Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Байсарының өтірігі

Әңгіме:  Ілияс Жансүгіров | Байсарының өтірігі казакша Әңгіме:  Ілияс Жансүгіров | Байсарының өтірігі на казахском языке

Ақжол шабдар атым бар, Ақшамға азан айтып, аллаһу әкбар дегенде, Алматыдан шығып Ла-й-ла-һа-ил-ла-ла дегенде Қарғалыны қақ жарып, Ұзынағашқа бардым. Сол жерден бір ауыз тиіп аттанып, бұлаң құйрықпен қазан қайнап жатқанда, Қазан қаласына бардым. Қазан қаласында бір жомарт адам бар еді. Баяғы қонақ келді деп атымды шаужайынан ұстай алды, — депті.

(Алматы уезі Байжарас ұлы Рақметқалидан)

Өтірікті айтқан жақсы,

Қостаушысы табылса

Екі өтірікші бірі бастап, бірі қоштап, ел аралап, өтірік айтпақшы болыпты. Біреуі бір күн ілгері жүріп, ел аралап қонған, түстенген жеріне, жолыққан адамына өтірік айта бермекші болыпты. Екіншісі бір күн кейін жүріп жүріп, сол жөнмен алдыңғы өтірікшінің айтқанын растамақшы болыпты.

Өтірік бастаушы бір ауылға келіп қоныпты. Ауыл адамдары: «Жақсы-жаманнан не тіл бар?» — десе, өтірікші: «Ел аман, жұрт тыныш. Жалғыз-ақ көкті көбелей, аспанды аралай көшіп бара жатқан елді көрдім», — депті. Ел нанбапты.

Енді келесі кешке сол ауылға қостаушы өтірікші келіп қоныпты. Ауыл адамдары тағы да: «Жарқыным, жақсы-жаманнан не тіл бар, кеше бір қонақ, көкті көбелей, аспанды аралай ел көшіп бара жатыр екен дейді. Онан не білесің?» — дейді. Қостаушы: «Болса-болар, өйткені аспаннан анда-санда көрегенің сағанағы түсіп бара жатқанын көрдім», — депті. Бұл өтірік содан кейін лақап алып елге тарап кетіпті.

Келесі күні өтірікті бастаушы енді бір елге келгенде, тағы да естіген-білгенді сұрағанда: «Бөтен айтарлық сөз жоқ, жалғыз-ақ жолда бір үлкен көл өртеніп жатыр екен», — депті. Ел нанбапты.

Енді келесі кеште алдыңғы уәдемен қостаушы өтірікші келіп қоныпты. Ауыл адамдары тағы да: «Жарқыным, жақсы-жаман не тіл бар. Кеше бір қонақ келіп, жолда бір көл өртеніп жатыр деп кетті. Онан не білесің?» — дейді. Сонда қостаушы: «Жолда бір кепкен көлдің табанынан піскен балық жеп, қайран болған едім. Мынауыңыз сол жер болар», — деген екен. Бұл тапқырлыққа риза болған ел: «Өтірікті айтқан жақсы, қостаушысы табыл-са», — деп мәтел етіп кетіпті.




Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Ілияс Жансүгіров Байсарының өтірігі туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ілияс Жансүгіров Байсарының өтірігі на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Ілияс Жансүгіров Байсарының өтірігі туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Ілияс Жансүгіров Байсарының өтірігі на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналг, Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Байсарының өтірігі ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер