Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Әріппай мен көкжал қасқыр

Әңгіме:  Бердібек Соқпақбаев | Әріппай мен көкжал қасқыр казакша Әңгіме:  Бердібек Соқпақбаев | Әріппай мен көкжал қасқыр на казахском языке

— О, Әрекеңнің басынан не кешпеген. Бәрі де кешкен. Әй, Әреке, Әреке - тай, мына балаларға жас кезіңізде өзіңіздің басыңыздан кешкен қызғылықты уақиғалардың бірін әңгімелеп, айтып беріңізші?

Әрекен бәлсінбейді. Электр ұстарамен күнара тықырлап қырып жүретін көктұқыл сақалын күлімсірей сипалап, сәл ойланып отырады да:

— Жарайды, айтсам, айтып берейін — дейді.

— Қай әңгімеңізді айтасыз?

— Жапан дүзде көкжал. қасқырға кездесіп, қалай аман қалғанымды айтып бepeйін.

— Дұрыс, соны айтыңыз.

— Біріншіде оқимын ол кезде, кішкентаймын, — дейді Әрекең.— Әке-шешем колхоздың қойын бағады. Поселкеде өзімнің Күлімхан дейтін жеңгемнің үйінде жүрем.

Күлімханды сен білесің, мінезі күрт, тілі ащы адам еді ғой. Бірақ оған да кінә жоқ. Күн бойы колхоздың жұмысын істеп, шаршап келеді. Оны күтіп, бітпей жатқан үй ішінің тіршілігі және көп. Міне соның арасында қитығына біз де тиіп қоямыз. Сосын ол қалай ашуланшақ болмасын.

Бір күні ойынның қызығымен жүріп, қызыл бұзауды байлауды тарс ұмытыппын да кетіппін. Бір қарасам қоңыр сиыр түк білмегендей үйдің қасына маңқиып келіп тұр. Қызыл бұзау құдай тілеуін беріп, оны рақаттанып еміп тұр. Ойынды тастай салып ұмтылдым. Дәл сол кезде ар жақтан аюдай ақырған Күлімхан қоса көрінді.

Бұзауға қабат жеттік ол екеуміз.

Жеткенмен не пайда. Қызыл бұзау өз шаруасын тындырған. Қоңыр сиырдың желініндегі күні бойы сыздықтап жиналған, бүкіл үй ішіміз боп үміт артып отырған бар сүтті қарнына қотарып құйып алған. Сиырдың желіні ішінен желі шыққан допқа ұқсап боп-бос. Ызасы қайнаған Күлімхан бір қолымен қызыл бұзауды бұйдасынан сүйрей - мүйрей, маған ұмтылды.

— Ойында басың қалғыр, жүгірмек!

«Жүгірмекте» кінә мол. Мойнын ішіне тығып, жасқанғанды ғана білді ол. Күлімханның жұдырығы балғадай ауыр келетіні және мәлім. Шойын жұдырықтар көк желкемнен аямай түйіп - түйіп етті.

Және ұрады екен деп, құламасам да әлгі араға құлай кетіп бақырдым. Ойындас жолдастарым анадайдан бұның бәрін көріп тұр. Жоқ, жатқан үстімнен төмпештеп ұрған жоқ жеңгем, Бірақ зәрі ұрғанға бергісіз ащы сездерін аямай айтып, енді қызыл бұзауды түйгіштеп кетіп бара жатты.

Ал таяқ еттен, сөз сүйектен өтетіні белгілі.

Ойбайлаған болып жатып, бүлікті сен бастасаң, мен қостайын деген ойға келдім. Ертеңгі оқуды тастап, малдағы әке-шешеме кетпек болдым. Сосын соңынан, Нұрбек ағайым бар, өз әке-шешем бар, адуын Күлімханды да тұқыртып алушылар та былғады.

Осы оймен үйге кірмей, тартып жөнелдім. Әке-шешем ауылдан алты-жеті шақырым Шолақбұлақ деп аталынатын сайдың аузында күзем алып отыр, Қырқаның етегіндегі адам аз жүретін көмескі сүрлеу жолға түсіп ап, келе жатырмын.

Бәлем Күлімхан, қымс етсе жұдырық ала жүгіруді білетін боларсың бұдан соң.

Бұл күзгі уақыт. Күн қысқарған, қараңғы ерте түседі Жолдың орта тұсына жетпей-ақ көз байлана бастады. Айналаның бәрі қауқиған ұзын шилер ну орман тәрізді.

Қараңғы бipтін-біртін қоюланып барады. Кеудемдегі ыза енді үрейге айнала бастады. Қасқыр, жын - шайтан... ойыма келмейтін пәле жоқ. Әр шидің қарауытқан түбінде соның бірі тығылып отырған секілді Неше түрлі қауіпті үн, қиқыл - шиқыл, ысқырықтар естіледі. Дәл тұсымнан бірдеңе жыбыр етіп қозғалғандай, мені бассалуға дайындалғандай болады.

Қасқырдың көзі түнде от боя жанады дейтін. Шилердің қап-қара түптерінен кеше алуан алуан жылт еткен от көргендей болам. Біреулерді қасқыр қамағаны жайлы қорқыныштың талай естіген әңгімелерім есіме келеді. Бүгін сол халге енді өзім ұшырайтын тәріздімін.

Ауылға қайта қайтіп кетер ем. Енді ол да алыс. Алға жүрдім не, артқа жүрдім не бәрі бір.

Қорқыныш бойымды әбден билеп алды. Тым құрса, қолыма бір бұрау шыбық та ұстап шықпаған екем. Бірдеңе тап бергенде, не қайрат көретерімді білмей келем. Бір кесек домаланған үрей ғанамын.

Дәл осы сезімнің үстінде, кенет, бірдеңе аяғымнан тартып келіп қалсын. Етпетімнен мұрттай ұшып жырылдым. Бойымдағы үрей де, ешқандай қарсылық та жоқ енді. Жермен жер боп, сұлаған қалпым жатырмын. Манадан қалтырап күткен сұмдығым болып тынған секілді. Қарсыласуға шама да жоқ. Қарсыласудан енді пайда да жоқ.

Тек жатырмын күтіп. Арп етіп аяғымнан ала түскен көкжал қасқырдың мені жеуін күтіп жатырмын.

Қалай жер екен? Қай жерімнен бастап жер екен?

Адам өз тағдырынан мүлдем үміт үзгенде онда қорқу, үрку деген ешнәрсе болмайтын тәрізді Кәдімгі сабақтан шығуға қонырау болушы күткен адамша құр күтіп жатырмын.

Күтем, күтем. Қасқыр, бірақ жер емес. Әлденені тыпыр етпей ол да күтуде.

Маған енді ептеп ес кіре бастағандай. Созулы жатқан аяғымды, яғни қасқырдың аузындағы аяғымды, өзіме қарай ақырын тартып байқаймын. Қасқыр жібермейді.

Жеуге және асықпайды. Япыр-ау, бұл неткен шыдамды, жуас қасқыр?!

Аяғымды одан гөрі қаттырақ тартып қалғанымда босап кетті. Қасқыр, бірақ сонда да үнсіз. Бұрынғыша жым-жырт.

Бұрылып, ес тоқтатып қарасам, қасқыр түгіл түк те жоқ! Ой, сондағы әрі қорқып, әрі қуанғаным-ай!

Ол кез бала түгіл, үлкеннің киімге жарымаған кезі емес пе? Менің аяқ киімім кәдімгі сала құлаш бауы бар көңтері мөркей болатын. Жол-жөнекей он аяғымдағы шәркейдің бауы шешіліп кетеді. Оны мен сезбеймін. Шұбалған бау жердегі шөп-шалаңды өзіне жинай береді, содан үлкендігі жұдырықтай түйін пайда болады. Әлгі түйін ыржалақтап келе жатып, бір шидің арқасына кіріп кетіп, ілініп қалады. Мен етпетімнен ұшып түсем...

Әрі қорқа, әрі күле отырып шәркейімнің бауын жөндеп байлап алдым. Қызыл іңірде от басында қамсыз отырған әке-шешемнің үстіне сопаң етіп жетіп келдің. Олар маған көктен түсе қағандай үдірейе қарасты.




Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Әңгімелер жинағы, әңгіме Бердібек Соқпақбаев Әріппай мен көкжал қасқыр туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Бердібек Соқпақбаев Әріппай мен көкжал қасқыр на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Бердібек Соқпақбаев Әріппай мен көкжал қасқыр туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Бердібек Соқпақбаев Әріппай мен көкжал қасқыр на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангиме, Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Әріппай мен көкжал қасқыр ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер