүрсең жиналар жанға Адам,
Қабақ түйсең алысқа салар қадам.
Жаныңа жан жуымас жалғыз болма,
Күлкіге күн толы болсын мәңгі айналаң.

Күлкіменен өмір әсем мына бір,
Түрегеліп, сүрін, тұр да жыла, күл.
Өмір әсем сынағымен сырымен,
Күлкіге күн толы болсын, жыр – әнің.

Күлкі, күлкі, күлкіменен көрікті,
Қуаныштың бұрымдарын өріпті.
Көңілі көркем жандар мына әлемде,
Өмірінде бар жақсыны көріпті.

Жүзіңнен күлкі кетпесін,
Жамандық кесіп өтпесін.
Мәртебең болсын мерейлі,
Күлкіңе қайғы жетпесін.

Тек күлуге лайықты сенің жүзің,
Мәңгі жаздай көрінер қысы, күзің.
Бүгінгі мейрам күні құтты болсын,
Қуаныштан шаттансын екі көзің.

Ашық аспан астында күлген үндер көп болсын,
Елім тыныш, бейбіт күн несібесі тоқ болсын.
Саулығың сенің сыр бермей, күліп ойна өмірде,
Баянды өмір бағында уайым – қайғың жоқ болсын!

Күлкімменен таң атып, алаулы күнді батырдық,
Шүкір дейік өмірге ойларға беріп ақыл нық.
Өмірлік таңдар атсын тек күміс күлкі үніңмен,
Көңілдің күйін ұстауда адамға біткен батырлық.

Әзілдің күні алдайтын,
Күлкіге толсын көңілдер.
Күлуден бір сәт танбайтын,
Үзілмес болсын өмірлер.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады